Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау кафедрасы

 

 

 

 

ЭЛЕКТРлік аппараттар 

5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін есептік-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 
 
Алматы 2010

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: В:Б.Фадеев, О.П. Живаева, Г.С. Жунусова. Электрлік аппараттар.  5В071800 – Электрэнергетикасы мамандығының барлық оқу түрінің студенттері үшін есептік-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар-Алматы: АЭжБУ, 2010.-19 б.

  

Осы құрастырудың ішіне курстың бағдарламасы, студенттерге арналған тапсырмалар мен оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, техникалық мәндері және кеңес етілетін әдебиеттер тізімі енген.

Без.3, кесте 6, әдеб. көрсеткіш.-13 атау.

  

Пікір берген: техн. ғыл. канд., доцент. С.А.Бугубаев

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2010 ж.баспа жоспары бойынша  басылады.

 

 © «Алматы энергетика және байланыс университеті», КЕАҚ 2010ж.

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

4

1 Курстың бағдарламасы

5

1.1 Курстың мазмұны

5

1.2 Теориялық сұрақтарды игеруге арналған әдістемелік нұсқаулар

8

2 Есептік-графикалық жұмысқа тапсырмалар

8

Әдебиеттер тізімі

18

 

Кіріспе

 

Оқу жоспарына сай 5В071800 – Электрэнергетика мамандығының студенттері «Электрлік аппараттар» пәнін оқиды. Бұл курста, студенттердің пән бойынша оқытылған тарауларды өз бетімен бекітуіне арналған бір есептік-графикалық жұмыс қарастырылған. Осы курс бойынша студенттер емтиханға жіберілуі үшін зертханалық жұмыстар мен есептік-графикалық жұмыстарды сәтті жасап және қорғауы тиіс.

 

Пәннің мақсаты мен мәні

 

Курстың мақсаты – кернеуі 1000 В дейінгі және одан жоғары электрлік аппараттармен байланысты, негізгі тапсырмаларды орындай алатын, жоғары кәсіптендірілген маман дайындау.

Пәннің мәні – энергияны тарататын коммутациялық аппараттардан және электр энергиясының тұтынушыларын басқаратын аппараттардан тұратын электрлік аппараттардың қолданылу саласы және құрылысын, жұмыс жасау принципін, тағайындамасын оқыту. Осы курстың ішіне аппараттар жасауға негізделген негізгі теориялық мәліметтер, жалпыға тағайындалған тарату аппараттарын оқыту мен тарату құрылғылары туралы қысқаша мәліметтер кірген.

 

Білімге қойылатын шарттар

 

Студент алған білімін инженерлік, техникалық, және ғылыми-зерттеу мәселелерін шешу кезінде қолдана білу керек.

Жекелеп алғанда, студент осы курсты игерген соң:

- электрмен жабдықтаудың кез келген нақты сұлбасы бойынша жұмыстың беріктігі, қызмет көрсетудің қауіпсіздігі және монтаждаудың шарттары бөлігінде электрлік аппараттарға қойылатын талаптарды жіктеді;

- нақты сұлбаларды дұрыс таңдауға қажетті техникалық есептеулерді орындау, сонымен бірге жобалық және технологиялық шешімдердің экономикалық эффективтілігін есептеді;

- электрмен жабдықтау сұлбаларының әртүрлі аппараттарын таңдау кезінде, шығарылған арнайы техникалық және анықтамалық әдебиеттерді қолдана білуі жасай алуы қажет.

 

Осы пәнді игеру үшін студенттерге қажетті пәндер мен оның тараулары: физика, электртехникалық материалдар, ЭТН, электр машиналары.


1 Курстың бағдарламасы

 

1.1 Курстың мазмұны

 

1.1.1 Пәнге кіріспе. Электрлік аппараттардағы электрдинамикалық күштер.

        

Электр энергетикадағы электрлік аппараттардың орны мен тағайындалуы. Электрлік аппаратардың классификациясы. Электрлік аппараттарға қойылатын негізгі шарттар. Аппарат жасаудың даму жолдары мен алғы шарттары.

Электрлік аппараттардағы электр динамикалық күшейтулер (ЭДУ). ЭДК есептеулердің әдістері. Аппараттардың электр динамикалық төзімділігі.

        

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. ЭДК әрекетінің бағыты қалай анықталады?

2. Био-Савар заңының негізінде ЭДК қалай анықталады?

3. ЭДК есептеудің энергетикалық әдістерін қандай жағдайларда қолдану ыңғайлы?

