Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Электр станциялары, тораптары және жүйелері кафедрасы

 

 

 

 

ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАР

 Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін)

 


Алматы 2011 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Хожин Г.Х, Кузембаева Р.М., Соколов С.Е Электр станциялары және қосақы станциялар. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін).  Алматы: АЭжБУ,  2011 – 28 бет. 

 

         «Электр станциялары және қосақы станциялар» пәнінде өлшеуіштік ток және кернеу трансформаторлары оқытылады. Өлшеуіштік ток және кернеу трансформаторлары зертханалық жұмыстары екі бөлімнен тұрады: өлшеуіштік ток трансформаторлары және өлшеуіштік кернеу трансформаторлары.

         Бұл әдістемелік нұсқауларда жұмыстың мақсаты, керекті теориялық мәселелері, жұмысқа әзірлік, жұмысты орындау тәртібі және есеп берудің мазмұны көрсетілген. Сонымен қатар бақылау сұрақтары да берілген.

         Осы әдістемелік құсқаулар 5В071800 Электр энергетикасы мамандығының студенттеріне арналған.        

Без. – 15, кесте – 7, әдебиет көрсеткіші – 6.

 

Пікір беруші: техн.ғыл.канд., доцент, Тохтибакиев К.К. 

 

         «Алматы энергетика және байланыс университетінің», коммерциялық емес акционерлік қоғамының  2011 ж.  баспа жоспары бойынша басылады. 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті», КЕАҚ 2011 ж.


2011ж. жиынтық жоспары, реті 59

 

КІРІСПЕ 

         Бұл әдістемелік нұсқауларда, 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығы бойынша оқитын студенттер «Электр станциялары мен қосалқы станциялары» пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға керектісі бар.

         Зертханалық жұмысты орындауға, қауіпсіздік техникасынан нұсқау алған, сынақты тапсырған және арнайы кітапшада белгіленген студенттер жіберіледі.

         Зертханалық жұмыстарды орындау процесінде студенттер осы әдістемелікті және оқытушының тікелей беретін жоспарларын жетекшілікке алуы керек.

         Есеп берудің мазмұны келесідей:

 - жұмыстың атауы;

 - жұмыстың мақсаты;

 - ток және кернеу трансформаторларының негізгі мәліметтері;

 - негізгі жабдықтары белгіленген қондырғының сұлбасы;

 - эксперименттік және есептелінген деректердің кестесі;

 - есептелінетін формула мен алынған графиктердің бір-бірімен байланыстылығы.

Зертханалық жұмыстарды қорғау үшін, студенттер бақылау сұрақтарына және ұсынылған әдебиеттерге сәйкес тиянақты дайындалулары керек.

 

Өлшеуіштік трансформаторлар туралы жалпы теориялық мәлімдемелер

 

Өлшеуіштік ток (ӨТТ) және кернеу (ӨКТ) трансформаторлары жоғары кернеу және үлкен токты электр қондырғыларында (айнымалы токты) пайдаланады. Себебі бұндай электр тізбекке тікелей бақылау - өлшеуіштік құралдарды, релелерді және автомат құралдарын қосуға техникалық жағынан да және ұтымдылық жағынан да мүмкін емес.

Өлшеуіштік трансформаторлардың құрамы:

 - бірнеше болат табақшадан немесе бірнеше таспалық болаттан тұрады;

 - екі орамадан – бірінші және екінші реттік орамдардан; орамддары оқшауламаланған;

 - қондырғының түріне байланысты құралымы тіректі немесе тасымалдаушы болады.

Өлшеуіштік кернеу трансформаторларының бірінші реттік орамы жоғары кернеулі тізбекке параллельді қосылады. Екінші реттік орамына құралдар параллельді қосылады (1 суретті қара). Бірінші реттік орамының және кіріс оқшауламалары бірінші реттік тізбектің кернеуінің мөлшерімен таңдалынады. Екінші реттік ораманың номиналды кернеуі әдетте , кейде , ал  немесе  болып өте сирек орындалады.

 

 

1 Сурет - Өлшеуіштік ток (ӨТТ) және кернеу (ӨКТ) трансформаторларын қосу сұлбасы

 

Кернеу трансформаторларының бірінші және екінші реттік орамдарының қимасы үлкен емес, олар трансформаторлардың қуатына байланысты, көбінесе рұқсат етілетін ең кішкентай механикалық төзімділікке байланысты таңдалынып алынады.

Өлшеуіштік трансформаторлар тарату құрылғыларында орналастырылады. Олар, арнайы орталық бөлімдегі қалқандардың панелінде, немесе жергілікті басқару пультінде, машиналық залда орналастырылған құралдармен бақылау кабельдері арқылы қосылады.

Өлшеуіштік ток және кернеу трансформаторлары аз көлемді, жеңіл және жетілдірілген аппараттармен электр қондырғыларында сенімді жұмыс істеуге есептелінуі керек. Жоғары дәлдікті алу үшін, пайдаланылатын құралымда қателіктер ең төменгі деңгейде болуы тиіс.

Екінші реттік тізбекте оқшаулама тесілген мезгілде кернеудің деңгейін төмендету үшін өлшеуіштік трансформаторлардың екінші реттік тізбектерін міндетті түрде жерлендіргішке қосу қажет. Бұл жағдай екінші реттік тізбектегі құрылғыларды тесілуден сақтайды және пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыздандырады.

Өлшеуіштік трансформаторларға қосылған құралдардың шкалалары бірінші тізбектегі шама бірлігімен өлшенеді: кернеу трансформаторларында бірінші реттік кернеудің деңгейімен, ал ток трансформаторларында бірінші реттік токтың деңгейімен орындалады. Бірінші тізбектегі ток номиналды токпен салыстырғанда өзгерсе, онда екінші тізбектегі токтың деңгейі 5А салыстырғанда өлшемдес (пропорционалды) өзгереді. 

 

1 зертханалық жұмыс. Өлшеуіштік ток трансформаторлары

 

Жұмыстың мақсаты: ток трансформаторлары туралы негізгі мағлұматтарды, векторлық диаграммалар, құралымын, түрлерін білу және техникалық қажетке жарату ережелеріне сәйкес сынақты өткізу.

 

1.1 Ток трансформаторларының сипаттамалары және векторлық диаграммалары

 

Өлшеуіштік ток трансформаторларының (ӨТТ) номиналды коэффициент трансформациясы бірінші  және екінші реттік орамаларындағы номиналды токтарының қатынасынан анықталынады

 

.

