Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Өндірістік жылуэнергетика кафедрасы

 

 

 

 

5В071700 – Жылу энергетика мамандығы бойынша оқитын студенттердің өндірістік және диплом алдындағы машықтану

БАҒДАРЛАМАСЫ

(мамандану – Өнеркәсіптік жылуэнергетика,

Су және отын технологиясы)

                                                                                 

 

 

Алматы  2011

 

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: И.Е.Поданев, Л.Р.Джунусова. 5В071700 – Жылу энергетика мамандығы бойынша оқитын өнеркәсіптік жылу энергетика, су және отын технологиясы мамандануын таңдаған студенттердің өндірістік және диплом алдындағы машықтанудан өту бағдарламасы-Алматы:  АЭжБУ,2011.-12б.
 

5В071700 – Жылу энергетика мамандығы бойынша оқитын  өнеркәсіптік жылу энергетика, су және отын технологиясы мамандануын таңдаған студенттердің өндірістік және диплом алдындағы машықтаудан өту бағдарламасы өндірістік және диплом алдындағы машықтану өту жетекшілігі бойынша негізгі бөліктерден, студенттердің уақыт балансынан, барлық бөліктерді орындауға қажет ұсыныстардан, есеп беруді рәсімдеу мен қорғауға қажет талаптардан тұрады. 

Әдеб.кор.- 16 атау. 

 

Пікір беруші:  техн. ғыл. канд., доц. А.А. Кибарин. 

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 ж. қосымша басылымдар жоспары бойынша басылады.

 

Ó «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2011 ж.

 

 

Кіріспе 

Машықтану бағдарламасының мақсаты оқитындардың кәсіби машықтануын регламенттеу болып табылады.

Кәсіби машықтану оқу барысында алған теориялық білімдерді бекітуге, практикалық тәсілдер мен әдістерге үйренуге , таңдап алынған кәсіби мамандық саласы  бойынша озық тәжірибелерді игеруге бағытталған. 

Студенттер барлық оқу барысы кезінде келесі оқу машықтану түрлерінен: оқу –танысу, оқу, өндірістік, диплом алды машықтанулардан өтеді.  

Оқитындарды машықтанудың барлық түрлеріне жіберуді университет ректорының машықтану өту мерзімдерін, машықтану өтетін базаны және машықтануға жауапты бекітлген  жетекші көрсетілген бұйрығымен хатталады.

Университет атынан машықтану жетекшілері болып мамандық пен кәсібіи сала ерекшеліктерін, машықтану базасын өте жақсы білетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі мұғалімдер тағайындалады.    

Машықтану жетекшісі машықтану басталамастан бұрын осы машықтану бағдарламасы бойынша кеңестер жүргізеді, машықтануды өту барысына бақыалу жасайды, машықтану өткендігі туралы пікір жазады, машықтану бойынша есеп беру жұмыстарын  жүргізеді.

Оқитындар машықтануды өту барысы кезінде машықтану бағдарламасын толық өтуі керек, белгіленген форма бойынша машықтану күнделігін жүргізуге,  машықтану өтетін кәсіпорында қолданылатын ішкі ережелерді бұзбауға, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік сантиарлық тазалықты сақтауды үйренуге және олардың ережелерін бұлжытпай орындауға тиісті, кафедраның тапсырған шұғыл жұмыстарына қатысуға, машықтану жетекшісіне  белгіленген форма бойынша жазбаша машықтану есебін, кәсіпорныннан тағайындалған машықтану жетекшісі оның тапсырмаларды орындауы туралы қол қойған күнделікті тапсыруға тиісті.                

 

1 Оқу танысу және оқу (компьютерлік) машықтануы

 

Оқу танысу және оқу (компьютерлік) машықтануы 2-3 курстарда жүргізіледі және оқитындарды университет қызметі бағыттарымен, университет жүзеге асыратын міндетті оқу бағадарламалармен, оқытылатын кәсіби мамандықпен, болашақ мамандық түрлерінің  қызметі және оның міндеттерімен жақын таныстыру үшін, сондай-ақ AutoCAD, Mechanikal Desktop, APM Win Machine автоматты жобалау және инженерлік сараптама жүйелерін  таныстыру мақсатында ұйымдастырылады.   

Танысу және оқу (компьютерлік) машықтануының оқу базасаы болып оқу орны, жауап беретін кафедра оқу шеберханалары, зертханалары, «Инженерлік графика және қоданбалы механика» кафедрасының компьтерлік графика залы саналады.

Өткізу мерзімі: (сәуір, мамыр), 2- інші курс

 

Машықтанудың ұзақтығы: 2-3 жұма.

