Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

 Физика кафедрасы

 

 


ФИЗИКА 1

Әдістемелік нұсқаулар және бақылау тапсырмалары

5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының оқу бөлімінің барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін

 

 

 

Алматы 2010

                ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Тонконогая Л.А., Сыздықова Р.Н. Физика -1. Әдістемелік нұсқаулар және бақылау тапсырмалары. 5В071800 - Электр        энергетикасы  мамандығының   оқу  бөлімінің барлық түрінің         студенттеріне  арналған.- Алматы: АЭЖБУ, 2010. – 40 б.

Әдістемелік жетекші құралда есептеу-графикалық жұмыстарының (ЕГЖ) тапсырмалары және оларды рәсімдеу талаптары (сыртай оқыту бөліміне-бақылау жұмыстары), ЕГЖ-ның  нұсқалары, қолданылатын әдебиеттер көрсетілген

 

Кіріспе 

         Физика курсын оқыту жоғары мектеп түлектерінің инженерлік-техникалық білімінің, дағдысы мен машықтарының іргелі базасын жасайды, олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады.

Курстың негізгі мақсаттары:

         1 Классикалық физика теориялары мен оның  фундаменталды заңдарын, сондай-ақ физикалық зерттеулер әдістерін қолдану арқылы студенттердің біліктіліктері  мен дағдыларын қалыптастыру;

2Студенттердің шығармашылық ой-танымы мен ғылыми дүниетанымын, өзіндік танымдық іс-әрекет дағдыларын және физикалық жағдайларды модельдеу біліктілігін қалыптастыру.

         Физика1 курсы бойынша классикалық физиканың «Механика», «Статистикалық физика және термодинамика», «Электростатика және тұрақты ток», «Электромагнетизм» бөлімдері оқытылады.

         Студенттердің физиканы оқып үйренуде алған білімдері мен біліктіліктері ”Электротехника теориясының негіздері”, ”Электрлік машиналар”, “Электр технологиялық қондырғылар”, “Ауыспалы процестер” сияқты техникалық пәндерді оқуда негіз бола алады.

         Физика1 курсы төрт кредиттен (модулден) тұрады, олардың әрқайсысы үшін студент үш деңгейден (А, В, С - таңдау бойынша) тұратын есептік-графикалық жұмыстарын орындайды.

         Күндізгі бөлім студенттері үшін ЕГЖ нұсқаларының  нөмірін студенттің өзі таңдап, оны машықтандыру сабағын жүргізетін оқытушы бекітеді, ал сытқы бөлім студенттері үшін төменде келтірілген.

        

1.1    Физика 1  пәнін меңгеруге арналған сілтемелер

 

      Берілген пәнді оқып үйренуде ең бастысы классикалық және қазіргі заманғы физиканың негізгі түсініктері мен заңдарын, принциптерін және олардың маңызды салдарын меңгеру.

      «Механика» бөлімінде негізінен мыналарға мән беру қажет:

      -айналмалы және ілгерілемелі қозғалыстардың кинематикалық және динамикалық сипаттамалары мен олардың өзара байланыстары. Мұнда  векторлық алгебра, дифференциалды және интегралды есептеулерді қолдану қажет;

      -консервативті және консервативті емес күштердің ерекшеліктерін қолданып, энергия және жұмыс ұғымдырын түсіну;

      -импулстің, импулс моментінің,  механикалық энергияның  сақталу заңдары және олардың  кеңістік пен уақыттың фундаменталды симметриялық қасиеттерін  бейнелеудегі универсалдылығы;

      -нақты физикалық есептерді шығарудағы сақталу заңдарды пайдаланудық эффектілігі;

      -классикалық физиканы қолдану шегі.

      «Статистикалық физика және термодинамика» бөлімінде макраскопиялық жүйелердің қасиеттерін зерттеудің бір-бірінен сапалық айырмашылықтары бар және  өзара  бірін бірі толықтыратын статистикалық және термодинамикалық екі әдісін міндетті түрде меңгеру. Негізінен статистикалық (Максвелл, Болцман) таралулар мен термодинамика заңдарына, энтропия түсінігі және осыған байланысты  термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық  тұжырымдамасына аса мән беру қажет.

      «Электростатика және тұрақты ток» бөлімінде зарядталған денелердің  әсерлесу кезіндегі  электр өрісінің рөлі, электр өрісінің сипаттамалары (өріс кернеулігі, потенциалы), негізгі теоремалармен өрнектелетін  қасиеттері:

      1) электр өрісінің циркуляциясы;

      2) Гаусс теоремасы.

      «Электромагнетизм» бөлімінде магнит өрісінің сипаттамалары мен қасиеттерін оқып үйренгенде олардың электростатикалық  өріспен  ұқсастығына және айырмашылықтарына мән берудің маңызы зор.

     

1.2    Бақылау жұмыстардың мазмұны мен оны орындауға қойылатын талаптар

        

         Физикалық есептерді шығару  алгоритмі :

         -есептің  мазмұнын мұқият түсініп, қарастырылатын жүйенің (оъектінің) қандай шартта тұрғанын  анықтап, есептің физикалық мағынасын  түсіндіретін сызбалар мен суреттерін салыңыз;

         -берілген жағдайда қандай физикалық заңдарды қолдануға болатынын ойланыңыз және олардың  жалпы өрнегін жазып, берілген есепке қолданыңыз. Өрнектегі әр  белгінің мағынасын ашып көрсетіңіз;

         -есепті жалпы түрде шығарып, ізделінген шаманы өрнектейтін есептеу  формуласын алыңыз. Берілген сандық мәндерді  тек осы есептеу формуласына қойып шешіңіз;

         -формуладағы барлық шамалардың өлшем бірліктерін  бірдей (СИ) бірліктер жүйесіне келтіріңіз;

         Әр  есептеу-графикалық жұмысы және бақылау жұмысы  жеке (мектеп) дәптерде немесе компьютерде теріліп жазылады. Мұқабасында кафедра, пән аты,  жұмыстың нөмірі мен  нұсқасы, жұмысты орындаған және тексерген адамдардың аты-жөні, тексеруге берілген  уақыты көрсетілуі керек.

         Мысалы- «Физика1» пәні бойынша ЕГЖ № 1, М1(Бақылау жұмысы  № 1) БЭк-09-01 тобының студенті  Мырқымбаев А.Р. 12  нұсқа (шифр 225321-сыртқы бөлім студенттері үшін).

         Жұмыс мұқият, таза орындалуы тиіс, суреттерді және сызбаларды  салуда қарындаш пен сызғышты  қолдану керек.

         Есептің  берілгендері қысқартылмай толығымен көшіріледі. Сонан кейін  жалпыға мәлім символдық  белгілеулер арқылы қысқаша ‹‹Берілгені››  деген сөзбен бастап көркемдеу  керек. Әр есептің  шығарылуында  қолданылған  физикалық  заңдар мен принциптердің мағынасын  ашып көрсететін түсініктеме  сөздер міндетті түрде  жазылуы  тиіс. Есеп жалпы түрде шығарылғаннан кейін, яғни жауабы  есептелу  формуласы түрінде  алынғаннан кейін,    жуықтап  есептеу  ережелеріне  сәйкес есептеулер жүргізіледі. Ізделінген шаманың өлшем бірлігі көрсетілуі тиіс. Жауаптың  сан  мәнін алған соң, оның  дұрыстығын тексеру керек, кейде осылай тексеру  алынған нәтиженің  қате екенін көрсетеді.

         Оқытушының ескертулері жазылылытын  арнайы орын қалдырыңыз.

         Жұмыс соңында  физиканы  оқып үйренуде қандай оқулықтар немесе оқу құралдары қолданылғанын міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

          Сыртқы бөлім студенттері бақылау жұмыстарын жоғарыда көрсетілген талаптар бойынша рәсімде, электронды  түрінде жіберулеріне болады. Егер жіберілген жұмыс қабылданбаса, студент қателерімен жұмыс жасап, оны қайта жіберулері тиіс. Бақылау жұмысын қабылдайтын оқытушы керек болған жағдайда студентті әңгімелесуге шақыруы мүмкін.

 

1.2.1    Сыртқы бөлім студенттерінің бақылау жұмыстарының нұсқасын таңдап алу ережесі.

 

         Курстің әр бір кредитіне (модуліне) 10 нұсқадан тұратын екі кесте келтірілген. Нұсқа  нөмірі  студенттің  шифрінің (сынақ кітапшасының нөмірінің)  соңғы екі санымен төмендегідей анықталады:

-         егер соңғы сан тақ болса есептер нөмірі 1- ші кестеден, ал жұп болса 2-ші кестеден алынады;

-         шифрдің соңғы саны  сәйкес кестедегі нұсқасын көрсетеді.

        

         1.2.2  Есеперді  шығару және рәсімдеу  мысалдары

 

Радиусы R=1, біркелкі зарядының сызықтық тығыздығы t=20 нКл/м болатын ұзын   цилиндр айналасында электр өрісі пайда болады. Осы өрістің цилиндрдің  бетінің ортаңғы бөлігінен  және   қашықтықта орналасқан екі нүктесінің потенциалдар айырымын анықтаңыз.

Берілгені:             Шешімі:

R=1 см                Потенциалдар айырымын анықтау үшін

t=20 нКл/м          өріс кернеулігі мен потенциалының

          өзгеруі арасындағы     

             байланысты пайдаланамыз.

______________________

                                            

Цилиндр  айналасындағы өріс үшін бұл қатынастар былай жазылады  

 

 

немесе

 

Осы өрнекті интегралдап цилиндр осінен   және   қашықтықтардағы нүктелердің потенциалдар айырымын анықтауға болады  :

 

                                                                       (1)

 

Цилиндр ұзын болғандықтан, оның орта шетіне жақын нүктедегі өріс кернеулігін анықтау үшін шексіз ұзын цилиндр тудыратын өріс кернеулігінің өрнегін қолдануға болады:

 

                                      .

 

Осы өрнекті  (1) формулаға қойып, алатынымыз:

 

                                     

 

немесе                                                             (2)

        

         мұндағы   ; .

