АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

 

 

Электр станциялары, тораптары және жүйелері  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯНЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУ

ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ

тарауы  бойынша  №1 есептеу-графикалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

(050718 - Электрэнергетика  мамандығының студенттері үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2007

   ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Г.Х. Хожин, Р.М.Кузембаева, С.Е.Соколов. Электр    

   энергияны өндіру және жеткізу. «Электр станциялары» тарауы бойынша 

   №1 есептеу-графикалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік 

   нұсқаулар (050718-Электрэнергетика мамандығының студенттері үшін) –

   Алматы: АЭжБИ,2007,.18 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

    Бұл әдістемелікте күштік трансформаторларды таңдау, құрылым схемаларды техника-экономикалық  есептеу арқылы таңдау мәселелері қарастырылған.

    ЖЭО-ның құрылым схемасын таңдап алуға нақтылы мысал келтірілген.

«Электр станциялары» тарауы бойынша №1 есептеу-графикалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (050718-Электрэнергетика мамандығының студенттері үшін).

Без.3, кесте 4, библиотр.-13.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Пікір жазушы: техн. ғыл. канд., проф. Шидерова Р.М.

 

     Алматы энергетика және байланыс институтының 2007 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

 

 

 

                                   © Алматы энергетика және байланыс институты, 2007ж.

 

 

 


Кіріспе

         Осы жұмысты орындау кезінде студент ЭЕМ-ді пайдаланып электр станцияларды жобалаудың әдістері мен тәсілдерін меңгереді, теориялық курстардан алған білімін қолданып техникалық және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыланады.

        Бұл әдістемелік нұсқаулар курстық және дипломдық жұмыстар мен өзіндік жұмыстарды орындаудың сатысы болып табылады. Бұл жұмыста, электр станциялардың құрылымдық сұлбасын, құрылымдық сұлбаларға  сәйкес келетін нұсқаларын анықтау және күштік трансформаторларын таңдау сұрақтарына ерекше назар аударып көңіл бөлуі керек.

 

         1 Есептеу- графикалық   жұмыстың мақсаты және тапсырмасы

 

         Жұмыстың мақсаты, студенттерге қойылған тапсырмаларды өз бетімен шешім шығаруын дамыту, теориялық білімдерін баянды ету, техникалық әдебиеттерден алынған ақпараттарды тәжірибемен ұштастыру, нормативті және техникалық шарттары мен ЭЕМ- ді пайдалану болып табылады.

         Есептеу-графикалық жұмыстың тапсырмалары:

-         трансформаторлардың түрін, санын және қуатын таңдау;

-         әртүрлі ќұрылымдық сұлбалардың техника-экономикалыќ нұсќаларын

салыстыру;

         - барлық кернеудегі тарату құрылғылардың сұлбасын таңдау;

         - электрлік аппараттар мен өткізгіштерді таңдау;

          - станциялардың принципиалды сұлбасын таңдау.

        

         2 Есептеу-графикалық жұмыстың көлемі және мазмұны

 

         Бұл  жұмыс электр станциялардың принципиялды сұлбаның электрлік жалғанулары бар есептеу-түсіндірмеcі бар жазбадан  тұрады.

 

         2.1 Бастапқы берілгендерi

 

         Бұл жұмыстың бастапқы берілгендері «Электрэнергетика» пәні бойынша орындалған есептеу-графикалық жұмысында көрсетілген, мұндағы берілгендер:

         - станцияның және отынның түрі;

         - станциядағы генераторлардың қуаты мен саны;

         - электрлік жүктемелер, олардың кернеуі және қуаты;

         - энерго жүйемен станцияны байланыстыратын электр беру желілерінің саны және кернеуі.

         Жүктеме графиктерін бірдей eтiп алып, олар ќарастырылатын мысалда келтіріледі.

 

 

 

         2.2 Есептеу-түсіндірме жазбасы

 

Есептеу-түсіндірме жазбасы 15-20 бет көлемінде стандартты парақта А-4 форматта түсінікті және қысқа түрде орындалады. Жазбада барлық есептеулер, қысқаша негізгі мәселелер, принципиалды жағдайы және жұмысты шешудегі түсіндірмелер келтірілуі тиіс [12].

         Есептеу-түсіндірме жазбаның мазмұны.

