АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы

  

 

ЭЛЕКТРОМЕХАНИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚ.

     1.2 БӨЛІМ. ЭЛЕКТР ОҚШАУЛАУЫШ ЖӘНЕ КАБЕЛЬДІК ТЕХНИКА

  

    050718- Электроэнергетика мамандығының барлық оқу

    түрлерінің студенттері үшін есептеу – графикалық жұмыстарын

орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

                                                Алматы 2008

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Бекмағамбетова К.Х.

Электромеханика және электротехникалық жабдық. 1,2 – бөлім.

Электр оқшаулағыш және кабельдік техника. 050718 -        Электроэнергетика мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттері   үшін есептеу – графикалық жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

- Алматы: АЭжБИ, 2008. – 13б.

  

         Есептеу – графикалық жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік                                                     нұсқаулар «Электромеханика және электротехникалық жабдық» курсына қойылатын сұрақтар, кіріспе және тапсырмадан тұрады.

 

 

Мазмұны 

     Кіріспе.................................................................................................................3

1.     Пәнді оқып білуге арналған  әдістемелік нұсқау..                                     3

     2.  Есептеу – графикалық жұмыс...................................................................   4

     3.  Есептеу – графикалық жұмысқа тапсырма.................................................4

Әдебиеттер тізімі............................................................................................. 3

Кіріспе 

050718 – Электроэнергетика мамандығы бойынша оқып бітіретін студенттер электр оқшаулау, жоғары вольтты оқшаулағыш құрылғылар, кабельдік бұйымдарды есептеп шығару, жасау және қолданумен байланысты мәселені үйреніп білуі керек.

Оқу жоспары бойынша осы курсты меңгеру үшін 5 кредит бөлінеді, оның ішінде осы бөлімге – 1 кредит, жалпы 45 сағат берілген. Күндіз оқитын студенттер осы пәнді 3-курста өтеді. Аудиториялық сабақтар – 17 сағат, олардың бәрі дәрістер. Практикалық және лабораториялық жұмыстар жоқ. Студент 1 есептеу – графикалық жұмысын орындау керек.

 

1.     Пәнді оқып білуге арналған әдістемелік нұсқау

 

        Республикада ғылыми – техниканың дамуы үшін бұрын шығарылған заттарды дұрыс пайдаланып, жаңа, қазіргі уақытқа сай, материалдарды өндіру керек. Өндіріс үрдісінің техника – экономикалық анализін қарастырса, әрбір құрылғылық және технологиялық шешім заттың эксплуатациялық сипаттамасы мен экономикалық эффектісіне, жаңа технологияларды қолдануға, қоршаған ортаны қорғауға сүйенеді.

Жаңа оқшаулама қондырғыларды жобалау, жасау, өндіру ары қарай дамиды, бүкіл дүние жүзінде заттардың және бұйымдардың сипаттамаларын және мінездемелерін ұлғайтуға әрдайым ынталанады. Бұрынғы пассивті диэлектриктердің жартылай өткізгіштерін, магниттік заттарын қазіргі таңда сипаттамасы активті, мінездемелерін басқартуға болатын материалдармен алмастырады. Оларға жататындар: варикондтар, варикаптар, электретті бұйымдар, пластикалық керамика, полимерлі ферромагнетиктер, т.б. Осы заттар электр жабдықтарға өте зор үлесін қосады, бірақ та ескі заттарды жаңа технологиялармен, физикохимиялық әдістермен оңдап (модификациялап), әрі де қолдана береді.

«Жоғары вольтты оқшаулағыш қондырғылар» және «Электр кабельдер мен сымтемірлер» бөлімдерін оқып үйренгенде электр оқшаулау мен кабельдердің жұмыс шарттарына, электр оқшаулауларға әсер ететін жүктемелерге, электроқшаулама қондырғылардың жылулық өрісін есептеуге зер салу керек.

Изоляторлардың (оқшаулағыш), конденсаторлардың, кабельдердің, сымдардың және трасформаторлар электрқозғалтқыштардың оқшаулауын есептеуін және жасаудың технологиясын үйрену керек.

