АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік кибернетика кафедрасы

 

АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

 

5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттеріне арналған зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар

 

Алматы 2013

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Джумагалиев Б.С., Сауанова К.Т. Ақпаратты басқару жүйелері 5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығының студентеріне арналған зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау және зертханалық комплекстің сипаттамасы. - Алматы: АЭжБУ, 2012-18 бет.

 

 

Әдістемелік нұсқауда бағдарламалық- техникалық комплексте зертханалық жұмыстарды өткізуге нұсқаулар берілген, микропроцессорлы прецизионды орнықтандыру құрылғы сипатталған. Дәрістер циклында алынған білімді бекіту ретінде зерттеу жүргізу үшін.

Без.-11, кест.-3, әдеб.көрсеткіші-10 атау.

 

 

Пікір беруші:  фил.ғыл.канд., доцент Нурмаханова М.К.

  

 

“Алматы энергетика және байланыс университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. қосымша баспа жоспары бойынша басылады.

 

 

 

©”Алматы энергетика және байланыс университеті”  ҚЕАҚ, 2013 ж.

 

Кіріспе

 

Ғылыми техникалық прогресстің үдеуі және өндірістің қарқындандырылуы автоматтандыру құралдарысыз мүмкін емес. Автоматтандыру қазіргі заманда есептеуіш техника дамуына және микропроцессорлық контроллерлерді кең пайдалануға арқа сүйейді.

 

1 зертханалық жұмыс. Прецизионды орнықтандыруды жүзеге асыратын бағдарламалық техникалық кешені

 

Мақсаты: прецизионды орнықтандыруды жүзеге асыратын бағдарламалық техникалық кешенін зерттеу.

Әдістемелік нұсқау:

Бағдарлама интерфейсінің жалпы сипаттамасы.

Прецизионды орнықтандыру (келесі – «Программа») микропроцессорлық орнатылымының басқару бағдарламасы прецизионды орнықтандыру бағдарламасының орнату жетектерімен қолмен кезекпен басқару (келесі – «Қондырғы») сонымен қатар автоматты режимде қолданушымен берілген  бағдарлама бойынша бір уақытта орнату жетегімен басқару  үшін арналған. Бағдарламаның басты терезесінің жалпы түрі 1 суретте көрсетілген.

1 сурет- Бағдарламаның басты терезесі

 

1      суретте көрсетілген терезе бірнеше  жұмыс облыстарынан тұрады

 

2 сурет- Бағдарламаның меню облысы

 

2 суретте көрсетілген бағдарламаның меню облысы келесі пунктерден тұрады: «Файл» - басқарудың қолданушылық бағдарламасының файлдарымен орындалатын іс- әрекеттерден тұрады, «Қондырғы» - орнатумен және оны жөндеумен жұмыс істейтін іс- әрекеттерден тұрады, «Справка» -  бағдарлама туралы ақпаратты шығаратын іс- әрекеттерден тұрады.

3сурет-Қолданушының бағдарламасы күйін көрсету аланы

 

3 суретте көрсетілген қолданушылық бағдарламаның күйін көрсету облысы қолданушылық бағдарламадағы осы мезеттегі жағдайды білдіретін қызыл түсті  курсор-белгісі бар қолданушылық бағдарламаны кестелік көрсетілу облысынан,  «ПУСК» - қолданушылық бағдарламаны орындауды іске қосу және «СТОП» - қолданушылық бағдарламаны орындауды тоқтатудан тұрады.

4сурет- Қолмен басқарудың элементтерінің аланы

 

4 суретте көрсетілген қолмен басқарудың элементтер облысы жетектердің нөміріне сәйкес келетін және қолданушымен қойылатын 5 жалаушасы бар терезелерден және «<» таңдалған  жетектің минималды координатаға қарай қозғалу батырмасы, «СТОП» таңдалған жетектің қозғалуын тоқтату  батырмасы, «>»таңдалған  жетектің максималды координатаға қарай қозғалу батырмасы және қармап алудың орнатылымын басқару батырмасы «Взять» және «Отпустить».