         Қорытқы (2) өрнегіне r1,  r2 шамаларын ескерере отырып, мәндерін қойып, есептеулер жүргіземіз:

                                      .

 

         Жауабы:     .

 

1 кесте- ЕГЖ  № 1, М 1

Деңгей

Нұсқа

Байпақбаев Т.С., Майлина Х.Қ. «Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағы».-А.,

Волькенштейн В.С. «Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағы».-М.,

А қосымшасы

 

А

1

1.1, 1.27, 2.3, 2.26, 3.38

 

1,6

2

1.2, 1.28, 2.4, 2.29, 3.21

 

2,11

3

1.10, 1.45, 3.18, 3.62

3.6

3,8

4

1.43, 1.48, 2.41, 3.53

3.7

4,18

5

1.4, 1.30, 3.46

2.108, 3.8

5,9

6

1.6, 1.31, 2.5, 2.40, 3.57

 

10,19

7

1.6, 1.32, 2.43, 3.39, 3.58

 

7,15

8

1.7, 1.33, 2.50, 3.3, 3.59

 

12,17

9

1.8, 1.42, 2.45, 3.10, 3.56

 

13,16

10

1.9, 1.43, 3.12, 3.40

2.38

14,20

В

11

1.50, 2.6, 2.31, 3.26, 3.71

 

23,37

12

2.7, 2.32, 3.27, 3.72

3.15

25,38

13

1.36, 2.8, 3.28, 3.73

3.8

21,24

14

1.37, 2.10, 3.34, 3.69

3.12

22,35

15

1.38, 2.30, 3.35(1)

2.19, 2.67

26,39

16

1.40, 2.38, 3.35(2)

2.89, 3.24

28,40

17

1.41,2.50(2), 3.11(1),3.36

2.36

32,42

18

1.44, 2.39, 3.11(2), 3.65

2.43

31,36

19

1.46, 2.36, 3.11(3), 3.66

2.108

34,41

20

1.47, 3.13, 3.35(3)

2.59, 2.73

33,41

21

1.48, 3.19, 3.42

2.71, 2.92

30,43

22

1.49, 2.35, 3.24, 3.41

2.91

27,29

С

23

1.17, 2.15, 3.47, 3.63

2.24

45,53

24

1.19, 2.16, 3.48, 3.67

2.26

46,48

25

1.22, 2.14, 3.49, 3.75

3.25

49,52

26

1.24, 2.12, 3.45, 3.74

3.24

47,51

27

1.23, 2.11, 3.44

2.112, 3.27

50,54

 

                                                   

 

№1 Бақылау жұмысы (сыртқы бөлім үшін)

1 кесте – Бақылау жұмыс тапсырмаларының нұсқалары (тақ)

Нұсқа

Есеп нөмірі (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

А қосымшасы

0

1-33

2-76

3-22

3-31

5-21

1; 6

1

1-26

2-57

3-24

3-44

5-3

2; 11

2

1-32

2-78

3-28

3-30 (1)

5-34

3; 8

3

1-16

2-59

3-27

3-38

5-5

4; 18

4

2-5

2-72

3-26

3-50

5-12

5; 9

5

2-18

2-75

3-23

3-29

5-29

10; 19

6

2-3

2-60

3-25

3-36

5-30

7; 15

7

1-35

2-77

3-19 (2)

3-35

5-41

12; 17

8

2-9

2-74

3-21

3-33

5-13

13; 16

9

2-7

2-79

3-20 (2)

3-34

5-10

14; 20

 

2 кесте Бақылау жұмыс тапсырмаларының нұсқалары (жұп)

Нұсқа

Есеп нөмірі (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

 А  қосымшасы

0

2-2

2-71

3-22

3-29(1)

5-20

14; 20

1

2-7

2-86

3-27

3-53

5-4

12; 17

2

2-6

2-61

3-20(1)

3-50

5-41

10; 19

3

1-15

2-73

3-24

3-34

5-3

4; 18

4

1-31

2-83

3-25

3-55

5-18

2; 11

5

2-18

2-61

3-28

3-29(2)

5-29

1; 6

6

2-9

2-77

3-20(3)

3-35

5-10

3; 8

7

2-5

2-58

3-19(3)

3-31

5-27

5; 9

8

1-16

2-74

3-19(1)

3-38

5-21

7; 15

9

1-36

2-67

3-21

3-49

5-32

13; 16

 

 

А қосымшасы

 

А.1 Инерциалды санақ жүйелері деп нені айтады? Материялық нүктенің кинематикалық қозғалысының негізгі сипаттамаларын атаңыз және оларды екі топқа жүйелеңіз: 1) инвариантты шамалар; 2) инвариантты емес шамалар. (Релятивистік емес қозғалыстар үшін ).

А.2 Жер серігі Жерді эллипстік орбита бойымен айналып қозғалады. Суретте қозғалыс бағыты тілшемен көрсетілген. 1, 2, 3 нүктелері үшін серікке әсер етуші  күштің бағытын және оның  толық үдеуінің бағытын көрсетіңіз. Осы нүктелердегі  шамасының таңбасы қандай болады?

А.3 Дене  бастапқы жылдамдықпен көкжиекке a бұрыш жасап лақтырылды. Ауаның кедергісі елеусіз аз.  Дененің траекториясын салыңыз, қозғалыстың бастапқы кезіне, жоғары көтерілу нүктесіне, қозғалыстың соңына сәйкес келетін траектория нүктелеріндегі  нормаль және  тангенциал үдеулердің векторларын көрсетіңіз. Осы нүктелердегі шамалары неге тең?


А.4 Суреттегі u(t) жылдамдыққа сызбасына сәйкес келетін S(t) жолдың, a(t) үдеудің сызбаларын тұрғызыңыз.

А.5 Нүкте тұрақты нормал үдеумен тарқатылған спираль бойымен қозғалады. Осы жағдайда нүктенің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтары қалай өзгереді?

А.6 Ұшақ солтүстік жарты шардан мередиан бойымен  оңтүстікке қарай қозғалып барады. Жердің тәуліктік айналуы ұшақтың қозғалысына әсер ете ме? Жауабыңызды нақтылап жазыңыз.

А.7  Консервативті күштер түсінігін тұжырымдап, мысал келтіріңіз.

А.8 Жалпы жағдайда қатты дененің қозғалысы қанша теңдеумен сипатталады? Қатты дененің қозғалыс теңдеулерін жазып, мысалдар келтіріңіз.

А.9 Ньютонның үш заңының арасында қандай логикалық байланыс бар? Ньютонның бірінші заңын екінші заңының салдары ретінде қарастыруға бола ма?

А.10 Аз және шекті орын ауыстыруларда күштің жұмысы қалай өрнектеледі? F(S) графигінен жұмысты анықтауға бола ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

А.11 Масса мен абсолют қатты дененің инерция моментінің  ұқсастықтарын көрсетіңіз.

А.12 Күштердің әсерлесуінің тәуелсіздік заңын түсіндіріңіз. Күштердің суперпозиция принципін тұжырымдаңыз.

А.13 Ағысқа қарсы жүзген адам үлкен кедергінің әсерінен  жағаға қатысты орын ауыстырмайды. Осы жағдайда адам қандай да бір жұмыс жасай алды ма? Егер адам жүзбей, судың бетінде ағыспен бірге қозғалып, орнын ауыстырса ше?

А.14 Инерция күштерін қарастыру қажеттілігі қай кезде және қалай пайда болады? Мысалдар келтіріңіз.


А.15 Массасы m2 , жылдамдығы  шар тыныштықта тұрған массасы m1 шарға соғылады. Соқтығысқаннан кейінгі шарлардың  және  жылдамдықтарының бағыттары А.3 суретте көрсетілгендей болуы мүмкін бе? Егер жылдамдықтардың бағыттары дұрыс көрсетілді деп есептесеңіз, a бұрышының шартын тұжырымдаңыз.

А.16  Қандай өрістер а) потенциалды; б) потенциалды емес болып табылады? Мысал келтіріңіз.

А.17  Егіздер парадоксы дегеніміз не және бұл парадокстың шешімі қандай?

А.18 Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңын жазып, одан жылдамдықтарды қосудың классикалық заңын шығарыңыз. Мысал келтіріңіз.

А.19 Масса мен энергияның арасындағы байланыстың физикалық мағынасы неде? Осы жағдайда масса нені анықтайды?

А.20 Нүктенің винттік сызық бойымен қозғалғандағы жылдамдығы мен үдеуі туралы не айтуға болады?  Жауабыңызды сурет арқылы түсіндіріңіз.

А.21 Вертикаль орналасқан шеңбердің диаметрі және хордасы бойымен АВ және АС науалардан бірмезгілде массалары бірдей m бастапқы жылдамдықсыз екі дене сырғанайды (А.4 суретті қара): а) денелердің АВ және АС науалары бойымен түскен уақытын; б) соңғы нүктелеріндегі жылдамдықтарын салыстырыңыз. Үйкеліс ескерілмейді.

А.22 Бөлшектің нормаль үдеуі модулі бойынша тұрақты. Тангенциал үдеудің қозғалыс бағытына проекциясы: а) нөлге тең; б) оң; в) теріс болған жағдайлардағы бөлшектің траекториясының пішіні қандай болады?

А.23 Гравитация және инерция күштерінің ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз. Инерция күштері ескерілетін жағдайларға мысалдар келтіріңіз.

А.24 Инерциялық емес санақ жүйелерінде неге инерция күштерін ескеру керек? Олардың денелер арасындағы кәдімгі әсерлесу күштерінен айырмашылығы қандай?

А.25 Математикалық маятниктің шекті қалпындағы жібінің керілу күшінің модулін конустық маятник жібінің керілу күшінің модулімен салыстырыңыз. Жіптердің ұзындығы, денелердің массасы, маятниктердің ауытқу бұрышы бірдей.

А.26 Материялық нүктенің қозғалысы x=at3, y=bt теңдеулерімен берілген, мұндағы a, b-const. Нүктеге әсер етуші күштер: а) модулі бойынша; б) бағыты бойынша өзгере ме?

А.27 Абсолют қара денені инерция моментінің бір ғана тұрақты мәнімен сипаттауға бола ма? Неліктен? Инерция моментінің физикалық мағынасы қандай?

