Коммерциялық емес акционерлік қоғамы 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ 

Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы 

 

 

 

 

Энергожүйесін автоматтандыру.

ЭЕМ-ның көмегімен вакуумды айырғышты автоматты қайта қосу

Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау (050718 – Электр энергетикасы мамандығының барлық оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін)

 

 

 

Алматы 2010 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ю.Г.Черемесинов, Р.Т. Мукашева «ЭЕМ      көмегімен вакуумдік айырғыштың автоматты қайта қосу». Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 050718 – Электр энергетикасы мамандығының барлық оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін.- Алматы: АЭжБУ, 2010.-26 c. 

        

Әдістемелік нұсқау ”Энергияжүйесін автоматтандыру” курсы бойыша жұмыс сипаттамасы, зертханалық жұмыстарды орындауға, оларды безендіруге және қорғауға арналаған жалпы түсініктемелерден тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.

Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының барлық оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін

        

Теориялық түсініктеме

 

       Ауа желісінің электроберіліс эксплуатация тәжірибесіне сүйенсек, құрылғы қорғанысының тікелей емес өшуінен кейін 85%-ке жуық доғалық қысқаша тұйықталу автоматты түрде шеттетіледі, ал ЭБЖ(Электр беріліс желісі) қайтадан қосылуы мүмкін. Мұндай қайта қосылу автоматикалық қайта қосылумен(АҚҚ) орындалады. Егер қайта қосылудан кейін қысқа тұйықталу қалса (электрлік доға өшпеген немесе металлдық қысқа тұйықталу болғанда), құрылғы қорғанысы оны соңына дейін өшіреді. Кейбір желілерде қайта қосылуда бірнеше әдістер орындалады. 7SJ600 құрылғысында үшфазалы интегралданған, бір және бірнеше  қайта қосылу автоматикасы. АҚҚ –ны орындайтын функцияны қорғау түрлері жеңіл программалана алады. Максималды ток қорғанысы уақыт ұстанымымен және жүктеменің мүмкіндік  қорғанысының цифрлық құрылғысы халықаралық IEC225 сериялы нормамен және ұлттық DIN57435/бөлім 303(сәйкесVDE 0435/3) нормамен сәйкес келеді.

        Өнім Еуропалық Ұйым Кеңесінің Директивасы жағдайымен, құқтық мүшесі электромагнитті сәйкестену Еуропалық Ұйымымен (EMV-директивасы 89/336/EWG) сәйкес келеді.

         Негізгі нормамен EN 50081-2 EN 50082-2 c2 сәйкес мамандандырылған Еуропалық Кеңес Ұйымының Директивасы 10 мақалаға сәйкес Siemens AG фирмасында өткізілген  тексеріс қорытындысы растау болып табылады.

Бұл аспап EMV өндірісінің нормасы бойынша шығарылып дайындалған.

Өндіріліс халықаралық норма сериясы IEC225 пен ұлттық  нормасы DIN57 435/ 303 бөлім  бойынша сәйкес келеді.

Келесі норомалар: ANSI/IEEE пен 37.90, C37.90.1  және C37.90.2.

          Қысқаша мінездемесі: 7SJ600 релесі тәуелді және тәуелсіз максималды токтык қорғанысы бар ВК, КЛ трансформаторлар мен двигательдерінің ұстамдылық уақыт қоғанысы үшін жоғары волттық таратқыш системаларындағы бір жақты қамтамассыздық немесе тұйықталмаған сақина желілерінде қолданылады. Және ол дифференциалдық қорғау сызығы, трансформатор, генератор, электроқозғалтқыш пен жинақталған шиналарын резервтік қорғаныс үшін қолданылады.  Бұл жағдайда нейтральды  нүкте желісі онша маңызды емес. Бұдан баскқа, 7SJ600 де   функциясының интегралдану перегрускалардан қорғайды және пуск уақытын сақтайды, ол кабел перегрузкадан қорғаулы, ал моторлар өте ұзақ пуск пен асимметрия перегрускасы үшін арналған.Ауа желісінің электрберілісі үшін автоматикалы қайта қосу максималды тоғызқайталанғыш қосылғышқа тапсырыс беруге болады.

          Желідегі апат кезінде өлшенген өлшемдердің лездік мәндері 5 сек мерзімінде жазылып отырады және апаттың соңғы қорытындысы үшін сақталынады. 7SJ600 құрылғысы  ыңғайлы қызмет етуден басқа қызмет етуші бағдарлама желідегі апат кезінде өлшенген өлшемдерді және қорытындыларды ыңғайлы және анық жазбалар ды өткізетіндей және құрайтындай кернеулік  қондырғысымен жабдықталған. Бұл интерфейс модеммен байланысу үшін арналған.

Электронды қондырғылардың элементтері және бағдарламалық қамтамасыздандыру қателері сол мезетте танылып және айтылуын үнемі басқарып тұрады.Сол арқылы үлкен сенімділік пен дайындылығына кепілдік беріледі.

