АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖЄНЕ БАЙЛАНЫС  ИНСТИТУТЫ

 

 

 

Өндіріс экономикасы, ұйымдастыруы мен басқару  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқау

(220140 – жылу электр стансалары мамандығының студенттері үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2004

 

 

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: С.Н. Күмісбаев, С.Г. Парамонов. Өндірісті басқарудың экономикалық негіздері. Курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Жылуқайраттық мамандарының студенттері үшін.- Алматы, АЭжБИ, 2004 ж.-13б.

        

 

 

 

 

 

 

Курстық жобасын орындау кезінде студенттерге жөндеу бригадаларын ұйымдастыру, қазандық агрегаттың күрделі жөндеуінің жұмыс тәртібін қалыптастыру, қазанды жөндеуге кеткен еңбек, материал және қаржы шығындарының есебін беру, теориялық сұрақтарға жауап табу деген талаптар қойылады. Жобаның сызба бөлімінде жөндеу жұмыстардың желілік сызбағын салу тиіс болады. Жобаны жүзеге асырудың шартты мәліметтері кестелерде берілген.

 

Кесте – 3 , библиогр. атаулары-6.

 

 

 

 

 

 

Пікір беруші: экон. ғыл. канд., Ержанов С.И.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институттының 2004 жылғы жоспары бойынша  басылды.

 

 

 

 

ÓАлматы энергетика және байланыс институты, 2004ж.

     Кіріспе

Энергетика қызмет ету ерекшелігінің бірі тұтынушыларды жылу және электр қайраттармен үздіксіз әрі сенімді түрде қамтамасыз ету болып табылады.

ЖЭС электр қайратпен сенімділі қамтамасыз етілу жағдайын жаса үшін- негізгі және қосалқы жабдықтардың алдын-ала жоспарын жөндеу (АЖЖ) арқылы жүзеге асады.

Мұнда АЖЖ - жабдықтарды сырттан тексеру мен сынау, оны жөндеу және жекелеген бөлшектеріне және буындарын алмастыру жұмыстарының кешенін құрайды. Оның мақсаты - жабдықтардың техникалық және экономикалық көрсеткіштерін, олардың, жобалық мәндеріне дейін жеткізу және үнемді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

АЖЖ негізі міндегі - апаттың салдарымен күресу емес, жабдықтарды жөндеу кезенді апаттың алдын алу болып табылады.

АЖЖ негізгі агрегаттардың алғашқы қуатын және техникалық-экономикалық сипаттамаларын қалпына келтіруге бағытталған “күрделі жөндеу” мен жұмыс істеуге қабілеттілігін ұстап бұларға арналған “ағымды жөндеуден” тұрады. 

Күрделі жөндеудің қайнар көзі амортизациялық қоры, ал ағымды жөндеудің –пайдалану шығындарыболып келеді.

Курстық жобаның басты мақсаты, белгілі іс жүзінде төмендегі мына негіздерге студенттер тәжірибелік дағдысын алу:

өндеу жұмыстарын ұйымдарыстыру (жөндеу бригадалардың құрамы мен санын, олардың жұмыс істеу тәртібі мен аусымдылығын, еңбек ақысы, материалдар шығысы мен құнын ұйымдастыру);

-  қазандық жабдықтары жөндеуге кеткен шығындары анықтаумен байланысты, инженерлік-экономикалық есептерін жасау;

-  қазандық жабдықтардың жекелеген буындарын жөндеу операцияларымен және  өндірістік процестерімен танысу;

-  желілік сызбақты салу;


Курстық жобаның, келесі мақсаты студенттер курстық жобаны орындауда, тиісті дербестік теориялық дайындығына жету үшін арнайы әдебиеттерді қолдануын, қажетті есептер жасауын, түпкі нәтижелерін талдауын үйрету болып табылады.

1 Жалпы ережелері

Курстық жоба “Қазандық агрегатты жөндеуге кеткен шығындарды анықтау” тақырыбы бойынша орындалады.

