Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Коммерциялық  емес  акционерлік қоғам

АЛМАТЫ  ЭНЕРГЕТИКА  ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС  УНИВЕРСИТЕТІ

Өнеркәсіптік  жылу энергетика кафедрасы

 

 

ХИМИЯ 

5В071600 - Аспап жасау мамандығының студенттеріне есептік-сызба  

жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 

Алматы 2013

 

Құрастырғандар: Туманова А.А., Идрисова К.С. Химия: 5В071600 –    Аспап жасау  мамандығының   студенттеріне  есептік-сызба    жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.- Алматы: АЭжБУ, 2013.–32 б.

 

Химия пәнінен  есептік-сызба  жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 5В071600 – Аспап жасау мамандығының студенттеріне арналған. Әдістемелік нұсқауларға екі есептік-сызба  жұмыстардың тапсырмалары кіреді.

Әдеб. атау - 8.

 

Пікір беруші: доцент Елеукулов Е.О.  

 

          «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.

    © «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2013 ж.

Кіріспе

Әдістемелік нұсқаулар «Аспап жасау» мамандығы      бакалавриатының 1-курс студенттеріне жалпы химия курсын өзіндік оқуға септігін тигізеді.

Мақсаты – химиядан аралық және ағымдағы бақылауда, емтиханға дайындалуға септігін тигізу.

 Тапсырмалардың мазмұны химияның оқу бағдарламасына сәйкес келетін бейорганикалық және жалпы химияның негізгі бөлімдерінің 10 блогынан тұрады.

Бұл тапсырмалар негізгі түсініктерді, заңдарды игеріп, оларды есеп шығаруда қолдана білу, оқу материалын жүйеге келтіре алатын деңгейге сәйкес келеді.

Ұсынылып отырған тапсырмалардың  студентке емтиханда дайындалуға да тигізер көмегі зор.

Теориялық сұрақтарға жауап беру үшін студент арнайы әдебиеттерді, кітаптарды, оқулықтарды оқуы тиіс. Материалды түсініп толық жауап беру үшін, әдебиет бөлімі толық игерілуі қажет. Жауапқа тек сұрақ бойынша мәліметтер енгізіледі.  Мұнымен қатар, студенттерге ұсынылатын тізімде жоқ, бірақ сұраққа тура қатысы бар әдебиеттерді де қолдануға болады.

Жауабы анық, ешқандай қысқартуларсыз жазылуы қажет. Өзіндік жұмыстар АЭжБУ-дың фирмалық стандарт талаптарына сәйкес формада берілуі қажет.

Нұсқа нөміріне сәйкес келмейтін өзіндік жұмыс қабылданбайды.

Жұмысты орындау кезінде келесі шарттарды орындау қажет:

- есеп нөмірлері мен шарттары нұсқа тапсырмалары реттілігіне сәйкес орындалуы тиіс;

- есептердің шығарылуы және сұрақтарға жауаптар толық болуы қажет. Есептерді шығаруда есептеу жолын және математикалық өзгертулерді келтіру қажет;

- тапсырманы орындағаннан кейін қолданылған әдебиеттер тізімін келтіру қажет.

Әр студент студенттік билетінің нөміріндегі ең соңғы екі санымен белгіленген тапсырмалардың нұсқасын орындайды. Мысалы, студенттік билеттің нөмірі 01(1)014, соңғы екі сан – 14, тапсырма нұсқаның нөмірі – 14. Бұл нұсқаға сәйкес келетін тапсырмалар нөмірлері 28-30-беттерде келтірілген кестеден анықталады.

 

Химияның негізгі түсініктері мен заңдары

 

1. Қалыпты жағдайда газдың көлемі 803 мл-ге тең. Температураны 2 есе, ал қысымды  3 есе  арттырғанда бұл газ қандай көлемді алады?

2. C2H6 молекуласы массасын табыңыз (граммен).

3. Қышқыл құрамында көміртегі, оттегі және азоттың бір-біріне қатынасы 27,25 : 18,2 : 4,55, сутек бойынша тығыздығы 44-ке тең. Қышқылдың молекулалық формуласын табыңыз.

4. 1000С-де және 100 кПа қысымда   газ буының 100 мл-дің массасы 1-ге тең. Газдың молярлық массасын табыңыз

5. Мыстың 88,89% бар мыс оксидінің формуласын табыңыз.

6. Қалыпты жағдайда газ буының 350 мл-дің массасы 4-ке тең. Газдың молекулалық массасын табыңыз.

7. 240С-де газдың кейбір мөлшері 420 мл көлемді алады. Қысым өзгермесе, 65 0С-де газдың осы мөлшері қандай көлемді алады?

8. Элементтің эквиваленттік саны тұрақты шама бола ма? Хромның мөлшері 76,47; 68,42 және 52,0 % болатын оксидтеріндегі хром эквиваленттерінің молярлы массалары нешеге тең. Бұл оксидтердің әрқайсысында хромның валенттілігін анықтаңыз және формулаларын құрастырыңыз.

9. Қалыпты жағдайда оттек эквиваленттерінің молярлы массасы нешеге тең? Екі валентті металдың 0,5 г тотықтыруға оттектің 0,23 л қажет (қалыпты жағдайда). Бұл қандай металл?

10. Кейбір элемент сутектің 8,9 % бар сутектік қосылысты түзеді. Бұл элементтің қосылыстағы валенттілігі 3-ке тең. Элементтің атомдық массасын есептеп, гидридтің формуласын құрастырыңыз.

11. Оксидтің 6,50 г тотықсыздандырғанда металдың 4,45 г түзілді. Металдың және оның оксидінің эквиваленттерінің молярлы массасын есептеңіз. Валенттілігі 3-ке тең, бұл қандай металл?

12. Қалыпты жағдайда сутектің 1 молінің эквиваленті нешеге тең? Металл эквивалеттерінің молярлы массасы 20 г/мольді құрайды. Бұл металдың 0,45 г қышқылда еріткенде, қалыпты жағдайда сутектің қанша литрі бөлінді?

13. Кейбір элемент оттектің 31,58 % бар оттектік қосылысты түзеді. Бұл оксидте элемент валенттілігі 3-ке тең. Элементтің атомдық массасын есептеп, оксидтің формуласын құрастырыңыз.

14. Заттар мольдік мөлшерін табыңыз (моль): а) NH3 6,02 ·1021 молекулаларының; б) H2S 1,20·1024 молекулаларының; в) HCl 2,00·1023 молекулаларының. Бұл қосылыстарда азот, күкірт және хлордың эквиваленттік молярлы массалары нешеге тең?

15. Хлормен бірінші қосылыстың 5,69 грамында және екінші қосылыстың 7,81 грамында металдың 3,56 грамы бар. Қосылыстардағы металл эквиваленттерінің молярлы массасы нешеге тең? Хлор эквиваленттерінің молярлы массасы 35,45 г/мольді құрайды.

16. Металл эквиваленттерінің молярлы массасы 56,2 г/моль. Оксидтегі бұл металдың пайыздық мөлшерін есептеңіз.

17. Алюминийдің 26,97 г қышқылмен әрекеттестіргенде сутек бөлінді. Сутектің осындай көлемін алу үшін магнийдің қанша грамын алу қажет? Алюминий мен магнийдің эквиваленттік молярлы массалары сәйкесінше 8,99 және 12,16 г/мольге тең.

18. Н3РО3 қышқылының 0,943 г бейтараптауға 1,291 г КОН шығындалды. Қышқыл эквиваленттерінің молярлы массасын, эквиваленттік факторды, қышқыл негізділігін есептеп, бейтараптау реакциясының теңдеулерін жазыңыз.

19. Келесі теңдеулермен өрнектелетін реакциялардағы CuOHNO3 гидроксомыс нитраты мен Na3РОнатрий фосфатының массасы мен эквиваленттік факторын есептеңіз:

CuOHNO3+H2S = CuS++HNO3+H2O,

Na3 PO4+AlCl3=AlPO4+3NaCl.

20. Н3РО2 қышқылының 7,330 г бейтараптауға 4,444 г NaOH шығындалды. Қышқыл эквиваленттерінің молярлы массасы мен эквиваленттік факторды, қышқыл негізділігін есептеп, бейтараптау реакциясының теңдеулерін жазыңыз.

21. Келесі теңдеулермен өрнектелетін дигидроксотемір ацетаты Fe(OH)2CH3COO және калий дигидрофосфаты КН2РО4 эквиваленттерінің молярлы массасы мен эквиваленттік факторды есептеңіз:

Fe(OH)2CH3COO+3HNO= Fe(NO3)3+CH3COOH+2H2O,

KH2PO4+KOH = K2HPO4+H2O.

22. Металл карбонатының  2,5 г азот қышқылымен әрекеттескенде осы металл нитратының 4,1 г түзілді. Металл эквиваленттерінің молярлы массасын есептеңіз.

23. Келесі теңдеулермен өрнектелетін реакциялардағы Ca(HCO3)2  кальций гидрокарбонаты мен Al(OH)2Cl дигидроксоалюминий хлориді эквиваленттерінің молярлы массасы мен эквиваленттік факторды есептеңіз:

Ca(HCO3)+2HCl = CaCl2+2CO2+2H2O,

Al(OH)2Cl+KOH = Al(OH)3+KCl.

24. Ортофосфор қышқылының 9,797 г бейтараптауға 7,998 г NaOH шығындалды. Бұл реакциядағы Н3РО4 негізділігі мен эквиваленттерінің молярлы массасын есептеңіз. Есептеудің негізінде реакция теңдеуін жазыңыз.

25. Кейбір металл оксидінің 2,7 г  нитраттың 6,3 г түзіледі. Металл эквиваленттерінің молярлы массасын есептеңіз.  

26. Кейбір металл гидроксидінің 1,3 г оның сульфатының 2,85 г түзіледі. Металл эквиваленттерінің молярлы массасын есептеңіз.  

27. 2,45 г H2SO4 және 0,8 г гидразин  әрекеттескенде 3,25 г тұз түзіледі. Түзілген гиджразин тұзының эквиваленттерінің молярлы массасын есептеңіз.  Есепті реакция теңдеуін теңестірусіз шығарыңыз.

28.00С және 101,3 кПа келесі газдардың 1 л массасын есептеңіз: а)сутегі; б) оттегі; в) көміртегі оксиді (IY); г) көміртегі оксиді (II).

29. Қалыпты жағдайда қандай көлемді алады (миллилитрмен): а) 0,85 г аммиак; б) 1,4 г этилен С2Н4; в) 128 г сутек иодиді.

