Коммерциялық емес акционерлік қоғамы  

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Телекоммуникациялық жүйелер кафедрасы

 

 

 

 

Магистранттардың өндірістік, зерттеулік және педагогикалық тәжірибелердің бағдарламасы

 6М071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының магистранттары үшін арналған әдістемелік нұсқау.

 

 

 

 

 

Алматы 2011 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: С.В.Коньшин, Д.О.Сейсенова. Магистранттардың өндірістік, зерттеулік және педагогикалық тәжірибелердің бағдарламасы. 6М071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының магистранттарына арналған арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: АЭжБУ, 2011 ж.- 17 б.  

 

6М071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша магистранттар дайындаудағы оқу үрдісіндегі ең негізгі құрастырушы бөлігі өндірістік, зерттеулік, педагогикалық тәжірибе болып табылады.

Әдеб. – 12 атау. 

 

Пікір беруші: техн. ғыл. конд., профессор Г.С.Казиева.

 

 

Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 жылға арналған жоспары бойынша басылады.

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2011ж.

 

 

 2011 ж. қосымша жоспары, реті 184

 

 

Мазмұны 

Кіріспе                                                                                                                        4

1 Өндірістік тәжірибесінің мақсаты және міндеті                                                 5

2 Педагогикалық және зерттеулік тәжірибесінің мақсаты және міндеті             5

3 Зерттеулік және өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру                                      6

   3.1 Кафедрадағы тәжірибе жетекшісінің міндеті                                                6

   3.2 Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісінің міндеті                                            7

   3.3 Магистрант-тәжірибешінің міндеті мен құқығы                                          7

4 Өндірістік және зерттеулік тәжірибесінің мазмұны                                           8

5 Өндірістік және зерттеулік тәжірибесінің қорытындысын жасау                    9

   5.1 Өндірістік тәжірибесінің күнделігін толтыру                                               9

   5.2 Зерттеулік немесе өндірістік тәжірибелерге есеп беруді толтыру және оған қойылған талаптары                                                                                         9

6 Педагогикалық тәжірибесінің ұйымдастырылуы және мазмұны                   10

   6.1 Магистранттың дәрісін сапалы бағалау критериясы                                  11

   6.2 Тәжірибелік және зертханалық сабақтардың бағалау критериясы           12

   6.3 Студенттер тобының ұжымын зерттеу                                                        13

7 Педагогикалық тәжірибеге қорытынды жасау                                                  14

 

 

Кіріспе 

6М071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша профильді магистранттар дайындаудағы оқу үрдісіндегі өндірістік тәжірибе ең негізгі бөлігі болып табылады.

Өндірістік тәжірибені оқытудың негізгі теориясын жүргізу келесі курстардан тұрады: «Тарих және философия ғылымы», «Шет тілі», «Менеджмент», «Психология», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялардын қазіргі кездегі жағдайы», «Сигналдарды цифрлыққа өңдеу», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялардағы эксперименттің теориясы және техникасы», «Телекоммуникациялық жүйелердегі қазіргі кездегі өлшеу әдістері» («Радиотехникалық жүйелердегі қазіргі кездегі өлшеу әдістері»), «Телекоммуникациялық жүйелердегі  ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары» («Радиотехникалық жүйелердегі  ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары») 1курс мамандықтарының пәндерінен құралады.

Өндірістік тәжірибе магистранттардың 4 тоқсаны  (2 семестр) және 5 тоқсаны аяқталған кезде жүргізіледі. Профильді магистратураның өндірістік

тәжірибесінің өтү мерзімі: 6+7 аптаға тиісті жүргізіледі.

Ғылыми-педагогикалық магистратура мамандарын 6М071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша дайындау магистранттар үшін зерттеулік және педагогикалық тәжірибе оқыту процесіндегі ең негізгі бөлігі болып табылады.

Зерттеулік тәжірибені оқытудың негізгі теориясын жүргізу келесі курстардан тұрады: «Тарих және философия ғылымы», «Шет тілі», Радиотехника, электроника», «Телекоммуникацияның ғылыми-техникалық проблемалары», «Сигналдарды цифрлыққа өңдеудің технологиясы», «Эксперименттің теориясы және техникасы», «Телекоммуникациялық жүйелердегі қазіргі кездегі өлшеу әдістері» («Радиотехникалық жүйелердегі қазіргі кездегі өлшеу әдістері»), «Телекоммуникациялардағы   жерсеріктік және радиорелелі қызметтерді көрсетудің  зерттеу технологиялары» («Радиотехникадағы жерсеріктік және радиорелелі қызметтерді көрсетудің зерттеу технологиялары») 1курс мамандықтарының пәндерінен құралады.

Зерттеулік тәжірибе магистранттардың 4 тоқсаны (2семестр) аяқталған кезде 3 апта жүргізіледі.

