Алматы энергетика жӘне байланыс институты 

Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару кафедрасы 

 

САЛА ЭкономикаСЫ  

 (Электр энергетикасы бағыты бойынша оқитын бакалаврлар үшін)

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Алматы  2008

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Б.И.Түзелбаев. Сала экономикасы. Зертханалық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар (050718-электр энергетикасы мамандығы бойынша оқитын бакалаврлар үшін).– Алматы: АЭжБИ,  2008ж. - 24 б. 

 

Әдістемелік нұсқау зертханалық жұмысты орындау жөніндегі жалпы ережелерден тұрады және электр энергетикасы бағыты бойынша оқитын бакалаврларға арналған.

 

 Мазмұны

 

Зертханалық жұмыстардың орындалу тәртібі................................................

4

№1 зертханалық жұмыс ...........................................................................

5

№2 зертханалық жұмыс ...........................................................................

9

№3 зертханалық жұмыс ...........................................................................

12

№4 зертханалық жұмыс ...........................................................................

16

№5 зертханалық жұмыс ...........................................................................

20

Әдебиеттер тізімі...............................................................................................

24

  

Зертханалық жұмыстардың орындалу тәртібі

 Зертханалық жұмыстар бірнеше бөлімдермен орындалады:

а)     студенттің сабаққа алдын ала өзіндік дайындалуы: жұмыстың қолмен шығару жолы және әдістемесімен танысуы;

б)    оқытушы студенттің зертханалық жұмыс бойынша білімін тексеріп, жұмысқа кірісу рұқсатын беру;

в)     зертханалық жұмыстың барлық аналитикалық есептеулері міндетті түрде компьютер­­де, EXCEL бағдарламасында оқытушы мен инженер программист көмегімен орындалады.

Алынған есептеу мәндері, зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі бойынша өзгереді:

г)     алғашқы  мәндері, есептеулері мен талдаулары зертханалық жұмыстың оқытушыға қорғау үшін тапсырылатын есеп түрінде тапсырылады;

д)    қорғауға дайындалу кезінде әр зертханалық жұмыстың соңында берілген сұрақтарға жауап беру қажет;

е)     зертханалық жұмысты қорғау.

  

№1 зертханалық жұмыс

 Электрлік цехтың жөндеу жұмыстары бағдарламасының құрылымы мен көлемін анықтау 

Жұмыстың мақсаты: жөндеу циклінің құрылымы мен электр жабдықтарының жөндеуге қажетті еңбек шығынын анықтау.    

1  Тапсырма

1.1 Электрлік жабдықтардың жөндеу циклінің құрылымдарын анықтау.

1.2 Электрлік цехтың жөндеу жұмыстарының бағдарламасын жобалау.

1.3 Электрлік жабдықтардың жөнделуінің еңбек сыйымдылығын анықтау.

2        Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

3        Алынған нәтижелерді талдау

 

1.1            Электрлік жабдықтардың жөндеу циклінің құрылымдарын анықтау

          Берілген нұсқа бойынша (1-кесте) электрлік жабдықтардың жөндеу циклінің құрылымы жөндеу циклі мен жөндеу аралық мерзiмдердiң 1-кестеде келтірілген жабдықтың екі ауысымдық жұмыс істеу кезіндегi нормативтік ұзақтығының негізінде анықталады.

Жөндеу циклінің құрылымы келесі түрде өрнектеледі, мысалы кабельдік жүйелер үшін

 

К-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-К.

 

Мұндағы  К- бір жылда күрделі жөндеу саны;

     А- бір жылдағы ағымдық жөндеулер саны.

 

1.2            Электрлік цех жөндеу жұмыстарының бағдарламасын жобалау

Электрлік цех жөндеу жұмыстарының бағдарламасын жобалауда ағымдық (па) және толық (күрделі) жөндеудің жылдық (пк) санын жабдықтың әрқайсысы үшін келесі кейіптеме бойынша анықтайды

 

                                   nа=(N*пац)/ца),                                            (1)

 

                                        пк=N/(ацк).                                                         (2)

 

Мұндағы N- бір типті жабдықтың саны (1-кесте бойынша);

          пац- жөндеу цикліндегі ағымдық жөндеулердің саны;

          Тца, Тцк – жөндеу циклінің ұзақтығы (2- кестеде көрсетілген жөндеулер арасындағы уақытқа тең);

          а - жабдықтың жұмыс істеу ауысымдарының санын ескеретін еселеуіш ( бір ауысымдық жұмыс үшін а= 1,4; екі ауысымдық жұмыс үшін  а=1;  үш ауысымдық жұмыс үшін а=0,6). Жабдықтың жұмыс істеу ауысымдарының саны 1- кестеде берілген және па, пк есептеулерін 3-кестеге толтыру керек.


Жабдықтың атауы

Жабдықтың жұмыс істеу ортасы

Жұмыс-тың ауысым саны

Нұсқа бойынша жабдықтар саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 Трансформаторлық қосалқы станция

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Күштік тарнсформатор, 630 кВА

қалыпты

3

2

-

2

-

2

-

2

-

2

-

2

Күштік тарнсформатор, 1000 кВА

қалыпты

3

-

2

-

2

-

2

-

2

-

2

3

Майлы, аз ауыспалы жоғары кернеулі ажыратқыш

қалыпты

3

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

4

Майлы, аз ауыспалы жоғары кернеулі  ажыратқыш, СК камераларында

қалыпты

3

3

2

2

4

3

4

2

2

2

4

5

Енгізулік шкафтар, 0,4 кВ

қалыпты

3

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

6

Енгізулік шкафтар, 0,4 кВ, сызықтық

қалыпты

3

4

6

4

8

6

8

4

6

4

6

Тарату желілері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Шинасымдар, 0,4 кВ, км

