АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы
ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ МАШЫҚТАНУ БАҒДАРЛАМАСЫ
050718 – Электр энергетикасы мамандығының «Электр станциялары»,
«Электр тораптары мен жүйелері» мамандығы бойынша оқитын барлық
оқу түрінің студенттеріне арналған бағдарлама
Алматы 2009
ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: С.Е. Соколов, Г.Х. Хожин, В.Н. Сажин, Н.А.Генбач. 050718 – Электр энергетикасы мамандығының «Электр станциялары», «Электр тораптары мен жүйелері» мамандығы бойынша оқитын барлық оқу түрінің студенттеріне арналған бағдарлама.-Алматы: АЭжБИ, 2009 ж.- 10 б.
Бағдарламада диплом алдындағы машықтанудың нұсқауы, ұйымдастырылуы, күнделіктің безендірілуі және есеп беруі, мазмұны қолданылатын әдебиеттер тізімі берілген.
Кіріспе
Студенттердің диплом алдындағы машықтану тәжірибесін өтуі, бакалаврларды дайындау оқу процесінің соңғы этаптарының бірі болып табылады.
Бұл студенттердің институтта оқу процесі кезіндегі алған теориялық білімдерін бекіту, тереңдету және осы білімдерін машықтану тәжірибесімен толықтыру үшін қажет. Диплом алдындағы машықтанудың оқу жоспарында 4 кредит саны бар, 4 аптаға созылған, 8 семестр қарастырылған.
1. Диплом алдындағы машықтануды ұйымдастыру (Электр станция мамандандырылуы бойынша)
1.1 Машықтанудың мақсаты
Бітіру жұмысының орындалуы бойынша материалдар жинау.
1.2 Машықтанудың міндеті
Теориялық білімді бекіту және оларды практикалық есептерді шешу
үшін қолдану.
1.3 Машықтануды өту орындары
Маман иелерін дайындаудың негізгі элементі болып табылатын
машықтану электрстанцияларда, қосалқы станцияларда, жобалық, монтаждық дайындық өнеркәсіптер мен ұйымдарда, сонымен қатар кафедрада өтілуі мүмкін.
1.4 Машықтануды ұйымдастыру
Диплом алдындағы машықтануға студенттер оқу процесінің графигіне
сәйкес институт ректорының жарлығы бойынша бағытталады.
Студентте өзімен бірге жеке куәлігі, фотосуреті және қауіпсіздік
ережелерін (ҚЕ) тапсырғандығы туралы куәлігі болуы керек.
Студенттер машықтану тәжірибесін өту кезінде жетекші және кеңесшінің тапсырмасына сәйкес бітіру жұмысын орындау үшін жеткілікті материалдары жинауы тиіс. Тапсырмалар жетекшілерінің қолдары қойылған бланкілерге сәйкес машықтанудың басталуына бір апта қалғанға дейін беріледі.
1.5 Машықтанудың өтуін бақылау
Институттағы машықтану жетекшісі машықтану алдында ұйымдастыру жиналысын өткізеді, сонымен қатар студенттерді машықтанудың мақсатымен және тапсырмаларымен таныстырады, толтырылған бағыттағы күнделіктер береді.
Машықтанудағы студенттер жұмысы өнеркәсіптегі жетекшілер көмегімен басқарылады. Өнеркәсіптегі машықтану жетекшісі студенттердің бітіру жұмысын орындауға арналған материалдарды жинауға көмектеседі.
1.6 Машықтану бойынша күнделік
Күнделікте факультет деканының қолы, деканат мөрі, машықтануға бағыттама, студенттің келуі туралы хабарлама, күнделікте орындалған жұмыстар жазылған кестелер, жиналған материалдардың тізімі, машықтану өтілуінің сипаттамасы болуы керек.
Машықтану есебіне қосымша машықтану күнделігі беріледі.
1.7 Машықтану бойынша есеп беру
Машықтану бойынша есеп беру әрбір студенттің орындаған және күнделікке жазылған жұмыстарының негізінде жасалады.
Есеп беру мәтінді бөлімнен және маңызды суреттерден, сұлбалардан, графиктерден, кестелерден және технологиялық сызбалардан тұрады.