         2.2.1 Байланыс трансформатордың (автотрансформатордың) санын

және қуатын таңдау.

         2.2.2 Құрылымдық cұлбалардың техника-экономикалық нұсқаларын салыстыру және сәйкес нұсқаларын таңдау.

2.2.3 Электр станциялардың тарату құрылғыларының электрлік

 сұлбасын таңдау.

2.2.4 Номиналды параметрлер бойынша коммутациялық аппараттарды таңдау.

2.2.5 Электрлік жалғанудың принципиялды сұлбасы А-3 форматтың бір бетінде графикалық белгілеулермен стандарттарға сәйкес орындалады. Бұл сұлбада барлық генераторлар, трансформаторлар (автотрансформаторлар), өзіндік мұқтаждықтың резервті және жұмыс трансформаторлары, барлық кернеудегі ТҚ жинақтаушы шиналары және олардан шығатын желілер, ажыратқыштар, күштік  трансформаторының (автотрансформаторының) орамының жалғану сұлбалары көрсетілуі тиіс.

Таңдап алынған принципиалды схема компьютердің (ЭЕМ - ның) көмегімен теріледі немесе әдеттегідей қолымен жазылып орындалады.

 

3 Электр станцияларда тарнсформаторларды таңдау

 

Трансформаторларды (автотрансформаторларды) таңдау дегеніміз, ол электр станциялардың ТЌ - ның жинаќтаушы шиналарынан ќоректенетін тұтынушылардың категорияларын есепке ала отырып ќалыпты және апатты режимде ќуаттың ағыны мәнімен аныќталатын түрін, санын, номиналды ќуатын таңдау болып табылады.

Трансформаторларды таңдауы бойынша ұсынылымдар [2-8] - ге сай төменде келтірілген.

3.1 Электр станциялардағы шинадан генераторлыќ кернеумен бірінші және екінші категориялы тұтынушыларды қамтамасыз ету кезінде ең кемінде екі трансформатор (автотрансформатор) орнату қажет (Бұл жұмыста барлыќ тұтынушылар I-II категорялы деп алынған).

3.2 ТҚ – ы үш кернеулі болған кезде үш орамды трансформаторларды ќолдануға тырысу керек, біраќ автотрансформаторлардың техника-экономикалыќ артыќшылыќтарын ескере отырып мүмкіндігінше үш орамды трансформаторлардың орнына автотрансформаторларды ќолдану керек (110 кВ және одан жоғары)

3.3 Трансформаторлардың ќуатын таңдау, апаттыќ асќын жүктеменің  40%-ын есепке ала отырып жүргізу керек.

3.4 Генераторлар мен трансформаторлардың блокты жалғану кезінде трансформаторлардың номиналды ќуаты былай аныќталады [4].

 

,                                                 (3.1)

 

мұнда    - генератор блогындағы белгіленген ќуаты, МВА;

                      - генератордың максималды жүктеме кезіндегі өзіндік мұқтаждық жүктемесі, МВА.

 

         Автотрансформатор блогының номиналды ќуаты былай аныќталады

 

,                                        (3.2)

        

мұнда   - автотрансформатордың тиімділік коэффиценті немесе ќуаттың типтік коэффиценті, орамдарының жоғары  және орта Uо   кернеуімен аныќталады

.

         3.5 Электр станцияларда генераторлыќ кернеудің жинаќтаушы

шиналарымен бірге (әдетте   ЖЭО) ќалыпты режимде  cosцг, cosцж, cosцө.м  есепке ала отырып трансформаторлардың қосынды ќуаты төмендегідей өрнекпен аныќталады

,                                   (3.3)

 

мұнда    - генераторлыќ кернеу шинасынан ќоректенетін

тұтынушылардың минималды жүктемесі, МВА.

         (3.3) өрнек, генераторлардың, жүктемелерінің және өзіндік мұқтаждық тұтынушыларының cosц-ы бірдей мәнді жағдайлар үшін жазылған. Бұл  жұмыста cosц, cosцг,-  ге тең деп алынған.

         Апаттыќ асќын жүктемелерді есептеу, трансформаторлардың ќуатын аныќтау үшін төмендегі өрнекпен көрсетіледі [3]

 

,                                                      (3.4)

 

мұнда       - апаттыќ режимдегі максималды жүктеме;

                           - [3] - тегі апаттыќ асќын жүктеме коэффициенті; бұл  жұмыста =1.4.