Сонымен осы курстың студенттерінің алдына қоятын тапсырмасы:

- эксплуатация кезіндегі электр оқшауламаларда және оқшаулау конструкцияларда өтетін процестерді оқып білу;

- материалдардың мінездемелерін әртүрлі бұйымдарда дұрыс қолдануды білу;

 

- электр жабдықтарды жасауға және жөндеуге оқшаулауды дұрыс таңдауды білу;

- әрбір бұйымның немесе қондырғының өндіруінің технологиялық процесінің артықтығын білу;

- электр оқшаулау және кабельдік техника саласындағы еліміздің және сыр елдердің актуалды жаңалықтарын біліп тұру.

Өзіндік жұмысты орындағанда берілген әдебиет тізімін, Интернетті және жаңадан шығып тұратын отандық, басқа елдердің периодика журналдарын пайдалану керек.

Жұмысты бейнелегенде институттың формалық «Работы учебные» деген стандарты бойынша істеу керек.

 

2. Есептеу – графикалық жұмыс

 

Теориялық курсты оқып үйренген соң студент 1 есептеу – графикалық жұмысты орындайды.

        Жұмыстың тапсырмасы бөлімдер бойынша емес, яғни аралас. Студент өзінің сынақ (зачетная книжка) кітапшасының соңғы екі цифрына сәйкес келетін 120 сұрақтың ішінен 1 сұрақты таңдайды.

Студент сұраққа сәйкес электротехникалық қондырғыны, бұйымды немесе электр жабдықты жазады. Кейбір бұйымдардың өндіріс технологиясын пайдаланатын материалдарының сипаттамасын анықтайды. Бірталай сұрақтарда заттардың біздің елде немесе шет елде дамыған немесе даму перспективасын көрсету керек.

 

3. Есептеу – графикалық жұмысқа тапсырма

 

1. Электр оқшаулау және оқшаулағыш бұйымдардың ғылыми – техникалық прогресінің негізгі бағыты - механизация және автоматизациялау, үзіліссіз процестерді енгізу, агрегаттардың бірлік қуаттарын арттыру, қалдықтарды пайдаға асыру.

2. Резенке оқшаулаулы кабельдерді шығару үшін өндірістерді салуға біздің елде қандай мүмкіншілік бар?

3. Полимерлік оқшаулағыштар (изолятор): басқа изоляторлардан (фарфордан, шыныдан) бұлардың қандай кемшілігі немесе артықшылығы бар? Қазақстан Республикасында полимерлік изолятор шығаратын өндірісті салуға мүмкіншілік бар ма?

4. Көп қабатты пластиктерді жасауға арналған шайырлар мен лактарды шығаратын өндірістің технологиясы: фенол – формальдегидті резол түрлі шайырдың анықтамасы мен мінездемесі және оны пайдалану саласы.

Қазақстан Республикасында сол өндірісті жүзеге асыру мүмкіншілігі.

       5. Фарфор оқшаулағыштар: олардың қолданатын салалары, тағайындалуы, кернеу класына тәуелді типтігі, шын оқшаулағыштар қарағанда кемшіліктері, артықтығы.

       6. Фарфор изоляторлардың өндірістік технологиялары, Қазақстан Республикасында осы өндірістің құрылуына қандай мүмкіншілік бар?

       7. Полимерлік изоляторлар: оларды өндіруге пайдаланылатын материалдар, изоляторлардың кернеу класы, арналуы бойынша типтері, кремнийорганикалық полимерлі изоляторлардың артықшылығы мен кемшіліктері.

       8. Полимерлік изоляторлар: «шашлык» әдісімен жасалатын полимерлі изоляторлардың технологиясы. Еліміздің және шет елде осы әдіспен изоляторларды шығаратын фирмалар.

       9. Полимерлік изоляторлар: «Қысып құйылатын» әдіспен жасалатын полимерлі изоляторлардың технологиясы. Еліміздің және шет елде осы әдіспен изоляторларды шығаратын фирмалар.

      10.  Электр тоғын жеткізетін ауа желілеріндегі (ЛЭП) оқшауланған сымдар (СИПтер). Олардың оқшауланбаған сымдарға қарағанда артықшылығы. Қазақстанда СИП-тарды шығаратын өндіріс бар ма?