30. Қалыпты  жағдайда  қандай  көлемді  алады (литрмен): а) 3,5 г азот;

б) 640 г оттек; в) 110 г көміртек оксиді (IY);  г) 70 г көміртек оксиді (II).

 

Атомдар құрылысы және химиялық элементтерді топтастыру

 

31. Электрондардың атомдардағы күйлерін қандай төрт кванттық сан сипаттайды? Әрқайсысы қандай мәнді қабылдай алады?

32. Атомдағы қандай электрондар s-, p-, d-, f- электрондар деп аталады? dxy, dx2y2-, dz2-электрондық бұлттардың (орбитальдардың) кеңістік конфигурациясы қандай?

33. Ең кіші энергия қағидасының негізі. Атомның қандай орбитальдары электрондармен бірінші толтырылады: 4s немесе 3d, 5s немесе 4d? Неліктен?

34. Паули қағидасы. Берілген энергетикалық деңгейдің s-, p-, d-, f-орбитальдарында электрондардың максимальды саны нешеге тең?

35. Берілген орбитальдық квант саны = 0, 1, 2, 3 үшін  магнит квант саны ml қанша және қандай мәндерді қабылдайды?

36. Энергетикалық деңгейдегі s-, p-, d-, f-орбитальдар санын қандай квант санының мәндері анықтайды? s-, p-,  d-,  f- деңгейшелерде ол нешеге тең?

37. Атомның берілген энергетикалық деңгейдің р-деңгейшелеріндегі орбитальдар саны нешеге тең? рх-, ру-, рz- электрондық бұлттардың (орбитальдардың) кеңістік конфигурациясы қандай?

38. Хунд ережесі. 3d-деңгейшенің квант ұяшықтарында (орбитальдарында) алты d-электрондарды орналастырыңыз.
Олардың қосынды спин саны нешеге тең?

39. Электронның толқындық қасиеттері деген не? Атомдық орбиталь деген не? s-, рх-, ру-, dxy- электрондық бұлттардың (орбитальдардың) кеңістік конфигурациясы қандай?

40. Электрондық бұлт деген не? s-, py- және dz2- электрондық бұлттардың (орбитальдардың) кеңістік конфигурациясы қандай?

41. Реттік нөмірлері 23 және 35 атомдарының әрбір энергетикалық деңгейі мен деңгейшесінде қанша электрон бар? Бұл элементтердің  электрондық формулаларын құрастырыңыз.

42. Соңғы элементтің бір 4s-электроны  3d-деңгейшеге секіруін ескере отырып, реттік нөмірлері 17 және 29 элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз.

43. Реттік нөмірлері 21 және 40 элемент атомдарының әрбір энергетикалық деңгейі мен деңгейшесінде қанша электрон бар? Бұл элемент атомдарының  электрондық формулаларын құрастырыңыз.

44. Соңғы элементтің бір 4s-электроны  3d-деңгейшеге секіруін ескере отырып, реттік нөмірлері 15 және 24 элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз.

45. Реттік нөмірлері 22 және 54 элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз. Бұл элементтер атомдарында электрондар әрбір энергетикалық деңгейдің қандай орбитальдарында орналасады?

46. Электрондары қандай орбитальдарда орналасатынын көрсетіп, реттік нөмірі 39 элемент атомының электрондық формуласын құрастырыңыз. Электрондық формуланың негізінде бұл элементтің периодтық жүйеде орналасатын периоды мен тобын анықтаңыз.

47. Соңғы элемент бесінші периодта орналасып, бесінші энергетикалық деңгейінде электрондардың жоқ екендігін ескере отырып, реттік нөмірлері 16 және 46 элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз.

         48. Реттік нөмірлері 25 және 34  элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз. Бұл элемент атомдарының электрондары әрбір энергетикалық деңгейдің қандай орбитальдарында орналасқан? Әрқайсысы қандай элементтер ұяшығына жатады?

49. Элемент атомында бір 5s-электрон 4d-деңгейшеге секіретінін ескере отырып, реттік нөмірі 41 элемент атомының электрондық формуласын құрастырыңыз. Электрондық формуланың негізінде бұл элемент орналасқан периодтық жүйенің периоды мен тобын анықтаңыз.

50. s- және р-элементтер атомдарына қарағанда d-элементтер атомдарының атомдық орбитальдарын толтыру реттілігінің ерекшелігі неде? Технеций мен цезий элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз.

51. Атомның иондану энергиясы деген не? Оның өлшем бірлігі қандай? Реттік нөмірінің өсуіне байланысты периодтық жүйенің топтарында s- және р-элементтердің тотықсыздандырғыш қабілеттілігі қалай өзгереді? Неліктен?

52. Электронға тартқыштық деген не? Оның өлшем бірлігі қандай? Реттік нөмірінің өсуіне байланысты периодтық жүйенің периодында және  тобында бейметалдардың тотықтырғыш белсенділігі қалай өзгереді? Жауапты сәйкесінше элементтер атомының құрылысымен дәлелдеңіз.

53. Электртерістілік деген не? Реттік нөмірінің өсуіне байланысты периодтық жүйенің периодында және  тобында р-элементтер электртерістілігі қалай өзгереді? Неліктен?

54. Периодтық жүйенің бесінші периодының қандай элементтері ең жоғары тотығу дәрежесіне сәйкес келетін  ЭО2 оксидін түзеді? Бұл элементтердің қайсысы сутекпен газ тәрізді қосылыс түзеді? Бұл элементтердің орто- және метақышқылдар формулаларын құрастырыңыз және графикалық түрінде көрсетіңіз.

55. Периодтық жүйенің заңдылықтарын қолдана отырып, екі гидроксидтің қайсысы күштірек негізге жататынын дәлелдеп жауап беріңіз: Sr(OH)2 немесе Ba(OH)2; Sr(OH)2 немесе Cd(OH)2; Ca(OH)2 немесе Fe(OH)2.

56. Атомдарында соңғы электрон 4f- немесе 5f-орбитальдарында орналасатын элементтер қандай ұяшыққа жатады? Бұл ұяшықтардың әрқайсысына қанша элементтер кіреді? Бұл элементтер атомдарына қандай тотығу дәреже сәйкес келеді? Неліктен?

57. Күкірт атомының электрондарын квант ұяшықтары бойынша орналастырыңыз. Негізгі және қозған күйінде күкірт атомында қанша жұпталмаған электрондар бар? Спин теориясы күкіртте жұп ауыспалы валенттіліктің бар болуын қалай түсіндіреді?

58. Хлор атомының электрондарын квант ұяшықтары бойынша орналастырыңыз. Негізгі және қозған күйінде хлор атомында қанша жұпталмаған электрондар бар? Спин теориясы хлорда тақ ауыспалы валенттіліктің бар болуын қалай түсіндіреді?

59. Қозған күйінде кремний атомы электрондарының орбитальдар бойынша орналасуына байланысты, бұл элементтің 4 валентті күйінің түзілуін түсіндіріңіз.

60. Марганец пен мышьяк мысалында Хунд ережесін қолдануын  көрсетіңіз.

 

Химиялық байланыс

 

61. Дипольдің электрлік моменті деген не? Оның өлшем бірлігі қандай?

HF, HCl, HBr, HJ молекулаларының қайсысында дипольдік электрлік момент мәні ең үлкен? Жауабыңызды сәйкесінше элементтердің электртерістілігін қолдана отырып, дәлелдеңіз.

62. Иондық байланыс деп қандай химиялық байланысты айтады? Ол қалай түзіледі және оның сипаттамалары қандай? Қосылыстағы атомның эффективті заряды деген не?

63. Металл кристалдарында байланыстың қандай типі жүзеге асады? Қандай кристалдық құрылымдар иондық, атомдық, молекулалық және металдық деп аталады?

64. Сутектік байланыс деп қандай химиялық байланысты айтады? Ол қалай түзіледі? Неліктен фторсутектің қайнау температурасы оның аналогтарынан аномальды жоғары болады?

65. Әрекеттесудің қандай күштері ориентациялық, индукциялық және дисперсиялық деп аталады?

66. Валенттік байланыстар әдісі CO2 молекулаларының валенттік құрылымын қалай түсіндіреді? Бұл молекулада көміртек қанша σ- және π-байланыстарды түзеді және мұнда қандай химиялық байланыстар жүзеге асады? CO2 молекуласында дипольдік электрлік момент бола ма? Неліктен?

67. Валенттік байланыстар әдісінде қандай химиялық байланыс шектелген,  қайсысы шектелмеген деп аталады? Бензол молекуласы құрылымы мысалында қарастырыңыз. Бензолда  көміртектің  қандай электрондары шектелген, қайсысы  шектелмеген  байланыстарды түзуге қатысады?

68. N-, N+ және O2- иондарының электрондарын квант ұяшықтары бойынша орналастырыңыз. Қосылыстарда бұл иондар қандай валенттілікті көрсетеді? Валенттік байланыстар әдісі N2O молекуласының құрылымын қалай қарастырады?

69. Валенттік байланыстар әдісі Н2О молекуласының құрылысын қалай түсіндіреді? Н-О байланыстары арасындағы бұрыш неліктен тетраэдрлікке жақын?

70. Валенттік байланыстар әдісі коваленттік байланыстың бағытталғандығын қалай түсіндіреді? Валенттік байланыстар әдісі NH3 молекуласының құрылымын қалай түсіндіреді? N-H байланыстары арасындағы бұрыш неліктен тетраэдрлікке жақын?

71. Валенттік байланыстар әдісі BeCl2 молекуласының сызықтық формасын және Н2О молекуласының бұрыштық формасын қалай түсіндіреді?

72. Валенттік байланыстар әдісі BF3 және CH4  молекулаларының құрылымын қалай түсіндіреді?

73. Валенттік орбитальдардың гибридтенуі деген не? Байланысы А атомы орбитальдарының  sp-, sp2-, sp3-, sp3d-  және sp3d2-гибридтенуі арқылы түзілсе, АВn  типті молекулаларының құрылымы қандай болады?

74. σ-, π- және δ-байланыс деп қандай коваленттік байланысты айтады?

75. Валенттік байланыстар әдісі CCl4 молекулаларының тетраэдрлік құрылымын және SF6  молекулаларының октаэдрлік құрылымын қалай түсіндіреді?

76. а) литий; б)бериллий; в)бор; г)көміртек; д) азот; е) фтор; ж) кремний; з) фосфор; и) хлор атомдары алмасу механизмі бойынша қанша байланыстарды түзе алады?