         ЖЭО - да генераторлыќ кернеудегі жинаќтаушы шина мен байланыс трансформаторлардың саны әдетте екеуден көп болмайды. Блоктыќ схема кезінде трансформаторлардың саны генераторлар санымен бірдей болады.

         3.6 110 кВ және оданда жоғары ТЌ - ның арасындағы электрлік байланыс  автотрансформаторлардың көмегімен іске асырылады (үш орамды автотрансформаторлар), олардың ќуаты өте ауыр режимде максималды ток ағыны бойынша аныќталады. Ќуатты станцияларда энерго жүйеге электр энергияны беру, екі, кейде үш жоғары кернеуде жеткізіледі.

         3.7 Трансформаторларды таңдау кезінде бір біріне тең келетін бірнеше нұсќаларды, сұлбаларды әртүрлі саны, ќуаты және түрі бойынша салыстыру керек.

 

         4 Электр станциялардың ќұрылымдыќ сұлбаларын техника-экономикалыќ салыстыру

 

         Сұлбаның экономикалық сәйкестігі минималды шығындармен анықталады

 

                  Зн·К+U+У,                             (4.1)

 

мұндағы  Рн =0,12 экономикалық тиімділіктің нормативті коэффициенті;

                 К-электр қондырғыларды тұрғызуға жұмсалатын күрделі  

                      қаржы, ш.б.;

                U-жылдық пайдалану шығыны, ш.б./жыл;      

               У- электр энергия жіберілмеудің шығыны, ш.б./жыл.

                

         Есептеу-графикалық  жұмыста ш.б. ретінде [3,4] анықтамалық басылымның бірлігі пайдаланады.

         Оқу жобасында нұсқаларды салыстыру, шығындарды есептеумен жүргізіледі, қарастырылған арнайы әдебиеттерде бұл құраушылар қорек сенімділігін, апаттық ажыратулардың ұзақтығын және ықтималдығын анықтауды ұйғарады. (Бұл сұрақтар арнайы әдебиеттерде қарастырылған).

         Сұлбаларды салыстыру кезінде күрделі қаржы салымы тек қана ерекшеленген бөліктері бойынша есептелуі мүмкін.

         Трансформатордың ќұнын мына өрнекпен аныќтауға болады [3]

 

Ктр.есеп=б∙Ктр.заут ,                                                                            (4.2)

 

мұндағы Ктр.заут- трансформатордың зауыттыќ ќұны 3.3-3.11 кестеден  [3];

                          -шиналарды орналастыруды, найзағайдан қорғайтын        

                          аппараттарды, жермен қосатын құрылғыларды, басқару қалқанына 

                          дейінгі жүргізілген кабелді, монтаж және құрылыс жұмыстарын,

                          сонымен қатар басқа да материалды ескеретін коэффициент, 10.3 –

                          кесте [3].

         Жылдыќ пайдалану ұсталымы мына формуламен аныќталады

 

,                                            (4.3)

 

 

мұнда - ќызмет көрсету және аммортизация ұсталымы;

                      - [3,] 10.2 - кесте ге сәйкес келетін шығарулар, %;

                     Uш - электр энергия шығынымен байланысты ұсталымдар 

                  

,                                               (4.4)

 

 

мұнда в- электр энергия шығыны 1 кВт∙сағ ќұны, ш.б./кВт∙сағ;

                    ∆W- сұлба бөліктеріндегі электр энергия шығыны, кВт∙сағ.

 

          Бұл жұмысты орындау барысында [4, 401 бет] берілгендеріне

 сәйкес в=0.0115 ш.б./кВт∙сағ алуға болады. Трансформатордағы электр энергияның жылдыќ шығынын аныќтау әдістемесі [4] 5 тарауда келтірілген.

 

         Техника-экономикалыќ есептеу, сәйкесінше, кестелік ќалыпта жүргізіледі.

Ќаржы салымын аныќтау үшін 4.1- кесте ұсынылады.

  4.1 - кесте

Бөліктердің

атауы

Бірліктің есептік ќұны, ш.б.

