Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Өнеркәсіптік жылуэнергетика кафедрасы

 

 

 

МЕТРОЛОГИЯ, СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ САПАНЫ БАСҚАРУ

 5В071700 – Жылу энергетикасы мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған есептік-сызба жұмыстарды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар

 

 

 

Алматы 2012

 

          ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Н.К.Бекалай, Н.О.Джаманкулова. Метрология, стандарттау және сапаны басқару. 5В071700 – Жылу энергетикасы мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған есептік-сызба жұмыстарды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар мен бақылау тапсырмалары. - Алматы: АЭжБУ, 2011. - 18 бет.

 

   Әдістемелік нұсқаулар курстың бағдарламасынан, есептік-сызба жұмыстарды орындаудың негізгі талаптарынан және бақылау тапсырмаларынан тұрады. Әр тарауда оқып білуге қажетті тақырыптардың тізімі, бақылау сұрақтары келтірілген. Курсты оқып үйрену әдістемесі және әдебиеттер тізімі ұсынылған.

Кесте. 8, библиогр. – 19 атау. 

 

Пікір беруші: тех. ғыл. канд., доц. А.А. Кибарин 

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 жылғы  жоспары бойынша басылады 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2012 ж 

 

Кіріспе 

Жылу технологиялық процестердің жоғарғы қарқынмен үдеуі, онда қолданылатын агрегаттардың бірлік қуатының және өнімділігінің артуы, сонымен қатар, технологиялық бақылау құралдарының күрделеніп көбейуі қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Метрологияның өлшеулер туралы ғылым ретінде дамуы қазіргі заман талабы. Себебі метрологияның қарқын ала дамуынсыз көптеген ғылыми бағыттардағы прогресс мүмкін емес, яғни заманауи өлшеу техникасын жасап, оны тиімді қолдану мүмкін болмайды.  Өлшеу процесі кезінде туындайтын негізгі мәселелердің бірі - өлшеулердің біртектілігін қамтамасыз ету және олардың нәтижесінің сенімділігін арттыру.

Бұл курста өлшеулерді метрологиялық қамсыздандыру теориясының негіздері, технологияляқ процестерді басқару, технологиялық қондырғыларды бақылау және энергияның барлық түрлерін өндіру, тарату, пайдалану процесі кезіндегі есебін жүргізу, сонымен қатар стандарттау негізінде шикізат пен өнім сапасының параметрлерін бақылау мақсатында қолданылатын өлшеу әдістері мен құралдары  оқытылады.

Курстың мәселелері:

- метрологияның теориялық негіздерімен, метрологиялық қамсыздандырудың нормативтік және құқықтық базасымен таныстыру;

- стандарттаудың және өнімнің сапасын бағалаудың ғылыми негіздерімен, өнімнің сапакөрсеткіштерін анықтау әдістерімен таныстыру;

- метрологиялық қамсыздандырудың ғылыми базасы болып табылатын ықтималдық теориясы мен матаматикалық статистика элементтерін оқытып үйрету;

- өлшеу ақпаратын өңдеу тәсілдері мен әдістерін, өлшеу аспаптары мен жүйелерінің дәлдігі мен сенімділігін бағалау тәсілдерін оқып үйрету;

- қателіктер теориясы элементтерін, тура және жанама өлшеулердің кездейсоқ қателіктерін бағалау әдістерін оқып үйрету;

- эксперимент нәтижелерін өңдеу және олардың сенімділігін арттыру машықтарын қалыптастыру.

        

         1 Жалпы әдістемелік нұсқаулар

 

Курсты оқу алдында студенттерге жоғарғы математика, физика, электроника және өнеркәсіптік электроника негіздерін қайталау қажеттілігі ескертіледі.

Курсты оқу барысында «Әдебиеттер тізімі» бөлімінде аттары аталған оқулықтар мен есептер жинақтарын қолданған жөн.

Бағдарламаның әр тақырыбын оқып білгеннен соң, тақырыптың бақылау сұрақтарының көмегімен материалды меңгеру деңгейін өзбетінше тексеріп отыру қажет.  Бақылау сұрақтарына оқулықтың немесе конспектінің көмегінсіз жауап бере білу керек.

Бұл курсты оқитын студенттер екі есептік-сызба бақылау жұмысын орындауы тиіс. Бақылау жұмысын орындау барысында берілген сұрақтарға жазбаша жауап беру және есептер шығару керек.

Орындалатын бақылау жұмысының нұсқасы студенттің фамилиясының бірінші әрпі (1кестеге қара), сынақ кітапшасы шифрының соңғы және оның алдындағы сандары бойынша таңдалады.  Өз нұсқасы бойынша орындалмаған жұмыстар бағаланбайды.

Бақылау сұрақтарына жауап беруді сәйкес келетін тарауды толық меңгеріп алғаннан соң, бағдарламада келтірілген ретімен орындау ұсынылады. Есептер курстың бағдарламасын толық меңгергеннен кейін шығарылады.