қалыпты

2

0,2

0,3

0,3

0,2

0,3

0,4

0,5

0,4

0,4

0,4

2

Күштік және жарықтандырғыш желілер, км

қалыпты

2

2

1,5

1

2,5

2

2,5

1,5

1,5

2

2,2

3

Жердегі кабельдік желілер, км

қалыпты

2

1,5

1

0,6

0,8

1

1,2

1,4

1,6

1,8

1,6

4

Кабельдік желілер, қабырға бойынша, км

қалыпты

2

0,5

0,8

1

1,3

1,4

1,6

1,8

2

2,2

1,8

 Цехтың электр жабдықтары

ластанған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Асинхронды электр қозғалтқыш, 11 кВт

қалыпты

2

50

100

60

120

50

100

70

120

50

110

2

Асинхронды электр қозғалтқыш, 26 кВт

ластанған

1

10

15

12

18

12

16

10

14

10

20

3

Тарату щиттері

қалыпты

2

20

30

25

40

20

30

18

32

16

30

4

Тарату щиттері

ластанған

1

5

10

6

12

7

14

6

10

5

12

5

Басқару аппараттары

қалыпты

2

50

100

60

120

50

100

70

120

60

110

6

Басқару аппараттары

ластанған

1

10

15

12

18

12

16

10

14

10

20

7

Электрлік шамдар, шоқтану шамы

ластанған

1

50

70

60

80

50

80

70

100

60

80

8

Электрлік шамдар, люминиценттік шам

қалыпты

2

100

120

80

140

100

150

80

130

70

120

       1 Кесте  Электрлік жабдықтардың нұсқалары


 

2 Кесте Электрлік жабдықтардың жөндеу қиындығы мен жөнделу аралықтары

Жабдықтың атауы

Жөндеу қиындығы Рқ, жөнд. бірлігі

Жөндеу арасындағы аралықтарының ұзақтығы

ағымдық, ай

 Тца

күрделі, жыл Тцк

Күштік тарнсформатор, 630 кВА

10

36

12

2  Күштік тарнсформатор, 1000 кВА

12

36

12

3  Майлы, аз ауыспалы жоғары кернеулі ажыратқыш

3

12

3

4  Майлы, аз ауыспалы жоғары кернеулі  ажыратқыш, СК камераларында

8

12

3

5  Енгізулік шкафтар, 0,4 кВ

17,60

12

10

6  Енгізулік шкафтар, 0,4 кВ, сызықтық

15

12

15

7  Шиносымдар, 0,4 кВ, км

12

12

15

8  Күштік және жарықтандырғыш   желілер, км

25

12

14

9  Жердегі кабельдік желілер, км

4

12

20

10 Кабельдік желілер, қабырға бойынша, км

10

12

20

11 Асинхронды электр қозғалтқыш, 11 кВт

6

12

12

12 Асинхронды электр қозғалтқыш, 26 кВт

3

8

6

13 Тарату щиттері

2

12

10

14 Тарату щиттері

2

6

10

15 Басқару аппараттары

0,5

12

9

16 Басқару аппараттары

0,5

5

9

17 Электрлік шамдар, шоқтану шамы

0,05

6

-

18 Электрлік шамдар, люминисценттік шам

0,15

4

-

  

3 Кесте  Жабдықтардың жылдық жөндеу саны

Жабдықтың атауы

Жөндеу саны

nа

пк

 1.3      Электрлік жабдықтардың жөнделуінің еңбек сыйымдылығын анықтау

         Электр жабдықтардың жылдық жөнделу уақыты келесі кейіптемемен анықталады

                                        Тж=∑(1,2паi+15 nki)Pқi, сағ.                             (3) 

Мұндағы 1,2 - ағымдық жөндеу кезіндегі бір жөндеу бірлігіне кететін сағаттық уақыт нормасы;

15 - күрделі жөндеу кезіндегі бір жөндеу бірлігіне кететін сағаттық уақыт нормасы;

п- жабдықтар түрлерінің саны;

Рқ- жабдық бірлігін жөндеудің қиындығы (жабдықтың әрбір  жөндеу бірлігіндегі түрі арнайы 2-кестеде көрсетілген). Электрлік жабдықтардың жылдық жөндеу уақытын есептеу нәтижелері 4-кестеге толтырылады.

 4 Кесте Электр жабдықтың жылдық жөндеу уақыты

Жабдықтың атауы

Жөндеудің жылдық уақыты, сағ

ағымдық

күрделі

барлығы

 2       Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі

2.1 Компьютерде жазбаша орындалған есептеулерді тексеру. Бұл үшін 1 және 2-кестелерден берілген мәліметтер енгізіліп (1.1-1.3 баптарда кетірілген бойынша) жылдық жөндеу саны мен электрлік жабдықтардың жылдық жөнделу уақыты есептелінеді.

2.2 Есептеулердің нәтижелерін талдау үшін алынған есептеулер келесі түрде өзгеруі керек:

а) электрлік цехтың 2 ауысымдық жұмыс формасына ауысуы;

ә) ағымдық жөндеу кезіндегі бір жөндеу бірлігіне кететін сағаттық уақыт нормасы келесі мәндерге өзгереді: 1,5; 1,1; 0,9;

         б) күрделі жөндеу кезіндегі бір жөндеу бірлігіне кететін сағаттық уақыт нормасы келесі мәндерге өзгереді: 14; 12; 10. 