 

        Ерекшеліктері:

        -микропроцессорлік басқарылуы жоғары өндіргіш 16-биттік жүйе;

        -өлшенген мәндерді және басқарылудың, есептеулердің және күштік сөндіргіштің қосылу және өшірілу функциясына дейін өлшенетін өлшемдердің аналогты-сандық түрленуінің брілгендерінің толық сандық өңделуі;

         -өлшенетін тізбектердің, басқарылудың және электр жабдықталу тізбектерінің, енгізу және шығаруға арналған екі модульді құрылғының, жартылай өткізгіштік түрлендірушінің ішкі жүйелерінің толық гальваникалық және кепілденген изоляциялануы;

         -қайта қосылу тогының фазалық детекциясы; жерге тұйықталған IE тогын үш фазалы токтан есептелінеді немесе токтың орнына фазалық сымда IL2 құрылғыға беріледі және өлшенеді.Соңғы жағдайда IL2 фазалық сымдағы ток есептелінеді;сол  арқылы барлық төрт өлшемдер (фазалық сымдағы үш ток және жерге тұйықталған ток)қолдануға дайын;

         -тұрақты токты қосылу тогын және зарядтың тогын құрайтындарға және де жоғарыжиілікті өтпелі процесстерге сезімтал емес;

         -іске қосылудың таңдаулы сипаттамалары: (UMZ) уақыт ұстамы бар  максималды тәуелсіз токтык қорғаныс немесе (АMZ) уақыт ұстамы бар ток күшінен тәуелді максималды қорғаныс, стандартталған сипаттамаларымен таңдауға байланысты 1EC немесе ANSI/IEEE келісімі бойынша;

         -лездік  I>> мәнді уақыт ұстанымы бар тәуелді және тәуелсіз әр сипаттама,қосымша фазалық ток үшін   I>>> мәнді асқынток;

         - ақау алу кезінде екі рет енгізу арқылы уақыт ұстанымы бар максималды ток қорғанысы үшін іске қосу параметрлерінің екі группаларының арасындағы шекті мәндердің динамикалық ауыстырып қосылуы;

         -таңдау бойынша еске сақтау функциясымен немесе онсыз  асқын жүктемеден қорғаныс(жылу шығындарының термиялық бейнеленуі);

         - моторларды өте созылмалы іске қосу процесстерінен қорғау үшін  іске қосу уақытын бақылау (тоқтатылған ротор);

         - фазалық кернеудің жоғалып кетуін анықтау үшін симметриялық емес жүктемеден, және де фазаның және ауыспалы айналмалы өрістің үзілісінен қорғаныс;

         -қайта қосылудың үш фазалы автоматикасы бастапқы төрт қайталанбалы қосылуға тапсырыс нұсқасы кідірістердің ажыратылған ұзақтылықтары бар бір немесе бірнеше қосылу (онға дейін);

         -күш сөндіргішінің сынақ жолымен өшірілуін тексеру және қосылу (автоматикалы қайта қосу моделі) немесе өшірудің сынақ командасы;

         -интегралданған басқару панелі және индикаторлы көрсеткіш тақта арқылы   немесе қажетті бағдарламалық қамтамасыздандырылуы бар іске қосылған тұлғалық компьютердің көмегімен қарапайым пайдалану;

         -жөндетілмегендіктер және де апат кезіндегі өлшенген өлшемдердің моменттік мәндері туралы мәліметтердің сақталынуы;

         -электронды қондырғылардың және құрылғының бағдарламалық қамтамасыздандырылуы элементтерінің өздік сұранысы.

 

Жұмыстың орындалуы

Зертханалық жұмысты орындау барысында студент берілген әдістемелік нұсқауды, еңбек қорғанысының құрылымын, техника қауіпсіздігін, және де мұғалімнің тікелей талаптарын өткізілетін сабақта қолдану қажет. Зертханалық жұмысты орындаған соң, алынған шешімге анализ мен қорытынды жасау қажет.

 

1 Зертханалық жұмыс

 

 ҚҚА құрылғы жұмысымен танысу және Siemens автоматтандырылған кешенді фирма негізінде қондырғы таңдауы.

 

Жұмыстың мақсаты: SIPROTEC 7,5J600 құрылғының құрылымын және оның белгіленуі, қолдану аумағы, қосылу жүйесі және сәйкес берілген  бірнеше техникалықтармен өткізілген сынақтарды үйрену.  

 

1.1    Жұмыстың бағдарламасы

 

1.1.1 SIPROTEC 7,5J600 құрылғысының құрылымымен танысу.

1.1.2 Құрылғыны конвертордың көмегімен тұлғалық ғаламторға қосылуын орындау.

1.1.3 DIGSI  бағдарламасын қосу

1.1.4 ҚҚА жарғыларының параметрленуін іске қосу.

1.1.5 Берілгендердің параметрленуін ағылшын тілінен орыс тіліне аудару және DIGSI бағдарламасын жабу.   

 

1.2 Жұмыс орындалуының реті

 

1.2.1  7XV5700-OAB00 конверторын тұлғалық ғаламторға қосу.