Машықтану бойынша есеп беру 210×297 мм, фармат беттерінде және стандартқа сәйкес [1], көлемі 25 беттен кем емес болып, ЭВМ-да безендіріледі. Бұл есеп беру орындалатын бітіру жұмысының басталуынан бір апта бұрын жетекшіге қорғауға әкелінеді. Машықтануды бағалау үшін есеп берудің безендірілуінің сапасы мен мазмұнын, студенттердің машықтануының және теориялық білімдерін, өнеркәсіптен алынған сипаттамаларын қарастыру арқылы жүзеге асырылады.
Есеп беруді тапсырмау, себепсіз жағдайларға байланысты машықтану өту графигін бұзу машықтануды қайталап өтуінің негізі болып табылады.
2 Диплом алдындағы машықтанудың бағдарламасы
Студент таңдалған бітіру жұмысының тақырыбына және машықтануды өтуінің орнына сәйкес негізгі сұрақтарды тереңдетуі және дамытуы тиіс. Негізгі назарды бітіру жұмысының тақырыбына және белгілі өнеркәсіпте шешілетін әдісіне байланысты сұрақтарға аударуы керек. Егер, бітіру жұмысының тақырыбы электрстанцияларына және қосалқы станцияларына байланысты болса, онда төменде көрсетілген сұрақтар қарастырылуы тиіс.
2.1 Кәсіпорынның өндірісті ұйымдастыру құрылымы
Өнеркәсіптің әкімшілік құрылымы. Жұмысшылардың құқықтары мен міндеттері. Өнеркәсіптегі еңбектің ұйымдастырылуы. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру. Еңбек тәртібі. Өнеркәсіптік жоспар.
2.2 Электр станциясы туралы жалпы мағлұмат
Электрстанцияларының негізгі техникалық және экономикалық көрсеткіштері, олардың энергожүйедегі белгіленуі мен рөлі. Электр және жылу энергиясының негізгі тұтынушылары.
2.3 Жылу бөлімі
Негізгі және қосымша жанар майдың сипаттамасы. Жанармай дайындаудың жүйесі. Қазан агрегаттары, турбо агрегаттары және олардың негізгі параметрлері. Техникалық сумен қамтамасыздандыру және салқындатқыш қондырғылар. Күлді аластату және күлді тұту құрылғысы.
2.4 Электр станцияларының электрлік бөлімі
Синхронды генераторлар олардың техникалық және құрылымдылық берілгендері. Синхронизациялау тәсілдері. Трансформаторлар, олардың техникалық және құрылымдылық анықтамалары. Станцияның негізгі сұлбасы және оның ерекшеліктері. Таратушы құрылғылардың қосылуының электрлік сұлбасы. Өзіндік мұқтаждар тұтынушыларының қоректік сұлбасы, резерв жүйесі. Релелік қорғаныстардың және автоматика құрылғыларының негізгі түрлері. ЭВМ-ді жаңа технологияларды және жаңа қондырғыларды қолдану.
2.5 Бітіру жұмысына арналған материалдар
Бітіру жұмысына арналған материалдар берілген тақырыппен анықталады.
Материалдарды жинау кезінде өнеркәсіптегі және оқу әдебиеттеріндегі берілгендерімен шектелмеуі керек. Қосымша материалдарды интернет желісіннен, арнайы әдебиеттерден және анықтамалардан іздеу керек.
2.6 Экономикалық сұрақтар
Диплом алдындағы машықтану тапсырмаларының бірі экономикалық бөлімі бойынша материалдарды жинау және оқу болып табылады. Экономикалық бөлім бойынша тапсырманы экономика жөніндегі кеңесші береді және ол машықтану басталуының алдында алынуы керек
2.7 Адам өмірін қауіпсіздендіру сұрақтары
Адам өмірінің қауіпсіздігі (А.Ө.Қ.) бойынша тапсырманы А.Ө.Қ. кеңесшісі береді және диплом алдындағы машықтанудың басталуы алдында студентке тапсырылуы керек.
3. Электр станция мамандығы бойынша диплом алдындағы машықтануды ұйымдастыру (Электр жүйелері және тораптары мамандандырылуы бойынша)
3.1 Машықтанудың мақсаты мен міндеттері
Машықтанудың мақсаты – бітіру жұмысын орындауға арналған материалдарды жинау және дайындау, электр тораптары мен желілерін жобалау және пайдалану бойынша практикалық білім алу.
