Коммерциялық емес акционерлік қоғамы 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Телекоммуникациялық  жүйелер кафедрасы 

 

 

 

МОБИЛДІ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ

 5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының мобилді телекоммуникация және цифрлық тарату жүйесі бойынша оқйтын студенттерге арналған зертханалық жұмыс

 

 

Алматы 2011

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Казиева Г.С. Шугайып У. Мобилді телекоммуникация және цифрлық тарату жүйесі. 5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының мобилді телекоммуникация және цифрлық тарату жүйесі бойынша оқйтын студенттерге арналған зертханалық жұмыс .– Алматы: АЭжБУ, 2011 ж.-  32 б.

 

 

Бұл зертханалық жұмыста Мобилді телекоммуникация және цифрлық  тарату жүйесі қарастырылады. Қолданылатын негізгі аппараттарын  студенттер танысып оқығаннан кейінгі білуге қажетті барлық сұрақтар қамтылады.

 

Без. 5, әдебиеттер. – 15 атау

  

Пікір беруші: техн. ғыл. канд., доц. Чежимбаева Қ.С.

  

Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 жылға арналған жоспары бойынша басылады.

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2011ж.

 

2011 ж. қосымша жоспары, реті 167

 

Мазмұны 

1 Зертханалық жұмыс. Мәліметтердің екілік код түрінде ұсынылуы.             4

2 Зертханалық жұмыс. Көпдеңгейлі кодтағы деректерді модуляциялау                  13

3 Зерханалық жұмыс. Тактілік синхронизацияны қалпына келтіру

және мәліметтерді қалпына келтіру                                                                  15

4 Зертханалық жұмыс. Импульстік модуляция жүйелері;

би-тернарлы кодалау                                                                                         20

5 Зертханалық жұмыс. Импульстік модуляцияның жүйесі;

екі-екілік кодалау                                                                                               26

 

          1 Зертханалық жұмыс. Мәліметтердің екілік код түрінде ұсынылуы

 

Жұмыстың мақсаты:

Екілік код түріндегі сигналдарды модуляциялау кезінде әр түрлі кодтар   мен оларға сәйкес кодтаушы қүрылғылар мен декодерлерді зерттеу.

 

1.1            Үй тапсырмасы

 

Екілік кодты әр түрлі нұсқалармен модуляциялау принциптерін зерттеу.

 

1.2            Зертханалық құрылғыны суреттеу

 

Берілген зертханалық жұмыста DIGIСOM-1/1 және DIGIСOM-1/2 блоктары PU-253 құрылғысымен бірге; осциллограф қолданылады. Олар қорек көзінен +12 В және Ғ қорек көзінен ±5 В қорек алады.

 

1.3 жұмыс тапсырмасы

 

1.3.1 Жұмыс басында 1-ші суретте көрсетілген сұлбаға сәйкес әрбір блокты қорек блогымен қосу қажет.

 

1.1   сурет - Қорек көзінің сұлбасы

 

1. Кез келген блоктың жұмысының алдында сөздің қорек көзініздегі келесі сыртқы байланыстарды жинаңыз.

2. Қорек көзі – А, 12 В.

3. Қорек көзі – В, 12 В.

4. Қорек көзі – F, ±5 В.

 

1.4 Жұмыс тапсырмасы

 

1.4.1 Кез-келген мүмкін болатын (псевдослучайных) тізбектері бар генератормен танысу.

1.4.2 Тізбек ұзындығын  24-1, мәліметтер жылдамдығын 16 Кбит/с таңдаңыз.

1.4.3      1.2-суретте көрсетілгендей төмендегі байланыстарды құрыңыз.

 

 

1-     мәліметтер генераторы; 2 осциллограф; 3 – тасушы мен синхрондайтын сигналдар генераторы.

 

1.2 сурет - Мәліметтер генераторы мен осциллограф байланысының              сұлбасы

 

1.4.4 Осциллографтың 1 каналын PU-253-ның құрамындағы мәліметтер генераторының DATA OUT (мәліметтер шығысы) шығысымен байланыстырыңыз.

1.4.5 Осциллографтың 2 каналын 16 кГц CLOCK AND CARRIER тасушы мен импульстарды синхрондайтын генератор шығысымен байланыстырыңыз.

1.4.6 Осциллографтың сыртқы триггерлік шығысын РU-253-тің құрамындағы мәліметтер генераторының SYNC OUT ( СИНХР.ШЫҒЫСЫ) шығысымен байланыстырыңыз және анық бейне алу үшін триггердің басқару органдарын баптаңыз.

1.4.7 Қоректі қосыңыз.

1.4.8 Осциллографтың көрсеткіштері бойынша уақыттық диаграмманы салыңыз және имппульс периодын салыңыз. Периодты біле отырып, генератормен генерациядан өтетін мәліметтердің ұзындығы 24-1=15 және 28-1=255 анықтама үшін екі тізбектемесін жазыңыз. (х5) кері айналдыруды орнату жолымен одан да ұзын тізбекті алуға болады.

Ескерту: NRZ мәліметтерінің тізбегі – кодталған( нөлге қайтусыз).

 

  1.4.2 NZR коды.

1.4.2.1 NRZ кодының сипаттамалары.

Мәліметтер жылдамдығын 16 Кбит/с таңдаңыз.

Тасушы мен импульстарды синхрондайтын генератормен генерацияға     ұшырайтын 16 кГц (синхронизация) синхрондаушы сигналы мен мәліметтер генераторының мәліметтер сигналының формасы арасындағы қатынасты есептеу үшін осциллографты қолданыңыз. Уақыттық диаграммасын салыңыз.

24-1 және 28-1екі тізбектің де мәліметтер сигналын жетектейтін тұрақты тоқтың орташа мәнін өлшеу үшін әмбебап құрылғыны қолданыңыз.

2 және 3-ті мәліметтердің басқа жылдамдықтары үшін қайталаңыз. Әр жағдайда сәйкес синхрондайтын сигнал таңдаңыз.

 

1.4.2.2 NRZ регенераторы.

1.3 суретте көрсетілген сұлбаны жинаңыз.

Келесі байланыстарды істеңіз:

- мәліметтер генераторында 16 Кбит/с жылдамдығын таңдаңыз;

- мәліметтер сигналының кірісін NRZ регенераторының DATA  IN кірісімен байланыстырыңыз( нөлге қайтусыз). DIGICOM-1/1 блогындағы CK IN кірісіне 16 кГц.

 NZR OUT регенераторының шығысында пайда болатын мәліметтер сигналының формасын мәліметтердің шығыс тізбегімен салыстырыңыз. Бұл сигналдар арасындағы фазалар қатынасын көрсететін уақыттық диаграмманы сызыңыз.

