Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА және БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТI

Телекоммуникациялық  жүйелер кафедрасы

 

 

 Өндірістіқ машықтану бағдарламасы

5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»

 барлық мамандық оқу түрінің студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау

 

 

 

Алматы 2011 

          ҚҰРАСТЫРУШЫ:   Дарибаева Р.А.,  Урусова Т.А.,  Касабекова М.О.   Өндірістік машықтану  бағдарламасы. 5В071900-Радиотехника,  электроника және телекоммуникациялар мамандығы үшін барлық оқу түрінің  студенттеріне  арналған  әдістемелік  нұсқау. -  Алматы:  АЭжБУ, 2011. – 16 б.          

             

          Әдістемелік нұсқауда дайындық өткізу үшін, әртүрлі машықтану өту туралы, сонымен қатар жеке тапсырмаларды  өз беттерінше таңдау үшін  және есеп беруге қойылатын талаптар жөнінде ұсынытар келтірілген.

          Әдістемелік нұсқау РЭТ мамандықтарының барлық оқу бөлімінің студенттеріне арналған. ММСТ РК 5. 03. 005 – 2009 негiзiнде.

 Кесте 0, әдеб.көрсеткіші . –  30 атау.

 

Пікір беруші: техн. ғыл. канд., профессор С.В. Коньшин

  

«Алматы энергетика және байланыс университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 ж. қосымша жоспары бойынша басылады.

                                

©  «Алматы энергетика және байланыс университетi» КЕАҚ, 2011 ж

 

Мазмұны

Кіріспе            4

1 Машыктануға дайындықтағы жеке кезеңдердің тапсырмалары және олардың мазмұны           5       

1.1 Өндірістік машыктану  5

1.2 Бітіру алдындағы машыктану                                                    6

1.3 Машыктануны өту тәртібі және мазмұны      7

1.4 Студенттерге арналған жеке тамсырмалардың тақырып үлгісі                      8

2    Еңбек қорғау және қоршаған орта                                                                 9

2.1 Еңбек қорғау сұрақтарын оқу     9

2.2 Қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын оқу                                                      10

3    Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару                                        11

3.1Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару сұрақтары

бойынша машыктанулық дайындық тапсырмасы және мақсаты                      11

4    Машыктанудан өтуді бақылау                                                                       12

5     Күнделіктің және есептердің безендірілулері жөнінде ұсыныстар             14

6     Әдебиеттер тізімі                                                                                       16   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кіріспе

        Өндірістік машықтану оқу процесінің бір түрі болып келеді, сондықтан да квалификациялық сипаттамасына сәйкес тәжірибенің негізгі мақсаты – бұл  студенттердің қазіргі жағдайдағы радиотелевизиялық және электронды аппратуралардың, телекоммуникациялық жүйелер және желілерді жұмысқа пайдалану, қызмет ететін адамдардың жұмыс жағдайына байланысты өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, жобалау-құрастырушы және жобалау аумағындағы зерттеу қызметі, радиотелевизиялық және электронды аппаратураларды, телекоммуникациялық жүйелер және желілерді жұмысқа пайдалану және өндіруде толығымен білім алып шығуы.   

Студенттер машыктануға дайындық кезінде  оқу процесінде алған білімдерін толықтырып, екі жұмыс қызметінің біреуін меңгеріп және еңбекті  ұйымдастыру процесіндегі таратылып  берілетін әдіс арқылы, қазіргі өндірістік тапсырманы шешу тапсырмасымен  танысу.

Барлық машықтану түрі  ғылыми-зерттеу және жобалау-құрастырушы институттарда, өндіріс орындарында, ұйымдарда және фирмаларда, радиотелевизиялық, электрондық және телекоммуникациялық аппаратураларды жұмысқа пайдаланатын және өндіретін, сонымен қатар АЭжБУ «Радиотехника»,  «Телекоммуникациялық жүйелер» кафедрасының оқу және ғылыми-зерттеу зертханаларында өткізіледі.

Осы өндірістік машықтану бағдарламасы барлық кредиттiк оқу технологиясының талап етiлген Ережесiне сәйкес келедi, студенттердің ұлгерiмдерiн өткiзудегi бакылау Ережесi, бiлiм облысындагы органдармен бекiтiлген.