4. Өткізгіштердің қимасының өзгерген жерлеріне ЭДК қалай әсер етеді?

5. Ферромагниттік бөліктер бар болған жағдайда ЭДК қалай әсер етеді?

 

1.1.2 Электрлік аппараттардың қызуы

        

Жылулық есептеулердің негізі. Аппараттардағы энергияның белсенді шығындары. Ток өткізбейтін ферромагниттік бөліктердегі шығындар. Қыздырылған денелердің іші мен сыртындағы жылуды берудің әдістері: жылу өткізгіштік, конвекция және жылу сәулеленуі. Қызудың тұрақталған процессі. Өтпелі режімдердегі аппараттардың қызуы. Аппараттардың термикалық тұрақтылығы. Өткізгіштер мен аппараттардың қызуының рұқсат етілген шектік темпераутрасы.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Өткізгіштердегі жоғалатын активті қуат қалай анықталады?

2. Тұрақты және ауыспалы токтардағы өткізгіштердің қызуы мен қуат шығынының арасындағы айырмашылық неде?

3. Магнитті материалдардан жасалған детальдардың қызуына қандай құбылыстар әсер етеді?

4. Қыздырылған дене арқылы жылу беру процессі қандай құбылыстармен жүреді?

5. Тұрақталған режімдегі аппараттың жылу беруі қалай анықталады ?

6. Аппараттың қысқа мерзімдік және қайталану-қысқа мерзімдік жұмыс режімінде жылу алмастырудың қандай ерекшеліктері пайда болады?

7. Аппараттар қысқа тұйықталу тогының әсерінен термикалық тұрақтылыққа қалай тексеріледі?

8. Аппаратар деталдарының рұқсат етілген температурасы қандай факторлармен анықталады?

 

1.1.3 Электрлік түйіспелер

 

Түйіспелердің өтпелі кедергілері. Түйіспелердің қызуы. Түйіспелердің жұмыс режімдері. Түйіспелердің эррозиясы мен коррозиясы. Түйіспелердің тозуы. Түйіспелердің дірілі және онымен күресудің жолдары. Түйіспелердің материалдары. Түйіспелердің құрылысы.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Шектесудің мүмкін болатын және физикалық ауданының айырмашылығы неде?

2. Түйіспелердің шектесу аудандарының көлемі неге байланысты болады?

3. Түйіспелердің өтпелі процесстерінің шамасы қалай анықталады?

4. Түйіспелердің өтпелі процесстеріне қандай жағдайлар маңызды әсер етеді?

5. Түйіспелердегі дірілдің пайда болуының себебі және оны азайту үшін қандай шаралар жасалады?

6. Қандай себептер түйіспелердің тозғандығын білдіреді және түйіспелердің қызмет ету мерзімін жоғарылату және эрозияны азайту үшін қандай шаралар қолданылады?

7. Түйіспелер жұмысының беріктігі қалыпты және қысқа тұйықталу режімінде немен қамтамасыз етіледі?

8. Түйіспелі байланыс материалдарының қызмет ету уақыты мен аппараттардың жұмысының беріктігі арасында қандай байланыс бар?

 

1.1.4 Электрлік доға

        

Газдағы электрлік зарядтың пішіні. Доғалық аралықтың иондалу кезіндегі процесстер. Доғалық аралықтың иондалмауы кезіндегі процесстер. Доғаның вольтамперлік сипаттамалары. Тұрақты ток доғасының өшірілу шарттары. Айнымалы ток доғасының жануы мен өшуінің ерекшеліктері. Доғаны өшірудің әдістері. Доғаның механикалық созылуы. Магнит өрісіндегі доғаның өшірілуі. Доғаны өшіру. Доға өшіргіш магнит өрісін қоздырудың әдістері.

Бойлық саңылаулардағы доғаны өшіру. Жоғары қысыммен доғаны өшіру. Доға өшіргіш тордың доғасын өшіру.

        

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Бөлініп бара жатқан түйіспелердің арасындағы доғаның пайда болуы қандай негізгі құбылыстармен байқалады?

2. Қандай жағдайлар екпінді иондалудың пайда болуына әсерін тигізеді?

3. Доғаның пайда болуының негізгі себебі неде деп саналады?

4. Қандай жағдайлар зарядталған бөлшектердің кері комбинациялануына әсерін тигізеді?

5. Жанып тұрған доға аумағындағы бөлшектердің диффузиясын қалай күшейтуге болады?