Бұл жұмыста қазандық агрегаттың күрделі жөндеуіне оның 6 (алты) элементтерін жөндеу кіреді деп аламыз.

Олар:    

-оттықтарды жөндеу (ОЖ);

-күл ұстағыш қондырғыларды (КҰҚ) жөндеу;

-  буды аса қыздырғыштарды жөндеу (БАҚ);

-  ауалық жылытқыштарды жөндеу (АЖ);

-  үнемдегіш су жылытқыштарды жөндеу (ҮСЖ);

-  жылулық  құтыны (ЖҚ) жөндеу көзделінеді.

Анықтамалардың мәліметтері бойынша:

-  бу қазандардың күрделі жөндеу кезеңдері әрбір 4-5 жыл өткеннен кейін жүреді;

-  бу қазандарының жөндеу уақытының ұзақтық нормасы – күрделі жөндеуі түскен жылына немесе ағымды жөндеуі түскен жылына байланысты.

Шартты түрде оларды күрделі және қарапайым – жөндеу деп атайық.

Курстық жобаларын орындау үшін, сырттай және күндізгі оқу түріндегі студенттердің тапсырма нұсқаларын қатысу журналындағы нөміріне қарай оқытушы береді.

Желілік сызбағын салуға байланысты тарауын орындаған студент өз сынақ кітапшасындағы соңғы нөміріне қарай алады.

 

2 Жұмыстардың енбек сыйымдылығын анықтау

Есептерді шығару алдында толық оқу материалды игеру үшін:

2.1             Жөндеудің қандай түрлері болады?

2.2             Жөндеу циклі мен жөндеудің аралық кезеңі деген не?

          2.3 Жұмыстардың еңбек сыйымдылығы дегеніміз не?

Деген жоғарыдағы теориялық сұрақтарына жазбаша түрде жауаптар беру қажет:

Қазандық агрегатты жөндеу кезінде еңбек шығындары жөнделетін жабдықтың түріне, оның қазандағы орналасқан жеріне және жөндеудің күрделілігіне тәуелді.

          Осыған байланысты, қазандық агрегат - қазанның сыртқы бетіндегі құбырлар жүйесі болып табылады.

Сондықтан, бұл қазандық агрегаттың ішіндегі құрылмасын жөндеу- шектеулі, “кеңістік жерде” ғана жүреді, ал ол көптеген жағдайда қазанның элементтерін жөндеген кезде уақыт, еңбек және басқа құралдардың едәуір шығындарымен байналысты.

Өйткені, жөндеу жұмыстарын іске асыру үшін, ең алдымен уақытша алаңдарды, сатыларды, ағаш төсемелерді, тұғырларды, ауыр металдық элементтерді көтеру кешендерді қою және одан кейін қайтадан алып тастау; пісірістіру аппараттарға қайнар көздерін жеткізу, жарық беруді т.б. қамтамасыз етумен негізделеді.

Әрбір жабдық түрінің жөндеу жұмысындағы еңбек сыйымдылығы келесідей формуламен:   

Ес=Ұ*Ж*С*А анықталады.

Мұнда, Ұ - жабдықты жөндеу ұзақтығы, тәуліктік;

Ж - жөндеу бригадасындағы жұмысшылар саны, адам;

С - бір ауысымдағы жұмыс істеудің сағаттық саны, сағат;

А - тәулікті бойы ауысым саны,  дана.

1 – кестеде  жөндеудің еңбек сыйымдылығын есептеу үшін, бастапқы мәліметтері берілген.

Кестедегі цифрларлардың орналасу дәйектілігі мынадай:

-бірінші цифры-жабдықты жөндеудің жоспарлы мерзімі, тәуліктік;

-екінші цифры-жөндеу бригадағы жұмысшылар саны, адам;

-үшінші цифры-бір ауысымдағы жұмыс істеудің сағаттық саны, сағат;

-төртінші цифры-тәулікті бойы ауысым саны, дана.

