Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Алматы энергетика және байланыс университеті

Өнеркәсіптік жылуэнергетика кафедрасы

 

 

 

 

 

 

СУ, ОТЫН ЖӘНЕ МАЙЛАҒЫШ МАЙЛАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

5В071700 – Жылу энергетика мамандықтары бакалавриатының студенттері үшін пәндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

 

 

 

Алматы 2011

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: С.К.Абильдинова. Су, отын және майлағыш майлар технологиясы. Пәндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау (5В071700 – Жылу энергетикасы мамандықтары бакалавриатының студенттері үшін). -  Алматы: АЭжБУ, 2011. -   30 б.

 

 

Пәндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау жылуэнергетика мамандығының   су және отын технологиясы  мамандануы  бойынша бакалавриатты дайындауға арналған.

 

Без.11, кесте 6, әдеб.көрсеткіші -12 атау.

 

 

Пікір беруші:  техн.ғыл.канд.,доц.,Туманов М.Е.

 

 

 «Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 ж. негізгі басылымдар жоспары бойынша басылады.

 

 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2011ж.

 

 

 

 

 

2011ж. негізгі  жоспары, реті_8_

 

Кіріспе

 

Пәндік жұмыс жылу электр станциялары мен ірі жылытушы қазандықтың қатты отын дайындау жүйесінде көмір тозаңын даярлаушы

қондырғыларды жобалауға арналған және «Су, отын және майлағыш майлар технологиясы» курсының негізгі бөлігінің бірі болып табылады.

Пәндік жұмыстың басты мақсаты студенттерді «Су, отын және майлағыш майлар технологиясы»  курсынан алған білімдерін тереңдетіп жетілдіруге, көмір тозаңын даярлау және  оны бу қазанының оттығына тасымалдау жүйесінің тиімді сұлбаларын таңдауды үйренуге, осы жүйелердің негізгі және қосалқы жабдықтарын таңдағанда, есептегенде, жобалағанда компьютерлік технологияны қолдана білуге машықтандыру.    

 

1       Жалпы әдістемелік нұсқау

 

Студенттер пәндік жұмысты есептеуден бұрын «Су, отын және майлағыш майлар технологиясы» курсының «Қатты отынды жағушы ЖЭС отын шаруашылығының технологиялық сызбасы» бөлімін оқып, танысуы қажет. 

Пәндік жұмыс сызба және есептеу бөлімдерінен тұрады. Есептеу бөліміне әдістемелік нұсқауға сәйкесті барлық сұрақтар мен есептеулерді енгізу керек. 

Егер жұмысты орындау барысында қандай да бір әдебиеттер қолданылса, онда сол әдебиетке сілтеме жасалу қажет. Барлық есептеулер СИ жүйесіне сәйкес есептелінеді.  

 

2       Пәндік  жұмысқа тапсырма

 

Қатты отынның сипаттамалары және тозаң дайындау жүйесін іріктеу бөлімі.

Берілген отынның жылутехникалық сипаттамалары туралы алғашқы мәліметтерді жинау және көмірді ұнтақтаушы диірмен  мен көмір тозаңын әзірлеу жүйесін таңдау:

1) нұсқада берілген отынның сипаттамаларын арнайы әдебиетті қолдану арқылы толықтыру;

2) қатты отынның маркасына және оның негізгі жылутехникалық сипаттамаларына сәйкес көмірді ұнтақтаушы диірмен түрін және берілген қазан агрегатына жеткілікті санын анықтау; 

3) көмір ұнтақтаушы диірмен түріне сәйкес көмір тозаңын әзірлеуші жекеше тұйық жұйені анықтап, оның сызбасын іріктеу;

4) жекеше тұйық көмір тозаңын дайындау жүйесінің қосалқы жабдықтарын таңдау;

5)   пәндік жұмыстың орындалғаны туралы қортынды құрастыру.

 

 

 

Есептік бөлім:

1)     нұсқада берілген қазан агрегатының номиналдық жұмыс параметрлеріне сәйкес отын шығынын есептеу;

2)     отынның жылутехникалық сипаттамаларын толықтыру мақсатымен оның негізгі сипаттамаларын арнайы әдістемелік кейіптемелерден анықтау және көмір тозаңы сапасының көрсеткіштерін есептеу;

3)     қатты отынды ұнтақтаушы диірменнің ұнтақтау өндірулігін есептеу;

4)     тозаң әзірлеу жүйесінің жылулық балансын құрастыру;

5)     қатты отынды ұнтақтаушы диірменнің ылғалды отынды кептіру  өндірулігін есептеу;

6)     жекеше тұйық көмір тозаңын дайындау жүйесінің қосалқы жабдықтарының жұмыстық параметрлерін есептеу.

 

Сызба бөлімі:

1) жекеше тұйық  көмір тозаңын дайындау жүйесінің сұлбасын сызу;

2) көмірді ұнтақтаушы диірмен сұлбасын салу;

3) көмір тозаңы  ажыратқышы сұлбасын келтіру.

 

2.1 Кесте - Пәндік жұмыстың бастапқы мәліметтері

Нұсқа

 

Қазынды отын орыны және маркасы

Отынның сипаттамалары

Қазан агрегатының аты

 кло

R90,%

Vг ,

%

Wр, %

Ар, %

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Қарағанды бассейні, КР, еленген

1,4

18/20/21

28

6,5

24,4

Е-420-140(БКЗ-420-140-5)

 

Қарағанды бассейні, КР, аралық өнім

1,4

 

30,0

10,0

38,7

Пп-1650-255

(П-57-1)

2

Екібастұз бассейні,ССР күлділігі бойынша I-топ

1,35

20/20/-

31

6,5

36,9

Еп-320-140Ж(БКЗ-320-140/25)

3

Екібастұз бассейні,ССР күлділігі бойынша II -тобы

1,30

20/20/-

31

5,0

45,6

Е-420-140(БКЗ-420-140-5)

4

Қарағанды бассейн: Қушеке көмірі СС

1,40

18/-/-

27

7

40,9

Е-320-140Ж(БКЗ-320-140ПТ-1)

5

Қарағанды бассейн: Бөрлі

көмірі, 2К Р

1,42

 

31

7,5

40,7

Пп-950-255-2(П-39-2)

6

Қарағанды бассейні, КР, концентрат

1,4

18/20/21

27

10,0

20,7

Еп-670-140(П-62)

1

2

3

4

5

6

7

8

7

Ленгер көмірі, Б3

 

1,83

35/53/45

39

29

13,5

Пп-660-140(П-60)

8

Донецк бассейні, Ж-ППМ

1,5

20/22/-

30

9

35,5

Пп-950-255-2(П-39-2)

9

Донецк бассейні, ПА

1,3

8/-/11

7,5

5,0

16,2

Пп-990-255(П-59)

10

Кузнецк бассейні, Г

1,3

 

40

8

9

Е-320-140Ж(БКЗ-320-140ПТ-1)

11

Канск-Ачинск бассейні, Назаров көмірі  Б2

1,1

40/60/52

48

39

7,3

Е-420-140(БКЗ-420-140-5)

11

Подмосковный бассейн, БГ

1,7

40/60/-

47,0

33,0

22,8

Пп-1650-255

(П-57-1)

 

12

Донецк  бассейні, Д

1,1

26/36/29

43

13

15,7

Е-320-140Ж(БКЗ-320-140ПТ-5)

 

 

3 Пәндік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар

 

3.1 Берілген қатты отынның жылутехникалық сипаттамаларын

толықтыру

 

Қатты отынның пәндік жұмысты есептеу үшін қажет жылутехникалық сипаттамаларының толық тізбесі:

а) көмірдің қазынды орыны және маркасы;

ә) көмірдің жұмыс массасының төменгі жану жылуы, ;

б) көмірдің жұмыс массасының ылғалдығы ;

в) көмірдің тозаңының  ылғалдығы ;

г) ) көмірдің гигроскопиялық   ылғалдығы ;

г) көмірдің максимал мүмкін   ылғалдығы ;

д) ұшпа заттарының мөлшері ,%

е) көмірдің ұнтақталу еселеуіші, kло;

ж) көмір тозаңы жұқалығы , %;

з) көмірді жағуға қажет ауаның теориялық көлемі ,м3/кг;

к) көмірді ұсату ірілігі , %.