77. Келесі молекулалардың графикалық формулаларын құрастырыңыз: а) Н2;   б) Na2;  в) N2;  г) О2;  д) С12;  е) С2; ж) В2;   з) S6; и) Р4;   к) Н2О;  л) Н2О2;

м) NH3; н) N2H4; о) N2F2; п) HCN; p) (CN)2; с) НВО2; т) В2О2; у) HNO3; ф) HN3; х) N2O; ц) СО; ч) Ni(CO)4; ш) HCNS; щ) N02.

78. Келесі элемент атомдары химиялық байланыстарды қандай механизмдер  бойынша  түзеді: а) берил­лий; б) бор; в) азот; г) оттек; д) фтор; е) калий; ж) кальций; з) алюминий; и) кремний; к) фосфор; л) хлор; м) натрий; н) магний; о) мышьяк; п) селен; р) бром?

79. Келесі молекулаларда байланыстырушы электрондық бұлттар қандай  атомдарға  ығысқан:  а) НС1;  б) НВг;  в) HI;  г) NaH; д) КН;  е) ВеО; ж) NO;  з) BN;  и) C1F;  к) ClBr;  л) MgS;  м) ВеС12;  н) ВВг3;  о) СО2;  п) OF2; p) MgF2; с) А1С13?

80. Келесі молекулалар атомдарында эффективті  зарядтарды  есептеңіз: a) BrCl; б) BrF; в) C1F; г) НС1; д) НВг;  е)НI; ж) LiBr; з) LiF; и) NaCl;  к) NaI; л) NO; м) Н2О (< НОН - 104,5°); н) NH3 (< HNH = 107°).

81. Қосылыстарында күкірт қандай валенттілікті көрсетеді? Негізгі және қозған күйлерінде күкірт атомының құрылысын көрсетіңіз.

82. HNO3, HNO2, N2 және HN3 қосылыстарында азоттың  валенттілігі мен тотығу дәрежесін көрсетіңіз.

83. Неліктен фосфордың максимальды валенттілігі V-ға тең, ал азоттың мұндай валенттік күйі болмайды.

84. Са—Н, С—S, I—Сl  байланыстарының қайсысында полярлығы ең жоғары? Молекулалық электрондық бұлт атомдардың қайсысына ығысқан?

85. В—Сl, Nа—Сl, Са—Сl, Ве—Сl  байланыстардың иондылық дәрежесінің өсу реттілігімен орналастырыңыз.

86. NаНСО3 молекуласында Na—О және Н—О байланыстарының салыстырмалы электртерістіліктердің айырымын есептеңіз.  Байланыстардың қайсысы иондыққа жақын?

87. Электрондық бұлттардың  sp3 –гибридтенуі деген не? Сәйкес қосылыстардың мысалдарын келтіріңіз. Гибридтенудің мұндай типі бар заттар молекулаларының кеңістік конфигурациясы қандай?

88. sp2-гибридтенуде электрондық бұлттардың өзара орналасуы қандай?  Гибридтенудің осы түрі бар қосылыстардың мысалдарын келтіріңіз. Мұндай заттар молекулаларының кеңістік конфигурациясы қандай?

89. ВеН2, SiН4, CS2, ВВr2 молекулаларында электрондық бұлттар гибридтенуінің типі қандай? Бұл молекулалардың кеңістік конфигурациясы қандай?

90. ССl4,  СО2,  СОСl2  молекулаларында химиялық байланысты түзуде көміртек атомдарының қандай гибридті бұлттары қатысады?

 

Химиялық реакциялардың энергетикасы

 

91.  Реакциялардың  жылулық эффектісін  (∆ Н°) есептеңіз:

а) 2Mg + СО2 = 2 MgO + С;

б) В2О3 + 3Mg = 3MgO + 2В;

в) SiO2 + 2Mg = 2MgO + Si;

г) ZnO + С = CO + Zn;

д) Mn02 + 2C = 2CO + Mn.

92. Реакциялардың  жылулық эффектісін  (∆ Н°) есептеңіз:

а) 3Fe3O4 + 8A1 = 4A12O3 + 9Fe;

б) 4СО + 2SO2 - 4CO2 + S2(r);

в) 4FeS2 + 1102 - 2Fe2O3 + 8SO2;

г) 2C12 + 2H2O(r) - 4HC1 + O2;

д) 2NH3 + 1,5O2 = N2 + ЗН2О(с).

93. Реакциялардың энтропиясының өзгеруін есептеңіз:

а) Н2О(с) + О3 = Н2О2(с) + О2;

б) СН4 + ЗСО2 = 4СО + 2Н2О(г);

в) С + Н2О (г) = СО + Н2;

г) Вг2(г) = 2Вг(г).

94. ∆Н0түз және энтропия өзгеруінің ∆S° мәндеріне сүйене отырып, СН4, С2Н4 және NH3  ∆ G°түз есептеңіз. Алынған мәндерді кестеде берілгендермен салыстырыңыз.

95. Барлық заттар қалыпты жағдайларда алынғанын ескере отырып, келесі реакциялардың ∆G° есептеп, олардың жүру бағытын анықтаңыз:

а) 2N2O + О2 =4NO;

б) N2O + NO=NO2 +N2;

в) N2O + NО2 = 3NO;

г) 4HCl + O2 = 2Cl2 + 2H2O (г);

д) H2 + Se (г) = H2Se (г).

96. а) Li2О; б) СО; в) МnО; г) РbО оксидтерінің қайсыларын сутекпен тотықсыздандыруға болады?

97. SrCl2 және SrCl2 • 10H2O еру жылулары сәйкесінше (-47,7) және 31,0 кДж/моль құрайды.

SrCl2 + 10Н2О = SrCl2 • 10Н2О реакциясы энтальпиясының өзгеруін есептеңіз.

98. CuSO4 еру жылуы 66,1 кДж/моль, ал CuS04  CuSO4 x 5Н2О-ға ауысу жылуы 78,8 кДж/мольді құрайды. CuSO4 • 5Н20 еру жылуын есептеңіз.

99. Метанның жану жылуы ∆ Н° = -890 кДж/моль. Метанның қызу шығару мүмкіндігін (кДж/м3 ) және түзілу жылуын есептеңіз.

100. Күкірткөміртектің 38 г жаққанда қанша жылу бөлінеді?

101. СО2 молі түзілгенде графиттан 393,5 кДж/моль, ал алмаздан 395,4 кДж/моль бөлінеді. Графиттің алмазға ауысу жылуын есептеңіз.

102.   As2O3 + О2 = As2O5;    ∆Н° = -271 кДж/моль,

As2O3 + 2/з О3 = As2O5;   ∆Н° = -365 кДж/моль.

As2O3 оттекпен және озонмен тотығу реакциялары жылуларынан озонның молекулалық оттектен түзілу жылуын есептеңіз.

103. Судың түзілу жылуы және реакцияның жылулық эффектісі бойынша  Н2О2 түзілу жылуын есептеңіз:

Н2О2 = Н2О(ж) + 1/2О2;    ∆Н° = -98,3 кДж/моль.

104. Н2 және С12 диссоциациялану энергиялары сәйкесінше 436 және 243 кДж/мольді құрайды. НС1 түзілуінің атомарлы жылуы мен НС1 байланыс энергиясын есептеңіз.

105. С3Н8  11 г  жанғанда 552 кДж бөлінді. Бұл заттың түзілу жылуын есептеңіз.

106. Н2 мен О2 диссоциациялану жылулары сәйкесінше 436 және 495 кДж/мольге тең. Судың (газ) түзілуінің атомарлы жылуы мен Н—О байланысының орташа энергиясын есептеңіз.

107. Этиленннің С2Н4  түзілу жылуы 52,3 кДж/мольге тең. С2Н4 жану жылуын есептеңіз. 27°С және 98,64 кПа  10 л С2Н4  жануының жылулық эффектісін табыңыз.

108.   СаО + ЗС = СаС2 + СО;     ∆Н° = 460 кДж/моль. Реакцияның жылулық эффектісінен кальций карбидінің  (СаС2) түзілу жылуын есептеңіз

109. 0°С және 101,3 кПа ацетиленнің 1 л жанғанда 58,2 кДж бөлінеді. Ацетиленнің ∆ Н°түз есептеңіз.

110. Этан (С2Н6) және этилен (С2Н4) жану жылулары сәйкесінше (-1560)  және (-1411 кДж/моль) құрайды. Этиленді сутектеу реакциясының  ∆Н° есептеңіз:

С2Н4 + Н2 = С2Н6.

111.   Қай реакцияның жылулық эффектісі кальций гидроксидінің түзілу жылуына тең? Келесі термохимиялық теңдеулерді қолдана отырып, кальций гидроксидінің түзілу жылуын есептеңіз:

Са(к) + ½О2 (г) = СаО(к); ∆Н = -635,60 кДж;

Н2 (г) + ½О2(г) = Н2О(с); ∆Н = -285,84 кДж;

СаО(к) + Н2О(с) = Са(ОН)2(к); ∆Н = -65,06 кДж.

112.   Су буы мен көміртегі диоксидінің түзілуімен жүретін сұйық бензиннің жану реакциясының жылулық эффектісі  -3135,58 кДж тең. Реакцияның термохимиялық теңдеуін құрастырып, С6Н6(с) түзілу жылуын есептеңіз.

113.   Қалыпты жағдайда ацетиленнің С2Н2  165 л жанғанда қанша жылу бөлінеді? Жану өнімдері – көміртегі диоксиді мен су буы.

114. Метил спиртінің жану реакциясы келесі термохимиялық теңдеумен өрнектеледі:

СН3ОН(ж) +3/2О2(г) = СО2(г) + 2Н2О (ж); ∆Н  = ?

СН3ОН(с) бу түзілуінің молярлы жылуы  +37,4 кДж-ға тең.  Реакцияның жылулық эффектісін есептеңіз.

115.    Сұйық этил спиртінің 11,5 г жанғанда 308,71    кДж  жылу бөлінді.   Нәтижесінде су буы мен көміртегі диоксиді түзілетін реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңыз. С2Н5ОН(с) түзілу жылуын есептеңіз. 

116. 6,3 г темір күкіртпен әрекеттескенде  11,31   кДж жылу бөлінді. Темір сульфиді (FeS) түзілуінің жылуын есептеңіз.

117.    Келесі ауысуларда энтропия азая ма, арта ма: а) су буға; б) графит алмазға? Неліктен? Әр ауысудың  ∆S0298 есептеңіз. Фазалық және аллотропиялық ауысуларда энтропияның сандық өзгеруі туралы қорытынды жасаңыз.

