Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Aлматы энергетика  және байланыс  университеті
Инженерлік кибернетика кафедрасы

Нысанды бағытталған программалау
5В070200 - Автоматтандыру және басқару
мамандығы бойынша оқитын  студенттер үшін
курстық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Алматы 2014

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ешпанова М.Д., Искакова Г.Т. Нысанды- бағытталған программалау. 5В070200 - Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша оқитын  студенттер үшін курстық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар  -Алматы: АЭжБУ, 2014.– 15 б.

Әдістемелік нұсқау «Нысанды-бағытталған программалау» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған.

Әдістемелік нұсқауда Windows операциялық жүйелерінде қолданылатын негізгі қосымшалар – терезелік қосымшаларды құру технологиясы қарастырылған.

Курстық жұмысты рәсімдеу мысалы келтірілген.

Әдебиет көрсеткіші - 5 атау.

Пікір беруші: АЭжБУ доценті Қалиева С.А.

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2014 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

©  «Алматы энергетика және байланыс университеті»  КЕАҚ, 2014 ж.

Мазмұны

Кіріспе                                                                                                   4

1 Курстық жұмысқа тапсырма                                                             5

2 Курстық жұмыс тапсырмасының нұсқалары                                   5

3 Қарастырылатын негізігі мәселелер                                                 7

3.1 Пәндік облыстың жүйелік анализі                                                 7

3.2 Жүйелерді имитациялық моделдеу                                                7

3.3 Қолданушы интерфейсін құру                                                       8

3.4 Модель программасы                                                                     9

3.5 Түсініктеме хаттың құрылымы                                                      9

3.6 Курстық жұмысты орындау және қорғау реті                                 9

А қосымшасы                                                                                     11

Әдебиеттер тізімі                                                                               15

Кіріспе

Жұмыстың мақсаты: қарастырылатың жүйенін моделін құру принциптерін меңгеру, оны визуалды ортада қолданушы интерфейсін құруға дағдылану. 

Нысанды-бағытталған программалау өндірістік процестердің, процестерді автоматтадырудың қарапайым моделдерін құруға мүмкіндік тудырады. Моделдеу процесс объектілерінің және олардың арасындағы байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

«Нысанды-бағытталған программалау» пәні табиғи-ғылыми пән, математикалық, инженерлік-техникалық есептерді шешуден, АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны) моделдерін құру мәселелерінен тұрады.

Курстық жұмысты орындағанада Windows операциялық жүйелерінде жұмыс істеуге негізделген Delphi интеграцияланған программалау ортасы қолданылады. Delphi-дегі программалар визуалды жобалау технологияларның негізінде құрылады, ол нысанды-бағытталған программалау идеяларын қолдануға негізделген.

Delphi программалау ортасы Windows қосымшаларын салыстырмалы түрде тез және оңай құруға мүмкіндік береді. Сондықтан RAD (Rapid Application Development – қосымшаларды тез құру ортасы) атағын алды.

Delphi бағдарламалау ортасының қондырылған компиляторы бар, ол бағдарлама мәтінін компьютер процессорына түсінікті машиналық кодқа аударады. Бүгінгі күнде бұл компилятор ең тез болып табылады және бағдарламалау ортасының жоғарғы өнімділігіне мүмкіндік береді. Delphi ортасының компиляторы автономды exe-файлдар (орындаушы файлдар) құрады. Сондықтан Dephi-де құрылған қосымшалар Delphi ортасы орнатылмаған компьютерде де  жұмыс істей береді.

Курстық жұмысты орындауға арналған ұсынылған әдістемелік нұсқаулар студенттер Delphi ортасында бағдарламаларды құру және визуалды бағдарламалау негіздерін меңгеру үшін құрылған.

Әдістемелік нұсқаудың сипаттама бөлімі қажетті курстан алынған оны орындауға арналған ақпараттардан, курстық жұмысты рәсімдеу мысалынан тұрады.