 Мәліметтер  генераторының DATA OUT шығысын DATA IN BASEBAND LOWPASS FILTER (төменгі жиіліктер сүзгісінің) кірісімен байланыстырыңыз және мәліметтердің DATA OUT ФНЧ шығысын NRZ регенераторының DATA мәліметтер кірісімен байланыстырыңыз. ФНЧ LOWPASS FILTER ауыстырып қосқышын ON (қосу) жағдайына орнатыңыз және жоғарыда көрсетілген қадамды қайталаңыз.

 2 мен 4 аралығындағы қадамдарды мәліметтердің 8 Кбит/с және 32 Кбит/с жылдамдықтары үшін қайталаңыз. Әр жағдайда сәйкес синхрондайтын сигналдарды пайдаланыңыз.

1-     мәліметтер генераторы; 2- тасушы мен синхроимпульстар генераторы;

  3- NRZ регенераторы.

1.3  сурет - Байланыстар блок-сұлбасы

 

Ескерту: дұрыс регенерация алу үшін 16 кГц синхрондайтын сигнал қолдануға болады. Ең жақсы нәтиже беретін сиганлды таңдаңыз.

 

          1.4.3 RZ коды  (нөлге оралуы).

          1.4.3.1 Код сипаттамлары.

          Мәліметтер жылдамдығын 16 Кбит/с етіп таңдаңыз.

          1.4 суретте көрсетілгендей сұлбаны жинаңыз.

          - DIGIСOM-1/1 блогындағы RZ нолге оралуы бар  кодтаушы құрылғыдағы     NZR In кірісіне мәліметтер сигналының кірісін жалғаңыз.

          -  CK IN кірісіне 16 кГц синхроимпульстерді беріңіз.

          NRZ және RZ сигналдарының формасын салыстыру үшін осциллографты қолданыңыз және оған сәйкес уақыттық диаграммаларын сызыңыз.

          Кодталған сигналдың тұрақты тоғының орташа құраушыларын өлшеу үшін әмбебап өлшегіш құрылғыны қолданыңыз.

          2-ден 4 дейінгі аралықты басқа жылдамдықтарға  қайталаңыз. Сәйкес синхрондаушы сигналдардың қолдануына көз жеткізіңіз. 


 

1.4 сурет - Байланыстың блок сұлбасы

 

            1.4.4 RZ декодерленуі.

1.5 суретте көрсетілгендей сұлбаны жинаңыз.

Мәліметтер жылдамдығын 16 Кбит/с етіп таңдаңыз және LOW-PASS FILTER (ТЖС) ауыстырып-қосқышты OFF (өшу) жағдайына қойыңыз.

NRZ OUT мәліметтер регенераторының  шығысында пайда болатын, бастапқы тізбектелген мәліметтерді сигнал формасымен салыстырыңыз. Барлық нүктелердің арасындағы байланыстарды көрсететін сигнал формаларының уақыттық диаграммаларын сызыңыз.

ТЖСтің ауыстырып-қосқышын ON (қосу) жағдайына қойыңыз және  жоғарыдағы аталған 3 амалды қайталаңыз.

16 Кбит/с мәліметтер жылдамдығында 3 және 4 амалдарды қайталаңыз. 16 және  32 кГц синхросигналдадың жиіліктерімен бірге, 8 және 16 кГц жиіліктерінің орнына сәйкес қолданғанына көз жеткізіңіз. Кез келген ерекше  мәселелерді (проблемала) жазыңыз.

1–мәліметтер генераторы, 1.1–мәліметтер шығысы, 2–синхрондаушы импульс пен тасушы генераторы, 2.1 – 8 кГц, 2.2 – 16 кГц, 3 –RZ кодтаушы құрылғысы, 3.1 –NRZ кірісі, 3.2–СК кірісі, 3.3 –RZ кірісі, 4 – модуляциялаушы сигналдың жолақтық төменгі жиіліктің фильтрі, 4.1 – мәліметтер кірісі, 4.2 – мәліметтер шығысы, 5 – ығыстырушы құрылғы (фазо айналдырушы) 90°, 5.1 –f кірісі, 5.2 –2f кірісі, 5.3 –f (90°) шығысы, 6 –RZ/NRZ регенраторы, 6.1 –NRZ шығысы, 6.2 –СК кірісі,  6.3 –мәліметтер кірісі.  

1.5 сурет -  RZ ДЕКОДЕРІ

 

1.4.5 AMI – айнымалы белгілердің инверсия белгісі.

1.4.5.1 Код сипаттамасы.

Мәліметтер жылдамдығын 16 Кбит/с етіп таңдаңыз.

1.5 суретте көрсетілгендей сұлбаны жинаңыз.

90° фаза айналдырғыштың жұмысын тексеріңіз.Кодталған сигналдың уақыттық диаграммасын сызыңыз.

NRZ және AMI  сигналдарының формасын салыстыру үшін осциллографты қолданыңыз және оған сәйкес уақыттық диаграммаларын сызыңыз.

Кодталған сигналдың тұрақты тоғының орташа құраушыларын өлшеу үшін әмбебап өлшегіш құрылғыны қолданыңыз.

2-ден 4 дейінгі аралықты басқа жылдамдықтарға  қайталаңыз. Синхрондаушы сигналдардың жиілігінің мәліметтер жылдамдығына пропорционалды  өзгеретіндігіне  көз жеткізіңіз  жеткізіңіз.

 


1 – мәліметтер генераторы; 1.1 – мәліметтер шығысы, 2 –синхрондаушы импульс пен тасушы генераторы; 2.1 – 16 кГц, 2.2 – 32 кГц, 3 –90° фаза айналдырушы; 3.1 –f кірісі, 3.2 –2f кірісі, 4 –AIM кодтаушы құрылғысы; 4.1 – шығу мәліметтер, 4.2 –СК кірісі, 4.3 – шығысы.

 

1.6 сурет -  AMI кодтаушы құрылғысы

 

1.4.6 АMI декодирленуі.

 Мәліметтер жылдамдығын 16 Кбит/с етіп таңдаңыз.

 1.6 суретте көрсетілгендей сұлбаны жинаңыз.

 AMI регенераторының  AMI IN кірісінен AMI OUT тізбегінің  шығысына 1.7 суретте көрсетілгендей жалғаңыз және СК IN регенераторының кірісін 16 кГц синхросигнал мен тасушы генераторының шығысымен қосыңыз.

NRZ OUT регенераторының шығысындағы мәліметтерді бастапқы  тізбектелген  мәліметтерімен пайда болатын сигналдарды салыстырыңыз. Барлық нүктелердің арасындағы байланыстарды көрсететін сигнал формаларының уақыттық диаграммаларын сызыңыз.