118.    Қалыпты жағдайда 2NO(г) + О2(г) = 2NO2(г) жүйесінде  қандай реакция жүреді: тура ма, кері ме? Жауабыңызды тура реакцияның  ∆G0298  есептеп, дәлелдеңіз.

119. Келесі жүйенің тепе-теңдігі қандай температурада орнайды:

СО(г) + 2Н2(г) = СН3ОН(с); ∆Н = - 128,05 кДж.

120.    ТiO2(к) + 2С(к) = Ti(к) + 2СО(г) теңдеуі бойынша өтетін реакцияның ∆Н°, ∆S° және ∆G° есептеңіз.  1000 және 3000 К-де TiO2 көміртекпен тотықсыздандыру реакциясы мүмкін бе?

 

Химиялық кинетика және тепе-теңдік

 

121. Газдардың көлемін 2 есе азайтса, 2SO2+O2 = 2SO3  жүйесінде тура және кері реакциялар жылдамдығы қалай өзгереді? Жүйе тепе-теңдігі ығыса ма?

122.  2NO+O2 = 2NO2 жүйесінің тепе-теңдігі қатысатын заттардың келесі концентрацияларында орнады:  Тепе-теңдік тұрақтысы мен NO және O2  бастапқы концентрацияларын есептеңіз.

123. 1000˚С-де  FeO+CO = Fe+CO2 жүйесінің тепе-теңдік тұрақтысы 0,5 тең. Бастапқы концентрациялары: ССО = 0,05 моль/л,

СО және СО2 тепе-теңдік концентрацияларын есептеңіз.

124. СО+Сl2= COCl2 жүйесінің тепе-теңдігі әрекеттесуші заттардың келесі концентрацияларында орнады: Тепе-теңдік тұрақтысы мен көміртегі(II) оксидінің және хлордың бастапқы концентрацияларын есептеңіз.

125. Фосфор пентахлориді ыдырауының эндотермиялық реакциясы келесі теңдеумен өрнектеледі: PCl5(г)=PCl3(г)+Сl2(г);  ∆H0== + 92,59 кДж. Тепе-теңдікті  PCl5  ыдырауының  тура  реакция  бағытына  қарай  ығыстыру үшін: а) температураны; б) қысымды; в) концентрацияны қалай өзгерту қажет?

126. 2NO+Сl2 =  2NOCl гомогенді жүйесінде NO  және Cl2 бастапқы концентрациялары сәйкесінше 0,5 және 0,2 моль/л-ді құрайды. Тепе-теңдік орнаған кезде 20 % NO шығындалды. Тепе-теңдік тұрақтысын есептеңіз.

127. 400˚С-де N2+3H2=2NH3 гомогенді жүйесінің тепе-теңдік тұрақтысы 0,1-ге тең. Сутек пен аммиактың тепе-теңдік концентрациялары сәйкесінше 0,2 және 0,08 моль/л-ді құрайды. Азоттың тепе-теңдік және бастапқы концентрацияларын есептеңіз.

128. Температураны 10˚-тан 100˚С-ға дейін жоғарлатса, газды фазада өтетін химиялық реакцияның жылдамдығы қанша есе артады? Жылдамдықтың температуралық коэффициенті 2-ге тең.

129. N2+3H2=2NH3 жүйесінде қысымның өзгеруі тепе-теңдікті ығыстырады, ал  N2+O2 = 2NO жүйесінде ығыстырмайды. Неліктен? Жауабыңызды  бұл жүйелерде қысым өзгермегенде және өзгергенде тура және кері реакция жылдамдықтарын есептеу арқылы дәлелдеңіз.

130. Н2 + I2 = 2HI реакциясының  жылдамдық  тұрақтысы  509˚С-де  0,16-ға тең. Әрекеттесуші заттардың бастапқы концентрациялары: . Реакцияның бастапқы жылдамдығы мен  -ге тең болғандағы жылдамдығын есептеңіз.

131. 2NО+O2=2NO2 реакциясында әрекеттесуші заттардың бастапқы концентрациялары құрайды (моль/л): CNO=0,8; CO=0,6. Оттектің концентрациясын 0,9 моль/л-ге дейін, ал азот оксидінің концентрациясын  1,2 моль/л-ге дейін арттырса, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

132. Na2S2O3 + H2SO4= Na2SO4 + H2SO3 + S реакциясында әрекеттесуші қоспаны 4 есе сұйылтса, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

133. НСОН пен Н2О2 бастапқы концентрациялары 0,50 моль/л-ді құрайды. Басталғаннан 2 сағаттан кейін реакция 50 %-ға өтті, ал 2 сағ 40 мин кейін құмырсқа қышқылының концентрациясы 0,285 моль/л-ді құрады. Құмырсқа қышқылы мен судың түзілуімен жүретін құмырсқа альдегиді (НСОН) мен асқын тотығының (Н2О2) әрекеттесу реакциясы екінші ретті реакцияға жататынын дәлелдеңіз.

134. 25 минутта реакция 25%-ға өтетінін, яғни заттардың ¼ бөлігі әрекеттескенін ескере отырып, бірінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтысын есептеңіз.

135. Бірінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтысы  2,5∙10-5с-1-ге тең. Реакция басталғаннан 10 сағаттан кейін заттың қандай мөлшері әрекеттеспей қалады? Бастапқы концентрациясы 1 моль/л-ге тең.  

136. Екінші ретті реакция 60 %-ға өту үшін қанша уақыт қажет? Осы температурада 20 мин ішінде реакция 30 %-ға өтеді. Бастапқы заттардың бастапқы концентраациялары тең және 2 моль/л-ді құрайды.

137. 293 К-де реакция 3 сағ жүреді. Бұл реакция 45 минутта өту үшін  температурасы қандай болуы қажет? Реакция жылдамдығының температуралық  коэффициенті 3,2-ге тең.

138. Реакция жылдамдығын 90 есе арттыру үшін температураны қанша градусқа жоғарлату қажет? Температуралық коэффициент 2,7-ге тең.

139. 2НI = Н2+I2 реакциясы жылдамдығының температуралық коэффициенті 2-ге тең. 629 К-де жылдамдық тұрақтысы 8,9∙ 10-5 л∙моль-1c-1 құраса, 684 К-де осы реакция жылдамдығының тұрақтысын есептеңіз.

140. Реакцияның жылдамдық тұрақтысы 273 және 298 К-де сәйкесінше 1,17 және 6,56 л∙моль-1∙мин-1 құрайды. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициентін табыңыз.

141. Температураны 32° жоғарлату темірдің 5 % -дық НСI еру жылдамдығы қанша есе арттырады? Еру жылдамдығының температуралық коэффициенті 2,8-ге тең.

142. 393 К-де реакция 18 минутта бітеді. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, бұл реакция 453 К-де қанша уақыттан кейін бітеді?

143. Температураны 45° төмендеткенде, реакция 25 есе баяулады. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициентін табыңыз.

144. Бірінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтысы 288 және 325 К-де сәйкесінше 2∙10-2 және 0,38 с-1-ге тең. 303 К-де бұл реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті мен жылдамдық тұрақтысы нешеге тең болады?

145. 2NO2 = 2NO +O2  реакциясының жылдамдық тұрақтылары 600 және 640 К-де сәйкесінше 83,9 және 407,0 л∙моль-1c-1-ге тең. Азот диоксиді ыдырау реакциясының активтендіру энергиясын есептеңіз.

146. Бірінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтылары 303 және 308 К-де сәйкесінше 2,2∙10-3 және  4,1∙10-3 мин-1-ге тең. Бұл реакцияның активтендіру энергиясын және 308 К-де бұл реакция 75%-ға өтетін уақытты есептеңіз.

147. Әрекеттесуші заттар концентрацияларын 3 есе азайтса

2СО+2Н2 =СН4 +СО2

реакциясының тепе-теңдігі қай бағытта ығысады? 

148. Көлемді 3 есе азайтса,  СН4 + Н2О =СО + 3Н2 реакциясының тепе-теңдігі қай бағытта ығысады? 

149. Жүйе қысымын екі есе арттырып, температураны 30°-қа төмендетсе,  2А→ 2С+D +Q реакциясының тепе-теңдігі қай бағытта ығысады? Тура және кері реакциялардың температуралық коэффициенттері сәйкесінше 2,7-ге және 3,3-ке тең.

150.  2NO +Cl2 = 2NOCl реакциясы жылудың бөлінуімен өтеді: ∆H0298 = - 73,6 кДж. Жүйедегі жалпы қысымды 4 есе азайтып, температураны 40°-қа жоғарлатса тепе-теңдік қай бағытта ығысады? Тура және кері реакциялардың температуралық коэффициенттері сәйкесінше 2-ге және 5-ке тең.

 

Ерітінділер концентрацияларын өрнектеу жолдары

                                     

151. 96 % -дық H2SO4 ерітіндісінің 100 мл-не (тығыздығы 1,84 г/см3) 400 мл су қосты. Ерітіндінің пайыздық және эквиваленттік молярлы концентрациясын есептеңіз.

152. 20 %-дық ерітінді алу үшін азот қышқылының 48 %-дық ерітіндісінің 100 мл-не (тығыздығы 1,303 г/см3) қанша су қосу қажет?

153. Азот қышқылының 32 %-дық ерітіндісінің 500 мл-не (тығыздығы 1,2 г/см3) судың 1 л қосқанда түзілетін ерітіндінің пайыздық концентрациясын есептеңіз.

154. 100 мл 50 %-дық H2SO4 ерітіндісіне (тығыздығы 1,4 г/см3)  100 мл 10 %-дық H2SO4 ерітіндісін (тығыздығы 1,07 г/см3) қосты. Қоспаны 3 л-ге дейін сумен араластырды. Ерітіндінің эквиваленттік молярлы концентрациясын есептеңіз.

155. 100 мл 80%-дық HNO3 ерітіндісіне (тығыздығы 1,46 г/см3) 400 мл су қосты. Түзілген ерітіндінің тығыздығы 1,128 г/см3 тең болды. Бұл ерітіндінің массалық үлесі нешеге тең?

156. Күкірт қышқылы 70 %-дық ерітіндісінің 400 мл-не (тығыздығы 1,6 г/см3) 500 мл су қосса, ерітіндінің пайыздық концентрациясы нешеге тең болады?

