КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

«Өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау» кафедрасы

 

 

«БЕКІТЕМІН»

                                                                                 Оқу-әдістемелік жұмыс

                                                                                     жөніндегі проректор

   __________Э.А.Серіков

 

 

 

 

 

ӨНДІРІСТІК  ПРАКТИКА БОЙЫНША

БАҒДАРЛАМА

 

210340  «Релелік қорғаныс және энергетикалық жүйелерді автоматтандыру» мамандығының 4 курс студенттері үшін

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

ОӘБ бастығы                                              Кафедра мәжілісінде қаралды

_________ О.З.Рутгайзер                           және құпталды____________

«_____»_________2006ж                           «__»________2006ж

                                                                         хаттама

 

Редакторы                                                    Кафедра меңгерушісі

_________Ж.А.Байбураева                         ____________М.В.Башкиров

«_____»_________2006ж                                 

 

                                          Құрастырушылар:

                                                                    ___________ М.В.Башкиров

                                                        ___________ Б.М.Мұхтар

 

 

 

 

 

Алматы 2006 ж.

 

 

 

 

                                                                                              АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

 

 

                                            Өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау кафедрасы

 

 

 

 

 

 

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА БОЙЫНША

БАҒДАРЛАМА

 

210340  «Релелік қорғаныс және энергетикалық жүйелерді автоматтандыру» мамандығының 4 курс студенттері үшін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Алматы 2006 ж.                

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: М.В. Башкиров., Б.М.Мұхтар. Өндірістік практика бойынша бағдарлама (210340 - Релелік қорғаныс және энергетикалық жүйелерді автоматтандыру мамандығының 4 курс студенттері үшін).- Алматы: АЭжБИ, -2006.- 11 б.

 

 

 

 

 

 

Төртінші курс студенттерінің өндірістік практикасы 210340  «Релелік қорғаныс және энергетикалық жүйелерді автоматтандыру» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда оқу үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Практиканың ұзақтығы- 5 апта, 6-семестрде өткізіледі.

 

Пікірші: техн. ғыл. канд., доцент С.А. Бұғыбаев.

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2006 жылғы қосымша жоспары бойынша басылған.

 

 

 

 

 

 

                © Алматы энергетика және байланыс институты, 2006ж.

 

Мазмұны

 

Кіріспе ……………………………………………………………….....4

1 Практиканың мақсаттарымен міндеттері .................….…….……..4

2 Практиканы ұйымдастыру ………………………………………….5

2.1 Кафедрадан практика жетекшісінің міндеттері .………….5

2.2 Кәсіпорыннан практика жетекшісінің міндеттері ……..6

2.3 Студент-практиканттың міндеттерімен құқығы.....……….6

3 Практиканың мазмұны …...………………………………………....7

4  Практиканы қорытындылау …………………………………...…9

4.1 Практика бойынша күнделікті рәсімдеу.........................……….…9

4.2 Практика бойынша есеп беруді рәсімдеу және оған қойылатын талаптар...................……………………………………....................9

Әдебиеттер……………………………………………………………....10

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Практика өтуінің периоды мен мерзімдері

 

Төртінші курс студенттерінің өндірістік практикасы 210340 – электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы мен автоматтандырылуы мамандығы бойынша мамандарды дайындауда оқу үрдісін құраушы бөлімдердің бірі болып табылады. Практиканы өткізу үшін теориялық негізі келесі курстарды оқып үйрену болып табылады: релелік қорғаныс, электртехниканың теориялық негіздері, өтпелі кезеңдер, РҚА элементтері, энергетикалық жүйелер автоматикасы, электрлік машиналар, автоматтық басқару теориясы, ЭЖ жұмыс режимдері.

Практика студенттермен 8 семестрдің соңында өткізіледі.

Практиканың ұзақтығы – 6 апта.

Өндірістік практика бойынша келісілген және бекітілген жұмыс бағдарламасы кафедра, кәсіпорын, студент – практикант үшін орындалуы міндетті құжат болып табылады.

 

1       Практиканың мақсаттары мен міндеттері

 

Өндірістік практиканың мақсаты. Практиканың мақсаты релелік қорғаныс (РҚ) жүйелерін пайдалану және құрылғыларын, энергетикалық жүйелерді автоматтандыру, релелік қорғаныс пен автоматика құрылғыларының жоспарлы – профилактикалық жұмыстарын өткізу кестесімен танысу және оларды өткізу кезіндегі практикалық дағдыларды алудан тұрады.