Курстық жұмыс бойынша студент есептеме беріп және жұмысты қорғауы керек.

1 Курстық жұмысқа тапсырма

1.1 Пәндік облысты талдау.

1.2 Моделдің функционалдық құрамын анықтау және оны құру.

1.3 Қолданушы интерфейсін құру.

1.4 Модель программасын құру.

1.5 Курстық жұмыс бойынша түсіндірме хатты рәсімдеу.

1.6 Курстық жұмысты қорғау

1.7 Орындау және курстық жұмысты қорғау тәртібі.

Курстық жұмыс тақырыбы студентпен журналдағы тізім бойынша таңдалады.

2 Курстық жұмыс тапсырмасының нұсқалары

2.1 Банкомат жұмысын моделдейтін программа құру. Талаптар:  банкомат жұмысын имитациялау; нақты бір клиент жайлы ақпарат шығару: қай уақытты транзакция жүргізілді, қандай сомаға, қай аппараттан, «Виза» категориясының карточкасы болуын қарастыру. Көрсетілген клиенттер бойынша есептеме құру. Салымшылар жайлы келесі ақпараттар болуы кереке: дербес есепшот нөмірі, төлқұжат мәліметтері, салымның ағымдық сомасы, кез келген соманы қабылдау және беру операциясы, пайыздарды автоматты түрде қосу.

2.2 «Электрондық билет» жүйесінің жұмысының моделдейтін программаны құру. Талаптар: халықаралық төлқұжат нөмірі бойынша немесе куәлігі бойынша билет нөмірі және рейсі анықталады. Белгілі бір клиент қанша рет аэропорт немесе ТЖ қызметін қолданғанын анықтау. Көрсетілген клиент қажетті жеріне келгенін, билет қай жаққа сатып алынғанын анықтау. Нақты бір мерзімде Қазақстаннан қанша адам көрсетілген қалаға барғанын анықтау. Алматы, Астанада сатып алынған билеттер саны бойынша есептеме құру.

2.3 Жинақ кассасында клиенттермен жұмысты моделдейтін программа құру: қажетті әрекеттерге байланысты қажетті бағытта талон беріледі.Мысалы, коммуналдық қызметтерді төлеу – 6 бағыт, несие рәсімдеу – 1 бағыт, т.с.с. Талаптар: әрбір бағыт бойынша банкке келгендер саны бойынша есептеме құру.

2.4 Интерпол картотекасын құру. Әрбір тіркеудегі қылмыскер бойынша мәлімет: аты-жөні, лақап аты, бойы, шаш және көзінің түсі, ерекше белгілері, азаматтығы, туған орын және күні, соңғы тұру орны, білетін тілдері, қылмыстық кәсібі.  Талаптар: кез-келген белгілер жиыны бойынша таңдау, қылмыстық ісін тоқтатқандарды архивке ауыстыру, ажалдан кейін ғана өшіру.

2.5 Мекен-жайы, телефон, жұмыс немесе оқу орны, қызығушылықтары, іскерелік ерекшеліктері және т.б. мәліметтер енгізілетін жазба кітапшасын құру. Талаптар: автоматты түрде туған күнімен құттықтауды қалыптастыру. Кез келген үлгі бойынша іздеу салу.

2.6 Сатып алушы анықтама кітапшасын құру. Қаланың сауда нүктелерінің тізімін құру: атауы, мекен-жайы, телефон, бағыты, жекеменшік формасы, жұмыс уақыты және т.б. Талаптар: бағыт, аудан, ыңғайлы жұмыс уақыты бойынша дүкен іздеу.

2.7 МАИ жұмысшысының анықтама кітапшасын құру. Траныспорттық көліктің (автомобиль, мотоцикл, тіркеме және т.б.), маркасы, түсі, зауыттық және борттық нөмірі, шығару уақыты, құрылысының және бояу ерекшеліктері, соңғы техникалық тексеру күні, иесінің төлқұжат мәліметтері. Талаптар: көлікті маркасы, бояуы, техбақылау күні бойынша таңдау. Уақытына сәйкес техбақылауға шақыру қалыптастыру.