3       Алынған нәтижелерді талдау

Алынған нәтижелерді талдау кезінде 2.2 бапқа сәйкес өзгерісті енгізгенде электр жабдықтардың жылдық жөнделу уақытының өзгерісін анықтау керек. Жабдықтардың жылдық жөнделу уақытының уақыт нормасына тәуелді болатын графигін тұрғызыңыз.

Зертханалық жұмысты қорғауға дайындалған кезде келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

а) жоспарлы-сақтық жөндеуді (ЖСЖ) ұйымдастыру формалары және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

б)  электр жабдықтың тозу шамасын анықтайтын факторлар;

          в)  ЖСЖ -дің негізгі міндеті мен жөндеу түрлері;

          г)  ЖСЖ -ді ұйымдастыру негіздері;

          д)  ЖСЖ -ді ұйымдастырудың нормативті базасына не кіреді;

          е)  жөндеу қиындығының категориясы, оның мәні.

 

№2 зертханалық жұмыс

 

         Электрлік цехтың жұмысшылар санын анықтау 

Жұмыстың мақсаты: электрлік жабдықтың жөнделу қиындығына байланысты электротехникалық жұмысшылар санын анықтау. 

 

1  Тапсырма

1.1  Эксплуатациялық және жөндеу жұмысшыларының нақты санын анықтау.

1.2  Эксплуатациялық және жөндеу жұмысшыларының тізімдік санын анықтау.

2   Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

3  Алынған нәтижелерді талдау

 

1.1 Эксплуатациялық және жөндеу жұмысшыларының нақты санын анықтау

Жұмысшылар 2 топқа бөлінеді: эксплуатациялық және жөндеу. Сонымен қатар, жұмысшылардың құрамы нақты және тізім бойынша да бөлінеді.

Тізімдік құрамға электрлік шаруашылыққа қызмет көрсету үшін  кәсіпорынның штатына қажетті жұмысшылар саны кіреді.     

          Нақты құрам деп берілген жұмыс режимінде барлық жұмыстарды атқару үшін қажетті жұмысшылар санын айтады.

          Электротехникалық жұмысшылар саны электрлік жабдықтың жөндеу қиындығына (жөндеу бірлігінің санына) байланысты анықталады.

          Эксплуатациялық жұмысшылардың нақты саны келесі кейіптеме бойынша анықталады

 

                                              Rэн=∑(m*N*Pқ)/Рэ , адам.                                 (1)

 

          Мұндағы   п- жабдықтар түрлерінің саны;

m- бір типті жабдық жұмысының ауысым саны;

N- бір типті жабдықтың бірлік саны;

Pқ- жабдық бірлігінің жөндеу қиындығы;

Рэ- бір эксплуатациялық жұмысшыға келетін жөндеудің бірлік саны (қалыпты орталық цехтар үшін 900-ге тең деп алынады, ал ластанған орта үшін 650-ге тең деп алынады).

          Жабдықтың түрін, оның жұмыс істеу ауысым санын, бөлімінің ортасын, бір типті жабдықтар санын және оның жөндеу қиындығын №1 зертханалық жұмыстағы 1 және 2-кестелерден алады.

           

Жұмысшылардың нақты келу саны келесі кейіптеме бойынша есептеледі

 

                                          Rжн=Tж/(tаунн), адам.                                  (2)

 

Мұндағы  Tж- ағымдық және күрделі жөндеудің еңбек сыйымдылығы (№1 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері бойынша алынады);

tау- жұмыс уақытының номиналды ұзақтығы (аптада бес күндік жұмыс кезінде 8,2 сағ. Тең);

Кн- нормаларды орындаудың жоспарлық еселеуіші (1,1-ге тең деп алуға болады);

Мн- жоспарланып отырған мерзімдегі номиналды күндер саны және ол  келесідей анықталады

 

                                                     Мн=Ж-Д-М, күн.                                     (3)

 

          Мұндағы   Ж- жылдағы күндер саны;

Д- демалыс күндердің саны (аптадағы бес күндік жұмыс кезінде 104 күнге тең деп алуға болады);

Ж және М мәндері жылдың нақты нормалары бойынша алынады (демалыс күндерімен сәйкес келген мейрам күндері есепке алынбайды).

 

1.2       Эксплуатациялық және жөндеу жұмысшыларының тізім бойынша санын анықтау

          Жұмысшылардың тізімдік құрамы келесі кейіптемелер арқылы анықталады

 

                                   Rэт=Rэнп,            Rжт=Rжнп.                                (4)

 

          Мұндағы   Rэн, Rжн –  эксплуатациялық және жөндеу жұмысшыларының нақты саны 1 және 2 кейіптемелер бойынша есептелген;

Кп жұмыс уақытының пайдалану еселеуіші, жұмыс уақытының күтілген балансын талдау негізінде анықталған.

         Жұмыс уақытының балансын құрастыру әдістемесі 1-кестеде көрсетілген.

  

1 Кесте  Жұмыс уақытының балансы

    Көрсеткіштер атауы

сағат

1           Жұмыс уақытының номиналды қоры Фн=М’н*8,2+Мқ*7,2 (мұндағы М’н- қалыпты жұмыс күндерінің саны (қысқартылған күндерді қоспағанда);

М’қ- қысқартылған жұмыс күндерінің саны)

 

2           Пайдаланылмаған уақыт

а) негізгі және қосымша демалыстар (20*7)

ә) босануға байланысты демалыстар (0,005*Фн)

б) ауруға байланысты демалыстар (0,03*Фн)

в) мемлекеттік міндеттерді орындау (0,005*Фн)

Барлығы пайдаланылмаған уақыт, Тп (а,ә,б,в қосындысы)

 

3           Бір жұмысшының нақты уақыты (Тннп)

 

   4    Ауысым ішіндегі шығындар (Тш=0,015*Фн)

 

   5    Жұмыс уақытының таза пайдалынатын қоры (Ттпнш)

 

   6   Жұмыс уақытының пайдалану еселеуіші (Кптп н)

 

 2 Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

Жазбаша есептеуді компьютерде тексеру. Ол үшін берілген мәліметтер енгізіліп (1, 2-кесте, №1 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері) және 1.1-1.2 баптарда келтірілген алгоритм бойынша эксплуатациялық және жөндеу жұмысшыларының саны анықталады.