Осы мақсатқа сәйкес практиканың міндеттері арнайы курста оқып – үйрену кезінде алған теориялық білімдерін толықтыру және бекіту болып табылады, сонымен қатар:

а) өндіріс жағдайларында электрлік станциялар мен қосалқы станциялар және электрлік тораптардағы релелік қорғаныс пен автоматика құрылғыларын жобалау мен пайдалану қағидаларын студенттермен оқып үйрену;

б) станциялардың басқару жүйелерін электрлік жабдықтаудың принципиалды электрлік сызбасын құрау;

в) станциялардағы электрлі жабдықталған басқару жүйелерін пайдалану кезінде электромонтаждау және реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде студенттердің жұмыс тәжірибесін және дағдылануы кеңейту және бекіту;

г) электр станциялары мен қосалқы станциялардағы жоғарывольтты электрлік аппараттарды жөндеу және тексеру;

д) релелік қорғаныс пен автоматикада қолданылатын төмен вольтты электрлік аппараттарды жөндеу және тексеру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

2 Практиканы ұйымдастыру

 

Студенттер практикаға жүргізілетін жұмыстар ерекшеліктерімен анықталатын құрамда топтармен, практиканы өткізу туралы ректордың бұйрығына сәйкес, бітіртетін кафедра оқытушысы жетекшілігімен бағытталады.

Практика өтетін орында жалпы жетекшілік кәсіпорыннан жетекшімен атқарылады. Кәсіпорында студенттердің практикасымен жетекшілік осы кәсіпорынның жоғары білікті маманына жүктеледі.

Өндірістік практика Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында өткізіледі. Студенттердің жұмыс орындары бітіртетін кафедрадан практика жетекшісімен келісе отырып кәсіпорыннан практика жетекшісімен анықталады.

Практикадан өту уақытында студенттер практика өту орыны бойынша жетекшінің қарамағында болып табылады, практика өту жоспарымен сәйкес міндеттерді орындайды.

Практикадан өту уақытында жеке тапсырманы орындау кафедрадағы жетекшімен бақыланады.

Практикадан өту кезеңінде студенттер практика бойынша күнделік жүргізеді. Ол кафедра және кәсіпорыннан жетекшілермен мерзімді түрде тексеріледі және студентпен орындалған жұмыс сапасы бағаланады.

Практика басталғанға дейін кафедра студентермен жиналыс өткізеді, онда олар практика орындары бойынша таратумен, практиканың мерзімдерімен және оның мазмұнымен, есеп берулерге талаптармен және практика мерзіміндегі міндеттермен, жетекшілік және бақылау түрлерімен танысады. Практиканттар қажетті құжаттарды алады (жолдама, практикадан өту күнделігін). Әрбір студент практиканың негізгі сұрақтарынан басқа тереңірек оқып – үйрену үшін жеке тапсырма алады, ол жергілікті шарттар есебімен кәсіпорында таңдалынуы мүмкін.

Студенттер кәсіпорын жұмысшылары үшін бекітілген ішкі тәртіп ережелеріне, жұмыс кестесіне толығымен бағына отырып, өндірістік бригадаларға бөлінеді.

 

 

2.1 Кафедрадан практика жетекшісінің міндеттері:

– студенттер практикасы жетекшілігін атқарады, олармен практика бағдарламасын орындауды қамтамасыз етеді;

– практика басталғанға дейін студенттерді сәйкесті құжаттармен қамтамасыз етеді;

– практикаға шығар алдында студенттермен ұйымдастыру жиналысын өткізеді;

– практика нысандарында студенттердің практикадан өтуін бақылауды атқарады, кәсіпорындармен қалыпты еңбек шарттарын қамтамасыз етуді, қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау бойынша нұсқауларды өткізуді, студент практиканттармен ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындауды атқарады;

– студенттер практикасы бойынша күнделіктерді тексереді, олардың жұмысы туралы сын – пікірлер береді, практика бойынша есеп берулерді қарайды, кафедра меңгерушісіне практиканы өткізу туралы, оны жетілдіру бойынша ескертулер мен ұсыныстары бар жазбаша есеп беруді ұсынады;

– практика бойынша сынақтарды қабылдау, практика жиынтығы бойынша студенттік конференцияларды дайындау және өткізу бойынша комиссия жұмысына қатысады.