2.8 Турнирлік кесте: турнирлік кестенің квадрат матрицасына – кезекті матч есебі енгізіледі. Талаптар: матрица диагоналінде кіргізілген және өткізіп алған голдар санының айырмасы есептеледі. Чемпионаттағы әрбір команданың ағымдық орнын есептеу және орынан сәйкес кестені сорттау.

2.9 Шаңғы   жарысының нәтижесі берілген: қатысушылардың аты-жөні, жасы, бастау уақыты, мәреге жету уақыты. Жасы бойынша белгілі бір диапазондағы 3 топ бар. Әрбір жастағы топтың чемпионын табу керек.

2.10 Емтихандық тізімдеме. Студенттердің дайын аты-жөні бар жиынтық тізімде сессия нәтижелері енгізіледі. Нәтижелері бойынша әрбір студенттің дифференциялданған стипендия мөлшерін және қорытынды сомасын, әрбір емтихан бойынша әрбір топтағы бойынша бағалар санын және барлық емтихан бойынша бағалар санын табу керек.

2.11 Алматы қаласы аэропортының автотұрағындағы автокөліктерді  тіркеуді имитациялайтын қосымша құру. Берілген нөмірдегі автокөлік  автотұрақта қанша уақыт тұрды, қанша төлегенін анықтау керек. Берілген күні автотұрақта қанша автокөлік тұрғанын көрсететін есептеме құру. Ағымдық уақыттағы автокөліктер санын шығару керек.

2.12 Мүмкіндігі шектелген – адамдар үшін арналған банкомат  жұмысын имитациялайтын қосымша құру. Банкомат арқылы орындалатын барлық операцияларды тіркеу керек, әрбір клиентке есептеме бергенде қажет. Есепшот күйі жайлы дыбыстық сигнал беру керек.

2.13 Емханалар дәрігерлеріне арналған АЖО үлгісін құру керек.

2.14 Стационар дәрігеріне  арналған АЖО үлгісін құру керек. 

2.15 Қышқылсүт өнімдерін дайындайтын конвейер моделін құру: сүтті керекті бактериялармен араластыру, белгілі бір уақыт ашыту, бөтелкелерге құю.

2.16 Вокзалдың ақпараттық-анықтамалық жүйесінің моделін құру: жолаушы берілген бағыттағы поездың кестесін, билет құнын білу керек. Талап: уақыт бірлігінде әрбір анықтама бойынша хабарласулардың  орташа санын анықтау.

2.17 Университет оқытушысының АЖО үлгісін құру керек.

2.18 Орта мекетеп мұғалімінің АЖО үлгісін құру керек.

2.19 Нан-бөлкелік өнімдерді пісірудің автоматтандырылған жүйесінің моделін құру.

2.20 АҚБ моделін құру.

Курстық жұмысты орындау мысалы А қосымшасында келтірілген.

3 Қарастырылатын негізігі мәселелер

3.1 Пәндік облыстың жүйелік талдауы.

Әрбір ақпараттық жүйе қызметіне байланысты пәндік облыс деп аталып кеткен нақты әлемнің бір немесе басқа бөлігімен жұмыс істейді.

Имитациялық моделдеу тұрғысынан қарастырсақ жүйелік талдау  шеңберінде пәндік облыстың объектілерін және олардың арасындағы байланыстарды мұқият сөзбен  сипаттап кету керек.

Жүйелік талдау келесі кезеңдерден тұрады:

-  пәндік облыстың объектілерін жайлы ақпаратты мұқият сипаттау;

- берілген моделді тұрғызуда шешілетін нақты есептерді қалыптастыру;

- жүйеде түзілетін шығыс ақпаратты сипаттау;

- есептерді шешу алгоритмдерінің қысқаша сипаттамасы;

- кірісі ақпараттың сипаттамасы.