А.5 сурет

 
А.28 Радиусы R диск горизонталь жазықтықта сырғанаусыз  домалап келеді (А.5 суретті қара). Оның центрінің  қандай да бір уақыттағы жылдамдығы , ал үдеуі  болсын. Осы уақыт мезетіндегі жоғарғы А нүктедегі  үдеуін табыңыз.  үдеуінің суретін көрсетіңіз.                                                                  

А.29 Неге тік дөңгелеп келе жатқан тиын түзу сызықты, ал қисайып дөңгелеп келе жатқан тиын қисық сызықты қозғалады?

А.30 Неге бильярд шарының төменгі жағынан соққанда  кемімелі, ал жоғарғы жағынан соққанда үдемелі қазғалыс жасайды?


А.31 Зырылдауық А6 суреттегі көрсетілген бағыт бойынша айналады. Зырылдауықтың прецессиясы қандай бағытта болады?

А.32. Денемен жасалынған жұмыс таңдап алынған санақ жүйесіне байланысты бола ма? Бұл жұмыс пен кинетикалық энергияның байланысы туралы теоремаға әсер ете ме?

А.33 Нүктелік массаның а) біртекті ауырлық өріс үшін; б) гравитациялық өрісі үшін, тұрақты потенциалдық энергияның беттерін суретке салып, қандай да бір алынған нүктедедегі  күш  пен  градиенттің бағытын көрсетіңіз.

А.34 а) ; б)  өрістері үшін тепе-теңдік қалпын анықтаңыз (мұндағы а – тұрақты оң шама) және олар орнықты бола ма? Жауабыңызды U(r),  Fr(r) функция сызбалары арқылы түсіндіріңіз.

А.35 Бір-біріне “жақын” орналасқан 1 және 2 нүктелерде бөлшектің потенциалдық энергиялары  U1=5 Дж, U2=5,1 Дж. Нүктелердің ара қашықтығы r=1 см. Осы берілгендер бойынша: а) күштің 1 және 2 нүктелерді қосатын түзуге проекциясын; б) осы нүктелердің  аймағындағы бөлшекке әсер ететін күшті анықтаңыз?

А.36 а) ; б) ?  күштер консервативті  бола ма? Егер күштерді консервативті болады деп есептесеңіз, U(x,y,z) потенциалдық энергияны анықтаңыз.

А.37 Массалары бірдей (m1= m2 ) екі дененің центрлік серпімді соқтығысуы кезінде бір-бірімен  жылдамдық алмасуын дәлелдеу керек.

А.38  жылдамдықпен ұшып келе жатқан массасы m1 дене тыныштықта тұрған массасы m2 денеге соғылған кезде болатын абсолют серпімді соққыдан кейінгі денелердің жылдамдықтарының формулаларын қорытып шығарыңыз. Қандай жағдайда ұшып келе жатқан дене а) өзінің бастапқы бағыты бойынша қозғалысын жалғастырады; б) кері бағытта қозғалады? Мысалдар келтіріңіз.

А.39  жылдамдықпен ұшып келе жатқан массасы m1 дене тыныштықта тұрған массасы m2 денеге соғылған кезде болатын абсолют серпімсіз соққыдан кейінгі денелердің жылдамдықтарының формулаларын қорытып шығарыңыз. Алынған нәтижені келесі жағдайлар үшін талдаңыз: а) m1>> m2; б) m1<< m2.

А.40  Шегені қандай балғамен қаққан оңайға түседі: жеңілмен бе әлде ауырмен бе? Бағана қағуға арналған балға бағанадан ауыр болу керек пе, әлде жеңіл болу керек пе? Жауабыңызды есептеулер арқылы дәлелдеңіз.

А.41  Жуковский орындығының центрінде тұрған адамның қолына вертикаль орналасқан оське киілген айналып тұрған дөңгелекті береді. Әуелі адам айналып тұрған дөңгелекті басынан жоғары ұстап тұрды, сонан соң дөңгелектің осін  180°-қа бұрды. Орындық қандай бағытта айналып қозғалады?

А.42 Релятивистік динамикада күш пен оның денеге беретін үдеуінің бағыттарының сәйкес келмеуіне қандай факторлар әсер етеді?

А.43Жылдамдығы -u Жерге бағытталған жарық кванты  жерге неге с+u жылдамдықпен  емес, с-жылдамдықпен жақындайды.

А.44 Дененің g -еркін түсу үдеуінің j-ендік көлбеулікке байланысын тауып, g(j) сызбасын табыңыз (А.7-суретті қара).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            А.7 сурет

А 45 Адам трамплиннен секіріп, ауада дөңгеленіп бүктетіле, бірнеше толық айналым жасайды, сосын суға құлар алдында денесін түзетеді. Осы кездерде а) оның массалық центрі қандай траектория жасайды? б) қандай сақталу заңдары орындалады? в)  қозғалыс кинематикасын сипаттаңыз. (массалық центрдің сызықтық және айналудың бұрыштық жылдамдықтарының өзгеру сипаты).

А.46 Жер серігі атмосфера шекарасында ауа кедергісінің әсерінен өзінің энергиясын жоғалта бастайды. Серіктің толық энергиясының азаю шамасына қарай оның жылдамдығы қалай өзгереді?

А.47 Қандай физикалық шамалар инвариантты болып табылады? Классикалық және релятивистік механикалар үшін мысалдар келтіріңіз.

А.48 Сақина бойынша сұйық тамшысы ағады. Осы кезде сақинаның центрі арқылы өтетін және сақина жазықтығына перпендикуляр оське қатысты сұйықтың инерция моменті қалай өзгереді?  r<<R екенін ескеру керек,  r – сұйық тамшысының радиусы, R –  сақина радиусы (А.8 суретті қара).

А.49 Горизонталь жазықтықта массасы m жіп орамы жатыр. Оның өз осіне қатысты инерция моменті I. Оралған жіп қабатының радиусы r, шарғының сыртқы радиусы R. Шарғыны  жіптің бір ұшынан сырғанаусыз горизонтқа  a бұрыш жасап бағытталған  тұрақты күшпен тарта бастады. Орамның қозғалыс теңдеулерін жазыңыз.

А.50 Массасы m біртекті тұтас цилиндр  горизонталь орналасқан екі білеудің үстінде жатыр (А.9 суретті қара). Цилиндрге жіп оралған, жіптің бір ұшына вертикаль бағытталған тұрақты  күш әсер етеді. Цилиндрдің қозғалыс теңдеулерін жазыңыз.

А.51 Тегіс горизонталь жазықтықтың бетінде массасы m2 дененің үстіне горизонталь осьте  еркін айналып тұратын массасы m1 біртекті тұтас цилиндр орнатылған (А.10 суретті қара). Цилиндрге салмақсыз жіп тығыз оралған, ал жіптің бір ұшына горизонталь бағытталған тұрақты  күш түсірілді. Осы жүйенің қозғалыс теңдеулерін жазыңыз.

 


А.52 Кішкене шар дөңгелек вертикаль науа бойынша айналып қозғалады. Шар дөңгелек траекториямен бір айналым жасағандағы: а) нормаль реакция күшінің; б) ауырлық күшінің; в) үйкеліс күшінің жұмыстарын салыстырыңыз.

А.53 Көлбеу жазықтық бойымен төмен қарай массалары мен радиустары бірдей үш дене: іші қуыс цилиндр, шар және тұтас цилиндр сырғанайды. Қай дене жылдам сырғанайды? Егер денелердің массалары әртүрлі болса не өзгереді? Радиустары әртүрлі болса ше? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

А.54 Тәжірибе барысында релятивистік бөлшектің импульсі мен энергиясы анықталды. Оның жылдамдығы мен массасын анықтаңыз.

  

2            кесте - ЕГЖ №2, М2

Деңгей

Нұсқа

Байпақбаев Т.С., Майлина Х.Қ. «Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағы».-А.,

Волькенштейн В.С. «Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағы».-М.,

Б қосымшасы

 

А

1

4.1, 4.7, 5.2, 6.1, 6.51

 

3,18

2

4.2, 4.8, 6.3, 6.52

5.115

2,15

3

4.10, 6.4, 6.53

5.119, 5.225

4,20

4

4.11, 6.5, 6.33

5.196, 5.226

1,11

5

4.12, 4.30, 6.2, 6.15

5.197

7,16

6

4.14, 4.31, 6.26, 6.66

5.198

5,19

7

4.15, 4.35, 6.28, 6.69

5.218

6,13

8

4.16, 4.36, 6.30, 6.72

5.217

8,12

9

4.28, 4.39, 6.31

5.140, 5.216

10,17

10

4.29, 4.39, 6.31

5.125, 5.222

9,14

В

11

4.47, 5.1, 6.6, 6.58

5.229

21,33

12

4.48, 5.3, 6.42, 6.57, 6 67

 

22,34

13

4.50, 5.4, 6.45, 6.59, 6.68

 

23,35

14

4.51, 5.5, 6.46, 6.60, 6.70

 

24,37

15

4.53, 5.6, 6.47, 6.61, 6.71

 

25,36

16

6.75, 6.64

5.179, 5.219, 5.13

26,38

17

5.16, 6.65

5.19, 5.184, 5.220

27,40

18

5.17

5.14, 5.64, 5.187, 5.221

28,39

19

 

5.77, 5.84, 5.188, 5.223, 5.95

29,41

20

 

5.70, 5.89, 5.96, 5.189

30,42

21

 

5.81, 5.97, 5.102, 5.191, 5.230

31,43

22

 

5.80, 5.82, 5.94, 5.193, 5.219

32,44

С

23

4.54,5.13,6.48, 6.63, 6.74

 

45,50

24

5.8, 5.17, 6.49, 6.62

5.230

46,52

25

5.14, 6.50, 6.65

5.228, 5.70

47,53

26

5.7, 6.54

5.178, 5.229, 5.101

48,51

27

5.9, 6.56

5.79, 5.185, 5.231

49,54

 

№2 Бақылау тапсырмалары (сыртқы бөлім үшін)

1 кестеБақылау тапсырмаларының нұсқалары (тақ)

