Коммерциялық емес акционерлік қоғамы 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ 

Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы 

 

 

 

ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЭЛЕКТРЛІК ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ТОРАПТАР

 050718 – Электр энергетикасы мамандығының күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін есептеу – графикалық  жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау және тапсырмалар

 

 

Алматы 2009  

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: В.Н.Сажин, Н.А.Генбач, А.А. Дусимов. Электр энергетикасы. Электрлік жүйелер және тораптар. 050718 – Электр энергетикасы мамандығының күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін есептеу - графикалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау және тапсырмалар – Алматы: АЭжБИ, 2009.-8б.  

         «Электр энергетикасы» пәніне бес бөлім кіреді: электр станциялары, электроэнергетикалық жүйелер және тораптар, электрмен жабдықтау, релелік қорғаныс және автоматика, дәстүрлі емес және қалпына келтірілетін энергия көздері.

         Берілген әдістемелік нұсқау – электр энергетикалық жүйелер  және тораптар бөлімі бойынша ЕГЖ орындауға арналған және оған мыналар кіреді: жалпы нұсқаулар, тапсымалар шарты, бастапқы мәліметтер және бақылау сұрақтарының нұсқалары.       

         1 Жалпы нұсқаулар  

          Әдістемелік өңдеуге бір есеп және екі бақылау сұрағы бар есептік графикалық жұмыс кіреді.

Есепте  35 кВ кернеулі тұйықталмаған тораптың есебі жүргізіледі, торап бөліктерінде қуаттың таралуы және жүктеме түйіндеріндегі кернеу  анықталады. ЕГЖ соңында бақылау сұрақтарының 10 нұсқасы келтірілген.       

           Есепті шешуге арналған бастапқы мәліметтер өте индивидуалды.  Әрбір студент өз есебінің нұсқасын берілген пәнді оқу жылына байланысты үш түрлі белгісі бойынша анықтайды: соңғы және оның алдындағы шифрдің саны мен өз тегінің бірінші әрпі.

 1.2 кестесіне сәйкес пәнді оқыту жылын есептей отырып, шифрдің соңғы саны бойынша (сынақ кітапшасының нөмірі) бірінші топтың бастапқы мәліметтерінің нұсқа нөмірі белгіленеді.

 

1.1 К е с т е

Оқу жылы

Шифрдің соңғы саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2006/07

V

VI

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

2007/08

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

2008/09

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

2009/10

V

VI

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

2010/11

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

2011/12

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

        

          Сол сияқты, 1.2 кестесіне сәйкес, шифрдің соңғы санының алдыңғысы бойынша екінші топтың бастапқы мәліметтері белгіленеді және тегінің бірінші әрпіне сәйкес, 1.3 кестесі бойынша үшінші топтың бастапқы мәліметтері белгіленеді.

 

 1.2 К е с т е

Оқу жылы

                               Шифрдің соңғы санының алдыңғысы

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2006/07

VI

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

2007/08

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

2008/09

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

2009/10

VI

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

2010/11

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

2011/12

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

 

 1.3 К е с т е

Оқу жылы

Тегінің бірінші әрпі

А,Д

В,Г,Я

Б,Е

Ж,З,И,Л

К,Ы

М,О

Н,П

Р,Т,У,Ф

С,Ч

Х,Ц,Щ,Ш,Э,Ю

2006/07

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

2007/08

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

2008/09

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

2009/10

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

2010/11

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

2011/12

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

 

        Әрбір бақылау есептеріндегі бақылау сұрақтарының нұсқасы шифрдің соңғы саны бойынша оқу жылына тәуелсіз алынады.   

           2 Есептеу шарты 

           2.1 суретінде көрсетілген 35 кВ кернеулі тұйықталмаған тораптың  түйін нүктелеріндегі кернеуді анықтау және торап бөліктеріндегі қуаттың таралуын табу.

