Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару кафедрасы

 

 

  

САЛАДАҒЫ ЭКОНОМИКА

050717 «Жылу энергетикасы» және 050702 − «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 

Алматы  2009 ж.

ҚҰРАСТЫРУШЫ: С.Г.Парамонов, Б.И.Түзелбаев, Г.А.Таранова. 050717 «Жылу энергетикасы» және 050702 − «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Алматы: АЭжБИ, 2009. — 32 б. 

Әдістемелік нұсқау «Саладағы экономика» пәні бойынша сегіз зертханалық жұмысты орындаудың жалпы ережелерінен тұрады.   Әдістемелік нұсқаулар 050717 «Жылу энергетикасы» және 050702 − «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша барлық оқу түрінің студенттеріне арналған.  

 

 

Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................................

3

Зертханалық жұмыстардың орындалу тәртібі............................................

3

№1 зертханалық жұмыс. Электрлік цехтың жөндеу жұмыстары бағдарламасының құрылымы мен көлемін анықтау…..............................

5

№2 зертханалық жұмыс. Электрлік цехтың жұмысшылар санын анықтау  …………………………………...................…..………………....

8

№3 зертханалық жұмыс. Электрлік цехтың кезекші мен жөндеу персоналдарының еңбекақысын жоспарлау…..................................…….

11

№4 зертханалық жұмыс. Жұмыс бригадасы мүшелерінің еңбекақысын анықтау ………………….........……………….......................................…..

14

№5 зертханалық жұмыс. Жабдықты жаңартудың экономикалық тиімділігін анықтау …………………......................................................….

17

№6 зертханалық жұмыс. КЭС-сынан өндірілетін электр және жылу энергияларының өзіндік құндарын анықтау..........................…………….

21

№7 зертханалық жұмыс. Қазақстан қалаларындағы коммуналды-тұрғын үйлерінің жылу энергиясына қажеттілігін анықтау…...………...

25

№8 зертханалық жұмыс. Қазақстан қалаларындағы коммуналды-тұрғын үйлерінің отынға қажеттілігін анықтау…………………………..

28

Әдебиеттер тізімі………….............………………………………………..

31

  

Кіріспе 

Жұмыстың мақсаты студенттердің алған теориялық білімдерін нығайту және тәжірибеден алған жаңа дағдыларын игеру, энергетикадағы экономикалық мәселелерді шешу болып табылады.

Жалпы айтқанда, зертханалық жұмыстар кешені энергетикалық кәсіпорынның қызметінің әртүрлі сфераларын қамтитын сегіз жұмыстан тұрады: жөндеу қызметкерінің саны, қызметкердің еңбекақысы, технологиялық жабдықты жаңартудың тиімділігі, КЭС-сынан жіберілетін электр энергиясының өзіндік құны, қалалардың коммуналды-тұрғын үйлерінің жылу энергиясына және отынға келешектегі қажеттілігі.

  

Зертханалық жұмыстардың орындалу тәртібі

 

Зертханалық жұмыстар бірнеше бөлімдермен орындалады:

а)     студенттің сабаққа алдын ала өзіндік дайындалуы: жұмыстың қолмен шығару жолы және әдістемесімен танысуы;

б)    оқытушы студенттің зертханалық жұмыс бойынша білімін тексеріп, жұмысқа кірісу рұқсатын беру;

в)     зертханалық жұмыстың барлық аналитикалық есептеулері міндетті түрде компьютер­­де, EXCEL бағдарламасында оқытушы мен инженер- программист көмегімен орындалады.

Алынған есептеу мәндері, зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі бойынша өзгереді:

г)     алғашқы  мәндері есептеулерімен талдаулары зертханалық жұмыстың оқытушыға қорғау үшін тапсырылатын есеп түрінде тапсырылады;

д)    қорғауға дайындалу кезінде әр зертханалық жұмысқа байланысты берілген сұрақтарға жауап беру қажет;

е)     зертханалық жұмысты қорғау.

 

№1 зертханалық жұмыс

 

Электрлік цехтың жөндеу жұмыстары бағдарламасының құрылымы мен көлемін анықтау 

 

Жұмыстың мақсаты: жөндеу циклінің құрылымы мен электр жабдықтарының жөндеуге қажетті еңбек шығынын анықтау.   

1  Тапсырма

             Электрлік жабдықтардың жөндеу циклінің құрылымдарын анықтау.

             Электрлік цехтың жөндеу жұмыстарының бағдарламасын жобалау.

             Электрлік жабдықтардың жөнделуінің еңбек сыйымдылығын анықтау.

2        Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

3        Алынған нәтижелерді талдау

 

1.1            Электрлік жабдықтардың жөндеу циклінің құрылымдарын анықтау

 

          Берілген нұсқа бойынша (1-кестені қараңыз) электрлік жабдықтардың жөндеу циклінің құрылымы жөндеу циклі мен жөндеу аралық мерзiмдердiң 1-кестеде келтірілген жабдықтың екі ауысымдық жұмыс істеу кезіндегi нормативтік ұзақтығының негізінде анықталады.

Жөндеу циклінің құрылымы келесі түрде өрнектеледі, мысалы кабельдік жүйелер үшін

К-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-К,

мұндағы  К- бір жылда күрделі жөндеу саны;

                      А- бір жылдағы ағымдық жөндеулер саны.

 

1.2            Электрлік цех жөндеу жұмыстарының бағдарламасын жобалау

 

Электрлік цех жөндеу жұмыстарының бағдарламасын жобалауда ағымдық (па) және толық (күрделі) жөндеудің жылдық (пк) санын жабдықтың әрқайсысы үшін келесі кейіптеме бойынша анықтайды

 

                                   nа=(N*пац)/ца),                                            (1)

 

                                        пк=N/(ацк),                                                         (2)

 

мұндағы N- бір типті жабдықтың саны (1-кесте бойынша);

                        пац- жөндеу цикліндегі ағымдық жөндеулердің саны;

                         Тца, Тцк – жөндеу циклінің ұзақтығы (2- кестеде көрсетілген жөндеулер арасындағы уақытқа тең);

                         а - жабдықтың жұмыс істеу ауысымдарының санын ескеретін еселеуіш ( бір ауысымдық жұмыс үшін а= 1,4; екі ауысымдық жұмыс үшін  а=1;  үш ауысымдық жұмыс үшін а=0,6). Жабдықтың жұмыс істеу ауысымдарының саны 1- кестеде берілген және па, пк есептеулерін 3-кестеге толтыру керек.


Жабдықтың атауы

Жабдықтың жұмыс істеу ортасы

Жұмыс-тың ауысым саны

Нұсқа бойынша жабдықтар саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 Трансформаторлық қосалқы станция

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Күштік тарнсформатор, 630 кВА

қалыпты

3

2

-

2

-

2

-

2

-

2

-

2

Күштік тарнсформатор, 1000 кВА

қалыпты

3

-

2

-

2

-

2

-

2

-

2

3

Майлы, аз ауыспалы жоғары кернеулі ажыратқыш

қалыпты

3

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

4

Майлы, аз ауыспалы жоғары кернеулі  ажыратқыш, СК камераларында

қалыпты

3

3

2

2

4

3

4

2

2

2

4

5

Енгізулік шкафтар, 0,4 кВ

қалыпты

3

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

6

Енгізулік шкафтар, 0,4 кВ, сызықтық

қалыпты

3

4

6

4

8

6

8

4

6

4

6

Тарату желілері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Шинасымдар, 0,4 кВ, км

қалыпты

2

0,2

0,3

0,3

0,2

0,3

0,4

0,5

0,4

0,4

0,4

2

Күштік және жарықтандырғыш желілер, км

қалыпты

2

2

1,5

1

2,5

2

2,5

1,5

1,5

2

2,2

3

Жердегі кабельдік желілер, км

қалыпты

2

1,5

1

0,6

0,8

1

1,2

1,4

1,6

1,8

1,6

4

Кабельдік желілер, қабырға бойынша, км

қалыпты

2

0,5

0,8

1

1,3

1,4

1,6

1,8

2

2,2

1,8

 Цехтың электр жабдықтары

ластанған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Асинхронды электр қозғалтқыш, 11 кВт