нұсқа

Есеп номері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

Б қосымшасы

0

9-2

10-12

11-21

11-64

10-55

1; 32

1

9-16

10-1

11-23

11-68

10-66

2; 28

2

9-19

10-4

11-33

11-65

10-65

3; 29

3

9-17

10-6

11-40

11-52

10-51

4; 30

4

9-8

10-11

11-50

11-66

10-63

5; 31

5

9-27

10-7

11-18

11-69

10-61

7; 33

6

9-29

10-20

11-17

11-61

10-49

6; 34

7

9-30

10-26

11-41

11-70

10-50

8; 39

8

9-18

10-8

11-20

11-63

10-64

9; 36

9

9-15

10-17

11-16

11-54

10-67

10; 37

 

2 кестеБақылау тапсырмаларының нұсқалары (жұп)

нұсқа

Есеп нөмірі (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

Б қосымшасы

0

9-15

10-4

11-36

11-62

10-49

10; 37

1

9-20

10-20

11-37

11-68

10-64

8; 39

2

9-30

10-6

11-32

11-66

10-50

7; 33

3

9-19

10-8

11-22

11-72

10-55

4; 30

4

9-28

10-1

11-30

11-53

10-67

2; 28

5

9-29

10-10

11-39

11-60

10-52

1; 32

6

9-27

10-17

11-24

11-71

10-63

3; 29

7

9-18

10-11

11-28

11-64

10-61

5; 31

8

9-8

10-18

11-35

11-69

10-51

6; 34

9

9-7

10-26

11-34

11-54

10-65

9; 36

  

Б қосымшасы

 

Б.1 Есепте берілген шамалар бойынша газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын есептеуге бола ма: а) М-мольдік массасы берілген, газ молекуласының массасын; б) р-газ қысымы, М-мольдік массасы берілген, n-газ концентрациясын; в) m-газ массасы, V-газ көлемі, M-газдың мольдік массасы берілген, молекулалардың орташа ара қашықтығын. Жауабын түсіндіріңіз.

Б.2 Газдың қысымы р оның тығыздығына  тура пропорционал болған жағдайда, газ қысымын арттырсақ, молекуланың жылулық жылдамдығы өзгере ме? Себебін түсіндіріңіз.

Б.3 Газдың қысымы . Қандай изопроцестерде n өсуімен қатар <Wілг> өседі? Жауабын түсіндіріңіз.

Б.4 Массасы тұрақты қандай да бір газ бір тепе-теңдік күйден екінші күйге көшеді. Молекулалардың жылдамдықтары бойынша таралу графигінде: а) Максвелл таралу қисығының максимумының орны; б) осы қисықтың ауданы өзгере ме? Егер өзгерсе,  неліктен?

Б.5 Газдың тығыздығын  және молярлық массасын М біле отырып, көлем бірлігіндегі молекула санын табыңыз. Бұл физикалық шама қалай аталады?

Б.6 Қалыпты атмосфералық қысымдағы оттегін тығыздығы қалыпты жағдайдағы азоттың тығыздығына тең болу үшін, қандай температураға дейін  қыздыру керек?

Б.7 Массалары  және оларға сәйкес молярлық массалары  әртүрлі идеал газдан тұратын қоспа берілген. Осындай қоспаның күй теңдеуін мына теңдеумен     өрнектеуге болатынын көрсетіңіз, мұндағы - қоспаның массасы. М-ді тауып, оның нені анықтайтынын түсіндіріңіз.

Б.8 Жерден жоғары қарай көтерілген сайын, атмосферадағы N2 молекула сандарының O2 молекула сандарына қатынасының өсуін түсіндіріңіз?

Б.9 Шарль заңын молекула-кинетикалық теория тұрғысынан және орташа кинетикалық энергия мен абсолют температураның байланысы арқылы  түсіндіріңіз.

Б.10 Гей-Люссак заңын молекула-кинетикалық теория тұрғысынан және орташа кинетикалық энергия мен абсолют температураның байланысы арқылы   түсіндіріңіз.

Б.11 Изотермиялық, изобаралық және изохоралық процестер үшін, идеал газ тығыздығының температураға тәуелділік графигін сызып, оларды түсіндіріңіз.

Б.12 Егер газды тез қыссақ (мысалы, поршеньді сығу), онда оның температурасы өседі. Поршень астындағы газдың көлемін үлғайтсақ, газ салқындайды. Температураның өзгеруін молекула-кинетикалық теория тұрғысынан түсіндіріңіз. Молекулалардың қозғалыстағы поршеньмен соқтығысуын ескеріңіз.

Б.13 Күшті жел кезінде ауа жылдамдығы үлкен болса да, ол неге қызбайды ?

Б.14 Жылдамдықтың  айнымалы шамасынан =/ық айнымалы шамасына өте отырып, Максвелдің таралу функциясын түрлендіріңіз, мұндағы ық- молекулалардың ең ықтимал жылдамдығы.

Б.15 а) изобаралық; б) изотермиялық процестерде газ көлемін үлғайтсақ динамикалық тұтқырлық  қалай өзгереді?

Б.16 Изотермиялық ұлғаю кезінде а) молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы; б) молекулалардың орташа еркін жүру жолы неге және қалай өзгереді?

Б.17 Газ жабық ыдыста тұр. а) 1 с уақыт ішіндегі молекуланың басқа молекулалармен соқтығысуының орташа саны; б) молекуланың орташа еркін жүру жолы - молекулалардың жылулық қозғалысының орташа жылдамдығынан тәуелді бола ма және неліктен?


Б.18 Суреттегі (Б.1суретті қара) түзулердің қайсысы молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығының температураға тәуелділігін логарифмдік масштабта дұрыс көрсетілген? Жауабын түсіндіріңіз.

Б.19 Газ молекуласының еркін жүру жолының орташа ұзындығының өзгерісін түсіндіріңіз: а) изобаралық қыздырғанда; б) қысымын изотермиялық арттырғанда. Молекуланың әсерлік диаметрі тұрақты. Молекуланың еркін жүру жолының орташа ұзындығының температураға тәуелді графигін құрыңыз

  < l >=< l >(T).

Б.20 Газды изохоралық қыздырған кезде, мынадай физикалық шамалардың қалай өзгеретінін түсіндіріңіз: а) молекулалардың орташа соқтығысу уақыты; б) молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Молекуланың әсерлік диаметрі тұрақты. Молекулалардың орташа соқтығысу уақытының және еркін жүру жолының орташа ұзындығының температураға байланысты графигін сызыңыз.

Б.21 Молекула-кинетикалық теория негізінде жатқан тәжірибелік фактілерді атаңыз.

Б.22 Молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзындығының өрнегін  қорытқанда неге молекулалардың жылдамдығы соқтығыстан кейін де сақталады деп алады?

Б.23 Максвелл және Больцманның таралу заңдарын қолданып, не себептен Айда атмосфера болмайтынын, ал Жерде атмосфераның шашырау жылдамдығы өте аз екенін түсіндіріңіз.

Б.24 Ыдыс кеуек қабат арқылы тең екі бөлікке бөлінген. Бөліктердегі ауаны сорып алғаннан кейін, олардың біреуін сутегімен, екіншісін азотпен толтырды. Екі газдың р0 бастапқы қысымдары бірдей. Ыдыстың әр бөлігіндегі қысымның уақыт бойынша өзгеру графигінің сызбасын салыңыз.

Б.25 Еркін жүру жолының орташа ұзындығыны.  Газ молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзындығын азайтатын бірнеше әдістерді келтіріңіз. Б.26 Идеал газдың молекулаларының жылдамдық бойынша таралуы туралы Максвелл заңы. Максвеллдің жылдамдық бойынша таралу қисығы ассиметриялы болып келеді. Бұл нені білдіреді?

Б.27 Тасымалдау құбылыстары, кейбір жағдайда тасымалдау құбылысын “үш ұқсастық” деп атайды. Фик, Фурье, Ньютон заңдарын біріктіретін тасымалдау теңдеуін жазып, түсіндіріңіз.

Б.28  Идеал газы үшін Cp-Cv=R болатындығын түсіндіріңіз. R-ң физикалық мағынасы қандай?

Б.29 Газдың i=5, P,V параметрлері берілген жағдайда мынадай физикалық шамаларды есептеуге бола ма: а) газдың толық ішкі энергиясын; б) молекулалардың ілгерілемелі қозғалыс энергиясын; в) CV; г) CP? Жауабын түсіндіріңіз.

Б.30 Белгісіз газ берілген. Егер  а) P, V, T, m;  б) P  T, ; в) CV , берілсе, оның қандай газ екенін анықтауға бола ма және қалай? Газ үшін жылу сыйым-

дылықтардың классикалық теориясын қолдануға болады.

Б.31 Неліктен  адиабата көрсеткіші әрдайым бірден үлкен болады? Дәлелдеңіз.

Б.32 Жылу алмаспайтын жүйе көлемін өзгертпей, бір термодинамикалық тепе-теңдік күйден  екінші күйге көшеді. Осы кезде а) жүйенің энтропиясының азаюы; б) ішкі энергиясы кемуі; в) жүйенің оң жұмыс жасауы мүмкін бе? Түсіндіріңіз.

Б.33 Бірінші газ изотермиялық ұлғаяды, сосын бастапқы көлемге дейін адиабаталық сығылады. Газдың энтропиясы қалай өзгереді? Түсіндіріңіз.

Б.34 Термодинамикалық жүйенің жұмысы және осы жүйеге істелетін жұмыстың физикалық мағынасын түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.

Б.35 Карно циклі. Карно циклінің П.Ә.К.-і: а) изотермиялық қисықтың орналасуына; б) адиабата қисығының орналасуына; в) жұмыстық дененің тегіне тәуелді ме?

Б.36 Қайтымды процесс пен жүйе күйінің ықтималдылығы бір-бірімен қалай байланысқан? Мысалдар келтіріңіз.

Б.37 Жабық ыдыстағы бір моль газды қыздырады. Газ энтропиясының өзгерісін салыстырыңыз, егер газ: а) бір атомды; б) екі атомды болса. Екі жағдайда да газдың бастапқы және соңғы температуралары бірдей.