Есептеудің нәтижелерін талдау үшін алынған мәліметтер №1 зертханалық жұмыстың 2.2 бабына сәйкес өзгертіледі.

 3 Алынған нәтижелерді талдау

          Алынған нәтижелерді талдау кезінде №1 зертханалық жұмыстың 2.2 бабына сәйкес ағымдық және күрделі жөндеулердің еңбек сыйымдылығы өзгергендегі эксплуатациялық және жөндеу жұмысшыларының нақты санының қалай өзгеретінін түсіндір.

           Зертханалық жұмысты қорғау үшін келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

а)     күнтізбелік, номиналды және жоспарлы жұмыс уақытының қорлары қалай анықталады?

б)    жұмыс күні мен уақыт нормасының құрылымы;

в)     уақыттың техникалық нормаларын орнату әдістері;

г)     энергетикалық шаруашылықтың персоналының классификациясы.

         

          №3 зертханалық жұмыс 

Электрлік цехтың кезекші мен жөндеу персоналдарының еңбекақысын жоспарлау  

Жұмыстың мақсаты: эксплуатациялық және жөндеу персоналының орташа еңбекақысы мен еңбекақы қорын табу, алынған нәтижелерді талдау.

 

1             Тапсырма

1.1       Жұмысшылардың еңбекақы қорларын анықтау

1.2   Бір жұмысшының орта сағаттық, орта апталық, орта жылдық еңбекақысын анықтау.

2        Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

3        Алынған нәтижелерді талдау

 

          Еңбекақыны жоспарлаудың мәні оның қорларын жұмысшылар категорияларына және орта мәні бойынша анықтау болып табылады.

          Еңбекақы қорларының түрлері келесідей болып бөлінеді: тарифтік, сағаттық, күндізгі және жылдық (айлық). Бұл қорлар сондай-ақ, сол белгіленген бір мерзімдерге құрастырылады (ай, квартал, жыл).

          Бірақ әр қор құрамына еңбекақының әртүрлі элементтері кіреді. Сондықтан олар өзара тең емес.

          Еңбекақының негізін сағаттық қорға кіретін төлемдер құрайды, ал басқа төлемдер мен компенсациялар қосымша еңбекақыны құрайды.

 

1.1           Жұмысшылардың еңбекақы қорларын анықтау

          Тарифтік қорларды есептеудің негізі ретінде жасанды төлеммен істейтіндер үшін нормаланған жұмыс уақытының тек қажетті бөлігі (жұмыстың еңбек сыйымдылығы) мен олардың сағаттық тарифтік жүктемелері алынады, ал уақыттық  төлеммен істейтіндер үшін бір жұмысшының нақты уақыты, олардың нақты саны және сағаттық тарифтік ставкалары алынады

 

                                               ФжатортжТж, теңге.                                         (1)

 

          Мұндағы Фжат -  жасанды төлеммен істейтіндердің (жөндеу персоналдарының)  бір жылдағы еңбекақыларының тарифтік қоры;

Сортж – жасанды төлеммен істейтіндердің сағаттық тарифтік жүктемесі (электрлік цех үшін орташа есеппен - 4-разряд тарифтік жүктемесі 300 теңге/сағ);

Тж – жоспарланған жұмыстың еңбек сыйымдылығы (№1 жұмыстан алынады).             

 

                                                    ФутортуТнRнэ, теңге.                                (2)

 

          Мұндағы  Фут -  уақыттық төлеммен істейтіндердің (эксплуатациялық персоналдардың)  бір жылдағы еңбекақыларының тарифтік қоры;

Сорту – уақыттық төлеммен істейтіндердің сағаттық тарифтік жүктемесі (электрлік цех үшін орташа есеппен 250 теңге/сағ деп алуға болады);

Тн , Rнэ – сәйкесінше бір жұмысшының нақты уақыты және сол эксплуатациялық персоналдардың нақты саны (№2 жұмыстан алынады).    

          Еңбекақының сағаттық қоры дегеніміз - тарифтік қор мен қосымша төлемдерді білдіреді, олар: сыйақы жүйесі бойынша төленуі, жіберілмей ұсталған бригадирдің бригаданы жетекшілік еткені үшін үстеме төлемдері, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, басқа мамандықты уақытша алмастырғаны үшін, мереке күндері жұмыс істегені үшін, оқушыларды оқытқаны үшін төленетін төлемдер.

          Еңбекақының күндік қоры дегеніміз - сағаттық қор мен қосымша төлемдерді білдіреді, олар: жасөспірімдерге қысқа күн үшін төленетін төлемдер, балаларын емізетін аналар үшін жұмыстағы үзілісті төлеу.

          Еңбекақының айлық қорына кәсіпорынның барлық жұмысшыларына төленетін еңбекақының барлық түрлері кіреді. Оған толығымен  еңбекақының сағаттық қоры және қосымша төлемдер кіреді, олар: кезекті және қосымша демалыстарды төлеу, мемлекеттік міндеттерді орындау, оқуға босатылған күндер, демалыстық жәрдем ақылар, сіңірген еңбегі үшін қосымша төлемдер.

