Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Электр станциялары, тораптары және жүйелері кафедрасы
ЭНЕРГИЯНЫ АЙНЫМАЛЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТОКПЕН ЖЕТКІЗУ
5В071800 – Электр энергетика мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Алматы 2010
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ж. К. Оржанова., Н. А. Генбач, А. А. Дусимов. Энергияны айнымалы және тұрақты токпен жеткізу. 5В071800-Электр энергетикасы мамандығының барлық оқу түрінің бакалаврлары үшін лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: КЕАҚ АЭжБУ, 2010 – 22 бет.
Әдістемелік нұсқауға зертханалық жұмыстардың сипаттары кіреді. Оларға: жұмыстың мақсатын түсіндіру, жұмысқа дайындалуға ұсыныстар, соның ішінде, әдебиет көздеріне сілтемелер, теориялық сұрақтарға шолулар, жеке тапсырмаларға арналған нұсқалар, жұмыстың орындалу барысы мен есепті безендіруге қойылатын талаптарды түсіндіру жатады. Зертханалық жұмыстар студенттердің бұрыннан және курсты оқу барысында алған білімдерін бекітеді, “Электр энергетикалық жүйелер мен тораптар” мамандығы бойынша тәжірибелік жұмыстарға қажет біліктілігін жоғарылатады,
Кіріспе
«Айнымалы және тұрақты токпен энергияны жеткізу» курсы электрлік жүйелер облысында мамандандырылатын, инженер-электр энергетиктерді дайындауда негізгі пәндердің бірі болып табылады.
Аса жоғары кернеулі желілердің (АКЖ) функционалды рөлі қосарланған энергожүйеде (ҚЭЖ) және оның режимінің ерекшелігі бұл режимдерді жеке зерттеу мен талдауды талап етеді.
Сондықтан «Энергияны айнымалы және тұрақты токпен жеткізу» курсы бойынша зертханалық жұмыстардың зерттеу нысаны АКЖ желілерінің ұзындығына және берілетін қуатына байланысты режимдерін талдау болып табылады. Зертханалық жұмыстарда реактивтік қуаттың балансына және электр беріліс желілерінің аралық нүктелеріндегі кернеудің деңгейіне көп көңіл бөлінген.
Дайындық және жұмыстың орындалу реті
Зертханалық жұмыстарға дайындық кезінде осы әдістемелік нұсқау бөлімдерін және ұсынылатын әдебиеттерді оқып үйрену қажет.
Студент берілген материалдарды оқып үйренгеннен кейін, зертханалық жұмыстардың мақсатын, оның орындалу тәртібін ескеріп, бақылау сұрақтарына нақты жауап бере алуы керек. Соңынан зерттелетін торапқа математикалық үлгі дайындау қажет, яғни:
- берілген электр беріліс желісіне орын басу сұлбасын құру;
- электр беріліс желісінің орынбасу сұлба параметрлерін анықтау;
- қажетті алдын ала есептеулерді жүргізу;
- берілген формат бойынша қолданылатын бағдарлама нұсқауына сәйкес ЭЕМ –да есептеу үшін ақпараттарды дайындау.
Есептеулер қорытындысы кесте және графиктер түрінде безендіріледі. Студенттің теориялық білімі мен алдын ала есептеулері сәйкес болса, әрбір зертханалық жұмысты орындауға оқытушы жіберіп отырады. Зертханалық жұмысты орындау ЭЕМ нұсқауларына сәйкес Rastr бағдарламасы бойынша және тікелей оқытушының нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
Зертханалық жұмысты қорғау
Зертханалық жұмыстың барлық көлемін. Орындаған және есепті безендірген студент қорғауға жіберіледі. Есеп ақ қағаз (формат А4) стандарт беттерде бірдей формада безендіріледі. Жазулар қою бояулармен, суреттер – карандашпен жазылады.
Есепте міндетті түрде төмендегілер көрсетілуі керек:
- зертханалық жұмыстың мақсаты;
- жұмысқа дайындық үрдісі;
- жұмысты орындау реті;
- алынған нәтижелер ЭЕМ есептеулері түрінде;
- есептеулер нәтижесі бойынша талдау және қорытынды.
Бақылау сұрақтарына толық жауап берілсе, теориялық білімі мен жұмыстың орындалуы жоғары деңгейде болса, зертханалық жұмысты қорғау сәтті болып табылады.
1 Зертханалық жұмыс
Ұзындығы шамамен 1000 км және одан да жоғары АКЖ желілерінің жұмыс режимдерін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: әртүрлі жүктемеде жартылай толқынды желі бойымен тоқтың және кернеудің таралу сипатын зерттеу.
1.1 Жұмыстың мазмұны және дайындық
«Айнымалы және тұрақты токпен энергияны жеткізу» курсы бойынша қажетті теориялық материалдарды оқып үйрену. "Rastr" бағдарламасының жұмыс нұсқауымен танысу.