Осы келтірілген сипаттамаларды табу үшін келесі арнайы әдебиеттерді қарап шығу қажет: [1],[2],[3]. Мысалы [3] –ші әдебиеттің 1.1 кестесінен тапсырмада берілген отынның жылутехникалық сипаттамаларын табуға болады. Егер қандай да бір отын үшін оның сипаттамалары толық берілмеген болса, оны басқа функционалдық тәуелділіктер мен графиктерді қолдану арқылы табуға болады.

Мысалы отынның тозаң даярлау жүйесінің алдындағы ұсақталу ірілігі әріқарай отынды кептіру,ұнтақтау процесіне және қондырғының сенімді жұмысына ықпал етеді. Егер отын ірі ұсақталған болса,диірмен оны ұнтақтау үшін көп электр энергиясын шығындайды, диірменнің жұмысшы бөліктері тез тозып, оның жұмыс өндірулігі азаяды. Сондықтан отын жолында көмір екі рет ұсақталады. Соңғы ұсату процесі майда ұсату деп аталады. Майда ұсатылған отынның сол отын үшін ұсынылған диірмендер үшін ұсатылу сипаттамалары келесі мөлшерде болғаны жөн:

(өлшемдері  елегіштегі қалдық) = 20 %;

(өлшемдері  елегіштегі қалдық) = 5 %;

Отын кесегінің ең үлкен өлшемі ≤ 15 мм.

Қондырғылардың бетіне жабыспайтын құрғақ көмірлерді дөрекі ұсақтауға болады: ; , көмір кесегінің ең үлкен өлшемі ≤ 25 мм. Егер ұсақталу ірілігі басқа өлшемдегі елеуіштер үшін берілсе, және  шамаларын табу үшін [3] –ші әдебиеттің 1.2 суретін қарастыру керек.

Көмір тозаңы жұқалығы диірмендік қондырғылар үшін , % шамасы арқылы көрсетіледі. Оның мәндерін камералық ошақтар үшін [3] –ші әдебиеттің 1.1 кестесінен алуға болады. Басқа жағдайларда осы әдебиеттің 9-10 беттерінде айтылған арнайы нұсқауларды ескереді. Көмірдің ең тиімді ұнтақталу жұқалығына әсер етуші ең негізгі фактор болып оның реакцияға түсу қабілеті немесе ұшпа заттарының көлемі саналады. Ең шекті жағдайда көмірдің тиімді ұнтақталу жұқалығын былай анықтайды

                                  ,                          (3.1)

мұнда - отынның полидисперстік еселеуіші деп аталады.

Оның шамасы әртүрлі диірмендер үшін келесі мөлшерде қабылданады:

-         шарлы дағыралы диірмендер ШДД үшін  - 0,7 мен 1,0 аралығында (орташа 0,85);

-         балғалы диірмендер БД үшін - 1,1 мен 1,5 аралығында (орташа 1,3);

-         орта жүрісті диірмендер ОЖД үшін  - 1,1 мен 1,3 аралығында(орташа 1,2);

-         шапшаң жүрісті ұрғыш диірмендер ББМ үшін  - 0,9.

          Көмір тозаңының ылғалдығы тозаң дайындау жүйесі мен ошақ құтысының жұмысына көп әсерін тигізеді. Дұрыс кептірілмеген отынды ұнтақтау  қиын, артық ылғалдық диірменнің жұмыс өндірулігін кемітеді, көмір тозаңын құбырлармен тасымалдап оттықтарға апаруды қиындатады және отынның тұтануын бәсеңдетеді. Дұрыс кептірілген көмір тез тұтанып, жану процесі қарқынды өтеді. Бірақ көмір тозаңын шектен тыс кептіру оның өздігінен жарылыс беру қауіпін туғызады.

         Пәндік жұмыста отынның ылғалдығы сол [3] –ші әдебиеттің 1.1 кестесінен алынады. Антрациттер үшін оның төменгі шегіне жуық мәндері қабылданады. Тас көмірлер үшін тозаңды тікелей үрлеу жүйесінде кептіруші агент ретінде ыстық ауа қолданылса, кестеде көрсетілген ылғалдықтың төменгі шегіне жуық мәндері қабылданады;  ал тозаңды аралық шанағы бар  жүйесінде дайындаса, ылғалдықтың жоғарғы шегіне жуық мәндері қабылданады; егер тозаңды тікелей үрлеу жүйесінде кептіруші агент ретінде ыстық ауа мен ошақтық газдар қоспасы қолданылса, ылғалдықтың төменгі шегіне жуық мәндері қабылданады.

        Қоңыр көмірлерді  кептіру үшін тұйықталмаған жүйеде ошақтық газдарды қолданса, көмір тозаңының ылғалдығы сол көмірдің гигроскопиялық мәніне  жуық қабылданады. Көмір тозаңы ылғалдығының қабылданған мәні жүйені жылулық есептеу барысында дұрысталады.

          Ылғалдығы  < 0,4 болатын  қоңыр көмірлер тозаңы жарылыс бермейтін жағдайларда тозаң ылғалдығы гигроскопиялық ылғалдық мәнінен төмен болмауы тиіс; ылғалдығы   >0,4 болатын  қоңыр көмірлер және тас көмірлер үшін тозаң ылғалдығы 0,5 төмен болмауы тиіс; антациттер, жартылай антрациттер және арық тас көмірлер үшін олардың тозаңының ылғалдығы 0,5 төмен болуы рұқсат етіледі.

         Көмірдің және көмір тозаңының  үймелік , көрінулік тығыздықтарын тозаң даярлаушы қондырғыларды (өңделмеген отын және тозаң шанақтарын, тозаң ажыратқышты, пневмотасымалдағыштарды, отын жеткізгіштерді) есептегенде білу қажет. Көмірдің үймелік  , көрінулік  тығыздықтарының оның жұмыс ылғалдығына сәйкес мәндерін [3] –ші әдебиеттің 1.1 кестесінен отынның меншікті салмағы  атымен табуға болады. Егер отынның ылғалдығы оның мәнінен 10%-ға асып кетсе, оның көрінулік  тығыздығы  келесі кейіптемеден анықталады

                          .                       (3.2)

         Көмір тозаңының нығыздалған жағдайында, мысалы шанаққа тиелген кезінде үймелік тығыздығы келесі кейіптемеден анықталады

                             , т/м3,                  (3.3)

мұнда  - отынның нақты тығыздығы:

                , т/м3  ,                                (3.4)     

мұнда  - барлық қатты  отындардың органикалық массасының тығыздығы,  есептеулерде - т/м3.

 Нығыздалмаған көмір тозаңының (жаңа ғана үйілген немесе қопарылған)

үймелік тығыздығы келесі кейіптемеден анықталады

              , т/м3.           (3.5)

         Көмірдің және көмір тозаңының жылу сыйымдылығы мәндерін  тозаң даярлау жүйесін жылулық есептегенде білу қажет. Орташа жылу сыйымдылықты келесі кейіптемелерден анықтайды

                     ,                      (3.6)

 

                                 ,                  (3.7)

мұнда    -   отынның құрғақ массасының жылу сыйымдылығы, оның мәндері келесі кестеден қабылданады.