5 сурет -Құрылғының мнемосхемалары аланы

 

5 суретте көрсетілген мнемосхеманы орнату облысы 6  координатаның (5 қозғалтқыш және электромагниттік қармап алу) әрбіреуінің терезесін көрсетудің орнатылымы бар схематикалық көрсетуі бар. Координаталар көрсетіліміне басқа әрбір терезе жетектің күйін көрсетеді, яғни жетектің күйіне сәйкес түсін өзгертеді. Барлық терезенің сұр түсті болуы бағдарламаның басқару контроллерімен байланысы жоқ дегенді білдіреді. Терезелердің ақ түсті болуы жетектің тыныш күйіне сәйкес келеді. Терезенің сары түсті болуы жетектің нөлдік жағдайға орнатылуына сәйкес келеді. Көкшіл түс жетектің калибровка күйіне сәйкес. Көк түс жетектің минималды координатаға қарай қозғалуына сәйкес. Жасыл түс максималды координатаға қарай қозғалуына сәйкес.

5 суретте көрсетілген бағдарламаның күй жолы бағдарламаның осы мезеттегі күйін көрсететін жазбадан тұрады.

Тапсырмалар.

Тапсырма 1.1- Бағдарламаны іске қосу.

Бағдарламамен жұмыс істеу үшін бағдарлама бар папкада келесі файлдар болу керек:

MSPP.exe – бағдарламаның негізгі орындалатын файлы;

Жоқтығы  рұқсат етілетін бағдарламаның қосымша файлдары

1)  MSPP.INI – бағдарламаны күйге келтіру файлы;

2)  MSPP.MHT – бағдарламаға қажетті инстракцияны құрайтын файл.

Бағдарлама MSPP.EXE файлын тышқанның көмегімен екі рет шерту арқылы ашылады. Бағдарламаны жібергеннен кейін контроллермен байланыс орнамайды.

 

Тапсырма 1.2-Бақылаушырмен байланыс орнатуды күйге келтіру

мәзірі.

 


6сурет-Бағдарлама күйін көрсетуші жолақ

 

Тапсырма 1.3 -Бақылаушымен байланыс орнатпас бұрын басқару бақылаушымен байланыстың параметерлерін күйге келтіру қажет (7 cуретте қара).

7 сурет- Байланыстыру параметрлерін күйге келтіру парағы

 

Бағдарламаны күйге келтіру диалогтық терезесін ашу үшін тышқанның оң жақ батымасымен «Орнату» мәзірінің, Күйге келтіру пунктін басу керек. Пайда болған терезеден «Порт» закладкасын шерту керек.

8 сурет- Байланыстыру параметрлерін күйге келтіру парағы

 

Калибровканы күйге келтіру парағында орнатудағы  калибровкасының нәтижесінде алынған мәліметтер шығарылады. Бұл жерде калибровка нәтижесінде алынған басқару контроллерінен нөлдік шамасы мен максималды шамасы бойынша алынған координаталарды шектеуге болады (координаталардың шаманың теріс аймағына шығып кетуін болдырмау үшін). Берілген шектен асып кеткен шамалар электромагниттік ақаулардың пайда болуы кезінде басқару контроллері арқылы беріледі. Сол терезеде қойылған шектеулер координаталардың қате көрсетілуін болдырмайды.

Назар аударыңыз! Максималды координаталар мәнін қолмен өзгертуге болмайды. Бұл координаталар мәндері қондырғы калибровкасымен автоматты түрде беріледі.

Тапсырма 1.4 -Бағдарлама мен бақылаушы арасындағы байланысты орнату  орнату.