 

(2.1)

Магниттену тогы болғанда кемшіліксіз трансформаторлар үшін орамдарындағы токпен оның орамалары санының қатынасы кері пропорционал

(2.2)

Бұл жағдайда

 

 

Нақты ток трансформаторларында құралымының жетілдірілмеуінің және магнитөткізгіштері мен орамаларындағы шығындардың нәтижесінде ток трансформаторлық қателіктер орын алады. Ол қателіктер өлшеу дәлдіктерін төмендетеді.

Қателіктердің екі түрі қарастырылады. Олар: токтық қателіктері

 

(2.3)

немесе (пайызбен)

.

 (2.4)

Бұрыштық қателіктер. Ол бірінші орамындағы  токпен, екінші орамындағы токтың векторлық диаграммаларының арасындағы бұрыш .

(2.4) өрнектегі - ның орнына -ның мәнін қойсақ, келесідей формула шығады

 

,

 

.

 

 

(2.5)

ӨТТ-ның жұмыс режімдерін және қателіктерін бағалап, талдау үшін векторлық диаграмма тұрғызылады (2 суретті қара).

2 Сурет - Өлшеуіштік ток трансформаторларының векторлық диаграммасы

 

Векторлық диаграмма бойынша токтық қателік  магниттелінетін күштердің  айырмасымен анықталынады. Бұл жағдайда бұрыш  аз деңгейде деп есептелініп  бөлігіне тең деп алынады.

Сол кезде

.

(2.6)

- бұрышы аз болғандықтан, токтық қателіктер (пайызбен) келесі өрнекпен анықталынады

(2.7)

- аз болғанда, бұрыштық қателіктер келесідей өрнектен анықталынады

(2.8)

Қазіргі уақытта дәлдеп есептеу үшін токтық қателіктер емес, толық қателіктер есептелінеді. Ол  вектормен анықталынады. Толық қателіктер токтық қателіктерді де бұрыштық қателіктерді де сипаттайды.

Қателіктерге негізінде өзектің болатының магниттелінуі әсерін тигізеді. Болаттың сапасы жоғары болған сайын, оның бастапқы магниттік өтімділігі де жоғары және магниттеу тогы да тұрақты.

Қателіктерді төмендету және өлшеу дәлдіктерін жоғарылату үшін келесідей шараларды пайдаланады:

- салқындап сырғанауланған болат;

- пермаллой (болат пен никелдің қоспасы);

- орамдарын арнайы сұлбалармен қосу;

- өзектерін жасанды түрде магниттеу.

Рауалы қателіктеріне байланысты ең арзан және өлшеуіш дәлдіктері жоғары аппараттарды таңдайды. 1 кестеде ток трансформаторларының МЕМСТ 7746-78 сәйкес өзектерінің дәлділік класы және оларды пайдалану аймақтары келтірілген. Дәлділік класының белгісі трансформатордың ең үлкен қателігіне тең (пайызбен), егерде бірінші орамындағы токтың мөлшері номиналды токтан 100-120% болса.

 

1 кесте - ӨТТ дәлдік класы мен пайдалану аймағы

Өзектің дәлділік класы

Біріншілік ток,

Рауалы қателіктердің шегі

Пайдалану аймағы

токтың

% (±)

бұрыштың (±)

.......

град

0,2

 

 

 

 

Энергияны және қуатты дәлдікпен өлшеу (зертханалық дәлдік бақылау құралдары)

0,5

 

 

 

 

Энергияны және қуатты дәлдікпен өлшеу, 1 кластық санағыштар

1

 

 

 

 

Токты, энергияны және қуатты өлшеу; реле, 1 кластық санағыш - есептеушілер

3

5

10

 

 

 

 

Амперметрлерді, релелерді, фазометрлерді қосу, жетектердің орауыштарын қосу

 

Дәлдік класы 0,2 ӨТТ-ы электр станциялардың дәл өлшенілетін, тексерілетін және зерттелетін электротехникалық зертханаларда пайдаланылады. Дәлдік класы 0,5 және 1 ток трансформаторлары тарату құрылғыларында орналастырылады.

Дәлдік класы 3-10 трансформаторлар тогы рауалы қателіктері 3% және одан да жоғары релелік қорғаныстардың, автоматиканың сұлбаларында қолданылады. Релелік қорғаныстың және автоматиканың кейбір сұлбаларында арнайы құралымды ӨТТ-ы қолданылады. Мысалы: өзектері Д белгісімен белгіленсе, ол дифференциалдық қорғанысқа, ал Р-мен белгіленсе, релелік қорғанысқа қолданылады.

ӨТТ-ның класс дәлдігі екінші реттік тізбектің жүктемесіне байланысты. ӨТТ-ның жүктемесі токтың мөлшері  номиналды токтың шамасында болғанда қуатпен және немесе екінші реттік тізбектің толық кедергісімен анықталады,

Есептеу үшін  деп алсақ, онда   

ӨТТ-ның номиналды жүктемесі ретінде ең үлкен  алынады. Бұл жағдайда ӨТТ-ы жоғары класс дәлдікпен жұмыс істейді. Қосымша құралдарды сұлбаға қоссақ, онда екінші реттік тізбектің жүктемесі көбейеді де, қателіктері көбейіп және өлшеу дәлдігі төмендейді.

ӨТТ-ын класс дәлдігіне бірінші реттік тізбектегі токтың мөлшері де әсерін тигізеді. Номиналды класс дәлдігі МЕМСТ сәйкес сақталынуы үшін, бірінші реттік токтың шегі  болуы керек (1 кестені қара).

№3 суреттерде ӨТТ-ын қосу сұлбалары келтірілген.

 

а – толық жұлдызша сұлба; б - толық емес жұлдызша сұлба; в – релені екі фазадағы токтың айырмасына қосқандағы екі фазалық сұлба; г – релені нөлдік реттілік тогының үш трансформаторлық сүзгіге қосудағы екі жақты жұлдызша сұлба.

3 Сурет - ӨТТ-ы қосу сұлбалары

 

 

 

1.2 Жұмыстың бағдарламасы

 

1.2.1 Жұмыста көрсетілген ТТ-ның құралымын зерттей білу [техникалық көрсеткіштерін есеп беруге енгізу керек].

1.2.2 Түрі ТП – 10, ТПФМ – 10 трансформаторларының шықпаларының полярлықтарын тексеру.