157. СаСО3 өлшендісін еріту үшін эквиваленттік концентрациясы 1,025 моль/л тұз қышқылының 34 мл қажет болды. Кальций карбонатының массасын анықтаңыз. Есепті теңдеуді құрастырусыз шығарыңыз.

158. Тығыздығы 1,203 г/см3 18%-дық натрий гидроксиді ерітіндінің  эквиваленттік концентрациясын және титрін есептеңіз.

159. 10 %-дық КОН ерітіндісінің 1 л-не (тығыздығы 1,092 г/см3) 5 %-дық ерітіндінің 0,5 л (тығыздығы 1,045 г/см3) қосты. Қоспаны 3 л-ге дейін сумен араластырды. Ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеңіз.

160. СЭ= 0,4 моль/л ерітіндінің 3 л дайындау үшін тығыздығы 1,84 г/см3 96 %-дық H2SO4 ерітіндісінің қандай көлемі қажет?

161. КВг массалық үлесі 6 % болатын ерітінді дайындау үшін калий бромидінің 30 г судың қандай массасында еріту қажет?

162. Калий гидроксиді ерітіндісінің 0,6 л-де  16,8 г КОН ерітілген. Ерітіндінің молярлы концентрациясы нешеге тең?

163. 10 л-де  0,0037г КI ерітілген ерітіндінің молярлы эквиваленттік концентрациясын есептеңіз.

164. СМ= 0,04 моль/л NaCl ерітіндісінің титрін есептеңіз.

165. 45 г суда 6,84 г қант ерітілген. Қант пен судың молярлы үлестерін есептеңіз.

166. Алюминий сульфаты 20%-дық ерітіндісінің молярлы және эквиваленттік молярлы концентрацияларын есептеңіз.  Ерітінді тығыздығы 1,23 г/см3.

167. СЭ= 0,3 моль/л H2SO4 ерітіндісінің 75 см3-не СЭ= 0,2 моль/л  КОН ерітіндісінің 125 см3 қосқанда, артық мөлшерде қандай зат және қанша қалады?

168. 1 л-де  1,4 г КОН бар ерітіндіні бейтараптау үшін қышқыл ерітіндісінің 50 см3 қажет.   Қышқыл ерітіндісінің эквиваленттік молярлы концентрациясын есептеңіз. 

169. Тығыздығы 1,149 г/см3  аммоний хлориді 16%-дық ерітіндісінің     молярлы, эквиваленттік молярлы және моляльді концентрацияларын есептеңіз.

170. КОН массалық үлесі 50 % тығыздығы 1,538 г/см3  ерітіндісінің 5 л-нен КОН массалық үлесі 18 % ерітіндісін дайындау үшін судың қандай көлемін алу қажет?

171. СЭ= 0,15 моль/л Н3РО4 ерітіндісінің 13 л дайындау үшін массалық үлесі 36 % (ρ=1,216 г/см3) фосфор қышқылы ерітіндісінің қандай көлемі қажет?

172. Тығыздығы 1,12 г/см3  20,8%-дық HNO3 ерітіндісінің эквиваленттік молярлы және моляльді концентрацияларын есептеңіз. Ерітіндінің 4 л-де қышқылдың қанша грамы бар?

173. КОН массалық үлесі 48 % (ρ=1,510 г/см3) ерітіндісінің 125 л-нен массалық үлесі  24 % (ρ=1,218 г/см3) ерітіндісінің қандай көлемін дайындауға болады?  

174. СЭ= 0,5 моль/л Н2SO4 ерітіндісінің 5 л дайындау үшін массалық үлесі 96% (ρ=1,835 г/см3 ) ерітіндінің қандай көлемін алу қажет?

175. Күкірт қышқылының 0,5 л-не (ω=9%, ρ=1,837 г/см3) 3 л су қосылды. Ерітіндідегі  Н2SO4  массалық үлесі нешеге тең?

176. Судың 450 мл-де натрий гидроксидінің 50 г ерітті. Ерітінді тығыздығы 1,05 г/см3. Ерітіндінің пайыздық концентрациясы мен титрін есептеңіз.

177. СЭ = 1 моль/л НCl ерітіндісін дайындау үшін СЭ = 0,5 моль/л ерітіндінің 5 л-не массалық үлесі  30 % (ρ= 1,149 г/см3)  тұз қышқылы ерітіндісінің қандай көлемін қосу қажет?

178. Тығыздығы 1,098 г/см3 ерітіндіні дайындау үшін тұз қышқылы (ρ=1,189 г/см3) мен суды қандай көлемдік қатынастарда араластыру қажет?

179. НCl ерітіндісінің 18 л (ρ=1,219 г/см3) дайындау үшін судың және қышқыл концентрлі ерітіндісінің (ρ= 1,814 г/см3) қандай көлемдерін араластыру қажет?

180. Тығыздығы 1,328 г/см3 30%-дық NaOH ерітіндісінің эквиваленттік молярлы концентрациясы нешеге тең?  Ерітіндінің 1 л-не  судың 5 л қосты. Бұл ерітіндінің массалық үлесін есептеңіз.  

 

Тотығу-тотықсыздану реакциялары  

                                                               

181. Марганец, күкірт және азоттың тотығу дәрежелеріне байланысты KMnO4, H2S және HNO3 қосылыстарының қайсысы тотықтырғыш, қайсысы тотықсыздандырғыш, қайсысы тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

182. Хром, йод, күкірттің тотығу дәрежелеріне байланысты K2Cr2O7, KI және H2SO3 қосылыстарының қайсысы тотықтырғыш, қайсысы тотықсыздандырғыш, қайсысы тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

183. Күкіртті қышқыл және оның тұздары тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

184. Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

185. Диспропорциялану реакциялары. Неліктен гидразин (N2H4), асқын тотығы (H2O2) және калий сульфитінің (K2SO3) диспропорциялануға қабілеті бар? Электрондық-иондық теңдеулерді қолдана отырып, бұл заттарды қыздырғанда өтетін реакция теңдеулерін құрастырыңыз.

186. Молекулаішілік реакциялары. Электрондық-иондық теңдеулерді қолдана отырып, келесі реакциялардың теңдеулерін аяқтаңыз:

KClO4 = KCl +…;  KMnO4 = K2MnO4+MnO2+…;

NH4NO2 = N2 + ….

187. Қай элемент атомы – ең күшті тоттықсыздандырғыш, қайсысы – ең күшті тотықтырғыш? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулерді қолдана отырып, реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

188. р-элемент атомдарының көбі диспропорциялану реакцияларына қабілеттілігі бар. Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулерді қолдана отырып, келесі реакциялардың теңдеулерін аяқтаңыз:

189. Құмырсқа қышқылының ыдырау реакциясы  HCOOH=CO+H2O тотығу-тотықсыздану реакциясына жата ма? Электрондық-иондық теңдеулерді қолдана отырып, реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

190. Sn4+, V2+, Tl3+, Cr3+ иондарының қайсылары тотықсыздандырғыш қасиеттерді көрсетеді? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулерді қолдана отырып, реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

191. Хлордың тотығу дәрежесіне байланысты НС1, НСlO3 НСlO4   қосылыстарының қайсысы тотықтырғыш, қайсысы тотықсыздандырғыш, қайсысы тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

КВr + KBrO3 + H2SO4 — Вr2 + K2SO4 + Н2О.

192.   Р + НClO3 + Н2О  Н3РО4 + НС1;

H2S + С12 + Н2О  H2SO4 + НС1.

Реаакциялардык электрондық теңдеулерін құрастырыңыз. Реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз. Қандай зат – тотықтырғыш, қайсысы тотықсыздандырғыш, қайсысы тотығады, қайсысы тотықсызданады?

193. Мұнда қандай процесс жүреді – тотығу ма, тотықсыздану ма? Электрондық теңдеулерін құрастырыңыз: F-  F0; N+3  N0, S+2  S-2 .

Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

HNO2 =HNO3 + NO +H2O.

194. Азоттың тотығу дәрежелеріне байланысты NН3, HNO3, НNО2 қосылыстарының қайсысы тек тотықтырғыш, қайсысы тек тотықсыздандырғыш, қайсысы тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

PbS + HNO3   Pb(NO3)2 + NO + H2O.

195. Келесі заттар арасында тотығу-тотықсыздану реакциялары жүре ала ма: a) NH3 және КМnО4; б) HNO3 және HCl; в) НС1 және H2Se. Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

КМnO4 + KNO2 + Н2SO4  MnSO4 + KNO3 +K2SO4 + Н2О.

196. Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеулеріндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

Cd + КМnО4 + Н2SO4  CdSO4 + K2SO4 + MnSO4 + Н2О.

FeCO3 + KMnO4 + H2SO4  Fe2(SO4)3 + CO, + MnSO4 + K2SO4 + H2O.

197. Келесі заттар арасында тотығу-тотықсыздану реакциялары жүре ала ма: а) РН3 және НВr; б) К2Сr2О7 және Н3РО3; в) HNO3 және КМnО4? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:

 AsH3 + HNO3  H3AsO4 + NO2 + H2O.

198. Неліктен күкіртті қышқыл тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы H2SO3 келесі заттармен реакцияласу теңдеулерін құрастырыңыз: а) Н2S; б) Cl2.

199. Н2S тотығу-тотықсыздану реакцияларында өзін қалай көрсетеді? Неліктен? Н2S ерітіндісінің келесі заттармен әрекеттесудің электрондық және молекулалық теңдеулерін жазыңыз: а) Cl2; б) О2 .

200. Неліктен азотты қышқыл тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Азотты қышқыл тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттерді көрсететін реакциялар мысалдарын келтіріңіз.

201. Неліктен азот диоксиді диспропорциялану реакцияларына қабілетті? Электрондық реакциялар негізінде натрий гидроксидінде NО2 еру реакциясының теңдеуін жазыңыз.

202. Күкірт қышқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларында қандай қасиеттерді көрсетеді? Концентрлі  күкірт қышқылының мыспен әрекеттесу теңдеулерін жазыңыз. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіз.

203. Газ тәрізді қосылыстың қайсысында азот ең төменгі тотығу дәрежесін көрсетеді? Бұл қосылысты алудың реакция  теңдеулерін жазыңыз: а) аммоний хлориді  кальций гидроксидімен әрекеттескенде; б) магний нитридін сумен ыдыратқанда.

204. Неліктен фосфорлы қышқыл диспропорциялану реакцияларына қабілетті? Электрондық теңдеулер негізінде фосфор ең төменгі және ең жоғарғы тотығу дәрежелеріне ие болатынын ескере отырып, фосфорлы қышқылдың ыдырау процесінің теңдеулерін құрастырыңыз.

