КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

«Өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау» кафедрасы

 

 

«БЕКІТЕМІН»

                                                                                 Оқу-әдістемелік жұмыс

                                                                                     жөніндегі проректор

   __________Э.А.Серіков

«_____»_________2006ж                          

 

 

 

ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ПРАКТИКА БОЙЫНША

БАҒДАРЛАМА

 

330540  «Жарық техникасы және жарық көзі»

мамандығының 5 курс студенттері үшін

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

ОӘБ бастығы                                              Кафедра мәжілісінде қаралды

_________ О.З.Рутгайзер                           және құпталды___6_________

«_____»_________2006ж                           «_25_»__01______2006ж

                                                                         хаттама

 

Стандарттау бойынша инженері                       кафедра меңгерушісі

___________________________                  ____________М.В.Башкиров

«_____»_________2006ж                                 

 

                                          Құрастырушылар:

Редакторы                                                  ___________ Н.А.Туканова

__________________                                ___________ Е.Б.Улыбеков

«____» _______ 2006 г.      

 

 

 

Алматы 2006 ж.

 

 

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Н.А.Туканова., Е.Б.Улыбеков.

Диплом алдындағы практика бойынша бағдарлама (330540-Жарық техникасы және жарық көзі мамандығының 5 курс студенттері үшін).- Алматы: АЭжБИ, 2006.- 13 б.

 

 

 

 

 

Бесінші курс студенттерінің диплом алдындағы практикасы 330540  «Жарық техникасы және жарық көзі»  мамандығы бойынша мамандарды дайындауда оқу үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Практиканың ұзақтығы- 6 апта, 9-семестрде өткізіледі.

 

       Пікірші: техн. ғыл. канд., доцент И.М.Винер.

 

 

 

       Алматы энергетика және байланыс институтының 2006 жылғы қосымша жоспары бойынша басылған.

                                      

                          

 

 

 

             

©Алматы энергетика және байланыс институты, 2006ж.

 

 

 
   

 

Мазмұны

 

 Кіріспе……………………………………………….......……………….....4

1 Өндірістік практиканың мақсаты және міндеттері.......…….…………..4

2 Практиканы ұйымдастыру........…………………………………………..5

2.1 Практиканың кафедрадағы жетекшісінің міндеттері…………....5

2.2 Практиканың кәсіпорындағы жетекшісінің міндеттері ..……….6

2.3 Студент-практиканттың құқығы және міндеттері.………………6

3 Практика мазмұны...………………………………........…………………7

4  Практиканы қорытындылау.……………………………….......……..…9

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.,…………………………......……………10

 

 

 


Кіріспе. Практика өтуінің периоды мен мерзімдері

 

Бесінші курс студенттерінің диплом алдындағы практикасы 330540 – Жарық техникасы және жарық көзі мамандығы бойынша мамандарды дайындау кезіндегі дипломдық жобалаудың құраушы бөлімдерінің бірі болып табылады, практика кезінде дипломдық жобалауға материалдар жинау, теориялық білімдерді тереңдету мен бекіту, өндірістік ұжымда тәрбие жұмысы мен ұйымдастыру тәжірибесін алу болып табылады.

Практиканы өткізу үшін теориялық негізі келесі курстарды оқу болып табылады: Жарық көзі және жарықтандыру қондырғылары, жарық техника қондырғысының электр торабы, өтпелі процестер, электр мен жабдықтау жүйесін және жарықтану торабын жобалау, жарық көздерінің қосып реттегіш аппаратурасы,жарық аспаптары және сыртты жарықтандыратын қондырғылар, спорттық және көрнекті жаппай ғимараттарды жарықтандыру,  көркемдік құрылыс негізі және т.б.

 Практика студенттермен 9 семестр бойынша өткізіледі.

Практика ұзақтығы – 6 апта.

Өндірістік практика бойынша келісілген және бекітілген жұмыс бағдарламасы кафедра, кәсіпорын, студент – практикант үшін орындалуы міндетті құжат болып табылады.

