Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау кафедрасы
Ауыл шаруашылығындағы жарықтандыру және сәулелендіру қондырғылары
5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығының студенттеріне арналған № 1, 2 есептік-графикалық жұмысты орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
Алматы 2013
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Живаева О.П., Бакенов К.А. Ауыл шаруашылығындағы жарықтандыру және сәулелендіру қондырғылары: 5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығының студенттеріне арналған № 1, 2 есептік-графикалық жұмысты орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2013. - 8 б.
Бұл құрастыру есептік- графикалық жұмысқа арналған тапсырмалардан, оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар және кеңес етілетін әдебиеттерден тұрады.
4 кесте, әдеб. - 8 атау.
Пікір беруші: ф.ғ.к., доцент Нурмаханова М.К.
«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 ж. баспа жоспары бойынша басылып шығады.
© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2013 ж.
1 № 1 есептік-сызба жұмыс
1.1 Тапсырма
Мал ұстайтын бөлменің жарықтандыру құрылғыларын есептеу.
Бөлме өлшемдерінің ұзындығы (А) ені (В) және биіктігі (Н) студент тегінің бастапқы әрпі бойынша 1.1 кестеден алынады. Төбенің (rп), қабырғаның (rс) және еденнің (rр) шағылысу коэффициентінің мәндері сынақ кітапшасының соңғы санына байланысты 1.2 кестеден алынады.
Бөлменің жарықтану деңгейін және шамның түрін 1.3 кестеден сынақ кітапшасының соңғы санының алдыңғы саны бойынша берілген қораның түріне байланысты студент өз еркімен таңдайды.
1.1 к е с т е – Бөлменің өлшемдері
Студент тегінің бастапқы әрпі |
А, Д, Ю |
Б, Е, Ё |
В, Г, Я |
Ж, З, И |
К, Щ, Э |
М, О |
Н, П, Л |
Р, Т, У |
С, Ч Ф |
Х, Ц, Ш |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Ұзындығы (А), м |
12 |
12 |
12 |
18 |
18 |
6 |
12 |
18 |
24 |
12 |
Ені (В), м |
12 |
6 |
24 |
12 |
6 |
24 |
24 |
24 |
24 |
36 |
Биіктігі (Н), м |
7 |
7,5 |
7,3 |
6,8 |
8 |
7,8 |
8,5 |
6 |
8,8 |
8 |
1.2 к е с т е – Төбенің, қабырғаның және еденнің шағылысу коэффициенті
Шағылысу коэффициенті, % |
Сынақ кітапшасының соңғы саны |
|||||||||
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
rп |
0 |
80 |
80 |
80 |
70 |
50 |
50 |
30 |
70 |
50 |
rс |
0 |
80 |
50 |
30 |
50 |
50 |
30 |
30 |
50 |
30 |
rр |
0 |
30 |
30 |
10 |
20 |
10 |
10 |
10 |
20 |
10 |
1.3 к е с т е – Бөлменің түрлері
|
Сынақ кітапшасының соңғы санының алдыңғы саны |
|||||||||
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
Бөлменің түрлері |
Сиыр ұстайтын бөлме |
Шошқа ұстайтын бөлме |
Қой ұстайтын бөлме |
Жылқы ұстайтын бөлме |
Ешкі ұстайтын бөлме |
Бұзау ұстайтын бөлме |
Торай ұстайтын бөлме |
Қозы ұстайтын бөлме |
Құлын ұстайтын бөлме |
Лақ ұстайтын бөлме |
1.2 № 1 есептік-сызба жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар
Жарықтандыру құрылғыларын есептеу жарық ағынын пайдалану коэффициентінің әдісі арқылы есептеледі. Бұл коэффициент бөлмедегі жарық аспаптарын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Пайдалану коэффициентін h анықтау үшін бөлменің индексін i, төбенің rп, қабырғаның rс, еденнің rр шағылысу коэффициентін және шамның түрін білу қажет. Бөлменің индексі келесі формула бойынша анықталады:
|
, |
(1.1) |
мұнда А – бөлменің ұзындығы, м;
В – бөлменің ені, м;
Нр = Н – hс – hр – шамнан жұмыстық бетке дейінгі есептік биіктік, м;
Н – бөлменің берілген биіктігі, м;
hс – шамның іліну (салбырау) биіктігі, м;
hр – жұмыстық беттің деңгейі, м.