 

3.1 Кесте

Отын

00С

1000С

2000С

3000С

4000С

Антрациттер мен арық көмірлер

0,22

0,23

0,25

0,27

0,28

Тас көмірлер

0,23

0,26

0,30

0,31

 

Қоңыр көмірлер

0,26

0,30

0,35

 

 

 

Отынның басқа да жылумеханикалық сипаттамалары [3] –ші әдебиеттің 1.2 кестесінде берілген. Отынның барлық сипаттмалары анықталғасын, диірмен қондырғысын іріктеу және есептеу бөлімдеріне көшу қажет.

 

3.2 Берілген қатты отын үшін оны ұнтақтаушы арнайы диірмен түрін таңдау

 

Диірменді таңдау келесі кестенің мәліметтеріне негізделеді.

 

3.2 Кесте

Отын

Ұнтақталу еселеуіші, kло

Ұшпа заттар шығуы ,%

Қазан агрегаты

ның бу өндірулігі, ; т/сағ

Диірменнің

кеңесілген түрі

Кеңесілген диірменді алмастыратын

 диірмен

Көмір тозаңы жұқа-лығы; %

1

2

3

4

5

6

7

Антрацит-тер мен жартылай антрацит-тер1)

<1

Шектеу жоқ

т/сағ

ШДД

-

Тас көмір

1,1

Шектеу жоқ

т/сағ

ШДД

-

Тас көмірлер және жартылай антрациттер

Шектеу жоқ

ОЖД2)

БД5), ШДД3)

Тас көмірлер1)

ОЖД2), БД5)

БД5), ШДД3)

 

 

 

1

2

3

4

5

6

Қоңыр көмірлер

()

Шектеу жоқ

БД

ЖД

60

Қоңыр көмірлер

()

Шектеу жоқ

ЖД

БД

60

 

ШДД - шарлы дағыралы диірмен, ОЖД - орта жүрісті диірмен, БД - балғалы диірмен, ЖД - желдеткіш диірмен.

1)    егер көмірдің және аралық өнімдердің жұмыстық массадағы карбонаттық күкіртінің  болса, тек қана ШДД таңдау керек;

2)    егер көмірдің құрғақ  массасындағы күлділігі болса, ОЖД қолданудың қажеті жоқ, диірменнің көмір кесектеріне  соғылатын бөліктері тез тозады, сондықтан бұл диірменді kло қолданған жөн.

3)    тек бу өндірулігі т/сағ қазандар үшін таңдау керек;

4)    тек бу өндірулігі т/сағ қазандар үшін таңдау керек;

5)    ұшпа заттарының мөлшері көмірлер үшін таңдау керек.

 

Диірмен түрін таңдау кезінде оның  арнайы ерекшеліктерін ескереді.

Диірмендердің  ең әмбебап түрі болып шарлы дағыралы диірмен ШДД саналады. Бірақ оның типтік өлшемдері өте үлкен, металл сиымдылығы жоғары, алғашқы өзіндік құны қымбат және басқа диірмендерге қарағанда көмірді ұнтақтауға және оны оттықтарға тасымалдауға көп электр энергиясын шығындайды. Сондықтан оның көмір тозаңын дайындау экономикалық көрсеткіштері төмен болып келеді. ШДД әдетте күлділігі мол және реакцияға түсу қабілеті төмен отындар (антрациттер, жартылай антрациттер, кейбір тас көмірлер) үшін қолданылады. Мұндай отындар үшін басқа диірмендерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда  ШДД таңдалады. ШДД әдетте көмір тозаңын оттықтарға аралық шанаққа жинақтау арқылы жеткізу жүйесінде қолданады.

         Балғалы диірмендерде  БД  неғұрлым жұмсақ және ұшпа заттарының мөлшері  жоғары көмірлер (қоңыр және тас) ұнтақталады. Көмірдің осындай қасиеттері оларды дөрекі ұнтақтауға мүмкіндік береді және балғалы диірменнің  экономикалық көрсеткіштерін  жоғарылатады.

         БД  көмір тозаңын оттықтарға тікелей үрлеуші және артық қысымда жұмыс жасайтын жүйеде қолданылады.

         Орта жүрісті диірмендер ОЖД оқтаулармен немесе  және шарлармен жабдықталады. Олар көмірді тікелей ұнтақтауға қатысады. ОЖД құрғақ  массасындағы күлділігі болатын тас көмірлер мен ылғалдылығы аз қоңыр көмірлер үшін  тозаңды оттықтарға тікелей үрлеп жеткізетін жүйелерде қолданылады.

          Желдеткіш диірмендер ЖД шымтезек және аса ылғалды қоңыр көмірлерді ұнтақтау үшін,  оларды алдын-ала арнайы шахтада ошақтық газдармен кептіруді іске асырушы жүйелерде қолданылады.

          Берілген қатты отынды жағушы қазан агрегатына жеткілікті диірмен санын анықтау 3.3  кестенің мәліметтеріне негізделген.

 

3.3    Кесте - Жеке қазанға ұсынылған   диірмендер саны

Диірмен түрі

Қазан агрегатының бу өндірулігі, т/сағ

12-35

50-75

120-270

320-420

500-640

950

1600

2500

Көмір тозаңын оттықтарға тікелей үрлеуші сұлбасы

ШДД

2

2

2

-

-

-

-

-

БД

2

2

2-4

3-4

4-6

4-6

6-8

8-10

ЖД

2

2

2-4

3-4

4-6

4-6

6-8

8-10

ОЖД

2

2

2-4

3-4

4

4-6

6-8

8-10

Көмір тозаңын оттықтарға аралық шанаққа жинақтау арқылы жеткізу сұлбасы

ШДД

1

1

1-2

1-2

2

2

4

6

БД

-

-

2

2-3

2-4

4

6

8

 

           3.3  Қатты отынды ұнтақтаушы диірменнің ұнтақтау өндірулігін жуықтап есептеу

 

          Көмір тозаңын оттықтарға тікелей үрлеуші сұлбасы таңдалған кезде жүйедегі жеке диірменнің көмірді ұнтақтау өндірулігі жуықтай  келесі түрде анықталады.

        Егер бір қазан агрегаты  үшін 3-4 диірмен жұмыс жасайтын болса және оның біреуі  ақаудан тоқтап қалған  жағдайда, қалған диірмендердің әрқайсының жұмыс өндірулігі  қазанның 80% жұмыс өндірулігін қамтамсыз етуі қажет:

                                                   , т/сағ,                                        (3.8)

мұнда - жеке қазанға жұмыс жасайтын диірмендер саны (3.2 – кестеден анықталады);

            - қазанның отын шығыны, т/сағ.

         Егер бір қазан агрегаты  үшін  5  немесе одан көп диірмендер  жұмыс жасайтын болса және оның біреуі  ақаудан тоқтап қалған  жағдайда, қалған диірмендердің әрқайсының жұмыс өндірулігі  қазанның 90% жұмыс өндірулігін қамтамсыз етуі қажет:

                                                     , т/сағ.                                      (3.9)

 

         Егер бір қазан агрегаты  үшін 2 диірмен жұмыс жасайтын болса, жұмыс өндірулігін  келесі кейіптеме анықтайды

                                                    .                                                             (3.10)

          Көмір тозаңын оттықтарға аралық шанаққа жинақтау арқылы жеткізу сұлбасы таңдалған кезде жүйедегі жеке диірменнің көмірді ұнтақтау өндірулігі жуықтай  келесі түрде анықталады:

 

                                            т/сағ.,                                         (3.11)

 

мұнда  -  қор еселеуіші, жүйеде ШДД – орнатылған жағдайда  қабылданады; жүйеде БД немесе ОЖД  екеуден  орнатылған жағдайда  қабылданады, үшеуден орнатылған жағдайда   қабылданады,

төртеуден орнатылған жағдайда   қабылданады.