Педагогикалық тәжірибені оқытудың негізгі теориясын жүргізу келесі курстардан тұрады: «Тарих және философия ғылымы», «Шет тілі», «Педагогика», «Психология», «Радиотехника, электроника, телекоммуникацияның ғылыми-техникалық проблемалары».

Педагогикалық тәжірибе 3 семестрде оқу мерзімімен бірге 15 аптаға созылады.

           

1 Өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеті

 

Профильді магистратура бітірушілерінің кәсіптік қызметінің нысаны:

- профильді дайындықта – радиотехника және телекоммуникация саласының технологиялық құрылғылары (экплуатация және жөндеу) өндірістің, компаниялардың және фирмалардың, өндірістік-технологиялық процесстермен ғылыми-зерттеулік және жобалы-конструкциялы өндірістерінің басқару жүйелері болады.

Білікті мамандарды дайындауда «Радиотехника, электроника және телекоммуникацияның» бағытындағы қазіргі заман білім мәселелерін, қиындықтарын және болашақ дамуын, радиотехника, электроника және телекоммуникациядағы жобалау, құру, эксплуатация, зерттеудегі нақты жүйелердің қазіргі білім аумағын, жүйелердің оптимизациялануын, технологиялық процесстер және құрылғылар, компьютерлік модельдеуді қолдану, әр бағыттағы қызметінің мамандану және әмбебап программаларды қолдану, қызметкерлер ұжымын басқару - тәжірибенің негізгі міндеті  болып табылады.

Сол міндетке сәйкес магистрант тәжірибені өткен уақытында есептеу техникасымен және қолданбалы бағдарламаны пайдаланудың жаңа заман әдістері бойынша жұмыс дағдысын алуы қажет; шет тіліндегі кәсіби терминологиясын оқып үйренуі керек; жобаны және бағдарламаны өңдеумен байланысты тәжірибені зерттеу және ұйымдастыру керек; жұмысты техникалық құралмен, жүйемен, процесстермен, аппараттар және материалдармен стандарт бойынша жүргізу; негізгі шолуды, пікірді, қорытындыны құрастыру; радиотехника, электроника және телекоммуникацияның қазіргі заман құрылғыларын жұмыс істету немесе реттеу.

 

2 Педагогикалық және зерттеулік тәжірибенің мақсаты және міндеті

 

Бітіруші ғылыми-педагогикалық магистратураның кәсіптік қызметінің объектісі болып:

- ғылыми-педагогикалық дайындықта - ғылыми және педагогикалық секторының ұйымдарының жоғарғы оқу, жоғарғы оқудан кейінгі білім және ғылыми-зерттеулік орындары жатады.

Педагогикалық тәжірибенің негізгі міндетіне:

- кафедраның өткізетін педагогикалық жұмысында магистрант қатысу керек;

- кафедраның өткізетін әдістемелік жұмысында магистрант қатысу керек.

         Осы міндеттерге байланысты магистрант өтіп жатқан педагогикалық тәжіребиде педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың дағдысын үйрену керек және жоғарғы мектеп оқытушысының кәсіби дағдысын және тәжірибелік білімін жоғарлатуды үйрену керек.

 

3 Зерттеулік және өндірістік тәжірибені ұйымдастыру

 

         Магистранттар өндірістік немесе зерттеулік тәжірибеге ректордың бұйрығына байланысты тәжірибенің өтетін келісім шарты бойынша өткізіледі және оқу процесінің тізіміне байланысты жіберіледі. Магистранттар мұндай тәжірибелерді бітіруші кафедрада немесе  басқада университеттер бөлімдерінде зертханалық жұмыстарын университеттердің зерттеулерін өз жетекшілерінің жүргізілуімен жіберіле алады. Практиканы жалпы бақылау өндірісіндегі жетекшілерімен өткізіледі. Магистранттардың тәжірибесін басқару өндірістегі жоғарғы білікті мамандарға тапсырылады.

         Өндірістік немесе зерттеулік тәжірибені өту орны магистранттарға бітіруші кафедраның жетекшілерімен өндірістік тәжірибелеріндегі жетекшілерден анықталынады. Магистранттар тәжірибені өту барысында өтіп жатқан жеріндегі өндірісте жасаған тәжірибені жобамен өткізілуін, ұқыпты орындалуын жетекшісі басқарып отырады.

         Тәжірибе өтіп жатқан кезде жеке тапсырмаларды орындау кафедра дағы жетекшілерімен бақыланып отырады. Тәжірибе өтіп жатқан кезде магистранттар өндірістік тәжірибесі бойынша күнделік жүргізеді, ол күнделік өндірістік жетекшісімен қайталанып тексеріледі және оны 0-ден 100%-ға дейін магистранттың орындауына байланысты бағаланып отырады.