      11. Өзін өзі көтеретін сымдардың (СИП) шығару технологиясы, СИП –тардың монтажы (қондыруы). Шет қай елде, қандай қалада осы өндіріс жұмыс істейді?

      12. Көп қабатты пластиктерді жасауға арналған шайырлар мен лактарды шығаратын өндірістің технологиясы, оның ішінде эпоксидно – кремний- органикалық лактың технологиясы және оны пайдалану.

      13. Көп қабатты пластиктерді жасауға арналған шайырлар  мен лактарды шығаратын өндірістің технологиясы: ОК -5, ОК – 4 типті лактар және оларды пайдалану.

      14. Біздің елде полиэтилен изоляциясы бар кабельдерді жасайтын өндірістерді салуға қандай мүмкіншілік бар? Полиэтиленмен оқшауланған кабельдер мен тігілген (сшитый) полиэтиленмен оқшауланған кабельдердің айырмасы қандай?

      15. Көп қабатты пластиктерді жасауға арналған бакепит шайырлар мен лактарды шығаратын өндірістің технологиясы. Осы заттарды пайдалану саласы.

      16. Көп қабатты пластиктерді жасауға арналған эпоксид – кремний- органикалық шайырлар мен лактардың өндіріс технологиясы, соларды пайдаланатын салалар.

      17. Лакталған матаға (лакоткань) арналған лактар, эмальдар және шайырлардың өндіріс технологиясы, оның ішінде рафинирлы (бөлінген) зығыр (лен) майды жасау және пайдалану. Қазақстан Республикасында лакталған мата шығаратын өндірісті жасауға қандай мүмкіншілік бар?

      18. Лакталған матаға (лакоткань) арналған лактар, эмальдар және шайырлардың өндіріс технологиясы: қоюлатқан зығыр және тунг майларды жасау, оларды қолдану салалары.

      19. Лакталған матаға (лакоткань) арналған лактар, эмальдар және шайырлардың өндіріс технологиясы: № 432 және № ВЭИ – 10 типтік май – битум лактарды шығару және оларды қолдану.

      20. Лакталған матаға (лакоткань) арналған лактар, эмальдар және шайырлардың өндіріс технологиясы: резенке – шыны матаны  жасауға арналған К - 49 типті лакты шығару және пайдалану саласы.

      21. Лакталған матаға (лакоткань) арналған лактар, эмальдар және шайырлардың өндіріс технологиясы: К - 59 лакты жасау және пайдалану керек.

      22. Шыны оқшаулағыштар: арналуы мен пайдалану салалары бойынша топталуы, кернеу класы бойынша типтерге бөліну. Фарфор оқшаулағыштарға қарағанда артылықшылықтары және кемшіліктері.

      23. Шыны оқшаулағыштардың өндірістік технологиясы. Қазақстан Республикасында осы өндірісті дамытудың мүмкіншіліктері.

      24. Май мен қағаздан жасалынған күштік конденсаторлары, типтері, пайдалану саласы, мінездемелері, өндірісі. Қазақстанда осындай конденсаторлар жасалына ма? Қай қалада, қандай маркалар шығарылады?

      25. Күштік кабельдердің арматурасы: жалпы түсініктер, термо отыратын құбырлар (ТУТ), осыларда қолданылатын заттар? Қазақстанға ТУТ –тарды қай елден әкеледі? Өз елімізде осы өндірісті дамытуға бола ма?

      26.  ЭЛ – 2 деген эскапон лактың өндіріс технологиясы мен пайдаланатын саласы. Осы лактың мінездемелері.

      27. 0,66; 1; 3; 6 және 10 кВ кернеулерге арналған резенке оқшаулаулы күштік кабельдер: олардың номенклатурасы (типі), кейбір маркаларының электротехникалық сипаттамалары, пайдалану салалары.

      28. Құрылыс машиналарына, тау кен механизмдеріне және шахталарға арналған резенке оқшаулаулы күштік кабельдер. Олардың номенклатурасы, электротехникалық сипаттамалары, пайдалану салалары.

      29. Слюда оқшаулағыштарды жасауға арналған шайырлар мен лактардың өндіріс технологиясы: N420, 421, 421А, 425; ЛГС глифталь және триэтиленглифталь ТГФ – 8 деген лактарды жасап шығару.