1 нұсқа

2 нұсқа

бірлік саны, дана

қосынды

ш.б.

бірлік саны, дана

қосынды

ш.б.

1Трансформатор

(автотрансформатор)

 

2 Ажыратќышы бар ТЌ ұяшығы

 

 

 

 

 

 

Барлығы:

 

 

 

 

 

 

 

Ќұрылымдыќ сұлбаның аќырғы нұсќасын 4.2 - кесте бойынша таңдаймыз

 

     4.2 - кесте

Шығындар

1 нұсқа

2 нұсқа

1 Есептік қаржы салымы, К,ш.б.

2  Амортизацияға шығару Uа+Uқ.к,ш.б.

 

3 Энергия шығынының құны, U­ш.,ш.б.

 

4 Минималды шығынды келтіру З,ш.б.

 

 

 

 

5 Қуаты  250 МВт-тық ЖЭО ќұрылымдыќ сұлбасын таңдау бойынша техника-экономикалыќ есептің мысалы

         5.1 Бастапқы берілгендері «Электрэнергетика» пәнінен орындалған

есептеу - графикалық жұмыстың деректерінен алынады [13].

         Әрбір студент өзі орындаған вариантын әрі қарай жалғастыруы керек.

         5.2 Апаттық режимдер

5.2.1 Қысқы максимумда Т-1 ажыратылуы

         Бұл жағдайда 4.1- кесте 5 т. сәйкес Т-2 арқылы берілетін максималды қуат 43,4 МВт. [13].

         5.2.2 Қысқы максимумда Г-1 ажыратылуы.

         Тұтынушыларды қамтамасыз ету үшін Т-1 және Т-2 арқылы қуат берілетін болады

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1- сурет. 1-ші нұсқа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 2 - сурет.  2 - ші нұсқа

 

 

5.2.3 Кез келген блоктардың ажыратылуы, мысалы Г-3 және Т-3.

Бұл жағдайда Т-4 35 кВ тық орамының максималды жүктелуі екі есе артады және 4.1 кесте 9 т. сәйкес алынады

.

5.3 Генераторлардың көбірек қуат беру режимі

 

         Жүктеменің жазғы минимум кезеңінде (мұндай режим энерго жүйенің диспетчерінің тапсырмасы бойынша болуы мүмкін) Т-1 және Т-2 жүктемесі төмендегіні құрайды

 

.

 

         Берілетін қосынды қуат 64,4 МВт. 110 кВ тық тораптағы Т-3 және Т-4 трасформаторларының 35 кВ - тық орамы арқылы берілетін қуаты төмендегідей болады

.

Бұл режимде 110 кВ трансформаторларының орамының жүктелуі

 

.

 

         5.4. 1 - ші нұсќа үшін трансформаторларды таңдау

 

         5.4.1 Т-1 және Т-2 трансформаторлары 4.1 - кестеден ќалыпты режим шарты бойынша

,

 

мұнда cos цном г= 0.8.

Асқын жүктеменің 40%-ын есепке ала отырып көбірек қуат беру режимінде

 

.

 

         [3] 3.5-кестеден жоғары кернеулі 35 кВ - тық екі орамды трансформаторлардың максималды қуаты 16 МВА - ге тең ТРДН түрдегі трансформаторы таңдап алынады және салыстыру үшін 3 суреттегі сұлба қолданылады. 3-суретте бір ТР трансформатор көрсетілген.

Қалыпты режимдегі қуат балансы, қабылданған сұлбасы үшін сақталады (бірнеше Т-1, Т-2 трансформаторларының орнына бір ТР алынады).

Болуы мүмкін апаттық режимдерді қарастырамыз:

а) қысқы максимумда ТР-дың ажыратылуы Г-1 және Г-2 генераторлары 10 кВ - тық 70 МВт - ны жабады. Т-3 және Т-4 тің 35 кВ - тық орамдары 48:2 =24 МВт жүктелетін болады;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3 - сурет. 1- ші нұсқаны салыстыру үшін қабылданған

 

 

б) қысқы максимумда Г-1-дің ажыратылуы 10 кВ - тық тұтынушылар үшін қуат ТР арқылы беріледі

 

.

Т-3 және Т-4 тің 35 кВ - тық орамдары төмендегідей жүктелетін болады

 

13,3/2+48/2=30,65 МВт.