         Тәжірибе басында кафедра магистранттармен жиналыс өткізіп, олар тәжірибе орнына  бөлінгенін, тәжірибе уақыты мен оның мазмұнын, тәжірибе кезіндегі қызметтері мен қажетті есеп берулерін, басқару және жетектекшілік формаларымен таныстырылады. Тәжірибешілер тәжірибе өтетін жерге кеткенше тәжірибе күнделігін алады. Әр магистрант тәжірибе күнделігінде тәжірибенің негізгі сұрақтарыннан басқа, жеке тапсырмасының тереңірек қарастырады, сонымен қатар сол өндірістегі жағдайға байланысты жұмысын жөндеп жазады.

         Магистранттар тәжірибе өтіп жатқан өндірістегі жұмыскерлерге қойылған іштегі ереже тізіміне, жұмыс тәртібіне толығымен бағыну керек.

 

       3.1 Кафедрадағы тәжірибе жетекшісінің міндеті

        

         Кафедрадағы тәжірибе жетекшісінің міндеті:

-         магистранттардың тәжірибесін басқарып, олармен тәжірибе бағдарламасын орындалуын қамтамасыз етеді;

-         тәжірибе басталмаған кезден магистранттарды қажетті құжаттармен бағдарламамен, күнделіктермен қамтамасыздандырады;

-         тәжірибеге кетерде магистранттармен жиналыс өткізіледі;

- магистранттардың тәжірибе объектілерінде, өндірістің ыңғайлы еңбек жағдайымен қамтамасыз етеді, қауіпсіздік ережесімен және қызмет қауіпсіздігі бойынша нұсқау өткізеді,тәжірибешінің іштегі еңбек ережесін орындауын бақылайды;

- магистранттардың тәжірибедегі күнделігін тексереді, олардың жұмысына пікір береді, тәжірибесі бойынша есеп беруін қарастырады, тәжірибе өтілуінің ескертулерімен және ұсынулылары оны жетілдіруі үшін кафедра меңгерушісіне жазбаша тапсырылады.

 

3.2 Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісінің міндеті

 

         Өндіріс тәжірибесінің бекітілген бағдарламасы бойынша өтілуін ұйымдастырады, магистранттардың мамандықтары бойынша технология аумағында өндірістің басқару және жобалауын ұйымдастыру, ғылыми ұйымдастыру еңбегін, ғылыми-зерттеулік және жобалы-конструкторлық жұмыстарын қажетті шарт бойынша білім алуын қамтамасыз етеді. Магистранттарға бар әдебиеттерді, технологиялық құжаттарды диссертациялық жұмыстар жазу үшін пайдалануға рұқсат беріледі

Техника қауіпсіздік ережесі бойынша және еңбек қауіпсіздігі міндетті турде өткізіліп, магистранттардың өндірістегі қалыптасқан ішкі ережелерін еңбек тізімін сақтауын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда сөгіс беріледі және университетке хабарлайды.

Өндіріс тәжірибесі өтіліп жатқан уақытта, төтенше жағдайда да толығымен магистранттарға жауап береді.

         Өндіріс тәжірибе жетекшісі күнделікті толтыруын бақылап, және де тәжірибе бағдарламасын және жеке тапсырмаларынан тұратын, тәжірибе есебіне дайындық және оларға кәсіби мінездеме жазады. Өндірістегі тәжірибе жетекшісінің міндеті, тәжірибе өтілуі туралы шартта көрсетіледі.

 

3.3 Магистрант-тәжірибешінің міндеті мен құқығы

 

Магистранттың міндеті:

- тәжірибе өтіп жатқан өндірістегі және бөлімшедегі ішкі тәртібінің талаптарына қатал бағынады;

- өндіріс аймағында және жұмыс орнында міндетті түрде техника қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі ережесін сақтау керек;

- штат жұмысшыларымен қатар орындалатын жұмысқа және оның қортындыларына жауап береді;

- тәжірибе жетекшісіне жоғарғы оқу орындарынан жазбаша есебін береді;

- аптасына бір рет тәжірибе күнделігін толтырып және тәжірибе есебін қорғағанын, тәжірибе жетекшісінің қолымен, мөрімен расталғанын және 0-ден 100%-ға дейін бағаланатынын көрсету керек.

Магистранттың құқығы:

- тәжірибе бағдарламасында қарастырылмаған техника қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі бұзылған жұмыстарда қатыспауы;

- тәжірибе өту уақытысында мамандығы бойынша бос орынға ақылы қызметке алынуы;

 

4 Өндірістік және зерттеулік тәжірибесінің мазмұны

 

Магистранттар тәжірибе барысында ең бірінші магистрлік диссертация тақырыбына байланысты сұрақтарын қарастырып және оқып үйрену керек. Тәжірибе өтіліп жатқан уақытта магистранттарға келесі тақырыптарды қарастырып және оқып үйрену ұсынылады:

-         Өндірісте телекоммункациялық жүйенің қолдану аймақтары.

-         Жерсеріктік радиотехникалық жүйесі, навигация құралдары және

ғарыштық негізделу байланысының қазіргі кездегі жағдайы және болашақта өркендеуі.

-         Пеленгация және навигация жүйесісің өрлеу қиындықтары.