Бағдарламаны алғаш жіберген кезде бағдарлама бақылаушымен байланыспайды. Осы кезде бағдарламаның күйін көрсететін жолда «Состояние:отключено» жазуы шығады. Прецизионное позицирование қондырғысының көмегімен бағдарламаны басқару контроллерімен байланыстыру қондырғысы қолмен басқару элементтерінің аймағында орналасқан «Подключить» батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әрекетті басқаша түрде «Установка» менюіндегі «Подключить» пунктісін басу арқылы орындауға болады. Осы кезде бағдарламаны басқару контроллерімен байланыстырған кезде прецизионды орнықтандыру құрылғысындағы барлық жетектер автоматты түрде нөлдік шамаға орын ауыстырады. Жетектерді нөлдік шамаға орын ауыстырған кезде күй жолында «Состояние: уст. в ноль». Бағдарламаны контроллермен байланыстырғаннан кейін «Установка» менюіндегі «Подключить» батырмасы «Отключить» болып өзгереді. Құрылғының жетектерінің орнын нөлдік жағдайға ауыстырғаннан кейін қосылу аяқталды деп санай беруге болады, ал бағдарламаның күй жолындағы мәтін «Состояние: подключено» болып өзгереді.

Тапсырма 1.5-Жетектерді нөлдік жағдайға орналастыру.

Прецизионды орнықтандыру құрылғы арқылы бағдарламаны басқару бақылаушымен байланысты орнату кезінде жетектер жоғарыда көрсетілгендей автоматты түрде орын ауыстырады. Жетектердің нөлдік шамаға орын ауыстыруы пайдаланушының командасымен де жүргізіледі. Бұл үшін басқару контроллерімен бағдарламаны байланыстыру кезінде «Установка» менюін тышқанның сол жақ батырмасымен шертіп, менюдегі «Уст. в ноль» пунктісін басу керек. Егер бағдарлама мен басқару контроллері арасында байланыс болмаса, менюдегі «Уст. в ноль» пункті активтендірілмеген болып табылады. Жетектердің нөлдік шамаға орын ауыстыру процесі бірнеше минутқа дейін созылуы мүмкін. Жетектердің нөлдік шамаға орын ауыстыруы процесінің өтуі кезінде жетектер минималды мүмкін болатын шамаға дейін орын ауыстыра алады, осы кезде құрылғы мнемосұлба аймағында жетек координатасын білдіретін әрбір терезешелер сары түске боялады және нөлдік шама орнатылады. Құрылғы жетектерін нөлдік шамаға орнату процесі кезінде  бағдарламаның күй жолына «Состояние:Уст. в ноль» мәтіні шығарылады.       

Құрылғыны тоқтату үшін «стоп» батырмасын басу шарт. Мнемосұлбадағы құрылғыдай берілген құрылғыға сәйкесінше, кез келген құрылғының жылжымайтын күйдегі ағымдағы координат ақ түсті кескіндейді. «Тышқанның» сол жақ батырмасын «٧» тұрған терезеге шерту арқылы, құрылғы жұмысын тоқтатуға, сол сияқты құрылғы түрін «галочка» қою арқылы таңдауымызға болады. Бағдарламадан тыс, құрылғы максимум немесе минимум мүмкіндіктеріне ие болатын болса, құрылғы контроллер арқылы автоматты түрде жұмыстан шығады. Сол сияқты, қолданбалы басқару элементтері облысында, құрылғы жылжымайтын күйде тұрса да, «стоп» батырмасын басу шарт.

Ескерту! Бір бағытта қозғалып бара жатқан құрылғыны қозғалтуға және бір бағыттағы қозғалыс кезінде құрылғыға кері бағытта бұйрық беруге қатаң тыйым салынады. «Стоп» бұйрығын беруден кейін ғана, кері қозғалыста бұйрық беруге болады.

Басқару батырмалар бағдарламамен басқару контроллерінің арасындағы байланыс орнатылғаннан кейін ғана жұмысқа дайын болады. Қысуды қолмен басқару режимі үшін «алу» немесе «жіберу» қысуды басқару  терезесіне «тышқанның» сол жақ батырмасын шерту жеткілікті. Мұны жылжымайтын басқа құрылғылар үшін де және сол сияқты кез келген біреуін қозғалту үшінде осы бұйрықты істеуге болады.

Есеп беру.

Бақылау сұрақтар.