 

Сонымен қатар барлық қалыпты және апатты режимдерден максималды қуат 5.3 п - тен анықталады және 64,4 МВт - қа тең.

 

,

ТРДНС-63000/35 түрдегі трансформаторды орнатуға ќабылдаймыз. Әрі ќарай есептеуге ќажетті, паспорттыќ берілгендері, 3.5-кестеде келтірілген [3].

5.4.2 Т-3,Т-4 трансформаторларының ќуаты ќалыпты және көбірек жүктелген режимдер шартынан аныќталады

 

а)               ;

 

б)              .

 

Орнатуға ТДТН-80000/110 түрдегі трансформатор алынады.

 

         5.5 Екінші нұсќа үшін ќуаттың  ағындары

        

         Ќалыпты режим 4.2-кестеде көрсетілген [13].

 

        

5.6 Апаттық режимдер

 

         5.6.1 Т-1 дің қысқы максимумда ажыратылуы.

         Сонымен бірге 10 кВ - тық Т-2 орамындағы жүктелу төмендегіден тұрады

 

(126-12,6)-70=43,4 МВт,

ал 110 кВ - тық орамдарының жүктелуі төмендегіден тұрады

48-43,4=4,6 МВт,

         Т-2 дегі 35 кВ - тық орамның жүктелуі 48 МВт құрайды.

 

         5.6.2 Қысқы максимумда Г-1-дің ажыратылуы.

 

         Әрбір Т-1 және Т-2 трансформаторлардың  10 кВ - тық орамының қуаты төмендегідей болады

 

Р10Г-2с.м):2-70-(63-6,3):2=13,3 МВт.

 

         5.7 Жүктеменің жазғы минимум кезеңінде Г-1 және Г-2 нің қуатты көбірек беру режимі

 

 

         Бұл кезде Т-1 және Т-2 нің 10 кВ - тық жүктемесі төмендегіден тұрады

 

[(126-12.6)-49]:2=32.2 МВт.

 

Т-1 және Т-2 нің 35 кВ – тық орамдарының жүктемесі төмендегіден тұрады

 

33,6:2=16,8 МВт.

 

         Әрбір Т-1 және Т-2 дегі орамының жүктемесі

 

32,2-16,8=15,4 МВт.

 

5.8        2 - ші нұсқа үшін трансформаторларды таңдау

 

         5.8.1   Т-1 және Т-2 трансформаторларының қуаты қалыпты режим (4,2 -  кестелерден) шарттары бойынша анықталады

 

 МВА.

 

Т-1 апаттық ажыратылу шарттары бойынша

 

 МВА.

 

5.7 - дан қуатты көбірек беру шарты бойынша

 

 МВА.

 

Орнатуға ТДТН-63000/110 түрдегі трансформаторды қабылдаймыз [3, 6.3 кесте].

 

         5.8.2  Т-3 және Т-4 трансформаторларының қуаты 1-ші нұсқадағыдай анықталады.

Орнатуға ТДН-80000/110 түрдегі трансформаторды қабылдаймыз.

 

5.9 Трансформатордағы энергияның жылдық шығынын есептеу

 

Станцияның географиялық орналасу ауданы – Орталық Қазақстан: қыс- 200 тәулік (Қ.ұ.), жаз-165 тәулік (Ж.ұ.), жылдық балама температурасы +100С. Энергия шығынының меншікті ќұны [4]-ке сәйкес 0,0115 ш.б./кВт·сағ - деп қабылдаймыз.

 

5.9.1      1 - ші нұсқа (3-сурет)

 

Трансформатор ТР – ТРДНС-63000/35

Болаттағы энергияның жылдық шығыны [4]

 

ДWБ.Б.Ж·8760=50·8760=438·103 кВт·сағ

 

Трансформатордың ТК - дегі тармаќталған мыс орамындағы энергияның жылдыќ шығыны   екі орамды трансформаторлардағыдай ТК-дегі орамдары бірдей жүктелуі шарт деп есептелініп, төмендегі өрнек бойынша аныќталады [4]

 

                

 

         Тәулік ішіндегі жүктеменің мәні 4.1-кестеден алынады [13].

         Т-3 және Т-4 трансформаторлары ТДТ80000/110.