 Ол үшін тоғыз контактімен конвертордың штепсельді ажыратылуын жеке тұлғалық ғаламтордың жүйелі блогының артқы панелінде орналасқан СОМ штепсельді ажыратылуына қосу.

1.2.2 7XV5700-OAB00 конверторын SIPROTEC 7,5J600 құрылғысына қосу.

1.2.3 Ол үшін жиырма бес түйіспелі ашалық ағытпаны SIPROTEC 7,5J600 құрылғысының ашалық ағытпасына қосу.

1.2.4 Қоректендіру блогын 220 В желіге қосу.

1.2.5 Лабораторияның қуаттандырғыш щитінде АҚ-50 екі автоматын қосу («өздік мұқтаждық ұяшығы» және «түзеткіш жүйе» қуаттандырғыш щиттің кірісіндегі сұлбаға қараңыз) 10 SIEMENS фирмасының 10кВ  вакуумді сөндіргіштің басқару  ұяшығының щитіне, 7,5J600 микропроцессорын басқару щитіне және апатты режимдегі ұстатқышқа  кернеу беру қажет.

1.2.6 Апатты режимдегі ұстатқыштың стендін іске қосу.(автомат ұстатқыштың стендінде)

1.2.7 Тұлғалық ғаламторды  қосу.

1.2.7.1 DIGSI  бағдарламасын ашу және қолданушының фамилиясын енгізу.Ол үшін:

         -пуск батырмасына тышқанның курсорын апарып тышқанның сол жақ батырмасын басу;

- ашылған терезеден «Бағдарлама» батырмасын ерекшелеу. Басқа терезе ашылғаннан кейін  DIGSI қатарын ерекшелеу. Бұдан кейін монитор экранында  үшінші кішкентай терезе пайда болады. Бұл терезеде қайтадан DIGSI қатарын ерекшелеп тышқанның сол жақ батырмасын басу керек. Монитор экранында қолданушының есімін енгізу деген терезе шығады;

-Қолданушының фамилиясын, инициалын және уақытты енгізу;

-ОК батырмасына курсорды апарып тышқанның сол жақ батырмасын басу керек. Монитордағы экран жоқ болып кетеді;

1.2.8 Тұлғалық ғаламтормен құрылғы арасында байланыс орнату. Ол үшін:

         - курсорды «Қорғанумен жұмыс жасау» секторына апарып тышқанның сол жақ батырмасын басу керек. Ғаламтор экранында «Қорғану - жұмыс режимін таңдау» деген терезе пайда болады;

         - «қорғану қондырғысымен тікелей» деген қатарға курсорды апарып тышқанның сол жақ батырмасын басу керек. Содан кейін курсорды ОК батырмасына апарып тышқанның сол жақ батырмасын басамыз. Экранда қатарынан «Байланыс орнату», «Жарғылардың параметрлері қорғаныс қондырғысынан беріледі», «Құрылымның параметрлері қорғаныс қондырғысынан беріледі» деген терезелер ашылады. Бұл терезелердің жоқ болып кетуінен кейін ПК мен SIPROTEC 7,5J600 құрылғысының арасындағы байланыс орнатылады.  

 

1.3 АҚҚ жарғыларының параметрленуі

 

1.3.1 Курсорды «параметрлер» секторына апарып тышқанның сол жақ батырмасын басу керек. Монитор экранында «Бейнелену», «Саптануы», «Жарғылар» деген қатарлары бар экран пайда болады.

1.3.2 «Жарғылар» қатарына курсорды апару. Монитор экранында тағы да бір терезе пайда болады. Курсорды екінші терезенің «Өзгерту» қатарына апарып тышқанның сол жақ батырмасын басу керек. Монитор экранында А жарғыларының жиынтығы қорғаныс қондырғысынан беріледі деген терезе шығады. Біраз уақыттан кейін бұл терезе жабылады да А жиынтығының жарғылары деген терезе шығады.

1.3.3 Бұл терезеде «автоматты қайта қосыл» деген қатарды тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып ерекшелеу керек.

1.3.4 Курсорды Өзгерту батырмасына апарып тышқанның сол жақ батырмасын басу керек. Монитор экранында  А-3400жиынтығының жарғылары. Автоматты қайталанбалы қосылу  терезесі пайда болады. 

 

1.4 АҚҚ  жарғыларының өзгерісі.

 

1.4.1 АҚҚ жарғыларының параметрлерін енгізгеннен кейін жасалған параметрлену туралы есеп беруді қағазға басып шығару керек. Ол үшін болдырмау батырмасына апарып тышқанның сол жақ батырмасын басу керек. Монитор экранында «А жиынтығының жарғылар» терезесі шығады. Тышқанның сол жақ батырмасымен жою батырмасын басу керек. Терезе жоқ болады. Курсорды «Параметр» секторына апарып тышқанның сол жақ батырмасын басу керек. Монитор экранында тағы да терезе шығады, онда біз «АSCll-экспорт» қатарын ерекшелеп тышқанның сол жақ батырмасын басамыз. Монитор экранында экспортировать АSCll- файл терезесі пайда болады.