 

1-кесте. Жөндеудің еңбек сыйымдылығын есептеу үшін бастапқы мәліметтер

Оттық

КҰҚ

БАҚ

АЖ

ҮСЖ

ЖҚ

1

30/6/8/3

30/12/8/1

33/7/8/1,5

33/7/8/3

30/8/8/1

30/8/8/1

2

32/6/8/3

31/12/8/1

50/7/8/3

45/8/8/3

60/9/8/3

32/8/8/1

3

30/7/8/3

30/13/8/1

33/8/8/1,5

33/7/8/3

30/9/8/1

30/7/8/1

4

28/8/8/3

29/12/8/1

48/7/8/3

47/6/8/3

62/9/8/3

28/9/8/1

5

27/6/8/3

32/10/8/1

30/9/8/1,5

30/9/8/3

27/9/8/1

29/8/8/1

6

33/5/8/3

27/14/8/1

52/8/8/3

47/7/8/3

58/9/8/3

30/8/8/1

7

30/7/8/3

31/11/8/1

32/8/8/1,5

33/8/8/3

29/8/8/1

29/9/8/1

8

34/5/8/3

26/15/8/1

48/8/8/3

44/7/8/3

61/9/8/3

31/8/8/1

9

31/6/8/3

31/12/8/1

32/7/8/1,5

32/7/8/3

31/8/8/1

32/8/8/1

10

25/8/8/3

25/14/8/1

53/6/8/3

42/8/8/3

57/9/8/3

26/9/8/1

11

26/8/8/3

28/12/8/1

32/7/8/1,5

32/7/8/3

32/8/8/1

31/8/8/1

12

29/6/8/3

27/13/8/1

48/8/8/3

43/8/8/3

58/9/8/3

32/8/8/1

13

28/7/8/3

28/12/8/1

33/7/8/1,5

30/9/8/3

32/7/8/1

33/7/8/1

14

27/7/8/3

26/14/8/1

46/8/8/3

41/9/8/3

56/10/8/1

34/7/8/1

15

26/8/8/3

25/14/8/1

31/8/8/1,5

29/9/8/3

28/9/8/3

35/6/8/1

16

25/8/8/3

24/15/8/1

44/9/8/3

40/9/8/3

54/10/8/1

36/6/8/1

17

32/6/8/3

30/12/8/1

28/9/8/1,5

34/8/8/3

29/9/8/3

28/8/8/1

18

33/5/8/3

32/12/8/1

52/7/8/3

45/7/8/3

64/8/8/1

27/9/8/1

19

34/5/8/3

33/11/8/1

32/8/8/1,5

35/7/8/3

33/8/8/3

25/9/8/1

20

31/6/8/3

35/10/8/1

54/6/8/3

46/6/8/3

62/9/8/1

31/8/8/1

Жөндеудің еңбек сыйымдылығы. Есептеу жолдарының дәйектілігі. Әрбір жабдықтың түріне қарай және төрт бригаданың әрқайсысына жекелеген есеп жүргізіледі.

Мысалы оттықтарды жөндеу кезінде

Ең алдымен, әрбір бригаданың білікті деңгейі, мамандық дәрежесі анықталады: 5-6 разрядтағы бригадир – 1%, 3 – разрядтағы жөндеу слесарь-50%, 4 – разрядты слесарь - 40%, 5 – разрядтағы слесарь - 10% кестеде көрсетілген бригадағы мүшілерінің санын құрайды деп аламыз. Бұл шарт қалған бригадалар үшін де  осындай деп, әрбір бригада есебі де осылай есептелінеді.

Одан кейін жөндеу кезіндегі әрбір бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыттық жиынтығы (адам, сағат саны) табылады, оның ішінде 3-разрядты жөндеушілердің ___ сағаты, 4-разрядты жөндеушілердің ___ сағаты, 5-разрядты жөндеушілердің ___ сағаты, бригадирдің ___ сағаты.

Сонан соң кезектегі адам-сағаттар санынан – үшінші және түнгі ауысымдарында әрбір бригада бойынша  істеген сағаттар санын табу керек болады.