6. Доға өшіру кезіндегі газ молекулаларының (сутегі) диссосациясының рөлі қандай?

7. Доғаның вольтамперлік сипаттамаларының өсуіне қандай жағдайлар әсер етеді?

8. Тұрақты ток доғасының тұрақсыз жануы қандай жағдайларда болады?

9. Айнымалы токтағы доғаны өшірудің ерекшелігі неден байқалады?

10. Тұрақты және айнымалы ток аппараттарында магнитттік үрлеуді жасау әдісі қолданылған?

11. Доғаны жоғары қысыммен өшіруде қандай жағдайлар анықтаушы болып табылады?

12. Доливо-Добровольский ұсынған доға өшіру әдісінің басқаларға ұқсамайтындығы неде?

 

1.1.5 Жалпы өндірістік қолданыстағы электрлік аппараттар

        

Әуелік автоматтық ажыратқыштар. Балқыма сақтандырғыштар. Түйіспелер. Магниттік қосқыштар. Жоғары вольтті ажыратқыштар. Жоғары вольтті сақтандырғыштар. Жүктеме ажыратқыштары.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Тұрақты және айнымалы токтың төмен вольтті аппараттарында доғаны өшіру үшін қандай шаралар қолданылады?

2. 1000 В дейінгі құрылғыларда қолданылатын түйіспелер түрі мен материалдардың таңдалынуына қандай жағдайлар әсер етеді?

3. Төмен вольтті аппараттарды таңдау қалай жүргізіледі?

4. Жоғары вольтті аппараттарда доғаны өшіру үшін қандай іс-шаралар қолданылады?

5. Қазіргі замандағы жоғары вольтті вакуумдық ажыратқыштарда қандай артықшылықтар мен кемшіліктер бар?

6. Қазіргі замандағы жоғары вольтті элегаздық ажыратқыштарда қандай артықшылықтар мен кемшіліктер бар?

7. Май және электрмагниттік ажыратқыштарда қандай артықшылықтар мен кемшіліктер бар?

8. Жүктеме ажыратқыштарда қандай артықшылықтар мен кемшіліктер бар, олардың қолданылу аумағы?

 

1.2 Теориялық сұрақтарды зерттеудегі әдістемелік нұсқаулар

 

1.2.1–1.1.1 тарауды оқығанда электрлік аппараттардың тағайындалуына, қолданылу аумағына, электрлік аппараттарға қойылатын шарттарға, электрдинамикалық күшейтулерді есептеудің әдістеріне назар аудару керек.

1.2.2-1.1.2 тарауды оқығанда электрлік аппараттардың қызуына, аппараттар қызған кезде жүретін процесстерге назар аудару керек.

1.2.3-1.1.3 тарауды оқығанда электрлік түйіспелердің, электрмагниттердің  жұмыс жағдайына электрлік аппараттардың оқшауламасына назар аудару керек.

1.2.4-1.1.4 тарауды оқығанда электр доғасының жануы мен өшу теориясына, доғаны өшіру әдістеріне назар аудару керек.

1.2.5-1.1.5 тарауды оқығанда 1000 В дейінгі және жоғары электр аппараттарының құрылысы мен жұмыс жасау принципіне назар аудару керек.

 

 

2 Есептік-графикалық жұмысқа тапсырмалар

 

Бақылау жұмысы үш тапсырмадан тұрады.

Бақылау жұмысында студенттер өндірістік кәсіпорындардың тарату тораптарындағы кернеуі 1000 В дейінгі сақтандырғыштар және әуелік автоматты ажыратқыштарды және де жоғары вольтті май ажыратқыштары мен олардың жетегін таңдау үшін есептер шығарады.

Бақылау жұмысын бастамастан бұрын кеңес етілген әдебиеттердің  сәйкес тарауларымен және әдістемелік нұсқаулармен танысқан дұрыс.

Есептеулер кезінде қысқаша түсініктемелер берілуі керек. Барлық қабылданған шешімдер нақты болуы қажет.

 

 

2.1 Тапсырма

 

Күштік пункттің (СП) электр қозғалтқышын қорғау үшін сақтандырғыш таңдау қажет (2.1 суретті қара).

Электр қозғалтқышын қоректендіретін сымдардың қимасын табу керек.

Күштік пункті қоректендіретін желі үшін сақтандырғыш, қоршаған ортаның температурасы (ауа) +25 °С болған кездегі алюминиий талсымды және қағаз оқшауламасы бар күштік қорғалған үш талсымды кәбіл таңдау керек.