Ағылшын тілінен орыс тіліне аудару керек. Ол үшін курсорды  Magic Gooddy значогына апарып, тышқанның сол жағын екі рет басамыз. Magic Gooddy терезесі шығады. Курсорды «салем» кнопкасына апарып тышқанның сол жақ батырмасын басамыз. Русско-английский терезесі пайда болады. Диск 3.5 А белгісіне курсорды апарып тышқанның сол жақ батырмасын екі рет басамыз,сойтіп сол терезе ашылады. Курсорды ярлыкке апарып тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертеміз. Монитор экранында терезе шығады. Курсорды сол жақ жоғарғы бұрышқа апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып  курсорды төмен қарай жүргізіп бүкіл. «Жарғы параметрі» деген текстті ерекшелейміз. Курсорды ерекшеленген текстке апарамыз да тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Монитор экранында кішкене терезе шығады. Курсорды «көшіру» қатарына апарып тышқанның сол жақ батырмасын басамыз. Курсорды  Magic Gooddy терезесінің сол жақ жоғарғы бұрышына апарамыз да тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Монитор экранында кішкене терезе шығады. Курсорды “қою” қатарына апарып тышқанның сол жақ батырмасын басамыз. Терезе Magic Gooddy   терезесінің экранында алғашында жоғарғы терезеде жарғылардың параметрлерінің тексті ағылшын тілінде шығады, біраз уақыттан кейін төменгі терезеде жарғы параметрлерінің орысша аудармасы шығады. Параметр жарғыларын басып шығару сонымен қоса қалыпты және апатты режимдерді қорытындылау.

Ғаламтордың диск салғышына диск қою. Курсорды “диски” секторына апару және апарып тышқанның сол жақ батырмасын басу. Экранда тағы  A: және C: екі жол пайда болады. Тышқанның сол жақ батырмасымен A: таңдаймыз. Курсорды OK батырмасына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басамыз. Қатарынан “Қорғаныс қондырғысынан параметр құрлымына беріледі», «Қорғаныс қондырғысынан параметрінің ранжировкасына беріледі” және «Қорғаныс қондырғысынан параметры А құрылғысына беріледі» терезелері пайда болады. Терезенің жоғалып кетуінен кейін параметрлендіру ақпараты дискке жіберіледі.

 

1.5 DIGSI бағдарламасының жабылуы

 

Курсорды экранның оң жақ  жоғарғы бұрышының  “Х” батырмасына апарамыз және тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз.” Сіз шынымен DIGSI жұмысынан шығуды қалайсыз ба?” деген сұрақ DIGSI  V3,33 терезесінде шығады. Курсорды “Да” батырмасына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз.Монитордың экранында “Ажыратыңыз – өтінем күте тұрыңыз ” терезесі пайда болады да,  DIGSI бағдарламасы жабылады.

Дискеттегі ақпаратты тексеріп, басып шығарып және есептемеге дайындау.

 

1.6 Тұрақты және тұрақты емес қысқа тұйықталуда қайталанбайтын АҚҚ-ны(Автоматты қайта қосылу) байқап көру. (Қайталанбайтын АҚҚ-ны компьютер арқылы қараңыз).

 

         1.6.1 Қайталанбалы АҚҚ-ның параметрленуі. АҚҚ-ның қадамдарының санын өзгертеміз. Ол үшін  сұр + батырмасын, – сұр батырмасын ,+ Е сары батырмасын, Е сары батырмасын,+ сұр батырмасын қатарынан басу керек.+ немесе – батырмаларымен АҚҚ- қадамдарын қосып немесе азайтып отырамыз.Сандық құрылғы сыйымдылығына қадамдардың өзгерген санын енгізу үшін Е сары батырмасын басамыз. Шығу үшін екі рет көк батырмасын ► және бір рет    көк батырмасын ▲ басамыз.

1.6.2 Қайта қосудың автоматикасы

1.6.3 Қайталанбайтын АҚҚ Жалпы мәлімет 8-10 кВ және одан жоғарырақ жоғары вольтты желілерде қайталанбайтын АҚҚ ең көп таралған болып табылады. Қысқа тұйықталу тогының ажыратылуынан кейін электрлік доға тез деиондалып сөнетіндіктен қайта қосылу 85 % жағдайда сәтті болады.

Қайталанбайтын АҚҚ қысқа тұйықталудан қорғаныс функциясын ажырату командасы бойынша іске қосылады, бірақ басқа ажырату функцияларынан емес, мысалға асырмалы жүктемеден қорғаныс немесе симметриялы емес жүктемеден қорғаныс. Іске қосу сәйкес қадамның “бинарлы кіріс” жеке  қондырғысы арқылы іске асуы мүмкін.

Сәтті АҚҚ үшін зақымданған ЭБЖ (Электр беріліс желісі) қоректендіруші көздерден бір уақытта, мүмкіндігінше қысқа мерзімде өшірілуі керек. Ұстанымы бар МТЗ бағдарламаланып қойған, сондықтан аса жоғары I> ,I>>, Ie>>> токтың қадамдары бірінші қайта қосылудан алдын тез сөндірілуге қол жеткізу үшін босатылған.