Ал - жеке қазанға жұмыс жасайтын диірмендер саны (3.2 – кестені қара), - станцияда орнатылған қазандар саны.

 

   3.4  Көмір ұнтақтаушы диірмен түріне сәйкес көмір тозаңын әзірлеуші жекеше тұйық жұйені анықтап, оның сызбасын іріктеу

 

          Жалпы көмір тозаңын дайындау жүйелері дайындық түріне байланысты орталық және жекеше болып екі түрге бөлінеді. Пәндік жұмыста тек қана жекеше жүйелер қарастырылады. Мұндай жүйелер қазанмен ауа немесе газ арқылы байланысады. Жекеше жүйелерде диірмендер тек қана қазан агрегатының жанында орналасады. Жекеше жүйелер сұлбалары ерекшеліктеріне байланысты екі түрге бөлінеді: көмір тозаңын оттықтарға тікелей үрлеуші сұлбасы және көмір тозаңын оттықтарға аралық шанаққа жинақтау арқылы жеткізу сұлбасы.

           Бірінші сұлбада диірмендер дайындаған көмір тозаңы мен біріншілік ауа қоспасы  тікелей оттықтарға үрленеді. Екінші сұлбада диірмендер дайындаған көмір тозаңы алдын-ала аралық шанақта жинақталады және оттықтарға осы шанақтан беріледі. Мұндай сұлбалар өзі тарапынан тағы тұйық және тұйықталмаған болып екі түрге бөлінеді. Тұйық жүйеде жұмыс жасаған газдар  ошаққа беріледі, ал тұйықталмаған жүйеде газдар ошақтан тыс атмосфераға немесе қазанның түтін сорғышына апаратын газ жолынга беріледі.

         Көмір тозаңын дайындау сұлбасы көмірдің түріне, оның келтірілген ылғалдығына және көмірді кептіру нәтижесінде одан буланып шығатын  ылғал мөлшеріне байланысты анықталады. Алынған ылғал мөлшерін келесікейіптеме анықтайды:

                                                                                        (3.12)

мұнда  ,% - отынның жұмыс массасындағы ылғалдық мөлшері;

            , % - көмір тозаңының ылғалдығы.

 

3.3 Кесте – Көмір тозаңын дайындау сұлбасын таңдауға қажет көрсеткіштер

Атауы

 

 

 

 

Тұйық сұлба

жекеше көмір тозаңын оттықтарға тікелей үрлеуші

жекеше аралық шанағы бар

ШДД

БД

ОЖД

ЖД

ШДД

БД

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Сұлба

2.1а сурет

2.1б

сурет

2.2 а,б,в

сурет-тер

2.2 д

сурет

2,3 а,б

2,4 а,б

2.5 а

сурет

2.5 б

сурет

2.6

а,б,в

2.6 г

Ылғалдығы  

<16

<35

<40

<60

<16

<60

<16

<40

<16

<60

 

Алынған ылғал

≤0,15

≤0,22

≤0,27

≤0,43

≤0,43

≤0,43

≤0,15

≤0,25

≤0,12

≤0,43

Қазанның бу өндірулігі,

≥20

≥20

≥12

20-дан 270 дейін

≥12

≥12

≥20

≥20

≥20

≥20

 

 

 

Сұлбаны пайдалану ерекшелігі

Жарылыс қауыпі жоқ көмірлер үшін

 

Жарылыс қауыпі бар

 

Көмірді ыстық ауамен кептіру мүмкіндігі бар болса

Көмірді тек қана ыстық ауамен кептіру жеткіліксіз болса

Тас көмірлер үшін

Қоңыр көмірлер үшін

Кептіруді ыстық ауамен бірге ошақтық газдарды қолданғанда

Құрғақ көмірлер үшін

Ылғалды  көмірлер үшін

АШ және арық көмірлер үшін кептіруде аса қызған ауаны қолданғанда

Ыстық ауаның энергиясы кептіруге жетімсіз болғанда және ошақтың төменгі бөлігінде  жоғары температура қажет болса

 

                

 

 

 

 

 

 

 

             3.3 кестенің жалғасы

Атауы

 

Тұйықталмаған  сұлба

жекеше аралық шанағы бар

балғалы диірмен үшін

Сұлба

2.7 а

сурет

2.7 б

сурет

2.7в

сурет

Ылғалдығы  

шектеу жоқ

Алынған ылғал

шектеу жоқ

Қазанның бу өндірулігі,

≥35

≥35

≤50

Сұлбаны пайдалану ерекшелігі

Сұлбалар қоңыр көмірлер үшін тиімді. Сұлбаны таңдау үшін техника-экономикалық есептеулер жүргізу қажет.

 

 

Әр түрлі диірмендермен жабдықталған көмір тозаңын даярлаушы жекеше сұлбалар 2.1-2.4 суреттерде көрсетілген. Қазандықтың немесе ЖЭО-ның отын жолынан келген ұсатылған көмірдің  маркасына байланысты арнайы диірмен қондырғысы таңдалады. Диірмен қондырғысының негізгі элементі диірмен болып саналады. Диірменде ұнтаққа айналған  көмір тозаңы  өлшемі 0-ге жуық және  20-30-50-300-500-1500 мкм түйіршіктерден тұрады. Көмірді камералық ошақта жағу талаптарына сәйкес көмір тозаңының өзіне тән ұнтақтау майдалығы R90,% болады. Осы майдалықты қамтамасыз етуші орган болып тозаң даярлау жүйесінде ажыратқыш саналады. Тозаңды тікелей қазан оттықтарына үрлеуші жекеше жүйелерде тозаңды тасымалдау үшін   біріншілік ыстық ауаны қолданады.

Сонымен ауа қыздырғыштан келетін біріншілік ауа бір жағынан ылғалды  көмірді кептіруші агент қызметін атқарса, екінші жағынан тозаңды қазан агрегатына тасымалдау үшін де қажет. 2.1 және 2.4 суреттерде кептіруші агент ретінде қолданылатын ыстық ауаның температурасы аса ылғалды көмірлерді кептіру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, оны ошақтық газдармен араластырып қолданады. Көмір тозаңын даярлаушы әр қилы сұлбалар [3] әдебиетте толығырақ ұсынылған.

 

Описание: C:\Documents and Settings\Ербол\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение 009.jpg

         

     а ) – жарылуға қауіпсіз көмірлер: б) - жарылғыш көмірлер:

1- өңделмеген көмір шанағы; 2 – ашылуды реттегіш ысырма; 3 – авто таразы; 4- таразыда тартылған отын шанағы; 5- отын жеткізгіш; 6- өңделмеген көмірді ағызғыш; 7- төмен қарай қозғалған көмірді кептіргіш; 8- диірмен;

9 - салқын ауа қақпақшасы; 10- кептіруші агент шығынын өлшегіш; 11 - жыпылықтағыш; 12- тозаң ажыратқыш;13- жүйе аралық байланыс; 14 -  диірмен желдеткіші;15 - тозаңды үлестіргіш; 16- оттық; 17- екіншілік ауа қорабы; 18- қазан агрегаты; 19- үрлегіш; 20- ауа қыздырғыш; 21- ыстық ауа құбыры;  22- газ құбыры; 23- араластырушы камера; 24 – жарылғыш клапан.

2.1 сурет - Шарлы дағыралы диірмендермен жабдықталған тозаңды қысымсыз  тікелей үрлеуші жекеше көмір тозаңын даярлау сұлбасы.