 

 

2.2 Кәсіпорыннан практика жетекшісінің міндеттері

Кәсіпорын бекітілген практика бағдарламасына сәйкес практикадан өтуді ұйымдастырады, ғылыми–зерттеу және жобалық – құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті жоспарлау және басқаруды ұйымдастыру, экономика–технология аймағында мамандық бойынша студенттермен білім алу үшін қажетті жағдай жасайды. Студенттерге бар әдебиеттерді техникалық құжаттарды, көбейту техникасын пайдалану мүмкіндігін ұсынады, курстық және дипломдық жобалау үшін материалдарды жинауда көмек көрсетеді. Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау бойынша, сәйкес құжаттарды рәсімдеу бойынша міндетті нұсқауларды өткізеді, осы кәсіпорында бекітілген ішкі еңбек тәртібі ережелерін студенттермен сақтауды қамтамасыз етеді. Қажетті жағдайда ескертулер береді және осы туралы ЖОО-ға мәлімдейді.

Кәсіпорын практикадан өту мерзімінде студенттермен болған бақытсыз жағдайлар үшін толық жауапкершілік алады.

Кәсіпорыннан практика жетекшісі күнделіктерді жүргізуді, студент практиканттармен есеп берулерді дайындауды бақылайды және оларға практика бағдарламасы мен жеке тапсырмалардың орындалуы туралы мәліметтерден тұратын кәсіби сипаттамаларды құрайды.

Кәсіпорыннан практика жетекшісі міндеттері практикадан өту келісімінде жазылады.

Оқу – өндірістік шеберханалар мен ПМУ нысандарында практикадан өту кезінде студенттер практикасына жетекшілік практика өтіп жатқан нысандардағы үлескі немесе басқа бөлімше бастығы мен кафедра жетекшісімен бірігіп атқарылады.

 

 

2.3 Студент – практиканттардың міндеттері мен құқығы

Студент міндетті:

– студент практикадан өтетін кәсіпорын мен бөлімшенің ішкі тәртібі талаптарына қатаң бағынуға міндетті;

– студент кәсіпорын территориясында және жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау ережесін қатаң сақтауға міндетті;

– орындалатын жұмыс және оның нәтижелері үшін штаттағы қызметкерлермен тең жауапкершілікте болуға;

       ЖОО-дан практика жетекшісіне жазбаша есеп беруді ұсынуға;

                   күн сайын практика күнделігін жүргізуге және оны кәсіпорынның жетекшісінің қолымен практика бойынша есеп беруді қорғау кезінде ұсынуға.

Студенттің құқығы бар:

                   практиканың бағдарламасымен қарастырылмаған, қауіпсіздік                     техникасы және еңбек қорғау техникасын бұзумен байланысқан жұмыстарға қатыспауға;

                   практика мерзімінде бос орын болған кезде мамандық бойынша ақы төленетін қызметке қабылдануға.

 

3  Практиканың мазмұны

 

Студенттер практикада өндірістік жағдайларда мүмкіндік бойынша кезекші электромонтердың практикалық іс – әрекетін алады (жабдықты жөндеу және монтаждау бойынша электромонтер).

Практикадан өту уақытында студенттер келесі сұрақтарды қарастыруы және оқып үйренулері керек:

- энергетикалық нысанның негізгі технологиясын оқып үйрену;

- электртехникалық негізгі жабдықтарды оқып үйрену. Жабдық құрамы. Жабдық сипаттамалары. Жабдық орналасуы. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Жабдықтарды жетілдіру үшін мүмкіншіліктер;

- негізгі электржабдықтар жұмыс режимдерін оқып үйрену. Рұқсат етілген және жұмыс режимдері. Электр энергия сапасын көтеру бойынша шаралар. Апаттық режимдер;

- энергетикалық нысанның өзіндік қажеттері. Өзіндік қажетті қоректендіру. Өзіндік қажетке шығынды кеміту бойынша шаралар;

- энергетикалық нысанды шапшаң басқару. Ақпараттық – өлшеуіш қосалқы жүйе. Телемеханизация жүйелерінің болуы. Басқару жүйесін жетілдіру үшін ЭЕМ енгізу;