      АҚҚ шақыруы кілттенуі мумкін. Мысалы, оперативті тұлға қысқа тұйықталуға кернеуді сөндіргішті қосу арқылы берген кезде АҚҚ жұмыс істемеуі қажет. Іске қосудың бұндай кілттену деңгейі еркін берілуі мүмкін. АҚҚ кілттенуі сондай-ақ қайта қосылуға алып бармайтын, мысалы, жинақталған шиналардан қорғаныс сияқты қорғаныс  функциясынан бинарлы кіріс арқылы  іске асады. Егер  АҚҚ кілттенуі қоңырау сигналы берілген уақыт аралығында болса, онда қайта қосылу кілттенеді. Күштік сөндіргішті қолмен қосқан кезде аааааа жабық жағдай уақыты орындалады. Осы уақытта қолдан жасалатын іске қосу командасына сәйкес қайталанбалы  іске қосу кілттенеді, себебі қолдан жасалған іске қосу командасы бинарлы іске қосуға сәйкес деңгейі беріледі. Бұл уақытта кез келген сөндіру командасы соңғы болып табылады. Қолмен жасалған іске қосуға арналған сигналды реле көмегі арқылы іске қосуға болмайды,сигнал басқару тізбегінде контакт арқылы іске қосу катушкасына беріледі.

 

Есептеменің мазмұны:

Есептеменің құрамында:

-берілген жұмыстың қысқаша теориялық сипаттамасы;

-құрылғы жұмысының сипаттамасы SIPROTEC 7,5J600;

-АҚҚ параметрленуінің сипаттамасы;

-жұмыспараметрленуі;

Есептеме жеке дәптерде орындалуы керек. Барлық сұлбалар қаламмен ұқыпты орындалуы қажет.

 

1.4 Бақылау сұрақтары.

1.4.1 АҚҚ қондырғылары не үшін қызмет етеді?

1.4.2 SIPROTEC 7,5J600 құрылғысының құрылымын түсіндіріңіз.  

1.4.3 SIPROTEC 7,5J600 құрылғысы қандай аймақта қолданылады?

1.4.4 АҚҚ жарғыларының параметрлену принципін түсіндіріңіз.

1.4.5 Жеке тұлғалық ғаламтор компьютер мен құрылғының арасында байланысты қалай орнатуға болады?

1.4.6Ағылшын тілінен орыс тіліне аударма қалай жасалады?

1.4.7 DIGSI бағдарламасының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.

 

№ 2 Зертханалық жұмыс.Тұрақты және тұрақсыз қысқаша тұйықталу кезінде қайталанатын және қайталанбайтын АҚҚ-ның сөндіру және тәжірибе жасау сұлбасына бақылау жүргізу.

 

Жұмыс мақсаты: Әр түрлі режимдердегі АҚҚ жұмысының бағдарламалануы кезіндегі жұмысқа студенттердің тәжірибелік білім алып, үйренуі.

2.1 Жұмыс бағдарламасы

2.1.1 SIEMENS(1.3 сур.) фирмасының SIPROTEC 7,5J600 сандық құрылғысының сөндірілу сұлбасына жасалған логикалық диаграммасымен танысу.

2.1.2 Екі бинарлы кірісі SIPROTEC құрылғысының сөндіргішінің ажыратылу сұлбасын бақылау үйрену.

2.1.3 Бір бинарлы кірісі SIPROTEC құрылғысының сөндіргішінің ажыратылу сұлбасын бақылау үйрену.

2.1.4 DIGSI V 3.33 бағдарламасын ашып, SIEMENS фирмасының SIPROTEC 7,5J600 құрылғысына жеке тұлғалық компьютерден берілген АҚҚ параметрлерін жіберу.

2.1.5 Бағдарламаны жіберу және АҚҚ параметрін енгізу.

2.1.6 Тұрақты емес жақын қысқа тұйықталуды және АҚҚ-ны осы режимде жұмыс істеп көру.

2.1.7 Тұрақты емес алыс қысқа тұйықталуды және АҚҚ-ны осы режимде жұмыс істеп көру.

2.1.8 Тұрақты жақын қысқа тұйықталуды және АҚҚ-ны осы режимде жұмыс істеп көру.

2.1.9 Тұрақты алыс қысқа тұйықталуды және АҚҚ-ны осы режимде жұмыс істеп көру.

2.1.10 Апатты режим кезінде жоғары көрсетілген  амплитудалық және жылулық қысқа тұйықталу кезіндегі ток пен кернеудің мәнінің параметрлерін  жазу.

 

2.2. Жұмыстың орындалу реті.