1.2.3 Түрі ТП– 10, ТПФМ – 10 трансформаторларының оқшауламаларының күйін тексеру.

1.2.4 ТТ-ның трансформаторлық коэффициенттерін және қателіктерін анықтау.

1.2.5 Түрі ТПФМ-10 ток трансформаторларының вольтамперлік сипаттамасын түсіріп және оның екінші реттік орамының жұмысқа жарамдығын бағалау.

1.2.6 Жүктемелік сипаттамаларын түсіру.

 

1.3 Жұмысқа әзірлік

 

1.3.1 Осы әдістемелік нұсқаумен және керекті әдебиеттермен танысу.

1.3.2 Барлық керекті суреттерді және кестелерді дайындау.

1.3.3 Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.

 

1.4 Жұмысты орындау тәртібі

 

1.4.1 ТТ-ның параметрлерін және сипаттамаларын зерттей білу. Зертханада түрлері ТПЛ-10, ТНШЛ-10, ТКФ-10, ТЗР, УТТ-6, И-64, УТТ-5 ток трансформаторлары зерттелінеді.

Бұл жұмысты орындағанда есеп беруге келесідей мәселелерді жазу керек:

- паспорттарындағы деректерін;

- құралымдары туралы;

- түрлерін және орамдарының сандарын;

- бірінші реттік орамдарының шықпаларының маркировкаларын;

- бірінші реттік орамдарының құрылғыларын.

№2 кестеге зерттелінетін ток трансформаторларының деректерін енгізу қажет.

  

2 кесте - Ток трансформаторларының паспорттық деректері

 

 

п/п

 

 

Түрі

 

 

Номинал кернеу, кВ

Бірінші реттік номинал кернеу, кВ

 

 

Класс дәлділіктерінің номинал қуаты

1

2

3

4

5

6

7

8

0,5

1

3

10

1

ТПЛ – 10

 

 

 

 

 

 

2

ТЗ

 

 

 

 

 

 

3

ТПФМ – 10

 

 

 

 

 

 

4

ТНШЛ – 0,5

 

 

 

 

 

 

5

ТКФ – 3

 

 

 

 

 

 

6

ТЗР

 

 

 

 

 

 

7

УТТ – 6

 

 

 

 

 

 

8

И – 54

 

 

 

 

 

 

9

УТТ – 5

 

 

 

 

 

 

 

1.4.2 ТТ-ның шықпаларының полярлылығын тексеру.

Вольтметрлердің, электр энергияны санауыштардың орамаларын ток трансформаторларының орамдарына қосу үшін, ол трансформаторлардың екінші реттік орамалар шықпасының полярлығын білу қажет.

Зауыттардан дайындалып шығарылатын ТТ-ның келесідей белгілері бар:

- Л1 – бірінші реттік ораманың басы, Л2 – сол ораманың соңы;

- екінші реттік ораманың басы И1, ал И2 соңы.

Шықпалардың полярлылығын тексеру үшін тұрақты ток көзі немесе гальвонометр (ішкі кедергісі аз және полярлылығы белгіленген сымдары бар кез-келген магнитоэлектрлік құралдар) қолданылады.

Бұл жұмыстың осы пунктінде түрі ТПФМ-10 ток трансформаторларының шықпаларының полярлығының дұрыстығын анықтау керек. Ол үшін 4 суреттегі сұлбаны жинауы керек.

К - өздігінен өз орнына келетін батырма;

Б – тұрақты ток көзі;

Г – шкаланың ортасында нөлі бар гальвонометр.

4 Сурет – Сынақталынатын түрі ТПФМ – 10 ток трансформаторы

 

 

 

1.4.3 ТТ-ның оқшауламаларының кедергісін тексеру.

Әдістемелік нұсқауларда ток трансформаторларын тексеру үшін керекті құрал мегоометрдің техникалық деректері және оқшауламаларының алмастыру сұлбалары келтірілген. Бұл сұлбалардың көмегімен оқшаулама арқылы өтетін тұрақты токтың уақытқа байланысты сипаттамасын және оқшауламаның күйін білуге болады.

Бұл жұмыстың осы пункітінде студенттің  атқаратын міндеті:

1) 5 суретті жинап, түрлері ТПФМ-10-05 және ТПЛ-10 ток трансформаторларының екінші реттік орамдарында үзілістің жоқтығын анықтау. Ол жұмыс 1000 В мегоометрмен орындалады. Егерде орамдарында үзіліс болса, онда мегоометрдің  тілі нөлді көрсетеді.

 

 

5 Сурет – ТТ-ның оқшауламаларының кедергісін тексеру

 

2) Түрлері ТПФМ-10-0,5-5, ТПЛ-10-10 ток трансформаторларының бірінші және екінші реттік орамдарының оқшауламалары мен ТТ-ның корпустарының қатынасының кедергісін өлшеу. Бұл тексеру 1000 В мегоометрмен өткізіледі.

Екінші реттік ораммен корпус аралық оқшаулама кедергісі 1 МОм-нан төмен болмауы керек, ал бірінші реттік орама мен корпус үшін – 20-25 МОм-нан төмен болмауы қажет.

 

1.4.4 Ток трансформаторларының трансформация коэффициентін анықтау

Ток трансформаторларының трансформация коэффициентін анықтау үшін И-54 түріндегі ток трансформаторлары пайдаланыналы. Ол үшін 6 суреттегі сұлбаны жинау керек.

Ток трансформаторларының трансформация коэффициенті бірінші реттік орамдағы токтың бірнеше мәндерімен тексеріледі (5-6 мәндері). Көрсеткіштері әрбір 1А сайын түсіріледі де 3 кестеге енгізіледі.

 

3 кесте – Ток трансформаторының трансформация коэффициенті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Р – шаппа қосқыш; ЛАТР – зертханалық автотрансформатор. Түрі РНО-250; Т1 – түрі ТПФМ-10 немесе ТПЛ-10 саынақталынатын ток трансформаторлары; Т2 – түрі И-54 эталонды ток трансформаторы; А1 және А0 – 0÷5А амперметрлер.