-         Навигациялы жүйенің және ғарыштық негізделудің болашақ өрлеуі.

-         Ғарыштық байланыстың негізгі қиындықтары.

-         Жерсеріктік жүйенің функцияналды байланыс мүмкіндіктерін кеңейту.

-         Функционалды электронды бөліктертердің наномасштабқа өтуідің

сапалы өзгеру түрі.

-         Нанопроцессордың пайда болу жолдарының мүмкіндігі.

-         Негізгі молекула бөлігінің ауысулары.

-         Микропроцесстердің және сигналды процессорлардың енгізілуінің

қазіргі кездегі жағдайы.

-         Ішкі және сыртқы интерфейстердің микропроцессорлы жүйесінің

болашақтағы өрлеуінің қазіргі кездегі жағдайы.

-         Микроконтроллердің және сигналды процессорлардың қазіргі кездегі

жағдайы және болашақта өркендеуі.

-         Тор технологиясы және электронды коммуникацияның арнайы

мәселелері.

-         Ақпаратты каналдармен, тор технологиясымен және байланыс

жүйесіндегі сапалы таратуды жақсарту.

-         Бірігіп жұмыс істейтін және перспективті байланыс жүйесі үшін арнайы

мәселелерді шешу.

-         Қазіргі кездегі телекоммуникациялық және оптикалық құралдардың

байланысын енгізу.

-         Байланыс жүйесі және телекоммуникациядағы негізгі өту жолын және

ЭМС-тағы қиындықтарын шешу.

-         3 - ұрпақтағы транкингті, мобильді, сымсыз желінің сапалы енгізілуі

және жетілуі, өрлеуі және де келешекте өрлеуінің тараптары.

-         Телекоммуникациялы жүйенің 4 - ұрпақтағы өрлеуі және енгізілуі.

-         Сымды және сымсыз оптикалық жүйесінің байланысы және

ақпараттандыруды жеткізудің қазіргі кездегі жағдайы және сапалы өрлеуі.

-         Оптикалық каналдың және ақпаратты жеткізу сигналының өткізу

қабілетін ұлғайту.

-         Әр түрлі ақпараттар түрін жеткізу үшін каналдардың өткізу қызметін

сапалы ұлғайту.

-         Дүниежүзілік нарықтағы телекоммуникацияның қазіргі кездегі

тенденциялары.

-         Қазіргі кездегі телекоммуникацияны реттеу.

-         Телекоммуникациядағы конвергенция.

 

5 Өндірістік және зерттеулік тәжірибесінің қорытындысын жасау

 

Өндірістік немесе зерттеулік тәжірибесінің өтілуінің мақсатымен жәнеде қорытынды бағасын, магистранттардың қызметінің тиімділігін тексеру келесі мынадай құжаттарда толтырылуы керек:

а) өндірістік немесе зерттеулік тәжірибесінің күнделігі;

б) өндірістік немесе зерттеулік тәжірибесінің есеп беруі.

 

5.1 Өндірістік тәжірибесінің күнделігін толтыру

 

         Өндірістік немесе зерттеулік тәжірибесіндегі толтырылатын күнделікке есеп беруі және әр магистранттың аты-жөні, тәжірибе орны және тәжірибе өткен уақыты белгіленеді. Күнделік факультет деканының қолымен, тәжірибе меңгерушісі және факультет мөрімен рәсімделеді.

Кафедрадан тәжірибе жетекшісі әр магистранттардың тапсырмасын енгізеді. Тәжірибе өтілу уақытында күнделікке өтілген жұмыстары бойынша қысқаша ақпараттар, өткен күні және өндірістегі тәжірибе жетекшісінің қолымен толтырылады.

Өндірістегі тәжірибе жетекшісі тәжірибе аяқталуымен тәжірибе барысын және магистрантқа тәжірибе өтілгенін сипаттап күнделікті толтырып, магистрант жұмысына қорытынды жасап оны өткен уақыттан бастап 0-ден 100%-ға дейін бағалауы керек.

Күнделікте өндіріс тәжірибесінің жетекшісінің қолы және өндірістік мөр қойылуы қажет. Жоғары оқу орнында магистрант өндірістік тәжірибеге есеп бергеннен кейін жоғарғы оқу орнындағы жетекші күнделікке қорғағаннан кейінгі жетістіктері мен жетіспеушіліктерін бағалай отырып пікір жазады. Бағасы қойылғаннан кейін пікірге қорғау күнімен жетекшінің қолы қойылады. Магистранттардың жоғары оқу орнындағы тәжірибе жетекшісімен өндірістік бағасымен бірге норматив бойынша қорытынды бағасы қойылады.

 

5.2 Зерттеулік немесе өндірістік тәжірибеге толтыру есебі және оған қойылған талаптары

 

         Толтыру есебі өндірістік немесе зерттеулік тәжірибесінің қорытынды бөлімі болып табылады. Берілген есебінде тәжірибе бағдарламасының барлық бөлімдерін, тәжірибелік жұмыс орнындарын және өндірістегі экскурсиясын, консультациясын, жеке байқауларын қамтуы керек.