 

2.2.1 Курсорды “зақымдалу” секторына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз.Ашылған терезеден “жазбаның зақымдалуы” жолды ерекшелеп және тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Экранда “ идет передеча данных о поврежнедениях. Пожалуйста подождите” терезесі шығады. Осы терезе жоғалғаннан кейін “выбор повреждений” терезесі шығады. Бізге қажетті зақымданған номерлі жолды ерекшелейміз. Курсорды “DIGRA” батырмасына апарып және тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. “идет передача записи повреждения №____. Пожалуйста подождите” жазуымен “DIGSI V 3.33” терезесі ашылады, осыдан кейін экранда “блок-схема” зақымдану терезесі пайда болады. Берілген сұлбаны салу. Осыдан кейін пернетақтаның F2  пернесін басамыз. Экранда “запись аналоговых и дискретных значений” терезесі ашылады. Зақымданудың графикалық сызбасын салу.

2.2.2 “DIGSI/DIGRA v 1.08” бағдарламасының жабылуы.Курсорды жоғарғы оң жақтағы бұрышта орналасқан Х батырмасына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз.Экранда “DIGSI V 3.33” терезесі “Вы действительно хотите завершить с DIGSI?”деген сөйлеммен шығады. Курсорды “Да” деген батырмасына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. “Разъединение. Пожалуйста, подождите” деген терезе шығады.Оның жоғалуынан кейін “DIGSI” бағдарламасы жабылады.   

 2.2.3 Компьютердің сөндірілуі. Курсорды “Пуск” батырмасына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз.Ашылған терезеден “Завершение работы” қатарын ерекшелеп, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. “ Завершение работы Windows” деген терезе шығады, “Выключить компьютер” деген қатарды ерекшелеп, курсорды “OK” батырмасына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз.

2.2.4 Конвертордың қоректендіру блогын 220 В желіден ажырату. Күштік қалқаннан екі АП-50 (жеке қажеттіліктердің ұяшықтары және түзеткіш жүйе) автоматын сөндіру. Конвертордың штепсельді бөлігін жеке тұлғалық компьютердің COM 1 штепсельді бөлігінен ажырату. Конвертордың және  SIPROTEC 7,5J600 құрылғысының штепсельді бөлігін ажырату.Конверторды және қоректендіру блогын жинап, бір қорапқа салу.Конверторды мұғалімге өткізу. 

2.3 Ажырату сұлбасына бақылау жүргізу. 7SJ600 құрылғының ажырату сұлбасына жүргізілген бақылауға интегралданған қондырғысы бар.Қолданыстағы бинарлы кірістердің санына байланысты бір немесе екі бинарлы кірістері бар функция таңдалынуы мүмкін. Ажыратылу сұлбасындағы екі бинарлы кірістердің қолданған кезде  зақымданудың кез-келген коммутациялық жағдайында танылады.Тек бір бинарлы кірісті қолданған кезде басқару релесінің түйісуі жабық кезінде зақымданулар танылмайды.

4.1.-сурет. Ажырату сұлбасына жүргізілген логикалық диаграмма бақылауы.

 

4.2.-суретінде ажырату сұлбасына жүргізілген бақылау қондырғысында пайда болатын логикалық диаграмма мәліметтері белгіленген.

2.3. Екі бинарлы кірістері бар АҚҚ-ға жүргізілген бақылау.

Екі бинарлы кірісті қолдану барысында олар қосылады (4.1-суретке қараңыз), бір жағынан, реленің басқару қорғанысының параллельді сәйкес  түйісуіне, екінші жағынан, күштік қосылғыштың көмекші параллель түйісуіне.

 

 

KR-7SJ600 құрылғысының релелік басқару немесе басқа құрылғының қорғанысы.

BE-7SJ600 құрылғысының бинарлы кірісі.

LSS-  күштік сөндіргіштің катушкасы.

HiKo- күштік сөндіргіштің көмекші түйісуі.

Ust- басқарылмалы кернеу.

Күштік сөндіргіш жабық күйде көрсетілген

                                                                  n –жағдайдағы сұраныс саны = 3

4.2 cурет.Екі бинарлы кірістің сөндірілу сұлбасының басқарылу принципі

 

Күштік сөндіргіштің жағдайына байланысты басқару реле түйісулерінің жағдайы  3.1 таблицасында көрсетілген.

   3.1 К ес т е .Реле басқаруының түйісу жағдайы

Басқару релесі

Күштік сөндіргіш

ВE 1

ВE 2

ашық

қосу

H

L

ашық

сөндіру

H

H

жабық

қосу

L

L

жабық

сөндіру

L

H

 

Басқару релесінің және күштік қосылғыштың коммутациялық жағдайына байланысты, бинарлы кіріс бапталады(“H” логикалық жағдайы 4.2-суретте) немесе қысқа тұйықталады(“L” логикалық жағдайы).

Екі бинарлы кірістің қозбаған кездегі жағдайы (“L”), түзетілген тізбекте қысқа өтпелі фаза (басқару релесі қосу нұсқауын береді,бірақ күштік қосылғыш жабық ) кезінде сөндірілу мүмкін. Осындай үздіксіз немесе қысқа тұйықталу кезіндегі тізбекте болуы мүмкін;Батареядағы кернеудің жоғалуы  немесе механикадағы зақымдар қосылады және бақылау критериі ретінде қаралады.