Соңынан:
а) 1.1. кестеде келтірілген бастапқы мәлімет нұсқалары бойынша, зерттелетін электр беріліс үшін берілген торап орынбасу сұлбасының параметрлерін есептеу;
б) сейілу параметрлерін есепке ала отырып, электр беріліс орынбасу сұлбасын құрастыру;
в) электр беріліс режимдерін есептеу үшін бастапқы мәліметтерді ЭЕМ-на енгізу;
г) аса жоғары жүктеме кезіндегі электр беріліс режимін есептеу, режимді талдау, кернеу деңгейлеріне баға беру. Егер, кернеу деңгейлері мүмкіндік шегінен шығып кетсе, оларды орнын толтырушы қондырғылар (синхронды компенсаторлар, шунттық реакторлар) арқылы реттеу;
д) электр беріліс режимін минимальдық жүктеме кезінде есептеу жүргізу. 4. п. көрсетілгендей режимдерді талдау. Сонымен, қатар шунттық реакторлармен кернеуді реттеу үшін синхронды компенсаторлардың реактивтік қуатты тұтыну режимі қарастырылуы қажет;
е) электр беріліс режимін жүктеменің апаттық ажыратылуы кезінде есептеу;
ж) 4,5,6 пункттері бойынша режимдерді есептеу қорытындысымен режимдерге жалпы талдау жасау. Әр түрлі жүктемеде кернеу (U), тоқ (I) және кернеу бұрышына (d) эпюралар тұрғызу.
1.2 Жұмыстың орындалу тәртібі
Дайындалған есептеу мәліметтерін ЭЕМ жадына енгізу («Rastr» бағдарламасының нұсқауына қара).
Бос жүріс режиміне есептеу жүргізу, Рж = Рнат , Рж < Рнат , Рж > Рнат . Электр беріліс жұмыс режимдерінің нәтижесін алып, компьютер экранынан көшіріп алыңыз.
Есептеу нәтижелері бойынша келесі тәуелділіктерді тұрғызу: U = f (l); U = f (P).
Алынған нәтижелерге талдау жасау және қорытынды шығару.
1.3 Бақылау сұрақтары және тапсырмалар
1.3.1 Параметрлердің түзету коэффициенті қашан енгізіледі?
1.3.2 АЖК желісіне анықтама беріңіз.
1.3.3 Желінің натурал қуаты қалай бағаланады? Ол қандай параметрлерге тәуелді? Толқындық кедергі дегеніміз не?
1.3.4 АЖК желі режимдерін бағалаудағы теңдеуді қолдана отырып, кернеу және тоқтың желі ұзындығы бойымен берілетін қуатқа тәуелділігінің сипаттамасын түсіндіріңіз.
1.1 к е с т е
№ |
Желі ұзындығы l,км |
Сым қимасы, F мм2 |
U, кВ |
1 |
1200 |
IIх240/39 |
1150 |
2 |
1000 |
5х240/56 |
750 |
3 |
1000 |
8х300/48 |
1150 |
4 |
1000 |
5х300/66 |
750 |
5 |
1400 |
8х300/43 |
1150 |
6 |
1000 |
5х400/51 |
750 |
7 |
800 |
IIх240/39 |
1150 |
8 |
800 |
4х400/93 |
750 |
9 |
800 |
8х300/48 |
1150 |
10 |
1000 |
4х500/64 |
750 |
11 |
800 |
8х330/43 |
1150 |
12 |
800 |
5х240/56 |
750 |
13 |
900 |
IIх240/39 |
1150 |
14 |
600 |
5х300/66 |
750 |
15 |
800 |
8х300/48 |
1150 |
16 |
800 |
5х400/51 |
750 |
2 Зертханалық жұмыс
АЖК 3000 км желінің жұмыс режимдерін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: әртүрлі жүктемеде жартылай толқынды желі бойымен тоқтың және кернеудің таралу сипатын зерттеу.
2.1 Жұмыстың мазмұны
2.1.1 АЖК жартылай толқынды желілер параметрлерінің таралуын есепке ала отырып орынбасу сұлбасын құрастыру және сол параметрлерді анықтау (бастапқы мәліметтер нұсқасы 2.1 кестеде келтірілген).
2.1.2 АЖК жартылай толқынды (l=3000 км) желілер режимдерін есептеу:
а) (бос жүріс);
б)
в)
г)
2.1.3 Әр түрлі жүктеме кезінде эпюрасын тұрғызу.
2.2 Жұмыстың орындалу тәртібі
« Энергияны айнымалы және тұрақты токпен жеткізу» курсы бойынша қажетті теориялық материалдарды оқып үйрену. "Rastr" бағдарламасының жұмыс нұсқауымен танысу.
Соңынан:
а) Дайындалған есептеу мәліметтерін ЭЕМ жадына енгізу («Rastr» бағдарламасының нұсқауына қара);
б) Бос жүріс режиміне есептеу жүргізу, Рж = Рнат , Рж < Рнат , Рж > Рнат . Есептеу нәтижелерін 2.1 кестеге енгізу;
в) Есептеулер нәтижелері бойынша келесі тәуелділіктерді тұрғызу:
г) Алынған нәтижелерге талдау жасау және қорытынды шығару.