қалыпты

2

50

100

60

120

50

100

70

120

50

110

2

Асинхронды электр қозғалтқыш, 26 кВт

ластанған

1

10

15

12

18

12

16

10

14

10

20

3

Тарату щиттері

қалыпты

2

20

30

25

40

20

30

18

32

16

30

4

Тарату щиттері

ластанған

1

5

10

6

12

7

14

6

10

5

12

5

Басқару аппараттары

қалыпты

2

50

100

60

120

50

100

70

120

60

110

6

Басқару аппараттары

ластанған

1

10

15

12

18

12

16

10

14

10

20

7

Электрлік шамдар, шоқтану шамы

ластанған

1

50

70

60

80

50

80

70

100

60

80

8

Электрлік шамдар, люминиценттік шам

қалыпты

2

100

120

80

140

100

150

80

130

70

120

   1 Кесте - Электрлік жабдықтардың нұсқалары


 

2 Кесте - Электрлік жабдықтардың жөндеу қиындығы мен жөнделу аралықтары

Жабдықтың атауы

Жөндеу қиындығы Рқ, жөнд. бірлігі

Жөндеу арасындағы аралықтарының ұзақтығы

ағымдық, ай

 Тца

күрделі, жыл Тцк

Күштік тарнсформатор, 630 кВА

10

36

12

2  Күштік тарнсформатор, 1000 кВА

12

36

12

3  Майлы, аз ауыспалы жоғары кернеулі ажыратқыш

3

12

3

4  Майлы, аз ауыспалы жоғары кернеулі  ажыратқыш, СК камераларында

8

12

3

5  Енгізулік шкафтар, 0,4 кВ

17,60

12

10

6  Енгізулік шкафтар, 0,4 кВ, сызықтық

15

12

15

7  Шиносымдар, 0,4 кВ, км

12

12

15

8  Күштік және жарықтандырғыш   желілер, км

25

12

14

9  Жердегі кабельдік желілер, км

4

12

20

10 Кабельдік желілер, қабырға бойынша, км

10

12

20

11 Асинхронды электр қозғалтқыш, 11 кВт

6

12

12

12 Асинхронды электр қозғалтқыш, 26 кВт

3

8

6

13 Тарату щиттері

2

12

10

14 Тарату щиттері

2

6

10

15 Басқару аппараттары

0,5

12

9

16 Басқару аппараттары

0,5

5

9

17 Электрлік шамдар, шоқтану шамы

0,05

6

-

18 Электрлік шамдар, люминисценттік шам

0,15

4

-

 

 

3 Кесте - Жабдықтардың жылдық жөндеу саны

Жабдықтың атауы

Жөндеу саны

nа

пк

 

1.3       Электрлік жабдықтардың жөнделуінің еңбек сыйымдылығын анықтау

 

         Электр жабдықтардың жылдық жөнделу уақыты келесі кейіптемемен анықталады

                                       Тж=∑(1,2паi+15 nki)Pқi, сағ,                             (3)

 

мұндағы 1,2 - ағымдық жөндеу кезіндегі бір жөндеу бірлігіне кететін сағаттық уақыт нормасы;

                         15 - күрделі жөндеу кезіндегі бір жөндеу бірлігіне кететін сағаттық уақыт нормасы;

                         п- жабдықтар түрлерінің саны;

                          Рқ- жабдық бірлігін жөндеудің қиындығы (жабдықтың әрбір  жөндеу бірлігінде түріне арнайы 2-кестеде көрсетілген). Электрлік жабдықтарды жылдық жөндеу уақытын есептеу нәтижелері 4-кестеге толтырылады.

 

4 Кесте - Электр жабдықтың жылдық жөндеу уақыты

Жабдықтың атауы

Жөндеудің жылдық уақыты, сағ

ағымдық

күрделі

барлығы

 

 

2        Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі

 

2.1 Компьютерде жазбаша орындалған есептеулерді тексеру. Бұл үшін 1 және 2-кестелерден берілген мәліметтер енгізіліп (1.1-1.3 баптарда кетірілген бойынша), жылдық жөндеу саны мен электрлік жабдықтардың жылдық жөнделу уақыты есептелінеді.

2.2 Есептеулердің нәтижелерін талдау үшін алынған есептеулер келесі түрде өзгеруі керек:

а) электрлік цехтың 2 ауысымдық жұмыс формасына ауысуы;

ә) ағымдық жөндеу кезіндегі бір жөндеу бірлігіне кететін сағаттық уақыт нормасы келесі мәндерге өзгереді: 1,5; 1,1; 0,9;

         б) күрделі жөндеу кезіндегі бір жөндеу бірлігіне кететін сағаттық уақыт нормасы келесі мәндерге өзгереді: 14; 12; 10.

 

3        Алынған нәтижелерді талдау

 

Алынған нәтижелерді талдау кезінде 2.2 бапқа сәйкесті өзгерісті енгізгенде электр жабдықтардың жылдық жөнделу уақытының өзгерісін анықтау керек. Жабдықтардың жылдық жөнделу уақытының уақыт нормасына тәуелді болатын графигін тұрғызыңыз.

 

 

№2 зертханалық жұмыс

 

         Электрлік цехтың жұмысшылар санын анықтау 

 

Жұмыстың мақсаты: электрлік жабдықтың жөнделу қиындығына байланысты электротехникалық жұмысшылар санын анықтау.

   

1        Тапсырма

            Эксплуатациялық және жөндеу жұмысшыларының нақты санын анықтау.

            Эксплуатациялық және жөндеу жұмысшыларының тізімдік санын анықтау.

2        Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

3        Алынған нәтижелерді талдау

 

1.1 Эксплуатациялық (пайдалану) және жөндеу жұмысшылары-ның нақты санын анықтау

 

Жұмысшылар 2 топқа бөлінеді: пайдалану және жөндеу. Сонымен қатар жұмысшылардың құрамы нақты және  тізім бойынша да бөлінеді.

Тізімдік құрамға электрлік шаруашылыққа қызмет көрсету үшін  кәсіпорынның штатына қажетті жұмысшылар саны кіреді.     

          Нақты құрам деп берілген жұмыс режимінде барлық жұмыстарды атқару үшін қажетті жұмысшылар санын айтады.

          Электротехникалық жұмысшылар саны электрлік жабдықтың жөндеу қиындығына (жөндеу бірлігінің санына) байланысты анықталады.

          Эксплуатациялық жұмысшылардың нақты саны келесі кейіптеме бойынша анықталады

 

                                              Rэн=∑(m*N*Pқ)/Рэ , адам,                                 (1)

 

          мұндағы   п- жабдықтар түрлерінің саны;

m- бір типті жабдық жұмысының ауысым саны;

N- бір типті жабдықтың бірлік саны;

Pқ- жабдық бірлігінің жөндеу қиындығы;

Рэ- бір эксплуатациялық жұмысшыға келетін жөндеудің бірлік саны (қалыпты орталы цехтар үшін 900-ге тең деп алынады, ал ластанған орта үшін 650-ге тең деп алынады).

          Жабдықтың түрі, оның жұмыс істеу ауысым саны, жұмыс істеу ортасы, бір типті жабдықтар саны және оның жөндеу қиындығы №1 зертханалық жұмыстағы 1 және 2-кестелерден алынады.