Есеп беруде тәжірибе бағдарламасының барлық бөлімдері болуы керек. Жеке тапсырмасы толық және түсінікті жазылуы керек. Есеп беру АЭжБУ-дың қойылған талаптарына сәйкес техникалық терминдерімен жазылуы керек және керекті суреттер, сызбалар, графиктер, эскиздер болуы тиіс. Есеп берумен магистрант тәжірибе барасында жұмыс жасалып отырылуы керек.

 Есеп беру стандарты А4 форматындағы қағазда, 15-20 бетке, суретімен сұлбалары машинописті жазбада орындалуы қажет.

 

6 Педагогикалық тәжірибесінің ұйымдастырылуы және мазмұны

 

Педагогикалық тәжірибеге магистрант ректор тапсырмасымен тәжірибе өтілуімен бітіруші кафедра келісімімен оқу жүйесінің тізімі бойынша жіберіледі.

Магистранттардың ғылыми диссертациялық жұмысының жетекшісі толығымен тәжірибені жетекшілік етуіне сол жерде анықталады. Магистранттар тәжірибе өткен уақытысында өзінің ғылыми жетекшісінің және бітіруші кафедра меңгерушісінің қарауында болады.

Тәжірибе өтетін уақытта кафедра жетекшісімен жұмыстың орындалуы бақыланып отырады. Педагогикалық тәжірибесінің өтілу процесінде магистранттар педагогикалық тәжірибесінің есебін құрастырады, оны ғылыми жетекші және жұмыс барысы 0-ден 100%-ға дейін магистранттардың орындауы бойынша бағаланады.

Тәжірибе басында кафедра магистранттармен жиналыс өткізеді, олар оқу барысымен, тәжірибе уақыты және оның мазмұнымен, есебіне қойылатын талаптарымен тәжірибе уақытында басқарылатыны туралы және жетекшілерімен таныстырылады.

Магистранттар тәжірибе өткен кезде АЭжБУ қызметкерлеріне қойылған ішкі ережелер тізіміне және жұмыс кестесіне жүгінеді.

Болашақ кәсіби қызметінің жоғары оқу орнының оқытушысына сай шынайы талаптарға сәйкес жағдайларда педагогикалық тәжірибесі жүргізіледі. Жоғарғы оқу орнындағы оқытушының кәсіби еңбегінің қазіргі кездегі қиындықтары магистранттармен қарастырылады, оның жұмысының көлемімен және мазмұнымен таныстырылады, барлық негізгі қызметінің келесі түрлері жатады:

-         студенттермен жүргізілетін оқу-тәртібінің жұмысы;

-         кафедрадағы немесе оқытушының секциясындағы әдістемелік жұмысы;

-         ғылыми-зерттеулік;

-         психологиялық- диагностикалық;

-         ортақ жәнеде басқа жұмыстар.

Магистрант жүргізеді:

-         оқыту жұмысы (курстарға жүргізетін оқытушылардың және магистрант

әріптестерінің дәрістеріне қатысу (4 дәрістен кем болмауы керек);

-         дәрістерінің жәнеде 4 тоқсан бақылау жұмысын жобалау және өткізу

(олардың ішінде 2 дәріс, 2 зертханалық жұмыс, тәжірибелік және басқалар);

-         пән бойынша аудиториядан тыс жұмыс өткізу (көрнекі құрал дайындау,

үлестірмелі материал немесе презентацияға арналған слайдтары, зертханалық орындар дайындаудаға қатысу және т.б.);

- кафедра оқытушыларының әдістемелік жұмыстарымен бірге (әдістемелік жиналыстарға, секция жиналысына, кафедра мәжілісіне, магистранттар және оқытушылардың сабағына қорытынды және талдау жасауда, факультет сабақтарының сабақ тізімін жасауда, оқу жоспарының, пән бойынша оқу бағдарламасының, кафедра жұмысының жоспарына қатысу);

- сыныптан тыс студенттермен жұмыс жасау (психологиялық педагогикалық оқыту және студенттер топ ұжымына мінездеме беру, оқыту әрекеті және тәрбиелеу деңгейі және олардың қиындықтарының пайда болуымен топтардағы студенттердің психологиялық бағдарламасын жетілдіру, бірғана тәрбиелеу шараларын өткізу және дайындау (Студенттің ғылыми еңбегінің ұйымын» әңгімелеу, «Ойлау еңбегінің мәдениеті», конкурс, пысықтау ойын және т.б.) жатаханаларға бару, жеке кеңесу және басқалар.