          Жұмыскерге байланыссыз тоқтап қалған жұмыстар үшін кеткен уақыттар жоспарланған еңбекақы қорына кіргізілмейді, бірақ кәсiпорын есебiнде көрсетіледі.

 

          1.2 Бір жұмысшының орта сағаттық, орта апталық, орта жылдық еңбекақысын анықтау

          Бір жұмысшының орта еңбекақысын табу үшін (орта сағаттық, орта күндік, орта жылдық) олардың тізімдік құрамы №2 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелерінен алынады.

           Электрлік цех жұмысшыларының еңбекақысының қоры мен оның орта мәнін анықтау әдістемесі 1-кестеде келтірілген.

  

1 Кесте Электрлік цех жұмысшыларының еңбекақы қоры мен оның орташа мәнін есептеу

Еңбекақы қорының элементтері

Еңбекақы

эксплуат.

жұмысшылар

жөндеу жұмысшылары

барлығы

1 Еңбекақының жыл бойы тарифтік қоры, Фт

 

 

 

2 Тарифтік қорға дейін қосымша төлем:

а) сыйақы (0,16*Фт)

ә) мереке күндері жұмыс істегені үшін (0,001*Фт)

б) түнгі уақытта жұмыс істегені үшін (0,04*Фт)

 

 

 

3  Еңбекақының сағаттық қоры Фсағ=(б.1+б.2)

 

 

 

4  Бір жұмысшының орта сағаттық еңбекақысы

 

 

 

5  Аналар мен жасөспірімдерге жәрдемдік сағаттар үшін төлем, (0,005*Фсағ)

 

 

 

6  Еңбекақының күндік қоры, Фкүн(б.3+б.5)

 

 

 

7  Бір жұмысшының орта күндік еңбекақысы

 

 

 

8 Айлық (жылдық) қорына дейін төлем:

а) кезекті демалысқа төлем (0,078Фкүн)

б) мемлекеттік міндеттерді орындау (0,005*Фкүн)

в) іссапарлар үшін (0,01Фкүн)

г) сіңірген еңбегі үшін (0,005Фкүн)

 

 

 

9  Айлық (жылдық) еңбекақы қоры, Фжыл(б.6+б.8)

 

 

 

10  Бір жұмысшының орта айлық (орта жылдық) еңбекақысы

 

 

 

  

2       Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі келесідей:

2.1            Қолмен есептеулерді компьютерде тексеру. Ол үшін келесі мәндер енгізіледі: жасанды  және уақыттық төлеммен істейтіндердің орташа сағаттық жүктемесі; жоспарланған жұмыстардың еңбек сыйымдылығы (№1 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері бойынша қабылданады); бір жұмысшының нақты уақыты және эксплуатациялық персоналының нақты саны (№2 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері бойынша қабылданады). Жасанды  төлеммен істейтіндердің, уақыттық төлеммен істейтіндердің еңбекақыларының тарифтік қорын және бір жұмысшының еңбекақысын есептеу (1.1-1.2 баптардағы) алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады (1-кесте).

2.2            Есептеулердің нәтижелерін талдау үшін алынған есептеулер келесі түрде өзгеруі керек:

а) сағаттық тарифтік жүктеме 12%; 20%; 25% үлкейді;

б) сағаттық тарифтік жүктеме 4%; 10%; 14% кішірейді;

в) демалыстың уақытының 7%; 10%; 15%; үлкеюі нәтижесінде бір жұмысшының нақты уақыты қысқарды.

           

3  Алынған нәтижелерді талдау

          Алынған нәтижелерді талдау кезінде 2.2 бабына сәйкес енгізілген өзгерістер нәтижесінде жөндеу және эксплуатациялық персоналдардың орта еңбекақысының қалай өзгеретінін түсіндір. Эксплуатациялық және жөндеу персоналының орта еңбекақысының сағаттық тариф жүктемесіне тәуелділік графигін салыңыз.

 

Зертханалық жұмысты қорғау үшін келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

а)     еңбекақыны жоспарлау дегеніміз не?

б)    еңбекке төлемнің қандай түрлері негізгі еңбекақы қорын құрайды, ал қандайлары қосымша еңбекақы қорларын құрайды?

в)     сағаттық, негізгі, айлық (жылдық) еңбекақы қорларының құрылымы.

  

          №4 зертханалық жұмыс

 

          Жұмыс бригадасы мүшелерінің еңбекақысын анықтау

 

          Жұмыстың мақсаты: бригаданың әрбір мүшесінің профессионалдық шеберлігі үшін үстеме төлемдерді  және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып еңбекақысын табу, алынған нәтижелерді талдау.

 

1 Тапсырма

1.1   Бригаданың әр мүшесінің тарифтік еңбекақысы мен барлық бригаданың тарифтік еңбекақысын анықтау.

1.2   Бригаданың нақты жасаған жұмысқа алатын еңбекақысы және бригаданың әр мүшесі үшін анықтау.

1.3   Бригаданың әрбір мүшесінің профессионалдық шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдерді  және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып еңбекақысын табу.

2        Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

3        Алынған нәтижелерді талдау

 

1.1       Бригаданың әр мүшесінің тарифтік еңбекақысы мен барлық бригаданың тарифтік еңбекақысын анықтау

          Жасанды төлеммен жұмыс істейтін жұмыскерлердің сағаттық тарифтік жүктемесі 1-кестеде берілді.