2.1 к е с т е
№ |
Ұзындығы бойынша бөліктер саны, n |
Сым қимасы, F |
U, кВ |
1 |
6 |
11х240/39 |
1150 |
2 |
8 |
5х240/56 |
750 |
3 |
10 |
8х300/48 |
1150 |
4 |
12 |
5х300/66 |
750 |
5 |
14 |
8х300/43 |
1150 |
6 |
16 |
5х400/51 |
750 |
7 |
4 |
11х240/39 |
1150 |
2.1 к е с т е жалғасы
8 |
6 |
4х400/93 |
750 |
9 |
8 |
8х300/48 |
1150 |
10 |
10 |
4х500/64 |
750 |
11 |
12 |
8х330/43 |
1150 |
12 |
14 |
5х240/56 |
750 |
13 |
16 |
11х240/39 |
1150 |
14 |
15 |
5х300/66 |
750 |
15 |
5 |
8х300/48 |
1150 |
16 |
4 |
5х400/51 |
750 |
2.3 Бақылау сұрақтары және тапсырмалар
2.3.1 Орынбасу сұлбасы параметрлерінің түзету коэффициенті қашан енгізіледі және олар қалай анықталады?
2.3.2 Жартылай толқынды желінің ерекшелігі қандай?
2.3.3 Қандай режимде бұрышы бұрышына тең?
2.3.4 ЭБЖ бос жүрісі кезінде бұрышы қалай өзгереді?
2.3.5 Не себептен бос жүріс режимінде желі басындағы кернеумен соңындағы кернеу тең?
2.3.6 Желі бойымен берілетін қуатқа тәуелді, желі ұзындығы бойымен U және Iөзгеру сипатын көрсетіңіз және түсіндіріңіз?
3 Зерханалық жұмыс
Икемделінген электр беріліс жұмыс режимдерін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: икемделінген электр беріліс жұмыс режимдерін зерттеу және икемдеу құрылғыларының шамаларын анықтау.
3.1 Жұмыстың мазмұны
3.1.1 АЖК желілерінің орынбасу сұлбасын құрастыру және икемдеуші құрылғылар параметрлерін есептеу.
3.1.2 ЭЕМ-да есептеу үшін бастапқы мәліметтерді дайындау.
3.1.3 «Жартылай толқынға икемделінген» желі режимдерін есептеу:
а) (бос жүріс);
б)
в)
г)
3.1.4 Тәуелділіктер графигін тұрғызу:
3.2 Жұмысқа дайындық
3.2.1 Берілген АЖК желісі үшін (бастапқы мәліметтер нұсқасы 3.1 кестеде келтірілген) орынбасу сұлбасын құрастыру және сол сұлба есептік параметрлерін анықтау.
3.2.2 Жартылай толқынға икемдеу кезінде икемдеу бұрышы болатынын есепке ала отырып, икемдеуші құрылғылардың (ИҚ) параметрлерін есептеу. Желіні көлденең сыйымдылықпен икемдеу кезінде әрбір ИҚ өткізгіштігі мен қуаты келесі теңдеумен анықталады
мұнда - икемделетін желінің ұзындығы;
- икемдеуде алынған бұрышы;
- шекарасында ИҚ орналасқан желі бөліктерінің саны;
- толқындық кедергі.
Желіні бойлық индуктивтілікпен икемдеу мүмкін, егер ИҚ келесі шартпен таңдалса
Икемдеудің желі соңы бойынша бойлық индуктивтілік және көлденең сыйымдылығының аралас сұлбасы
3.2.3 Жаңа толқындық кедергі және табиғи қуатты анықтау.
3.1 к е с т е
№ |
U, кВ |
l, км |
Сым қимасы, F |
Икемдеу сұлбасы |
1 |
1150 |
1500 |
11х240/39 |
|
2 |
750 |
1600 |
5х240/56 |
|
3 |
1150 |
1700 |
8х300/48 |
|
4 |
750 |
1800 |
5х300/66 |
|
5 |
1150 |
2000 |
8х330/43 |
|
6 |
750 |
2100 |
5х400/51 |
|
7 |
1150 |
2200 |
8х300/48 |
|
8 |
750 |
2300 |
4х500/64 |
|
9 |
1150 |
2400 |
8х330/43 |
|
10 |
750 |
2500 |
5х240/56 |
|
11 |
1150 |
2700 |
11х240/39 |
|
12 |
750 |
2800 |
5х300/66 |
|
13 |
1150 |
1900 |
8х300/48 |
3.1 к е с т е жалғасы
14 |
750 |
3500 |
5х400/51 |
|
15 |
1150 |
3400 |
11х240/39 |
|
16 |
750 |
3300 |
5х300/66 |
3.3 Жұмыстың орындалу тәртібі
3.3.1 Дайындалған есептеу мәліметтерін ЭЕМ жадына енгізу («Rastr» бағдарламасының нұсқауына қара);
3.3.2 Режимдерге есептеу жүргізу:
3.3.3 Есептеу нәтижелерін 3.2.кестеге енгізу.
3.4 Бақылау сұрақтары және тапсырмалар
3.4.1 ИҚ параметрлері қалай анықталады?
3.4.2 Икемдеуші сыйымдылықтың бірнеше пункттерге бөлудің орындылығы немен түсіндіріледі?
3.4.3 Не үшін желіні жартылай толқынға икемдейді және ол қалай орындалады?
3.4.4 Нөлдік ұзындыққа икемдеу туралы айтып беру
3.4.5 Жартылай толқынға икемделген желілер сипатын түсіндіру.
3.2 к е с т е
Режим |
Шама өлшемі |
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|||||
|
U I d |
|
|
|
|
|
|
|
|
U I d |
|
|
|
|
|
|
|
|
U I d |
|
|
|
|
|
|
|
|
U I d |
|
|
|
|
|
|
|
4 Зертханалық жұмыс
Аралық қосалқы станциясы бар электр беріліс желілерінің режимдерін талдау.