Б.38 Термодинамиканың екінші бастамасы. Нақты жағдайларда өздігінен ұлғаюдан, кедергіден, жылулық шашыраудан құтылу мүмкін емес. Осы біржақты процестерге тән жалпы белгілер қандай? Түсіндіріңіз.

Б.39 Реттіден ретсізге ауысатын табиғи процестерге (өздігінен жүретін) мысал келтіріңіз. Кері процестерді алу жолдарын талқылаңыз.

Б.40 Цилиндр ішінде күй параметрлері бірдей әртүрлі екі газ бар. Біріншісі бір атомды, екіншісі – екі атомды. Бірінші олар бірдей дәрежеде изотермиялық түрде, соңынан адиабаталық түрде ұлғаяды. Изотермиялық ұлғаю кезінде газдардың қайсысы көп жұмыс жасайды? Неге? Адиабаталық ұлғаюда – қайсысы? Неге? P-V диаграммасында осы процестерді көрсетіңіз.

Б.41 Тұйықталған жүйеде қайтымсыз және қайтымды  процестерде  энтропия өзгеруінің айырмашылығы қандай?  Жауабыңызды мысал келтіріп түсіндіріңіз.

Б.42 Келесі процестерде газ 1 –ші бастапқы күйден 2-ші соңғы күйге көшеді: а) изотермиялық; б) изобаралық; в) изохоралық. Осы процестерді график түрінде қарастырып: 1) қай процесте ұлғаю жұмысы ең көп; 2) қай процесте газға ең көп жылу мөлшері берілгенін анықтаңыз.

Б.43 Термодинамикада энтропия – ретсіздіктің өлшемі деп тұжырымдайды. Неге? Мысал келтіріңіз.

Б.44 Газда а) изохоралық қыздыру; б) адиабаталық сығылу процестері жүреді. Бастапқы температуралары бірдей. а) жағдайдағы жұтылған жылу мөлшері  б) жағдайдағы газдың жұмысына тең. Екі жағдайдағы газдың соңғы температураларын салыстырыңыз.

Б.45 T-S –диаграммасын қолданып, қайтымсыз циклдың термиялық ПӘК-і әрқашан да Карно циклінің  ПӘК-інен аз болатындығын көрсетіңіз.


Б.46 Суретте АВС графигі түрінде берілген газдың тепе-теңдік процесінде А және С нүктелері адиабата қисығында жатыр. Бұл процесте мынадай шамалар нөлден өзгеше ме: а) газдың жұтатын жылу мөлшері;б) энтропияның өзгерісі ?

Б.47 Газ қайтымды түрде ұлғаяды: а) изотермиялық; б) изобаралық; в) адиабаталық. Барлық процестерде бастапқы және соңғы көлемдері бірдей. Қай процестерде энтропияның өзгеруі максимал немесе минимал болады?

Б.48 Процесс энтропиясы температураға байланысты сызықты өседі. Осы процестің жылу сыйымдылығының температураға тәуелділігі қандай  болады? Жауабыңызды тікелей есептеулер және өлшем бірліктерін талдау арқылы дәлелдеңіз

Б.49 Идеал газ жылу сыйымдылығының классикалық және кванттық теориясының айырмашылығы қандай?

Б.50 Процесс кезінде энтропияның толық өзгерісі осы процестің қайтымсыздық мөлшері деп айтуға болады. Қайтымды процесс үшін DS=0 екенін біле отырып, осы тұжырымдаманың неге дұрыс екенін түсіндір.

Б.51 Термодинамиканың екінші бастамасын қолданып, тасымалдау құбылыстарын түсіндіріңіз.

Б.52 Екінші текті мәңгі жұмыс жасайтын қозғалтқыш (двигатель) дегеніміз не? Мұхит пен теңіздің суын қыздырғыш ретінде пайдаланып, оның ішкі энергиясын жылу түрінде алып, жұмысқа айналдыратын екінші текті мәңгі жұмыс жасайтын қозғалтқыш болуы мүмкін бе?

Б.53 Екінші текті мәңгі жұмыс жасайтын қозғалтқыш (двигатель) дегеніміз не? Изотермиялық ұлғаю мен адиабаталық сығылу процестерінен неліктен периодты түрде жұмыс жасайтын екінші текті қозғалтқыш жасауға болмайды?

Б.54 Газ 1 күйден 2 күйге өтеді (Б.3-суретті қара). Бірінші жағдайда тура, екінші жағдайда 3 пен 4 арқылы өтеді. Осы жағдайлар үшін энтропияның өсімшесі қандай болады? Жауабыңызды есептеулер арқылы дәлелдеңіз.

 

 

 

 

 

 

 

3            кесте - ЕГЖ № 3, М 3

Деңгей

Нұсқа

Байпақбаев Т.С., Майлина Х.Қ. «Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағы».-А.,

Волькенштейн В.С. «Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағы».-М.,

В қосымшасы

 

А

1

1.1, 2.20, 2.25

10.1,9.53

1; 11

2

1.3, 3.16, 2.26

10.2,9.64

2; 12

3

1.5,3.21,2.31

10.3, 9.84

3;13

4

1.12,3.20,

1018,9.65

4;14

5

1.17,9.39

9.9,10.22,9.105

5;15

6

1.18,1.40

9.10,10.23,9.106

6;16

7

1.22,1.41

9.13,10.28,9.111

7;17

8

1.24,2.16

9.14,10.34,9.118

8; 18

9

1.28,2.15

9.25.10.36,9.100

9; 19

10

1.11,2.19

9.26,10.50,9.102

10;20

В

11

1.13,2.4,3.24

5.12,10.43(1)

26; 31

12

1.9,2.8,3.28

10.4,10.43(2)

24; 34

13

1.14,2.9,3.27

10.5,10.69(1)

25;36

14

1.15,2.10,3.29

10.9,10.69(2)

22; 35

15

1.23,2.13,3.35

10.10,10.69(3)

21;39

16

1.25,2.14,4.19

10.14,10.68

27; 37

17

1.26,2.27,4.22

10.15,10.62(2)

30;38

18

1.27,2.28,4.23

10.16,10.62(1)

29;40

19

1.29,2.29,4.26

10.27,10.61

23;42

20

1.30,2.36,4.28

10.29(1),10.55

32; 43

21

1.33,2.40,4.30

10.30(1),10.55

33; 44

22

1.31,2.30,4.27

10.30(2),10.52

50; 45

С

23

3.25,4.48,1.32

10.33,10.46

47; 53

24

3.26,4.49,1.38

10.35,10.47,

49;46

25

3.28,4.50,1.37

10.36,10.48

48; 52

26

3.30,4.47,1.35

10.37,10.49

51; 54

27

4.25,4.46,1.34

10.38,10.53

28; 41

 

№3 Бақылау тапсырмалары (сыртқы бөлім үшін)

1 кестеБақылау тапсырмаларының нұсқалары (тақ)

Нұсқасы

Есеп нөмірлері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

В қосымшасы

0

14-4

15-49

15-55

17-15

20-6

1; 11

1

14-10

15-36

15-61

17-11

19-26

2; 12

2

14-38

15-39

15-58

18-14

19-27

3; 13

3

14-22

15-47

15-62

18-8

20-1

4; 14

4

14-50

15-37

15-66

18-9

19-25

5; 15

5

14-25

15-44

15-57

51-5

19-14

6; 16

6

14-43

15-38

15-54

51-3

19-12

7; 17

7

14-40

15-48

15-52

18-3

19-23

8; 18

8

14-12

15-46

15-57

18-11

19-33

9; 19

9

14-5

15-43

15-56

18-5

20-4

10; 20

 

2 кестеБақылау тапсырмаларының нұсқалары (жұп)

Нұсқасы

Есеп нөмірі (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

В қосымшасы

0

14-3

15-46

15-59

18-11

20-3

10; 20

1

14-9

15-37

15-57

18-6

20-5

8; 18

2

14-21

15-39

15-60

18-5

19-26

6; 16

3

14-36

15-44

15-54

18-10

19-25

4; 14

4

14-49

15-36

15-61

17-17

20-2

2; 12

5

14-23

15-38

15-51

17-4

19-17

1; 11

6

14-41

15-49

15-67

51-5

19-13

3; 13

7

14-37

15-47

15-55

18-4

19-27

5; 15

8

14-2

15-43

15-56

18-9

19-28

7; 17

9

14-11

15-42

15-65

18-7

19-32

9; 19

 

 

В  қосымшасы

 

В. 1 Зарядтың негізгі қасиеті - оның инварианттылығы болып табылады: заряд тасымалдаушылардың қозғалысы кезінде заряд өзгермейді. Зарядтың  тығыздығы (көлемдік, беттік, сызықтық) инвариантты қасиетке ие болуы мүмкін бе?

В. 2 Жазық конденсатордың өрісі біртекті. Оның кернеулігі Е, ал оның астарларындағы заряд q. Конденсатордың әрбір пластинасына әсер етуші күш -ге тең бола ма? Жауабын беріңіз және өзіңіздің тұжырымыңыздың дұрыстығын дәлелдеңіз.

В. 3 Бір-бірінен r ара қашықтықта q1 және q2  екі нүктелік заряд орналасқан. S - симметрия жазықтығы (В.1  сурет).  Екі заряд оң және бір – біріне тең q1=q2=q болған жағдайда осы зарядтардың өрістерінің сипаты қандай болады? S жазықтығы эквипотенциал болып табыла ма? Өрістің күш сызықтарының және эквипотенциал беттерін сызыңыз.

В. 4 Кейде электростатикалық өрістің күш сызықтарын электр өрісіндегі электр зарядының қозғалатын сызығы деп атайды. Осы дұрыс па? Өзіңіздің жауабыңызды дәлелмен келтіріңіз.

В. 5 Кернеулігі  біртекті электр өрісіне жылдамдығы  протон ұшып кіреді. Протон жылдамдығы 1) өрістің  күш сызықтарына параллель; 2) перпендикуляр жағдайлардағы протонның қозғалысына сипаттама беріңіз және траекториясын салыңыз.

В. 6 Электр өрісінің кернеулігін есептеу үшін Гаусс теоремасын қандай жағдайларда қолданады? Осы теореманың қолдану алгоритмін құрыңыз.