Қажетті жарықтандыру және қор коэффициентін тапқаннан кейін есептік жарық ағыны келесі формула бойынша анықталады:
|
, |
(1.2) |
мұнда Е – минималды жарықтанудың қажетті деңгейі, лк;
kз – қор коэффициенті;
S – бөлменің ауданы, м2;
z – бөлменің минималды жарықтануының коэффициенті;
N – шамдар санының жуықталған саны, дана;
h – жарық ағынын пайдаланудың коэффициенті.
Жарық ағынының есептік шамасына анықтамадан жарық ағыны бойынша жақын мәндегі стандарттық шам таңдалады, шамдар саны мен жарық ағынының номиналды шамасы дәлденеді. Номиналды жарық ағынын анықтағанда бір шырақтағы шам санын ескереді. Бөлменің жарық ағынының қателігін тексеру жүргізіледі:
|
, |
(1.3) |
алынған шама аралығында болуы тиіс, егер де шарт орындалмаса, шамдар санын өзгерту керек немесе басқа шам таңдау керек.
2 № 2 есептік-сызба жұмыс
2.1 Тапсырма
Төменде келтірілген «Ауыл шаруашылығындағы жарықтандыру және сәулелендіру қондырғылары» пәнінің сұрақтарынан рефераттық хабарламалар құрастыру. Сұрақтардың жауаптары толық болуы қажет және жалпы көлемдік сипатта болмауы керек. Реферативті жазбалардың көлемі баспа жазбасының 10 бетінен кем болмауы қажет.
2.1 к е с т е – Тапсырманы таңдаудың нұсқалары
Студент тегінің бірінші әрпі |
А
|
В, Г,
|
Б, Е |
Ж
|
К, Э, |
Д, О
|
Н, П, |
Р, Т,
|
С, Ч,
|
Х,Ц |
Л, Ю |
И, Ф |
Щ, Я |
З, Ы |
М, У, |
Сұрақтың нөмірі |
1, 16 |
2, 17 |
3, 18 |
4, 19 |
5, 20 |
6, 21 |
7, 22 |
8, 23 |
9, 24 |
10,25 |
11, 26 |
12, 27 |
13, 28 |
14, 29 |
15, 30 |
Сұрақтар
1. Оптикалық сәулелендіру, оптикалық сәулелендірудің фото биологиялық әсері, фото биологиялық әсер етудің түрлері.
2. Оптикалық сәулелендірудің жануарларға, құстарға және өсімдіктерге әсер етуі.
3. Оптикалық сәулелендірудің шамалары, дененің оптикалық қасиеттері.
4. Оптикалық сәулелендірудің өлшемдік қабылдағыштары, негізгі сипаттамалары.
5. Оптикалық сәулелендірудің селективті емес қабылдағыш аспаптары: пирометрлер, актинометрлер, болометрлер, олардың құрылыстары, электрлік және оптикалық сұлбалары және сипаттамалары.
6. Фото элементтері селективті аспаптар: люксметрлер, уфиметрлер, фито фотометрлер, дозиметрлер, олардың құрылыстары, электрлік және оптикалық сұлбалары және сипаттамалары.
7. Ультракүлгін сәулелендіру, ультракүлгін сәулелендіруді өлшеуге арналған аспаптар.
8. Инфрақызыл сәулелендіру, инфрақызыл сәулелендіруді өлшеуге арналған аспаптар.
9. Ауыл шаруашылық өндірістеріндегі инфрақызыл сәулелендірудің көздері.
10. Галогенді қыздыру шамдары, құрылысы және қызмет ету қағидасы, классификациясы, электрлік және спектральдік сипаттамалар, қолданылу аумағы.