 

1 Кесте

Студенттің фамилиясы

ның бірінші әрпі

 

А,

Д

 

В, Г,

Я

 

 

Б,

Е

 

Ж, 3,

Ц, Л

 

К

Қ,Ұ

 

М,І

О

 

Н,

И

 

Р, Т, X, Ф

 

С,Ч, Э,Ю

 

У,П,

Ш

Фамилияның бірінші әрпінің индексі

 

0

 

1

 

2

 

3

 

4

 

5

 

6

 

7

 

8

 

9

 

Бақылау сұрақтарына қысқа, нақты, қажетті формулалар мен сызбаларды келтіре отырып, жауап беру керек. Есеп шығару барысында қолданылатын коэффициенттерді, шамаларды, формулаларды ашып түсіндіріп отыру қажет. Жауап беру және есеп шығару жолдарына түсініктеме келтірілген мәтіндерде қолданылған анықтамалық және оқулық әдебиеттерге сілтеме келтіру керек.

Есептерді ретпен және толық шығару керек. Есептеу формулалары алдымен жалпы түрде жазылады. Сызбалар миллиметрлік қағазда орындалады, содан кейін дәптерге жапсырылады, немесе Excel, AutoCAD бағдарламаларында орындалады.

Жұмыстарды міндетті түрде АЭжБУ тарапынан есептік сызба жұмыстарға қойылатын талаптарға сай  орындау керек.

Сынақтан өтпеген жұмысты сол дәптердің ішіндегі таза парақтарда түзету керек.

Есептеулер мен жауаптар өлшем бірліктердің СИ жүйесінде келтірілуі қажет.

Тапсырманың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен интернеттен алынған материалдар көзі көрсетілуі керек.

Тапсырмаларды орындау барысында сұрақтар туындаса, консультация алу үшін жазбаша немесе ауызша түрде кафедраға хабарласуға болады.

2 Курстың негізгі сұрақтары

 

2.1 Кіріспе. «Метрология, стандарттау және сапаны басқару» курсының мақсаты мен мазмұны. Курстың негізгі мәселелері және оның қазіргі заман шарттарында мамандар даярлаудағы ролі

 

Метрология пәні және оның мәселелері. Өлшеулердің біртектілігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі (ГСИ). Мемлекеттік аспаптар жүйесі.
Құқықтық актілер. Ұғымдар, терминдер және анықтамалар. Өлшеулердің дамуының тарихи этаптары. Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары. Өлшеу қателіктерінің. Физикалық шамалардың өлшем бірліктері, өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесі.
Унификациялау, стандарттау және энергияның барлық түрлерін өндіру, тарату, тұтынудың қазіргі заманғы жағдайындағы өнім сапасын бақылау.   Өлшеу құралдарының күйін мемлекет тарапынан қадағалау, мемлекеттік және салалық метрологиялық қызмет.       

Ерекше назар аудару:   өлшеу әдістері мен этаптарын;    физикалық шамалар жүйесін және олардың өлшем бірліктерін, физикалық шамалардың  эталондарын білу. 

 

2.2 Өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу. Ықтималдық теориясы мен матаматикалық статистика элеменитерінің қолданбалы маңызы

 

Ықтималдық ұғымы. Кездейсоқ шама. Жүйелік және кездейсоқ өлшеу қателіктері, олардың үлестірілу заңы. Үлестірілу функциялары мен параметрлері. Кездейсоқ қателіктердің қалыпты және бірқалыпты үлестірілуі. Стьюдент үлестірілуі. Сенімділік интервалы, сенімділік ықтималдығы. Статистикалық таңдаулы жиынтық. Таңдаулы орташа мән, кездейсоқ шамалардың орташа квадраттық ауытқуы. Гистограмма. Қателіктер көзі. Аспаптық қателік. Әдістемелік, статикалық және динамикалық қателіктер. Бір реттік өлшеу қателіктері. Тура өлшеудің жалпы қателігін анықтау. Жанама өлшеу қателігі. Бірлескен өлшеулерде алынған эксперименттік мәліметтерді өңдеу әдістері.

Ерекше назар аудару: көп рет өлшеулер нәтижелерінің сенімділігін бағалауда және олардың дәлдігін арттыруда ықтималдық теориясы мен матаматикалық статистика элеменитерін практика жүзінде қолдана білу; тура, жанама, бірлескен өлшеулер дәлдігін бағалай білу.

 

2.3 Жылу энергетикалық шамаларды өлшеу жүйелері және олрардың қателіктері

 

Жылу энергетикалық шамаларды өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық көрсеткіштері. Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары және дәлдік кластары. Өлшеу құралдары қателіктерінің  классификациясы және оларды анықтау. Өлшеу құралдарының қателіктерін қалыптандыру. Жұмыстық өлшеу құралдарының эталондары және оларды тексеру. Өлшеу құралдарын тексеру сұлбалары. Өлшеу құралдарын тексеру кезінде қателікті бағалау. Өлшеу жүйелерін тексеру және қателіктерін бағалау.

Ерекше назар аудару: физикалық шамалардың өлшеу бірліктерін жұмыстық өлшеу құралдарына жеткізу мақсатын түсіну және әдісі мен құралдарын білу; жылу техникалық қондырғыларды сынау кезінде қолданылатын өлшеу құралдары мен аспаптарының метрологиялық сипаттамаларына қойылатын талаптарды негізделе таңдай білу.