 

Машықтанудың уақыт көлемі: 40 сағат (16 сағат оқытушы жетекшілігімен, 24 сағат өз бетімен)

 

Оқылатын тақырыптар және оқу (компьютерлік) машықтануы сағаттарының  көлемі:

 

ө/п

Тақырыптың аты

Сағат көлемі

Есеп берудің нысаны

1.1

AutoCAD жүйесіндегі үш өлшемді үлгілеу және үш өлшемді үлгі бойынша екі өлшемді сызбаларды алу

(6 сағат)

Сызба, қысқаша реферат

1.2

AutoCAD жүйесіндегі жылулық сұлбалардың орындалуы   (ENERGO/ELECTRO кітапханасын қолдану арқылы)

(6 сағат)

Жылулық сұлба

1.3

Mechanical Desktop жүйесіндегі құрастыру түйінін құрылымдау

(4 сағат)

Түйіннің үш өлшемді үлгісі

1.4

APM Win Machine (модуль Shaft) жүйесіндегі білікті құрылымдау және есептеу

(6 сағат)

.rtf пішімі бойынша есеп беру

1.5

APM Win Machine (модуль Dynamics) жүйесіндегі жазық механизмнің кинематикалық анализы

(6 сағат)

.rtf пішімі бойынша есеп беру

1.6

APM Win Machine (модуль Dynamics) жүйесіндегі жазық механизмнің динамикалық анализы

(6 сағат)

.rtf пішімі бойынша есеп беру

1.7

APM Win Machine (модуль Plain) жүйесіндегі мойынтіректің жылжуын есептеу

(6 сағат)

.rtf пішімі бойынша есеп беру

         

      Оқитындар оқу және оқу - танысу машықтануының қорытындылары бойынша тиісті кафедраға машықтану жетекшісі тексеретін есепті тапсырады және кафедра меңгерушісінің өкімі бойынша құрылған кафедра комиссиясы  алдында машықтану есебін қорғайды.

         Машықтану есебін  қорғау қорытындысы бағалар жүйесінің белгіленген  балдық - рейтингтік дифференциалдық сынақтамасы бойынша бағаланады.     

        

 

          2 Өндірістік  машықтану

 

2.1 Жалпы мәліметтер

 

         Өндірістік машықтану өндірістік машықтануда ескерілген арнаулы пәндер циклы аяқталған соң ұйымдастырлады.

         Өндірістік машықтану өту кезінде сутудент ынталы жұмыс істеуді және осы бағдарламамен ескерілген мәселелерге шығармашылық тұрғыда қарауды қажет етеді.           

         Өндірістен қол үзіп оқитын кешкі және сырттан оқитындар, олардың жұмыстары мамандық бойынша болған кезде өндірістік машықтанудан босатылады. Бұл кезде оқитындар жұмыс орнынан анықтама және оның кәсіби мамандығының қызметін сипаттайтын құжатты тапсырады.

         Өндірістік машықтану оқытылатын мамандық бейніне сәйкес өндірістік кәсіпорындар болып табылады. Университет машықтану өтетін базалармен оқу жылы басталмастан бір ай бұрын кәсіби машықтану өткізуді ұйымдастыру жөніндегі үлгілі келісім шартының формасын сәйкес келісім шарт жасайды. Келісім шарт Корпроративтік универститет және Оқу ғылыми- өндірістік орталық моделі түрінде жасалуы да мүмкін. Кейбір жағдайларда студенттер қазіргі кездегі технологиялық жабдықтармен, жобалау құралдарымен, ақпарат көздерімен жабдықталған жылу энергетика саласындағы тапсырушы –кәсіпорындардың сұраныстары бойынша ғылыми - өндірістік, ғылыми –зерттеу және жобалау ұйымдарында өтуі мүмкін. Аталған жағдайда  машықтану өтетін студенттер үшін өндірістік машықтану бағдарламасы ұйымның ерекшеліктерінің сипатын қарай машықтану жетекшісімен нақтыланады және шығарылатын кафедрамен келісіледі.     

 

            2.2 Өндірістік машықтану өту кезіндегі студенттің уақыт балансы

   

 Жылу энергетика мамандығы, «Өндірістік жылу энергетикасы, «Су жән отын технолгиясы» кәсіби бағыттары бойынша оқитын студенттердің оқу процессіне сәйкес өндірістік машықтану 4 аптаға ескерілген. ң Өндірістік машықтану  оқу барысының құрама бөлігі болып табылады және студенттердің инженерлік дайындығы бойынша теориялық курсын өтумен параллель өткізіледі.  