Ерекше шарттар:

-    бөлмеде жарылыс қаупі және өрт қаупі жоқ;

- сақтандырғыштар қозғалтқыштар мен желіні тек қысқа тұйықталу тогынан қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2.1 сурет

 

2.1.1 Әдістемелік нұсқаулар

 

Сақтандырғыштар электр құрылғыларын қ.т. тогынан қорғау үшін қолданылады. Ең көп таралаған кернеуі 1000 В дейінгі электр құрылғыларын қорғау үшін қолданылатын сақтандырғыштар: ПР2, НПН, ПН2.

Сақтандырғыштарды таңдау келесі шарттар арқылы жасалады:

а) Iном.пред.    ³ Iрасч;

б) Iном.пл.вст..³ Iпл.вст.расч

мұнда Iпл.вст.расч балқығыш қойылымның есептік тогы ол келесі формула арқылы табылады:

мұнда a - қосылу коэффициенті электр қозғалтқыштың қосылу режіміне тәуелді;

a =1,6 – ауыр қосылу

a =2 – орташа қосылу;

a =2,5 – жеңіл қосылу.

Егер сақтандырғыш бірнеше қозғалтқышты қоректендіретін желінің бойында болса, онда балқығыш қойылымды таңдау келесі формула арқылы жүргізіледі:

мұнда Iпуск.наиб. ең жоғарғы қосылу тогы;

         Iрасч.дв.наиб. қосылу тогы ең жоғары қозғалтқыштың номиналды тогы.

Сымдарды таңдау келесі шарттар арқылы жасалады:

а) Iдоп.пров.    ³ Iрасч;

б) Iдоп.пров.³ к3×I3

мұнда к3=0,33  –  сақтандырғыштың қорғаныс коэффициенті

I3= Iном.пл.вст.

 

2.2 Тапсырма

 

Бас тарату қалқаннан, роторлары қысқа тұйықталған бес асинхронды электр қозғалтқыш қосылған, автоматты ажыратқыштары (2.2 сурет) бар күштік пункт қоректенеді.

Электр қозғалтқыштар қалыпты ортадағы бөлмеде орналасқан.

Электр қозғалтқыштардың техникалық берілгендері № 1-5 кестеде келтірілген.

Автоматты ажыратқыштардың ағытқышының номиналды тогын табу керек және сымдардың және ағытқыш тогына және қыздыру шартына сай қоректендіретін кәбілдің қимасын табу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 сурет

 

2.2.1 Әдістемелік нұсқаулар

 

Автоматты ажыратқыштар электр құрылғыларын қ.т. тогынан қорғау үшін қолданылады. Ең көп таралаған кернеуі 1000 В дейінгі электр құрылғыларын қорғау үшін қолданылатын автоматты ажыратқыштар: А3700, ВА.

Автоматты ажыратқыштарды таңдау келесі шарттар арқылы жасалады:

а) Iном.ав.³ Iрасч.;

б) Iном.расц. ³ Iрасч.;

в) Iсраб.эл.расц. ³1,25´ Iпуск.

Сымдарды таңдау келесі шарттар арқылы жасалады:

а) Iдоп.пров.    ³ Iрасч;

б) Iдоп.пров.³ к3×I3

мұнда к3=0,22; 0,66  –  сақтандырғыштың қорғаныс коэффициенті ол ағытқыштың реттеу сипаттамасына тәуелді

I3= Iном.расц.

 

1К е с т е – № 1 электр қозғалтқышының техникалық мәндері

Техникалық мәндері

Нұсқалар

Б, Щ

В, Г

Д, Е

3, Ц

И, К

Л, О

М, Р

Н, Х

П, Ш

С

Т, Э

У, Ю

Ф, Я

Ц, А

Ч, Ж

Рном, кВт

40

30

25

40

20

33

27

30

25

20

33

40

25

30

27

сos φ

0,5

0,6

0,7

0,55

0,65

0,6

0,7

0,55

0,65

0,75

0,6

0,7

0,5

0,55

0,65

 

Сынақ кітапшасының соңғы екі санының соммасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

П.Ә.К.