 

2.4 Жылу энергетика объектілерін метрологиялық қамсыздандыру

 

Жылу энергетика объектілері жұмысының түрлері және ерекшеліктері. Жылу энергетика объектілерінің классификациясы. Эксплуатация шыңын бағалау көрсеткіштері. Жылу энергиясының сапасы, өнімнің, шикізаттың, отынның сапасы, жылу энергетика объектілері жұмысының экологиялық көрсеткіштері туралы ұғым. Өндірісті метрологиялық қамсыздандыру. Метрологиялық қамсыздандырудың ғылыми және нормативтік негіздері. Өлшеулердің біртектілігін қамсыздандырудың құқықтық негіздері. Метрологиялық қызметтің құрылымы және функциялары.

Ерекше назар аудару: өндірісті метрологиялық қамсыздандырудың мақсаты мен қағидаларын және оның жылу энергетикалық кәсіпорындардың өнімінің сапасын арттырудағы ролін түсіну; кәсіпорынның метрологиялық қызметінің іс-әрекетінің құқықтық негіздерін білу.

 

2.5 Стандарттаудың және мемлекеттік стандарттар талаптарының орындалуын бақылаудың Мемлекеттік жүйесі. Сертификаттау және сапаны басқару

 

Стандарттау және стандарт туралы ұғым. Стандарттаудың Мемлекеттік жүйесінің, конструкторлық құжаттардың біртұтас жүйесінің (ЕСКД), технологиялық құжаттардың біртұтас жүйесінің (ЕСТД),  өлшеулердің біртектілігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің (ГСИ) мақсаты мен мәселелері. Стандарттаудың құқықтық және ғылыми негіздері. Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО). Стандарттаудың Мемлекеттік жүйесінің негізгі қағидалары. Стандарттаудың ғылыми базасы. Стандарттардың категориялары. Стандарттаудың объектілері. Унификациялаудың және стандарттаудың тиімді деңгейін анықтау. Мемлекеттік стандарттар талаптарының орындалуын мемлекет тарапынан бақылау және қадағалау.

Сертификаттау ұғымы. Сертификаттаудың негізгі мақсаты мен объектілері. Сертификаттау жүйесінде қолданылатын терминдер мен анықтамалар. Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) сапа жүйесі, оны Қазақстандағы кәсіпорындарға енгізу. Өнім сапасы, өнім сапасының базалық көрсеткіштері, өнім сапасының деңгейі, сапаны аттестациялау. Тұтынушының құқығын қорғау. Сертификаттаудың сұлбалары, жүйелері және шарттары. Сертификаттауды жүргізудің әдісі мен тәртібі. Сертификаттау ұжымы және сынау зертханалары.    Қызмет көрсетуді сертификаттау. Сапа жүйелерін сертификаттау.

Ерекше назар аудару: стандарттаудың және сертификаттаудың мақсаты мен әдістерін білу; оларды жүргізудің әдістері мен тәртібін білу; жылу энергетика өндірісін сертификациялау объектілерін білу.

 

 3 Бақылау сұрақтары

 

2.1 тақырыптың бақылау сұрақтары

 

2.1.1  Теориялық метрологияның маңыздылығы, метрологияның зерттеу аймағы, метрологияның басқа ғылымдар арасындағы орны.

2.1.2  Стандарттау, сапаны басқару, сапа сертификаты ұғымдарын анықтап, олардың қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі маңызын түсіндіру.

2.1.3  Метрологиялық қамсыздандырудың мақсаты мен мәселелерін түсіндіру, оның ғылыми, ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық негіздерін анықтау.  

2.1.4 Өлшеулердің біртектілігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің (ГСИ) мақсаты мен мәселелерін түсіндіру, оның стандарттау объектілерінің классификациясын келтіру,  оған кіретін нормативті-техникалық құжаттардың тағайындалуын түсіндіру.     

2.1.5 Мемлекеттік және ведомствалық метрологиялық қызметтің және өлшеу құралдарының күйін Мемлекеттік қадағалаудың құрылымы және мәселелері.

Біздің еліміздегі метрологиялық мекемелер және олардың іс-әрететінің аумағы.

2.1.6 Мына метрологиялық ұғымдарды түсіндіру: өлшеу, өлшеу объектілері, өлшеулердің негізгі сипаттамалары, тура, жанама, біріктірілген, бірлескен өлшеулер.

2.1.7 Халықаралық өлшем бірліктер жүйесіне сипаттама беру, оның артықшылығын, негізгі және қосымша бірліктерін анықтап келтіру.

2.1.8  Мына метрологиялық ұғымдарға сипаттама беру: физикалық шама, өлшем бірліктері, бір қалыптылық және мөлшер.

2.1.9  Физикалық шамалардың өлшем бірліктерінің эталондарына сипаттама беру, олардың классификациясын келтіру, үлгілік және жұмыстық эталондар.

2.1.10 Өлшеу қателіктерінің классификациясын келтіру. Кездейсоқ қателіктердің негізгі қасиеттері. 