Моделді құру алдында жүйеде не орындалу керек, қандай қолданушылар онымен жұмыс істейді, қолданушы қандай есептерді шешеді деген түсініктер болуы қажет. Моделді құруда нақты мақсаттардың болмауы барлық жұмысты жоққа шығарады және модел нақты моделденетін объектіге, ол арқылы шешілетін есептерге сәйкес болмауы мүмкін.

3.2 Жүйелерді имитациялық моделдеу.

Модель түсінігіне келесі анықтама беруге болады: жүйенің өте маңызды ерекшеліктерін ескеріп, елеусіз ерекшеліктерін қарастырмайтын сипаттамасы.

Модель – бұл жүйенің немесе заттың есептеулерді жеңілдетуге немесе болжауға бағытталған оңайлатылған көрінісі немесе сипаттамасы.

К. Шеннон келесідй анықтама береді: «Модель объекттің, жүйенің немесе түсініктің (идеяның) олардың нақты өмірдегі болмысынан  ерекшеленетін бір формадағы көрінісі болып табылады». Кіріс жасанды түрде беретін әсерге моделдің беретін жауабын бақылау жолы арқылы жүйені зерттеу әдістемесін моделдеу деп түсінсе де болады.  

Имитациялық моделдеудің мақсаттары келесідей:

-   жүйенің тәртібін жазу;

-   бақыланатын тәртіпті түсіндіретін теория және гипотезалар құру;

-   бұл теорияларды жүйенің болашақтағы тәртібін болжау үшін қолдану, яғни жүйедегі өзгерістер әсерінен немесе оның жұмыс істеу әдістерінің өзгеруінен болатын тәртібін болжау қажет.

Модель нақты өмірде болатын «әлдебір заттың» көрінісін немесе сипаттамасын береді; модель ол «әлдебір затты» жеңілдетеді; модельді құру мақсаты әдетте  осы «әлдебір затт» қалай жұмыс істейтінін есептеу немесе болжау. Фото суреті модель бола алмайды, өйткені 1,2 тармақты қанағаттандырады, 3 тармақты қанағаттандырмайды.

Моделдеу нәтижелері бойынша дұрыс шешім қабылдауға әсер ететін негізгі факторлар:

- шешілетін есептің адекватты түсінігі; егер есеп толығымен анықталмаған болса және жеткілісіз, нақты сипатталмаса, онда бұл шешім пайда әкеледі деп айту қиын. Бұл негізгі қағида тек моделдеуге ғана емес, ол барлық есептерге қатысты.

- дұрыс модель; техникалық түрде тиімді шешім алу үшін бұл бірінші дәрежелі фактор. Модельдегі қателер анықталмаса, онда олар ауытқыған моделге негізделген шешімдерге әкеледі.

- дұрыс программа; программалау – құрудың соңғы кезеңі және дұрыс программа дұрыс модель негізінде ғана жазыла алады.

Имитациялық модель зерттелетін жүйенің құрылымының сипаттамасынан тұрады. Сондықтан моделді құру қарастырылатын объектінің функционалдық құрамын ерекшелеуден басталады. Моделдің құрамы және олардың арасындағы байланыстар қаншалықты дұрыс анықталғанына байланысты  модель де соншалықты дұрыс жұмыс істейді. Құрамының кейбірі  сипатталады: қандай қызмет орындайды, кіріс мәліметтермен қандай байланыста, шығыс мәліметтермен қандай байланыста, басқа құрамалармен  қалай байланысқан. 

3.3 Қолданушы интерфейсін құру.

Құрылатын модель талдауы номер болу үшін программаның графикалық интерфейсі ыңғайлы және түсінікті болу керек. Жүйе құрамалардан тұрғандықтан әрбір құраманың интерфейсте бір көрінісі болуы керек, яғни құрамаға қандайда бір компонент сәйкес келуі мүмкін. Кей жағдайда компонент әртүрлі формаларда орналасу мүмкін. Бірақ бұл модель логикасына сәйкес келуі керек. Кіріс мәліметтер таңдалуы немесе енгізілуі мүмкін, осыған байланысты әртүрлі компоненттер қолданылады.