         

1 Кесте  Мұнай-химиялық, химиялық және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі жасанды төлеммен жұмыс істейтін жұмысшылар үшін сағаттық тарифтік жүктеме                                                                                           теңге/сағ

Еңбек шарты

разрядтар

1

2

3

4

5

6

Қалыпты

250

272

300

330

363

400

Ауыр

275

300

330

360

405

455

Аса ауыр және аса зиянды

310

335

365

420

460

520

         

          1.2 Бригаданың нақты жасаған жұмысқа алатын еңбекақысы және бригаданың әр мүшесі үшін анықтау

 Еңбекақыны есептеуге қажетті берілген мәліметтер 2-кестеден алынады.  


2 Кесте  Еңбекақыны есептеуге қажетті берілген мәліметтер

Көрсеткіштер атауы

нұсқалар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1 Оқшаулағыш материалдың бригадамен өндірілуі, м2

85.8

85.8

96

93.6

85.8

93.6

85.8

85.8

120

85.8

2  Жасанды бекітілген баға, теңге/м2

950

950

950

950

950

950

950

950

950

950

3  Жұмыс шарты

аса ауыр

аса ауыр

аса ауыр

ауыр

ауыр

ауыр

ауыр

ауыр

аса ауыр

аса ауыр

4  Разрядтар бойынша жұмысшылар саны:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

-

-

1

1

-

-

-

-

-

-

2

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

3

1

1

2

1

1

1

1

1

1

1

4

-

-

-

1

-

-

2

-

2

-

5

3

3

1

1

3

3

1

3

1

3

6

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

5  Әр жұмысшының нақты жұмыс уақыты:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

-

-

161

161

-

-

-

-

-

-

2

161

161

160

161

161

161

161

161

148

161

3

148

148

160

148

148

160

148

160

160

148

4

-

-

-

148

-

-

148

-

160

-

5

161

161

148

161

161

161

161

160

160

161

6

168

168

148

168

168

161

168

161

161

168

6  Электр энергиясының үнемделуі, кВт

7000

7000

10000

10000

7000

7000

8000

7000

8000

7000

7  Электр энергиясының тарифі, теңге/кВтсағ

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

          


Бригадалық жасанды еңбекақы төлеу кезінде бригаданың әр мүшесі үшін нақты жасаған жұмысқа алатын еңбекақысын анықтау үшін жасанды коэффициент анықталады

 

                                                    Кжнбртбр.                                           (1)

 

          Мұндағы Енбр -  өндірілген өнім мен жасанды бекітілген бағамен анықталатын бригаданың нақты істеген еңбекақысы;

          Етбр – берілген жұмысшының нақты істелген уақытқа және мамандығына (разрядына) байланысты анықталатын бригаданың барлық мүшелерінің тарифтік еңбекақысының қосындысы, яғни бригаданың тарифтік еңбекақысы және ол төмендегідей есептеледі 

                                              Енбр=V*P, теңге,                                            (2) 

                                              Етбр=Σi*Si), теңге.                                      (3)         

          Мұндағы  V -  бригаданың өндірген өнімі, м2;

Р - өндіруге бекітілген баға, теңге/м2;

Тi - i- жұмысшымен нақты істелген уақыт; 

Si- i- жұмысшының сағаттық тарифтік жүктемесі. 

          1.3 Бригаданың әрбір мүшесінің профессионалдық шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдерді  және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып еңбекақысын табу

          Профессионалдық шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдер 3, 4, 5, 6  разрядтарға сәйкес тарифтік жүктемеден 12, 16, 20, 24 % мөлшерінде бекітіледі. Электр энергиясын үнемдегені үшін бригадаға берілетін сыйақыларды есептеу үшін үнемделген электр энергиясы құнының 80%  деп алынады және оны жұмысшының нақты істеген уақытына пропорционалды және мамандығына байланысты бригадалар мүшелерінің арасында бөліп тарату арқылы жүзеге асады 

                       Енi=Ti*Si*Kж+αi*Si+∆Э*0,8*Б*Ксый, теңге.                      (4) 

          Мұндағы Kж -  1-кейіптеме бойынша анықталатын бригаданың нақты істеген еңбегіне алатын еңбекақысын бөліп тарату коэффициенті;

α – профессионалдық шеберлігі үшін бекітілетін үстеме төлем коэффициенті (0.12, 0.16, 0.20, 0.24);

∆Э – үнемделген электр энергиясының мөлшері, кВтсағ; 

Б – орташаланған электр энергиясының тарифі, теңге/кВтсағ;

Ксый – электр энергиясын үнемдегені үшін бекітілетін сыйақыны бөліп тарату коэффициенті.

          Сыйақыны бөліп тарату коэффициенті төмендегідей анықталады 

                               Ксый=(∆Э*0,8*Б)/Енбр.                                                  (5)         

2  Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

          Зертханалық жұмыс келесі кезекпен орындалады:

2.1 Жазбаша есептеуді компьютерде тексеру. Ол үшін берілген мәліметтер енгізіліп (1,2-кесте) және 1.1-1.3 баптарда келтірілген алгоритм бойынша бригаданың әрбір мүшесінің профессионалдық шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдерді  және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып еңбекақысын анықтау.

          2.2 Есептеулердің нәтижелерін талдау үшін алынған есептеулер келесі түрде өзгеруі керек:

а) бригадамен өндірілген оқшаулағыш материалдың өндіріс көлемі 15%; 20%; 30% артқан кезде;

б) бригадамен өндірілген оқшаулағыш материалдың өндіріс көлемі 10%; 15%; 20%; 30% кеміген кезде;

в) екінші разрядты жұмысшының қысқаруы;

г) төртінші разрядты жұмысшының қысқаруы. 