 

          Жұмысшылардың нақты келу саны келесі кейіптеме бойынша есептеледі

 

                                          Rжн=Tж/(tаунн), адам,                                  (2)

 

мұндағы  Tж- ағымдық және күрделі жөндеудің еңбек сыйымдылығы (№1 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері бойынша алынады);

tау- жұмыс уақытының номиналды ұзақтығы (аптада бес күндік жұмыс кезінде 8,2 сағ. Тең);

Кн- нормаларды орындаудың жоспарлық еселеуіші (1,1-ге тең деп алуға болады);

Мн- жоспарланып отырған мерзімдегі номиналды күндер саны және ол  келесідей анықталады

 

                                                     Мн=Ж-Д-М, күн,                                     (3)

 

          мұндағы   Ж- жылдағы күндер саны;

Д- демалыс күндердің саны (аптадағы бес күндік жұмыс кезінде 104 күнге тең деп алуға болады);

Ж және М мәндері жылдың нақты нормалары бойынша алынады (демалыс күндерімен сәйкес келген мейрам күндері есепке алынбайды).

 

1.2 Пайдалану және жөндеу жұмысшыларының тізім бойынша санын анықтау

 

          Жұмысшылардың тізімдік құрамы келесі кейіптемелер арқылы анықталады

                                   Rэт=Rэнп,            Rжт=Rжнп,                                (4)

 

          мұндағы    Rэн, Rжн –  пайдалану және жөндеу жұмысшыларының нақты саны 1 және 2 кейіптемелер бойынша есептелген;

                                  Кпжұмыс уақытының пайдалану еселеуіші, жұмыс уақытының күтілген балансын талдау негізінде анықталған.

 

         Жұмыс уақытының балансын құрастыру әдістемесі 1-кестеде көрсетілген.

 

1 Кесте - Жұмыс уақытының балансы

    Көрсеткіштер атауы

сағат

1           Жұмыс уақытының номиналды қоры Фн=М’н*8,2+Мқ*7,2 (мұндағы М’н- қалыпты жұмыс күндерінің саны (қысқартылған күндерді қоспағанда);

М’қ- қысқартылған жұмыс күндерінің саны)

 

2           Пайдаланылмаған уақыт

а) негізгі және қосымша демалыстар (20*7)

ә) босануға байланысты демалыстар (0,005*Фн)

б) ауруға байланысты демалыстар (0,03*Фн)

в) мемлекеттік міндеттерді орындау (0,005*Фн)

Барлығы пайдаланылмаған уақыт, Тп (а,ә,б,в қосындысы)

 

3           Бір жұмысшының нақты уақыты (Тннп)

 

   4    Ауысым ішіндегі шығындар (Тш=0,015*Фн)

 

   5    Жұмыс уақытының таза пайдаланатын қоры (Ттпнш)

 

   6   Жұмыс уақытының пайдалану еселеуіші (Кптп н)

 

 

 

1 Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

 

                  Жазбаша есептеуді компьютерде тексеру. Ол үшін берілген мәліметтер енгізіліп (1, 2-кесте, №1 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері) және 1.1-1.2 баптарда келтірілген алгоритм бойынша пайдалану және жөндеу жұмысшыларының саны анықталады.

         Есептеудің нәтижелерін талдау үшін алынған мәліметтер №1 зертханалық жұмыстың 2.2 бабына сәйкес өзгертіледі.

 

          2 Алынған нәтижелерді талдау

 

          Алынған нәтижелерді талдау кезінде №1 зертханалық жұмыстың 2.2 бабына сәйкес ағымдық және күрделі жөндеулердің еңбек сыйымдылығы өзгергендегі пайдалану және жөндеу жұмысшыларының нақты санының қалай өзгеретінін түсіндір.

                    

          №3 зертханалық жұмыс

 

Электрлік цехтың кезекші мен жөндеу персоналдарының еңбекақысын жоспарлау  

 

Жұмыстың мақсаты: пайдалану және жөндеу персоналының орташа еңбекақысы мен еңбекақы қорын табу, алынған нәтижелерді талдау.

1        Тапсырма

             Жұмысшылардың еңбекақы қорларын анықтау.

             Бір жұмысшының орта сағаттық, орта апталық, орта жылдық еңбекақысын анықтау.

2        Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

3        Алынған нәтижелерді талдау

 

          Еңбекақыны жоспарлаудың мәні оның қорларын жұмысшылар категорияларына және орта мәні бойынша анықтау болып табылады.

          Еңбекақы қорларының түрлері келесідей болып бөлінеді: тарифтік, сағаттық, күндізгі және жылдық (айлық). Бұл қорлар сондай-ақ, сол белгіленген бір мерзімдерге құрастырылады (ай, квартал, жыл).

          Бірақ әр қор құрамына еңбекақының әртүрлі элементтері кіреді. Сондықтан олар өзара тең емес.

          Еңбекақының негізін сағаттық қорға кіретін төлемдер құрайды, ал басқа төлемдер мен компенсациялар қосымша еңбекақыны құрайды.

 

1.1           Жұмысшылардың еңбекақы қорларын анықтау

 

          Тарифтік қорларды есептеудің негізі ретінде жасанды төлеммен істейтіндер үшін нормаланған жұмыс уақытының тек қажетті бөлігі (жұмыстың еңбек сыйымдылығы) мен олардың сағаттық тарифтік жүктемелері алынады, ал уақыттық  төлеммен істейтіндер үшін бір жұмысшының нақты уақыты, олардың нақты саны және сағаттық тарифтік жүктемелері алынады

                                               ФжатортжТж, теңге,                                         (1)

          мұндағы Фжат -  жасанды төлеммен істейтіндердің (жөндеу персоналдарының)  бір жылдағы еңбекақыларының тарифтік қоры;

 Сортж – жасанды төлеммен істейтіндердің сағаттық тарифтік жүктемесі (электрлік цех үшін орташа есеппен - 4-разряд тарифтік жүктемесі 300 теңге/сағ);

Тж – жоспарланған жұмыстың еңбек сыйымдылығы (№1 жұмыстан алынады).           

 

                                                    ФутортуТнRнэ, теңге,                                (2)

 

          мұндағы Фут -  уақыттық төлеммен істейтіндердің (пайдалану персоналдардың)  бір жылдағы еңбекақыларының тарифтік қоры;

Сорту – уақыттық төлеммен істейтіндердің сағаттық тарифтік жүктемесі (электрлік цех үшін орташа есеппен 250 теңге/сағ деп алуға болады);

Тн , Rнэ – сәйкесінше бір жұмысшының нақты уақыты және сол пайдалану қызметкерлерінің нақты саны (№2 жұмыстан алынады).   

          Еңбекақының сағаттық қоры дегеніміз - тарифтік қор мен қосымша төлемдерді білдіреді, олар: сыйақы жүйесі бойынша төленуі, жіберілмей ұсталған бригадирдің бригаданы жетекшілік еткені үшін үстеме төлемдері, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, басқа мамандықты уақытша алмастырғаны үшін, мереке күндері жұмыс істегені үшін, оқушыларды оқытқаны үшін төленетін төлемдер.

          Еңбекақының күндік қоры дегеніміз - сағаттық қор мен қосымша төлемдерді білдіреді, олар: жасөспірімдерге қысқа күн үшін төленетін төлемдер, балаларын емізетін аналар үшін жұмыстағы үзілісті төлеу.

          Еңбекақының айлық қорына кәсіпорынның барлық жұмысшыларына төленетін еңбекақының барлық түрлері кіреді. Оған толығымен  еңбекақының сағаттық қоры және қосымша төлемдер кіреді, олар: кезекті және қосымша демалыстарды төлеу, мемлекеттік міндеттерді орындау, оқуға босатылған күндер, демалыстық жәрдем ақылар, сіңірген еңбегі үшін қосымша төлемдер.

          Жұмыскерге байланыссыз тоқтап қалған жұмыстар үшін кеткен уақыттар жоспарланған еңбекақы қорына кіргізілмейді, бірақ кәсiпорын есебiнде көрсетіледі.

 

          1.2 Бір жұмысшының орта сағаттық, орта апталық, орта жылдық еңбекақысын анықтау

 

          Бір жұмысшының орта еңбекақысын табу үшін (орта сағаттық, орта күндік, орта жылдық) олардың тізімдік құрамын №2 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелерінен алынады.

