Кітапхана

Алматы энергетика және байланыс университеті - Қазақстан Республикасындағы ең ірі кітапханалардың бірі.

Кітапхана 1997 ж. В.И. Ленин атындағы Қазақ Политехникалық институты және Алматы Энергетика институттарының кітап қорларының негізінде құрылды.

Алматы энергетика және байланыс университеті кітапханасы оқу процесін, студенттердің ғылыми-педагогикалық қызметін, оқытушылар мен ЖОО-ның ғылыми қызметкерлерін ақпараттық деректермен және әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Кітапхана «А» ғимаратының 1 және 2-қабатында, «Ғ.Даукеев атындағы» ғимаратының 1-қабатында және №1. жатақханада орналасқан. 1275 м2 ауданды алып жатыр. 267 орынды 6 оқырман залы, 3 абонементі бар. Кітапхана жыл сайын 125922-тен астам оқырмандар қабылдайды. Кітапхана құрамында 21 адам жұмыс істейді, оның 21-і жоғары білімді.

Кітапхана қоры 625899 б.б. құраса, оның ішінде қазақ тілінде – 220307. Кітапхана қорында әр алуан басылымдар: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде кітаптар мен журналдар, ақпарат деректері, авторефераттар, диссертациялар және т.б. бар. Тақырыбы жағынан оқулықтар, ғылыми, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, көркем әдебиеттер және өнер, спорт бойынша әдебиеттер жинақталған. Кітапхана биыл 22475 дана (1150 атаумен)жаңа түсірілім қабылдады. 2018 жылы 107 мерзімді басылымдарға жазылды.

2005 ж. қарашасынан бастап «RABIS-КАТАЛОГИЗАТОР», «RABIS-ІЗДЕУШІ», «RABIS-ОҚЫРМАНДАРДЫ ТІРКЕУ» и «RABIS-Оқырман Қатынасу» электрондық каталогы жүргізілген. Каталог әмбебапты, библиографиялық сипаттамасымен орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мазмұндалған. 38810 құжат электрондық каталогта көрсетілген. «Кітапхана жұмысын ұйымдастыру», деректер қорында 1310 атау дан, соның ішінде 130 атан қазақ тілінде.

Оқытушылардың, студенттердің, магистранттардың және PhD ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін «Ұлттық Ақпараттық-Техникалық Ғылыми Орталығы» арқылы ашылған:Web of Science «Clarivate Analytics» (ранее Thomson Reuters); SpringerLink (Springer GmbH); Science Direct, Scopus (Elsevier B.V.) және басқалар ресурстар: «Polpred.com», ЭКЖ «IPRbooks», ЭКЖ «Лань» баспасы, РМК ЭҚ диссертациялары, «Юрайт», «РМЭБ» электрондық ресурстарға кіруге болады. Кітапханада 10-нан астам ақпараттық-библиографиялық мәліметтер қоры («Қазақстан Энергетикасы», «Қазақстан Байланысы», «Қазақстан Отын-Энергетикасы» және т.б.), сонымен-қатар кітапхана аралық абономентті (МБА) университеттің барлық оқырмандары пайдаланады, сондықтан-да кітапхана көптеген келесі ұйымдармен келісім шартқа отырған: ҚР РЭТК, ҚР ҰҒА, ҚР Ұлттық кітапхана, ҚазҰТУ, ҚазҰУ, ҚБТУ, ҚазӘҚжӘТУ, ӘБК, ҚазҰПУ, РМҰ «ҚР ҒАК»,ҰАТҒО, ЖОО кітапхана қауымдастығы және т.б. Кітапханада электрондық ресурстар қоры - 8547.

Кітапханада 43 ДК компьютер бар, оның 27 ДК оқырмандар үшін медиатекада А-125, жатақханаларда №1, АЭжБУ-дың электронды кітапханасына және университеттік мәліметтер базасындағы Интернетке қосылған, 5 ДК электрондық каталог (ЭК) үшін және 16 ДК кітапхана қызметкерлері үшін.

Кітапхана – білімнің, мәдениеттің және руханияттың орталығы. Сонымен қатар өзіне қосымша міндеттемелер алды: «Парасат» зияткерлік клубымен бірлесіп танымалы адамдармен ашық, есте қалатын кездесулер, «Ұлағат» және «Ғибрат» көркем-әдебиеттер студенттік клубымен мәдениеттік-тәрбиелік кештер ұйымдастырады. Ай сайын кітапхананың оқырман залында және 2-ші қабаттың дәлізінде суретті кітап көрмелері ұйымдастырылады. Барлық университеттік конференциялар мен семинарларға тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады.