 

 

 

  а) -  шахталық тозаң ажыратқышы бар және артық қысымдағы ыстық ауаны қолданушы сұлба:

  1- өңделмеген көмір шанағы; 2 – жыпылықтағыш; 3 – ашылуды реттегіш ысырма; 4 - отын жеткізгіш; 5 - өңделмеген көмірді ағызғыш;; 6 - нашар қызған ауа құбыры; 7- диірмен; 8 - тозаң ажыратқыш;

9 - төмен қарай қозғалған көмірді кептіргіш; 10 - үрлегіш ; 11 - салқын ауа қақпақшасы; 12- оттық; 13- екіншілік ауа қорабы;  14 - қазан агрегаты диірмен желдеткіші;15 - газ құбыры; 16- ауа құбыры; 17- ауа қыздырғыш;

18 - араластырушы камера;19- жарылғыш клапан.; 20 – тозаң концентраторы; 21- жедел өшіруші құрылғысы бар жапқыш; 22- атмосфералық ауа қақпақшасы;  23- амбразура; 24 – қосалқы оттық; 25 - бітеуіш; 26- диірмен иінін нығыздаушы ауа ауа құбыры; 27 - эжектор оттығы; 28- сулық форсунка; 30- тозаңды үлестіргіш.       

  2.2 сурет – Балғалы диірмендермен жабдықталған тозаңды  тікелей үрлеуші жекеше көмір тозаңын даярлау сұлбасы

 

  б - шахталық тозаң ажыратқышы бар және артық қысымдағы ыстық ауаны қолданатын оттыққа негізделген сұлба:

  1- өңделмеген көмір шанағы; 2 – жыпылықтағыш; 3 – ашылуды реттегіш ысырма; 4 - отын жеткізгіш; 5 - өңделмеген көмірді ағызғыш; 6 - нашар қызған ауа құбыры; 7- диірмен; 8 - тозаң ажыратқыш;

9 - төмен қарай қозғалған көмірді кептіргіш; 10 - үрлегіш ; 11 - салқын ауа қақпақшасы; 12- оттық; 13- екіншілік ауа қорабы;  14 - қазан агрегаты диірмен желдеткіші;15 - газ құбыры; 16- ауа құбыры;17- ауа қыздырғыш;

18 - араластырушы камера;19- жарылғыш клапан.; 20 – тозаң концентраторы; 21- жедел өшіруші құрылғысы бар жапқыш; 22- атмосфералық ауа қақпақшасы;  23- амбразура; 24 – қосалқы оттық; 25 - бітеуіш; 26- диірмен иінін нығыздаушы ауа ауа құбыры; 27 - эжектор оттығы; 28- сулық форсунка; 30- тозаңды үлестіргіш.

2.2 сурет. –  Балғалы диірмендермен жабдықталған тозаңды  тікелей үрлеуші жекеше көмір тозаңын даярлау сұлбасы

 

 

        

 

          а) артық қысыммен жұмыс жасайды:

          1- өңделмеген көмір шанағы; 2 – авто таразы; 3 – таразыда тартылған отын шанағы; 4 - отын жеткізгіш; 5 – ашылуды реттегіш ысырма; 6- оттықтардың тозаң құбыры; 7- диірмен; 8 - тозаң ажыратқыш;9 - диірмен желдеткіші; 10- тозаңды үлестіргіш; 11 - салқын ауа қақпақшасы;12 – оттық; 13- екіншілік ауа қорабы; 14 - қазан агрегаты; 15- өңделмеген көмірді ағызғыш;16- ыстық ауа құбыры; 17- ауа қыздырғыш; 18- үрлегіш;19- жыпылықтағыш; 20- нашар қызған ауа құбыры; 21- кептіруші агент шығынын өлшегіш.

  2.3 сурет  –  Орта жүрісті  диірмендермен жабдықталған тозаңды  тікелей үрлеуші жекеше көмір тозаңын даярлау сұлбасы

 

       

 

 

          б) қысымсыз  жұмыс жасайды:

          1- өңделмеген көмір шанағы; 2 – ашылуды реттегіш ысырма; 3 – отын жеткізгіш; 4 - төмен қарай қозғалған көмірді кептіргіш; 5- диірмен; 6 тозаң ажыратқыш;7 - оттық;  8- ошақтан газды шығарушы терезе; 9 - ашылуды реттегіш ысырма; 10 - қазан агрегаты; 11 - үрлегіш; 12- ауа қыздырғыш;  13 - ауа құбыры;  14 - екіншілік ауа қорабы; 15- жарылғыш клапан; 16- қызған ауа құбыры; 17- қосалқы оттық; 18- нашар қызған ауа қақпақшасы;19 - жыпылықтағыш;  20- тозаң концентраторы; 21- сулық форсунка; 22- тозаңды үлестіргіш; 23- араластырушы камера.

  2.3  сурет  – Орта жүрісті  диірмендермен жабдықталған тозаңды  тікелей үрлеуші жекеше көмір тозаңын даярлау сұлбасы

 

 

          а) газбен  кептіру:

          1- өңделмеген көмір шанағы; 2 – ашылуды реттегіш ысырма; 3 – отын жеткізгіш; 4 - төмен қарай қозғалған көмірді кептіргіш; 5- диірмен; 6 тозаң ажыратқыш;7 - оттық;  8- ошақтан газды шығарушы терезе; 9 - ашылуды реттегіш ысырма; 10 - қазан агрегаты; 11 - үрлегіш; 12- ауа қыздырғыш;  13 - ауа құбыры;  14 - екіншілік ауа қорабы; 15- жарылғыш клапан; 16- қызған ауа құбыры; 17- қосалқы оттық; 18- нашар қызған ауа қақпақшасы;19 - жыпылықтағыш;  20- тозаң концентраторы; 21- сулық форсунка; 22- тозаңды үлестіргіш; 23- араластырушы камера.

    2.4 сурет –  Желдеткіш   диірмендермен жабдықталған тозаңды  тікелей үрлеуші жекеше көмір тозаңын даярлау сұлбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          б) газбен  кептіру және газ концентраторымен жабдықталған:

          1- өңделмеген көмір шанағы; 2 – ашылуды реттегіш ысырма; 3 – отын жеткізгіш; 4 - төмен қарай қозғалған көмірді кептіргіш; 5- диірмен; 6 тозаң ажыратқыш;7 - оттық;  8- ошақтан газды шығарушы терезе; 9 - ашылуды реттегіш ысырма; 10 - қазан агрегаты; 11 - үрлегіш; 12- ауа қыздырғыш;  13 - ауа құбыры;  14 - екіншілік ауа қорабы; 15- жарылғыш клапан; 16- қызған ауа құбыры; 17- қосалқы оттық; 18- нашар қызған ауа қақпақшасы;19 - жыпылықтағыш;  20- тозаң концентраторы; 21- сулық форсунка; 22- тозаңды үлестіргіш; 23- араластырушы камера.

2.4 сурет  – Желдеткіш   диірмендермен жабдықталған тозаңды  тікелей үрлеуші жекеше көмір тозаңын даярлау сұлбасы

 

 

 

 

 

 

 

3.5  Қазан агрегатының  отын шығынын есептеу

 

         Берілген қатты отынның қазанда жағылатын мөлшерін анықтау үшін

қазанды жылулық есептеу әдістемесін қолданады [Ә 3, 22 бет],[ Ә 4, 28 бет].

Осы пәндік жұмыста отын шығынын қазанды үздіксіз үрлеуге жұмсалатын бу шығынын ескермей жуық түрде анықтауға болады:

 ,               (3.6)

мұнда  - қазанның біріншілік және екіншілік бу өндіруліктері,  кг/с;   

             - аса қызған будың және қоректік судың қажырлары,  кДж/кг;   

              - екінші рет асақызатын будың аралық бу қыздырғыштан

              шығарда және оған кірердегі қажырлары, кДж/кг;

               - отынның бар жылуы, пәндік жұмыста оны  

              деп қабылдаймыз;

               - қазан агрегатының брутто пәгі, оның мәні қазан агрегаттары

              каталогынан анықталады  [Ә 5].