           Электрлік цех жұмысшыларының еңбекақысының қоры мен оның орта мәнін анықтау әдістемесі 1-кестеде келтірілген.

1 Кесте - Электрлік цех жұмысшыларының еңбекақы қоры мен оның орташа мәнін есептеу

Еңбекақы қорының элементтері

Еңбекақы

пайдалану

жұмысшылары

жөндеу жұмысшылары

барлығы

1 Еңбекақының жыл бойы тарифтік қоры, Фт

 

 

 

2 Тарифтік қорға дейін қосымша төлем:

а) сыйақы (0,16*Фт)

ә) мереке күндері жұмыс істегені үшін (0,001*Фт)

б) түнгі уақытта жұмыс істегені үшін (0,04*Фт)

 

 

 

3  Еңбекақының сағаттық қоры Фсағ=(б.1+б.2)

 

 

 

4  Бір жұмысшының орта сағаттық еңбекақысы

 

 

 

5  Аналар мен жасөспірімдерге жәрдемдік сағаттар үшін төлем, (0,005*Фсағ)

 

 

 

6  Еңбекақының күндік қоры, Фкүн(б.3+б.5)

 

 

 

7  Бір жұмысшының орта күндік еңбекақысы

 

 

 

8 Айлық (жылдық) қорына дейін төлем:

а) кезекті демалысқа төлем (0,078Фкүн)

б) мемлекеттік міндеттерді орындау (0,005*Фкүн)

в) іс сапарлар үшін (0,01Фкүн)

г) сіңірген еңбегі үшін (0,005Фкүн)

 

 

 

9  Айлық (жылдық) еңбекақы қоры, Фжыл(б.6+б.8)

 

 

 

10  Бір жұмысшының орта айлық (орта жылдық) еңбекақысы

 

 

 

 

2        Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

 

Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі келесідей

 

2.1            Қолмен есептеулерді компьютерде тексеру. Ол үшін келесі мәндер енгізіледі: жасанды  және уақыттық төлеммен істейтіндердің орташа сағаттық жүктемесі; жоспарланған жұмыстардың еңбек сыйымдылығы (№1 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері бойынша қабылданады); бір жұмысшының нақты уақыты және пайдалану персоналының нақты саны (№2 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері бойынша қабылданады). Жасанды  төлеммен істейтіндердің, уақыттық төлеммен істейтіндердің еңбекақыларының тарифтік қорын және бір жұмысшының еңбекақысын есептеу (1.1-1.2 баптардағы) алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады (1-кестені қараңыз).

2.2            Есептеулердің нәтижелерін талдау үшін алынған есептеулер келесі түрде өзгеруі керек:

а) сағаттық тарифтік жүктеме 12%; 20%; 25% үлкейді;

б) сағаттық тарифтік жүктеме 4%; 10%; 14% кішірейді;

в) демалыстың уақытының 7%; 10%; 15%; үлкеюі нәтижесінде бір жұмысшының нақты уақыты қысқарды.

                 

3  Алынған нәтижелерді талдау

 

          Алынған нәтижелерді талдау кезінде 2.2 бабына сәйкес енгізілген өзгерістер нәтижесінде жөндеу және пайдалану персоналдардың орта еңбекақысының қалай өзгеретінін түсіндір. Пайдалану және жөндеу персоналының орта еңбекақысының сағаттық тариф жүктемесіне тәуелділік графигін салыңыз.

 

          №4 зертханалық жұмыс

 

          Жұмыс бригадасы мүшелерінің еңбекақысын анықтау

 

          Жұмыстың мақсаты: бригаданың әрбір мүшесінің кәсіби шеберлігі үшін үстеме төлемдерді  және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып, еңбекақысын табу, алынған нәтижелерді талдау.

 

1 Тапсырма

1.1   Бригаданың әр мүшесінің тарифтік еңбекақысы мен барлық бригаданың тарифтік еңбекақысын анықтау.

1.2   Бригаданың нақты жасаған жұмысқа алатын еңбекақысы және бригаданың әр мүшесі үшін анықтау.

1.3   Бригаданың әрбір мүшесінің профессионалдық шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдерді  және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып еңбекақысын табу.

2        Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

3        Алынған нәтижелерді талдау

 

1.1      Бригаданың әр мүшесінің тарифтік еңбекақысы мен барлық бригаданың тарифтік еңбекақысын анықтау

         

1 Кесте - Мұнай-химиялық, химиялық және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі жасанды төлеммен жұмыс істейтін жұмысшылар үшін сағаттық тарифтік жүктеме                                                                                           теңге/сағ

Еңбек шарты

разрядтар

1

2

3

4

5

6

Қалыпты

250

272

300

330

363

400

Ауыр

275

300

330

360

405

455

Аса ауыр және аса зиянды

310

335

365

420

460

520

 

          1.2 Бригаданың нақты жасаған жұмысқа алатын еңбекақысы және бригаданың әр мүшесі үшін анықтау


Көрсеткіштер атауы

нұсқалар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1 Оқшаулағыш материалдың бригадамен өндірілуі, м2

85.8

85.8

96

93.6

85.8

93.6

85.8

85.8

120

85.8

2  Жасанды бекітілген баға, теңге/м2

950

950

950

950

950

950

950

950

950

950

3  Жұмыс шарты

аса ауыр

аса ауыр

аса ауыр

ауыр

ауыр

ауыр

ауыр

ауыр

аса ауыр

аса ауыр

4  Разрядтар бойынша жұмысшылар саны:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

-

-

1

1

-

-

-

-

-

-

2

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

3

1

1

2

1

1

1

1

1

1

1

4

-

-

-

1

-

-

2

-

2

-

5

3

3

1

1

3

3

1

3

1

3

6

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

5  Әр жұмысшының нақты жұмыс уақыты:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

-

-

161

161

-

-

-

-

-

-

2

161

161

160

161

161

161

161

161

148

161

3

148

148

160

148

148

160

148

160

160

148

4

-

-

-

148

-

-

148

-

160

-

5

161

161

148

161

161

161

161

160

160

161

6

168

168

148

168

168

161

168

161

161

168

6  Электр энергиясының үнемделуі, кВт

7000

7000

10000

10000

7000

7000

8000

7000

8000

7000

7  Электр энергиясының тарифі, теңге/кВтсағ

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кесте - Еңбекақыны есептеуге қажетті берілген мәліметтер

Бригадалық жасанды еңбекақы төлеу кезінде бригаданың әр мүшесі үшін нақты жасаған жұмысқа алатын еңбекақысын анықтау үшін жасанды коэффициент анықталады

 

                                                    Кжнбртбр,                                           (1)

 

          мұндағы Енбр -  өндірілген өнім мен жасанды бекітілген бағамен анықталатын бригаданың нақты істеген еңбекақысы;

                           Етбр – берілген жұмысшының нақты істелген уақытқа және мамандығына (разрядына) байланысты анықталатын бригаданың барлық мүшелерінің тарифтік еңбекақысының қосындысы, яғни бригаданың тарифтік еңбекақысы және ол төмендегідей есептеледі

 

                                              Енбр=V*P, теңге,                                            (2)

 

                                               Етбр=Σi*Si), теңге,                                      (3)

         

          мұндағы  V -  бригаданың өндірген өнімі, м2;

 Р - өндіруге бекітілген баға, теңге/м2;

 Тi - i- жұмысшымен нақты істелген уақыт; 

 Si- i- жұмысшының сағаттық тарифтік жүктемесі.