Одан кейін бір апта бойы осы төрт бригадалардың жұмысқа шығу ауысымдық графигін жасау керек. Бұл талапты орындау негізіне, тек үш ауысым кезінде жүргізілетін жөндеулер алынады. Еңбек сыйымдылығын есептеу нәтижелері кесте түрде келтіріледі.

 

3 Еңбек ақы қорын есептеу

Есеп шығару алдында:

3.1             ЖЭС еңбек ақының қандай түрлері қолданылады?

3.2             Разряд, тариф мөлшері, тариф еселеуіші деген не?

3.3             Жұмыс ауысымы артық болған кезде еңбек ақы төлеу қалай болады? Деген теориялық сұрақтарға жауаптарын беру керек.

Осы тарау бойынша есептерді шығару 2.1 тармағының нәтижелеріне сүйенеді.

Жабдықтың нақты түрін жөндеу кезде жұмысшылардың жұмыс істеген сағаттарының саны (уақыт көлемі) (жөндеудің еңбек сыйымдылығы ЖЕС) і-разрядтағы жұмысшылар тобының жұмыс істеген сағаттар санынан тұрады.

Жөндеушілер тобының жылдық еңбек ақы қорын есептегенде, мына формула қолданады:

ЕАҚ=ТЕАЕАҚ+(ЕАҚТ+ЕАҚТ)*0,315

Мұндағы, ТЕА - тариф бойынша негізгі жиындық еңбек ақы қоры;

Бұл ЕАҚ қазанның әрбір элементін жөндегенде жекелеп есептеледі:

ТЕАрг мұндағы, Тр - жұмыс істеген сағат саны, мамандық дәрежесіне сәйкес бір сағатқа  белгіленген жөндеудің еңбек сыйымдылығының тарифтік мөлшері.

Біздің мысалдарымызда, ЖЭС жұмысшылар тобының, мамандық дәрежесі бойынша еңбек ақысына бір адам-сағатқа тиісті тарифтік мөлшері: 3 – разряд - 102тг/сағ, 4 - 115тг/сағ, 5 - 131тг/сағ, 6 - 142тг/сағ. тең болады.

ҚЕАҚ - жөндеушілер тобына түнгі уақытқа немесе ауысымнан артық жұмыс істеген үшін төленетін қосымша төлем түрде тең еңбек ақы.

Сондықтан үш ауысым  бойынша жұмыс атқаратын бригада ЕАҚ есебін мына шартпен шығарылуы тиіс: - Түнгі уақытта істеген жұмысшылар әр сағатына ЕАҚ-ы 30% мөлшерінде қосымша төлем бонус төленеді, ал ауысымнан артық істеген уақытта ЕАҚ-ң 20%. Бригадирдің жалақысы тарифте белгіленген еңбек ақысының 20% жоғары тағайындалған болады.

         Еңбек ақыдан ұсталынатын төлемдері әлеуметті салық - ЕАҚ 21,5%  зейнетақы қорына аударым - 10% 

Есептеу дәйектілігі

Әрбір бригада және жөнделетін жабдықтың, әрбір элементі бойынша ЕАҚ-ң есебі жеке шығарылады.

Айталық оттықтар жөндеу

3.1.1 тармақта келтірілген мәліметтеріне қарай бригаданың тариф бойынша жалпы еңбек ақы қорына (ТЕАҚ) есептеу үшін, олардың мүшелерінің мамандық дәрежесiне (разрядына) сәйкес тариф бойынша бiр сағатқа белгiленген еңбек ақы мөлшерi күндiзгi уақытта жұмыс iстеген сағатының санына көбейтiледi:

          а) Содан кейiн түңгi уақытта және ауысымнан артық жұмыс iстеген сағаттар санына қосымша ЕАҚ анықталады:

          -түнгi уақытта төленетiн    

ҚЕАҚ = ТЕАҚ*1,3;

          -ауысымнан артық уақытқа төленетiн

ҚЕАҚ= ТЕАҚ*1,2;

          б) Одан кейiн ЕА қордан заңмен ұсталынатын және шегерiлетiн төмендегi есебi бойынша

ЕАҚ (21.5+10)=31,5%;

          в) Осының нәтижесiнде әрбiр бригада және әрбiр жөнделетiн жабдық түрi бойынша өз ЕАҚ есептелiп шығарылады.