 

3.6       Көмір тозаңын даярлау жүйесінің жылулық балансын   

         құрастыру

 

          Жылулық балансты құру әдістемесі баланстық теңдеудің жеке құраушыларын алдын-ала анықтап алуды қажет етеді және баланстың кіріс және шығыс бөліктерінің ұйқаспауы 2÷5% болған жағдайда жылулық баланс орындалады деп ұйғарады.

          Көмір тозаңын дайындаушы қондырғының жылулық балансы 1 кг

өңделмеген көмір үшін құрастырылады. Қондырғының құрылысы күрделі және созылмалы, сондықтан жылулық баланс орындалатын қондырғының шекті қималарын белгілеп алады. Кептіруші агенттің мөлшерін еспетеу үшін және жылулық балансты құрастыру үшін қондырғының бастапқы қимасы ретінде отын үшін өңделмеген көмір қозғалатын құбырды қарастырады, ал кептіруші агент бойынша оны диірменге жіберетін құбыр қимасын алады,

қондырғының соңында диірмен желдеткішіне апаратын қиманы, ал егер жүйе диірмен желдекішінсіз артық қысыммен жұмыс жасаған кезде, тозаң ажыратқыштан кейінгі қима қабылданады.

           Баланстық теңдеуге кіретін бастапқы шамалар индексі – 1, соңғы шамалалар индексі – 2 болады. Баланстық теңдеуге кіретін есептелген параметрлерді

таңдаған кезде, отынды кептіру дұрыс ұйымдастырылуын қадағалайды.

Жүйенің сенімді жұмысы келесі  факторларға тәуелді:

-                     желдеткіш және диірмен подшипниктерінің тозбауына, жүйенің жарылыс қауіпсіздігіне;

-                     жұмыс жасап болған кептіруші агенттің салыстырмалы ылғалдығына, себебі ылғалдық мәнінің белгілі мөлшерден асып кетуі тозаң тасымалдаушы құбырда су буының шықтануына әкеп соғады, ал аралық шанағы бар жүйеде ол тозаңды бір қалыпты  тасымалдауға  кедергі жасайды;

-                     отынның тепе-тең ылғалдығы мен кептіруші агенттің салыстырмалы ылғалдығы және температурасы  өзара үйлесуі қажет;

-                     кептіруші агенттің қозғалыс жылдамдығы диірмендік қондырғының кейбір бөліктерінде белгілі мәннен төмен болмауы қажет;

-                     жүйеде кептіруші агенттің мөлшері жеткілікті болуы тиіс.

   Жылулық баланс теңдеуіне кіретін физикалық шамалар:

   - 1 кг өңделмеген отынға  тиісті кептіруші агент мөлшері, тозаң   

       даярлау жүйесінің кірер қимасына беріледі, .

- кептіруші агенттің қондырғы алдындағы жылу сыйымдылығы,  

     .

- кептіруші агенттің бастапқы температурасы(егер кептіруші агент  

     бірнеше  газдардың қоспасынан құралса, қоспа араласқаннан

     кейінгі температураны қабылдайды) ,0С.

- отынды ұнтақтауға жұмсалған меншікті  энергия шығыны,   

       .

-  ұнтақтау процесінде жылуға түрленген энергия үлесін

       ескеретін еселеуіш.

-  өңделмеген отынға қарасты тозаң даярлау жүйесінің өндірулігі,

        т/сағ.

- салқын ауаның сорылуын кептіруші агенттің салмақтық   

         мөлшерінің үлесі ретінде  ескеретін еселеуіш.

- сорылған салқын ауаның жылу сыйымдылығы, .

- сорылған салқын ауаның температурасы, 0С.

- өңделмеген отын температурасы, 0С.

отынның бастапқы ылғалдығы,%.

көмір тозаңының ылғалдығы, %.

- қондырғыдан шығатын кептіруші агенттің жылу сыйымдылығы,

      .

- отынның құрғақ массасының жылу сыйымдылығы, .

қоршаған ортаға кетеін жылу мөлшері, .

         Жылулық баланс теңдеуінің кіріс бөлігіне келесі құраушылар кіреді:

                                          ,                                 (3.13)

мұнда   -  кептіруші агенттің физикалық жылуы;

              - диірменнің ұнтақтау органдары жұмыс  

              жасаған кезде бөлінетін жылу;

               - жүйеге  сорылған салқын ауаның физикалық

               жылуы.

         Жылулық баланс теңдеуінің шығыс бөлігіне келесі құраушылар

кіреді:

                                    ,                                     (3.14)

мұнда  -  отынның ылғалын буландыруға  

            шығындалған  жылу;

            - 1 кг отыннан буланып шыққан ылғал мөлшері;

             - қондырғыдан кептіруші агенттің алып

             шығатын жылуы(су буы күйіндегі ылғалды есепке алмайды);

             - отынды қыздыруға

             жұмсалған жылу;

             - қоршаған ортаға кететін  жылу.

          Жылулық баланстың толық теңдеуі келесі түрде жазылады:

                           .                     (3.15)

          Пәндік жұмыста осы әдістемені қолдана отырып және [3] әдебиеттің мәліметтерін ескеріп, берілген отынды ұнтақтаушы диірмен қондырғысының жылулық балансын тексереді.

 

3.7  Қатты отынды ұнтақтаушы диірменнің ылғалды отынды кептіру  өндірулігін есептеу

 

          Қатты отынды ұнтақтаушы диірменнің ылғалды отынды кептіру  өндірулігі Вс келесі түрді анықталады:

                               ,                           (3.16)

мұнда Vвл.см – кептіргіш агент құрамына тәуелді болатын [3]-ші әдебиеттің  (5.29), (5.31), (5.33) және (5.35) формулаларымен анықталатын ылғал ауа (Vвл.в) немесе ылғалды газдық ауа қоспасының мөлшері, м3/кг;

   V2 – қондырғының соңындағы ылғалды кептіргіш агенттің мөлшері, м3; ШДД және ШКМ-ді қондырғыларда V2-VМВ, және (4.9) [3] теңдеуімен анықталады; ал қалған диірмендерде:

                                             ,                          (3.17)

          Отынды кептіру  өндірулігі есептік өндірулігінен жоғары немесе тең болуы тиіс, яғни Вс Вр. Егер қарастырылып отырған V2 (мысалы, диірмендік желдеткіштің немесе желдеткіш диірменінің өндірулігі) (5.50) теңдеуінен алынған мәннен аз болса [3], онда оның үлкейуіне немесе кептіргіш агент температурасының t1 жоғарылауына жол табу керек. Бұл мүмкіндік жоқ болғандықтан қондырғының өндірулігі кептіргіштің шарттарымен шектеледі.

         

3.8   Көмір тозаңын даярлау жүйесінің қосалқы жабдықтарын іріктеу және таңдау

 

3.8.1  Өңделмеген отын шанақтарын таңдау

 

              Жекеше көмір тозаңын дайындау жүйелерінде әрбір диірмен қондырғысына жеке өңделмеген отын шанағы орнатылады. Қазандықтың өңделмеген отын шанағының пайдалы көлемі отын жолының тағайындалған жұмыс тәртібіне сәйкес іріктеледі, бірақ шанақтағы отын қоры антрациттер мен тас көмірлер үшін қазанның 8 сағаттық жұмысына, қоңыр көмір үшін 5 сағаттық  жұмысына жеткілікті болуы тиіс. 3.1 – суретте өңделмеген отын шанақтарының бірнеше  түрлері көрсетілген.

           Сусымалдығы нашар отындар үшін (табиғи құлау бұрышы 600 жоғары)

шанақтар қабырғалары тік болып  жасалады(көлбеулік бұрышы 650 жоғары).