 

1.7 сурет -  Байланыс сұлбасы

 

1.4.7 BI – фазалық коды.

1.4.7.1 Код сипаттамасы.

Мәліметтер жылдамдығын 16 Кбит/с етіп таңдаңыз.

1.8. суретте көрсетілгендей сұлбаны жинаңыз.

-            DIGICOM-1/1 блогындағы NRZ IN bi – фазалық кодтаушы құрылғының кірісіне мәліметтер сигналының кірісін қосыңыз.

-             CK IN кірісіне 16 кГц  синхроимпульстерді беріңіз .

NRZ  және bi фазаларының сигнал формаларын салыстыру үшін осциллографты қолданыңыз және оларға сәйкес уақыттық диграммаларды  салыңыз.

Кодталған сигналдың тұрақты тоғының орташа құраушыларын өлшеу үшін әмбебап өлшегіш құрылғыны қолданыңыз.

2-ден 4 дейінгі аралықты басқа жылдамдықтарға  қайталаңыз. Сәйкес синхрондаушы сигналдардың қолдануына көз жеткізіңіз.


 

 

1.8 сурет - Байланыс сұлбасы

 

          1.4.8 BI-фазалық декодирленуі.

          Мәліметтер жылдамдығын 16 Кбит/с етіп таңдаңыз.

          BI-F IN декодерінің кірісін кодтаушы құрылғының (BI-F ENCODER) шығысымен байланыстыр. CK IN декодерінің кірісіне 16 кГц синхросигналды жалғаңыз.

          NRZ OUT регенераторының шығысындағы мәліметтерді бастапқы  тізбектелген мәліметтерімен пайда болатын сигналдарды салыстыр. Барлық нүктелердің арасындағы байланыстарды көрсететін сигнал формаларының уақыттық диаграммаларын сызыңыз.

          Қоректі өшіріп,сұлбаны бөлшектеңіз.

 

          1.5 Нәтижелер сараптамасы

 

Тәжірибе кезіндегі алынған,сигналдардың формасын көрсететін уақыттық диаграммаларды салыңыз.

Төменгі жиілікті сүзгінің сигнал формасы мен оның декодирленуіне  әсерін сараптамадан өткізіңіз.

 

    1.6 Бақылау сұрақтары

 

1. Сызықты кодтың қолдану қажеттілігін түсіндіріңіз.

          2. Регенератодың неге арналғандығын және олар қандай функцияны орындайтынын түсіндіріңіз?

          3. ТЖС не үшін қажет?

          4. NRZ, RZ, AMI, BI-F кодтарының сипаттамаларын атаңыз.

          5. Кодтың биполярлы түрлену кезіндегі энергетикалық спектрінің суретін салыңыз.

          6. Сызықты кодтарға қандай талаптар қойылатынын атаңыз?

 

          2 Зертханалық жұмыс. Көпдеңгейлі кодтағы деректерді модуляциялау

 

          Жұмыс мақсаты:

          Декодер және типтік кодтайтын құрылғы және көпдеңгейлі кодтағы деректерді модуляциялау кодтарының сипаттамасын оқып үйрену.

 

2.1 Үй тапсырмасы 

 

Көпдеңгейлі кодты қолдану арқылы кодалау принципін оқып үйрену.

 

2.2 Зертханалық жұмыс қондырғысының сипаттамасы

 

Берілген зертханалық жұмыста  DIGIСOM-1/3 блогы  қызметтік арнаның PU-253 блогының аппаратурасымен бірге қолданылады. Олар Ғ энергия көзінен ±5 В және В энергия көзінен -12В, А электр энергиясы көзінен +12В қорек көзін алады (1.1 суреттегі сызбаны жинаңыз).

 

2.3  Жұмыс тапсырмалары

 

2.3.1 Төрттік деңгейлі кодтаушы құрылғы.

Ақпараттың жылдамдығын 16 Кбит/с және тізбек ұзындығын 28-1 бит етіп алыңыз.

 2.1-суретте көрсетілген сұлбаны жинаңыз.

 Генератордың  DATA OUT шығысындағы мәліметтерді DIGIСOM-1/3 блогының құрамына енетін төртік деңгейдегі кодтаушы құрылғының DATA IN кірісіне жалғаңыз. Кодтаушы құрылғының кірісіне 16 Кбит/с  болатын синхросигналды беріңіз.

 


2.1 сурет - Жалғанудың блок сұлбасы

 

NRZ сигналдарымен қоса көп деңгейлі сигналдардың формасын өзара салыстыру үшін осциллографты пайдаланыңыз және соған сәйкес уақыттық диаграмманы тұрғызыңыз.  Төрттік деңгейдегі сигнал формасының нөлдік деңгейдегі қиылысуы кезіндегі орташа уақытқа басты назар аударыңыз.

Тұрақты тоқтың құраушысындағы сигналды кодтаудағы орта мәнді анықтау үшін әмбебап өлшеуіш аспапты қолданыңыз.  

Мәліметтердің өзге жылдамдықтарында 2 мен 4-ке дейінгі қадамдарды қайталаңыз. Сәйкес келетін синхросигналдардың қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз.

 

2.3.2 Төрттік деңгейлі декодер.

           Ақпараттың жылдамдығын 16 Кбит/с және тізбек ұзындығын 28-1 бит етіп алыңыз.

Кодтаушы құрылғының 4-LEVEL OUT шығысына төрттік деңгейдегі регенератор (4-LEBEL REGENEATOR) кірісіне, ал 8 кГц  синхросигналды. СК/2 IN кірісіне және 16 кГц синхросигналды CK IN кірісіне қосыңыз (2.1суретті қара).

          Регенератордың NRZ OUT шығысындағы алғашқы мәліметтерде тізбектелген сигнал формасымен салыстырыңыз. Барлық өзара байланысқан нүктелердегі уақыттық диаграмманы тұрғызыңыз.

          Қондырғыны қосып сұлбаны жинаңыз.

 

          2.4 Нәтижелер сараптамасы

 

          Тәжірибе барысында алынған толқын формаларының уақыттық диаграммасын тұрғызыңыз.

Төрттік деңгейдегі толқын формасының нөлдік деңгейі кезіндегі орташа жиілікті есептеңіз.

 

             2.5  Бақылау сұрақтары

 

1. Көп деңгейлі кодтауды қолдану кезінде сигналдарды тарату жылдамдығы неге тең ?

2. Көп деңгейлі кодтау қайда қолданылатындығын көрсетіңіз.

3. Неліктен көп деңгейлі кодтау кезінде берілген жолақ мәнінен асуға рұқсат етілмейді?