 

6.1 Магистранттардың дәрісін сапалы бағалау критериясы

 

         Магистранттардың сабақ өткізу барысында дәрістің сапалылығын бағалау критериясы оның тақырыбымен дәріс қиындығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Магистранттардың дәрісін сапалы бағалау үшін негізгі критериларының арасынан мынаны атап кету керек:

1) дәріс мазмұны: ғылыми, өте қиын, өте танымал, ғылыми емес, теориялық материалдарын нақты мысалдармен сәйкестендіріледі, эмпириалық материалдарға басым болу;

2) студенттердің ойландыратын сұрақтар, дәріс кезінде өте жиі, жеткілікті, сирек, мүлдем қойылмайды;

3) дәрістің дәлелі: аға оқытушы алдына қойған жағдайдың дұрыстығын сенімді дәлелдейді, дәлелденбеген жағдайда деклорациялайды;

4) профилді мамандарды дайындаумен дәрістердің байланысы: өте жақсы, толығымен, қанағатсыздандырылған;

5) жоспар, дәріс құрылымы: нақты, нақты емес, ретсіз;

6) дәрісті оқу үлгісі: қызықты, анық, көрнекті, жалықтыратын, монотонды, дәрісті оңай жазу, қиын жазу;

7) оқытушының студенттерге қарым-қатынасы: қазымыр, қатал, немқұрайлы, ұқыпты;

8) аудиториямен контакт: жақсы, жеткіліксіз, контакт болмайды;

9) студенттердің дәріске қатысуы: көбінің қатысуы, жартысынан көбі, жартысынан азы;

10) оның жазуы: дәрісті көбісі жазады, жартысынан азы, жазбайды;

11) аға оқытушының тәртібі: бостау, батыл, еркіндігі жоқ, сенімді;

12) өз алдында қысқаша жазбаларды пайдалана оңай айтады, конспектіге байланысты оқулықты немесе оқу құралынан айтып береді;

13) мақсатына жету: студенттердің өзіндік жұмыстары үшін пәндердердің негізі ретінде оқытушы ең негізгісін өтуге көңіл бөледі, студеттердің мақсатына жететін сияқты көрінетін қиындықтарды қарастырады, пәннің қойылатын әр түрлі көзқарастарын синтездеуге тырысады, сол жердегі қиындықтардың шешілмеген кездегі өзінің көзқарасын көрсетеді, өзінің тәжірибесінен алынған мысалдарды келтіреді, өзінің пәнімен және басқа пәндермен байланысын көрсетеді.

 

6.2 Тәжірибелік және зертханалық сабақтардың бағалану критериясы

 

         Магистранттармен жүргізілетін ең басты бағалану критериясының ішіндегі тәжірибелік және зертханалық сабақтарынан атап кету керек:

1)     мақсаттылық: қиындықтардың қойылуы, теориялық материалды

тәжірибелік материалдармен байланыстыруға тырысу, болашақтағы профильді қызметте немесе өндірістік тәжірибеде пайдалану;

2)     жоспарлау: нақты жоспарлау, өте көп сұрақтар, жоспардағы негізгі

сұрақтар, жай сұрақтар, факультеттің профильдік пәндерімен байланысты сұрақтар берілмеген, өте көп әдебиеттер тізімі, жаңа әдебиеттер аз, профильдік қиындықтарға байланысты әдебиеттер қосу;

3)     сабақты жүргізу және зертханалық жұмыстар бойынша есебін қорғау:

оқытушы студенттерді шақырып, олармен орынды пікірталасты жүргізеді және дұрыс, дұрыс емес жауаптарды орындауына байланысты сындарлы анализ жасайды, барлық уақыт пікірталаспен өтеді, уақыт еріксіз жоғалтылады, оқытушы өзі көп сөйлейді, студенттер материалдарды жинақтап қорытады және фактілерді айтып береді;

4)     сабақты жүргізу стилі: қызықты, ылғи өткір сұрақтар қойылып

пікірталас қызықсыз, бос ойды өршітпейтін болады;

5)     пікірталас оқытушының студенттерге қарым-қатынасы: мейірімді,

сыншыл, міншіл, немқұрайлы, шекті талап ету; студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы: критикалық, немқұрайлы, сыйласымды болады;

6)     топты басқару: оқытушы студенттермен тез арада тіл табысады, топта

өзін сенімді және бос ұстайды, барлық студенттермен ақылды және әділ жұмыс істейді, көп қателіктеріне ескерту жасайды, жоғары тонмен сөйлеуге рұқсат етіледі, бірнеше енжар студенттерді қалдырып, жұмыста басқа студенттерге сүйеніп жұмыс істейді;

7)     оқытушының студенттермен сөйлесуімен зертханалық жұмысты

қорғаудағы қорытындысы: квалификациялық, сенімді, студенттердің білімін байытпайды, теориялық жалпылауларды қоспайды;

8)     студенттердің тәжірибелік сабақтарда жүргізген жазулары: жүйелі, сирек, жүргізбейді. 