Шанақтар пневмо отын лақтырғыштармен, отын сілкіндеткіштермен және отынды алға итеру және қопару үшін қажет қақпақшалармен жабдықталған.

Өңделмеген отын шанағының көлемі келесі кейіптемеден анықталады

                    м3,                              (3.18)

мұнда - қазанның шанақта жинақталған көмір қорымен жұмыс  жасау  

            уақыты(сағаттар саны);

           - шанақты толықтыру еселеуіші; жобалау кезінде шанақтың  

            жоғарғы бөлігінің өлшемі, отын тиелетін тесіктердің орналасуы және

            отынның табиғи құлау бұрышы  арқылы анықталады, жуықталған

            есептелерде  деп қабылданады;

            - көмір кесегінің меншікті үймелік салмағы және жеке қазанға

            тиісті шанақтар саны.

                   

           а – тік қабырғалы және қиғаш бұрышты; б - бір вертикал қабырғасымен;

           в - көлбеулік бұрышы 900 жоғары.

           3.1 сурет - Өңделмеген отын шанақтары

 

3.8.2  Көмір тозаңы шанақтарын іріктеу

 

             Қазандықтағы тозаң шанақтары қазанның екі сағаттық жұмысына жеткілікті отын қорын сыйғызуы және одан тыс  тозаң тасымалдағыштардың сенімді жұмысын қамтамасыз ететін тозаң қорын сыйғызуы қажет.

             

                3.2  сурет –Тозаң шанағы

 

            Шанақтардың қабырғалары вертикал немесе төмен қарай кеңейетін , ал тозаңды сыртқа шығарушы ауыздарының көлбеулігі 650 болуы тиіс.

           Шанақтың тозаң шығатын ауыздықтарының қимасы тозаң жеткізгіштің қабылдаушы ауыздығының қимасына тең болуы тиіс. Ауыздықтар шанақтың тура қабырғасында орналасуы қажет. Тозаң шанағы және оған жалғанғантозаң  жеткізгіштер, тозаң ағызғыштар бәрі нығыздалуы тиіс.

Көмір тозаңы  шанағының көлемі келесі кейіптемеден анықталады

                                   м3                                 (3.19)

 - қазанның шанақта жинақталған тозаң қорымен жұмыс уақыты(сағаттар саны);

                    т/сағ.,                            (3.20)

мұнда    - көмір тозаңының жану жылуы.

                                ,  ,               (3.21)                       

мұнда    - көмірдің жанғыш массасының  жану жылуы.

 

3.8.3   Таразыларды  іріктеу

 

          Ожау пішінді таразылар құрғақ, құрылғылардың бетіне жабыспайтын отындар үшін қолданылады. Таразының өндірулігі 3.3 бөлімде қарастырылған диірмен өндірулігін 1,2 –ге тең отын қоры еселеуішіне көбейту арқылы анықталады.

          Таразының астында үш немесе төрт ожаудан түскен отынды сыйғызатын шанақ орналасады және олар отын жеткізгішке отынның біркелкі берілуін қамтамасыз етеді. [3] әдебиеттің 6.2 кестесінде Украина республикасында жасалған ожау пішінді таразылар сипаттамалары келтірілген.

          Ылғалды, құрылғылардың бетіне жабысатын отындар үшін ленталық таразылар  қолданылады. Таразының өндірулігі диірмен өндірулігін 1,1 –ге тең отын қоры еселеуішіне көбейту арқылы анықталады.

 

3.8.4 Отын жеткізгітерді, отын ағызғыштарды, жыпылықтағыштарды іріктеу

           

          Өңделмеген отынды жеткізгіштердің өндірулігі де диірмен өндірулігіне 1,1-ге тең еселеуішке көбейту арқылы анықталады. Отынды бір орыннан екінші орынға жеткізу үшін жабық тозаңды бұрқыратпайтын дискалық, ленталық және қырушы жеткізгіштер қолданылады.

          Дискалық  жеткізгішті сусымал, құрылғының бетіне жабыспайтын отындар үшін қолданады. Аса ылғалды, жабысқақ отындар үшін ленталық қырушы және пластиналық жеткізгіштерді қолдану қолайлы.

Дискалық  жеткізгіш жұмысые реттеу үшін дисктің айналу жиілігін өзгертеді

(айнымалы  жылдамдығы бар электр қозғалтқыш қолданылса немесе вариатор орнатылса), ал дөрекі реттеу үшін телескоптық құбырды қолданады. Қырушы және пластиналық жеткізгіштерде реттеу үшін де электр қозғалтқыштың айналу жиілігін өзгертеді немесе отын қабатының биіктігін  реттейді. Дискалық жеткізгіштерді таңдау үшін  [3] әдебиеттің 6.4, 6.5  кестесінде берілген мәліметтерді қолданады. Пластиналық жеткізгіштерді 6.6 а, 6.6 б, 6.7, 6.8  кестелерінің мәліметтері бойынша таңдайды. Қырушы жеткізгіштер көмірлер үшінекі түрде орындалады: СПУ-1 – көмірді тиеуші бір ауыздығы бар; СПУ-2 - көмірді тиеуші екі ауыздығы бар. Жеткізгіштерді таңдағанда , олардың 1,1 еселеуішке көбейтілген есептелген жұмыс өндірулігі кестеде көрсетілген оның максимал мәніне жуық болуы тиіс.

          Ленталық жеткізгіштің жұмыс өндірулігі келесі кейіптемеден анықталады

                                    ,                                 (3.22)

мұнда  отын қабатының қимасы ауданы: ;

            отын ағызғыштың шығар  ауыздығының ені, ;

            - шибердің ашылу биіктігі,  ағызғыштың  максимал  жүктемесінде

                реттеу шибер арқылы жүргізілсе, одан  шығар отын кептеліп   

                 қалмауы үшін оның мәні - 300 мм тең,ал реттеу лентаның қозғалыс

                жылдамдығын өзгерту арқылы болса -200 мм деп қабылданады;

            лентаның орын ауыстыру жылдамдығы, м/с; 0,05-0,5 м/с   

                аралығында қабылданады [3].

           Шанақ пен отын жеткізгіш арасындағы отын ағызғыш қимасы шанақтың шығар ауыздығының қимасынан кем болмауы тиіс. Ағызғыш мүмкіндігінше тік не болмаса горизонтқа көлбеулігі 750-тан кем болмайтын етіп орындалады. Өңделмеген отынды жеткізгіштен диірменге  ағызғыштың диаметрі 6.10-шы  кестеден қабылданады. Отын кептеліп қалмауы үшін ағызғыш диаметрі 250 мм-ден кем болмауы керек. Ылғалды отын үшін ағызғыш мүмкіндігінше тік болып орындалады, егер оның беті жылынатын болса горизонтқа 600 көлбеу етіп жасауға болады. Ал құрғақ отын үшін көлбеулік 500 құрайды.

          Қысымсыздық жағдайында жұмыс жасайтын қондырғыларда өңделмеген отынды ағызғыштың атмосфералық ауаны соруын болдырмау үшін барлық отын жолы тығыздалады. ШДД, БД үшін ленталық отын жеткізгішті және кептіргіш-құбырды қолданған жағдайда ағызғыштың бойына конустық жыпылықтағыш (3.3  суретті қара) орнатылады.  Жыпылықтағышқа  отын  жабыспауы үшін диаметрі 60 мм-ден астам құбырмен конус астына ыстық ауа беріледі немесе жыпылықтағыш ыстық ауа қорабының үстіне орнатылады.