          Есептеу нәтижелерi кесте түрінде бейнесiн табады.

 
4 Материал шығындарының есебi

          Қазанды жөндеу кезiнде оны сенiмдi жұмысына қалпына келтiру болмайтын жағдай пайда болады. Сондықтан әбден тозған жабдықты жанасымен толық ауыстырылуы орынды және ұтымды болып табылады.

          Бiрақ та шынайы өмiрде жөндеуге тиiстi жабдықтың, тек кейбiр жекеленген жерлерi немесе бөлшектерi жанасына iшiнара алмастырылуы, сондай-ақ оны қондырылған жерiнде жөндеуге болады.

          Сол кезде жөндеуге арналған түрлерi материалдар шығын етiледi.

Олар:

          -болат (болат табақтары, швеллерлерi, түрлi бұрыштары мен түйiндерi);

          -құбырлар (құбырлар, арматуралар, түрлi сымдар);

          -электродтар (түрлi сымдар);

          -басқа да материалдар (алғашқы аталған құраманың 20% тең деп алынады) деп төрт тобқа жiктеледi;

          -материалдар шығысының едәуiр бөлiгi жөнделетiн жабдықтар түрiне және жөндеу жұмысына күрделiгiне байланысты.

Материалдар бағасы әдетте белгiлi бiр өздерiнiң топтары бойынша түрлерiне, сапасына және т.б. өлшемдерiне тәуелдi.

          Бiздiң мысалымызда шартты түрде материалдарға шығындарын есептеу үшiн, әрбiр тоннасына бағаның келесi түрлерiн аламыз:

          а) болат-39-41 мың теңге;

          б) құбыр-43-51 мың теңге;

          в) электрод-70-100 мың теңге.

          Материалдар шығындарын есептеу үшiн, қажеттi мәлiметтерiн 2-кестеден аламыз.

          2-кестеге түсiнiк беру: бiрiншi цифр - болаттың түрлi номенклатурасының меншiктi шығысы; екiншi цифр - құбыр болаттың түрлi баскермесiнің меншiктi шығысы; үшiншi цифр - электрод түрлi таңбалардың меншiктi шығысы.

 