      30. Слюда оқшаулағыштарды жасауға арналған шайырлар мен лактардың өндіріс технологиясы: май – битум, стиролды каучуктың, полиэфирдің, ПЭ -948 - ші эпоксид шайырлардың негізінде жасайтын жабыстыратын клейлердің сипаттамалары.

      31. Электромашина жасау өндірісінің Қазақстанда даму болашағы қандай? Осы саладағы өндірісті көрсетіңіз.

      32. Америка астронавттарының киімдері қандай электроизоляциялық материалдан тігілген? Қай фирма осы материалды шығарады, тағы да қандай заттарды осы фирмада жасап шығарады?

      33. «Вестингауз» деген фирма қандай электроизоляциялық материалдарды шығарады. Осы фирманың негізгі өндірісі қай елде, қандай басқа елдерде фирманың филиалдары бар?

      34. Электретті микрофон дегеніміз не, олардың мембрамасы қандай материалдан жасалған, электретті микрофондарды қай ел бірінші жұмысқа енгізген?

      35. Ауа және элегаз ажыратқыштардың жұмыс істеу принципін көрсетіңіз.

Элегаз ажыратқыштың ауаға қарағанда артықшылығы қандай?

Перфторлаған көмірсутегі дегеніміз қандай материал?

     36. Электрооқшаулағыш компаундтың өндірістік технологиясы.

     37. Жылулыққа төзімді қабыршықтайтын лакты жасау технологиясы.

     38. Көп қабатты пластиктерді жасауға арналған талшықты толтырғыштарды жабсыратын лактармен сіңдіру. Талшықты толтырғыштардың сипаттамаларын және технологиясын көрсетіңіз.

     39. Толтырғыштарды лактау мен сіңдіру технологиясының негізі: лактарды сіңдіргенде толтырғыштардағы болатын негізгі үрдістер, толтырғыштардың сипатына кептіру тәртібінің әсері, лак мөлшерінің әсері, толтырғыштардың түрінің және даярлауының әсері.

     40. Толтырғыштарды лактау мен сіңдірудегі пайдаланатын негізгі технологиялық жабдықтар.

     41. Электроқшаулағыш лакматаның (лакоткань) өндірісі: лакматалардың топталуы, лакматаны жасайтын материалдар мен шикізаттар. Біздің елде осы өндірісті дамытудың мүмкіншілігі.

     42. Мақтадан, жібектен, капроннан жасалатын лакмата мен шыны лакматаларды істеп шығару.

     43. Шыны лакматаны әзірлеу процесі.

     44. Гетинакстарды жасағанда толтырғыштарды престеуге әзірлеу. Пресстеудің режимі.

     45. Текстолиттерді жасағанда толтырғыштарды престеуге әзірлеу. Престеудің режимі.

     46. Шыны текстолиттерді жасағанда толтырғыштарды престеуге әзірлеу. Престеудің режимі.

     47. Астарланған миканиттердің өндірісі. Миканиттердің типтері, маркалары, қолдану салалары.

     48. Майысқақ миканиттер мен микафолийлердің өндірісі. Коллекторлық және араларға салатын миканиттердің өндірісі.

     49. Жылулыққа төзімді коллекторлық миканиттің өндірісі.

     50. Слюдиниттердің өндірісі. Қазіргі уақыттағы осылардың жағдайы, қолданатын салалары.

     51. Слюдопласт электроқшаулағыш материалдардың өндірісі.

     52. Электроқшаулағыш құрылымның сенімділік мінездемелері.

     53. Электр өрістерін реттеу әдістері: электр оқшауламаларды градирлеу, экрандар мен тосқауылдарды қолдану.

     54. Аспалы оқшаулағыштар: маркалары, типтері. Тетікті тірек оқшаулағышты есептеу.

     55. Тірек оқшаулағыштар: типтер, маркалар, категориялар. Тетікті тірек оқшаулағышты есептеу.

     56. Тірек оқшаулағыш типтері, категориясы. Істікті оқшаулағышты есептеу.

     57. Енгізу оқшаулағыш деген құрылымды анықтаңыз, өткерме оқшаулағыштарды қалай есептейді?