 

 

1       Практиканың мақсаттары мен міндеттері

 

Практиканың мақсаты дипломдық жобалау үшін материалдарды жинау, теориялық білімдерді тереңдету мен бекіту, ұжымда ұйымдастыру және тәрбие жұмысы тәжірибесін алу, сонымен қатар 330540 - жарық техникасы және жарық көзі мамандығы бойынша инженер – электрик алғашқы қызметінде өзіндік жұмысқа тікелей практикалық дайындық болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес практиканың міндеттері арнайы курстарды оқып үйрену кезінде алынған теориялық білімдерді бекіту және толықтыру болып табылады, соның ішінде:

а) дипломдық жобалау үшін материалдарды жинау;

б) жобалық – конструкторлық жұмысты үйымдастыруды, әзірлеу тәртібін, кәсіпорындарда техникалық және конструкторлық құжаттардың бекітілуі және өтуі;

в) жарықтандыру жүйесін жобалауды прақтикалық дағды алу, ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру сұрақтарымен танысу;

г) энергетикалық нысан басқару жүйелерді жобалау және пайдалану кезінде инженерлік еңбекті ұйымдастыру мен инженерлік психология сұрақтарын оқып үйрену;

д) Ұйымдастыру және тәрбие жұмысы бойынша практикалық дағдыларды, білімдерді алу.

 


2 Практиканы ұйымдастыру

 

Студенттер практикада жүргізілетін жұмыстар ерекшеліктерімен анықталатын құрамда топтармен, практиканы өткізу туралы ректордың бұйрығына сәйкес, бітіртетін кафедра оқытушысы жетекшілігімен бағытталады.

Практика өтетін орында жалпы жетекшілік кәсіпорыннан жетекшімен атқарылады. Кәсіпорында студенттердің практикасымен жетекшілік осы кәсіпорынның жоғары білікті маманына жүктеледі.

Диплом алдындағы практика Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында өткізіледі. Студенттердің жұмыс орындары бітіртетін кафедрадан практика жетекшісімен келісе отырып кәсіпорыннан практика жетекшісімен анықталады.

Диплом алдындағы практика барысында студенттер релелік қорғаныс пен автоматика жүйелерін зерттеумен, жобалаумен, монтаждау және пайдаланумен байланысқан қызметтерде жұмыс істей алады. Диплом алдындағы практикадан тиімді өтуді қамтамасыз ету үшін сырғыма график бойынша студенттер екіден кем емес жұмыс орындарында кезек–кезек істеулері керек. Студенттер практика мерзімінің негізгі бөлігін болашақ инженер–электрик біліктілігіне сай келетін ИТЖ стажерлардың жұмыс орындарында жұмыс істеулері керек. Жұмыс орындар және практикадан өтудің күнтізбелік кестесі шығаратын кафедра мен кәсіпорын жетекшілерімен ойластырылады және құрылады.

Мамандану кафедрасында практикадан өту кафедрадағы практика жетекшісімен құрылған жеке кесте бойынша атқарылады.

Практикадан өту уақытында студенттер практика өту орыны бойынша жетекшінің қарамағында болып табылады, практика өту жоспарымен сәйкес міндеттерді орындайды.

Практикадан өту уақытында жеке тапсырманы орындау кафедрадағы жетекшімен бақыланады.

Практикадан өту кезеңінде студенттер практика бойынша күнделік жүргізеді. Ол кафедра және кәсіпорыннан жетекшілермен мерзімді түрде тексеріледі және студентпен орындалған жұмыс сапасы бағаланады.

Практика басталғанға дейін кафедра студентермен жиналыс өткізеді, онда олар практика орындары бойынша таратумен, практиканың мерзімдерімен және оның мазмұнымен, есеп берулерге талаптармен және практика мерзіміндегі міндеттермен, жетекшілік және бақылау түрлерімен танысады. Практикантар қажетті құжаттарды алады (жолдама, практикадан өту күнделігін). Әрбір студент практиканың негізгі сұрақтарынан басқа тереңірек оқып – үйрену үшін жеке тапсырма алады, ол жергілікті шарттар есебімен кәсіпорында таңдалынуы мүмкін.

Студенттер кәсіпорын жұмысшылары үшін бекітілген ішкі тәртіп ережелеріне, жұмыс кестесіне толығымен бағына отырып, өндірістік бригадаларға бөлінеді.