205. Газ тәрізді қосылыстың қайсысында фосфор ең төменгі тотығу дәрежесін көрсетеді? Бұл қосылысты алудың  реакция теңдеулерін жазыңыз: а) кальций фосфидінің тұз қышқылымен әрекеттескенде; б) оның оттекте жану кезінде.

206. Мышьяк, сурьма және висмут қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? а) мышьяктың концентрлі азот қышқылымен; б) висмуттың концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесуінің электрондық және молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз.

207. Фтордан йодқа қарай галогендердің тотықтырғыш қасиеттері және теріс зарядталған иондарының тотықсыздандырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Неліктен?

208. Мырыш  және кадмий гидроксидтерін күкірт қышқылы, натрий гидроксиді және аммиактың артық мөлшерімен әрекеттестірді. Реаакциялардың әрқайсысында мырыш пен кадмийдің қандай қосылыстары түзіледі? Реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін құрастырыңыз.

209. Алтын патша арағында және селенді қышқылда (H2SeO4) еріп, ең жоғарғы тотығу дәрежесіне ие болады. Сәйкес реакциялардың электрондық және молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз.

210. Көміртегі диоксиді мен ылғалдың қатысында мыстың бетінде жасыл қону  пайда болады. Түзілетін қосылыстың құрамы және аталуы қандай? Оны тұз қышқылымен әрекеттестіргенде не болады?

 

Электрохимиялық процестер

 

211. AgNO3 ерітіндісіндегі күміс электродының потенциалы стандартты электродтық потенциал мәнінің 95% құрайды.  Ag+-иондарының (моль/л) концентрациясы нешеге тең?

212. Никель және кобальт электродтары сәйкесінше Ni(NO3)2 және Co(NO3)ерітінділеріне батырылған. Электродтардың потенциалдары бірдей болу үшін бұл металдар иондарының концентрациясы қандай қатынаста болуы керек?

213. Гальваникалық элементтің біреуінде мыс  - катод, ал екіншісінде – анод болатын екі гальваникалық элементтердің сұлбаларын құрастырыңыз. Әрқайсысы үшін катод пен анодта өтетін реакциялардың электрондық теңдеулерін жазыңыз.

214. Сu2+-иондарының қандай концентрациясында (моль/л) мыс электродының потенциалы сутек электродының стандартты потенциалына тең болады?

215. Концентрациялық деп қандай гальваникалық элементті айтады? Концентрациялары 0,01 н және 0,1 н AgNO3 ерітінділеріне батырылған күміс электродтарынан тұратын гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз. Сұлбасын құрастырып, электродтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.

216. Электродтары бірдей металдан жасалған гальваникалық элемент қандай жағдайда жұмыс істейді? Никель электродтары концентрациялары 0,001 және 0,01 моль/л никель сульфаты ерітінділеріне батырылған. Гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз. Сұлбасын құрастырып, электродтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.

  217. Тұздарының концентрациялары Рb2+ = Mg2+ = 0,01 моль/л ерітінділеріне батырылған қорғасын және магний пластиналарынан тұратын гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз. Сұлбасын құрастырып, электродтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.  Иондардың концентрациясын бірдей есе арттырса, бұл элементтің ЭҚК өзгере ме?

218. Гальваникалық элементтің біреуінде никель  - катод, ал екіншісінде – анод болатын екі гальваникалық элементтердің сұлбаларын құрастырыңыз. Әрқайсысы үшін катод пен анодта өтетін реакциялардың электрондық теңдеулерін жазыңыз.

219. Темір және күміс пластиналары сыртқы тізбек арқылы қосылған және күкірт қышқылы ерітіндісіне батырылған. Бұл гальваникалық элементтің сұлбасын құрастырып, анод пен катодта өтетін процестердің электрондық теңдеулерін жазыңыз.

220. Тұздарының концентрациялары Mg2+ = Cd2+ = 1 моль/л ерітінділеріне батырылған кадмий және магний пластиналарынан тұратын гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз. Сұлбасын құрастырып, электродтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.  Иондардың концентрациясын 0,01 моль/л-ге дейін азайтса, гальваникалық элементтің ЭҚК өзгере ме?

221. Тұздарының ерітінділеріне батырылған мырыш және темір пластиналарынан тұратын гальваникалық элементтің сұлбасын құрастырыңыз. Анод пен катодта өтетін процестердің электрондық теңдеулерін жазыңыз. Zn2+=Fe2+ = 0,001 моль/л-ге  тең. Темір иондарының қандай концентрациясында (моль/л) элементтің ЭҚК нөлге тең болады?

222. Ni+Pb(NO3)2 = Ni(NO3)2+Pb реакциясы негізінде жұмыс істейтін

гальваникалық элементтің сұлбасын құрастырыңыз. Анодтық және катодтық процестердің электрондық теңдеулерін жазыңыз. Концентрациялары [Ni2+] = 0,01 моль/л, [Pb2+] = 0,0001 моль/л болатын гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз.

223. Қорғасын аккумуляторының зарядтануы және разрядтануы кезінде электродтарда қандай химиялық процестер өтеді?

224. Кадмий-никель аккумуляторы зарядтануы және разрядтануы кезінде электродтарда қандай химиялық процестер өтеді?

225. Темір-никель аккумуляторы зарядтануы және разрядтануы кезінде электродтарда қандай химиялық процестер өтеді?

226. Мырыш сульфаты ерітіндісін ерімейтін анодтарда 6,7 сағ ішінде электролиздегенде қалыпты жағдайда өлшенген 5,6 л оттегі бөлінді. Тұндырылған мырыштың мөлшері мен ток күшін есептеңіз. Ток бойынша шығым 70% тең.

227. КОН сулы ерітіндісін электролиздегенде ерімейтін электродтарда өтетін реакция теңдеулерін жазыңыз. 2 сағ ішінде 13,4 А ток жіберілсе,  қалыпты жағдайда қандай заттар және қандай көлемде алынады?

228.  Анодта қалыпты жағдайда өлшенген 1,12 л оттек бөлінсе, Na24 ерітіндісін электролиздегенде ерімейтін анодтың маңайында Н24  қанша грамы түзіледі?  Катодта бөлінетін заттың массасын есептеңіз.

229. Катодта қалыпты жағдайда өлшенген сутектің 1,12 л бөлінсе, рубидий сульфаты ерітіндісін электролиздегенде катодтың маңайында қанша грамм NaОН түзілді?

230.   Кадмий сульфаты ерітіндісін а) графит анодымен, б)  кадмий анодымен электролиздегенде электродтарда өтетін реакция теңдеулерін жазыңыз. Ерітінді арқылы 2 сағ ішінде 134 А күшімен ток жіберілсе, кадмийдің ток бойынша шығымы катодта - 80 %, ал анодта - 100% құраса, екі жағдайда да ерітіндідегі кадмий мөлшері қалай өзгереді?

231. Полярлану деген не? Полярланудың қандай түрлері болады және олардың түзілу себептері қандай?

232.  Мырыш   сульфаты   ерітіндісінен  электр тогының 10 F өткізілді. Мырыштың   ерітіндідегі   мөлшері   қалай  өзгереді,  егер  электродтар: а) графиттан, б) мырыштан жасалған болса және мырыштың ток бойынша шығымы катодта - 50%, ал анодта -  100% .

233. Мыс сульфаты(П) сулы ерітіндісін а) графит анодымен;  б) мыс анодымен электролиздегенде электродтарда өтетін реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.  Ерітіндіден электр тогының 2 F өткізілсе және мыстың ток бойынша шығымы катодта да, анодта да 100% болса, екі жағдайда да ерітіндідегі мыс мөлшері қалай өзгереді?

234.  Графит электродтары бар екі электролизерда: а) натрий гидроксиді ерітіндісінің, б) натрий гидроксиді балқымасының электролизі өтті. Электродтық реакциялардың теңдеулерін жазыңыз. Электролизерлар арқылы 26,8 А∙сағ электр тогы өткенде, катодта бөлінген заттар массасын есептеңіз.

235. а) никель электродтарында, б) ерімейтін электродтарда никель сульфаты сулы ерітіндісін электролиздегенде электродтарда өтетін реакциялардың теңдеулерін жазыңыз. 10 сағ ішінде катодта 47 г никель бөліну үшін ток күші қандай болуы қажет? Ток бойынша шығым  80%.

236.  Ерімейтін электродтарда мыс бромиді ерітіндісін (II) электролиздегенде, электродтардың біреуінде 0,635 г мыс бөлінді. Бромның ток бойынша шығымы 90% болса, екінші электродта бромның қанша грамы бөлінді? Электродтарда өтетін реакция теңдеулерін құрастырыңыз.

237. Қалыпты жағдайда КОН сулы ерітіндісін электролиздегенде екі сағат ішінде 13,4 А ток жіберілсе, ерімейтін электродтарда қандай заттарды және қандай көлемде алуға болады?

238. Кадмий сульфаты сулы ерітіндісін: а) графит анодында; б) кадмий анодында электролиздегенде электродтарда өтетін реакция теңдеулерін құрастырыңыз. Кадмийдің катодтағы ток бойынша шығымы (а) және (б) жағдайларында 80% тең, ал анодта —(а) жағдайында - 0%  және (б) жағдайында - 100% тең екендігін ескере отырып,  10 F электр тогы өткенде ерітіндідегі кадмийдің мөлшері (а) және (б) жағдайларында қалай өзгереді?

239. а) кальций хлориді балқымасын, б) кальций хлориді ерітіндісін графит электродтарында электролизінің реакция теңдеулерін құрастырыңыз. 1 А ток күшімен (а) және (б) жағдайларында заттың 4 г бөліп алу үшін қанша уақыт қажет (сағ)?

240. АgNO3, K2SO4, CuCl2 сулы ерітінділері бар электролизерлар арқылы ток бір ізді өткенде көмір катодтарында қандай заттар және қандай мөлшерде бөлінеді, егер АgNO3 бар электролизерда күмістің 108 г бөлінсе? Аg ток бойынша шығымы 1-ге тең.

 

Металдар коррозиялануы және одан қорғау

 

241. Электрохимиялық коррозияда қандай катодтық процестер өтеді? Процестердің теңдеулерін жазыңыз. Әртүрлі катодтық процестермен металдардың коррозиялануының мысалдарын келтіріңіз.