 

2.2 тақырыптың бақылау сұрақтары

 

2.2.1  Мына ұғымдарды түсіндіру: оқиғаның ықтималдығы, кездейсоқ шама, үлестірілу параметрлері, үлестірілудің интегралдық және дифференциалдық функциялары.

2.2.2  Үлестірілу заңдарының мына сандық параметрлеріне сипаттама беру:
математи
калық үміт, бақылау нәтижелерінің үлестірілуінің дисперсиясы, бақылау нәтижелерінің орташа квадраттық ауытқуы.

2.2.3  Үлестірілу заңдарының метрологияда қолданылатын негізгі түрлерінің     классификациясын келтіру.   

2.2.4 Кездейсоқ шамалардың қалыпты үлестірілу заңының сипаттамаларын беру: үлестірілу функциясы, ықтималдығының тығыздық функциясы,
математи
калық үміті, дисперсиясы және бақылау нәтижелерінің орташа квадраттық ауытқуы.

2.2.5 Кездейсоқ шамалардың бірқалыпты үлестірілу заңының сипаттамаларын беру: үлестірілу функциясы, ықтималдығының тығыздық функциясы,
математи
калық үміті, дисперсиясы және бақылау нәтижелерінің орташа квадраттық ауытқуы.

2.2.6  Стьюдент үлестірілу заңының сипаттамаларын беру: үлестірілу функциясы, ықтималдығының тығыздық функциясы, математикалық үміті, дисперсиясы және бақылау нәтижелерінің орташа квадраттық ауытқуы. 

2.2.7  Мына метрологиялық ұғымдарға сипаттама беру: сенімділік ықтималдығы, сенімділік интервалы. Сенімділік интервалын анықтау тәсілдерін түсіндіру.

2.2.8  Мына метрологиялық ұғымдарға сипаттама беру: статистикалық таңдалмалы жинақ, таңдалмалы орташа мән, кездейсоқ шамалардың орташа квадраттық ауытқуы.

2.2.9  Бақылау нәтижелерінің үлестірілуінің қалыптылығын тексеру тәсілдерін және статистикалық үлестірілу гистограммасын тұрғызу жолын түсіндіру.

2.2.10          Өлшеу қателіктерінің толық классификациясын келтіру. Кездейсоқ қателіктердің негізгі қасиеттері. Кездейсоқ қателіктердің қалыпты үлестірілу заңы.

2.2.11 Бірреттік, тура және жанама өлшеулер кезінде туындайтын қателіктер көзін атап келтіру. Бірреттік өлшеулердің қателіктерін анықтау тәсілін түсіндіру.  Бірреттік өлшеулердің нәтижелерін өңдеу алгоритмін келтіру.

2.2.12 Тура өлшеулер кезіндегі бақылау және өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалау тәсілдерін түсіндіру. Тура өлшеулердің соммалық қателігін анықтау жолын келтіру. 

2.2.13 Жанама өлшеулер кезіндегі бақылау және өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалау тәсілдерін түсіндіру. Жанама өлшеулердің соммалық қателігін анықтау жолын келтіру.

2.2.14 Тура өлшеулердің нәтижелерін өңдеу алгоритмін жазып түсіндіру.

2.2.15 Жанама өлшеулердің нәтижелерін өңдеу алгоритмін жазып түсіндіру.

2.2.16 Өрескел қателіктерді анықтау тәсілдерін  түсіндіру және оларды жою жолдарын келтіру.

2.2.17 Жүйелік қателіктердің классификациясын келтіру. Жүйелік қателіктерді анықтау тәсілдерін  түсіндіру және оларға түзету енгізу  жолдарын келтіру.

2.2.18 Аспаптық қателік ұғымын түсіндіру. Құралдың аспаптық қателігін  есептеу тәсілін түсіндіру. 

2.2.19 Өрескел қателіктерді анықтап, жою үшін "үш сигма" критериінің қолданылу мазмұнын түсіндіру.  

2.2.20 Кездейсоқ және жүйелік қателіктер қалай топтастырылады?
Бұл ережелер қандай нормативтік құжатпен регламенттеледі?

 

2.3 тақырыптың бақылау сұрақтары

 

2.3.1  Мына ұғымдарға сипаттама беру: өлшеу құралдары, шамалар, өлшеу аспаптары, өлшеу түрлендіргіштері, өлшеу қондырғылары және өлшеу жүйелері.

2.3.2  Өлшеу құралдарының қолданылуы бойынша  классификациясын келтіру.  Эталондық, үлгілік және жұмыстық  өлшеу құралдарының қолданылу мақсатын түсіндіру.  

2.3.3 Өлшем бірліктерді эталоннан жұмыстық өлшеу құралдарына жеткізу тәсілдерін түсіндіру.  Жылулық шамаларды өлшеу құралдары үшін тексеру сұлбалары.

2.3.4  Жұмыстық өлшеу құралдарын тексеру әдістерін түсіндіру.  

2.3.5  Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларының анықтамасын беру. Қандай  метрологиялық сипаттамалар қалыптандырушы болып табылады?

2.3.6 Өлшеу аспабының түрлендіру функциясының анықтамасын беру. Градуирлік сипаттама, түрлендіру теңдеуі.