- негізгі электржабдықтың релелік қорғанысы. Зақымданулар мен қалыпты емес режимдерден қорғаныс;

- энергетикалық нысан режимдерін автоматтандыру. Қалыпты режим автоматикасы. Апатқа қарсы автоматика;

- автоматтандыру құралдарын пайдалану. Тексерулер мен қалпына келтіру жөндеулерін ұйымдастыру;

- қоршаған ортаны қорғау. Энергетикалық нысаннан экологиялық деңгейге әсері;

- экономикалық көрсеткіштерді оқып үйрену. Энергеиның өзіндік құнын анықтау әдістемесімен танысу. Жөндеулерді жоспарлау. Қазіргі заманғы басқару құралдарын пайдаланудан келетін экономикалық тиімді бағалау;

- қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру. Өндіріс жағдайларында еңбек заңын, өнеркәсіптік санитария, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы профилактика, нормалар, автоматтандыру құралдарын пайдалану кезіндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулар мен ережелерді оқып үйрену.

 

Практикадан өту нәтижесінде студенттер білуі керек:

а) релелік қорғаныс пен автоматика сұлбаларын тұрғызу үшін қолданылатын электрлік аппараттар, релелер құрылысын;

б) аналогтың және сандық электронды құрылғылардың элементтік базасы мен схематехника негіздерін және электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы пен автоматикасы құрылғыларында микропроцессорларды пайдалану тәсілдері;

в) электрэнергетикалық жүйелерді автоматты түрде басқару құралдары мен әдістері;

г) электрлік станциялар мен қосалқы станциялардың электртехникалық жабдықтарын техникалық пайдалану ережелері және жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздері.

 

Студент өндіріспен және жан – жақта өндірістік дағдылары мен терең танысу мүмкіндігін алу үшін кәсіпорынмен күнтізбелік жоспар бойынша келісілген әр түрлі орындарда студенттер жұмысын мүмкіндік бойынша ұйымдастыру тиімді. Осы жоспар практикадан өтудің әрбір нақты жағдайында түзетіледі және нақтыланады.

Оқу – өндірістік практиканың уақыт бюджеті келесі түрде пайдаланылады (шамамен):

 

1

Кәсіпорында орналасу, алғашқы сұхбат, ҚЕ бойынша нұсқаулар

1 күн

2

Кәсіпорын жұмысы технологиясын оқып үйрену

1 күн

3

Кәсіпорын қызметтерімен танысу

2 күн

4

Қызметкерлердің қызметтік міндеттерін оқып үйрену

2 күн

5

Жабдық сұлбаларын оқып үйрену

4 күн

6

Релелік қорғаныс пен автоматика құрылғыларымен танысу (схема)

10 күн

7

Арнайы сұрақпен жұмыс

10 күн

 

Жиыны: жұмыс күндері

30 күн

 

Практикадан өту уақытында оқып үйренуге жататын сұрақтар практикадан өту орнына келісті құрылады.

 

 

4 Практиканы қортындылау

 

Практикадан өтумен бақылауды жүргізу мақсатымен, сондай-ақ студент іс–әрекеті тиімділігін қортынды бағалау мақсатымен келесі ұйымдық құжат рәсімделуі керек:

а) оқу – өндірістік (өндірістік) практика бойынша күнделік;

б) оқу – өндірістік (өндірістік, диплом алдындағы) практика бойынша есеп беру.

4.1 Практика бойынша күнделікті рәсімдеу

Практика бойынша күнделік есеп беруге тіркеледі және фамилиясы, аты, тегі, практикадан өту орны мен мерзімдер көрсетілген әр студентке жеке рәсімделеді. Күнделік факультет деканының, практика меңгерушісінің қолдарымен және ЖОО-ның мөрі мен куәландырады.

Кафедрадан практика жетекшісі күнделікке студенттің жеке тапсырмасын кіргізеді. Практикадан өту уақытында күнделікке кәсіпорыннан практика жетекшісінің қолы және орындалу мерзімі көрсетілуімен орындалған жұмыстардың түрлері мен қысқаша мазмұны бойынша ақпарат енгізіледі.

Практика аяқталғаннан кейін кәсіпорыннан жетекші күнделікте практика барысы туралы ескертулерді көрсетеді және студентке практикадан өту сипаттамасын құрайды, онда студенттің жұмысы туралы кәсіпорын қорытындысын жасайды.