В. 7 А нүктесін қамтитын қандай да бір бет арқылы өтетін q1, q2 және q3 зарядтары туғызған электр өрісінің кернеулік ағыны нөлге тең. Сонда А нүктесіндегі зарядқа электр күштері әсер етпейді деп айтуға бола ма? Жауабыңызды мысал келтіре отырып, түсіндіріңіз.

В. 8  q нүктелік заряды электр өрісін туғызады. q заряды  бар сфералық беттің радиусын 2 есе арттырса, осы бет арқылы өтетін  векторының ағыны қалай өзгеретінін анықтаңыз. Беттің ішіндегі зарядтың орналасуы осы өзгеріске әсері бар ма?

В.9 Өткізгіштердің электрленуі мен диэлектриктердің поляризациялану құбылыстарының бір-бірінен айырмашылығы қандай? Оларға ортақ нәрсе қандай?

В.10 Заряд потенциалы 1В-ке дейін зарядталған металл шардан 1000 В потенциалға дейін зарядталған металл шарға толық өте ала ма?

В.11 Металдарда еркін заряд тасымалдаушылар - электрондар, ал электролиттерде – иондар болып табылатынын қандай тәжірибелер дәлелдейді? (оларды атаңыз және қысқаша мағынасын айтыңыз).

 В.12  С=q/U өрнегін төмендегідей  айтуға бола ма: өткізгіштің сыйымдылығы заряд шамасына тура пропорционал, оның потенциалына кері пропорционал, ал R=Dj/I формуласы бойынша өткізгіш кедергісі потенциалдар айырымына тура пропорционал және одан өткен токқа кері пропорционал? Жауабын тұжырымда.

В.13 Қимасы әртүрлі біртекті өткізгіш бойымен ток өтіп жатыр. S1 және S2 қималардағы ток тығыздығы мен ток күштерін салыстырыңыз. Қандай физикалық заңның көмегімен I  және j  шамалары туралы қорытынды жасауға болады?

В.14 Батарея қысқыштарындағы кернеу әрқашан да оның ЭҚК-нен аз бола ма? Керісінше болуы мүмкін бе? Мысал келтіріп, түсіндіріңіз.

В.15 Электрондық үдеткіштен шыққан электрондар шоғырының жылдамдығы . Шоғырдың осінен алыстаған сайын электрондар концентрациясы  заңымен азаяды, мұндағы n0-электрондық шоғырдың осіндегі концентрациясы, r0-электрондық шоғырдың қимасының әсерлік радиусы. j ток тығыздығы шоғыр қимасы бойынша қалай өзгереді? Өрнегін жазып, сапалық графигін тұрғызыңыз


В.16 Гальваникалық элементтің ЭҚК – і ε, ал ішкі кедергісі r (В.2 суретті қара). Егер тізбек ажыратылған болса, 1-2 нүктелердің арасындағы потенциалдың таралуының сапалық графигін тұрғызыңыз.

                         1                 2

В.17 Өткізгіш бойымен ток өткен кезде жылу бөлініп шығады. Осы құбылысты түсіндіріңіз

В.18 ЭҚК-і ε, кедергісі R аккумулятор зарядталынуға қойылған (В.3 суретті қара). Осы жағдайда сыртқы тізбектен (желіден) алынған энергия неге тең және ол не үшін жұмсалынады? Осы жағдай үшін энергияның сақталу заңын жазыңыз.

В. 19 Құралды шунттау дегеніміз не? Шунттау қандай жағдайда қолданылады және оның нәтижесі қандай? Шунтты қосу сызбасын көрсетіңіз.

В.20  өрнегіне сәйкес резисторда бөлінетін қуат R-ң артуына байланысты азаю керек, ал   өрнегіне салсақ, керісінше болады. Осы өрнектерді салыстырудан шыққан қарама-қайшылықты мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

В.21 Радиустары R1 және R2 концентрлі сфера тәрізді екі электродтың арасындағы кеңістік меншікті кедергісі  біртекті өткізгіш затпен толтырылған. Электродтарға потенциалдар айырмасы берілген. Тізбектің осы бөлігіндегі толық ток I. Электродтардың  арасындағы заттың ток сызықтарын сызыңыз. Заттағы ток тығыздығының сфералардың центрінен алынған ара қашықтыққа j (r) байланыстығын анықтаңыз.

В. 22 Өрістің барлық нүктелерінде кернеулік векторының бағыттары бірдей, ал шамасы оның бағытына перпендикуляр бағытта сызықты заңмен өзгеретін электростатикалық өріс бола ма? (В.4 суретті қара)

 

 

 

 

 

 

В.4 сурет

 


В.23 Зарядталған металл пластинка В.5 суретте көрсетілген электр өрісінде орналасқан. Пластинаның заряды q, пластинаның сол жағындағы өріс кернеулігі Е1 , оң жағындағы – Е2. Пластинаның шетіндегі құбылыстарды ескермей, пластинаға әсер еткен күшті  q(E2-E1) –ге тең деп алуға бола ма?

В.24 Радиусы R дөңгелек тесігі бар шексіз жазықтық оң зарядпен біркелкі зарядталған(В.6 суретті қара).  . Жазықтықтағы зарядтың беттік  тығыздығы  . Жазықтық l ара қашықтықта тұрған оң нүктелік  q зарядқа  F  күшпен әсер етеді. l қашықтықтың ұзаруына байланысты, F күштің шамасы қалай өзгереді (артады ма, кемиді ме?). Жауаптарды өрнектермен түсіндіріңіз.

В.25 Оң зарядталған оқшауланған өткізгіш шар шексіз өткізгіш жазықтық бетінде орналасқан. Электр өріс кернеулік және эквипотенциал сызықтары қандай болады? Жазықтық бетіндегі индукцияланған зарядтың шарға әсер ету күшін есептеуге бола ма? Өзіңіздің тұжырымдамаңызды дәлелдеп көрсетіңіз.


В.26 +q және -q қозғалмайтын 2 нүктелік зарядтың арасында диэлектрлік науа бойымен заряды -q кішкене шар қозғалады (В.7 суретті қара). Оның АВ аралықтағы қозғалысын сипаттаңыз. Кішкене шардың А нүктесінен  В нүктесіне жеткен кездегі кинетикалық энергиясының өзгерісін анықтаңыз. Барлық жүйе горизонталь жазықтықта жатады. Үйкеліс ескерілмейді. А және


В нүктелері нүктелік зарядтардың симметрия жазықтығында жатыр.

В.27 Зарядталған өткізгіш үшін: 1) өрістің барлық нүктелерінде өткізгіш потенциалы бірдей. 2) өткізгіштің сыртқы бетіндегі электр өрісі оның бетіне нормаль бағытталған. Осы қасиеттердің негізінде зарядтардың беттік тығыздығы өткізгіш бетінің шығыңқы жерінде артатынын және ойық жерінде кемитінін дәлелдеңіз.

В 28. АВ бөлігінде тарылатын металл түтіктің осі бойынша  жылдамдықпен зарядталған бөлшек қозғалады (В.8 суретті қара). Бөлшек АВ тар бөлігінен өткен кезде, оның жылдамдығы өзгере ме?

 

 

 

 

 

В.29  біртекті электр өрісіне диэлектрик пластина орналасқан. Соның нәтижесінде өріс В.9 суретте көрсетілгендей өзгереді.  және векторының қасиеттерін пайдалана отырып:

а) суретте қай вектордың күш сызықтары көрсетілгенін анықтаңыз?


б) пластина затының 2 және қоршаған ортаның 1 диэлектрик өтімділігін салыстырыңыз.

В.30 Біртекті электр өрісінде орналасқан диэлектрик шардың сыртындағы және ішіндегі -ығысу векторының сызықтарын көрсетіп, түсіндіріңіз

 ( В10 сурет). Төмендегі екі жағдай үшін: а) e1>e2; б) e1<e2.

В. 10 сурет

В.31  Электр  энергиясын үлкен қашықтыққа жеткізу үшін өте үлкен кернеу қолданылады. Электр тасмалдаушы сымда үлкен кернеу электр тасымалдауды қалай шығындатады және жалпы түрде қуат шығынын есептеңіз.

В.32  Тұйықталған өткізгіш ( В.11(а,б),  суретте келтірілген) қабықша экран бола ала ма? Жауапты түсіндіріңіз.

В.11 сурет

 

 а) Сыртқы өрістегі тұйықталған өткізгіш қабықша;

б) тұйықталған өткізгіш қабықшамен қоршалған заряд;

в)жерленген тұйықталған  өткізгіш қабықшамен қоршалған заряд;

В.33  Суретте (В.11(б,в) сурет келтірілген ) тұйықталған өткізгіш қабықшалар экран бола ала ма? Жауабын тұжырымда.

B.34 Газдағы ток тасымалдаушылар қалай пайда болады, оларды атаңыз. Газдағы ток тасымалының концентрациясы неге тәуелді. Неге теріс за­рядтардың орташа қозғалғыштығы оң зарядтың қозғалғыштығынан үлкен ?          

В.35 Екі дұрыс тұжырымды қарастырайық: 1) өткізгіште ток пайда болу үшін, электр өрісін тудыру керек; 2) өткізгіште заряд әрқашан өткізгіштің ішінде өріс нөлге тең болатындай етіп орналастырады. Осы тұжырымдарды бір-бірімен қалай байланыстыруға болады? Тогы бар өткізгіштің ішінде өріс қалай пайда болады?

В.36 Егер резистор ЭҚК-іне ие бола алса, ЭҚК-ң  пайда болу механизмін түсіндіріп, мысал келтіріңіз.

В.37 Сіз үдемелі қозғалатын ракетаның ішінде тұрсыз. Ракетаның үдеуін тек ұзын өткізгіш пен электр өлшеуіш құралдарды пайдалана отырып анықтауға болатынын көрсетіңіз.

В.38  Шырша гирляндысының  шамдарын параллель және тізбектегі қосудағы  артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.

В.39 Ток суретте көрсетілген пішінде өткізгіш бойымен өтіп жатыр (В.12 суретті қара). Тұрақты ток заңдарын пайдаланып, оның тар және кең бөлігінде өріс кернеулігінің бірдей болатынын анықтаңыз. Алынған нәтиженің негізінде осы қималардағы электрондық дрейфтердің жылдамдықтарының қатынасын анықтаңыз.