2.3.7 Өлшеу құралдарының мына метрологиялық сипаттамаларын түсіндіру: дәлдік класы, мүмкін болатын қателіктер шегі, түзету. Метрологиялық сипаттамаларды қалыптандыру әдістерін түсіндіру.

2.3.8 Өлшеу құралдарының мына метрологиялық сипаттамаларын түсіндіру: номиналды    статикалық сипаттама,    беріліс коэффициенті, сезімталдық, варияция. Метрологиялық сипаттамаларды қалыптандыру әдістерін түсіндіру.
2.3.9 Өлшеу құралдарының мына метрологиялық сипаттамаларын түсіндіру: аспаптың шкаласының бөлігінің құны, салыстырмалы сезімталдық, сезімталдық табалдырығы, өлшеу диапазоны.

2.3.10          Өлшеу құралдарының мына метрологиялық сипаттамаларын түсіндіру:    аспап көрсетуі, көрсетулер варияциясы, аспаптың тездігі, өлшеу құралдарының сенімділігі және экономикалық тиімділігі.

2.3.11 Өлшеу құралдарының қателіктерінің мына түрлеріне сипаттама беру:
жүйелік аспаптық қателік, негізгі, қосымша, динамикалық қателіктер, өлшеу құралдарының және өлшеу объектісінің өзара әсерлесу қателіктері.

2.3.12 Мына метрологиялық ұғымдарға сипаттама беру: өлшеу қағидасы, өлшеу әдісі, өлшеу құралы, өлшеу аспабы, шама, өлшеу түрлендіргіші.

2.3.13 Өлшеу құралы ұғымын түсіндіріп, оның статикалық сипаттамаларын және параметрлерін атап, келтіру.

2.3.14 Өлшеу құралының түрлендіру функциясы ұғымын түсіндіру. Метрологияда түрлендіру функциясының қандай түрлері қолданылады?   

2.3.15          Өлшеу түрлендіргіштерінің негізгі түрлерін сипаттау. Аналогтық-сандық және сандық-аналогтық түрлендіргіштер не үшін қолданылады?

2.3.16           Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын қалыптандырудың қажеттілігін және қағидаларын түсіндіру.

2.3.17          Өлшеу құралдарының дәлдік класы ұғымын түсіндіру, оның негізгі және қосымша қателіктердің мүмкін болатын мәндері шегімен байланысын негіздеу. Қателіктерді сан мән арқылы өрнектеудің және өлшеу құралдарының көрсетуіне түзету енгізу жолдарын түсіндіру.  

2.3.18 Метрологиялық сипаттамаларды қалыптандыруды регламенттейтін негізгі нормативті-техникалық құжаттарды, тексеру сұлбаларының мазмұны және құрылымын, өлшеу құралдарының қателіктерін  атап, көрсету.

2.3.19          Өлшеу құралдарының қателіктерін ашатын метрологиялық сипаттамаларды түсіндіру. Оларды қалыптандыру қалай жүзеге асады?

2.3.20          Өлшеу нәтижесін анықтау үшін қолданылатын метрологиялық сипаттамаларды түсіндіру. Қандай метрологиялық сипаттамалар өлшеу құралдарының сыртқы факторларға сезімталдығын   анықтайды?

 

2.4 тақырыптың бақылау сұрақтары

 

2.4.1 Жылу энергетика объектілерінің түрлері мен жұмыс істеу ерекшеліктерін сипаттау және жылу энергетика объектілерін метрологиялық қамсыздандыру қажеттігін негіздеу.

2.4.2  Жылу энергиясының, өнімнің, шикізаттың және отынның сапасы, жылу энергетика объектілерінің экологиялық көрсеткіштері ұғымдарын түсіндіру.  

2.4.3  Өндірісті метрологиялық қамсыздандырудың қажеттілігі мен қағидаларын түсіндіру.  

2.4.4  Метрологиялық қамсыздандырудың ғылыми және нормативті негіздерін түсіндіру.

2.4.5  Өлшеулердің біртектілігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін регламенттеуші нормативті-техникалық құжаттарды сипаттау.    

2.4.6  Метрологиялық қызметтің құрылымы мен функциясын сипаттау.

2.4.7  Өндірісті метрологиялық қамсыздандырудың мақсаты мен қағидаларын түсіндіру, оның жылу энергетика кәсіпорындарының өнімінің сапасын арттыруға ықпалы. 

2.4.8 Жылу энергетикасында қолданылатын жылулық шамалардың негізгі және туынды өлшем бірліктерін атап, қорытып шығару (жылу сыйымдылығы, меншікті жылу сыйымдылығы, энтропия, энтальпия т.с.с.).   

2.4.9 Жылу техникалық өлшеулер үшін қолданылатын негізгі жұмыстық эталондар мен үлгілік өлшеу аспаптарын келтіру.

2.4.10  Термометрлер мен пирометрлерді тексеру сұлбаларын сипаттау.

 

2.5 тақырыптың бақылау сұрақтары

 

2.5.1  Мына ұғымдарға сипаттама беру: стандарт, стандарттау, сертификаттау.