 

 

          1.3 Бригаданың әрбір мүшесінің кәсіби шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдерді  және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып, еңбекақысын табу

          Кәсіби шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдер 3, 4, 5, 6  разрядтарға сәйкес тарифтік жүктемеден 12, 16, 20, 24 % мөлшерінде бекітіледі. Электр энергиясын үнемдегені үшін бригадаға берілетін сыйақыларды есептеу үшін үнемделген электр энергиясы құнының 80%  деп алынады және оны жұмысшының нақты істеген уақытына пропорционалды және мамандығына байланысты бригадалар мүшелерінің арасында бөліп тарату арқылы жүзеге асады

 

                       Енi=Ti*Si*Kж+αi*Si+∆Э*0,8*Б*Ксый, теңге,                      (4)

 

          мұндағы Kж -  1-кейіптеме бойынша анықталатын бригаданың нақты істеген еңбегіне алатын еңбекақысын бөліп тарату коэффициенті;

 α – кәсіби шеберлігі үшін бекітілетін үстеме төлем коэффициенті (0.12, 0.16, 0.20, 0.24);

 ∆Э – үнемделген электр энергиясының мөлшері, кВтсағ; 

 Б – орташаланған электр энергиясының тарифі, теңге/кВтсағ;

 Ксый – электр энергиясын үнемдегені үшін бекітілетін сыйақыны бөліп тарату коэффициенті.

         

`

 

          Сыйақыны бөліп тарату коэффициенті төмендегідей анықталады

 

                               Ксый=(∆Э*0,8*Б)/Енбр.                                                  (5)

         

2  Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

 

          Зертханалық жұмыс келесі кезекпен орындалады:

2.1 Жазбаша есептеуді компьютерде тексеру. Ол үшін берілген мәліметтер енгізіледі (1,2-кесте) және 1.1-1.3 баптарда келтірілген алгоритм бойынша бригаданың әрбір мүшесінің кәсіби шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдерді  және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып еңбекақысын анықтау.

          2.2 Есептеулердің нәтижелерін талдау үшін алынған есептеулер келесі түрде өзгеруі керек:

а) бригадамен өндірілген оқшаулағыш материалдың өндіріс көлемі 15%; 20%; 30% артқан кезде;

б) бригадамен өндірілген оқшаулағыш материалдың өндіріс көлемі 10%; 15%; 20%; 30% кеміген кезде;

в) екінші разрядты жұмысшының қысқаруы;

г) төртінші разрядты жұмысшының қысқаруы.

 

3  Алынған нәтижелерді талдау

 

          Алынған нәтижелерді талдау кезінде 2.2 бабына сәйкес өзгерістерді енгізгеннен кейін бригаданың әр мүшесінің еңбекақысының қалай өзгеретінін түсіндір.

 

 

№5 зертханалық жұмыс

 

Жабдықты жаңартудың экономикалық тиімділігін анықтау 

 

          Жұмыстың мақсаты: жабдықтарды жаңартудың экономикалық тиімділігін анықтау. Алынған нәтижелерді талдау.

1        Тапсырма

1.1 Цехтағы автоматты роторлы линияның салыстырмалы экономикалық тиімділігін анықтау.

1.2 Цехтағы автоматты роторлы линияға капиталдық салымдарды өтеудің мерзімін анықтау.

1.3 Жаңартуға дейін және кейінгі кезі үшін шығынсыздық нүктесінің графиктерін тұрғызу.

1        Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

2        Алынған нәтижелерді талдау

1.1      Цехтағы автоматты роторлы линияның салыстырмалы экономикалық тиімділігін анықтау

 

          Тапсырманы орындау үшін пайдаланған шығындарды анықтау керек, олар келесілерден тұрады:

а) амортизациялық аударылымдар;

          б) жабдықтардың пайдалану мен ағымдық жөндеуге кететін шығындар;

          в) шикізат құны (өндірістің сәйкесті көлемінде);

          г) жұмысшылардың негізгі еңбекақысы;

          д) жұмысшылардың қосымша еңбекақысы;

          е) негізгі және қосымша еңбекақысына әлеуметтік сақтандыру аударылымдары;

          ж) жұмсалған электр энергиясының құны;

          з) үстеме шығындар.

          Жабдықтарды пайдалану мен ағымдық жөндеуге кеткен шығындарды жабдықтар құнынан 10%-ға тең деп алу керек: автоматты линияны енгізуге дейінгі жабдық бірлігінің саны - 6 дана; енгізуден кейін-1 дана.

          Жабдықтың жылдық уақыт қоры -5000сағ/жыл; үстеме шығындар -100% жұмысшыларға негізгі еңбекақы қорының мөлшеріне тең; жұмыс күнінің ұзақтығы -8 сағат.

          Энергетикалық шаруашылықтағы ұйымдастыру-техникалық іс-әрекеттердің жоспары  кәсіпорынның техникалық жоспарының негізгі бөлімі болып табылады. Ұйымдастыру-техникалық іс-әрекеттердің жоспарын жасау цехтардан басталады.

          Жоспарға кіретін іс-әрекеттер өзінің техникалық-экономикалық негізделуін қажет етеді, яғни оларға капитал салымдарының экономикалық тиімділігін анықтауды қажет етеді.

          Іс-әрекеттер мен ұсыныстарды жүзеге асырғаннан кейін болатын экономикалық тиімділікті анықтау  жобаланған нұсқаның негізгі мәндерімен алғашқы немесе бірнеше жобалар нұсқалар мен салыстыру нәтижесіне негізделген. Экономикалық тиімділікті анықтау үшін келесі көрсеткіштер есептелінеді:

          Капиталды салымдардың толық (абсолютті) экономикалық тиімділігі Этол кәсіпорын үшін  келесі кейіптеме бойынша (салыстырмалы түрде) анықталады

 

                                                         Этол=(Ө-S)/К,                                          (1)

 

          мұндағы  Ө- жоба бойынша көтерме сауда кәсіпорындарының  жылдық өндірген өнімінің құны, мың  теңге;

                           S- жылдық өндірген өнімінің өзіндік құны, мың  теңге;
                           К- өнімнің нақты түрін шығаруға кеткен капиталды шығындар, мың теңге.

 


Техникалық-экономикалық мәліметтер

Нұсқалар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1 Дайын өнімді шығару, т/жыл

2600/

3350

3000/

3500

2800/

3350

2500/

3500

2700/

3400

2700/

3300

2500/

3400

3000/

4000

2500/

3500

2800/

3500

2000/

3000

2800/

3350

2800/

3400

2 Аминопласт құны, теңге

840

800

840

800

850

830

840

800

800

900

900

840

800

3 Өнімнің 1 тоннасына келетін шығымдық еселеуіш

1.12/1.1

1.2/1.2

1.12/1.1

1.2/1.1

1.15/1.2

1.12/1.1

1.15/1.1

1.2/1.1

1.2/1.1

1.2/1.1

1.2/1.1

1.2/1.1

1.15/

1.1

4 Жабдық құны, млн.теңге

26/32

20/23

26/31

30/41

30/37

27/33

27/36

28/36

27/37

28/34

30/43

27/31

27/32

5 Амортизация нормасы, %

8.9

8

8.9

9

8

9

8.5

8

9

8

9

8.9

9

6 Жабдық бірлігін қыздыру қуаты, кВт

2.2/8

3/10

2.2/8

2/10

4/12

2.5/9

2.3/8

2/10

4/12

2/10

3/12

2.2/4

3/12

7 Уақыт ішінде жабдықты пайдалану еселеуіші

0.75/0.85

0.8/0.9

0.75/0.85

0.7/0.85

0.7/0.9

0.75/

0.85

0.75/

0.87

0.7/

0.85

0.7/

0.85

0.71/

0.82

0.75/

0.85

0.7/

0.9

0.8/

0.9

8 Жұмысшылар саны, адам

9/6

10/6

9/6

9/5

10/5

9/6

10/4

9/5

9/6

9/4

9/5

9/6

9/4

9 Тарифтік жүктеме, теңге/сағ

161

161

168

168

161

168

178

161

168

178

161

168

178

10 Бір жұмысшының эффективті уақыт қоры, күн

230

220

230

230

230

240

230

220

230

230

240

220

230

      1 Кесте - Алғашқы мәндер


         

                                                           Этол=(S1-S2)/ΔК,                                      (2)

 

мұндағы S1 және S2 - шараларды орындауға дейінгі  және кейінгі жылдық құны, теңге;

                           ΔК – өнімнің нақты түрін шығарумен байланысты қосымша салымдар, теңге.