          1 Машықтану дайындықтағы жеке кезеңдердің тапсырмалары  және олардың мазмұны

Әр  машықтанудан өтетін адам, белгілі бір мақсатқа бағынады  және ұйымдастыру жолын және  студенттің дайындық деңгейімен байланысты мазмұнын анықтайтын өз тапсырмалары болады.

 

1.1    Өндірістік машыктану

 

              Машыктануның мақсаты және  тапсырмасы

       

         Машықтану мақсаты  болашақ  кәсіби маман ретінде негізгі білім алу.                   Машықтану тапсырмасына келесі негізгі сұрақтар кіруі тиіс:

       - ғылыми-зерттеу жұмыстарына, зертхананы және  өндіріс орны бөлімдерін жұмысқа пайдалануға қатынасу;

        -  РЭА және ТКЖ негізгі кезеңдеріндегі талдаулардың ММСТ және ЕСКД халықаралық стандартқа қойылған талабына сәйкес жобалау-құрастырушы құжаттарды  талдауға қатынасу;

         - негізгі инженерлік есептеулердің орындалуын үйрену;

         - модулдеу туралы білім алу, тәжірибелік зерттеулерді қою және өткізу, есептеу техникасы құралын пайдалана отырып тәжірибелік зерттеулерді сараптау және  талдау;

         - электронды бақылау - өлшеуіш аппаратураны қолдана отырып, сынақтан өткізу әдісін және дайын бақылау өнімін оқып үйрену;

         - рациоанализаторлық қойылымдармен және өндірістегі ойлап шығарылған  істермен  танысу;

         - еңбек қорғау ұйымы және техника қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғаумен танысу;

         - ұйымдастыру жұмыстарын меңгеру.

     Машықтану мазмұнына зертхана жұмысымен және өндіріс бөлімімен танысу кіруі қажет. Соның ішінде, жұмысқа пайдалану және өндірістегі жөндеу бөлімшесіне көп көңіл бөліну қажет.

  Машықтану кезінде студенттер жұмысқа пайдалану және өндірістегі жөндеу бөлімшесімен, техникалық бақылау бөлімшесімен, зертханалармен және өндіріс бөлімшелерімен  танысады. Олар жұмыс орындарында аппаратураларды баптаушы, ТББ бақылаушысы, лаборант, техник, РЭ және ТКЖ жұмысқа пайдалануда қызмет көрсететін  және жөндейтін оператор болып жұмыс істеуге және инженерлер басқаруымен жаңа электронды сұлбаларды талдауда, оларды сынақтан өткізгенде қатынасуға болады.  

         

  1.2 Бітіру алдындағы машықтану

  Бітіру алдындағы машықтану соңғы семестерде басталып кестеге сәйкес бiрнеше аптаға созылады, тәртіп бойынша, болашақ жұмыс орны ретінде радиотелевизиялық аппаратураларды дайындайтын, жөндейтін және пайдаланатын, ҒЗИ, ҚБ, коммерциялық, жеке құрылымдарда, өндіріс орындарында, институт кафедрасында өтуге болады.

         Бітіру алдындағы машықтануның тапсырмасы және мақсаты

  Машықтану мақсаты – студенттердің ғылыми-техникалық есептерді өз беттерінше  шешуге дайындау, бітіруші алдына қойылған қиындық деңгейі бакалавр дәрежесін талап етеді. Осыған байланысты келесі тапсырмаларды орындау қажет:

-оқу процесінде алған білімді кеңейту және бекіту, оларды бітіру жұмысының тақырыбына байланысты инженер-техникалық есептерді шешу үшін пайдалану;

         -ғылыми-зерттеу ұйымын, жобалау-құрастыру және таңдау әсерін, сонымен қатар кәсіпорынның экономикалық  қызметін жаңа экономикалық жағдайда оқып үйрену;

         - ғылыми-зерттеу жұмысын одан әрі дамыту;

         - өзекті ғылыми мәселені орнату міндеті деңгейін жетілдіру ;

         - жаңа математикалық, статистикалық және физикалық есеп әдістерін пайдалана білу;

         - бітіру жұмысының тақырыбына арналған керекті материалдарды жинау;

         - еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау, кәсіпорындағы қызметтік тазалық ұйымына қатысты керекті материалдарды жинау.