0,9

0,95

0,95

0,92

0,97

0,92

0,9

0,95

0,96

0,95

0,97

0,97

0,93

0,95

0,98

0,9

0,91

0,93

Қосылу тогының еселілігі

6

6

6

5,5

5

6,5

6,5

5,5

6,5

6,5

7

6,5

5,5

6,5

6

7

4,5

5

ЭҚ қосылу режімі

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

орташа

жеңіл


 

2 К е с т е - № 2 электр қозғалтқышының техникалық мәндері

Техникалық мәндері

       Нұсқалар

Б, Щ

В, Г

Д, Е

3, Ц

И, К

Л, О

М, Р

Н, Х

П, Ш

С, Д,

Т, Э

У, Ю

Ф, Я

Ц, А

Ч, Ж

Рном, кВт

20

25

30

33

40

20

25

30

33

40

20

25

30

33

40

сos φ

0,6

0,55

0,65

0,55

0,6

0,7

0,6

0,7

0,65

0,65

0,55

0,6

0,5

0,7

0,7

 

Сынақ кітапшасының соңғы екі санының соммасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

П.Ә.К.

0,98

0,97

0,96

0,95

0,94

0,93

0;94

0,95

0,96

0,97

0,98

0,96

0,94

0,93

0,96

0,96

0,92

0,94

Қосылу тогының еселілігі

5

5,5

6

6,5

7

7

6,5

5,5

5

6,5

6

6

6,5

6

6

5

7

6,5

ЭҚ қосылу режімі

жеңіл

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

орташа


 

3 К е с т е - № 3 электр қозғалтқышының техникалық мәндері

Техникалық мәндері

Нұсқалар

Б, Щ

В, Г

Д, Е

3, Ц

И, К

Л, О

М, Р

Н, Х

П, Ш

С, Д,

Т, Э

У, Ю

Ф, Я

Ц, А

Ч, Ж

Рном, кВт

4

5

6

4,5

5,5

6,5

4

5

6

4,5

5,5

6,5

4

5

6

сos φ

0,7

0,6

0,5

0,7

0,6

0,5

0,6

0,5

0,7

0,5

0,7

0,6

0,5

0,7

0,6

 

Сынақ кітапшасының соңғы екі санының соммасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

П.Ә.К.

0,9

0,91

0,92

0,93

0,94

0,95

0,96

0,97

0,98

0,97

0,96

0,95

0,94

0,93

0,92

0,95

0,92

0,93

Қосылу тогының еселілігі

5

6

7

5,5

6,5

5

6

7

5,5

6,5

5

6

7

5,5

6,5

5

6,5

7

ЭҚ қосылу режімі

орташа

жеңіл

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

жеңіл

орташа

ауыр

орташа

жеңіл

ауыр

ауыр

орташа

жеңіл


 4 К е с т е  - № 4 электр қозғалтқышының техникалық мәндері

Техникалық мәндері

Нұсқалар

Б, Щ

В, Г

Д, Е

3, Ц

И, К

Л, О

М, Р

Н, Х

П, Ш

С, Д,

Т, Э

У, Ю

Ф, Я

Ц, А

Ч, Ж

Рном, кВт

7

9

8

10

7

10

9

8

9

10

8

7

7

8

9

сos φ

0,6

0,7

0,55

0,65

0,6

0,7

0,55

0,65

0,75

0,6

0,7

0,5

0,55

0,65

0,5

 

Сынақ кітапшасының соңғы екі санының соммасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

П.Ә.К.

0,92

0,94

0,98

0,96

0,97

0,97

0,94

0,98

0,91

0,96

0,98

0,92

0,97

0,92

0,93

0,91

0,95

0,94

Қосылу тогының еселілігі

6

6

1

5

5

5

6,5

6,5

5,5

5,5

6,5

7

6

5

6,5

7

5,5

6

ЭҚ қосылу режімі

жеңіл

орташа

жеңіл

ауыр

орташа

ауыр

орташа

жеңіл

орташа

ауыр

жеңіл

жеңіл

жеңіл

жеңіл

орташа

жеңіл

ауыр

орташа


5 К е с т е  - № 5 электр қозғалтқышының техникалық мәндері

Техникалық мәндері

Нұсқалар

Б, Щ

В, Г

Д, Е

3, Ц

И, К

Л, О

М, Р

Н, Х

П, Ш

С, Д,

Т, Э

У, Ю

Ф, Я

Ц, А

Ч, Ж

Рном, кВт

2,5

3

3,5

4

4,5

5

5

4,5

4

3,5

3

2,5

3

3,5

4

сos φ

0,7

0,65

0,6

0,55

0,5

0,7

0,65

0,6

0,5

0,55

0,7

0,65

0,6

0,5

0,65

 

Сынақ кітапшасының соңғы екі санының соммасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

П.Ә.К.