Бұл ақпарат сіздерге «А» және «Ғ.Даукеев атындағы» ғимараттарының кітапханаларынан дұрыс хабардар болуға және көп қойылатын сұрақтарға жауап алуға көмектеседі.

Оқырмандар үшін 7 қызмет көрсету бөлімдері, оның ішінде 267 орынды 6 оқу залы жұмыс істейді.

«А» ғимаратының 1-қабатында орналасқан:

1. №4 оқу залы (А-121) – мерзімдік басылымдар және ақпаратты-анықтама бөлімше. (10 орынды) Залда оқырмандар үшін 1 ДК, сондай-ақ анықтамалық әдебиет, энциклопедиялар, библиографиялық құралдар мен журналдар бар. Ақпаратты – анықтама бөлімшесінің қызметкерлері тақырыптар бойынша анықтамаларды орындайды. Кітапханаға жаңа түскен әдебиеттерді тұрақты түрде тақырыптық, жеке, мерейтой күндеріне орай т.б. кітап көрмелерін ұйымдастырады, «Ақпарат күндерін » (кітапханаға жаңа түскен әдебиеттердің көрмесін) өткізеді, оқырмандар соңғы 10 жылдағы басылымдар ұсынылған электронды картотекамен және электронды каталогпен жұмыс істей алады, Интернет пен Интранетке кіру мүмкіндігі бар. Оқырмандардың тапсырыстары бойынша №1(А-127) оқу залында орналасқан кітап сақтау қорына бұрынғы жылдардың мерзімдік басылымдары таныстырылады.
Жұмыс уақыты: Дс - Жм: 8.20-20-00. 8.20-20.00. Сенбі 9.00-14.00. Демалыс күні – жексенбі. Санитарлық күн - айдың соңғы бейсенбісі.

2. МЕДИАТЕКА (А-125) электрондық ресурстар оқу залы. (32 орынды) залда 15 ДК электронды ресурстарды өзбетінше пайдалану үшін мәліметтер базасында Интернет пен Интранетке қосылған, кітапхана қорын көмекші толықтырып тұратын жүйе. Көшіруге және сканерлеуге жағдай жасалынған (2 сканер және 2 принтер бар)..
Жұмыс уақыты: 8.20 – 20.00. Сенбі 9.00 - 14.00. Демалыс күні – жексенбі.

3. №1 оқу залы (А-127) - техникалық әдебиет залы (126 орынды). 1-4 курс студенттеріне, ОПҚ, магистранттар мен докторанттарға қызмет көрсетеді, қосалқы қоры бар. Залдың кітап қорында анықтамалық әдебиеттер, сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, жаратылыстану ғылымын сұранысын түсіндіретін, энергетика, автоматтандыру, ақпаратты аэрокосмостық технологиялар және телекоммуникацияларға қатысты әдебиеттер бар. Зал қорды еркін пайдалану режімінде жұмыс істейді. Оқырмандарға электронды каталог үшін 1 ДК бар.
Жұмыс уақыты: 8.20 – 20.00. Сенбі 9.00 - 14.00. Демалыс күні – жексенбі.

4. Ербол Сыпатаев атындағы №2 оқу залы (А-127) - әлеуметтік - гумантиралық зал (37 орынды). 1 ДК оқырмандар үшін Интернет пен Интранетке, сонымен бірге электронды каталогқа кіруге. 1-4 курс студенттеріне, магистранттар мен оқытушыларға қызмет көрсетеді. Залдың кітап қорында анықтамалықтар, сөздіктер, оқу құралдары, мәдениеттану, әлеуметтану, пәлсапа, психология, құқық пен тарих мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, сондай-ақ журналдар мен газеттер бар.
Жұмыс уақыты: 8.20 – 20.00. Сенбі 9.00 - 14.00. Демалыс күні – жексенбі.

5. Электронды оқу залында №3 (А-403), (4-қабат) - Интернетке және Интранетке шығуға болатын, университеттің жергілікті желісіне қосылған 13 ДК орналастырылған (18 орынды).
Жұмыс уақыты: 8.20 – 20.00. Сенбі 9.00 - 14.00. Демалыс күні – жексенбі.