6 Сурет – Ток трансформаторларының трансформация коэффициентін анықтау сұлбасы

 

Эталонды ток трансформаторларының трансформация коэффициенті  белгілі болғанда, сынақталынатын трансформатордың трансформация коэффициенті  келесі өрнекпен анықталынады

 

,

мұнда - эталондық және сынақталынатын трансформаторлардың екінші реттік орамдарына қосылған амперметрлердің көрсеткіштері. ТТ-ның екінші реттік орамдар тізбегіндегі жүктемелердің мәнін әртүрлі алып (0 ден 7 Ом), ток трансформаторының бірінші орамындағы токтың деңгейін 0 ден , дейін өзгертіп, амперметрлердің көрсеткіштерін түсіру керек. Әртүрлі толық кедергілерге, бірінші реттік токтың деңгейімен екінші реттік токтың деңгейлерінің тәуелділігінің графигін тұрғызу керек,

Токтық қателіктер келесідей өрнекпен  анықталынады

 

.

 

1.4.5 Ток трансформаторларының магниттеліну сипаттамаларын түсіру.

Магниттеліну тогы ЭҚК-ші көбейген сайын өсе береді, ал ЭҚК-нің өзгеруі орамдардың жүктемелеріне байланысты.

-нің тәуелділігі магниттелінудің сипаттамаларымен анықталынады (7 суретті қара). 7 суреттен көрініп тұрғандай,  кішігірім ұлғаюына магниттеліну тогының  өсуі сәйкес келіп тұр.

 

7 Сурет – Ток трансформаторларының магниттеліну сипаттамасы

 

Ток трансформаторларының болат өзегінің қанығу аймағында, ЭҚК-нің өсуіне магниттелу тогының ұлғаюы да сәйкес келуде. Магниттеліну немесе вольтамперлік сипаттамаларының бар болуы ток трансформаторларының дұрыс жұмыс істей алатындығын бағалаудың негізі болып есептелінеді және ТТ-ның жүктемелерін, сонымен қатар орамаралық тұйықталу мүмкіндігін анықтайды.

Бұл жұмыстың осы пункітінде студенттің атқаратын міндеті:

1) ТПФМ-10 түріндегі ток трансформаторының магниттеліну сипаттамасын түсіру. Бұл жағдайда ТТ-да орамаралық тұйықталу жоқ деп есептелінеді (8 суретті қара).

8 Сурет – Ток трансформаторларының магниттеліну сипаттамасын түсіру сұлбасы

 

Трансформатордың қозғалтқышын нөл қалпына орнатып, шаппа қосқышты іске қосамыз. Автотрансформатордың екінші реттік орамына қосылған кернеудің деңгейін көбейтіп, токты және кернеуді өлшеуді жүргіземіз. Алынған деректерді 4 кестеге енгіземіз.

Алынған деректердің негізінде .

 

4 кесте – Ток трансформаторларының магниттеліну сипаттамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2) Сынақталынатын ток трансформаторларының екінші реттік орамында, орамаралық қысқа тұйықталу тогын жүргізу керек. Ол үшін батырманы «орамаралық қ.т. қосу» қалпына ауыстырып қосып, содан кейін вольтамперлік сипаттаманы түсіру керек. Вольтамперлік сипаттаманы алғашқы пункіттегідей түсіру қажет. Алынған деректерді 5 кестеге енгізіп, вольтамперлік сипаттаманың қисық сызығын тұрғызу керек. Бұл екі тәуелділікті бір графикке тұрғызып, оларды салыстыру қажет.

 

5 кесте - мен тәуелділігі, яғни

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4.6 Трансформатордың екінші реттік орамының жүктемелерін анықтау және жүктемелердің сипаттамаларын түсіру.

 

Ток трансформаторларының жүктемелерін анықтау – оларды есептегендегі мәселелердің бірі. Жүктемелердің кедергілері келесідей элементтерден тұрады:

- сымдардың және кабельдердің кедергілерінен; Олар релелерді және құралдарды ток трансформаторларымен қосады;

- ток трансформаторларының тізбегіне қосылған релелердің және құралдардың кедергілерінен;

- түйіспелердің қосылуының өтпелі кедергілерінен.

Бұл пункітте студент ток трансформаторларының жүктемелік сипаттамасын түсіру керек. Ол үшін:

- ток трансформаторының екінші реттік орамын ажыратып, кернеуді өлшеу қажет;

- ток трансформаторының екінші реттік орамында әртүрлі мәнді жүктемелер болғанда кернеуді өлшеу керек (9 суретті қара ).

 

R – жүктемелердің кедергілері 0,5÷10 Ом;

Р – шаппа қосқыш; ЛАТР – түрі РНО – 250 зертханалық автотрансформатор; Т – түрі ТПФМ сынақталынатын ток трансформаторы; А1 және А2 – 0,5А амперметрлер; V - 0÷60 В вольтметр.

9 Сурет – Ток трансформаторының жүктемелік сипаттамасын түсіруге арналған сұлба

 

Бұл жұмыстың осы пункітін жүргізу тәртібі:

1)      сұлбаны жинау (9 суретті қара);

2) кедергісі R=0,5 Ом (15 ВА) жүктемені алдын ала қосып, автотрансформатордың қозғалтқышын нөл қалпына орналастырып, шаппа қосқышты Р іске қосу;

3) бірінші реттік токты I1 әрбір 4-5А ден 20 А-ге дейін өзгертіп, жүктеменің сипаттамасын түсіру . Екінші реттік ораманың тогы 5А болғанда кернеуді өлшеуді жүргізу. Содан кейін берілген кернеудің деңгейін өзгертпей, екінші реттік орамды тізбектен ажырату керек.

Ток трансформаторының екінші реттік орамын қысқа уақытқа ажырату керек, себебі ол ажырату апаттық режім болып есептелінеді. Бұл жағдайдағы кернеудің көбеюіне түсініктеме беру керек.

Сол сияқты,  сипаттамасын жүктемелердің кедергілері R=3 Ом (75 Ом) және R=10 Ом (300 Ом) болғанда түсіру қажет.

Екінші реттік орамның кернеуін  ток ,  болғанда түсіру керек (екінші реттік орам ажыратылған). Алынған деректердің негізінде  тәуелділігін тұрғызу керек. Бұл жағдайда ток трансформаторының екінші реттік орамындағы жүктемелердің мәндері әртүрлі деп алынады.

Алынған деректерді 6 кестеге енгізу керек.

 

6 кесте – Ток трансформаторларының жүктемелік сипаттамалары

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5 Есеп берудің мазмұны

 

1.5.1 Жұмыстың мақсаты.