Күнделік кәсіпорыннан практика жетекшісі қолымен және кәсіпорын мөрімен расталады. Студентпен ЖОО өндірістік практика туралы есеп беруді қорғағаннан кейін кафедрадан практика жетекшісі күнделікке есеп берудің артықшылықтары, кемшіліктерді көрсеумен студенттің есеп беру туралы сын пікірді, ұсынылатын бағамен қорытындыны енгізеді. Баға қойылғаннан кейін қорғау күнін көрсетумен есеп беруді қорғау бойынша жетекшінің және комиссия мүшелерінің қолдарымен расталады.

 

4.2 Практика бойынша есеп беруді рәсімдеу және оған қойылатын талаптар 

Есеп беруді рәсімдеу практиканың қорытынды сатысы болып табылады. Есеп беруді құру үшін алғашқы мәліметтер ретінде студентпен жұмыс орнында практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде және кәсіпорындағы экскурсиялар, консультацияларда, жеке қадағаулардан алынған мәліметтер алынады.

Есеп беру практика бағдарламасының барлық тарауларынын тұруы керек. Едәуір толық және нақты жеке тапсырма бейнеленуі керек. Есеп беру МЕМСТ талаптарымен сәйкес техникалық сауатты тілмен жазылуы керек, сызбалардан, кестелерден, жобайлардан тұруы керек. Есеп берумен жұмыс студентпен практиканың барлық ағымында жүргізілуі керек. Есеп беруді техникалық рәсімдеуге және қорғауға студентке практиканың аяғында 3-5 күн беріледі.

Есеп беру А-4 форматының стандартты беттерінде орындалады және «Оқу және оқу – әдістемелік құжаттарды рәсімдеу бойынша талаптар мен кепілдемелер» 2078620–101–88 СТП талаптарына сай келуі керек.

Практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс сын пікір алған студент өз есебінен студенттік демалыс мерзімінде практикаға қайта бағытталады, әлде институттан шығарылады.

 

 

 

 

 

 

                                       Әдебиеттер

 

1 .  Басс Э.И., Дорогунцев В.Г.  Релейная защита электроэнергетических систем./ Под ред. А.Ф. Дьякова.- М. :Изд. МЭИ, 2002.- 295 с.

2 . Чернобровов Н.В., Семенов В.А. Релейная защита энергетических систем: Учебное пособие для техникумов.- М., Энергоатомиздат, 1998.

3 . Овчаренко Н.И.   Автоматика электрических станций и электроэнергети-ческих систем. Москва: Издательство НЦ ЭНАС”, 2000.-503с.

4 . Шабад М.А. Сто лет релейной защите. Сборник материалов.- СПб.: ПЭИпк, 2001.-65с.

5 . Шабад М.А. Расчеты РЗ и А распределительных сетей: Монография.- СПб.: ПЭИПК, 2003.- 350с.

6 . Овчинников В.В. Защита электрических сетей 0,4-35кВ. ч.1.,ч.2. –М.: Издательство редакции журнала “Энергетик” , 2002.

7 . Федосеев А.М. Релейная защита электрических систем: - М.: Энергия, 1992. - 560 с.

8 . Справочник по наладке вторичных цепей электростанций и подстанций / Под ред. Э.С. Мусаэляна. - М.: Энергоатомиздат, 1989.

9 . Гловацкий В.Г., Пономарев И.В. Современные средства релейной защиты и автоматики электросетей. – Киев.: Компания энергомашин, 2004.-600с.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Қос  жоспар 2006 ж.,поз. №39

 

                                                                

 

 

Башкиров Михаил Владимирович

Мұхтар Бахыт

 

 

ӨНДІРІСТІК  ПРАКТИКА БОЙЫНША

БАҒДАРЛАМА

 

(210340 - Релелік қорғаныс және энергетикалық жүйелерді автоматтандыру мамандығының 5 курс студенттері үшін)

 

 

 

Редакторы    Ж.А. Байбураева                   

 

 

 

Басуға  қол қойылды                                         Пішімі 60х84 1/16

Тиражы___100____дана                                   №1 типографиялық қағаз 

Көлемі___0,7_____ оқу-басп.т.                       Тапсырыс__Бағасы_39_тг

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының  көшірмелі-көбейткіш  бюросы

 

050013 Алматы, Байтұрсынұлы, 126