В.40 Біртекті өткізгіш сақина қозғалмайтын А және қозғалмалы В түйіндері арқылы тізбекке қосылған (В.13 суретті қара).  В контактісін өзгерткенде  А және В контактілерінің арасындағы кедергінің өзгерісін анықтаңыз. R(l)-ға тәуелділік графигін тұрғызыңыз, l -A және B нүктелерінің арасындағы доға бөлігі. l доғасының қандай мәнінде В контактісінің кішкене ығысуы осы қосылыстың кедергісіне өте аз әсер етеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

В.41 Конденсаторды аккумулятор батареясына жалғаған кезде, ол зарядталып, оның энергиясы 1 Дж тең болады. Батареяның жасаған жұмысы осы энергияға тең бола ма? Жауабыңыздың дұрыстығын есептеп, дәлелдеңіз.

В.42 Төмендегі жағдайлар үшін электр күштерінің жұмысы мен 1 секунд ішінде бөлініп шыққан жылу мөлшерін салыстырыңыз: 1) ұштарындағы потенциалдар айырмасы U  және  тогы бар резисторда; 2) қысқыштарындағы потенциалдар айырмасы U және I токпен зарядталатын аккумуляторда, 3) батарея қысқыштарында потенциалдар айырмасы U, сыртқы кедергіге I  ток беруші аккумулятор батареясында.

В.43 ЭҚК-тері бірдей, ішкі кедергілері r1 және r2 екі элемент  тізбектей жалғанып, R –сыртқы кедергімен тұйықталады. Бірінші элементтің  полюстеріндегі потенциалдар айырымы нөлге тең болатындай R-ді таңдауға бола ма?

В.44 Электр қозғаушы күштері e1 және e2  болатын екі батарея тізбекке В.14 суреттегідей жалғанады. Кедергі амперметрдегі токтың болмайтынын көрсететініндей етіп таңдалған. Вольтметр нені көрсетеді?                                           В.14 сурет

В.45 Металдардың электр өткізгіштің  классикалық теориясы бойынша:

1) еркін жүру жолының ; 2) электрондардың еркін жүру уақытының мағынасы қандай?

В.46 ЭҚК-тері e1 және e2, ішкі кедергілері  r1 және r2 болатын тізбектей жалғанған екі элемент R –сыртқы кедергіге одан өтетін ток екі элементтің біреуіне осы кедергі  жалғанған кездегі токтан әлдеқайда аз болатындай етіп жалғауға бола ма?.

В.47 Мынадай есепті қарастыралық: Зарядтары q1=3×10-5Кл, q2=15×10-5 екі бірдей металл шар бір-бірінен r=1м қашықтықта орналасқан. Олардың өзара әсерлесу энергиясы  . Шариктерді электр сыйымдылығы өте аз өткізгішпен жалғады. Олардың зарядтары теңесті, сосын өткізгіш сымды алып тастады. Енді олардың энергиясы . “Артық” энергия қайдан алынды? Энергияның сақталу заңы бұзылды ма, әлде талдау кезінде қате жіберілді ме? Өзіңіздің жауабыңызға дәлел келтіріңіз.

В.48 Екі концентрлі қуыс шар берілген: оның сыртындағысы 5В дейін, ішіндегісі 10В дейін зарядталған. Шарларды өткізгіш сыммен жалғағанда, ішкі шардың потенциалы кеміді, ал сыртқы шарда өзгерген жоқ. Дәлелдеңіз. Қандай жағдайда ішкі шардың потенциалының кемуі мүмкін болатынын түсіндіріңіз.

В.49 Жазық ауа конденсаторын аккумулятор батареясының полюстеріне жалғады. Бұл жағдайда конденсатордың энергиясы  . Егер конденсатор астарларын  баяу алыстатсақ, онда конденсатордың энергиясы кемиді. Астарларын алыстатқан кезде, біз оң жұмыс істейміз. Осының барлығын энергияның сақталу заңына сүйеніп, түсіндіріңіз.

В.50 Суретте х осіне параллель Ех(х) өріс графиктері берілген х=0, . Берілген мәліметті пайдаланып, осы өрістердің потенциалдарының графиктерін тұрғызыңыз. Е1, а шамалары белгілі деп х=а нүктесіндегі потенциалдардың мәнін анықта.


В.51 Радиустары әр түрлі екі шардың ішіне заряд  және - тығыздықпен біркелкі таралған. Шарлардың центрлерінің ара қашықтығы а. Гаусс теоремасын қолдана отырып, екі шардың қиылысқан жерінде пайда болған өрістің біртекті екенін дәлелдеңіз.

В.52 Ұзындығы l, радиусы R өткізгіштің ұштарында тұрақты U потенциалдар айырмасы бар. Өткізгіштің:  а) l ұзындығын; б) радиусын R;  в) U кернеуін екі есе арттырғанда электрондық дрейфтің жылдамдығы қалай өзгеретінін өткізгіштің микробейнесі тұрғысынан зерттеңіз.

В.53 Пішіндері мен өлшемдері бірдей және атомдар концентрациясы да бірдей екі өткізгіш берілген. Бірінші өткізгіштегі атомдар саны екінші өткізгіштегі электрондар санынан екі есе кем болса, осы өткізгіштердегі электрондық дрейфтің жылдамдығы мен ток күшін салыстырыңыз. Металдардың элементар классикалық теориясының нәтижелерін қолданыңыз.

В.54 Өткізгіш біртекті ортаға әртүрлі пішіндегі екі электрод орналастырылған. Электр өткізгіштігі ортаның электр өткізгіштігімен салыстырғанда өте көп. Біртекті ортаның электр тоғына кедергісін    формуласымен есептеуге болатынын дәлелдеңіз,  - ортаның меншікті өткізгіштігі, С – астарлары электрод болып табылатын конденсатордың сыйымдылығы, ал өткізгіш орта алынып тасталған. Электростатикалық аналогия әдісі мен Гаусс теоремасын қолданыңыз.

  

4            кесте -ЕГЖ № 4, М 4

Деңгей

Нұсқа

Байпақбаев Т.С., Майлина Х.Қ. «Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағы».-А.,

Волькенштейн В.С. «Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағы».-М.,

Г қосымшасы

 

А

1

7.1, 8.1, 9.1, 10.1, 11.2

 

1

2

8.9,9.35,10.2,11.3

11.8

2

3

8.10, 9.17, 10.4, 11.4

11.7

3

4

8.11, 9.16, 10.5, 11.5

11. 6

4

5

8.12, 9.15, 10.6, 11.6

11.5

5

6

8.13, 9.14, 10.7, 11.8

11.4.

6

7

8.14,9.12,10.8,11.9

11.3

7

8

8.16, 9.9,10.9,11.10

11.2

8

9

8.19,9.3,10.10, 11.12

11.1

9

10

8.20, 9.2, 9.29(1), 11.13

11.9

10

В

11

8.21, 9.1, 9.29(2), 11.11

7.9

11

12

8.22,8.1,9.28, 10.12

11.10

12

13

8.23, 8.3, 9.27,

11.17

13

14

8.24(a), 8.5,9.18,10.14

11.16

14

15

8.24(б), 8.4,9.26,10.13

11.18

15

16

7.1, 8.6,9.19, 10.15

11.19(a)

16

17

7.2, 8.7,9.32,10.16

11.19(б)

17

18

7.3,8.8,9.33,

11.20(1)

18

19

7.4, 9.21,10.11,11.17

11.20(2)

19

20

7.5,9.8, 9.22(1), 9.31, 11.18

11.38, 11.44

20

21

7.6, 9.7, 9.22(2),11.15

11.58(1)

21

22

7.7, 9.6, 9.23(2), 10.23

11.58(2)

22

С

23

7.8,9.5, 9.23(1),10.24

11.59(1)

23

24

7.10, 9.4, 9.24, 10.25

11.59(2)

24

25

7.11, 8.15, 9.25(2),10.17,10.21(1)

 

25

26

7.17, 8.17, 9.25(1),10.19, 10.21(2)

 

26

27

7.16,8.18, 9.26,10.20, 10.22

 

27

 

№4 Бақылау тапсырмалары (сыртқы бөлім үшін)

1 кестеБақылау тапсырмаларының нұсқалары (тақ)

нұсқасы

Есеп нөмірі (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

Г қосымшасы

0

21-16

22-1

23-2

24-3

24-18

1; 9

1

21-15

22-3

23-3

25-3

24-17

3; 13

2

21-19

22-2

23-4

25-2

24-14

8; 12

3

21-21

22-6

23-5

25-1

24-13

10; 11

4

21-31(а)

22-13

23-11

24-8

24-16

7; 4

5

21-34

22-12

23-9

24-7

24-15

5; 16

6

21-5

22-25

23-10

24-4

24-20

17; 21

7

21-20

22-15

23-17

24-5

24-19

9; 16

8

21-17

22-8

23-19

24-2

24-21

 2; 22

9

21-18

22-7

23-6

24-1

24-22

15; 24

 

2 кестеБақылау тапсырмаларының нұсқалары (жұп)

нұсқасы

Есеп нөмірі (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

Г қосымшасы

0

21-18

22-8

23-17

24-4

24-15

7; 4

1

21-17

22-15

23-10

24-7

24-16

10; 11

2

21-20

22-25

23-9

24-8

24-13

8; 12

3

21-5

22-12

23-11

25-1

24-14

3; 13

 4

21-34

22-13

23-5

25-2

24-17

1; 9

5

21-31(б)

22-6

23-4

25-3

24-18

1; 9

6

21-21

22-2

23-3

24-3

24-22

2; 22

7

21-19

22-3

23-2

24-1

24-21

9; 18

8

21-15

22-1

23-6

24-2

24-19

17; 21

9

21-16

22-7

23-19

24-5

24-20

5; 16

 

  

Г қосымшасы 

Г. 1 Тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтарының әсерлесулерінің қандай айырмашылығы бар?

Г.2 Парамагнетиктің магниттелу механизмін қысқаша мазмұндаңыз. Оның магнит өтімділігі неге тәуелді? Электростатикада осы құбылысқа ұқсас қандай құбылыс бар?