1.5.2 Өлшеуіштік ток трансформаторларының сипаттамалары және векторлық диаграммасы.

1.5.3 Ток трансформаторының техникалық деректері.

1.5.4 Сынақ өткізудің сұлбалары, нәтижелері және керекті графиктері.

1.5.5 Алынған деректерді талдау.

 

1.6 Бақылау сұрақтары

 

1.6.1 Ток трансформаторларының атқаратын қызметі және оларды іске қосу сұлбалары.

1.6.2 Ток трансформаторларының векторлық диаграммасы, алмастыру сұлбалары.

1.6.3 Ток трансформаторларының құралымы.

1.6.4 Ток трансформаторларының жұмыс режімдері.

1.6.5 Ток трансформаторларының екінші реттік орамасы ажыратылған кезде жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Неліктен?

1.6.6 Ток трансформаторларының қателіктері. Ол қандай себептермен түсіндіріледі?

1.6.7 Қателіктерді азайтудың қандай тәсілдері бар?

 

2 Зертханалық жұмыс. Өлшеуіштік кернеу трансформаторлары

 

Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі кернеу трансформаторларының құралымын зерттеп білу, олардың сұлбаларын және кейбір сынақтарды техникалық қажетке жарату ережелеріне сәйкес (ПТЭ – ТҚЖЕ) жүргізу.

 

2.1 Өлшеуіштік трансформаторларының сипаттамалары және векторлық диаграммасы

 

Электроэнергетикалық қондырғыларда өлшеуіштік кернеу трансформаторларының екінші реттік орамаларына бақылау - өлшеуіштік жүйенің, синхрондайтын қондырғылардың, релелік қорғаныстың, автоматиканың, оқшауламаларды бақылайтын және басқа да құралдардың параллельді орамалары, параллельді түрде қосылады.

Ол құралдар атқару қызметіне, пайдалану қуатына, қуат коэффициентіне, орналастыру орнына, сенімділік талаптарына және өлшеу дәлдігіне байланысты әртүрлі.

Сондықтан әрбір бөлім үшін бас сұлбаға электрлік жалғануы – генераторлардың, трансформаторлардың, жинақтағыш шиналардың және т.б жағдайларына және атқаратын қызметіне байланысты таңдалынып алынады. Бұл жағдайда бір фазалық немесе бірнеше бір фазалық, әйтпесе үш фазалық ӨКТ таңдалынып алынады да, олар әртүрлі сұлбамен іске қосылады. Кішігірім қосалқы станцияларда ӨКТ жарықтандыру торабын қоректендіреді.

Принципінде ӨКТ – бұл кішігірім күштік трансформатор. Ол бос жүріс режіміне таяу режімде жұмыс істейді. Кемшіліксіз ӨКТ (шығыны және қателіктері жоқ) трансформация коэффициенті келесідей өрнекпен анықталынады

(3.1)

сондықтан

.

(3.2)

Әдетте, екінші реттік орамның номиналды кернеуі 100 В немесе  деп есептелінеді. Іске қосылатын құралдардың шкалалары бірнеше реттік ораманың кернеу деңгейіне байланысты белгіленеді.

Шынайы ӨКТ-ның магниттік өткізгіштерінде және орамдарында (қыздырылуының, құйын тогының нәтижесінде) қателіктер пайда болады. Бұл қателіктер өлшеу дәлдіктерін төмендетеді.

Кернеу қателіктері келесідей өрнекпен анықталынады

 

(3.3)

 

 

10 Сурет - Өлшеуіштік кернеу трансформаторының векторлық диаграммасы

 

Диаграмманы тұрғызғанда келесідей шарт қабылданады:  және  векторлары 180º айналдырылып көрсетілген, ал , , ,  бірінші реттік орамға келтірілген.

ӨКТ-ның векторлық диаграммасы 10 суретте көрсетілген.

ӨКТ-ның қателіктерін азайту үшін арнайы магниттік кедергілері аз өзектер пайдаланылады. Бұл жағдайда магнит өткізгіштерінде индукция, магниттің шашырауы және орамдарындағы токтың тығыздығы азаяды.

МЕМСТ-1983-77 сәйкес ӨКТ-ның дәлділік кластары 7 кестеде келтірілген.

Дәлдік класы 0,2 ӨКТ-ы дәл өлшеу үшін пайдаланылады. Мысалы: тексеру және баптау жұмыстарын зерттегенде, жабдықтарды сынақтан өткізгенде, есептеуіш машиналарды қосқанда, жиілікті реттейтін автоматтандырылған құралдарда, пайдаланылатын құралдарды өлшегенде, электр станциялардың электротехникалық зертханаларын жабдықтағанда және т.б. жағдайларда қолданылады.

 

7 кесте - ӨКТ-ның дәлдік кластары

Дәлдік класы

Ең үлкен қателік

Кернеу, %

Бұрыштық

----------

Градус.

0,2

 

 

 

0,5

 

 

 

1

 

 

 

3

 

Нормаланбайды

 

Дәлдік кластары 0,5 және 1 ӨКТ-ры тарату құрылғыларында орналастырылады. Олар қалқандық құралдарды, есептейтін және бақылау санағыштарды және басқа да өлшеуіштік құралдарды қоректендіреді. 0,5 немесе 1%-дан артық болмауы тиіс. Есептейтін санауыштар үшін дәлдік класы 0,5 ӨКТ-ры пайдаланылады.

Дәлдік класы 3 және одан да жоғары ӨКТ-ры релелік қорғаныстарды, автоматика құрылғыларын және сигналдық шамдарды қоректендіреді. Бұл жағдайда рауалы қателіктері 3%-дан жоғары болуы мүмкін.

ӨКТ-ның класс дәлділігі екінші реттік орамның жүктемесіне тәуелді. Егерде жүктеме көбейсе, онда ол төмендейді. Бір фазалы ӨКТ жүктемені (қуаты) [өлшемі вольт-ампер] келесі өрнекпен анықталынады

(3.4)

немесе

,

(3.5)

мұнда

- екінші реттік орамның номиналды кернеуі, В;

- екінші реттік орамның тогы, А;

 - активтік қуаттың қосындысы;

 - реактивтік қуаттың қосындысы;

 - екінші реттік тізбектің толық кедергісі, Ом;

 - екінші реттік тізбектің активтік кедергісі;

 - екінші реттік тізбектің реактивтік кедергісі.