3  Алынған нәтижелерді талдау

          Алынған нәтижелерді талдау кезінде 2.2 бабына сәйкес өзгерістерді енгізгеннен кейін бригаданың әр мүшесінің еңбекақысының қалай өзгеретінін түсіндір.  

          Зертханалық жұмысты қорғау үшін келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

а)     өндірістік кәсіпорындарындағы еңбектің төлену жүйесінің қысқаша сипаттамасы;

б)    еңбекақы ұйымдастыру  формалары мен жүйелері;

в)     сыйақы көздері.

 №5 зертханалық жұмыс 

Жабдықты реконструкциялаудың экономикалық тиімділігін анықтау 

          Жұмыстың мақсаты: жабдықтарды реконструкциялаудың экономикалық тиімділігін анықтау. Алынған нәтижелерді талдау. 

1       Тапсырма

1.1 Цехтағы автоматты роторлы линияның салыстырмалы экономикалық тиімділігін анықтау.

1.2 Цехтағы автоматты роторлы линияға капиталдық салымдарды өтеудің мерзімін анықтау.

1.3 Реконструкцияға дейін және кейінгі кезі үшін шығынсыздық нүктесінің графиктерін тұрғызу.

1    Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

2    Алынған нәтижелерді талдау

 

1.1      Цехтағы автоматты роторлы линияның салыстырмалы экономикалық тиімділігін анықтау

          Тапсырманы орындау үшін эксплуатациялық шығындарды анықтау керек, олар келесілерден тұрады:

а) амортизациялық аударылымдар;

          б) жабдықтардың эксплуатациясы мен ағымдық жөндеуге кететін шығындар;

          в) шикізат құны (өндірістің сәйкесті көлемінде);

          г) жұмысшылардың негізгі еңбекақысы;

          д) жұмысшылардың қосымша еңбекақысы;

          е) негізгі және қосымша еңбекақысына әлеуметтік сақтандыру аударылымдары;

          ж) жұмсалған электр энергиясының құны;

          з) үстеме шығындар.

          Жабдықтардың эксплуатациясы мен ағымдық жөндеуге кеткен шығындарды жабдықтар құнынан 10%-ға тең деп алу керек: автоматты линияны енгізуге дейінгі жабдық бірлігінің саны - 6 дана; енгізуден кейін-1 дана.

          Жабдықтың жылдық уақыт қоры -5000сағ/жыл; үстеме шығындар -100% жұмысшыларға негізгі еңбекақы қорының мөлшеріне тең; жұмыс күнінің ұзақтығы -8 сағат.

          Энергетикалық шаруашылықтағы ұйымдастырмалық-техникалық іс-әрекеттердің жоспары  кәсіпорынның техникалық жоспарының негізгі бөлімі болып табылады. Ұйымдастырмалық-техникалық іс-әрекеттердің жоспарын жасау цехтардан басталады.

Жоспарға кіретін іс-әрекеттер өзінің техникалық-экономикалық негізделуін қажет етеді, яғни оларға капитал салымдарының экономикалық тиімділігін анықтауды қажет етеді.

 


Техникалық-экономикалық мәліметтер

Нұсқалар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1 Дайын өнімді шығару, т/жыл

2600/

3350

3000/

3500

2800/

3350

2500/

3500

2700/

3400

2700/

3300

2500/

3400

3000/

4000

2500/

3500

2800/

3500

2000/

3000

2800/

3350

2800/

3400

2 Аминопласт құны, теңге

840

800

840

800

850

830

840

800

800

900

900

840

800

3 Өнімнің 1 тоннасына келетін шығымдық еселеуіш

1.12/

1.1

1.2/1.2

1.12/

1.1

1.2/1.1

1.15/

1.2

1.12/

1.1

1.15/

1.1

1.2/1.1

1.2/1.1

1.2/1.1

1.2/1.1

1.2/1.1

1.15/

1.1

4 Жабдық құны, млн.теңге

26/32

20/23

26/31

30/41

30/37

27/33

27/36

28/36

27/37

28/34

30/43

27/31

27/

32

5 Амортизация нормасы, %

8.9

8

8.9

9

8

9

8.5

8

9

8

9

8.9

9

6 Жабдық бірлігін қыздыру қуаты, кВт

2.2/8

3/10

2.2/8

2/10

4/12

2.5/9

2.3/8

2/10

4/12

2/10

3/12

2.2/4

3/12

7 Уақыт ішінде жабдықты пайдалану еселеуіші

0.75/

0.85

0.8/

0.9

0.75/

0.85

0.7/

0.85

0.7/

0.9

0.75/

0.85

0.75/

0.87

0.7/

0.85

0.7/

0.85

0.71/

0.82

0.75/

0.85

0.7/

0.9

0.8/

0.9

8 Жұмысшылар саны, адам

9/6

10/6

9/6

9/5

10/5

9/6

10/4

9/5

9/6

9/4

9/5

9/6

9/4

9 Тарифтік жүктеме, теңге/сағ

161

161

168

168

161

168

178

161

168

178

161

168

178

10 Бір жұмысшының эффективті уақыт қоры, күн

230

220

230

230

230

240

230

220

230

230

240

220

230

                    1 Кесте Алғашқы мәндер


          Іс-әрекеттер мен ұсыныстарды жүзеге асырғаннан кейін болатын экономикалық тиімділікті анықтау  жобаланған нұсқаның негізгі мәндерімен алғашқы немесе бірнеше жобалар нұсқалар мен салыстыру нәтижесіне негізделген. Экономикалық тиімділікті анықтау үшін келесі көрсеткіштер есептелінеді:

          Капиталды салымдардың толық (абсолютті) экономикалық тиімділігі Этол кәсіпорын үшін  келесі кейіптеме бойынша (салыстырмалы түрде) анықталады

 

                                                         Этол=(Ө-S)/К.                                          (1) 

          Мұндағы Ө- жоба бойынша көтерме сауда кәсіпорындарының  жылдық өндірген өнімінің құны, мың  теңге;

S- жылдық өндірген өнімінің өзіндік құны, мың  теңге;  

К- өнімнің нақты түрін шығаруға кеткен капиталды шығындар, мың теңге.         