 

2.1 Кафедрадан практика жетекшісінің міндеттері:

        - студенттер практикасы жетекшілігін атқарады, олармен практика бағдарламасын орындауды қамтамасыз етеді;

- практика басталғанға дейін студенттерді сәйкесті құжаттармен қамтамасыз етеді;

- практика шығар алдында студенттермен ұйымдастыру жиналысын өткізеді;

- практика нысандарында студенттердің практикадан өтуін бақылауды атқарады, кәсіпорындармен қалыпты еңбек шарттарын қамтамасыз етуді, қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау бойынша нұсқауларды өткізуді, студент практиканттармен ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындауды атқарады;

- студенттер практикасы бойынша күнделіктерді тексереді, олардың жұмысы туралы сын – пікірлер береді, практика бойынша есеп берулерді қарайды, кафедра меңгерушісіне практиканы өткізу туралы, оны жетілдіру бойынша ескертулер мен ұсыныстары бар жазбаша есеп беруді ұсынады;

- практика бойынша сынақтарды қабылдау, практика жиынтығы бойынша студенттік конференцияларды дайындау және өткізу бойынша комиссия жұмысына қатысады.

 

 

2.2 Кәсіпорыннан практика жетекшісінің міндеттері

Кәсіпорын бекітілген практика бағдарламасына сәйкес практикадан өтуді ұйымдастырады, ғылыми–зерттеу және жобалық – құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті жоспарлау және басқаруды ұйымдастыру, экономика–технология аймағында мамандық бойынша студенттермен білім алу үшін қажетті жағдай жасайды. Студенттерге бар әдебиеттерді техникалық құжаттарды, көбейту техникасын пайдалану мүмкіндігін ұсынады, курстық және дипломдық жобалау үшін материалдарды жинауда көмек көрсетеді. Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау бойынша, сәйкес құжаттарды рәсімдеу бойынша міндетті нұсқауларды өткізеді, осы кәсіпорында бекітілген ішкі еңбек тәртібі ережелерін студенттермен сақтауды қамтамасыз етеді. Қажетті жағдайда ескертулер береді және осы туралы ЖОО-ға мәлімдейді.

Кәсіпорын практикадан өту мерзімінде студенттермен болған бақытсыз жағдайлар үшін толық жауапкершілік алады.

Кәсіпорынан практика жетекшісі күнделіктерді жүргізуді,студент практиканттармен есеп берулерді дайындауды бақылайды және оларға практика бағдарламасы мен жеке тапсырмалардың орындалуы туралы мәліметтерден тұратын кәсіби сипаттамаларды құрайды.

Кәсіпорыннан практика жетекшісі міндеттері практикадан өту келісімінде жазылады.

 

 

 

2.3 Студент – практиканттардың міндеттері мен құқығы

Студент міндетті:

- студент практикадан өтетін кәсіпорын мен бөлімшенің ішкі тәртібі талаптарына қатаң бағынуға міндетті;

- студент кәсіпорын территориясында және жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау ережесін қатаң сақтауға міндетті;

- орындалатын жұмыс және оның нәтижелері үшін штаттағы қызметкер-лермен тең жауапкершілікте болуға;

- ЖОО-дан практика жетекшісіне жазбаша есеп беруді ұсынуға;

- күн сайын практика күнделігін жүргізуге және оны кәсіпорыннаң жетекшінің қолымен практика бойынша есеп беруді қорғау кезінде ұсынуға.

  Студенттің құқығы бар:

- практиканың бағдарламасымен қарастырылмаған, қауіпсіздік  техникасы және еңбек қорғау техникасын бузумен байланысқан жұмыстарға қатыспауға;

- практика мерзімінде бос орын болған кезде мамандық бойынша ақы төленетін қызметке қабылдануға.

 

3  Практиканың мазмұны

 

Студенттер практикада өндірістік жағдайларда мүмкіндік бойынша кезекші электромонтердың практикалық іс – әрекетін алады (жабдықты жөндеу және монтаждау бойынша электромонтер).

Практикадан өту уақытында студенттер келесі сұрақтарды қарастыруы және оқып үйренулері керек:

- энергетикалық нысанның негізгі технологиясын оқып үйрену;

- электртехникалық негізгі жабдықтарды оқып үйрену; жабдық құрамы; жабдық сипаттамалары; жабдық орналасуы; оның артықшылықтары мен кемшіліктері; жабдықтарды жетілдіру үшін мүмкіншіліктер;

- негізгі электржабдықтар жұмыс режимдерін оқып үйрену; рұқсат етілген және жұмыс режимдері; электрэнергия сапасын көтеру бойынша шаралар; апаттық режимдер;

- энергетикалық нысанның өзіндік қажеттері. Өзіндік қажетті қөректендіру; өзіндік қажетке шығынды кеміту бойынша шаралар;

- жарық торабын шапшаң басқару; басқару жүйесінің функционалды құрамы; ақпараттық – өлшеуіш қосалқы жүйе; тоқты және кернеуді біріншілігін өлшеуітін түрлендіргіштер; телемеханизация жүйелерінің болуы; басқару жүйесін жетілдіру үшін ЭЕМ енгізу;