Кәсіпорында жетекші басшылығымен бірінші апта ішінде студенттер өнеркәсіптік кәсіпорынмен танысады. Машықтануды өткен кезде жұмыс орнына қатысты ТПЕ және ТҚ бөлімдерін оқып үйренеді. Осыдан кейін студент кәсіпорында жетекшіге тіркеліп, кәсіпорынның ішкі ережелеріне толығымен бағынады.  

 

Машықтану өтілудің шамамен алынған кестесі:

I апта - өнеркәсіптік кәсіпорын бойынша жалпы мәселелер. ТПЕ және ТҚ бөлімдерін оқып үйрену.

II апта – отындық- транспорттық цех, химиялық цех, қазандық цехы.

III апта – технологиялық өлшеулер мен автоматика цехы.

IV апта - өндірістік машықтану бойынша есеп беруді жасау және қорғау.

 

 2.3 Өндірістік машықтанудың мақсаттары мен міндеттері 

 

Өндірістік машықтану мақсаты оқытылатын  кәсібіи мамандық бойынша негізігі бағыт бағдарларды бекіту, тәжірибе жинақтау, әдіс - тәсілдер үйрену болып табылады. Ол үшін өндірістік машықтанудың келесі міндеттерін шешуді қажет етеді: 

1) Өндірістің бір түрінің қондырғыларымен және  жабдықтарын оқып үйрену;

2) Жылуэнергиясы қондырғысының нақты сызбасын жасап көрсету және  сипаттау немесе химиялық су тазалағыш сызбасын көрсету немесе отынды даярлаумен беру сызбасын  жасап көрсету;

3) Қондырғының негізгі және көмекші жабдықтары параметрлерін бақылудың  нақты сызбасын жасап көрсету және сипаттау;

4)  Қондырғыны пайдалану  қызметін ұйымдастыру және техникалық қамту үйрену;

5)   Қондырғыны пайдалану және техникалық қамту кезінде  техника қауіпсіздігін үйрену;

6) Кәсіпорында жүзеге асырылатын энергерия  үнемдеу  іс шараларын үйрену;

7) Негізігі және көмекші жабдықтардың техникалық құжаттамаларымен танысу, қондырғын пайдалну процессі кезінде жұмыс орнындағы техникалық құжаттамаларды жүргізудің әдістеріне оқып үйрену;

8) Учаске,  цех шеберінің құқықтары мен міндеттерін оқып үйрену;

9) Кәспорын құрылымы және оның құрылымдарымен (цехтар, қызметтер, учаскелер, бригадалар, бөлімдер, зертханалар, бюролар, топтар)  танысу.

Өндірістік машықтану кезінде қойылған міндеттерді шешу үшін жалпы техникалық және арнаулы пәндерді оқу кезінде алынған білімдерді пайдаланылады.                

         Өндірістік машықтану кезінде қойылған міндеттерді шешу кезінде алынған қорытындылар  машықтану күнделігінде көрсетіліп және өндірістік машықтану бойынша жасалатын есеп қорытындыда қолданылады.        

 

2.4 Студенттердің  өндірістік машықтануын ұйымдастыру, басшылық ету және  бақылау, кафедра және өндірістен бекітілген машықтану жетекшілерінің құқықтары мен міндеттері, машықтанушы құқықтары мен міндеттері

 

ӨЖЭ кафедрадағы студенттердің өндірістік машықтануын басшылық жасау үшін институттың өкілі болып табылатын жетекшіні бөледі.

Институттағы өндірістік машықтанудың жетекшісі:

-       студенттерді кәсіпорындарға орналастыруды ұйымдастырады;

-       өнеркәсіптегі машықтану жетекшісімен бірге студенттің өзіндік тапсырмасын құрастырады;

-       студенттердің машықтану өту кезеңдеріндегі жұмысын бақылайды;

-       студенттердің есеп беру мен өзіндік тапсырмаларын тексеріп, соған байланысты қорытындылайды;

-       бітіретін кафедрасынан құрылған комиссия мүшелерімен бірге өндірістік машықтану бойынша есеп берулерге қорғау жүргізеді.

Өнеркәсіпте ұйымдастырылған машықтану бойынша жауапкершілік кәсіпорынның әкімшілігіне жүктеледі. Машықтануға жалпы басшылық жасау үшін кәсіпорын әуімшілігінен өнеркәсіптегі тәжірибелі инженерлік жұмыскер жетекші ретінде бөлінеді.