Жұмыстың мақсаты: аралық қосалқы станциясы бар АЖК электр беріліс желілер режимдерін зерттеу. Компенсациялық құрылғыларды есепке алал отырып, реактивті қуат балансын талдау.
4.1 Жұмыстың мазмұны
Жұмыста қашықтағы су электр станциясынан (СЭС) қабылдау жүйесіне электр энергиясын тасымалдауға арналған бір аралық қосалқы станциясы бар айнымалы тоқ пен электр берілісі (АЖК) қарастырылады. Электр беріліс желілерінің режимдерін зерттеу үш режим үшін жүргізіледі: максималды қуат берілісі режимі, минималды қуат берілісі режимі, максималды жүктеме кезіндегі апаттық режим.
4.2 Жұмыстың орындалу тәртібі
" Айнымалы және тұрақты токпен энергияны жеткізу " курсы бойынша қажетті теориялық материалдарды оқып-үйрену. "Rastr" бағдарламасының жұмыс нұсқасымен танысу.
Соңынан:
а) 4.1 суретте көрсетілген зерттелетін электр берілісі үшін, 4.1 кестеде келтірілген бастапқы мәліметтер нұсқасы бойынша берілген тораптың орын басу сұлбасының параметрлерін есептеу;
б) электр беріліс орынбасу сұлбасын тізбектік сұлба түрінде құру;
в) электр беріліс орынбасу сұлбасының параметрлерін, сонымен қатар, беріліс станциялары және аралық қосалқы станциялардағы трансформаторлардың орын басу сұлбасы параметрлерін анықтау;
г) электр беріліс режимдерін есептеу үшін бастапқы мәліметтерді ЭЕМ енгізу;
д) максималды жүктеме кезіндегі электр беріліс режимдеріне есептеу жүргізу, соның ішінде кернеудің мәні электр берілістің әрбір бөлігінің соңында бірдей болып алынады. Режимге талдау жасау, электр берілісінің аралық нүктелерінде және аралық қосалқы станциялар шиналарында кернеудің деңгейіне баға беру. Егер, кернеудің деңгейі белгіленген шектен шығып кетсе, компенсациялық құрылғыларды (синхрондық компенсаторлар, шунттық реакторлар) қолдану арқылы оларды реттеу шараларын жүргізу. Аралық қосалқы станциялардағы кернеуді ретке келтіру үшін автотрансформаторлардың ЖКР құрылысы қолданылды;
е) минималды жүктеме кезінде электр беріліс режимдеріне есептеу жүргізу. 5 бөлімде көрсетілгендей режимдерге талдау жүргізу. Сонымен қатар, шунттық реакторлармен кернеуді реттеу үшін синхрондық компенсаторлар және станциялардағы генераторлардың реактивтік қуатты тұтыну режимі қарастырылуы тиіс;
ж) аралық қосалқы станцияны қабылдау жүйесімен байланыстыратын электр берілісінің екінші бөлігіндегі бір тізбектің апаттық ажыратылуы кезіндегі электр беріліс режимдеріне есептеу жүргізу. 5,6. бөлімдердегідей кернеуді реттеу бойынша шаралар және режимдерге талдау.
4.1 к е с т е
№ |
Р |
, км |
F1150, мм2 |
, км |
F500, мм2 |
Р |
Sн % Sср |
cosj п/ст |
қ/ст АТ типі |
1 |
1200 |
500 |
8х300/48 |
280 |
3х330/43 |
650 |
20 |
0,95 |
1х(3х667) |
2 |
1000 |
600 |
8х330/43 |
270 |
3х300/66 |
450 |
10 |
0,9 |
2х(3х667) |
3 |
900 |
700 |
8х300/48 |
250 |
3х400/51 |
300 |
10 |
0,9 |
2х(3х667) |
4 |
2000 |
500 |
12х240/39 |
250 |
3х330/43 |
1200 |
15 |
0,95 |
2х(3х667) |
5 |
3000 |
500 |
12х240/39 |
200 |
3х500/64 |
2200 |
10 |
0,9 |
2х(3х667) |
6 |
2500 |
500 |
8х300/48 |
200 |
3х300/66 |
1400 |
20 |
0,9 |
2х(3х667) |
7 |
2200 |
600 |
8х330/43 |
250 |
3х500/64 |
1500 |
20 |
0,95 |
2х(3х667) |
8 |
1200 |
700 |
8х300/48 |
260 |
3х330/43 |
600 |
10 |
0,9 |
2х(3х667) |
9 |
1000 |
600 |
8х300/48 |
240 |
3х400/51 |
500 |
15 |
0,95 |
1х(3х667) |
10 |
900 |
600 |
8х330/43 |
300 |
3х330/43 |
400 |
10 |
0,87 |
1х(3х667) |
11 |
900 |
600 |
8х300/48 |
300 |
3х300/66 |
300 |
20 |
0,89 |
1х(3х667) |
12 |
2000 |
500 |
8х300/48 |
300 |
3х400/51 |
1400 |
10 |
0,95 |
2х(3х667) |
13 |
3000 |
500 |
8х330/43 |
275 |
3х500/64 |
2300 |
10 |
0,95 |
2х(3х667) |
14 |
1200 |
500 |
8х300/48 |
245 |
3х400/51 |
600 |
20 |
0,9 |
1х(3х667) |
15 |
900 |
600 |
8х330/43 |
300 |
3х500/64 |
250 |
10 |
0,88 |
1х(3х667) |
16 |
900 |
600 |
8х300/48 |
300 |
3х300/66 |
350 |
10 |
0,87 |
1х(3х667) |
Ескерту: cosjг = 0,85; Р/ Р= 0,7
з) 5,6,7 бөлімдері бойынша режимдерді есептеу нәтижелеріне сәйкес реактивті қуат балансын құрастыру және режимдерге жалпы талдау жасау. Талдау нәтижелерін 4.2 кестеге енгізу.