1.     Бағдарлама мен бақылаушы арасындағы байланысты қалай  орнатады?

2.     Бақылаушымен басқару бақылаушымен байланыстың параметрлерін күйге қалай келтіреді?

 

2  зертханалық жұмыс.  Қондырғыны қолмен басқару режимінде орнату

 

34.0pt'>Мақсаты: микропроцессорлық орнату бағдарламаны басқару редакторы жұмысымен танысу.

Әдістемелік нұсқау:

Микропроцессорлық орнату  бағдарламаны басқару редакторы қолданушы арқылы  жылжымалы құрылғының жұмысы үшін қолданушының  есебін шешуге арналған жеке алгоритм құруға және қолданушы арқылы жүзеге асырылған бағдарламаны сақтау үшін және сақталынған бағдарламаны өзгерту мен ашуға арналған. Басқару бағдарламасының өзі кесте түрінде ұсынылады, мұнда әр қатар бағдарламаның қадамына сәйкес келеді, ал баған анықталған құрылғыға тең. Басқару бағдарламасының редакторын тышқанның сол жақ батырмасын қолданушы бағдарламасының кескінделген күй кескінінің аумағына тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы шақыра аламыз. Басқару бағдарламасы редакторының жалпы терезесінің көрінісі 9 суретте кескінделген.

34.0pt'>Тапсырмалар:

34.0pt'>Жылжымалы құрылғыны орнату және іске қосу.

Қолмен басқару элементтері облысында басқару үшін жылжымалы құрылғы тандалған соң тандалған жылжымалы құрылғыны басқару батырмаларына қол жеткіземіз.

Тапсырма-2.1 Жылжымалы құрылғыны максималды координатасына жылжыту үшін «>» батырмасын басыңыз. Жылжыту барысында құрылғының мнесхемасының координаталар терезесінде жылжымалы құрылғының ағындағы координатасы көрсетіліп тұрады және жасыл түспен көрсетіледі.

Тапсырма-2.2 Жылжымалы құрылғыны минималды координатасына жылжыту үшін «>» батырмасын басыңыз. Жылжыту барысында құрылғының мнесхемасының координаталар терезесінде жылжымалы құрылғының ағындағы координатасы көрсетіліп тұрады және көк түспен көрсетіледі.

Тапсырма 2.3- Жылжымалы құрылғыны тоқтату үшін:

1 тәсіл: «СТОП» (тоқтату) батырмасын басыңыз. Кез келген жетектің қозғалыссыз жағдайында, қондырғының мнемосұлба терезедегі координата, ақ түсті және жетектің ағымдағы координатасың көрсетіп тұрады.

2 тәсіл: Таңдалған жетектің қасындағы белгіні тышқан көмегімен тағы бір сырт етіп жетекті тандау белгіні алып тастау.

3 тәсіл: Жетектің минималды немесе максималды координатасына жеткенін күту. Басқаруды бақылаушы жетекті автоматты түрде тоқтатады. Қолша басқару басқару элементтері ауданында «СТОП» батырмасын басыңыз.

         Ескерту- Жетек бір бағытта қозғалып келе жатқанда реверсивтік (кері) қозғалысқа команда беруге болмайды. Бірінші «СТОП» батырмасын басып тоқтату қажет, содан соң кері қозғалуға команда беруге болады.

Тапсырма 2.4- Тышқанның сол жақ батырмасын ұстауды басқарудың сәйкес батырмасына апарып басыңыз («алу», «жәберу»). Ұстаушыны басқаратын батырмаларына басқаруды бақылаушы мен бағдарлама арасында байланыс орнатылғаннан соң қол жеткізуге болады.

Есеп беру.

Бақылау сұрақтар.

1.     Жылжымалы құрылғының максималды координаталарың орнату қалай орындалады?

2.     Жылжымалы құрылғының минималды координаталарың орнату қалай орындалады?

 

зертханалық жұмыс. Қондырғыны автоматты режимде орнатуды басқару

 

Мақсаты: микропроцессорлық орнату бағдарламаны басқару редакторы жұмысымен танысу.