2-кесте. Материалдар шығындарын есептеу үшін қажетті мәліметтер

Оттық

КҰҚ

БАҚ

АЖ

ҮСЖ

ЖҚ

1

3,8/0,8/0,6

3,6/4,4/0,5

1,3/0,6/0,2

7,9/0,9/0,8

5,2/2,0/0,6

12,0/1,7/0,2

2

4,0/0,9/0,7

3,7/4,4/0,5

2,5/1,3/0,5

16/1,8/1,6

10,5/4,0/1,3

12,5/1,9/0,3

3

3,8/0,9/0,7

3,6/4,5/0,6

1,4/0,7/0,2

7,9/0,9/1,7

5,4/21,/0,7

11,8/1,6/0,2

4

3,6/0,8/0,7

3,4/4,4/0,5

2,4/1,1/0,4

16,4/1,9/1,7

10,8/0,4/1,4

12,1/1,8/0,3

5

3,5/1,0/0,6

4,0/4,1/0,6

1,1/0,8/0,2

7,5/1,0/0,9

4,8/2,2/0,7

11,6/2,0/0,2

6

4,2/1,1/0,7

3,2/4,1/0,5

2,8/1,6/0,6

16,6/0,2/1,8

10,0/3,8/1,1

11,9/1,8/0,3

7

4,1/1,0/0,5

3,7/4,2/0,4

2,2/0,5/0,3

8,0/1,1/0,9

5,0/2,1/0,7

11,8/1,7/0,4

8

4,3/1,2/0,8

3,3/4,1/0,4

2,4/1,2/0,6

15,5/1,7/1,6

10,8/4,2/1,5

12,1/1,9/0,3

9

4,0/0,9/0,7

3,7/4,4/0,7

1,3/0,8/0,3

7,5/0,8/0,7

5,4/2,2/0,8

12,6/1,8/0,4

10

3,3/0,6/0,4

3,2/3,8/0,4

2,9/1,6/0,7

13,9/1,6/1,4

10,1/3,8/1,1

10,4/1,3/0,2

11

3,4/0,7/0,5

3,4/4,0/0,5

1,4/0,9/0,6

7,6/0,9/0,6

5,5/2,3/0,8

12,4/1,6/0,4

12

3,7/0,8/0,7

3,3/4,4/0,5

2,4/1,4/0,6

14/1,8/1,5

10,0/3,2/1,0

12,5/1,6/0,4

13

3,6/0,7/0,7

3,2/3,6/0,4

1,6/1,0/0,3

7,4/0,8/0,5

5,5/2,4/0,7

12,6/1,7/0,5

14

3,5/0,7/0,6

3,0/3,2/0,5

2,3/1,3/0,7

138,/1,6/0,7

9,8/3,5/0,9

12,6/1,7/0,4

15

3,3/0,6/0,5

2,8/3,0/0,4

1,5/0,9/0,3

7,3/0,8/0,5

5,2/2,2/0,6

12,8/1,8/0,5

16

3,1/0,5/0,4

2,7/2,9/0,4

2,0/2,1/0,6

13,2/1,5/0,6

9,5/3,3/0,8

12,9/1,9/0,6

17

4,3/1,1/0,8

3,5/4,3/0,5

1,4/0,8/0,4

8,1/1,0/0,8

5,1/1,9/0,6

11,6/1,5/0,3

18

4,4/1,2/0,9

3,7/4,5/0,6

2,8/1,5/0,7

16,2/1,9/1,8

11,0/4,3/1,5

11,2/1,4/0,3

19

4,6/1,2/0,8

3,8/4,7/0,7

1,6/0,8/0,5

8,3/1,2/0,8

5,5/2,0/0,6

10,8/1,2/0,4

20

3,9/0,9/0,7

4,1/4,9/0,9

3,0/1,7/0,8

16,2/2,0/1,7

11,0/4,2/1,4

12,5/1,8/0,2

 

 


Есептеу дәйектiлiгi.

          Материалдар шығындарын есептеу, жөнделетiн жабдықтың әрбiр элементi бойынша жекелей жүргiзiледi.

Оттықтардың жөнделуiнде:

-болаттың құны: 3,9 тонна*40мың теңге =156 мың теңге;

-құбырлар құны: 1,9 тонна*47мың теңге=89,3 мың теңге;

-электродтар құны: 0,8 тонна*85мың теңге=68.0 мың. теңге;

-басқа материалдар құны: (156+89,3+68)*0,2=62,7 мың теңге.

-материалдардың жалпы құны: (156+89,3+68+62,7)=367 мың теңге;

          -есеп нәтижелері кесте түрінде көрініс табады.

 

5 Қазанды жөндеуге жиындық шығындарын анықтау.

          Қазандық агрегатты жөндеуге жұмсалатын жалпы шығыны (ЖШ) қазанның жөндеуге тиісті жабдықтары (ЕАҚ). Әрбір элементіне қатысты еңбек ақыға шығынымен материалдарға шығынның (МШ) қосындысымен анықталады.

ЖШ=ЕАҚ+МШ

         

6 Жөндеу жұмыстарының желілік сызбағын салу

          Курстық жобасын жасау кезінде келесі сұрақтарға:

6.1             Желілік сызбақ не үшін және қандай мақсатта пайдаланылады?

6.2             Желілік сызбақты құру кездерін, құрайтын не?