242.  Сутектің бөлінуімен өтетін коррозия жылдамдығына қандай  факторлар әсер етеді? Катодтық учаскелердің табиғаты мен ерітіндіні араластыру сутектің бөлінуімен өтетін коррозия жылдамдығына әсер ете ме?

243. Оттектің сіңірілуімен өтетін оррозия жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді? Катодтық учаскелердің табиғаты мен ерітіндіні араластыру оттектің сіңірілуімен өтетін коррозия жылдамдығына әсер ете ме?

244.  Металдардың енжарлығы деген не? Оның механизмі қандай? Енжарлыққа қабілетті металдардың мысалдарын келтіріңіз.

245. Сутек пен оттектің салыстырмалы парциалды қысымдары:  = 1,2;   = 0,8 бөлме температурасында 0,02 М Рb(NO3)2 ерітіндісінде қорғасыннан (Рb) жасалған бұйымның  электрохимиялық коррозиялануының мүмкіндігін анықтаңыз. Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.

246. Сутек пен оттектің салыстырмалы парциалды қысымдары:  = 1,2;   = 0,2 бөлме температурасында 0,05 М АlСI3 ерітіндісінде алюминийден (Аl) жасалған бұйымның  электрохимиялық коррозиялануының мүмкіндігін анықтаңыз. Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.

247. Мырыштан жасалған бұйымды  70°С-де 0,03 М  ZnSO4 ерітіндісіне батырды. Мырыш коррозияға ұшырай ма?

248. Коррозия таңдамалы болатындығын ескере отырып,  бөлме температурасында 0,01 M FеСI2 ерітіндісіне батырылған Fe — Cd гальваникалық жұбының электрохимиялық коррозиялануының мүмкіндігін анықтаңыз.  Ерітінді концентрациясын 0,02 моль/л-ге дейін арттырса, коррозиялық элементтің ЭҚК өзгере ме?

249. 25°С-де концентрациясы 0,04 моль/л NiSO4 ерітіндісіндегі Ni—Сu жұбының электрохимиялық коррозиялануы өте ме?  Ni2+ -иондарының концентрациясы 0,06 моль/л-ге дейін артса, коррозиялық элементтің ЭҚК қалай өзгереді?

250. Алюминмй жабыны бар темір бұйымын 0,01 М АlСl3 ерітіндісіне батырды. Бөлме температурасында бұл бұйым коррозияға ұшырай ма? Концентрациясы 0,03 моль/л-ге дейін артса, ЭҚК өзгере ме және қалай?

251. Мыстың бетіндегі және темірдің бетіндегі қалайы жабындардың қандай түріне жатады? Бейтарап ортада бұл жұптардың атмосфералық коррозиялануының қандай процестері өтеді? Катодтық және анодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.

252. Темір бұйымын қорғасынмен қаптады. Бұл қандай жабын — анодтық па, катодтық па? Бұл бұйымның тұтастығы бұзылғанда ылғал ауада және тұз қышқылы ерітіндісінде коррозиялануының анодтық және катодтық процестерін құрастырыңыз.

253. рН=10 ерітіндіде ауамен контактілегенде темірді коррозиядан қорғауда қандай металл протектор бола алады? Реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

254. Тұтастығы бұзылған қалайыланған темір мен қалайыланған мыстың атмосфералық коррозиясы қалай өтеді? Анодтық және катодтық реакциялардың теңдеулерін құрастырыңыз.

255. Металдарды коррозиядан протекторлық қорғау. Еріген оттегі бар электролитте темірді протекторлық қорғаудың мысалын келтіріңіз. Анодтық және катодтық реакциялардың теңдеулерін құрастырыңыз.

256. рН=10 және 25°С-де Fе—Рd жұбының  электрохимиялық коррозиялану реакцияларының теңдеулерін жазыңыз. Коррозия процесінде 28 мл O2 сіңіріліп,  112 мл Н2 бөлінсе, қандай металл коррозияға ұшырады және қанша? Коррозия процесінің ұзақтығы 3,5 мин құраса, коррозиялық токтың мәні нешеге тең болды? Бұл құйманы электрохимиялық коррозиядан қорғайтын анодтық және катодтық жабынды ұсыныңыз.

257. Сu—Zn жұбы бөлме температурасында 2,5 мин  рH =12 ортада болды. Коррозия процесінде 28 мл Н2 бөлініп, 56 мл O2 сіңірілсе,  қандай металл коррозияға ұшырады және қанша? Бұл құйманы электрохимиялық коррозиядан қорғайтын анодтық және катодтық жабындарды ұсыныңыз.

258. Бөлмелік температурада 4 мин ішінде 56 мл Н2 бөлініп, 56 мл O2 сіңірілсе, Ni—Рt құймасының коррозиясы кезінде қандай анодтық және катодтық процестер жүреді?  Құйма рН=2 ортада. Металдың коррозияға ұшыраған массасын есептеңіз. Бұл құйманы электрохимиялық коррозиядан қорғайтын анодтық және катодтық жабындарды ұсыныңыз.

259. Никельден (Ni) жасалған бұйымның оттектің әсерінен (салыстырмалы қысымы  = 1,4) және 800°С-де NiO-ға дейін газды коррозиялануының термодинамикалық мүмкіндігін анықтаңыз. Бұл температурада газды коррозия тоқтайтын оттектің парциалды қысымын анықтаңыз.

260. Атмосфералық жағдайда мырыш коррозияға ұшырайды, ал алтын ұшырамайды. Неліктен? Жауабыңызды есептеу арқылы дәлелдеңіз.

261. рН=6 сулы ерітіндіде ауамен контактілігінде қалайының коррозиялануы мүмкін бе? Сутектің бөлінуімен коррозия рН қандай мәндерінде мүмкін?

262. рН=6 сулы ерітіндіде ауамен контактілігінде қорғасынның (Рb) электрохимиялық коррозиялануы мүмкін бе? Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз. Сутектің бөлінуімен коррозия рН қандай мәндерінде мүмкін?

263. рН=0 оттегі жоқ (деаэрирленген) ерітіндіде мыс коррозияға ұшырай ма?

264. Теңіз суында (рH 8) ауамен контактілегенде магний (Мg) коррозияға ұшырайды. Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.    

265. рН мәндері: а) 2,0; б) 7,0; в) 10,0 сулы ерітінділерде сутектің бөлінуімен коррозияланатын металдарды атаңыз.

266. рH мәндері: а) 2,0; б) 5,0; в) 8,0 сулы ерітінділерде оттектің сіңірілуімен коррозияланатын металдарды атаңыз.

267. Химиялық коррозия деген не? Одан төмен мәндерде СuО түзілуімен мыстың химиялық коррозиялануы жүрмейтін оттектің парциалды қысымын есепеңіз.

268. Химиялық коррозия жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді? Әртүрлі металдар үшін оксид қабыршағы қалыңдығының уақытқа тәуелділігінің түрі қандай болады?

269. Газды коррозиядан қорғаудың қандай әдістері бар? Қызутөзімділік және қызуберіктік деген не?

270. Бетінің тұтастығы бұзылған қалайыланған темір мен қалайыланған мыстың атмосфералық коррозиялануы қалай өтеді? Анодтық және катодтық процестердің  электрондық теңдеулерін құрастырыңыз.

 

Металдар химиясы

 

271. Магний оксидінің алюминиймен өздігінен тотықсыздануы мүмкін болатын температуралар аймағы бар ма?

272. 298 К-де хром оксидін (Cr2O3) алюминиймен және темір оксидін (FeO) мырышпен тотықсыздандыру реакцияларының Гиббс энергияларын есептеңіз.

273. Қазіргі кезде ток түзуші реакциясы келесі: 2Li + СuО = Li2O + Сu  литий элементі кеңінен қолданады. Бұл элементтің 298 К-де ЭҚК есептеңіз. Температура жоғарлағанда ЭҚК қалай өзгереді (сапалы)?

274. Литий элементінде келесі реакция өтеді: 2Li + 2SO2(г) = Li2S2O4.

298 К-де элементтің стандартты ЭҚК 3,15 В-қа тең. 298 К-де Li2S2O4 түзілуінің стандартты Гиббс энергиясын анықтаңыз.

275. Калийдің Н2О, H2SO4 және HNO3 әрекеттесу теңдеулерін жазыңыз. Бұл реакциялар қауіпті ма? Неліктен?

276. Магний хлоридінен магнийді натриймен тотықсыздандыру арқылы алудың реакция теңдеуін жазыңыз. Бұл реакция өздігінен жүре алатын температуралар аймағын анықтаңыз.

277. Магний және оның құймалары корррозиядан қорғау протекторлары ретінде қолданылады. Магний протекторларымен қандай металдарды коррозиядан қорғауға болады?

278.  Бериллий ауада тұрақты, ал кальций неліктен тұрақты емес?

279.  Алтын қандай ерітіндіде ериді?

280. Массасы 3 г техникалық темір 0,2 М тұз қышқылы ерітіндісімен әрекеттесті. Нәтижесінде қалыпты жағдайда өлшенген көлемі 1,12 л газ бөлінді. Таза темірдің техникалық темірдегі массалық үлесін есептеңіз. Таза темірді ерітуге қышқылдың қандай көлемі шығындалған?

281. Тантал қандай ерітіндіде ериді?

282. Мырыш сұйылтылған күкірт қышқылында жақсы ериді. Ал стандартты потенциалының мәні мырыштікінен төмен болатын титан  бұл қышқылда ерімейді. Неліктен?

283. Табиғатта алтын таза күйінде болады, ал қалайы – болмайды. Мұны қалай түсіндіруге болады?

284. Көршілес d-металдармен салыстырғанда марганецтің кейбір ерекше физикалық және химиялық қасиеттерін қалай түсіндіруге болады?

285. Неліктен платина тұз және азот қышқылдарында ерімейді, ал олардың қоспасында («патша арағында») ериді?

286. Алюминий және мыс қоспасының 6 грамын тұз қышқылымен өңдегенде көлемі 3,7 л сутегі бөлінді. Қоспадағы металдардың массалық үлестерін анықтаңыз.

287. Никель тұз қышқылында ериді, ал платина – ерімейді. Неліктен?

288. Массасы 10 г темір және мыс ұнтақтарын тұз қышқылымен өңдеді. Нәтижесінде көлемі 2,24 л газ бөлінді. Қоспадағы металдардың массалық үлестерін анықтаңыз.

289. Титан концентрлі тұз қышқылымен әрекеттескенде титанның үшхлориді түзіледі, ал азот қышқылымен әрекеттескенде  метатитан қышқылының тұнбасы түзіледі. Реакциялар теңдеулерін құрастырыңыз.