4.2 к е с т е
Режим |
U1 кВ
|
U2 кВ |
U3 кВ |
U4 кВ |
U5 кВ |
КҚ түрі және қуаты |
||
1 |
2 |
3 |
||||||
Максимальдық режим |
|
|
|
|
|
|
|
|
Минимальдық режим |
|
|
|
|
|
|
|
|
Апаттан кейінгі режим |
|
|
|
|
|
|
|
|
4.3 Бақылау сұрақтары және тапсырмалар
4.3.1 Аралық қосалқы станциясы бар электр беріліс орын басу сұлбасын құрастыру ретін көрсету.
4.3.2 Неліктен АЖК желілері үшін реактивті қуат балансын жеке құрастыру қажет?
4.4.3 АЖК желісінде кернеудің мүмкін болатын өзгеру диапазоны қандай?
4.4.4 АЖК желісіндегі кернеуді реттеу тәсілдері мен амалдары қандай?
4.1 Сурет
А қосымшасы
Rastr программасы көмегімен тораптың таңдалған нұсқасы жұмыс режимін есептеу.
Rastr программасы жүйесі ПЭВМ IBM PC-дегі электр жүйесі және сонымен байланысты қалыптасқан режимдерді анализдеу және есептеу үшін арналған. Rastr эквиваленттелінген және қиындатылған режимдерді есептеуге мүмкіндік береді, экрандық енгізу берілгендерді коррекциялау, жүйенің түйіндері және тармақтарын тез арада сөндіру ықпалдықтарымен қамтамасыз етеді. Тораптарды аудандандыру ықпалдығы, жүйенің графикалық көрсеткіші немесе олардың практикалық кез-келген есептеу және берілу параметрлері бар бөлек фрагменттері.
А.1 Rastr –ды жіберу (запуск)
rastr- жүктеуі бар соңғы жүйе
rastr- <аты>- жүктеуі бар файл <аты>;
rastr- жұмыс файлының қалыптасуымен бірге.
А.2 Басты меню
Rastr- ды жүктегеннен кейін Сіз негізгі командалар берілген басты менюге кіресіз. Меню бойынша орын ауыстыру үшін:
а) курсордың орын ауыстыру батырмасы, <Enter> берілген командаға кіру, <Esc> шығу;
б) функционалдық батырма – сіз қай жерде болмасаңыз, Alt батырмасымен горизонталды менюдің түсті әріппен ерекшеленуімен бірге басу бұл команданы іске асыруына әкеледі. (орысша (!) кирилица және тіркеуге тәуелсіз әріптері берілген батырманы қолданыңыз). Мысалы, Alt Д/В/У- программаның кез-келген жерінен «түйін» кестесіне әкеледі. F1-F10 батырмасы менюге кірмейтін командаларды орындау үшін қолданылады. Олардың анықтамасы экранның соңғы жолында көрсетілген, ал Alt F1-F10 батырманың анықтамасын Alt батырмасын басу арқылы көруге болады;
в) тышқан – инверсивті курсоры бар түспен ерекшелінген орын екі кнопкалы тышқан қолданылады, тышқанның сол жақтағы батырмасын басу программалық курсорды берілген орынға орын ауыстыруға әкеледі, ол сол жақ батырманы («клик») тез екі рет бассаңыз, берілген команданы орындауға әкеледі. (Enter-ге ұқсас).
Экранның соңғы жолындағы сол батырманы басу арқылы тиісті команданы орындауға бара аласыз (Alt кнопкасын басудан тәуелді). Тышқанның оң батырманы Esc батырмасы сияқты қолданылады.
«Скрыть» - файлға басқа парольмен кіруге болмайды. «Нормально» - барлық қолданушыларға оқу және жазып алуға рұқсат етілген. Атрибуттарды орнату DOC-файл атрибуттарына әсерін тигізбейді.
F10 – Rastr жұмысын аяқтау.
Alt F10 – кеңейтілген протоколды көрсету.
F2, F3 –командаларын орындаған кезде файлдың аты MS DOC ережелеріне тиісті кеңейтусіз енгізіледі (бірден сегіз символға дейін). Файлдың аты маска түрінде болуы мүмкін (символдар * ?), бұл кезде жұмыс каталогындағы және таңдалған маскаға тиісті экранда режимді файлдар туралы ақпарат пайда болады. Курсорды басқара отырып қажеттіні таңдап алуға және жүктеу (Enter) немесе жоюға (Del) болады. Жүктелген файлдың сипаттамасы экранның бірінші жолында көрсетіледі және келесі ақпараттардан тұрады: файлдың аты, жүйенің аты, түйіндер, тармақтар, аудандар сандары, килобайттағы мөлшер, құрылған күні және уақыты.