Өнеркәсіптегі өндірістік машықтанудың жетекшісі:

-       студенттер үшін машықтану өту кестесін құрады;

-       институттағы машықтану жетекшісімен бірге өзіндік тапсырма құрастырады;

-       студенттердің машықтану өту кезеңіндегі жұмысын бақылайды;

-       алдын ала қарастырылған бағдарлама бойынша студенттердің өнеркәсіптік кәсіпорындағы техникалық процесті, негізгі және көмекші қондырғыларды және т.б. сұрақтарды оқып үйренуге жағдай жасайды;

-       мүмкіншілік болса студенттерді жұмыс орнымен (оқудағы жоспарлылық пен жүйені бұзатын студенттердің мерзімнен тыс жұмыстарды жасауға, іссапарға жіберуге рұқсат етілмейді) қамтамасыз етеді;

-       өнеркәсіптік кәсіпорындағы негізгі және көмекші қондырғыларды оқып үйрету мақсатында кәсіпорын аймағында экскурсия ұйымдастырады;

-       студенттердің есеп беру мен өзіндік тапсырмасын тексеріп, соған байланысты қорытындылайды.

Өндірістік машықтану өтілу бағдарламасының орындалуын кәсіпорындағы жетекші кезең-кезеңмен әңгімелесу, есеп беру және күнделікті тексеру арқылы бақылайды.

Машықтанудың әрбір бөлімі бойынша сұхбат алдында, студент жетекшіге есеп беруге қатысты бөлімін көрсету керек. Егер есеп берудің орындалған бөлімі төменде жазылған талаптарды қанағаттандырса, сұхбат кезінде студент қажетті білім деңгейін көрсете білсе, онда жетекші студенттің күнделігіне белгілеп, оны машықтанудың келесі кезеңін орындауға рұқсат етеді. Есеп беру немесе өтілген мәселелер қанағаттандырылмаған болса, студенттің жетекші белгілеген және жауап беретін бөлімінде қателіктер түзетілмеген жағдайда, студент машықтану өтуінің келесі кезеңіне жіберілмейді. Егер студент кестеден жүйелі түрде артта қалса, онда ол өндірістік машықтанудан өтуден босатылып, бітіретін кафедрасының қарауына кері қайтарылады.

Машықтану өтуі кезіндегі күнтүзбелік мерзімнің барлық бұзылымдары туралы кәсіпорындағы жетекшісі студенттің күнделігіне жазады.

Есеп беру бағасын студенттің күнделігіне кәсіпорындағы машықтану жетекшісі қояды.

Кәсіпорын әкімшілігінің қолы күнделік пен есеп беруде мөрмен расталады.

 

2.5 Өндірістік машықтанудың мазмұны

 

Өндірістік машықтануды өту барысында студент мына сұрақтарды оқып үйренуге міндетті:

а) жалпы мәселелер:

1)    өнеркәсіптік кәсіпорынның даму тарихы және оның өңірлік мағынасы;

2)техникалық қауіпсіздік және қондырғының техникалық эксплуатациясы бойынша негізгі ережелер;

3)өнеркәсіптік кәсіпорынның принциптік жылулық сұлбасы және сұлбаның негізгі элементтерінің тағайындалуы;

б) технологиялық мәселелер:

1)отындық-транспорттық цех:

-       қабылдағыш қондырғылар, уатқыш корпус және отын берудің механизмдері;

-       араластырылатын этакада, мазуттық насос, мазут-газ қоймалары;

-       көмір қоймасы және механизмдері;

2) қазандық цех:

-       техникалық сипаттамалардың, энергетикалық және су жылытатын қазандардың құрылымы;

-       қазандық агрегаттың су-бу жолы;

-       тозаң дайындайтын жүйелер және отын жағу;

-       күлұстағыш және күлқож шығару жүйелері;

-       қиын үрленетін қондырғылар;

               3)өнеркәсіптік кәсіпорындар;

-       техникалық сипаттамалар, өнеркәсіптік кәсіпорндағы негізгі және көмекші қондырғылардың құрылымы;

-       өнеркәсіптік кәсіпорындағы жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің сұлбасы;

-       өнеркәсіптік кәсіпорындағы ағынды суларды тазалау жүйесінің сүлбесі;

4)су-химиялық тазалау цехы:

-      бу, конденсаттың шығындары және оларды толтыру жолдары;

-      техникалық сипаттамалар және су дайындайтын қондырғысының құрылымы;

-      қорекі суды жылытатын сұлба;

-      деаэрациялық-қоректік қондырғысының сұлбасы;

-      техникалық су жабдықтағыштың сұлбасы;

-      кондесациялық қондырғысының сұлбасы;

-      су-химиялық тәртіптер және өнеркәсіптік кәсіпорындағы суды бақылау;

-      СХТ қоймалық шаруашылықтың сұлбасы;

-      реагенттерді енгізу түйінінің сұлбасы.