- жарықтандыру торабының релелік қорғанысы; зақымданулар мен қалыпты емес режимдерден қорғаныс;

- электр тораптарын және жарықтандыру аспаптарын пайдалану; тексерулер мен қалпына келтіру жөндеулерін ұйымдастыру; пайдалануға жіберу қызметінің құрылымы, персоналдың квалификациясының құрамы және талаб денгейі;

- қоршаған ортаны қорғау; энергетикалық нысаннан экологиялық әсері деңгейі;

- экономикалық көрсеткіштерді оқып үйрену; энергияның өзіндік құнын анықтау әдістемесімен танысу; жөндеулерді жоспарлау; қазіргі заманғы басқару құралдарын пайдаланудан келетін экономикалық тиімді бағалау;

- қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру; өндіріс жағдайларында еңбек заңын, өнеркәсіптік санитария, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы профилактика, нормалар, автоматтандыру құралдарын пайдалану кезіндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулар мен ережелерді оқып үйрену.

 

Практикадан өту нәтижесінде студенттер білу керек:

- жарықтандыру аспаптардың құрылысын, электрлік аппараттардың төменгі кернеу торабтарын және қосып реттейтін аппаратураларын;

- фотометрия жарық техникасының негіздері және ғимараттар мен құрылыстардың жарықтануының негізгі есептеу әдістері;

- электрлік жарықтануды автоматты басқарудың әдісі мен құралдары;

- жарық техникасының электр құрылғыларының пайдалануға берудің техникалық ережесі және жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі негідері.

 

Студенттер істей алулары керек:

- кәсіпорындарының электрлік қосылу және оның жарықтандыру жүйесінің басты сұлбаларында электржабдықты таңдау, технико  – экономикалық талдау негізінде электрлік сұлбалар нұсқаларын салыстыруды;

– табиғи және жасанды жарықты есептегенде ғылыми – зерттеу институттарымен пайдаланылатын өнеркәсіптік бағдарламаларды пайдалану;

- жарықтандыру аспаптарының типі мен сұлбаларының параметрлерін таңдау;

- дипломдық жобалау үшін барлық қажетті мәліметтерді жинау.

Оқу – өндірістік практиканың уақыт бюджеті келесі түрде пайдаланылады (шамамен):

 

1

Кәсіпорында орналасу, алғашқы сұхбат, ҚЕ бойынша нұсқаулар

 1 күн

2

Кәсіпорын жұмысы технологиясын оқып үйрену

 3 күн

3

Кәсіпорын қызметтерімен танысу

2 күн

4

Қызметкерлердің қызметтік міндеттерін оқып үйрену

3 күн

5

Жабдық сұлбаларын оқып үйрену

3 күн

6

Электрлік аппараттармен танысу

  14 күн

7

Арнайы сұрақпен жұмыс

 10 күн

 

Жиыны: жұмыс күндері

36 күн

 

 

4 Практика қортындысын шығару

 

Диплом алдындағы практикадан өтуді бақылауды жүргізу, сондай – ақ студент іс–әрекетінің тиімділігін қорытынды бағалау мақсатымен диплом алдындағы практика бойынша есеп беру рәсімделуі керек.

Диплом алдындағы практика бойынша жазбаша есеп беру практика жетекшісінен алынған, тапсырмамен сәйкес практика барысында студентпен жинақталған барлық материалдарды қосуы керек.

Есеп беру нобайлармен, графиктермен және қажетті кестелік материалмен қамтамасыз етілуі және бейнеленуі керек. Нобайларда МЕмСТ және КПБС талаптарына сәйкес негізгі өлшемдер қөрсетілуі керек. Мәтін тараулар мен қосымша тарауларға бөлінуі керек. Кестелер, нобайлар мен сұлбалар мәтіндік материалда оларға сілтенуімен нөмірленуі керек. Есеп беру аяғына қосымша және пайдаланылған әдебиет тізімі жазылады. Есеп беру практика бағдарламасының барлық тарауларынан тұруы керек. Ең толық және айқын жеке тапсырма бейнеленуі керек. Есеп беруді техникалық рәсімдеуге және қорғауға студентке практиканың аяғында 5-7 күн беріледі.

Есеп беру А–4 форматының стандартты беттерінде орындалады. Есеп беруге автор қол қоюы, кәсіпорыннан практика жетекшісімен тексерілуі және нөрмен расталуы керек. Есеп беру көлемі 15-20 бет.