     58. Өткерме оқшаулағыштардағы май – тосқауыл оқшаулаудың ерекшелігі қандай? Осы оқшаулаудағы қолданатын заттардың атын, сипаттамасын көрсетіңіз.

     59. Қатты диэлектриктерден жасалған және конденсаторлы астары бар оқшаулағыштарды анықтап жазыңыз. Олардың типі, маркасы және қолданатын салалары қандай?

     60. Конденсаторлардың топтасуы: типтері, тағайындалуы, қолданатын материалдары.

     61. Қатты диэлектрикті конденсаторлар: слюда, керамика және шыны конденсаторлар туралы жазыңыз.

     62. Айнымалы сыйымдылықты конденсаторлар: ауа және сегнетоэлектрикті керамикадан жасалған конденсаторларды анықтаңыз. Осылардың артықшылығы мен кемшілігі. Сыйымдылығын басқаруға болатын конденсаторлар қалай аталады?

     63. Варикондтарды және басқа мінездемелерін басқаруға болатын оқшауланған бұйымдарды Қазақстанда жергілікті шикізаттардан жасауға қандай мүмкіншілік бар?

     64. Слюдадан жасалған конденсаторлардың сипаттамасын, өндірісін типтерін және қолданылатын салаларын көрсетіңіз?

     65. Табақша және цилиндрлі конденсаторларды есептеу?

     66. Конструкциялық орындалуы бойынша күштік, трансформаторлардың оқшаулауы қалай топталады?

     67. Трансформаторлардың бойлық оқшаулауы дегеніміз не? Қандай заттардан осы оқшаулау жасалады?

     68. Трансформаторлардың бас оқшаулауы? Осы оқшаулауда қолданатын материалдардың аттары мен орындау технологиясын (бір трансформаторды қарастырыңыз) көрсетіңіз.

     69. Кабельдік өндірісте пайдаланатын материалдар: бірнеше кабельдерді мысалға келтіріп, олардың сипаттамасын, қандай жұмыс кернеуге арналғанын анықтаңыз.

     70. Қондырғыларға және жоғары кернеуге арналған күштік сымдар маркалары, құрылғылардың элементтері және пайдаланатын салалары.

     71. Қондырғы және күштік сымдарды жасайтын технологиялық жабдықтарды анықтаңыз. Осындай кабельдерді шығаруға Қазақстанда мүмкіншілік бар ма?

     72. Жалғаушы, монтаждық сымдар және кабельдер: маркалары, құрылғылар элементтері, пайдаланатын салалары.

     73. Орама өткізгіштіктер: эмальмен оқшауланған орама өткізгіштіктер: жасап шығару технологиясы, маркалары, құрылғылардың элементтері, пайдаланатын салалары.

     74. Орта Азия мен Қазақстанның қай кәсіпорнында эмальданған өткізгіштіктерді даярлайды. Олардың номенклатурасы қандай?

     75. Қуаты 1000 кВт – шейін, кернеуі 3300 және 6600 В асинхрондық электрқозғауыштардың статор орамаларының оқшаулауы: орам және

корпустық оқшаулаулардың құрылымы, оларда қолданылатын материалдар мен орамалы өткізгіштіктер, осы электрқозғауыштарды (әзірлейтін) жасайтын технологиясы.

     76. Турбогенераторлардың статор орамаларының термопластикалық оқшаулаулары: жасап шығару технологиясы, оқшаулауға қолданатын материалдар.

     77. Қағазбен оқшауландырылған орама өткізгіштер: жасап шығару технологиясы, маркалары, құрылым элементтері және пайдаланатын салалар.

    78. Талшықты және эмаль – талшықты орама өткізгіштер: істеп шығару технологиясы, маркалары, құрылым элементтері және пайдаланатын салалар.

     79. Жылулыққа төзімді орама өткізгіштіктер: істеп шығару технологиясы, маркалары, құрылым элементтері және пайдаланатын салалар.

     80. Ұлпалық және пластмассамен оқшауланған орама өткізгіштік: істеп шығару технологиясы, маркалары, құрылым элементтері және пайдаланатын салалар.

     81. Күштік кабельдер: топталуы және арналуы, маркалары, құрылымдары, кабельдердің маркаларын әріптермен белгілеуі.