Екінші реттік тізбекке қосылатын құралдардың саны көбейсе, онда оның кедергісі азаяды да, ал ӨКТ-ның жүктемесі артады.

 

2.2 Жұмыстың бағдарламасы

 

2.2.1 Өлшеуіштік кернеу трансформаторларының құралдарын зерттеу және олардың техникалық деректерін жазу.

2.2.2 Кернеу трансформаторларының шықпаларының полярлылығын тексеру.

2.2.3 Кернеу трансформаторларының қателіктерін және трансформация коэффициенттерін анықтау.

2.2.4 Оқшауламаларының күйін бақылау үшін сұлбаларының жұмысын тексеру.

 

2.3 Жұмысқа әзірлік

 

2.3.1 Бұл жұмыста көрсетілген әдебиет тізімдерімен және баяндалған мәселелермен танысу.

2.3.2 Барлық керекті суреттерді дайындау.

2.3.3 Өлшеудің нәтижесінде алынған деректерді енгізу үшін кестелерді дайындау.

2.3.4 Зертханалық жұмыс туралы берілген бақылау жұмыстарына ауызша жауап дайындау.

 

2.4 Жұмысты орындау тәртібі

 

2.4.1 Кернеу трансформаторларының құралымдарын зерттеп білу.

Жұмыстың бұл пункітіне керекті мәселелер:

1) НОМ-6, НОМ-10, НТМК-6, НТМИ-6, И-50 кернеу трансформаторларының паспорттық деректерін жазу;

2) жоғарыда көрсетілген кернеу трансформаторларының құралымдарын зерттеп білу. Кернеу трансформаторларының магниттік өткізгіштерінің түріне, орамдарының санына және орналасуына, орамдарының оқшауламаларына, жоғары және төменгі жақтарындағы шықпалардың таңбаларына, орамдарының жалғану сұлбаларына (3 фазалы КТ үшін) майлы бакқа және оның жерлендіруіне назар аударылуы қажет.

 

 

2.4.2      Кернеу трансформаторларының полярлығын тексеру.

Кернеу трансформаторларының екінші реттік орамдарына ваттметрлердің және электр энергияның санауыштарының орамдарын дұрыс қосу үшін, кернеу трансформаторларының екінші реттік орамдарының шықпаларының полярлығын білу керек.

Барлық кернеу трансформаторларының шықпаларының анық таңбалары болуы қажет. Отандық бір полярлық кернеу трансформаторлары бірдей әріптермен белгіленеді. Жоғары кернеу жағы үлкен әріптермен, ал төменгі кернеу жағы кіші әріптермен таңбаланады.

Бір фазалы кернеу транформаторларының шықпалары жоғары кернеу жағынан келесідей белгімен анықталынады: А-орамының басталуы, Х-орамының аяқталуы. Сол кернеу трансформаторларының төменгі кернеу жағындағы бірполярлық шықпалары «а» және «х» таңбаларымен белгіленеді.

Үшфазалы бесоқтаушалы кернеу трансформаторларының сұлбалары «жұлдызша-жұлдызша» - «ашық үшбұрыш» болғанда, олардың шықпалары келесідей таңбамен белгіленеді: А,В,С,О – жоғары кернеу жағындағы шықпалары, а,в,с,о – төменгі кернеу жағындағы шықпалары, ал ашық үшбұрыш жағындағы шықпалар «а0» және «х0» таңбаларымен белгіленеді.

Шықпалардың полярлылығын және тексеруді дұрыс жүргізу үшін гальвонометрлік тәсіл немесе кез-келген магнитоэлектрлік жүйелі (полярлылығы көрсетілуі керек) құралдар пайдаланылады. Ол үшін тұрақты ток көзі  және бір полюсті ажыратқыш қолданылуы тиіс.

Зертханалық жұмыстың бұл пунктін орындау үшін НОМ-6000/100В кернеу трансформаторының шықпалары стендінің панеліне шығарылуы қажет.

Бұл жұмыстың осы пунктінде студенттің атқаратын міндеті:

1) НОМ-6 кернеу трансформаторларның шықпаларының таңбаларының дұрыстығын анықтау. Ол үшін НОМ-6 кернеу трансформаторының орамдарының шықпаларын поляриметрге 11 суретте көрсетілген сұлба арқылы қосу керек. НОМ-6 кернеу трансформаторының бірінші реттік тізбегіндегі батырманы «К» іске қоссақ, онда кернеу трансформаторының екінші реттік орамасында ЭҚК-і пайда болады. Оның бағыты бақылау - өлшеуіш құралы қай шықпаға қосылғанына байланысты. Егерде құралдың тілі оңға ауытқыса, онда көрсетілген полярлықтың 11 суреттегі сұлбаға сәйкестігін көрсетеді, ал солға ауытқыса, онда орамдарының біреуінің полярлығын өзгерту керек (батырманы «К» ажыратқан уақытта, құралдың тілі керісінше бағытты көрсететінін ескеру қажет).

 

11 Сурет – Галванометр тәсілімен кернеу трансформаторының полярлылығын анықтау

 

2) НОМ-6 кернеу трансформаторының төменгі кернеу жағындағы шықпаларының (а2 және х2) полярлығын анықтау керек (11 суретті қара). Бұл жағдайда И-60 кернеу трансформаторының шықпаларының полярлығы белгілі деп есептелінеді.

12-суретті жинап НОМ-6 кернеу трансформаторының екінші реттік орамдарындағы шықпаларының (а2 және х2) полярлығын анықтау керек. Ол үшін ажыратқыш ажыратылған мезгілде ЛАТР-дың көмегімен И-50 жоғары кернеу жағына 6000 В тұрақтандырамыз да ажыратқышты тізбекке қосамыз. Сол мезгілде, егерде НОМ-6 кернеу трансформаторының жоғары кернеу жағындағы орамдарының шықпалары А2 және Х2, төменгі кернеу жағындағы шықпалармен а2 және х2 бір полярлы болса, онда вольтметр V1 нөлді көрсетеді. Егерде вольтметр V1 кернеудің деңгейін көрсетсе, онда төменгі кернеу жағындағы шықпалардың орнын ауыстырып қосу керек.

 

12 Сурет – Үлгілі трансформатор тәсілімен кернеу трансформаторының полярлылығын анықтау

 

3) Екі вольтметрдің көмегімен екі үшфазалы кернеу трансформаторларының КТ1 және КТ2 (қосылу сұлбасы 12 топ, жұлдызша λ) орамдарының шықпаларының полярлылығын анықтайтын сұлбаны істеу керек.