      Машықтану мазмұны студенттің  инженер-техникалық  ұжымда штаттық қызмет жұмыскері немесе дублер ретінде істеген жұмысымен анықталады. Ол зерттеу жұмыстарына, талдауларға, жобалауға, техникалық қызмет көрсетуге, радиотелевизиялық аппаратураларды, телекоммуникациялық желілерді және жүйелерді  бітіру жұмысының тақырыбына сәйкес қалпына келтіруге қатынасады.  Машықтану мазмұны ортақ жеке тапсырмалармен және оны өткен күнтізбе жоспарына сәйкес анықталады.  

 

     1.3 Машықтанудан өтудің тәртібі және мазмұны

      Студенттерді бөлімдерге, цехтарға, кәсіпорын орындарына бөлгеннен кейін, тәжірибе жетекшісі студенттердің барлығын  кәсіпорын  орнындағы құжаттарды толтыру, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі жөніндегі ескертулермен таныстырады.

Кәсіпорын орнында машықтанудан өтіп жатқан студентке бірнеше сұрақтарды шешу талап етіледі, соның ішінде кәсіпорынның техникалық құрылымының белгілі  стратегиямен дамуына байланысты, РЭА  жобасының және телекоммуникациялық желі ерекшеліктері жөніндегі сұрақтар. Құрылымды одан әрі дамытып және жаңарту үшін, студент құрылғының сипаттамасы жөнінде ақпаратты білуі қажет және өндірістің техника-экономикалық  әсерінің көрсетілімдері: олардың мақсаттары, тапсырмалары, ену желісі, көмекші құрылғылардың техникалық параметрлерін және функциясын оқып үйренуі керек. Барлық осы мәліметтер бітіру жұмысына енуі тиіс.

            Машықтануның техникалық тапсырмасы  шешетін есептің көлемін анықтауы қажет, оның өзгеруін, сонымен қатар олар орындалатын шарттар, мазмұнымен және орындау режимімен тығыз байланысты болуы керек. Бағдарламалар оқу процесінің аяқталу бөлімінің радиоэлектроника және телекоммуникация аумағындағы жұмыс орнының өндірістік  әсерімен үйлесімді болуы қажет.

 

1.4 «Радиотехника», «Телекоммуникациялық жүйелер» бітіруші кафедраларының  студенттеріне арналған жеке тапсырмалардың үлгі тақырыптары

 

         1) Шығару және пайдалану процесіндегі ТКЖ және РЭА жұмысқа қабілеттілігін бақылау әдісі.

         2)  Шығару және пайдалану процесіндегі ТКЖ және РЭА көрнекі және құралдарының диагностика әдісі.

         3)  РЭА электромагниттік бірлескен әдістерін қамтамасыз ету.

         4)  РЭА жұмыс режимін жылу әдісімен қамтамасыз ету.

         5) РЭА, РЭУ, РЭК жылжымалы объектілерде және сейсмикалық қауіпсіздік жағдайларында қорғау әдісі.

         6) Орналастырудың негізгі жұмысының автоматтандыру деңгейі, элементтік базаны, түйіндерді, блоктарды, пультарды және т.б.орналастыру.

         7) Жұмысқа қабілеттілігін бақылау әдісінің автоматтандыру деңгейі және РЭА өндіру процесіндегі және шығарудағы диагностика.

          8)   Сигналдарды тарату үшін (бейне, ұялы дыбыс шығару, пейджингтік, транкинктік, спутниктік, радиорелейлік немесе магистралды байланыс) өндірістік радиотаратқышты  тұрғызу сұлбасын оқып үйрену.

        9)  Жоғарыда атап өтілген таратқыштардың жоғары жиілікті трактідегі принципиалды сұлбасын, курстық жұмыста есептелінетін принципиалды өндірістік сұлбасын оқып үйрену.

       10)  Машықтанулық жұмыстарды қосылу жағдайында жұмыс жасау және танысу, жұмыс жиілігін түзеу, радиотаратуды пайдалану, мүмкіндігінше жеке блоктарды және радиотаратқыштарды толығымен жөндеу немесе қалпына келтіру.

       11) Ұйымда орналастырылған дыбыс және бейнені түзету үшін кәсіпқой компьютерлік бағдарламалармен танысу, бірнеше қарапайым аудио-бейне таспаларды немесе роликтерді өз беттерінше өңдеу және олардың жұмыс істеуін үйрену.