Машықтанудың міндеті – теориялық білімдерді бекіту және оларды техникалық, әлеуметтік түрдегі практикалық тапсырмаларды орындау үшін қолдану.
3.2 Машықтанудың өтетін орны
Мамандар дайындаудың маңызды элементтерінің бірі болып табылатын машықтану электр желілерін басқару бойынша компаниялардың «KEGOC» филиалдарында, жергілікті электрожелілік компанияларда, таратушы электр желілерінде, сонымен қатар жобалық, монтаждық ұйымдарда және мекемелерде өтілуі мүмкін.
3.3 Машықтануды ұйымдастыру
Диплом алдындағы машықтануға студент оқу процесінің графигіне байланысты институт ректорының жарлығы бойынша бағытталады.
Студенттің өзімен бірге жеке куәлігі, фотосуреті және қауіпсіздік ережелерін (Қ.Е.) тапсыру туралы куәлігі болуы тиіс.
Студенттер машықтануды өту кезінде жетекші және кеңесшінің тапсырмасына сәйкес бітіру жұмысын орындау үшін жеткілікті материалдарды жинауы тиіс. Тапсырмалар жетекшілерінің қолдары қойылған бланкілерге сәйкес машықтанудың басталуына бір апта қалғанға дейін беріледі.
3.4 Машықтанудың өтуін бақылау
Институттағы машықтану жетекшісі машықтану алдында ұйымдастыру жиналысын өткізеді, сонымен қатар студенттерді машықтанудың мақсаттарымен, тапсырмаларымен таныстырады, толтырылған бағыттағы күнделіктер беріледі.
Машықтанудағы студенттер жұмысы өнеркәсіптегі жетекшілер көмегімен басқарылады. Өнеркәсіптегі машықтану жетекшісі студенттердің бітіру жұмысын орындауға арналған материалдарды жинауға көмектеседі.
3.5 Машықтану бойынша күнделік
Күнделікте факультет деканының қолы, деканат мөрі, машықтануға бағыттама, студенттің келуі туралы хабарлама, күнделікте орындалған жұмыстар жазылған кестелер, жиналған материалдардың тізімі, машықтама өтілуінің сипаттамасы болуы керек.
Күнделік машықтану туралы есеп беруге бекітілуі керек.
3.6 Машықтану бойынша есеп беру
Машықтану бойынша есеп беру әрбір студенттің орындаған жұмыстары мен күнделікке жазылғандардың негізінде жасалады.
Есеп беру мәтінді бөлімнен және маңызды суреттерден, сұлбалардан, графиктерден, кестелерден және технологиялық сызбалардан тұрады.
Машықтану бойынша есеп беру 210х297 мм, формат беттерінде және стандартқа сәйкес [1], көлемі 25 беттен кем емес болып, ЭВМ-да безендіріледі. Бұл есеп беру орындалатын бітіру жұмысының басталуынан бір апта бұрын жетекшіге қорғалуға әкелінеді. Машықтануды бағалау үшін есеп берудің безендірілуінің сапасы мен мазмұнын, студенттердің практикалық және теориялық білімдерін, өнеркәсіптен алынған сипаттамаларын қарастыру арқылы жүзеге асырылады.
Есеп беруді тапсырмау, себепсіз жағдайларға байланысты машықтану өту графигін бұзу машықтануды қайталап өтуінің негізі болып табылады.
4 Диплом алдындағы машықтанудың мазмұны
Бітіру жұмысының таңдалған тақырыбы және машықтанудың өту орнына сәйкес студент оқып үйренетін, талдайтын және қабылдайтын негізгі сұрақтарды анықтау керек.
Негізгі назарды бітіру жұмысының тақырыбымен анықталған сұрақтарға және сол мекемедегі сұрақтарды шешу әдістеріне аудару керек.
4.1 Бітіру жұмысына арналған арнайы материалдар
Бітіру жұмысына арналған арнайы материалдар бітіру жұмысының тақырыбымен анықталады. Олар студенттің өзіндік дәрежесін, маман ретіндегі студенттің техникалық білімдерін және оның институтта алынған теориялық білімдерін машықтануда қолданылатындығын, сонымен қатар одан ары қарай даму дайындығы мен қабілеттілігін көрсетеді.