6. Оқу және ғылыми әдебиет абонементі (А-236). Абонементте ОПҚ-на, магистранттарға, қызметкерлерге жоғары курс және сырттай оқитын студенттеріне қызмет көрсетіледі. Оқулықтарды 1 оқу семестріне беру жүзеге асырылады. Күзгі семестр аяқталған соң (келесі жылдың ақпанына дейін) студенттер әдебиетті пайдалану мерзімін ұзартуға, көктемгі семестр аяқталған соң (31 шілдеге дейін) қолдарындағы барлық әдебиетті өткізуге міндетті.
Жұмыс уақыты: 8.20 – 20.00. Сенбі 9.00 - 14.00. Демалыс күні – жексенбі.

«Ғ.Даукеев атындағы» ғимаратының 1-қабатында орналасқан:

1. Оқу әдебиеті абонементі (Д-103) 1 курс студенттеріне және колледж қызмет көрсетеді. Оқулықтарды 1 оқу семестріне беру жүзеге асырылады. Күзгі семестр аяқталған соң (келесі жылдың ақпанына дейін) студенттер әдебиетті пайдалану мерзімін ұзартуға, көктемгі семестр аяқталған соң (31 шілдеге дейін) қолдарындағы барлық әдебиетті өткізуге міндетті.
Жұмыс уақыты: 8.20 – 20.00. Сенбі 9.00 - 14.00. Демалыс күні – жексенбі.

2. Салалық әдебиет абонементі (Д-101). барлық курс студенттеріне, ОПҚ-на, магистранттарға және университеттің қызметкерлерне қызмет көрсетеді.
Жұмыс уақыты: 8.20 – 20.00. Сенбі 9.00 - 14.00. Демалыс күні – жексенбі.

3. Әдебиетті ғылыми өңдеу және жинақтау бөлімі (Д 105) – жоғары оқу орнының ғылыми-зерттеу, ғылыми – педагогикалық қызметі және оқу үдерісі үшін кітапхана қорының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бөлім кітапхана қорын толықтырудың ректор бекіткен жыл сайынғы бағдарлама бойынша оқулық әдебиеттермен жұмыс істейді. Жаңа басылымдарға тапсырыстар университет кафедралары мен зертханаларының тапсырысы бойынша жасалады. КАА (кітапханааралық абонемент) бойынша әдебиеттерге тапсырыстар беріледі. Бөлім кітапхананың жаңа түсірілімдердің жүйелендірілуін, тізімдеме жасалуын және техникалық өңдеуін қамтамасыз етеді. Оқулық, қызметтік және электрондық негізінде тізімдемелерді жүргізеді. Бөлімнің қызметкерлері АЭжБУ қызметкерлерінің есебі мен жарияланымдарына ОӘЖ (ондық әмбебап жүйесі) индекстерін береді, кітапппен қамтамасыз етудің ашық анықтамасын береді.
Жұмыс уақыты: 9.00-18.00. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі.

№1 жатақханада (Политехническая көш., №1) орналасқан:

1. №5 оқу залы (1-2 қабат) 1-курс студенттеріне қызмет көрсетеді (62 орынды). Зал қорды еркін пайдалану режімінде жұмыс істейді, онда 1-курс пәндері бойныша (математика, физика, сызу геометриясы, химия, шетел тілдері, ҚР тарихы және т.б.) әдебиеттер, сондай-ақ газеттер мен журналдар ұсынылған.

1. Кету қағазына (обходной лист) қайда қол қойғызады?
ОПҚ, қызметкерлер және университетте оқуын аяқтаған студенттер кету қағазына оқу-ғылыми (А-236) төменгі курс студенттеріне (Д-103) және (Д-105) (Д-104) көркем салалық әдебиет абонементтерінде қол қойғызуы міндетті.

2. ОӘЖ (ондық әмбебап жүйесі) қайдан қойғызады?
ОӘЖ (ондық әмбебап жүйесі) индекстерін Әдебиетті ғылыми өңдеу және жинақтау бөлімі (Д-105) және анықтамалық-библиографиялық бөлім (А-121) береді.

Мекенжай: Алматы, А.Байтұрсынұлы көш. 126, А–121 ғимараты

Телефон: 8 (727) 292-04-57

Электрондық пошта: aipet@aipet.kz Кітапхана үшін деген «Тақырыптық» жолға сілтемемен Кітапхана.