  

6.3 Студенттер топтарының ұжымын зерттеу

 

         Студенттер тобының ұжымын зерттеудің мысалдағы сұлбасы магистранттардың өзіндік және кейбір пунктерінде қарастыруға болады:

1)    студенттер тобының ұжымы туралы жалпы мәліметтер(студенттердің

саны, оның ішінде жігіттер, қыздар, үлкен кісілер, әлеуметтік құрам, жоғарғы оқу орындағы оқуға дейінгі өндірістік өтілі);

2) ұжымдық қызметтің мазмұны мен мінезі:

а) оқу қызметі (пәндердің және бағалардың жалпы мінездемесі, кәсіби бағыты, оқудағы бір-біріне көмектесуі, оқу қызметіне қарым-қатынасы);

б) ұжымның оқудан тыс өмірі – замандас саяси оқиғаларға, өлеңге, өнерге, әдебиетке, спортқа қызығушылық және өзін-өзі көрсету түрі (оқу конференцияларының, кинотеатр, КВН, пікірталас және басқаға қатысу) топтың, факултеттің, жоғары оқу орнының қоғамдық өміріне қатысу;

в) ұжымның өміріндегі қоғамдық пайдалы еңбегі және оның алатын орны, еңбектердің түрлері және оның орындалу тәртібі;

3) студенттер ұжымының басқарылуы және ұйымдастырылуы:

а) топтың ұйымдастырушы ортасы, оның белсенді старостасы және оның жұмысы, басқа көшбасшылардың мінездемесі (ынталы дербестігі, табандылығы, талап етушілігі, өзіне және басқаларға деген жолдастар ішіндегі белсенділігі және оның негізі ұйымдастырушылық қабілеттілігі, қоғамдық өмірге көз-қарасы);

б) ұжымдағы формальді емес көшбасшылардың топқа деген ықпалын, осы ықпалының себебінің топтың белсенінін оларға қарым-қатынасын, «ашулылардың» бар болуының оларға достарының көңіл бөлуінің өзгерісі және себебі;

в) ұжым ішіндегі қарым-қатынасы (топ бірлігінің дәрежесі, өзара талап етушіліктін, сезгіштігін, достық қамқорлығының, өзара көмектесу және сыйластықтың, топталудың барын не жоқ екенін көрсетуі);

4) ұжымның студеттің жеке тұлғасына және студенттердің ұжымға тигізетін әсерінің нақты үлгісін талдау;

5) студенттердің психологиялық-педагогикалық диагностикасын жүргізу және бағдарламаны тәжірибеліктің деңгейінің және оқу қызметіндегі қиындықтардың табылғандағы негізінде жасалады;

6) жалпы қорытынды: ұжымының өрлеуінің деңгейі, жалпы эмоционалдықтың түрі, тәртіптілік, ең басты ұжым өмірінің ұйымдастырылуының жетіспеушілігін және ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынысының жетіспеушіліктерін жоюдың жолдарын анықтау. 

 

7 Педагогикалық тәжірибеге қорытынды жасау

 

         Педагогикалық тәжірибенің өтуіне бақылау жүргізу мақсатында, сонымен қатар магистранттың қызмет нәтижесінің қорытынды бағасымен келесі ұйымдық құжаттама дайындалуы қажет:

а) педагогикалық тәжірибе бойынша есеп беруде оған сынақ тапсыратын сабақтардан дәрістерде жазылған жазбалар;

б) магистранттың сабақтарына қатысқан ғылыми жетекшісінің немесе басқа оқытушылардың талдауы (магистранттардың педагогикалық тәжірибені қорғағаннан кейін кафедрадағы өзара сабаққа қатысудың журналында сақтау үшін кафедрадағы сенімді адамға беріледі);

г) магистрантпен уақытша тіркелген студенттер топ ұжымының психологиялық-педагогикалық сипаттамасы (магистранттың педагогикалық тәжірибені қорғағаннан кейін сол студенттер тобының эдвайзерына әріқарай жалғастыру үшін беріледі).

Магистранттардың педагогикалық тәжірибесінің есебінде курсы, тобы, факультеті, кафедрасы, магистранттың аты-жөні, ғылыми жетекшісінің аты-жөні, лауазымы, ғылыми атағы, магистранттардың педагогикалық тәжірибесінің жетекшісінің аты-жөні, лауазымы, ғылыми атағы АЭжБУ стандарты бойынша орындалуы тиіс жәнеде басқа да негізгі сұрақтарды қарастыру керек:

1) тәжірибе өту мерзімі;

2) тәжірибенің өтетін жері (магистрантпен оқытылатын студенттердің факультеті, курсы, тобы);

3) магистрантпен өтілген топтардағы сабақтары, өтілген сабақтардыңуақыты мен мерзімі;

4) өтілген сабақты талдау:

а) оқытуды жақсарту үшін қай тәсілді қолдану керек;

б) оқытудың қандай түрімен жүргізілді;

в) қандай техникалық оқу құралдары және көрнекі құралдар қолданылды;

г) студенттердің оқу үрдісіне қандай белсенділігін арту жүргізілді;

д) өзіңізбен қандай дербес жұмыс түрлері және өздік жұмыстары қарастырылды;