2.5.2  Мемлекеттік стандарттау жүйесінің мақсаты мен мәселелерін сипаттау.

2.5.3  Конструкторлық құжаттардың біртұтас жүйесінің (ЕСКД) және технологиялық құжаттардың біртұтас жүйесінің (ЕСТД) мақсаты мен мәселелерін сипаттау.

2.5.4  Өлшеулердің біртектілігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің (ГСИ) мақсаты мен мәселелерін сипаттау.

2.5.5 Стандарттаудың құқықтық негіздерін және ғылыми базасын регламенттеуші нормативті-техникалық құжаттарды сипаттау.

2.5.6 Мына ұғымдарға сипаттама беру: өнім сапасы, өнім сапасының базалық көрсеткіштері, өнім сапасының деңгейі, сапаны аттестациялау.
2.5.7 Стандарттардың категорияларын және стандарттау объектілерін атап, түсіндіру.

2.5.8 Унификациялау және стандарттаудың тиімді деңгейін анықтау тәсілдерін түсіндіру.

2.5.9 Мемлекеттік стандарттар талаптарының орындалуын мемлекет тарапынан бақылау және қадағалау қалай жүзеге асатынын түсіндіру. 

2.5.10 Сертификаттаудың негізгі мақсаты мен объектілерін түсіндіру.

2.5.11 Тұтынушының құқығын қорғау механизмін түсіндіру.

2.5.12 Сертификаттаудың сұлбаларын, жүйелерін, шарттарын атап, түсіндіру.

2.5.13 Сертификаттауды жүргізудің әдістері мен тәртібін түсіндіру.

2.5.14          Сертификаттау ұжымдарының және сынау зертханаларының мақсаты мен мәселелерін сипаттау.

2.5.15 Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) мақсаты мен мәселелерін сипаттау. Халықаралық стандарттарды енгізу бойынша Халықаралық стандарттау ұйымының жұмысы. Қазақстан Республикасының Халықаралық стандарттау ұйымының жұмысына қатысуы. 

 

         4 Есептік сызба жұмыстарға тапсырмалар

Оқу жоспары бойынша екі есептік-сызба жұмысын орындап, аталған бағдарлама көлемінде қорғап шығу керек.

№1 - есептік сызба жұмысының тапсырмасы:   2.1, 2.2–тақырыптардың сұрақтары және   №1, №2, №3 – есептер.

№2 - есептік сызба жұмысының тапсырмасы: 2.3, 2.4, 2.5 - тақырыптардың сұрақтары және   №4, №5 – есептер.

 

4.1 №1 Есептік сызба жұмысы

 

Тапсырма  

Бақылау сұрақтарына жазбаша жауап беру керек. Сұрақтардың нөмірлерін 2 кестеден таңдап алыңыз.

2 Кесте

 Студенттің фамилиясы

ның бірінші әрпінің индексі

  2.1 тақырып

тың сұрақтарының нөмірлері

Сынақ кітапша

сының соңғыдан алдыңғы саны

2.2 тақырып

тың сұрақтарының нөмірлері

 

Сынақ кітапша

сының

соңғы  саны

2.2 тақырып

тың сұрақтарының нөмірлері

0

2.1.10

0

2.2.4

0

2.2.11

1

2.1.9

1

2.2.3

1

2.2.12

2

2.1.8

2

2.2.2

2

2.2.13

3

2.1.7

3

2.2.1

3

2.2.14

4

2.1.6

4

 2.2.10

4

2.2.15

5

2.1.5

5

2.2.9

5

2.2.16

6

2.1.4

6

2.2.8

6

2.2.17

7

2.1.3

7

2.2.7

7

2.2.18

8

2.1.2

8

2.2.6

8

2.2.19

9

2.1.1

9

2.2.5

9

2.2.20

 

№ 1 есеп

 

Р ықтималдықпен температураны көп қайтара өлшеу нәтижесінде оның нақты мәнінің бағасы х,°С, ал дисперсиясы D, (°С)2 екені белгілі болды. Қателіктердің үлестірілуі қалыпты заңға сәйкес деп есептеп, температураны өлшеу қателіктерінің сенімділік интервалын анықтау керек.

Параметрлердің мәндері 3 кестеде келтірілген.

Есеп шығару барысында қолданылатын әдебиеттер: [2, 3, 4, 10, 14, 19].

3 Кесте

Студенттің фамилиясы

ның бірінші әрпінің индексі

 

 

Р

Сынақ кітапша

сының соңғыдан алдыңғы саны

 

 

х,°С

Сынақ кітапша

сының

соңғы  саны

 

 

D, (°С)2

0

0,95 

0

1070

0

100

1

0,68

1

1072

1

36

2

0,95

2

1085

2

49

3

0,997

3

1093

3

64

4

0,68

4

1104

4

81

5

0,95

5

1205

5

100

6

0,997

6

1307

6

121

7

0,68

7

1409

7

144

8

0,95

8

1510

8

169

9

0,997

9

1612

9

196

 

№ 2 есеп

 

Дәлдік класы К, біркелкі шкаласы нөлден басталып, шектік мәні xn, мВ аспаптың көрсетуі х, мВ болды. Қателіктердің басқа түрлерін ескермей отырып, өлшеудің мүмкін болатын абсолют, салыстырмалы және келтірілген қателіктерінің шектерін анықтау керек.