       12) Мүмкіндік болған жағдайда оқып үйреніп жатқан блоктардың, құрылғылардың немесе жүйелердің принципиалды, құрылымды сұлбаларының  альтернативті түрлерін Internet-ке ену арқылы іздеу.

        13) Кәсіпорын шығаратын және пайдаланатын өнімдердің негізгі түрлерін және техникалық сипаттамаларын оқу.

        14)  Кұрылғының құрылымдық сұлбасын құрастыру.

        15)  Жеке түйіндердің белгіленулерін суреттеу.

        16)  Кұрылғыны жаңарту жоспарын құрастыру.

        17)  Бағдарламаны компьютерде талдау.

        18) Жеке түйіндердің есептері (регенерациялық, аралық қорек көзі, байланыстың параметр сапасы, сенімділік және т.б.).

         

        2  Еңбек қорғау және қоршаған орта
       

        2.1 Еңбек қорғау сұрақтарын оқып үйрену

 

         Еңбек    қорғау  сұрақтары    бойынша        машықтанулық  дайындықтың тапсырмасы және мақсаты.

        Мақсаты – студент алдында өндірісті дамыту тапсырмасының және еңбек қорғау тапсырмасының  тығыз байланысты екенін көрсету керек, қауіпсіз жағдайдағы еңбекті қамтамасыз ету, радиоэлектронды құрылғыларды құрастырғанда және орналастырғанда қауіпсіз жұмыс жасай білуді үйрету, студенттерді «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау» пәнін қабылдап, білу үшін дайындау.

         Машықтанулық дайындыққа (машыктану түріне қарай) келесі тапсырмалар кіруі тиіс:

         - өндіріс орнында, цехтарда және жұмыс орнындарындағы еңбек қорғау  қызметі  ұйымымен танысу;

         - жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыра білу (жұмыс жағдайын, кешенді бұйымдардың еңбек объектілеріндегі орналасуын, құрылғылар, инструменттер, приборлар);

      -  радиоэлектронды өнеркәсіппен байланысты, жағымсыз факторлардың адамға әсер етуін, қорек көзін және олардан қорғау әдісін оқып білу;

      - өрттен қорғау ұйымымен, өртенуден және өрт сөндіру құралдарымен танысу;

      - электр құрылғылармен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіз ережесін, электр тогы соққан кездегі  ең алғашқы көмек көрсету жолдарын оқып білу;

      - электр қауіпсіздігінен қорғану және жеке сақтану құралдарымен танысу.

 

      Еңбек қорғау сұрақтарын оқыған кезде әдістемелік құралымен «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау » кафедрасы қамтамасыз етеді. Еңбек қорғау сұрақтары жеке тапсырмаға енеді және машықтану есебінде көрсетіледі.

 

         2.2 Қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын оқып үйрену

         Қоршаған ортаны  қорғау  сұрақтары  бойынша  машықтанулық  дайындықтың тапсырмасы және мақсаты.

Мақсаты - студент өндірістің және оның өнімдерінің қоршаған ортамен тығыз байланыста екендігі жөнінде ой қалыптастыруы қажет, экология мәселесі жөнінде мұқият болуы керек. Машықтану тапсырмасына мыналар енгізуi қажет:    

           - кәсіпорындағы қоршаған орта ұйымын оқу ( құқықтық және нормативті құжаттарды, санитарлық ереже және т.б.);

         - кәсіпорындағы өнімдердің қоршаған ортаға тигізер әсері жөнінде оқып үйрену (электромагниттік өріс, агрессиялық газдар және т.б.);

         -кәсіпорынның экологиялық құжатын пайдалана отырып, технологиялық процесс кезінде электронды приборларды және құрылғыларды пайдаланғандағы жағымсыз заттарды пайдалану және оларды қалай сақтау керектігі жөніндегі сұрақтармен танысу;

         - кәсіпорындағы жағымсыз заттардың қоршаған ортаны ластауы, алдын алу шаралары;

          - кәсіпорындағы керексіз затттарды не істеу керектігі жөніндегі сұрақтармен танысу.

        Қоршаған ортаны қорғау сұрақтары өндіріс орнында, дәріс оқығанда талқыланып жеке тапсырмалар бөліміне  ену керек.