11. Төмен қысымдағы люминесцентті шамдар, құрылысы және қызмет ету қағидасы, классификациясы, электрлік және спектральдік сипаттамалар, қолданылу аумағы.
12. Жоғары қысымдағы газ разрядтаушы шамдар, құрылысы және қызмет ету қағидасы, классификациясы, электрлік және спектральдік сипаттамалар, қолданылу аумағы.
13. Жарық диодтары, құрылысы және қызмет ету қағидасы, классификациясы, жарық диодтарының электрлік және спектральдік сипаттамалар, қолданылу аумағы.
14. Өсімдіктерді сәулелендіруге арналған оптикалық сәулелендіру көздерінің спектральді сипаттамалары.
15. Ауыл шаруашылық өндірістерінде пайдаланылатын сәулелендірудің газ разрядтаушы көздері.
16. Жарық аспаптары, классификациясы және негізгі сипаттамалары.
17. Фотометриялық денелер, жарық таратудың көлденең қисығы.
18. Ауыл шаруашылығындағы сәулелендіру, классификациясы және негізгі сипаттамалары.
19. Сәулелендіру құрылғыларының классификациясы: пайдаланылатын қорек көзінің әсер ету спектрі бойынша, қорек көзі мен қабылдағыштың өзара орналасуына байланысты, конструктивті ерекшелігі бойынша, тағайындамасы бойынша.
20. Ауыл шаруашылық өндірістеріндегі ультракүлгін сәулелендіру құрылғылары.
21. Құстар мен жануарларды ультракүлгін сәулелендіруге арналған стационарлық құрылғылар
22. Құстар мен жануарларды ультракүлгін сәулелендіруге арналған жылжымалы құрылғылар
23. Ауыл шаруашылық өндірісіндегі инфрақызыл сәулелендіру құрылғылары.
24. Ауыл шаруашылық өндірісінің технологиялық процесіндегі көрінетін және инфрақызыл сәулелендіруді пайдалану.
25. Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығындағы жарықтандыру құрылғылары.
26. Жасанды жағдайда өсімдіктер өсіруде пайдаланылатын сәулелендіру құрылғылары.
27. Жарықтандыруды нормаландырудың жалпы қағидалары, жарықтандыру нормасының шкаласы, салалық нормалар.
28. Жарықтандыру құрылғыларын есептеудің әдістері.
29. Көрінетін шашыраудың сәулелендіру құрылғылары.
30. Бактерицидтік әсер ететін құрылғылар, қолданылу аумағы және есептеу әдістері.
Әдебиеттер тізімі
1. Справочная книга по светотехнике / Под ред. Ю.Б. Айзенберга – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Энергоатомиздат, 2008.
2. Баев В.И. Практикум по электрическому освещению и облучению. – М.: КолосС, 2008.
3. Долгих П.П., Кунгс Я.А., Цугленок К.В. Облучение сельскохозяйственных объектов: Учебное пособие. – Красноярск: Краснояр. гос. аграр. ун-т, 2006.
4. Айзенберг Ю.Б. Основы конструирования световых приборов: Учебное пособие для вузов. – М.: Энергоатомиздат, 1996.
5. Кнорринг Г.М. Справочная книга для проектирования электрического освещения. – СПб.: Энергоатомиздат. Санкт-Петербургское отделение, 1992.
6. Козинский В.А. Электрическое освещение и облучение. – М.: Агропромиздат, 1991.
7. Махнева О.П. Электрическое освещение: Учебное пособие. – Свердловск: Свердлов. инж.-пед. ин-т, 1990.
8. Жилинский Ю.М., Кумин В.Д. Электрическое освещение и облучение. – М.: Колос, 1982.
Мазмұны
1 № 1 Есептік-сызба жұмыс |
3 |
1.1 Тапсырма |
3 |
1.2 № 1 есептік-сызба жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар |
5 |
2 № 2 Есептік-сызба жұмыс |
5 |
2.1 Тапсырма |
5 |
Әдебиеттер тізімі |
7 |