Әдістемелік нұсқау.       

Микропроцессорлық орнату  бағдарламаны басқару редакторы қолданушы арқылы  жылжымалы құрылғының жұмысы үшін қолданушының  есебін шешуге арналған жеке алгоритм құруға және қолданушы арқылы жүзеге асырылған бағдарламаны сақтау үшін және сақталынған бағдарламаны өзгерту мен ашуға арналған. Басқару бағдарламасының өзі кесте түрінде ұсынылады, мұнда әр қатар бағдарламаның қадамына сәйкес келеді, ал баған анықталған құрылғыға тең. Басқару бағдарламасының редакторын тышқанның сол жақ батырмасын қолданушы бағдарламасының кескінделген күй кескінінің аумағына тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы шақыра аламыз. Басқару бағдарламасы редакторының жалпы терезесінің көрінісі 9 суретте кескінделген.

9 сурет- Басқару бағдарламасы редакторының функционалды терезесі

 

Басқару бағдарламасы редакторының функционалды терезесі басқару бағдарламасының және өзгертілген батырма тақтасынан тұрады. Батырмалар тақтасындағы барлық батырмалар өзінің белгісі жайында жылдам көмек береді.

Тапсырма 3.1-Басқару бағдарламасын құру және сақтау.

Басқару бағдарламасы файл мәзіріне содан соң «создать» мәзіріне тышқанның сол батырмасын басу арқылы құрылады.  Бағдарламаны тағы да басқару бағдарламасын редактор терезесінен, батырмалар тақтасындағы «бет» батырмасын тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы құруға болады. Жаңа бағдарлама құрастыру кезінде, құрастырылған бағдарлама немесе редактрленіп жатқан басқа бағдарлама, олар қайтымсыз жоғалады. Құрылған бағдарламаны сақтау үшін «файл» мәзіріне содан соң сақтау мәзір пунктіне тышқанның сол батырмасын шерту керек. Осы кезде операциялық жүйенің 10-суретте көрсетілген стандартты диалогты терезесі шығады.

           10 сурет-  Басқару бағдарламасын сақтаудың диалогтық терезесі

 

Басқару бағдарламасын сақтаудың диалогтық терезесін  шақыру басқару бағдарламасының редакторының терезесіне тышқанның сол батырмасымен батырмалар тақтасындағы «сақтау» батырмасын шерту арқылы болады.

Басқару бағдарламасының алдындағы сақталған бағдарламаларды ашу операциялық жүйелердің стандартты диалогты терезесінің көмегімен орындалады, 11-суретте көрсетілген.

           11 сурет- Басқару бағдарламасының диалогтық терезесі

 

Басқару бағдарламасының диалогтық терезесін шақыру үшін тышқанның сол жақ батырмасымен файл мәзіріне шерту керек, содан кейін «ашу» мәзіріне. Басқару бағдарламасының диалогтық терезесін ашу үшін тышқанның сол жақ батырмасын басқару бағдарламасының редактор терезесіндегі батырмалар тақтасындағы батырмасын басуға болады.

Тапсырма 3.2-Басқару бағдарламасын өзгерту.

Басқару бағдарламасын өзгерту редактордың көмегімен, ағымдағы бағдарлама құрылғысының координатының мәндерін өзгерту, бағдарламаның қадамын өшіру (кесте жолдарын) және бағдарлама қадамын қосу (кесте жолдарын) іске асырады. Қолданушы бағдарламасын өзгерту бағдарлама мен басқару контроллерінің арасында байланыс орнатылған кезде ғана орындалады, дегенмен, басқа жағдайда осындай функция қолданбалы бағдарлама ретінде жүзеге асырылуда орындалмайды. 