Жүйенің жұмысын талдау үшін графиктер, мәліметтер қоры, кестелер қолданылуы мүмкін.

Құрылатын қосымшадағы жұмыс бірнеше нұсқалы болуы мүмкін: мәзір, меншікті мәзір, аспаптар панелін қолдануға болады.

3.4 Модель программасы.

Программалау – бұл құрудың соңғы кезеңі. Тіл түрің таңдау бірнеше факторларға байланысты: программалық қамтамасыз етудің қол жетімділігі, программалау және моделденетін жүйе сипаттамалары.

Визуалды имитациялық модель құруға болатын оншақты тілдердің ішінде ең күшітісі жоқ, әрбірінің кемшіліктері де артықшылықтары да бар.

Тапсырмалар визуалды модель құруға арналғандықтан программалау ортасы ретінде Delphi немесе Builder C++ таңдауға болады.

Программа қолданушыға түсінікті болуы керек, сондықтан негізгі моменттеріне түсініктеме жазу керек. Егер қолданушы функциялары немесе процедуралары қолданылса, онда листингте түсініктеме болуы керек.

Егер программа бірнеше модульден тұрса, онда сәйкес файлдарға атауларын беру керек  және түсіндірме хатта моудльдер бір бірімен қалай байланысқанын (сұлба) көрсету керек.

 3.5 Түсінктеме хаттың құрылымы.

Курстық жұмыстың түсініктеме хаты келесіден тұруы керек:

-   титулдық бет;

-   курстық жобалауға тапсырма;

-   мазмұны;

-   түсініктеме хаты негізгі бөлімі,  алгоритмдер сұлбасы, интерфейстің жалпы түрі;

-   қолданылған әдебиеттер тізімі;

-   қосымша- программа листингі;

3.6 Курстық жұмысты орындау және қорғау реті.

Курстық жұмыс жетекшісі – оқытушы берген тақырыптар тізімінен студент тақырыбын таңдайды.

Күрделі (кешенді тақырып) тақырыпты студенттер топтасып орындай алады (2 адам). Бұл жағдайда орындаушылар рөлі жетекшімен бөлінеді, және де әрбіреуінің рөлі MS Project-те орындалған қосымшада көрсетіледі.

Қорғауға рұқсат алу үшін студент жетекшіге қажетті көлемдегі түсініктеме хатты, программа және презентациясын әкелуі керек.

Қорғау студенттің істелген жұмысының нәтижесі жайлы баяндама түрінде және сұрақтарға жауап беру арқылы өтеді. Сұрақтар жұмыс тақырыбы бойынша және өткен курстан алынуы мүмкін.

Бағалау кезінде жұмыстың толықтығы, жұмысты орындау дәрежесі, жеке орындау және кешенді жұмысқа қатысу дәрежесі, құрылған әдістеме мен алгоритмдер тиімділігі, программалар сапасы (нысанды-бағытталған программалау талаптарына сәйкестілігі, оқылуы) ескеріледі. Баяндамаға берілетін уақыт 10 минут.

Курстық жұмысқа берілетін баға орындаған жұмыс бағасы және сұрақтарға жауап бағасынан, баяндама бағасы және презентация бағасынан құралады. Орындаған жұмыстың бағасының салмағы ең жоғарысы.

Қорғауға қажеттілер:

-   түсініктеме хат (10-15 бет);

-   түсініктемесі келтірілген программа мәтіні;

-   ақпарат тасығыштағы программа.

 А қосымшасы

Тапсырма үлгісі
АУТк-11-1тобының студенті Б.Оразбаевқа
курстық жұмысына
ТАПСЫРМА

Курстық жұмыс тақырыбы: «Автотұрақ жұмысын  имитациялайтын модель құру».