Жүктелген файлды жұмыс каталогында сақтау үшін F2-басу керек және қажет болса атын өзгертуге болады. Кеңейтілген протокол (Alt + F10) программаның кез-келген жерінен орындалады және орындалған команданың нәтижелері туралы толық ақпарат алуға болады.
А.3 «Берілгендер» командасы
Берілгендер көмегі барлық операцияларды орындауға мүмкіндік береді.
А.3.1 <<Енгізу/кор>> қосалқы командасы
Экранды енгізу, коррекция, берілгендердің бейнесін шығарады.
Бұл қосалқы команданы енгізгеннен кейін Сізге қажетті объекттердіњ «түйіндер», «аудандар», «тармақтар», «полиномдар» типтерін таңдау және Enter –ді басу керек. Содан кейін сіз тиісті кестеге кіресіз.
TAB-келесі бағана;
Shift TAB-өткен бағана;
PGDN-алдыңғы парақ;
PGUP-артқы парақ;
Ctrl PGUP-кестеніњ басы;
Ctrl PGDN-кестеніњ соңы;
Кестеде тышқанның сол кнопкасы керекті позицияға курсорды орын ауыстыру үшін қолданылады, экранның бір аумағынан сол батырманы ұзақ басу экранды жоғары, төмен, оңға солға орын ауыстыруға мүмкіндік береді. Оң батырманың жұмысы менюге тиісті (Alt F7) беруге болады.
А.3.2 Функционалдық батырмалар
Alt F7- келесі кестені басып шығару. Мұнда қатарлар ғана шығарылады (меню F3) басып шығаруда берілген максимал ені қолданылады;
Alt F8- кестедегі жолды жою;
Alt F9- тышқанның оң батырмасына келесі орындалатын функцияны бергенде меню шығады, одан керекті функцияны таңдап алсақ болады: іздеу, қосып/өшіру, белгілеу/белгіні өшіру, жолды белгілеу;
Alt F10- кеңейтілген протоколды көрсету.
Esc- менюден шығу.
А.3.3 Берілген форматы:
а) «Түйін»
Район-районның нөмірі, оған келесі түйін жатады [1-255];
Нөмір- түйін нөмірі [1-255];
N- статикалық мінездеме нөмірі [0-32000];
О- берілмеген, 1,2-стандартты;
3-32000 – «Полиномы» кестесіне қолданушының өзі береді;
Аты-түйін аты [0-12 символдар];
Uном- номинал кернеу;
Pнаг, Qнаг-қуат жүктемесі;
Pген, Qген-генерация қуаты;
Qmin, Qmax- реактив қуатының генерация ауқымы, ол түйінде модульданады, егер Qmin< Qmax.
Gшунт, Bшунт- шунттың жерге өтімділігі (мк Сим)
V,Delta – кернеу бұрышы және моделі.
Xг – генератор кедергісі;
б) «Тармақ»
Nнач, Nкон- түйін нөмірі.
Nп- параллелді нөмір;
R,X – кедергі;
GB - өткізгіштік (мк Сим) ЭБЖ – үшін толық шунт өткізгіші П-түрлі схема (В<0)
Kт/в, Kт/m- заттың және жалған бөлігінің трансформация коэфициенті.
Тармақ кедергісі Uнач кернеуіне, ал трансформация коэффициенті Uкон/ Uнач анықталады. Нөлдік кедергісі бар тармақ берілген кезде ажыратқыш ретінде қабылданады;
в) «Райондар»
Нөмір-район нөмірі
Аты-аты (0-12 символдар)
dPн, dQн, dPг – коэффициент, бұған райондардың қуаты көбейтіледі;
г) "Полиномдар"
СХН-СХН нөмірі
P0,P1,P2,P3 –актив қуатының жүктемедегі полином коэффициенті.
Q0,Q1,Q2,Q3 –реактив қуатының жүктемедегі полином коэффициенті.
Полиномдар – полиномдық коэффициенттер төртінші дәрежеде беріледі.
СХН түрлі стандартты полиномдар мынандай болады:
N=1,2 P0=0,83 P1=0,3 P2=0,47
N=1 Q0=3,7 Q1=7 Q2=4,3
0815<U/Uном<1,2
N=1,2 Q0=1,49 егер U/Uном>1,2
N=1 Q0=0,721 Q1=0,158 егер U/Uном<0,81
N=2 Q0=0,657 Q1=0,158 егер U/Uном<0,815
А.3.4 «Бақылау» қосалқы командасы
Базамен байланыспаған түйіндердің, түйіндерсіз байланыстың және байланыссыз түйіндердің сұлбасында бар болуын тексеру. Мұндай объектілердің барлығы сөндіріледі. Түйіндердің номиналдық кернеуімен трансформаторлық коэффициентінің сәйкестенуі бақыланады. Керекті жағдайда баќылау есептеулерде автоматты түрде орындалады. Бақылау нәтижелері туралы ақпарат кеңейтілген протоколға енгізіледі, оны әр уақытта Alt10 батырмасын басу арқылы қарауға болады.