         Бір трансформатордың болатындағы энергияның жылдық шығыны

 

ДWББ.Ж·8760=64·8760=560,6·103 кВт·сағ.

 

‡ш орамды трансформатордың мыс орамындағы энергияның жылдыќ шығыны ТК, ОК, ЖК, әрбірінің орамдарының жүктелуіне сәйкес 4.1-кесте бойынша аныќталады.

Аныќтамалыќ мәліметтен [3, 3.6 - кесте]   Рк.т.жк-тк =365 кВт

 

Рк.т.ж.кк.т.окк.т.т.к.=0,5·Рк.т.жк-тк=0,5·365=182,5 кВт,

 

 

 

.

5.9.2     2-ші нұсќа (2-сурет)

ТДТН 63000/110 түрдегі Т-1 және Т-2 трансформаторларындағы энергияның жылдыќ шығынын  [3] тен бұл трансформаторлар үшін Рхх=53 кВт

Ркз=290 кВт - деп қабылдаймыз.

,

Рк.т.ж.кк.т.окк.т.т.к.=0,5·Рк.т.жк-тк =0,5·290=145 кВт,

 

 

 

 

.

 

ТДН 80000/110 түрдегі Т-3 және Т-4 трансформаторларындағы энергияның шығынын [3] тен бұл трансформаторлар үшін Рхх=58 кВт,

Ркз=3100 кВт - деп қабылдаймыз.

 

,

 

         5.10 ¤зіндік мұқтаждығындағы трансформаторларды таңдау (техника- экономикалыќ салыстыру үшін)

 

         ¤зіндік мұқтаждығындағы жұмыс тарнсформаторларының саны берілген сұлбада генераторлар саны 4-ке тең. Резервтік саны 1 [4]. Cалыстыруға арналған бірінші нұсќада ќолданылған Г-1 және Г-2     генераторлары өзіндік мұқтаждық жұмыс трансформаторы 10 кВ - тыќ жинаќтаушы шинаға ажыратќыш арќылы ќосылады, ал өзіндік мұқтаждықтың жұмыс трансформаторлары Г-3 және Г-4 блоктан аралық шықпалармен ќосылады. Ажыратќыштардың болуы үш орамды трансформаторлардан генераторларды ажырату кезінде 35 кВ және 110 кВ -тық ТЌ – ның  байлансын ќолдануға мүмкіндік береді.

         ТР трансформаторы ТК - дегі тармаќталған орамы 10 кВ шиналардың әртүрлі секцияларына екі ажыратќыш арќылы ќосылған, секциялар арасында секциялыќ ажыратќыш бар. Осылайша 1-ші нұсќада генераторлыќ кернеу ұяшыќтар саны-7, мұнда өзіндік мұқтаждық ажыратќыш есепке алынбайды, өйткені екі сұлбада да олардың саны бірдей.

         2 - ші нұсќада блоктыќ ќосылыстарды ажыратќышсыз орнатуға болады, өйткені генераторды ажырату блокты ажыратуға әкеп соғады.

         Генераторлыќ кернеу ұяшыќтарының саны – 5. ¤зіндік мұқтаждық трансформаторларын техника-экономикалыќ салыстыруға енгізбейміз, себебі олардың саны  мен ќуаты салыстырылатын нұсќаларда бірдей.

 

5.11     Нұсқаларды техника-экономикалық салыстыру

         Нұсќадағы ќайталанатын бөліктер  есепті жеңілдету үшін алынбайды.

Салыстыруды кесте түрінде жүргіземіз (5.1-кесте).

5.1-кесте

Бөліктердің

атауы

Бірліктің есептік ќұны,ш.б.

1-нұсқа

2-нұсқа

бір. саны. дана

қосынды

ш.б.

бір. саны. дана

қосынды

ш.б.

1  Трансформатор

ТРДНС-63000/35

107

1

171,2

-

-

2  Трансформатор

ТДТН-80000/110

137

2

411

-

-

3   АТҚ ұяшығы 35 кВ

10

1

10

-

-

4  ЖТҚ ұяшығы 10 кВ

20

2

40

-

-

5  Трансформатор

ТДТН-63000/110

126

 

 

2

378

6  Трансформатор

ТДТН-80000/110

137

 

 

2

411

7  АТҚ ұяшығы      110 кВ

30

 

 

2

60

Барлығы:

 

 

632,2

 

849

 

[3,10.3 кесте] - ден қуаты >16 МВА 35 кВ трансформаторлар үшін б=1,6, ал қуаты >32 МВА 110 кВ трансформаторлар үшін б=1,5.