Кесте арқылы ауыстыру «тышқанның» көмегімен немесе пернетақтаның, курсордың басқару нұсқауының көмегімен жүзеге асырылады. Кесте арқылы ауыстыруда ұяшық жақтау ішіндегі пунктерлік сызықпен кескінделеді. Ұяшықты өзгерту үшін тышқанның сол жақ батырмасымен керекті ұяшыққа екі рет шерту жеткілікті, немесе курсордың басқару пернетақтасы арқылы алдымен ерекшелеп содан соң пернетақтадан «enter» батырмасын басу шарт. Ұяшықтың мәнін өзгерту операциялық жүйенің стандартты құралымен жүзеге асырылады. Ұяшықтағы барлық өзгерістер қайтымсыз сипаттамаға ие, егер де қолданушы қате мән берсе, онда қолмен басқару режимінде бастапқы мәнді қайтару керек, редактор мұны өзі автоматты түрінде орындай алмайды. Ұяшықты өзгертіп болғаннан соң «enter»-ді басу керек, осының нәтижесінде қатардағы келесі ұяшыққа өзгерту автоматты түрде ауысады. Егерде  «enter» батырмасын басудан бұрын кестедегі қатардың соңғы ұяшығы өзгертілген болса онда, келесі кестедегі қатардың бірінші ұяшығын өзгерту автоматты түрде ауысады. Егер «enter» батырмасын басудан бұрын соңғы кестедегі қатардың ұяшығы өзгертілген болса, онда келесі бос қатардағы ұяшық соңына автоматты түрде келесі ұяшық қосылады. Егер де ұяшықты өзгерту барысында, ұяшық бос болып қалса, «backspase» батырмасын басу кезінде, онда өзгерту келесі қатардың ұяшығына өтеді. Осының нәтижесінде қатардың барлық ұяшықтары бос болса, онда бос қатардың бірінші ұяшығын өзгерткеннен соң, «backspase» батырмасын басу кезінде соңғы ұяшықтан алдыңғы қатарға ауысу жүреді.

Бағдарлама қатарын кесте ортасына қосу үшін қатардағы ұяшықты ерекшелеу қажет. Бағдарламадағы қатарды жою үшін жойылатын ұяшықты ерекшелеп тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен панелдер батырмасына шерту керек.

Тапсырма 3.3- Басқарушы бағдарламаны іске қосу.

Өзгерту барысында  қолданушы бағдарламасымен орнатылатын басқару кез келген уақытта іске  жүктелуі мүмкін, егер де басқару контроллерімен бағдарлама арасында байланыс шарты орнатылған болса. Дегенмен, құрылғылардың бөлінуін болдырмау үшін қолданбалы бағдарлама  қосылу алдында тексерілуі керек.  Тексеру қорытындысы басқару бағдарламасының редакторының күй қатарында көрсетіледі. Қолданбалы бағдарламаның тексерілуінен кейін ішке жіберу жолдар қатарындағы түстермен белгіленеді. Жасыл түс дұрыс бағдарламаға сәйкес келеді, қызыл түс қолданбалы бағдарламада қате барын білдіреді. Қате болған жағдайда, редактор бағдарламаның қатарын  және құрылғының номерін көрсетеді. Қолданбалы бағдарламадан қатені табу үшін және қолданбалы бағдарламаның тексеру жұмысының сәтті аяқталу кезінде басқару бағдарламасының редакторы батырмалар мен және пуск батырмасы, қолданбалы бағдарламасының басты терезесінде кескінделеді. Көрсетілген батырманын кез келген біреуін қолданбалы басқару бағдарламасына іске жіберуге болады. Автоматты басқарудағы қолданбалы бағдарламаның орындалу барысында қолмен басқару элементтері құрылғыны орнату барысында іске жүктелмейді.  Қолданбалы бағдарламаның орындалу барысында, бағдарламаның ағымды күйі кестеде қызыл меңзегішпен көрсетіліп тұрады, ол кестенің сол жағында орналасқан.

Тапсырма 3.4-Басқару бағдарламасының жұмысын тоқтату.