             

 

                                                      2.1 Сурет

 

2.1 К е с т е

Нұсқа

 

1-топтың бастапқы мәліметтері

 

2-топтың бастапқы мәліметтері

 

3-топтың бастапқы мәліметтері

Бөліктер ұзындығы, км

Сым маркасы

cosj

Жүктеме қуаты, Мвт

0-1

1-2

2-3

3-4

1-5

5-6

Р1

Р2

Р3

Р4

Р5

Р6

I

 6

7

8

5

5

9

 АС-95/16

0.88

2.2

2.5

2.4

3.5

2.8

3.1

II

8

6

7

5

8

6

 АС-70/11

0.82

2.5

2.7

1.6

1.4

2.2

1.8

III

5

4

7

9

6

7

  А-95

0.85

1.5

2.8

3.1

2.7

1.6

1.4

IV

3

8

4

8

6

3

 АС-95/16

 0.8

1.4

2.2

1.8

2.2

2.5

2.4

V

4

6

7

4

8

5

 АС-70/11

0.83

1.8

2.2

2.5

1.4

2.2

1.8

VI

7

9

5

7

5

9

 А-70

0.78

2.4

3.5

2.8

3.1

1.6

1.4

VII

5

5

8

6

8

7

 АС-120/19

0.81

2.8

3.1

1.6

1.4

2.2

1.8

VIII

7

8

7

5

8

6

 А-70

0.76

2.5

1.4

2.2

1.8

2.8

3.1

IX

6

4

8

6

5

4

 АС-95/16

0.86

2.5

2.7

1.6

1.4

2.2

1.8

X

9

5

4

8

6

5

 АС-95/16

0.80

2.2

1.8

2.2

2.8

3.1

1.6

 

          3 Әдістемелік нұсқау 

   Режимдерді есептеудің негізгі мақсаты оның тұтынушылары мен торап жабдықтары жұмыс істейтін жағдайы сипатталатын параметрлерін анықтау болып табылады. Режимдерді есептеу нәтижесі тұтынушыларға берілетін электр энергияның сапасын бағалаудың,  қарастырылатын режимдердің торап жабдықтарының жұмысы жөнінен алғандағы өтімділігінің, сонымен қатар тұтынушыларды электрмен қамтамасыз етудің қолайлы жағдайын табудың негізі болып есептеледі.

         Электр тораптарының режимдерін есептеудегі бастапқы мәліметтерге тұтынушылардың қосалқы станциясының белгілі қуаты, электр станцияларынан электрлік тораптар бойымен энергия алатын жүйелердің қосалқы станциялары немесе қоректену көздерінің кернеу мәні, сонымен бірге есептік орынбасу сұлбасын құруға негіз болатын тораптардың параметрлері мен элементтерінің өзара қатынасы жатады. Осы негізде пайдаланушылық немесе жобалық болуы мүмкін тораптарға тән ерекшеліктері мен есептеулердің  берілуі ескеріледі. Мынаны ескеру қажет, көптеген жағдайларда жүктеме осы түрдегі есептеулерде тұрақты активті және реактивті қуат түрінде беріледі.

            Электр тораптарының режимдерін  есептеу практикалық түрде тізбекті шамаластыру әдісімен жүргізіледі.

         Мұнда орнықты тораптар режимдерін талдау бірінші шамаластырумен шектеледі – тораптың барлық түйіндік нүктелеріндегі кернеу номиналдыққа тең кезіндегі ең үлкен кернеу шығынын анықтаумен шектеледі. Аудандық тораптар режимдерін есептеу екі этаппен жүргізіледі: бірінші этапта қуаттың таралуы мен олардың шығынын табады; ал екінші шамаластыру егер қоректендіру көзінің кернеуі белгілі болса, жүктемелі қосалқы станция шиналарындағы кернеуді анықтауға жол береді. Екінші этапта есептеу жүргізу кезінде көптеген жағдайларда кернеу берілген жердегі түйіндік нүктеден бастап, торап бөліктері бойындағы кернеу шығынын анықтаумен шектеледі [5].

          Активтік қуат беріліс кезінде r активтік және x индуктивтік кедергілерге ие желінің бас бөлігіндегі U1 кернеуі, желі бөлігінің соңындағы қуат пен кернеу  мына формуламен анықталады

 

,

немесе

мұнда  және  - қарастырылатын бөліктегі кернеу құлауының бойлы және көлденең құрастырушылары. Соңғысын, әдетте 220 кВ және одан жоғары кернеулі тораптарды есептеу кезінде қолданады.