 

 

1.2             Цехтағы автоматты роторлы линияға капиталды салымдарды өтеудің мерзімін анықтау

 

          Өзін-өзі өтеу уақытын келесі кейіптемелер арқылы табамыз

                  

                                                      Ттол=К/(Ө-S), ай,                                        (3)

                                                  ТтолК/(S1-S2), ай.                                        (4)

 

 

1.3                   Жаңартуға дейін және кейінгі кезі үшін шығынсыздық нүктесінің графиктерін тұрғызу

 

          Жабдықты жаңарту уақыты бір жылдан кем болған кезде нұсқаулардың экономикалық тиімділігін анықтау үшін шығынсыздық нүктесін анықтау әдісін қолданамыз. Ол үшін жаңартуға дейінгі және кейінгі тұрақты және айнымалы шығындар нұсқалар бойынша  анықталады

 

                          Штұр=Ша+0,05*К+0,1*Шеанег+0,3*Шүстеме, теңге,                  (5)

 

          Шайншик+0,5*К+0,9*Шеанегеақосәлэл.эн.+0,7*Шүстеме,теңге. (6)

 

          Жаңартуға дейін және кейінгі жалпы пайда келесідей анықталады

 

                                               П1=S1+S1*0,25, теңге,                                        (7)

 

                                               П2=S2+S2*0,25, теңге,                                        (8)

 

         мұндағы      П1 және П2 - жаңартуға дейін және кейінгі  жалпы пайда, теңге;

                               S1 және S2 - әрекеттерді орындауға дейінгі  және кейінгі жылдық өзіндік құн, теңге.

 

2  Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

 

          2.1 Жазбаша есептеуді компьютерде тексеру. Ол үшін берілген мәліметтер енгізіліп (№1-кестеден) және 1.1-1.2 баптарда келтірілген алгоритм бойынша цехтағы автоматты роторлы линияның салыстырмалы экономикалық тиімділігі және капиталды салымдардың өтелу мерзімдері анықталады.

          2.2  Есептеулердің нәтижесінде алынған мәліметтер келесідей өзгереді:

а) жаңартудан кейін дайын өнімнің шығаруын: 10%; 15%; 20%; 25% жоғарылату;

б) жабдықтарды қолдану еселеуіші уақыт бойынша жаңартудан кейін: 9%; 10%; 15%; 20% үлкейеді;

в) жабдықтарды қолдану еселеуіші уақыт бойынша жаңартуға дейін: 9%; 10%; 15% үлкейеді.

 

3 Алынған нәтижелерді талдау

 

          Алынған нәтижелерді талдау кезінде 2.2 бабына сәйкес өзгерістерді енгізгеннен кейін жаңартудың экономикалық тиімділігінің қалай өзгеретінін түсіндір.

         

 

№6  зертханалық жұмыс

 

КЭС-сынан өндірілетін электр және жылу энергияларының өзіндік құндарын анықтау

 

Жұмыстың мақсаты - КЭС-сынан өндірілетін және жіберілетін электр және жылу энергияларының өзіндік құндарын анықтау. Зертханалық жұмысты орындауға дайындық - әртүрлі типті стансалардан өндірілетін электр энергиясының өзіндік құндарының құраушыларын оқып үйрену; ең үлкен құраушыларды білу; шығындар құраушыларының шамаларын анықтай білу.

Бүгінгі күні Қазақстандағы әрбір станса бәсекелестік ортада, яғни электр энергиясы нарығында жұмыс істейді. Оның жұмысының тиімділігі негізінен электр энергиясын өткізу көлеміне байланысты болады. Ол сұранысқа, ал сұраныс стансаның сататын бағасына байланысты болады.

Станса неғұрлым көбірек электр энергиясын өндірсе, соғұрлым оның негізгі және көмекші жабдықтары да көбірек жүктеледі және соғұрлым оның өзіндік құны төмендейді. Жабдықтың толықтай жүктелуінің негізгі нәтижелерінің бірі электр энергиясын өндірудің өзіндік құнында ең үлкен үлес (50-70% дейін) алатын отынды үнемдеу болып табылады. Сондықтан отынның бағалық факторы станса жұмысының экономикалық көрсеткіштеріне көбірек әсер етеді және бірінші кезекте, энергия нарығындағы оның бәскелестігіне әсер етеді.  Қазақстанда қатты және сұйық отындардың сату бағасы әлемдік энергетикалық ресурстар нарығындағы бағаға байланысты, сондықтан станса басшылары өздерінің келешек даму жоспарларын анықтағанда есепке алып отыру керек.  

Есептер жүргізу үшін бастапқы мәліметтер 1-кестеде берілді.

 

1 Зертханалық жұмысты орындау әдістемесі

 

1.1  КЭС-тің орнатылған қуат шамасы () және оны пайдалану сағат саны бойынша электр энергиясын өндіру көлемі анықалады

 

 , млн. кВт×сағ.                                      (1)

 

Стансаның өз мұқтаждығына жұмсалатын электр энергиясының шығынын (7% мөлшерінде қабылданады) есепке ала отырып, КЭС-тің электр энергиясын жіберу көлемі төмендегідей  анықталады

 

*                                   .                                    (2)

 

         1.2 Бір кВт×сағ электр энергиясын () өндіруге кететін меншікті отын шығынының мәні бойынша  қосынды отын шығыны анықталады  

 

, мың ш.о.т.                                 (3)

 

1.3 Отын құнының үш мәні бойынша отынға жұмсалатын қосынды шығындар табылады 

 

*, млн.теңге.                               (4)

 

1.4            Стансаның орнатылған қуаты және штаттық еселеуіші бойынша КЭС қызметкерлерінің саны анықталады

 

                                Сқ = Nорн * H, адам.                                                         (5)

1.5 Жылына бір қызметкерге берілетін орташа жылдық еңбекақысының (басқада аударылымдарды, төлемдерді қоса) шамасы бойынша КЭС өнеркісіптік-өндірістік персоналының жалпы еңбекақы қорының мөлшерін табамыз

Шеа = Сқ  * Шеақ, млн. теңге.                                      (6)

 

1.6  Nорн  және меншіктк капитал салымдарының мәндері бойынша КЭС негізгі қорларының мөлшерін анықтаймыз 

 

 , млн. теңге.,                         (7)

мұндағы В=150 тг/$.

 


1 Кесте - Есептеуге берілген бастапқы мәліметтер

№А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

Орнатылған қуат Nорн, МВт

125

150

225

275

325

375

425

475

550

650

Пайдалану сағат саны  Nорн, Tм,   сағат

6000

6500

7000

Меншікті отын шығыны

 Вэ,  ш.о.г / кВт-сағ

365

355

350

345

340

335

330

325

320

315

Отын бағасы  Ботын, тг/ш.о.т

1800

2000

2200

Штат. еселеуіш, Н, адам/МВт

0,9

0,88

0,86

0,8

0,82

0,8

0,78

0,76

0,74

0,72

Еңбекақы қоры, Шеақ; мың тг/адам-жыл

340

345

350

355

360

365

370

375

380

385

№В

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

Меншікті қаржы (капитал) салымдары, Кменш, $/кВт

900

900

850

800

750

750

700

650

650

600

Амортизациялық аударылымдар нормасы. На, %

6

6,1

6,2

6,3

6,4

6,5

6,6

6,7

6,8

6,9

Суға жұмсалған шығындар Шс, тг/кВтсағ

0,13

0,13

0,12

0,11

0,1

0,1

0,99

0,98

0,98

0,97

Ағымдағы жөндеуге кеткен шығындар

Ша.ж., % (Ша-дан алынады) 