 

 

 3  Экономика, өнеркәсіпті басқару және ұйымдастыру

 

           3.1  Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару сұрақтары   бойынша машыктанулық дайындық тапсырмасы және мақсаты

       Мақсаты – студенттерді кәсіпорын жұмысымен таныстыру, оның ұйым құрылымымен, өнеркәсіп деңгейін көтеру үшін бағытталған жиындармен, өнім сапасын бакалаврлардың экономикалық дайындықтарынан талап ету.

Дайындық тапсырмасына   (машықтану түріне байланысты) келесі сұрақтарды енгізуге болады:

         - цехтарды, участкелерді, кәсіпорындарды басқару ұйымымен;

         - еңбекті моралді және материалды жүйеден бағыттау ұйымы;

         - кәсіпорының негізгі экономикалық көрсеткіштері.

    Өндірістік машықтану кезінде студенттер:

         - технологияның экономикамен және өнеркәсіппен ұйымымен байланысын толығымен оқу;

         - ғылыми еңбек ұйымын қолдану әдісімен, өнім сапасын және өнеркәсіптік көтерудің жиындарымен танысу;

         - сұраныс және өндіріс өнімдерін шығару (маркетинг) сұрақтарымен  танысу.

     Экономика және өнеркәсіпті ұйымдастыру сұрақтары кәсіпорын бөлімдерінде, дәрістер жүргізгенде  және жұмыскерлермен сұхбаттасқанда  қарастырылады.

 Машықтанудан кезінде  оқылған  экономика және өнеркәсіпті ұйымдастыру материалдары (экономикалық сипаттамасы және технология бағасы, талдаулар және т.б.) машықтану жөніндегі есеп берулерде көрсетіледі.

 

           4  Машықтанудан өтуді бақылау

 

          Машықтануға бір ай қалғанда  университет бойынша  бұйрық шығады. Университет бойынша  машықтануға тағайындалған жетекші  машықтануға ортақ оқу-әдістемені іске асырады. Университеттен тағайындалған машықтану жетекшісі   машықтануға бір апта қалғанда студенттерді машықтануның тапсырмаларымен және мақсатымен, оны өтетін күнтізбелік жоспарымен таныстыру үшін ұйымдық жиналыс өткізеді, студенттерге  бағытталып толтырылған күнделік беріледі, машықтану бойынша жазылатын есеп берудің  талаптарын түсіндіреді. 

Машықтану кезеңінде студенттің жұмысын  университеттан тағайындалған машықтану жетекшісі бітіруші жетекшісімен бірігіп және студенттің жеке  құқықтармен және міндеттеріне сүйене отырып өндіріс орнындағы жетекші бақылайды. 

         

         Кәсіпорындағы машықтану жетекшісі студенттермен бекітілген бұйрық бойынша машықтануның оқу орнындағы жетекшімен тығыз байланыста өтуін ұйымдастырады:

          - студентті  өндіріс орнындағы жұмысы алдында өрт, техника және еңбек қорғау  қауіпсіздігі  ережесімен, кәсіпорындағы ішкі еңбек тәртібімен таныстырады, осы тәртіптің орындалуын студент журналға қойған  қолы арқылы көрсетеді;  

          - алғашқы күннен бастап студенттер кәсіпорынның ішкі тәртібіне бағынады, сондықтан машықтанудан өту графигі осы тәртіпке сай жасалады және жұмысқа шыққан күн белгіленетін табель бойынша қадағаланады;

          - студенттерді жұмыс орнындағы технологиялық процестерді, құрылғыларды, техниалық заттар және оларды шығару, экономикалық өндіріс, еңбек қорғау және т.б.таныстырады және студентке қауіпсіз жұмыс істеу жолын  үйретеді;

          - студенттердің кәсіпорындағы тұрақты жұмыстарын қадағалайды,  тарататын жұмыс әдісімен таныстырады, консультация өткізеді, өндірістік мамандықты меңгеруіне көмектеседі, рационализаторлық және өндіретін жұмыстарыменн таныстырады;

          - күнделікті немесе апта сайын студент күнделігінде көрсетілген тапсырманың орындалуын қадағалайды. Тексеруден кейін  әр тапсырмадан кейін  өз қолдарын қояды;

          - тексеру нәтижесі студенттің машыктануға деген қатынасын сипаттайды және машыктану нәтижесі проценті көрсетілген (қанағаттанарлық-55% -дан 74  %-ға дейін,  жақсы –75%-дан  89%-ға дейін, өте жақсы 90%-дан 100%-ға дейін) 5-балдық жүйемен бағаланады.