         Осыған сәйкес бөлік соңындағы  кернеуі  басындағы берілгендер бойынша анықталады

         Желінің осы бөлігіндегі қуат шығыны

         Шамалас есептеулерде қуат шығыны бөліктің басындағы немесе соңындағы нақты кернеу бойынша емес, ал  номиналдық кернеу бойынша есептеледі [5].

          Есепті шешу үшін электр торабының орынбасу сұлбасын құру қажет.

          Торап бөліктеріндегі қуаттың таралуын активтік және реактивтік жүктемелердің тізбектей қосындысымен анықтау. Тораптағы толық кернеу шығынын анықтау. Есептеу желінің номинальды кернеуі бойынша жүргізіледі.  Торапты есептеу кезінде желінің сыйымдылықты өткізгіштігі есепке алынбайды.

          Тораптың түйіндік нүктелеріндегі кернеу деңгейін анықтау кезінде желінің басындағы кернеуді 1,05 Uном. тең алыңыз.

 

          4 Бақылау сұрақтары     

1-нұсқа

1 Трансформаторлардағы қуат және энергия шығындары қалай анықталады?

2 Әуе желілерінде қандай оқшаулама типтері қолданылады?

 

2- нұсқа

1 Электр тораптары қандай белгілер бойынша классифицирленеді?

Автотрансформатордың трансформатордан айырмашылығы неде?

 

3- нұсқа

1        Әуелік желі электр берілістеріндегі қандай бағаналарды білесіз?

2        Соңында жүктемесі бар желіні есептеу кернеу шығыны бойынша қалай жүргізіледі?

 

4- нұсқа

1  Күштік кабельдерді орналастырудың қандай тәсілдері бар?

Электр тораптарына қандай талаптар қойылады?

 

5- нұсқа

1        Әуе желісінің сызықтық арматурасы. Қысқаша сипаттама беріңіз.

2        Электр энергия берілісінің қандай перспективті тәсілдері бар?

 

6- нұсқа

1        Әуе желісінің сымдарының маркасы және құрылымы.

2   Тұрақты тоқ берілісінің қандай артықшылық және кемшіліктері бар?

 

7- нұсқа

1        Кернеудің шығыны мен құлауынан нені түсінуге болады? Векторлық диаграммадан кернеудің құлауының құраушысын көрсетіңіз.

2        Күштік кабельдердің қандай құрылымдары бар? 

 

8- нұсқа

1        Желінің зарядтық қуаты деп нені атайды және ол қалай анықталады?

2        Желідегі қуат және энергия шығыны қалай анықталады?

 

9- нұсқа

1  Болат сымды тораптарды есептеу қалай жүргізіледі?                           

2 Энергия жүйелерінің негізгі артықшылықтары.

 

10- нұсқа

1        ЭБЖ жоғары кернеуінің қоршаған ортаға ықпалы.

2        Тұйықталмаған тораптарды есептеу қалай жүргізіледі?

  

Әдебиеттер тізімі                    

          1. Сажин В.Н. Электрические системы и сети. Конспект лекций для студентов специальности «Электроэнергетика».- АИЭС, 2004.

          2. Блок  В.М. Электрические сети и системы.- М.: Высшая школа, 1986.

          3. Идельчик В.И. Электрические системы и сети: Учебник для вузов.- М.: Энергоатомиздат, 1989.

          4. Электрические системы: Электрические сети / Под ред. В.А. Веникова.- М.: Высшая школа, 1997.

          5. Электрические системы и сети в примерах и иллюстрациях: Учеб. пособие для электроэнергетич. спец/ Под ред. В.А. Строева.- М.: Высш. шк., 1999.

         6. Евдокунин Г.А. Электрические системы и сети: Учебное пособие для электроэнергетических спец. вузов. – СПб: Издательство Сизова М.П., 2001.

                                       Мазмұны

1 Жалпы нұсқаулар. .……………………………………………………………. 3

2 Есептеу шарты..…………………………………………………………………4

3 Әдістемелік нұсқау........………………………………………………………. 5

4 Бақылау сұрақтары......………………………………………………………..  6

5 Әдебиеттер тізімі...……………………………………………………………. 7