0,15

Шығарындыларға төлемді есептеу, Шшығ, тг/кВтсағ

0,05

0,05

0,04

0,04

0,04

0,03

0,03

0,02

0,02

0,2


1.7 Станса үшін орта амортизациялық аударылымдар нормасы бойынша КЭС-тің қосынды амортизациялық аударылымдары 

 

 , млн. теңге.                              (8)

 

1.8 Шығарындыларға төлемді төмендегі кейіптеме бойынша анықтайды

 

 , млн. теңге.                     (9)

 

1.9 Суға төлемді төмендегідей беруге болады

 

     , млн. теңге.                    (10)

 

1.10 Ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығындар келесідегідей анықталады 

 

        , млн. теңге.                    (11)

 

1.11 Стансаның басқа да шығындары келесідегідей анықталады

 

, млн. теңге.       (12)

 

         1.12 КЭС өндірген электр энергиясының өзіндік құны келесідегідей табылады

 

               (13)

1.13   КЭС жіберілген электр энергиясының өзіндік құны

 

              (14)

 

Электр энергиясын өндіру және жіберудің өзіндік құндарын есептеу отын құнының үш мәні бойынша жүргізіледі.  Қорытындыда  жұмысты орындағанда электр энергиясын өндіру және жіберудің өзіндік құндарының шамаларына (% да) әртүрлі құраушылардың әсерін талдау нәтижелерін көрсету керек.

 

 

 

 

 

№ 7 зертханалық жұмыс

 

Қазақстан қалаларындағы коммуналды-тұрғын үйлердің жылу энергиясына қажеттілігін анықтау 

        

Жұмыс мақсаты – Қазақстан облыс орталықтарының коммуналды-тұрғын үй шаруашылықтарының әртүрлі уақыт кезеңінде жылу энергиясына қажеттілігін анықтау.

Зертханалық жұмысты орындауға дайындық-жылытуға және ыстық суға кететін жылу энергиясына жылдық қажеттілікті есептеу кейіптемелерін оқып үйрену; есептің соңғы нәтижесіне кейіптемедегі қандай көрсеткіштер ең үлкен әсер ететін білу; өлшем бірліктерін білу.

         Қалалардың тұрғын үй секторы көп қабатты және бір қабатты тұрғын үй болып бөлінеді. Көп қабатты ғимараттар жылу энергиясымен аудандық қазандықтардан және ЖЭО қамтамасыз етіледі, бұл зона орталықтандырылған жылумен қамдалады (ОЖҚ), ал бір қабаттылар – дербес жылу өндіруші қондырғылардан қамтылады – бұл зона орталықтандырылған емес жылумен қамдау (ОеЖҚ). Қалалардың коммуналды-тұрғын үйлерінің негізгі жылу үрдістері – 2010, 2015 және 2020 мерзімдерге жылу энергиясына қажеттіліктерін анықтауды қажет ететін  жылыту және ыстық сумен қамту болып табылады.

 

1 Зертханалық жұмысты орындау әдістемесі

 

1.1 ОЖҚ және ОеЖҚ жылу алатын халықтың санын анықтау

Ол үшін 1-кестедегі  мәліметтер қолданылады. Егер халық орталықтанған жылытумен 59% қамтылған болса, (яғни көп қабатты үйде тұратындар), онда 41% ОеЖҚ зонасында орналасқан деп шешу керек. Ыстық сумен қамтуда осыған ұқсас алынады. Тәжірибеде барлық көп қабатты үйлер орталықтандырылған ыстық сумен қамтумен қамтамасыз етілмеген. Жұмыста келешекте орталықтандырылған жылыту мен ыстық сумен қамтудың құрылымы өзгермейді деп алу керек. 

 

1.2  Меншікті ауданды табу

1-кесте мәліметтері негізінде 2010, 2015 және 2020 мерзімдерге бір адамға қанша орташа тұратын аудан келетіні табылады.  

 

1.3 Жылытуға байланысты жылу энергиясына қажеттілікті есептеу

Бұл есеп келесідегідей кейіптемемен берілді

 

Qот=q0 × S × Kk × a × Kt × (tв – tотн.ср.) × z × 24 Гкал/адам-жыл                    (1)


1 Кесте - Есептеуге қажетті бастапқы мәліметтер

№А

Облыстар

Халық, мың адам

Жалпы ауданы,

мың шаршы м

№В

zот

тәулік

tотн.ср.,

0С

ОЖҚ пайыздық қамтуы, %

20010-2020 жылдар

Отын шығынының құрылымы, %

2010-2020 жылдар

 

 

2010ж

2015ж

2020ж

2010ж

2015ж

2020ж

 

 

 

Жылыту

Ыстық су

Қатты отын

Сұйық отын

Газ

1

Ақмола

700

792

16643

890

11900

14097

1

215

-8.7

59

50

54

44

2

2

Ақтөбе

383

417

7809

454

5975

6839

2

203

-7.3

65

52

9

29

62

3

Алматы

1580

1683

35840

1792

28756

32145

3

166

-2.1

68

51

77

17

6

4

Атырау

251

277

5692

306

4242

4903

4

178

-2.4

74

62

1

53

46

5

ШҚО

890

921

18870

953

16020

17407

5

204

-7.8

71

61

52

46

2

6

Жамбыл

452

508

10050

571

7232

8534

6

167

-1.1

78

49

14

60

26

7

БҚО

248

275

6405

305

4737

5500

7

199

-6.5

92

82

1

2

97

8

Қарағанды

1151

1183

27360

1216

23480

25316

8

212

-7.5

86

57

91

8

1

9

Қызылорда

360

400

7128

440

5292

6160

9

168

-3.4

24

19

4

96

-

0

Қостанай

548

590

14986

635

11727

13275

0

213

-8.7

84

59

40

31

29

 

мұндағы  q0ғимараттың меншікті жылулық сипаттамасы, ккал/м3×сағ×0С (ОЖҚ – 0.29 және ОеЖҚ – 0.75).

Sбір адамға жалпы тұратын аудан, м2/адам

К – кубатуралық еселеуіш м32 (ОЖҚ- 4.5, ОеЖҚ – 3.5);

a - сыртқы ауаны инфильтрациялау еселеуіші, 1.05;

Кtсыртқы ауа температурасының өзгерісін есепке алатын еселеуіш, 1.08;

tвғимараттың ішкі ауасының температурасы, 20 0С;

tжс.орт.жылыту мерзіміндегі сыртқы ауаның орташа температурасы, 0С (1-кесте);

zжжылыту мерзімінің ұзақтығы, тәулік (1-кесте );

24 – тәуліктегі сағат саны.

q0 шамасы ғимарат көлеміне байланысты екені белгілі, бірақ қаланың ғимараттарының көлемін және қанша қабат екені белгісіз болғандықтан, жұмысты бір қабатты және көп қабатты үйлер зоналарындағы тұратын бір адамға есептеулер жүргізіледі. Есептен табылған бір тұрғынды жылытуға кететін жылу шығынының меншікті нормасы тұрғындардың санына көбейтіледі және ОЖҚ мен ОеЖҚ зоналарындағы жылудың қосынды шығындары 2-кестеге енгізіледі. Есептеулер 2010, 2015, 2020 жылдарға жүргізіледі.

 

1.4 Ыстық сумен қамтуға байланысты жылу энергиясына қажеттілікті есептеу 

Ол мына кейіптеме бойынша анықталады

 

Qы.с.= m × c (tы.с. – tс.с.) × 350 Гкал/адам-жыл                 (2)

 

мұндағы m – бір адамға кететін тәуліктік ыстық су шығыны, л/тәулік;

с – судың меншікті жылу сыйымдылығы, 1 ккал/кг;

tг.в. – ыстық су температурасы, 65 0С;

tх.в.суық су температурасы, 10 0С;

350 – ыстық суды тәуліктік пайдалану саны, тәулік.