         

Университеттеғі машыктану жетекшісі студенттердің машыктануға қатысты  барлық жиындарды ұйымдастырады:

          - машықтануның өту тәртібімен таныстырады, есеп беруді дайындалуын, бітіруші жұмысқа қатысты материалдар жинайды.

          - машықтануны өткізетін құжаттарды дайындайды: бұйрықтар, күнделіктер, әдістемелер және т.б.;

          - оқу жоспарына және бағдарлама дәрістеріне және семинарларға сәйкес экономика, өндірісті басқару және технология, еңбек қорғау, инженерлік психология, байланыс сапасын қадағалау және стандартизация, табиғатты қорғау, құқықтық сұрқтар, сонымен қатар тренингтер, іс-әрекет ойындары және т.б. ұйымдастырады;

          - жалпы ұйыммен және кәсіпорындағы, ұжымдағы, ұйымдағы машықтану жетекшісімен біріге отырып студенттерді ұйым жұмысына шақырады, сонымен қатар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқарады.

        

Бітіру жұмысының жетекшісі  студенттің бітіру жұмысының негізгі бөлімінің орындалуын қадағалайды және технологияның, жүйенің немесе құрылғының  жағдайын зерттейді.

 

          5   Күнделіктің және есептердің безендірілулері жөнінде ұсыныстар

     5.1 Машықтану жөніндегі күнделікке және есептерге қойылатын талаптар

   

         Күнделік әр студентке беріледі және машықтану жөнінде есеп беруде негізгі болып табылады. Күнделікке  апта сайын машықтану жөніндегі  жұмыс жайы жазылады (өндірістік жұмыс, жеке тапсырманың орындалуы, дәрістер мазмұны, сұхбат және экскурция). Университеттағы және кәсіпорындағы жетекшілер күнделікті тексеріп отырады. Машықтану аяқталғаннан кейін күнделікте студенттің жұмысы жайлы пікір жазылады.

 Машықтанулық дайындықтың нәтижесі (машыктану бағдарламасына сәйкес), барлық жеке тапсырмалардың бөлімдері машықтану бойынша есеп беру түрі болып толтырылады. Тапсырманың техникалық бөлімі ЕСКД сақтай отырып  эскиздерден, сұлбалардан, графиктерден  тұруы тиіс. Бітіру алдындағы машықтану туралы есеп беру бакалаврдың негізгі бітіру жұмысы болып табылады. Есеп беруде міндетті түрде бітіру жұмысының аяқталған түрінің бірінші бөлімі болуы керек. Машықтану жөнінде есеп беру оқу жұмысының  АЭжБУ стандартына сәйкес толтырылуы керек. Есеп беру жұмысымен студент машықтану өткен күннен бастап жұмыс жасайды, машықтануның бітуіне 2-3 күн қалғанда,  оның сапасын бағалау үшін өндіріс орнындағы жетекшісінің пікірін тыңдайды. Есеп беру туралы соңғы пікірді университеттен тағайындалған  жетекші береді.

Есеп берудің мысал ретінде көрсетілген мазмұны: 

          -    Кіріспе.

          - Кәсіпорынның ортақ сипаттамасы және байланыстың қазіргі құрылғыларының  жағдайы және кәсіпорындағы РЭА, технологиясы және т.б.

          -    Техника бойынша жеке техникалық тапсырма.

          -    Еңбек қорғау және қоршаған орта ( жеке тапсырмаға енгізу қажет).

          -    Экономика (жеке тапсырмаға енгізу қажет).

           -    Әдебиеттер тізімі  (міндетті түрде Интернеттен алынған болуы тиіс).

          -    Мазмұны.

         

           5.2 Машықтану қорытындысын жасау  

                                                                                           

         Дифференциялық сынақ машықтану аяқталғаннан кейін университеттегi комиссия мүшелері алдында қорғау түрінде өтеді. Машықтану жөнінде есеп беру уақыты, машықтану аяқталғаннан кейін (жаздық машықтану 10-шы қыркүйектен кеш болмауы тиіс )  кем дегенде екі апта. Студенттің машықтану қорытындысын бағалай келе, машықтану жөніндегі бағдарламаның  орындалуын, кәсіпорындағы бағасы, оның өндірістік жұмысы, күнделігінің күнделікті толтырылып жүргені, сынақ кітапшасындағы жауабы және есеп беруі, есеп беруді уақытында тапсыруы  есепке алынады. Қанағаттанарлық баға алған студент, машықтануға қайта жіберіледі оқуын жалғастыра алмай.        