     82. Күштік кабельдердің орналастыру әдістері және шарты.

     83. 1 -10 кВ кернеуге арналған, маймен сіңдірілген қағаз оқшаулаулы күштік кабельдер: номенклатурасы, бір тамырлы кабельдерді жасау технологиясы.

     84. Үш талсымды маймен сіңдірілген қағазбен оқшауланған кабельді жасап шығару технологиясы.

     85. Төрт талсымды маймен сіңдірілген қағазбен оқшауланған кабельдердің пайдалану салалары және оларды жасап шығару технологиясы.

     86. 20 – 35 кВ кернеуге арналған маймен сіңдірілген қағазбен оқшауланған күштік кабельдер: номенклатурасы, кабельдің техникалық берілгені, рауалы тоқ жүктемесі.

     87. 20 – 35 кВ кернеуге арналған маймен сіңдірілген қағазбен оқшауланған күштік кабельдер: кабельдің құрылымын және жасап шығару технологиясын көрсетіңіз.

     88. Қазақстан Республикасында қай заводтарда күш кабельдері мен өткізгіштіктерді жасап шығарады, әр заводтың шығатын бұйымдарының номенклатурасын көрсетіңіз.

     89. 110 - 525 кВ кернеуге арналған маймен толтырылған кабельдер: кабельдердің номенклатурасы, құрамы, маркасы, пайдалану салалары.

     90. 110 - 525 кВ кернеуге арналған маймен толтырылған кабельдердің номенклатурасы, құрылымы, ұзақ рауалы тоқ жүктемесі, жасап шығаратын технологиясы.

     91. Күштік кабельдердің электрлік мінездемелері: кабель тамырларының электрлік кедергісін, кабельдің индуктивтігін және сыйымдылығын қалай есептейді?

     92. Слюдадан оқшаулау жасауға арналған шайырлар мен лактардың өндірісі және технологиясы: глифталь лактарын жасайтын №411, №411/1 шайырларды әзірлеу.

     93. Шет елде слюдодан оқшаулау жасау үшін қандай лактар мен клейлерді пайдаланады.

     94. Күштік кабельдердің арматурасы: жалпы мәліметтер, мағлұмат және солардың топтасуы (классификациясы,) жалғастыратын кабельдік арматура  -муфталар, қолдану әдістері.

     95. Күштік кабельдердің арматурасы: жалпы мәліметтер, аяқтаушы муфта және аяқтаушы тұйықтау, күш кабельдердің ұштығы, олардың құрылымы. Қазақстанда кабельдік арматураны жасайтын өндірісті дамытуға бола ма?

     96. Жалпы пайдаланатын пластмасса мен оқшауланған күштік кабельдер: номенклатуралары, осы кабельдердің құрылымының ерекшелігі.

     97. 0,66 және 3 кВ кернеуде жұмыс істейтін пластмассамен оқшауланған күш кабельдері: маркалары, номенклатурасы, өндіріс технологиясы. Электрлік мінездемелері, техникалық берілгені.

     98. 6 және 10 кВ кернеуде жұмыс істейтін пластмассамен оқшауланған күш кабельдері: маркалары, номенклатурасы, өндіріс технологиясы. Электрлік мінездемелері, техникалық берілгендері.

     99. Пластмассамен оқшауланған арнайы пайдаланатын кабельдер: маркалары, номенклатурасы, өндіріс технологиясы. Электрлік мінездемелері, техникалық берілгендері.

   100. 35 және 110 кВ кернеуге арналған пластмассамен оқшауланған жоғары вольтты күштік кабельдер: номенклатурасы, құрылым ерекшеліктері, қолданатын материалдар.

   101. Радиорентген қондырғыларда, аэродромдық жабдықтарда, электросварка қондырғыларда, прожекторларда, т.б. жерде қолданылатын резина мен оқшауланған арнайы майысқақ кабельдердің аттары, конструкциялары, маркаларының тағайындалуы, эксплуатация жағдайы, жасап шығаратын заводтардың аты, тізімі.