6.3 Желілік сызбағын жасау кезінде операция жұмыс, күтім, оқиға, шекті жол деген ұғымдар қолданылады, олардың мәні неде?

Жауап берілуі керек.

Желілік сызбағын салуға қажетті мәліметтерін 3-кестеде берілген болады.

 

3-кесте. Қазанды жөндеу операцияларының ұзақтығы (1-10 нұсқасына дейін).

Қазанды жөндеу операциялардың атаулары

 

Жұмыс нөмері

 

Жұмыстардың ұзақтығы (сағат)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қазанның сууы

1-2

16

16

16

16

16

16

16

16

16

16

Ошақтан қож шығару

 

2-3

 

20

 

21

 

21

 

20

 

22

 

23

 

24

 

25

 

26

 

27

Қыздырғыш

бетін жөндеу

 

2-3

 

52

 

54

 

56

 

60

 

68

 

70

 

72

 

74

 

76

 

78

Ошақтағы құбырларды алмастыру

 

3-4

 

38

 

40

 

42

 

44

 

46

 

48

 

50

 

52

 

54

 

56

Құбырлардың

бетін тегістеу

 

4-5

 

28

 

29

 

30

 

30

 

31

 

32

 

32

 

33

 

34

 

35

 

3-кестенің жалғасы.

Учаскедегі жұмыстарды аяқтау

 

5-10

 

15

 

15

 

15

 

15

 

15

 

15

 

15

 

15

 

15

 

15

Кейіндегі қыздару беттерін тазамау

 

1-6

 

27

 

28

 

29

 

31

 

33

 

34

 

35

 

36

 

37

 

38

Шымылдық аса қыздырғыш түрділігін ауыстыру

 

6-7

 

62

 

64

 

66

 

70

 

74

 

76

 

78

 

80

 

84

 

90

Иірмелерін жуу

7-8

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

Су үнемдегішті жөндеу

 

8-9

 

72

 

76

 

80

 

84

 

86

 

90

 

94

 

96

 

98

 

98

Үнемдегіштен ирек түтінтерін түзету

 

9-10

 

22

 

24

 

26

 

26

 

28

 

30

 

32

 

34

 

36

 

38

Қазанды қаптауын жөндеу түрлерін алу

 

1-11

 

29

 

30

 

32

 

33

 

34

 

36

 

38

 

40

 

42

 

44

Қазанның учаскелерін орау

 

11-6

 

48

 

50

 

52

 

54

 

56

 

58

 

60

 

62

 

64

 

66

Ауа қыздырғышты тексеру

 

6-12

 

15

 

15

 

15

 

15

 

15

 

15

 

15

 

15

 

15

 

15

Ауа қыздырғышты сығу

 

12-13

 

24

 

24

 

26

 

26

 

28

 

28

 

30

 

30

 

32

 

32

Учаскедегі жұмыстарын аяқтау

 

13-14

 

16

 

16

 

16

 

16

 

16

 

16

 

16

 

16

 

16

 

16

Қазанды сұйықағулық сынау

 

10-14

 

20

 

20

 

21

 

21

 

22

 

22

 

24

 

24

 

26

 

26

Қазандағы жұмыстарға аяқтау

 

14-15

 

36

 

36

 

38

 

40

 

44

 

44

 

46

 

48

 

48

 

50

Қазанды жағу

15-16

16

16

16

16

16

16

16

16

16

16

 

Бұл тараудың жобасын орындау кезінде (6) әдебиетті қолдану қажет.

Желілік сызбақ - жұмыстар кешенін іске асыру прогрестік және олардың арасындағы өзара байланыстарын бейнелейтін сызбақ түрдегі математикалық моделі.

Желілік сызбақты есептеу – кешеннің ұйымдастыру жүйелерін талдауына және шешім қабылдауды талдау үшін қажетті уақыт пен ресурстар параметрлерін анықтауға мүмкіншілігін береді.