4. Фазалық модуляцияың төрттік деңгейі кезіндегі модулятор мен демодулятордың жұмыс істеу принципі неге негізделген?

5. Көп деңгейлі кодтау кезіндегі қателік ықтималдығын анықтаңыз.

 

 

          3 Зерханалық жұмыс. Тактілік синхронизацияны қалпына келтіру және мәліметтерді қалпына келтіру

 

Жұмыстың мақсаты: 

Цифрлық ақпараттарды тарату жүйесінде қолдану үшін тактілік синхронизацияны қалпына тізбегінің сипаттамасын зерттеу.

 

3.1 Үй тапсырмасы

 

ЖФАҚ жиіліктің фазалық автоматтық құрылым тізбегін зерттеу(PLL).

 

3.2 Зертханалық қондырғының сипаттамасы

 

Берілген зертханалық жүмыста PU-253 қызмет арнасының апараты  және DIGIСOM-1/1блогы қолданылады. Блоктар басты панелден қуат алады(1.1суретке қараңыз).

    

3.3 Жұмыстың тапсырмасы

 

3.3.1 Тактілік синхронизацияны қалпына келтіру тізбегінің жүмысымен танысу.

         Ақпараттардың  16 Кбит/с жылдамдығын таңдау.

           Тактілік синхронизацияны қалпына келтіру тізбегінің сигнал кірісіне синхроимпульстер мен тасушы генераторынан (CLOCK AND CARRIER GENERATOR) 8.0 кГц меандр түрінде сигнал беріндер.

Сигнал алынып тасталынған ал кіріс SYGNAL INPUT жерменбайланысқан кездегі кіріс сигналға беріліп және жанып-өшу басталған уақытта LOS OF SYNC шығының синхронизация индикаторының сөнуін бақылаңдар.

Ескерту: Егер LOS OF SYNC синхронизация өшуінің индикаторы өте аз уақытқа сілтейді, RESET кнопкасын басып және бәрнеше секунд күтіңіз.

Шығыстағы сигналдың сегіз формалардың әрқайсысымен сигналдың кіріс формаларын салыстырыңдар. Сәйкес уақыттық диаграмманы сызыңдар және  жилікті өлшегіш (частотометр) арқылы кіріс және шығыс жиілігін өлшеңдер.

Кіріс сигналының 16 и 32 кГц жиілігінде 32 и 64 кГц ақпарат жылдамдығы қосқышты орналастыруда 3 және 4 магтарын қайталаңдар.

 

3.3.2 Тактілік синхронизацияны қалпына келтіру тізбегінің сипаттамасын өлшеу.

Ақпараттардың  16 Кбит/с жылдамдығын таңдау.

Тактілік синхронизацияны қалпына келтіру тізбегінің сигнал кірісіне синхроимпульстер мен тасушы генераторынан (CLOCK AND GENERATOR) ақпарат кірісіне (CLOCK AND GENERATOR) төменгі жиілік фильтріне синхро сигнал беріңдер.

DATA OUT ТЖФ шығысындағы ақпаратты тактілік синхронизацияны қалпына келтіру тізбек сигналының кірісіне (SIGNAL INPUT) қосыңдар.

NOISE GENERATOR шуыл генераторын өшіріңіз; LOW PAS FILTER ТЖС ауыстырғышын қосыңыз.

LOS OF SYNC синхрондаушы (синхронизация)  көрсеткішін тексеріңіз.

Кірісіндегі сигнал мен шығысындағы сегіз сигналдарды салыстырыңыз. Уақыттық диаграммаларды салыңыз.

Милливольтметрді DATA OUT шығысына қосып, сигнал кернеуін өлшеңіз. NOISE шуыл ауыстырғышын қосыңыз да, шуыл кернеуін сигнал кернеуінің 1/32 қатынасындай етіңіз. Ол сигнал шуыл қатынасын 30 Дб қылады.

Сигнал  шуыл қатынасын 20 Дб, (10:1 ), 15 дБ (5:1 ), 12 дБ (4:1 ) және 10 дБ (3.2:1) қайталайды.

 

3.3.3 Мәліметтер сигналымен жұмыс жасау.

Ақпараттардың 16 Кбит/с жылдамдығын таңдаңдар.

DATA OUT генераторының мәліметтерінің шығысын тактілік  синхрондаушыны қалпына келтіру тізбегінің сигналының кірісіндегі мәліметтерге қосыңдар.

 LOSS OF SYNC тактілік  синхрондаушыны (синхронизация) беріліс сигналы өшіп тұрған және  SYGNAL INPUT сигналының кірісі жерге жалғанған уақыттағы кіріс сигналынан беріліп, жануынан кейін қалпына келтіру тізбегінің  синхрондау (синхронизация) шығынының индикаторының сөнуін тексеріңдер.

Кірістегі сигнал формасын шығыстағы әр сегізінші сигнал формасымен салыстырыңдар.Кірістегі және шығыстағы жиіліктерді санауышпен есептеп, сәйкес уақыттық диаграммаларын сызыңдар.

3.1 суретте көрсетілген сұлбаны жинаңдар.

 

 

1 – мәліметтер генераторы, 1.1 – мәліметтер шығысы, 2 – модуляциялаушы сигналдың жиілікті жолақтар фильтірі, 2.1 – мәліметтер кірісі, 2.2 – мәліметтер шығысы, 3 – тактілік (синхронизация) синхрондаушыны қалпына келтіру тізбегі, 3.1 – сигнал кірісі, 3.2 – 16кГц, 3.3 – 16кГц, 4 –синхроимпульстер және тасушы генераторы, 4.1 – 16кГц, 5 – дірілді өлшеуіш, 5.1 – кіріс 1,  5.2 – кіріс 2, 6 – осциллографқа 1 арна , 7 – осциллографқа 2 арна.

3.1 сурет - Тактілік (синхронизация) синхрондаушыны қалпына келтіру

тізбегінің жұмысы

 

 

NOISE GENERATOR шу генераторының қоқышын өшірулі жағдайына қойыңдар OFF және ТЖФ-ны LOW PASS FILTER қосқышын қосулы жағдайына қойыңдар ON.

LOSS OF SYNC тактілік (синхронизация) синхрондаушының беріліс сигналы өшіп тұрған және  SYGNAL INPUT сигналының кірісі жерге жалғанған уақыттағы кіріс сигналының беріліп,жануынан кейін қалпына келтіру тізбегінің (синхронизация) синхрондау шығынының индикаторы сөнуін тексеріңдер.

Осцилографты тактілік синхронизацияны қалпына келтіру тізбегінің және 16кГц сигналының арасындағы кіріс мәліметтерімен қатынасын салыстыру үшін қолданыңдар.