 

 

 


Ұсынылатын әдебиет тізімі

 

1. Гуторов М.М. Основы светотехники и источники света. - М.: Энергоатомиздат, 1983.    

2. Мирошников М. М. Теоретические основы оптико-электронных приборов. - Л.: Машиностроение, 1983.    

3. Применение ксеноновых  ламп воздушного охлаждения в теплицах/ М. А. Перлов, С. П. Соловьев,  А. С. Ковалев и др.-Новосибирск: Сибирское отделение  ВАСХНИЛ, 1983.

4. Новицкий Л. А. Степанов Б. М. Фотометрия быстропротекающих процессов: Справочник. - М.: Машиностроение,  1983.

5. Гуревич М. М. Фотометрия (теория, методы, приборы).-Л.: Энергоатомиздат, 1983.

6. Кунгс Я.А., Фаермарк М.А. Экономия электроэнергии в осветительных установках. - М.: Энергоатомиздат, 1984.

7. Тищенко Г. А. Осветительные установки. - М.: Высшая  школа,  1984.

8. Ктиторов А. Ф. Производственное обучение электромонтажников по освещению, осветительным и силовым сетям и электрооборудованию. - М.: Высшая школа,  1984.    

9. Глебов В.Н., Грибанов А.И., Забережный Д.Т. Светотехника: Проектирование и технология производства световых приборов в судостроении: Справочник.- Л.: Судостроение, 1984.    

10. Живов М. С. Монтаж осветительных электроустановок.- М.: Высшая школа, 1984.    

11. Лесман Е.А. Освещение административных зданий и помещений.- Л.: Энергоатомиздат, 1985.

12. Пикман И.Я. Электрическое освещение взрывоопасных и пожароопасных зон.- М.: Энергоатомиздат, 1985.

13. Фаермарк М.А., Семенова Н.В. Местное освещение.-М.: Энергоатомиздат, 1985.    

14. Блохин В.И., Баканов Е.А., Богатырев В.Т. Основы, авиационной техники  и оборудования  аэрод­ромов.- М.:  Транспорт, 1985.

15. Щепина Н.С. Основы светотехники.- М.: Энергоатомиздат, 1985.    

16. Пособие по расчету и проектированию естественного, искусственного и совмещенного  освещения (к СНиП  11-4-89)/ НИИСФ.- М.: Стройиздат, 1985.    

17. Афанасьева Е.И., Скобелев В.М. Источники света и пускорегулирующая аппаратура.- М.: Энергоатомиздат, 1986.     

18. Галеев Б.М., Зорин С.М., Сайфуллин Р.Ф. Светомузыкальные инструменты.- М.: Радио и связь, 1987.

19. Электросветосигнальное оборудование аэродромов/ Ю.В. Фрид, Ю.К. Величко, В.Д. Козлов и др.- М.: Транспорт, 1988.

20. Мешков В.В., Матвеев А.Б. Основы светотехники: Учеб. пособие для вузов в 2-х частях.. 2. Физиологическая оптика и колориметрия, 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Энергоатомиздат, 1989.    

21. Электролюминесцентные источники света / Под ред. И.К. Верещагина.- М.: Энергоатомиздат, 1990.

22. Дормакович П.А., Петров А.В., Поволоцкая Т.А., Щепанский О.Ю. Газосветная реклама.- М.: Энергоатомиздат, 1990.    

23. Ктиторов А.Ф. Практическое руководство по монтажу электрического освещения.- М.: Высшая школа,  1990.     

24. Трембач В.В. Световые приборы (теория и расчет).-М.: Высшая школа,  1991.

25. Рохлин Г. Н. Разрядные источники света.- М.: Энергоатомиздат, 1991.

26. Кроль Ц.Е., Мясоедова Е.И., Терешкевич С.Г. Качество промышленного освещения.- М.: Энергоатомиздат, 1991.    

27. Справочная книга по светотехнике / Под ред. Ю.Б. Айзенберга – 2-е изд., перераб. И доп.- М.: Энергоатомиздат, 1995.

28. Айзенберг Ю.Б. Проблема энергосбережения в осветительных установках // Светотехника, 1998.- № 6.- С. 11-18.

29.Энергосбережение в освещении / Под ред. Ю.Б. Айзенберга /, изд. Дом Света.- М.: Знак, 1999.