5) технологиялық өлшеулер мен автоматика цехы:

-      қазандар мен турбиналардың негізгі өлшеулерін өлшеу және бақылау;

-      негізгі және көмекші қондырғылардың реттеу негіздері: қазандық агрегаттың, су-химиялық тазалаудың, отын беру жүйесінің, тозаңдайындаудың, күлқож шығарудың;

в) өзіндік тапсырманың сұрақтары

Техникалық сұрақтарға өзіндік инженерлік шешімдер дағдысын алу үшін студентке бір аптаның ішінде кәсіпорындағы машықтану жетекшісімен келісілген, институттағы машықтану жетекшісі өзіндік тапсырма береді. Тапсырма есептік-құрылымдық немесе зерттеулік сипатта болу керек. Егер өзіндік тапсырманың орындалуы үлкен көлемдегі жұмысты қажет етсе, онда оны бірнеше студентпен бірігіп жасауға болады.

Студенттің өзіндік тапсырмасы ретінде таңдаған тақырып бойынша есеп берудегі материалдарды оқып үйренуге және қолдануға мүмкіндік беріледі (ӨЖЭ және СОТ мамандықтары бойынша жетекшілермен ұсынылатын «Бакалаврдың бітіру жұмысы» бітіру жұмыстары).

Өзіндік тапсырманың құрылымы:

1)    зертеуге қажет тапсырманың қойылуы;

2)    берілгені;

3)    қойылатын тапсырма бойынша техникалық әдебиетттерге шолу;

4)    қойылатын тапсырманың шешіміне ұсынылатын жолдар;

5)    керекті графикалық материал.

 

2.6 Өндірістік машықтану бойынша есеп беру құрылымы

 

Өндірістік машықтану бойынша есеп беруді барлық студент жасайды және ол мына бөлімдерді қамту керек:

-       кәсіпорынның тарихы мен өркендеу болашағы;

-       негізгі технологиялық процестердің принциптік жылулық сұлбасы мен оның негізгі элементтері;

-       кәсіпорындағы цехтың құрылымын баяндау;

-       негізгі және көмекші қондырғылардың сипаттамасы мен құрылымы;

-       өзіндік тапсырма;

-       графикалық бөлім.

 

Өндірістік машықтану бойынша есеп беруді 01.01.2007 ж қолдануға енгізілген «Оқу-әдістемелік құжат. Оқу әдістемелік құжаттың құрылымына, баяндалуына, безендірілуіне, мазмұнына қойылатын жалпы талаптар» [1] АЭжБИ шығарған фирмалық стандартын дайындау керек.

Фирмалық стандартта барлық талаптар (текстік бөлімге, есептік-түсініктеме хатына, графикалық материалдарға) көрсетілген. Стандартты орындау үлгілері: «Мазмұны», «Әдебиеттер тізімі», текстік құжаттарға қажет негізгі жазылулар, сызбалар және сұлбалар берілген.

Өндірістік машықтану бойынша есеп беруде міндетті түрде кәсіпорынның өндірістік-технологиялық процесін ашуға мүмкіндік беретін сызбалар мен сұлбалар болу керек .

 

2.7 Өндірістік машықтану бойынша есеп беруді қорғаудың өткізу тәртібі

 

Өндірістік машықтану бойынша есеп беруді қорғау 2 кезеңнен тұрады:

1 кезең – машықтану өтетін жерінде, өнеркәсіптік кәсіпорындағы негізгі және көмекші қондырғылардың құрылымы мен пайдаланылуы жайлы сұрақтар бойынша сұхбаттасу арқылы сұхбаттасу нәтижесі бойынша өндірістегі жетекші студенттің істеген жұмысы туралы күнделікке жазып, қорытынды береді.

2 кезең – бітіру кафедрасында арнайы құрылған комиссия, кәсіпорындағы негізгі және көмекші қондырғылардың құрылымы мен пайдаланылуы жайлы сұрақтар бойынша студенттің қатысуымен конференция өткізіледі. Комиссиямен сұхбаттасу нәтижесінде өндірістегі жетекшінің қорытындысын ескере отырып, студенттің өндірістік машықтану бойынша есеп беруінің орындалу қорытындысы анықталады.

 

 

3 Диплом алды машықтануы

 

Диплом жобасын дайындау және жазу үшін диплом алдындағы машықтанудан өту ескерілген.  

Диплом алды машықтануының мазмұны диплом жобасының тақырыбымен белгіленеді.