А.4 «Нәтижелер» командасы
А.4.1 «Түйіндер» қосалқы командасы
ПЕЧ Р КУРСа сияқты есептелінеді. PGUP, PG DN батырмаларын басу арқылы кестені көре аласыз; кестелерді парақтау үшін, бір түйінде орын ауыстыру үшін. Түйіндік байланыстардың барлығы экранда көрсетіледі. Сізге керекті түйінге тікелей өту үшін, оның нөмірін жазып Enter-ді басу керек, егер мұндай нөмірлі түйін жоқ болса, орын ауыстыру мүмкін емес. Кестенің басына өту үшін Ctrl^PGUP батырмасын, ал аяғына өту үшін Ctrl^PGDN батырмасын басу керек. Аудан өрісіне ауданның нөмірін енгізгенде тек қана сол ауданға кіретін түйіндер белгіленеді, жүйеаралық желілер басқа түспен бейнеленеді, түйінді іздеу берілген ауданда ғана орындалады. Көру режиміне өту үшін аудан нөмірін өшіріп Enter-ді басу керек. Белгіленген түйіндерді көру үшін F9 батырмасын басу керек, қайталап басқанда барлық сұлба көрінеді:
Бір түйіннен екінші түйінге тез өту үшін тышқанның оң батырмасын қолданамыз, түйіндердің нөмірі бар жолды басқан кезде экрандағы байланысы бар түйіндердің пайда болуына әкеледі:
а) басып шығару функциясы:
F7- бір түйіндегі ақпаратты басып шығару (түйін нөмірі, экрандағы белгіленген бірінші жол).
F8- таңдап басып шығару. F8 басқаннан кейін таңдалған түйіндердің тізімінің мұқтажы басып шығарылады. Тізімді енгізгеннен кейін бұйрық орындалу үшін Enter-ді басу керек, ал одан бас тарту үшін Esc батырмасын басу керек. Енгізілген тізім келесі жұмыста сақталады. Оны стандарт кілттер арқылы коррекциялауға болады. Режимді қиындату қолданғанда бұл тізім түйін тізімімен сәйкес келетінін ескеру керек;
б) қосымша функциялар.
F3- аудандар кестесіне көшу;
F4- шығын кестесіне көшу.
А.4.2 «Шығын» қосалқы командасы
Бұл қосалқы команда берілген аудан немесе барлық торап бойынша актив және реактив қуат шығындарын структуралық талдауға арналған.
Кестені басып шығару үшін – F8.
Қосымша функциялар: F2- түйін кестесіне көшу;
F3- райондар кестесіне көшу.
А.5 Сұлбаны аудандастыру
Энергоқұрылымдардың үлкен сұлбасының режимін есептеуде бөлек аудандар және олардың арасындағы ағындардың қуат баланстарын талдауға мүмкіндік береді. Мысалы, осы МЭС-ке кіретін тораптағы түйіндерді шығыс МЭС-тің режимдерін есептеген кезде бөлу керек.
ЭС-тің әрбір түйінін аудан өрісі арқылы RASTR программасына белгілі ауданға жатқызуға болады. Нөмір ауданы – бұл диапазондағы тұтас сан -1-255, алаңды тез және ауданды толтыру үшін мына топтарды қолдану керек. Курсорды колонкадағы ауданға орналастырып және Alt+F1 командасын орындаймыз. Мысалы түйінді апару үшін 1-ден 200, 400-ден 500 сонымен бірге 30 және 66 түйіндерін бірінші ауданға алу керек.
1-200,400-500,30,66-1.
Тең таңбасынан кейін өзіне керек ауданның нөмірі көрсетіледі.
Ввод/Кор менюінде Аудан кестесі орналасқан, соған келесі информацияларды енгізуге болады:
Нөмір-аудан нөмірі;
Аты-аудан аты (0-12 символдар).
А.6 График
RASTR программасында түйіндерді көлденең немесе түзу сызықтармен оларды символдық фигура түрінде, батарея конденсаторлар түрінде көрсетуге болады. Шина түйіндегі секцияға бөлінеді, олардың әрқайсысына жалғасқан тармақтарды немесе фигураларды қосуға болады. Әрбір секцияға екіден кем емес жалғауларды қосуға талпынды, мысалы көлделең ориентация кезінде шина жоғары немесе төмен, көлденең орналасқан және әр түрлі секцияға қосылуы.
Әрбір тармақта өзінің бастапқы және соңғы нөмірі болады, осы нөмірлер Ввод командасы арқылы экранға автоматты түрде шығады.
Сұлбаны шығарып алу үшін оған арнайы элементтер орындалады.
Түстер аудандарды, белгілеп алған түйіндерді және сызықты, сонымен қатар дайындалған МЭС түйіндер схемасын бөлуге қолданылады;
қалыңдығы орташа кернеуді бөлуге қолданылады;
тұтас немесе үзік – үзік сызықтар қосылған немесе өшірілген элементтерді бөлуге қолданылады.
Текст алаңы информациямен толтырылған, түйін тармағымен немесе қойылған жазуды байланыстыру.
Графикті қосу алдында с±лба мен графикті бейне түрінде компьютер экранына құрастыру. Программамен жұмыс істеуге рұќсат үлгісін мұғалімнен алу керек.
Тышқан редактор тақтасымен жұмыс жасаудың және нәтиже аларда өз ерекшелігі болады.
Экранның бірінші тармағына қате туралы хаттама орналасады және алдын – ала ескертпе шығады, егер ол болса. Анықтаманың түрлері:
<kod> - <v> - <текст> (Y/N),
kod – модульдің аты, берілген хаттама;
v –хаттама түрі;
W – ескерту;
E – қате;
F – фатальдық қате.