Әдебиеттер тізімі

         1.Джон  К.  Беллами. Цифровая телефония. – М.: ЭКО-Трендз , 2004.

            2. Баркун М.А., Ходасевич О.Р. Цифровые системы синхронной коммутации. – М.: ЭКО – Трендз , 2001.

            3. Берлин А.Н. Устройства , системы и сети коммутации.– СПБ.:Петеркон, 2003.

            4. Быков С.Ф., Журавлёв В.И., Шалимов И.А. Цифровая телефония. – М.: Радио и связь , 2003.

            5. Галичский К. Компьютерные системы в телефонии. Серия  «Мастер систем».- СПБ.: BHV – Санкт – Петербург , 2002.

            6.  Гитин В.Я., Кочановский Л.Н. Волоконно – оптические системы передачи. – М.: Радио и связь , 2003.

             7.  Гольдштейн Б.С., Пинчук А.В., Суховицкий А.Л. IP – телефония. – М.: Радио и связь, 2001.

             8.    Гольдштейн   Б.  С.  Системы коммутации. – СПБ.: БХВ – Петербург , 2002.

             9. Давыдкин П.Н., Колтунов М.Н., Рыжков А.В. Тактовая сетевая синхронизация. – М.: ЭКО – Трендз , 2004.

            10.  Карташевский В.Г.,Семенов  С.Н., Фирсова Т.В. Сети подвижной связи. – М.: ЭКО – Трендз, 2001.

            11. Крестьянинов С.В. и др. Интеллектуальные  сети и компьютерная телефония. – М.: Радио и связь , 2001.

            12.   Лагутенко    О. И.    Современные    модемы. – М.:  ЭКО  –     Трендз , 2002.

            13.   Муссель К.М. Предоставление и биллинг услуг связи. – М.: ЭКО – Трендз, 2003.

            14.    Ратынский М.В.    Основы   сотовой   связи.– М.:  Радио       и    связь , 2000.

            15.   Феер К.   Беспроводная   цифровая   связь :  Перевод с английского под ред.. Журавлёва В.И. . – М.: Радио и связь , 2000.

            16.  Нефедов В.И. Основы радиоэлектроники и связи.– М.: Высшая школа , 2005.

            17.  Резникова Н.П., Демина Е.В. Менеджмент в телекоммуникациях.– М.: ЭКО –Трендз, 2005.

            18.   Гордиенко В.Н., Тверецкий М.С. Многоканальные телекоммуникационные системы.– М.: Горячая линия – Телеком , 2005.

            19.  Крук Б.И., Попантопопуло В.Н., Шувалов В.П.  «Телекоммуникационные системы и сети : современные технологии», том 1,2. – М.: Горячая линия  - Телеком , 2005.

            20.    Шмалько А.В.   Цифровые   сети   связи. - М.:  ЭКО-Трендз, 2001.

            21.  Парфенов Ю.А., Мирошников Д.Г. Последняя миль на медных кабелях. - М.: ЭКО-Трендз, 2001.

         22.   Бакланов И.Г. Технологии измерений первичной сети. - М.: ЭКО-Трендз, 2000.

         23.  Бакланов И.Г. Тестирование и диагностика систем связи. - М.: ЭКО-Трендз, 2001.

         24.  Кемелбеков  и  др.  Оптические   кабели    связи. -  Томск,  2001.

            25.   Слепов Н.Н.  Синхронные цифровые сети  SDH. - М.: Связь, 2000.                    

         26. Под ред. В.Н. Гордиенко, В.В.Крухмалева. Проектирование и технологическая эксплуатация СП. - М.: Радио и связь, 2000.

         27. Демина Е.П., Резникова Н.П. и др. Менеджмент предприятий электросвязи.-  М.: Радио и связь, 2000.

         28. Под ред. Срапионова О.С. Экономика связи. - М.: Радио и связь, 2000.

         29.  Баклашов Н.Х., Китаева Н.Х.  Охрана труда на предприятиях связи. Охрана окружающей среды. - М.: Радио и связь, 2000.

          30.   Вестник АУЭС. Научно-технический журнал. Алматы. 2008 – 2010.