3.1-суретте көрсетілгендей мәліметтер сигналына шу енгізіп және нәтижелі дірілді бақылаңдар. Дірілді өлшеуіште көрсетілгендей орташа дірілді жазып алыңдар және осциллограф экранында бақылауға болатын максималды дірілмен салыстырыңдар.

 

3.3.4 Фаза аударғыш жұмысы.

         16 кГц мәліметтер жылдамдығын таңдаңыз.

3.1-суретін қолданып тактілік (синхронизация) синхрондаушыны қалыпқа келтіру тізбегінің кГц шығысын фаза аударғыш INPUT 2F кірісімен байланыстырыңыз.

(Синхронизация) синхрондаушыны  қалпына келтіру тізбегінің LOSS OF SYNC (синхронизация) синхронизацияны жоғалу индикаторы кіріс сигналын бергеннен кейін өшкенін, сигнал жоқ болғанда және SIGNAL INPUT сигналының кірісі жермен қосылғанда оның өшіп жанып тұруын тексеріндер.

16 кГц және 32 кГц шығыстарының арасында тактілік (синхрониция) синхронизацияның тізбектерін (CLOCK RECOVERY CIRCUIT) және үш шығыс сигнал арасында фаза аударғышты фазааударғыш патенциометрінің орналасу функциясы ретінде қолданыңыз. Уақыттық диаграммаларды салыңыз.

 

3.3.5 Мәліметтер регенераторы.

16 кбит/с мәліметтер жылдамдығын таңдаңыз.

3.1 суретінде көрсетілген сұлбаны жинаңыз. Қосымша RZ/NRZ регенератордың (DATA IN) мәліметтер кірісін модуляциялайтын сигналдардың жиілік жолағы фильтрінің (DATA OUT) мәліметтер шығысына қосыныз. Фазааударғыш тізбегінің F шығыс сигналын  18D регенераторының CK IN кірісімен қосыныз.

NOISE GENERATOR шуыл генераторының қайта қосқышын OFF өшірілген қалыпқа қойыңыз және төменгі жиілікті фильтр қайта қосқышын ON қосылған қалыпқа қойыңыз.   

Барлық кіріс және шығыстардағы сигнал пішіндерін көрсететін уақытты диаграммаларды салыңыз.

Фаза аударғыштың басқару тұтқасының қалпын өзгертіп оның  (синхронизация) синхронизациялаушы импульстарға және  регенерацияланған мәліметтер сигналының формасына әсерін бақылыңыз.  Басқару тұтқасын сигналдың кіріс биттің интервал ортасында өсу қырының орналасуын анықтау үшін орнатыңыз. Керек болса, F шығысын   орнына қосыңыз.

         Регенерацияланған мәліметтерді қателер коэффициентін өлшегіш (error rate meter) (DATA IN) мәліметтер кірісіне қосыңыз және синхроимпульстерді CK IN кірісіне қосыңыз.

NOISE щуыл ауыстырғышын қосыңыз, әртүрлі шуыл деңгейін қосып, сигнал шуыл қатынасын 30 дб қылыңыз. Қателер коэффициентын есептеңіз.

Ескерту: синхронизациялаудың жоғалу индикаторы тым ұзақ жанатын болса, RESET батырмасын басыңыз.

Фаза аусытырғыштың басқа баптаулары үшін қайталаңыз.

1 – интегр. мен босату регенераторы; 1.1 – шығыс, 1.2 – кіріс , 1.3 – мәліметтер кірісі, 2 – генератор; 2.1 – мәліметтер шығысы,  3 –жиліктік модуляцияланған сигналдың жолақты сүзгісі; 3.1 – мәліметтер кірісі 3.2-      мәліметтер шығысы, 4 – қалпына келу тізбегі; 4.1 - кГц, 4.2 – 32 кГц, 5 – фазо ауыстырғыш; 5.1 –   2F кірісі, 6 –осциллографқа; 7 –альтернативті; осциллографтың қосылғышы.

 

3.2 сурет – Фазо ауыстырғыштын жұмысы

 

3.3.6 Босату және қоспалау регенераторы.

Мәліметтер жиілігін 16Кбит/с етіп таңдаңыз.

3.2-суреттегі сұлбаны жинаңыз. Тек, RZ/NRZ  регенераторы үшін ақпараттар кірісі DATA IN босату және қоспалау регенераторын 18D DATA OUT ақпараттар шығысына жолақ сүзгіні (BASEBAND FILTER) қосыңыз.

- Фазоауыстырғыш шығыс сигналын (PHASE SHIFTER) IN регенератор 18D кірісіне жалғаңыз.

NOISE GENERATOR шуыл генераторының қосқышын OFF өшірілген қалыпқа қойыңыз және төменгі жиілікті фильтр қайта қосқышын ON қосылған қалыпқа қойыңыз.   

Барлық кіріс пен шығыстағы уақыттық диаграмаларды салыңыз.

Басқару қосқышын ауыстырып отырып, оның сигналдарының өзгерісін байқаңыз. Орта жерге қойыңыз.

Қайтаөндіру процесінен өткен ақпараттарды 18D ақпараттар кірісіне DATA In ға қосыңыз.

NOISE GENERATOR шуыл генераторының қосқышын ON қосылған қалыпқа қойыңыз, шуыл деңгейін өзгере отырып, сигнал шуыл қатынасын 30Дб ден синхронизацияның шеткі шамасына дейін көтеріңіз. Нәтижелерді жазып алыңыз.

Ескерту: синхронизациялық жоғалу индикаторы тым ұзақ жанатын болса, RESET батырмасын басыңыз.

Осыны фаза аусытырғыштың басқа баптаулары үшін қайталаңыз.

3.4 Нәтижелер сараптамасы

 

1.Уақыт диаграммаларын салыңыз.

2.Қателер коэфициентін сигнал шуыл қатынасына байланысты қисықтарды салыңыз

3.Олардың арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.

4.Регенераторлардың екі типін салыстырыңыз.

 

3.5 Бақылау сұрақтары 

 

1. ФАПЧ не үшін керек?

2. Тактілік жиіліктердің алыну ерекшеліктерін айтыңыз.

3. Тактілік жиіліктің құрылымдық сұлбасын келтіріңіз. 

4. Пассивті фильтірлеу әдісін көрсетіңіз. 

5. ВТЧ Ерекшеліктерін атаңыз.

6. Ақпаратты қалпына келтіру процессін түсіндіріңіз.

7. ТЖС ның осы жұмыстағы рөлін түсіндіріңіз.

8. Осы жұмыстағы сигнал шуыл қатынастары қандай болды?

 

          4 Зертханалық жұмыс. Импульстік модуляция жүйелері.