Қолданбалы бағдарламаның жұмысын тоқтату үшін автоматты түрде басқаруда тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек, ол қолданбалы бағдарламаның терезесінде кескінделген. Қолданбалы бағдарламаның жұмысын тоқтату кезінде орнату құрылғылары дәл қазіргі күйіндегідей тоқтатылады. Бірақ қолданбалы бағдарлама алдыңғы қадамына қайтып келеді, және келесі ретте ол тек қана бірінші қадамнан бастап іске жіберіледі.

Тапсырма 3.5-Бағдарламамен жұмыстың аяқталуы.

Бағдарламамен жұмысты аяқтау кезінде қолданбалы бағдарламасын тоқтату керек, қолмен басқару режимдегі барлық құрылғыларды істен шығару шарт.Сосын бағдарлама мен контроллер арасындағы байланысты өшіру керек. Содан соң қолданбалы бағдарламаның соңғы өзгертулерден кейін сақталғанына көз жеткізу керек. Соңында бағдарламаны жабуға болады.

Есеп беру.

Бақылау сұрақтар.

1.     Басқару бағдарламасын құру және сақтау алгоритмін келтіріңіз.

2.     Қолданбалы бағдарламаның орындалу барысында, бағдарламаның ағымды күйі қайдан көруге болады?

 

4 зертханалық жұмыс. Нақты координаталарда есеп шығару

 

Мақсаты: жүйені пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу.

Әдістемелік нұсқау.        

Калибровканы күйге келтіру парағында қондырғы калибровкасының нәтижесінде алынған мәліметтер шығарылады. Бұл жерде калибровка нәтижесінде алынған басқару контроллерінен нөлдік шамасы мен максималды шамасы бойынша алынған координаталарды шектеуге болады (координаталардың шаманың теріс аймағына шығып кетуін болдырмау үшін). Берілген шектен асып кеткен шамалар электромагниттік ақаулардың пайда болуы кезінде басқару контроллері арқылы беріледі. Сол терезеде қойылған шектеулер координаталардың қате көрсетілуін болдырмайды.

Назар аударыңыз! Максималды координаталар мәнін қолмен өзгертуге болмайды. Бұл координатар мәндері орнату калибровкасымен автоматты түрде беріледі.

Тапсырма 4.1-Қондырғыны калибровкалау, мәндердің қатесін тексеру.

Мәндерді калибровкалау «Қондырғы» мәзірінде орналасқан. Ол жетектің шекті мәндерінің координатарың қарауға арналған.

Координаталардың қатесін тексеру әдістемесі.

1)     Тексерістегі жетекке сызғышты бекітініз.

2)     Мүмкіндік мәндерінің шегінен шықпайтың координатаны берініз.

3)     Әр алынған мәнді жазып отырып тәжірибені қайталаңыз.

4)     Автоматты режимде жетектің мәнін беріңіз, сызғышпен арақашықты өлшеңіз.

5)     Тәжірибені қайталаңыз.

6)     Нәтижелерін салыстырып, қателер туралы қорытынды  келтіріңіз.

 

1 кесте -№1 жетек

 Қолмен басқару

Автоматты режім

Арақашықтық (см)

Координата

Арақашықтық (см)

Координата

1

15

274

285

15,4

2

15

282

285

15,2

3

15

285

285

15,3

4

15

285

285

15

5

15

281

285

15,1

Арақашықтық –S.

Координата-X.

Қате:  δ – абсолюттік, ε – салыстырмалы.

Қолмен басқару режимі үшін:

 , мұнда n – өлшеу саны.

Бұл мәнді 15 см. арақашыққа сәйкес деп алайық.

Онда:

Өлшенген максималды мән = 285.

Өлшенген минималды мән = 274.

∆=|285-274|=11,

281 – 100%,

11    -    X%,

ε =  ,

δ=11,

ε=3,91%.

Автоматты режим үшін:

;

.

Өлшенген максималды мән =15,4.

Өлшенген минималды мән =15.

∆=|15,4-15|=0,4,

15,2 – 100%,

0,4    - Х%.

ε=;

δ=0,4,

ε=2,63%.