30. Айзенберг Ю.Б. Основы конструирования световых приборов: Учебное пособие для вузов.- М.: Энергоатомиздат, 1996.- 704 с.

 

МЕмСТ ұсынылатын тізімі, басқаратын құжаттар және т.с.с.

 

1.     ГОСТ 16703-79. Приборы и комплексы световые. Термины и определения.   

2.     ГОСТ 26695-85. Светильники. Общие технические требования.   

3.     ГОСТ 17677-82. Светильники. Общие технические условия.   

4.     ГОСТ 26092-84. Приборы световые. Установочные и присоединительные размеры.   

5.     ГОСТ 15597-82. Светильники для производственных зданий. Общие технические условия.   

6.     ГОСТ 8607-82. Светильники для освещения жилых и общественных помещений. Общие  технические условия.   

7.     ГОСТ 8045-82. Светильники для наружного освещения. Общие технические условия.   

8.     ГОСТ  7110-82. Светильники ручные. Общие  технические условия.   

9.     ГОСТ 6047-90. Прожекторы общего назначения. Общие  технические  условия.  

10.            ГОСТ 4677-82. Фонари. Общие технические условия.  

11.            ГОСТ 24786-81. Приборы световые рудничные взрывозащищенные. Общие технические условия.   

12.            ГОСТ 21177-82. Радиопомехи индустриальные от светильников с люминесцентными  лампами.   

13.            ГОСТ 27900-88. Светильники для аварийного освещения. Технические  требования.   

14.            РД 16242-85. Светильники. Метод расчета срока службы.   

15.            РТМ 16800820-75. Инженерные методы расчета температуры элементов  светильников с лампами накаливания и ДРЛ.   

16.            РТМ 16.800.478-77. Оптические системы промышленных светильников с  газоразрядными лампами высокого давления и лампами накаливания.   

17.            МЭК 598-1. Световые приборы. Общие требования и методы испытаний (Ч. 1).   

18.            МЭК 598-2. Световые приборы. Частные требования и методы испытаний (Ч. 2).   

19.            МЭК 570. Шинопроводы осветительные.   

20.            ГОСТ 19190-84. Лампы накаливания электрические. Общие технические условия.   

21.            ГОСТ 15049-81. Лампы электрические. Термины и определения.   

22.            ГОСТ 2239-79. Лампы накаливания электрические  общего назначения. Технические условия.   

23.            ГОСТ 6825-74. Лампы люминесцентные  ртутные  низкого давления.   

24.            ГОСТ 16809-88. Аппараты пускорегулирующие для разрядных ламп. Общие  технические требования.

25.            МЭК 920/921. Балласты для трубчатых люминесцентных ламп.   

26.            МЭК 926/927. Пусковые устройства.

27.            МЭК 924/925. Электронные балласты для люминесцентных  ламп, ра­ботающие  на постоянном токе.   

28.            МЭК 928/929. То же, работающие на переменном токе.   

29.            МЭК 1048. Конденсаторы.   

30.            ГОСТ 2746-90. Патроны резьбовые для электрических ламп. Общие технические условия.   

31.            ГОСТ 9806-90. Патроны для люминесцентных ламп и стартеров. Общие технические условия.   

32.            ГОСТ 18396-88. Патроны для люминесцентных ламп и стартеров. Технические условия. Срок действия до 01.01.93.   

33.            ГОСТ 10036-75. Рассеиватели, защитные и декоративные стекла из силикатного стекла для светильников. Общие технические условия.   

34.            ГОСТ 9503-86. Рассеиватели и защитные  стекла для светильников. Присоединительные  размеры. Срок действия до 01.01.93.   

35.            ГОСТ 7132-78. Стекло листовое термически полированное. Технические условия.

 

 

                                                        

 

  2006 ж. қосымша жоспары, реті _48_

 

                                                                

 

 

Туканова Наталья Анатольевна

Улыбеков Ермек Бекетович

 

 

 

ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ПРАКТИКА БОЙЫНША

БАҒДАРЛАМА

 

(330540 - Жарық техникасы және жарық көзі

мамандығының 5 курс студенттері үшін)

 

 

Редакторы Ж.А. Байбураева                      

 

 

 

Басуға  қол қойылды                                         Пішімі 60х84 1/16

Тиражы 50 дана                                                 №1 типография қағазы 

Көлемі 0,81 оқу-басп.т.                                              Тапсырыс №

Бағасы 50 тг

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 

көшірмелі-көбейткіш  бюросы

050013 Алматы, Байтұрсынұлы, 126