 Би-тернарлы кодалау

 

Жұмыстың мақсаты: 

Берілген жұмыстың мақсаты битернарлы коданың сипаттамалары және кодалаудың типтік құрылғылары мен декодерлеу

 

4.1 Үй тапсырмасы

 

Импульстік модуляцияның қалыптасу және би-тернарлы кодалаушы қағидаларын зерттеу қажет.

 

4.2 Зертханалық құрылғының сипаттамасы 

 

Берілген зертханалық жұмыста, PU-253 қызмет арнасының аппаратурасымен бірге, DIGICOM блогы қолданылады. Олар А электроэнергияның қорек көзінен +12 В, В электроэнергияның қорек көзінен -12 В және F электроэнергияның қорек көзінен ± 5 В  энергия алады(1.1- суретке қараңыз).

 

4.3 Жұмыстың тапсырмасы

 

4.3.1 Кодалаушы сүзгінің сипаттамалары.

         а) DIGIСOM – 1/2 блогындағы сүзгінің амплитуда-жиіліктік сипаттамасын өлшеңіз.

б) Өзгеретін жиілік (1кГц-тен 50кГц-ке дейін) сигналдарының кірісіне тікбұрышты пішінді сигналды орнатыңыз және  нәтижесінде шығысында алынған сигнал пішіні мен кірісіне қатынасын жазыңыз. 

 

4.3.2 Кодалаушы құрылғының жұмысы.

         а) 32 Кбит/с деректер жылдамдығын таңдаңыз.

б) DATA OUT деректер генераторының шығыс деректерін Digicom – ½ сүзгілер блогы (filter unit)  IN терминалының кірісіне қосыңыз.

в) Кіріс және шығыс сигнал пішіндерін көрсетуші уақыттық диаграммаларын сызыңыз.

г) Сүзгінің шығысында осциллографтың синхронизациялану жолымен пайда болатын сигналдың индекаторлық диаграммасын бақылаңыз. Осы диаграмманы сызып алыңыз.

д) 16Кбит/с және 64Кбит/с деректер жылдамдығы кезінде жоғарыдағы б және в пунктеріндегі келтірілген процедураларды қайталаңыз. 

 

4.3.3 Би-тернарлы декодер.

32 Кбит/с деректер жылдамдығын таңдаңыз.

4.1 суретте көрсетілген сұлбаны жинаңыз.

- DATA OUT деректер генераторының шығысын сүзгінің IN терминалының кірісіне қосыңыз.

- Сүзгінің (OUT FILTER) шығысын  IN битернарлы регенераторының DATA  деректер кірісіне қосыңыз. кГц синхроимпульстерін CK IN кірісіне қосыңыз.


4.1 сурет – Би-тернарлы декодердің жұмыс

4.2 суретте көрсетілгендей осциллограф экранындағы битернарлы сигналдың индекаторлық диаграммасын (4.1- суретке қараңыз) сызыңыз.

 

1 – 32кГц қалпына келген синхронизациялаушы сигнал, 2 – шектеудің оптималды деңгейі, 3 – ескерту: дисплейде индикаторлы диаграмманы бейнеленуі кезінде айнымалы ток бойынша байланысты қолданыңыз.   

4.2 сурет - Өлшеу моментінің оптималды орнықтырылуы

 

Төменде көрсетілген бұйрықтарға сәйкес битернарлы декодердің тірек деңгейлерін (4.2 суретке қараңыз) орнатыңыз.

4.3- суретте көрсетілген сұлбаны жинаңыз.

а) Потенциометрдің PI орта нүктесінен шығысына қосылған арнадағы тұрақты ток бойынша байланысын және IN битернарлы регенераторының DATA деректер кірісіне қосылған арнадағы айнымалы ток бойынша байланысын қолданыңыз. V/DIV орнатыңыз (осциллографтың 2-ші арнасы).

б) Кіріс сигналын модуляциялаушы сигнал жиіліктерінің жолақты сүзгіден ажыратыңыз.

 

 

1 – детектер кірісі, 2 – компаратор, 3 – шығыс, 4 – битернарлы регенератор, 5 –  СК кірісі, 6 – тірек кернеуі.

4.3 сурет- Би-тернарлы регенераторға тірек кернеуін беру сұлбасы

 

в) РI поиенциометірін PI екі шетіне бірдей кернеу беретін шеткі күйіне дейін бұрыңыз.

е) Осциллографтың екі арнасының тұрақты токтың разбаланс тұтқаларын қисық сызықтар сәйкес келмегенше орнатыңыз.

г) Арнаның айнымалы тогы бойынша байланысқан нұсқаны  жолақты сүзгінің DATA OUT  деректер шығысына және қайтадан кіріс сигналын бұл сүзгіге қосыңыз. 

PI төменгі шетіндегі кернеуді өлшеу кезінде PI патенциометрін реттеңіз.

Барлық шығыс пен кіріс нүктелеріндегі сигналдың пішінін бақылаңыз және сигналдың пішінін көрсететін уақыттық диаграммаларын сызыңыз. Декодерлеудің кідіріс уақытын көрсетіңіз.

Ескерту: Сәйкес регенерацияны алу үшін 32 кГц синхроимпульсті қолдану қажет болуы мүмкін..

 

4.4.4 Би-тернарлы жүйенің жұмысы.

32 Кбит/с деректер жылдамдығын таңдаңыз.

4.4-суретте көрсетілгендей сұлбаны жинаңыз.

Ауыстырып-қосқыштың екекуін де: NOISE шуы мен ТЖС LOW PASS FILTER-ді OFF (өшу) күйіне келтіріңіз.

4.2- суретте көрсетілгендей осциллограф экранында битернарлы сигналдың индикаторлық диаграммасын бейнелеңіз. Ол үшін төменде көрсетілгендей битернарлы декодердің (4.3 суретті қараңыз) тірек деңгейлерін орнықтырыңыз:

а) Потенциометрдің PI орта нүктесінен шығысына қосылған арнадағы тұрақты ток бойынша байланысын және IN битернарлы регенераторының DATA деректер кірісіне қосылған арнадағы айнымалы ток бойынша байланысын қолданыңыз. V/DIV орнатыңыз.

б) Кіріс сигналын модуляциялайтын сигнал жиіліктерінің жолақтарының сүзгілерінен ажыратыңыз.

Модуляциялаушы сигналдың жолақтық төменгі жиіліктік  сузгіден  кіріс сигналды алып тастаңыз.

в) Екі шетіндегі кернеу PI(PI минималды кедергіге бапталған) тең болатындай PI потенциометрін шеткі жағдайға дейін бұрыңыз.

г) Осцилографтың тұрақты тоқ екі арнасының  әр түрлі балансты басқару тұтқаларын қисықтар сәйкес болуы үшін ретке келтіріңіз.