Осыған байланысты желілік сызбақтың келесі уақыт параметрлерін табу керек:

а) әрбір оқиғаның ең алғашқы басталу уақыты  ;

б) ең ұзақ жолдың уақыты ;

в) әрбір жұмыстың  басталу уақыты ;

г) ерте аяқталу уақыты ;

д) кеш басталу уақыты ;

е) кеш аяқталу уақыты ;

ж) барлық резерві ;

з) ішінара резерві .

 

Көрсетілген параметрлерін есептеп табу үшін төмендегі формулалар қолданылды:

 

          ,

         

         

         

         

         

 

Осы жұмыстың барлық резерві бұл ұзақ жолын өзгеретпей оның ұзақтығын уақыт шегіне дейін төмен пайдалану мүмкіншілігі.

Осы жұмыстың ішінара резерві ( ) бұл өткен жұмыстардың алғашқы басталу мерзілік өзгертпей, сол жұмыстың ұзақтығын уақыт шегіне жеткізу мүмкіндігі.

Жұмыс уақыт резервтерін біле тұра желілік сызбақты жақсарту және жұмыстар барысын басқару кезінде қолда бар ресурстарын тиімді реттеуге жол ашылады.

        3-кестенің мәліметтері бойынша қазандық агрегаттың күрделі жөндеуін орындаудың  желілік сызбағын салу және оның параметрлерін анықтау.

, , , , .

         7 Сызбақ бейнесі 

         Осы жобаның 6 тарауын орындау кезінде, алынған нәтижелері бойынша қазандық агрегат жөндеудің желілік сызбағын қаламмен А–1 форматқа ватман бетінде жасаңыз.

          Сызбада желілік сызбақтың параметрін есептеу нәтижелер кестесі және қазандық агрегат пен оның жекелеген элементтері бойынша жиынтық шығындарының кестесі көрініс табуы тиіс.


Әдебиеттер тізімі

 

1.Цешковский А.А.  Специализированный ремонт котельных агрегатов.

Изд.2.- М.: ВШ, 1975.-224с.

2.Лапицкий В.И. Организация и планирование энергетики. Изд.2.-М.: ВШ,

1975.-488с.

3.Синягин Н.Н. и др. Система планово-предупредительного ремонта оборудования и сетей промышленной энергетики.- М.:Энергия, 1978.

4.Смирнов А.Д., Антипов К.М. Справочная книжка энергетика.- М.: Энергоатом изд.,1987.-568с.

5.Дукенбаев К., Нурекен Е. Энергетика Казахстана (технический аспект).-Алматы, 2001.-312с.

6.Организация, планирование и управление в энергетике. Под ред. В.Г. Кузьмина- М.:-ВШ,1982.-408с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе…………………………….……………………………....……………. 3

1 Жалпы ережелері………………..……........……………....................………4

2 Жұмыстардың еңбек сыйымдылықтарын анықтау………….........….…….4

3 Еңбек ақы қорын есептеу…………………………....................……..…….. 6

4 Материалдар шығындарын есептеу………….......................………..… ..7

5 Қазан жөндеуінің жалпы шығынын анықтау………....…...........………..…9

6 Жөндеу жұмыстардың желілік сызбасын салу………..........……..….….…9

7 Сызба бөлімі………………………………..........………........................…..11

Әдебиеттер тізімі………………………………………..............…………......12

2004 ж. қосымша жоспары бойынша, реті 24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күмісбай Сұлтанхан Нақыпбайұлы, Парамонов Сергей Геннадиевич.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндірісті басқарудың экономикалық негіздері.

Курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқау

(220140 – Жылу электр стансалары мамандығының студенттері үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Редакторы: Ж. Байбураева

 

 

 

Басуға қол қойылды                                                  Қалпы 90х84 1/16

Таралымы 50 экз.                                                       1 баспаханалық қағаз

Көлемі 1,0 оқу – баспа табақ                                    Бағасы тапсырыс 26 теңге

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институттының

көшірмелі-көбеткіш бюросы.

 

480013, Алматы қаласы, Байтұрсынұлы көшесі, 126