 

2 кесте-№3 жетек

Қолмен басқару

Автоматты режим

Арақашықтық

(см)

Координата

Арақашықтық

(см)

Координата

1

15

275

285

15,6

2

15

281

285

15,1

3

15

287

285

14,9

4

15

286

285

15

5

15

280

285

15

Арақашықтық- S.

Координата –X.

Қате:  δ – абсолюттік, ε – салыстырмалы.

Қолмен басқару режимі үшін:

 , n – өлшеулер саны.

Бұл мәнді 15 см. арақашыққа сәйкес деп алайық.

Онда:

Өлшенген максималды мән = 287.

Өлшенген минималды мән = 275.

∆=|287-275|=12,

282 – 100%,

12    -    X%,

ε =  ;

δ=12,

ε=4,2%.

Автоматты режим үшін

;

.

Өлшенген максималды мән =15,6.

Өлшенген минималды мән =14,9.

∆=|15,6-14,9|=0,7,

15,1 – 100%,

0,7    - Х%,

ε=,

δ=0,7, ε=4,1%.

3 кесте-№2 жетек

Қолмен басқару

Автоматты режим

Арақашықтық

(см)

Координата

Арақашықтық

(см)

Координата

1

15

274

285

15,4

2

15

282

285

15,2

3

15

285

285

15,3

4

15

285

285

15

5

15

281

285

15,1

 

Ара қашықтық- S,

Координата- X,

Қате:  δ – абсолюттік, ε – салыстырмалы.

Қолмен басқару режимі үшін:

 , n – өлшеулер саны.

 Бұл мәнді 15 см. арақашыққа сәйкес деп алайық.

Онда:

Өлшенген максималды мән = 285.

Өлшенген минималды мән = 274.

∆=|285-274|=11.

281 – 100%,

11    -    X%,

ε =  ;

δ=11,

ε=3,91%.

Автоматты режим:

,

.

Өлшенген максималды мән =15,4.

Өлшенген минималды мән =15.

∆=|15,4-15|=0,4,

15,2 – 100%,

0,4    - Х%,

ε=;

δ=0,4,

ε=2,63%

Қорытынды: автоматты режимде жетекті басқару қолмен басқарудан  тиімдірек.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.       Андреев В.П., Сабинин Ю.А. Основы электропривода. – М.; Л.: Госэнергоиздат, 1963. – 772 с.

2.       Андрющенко В.А., Ломов В.С. Электронные и полупроводниковые устройства следящего привода / Под ред. В.С. Ломова. -М.: Машиностроение, 1967.

3.       Анхимюк В.Л., Опейко О.Ф. Проектирование систем автоматического управления электроприводами. - Минск: Вышэйшая школа, 1986.

4.       Мелкозеров П.С. Приводы в системах автоматического управления. -М.; Л.: Энергия, 1966.

5.       Коломиец А.П., Кондратьева Н.П., Владыкин И.П, Юран С.И. Электропривод и электрооборудование. -М.: КолосС,20 08.- 328 с.

6.       Фираго Б.И., Павлячик Л.Б.Теория электропривода: -М.: Техноперспектива., 2007, -588 с.

7.       Фролов Ю.М, Шелякин В.П.Основы электрического привода.-М.: Издательство: КолосС, 2007.

8.       Кисаримов Р.А.Электропривод. Справочник, РадиоСофт, 2008.

9.       Юндин М.А., Королев А.М. Курсовое и дипломное проектирование по электроснабжению сельского хозяйства. -М.: Изд.Лань, 2011.

10.   Епифанов  А.П., Основы электропривода. -М.:Изд. Лань, 2009

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

1 зертханалық жұмыс. Прецизионды орнықтандыруды жүзеге асыратын

бағдарламалық техникалық кешені

2 зертханалық жұмыс. Қондырғаны қолмен басқару режимде орнату

3 зертханалық жұмыс. Қондырғыныны автоматты режимде орнатуды басқару

4 зертханалық жұмыс.  Тапсырманы нақты координаталарда есептеу

Әдебиеттер тізімі

 

 

 

Қос.жиынтық жоспары, 2011 ж. реті 33