Г.3 Зарядталған бөлшек біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Магнит өрісіне қосымша өрістің бағытымен бағыттас электр өрісін енгізсе, бөлшектің траекториясы қандай болады?

Г. 4 Магнит өрісінің -магнит өріс кернеулігінің магнит өріс теориясындағы маңызы электр өріс теориясындағы -электр ығысу векторының маңызындай болатынын көрсететін жағдайларды келтіріңіз.  

Г.5 Тұрақты ток көзіне жалғанған катушкаға соленоидтың екі ұшында оңтүстік немесе солтүстік полюс болатындай етіп соленоидтты орауға бола ма?

Г.6 Жұмсақ темірден жасалған шарик екі магнитке жақын орналасқан (Г.1 суретті қара). Егер бірінші магнитті алып тастасақ, шарикке  күш әсер етеді, екіншісін алып тастасақ, онда  күш әсер етеді. күші (+)–нің векторлық қосындысына тең бола ма? Осы күштердің пайда болу себебін түсіндіріңіз.

Г.7 Тогы бар  (Г.2 суретті қара) катушкадағы магниттік полюстерді анықтап, ондағы токтың бағытын және ток көзінің полюстерін  көрсетіңіз.

 

 

Г.2 сурет

 

Г.8 Магнетиктен жасалынған (Г.3 суретті қара) тұйықталған қабықша магнитті экран бола ала ма?

Г.3 сурет

 

Г. 9 Магниттік құбылыстардың ішінен өткізгіштің электрленуіне ұқсас құбылысты табуға бола ма? Өзіңіздің жауабыңызды түжырымдаңыз.

Г.10 Біртекті магнит өрісінде зарядталған бөлшек a<p/2 бұрышпен енеді

( Г.4 суретті қара). Оның қозғалысының траекториясын көрсетіп түсіндіріңіз.

Г.4-сурет

 

Г.11 Екі ұзын өткізгіш горизонталь жазықтықта бір-біріне перпендикуляр орналасқан. Бірінші өткізгіш керіліп бекітілген, ал екіншісі бос бекітілген. Егер өткізгіштерге бірдей I ток жіберсе, олар өзара қалай әсерлеседі? Күштердің бағытын көрсетіңіз. Мұндай әсерлесудің нәтижесі қандай болады?

Г.12 Резерфордтың атом моделіне сәйкес атомдағы электрондар ядроны тұйық орбита бойымен айнала қозғалады. Оның қозғалыс сипаттамалары арқылы электронның орбиталық магнит моментінің өрнегін анықтаңыз. Гиромагниттік қатынас дегеніміз не, ол электронның орбиталық магнит моменті үшін неге тең?

Г.13Диэлектриктердің поляризациялануы мен магнетиктердің магниттелінуінің арасындағы ұқсастықтарды көрсетіңіз. Нәтижелерді кестеде көрсетіңіз.

Г.14 Диэлектриктердің поляризациясы мен магнетиктердің магниттелуі арасындағы ұқсастықты атаңыз. Нәтижесін кесте түрінде жазыңыз. (процестердің орындалуына, заттардың электрлік және магниттік сипаттамаларына (қасиеттеріне) заттағы өрістің өзгеру сипатына назар аударыңыз).

Г.15 Төмендегі өрістерді сипаттаудағы ұқсастығы мен айырмашылықтарын қарастырыңыз:а) ұзын түзу өткізгіштің магнит өрісі; б) жіп бойымен біркелкі таралған қозғалмайтын зарядтың электр өрісі;

Осы өрістердің күш сызықтарын сызыңыз, өрісті сипаттайтын негізгі формулаларды жазыңыз.

Г.16 Толық токтың заңын пайдаланып, біртекті емес магнит өрісінің бағыты Г.5 суретте көрсетілгендей кеңістіктің барлық жерінде бірдей болатынын дәлелдеңіз.

Г.17 Холл эффектісі. Холл эффектісінде жартылай өткізгіштің түрін (n-типті, p-типті) қалай анықтауға болады?

 Г.18 Жердің магнит өрісі оны қоршаған кеңістікте тұрақты магнит өрісіне ұқсас болып келеді. Жердің магнит өрісінің күш сызықтарын салыстырыңыз. Ғарыштан экватор аймағындағы жер өрісіне түскен, жылдамдығы Жердің центріне қарай бағытталған, жоғары энергияға ие зарядталған бөлшек осы өрісте қалай қозғалады? q > 0 және q < 0  болғандағы бөлшектің траекториясын салып, түсіндіріңіз.


Г.19 Екі жіңішке тақтай бойымен АВ стержені сырғиды. Стерженге аккумулятордан үзбей  ток беріледі. Жүйе вертикаль бағытталған («сызбадан ары») біртекті магнит өрісіне горизонталь орналасқан. Магнит өрісі стерженьге  Ампер күшімен әсер ететіндіктен орын ауыстырып, осы күш жұмыс жасайды. Бірақ бұл күш АВ өткізгіш бойымен реттеліп қозғалған электрондарға әсер етуші Лоренц күшінің қорытқы күші болып табылады, ал Лоренц күші жұмыс атқармайды. Осы қайшылықты шешіңіз.

Г.20 Үлкен пластина бойымен тұрақты  тығыздықтағы біртекті ток («бізге қарай») өтіп жатыр. Осы токтың тудырған магнит өрісінің күш сызықтарының пластинаға параллель болатынын дәлелдеңіз. Пластинаның үстіндегі және астындағы  бағытын көрсетіңіз.

 

Г.7 сурет

 

Г.21 Тұрақты тогы бар екі өткізгіш сымның әр қайсысынан А және В екі нүкте алынды. Вольтметр мен магнит тілшесінің көмегімен кернеу көзінің қай жақта орналасқанын анықтауға бола ма?

 

 

                                                       

 

 

 

               Г.8 сурет

 

Г.22 Мыс дискіден тұратын демонстрациялық құрылғы Барлоу-дөңгелегі (Г.9 суретті қара) горизонталь ості айналып қозғалады. Дискінің төменгі жағы сынабы бар табақшаға салынған. Дискі осіне және табақшаға өткізгіштер жалғайды. Диск магнит полюстерінің арасында магнит өрісіне перпендикуляр  орналасқан. Тұрақты кернеуге қосылғанда дискіде не  болады және қалай?

 

 

Г.9 сурет

Г.23 Өріс суперпозициясы  және   () болатын магнит өрісіне электрон   жылдамдықпен ұшып кіреді. Электронға әсер етуші күштің векторлық және модулінің өрнегін жазыңыз. Электронның траекториясының пішінін анықтап, барлық векторларының бағытын көрсетіп суретке кескіндеңіз.

Г.24  Эйнштейн де Гааза және Барнетта тәжірибесі. Олар магнетизімнің электрондардың қозғалысына негізделгенін көрсететін фактті қалай  түсіндірді? 


Г.25 Толық ток заңын пайдалана отырып, кеңістіктің қандай да бір бөлігінде а) суретте біртекті емес өрістің болатынын, б) суретте біртекті емес өрістің болмайтынын дәлелдеңіз.

 

Г.10 сурет

Г.26 Жіпке ілінген алюминиден жасалынған жеңіл стержень біртекті емес магнит өрісіне енгізілді. Стерженнің магнит өрісімен әсерлесу механизмін ашып түсіндіріңіз. 

Г.27 Қандай да бір заттан жасалынған таяқша вакуумдегі магнит полюстерінің арасына магнит өрісі бойымен орналасқан. Содан соң магниттер арасы қандайда бір сұйықпен толтырылғанда таяқша өріске көлденең орналасады. Таяқша затының және сұйықтың магниттік қасиеті жайлы не айтуға болады?

 

 

Әдебиеттер тізімі 

1. Савельев И.В. Жалпы физика курсы- Алматы. :Мектеп, 1989.-т.1-3.

2. Сивухин Д.В.  Общий курс физики. – М.: Наука, 1977-1989.- т. 1-3.

3. Детлаф А.А.,  Яворский Б.М.  Курс физики . -М. :  Высш. шк. , 2002.

4. Трофимова Т.И. Курс физики. -М. : Высш. шк., 2002.

5. Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм. - М. : Высш.шк. , 1983.

6. Курс физики. Под ред. Лозовского В.Н. – СПб.: Лань, 2001. – т.1-2.

7.  Иродов И.Е.  Основные законы механики.- М.:  Высш. шк. , 1997.

8. Иродов И.Е. Электромагнетизм. Основные законы. - М. : Физматлит., 2000.

9. Джанколи Дж. Физика. -М.: Мир, 1989.- т-1-2.

10. Савельев И.В. Сборник вопросов и задач по общей физике. - М. : Наука, 1988.

11. Иродов И.Е. Задачи по общей физике.- М. : Физматлит. , 2001.

12. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачник по физике.- М. : Высш. шк., 1981.

13. Трофимова Т.И. Сборник задач по курсу физики для втузов. - М. : Оникс 21 век, 2003.

14. Волькенштейн В.С.Жалпы физика курсының есептер жинағы. –Алматы.: Мектеп,  1974.

15. Сборник задач по общему курсу физики. Под ред. В.А. Овчинкина. В 3-х частях. – М.: МФТИ , 2000

16. Лабораторный практикум по физике. Под ред.  Барсукова К.А., Уханова Ю.И. – М.: Высш.шк., 1988.

17. Байпақбаев Т.С., Майлина Х.Қ. Жалпы физика курсының есептер жинағы (Механика. Молекулалық  физика және  термодинамика.). – Алматы:  АЭЖБИ,  2003.

18.  Байпақбаев Т. С., Манабаев Х.Х. Жалпы физика курсының есептер жинағы (Электростатика. Тұрақты ток. Магнетизм.).- Алматы: АЭЖБИ, 2003. 

 

Мазмұны 

Кіріспе.................................................................................................................... . .3 

1  А қосымшасы ................................................................................................   . ..9 

2  Б қосымшасы.................................................................................................. . ..17 

3  В қосымшасы ..................................................................................................... 24 

4  Г қосымшасы ......................................................................................................34 

Әдебиеттер тізімі.....................................................................................................38