Параметрлердің мәндері 4 кестеде келтірілген.

Есеп шығару барысында қолданылатын әдебиеттер: [2, 3, 4, 10, 15, 19].

 

4 Кесте

Студенттің фамилиясы

ның бірінші әрпінің индексі

 

 

xn, мВ

Сынақ кітапша

сының соңғыдан алдыңғы саны

 

 

х, мВ

Сынақ кітапша

сының

соңғы  саны

 

 

 

К

0

25

0

20

0

0,02/0,01; 0,2

1

30

1

21

1

0,03/0,02; 0,3

2

35

2

22

2

0,02/0,01; 0,5

3

40

3

23

3

0,03/0,01; 0,2

4

45

4

24

4

0,03/0,02; 0,3

5

50

5

25

5

0,02/0,01; 0,5

 

4 Кестенің жалғасы

6

55

6

26

6

0,03/0,01; 0,2

7

60

7

27

7

0,03/0,02; 0,3

8

 

65

8

28

8

0,02/0,01; 0,5

9

70

9

29

9

0,03/0,01; 0,2

 

№ 3 есеп

 

Тұрақты кедергіні өлшеу кезінде 50 мән алынды. Үлестірілу заңы қалыпты деп есептеп, параметрлері mx = R, Sx болғанда, Р сенімділік ықтималдығы үшін тұрақты кедергінің мәнінің математикалық үмітінің сенімділік интервалын анықтау керек.  

Параметрлердің мәндері 5 кестеде келтірілген.

Есеп шығару барысында қолданылатын әдебиеттер: [2, 3, 4, 10,16, 17, 19].

 

5 Кесте

Студенттің фамилиясы

ның бірінші әрпінің индексі

  mx= R,Ом

Сынақ кітапша

сының соңғыдан алдыңғы саны

   

Sx,Om

 

Сынақ кітапша

сының

соңғы  саны

 

 

 

Р

0

590

0

90

0

0,90

1

510

1

10

1

0,95

       2

520

2

20

2

0,90

3

530

3

30

3

0,95

4

540

4

40

4

0,90

5

550

5

50

5

0,90

6

560

6

60

6

0,95

7

570

7

70

7

090

8

580

8

80

8

0,95

9

590

9

   90

9

0,90

 

4.2  №2 Есептік сызба жұмысы

 

Тапсырма

Бақылау сұрақтарына жазбаша жауап беру керек. Сұрақтардың нөмірлерін 6 кестеден таңдап алыңыз.

6 Кесте

 

Студенттің фамилиясы

ның бірінші әрпінің индексі

 

2.4  тақырып

тың сұрақтары

ның нөмірлері

 

Сынақ кітапша

сының соңғыдан алдыңғы саны

2.3, 2.5  тақырып

тардың сұрақтары ның нөмірлері

 

 

Сынақ кітапша

сының

соңғы  саны

 

 

2.3, 2.4, 2.5  тақырып

тардың сұрақтарының нөмірлері

 

0

2.4 1

0

2.3.1,2.5.10

0

2.3.20, 2.5.11

1

2.4.2

1

2.3.2, 2.5.9

1

2.3.19, 2.5.12

2

2.4.3

2

2.3.3, 2.5.8    

2

2.3.18, 2.5.13

3

2.4.4

3

2.3.4, 2.5.7               

3

2.3.17, 2.5.14

4

2.4.5

4

2.3.5, 2.5.6

4

2.3.16, 2.5.15

5

2.4.6

5

2.3.6, 2.5.5

5

2.3.15, 2.4.5

6

2.4.7

6

2.3.7, 2.5.4

6

2.3.14, 2.4.4

7

2.4.8

7

2.3.8, 2.5.3

7

2.3.13, 2.4.3

8

2.4.9

8

2.3.9, 2.5.2

8

2.3.12, 2.4.2

9

2.4.10

9

2.3.10, 2.5.1

9

2.3.11, 2.4.1

 

№ 4 есеп 

Цилиндрлік редуктордың сапасын бағалау үшін Кпр қолданылу коэффициентін,  Кш қайталану коэффициентін, Кпрс құны бойынша қолданылу коэффициентін,   Кук саны бойынша унификациялаудеңгейін, Кум массасы бойынша унификациялау деңгейін анықтау керек. Детальдардың жалпы саны 100 дана, барлық детальдарды даярлап жасаудың жалпы құны 6000 теңге, ал оригинал детальдарды  даярлап жасаудың жалпы құны 4000 теңге.

Басқа алғашқы мәліметтер  7 кестеде келтірілген.

Есеп шығару барысында қолданылатын әдебиеттер: [2, 9, 16, 17, 19].