2.5 Қателіктерді және трансформация коэффициентін анықтау

 

Кернеу трансформаторларының қателіктері және трансформация коэффициенттері тікелей өлшеумен және өрнектермен есептеу арқылы анықталынады.

 

2.5.1  сипаттамаларын түсіру.

а) 13 суреттің сұлбасын жинау керек, мұнда АП-1 автоматты ажыратқыш, түрі АП-50.

Ескерту: зертханалық стендінің панеліне НОМ-6 және И-50 кернеу трансформаторларының төменгі кернеулік шықпалары шығарылған. Сұлбаның жоғары кернеулі бөлімдері стендінің артқы жағында.

б) Бос жүріс режімінде (В-ажыратқышы қосылған) -кернеуін бір қалыпты реттеп (ЛАТР-дың көмегімен) сынақталынатын кернеу трансформаторлары ТНХ  үшін  тәуелділігін түсіріп және оны сызу керек.

 тәуелділігін кернеудің мөлшері В-қа дейін болғанда, әрбір 300В сайын түсіру керек. Алынған деректерді 8 кестеге енгізу қажет.

ЛАТР – реттелінетін кернеудің деңгейін алу үшін керекті лабораториялық автотрансформатор;

ТНр – үлгілі трансформатор И-50 сынақталынатын түрі НОМ-6 кернеу трансформаторын қоректендіреді;

ТНх – сынақталынатын түрі НОМ-6 кернеу трансформаторы; V1 және V2 – вольтметрлер, шкалалары 0÷150В; W-ваттметр.

Z2 – жүктемелік кедергілер (20-400 Ом).

13 Сурет - Қателіктерді және трансформация коэффициентін анықтайтын сұлба

в) Алынған деректерді пайдаланып, есептеу жолымен кернеу трансформаторларының трансформация коэффициентін және қателіктерін анықтау керек.

 

8 кесте – Кернеу трансформаторларының бос жүріс режіміндегі қателіктері және трансформация коэффициенті

V1, B көрсетілуі

80

85

90

95

100

105

U1 - U1 көрсеткішін 60В көбейту керек

4800

5100

5400

5700

6000

6300

, В

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: сынақталынатын кернеу трансформаторларының бірінші реттік орамындағы кернеудің деңгейін анықтау үшін V1 вольтметрдің көрсеткен цифрын трансформация коэффицентіне К=60 көбейту керек. Мысалы, V1=80 В-і көрсетсе, оны 60 көбейтеміз, сонда 80х60=4800 В болады.

3.5.2 Кернеу трансформаторының жүктемелері әртүрлі деңгейде болғанда, КТ-ның трансформация коэффициентін  және қателіктерін анықтау.

Трансформация коэффициенті  және кернеу трансформаторы жүктемелерінің мәндері келесідей болғанда қателіктері анықталынады: S2=(25, 50, 75, 200 және 300 ВА) бұл мезгілде U2=(0,95; 1,0; 1,05)· U2ном, яғни U2=95; 100; 105В.

Бұл үшін:

1) сынақталынатын кернеу трансформаторларында ТНх бос жүріс режімде болғанда, екінші реттік орамның кернеуі U2=95В қойылады («В»-ажыратылған, );

2) екінші реттік орамның жүктемелері S2 жоғарыдағыдай деп алынып, ажыратқыш «В» тізбекке қосады да V1 мен V2 көрсеткіштерін түсіреді;

3) екінші реттік орамның кернеуі  және 105В деп және S2-ның мәндері жоғарыдағыдай деп алынып, екінші реттік орамның кернеуінің өзгерілуі анықталынады, яғни . Алынған деректер 9 кестеге енгізіледі.

  

9 кесте – Жүктемелердің мәндері әртүрлі болғандағы кернеу трансформаторының қателіктері

U2, ТНх

бос жүріс

S2, ВА

95

100

105

Ескертулер

 

 

25 В.А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

50 B.A

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

75 B.A

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

200 B.A

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

300 B.A

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кернеулік қателіктер , жүктеменің  әртүрлі мәндері үшін, жоғарыда көрсетілген өрнектермен анықталады. Бұл өрнектерде, -ның мәні тәжірбеде алынған деректермен анықталынады. Анықталған кернеулік қателіктерді , сынақталынған кернеу трансформаторының паспорттық деректерімен салыстырып, сынақталған кернеу трансформаторының дәлдігі туралы  қорытынды жасау керек.

 

2.5.3 Кернеу трансформаторының ТНх қателіктерін және оның белгісін дифференциалды сұлбамен анықтау.

Кернеу трансформаторының дифференциалды сұлбасын 14 суреттегідей жинап, жүктеменің әртүрлі мәні үшін трансформатордағы қателіктерді анықтау керек. Бұл трансформаторлардың екінші реттік орамдары тізбектеп және қарама-қарсы қосылыстарымен (жалғануларымен) - вольтметріне тұйықталынады.

Екінші реттік орамдарының номиналды кернеуі  болғанда  - вольтметрі қателікті бірден мәнін пайыз ретінде көрсетеді де, айырмашылығы 1 вольт кернеу трансформация коэффициентінің 1%-на сәйкес келеді. Қателіктің белгісі  және  вольтметрлердің көмегімен анықталады. Егерде , онда  деп есептелінеді. Екінші реттік орамның номиналды кернеуін -деп қабылдап (бос жүріс режімі) жүктемелерін S2 тізбектеп қосып , , - вольтметрлердің көрсеткен цифрларын түсіру керек.

Алынған деректер 10 кестеге енгізіледі. 10 кестенің деректері бойынша  әртүрлі  болғандағы тәуелділігін тұрғызу керек.