         Шамамен әрбір 200 мс жалғастыру уақытымен байланысты, екі бинарлы кірістің жағдайы сұралып тұрады.Егер қорытындысында, осындай ретті сұраныстан кейін зақымдану анықталған болса, тек сонда ғана зақымдану туралы хабарлама тоқтатылады.

       Қайталанбалы өлшемнен кейін ғана қорытындысында зақымдану туралы хабарламаның уақыт ұстамы анықталады.Осыған байланысты қысқа өтпелі фаза кезінде зақымдану туралы хабарламадан құтыла аламы 

        2.3.3 Бір бинарлы кіріске бақылау

Бинарлы кіріс сәйкес басқару релесінің құрылғы қорғанысының түйісуіне параллель қосылады.(4.3-4.4 суреттерге қараңыз).+         Ust

 

 

                                                                 

4.4-сурет. Бір бинарлы кірісі бар сұлбаға бақылау жүргізу принципі.

KR-7SJ600 құрылғысының немесе басқа қорғаныс құрылғысының басқару релесі.

BE-7SJ600 құрылғысының бинарлы кірісі.

LSS-  күштік сөндіргіштің катушкасы.

HiKo- күштік сөндіргіштің көмекші түйісуі.

Ust- басқарылмалы кернеу.

                                    n –сұраныс жағдайының саны = 3

                           Күштік сөндіргіш жабық күйде көрсетілген

4.4-сурет. Зақымданудың басқару принципі

 

Қарапайым жұмыс режимінде реленің басқару түйісуінің ашық кезінде және түзетілген тізбектегі сөндірілу бинарлы кіріс бапталған. (“H” логикалық жағдайы).

Бинарлы кіріс қоздырылмаған кездегі жағдай (“L” логикалық жағдайы) болады, егербасқару релесі сөндіруге нұсқау бергенде немесе ажырату тізбегінде зақымдану пайда болған кезде. Басқару релесі бірнеше секунд ішінде бапталғандықтан, коммутациялық жағдайдың сұранысы іске асады (Әр 30 секунд сайын). Одан басқа зақымданулар туралы дұрыс емес мәліметтерден алшақ болу үшін, анықталмаған өтпелі фазаларды орналастыру үшін үш қайталанбалы өлшем қолданылады.

         Күштік іске қосқыштың ашық көмекші түйісуінде және көмекші түйісу тізбегіне ауыстырылған басқару релесі тізбектегі зақымдануларды тану үшін R кедергі сақиналанады. Бұл кедергінің өлшемі ашық күштік іске қосқыш (HiKo1 ашық, HiKo2 жабық),  кезінде оның катушкасы(L,S,S) қозғалысқа келмей қала беретіндей анықталады, ал басқа жағынан бинарлы кіріс басқару релесінің ашық түйісуі кезінде сенімді қосылуы қажет. Бұндай кедергінің өлшемдерін анықтау нұсқаулары төменде көрсетілген. Ажырату сұлбасына жүргізген бақылау функцияларын қолданған кезде қанша бинарлы кіріс  (1 немесе 2) көрсетілуі керек екенін анықтау керек. Екі бинарлы кіріс (немесе бір бинарлы кіріс және бір орналасудың кедергісі) кезекпен қосылған еске алу керек. Бұл жағдайда іске қоылу мезеті номиналды тұрақты кернеудің жартысынан төмен болып қала беруі керек.

Зақымдануды тіпті күштік сөндіргіштің көмекші түйісуі ашық кезінде де тануға болатындай (HiKo2), бір бинарлы кірісті (3.3 сур) қолданған кезде бірінші сөндіргіштің(HІK 1),  екінші көмекші түйісу тізбегінде R кедергі қосылады. Бұл кедергінің өлшемі күштік сөндіргіштің ажыратылуы кезінде ( бұл жағдайда HiKo1 ашық, HiKo2 жабық) сөндіргіштің іске қосу катушкасы қозбайтындай (LSS), бірақ сол уақытта бинарлы кіріс (BEI) басқару релесінің ашық түйісуі кезінде жұмыс істейтіндей орнатылуы қажет(6.1). Бұның нәтижесінде Rmax жоғарғы шегі және Rmin   төменгі шегі анықталады,осының көмегімен  R орташа арифметикасы оңтайлану мәні орнатылады.

 R= (Rmax -Rmin )/2.

 Rmax максималды кернеуі бинарлы кірістің басқару кернеуінің өзгеруімен сипатталады.

 Rmax =[(Ust-Ube min)/Ibe (Hich)-Rlss]

 

2.4 АҚҚ-ның параметрленуі

 

2.4.1 Жұмыстың орындалу реті

2.4.1.2 Қоректену көзін беру (№1 Зертханалық жұмысқа қарау).

2.4.1.3 Беттік панельдегі апаттық режимнің имитаторын қосу.

2.4.1.4 Сандық құрылғыда бірінші жасыл кейін қызыл шамдар жанады.Кейін қызыл шам өшеді, ол құрылғының жұмысқа дайын екенін білдіреді.