290. Титанды концентрлі күкірт қышқылында еріткенде титан максимальды тотығу дәрежесіндегі катионға айналады, ал қышқыл минимальды дәрежеге дейін тотықсызданады. Реакция теңдеулерін құрастырыңыз.

291. Титан және цирконий диоксидтері балқытқан кезде сілтілермен әрекеттеседі. Бұл реакциялар оксидтердің қандай қасиеттері туралы айтады? Келесі заттар арасындағы реакция теңдеулерін жазыңыз:  а) ТiO2 мен ВаО, б) ZrО2 мен NaOH. Бірінші реакцияда сәйкес металдардың метатитанаты, ал екіншісінде   ортоцирконаты түзіледі.

292. Келтірілген металдардың қайсысы  (Сu, Аg, Со, Мg)  T=298 К-де  рH=10 сулы ерітіндіде және барлық заттардың стандартты күйлерінде оттекпен тотығуы мүмкін?

293. 298 К-де және барлық заттардың стандартты күйлерінде келтірілген металдардың қайсысы  (Ni, Рt, Zn) сұйық броммен тотығуы мүмкін?

294. 298 К-де және барлық заттардың стандартты күйлерінде келтірілген металдардың қайсысы  (Сd, Аu, Сu) хлормен тотығуы мүмкін?

295. 298 К-де, рН=7  және барлық заттардың стандартты күйлерінде келтірілген металдардың қайсысы  (Мn, Pd, Fе) сулы ерітіндіде оттекпен тотығуы мүмкін?

296. 298 К-де барлық заттардың стандартты күйлерінде магнетитті (Fe3O4) сутекпен тотықсыздандырып, су буының түзілуімен темірді алуға бола ма? Бұл процесс барлық заттардың стандартты күйлерінде өздігінен жүретін температуралар аймағын анықтаңыз.

297. 298 К-де барлық заттардың стандартты күйлерінде магнетитті (Fe3O4) көміртекпен тотықсыздандырып,  СО2 түзілуімен темірді алуға бола ма? Бұл процесс барлық заттардың стандартты күйлерінде өздігінен жүретін температуралар аймағын анықтаңыз.

298. 298 К-де барлық заттардың стандартты күйлерінде Сг2О3 оксидін сутекпен тотықсыздандырып, су буының түзілуімен хромды алуға бола ма? Бұл процесс барлық заттардың стандартты күйлерінде өздігінен қандай температураларда өтеді?

299. 298 К-де барлық заттардың стандартты күйлерінде көміртегі монооксидімен  тотықсыздандырып темірді алуға бола ма? Бұл процесс өздігінен қандай температураларда өтеді?

300. 298 К-де Fe2O3 оксидін алюминиймен тотықсыздандыру арқылы темірді алуға бола ма?

 

Тапсырмалар нұсқалары

 

Нұсқа нөмірі

Нұсқаға кіретін тапсырмалар нөмірлері

01

02

03

04

05

06

07

08

09

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51

52

53

54

55

56

57

58

59

60

61

62

63

64

65

66

67

68

69

70

71

72

73

74

75

76

77

78

79

80

81

82

83

84

85

86

87

88

89

90

91

92

93

94

95

96

97

98

99

00

   1     31     61      91    121    151    181    211    241    271   

   2     32     62      92    122    152    182    212    242    272   

   3     33     63      93    123    153    183    213    243    273   

   4     34     64      94    124    154    184    214    244    274   

   5     35     65      95    125    155    185    215    245    275    

   6     36     66      96    126    156    186    216    246    276   

   7     37     67      97    127    157    187    217    247    277   

   8     38     68      98    128    158    188    218    248    278   

   9     39     69      99    129    159    189    219    249    279   

 10     40     70    100    130    160    190    220    250    280   

 11     41     71    101    131    161    191    221    251    281   

 12     42     72    102    132    162    192    222    252    282   

 13     43     73    103    133    163    193    223    253    283   

 14     44     74    104    134    164    194    224    254    284   

 15     45     75    105    135    165    195    225    255    285   

 16     46     76    106    136    166    196    226    256    286   

 17     47     77    107    137    167    197    227    257    287   

 18     48     78    108    138    168    198    228    258    288   

 19     49     79    109    139    169    199    229    259    289   

 20     50     80    110    140    170    200    230    260    290   

 21     52     83    111    141    171    201    232    261    291    

 22     53     84    112    142    172    202    233    262    292   

 23     54     85    113    143    173    203    234    263    293   

 24     55     86    114    144    174    204    235    264    294   

 25     56     87    115    145    175    205    236    265    295   

 26     57     88    116    146    176    206    237    266    296   

 27     58     89    117    147    177    207    238    267    297   

 28     59     90    118    148    178    208    239    268    300   

 29     60     61    119    149    179    209    240    269    272   

 30     31     62    120    150    180    210    211    270    273   

   1     32     63      94    125    156    187    212    243    274   

   2     33     64      95    126    157    188    213    244    275   

   3     34     65      96    127    158    189    214    245    276   

   4     35     66      97    128    159    190    215    246    277   

   5     36     67      98    129    160    191    216    247    278   

   6     37     68      99    130    161    192    217    248    279   

   7     38     69    100    131    162    193    218    249    280   

   8     39     70    105    136    167    198    219    250    281   

   9     40     64    106    137    168    199    220    251    282   

 10     43     65    107    138    169    200    221    252    283   

 11     44     66    108    139    170    201    223    251    285   

 12     45     67    109    140    171    202    224    252    286   

 14     46     68    110    141    172    203    225    253    287   

 15     47     69    111    142    173    204    226    254    288   

 16     48     70    112    143    174    205    227    255    289   

 17     49     71    113    144    175    206    228    256    290   

 18     50     72    114    145    176    207    229    257    291   

 19     51     73    115    146    177    208    230    258    292   

 20     52     74    116    147    178    209    231    259    293   

 21     53     75    117    148    179    210    232    260    294   

 22     54     76    118    149    180    182    233    261    295   

 23     55     77    119    150    153    181    234    262    296   

 24     56     78    120    125    154    183    235    263    297    

 25     57     79      91    124    155    184    236    264    298   

 26     58     80      92    123    156    185    237    265    299   

 27     59     81      93    122    157    186    238    266    300   

 28     60     82      91    121    158    187    239    267    271    

 29     31     83      92    127    153    188    240    268    272   

 30     32     61      93    128    154    189    213    269    273   

   1     34     62      94    129    155    190    212    270    274   

   3     35     63      95    130    156    191    211    250    275   

   4     36     64      96    131    157    192    212    251    276   

   5     37     65      97    132    158    193    214    252    277   

   6     38     66      98    133    159    194    213    253    278   

   7     39     67      99    134    160    195    215    254    279   

   8     40     68    100    135    161    196    216    255    280   

   9     41     69    101    136    162    197    217    256    281   

 10     42     70    102    137    163    198    218    257    282   

 11     43     71    103    138    164    199    219    258    283   

 12     44     72    104    139    165    200    220    259    284   

 13     45     73    105    140    166    201    221    260    285   

 14     46     74    106    126    167    202    222    241    286   

 15     47     75    107    125    168    203    223    242    287   

 16     48     76    108    124    169    204    224    243    288   

 17     49     77    109    123    170    205    225    244    289   

 18     50     78    110    122    171    206    226    245    290   

 19     53     79    111    121    172    207    227    246    291   

 20     31     80    112    150    173    208    228    247    292   

 24     32     81    113    149    174    209    229    248    293   

 25     33     82    114    148    175    210    230    249    294   

 26     34     83    115    147    176    181    231    250    295   

 27     35     84    116    146    177    182    232    251    296   

 28     36     85    117    145    178    183    233    252    297   

 29     37     86    118    144    179    184    234    253    298   

 30     38     87    119    143    180    185    235    254    299   

   1     39     88    120    142    151    186    236    255    300   

   2     40     89      91    141    152    187    237    256    274   

   3     41     90      92    140    153    188    238    257    275   

   4     42     61      93    139    154    189    239    258    276   

   5     43     62      94    138    155    190    240    259    277   

   6     44     63      95    137    156    191    211    260    278   

   7     45     64      96    136    157    192    212    261    279   

   8     46     65      97    135    158    193    213    262    280   

   9     47     66      98    134    159    194    214    263    281   

 10     48     67      99    133    160    195    215    264    282   

 11     49     68    100    132    170    196    216    265    283   

 12     50     69    101    131    171    197    217    266    281   

 13     44     70    102    130    172    198    218    267    282   

 14     45     71    103    129    173    199    219    268    293   

 15     46     72    104    128    174    200    220    269    294   

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.  Коровин Н.В. Общая химия. - М.: Высшая школа, 2005.

2. Харин А.Н., Катаева Н.А., Харина Л.Г. Курс химии. - М.: Высшая школа, 1983.

3. Глинка Н.Л. Общая химия. - Л.: Химия, 1999.

4. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. –А.: Мектеп, 2001.

5. Пірәлиев С.Ж., Бутин Б.Н., Байназарова Г.М., Жайлау С.Ж. Жалпы химия. –Алматы, 2003.-т.1-2.

6. Гольбрайх З.Е., Маслов Е.И. Сборник задач и упражнений по химии. – М.: АСТ-Астрель, 2004.

7. Сұлтанбаева Б.М., Тұманова А.А. Химия: Оқу құралы. Энергетикалық мамандықтары бойынша  барлық оқу түрінің студенттері үшін. –Алматы, АЭжБУ, 2011.

8. Задачи и упражнения по общей химии. Под ред.Коровина Н.В. – М.: Высшая школа, 2004.

 

Мазмұны

 1. Кіріспе                                                                                                                  3

 2. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары                                                      4

 3. Атомдар құрылысы және химиялық элементтерді топтастыру                     6

 4. Химиялық байланыс                                                                                           8

 5. Химиялық  реакциялардың энергетикасы                                                      10   

 6. Химиялық кинетика және тепе-теңдік                                                            12

 7. Ерітінділер концентрацияларын өрнектеу жолдары                                     15

 8. Тотығу-тотықсыздану реакциялары                                                                17

 9. Электрохимиялық процестер                                                                           20

 10. Металдар коррозиялануы және одан қорғау                                                22

 11. Металдар химиясы                                                                                          25

 12. Тапсырмалар нұсқалары                                                                                 27

       Әдебиеттер тізімі                                                                                                30

 

                                                                         2012 ж. негізгі жоспары, реті 79