Диплом алды машықтануының мақсаттары, міндеттері, мазмұны  уақыт бойынша өндірістік машықтанумен ұштасу мүмкін.

Диплом алды машықтануының ғылыми жетекшілігін диплом жобасының жетекшісі басқарады.

Диплом алды машықтану өту ұзақтығын диплом жобасын жазуға бөлінген академиялық сағаттар мен оқу кредиттерінің көлемімен белгіленеді.   

 

3.1 Диплом  алды машықтануының мақсаты мен міндеттері.

 

Диплом алды  машықтанудың негізгі мақсаты жұмыстағы жетекші (кафедрада, институттың кітапханасында, қалалық кітапханаларда, интернетте, машықтану өтілетін кәсіпорында бар материалдар) және кафедрада келісіп таңдалған тақырып бойынша бакалаврлардың бітіру жұмысын орындауға керекті материалдар жинау болып табылады.

Бітіру алдындағы машықтану кезіндегі шешілетін негізгі тапсырмалар:

- арнайы тәртіп бойынша оқып үйренген теориялық және машықтанулық білімдерді пысықтау;

- кәсіпорында орындалатын энергия үнемдеу шараларын оқып үйрену;

- кәсіпорындағы эксплуатация жүйесімен, қондырғылардың техникалық қызмет көрсетуіндегі өндірістің ұйымдастырылуымен, өндірістік бөлімдердің, цехтардың, лабораториялық жұмыстармен танысу. Бітіру алдындағы машықтануды ғылыми - зерттеулік және жобалық - құрылымдаулық ұйымдарда өткен кезде, міндетті түрде жаңа заманға сай қондырғылардың диагностикалық әдістерін, автоматтандырылған қондырғылардың, жаңа заманға сай жобалаулық тәсілдері мен әдістерін, көбейткіш техникасының жұмысын оқып үйрену керек.

 

3.2 Дипломдық жобалар тақырыптарының негізгі бағыттары:    

 

3.2.1 Қайта жаңғыртылатын энергия көздерін қолдану негізінде жылуэнергетикалық қондырғыларды өңдеу;

3.2.2 Екіншілік энергоресурстарды қолдану негізінде жылуэнергетикалық қондырғыларды өңдеу;

3.2.3 Газ турбиналық технологияны қолдану арқылы құрамдастырылған газ-бу турбиналық қондырғыларды өңдеу;

3.2.4 Халықтық шаруашылықтың әр түрлі салаларын іске асыру үшін энергия үнемдейтін технологиялар мен қондырғыларды өңдеу;

3.2.5 Негізгі сипаттамаларды, ЖТ ж/е ЖЭ қондырғыларының техникалық жағдайын және толық эксплуатациялау барысындағы жылуэнергетикалық кешенді анықтау;

3.2.6 Жұмыс тәртіптерін, бөлек түйіндердің жағдайын, агрегаттардың бүкіл жылуэнергетика жүйелерін, жалпы өнеркәсіптік кәсіпорынды бақылау және анализ жасау;

3.2.7 Бөлек жүйелерді, өнеркәсіптік кәсіпорындағы жылуэнергетикалық кешенінің агрегаттарынтолық жетілдіру және жаңғырту;

3.2.8  Эксплуатациялау, техникалық қызмет көрсету және өнеркәсіптік кәсіпорындағы жылуэнергетикалық кешенінің негізгі және көмекші қондырғыларын жөндеу проблемалары;

3.2.9 Жылуэнергетикалық жүйелердегі, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы (химиялық, мұнайлық, ауыр, азық-түліктік, текстильді) суды тазалау қондырғыларын өңдеу;

3.2.10 ЖЭС, ЖЭО, қазандықтарда жылумен қамтамасыз ету жүйелері мен майлайтын материалдарды өңдеу;

3.2.11 Жылуэнергетикадағы өнеркәсіптік кәсіпорынның энергия үнемдеудің негізгі бағыттары;

3.2.12  Көмірді кешенді түрде қайта өңдеу үшін (синтетикалық сұйық отын, энергетикалық газ, шайыр, жартылай кокс алуға мүмкіндік береді) жаңа технологиялық процестер мен қондырғыларды құру.