7 Кесте

Студенттің фамилиясы

ның бірінші әрпінің индексі

Унифика

цияланған стандартталған детальдар саны,

дана

Сынақ кітапша

сының соңғыдан алдыңғы саны

 Оригинал стандартталмаған

детальдар саны,

дана

Сынақ кітапша

сының

соңғы  саны

 

 Детальдар

дың орташа массасы,

кг

0

82

0

30

0

2,0

1

80

1

20

1

1.5

7 Кестенің жалғасы

2

79

2

21

2

1.4

3

78

3

22

3

1.3

4

77

4

23

4

1.2

5

76

5

24

5

1.1

6

75

6

25

6

1.6

7

74

7

26

7

1.7

8

73

8

27

8

1.8

9

72

9

28

9

1.9

 

№ 5 есеп 

Көпірлік кранның сапа көрсеткіштерін және техникалық деңгейін 8 Кестеде келтірілген сапа көрсеткіштерінің алғашқы мәліметтері бошынша анықтау керек.

Базалық кран үшін мынадай мәліметтер белгілі:

Жүк көтергіштігі - 100 т   (татымдылық коэффициенті - 0.5);

Тоқтамай жұмыс істеу уақыты – 15 мың сағ.(татымдылық коэффициенті - 0.4);

Стандарттау және унификациялау коэффициенті - 60%; (татымдылық коэффициенті - 0. 1).

Басқа алғашқы мәліметтер  8 кестеде келтірілген.

Есеп шығару барысында қолданылатын әдебиеттер: [2, 9, 16, 17, 19].

8 Кесте

Студенттің фамилиясы

ның бірінші әрпінің индексі

Жүк көтергіш

тігі,

т

 Сынақ кітапша

сының соңғыдан алдыңғы саны

 Тоқтамай жұмыс істеу уақыты,

мың сағ.

 Сынақ кітапша

сының

соңғы  саны  

 Стандарттау және  унификациялау коэффициенті,

% 

0

90

0

10

0

45

1

95

1

11

1

50

2

105

2

12

2

55

3

80

3

13

3

60

4

85

4

14

4

65

5

90

5

14

5

70

6

95

6

10

6

75

7

100

7

11

7

80

8

105

8

12

8

85

9

80

9

13

9

90

 

Әдебиеттер тізімі 

1 Бурдун Г.Д., Марков Б.Н. Основы метрологии: Учебное пособие для вузов. - М.: Издательство стандартов, 1972.-312 с.

2 Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология: Учебное пособие для вузов. - М.: Логос, 2002.-408 с.

3 Преображенский В.П. Теплотехнические измерения и приборы. - М.: Энергия, 1978.-704 с.

4 Иванова Г.М., Кузнецов. Н.О.. Чистяков B.C. Теплотехнические измерения и приборы. - М.: Энергоатомиздат, 2005.-232 с.

5 Мурин Т.А. Теплотехнические измерения. - М.: Энергия, 1986.-424 с.

6 Метрологическое обеспечение и эксплуатация измерительной техники./Под ред. Кузнецова В.А./-М.: Радио и связь, 1990.- 240 с.

7 Тартаковский Д.Ф.,  Ястребов А.С.  Метрология,  стандартизация и технические средства измерений: Учебное пособие для вузов. -М.: Высшая школа, 2002.- 205 с.

8 Пронкин Н.С. Основы метрологии динамических измерений: Учебное пособие для вузов. -М.: Логос, 2003.- 256 с.

9 Аубакиров   Т.О.   Практикум   по   метрологии,   стандартизации   и управлению    качеством:    Учеб.    пособие    для    вузов.-Алма-Ата.:    МГП "Демеу", 1992.-96 с.

10 Кузнецов Н.Д., Чистяков B.C. Сборник задач и вопросов по теплотех­ ническим   измерениям   и   приборам:   Учебное   пособие   для   студентов теплоэнергетических специальностей вузов. - М.: Энергия, 1986.-216 с.

11 Кассандрова О.Н., Лебедев В.В. Обработка результатов наблюдений. - М.: Наука, 1970.- 104 с.

12 Антонец И.В., Еремин Н.В. Математическая обработка результатов эксперимента.-Ульяновск, 2004.-192 с.

13 Новицкий П. В., Зограф И. А. Оценка погрешностей результатов измерений.-М., 2009.- 89 с.

14 Сигов А.С. Метрология,стандартизация и технические измерения.-М., 2008.-205 с.

15 Аскаров Е.С. Стандартизация, метрология и сертификация.- А., 2005.-197 с.

16 Никифоров А. Метрология, стандартизация и сертификация. - М., 2010. -215 с.

17 Бекалай Н.К. Метрология стандарттау және сапаны басқару. Дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБИ, 2007. - 50 б.

18 Джаманкулова Н.О. Метрология, стандартизация и управление качеством. Конспект лекций. - Алматы: АИЭС, 2007. - 50 с.

29 Бекалай Н.К. Метрология, стандартизация и управление качеством. Методические указания к выполнению лабораторных работ. - Алматы: АИЭС, 2008. -17 с.

 

 Мазмұны 

1 Кіріспе                                                                                                    3

2 Жалпы әдістемелік нұсқаулар                                                             3

3 Курстың негізгі сұрақтары  (2.1- 2.5 тақырыптар)                            5

4  Бақылау сұрақтары                                                                               7    

5  Есептік сызба жұмыстарға берілетін тапсырмалар                         12 

6  Әдебиеттер тізімі                                                                               17