Жұмыс мақсаты: пәндік облыс анализінің негізінде автотұрақ жұмысын  имитациялайтын программа құру. Берілген күні автотұрақта қанша автокөлік тұрғанын көрестетін есептеме құру. Ағымдық уақыттағы автокөліктер санын шығару керек.

Қарастырылатын негізігі мәселелер:

Пәндік облыстың талдауы

Моделдеу есептерінің қойылымы

Бастапқа ақпаратқа қойылатын талаптарды анықтау

Моделдің мазмұндық сипаттамасын құру

Модель алгоритмін құру

Модель программасын құру

Қорғауға қажеттілер:

Түсініктеме хат (10-15 бет);

Түсініктемесі келтірілген программа мәтіні;

Ақпарат тасығышатағы программа.

Курстық жұмысты орындау орны: АЭжБУ, Инженерлік кибернетика кафедрасы

Жетекші аға оқытушы

Тапсырманы алған АУТк-11-1тобының студенті                          Оразбаев Б.        

А қосымшасының жалғасы

Мазмұны

1 Кіріспе

2 Пәндік облыстың талдауы

3 Моделді тұрғызу

3.1 Модел құрамын анықтау

3.2 Моделді тұрғызу

4 Программа құру

5 Қолданушы интерфейсін құру

6 Программа жұмысын анализдеу

Қорытынды

1 Кіріспе

Нысанды-бағытталған программалау өндірістік процестердің, процестерді автоматтандырудың қарапайым моделдерін құруға мүмкіндік тудырады. Процестерді моделдеу процесс объектілерін және олардың арасындағы байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыста автотұрақ жұмысын имитациялайтын модель құрылады.  Визуалды компоненттер жиыны қолданылады, оператора-кассир және тексеруші үшін ыңғайлы интерфейс жасалады.

2 Пәндік облыстың талдауы (кәсіпорынды зерттеу)

Кәсіпорын жұмысының бағыты – автотұрақ. Автокөлік жүргізушілері тұраққа кірерде тіркеуден өтеді. Кірер алдында тұрақта тұру уақытына байланысты (автоматты түрде қойылады) ақысын төлеу жүргізіледі.

Жүргізуші істерінің реті келесідей:

Жүргізуші кіріс шлагбаум алдында тоқтайды, оның жанында паркинг аппараты орналасқан. Батырманы басқанда карточка шығарылады, компьютерде берілген карточканың штрихкоды және машининаның кірген уақыты тіркеледі. Осы сигнал бойынша (батырма басылуы) шлагбаум ашылады.

Төлеу ақысы уақытқа байланысты. 

Кіріс шлагбаум жанында кіргенді тіркейтін датчик1 (Д1) орнатылған, шығатынды – датчик 2 (Д2) тіркейді. Автотұрақ 50 автокөліке арналған. Д1 сигналы түскенде санағыш мәні 1-ге өседі; Д2 сигналы түскенде санағыш мәні 1-ге кемиді. Егер  санағыш 50 мәні елуден кіші болса, онда кірісте: «Бос орын бар», кері жағдайда – «Орын жоқ» хабарламасы тұрады.

Компьютер датчиктер сигналдарын қабылдап, өзіне жазылған программаны орындайды және қажетті ақпаратты шығыс құрылғыға береді.

А қосымшасының жалғасы

3 Моделді тұрғызу

3.1 Модель құрамын анықтау

Автотұрақ жүйесін келесі заттар құрайды: компьютер, кассалық аппарат, кірісі және шығыс паркинг аппараты, шлагбаум жақындау датчиктері, жарық диодтары. Барлық ақпарат компьютерде мәліметтер қорында сақталады.

Кассалық аппарат тұрақ қызметінің ақысын төлеу жайлы ақпаратты компьютерге жібереді.

3.2 Моделді тұрғызу

Автотұрақ жұмысының модель құрылады. Келесі құрамалар анықталды: компьютер, паркинг аппараты, кассалық аппарат, таймер, карточкалар.