 

10 кесте – Кернеу трансформаторларының дифференциалды сұлбамен анықталған қателіктері

 (бос жүріс режімі)

 

 

 

 

 

Қателіктердің белгілері

25

 

 

 

 

 

50

 

 

 

 

 

75

 

 

 

 

 

200

 

 

 

 

 

300

 

 

 

 

 

 

2.6 Түрі НТМИ кернеу трансформаторларының оқшауламалары бақылайтын сұлбаның жұмысын тексеру

 

Түрі НТМИ кернеу трансформаторлары барлық фазалық және фазааралық кернеулерді өлшеуге арналған. Сонымен қатар, үш вольтметрдің көмегімен оқшауламалардың күйін бақылайды (бейтараптамасы оқшауламаланған жүйеде). Оларда оқтауша магнитөткізгіштері, үш бірінші реттік орамдары және екі екінші реттік орамдары бар. Орамдары  - сұлбамен іске қосылады. Түрі НТМИ кернеу трансформаторларының екінші реттік орамдары барлық фазалық және фазааралық кернеулерді өлшеуге мүмкіндігі бар, ал ашық үшбұрышты орамына жерге тұйықталудан сақтайтын релелік қорғаныс қосылады. Сонымен, үшфазалы топқа үш бір фазалы үш орамды түрі 3НОМ және НКФ түріндегі каскадты трансформаторлар қосылады.

НТМИ кернеу трансформаторының көмегімен оқшауламалардың күйі келесідей тәртіппен орындалады.

Қалыпты режімде қосымша екінші реттік орамдарында кернеудің мәні нөлге тең, ал қай фаза болса да (біреуі) қысқа тұйықталса жерге, онда бұзылмаған екі фазадағы кернеудің деңгейі  дейін көбейеді (бұзылмаған екі фазаның геометриялық қосындысына тең). Қосымша орамдардың санын есептегенде, онда пайда болатын кернеудің мәні 100 В-қа тең болады деп алынады. Ашық үшбұрышты орамасына қосылған аз кернеулі реле жұмыс істейді де, дыбыс сигналын береді. Содан кейін, үш вольтметр арқылы (тізбектегі) қай фазада қысқа тұйықталу болғандығын анықтайды. Жерге қосылған фазаның вольтметрі нөлді көрсетеді де, ал қалған екеуі фазааралық кернеудің мәнін көрсетеді.

Жұмыстың бұл пункітінде студент НТМИ-6 кернеу трансформаторының бір фазасы жермен қосылғандағы жұмысын 15 суреттегі сұлба арқылы тексеруі керек.

 

 

15 Сурет – НТМИ-6 кернеу трансформаторының бір фазасы жермен қосылғандағы жұмысын тексеретін сұлба

 

Бұл пункітті орындаудың тәртібі:

1)     сұлбаны 15 сурет бойынша жинау керек;

2) түрі АП-3 автоматты іске қосамыз, бұл жағдайда кернеуі 380 В-тық үш фазалы тораптың кернеуі 6 кВ-қа дейін ТН трансформаторы арқылы жоғарлатылады. Тізбектің негізгі орамдарына қосылған үш вольтметр арқылы оқшауламаларының күйінің дұрыстығын немесе дұрыс еместігін байқауға болады.

3) «К» батырмасын іске қосып, 6 кВ-тың торапта жасанды түрде жермен тұйықталуын жасаймыз. Бұл мезгілде НТМИ-6-ның екінші тізбегіндегі кернеу релесі іске қосылып, дыбыс және жарық сигналдарын береді. Жермен қосылған фазаның вольтметрі нөлді көрсетеді.

4) НТМИ-6-ның құралымына, қалыпты және электр торабының бір фазасы жермен қосылғандағы режімдеріне түсініктеме беріңіздер.

 

2.7 Есеп берудің мазмұны

 

2.7.1 Жұмыстың мақсаты

2.7.2 Кернеу трансформаторларының техникалық деректері.

2.7.3 Сынақтан өткізудің ұстанымдық сұлбасы

2.7.4 Жұмыстың әрбір пункітінің нәтижесі.

2.7.5 Алынған деректерді талдау және әрбір пункітінің қорытындысы.

 

2.8 Бақылау сұрақтары

 

2.8.1 Кернеу трансформаторларының алмастыру сұлбасы және векторлық диаграммасы. Түсініктеме беру керек.

2.8.2 Бір фазалы кернеу трансформаторларының жалғану топтары тұрақты токпен, екі вольтметр тәсілімен, фазометрмен қалай жүргізіледі? Сұлбаны келтіріп және түсіндіру керек.

2.8.3 Кернеу трансформаторларының құралымы, оқшауламалары.

2.8.4 Бос жүріс тогы және  немесе  қалай анықталынады?

2.8.5 Кернеу трансформаторының фазировкасы қалай жүргізіледі?

2.8.6 Каскадтық кернеу трансформаторлары, жұмыс істеу ұстанымы және олардың құралымы.

2.8.7 Сыйымдылық кернеу бөлгіші.

2.8.8 Кернеу трансформаторларының жүктемелерін қалай анықтайды?

2.8.9 Кернеу трансформаторларының қателіктерін төмендету тәсілдері.

2.8.10 Неліктен 3-фазалы, 3-өзекті кернеу трансформаторларымен оқшауламалардың күйін бақылау мүмкіндігі жоқ?

2.8.11 Оқшауламаны бақылайтын НТМИ кернеу трансформаторының құралымы және жұмыс істеу ұстанымы.

2.8.12 Бір фазалы кернеу трансформаторларын тізбекке қосу сұлбалары және оларды пайдалану аймақтары.

  

Әдебиеттер тізімі 

1.                 Л.Д.Рожкова. Л.К.Карнеева, Т.В.Чиркова. Электрооборудование электрических станций и подстанций. Учебник для вузов. – М.: Издательский центр «Академия», 2004.-448 с.

2.                 Неклепаев Б.Н. Электрическая часть электростанций и подстанций. Учебник для вузов. 2-изд. – М.: Энергоатомиздат, 1986.-310 с.

3.                 Электрическая часть станций и подстанций. / Под ред. Васильева А.В. Учебник для вузов. 2-изд. – М.: Энергоатомиздат, 1990.-210 с.

4.                 Электротехнический спавочник. / Под ред. Орлова И.Н. и др. 7-изд. Т3, кн1. - 2-изд. – М.: Энергоатомиздат, 1988.-429 с.

5.                 Рожкова Л.Д., Козулин В.С. Электрооборудование станций и подстанций. – М.: Энергоатомиздат, 1987.-315 с.

6.                 Г.Хожин. Электроэнергетика (Электр станциялары), Оқулық, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-415 б-илл. 

 

Мазмұны 

Кіріспе

3

Өлшеуіштік трансформаторлар туралы жалпы теориялық мәлімдер

3

1 зертханалық жұмыс. Өлшеуіштік ток трансформаторлары

4

2 зертханалық жұмыс. Өлшеуіштік кернеу трансформаторлары

16

Әдебиеттер тізімі

28