 

         1- жыпылықтағыш тұрқысы; 2- қабылдаушы науа; 3- жыпылықтағыш конусы; 4- тарту; 5- келдек; 6- жүк; 7- призмалар осі; 8- призманың ұясы;

9- ыстық ауа құбыры; 10- ылғалды отынды төмендетіп кептіруші құрылғы.         

3.3 сурет - Өңделмеген отын үшін жыпылықтағышты қолдану

 

           Қысыммен жұмыс жасайтын диірмендер үшін отын жолы аса тығыздалады. Ғимарат іші тозаңдалмау үшін жеткізгіштің үстіне үнемі тұрақты отын ағыны жетіп тұруы тиіс. Диірмендегі қысым 300-400 мм су бағанасына тең болған жағдайда шанақтағы және ағызғыштағы отын бағанының биіктігі 4-5 м құрауы, ал қысым төмендеген кезде 2-3 м құрауы қажет. Сондықтан қысыммен тозаң дайындаушы жүйеде отын ағызғыштың бойында жапырақ пішінді жыпылтағыш орнатылады. Жыпылтағыштың екінші міндеті - отын ағызуды доғаратын шибер ретінде қолданылуы.

 

3.8.5      Төмен бағытталған отынды кептіргіш және тозаң ажыратқыштарды таңдау

 

         Төмендетілген кептіруші құрылғы деп диірменнің алдында орналасқан ауа немесе газ құбырын айтады. Оның кептіруші агент пен өңделмеген отынды кіргізетін ауыздықтары болады, ал ШДД қондырғысында кептіруші агентті кері айналымға беретін және оны қайтаратын  ауыздықтары да болады.

         Барлық диірмендер үшін кептіруші құрылғының биіктігі 2 м-ден кем болмайды. Ол неғұрлым биік болса, соғұрлым отын тезірек кебеді. Кептіруші агент кіретін ауыздықтың  қимасы, оның жылдамдығы 12-20 м/с құрайтын болып жасалады. 3.4 – суретте шарлы дағыралы диірмен үшін төмендетіп кептіруші құрылғы көрсетілген.

 

         1- диірмен; 2- подшипник; 3- ауыздық; 4- кептіруші құрылғы;

 5- өңделмеген көмірді ағызғыш; 6 - қайтарып ағызу; 7- конустық жыпылтағыш; 8- ленталық отын жеткізгіш, 9- кептіруші агентті жіберетін ауыздық; 10- ыстық ауа құбыры; 11- кері қайтару ауыздығы.

3.4  сурет – Шарлы дағыралы диірмен үшін төмендетіп кептіруші құрылғы

 

 

 

         Тозаң ажыратқыштар диірмен түріне байланысты іріктеледі.

  Мысалы ШДД үшін ортадан тепкіш ТКЗ-ВТИ тозаң ажыратқыштары қолданылады. Олар АШ және тас көмірлер үшін көмір тозаңы жұқалығы =5÷30 % керек болғанда қолданылады. Ажыратқышты оның құрылымдық өлшемі  диаметрі - бойынша таңдайды. Сонымен қатар ауа бойынша кернеуші көлемін   ескереді. Көмір тозаңы жұқалығына байланысты ажыратқыштың келесі кернеуші көлемдері  ұсынылған:

3.1 Кесте

4-6

2000

6-15

2500

15-28

3500

28-40

4500

 

 

 

 

 

 

 

 

        Ажыратқыштың көлемі келесі кейіптемеден анықталады

 

                                          ,                            (3.23)

мұнда   -диірмендік желдеткіштің өндірулігі,м3/сағ.

Енді ажыратқыштың диаметрін анықтау үшін келесі кейіптемені қолданады

 

                      .                                     (3.24)

         Анықталған диаметр мәні оойынша және [3] әдебиеттің 6.8 – суретін қолдана отырып, ажыратқыштың типтік өлшемін анықтайды. Ажыратқыш ауыздығының диаметрін одан шығатын тозаң жылдамдығы 14-18 м/с болатындай етіп таңдайды.

          Басқа диірмендер үшін ажыратқыштар таңдау [3] әдебиеттің 6.15; 6.16; 6.17 параграфтарында көрсетілген нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Әдебиеттер тізімі

 

          1.  Белосельский Б.С. Технология топлива и энергетических масел. – М.: Издательство МЭИ., 2005. – 348 с.

          2. Лебедев А.Н. Подготовка и размол топлива на электростанциях. – М.: Энергия, 1969.

          3. Расчёт и проектирование пылеприготовительных установок котельных агрегатов (нормативные материалы). – М.-Л: Госэнергоиздат, 1981г., 286 с.

          4. Гаврилов Е.И. Топливно-транспортное хозяйство и золошлакоудаление на ТЭС. – М.: ЭАИ, 1987.

          5.  Левит Г.Т. Пылеприготовление на ТЭС. – М.: ЭАИ, 1991.

          6. Антонянц Г.Р., Черников В.П., Райфельд О.Ф. Топливно-транспортное хозяйство тепловых электрических станций. – М.: Энергия, 1977.

          7.  Михайлов Н.М., Шарков А.Т. Физические свойства топлива и борьба с затруднениями на топливоподаче электростанций. – М.: Энергия, 1972.

          8. Нормы технологического проектирования тепловых электрических станций (НТПЭС - 81). – М.: МЭиЭ СССР.

          9. Белосельский Б.С., Вдовченко В.С. Контроль твёрдого топлива на электростанциях. – М.: ЭАИ, 1987.

          10.  Бабкин Р.Л. Хранение угля и торфа на электростанциях. – М.: Энергоиздат, 1982.

           11.  Абильдинова С.К. ЖЭС және өнеркәсіптік кәсіпорындардағы отын технологиясы. Дәрістер конспектісі.Алматы, АЭЖБИ, 2006 ж.,- 47 б.

         12.  Абильдинова С.К. ЖЭС - пен өнеркәсіптік кәсіпорындардағы отын және майлағыш майлар технологиясы. Дәрістер конспектісі.Алматы, АЭЖБИ, 2006 ж.,- 47 б.

        

Мазмұны

 

         Кіріспе                                                                                                               3

         1 Жалпы әдістемелік нұсқау                                                                           3

         2  Пәндік  жұмысқа тапсырма                                                                         3

 3 Пәндік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар                                  5                    

         3.1 Берілген қатты отынның жылутехникалық сипаттамаларын

толықтыру                                                                                                                  5

 3.2 Берілген қатты отын үшін оны ұнтақтаушы арнайы диірмен

түрін таңдау                                                                                                               8

         3.3  Қатты отынды ұнтақтаушы диірменнің ұнтақтау өндірулігін

жуықтап есептеу                                                                                                      10

 3.4  Көмір ұнтақтаушы диірмен түріне сәйкес көмір тозаңын әзірлеуші жекеше тұйық жұйені анықтап, оның сызбасын іріктеу                                     11

3.5 Қазан агрегатының  отын шығынын есептеу                                        21

3.6 Көмір тозаңын даярлау жүйесінің жылулық балансын құрастыру     21

       3.7 Қатты отынды ұнтақтаушы диірменнің ылғалды отынды кептіру  өндірулігін есептеу                                                                                                 23

3.8  Көмір тозаңын даярлау жүйесінің қосалқы жабдықтарын іріктеу

және таңдау                                                                                                             24

       3.8.1 Өңделмеген отын шанақтарын таңдау                                                 24

       3.8.2 Көмір тозаңы шанақтарын іріктеу                                                        25

       3.8.3 Таразыларды  іріктеу                                                                              26

       3.8.4 Отын жеткізгітерді, отын ағызғыштарды, жыпылықтағыш-

тарды іріктеу                                                                                                           26

3.8.6         Төмен бағытталған отынды кептіргіш және

тозаң ажыратқыштарды таңдау                                                                             29

        4 Әдебиеттер тізімі                                                                                         30