Карточкалар: әрбір карточкаға штрихкод сәйкес келеді, ол кестеге енгізілген.

Электрондық сағаттар кіріс паркинг аппаратында және кассалық аппаратта орналасқан. Олар карточка таймерін активтендіру және тоқтату уақытын тіркейді.

4 Программа құру

Автотұрақ жұмысының моделдейтін программа құрылады.

Программалау тілі ретінде нысанды-бағыталған тіл – Паскаль тілі, құру үшін Delphi ортасы таңдалады.

Ыңғайлы болу үшін жүйенің барлық құрамалары бір жобаның әртүрлі формаларында орналасады.

Автотұрақ жұмысының процесі шлагбаум таңдауға қатысты, осыған байланысты санағыш мәні өседі не кемиді. Негізгі айнымалылыардың бірі санағыш. Шлагбаум және кассалық аппаратты сұлба түрінде көрсету үшін Memo1, Memo2 компоненттері таңдалады;

5 Қолданушы интерфейсін құру

Модель жұмысына анализ жүргізу үшін программаның ыңғайлы графикалық интерфейсі құрылған. Қолданушы бағытты таңдайды: кіріс немесе шығыс. Программа қолданушыға шығуға болады әлде жоқ екенін,  қолданушы кіру үшін бос орын бар не жоқ екенін анықтайды.

Сонымен қатар ағымдық уақытта тұрақытағы автокөліктер санын білуге болады. Мәліметтер негізінде күніне қанша машина болғанын анықтауға болады.

Программа дұрыс жұмыс істеу үшін форма кодындағы оқиға өңдегіштерде қолданушының  орындайтын барлық қимылдар реті, енгізу дұрыстығы келтірілген.

6 Программа жұмысын талдауы

«Кірген» 10 карточка таңдалды. Үш клиент бірнен соң бірі шығып кетті де, содан кейін қайтадан кірді. Осы барлық уақыт бақылануда, санағыш нешеге тең, ол дұрыс тірекеп жатыр ма, белгілі бір уақытта тұрақта қанша автокөлік болды.

Қорытынды

Құрылған программа автотұрақ жұмысын имитациялайды: автокөлік  кірісі, оны тіркеу, автокөлік автотұрақта тұрған уақытын анықтайды. Белгілі бір уақытта тұрақта қанша автокөлік болатынына талдау жүргізуге, модель үшін болжау жасауға мүмкіндік береді.

А қосымшасы

Программа коды.

Әдебиеттер тізімі

1.      Архангельский А.Я. С++ Builder 6. Справочное пособие. Книга 1. Классы и компоненты.- М.:Бином-Пресс. 2002.

Осымен КЖ үлгісі бітеді.

Әдебиеттер тізімі

1.      Желонкин А. В. Основы программирования в интегрированной среде DELPHI. Практикум. – М.: БИНОМ, 2006.

2.      Фленов М. Библия Delphi.- СПб.: БХВ – Петербург, 2008.

3.      Культин Н. С++ Builder  в задачах и примерах.- СПб.: БХВ-Петербург, 2005.

4.      Ешпанова М.Д., Ибрашева А.Т. Нысанды-бағытталған бағдарламалау. (5В070200-Автоматтандыру және басқару) мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. –Алматы: АЭжБУ, 2013.

2014 ж. жиынтық жоспары, реті 118

Ешпанова Мадина Далабаевна
Искакова Гульмира Танирбергеновна

Нысанды-бағытталған ПРОграММАЛАУ
5В070200 - Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша оқитын  студенттер үшін
курстық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Редактор  Б.С. Қасымжанова
Стандарттау бойынша маман Н.Қ. Молдабекова

__. __. __. басуға қол қойылды
Пішімі 60х84  1/16
Таралымы 100 дана. 
№1 типографиялық қағаз
Көлемі ____ оқу-бас. ә.
Тапсырыс __. Бағасы  тг.    

«Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірмелі-көбейткіш бюросы
050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126