Бітіру жұмысына арналған материалдарды жинау кезінде мекемеде және оқу әдебиеттеріндегі материалдармен ғана шектелмеуі керек. Қосымша материалдарды интернет желісінен, арнайы әдебиеттерден және анықтамалардан іздеу керек.
4.2 Экономикалық сұрақтар
Диплом алдындағы машықтанудың тапсырмаларының бірі экономикалық бөлім бойынша материалдарды жинау және оқып үйрену болып табылады. Экономикалық бөлім бойынша тапсырманы экономика жөніндегі кеңесші береді және ол машықтанудың басталу алдында алынуы керек.
4.3 Адам өмірінің қауіпсіздігі бойынша сұрақтар
Адам өмірінің қауіпсіздігі (АӨҚ) бойынша тапсырманы кеңесші береді. Ол бітіру жұмысының тақырыбымен тығыз байланыста болуы керек және ол машықтану басталар алдында берілуі керек.
Әдебиеттер тізімі
1. Работы учебные. Фирменный стандарт. ФС РК 10352-1910-У-е-001-2002. АИЭС, 2002.
2. Васильев А.А. и др. Электрическая часть станций и подстанций. – М.: Энергия, 1990.
3. Правила устройства электроустановок. - М.:Энергия,2001.
4. Чернобровов Н.В. Релейная защита. – М.:Энергия, 1975.
5. Околович М.Н. Проектирование электрических станций. – М.: Энергия, 1982.
6. Баков Ю.В. Проектирования электрической части электростанций с применением ЭВМ. – М.: Энергоатомиздат, 1991.
7. Правила технической эксплуатации электрических станций исетей. М.: Энергия, 1985.
8. Нормы технологического проектирования тепловых электрических станций и тепловых сетей. – М.:Энергия, 1974.
9. Хожин Г.Х. Электр станциялары мен қосалқы станциялар (оқулық). – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002.-312б.
10. Соколов С.Е., Сажин В.Н. Эксплуатация и ремонт силовых трансформаторов: Учебное пособие. – Алматы, 2005.
11. Соколов С.Е., Кузембаева Р.М. Тепловые электрические станции: Учебное пособие. – Алматы,2005.
Мазмұны
Кіріспе........................................................................................................................3
1 Диплом алдындағы машықтануды ұйымдастыру...............................................3
1.1 Машықтанудың мақсаты....................................................................................3
1.2 Машықтану міндеті.............................................................................................3
1.3 Машықтануды өту орныдары............................................................................3
1.4 Машықтануды ұйымдастыру.............................................................................3
1.5 Машықтанудың өтуін бақылау..........................................................................4
1.6 Машықтану бойынша күнделік.........................................................................4
1.7 Машықтану бойынша есеп беру........................................................................4
2 Диплом алдындағы машықтанудың бағдарламасы............................................4
2.1Кәсіпорынның-өнеркәсіпт ұйымдастыру құрылымы......................................5
2.2 Электр станциясы туралы жалпы мағлұмат.....................................................5
2.3 Жылу бөлімі.........................................................................................................5
2.4 Электр станцияларының электр бөлімі.............................................................5
2.5 Бітіру жұмысына арналған материалдар..........................................................5
2.6 Экономикалық сұрақтар.....................................................................................5
2.7 Адам өмірін қауіпсіздендіру бөлімінің сұрақтары..........................................6
3 Электр станция мамандығы бойынша диплом алдындағы машықтануды ұйымдастыру
(Электр жүйелері және тораптары мамандандырылуы бойынша)...............6
3.1 Машықтанудың мақсаты мен міндеттері..........................................................6
3.2 Машықтанудың өтетін орны..............................................................................6
3.3 Машықтануды ұйымдастыру.............................................................................6
3.4 Машықтанудың өтуін бақылау..........................................................................6
3.5 Машықтану бойынша күнделік.........................................................................7
3.6 Машықтану бойынша есеп беру........................................................................7
4 Диплом алдындағы машықтанудың мазмұны.....................................................7
4.1 Бітіру жұмысына арналған арнайы материалдар.............................................7
4.2 Экономикалық сұрақтар.....................................................................................8
4.3 Адам өмірінің қауіпсіздігі бойынша сұрақтар.................................................8
Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................9