Хаттама пайда болысымен міндетті түрде Y жүргізу, егер сіз келіссеңіз, немесе басқа жағдайда оны кез – келген батырмамен аяқтау.
F1 – ді міндетті түрде активтендіру үшін бағдарламаның баллық жағдайында контексттік жүйесі іске асады, нұсқау мазмұнын шығару үшін F1 міндетті түрде қатарынан басу қажет.
Сізден бірнеше команданы орындау үшін қосымша анықтама орындауды қажет етеді (файылдың аты, тізбе), сіз барлық жағдайда барлық батырманы орындау курсорының шығу көмегімен басқара аласыз, және
Ins – пробел қою,
Del – курсор үстінде символды өшіру,
Bs – курсор алдында символды өшіру,
Ctrl^Bs – барлық тексті өшіру,
Home – курсор басында,
End – курсор соңында.
а) бас менюдің функционалдық батырмасы:
F1 – HELP, қайталау – мазмұн HELP,
F2 – режимдік файлды сақтау,
F3 – режимдік файлды жүктеу,
F4 – өтпелі дискті өзгерту,
F5 – өтпелі тізбекті өзгерту,
F6 – видеорежимді өзгерткенде ол стандарт видеорежимін (экранның 25 тармағын) EGA (43 - тармақ), режиміне VGA (50 тармақ) және керісінше ауыстырып қоса алады.
F7 – өтпелі сызбаның (схема) атын таңдау,
F8 – файлға жіберілетін жиынтық ушін пароль таңдау,
F9 – өтпелі сызбаның салаларын орнату (оның салалары өзгергеннен кейін оны сақтау қажет) оның салалары тек парольмен жұмыс істегенде ғана маңызды.
F2 – ауыстырып қосу режимі коррекция / қарап шығу, көру режимінде барлық мүмкіндіктер коррекцияға кілттенген;
F3 – менюдегі салалардың бағаналар ауысуы, бұл менюде Ins көмегі бойынша әр түрлі алаңдарды экранда ауыстыру, ал Del әрбір бағананы экранда жауып тастауға қолданылады. Enter – калонка мен бейнеленген сандардың ара қашықтықты өзгерту. Esc – менюден шығу;
F4 – түйін немесе тармақты іздеу;
F5 – базалық түйінді таңдау / алып тастау;
F6 – таңдаған түйінді немесе тармақты қосу / өшіру;
F7 – белгілеу / белгіні алу / тармақ;
F8 – бас тармақты қосу;
F9 – тармақты қайталау;
F10 – кестеден шығу.
Alt F1 – түйіндер мен тармақтардың топталу тапсырмасы, маркер сол бағанада орналасу керек, элементтерді корректорды қажет етеді. Тармаққа кіру мына түрмен кіруді қажет етеді:
<таңдау> =[белгі]<мән>,
таңдау деген жерде – нөмір немесе диапазон түйін нөмірлер, нөмірлер үтір арқылы, ал диапазон – дефис арқылы айырылады.
Белгі + - алдыңғы параметрге қосылу;
* - параметрге көбейту;
\ - қайтымды бөлу;
/ - параметрді бөлу.
Параметрде белгінің болмауы, тапсырмада қойылады.
Мысалы: 10, 20, 100, 200, 56=100 түйін параметрлері 10, 20, 56 мен диапазонда 100- ден 200- ге, 100- ге тең қойылған.
10, 20, 100 – 200 =*1.2 параметрлер 1,2 түйіндерінде көбейтіледі.
Тармақпен жұмыс істер алдында, тармақ облыс коррекцияға, бір түйіннің байланысуы таңдауға түсу керек.
Alt F2 – топтық коммутациялы немесе түйіндер мен тармақтарды белгілеу меню байланысуы шығады, керек коммутацияны таңдап алып, содан меню таңдауын, қажет еткен таңдауды белгілеу.
Alt F3 – қажет еткен түстер редакторын таңдап қою. Таңдаған кезде барлық түстер файлмен бірге сақталады.
Alt F5 – меню коммутациясы түйіндер мен тармақтардың күрделі коммутацияны жасап шығарады.
Түйіндерге байланысты шунттарды жерге өшіруге, генерация мен жүктемені өшіру, реттеуді Q өшіру, түйіннің барлық қажетті байланысын өшіру, сонымен қатар кез – келген орынды өшіру. Тармаққа байланысты тармақты басында өшіру, соңында толық тармақтың өшуі.
Әдебиеттер тізімі
1. Новые средства передачи электроэнергии в энергосистемах. Под ред. Г.Н.Александрова. –Л.: Энергия, 1987.
2. Веников В.А., Рыжов Ю.П. Дальние электропередачи переменного и постоянного тока.– М.: Энергоатомиздат, 1985.
3. Строев Э.С. Наладка и испытание электрооборудования электростанций и подстанций. – М.: Энергоатомиздат, 1986. – 504 с.
Мазмұны
Кіріспе |
3 |
Дайындық және жұмыстың орындалу реті |
3 |
Зертханалық жұмысты қорғау |
3 |
1 Зертханалық жұмыс |
4 |
2 Зертханалық жұмыс |
6 |
3 Зертханалық жұмыс |
7 |
4 Зертханалық жұмыс |
10 |
Қосымша |
13 |
Әдебиеттер тізімі |
21 |