д) Арнаның айнымалы тоқпен байланысқан сынамасын модульденетін сигналдардың жиіліктер жолағымен DATA OUT мәліметтерінің фильтрінің  шығысымен қосыңыз және тағыда кіріс сигналды осы фильтрге қосыңыз.

 е) Кернеудің өлшелуін төменгі жақта PI қисық болғанға дейін PI потенциометрді ретке келтіріңіз.

 

1 –синхроимпульстер мен тасушы генераторы, 1.1 – 32кГц, 2 – мәліметтер генераторы , 2.1 – мәліметтер шығысы, 3 –модуляциялаушы сигналдардың жолақты жиілік сүзгісі, 3.1 – мәліметтер кірісі, 3.2 – мәләметтер шығысы, 4 –синхронизацияны қалыпқа келтіруші тізбек, 4.1 – 64кГц, 5 – қателік коэффициентін өлшеуіш,  5.1 – мәліметтер кірісі, 5.2 – СК кірісі, 6 – діріл өлшеуіші, 6.1 – кіріс 1, 6.2 – кіріс 2, 7 -  фаза айналдырғыш, 7.1 – 2F кірісі, 8 – сүзгі, 8.1 – кіріс, 8.2 – шығыс, 9 – битернарлы регенератор, 9.1 – мәліметтер кірісі, 9.2 – СК кірісі, 9.3 – NRZ шығысы.

 

4.4 сурет- Би-тернарлы жүйе үшін сұлба

 

 Қайта қалпына келтірілген синхронизация сигналының фазалар қатынасын тексеріңіз,

Қайта  қалпына келтірілген синхронизация сигналын өсуші жетекке келтіру үшін фаза айналдырушыны ретке келтіріңіз.

NOISE шуыл қосқышты  ON күйге келтіріңіз және сигнал/шуыл қатынасын алу үшін әр түрлі шуыл деңгейін беріңіз.

7 қадамды басқа екі фаза айналдырушыға қайталаңыз, синхрондаушы импульстердің регенерациялық нысанының өсуші жетегі  оптималды күйінен 1/10 интервалға ығысуы керек.

 

4.4 Нәтижелердің анализі

 

1. АЖС графигін құрыңыз.

2. Шығыс  сигналдың жиілікке тәуелділігінің уақыттық диаграммасын сызыңыз.

3. Өлшенген битернарлы сигналдардың  уақыттық диаграммасын сызыңыз .

4. Декодердің кірісін және шығысын көрсететін уақыттық диаграммасын сызыңыз.

5. Битернарлы жүйенің толық кідірістерін есептеңіз және өлшенген нәтижелермен салыстырыңыз.

6. Сигнал/шуыл қатынасына өлшенген қателер коэффициенттерін тәуелділіктерінің қисығын сызыңыз.

7. Оптималды емес таңдау нүктесін тексеріңіз.

 

4.5 Бақылау сұрақтар

 

1. Жұмыста  қандай кодтар қолданылды:: 3В2Т, 4В3Т, 9В6Q, 9B6QI, 2B1QI, 2B4QI, 5B2S, 2B3H немесе басқа?

2. Алфавиттік және блоктық кодтардың маңызды сипаттамаларын келтіріңіз.

3. Алфавиттік және блоктық кодтардың кемшіліктерімен артықшылықтарын көрсетіңіз.

 

          5 Зертханалық жұмыс. Импульстік модуляцияның жүйесі; екі-екілік кодалау 

 

Жұмыстың мақсаты:

 Екі-екілік жүйенің сипаттамасын зерттеу және кодалық және декодалық тізбекті үйрену

 

5.1 Үй тапсырмасы

 

Дуо-бинарлы кодтаудағы импульстік модуляцияның принципін зерттеу.

 

         5.2 Зертханалық құрылғының сипаттамасы

 

PU – 253 арна ½  аппаратымен бірге DIGIСOM құрылғысы қолданылады.Олар қорек көзін негізгі жұмыс құралынан алады (1-суретке қараңыз).

 

         5.3 Жұмыстың тапсырмасы

 

        5.3.1 Кодалық фильтрдің сипаттамасы.

        1. DIGIСOM – ½ блогында орналасқан АЖС фильтірін өлшеу.

         2.Тік бұрышты сигнал формасына айнымалы жиілік береміз(1кГцтен 50кГцке дейін) кірісіндегі сигналдың қорытынды формасын жазып алып және шығыс, кірісімен сәйкестендіреміз.

 

5.3.2 Кодалайтын құрылғының жұмысы.

Ақпарат жылдамдығын таңдаймыз 32Кбит/с.

5.1 суретте көрсетілгендей сұлбаны жинаймыз:

- Шығыс DATA OUT генератор ақпаратын кіріс NRZ/N терминал алдыңғы кодерімен байланыстырамыз.

         - 16 кГц синхросигналын(CLOCK AN CARRIER GENERATOR) CKIN алдыңғы кодер кірісіне береміз.

Осцилограф көмегімен кіріс және шығыс уақыттық диаграммасын сызамыз.

Кодалық құрылғыны аяқтау үшін шығыс алдыңғы кодерді кіріс фильтрге жалғаймыз. Кіріс және шығыс сигналдардың уақыттық диаграммасын сызамыз. Кодалық құрылғы 1биттік тоқтауды қосып алады.

индикаторлы сигналдың диаграмасын бақылау  фильтрдың шығысында көрсетіледі, синхрандаушы сигналмен бірге осциллографты синхрондайды (суретін сызыңыз).

16 Кбит/с және 64 Кбит/с ақпарат жылдамдығымен В,Г,Д,-ды қайталаңыз.

 

1- ақпарат генераторы; 1.1-шығыс ақпарат, 1.2-синхрондау шығысы,

2- тасушы генератордың синхро импульсі; 2.1 – 32кГц, 3 – алдыңғы кодер; 3.1- СКнің кірісі, 3.2- шығысы, 3..3- NRZ кірісі, 4- фильтр;4.1- кіріс,4.2-шығыс,

5.1 сурет- ДУО- бинарлы кодалық құрылғыны өлшеу сипаттамасының сұлбасы

 

1- ақпарат генераторы; 1.1-шығыс ақпарат, 1.2-синхрондау шығысы, 2- тасушы және синхро импульс генераторы, 2.1, 2.2 – 32кГц, 3 – алдыңғы кодер, 3.1- NRZ кірісі, 3.2- СК кірісі, 3..3-шығыс,4- фильтр; 4.1- кірісі,4.2-шығысы,5-дуо-бинарлы регенераторы; 5.1- NRZ кірісі, 5.2 СК кірісі, 5.3- NRZ шығысы, 5.4- тіректік кернеу,

5.2 сурет  - Дуо-бинарлы декодер сипаттамасын өлшеу сұлбасы

 

5.4.3 Дуо – бинарлы декодер.