2.4.1.5 Іске қосқыштың беттік панеліндегі жасыл батырмасы бар вакуумды іске қосқышты қосу.Сандық құрылғының экранында электрберіліс желісінде ағып жатқан токтардың мәндері шығады.

 2.4.1.6 АҚҚ блогын табу үшін ▼ көк батырмасын басамыз, құрылғының  экранында “PARAME” сөз  шығады. ►көк батырмасын басамыз, сонда құрылғының  экранында “00 CONF” сөзі шығады.▼ көк батырмасын басамыз, сонда құрылғының  экранында “01 POWER SYSTDAT” сөзі шығады. ▼ көк батырмасын басамыз, құрылғының  экранында “10 O/C PHASE ”.▼ көк батырмасын басамыз,сонда құрылғының экранында “10 O/C EARTH”сөзі шығады.▼ көк батырмасын басамыз, құрылғының  экранында “34 AR” сөзі шығады.

 

2.4.2 АҚҚ блогының ашылуы үшін

2.4.2.1 ► көк батырмасын басамыз, сонда құрылғының  экранында “” сөзі шығады,ол АҚҚ қосылғанын білдіреді.

2.4.2.2▼ көк батырмасын басамыз, сонда құрылғының  экранында “01 POWER SYSTDAT” сөзі шығады, ол АҚҚ қадамдарының санын білдіреді.

2.4.2.3▼ көк батырмасын басамыз, сонда құрылғының  экранында “01 POWER SYSTDAT” сөзі шығады, ол АҚҚ бірінші қадамының токсыз үзіліс уақытын білдіреді.

2.4.2.4 Бірінші қадамының токсыз үзіліс уақытын өзгерту үшін код енгізу керек. Ол үшін кезекпен + сұр батырмасын, - сұр батырмасын, + сұр батырмасын, - сұр батырмасын, E сары батырмасын, E сары батырмасын, + сұр батырмасын басамыз. АҚҚ бірінші қадамының токсыз үзіліс уақытын өзгертеміз. Ол үшін + сұр батырмасы арқылы токсыз үзіліс уақытын қосамыз, ал - сұр батырмасымен АҚҚ токсыз үзіліс уақытын азайтамыз.Осылайша мұғалімнің айтуы бойынша керекті токсыз үзіліс уақытын қоямыз. ­­Өзгерген АҚҚ бірінші қадамының токсыз үзіліс уақытын енгізу үшін Е сары батырмасын басамыз.

2.4.2.5 Қалған қадамдарды енгізуді аналогті түрде өткіземіз.

Одан кейін барлық енгізілген параметрлерді есептемеге жазамыз.

 

Есептеме мазмұны

Есептеме құрамында

-берілген жұмысқа қысқа теориялық сипаттамасы

- SIPROTEC 7,5J600 құрылғысының жұмысына сипаттамасы

- АҚҚ параметрленуінің сипаттамасы

- жұмыс бағдарламасы бар.

       Есептеме жеке дәптерде орындалуы керек. Барлық сұлбалар ұқыпты қаламмен орындалуы қажет.

 

2.4.3 Бақылау сұрақтары

2.4.3.1 SIPROTEC 7,5J600 құрылғысының ажыратылу сұлбасына жүргізілген бақылау қондырғысы қандай?

2.4.3.2 Бір немесе екі бинарлы кірісті функциясы неге байланысты таңдалынады?

2.4.3.3 Бинарлы кірістер қалай бапталады?

2.4.3.4 Бинарлы кірістердің екеуінің де сұраныс жағдайы қанша уақытта шығарылады?

2.4.3.5 Бір бинарлы кіріс неге қосылады?

2.4.3.6 Қандай жағдайда бір бинарлы кіріс қозбайды?


Әдебиеттер тізімі

1. Цифровой прибор максимальной токовой защиты с выдержкой времени и защитой от перегрузок с возможностью АПВ SIPROTEC 7SJ600 V2.1 Руквод-ство по эксплуатации.

2. Барзам А.Б., Пояркова Т.М. Лабораторные работы по релейной защите и автоматике. – М: Энергоатомиздат, 1984. – 256с.

3. Овчаренко Н.И. Автоматика электрических станций и электроэнергетических систем. – М: Издательство НЦ ЭНАС, 2000. – 504с.

4. Беркович М.А., Гладышев В. А., Семенов В.А. Автоматика энергосистем. – М.: Энергоатомиздат, 1991.- 307 с.

5. Чернобровов Н.В., Семенов В.А. Релейная защита энергетических систем: Учебное пособие для техникумов. – М.: Энергоатомиздат, 1998. – 800 с.

   

Мазмұны 

Кіріспе………………………………………………………………..………...3

1. № 1Зертханалық жұмыс. АҚҚ-құрылғысының параметрленуі…...…….6

2. № 2Зертханалық жұмыс. Басқару сұлбасының сөндірілуі  және АҚҚ-ның тұрақты және тұрақсыз қысқа тұйықталу кезінде бір және бірнеше рет көру …………………….……….10

Қолданылған әдебиеттері…………………………………………………...19