Бітіру жұмыстың тақырыптары, студенттердің өндірістік-бітіру алдындағы машықтануға барар алдында, бітіретін кафедрада құрастырылып, танысу үшін кафедраның стедісіне іледі. Студент машықтануға барар алдында, бітіру жұмысының тақырыбын және соған қатысты жетекшіні таңдау керек. Жоғарыда көрсетілген тақырыптардың ішінен студент өзінің бітіру жұмысының тақырыбын ұсына алады. Кафедрадан бөлінген өндірістік-бітіру алдындағы машықтану жетекшісі студенттің бітіру жұмысының жетекшісі болып табылады. Өндірістегі машықтанудың ұйымдастырылуын кәсіпорын әкімшілігі жүзеге асырады. Ол үшін тәжірибелі инженерлік жұмыскерлердің ішінен өндірістегі жетекші бөлінеді. Бітіру алдындағы машықтануды өткеннен кейін студент есеп беруді дайындайды.  

 

 3.3 Диплом алды машықтану бойынша есеп беру мазмұны

 

Студент диплом алды машықтануды өту  кезінде машықтанудың сәйкес кәсіби базасы негізінде диплом жобасының тақырыбы бойынша  нақты практиаклық материалдар жинайды. Машықтану қортындылары диплаом жобасын жазуға пайданылады және  сәйкес түрде хатталады. Практикалық есепте келесі мәселелер бойынша ақпаратты көрстеу керек.

 3.3.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы.

 Республика экономикасында кәсіпорынның рөлі

 Кәсіпорынның әкімшілік құрылымы. Бөлімшелермен орындалатын негізгі функциялар.

Өндірілетін өнім және оның бәсекелесуге қабілеттілігі. Өндіріс көлемі, өнімдердің негізгі сипаттамалары, шетелдік аналогтармен (бар болса) салыстыру.

Кәсіпорында қолданылатын технологиялық процестердің жалпы сипаттамасы.

Кәсіпорында қолданатын жылуэнергетикалық (жылутехнологиялық) процестердің толық сипаттамалары.

Шикізатпен жабдықтаушылар және өнімді тұтынушылар. Жабдықтаушылар мен тұтынушылармен кәсіпорыннның байланысы.

3.3.2 Технологиялық бөлім.

Негізгі өндірістің технологиялық сұлбасы (ЖЭС үшін жылулық сұлба).

Көмекші қондырғының технологиялық сұлбесі (ЖЭС үшін СДҚ, ОТЦ сұлбалары).

Негізгі қондырғының сипаттамасы.

Көмекші қондырғы.

Қондырғының қызмет көрсету мен пайдаланылуы туралы сұрақтар.

Негізгі қондырғыны технологиялық (жылутехникалық немесе химиялық) бақылау. Қорғаулар мен одақтасулар (үлгі түрінде).

Технологиялық процестер немесе бөлек аппарат түрінде автоматты басқару жүйесі (үлгі түрінде).

Кәсіпорынның эенргобалансы туралы жалпы мәліметтер. Тұтынатын энергия түрлері. Кәсіпорындағы өнімнің меншікті энергия шығыны. Әлемдік деңгеймен салыстыру. Кәсіпорында энергия үнемдеу бойынша жасалатын шаралар мен оның нәтижелілігі Студенттің энергия шығындарын төмендету мүмкіндіктері туралы өз ойы.

3.3.3 Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және экологиялық мәселелер.

Өндірістік процестің жағымсыз әсерінен жұмысшыларды қорғау шаралары.

Қызметкерлер үшін қауіпті факторлар мен техникалық қауіпсіздік шаралары.

Кәсіпорынның қоршаған ортаға әсері. Жағымсыз шығарулар мен олардың кәсіпорында нормалануы (қоршаған ортаға әсерін төмендету үшін).

3.3.4 Экономикалық бөлім.

Кәсіпорынның экономикасы туралы жалпы мәліметтер. Өнімнің өзіндік құны және оның құрылымы. Энергетикалық (отындық) өнімнің құрайтын өзіндік құны.

3.3.5 Дипломдық жоба үшін жиналған  қажетті материалдар.

Диплом жұмысының тақырыбы бойынша қажетті әдебиеттерге шолу (жетекші тапсырмасы бойынша). Проблеманың жалпы талдау.

Диплом жобасының алдына қойылған міндеттерді орындау үшін (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету) ұсынылатын тәсілдер мен құралдар.

Есепте жек тапсырмалар енгізіледі. Жеке тапсырмалардың тақырыптары мен көлемдері кәсіпорын және университет тарапынан енгізілген машықтану жетекшілерімен анықталады. Есепке хатталған және қол қойылған машықтану күнделігі тіркеледі.  

 

  3.4 Диплом алды машықтану бойынша қорытынды аттестация

 

 Оқитындар кәсіпорын және университеттен бекітілген машықтану жетекшілерінің қолы қойылған диплом алды машықтану жөнінде хатталған практикалық есепті жауапты кафедраға тапсырады, онда машықтану жетекшісі тексереді  және кафедра меңгерушісінің өкімі бойынша құрылған комисиия  алдында қорғайды.