32Кбит/с жылдамдық таңдаңыз.

5.1- суреттегі сұлбаны сақтап, қосымша 5.2- суреттегідей сұлбаны жинаңыз.

- Фильтрдің шығысын дуо-бинарлы регенератордың кірісмен байланыстырыңыз.

- Синхро импульсті СК IN декодерінің кірісімен байланыстырыңыз.

Кіріс және шығыс нүктелірінің сигнал формасын бақылап, және уақыттық диаграммасын сызыңыз, олар сигнал формасын көрсетеді. Кешігу декодерді белгілеп алыңыз.

 

5.4.4 Дуо-бинарлы жүйенің жұмысы.

         Ақпарат жылдамдығы  32 Кбит/с.

5.3 -суреттегідей сұлбаны жинаңыз.

NOISE шуын және ТЖФ OFF күйіне қосының.

Екі тізбекті және осциллограф басқаруының сабын айыру, екі қисық сәйкестену керек. Тұрақты ток байланысын қолданып және  бірдей арнаны қолдану керек V/DIV.

Дуо-бинарлы түзетуші сигнал диаграммасының индикаторын көрсетініңіз, ТР5те шығу керек.

РI потенциометрін бағыттап, регенератордың деңгейі оптималды максимум және минимум деңгейге келу керек.

Қайта қалпына келу синхро сигнал арасындағы фазаның сәйкестенунін тексеру, ол шығыс тізбекте қайта қалпына келу тактілі синхронизыция және фаза айналуда шығады, битернарлы сигналда. Битернарлы сигналдың диаграммасы осциллограф экранында көрсету, фаза айналуды қайта қалпына келтіріп, синхронизация сигнал шетіндегі қайта қалыпқа келу оптималды нүктесіне таңдау.

ON қосылу күйіне  NOISE шуының ауыстырып-қосқышын қалыпқа келтіру және әр түрлі шуылдардың сәйкестенуін қойып тексеру, сигнал/шуыл 30дБ бастап төмендеу (синхронизация) синхронизацияның табалдырығын жоғалту.

Қосымша:  Егер индикатор жоғалу синхронизациясы өте үлкен уақытқа көтерілсе, RESET түйменсін басып, бірнеше секунд күтіңіз.

8 қадам сайын фаза айналудың қалыпқа келтіруін қайталау, қайта қалпына келу сигнал формасының шеті үлкеюі синхро импульсінің  1/10 интервал битінде оптималды қалыпта болу керек.

 

1-ақпарат генераторы; 1.1- ақпарат шығысы, 2- модуляциялаушы сигналдың жолақ фильтірің жиілігі; 2.1- ақпарат кірісі, 2.2- ақпарат шығысы, 3-тактілік синхро сигналдың қайта қалыпқа келу тізбегі; 3.1- кіріс сигналы, 3.2 – 64кГц, 3.3 – 64кГц, 4- фаза айналу; 4.1-кірісі 2F, 5- қате коэффициент өлшегіші; 5.1- ақпарат кірісі, 5.2- Ск кірісі, 6- діріл өлшемі; 6.1- кірісі 2, 6.2- 1 кірісі, 7- тасушы және регениратор синхроимпульсі; 7.1 – 32кГц, 8 – алдыңғы кодер; 8.1- ақпарат кірісі, 8.2- СК кірісі, 8.3- шығысы, 9-фильтр; 9.1- кірісі, 9.2-шығысы, 10-дуо-бинарлы регенераторы; 10.1- ақпарат кірісі, 10.2- Ск кірісі, 10.3- NRZ шығысы, 10.4-тірек кернеуі.

5.3 сурет -  Дуо-бинарлы жүйенің бақылау құрылымы

 

5.5 Нәтиже қортындысы

 

АЖС фильтрінің графигін сызықтық және логарифмдік пішінде тұрғызу.

Уақыттық диаграммасын сызып, 5.1.2 өлшенген шығыс сигнал жилігінің тәуелділігін жазу. Фильтрдің уақыттық кешігуін және оны процентпен ұзақ 32Кбит/с интервалында есептеу.

Уақыттық диаграмманы салып, битернарлы сигнал өлшемін көрсетілгендей және индивидуалды интервал битін белгілеп, кодалық құрылғының шығысында көреміз. Шектік деңгейлердің оптималды үлкен және кіші мәнінің қорытындыларын шығыстағы тізбекпен салыстыру, битернарлы кодалаудың ережесімен болжау.

Уақыттық диаграмасын сызып, кірісіндегі және шығысындағы декодер сигналының Уақыттық диаграммасын сызыу. Декодер кешігу уақытын және 32Кбит/с интервалын процентпен есептеу.

Дуо-бинарлы жүйесі арқылы өтетеін толық кешігуді есептеп, қорытынды өлшеммен салыстыру.

Қате коэффициенттің сигнал шуыл сәйкестілігімен қисықтың графигін тұрғызу. Бинарлы жүйенің NRZ көрсеткіші мен 3ші эксперемент қорытындысымен салыстыру.

Оптималды нүктемен қорытындыны салыстырып, NRZ бинарлы жүйесінде бақылау.

 

5.6 Бақылау сұрақтар

 

1. Дуо –бинарлы кодалауды көрсету.

2. Сигналды қабылдау тәсілін аз ауытқумен көрсету.

3.  Кіріс және шығыс сигналды 3-деңгейде салу.

4. 3-деңгейлі дуо-бинарлы кодалау қандай жерде қолданылады.

5. Корреляциялық түрлену спектр сигналын салыңыз 1+Д, 1-Д, 1-Д2?

    

Әдебиеттер тізімі 

1. Левин Л.С., Плоткин М.А. Цифровые системы передачи информации. - М.: Радио  и связь, 1982 - 216 б.

 2. Цифровые и аналоговые системы передачи: учебник для вузов /В.И.     Иванов, В.Н. Гордиенко, Г.Н. Попов и др. под ред. В.И. Иванова. – М.: Радио и связь, 1995. – 232 б.

 3. Крухмалев В.В., Гордиенко В.Н., Иванов В.И. Проектирование и техническая эксплуатация систем передачи. – М.: Радио и связь, 1996. - 344 б.

 4. Баева Н.Н. Многоканальная электросвязь и РРЛ. – М.: Радио и связь, 1988. – 312 б.

 5. Беллами Дж. Цифровая телефония:  пер. с англ. - М.: Радио и связь 1986. – 544 б.

 6. Course DIGICOM – 1 Baseband data transmission. Degem System 1988 – 32 б.