 

ОЖҚ үшін m шамасы халыққа 2010 жылға – 110 л, 2015ж – 105 л, 2020ж – 100 л/адам/тәулік деп қабылдау керек. Меншікті шығын суды пайдалану мәдениеті мен энергияны үнемдеу нәтижесінде төмендейді. ОеЖҚ үшін m мәні жылдарға сәйкес 10, 15, 20 л/адам/тәулік деп алу керек. Мұнда норматив жылумен қамту жұмыстарын тереңдету және суды ысыту колонкаларын қолдану сферасын кеңейту нәтижелерінде өседі деп есептеу керек. ОЖҚ және ОеЖҚ үшін есептеулер болжам деңгейі бойынша – 2010, 2015, 2020 жылдарға анықталады. Нәтижелері 2-кестеге енгізіледі.

Алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасау керек.

 

 

2 Кесте - Облыстағы қалалардың жылу энергиясына қажеттілігі (млн. Гкал.)

Үрдістер

2010 ж

2015 ж

2020 ж

Жылыту

ОЖҚ

 

 

 

 

ОеЖҚ

 

 

 

 

S

 

 

 

Ыстық сумен қамту

ОЖҚ

 

 

 

 

ОеЖҚ

 

 

 

 

S

 

 

 

Барлығы

ОЖҚ

 

 

 

 

ОеЖҚ

 

 

 

 

S

 

 

 

 

 

№8 зертханалық жұмыс

 

Қазақстан қалаларындағы коммуналды-тұрғын үйлердің отынға қажеттілігін анықтау 

 

Жұмыс мақсаты – Қазақстан облыс орталықтарының коммуналды-тұрғын үй шаруашылықтарының әртүрлі уақыт кезеңінде қатты, сұйық және газ тәрізді отындарға қажеттілігін есептеу.

Зертханалық жұмысты орындауға дайындық – әртүрлі типті  жылу өндіруші қондырғылардың ПӘЕ мәндерін оқып үйрену; табиғи отындардың жылу шығару қабілетін білу; өлшем бірліктерін білу.

         Жылу энергиясын алу үшін ОЖҚ зонасында ЖЭО және ірі аудандық қазандықтардан қамтамасыз етіледі, ал ОеЖҚ зонасында әртүрлі отын-энергетикалық ресурстар түрімен жұмыс істейтін ДЖӨҚ болып табылады.

Отынды тұтыну құрылымы Қазақстан облыстары бойынша 1-кестеде келтірілді. Бұл құрылым жалпы бір облыстағы отынды тұтынуды (өнеркәсіп, коммуналды-тұрғын үй, транспорт, ауыл шаруашылығы және т.б.) білдіреді, және ол шамамен облыс қалаларының коммуналды-тұрғын үй шаруашылығының отынды тұтыну құрылымын көрсетеді деп қабылдау керек. Оңтүстік облыстардан отынның біршама үлесін сұйық отын алатынын, ал батыс облыстарда табиғи газ үлесіне тиетінін көреміз.   

                    

1 Зертханалық жұмысты орындау әдістемесі 

 

1.1 Отынды пайдалы пайдалану еселеуішін (ППЕ) анықтау.

ППЕ төмендегідей анықталады

 

ППЕ= hқ * hжж* hрет * hтасым                                (1)

 

мұндағы hқ – қондырғының ПӘЕ-і;

hжж – жылу желілеріндегі шығынды есепке алу (ОЖҚ үшін);

hрет – жүктемені реттеуге байланысты шығындарды есепке алу (ОЖҚ үшін);

hтасым – отынды тасымалдау мен сақтауға байланысты шығындарды есепке алу.

Көмірде жұмыс істейтін аудандық қазандық пен ЖЭО-ның hқ орташа мәнін 0,82 деп алу керек, ал ДЖӨҚ ПӘЕ-і – 0,4. hжж шамасы 0,86 (нормативтік) - 0,7 аралығында жатады және есептеу үшін 0,8 деп қабылдау керек. ОеЖҚ зонасында жылу желілері жоқ. Жүктемені реттеуге байланысты отын шығындары hрет - 0,95 деп алынсын. Отынды тасымалдау кезіндегі шығындар оны темір жолмен және автомобильмен жеткізген кезде болады және ОЖҚ үшін  – 0,95, ОеЖҚ үшін – 0,93 деп алынады.

 

1.2            Сұйық және газ тәрізді отынның ППЕ анықтау

 

         Сұйық және газ тәрізді отындармен жұмыс істейтін қазандардың ПӘЕ қатты отынмен істейтіндерден жоғары екені белгілі. Қазандық пен ЖЭО үшін hқ шамасын 0,86, ал ОЕЖҚ үшін – 0,5 деп алу керек. hж және hрес мәндерін қатты отынды пайдаланған кездегідей қабылдау керек. ОЖҚ үшін hтр шамасын – 0,98, ал ОеЖҚ үшін – 0,98 деп алу керек.

 

1.3            Қалалардың отынға қажеттілігін анықтау

 

         Жылудың 1 Гкал алуға кететін отынның меншікті шығыны мына кейіптемемен анықталады

143

Вотын = ---------------------------- ,  ш.о.кг/Гкал.                          (2)

hқ * hжж* hрет * hтр

 

ОЖҚ және ОеЖҚ зоналарында қатты, сұйық және газ тәрізді отында жұмыс істеу кезінде алынған Вотын мәндерінің және 2-кесте  мәліметтері негізінде, облыс қалаларының коммуналды-тұрғын үй шаруашылығына кететін отын шығыны анықталады. ППЕ шамасы келешекте өзгермейді. Есептеулерді шартты отында жүргізу керек және нәтижелерді 1-кестеге енгізу керек.

 

1 Кесте  - ___________облысы қаласының отынға қажеттілігі (мың ш.о.т)

Үрдістер

2010ж

2015ж

2020ж

 

қатты

сұйық

газ

å

қатты

сұйық

газ

å

қатты

сұйық

газ

å

Жылыту

ОЖҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОеЖҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

å

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ыстық су

ОЖҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОеЖҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

å

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі 

1.     Дукенбаев К. Энергетика Казахстана и пути ее интеграции в мировую экономику.- Алматы: Ғылым, 1996.-532 с.

2.     Падалко Л.П., Пекелис Г.Б. Сборник задач по экономике энергетики. – Минск: Высшая школа, 1979.-190 с.

3.     Качан А.Д., Яковлев Б.В. Справочное пособие по технико-экономическим основам ТЭС.-Минск: Высшая школа, 1982.-318 с.

4.     Прузнер С.Л., Златопольский А.Н., Журавлев В.Г. Организация, планирование и управление энергетическим предприятием.-М., 1981.-340 с.

5.     Нормативы численности работников предприятия энергоснабжения. – М.: Минэнерго, 1997.

6.     Организация оплаты труда работников предприятия в условиях либерализации цен и приватизации. – М.: НИИ труда, 1994. – 208 с.

7.     Самсонов В.С., Вяткин М.А. Экономика предприятий энергетического комплекса. - М.: Высшая школа, 2003.-416 с.

8.     Гительман Л.Д., Ратников Б.Е. Эффективная энергокомпания: Экономика. Менеджмент. Реформирование. –М.: ЗАО «Олимп-Бизнес», 2002. -544 с.

9.     Түзелбаев Б.И. Сала экономикасы: Оқу құралы, АЭжБИ: Алматы, 2007. 

10. Экономика и управление в энергетике: Учеб. Пособие под ред. Н.Н. Кожевникова.- М.: Изд. Центр «Академия». 2003г.-346 с

11. Дукенбаев К., Нурекен Е. Энергетика Казахстана. Технический аспект. Алматы, 2001, 312 с.

12.  Жакупов А.А., Бертисбаев Н.Б., Доронин А.В. Исследование рынка электроэнергетики Казахстана. Алматы: 2005.-208с.