0,93

0,94

0,95

0,96

0,97

0,98

0,99

0,98

0,97

0,96

0,95

0,94

0,93

0,95

0,96

0,94

0,92

0,91

Қосылу тогының еселілігі

6

5

4,5

5,5

6,5

7

7,5

5

6

7

5,5

6,5

6

5,5

6,5

5

7

4,5

ЭҚ қосылу режімі

жеңіл

жеңіл

орташа

орташа

ауыр

ауыр

ауыр

ауыр

орташа

орташа

жеңіл

жеңіл

жеңіл

орташа

орташа

ауыр

жеңіл

орташа

2.3 Тапсырма

 

Берілген сұлба үшін (2.3 сурет) жоғары вольтті май ажыратқышын (В1 - В6) және оның жетегін таңдау керек.

S1 - S6 жүктемелерінің қуаты № 6 кестеде берілген. S1 қуаты S1 - S6 желілеріндегі қуаттың қосындысынан анықталады.

 

 

2.3 сурет

 

2.3.1 Әдістемелік нұсқаулар

 

Жоғары вольтті ажыратқыштарды таңдау келесі шарттар арқылы орындалады:

а) электр қондырғысының кернеуі бойынша Uн  ³ Uр;

б) токтың ұзақтығына байланысты Iн ³ Iр;

в) симметриялық токтың ажыратылуы мүмкіншілігі бойынша Iотк ³ Iкз ;

г) қысқа тұйықталу токтары кезіндегі электрдинамикалық беріктікке байланысты: Iдин³iуд;

д) термикалық беріктікке байланысты: Iотк2t ³ Iкз2t.

 

Қондырғыларда ВМПЭ электрмагнитті жетегі бар аз майлы ВММ ажыратқыштары, вакуумдық ажыратқыштар ВВВ, электрмагниттік ажыратқыштар ВЭМ кеңінен қолданылады. 


6 к е с т е

Берілгендері   

Нұсқалар

Б, Щ

В, Г

Д, Е

3, Ц

И, К

Л, О

М, Р

Н, Х

П, Ш

С, Д,

Т, Э

У, Ю

Ф, Я

Ц, А

Ч, Ж

S2, кВА

800

900

1000

1100

1200

1300

1400

1500

1600

1700

1800

1900

2000

2100

2200

S3, кВА

2200

1800

1300

850

1450

1850

2150

1750

1150

1000

1500

200

900

1100

700

S4, кВА

3000

3100

3200

3300

3400

3500

3600

3700

3800

3900

4000

4100

4200

4300

4400

S5, кВА

4400

4300

4200

4100

4000

3900

3800

3700

3600

3500

3400

3300

3200

3100

3000

 

Сынақ кітапшасының соңғы екі санының соммасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

Подпись: 18S6, кВА

600

650

700

750

700

650

600

650

750

800

600

550

600

650

700

600

650

700

Iк.з., кА

19

22

24

17

15

24

25

26

18

26

26

27

19

18

19

24

20

18

Iу., кА

40

42

45

55

43

50

30

30

46

51

56

30

31

35

57

50

49

37


Әдебиеттер тізімі

 

1. Родштейн Л.А., Электрические аппараты низкого напряже­ния. – М.: Энергия, 1989.

2. Чухинин А.А. Электрические аппараты. – М.: Энергия 1988.

3. Кузнецов Р.С. Аппараты распределения электрической энер­гии на напряжение до 1000 13. – М.: Энергия, 1970.

4. Таев И.С. Электрические аппараты. Общая теория. – М.: Энергия, 1977.

5. Рожкова Л.Д., Козулин B.C. Электрооборудование станций и подстанций. – М.: Энергия, 1980.

6. Ермилов А.А. Основы электроснабжения промышленных предприятий. – М.: Энергия, 1971.

7. Справочник по электроснабжению промышленных предпри­ятий. Электрооборудование и автоматизация / Под общ. ред. А.А.Федорова и Г.В.Сербиновского.- М.: Энергоиздат, 1981.

8. Правила устройства электроустановок. – М.: Энергия, 1999.

9. Алиев И.И. Справочная книга по электротехнике и электрооборудованию. – М., 2000.

10. Постников Н.П. Монтаж электрооборудования промышленных предприятий. Курсовое и дипломное проектирование. – Л., 1991.

11. Пособие по изучению правил техники безопасности электростанций и сетей (Электрооборудование). – М., 2000.

12. Кисаримов Р.А. Справочник электрика. – М., 1999.

13. Правила эксплуатации электроустановок потребителей. – М., 1999.

 

 

Негізгі жоспар 2010 ж. реті_94_