                                                      Этол=(S1-S2)/ΔК.                                      (2) 

Мұндағы S1 және S2 - шараларды орындауға дейінгі  және кейінгі жылдық құны, теңге;

          ΔК – өнімнің нақты түрін шығарумен байланысты қосымша салымдар, теңге.

 

1.2             Цехтағы автоматты роторлы линияға капиталды салымдарды өтеудің мерзімін анықтау

          Өзін-өзі өтеу уақытын келесі кейіптемелер арқылы табамыз

                  

                                                      Ттол=К/(Ө-S), ай,                                       (3) 

                                                    ТтолК/(S1-S2), ай.                                    (4) 

 1.3     Реконструкцияға дейін және кейінгі кезі үшін шығынсыздық нүктесінің графиктерін тұрғызу

          Жабдықты реконструкциялау уақыты бір жылдан кем болған кезде нұсқаулардың экономикалық тиімділігін анықтау үшін шығынсыздық нүктесін анықтау әдісін қолданамыз. Ол үшін реконструкцияға дейінгі және кейінгі тұрақты және айнымалы шығындар нұсқалар бойынша  анықталады 

                          Штұр=Ша+0,05*К+0,1*Шеанег+0,3*Шүстеме, теңге,                 (5) 

          Шайншик+0,5*К+0,9*Шеанегеақосәлэл.эн.+0,7*Шүстеме,теңге.  (6) 

          Реконструкцияға дейін және кейінгі жалпы пайда келесідей анықталады

 

                                               П1=S1+S1*0,25, теңге,                                        (7) 

                                               П2=S2+S2*0,25, теңге.                                        (8) 

         Мұндағы  П1 және П2 - реконструкцияға дейін және кейінгі  жалпы пайда, теңге;

          S1 және S2 - әрекеттерді орындауға дейінгі  және кейінгі жылдық өзіндік құн, теңге. 

2  Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

          2.1 Жазбаша есептеуді компьютерде тексеру. Ол үшін берілген мәліметтер енгізіліп (№1-кестеден) және 1.1-1.2 баптарда келтірілген алгоритм бойынша цехтағы автоматты роторлы линияның салыстырмалы экономикалық тиімділігі және капиталды салымдардың өтелу мерзімдері анықталады.

          2.2  Есептеулердің нәтижесінде алынған мәліметтер келесідей өзгереді:

а) реконструкциядан кейін дайын өнімнің шығаруын: 10%; 15%; 20%; 25% жоғарлату;

б) жабдықтарды қолдану еселеуіші уақыт бойынша реконструкциядан кейін: 9%; 10%; 15%; 20% үлкейеді;

в) жабдықтарды қолдану еселеуіші уақыт бойынша реконструкцияға дейін: 9%; 10%; 15% үлкейеді. 

3 Алынған нәтижелерді талдау

          Алынған нәтижелерді талдау кезінде 2.2 бабына сәйкес өзгерістерді енгізгеннен кейін реконструкцияның экономикалық тиімділігінің қалай өзгеретінін түсіндір.

          Зертханалық жұмысты қорғау үшін келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

а)     капиталды салымдардың абсолютті эффективтілігі (тиімділігі) қай жағдайларда анықталады, қай жағдайда  салыстырмалы?

б)    әртүрлі нұсқаларды салыстыру үшін қандай шарттарды орындау қажет?

в)     шығынсыздық нүктесі қалай тұрғызылады?

 

Әдебиеттер тізімі 

1.     Дукенбаев К. Энергетика Казахстана и пути ее интеграции в мировую экономику.- Алматы: Ғылым, 1996.-532 с.

2.     Падалко Л.П., Пекелис Г.Б. Сборник задач по экономике энергетики. – Минск: Высшая школа, 1979.-190 с.

3.     Качан А.Д., Яковлев Б.В. Справочное пособие по технико-экономическим основам ТЭС.-Минск: Высшая школа, 1982.-318 с.

4.     Прузнер С.Л., Златопольский А.Н., Журавлев В.Г. Организация, планирование и управление энергетическим предприятием.-М.: 1981.-340 с.

5.     Нормативы численности работников предприятия энергоснабжения. – М.: Минэнерго, 1997.

6.     Организация оплаты труда работников предприятия в условиях либерализации цен и приватизации. – М.: НИИ труда, 1994. – 208 с.

7.     Самсонов В.С., Вяткин М.А. Экономика предприятий энергетического комплекса. - М.: Высшая школа, 2003.-416 с.

8.     Гительман Л.Д., Ратников Б.Е. Эффективная энергокомпания: Экономика. Менеджмент. Реформирование. –М.: ЗАО «Олимп-Бизнес», 2002. -544 с.

9.     Түзелбаев Б.И. Сала экономикасы: Оқу құралы, АЭжБИ: Алматы, 2007. 

10. Экономика и управление в энергетике: Учеб. Пособие под ред. Н.Н. Кожевникова.- М.: Изд. Центр «Академия». 2003г.-346 с

11. Дукенбаев К., Нурекен Е. Энергетика Казахстана. Технический аспект. Алматы, 2001, 312 с.