   102. Арнайы кабельдер: лифтердің электр жабдықтарына, кемелерге, мұнай- газ жабдықтарына, геофизикалық жұмыстарға арналған қызуға төзімді жылытатын кабельдердің аттары, маркалары белгіленуі, эксплуатация жағдайы, жасап шығаратын заводтар.

   103. Қауіпсіздік техниканы, қоршаған ортаны және табиғатты қорғау, қалдықсыз технологиялық процестерді құру бойынша қабылданған шаралардың рөлі.

   104. 600 В кернеуге арналған төменгі қуатты (5 – 600 Вт) электр қозғалтқыш оқшаулауы: орам және электр қозғалтқыш денесінің оқшауларының құрылымы, соларда пайдаланатын материалдар және орама өткізгіштер, осы оқшауламаларды даярлайтын технологиялар.

   105. 0,6 – 100 кВ асинхрондық қозғалтқыштардың статорлық орамаларының істеп шығару технологиясы.

   106. 100 кВ қуаттан жоғары кернеуі 660 В дейінгі асинхрондық қозғалтқыштарының статор орамаларының оқшауламасы: орам және электр

қозғалтқыш денесінің оқшауларының құрылымы, соларда пайдаланатын материалдар және орама өткізгіштер, осы оқшауламаларды даярлайтын технологиялар.

   107. Турбогенераторлардағы статор орамаларының термореактивті оқшауламасы: жасап шығарудың технологиясы, қолданатын материалдар, термореактивтік оқшауламаларының термопластиктерге қарағанда артықшылығы.

   108. Шет елдерде электртік машиналарының технико-экономикалық көрсеткіштерін ұлғайтуға қазіргі уақыттың беталысы.

   109. Жапонияда кабельдік өндірістің дамуы.

   110. Германияда кабельдік өндірістің дамуы.

   111. АҚШ – та кабельдік өндірістің дамуы.

   112. Ресейде кабельдік өндірістің дамуы.

   113. Қазақстандағы шығаратын кабельдік өнімдердің номенклатурасы. Кабельдік өндірісті дамыту үшін Қазақстандағы шикізаттар бар ма?

   114. Электрлік машиналардың жұмыс істеу мерзімін ұлғайтуға электр оқшауламалардың қосатын үлесі.

   115. Кремнийорганикалық тірек оқшаулағыштар: типтері, конструкциясы. Қай елде кремнийорганикалық оқшаулағыштарды істеп шығарады?

   116. Транспонирленген өткізгіштіктер қай жерде және не үшін қолданылады? Осы заттың конструкциясын және шығару технологиясын көрсетіңіз.

   117. Электрлік машиналардың оқшауларын айнымалы, тұрақты және импульсті кернеулермен сынаудың әдістемелерін көрсетіңіз.

   118. Мегометрмен және диэлектрлік шығындарын өлшеу арқылы тексерудің әдістемелері.

   119. Трансформаторларды трансформаторлық майдағы еріген газдар бойынша хромотографиялық әдіспен диагностика жасау.

   120. Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерінде электр жабдықтарын тепловизор қолданып диагностика жасау.

Әдебиеттер тізімі 

1.     Алиев И.И., Казанский С.Б. Кабельные изделия. – М.: РадиоСофт,2002. – 224с.

     2. Бернштейн Л.М. Изоляция электрических машин общепромышленного Применения. – М.: Энергия, 1971. -367с.

     3. Козырев Н.А. Изоляция электрических машин. – Л.: Госэнергоизд.,1962. – 264с.

4. Богородицкий Н.А., Пасынков В.В., Тареев Б.М. Электротехнические материалы. – М.: Энергия, 1985. – 304с.

5. Журавлева А.П. Электротехнические материалы. – М.: Энергия, 2002. -278с.

6. Справочник по электрическим материалам. – т.1- 3 / Под редакцией Корицкого Ю.В. – М.? Энергия, 1988.

7. Бекмагамбетова К.Х. Электротехническое материаловедение: Учебное пособие. – Алматы: Изд – во «Ғылым»,2001. – 257с.

8. Дмитревский В.С. Расчет и конструирование электрической изоляции. – М.:Энергоиздат,1981. – 392 с.

9. Привезенцев В.А., Ларина Э.Т. Силовые кабели и высоковольтные кабельные линии. – М.: Энергия, 1995. -425 с.