Диплом алды машықтану  қортындылары диплом жобасын алдын ала қорғау кезінде шығарылады. Практикалық есепті және алдын алу қорғау   қорытындылары белгіленген балдық –рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша дифференциалық сынақтама бойынша белгіленеді.      

     

Әдебиеттер тізімі 

1. СТ НАО 103521910-03-2007 – Учебно-методическая документация. Общие требования к построению, изложению, оформлению и содержанию учебно-методической документации, АИЭС, 2007.

2. Рыжкин В.Я. Тепловые электрические станции. -М.: Энергоатом, 1987. – 328 с.

3. Стерман Л.С. и др. Тепловые и атомные электрические станции. - М.: Издательство МЭИ, 2004.

4. Тепловые электрические станции: учебник для вузов / В.Д.Буров, Е.В.Дорохов, Д.П.Елизаров и др.; под ред. В.М.Лавыгина, А.С.Седлова, С.В.Цанева. – М.: Издательство МЭИ, 2005. –454 с.:ил.

5. Дукенбаев К. Энергетика Казахстана. Условия и механизмы её устойчивого развития. Второе издание. - Алматы, 2004. -604 с.

6. Тепловые и атомные электрические станции: Справочник. /под общ. ред. чл-корр. РАН А.В.Клименко и проф. В.М. Зорина. - 3-е изд. перараб. И доп. -М.: МЭИ, 2003. - 645 с.: ил. (Теплоэнергетика и теплотехника; Кн. 3).

7. Соколов Е.Я. Теплофикация и тепловые сети. - М.: МЭИ, 7-е изд. 2001. -465 с.

8. Соловьев Ю.П. Проектирование теплоснабжающих установок для промышленных предприятий. - М.: Энергия, 1979.-192 с.

9. Купцов И.П., Иоффе Ю.Р. Проектирование и строительство тепловых электростанций. - 3-е изд.-М.: Энергоатомиздат, 1985.-408 с.

10. Нормы технологического проектирования тепловых электрических станций /ВНТП-81/. - М.: Минэнерго СССР, 1981.-172 с.

11. Правила технической эксплуатации электрических станций и сетей Республики Казахстан. РД 34.20.501-02. ТОО «Казэнергоналадка». - Алматы. 2002. -222 с.

12. Самсонов В.С., Вяткин М.А. Экономика предприятий энергетического комплекса. – М.: Высшая школа, 2003.

13. Экономика и управление в энергетике: Учебное пособие /Под общ. Ред. Н.Н. Кожевникова. – М.: изд. центр «Академия», 2003.

14. Росляков П.В. Методы защиты окружающей среды: Учебник для вузов/ П.В. Росляков. – М.:

15. Повышение экологической безопасности тепловых электростанций. Учебное пособие/А.И. Абрамов, Д.П. Елизаров, А.Н. Ремизов и др. Под. ред. А.С. Седлова. – М.: Издательский дом МЭИ, 2001.

16. Тупов В.Б. Снижение шумового воздействия от оборудования в энергетике: Учебное пособие для вузов/В.Б.Тупов. – М.: Издательский дом МЭИ, 2005.

 

 

Мазмұны 

Кіріспе 

 

1 Оқу- таныстыру  және оқу (компьютерлік) машықтануы 

3

2 Өндірістік машықтану 

5

2.1 Жалпы мәліметтер 

5

2.2 Өндірістік машықтануды өту кезіндегі студенттің уақыт балансы 

 5

2.3 Өндірістік машықтанудың мақсаттар мен міндеттері

 6

2.4 Студенттердің  өндірістік машықтануын ұйымдастыру, басшылық ету және  бақылау, кафедра және өндірістен бекітілген машықтану жетекшілерінің құқықтары мен міндеттері, машықтанушы құқықтары мен міндеттері

 

6

2.5  Өндірістік машықтанудың мазмұны 

8

2.6 Өндірістік машықтану бойынша есеп беру құрылымы                          

9

2.7 Өндірістік машықтану бойынша есеп беруді қорғаудың өткізу тәртібі

 10

3 Диплом алды машықтануы    

10

3.1 Диплом алды машықтану мақсаттары мен мақсаттары 

11

3.2 Диплом жобалары тақырыптарының негізгі бағыттары 

12

3.3 Диплом алды машықтануы бойынша есеп беру мазмұны 

13

3.4 Диплом алды машықтануы бойынша қорытынды аттестация

14

Әдебиеттер тізімі 

15