е) өзіңіз сабаққа дайындалғанда қандай қиындықтар кездестірдіңіз;

ж) оқытушылық үрдісіндегі өзіндік бағалау қорытындылары;

5) сабақтарға қатысудағы талдау (6.1 және 6.2 бөлімдерінде қарастырылады);

6) факультеттің сабақ кестесін талдау (оқу пәндерін және студенттердің жүктемесін дұрыс қою, оқу жоспарын орындау, бос уақыттар, берілген аудиторияларды сәйкестендіріп қою және т.б);

7) оқу жоспарын талдау (пәндердің түрлері, сағаттарды бөлу, фундаментальді және кәсіби дайындыққа үйлесімді уақыт бөлу, қандай курстарды жоспардан қалдыру керек немесе алып тастау керек);

8) пән бойынша оқу бағдарламасын талдау (кафедрамен жасалған типті оқу жоспары және бағдарламасы бойынша пәндерінің сағаттардың сәйкестігі, басқа да оқу жүйесінің қосудың мүмкіншілігін қарастырады, негізгі құрылымды, түсініктерді, өзара пәндердің  байланысы, жаңа әдебиеттері және т.б қарастырылады);

9) кафедраның оқу жоспарын талдау (оқытушылардың кәсіби шеберлігінің оқу үрдісіндегі пікірталас үшін қандай тақырыптардың өзектілігі қарастырылады);

10) тәжірибе уақытысындағы сіздің оқудан тыс әрекетінізді талдау:

а) студенттер топ ұжымына пікірталас үшін арналған сізбен таңдалған өзекті тақырыбы;

б) студенттердің пікірталас кезіндегі белсенділік тәжірибесі;

в) пікірталастағы мақсатқа жету, пікірталас жүргізудегі жетістіктері мен жетіспеушіліктері, олардың арықарай қолдану жолдары;

г) тәжірибе кезінде сізбен орындалған басқа жұмыс түрлерін талдау (студенттер ұжымымен танысу, жатақханаларға бару және т.б);

     11) тәжірибеден шыққан қорытындылар бойынша сіздің жұмысқа

дайындығыныздың дәрежесі, өзінді-өзі тәрбиелеудегі жалпы қорытынды жасау;

12) тәжірибені ұйымдастыруды жақсартудың ұсыныстары;

13) магистрантпен сынақ сабақтары бойынша жасалған дәріс жазбалары.

  Педагогикалық тәжірибе бойынша қорытынды жасағанда магистранттар бітіруші кафедраға есеп беруді тапсырады, оны тәжірибе жетекшісі тексереді және магистранттар комиссияның алдында қорғайды, комиссия мүшелеріне: кафедра меңгерушісі, университеттегі тәжірибе жетекшісі және ғылыми жетекшісі жатады. Есеп берудегі қорғаудың қорытындыларын дифференциалды сынақ бойынша балды-рейтингті әріптік  жүйесімен бағаланады. 

 

 

Әдебиеттер тізімі 

1.     Мардер Н.С. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар. - М.: ИРИАС, 2006. – 384 б.

2.     Кох Р., Яновский Г. Электр жүйесіндегі даму және конвергенция. – М.: Радио және байланыс, 2001.

3.     Шахнович И.В. Қазіргі кездегі сымсыз байланыстың технологиясы. – М.: Техносфера, 2006, - 288 б.

4.     Нефедов В.И. Радиоэлектрониканың негіздері: Жоғарғы оқу орнына арналған оқулық. – М.: Жоғары мектеп., 2004.

5.     Головин О.В. Радиоқабылдағыш құрылғылар: Оқулық. – М.: Жалынды желі-Телеком, 2002.

6.     Телевидение: Жоғарғы оқу орнына арналған оқулық / Под ред. В.Е.Джаконии. – М:. Радио және байланыс, 2002.

7.     Величко В.В.,Катунин Г.П., Шувалов В.П. Инфокоммуникациондық технологиясмының негіздері. Жоғары оқу орнына арналған оқулық. - М.: Жалынды желі-Телеком, 2009, - 712 б.

8.     Баркун М.А., Ходасевич О.Р.Синхронды коммутацияның сандық жүйелері. – М.: Байланыс, 2001.

9.     Пестряков ВУ.Б., Кузенков В.Д. Радиотехникалық жүйелер. – М.: Радио және байланыс, 1995.

10.  Лазерев В.Г. Интеллектуалды сандық желілер: Анықтамалық / Под ред.академик Н.А. Кузнецова. – М.; Финанс және статистика, 1996.

11.  Лихачев Б.Т. Педагогика: Дәрістер жинағы. – М.: Юрайт, 2001.

12.  Столяренко Л.Д., Самыгин С.И. Сұрақтардағы және жауаптардағы психология және педагогика: Оқу құралы. – Ростов-н/Д: Феникс, 2000.

 

2011 ж. қосымша жоспары, реті 184