 

     5.2-кесте

Шығындар

1 нұсқа

2 нұсқа

1 Есептік қаржы салымы, К.ш.б.

2 *Амортизацияға шығару Uа+Uқ.к.,ш.б.

 

3 **Энергия шығынының құны, U­шығ.,ш.б.

 

4 Минималды шығынды келтіру З min,ш.б.

632,2

 

0,084·632,2=53,1

 

 

0,115·6192,52·103 = 71,21

 

0,12·632,2+53,171,21 =200,174

 

 

849,0

 

0,084·849=71,31

 

 

0,0115·5771,72·103= 66,37

 

0,12·849,0+71,31 +66,37=239,56

        

           *[3,10-кесте] ден: Ра­­­+Р­­о= (6,4+2)%=8,4%=0,084

         ** Энергия шығынының құны

 

Uшығ.­=в·ДW,  в =0,0115ш.б./кВт·сағ.

1- ші нұсқа үшін

         ДW­­­­­­Б=438·103+560,6·103·2=1559,2·10­­3 кВт · сағ.

 

ДW­­­­­­м=1103,9·103+1764,36·103·2=4632,62·10­­3 кВт · сағ.

 

ДW­­­­= ДW­­­­­­Б +ДW­­­­­­м =1559,2·10­­3 +4632,62·10­­3 =6192,52 ·10 3 кВт · сағ.

2 - ші нұсқа үшін

         ДW­­­­­­Б = 464,3·103·2+508,08·103·2=1944,76·10­­3 кВт · сағ;

 

ДW­­­­­­м=357,58·103·2+1555,9·103·2=3826,96·10­­3 кВт · сағ;

 

ДW­­­­= ДW­­­­­­Б +ДW­­­­­­м =1944,76·10­­3 +3826,96·10­­3 =5771,72 ·10 3 кВт · сағ.

 

1- ші және 2- ші нұсқалардың шығындарының арасындағы айырмашылығы төмендегі өрнекпен анықталынады

 

.

 

1-     ші нұсқаның тиімділігі жоғары болғандықтан, оны қабылдауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

 

1.   Электрические сети и станции/Под редакцией Л.П.Баптиданова/.-М.,Л.:ГЭИ, 1963.

2.   Неклепаев Б.Н. Электрическая часть электростанции и подстанций: Учебник для вузов.-2 изд.,-М.: Энергоатомиздат, 1986.-640с.

3.   Неклепаев Б.Н., Крючков И.П. Электрическая часть электростанции и подстанций: Справочные материалы для курсового и дипломного проектирования: Учебное пособие для вузов.-2 изд.-М.: Энергоатомиздат, 1989.-608с.

4.   Рожкова Л.Д., Козулин В.С. Электрооборудования электростанции и подстанций: Учебник для техникумов.-3изд.- М., Энергоатомиздат, 1987.-648с.

5.   Нормы технологического проектирования тепловых электрческих станций.-2 изд.-М.: Минэнерго СССР, 1981-122с.

6.   Двоскин Л.И: Схемы и конструкции распределительных устройств.-3 изд.- М., Энергоатомиздат, 1985.-220с.

7.   Электрическая часть станции и подстанций/Под редакцией А.Л. Василева/ Учебник для вузов.-2 изд.-М.: Энергоатомиздат, 1990.-575с.

8.   Хожин Г.Х. Электрическая часть электростанции: Учебное пособие.- Алматы АИЭС, 1996.-75с.

9.   Соколов С.Е., Кузембаева Р.М. Тепловые электрические станции: Пособие для курсового и дипломного проектирования по электрической части тепловых станций.- Алматы: Мектеп, 1980.-216с.

10.   Электротехнический справочник/Под редакцией И.Н. Орлова/m2 и m3. –М.: Энергоатомиздат, 1988.

11.            Г. Хожин Электр станциялар мен қосалқы станциялар, оқулық-           

    Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002.-312б.

12.             Работы учебные. Фирменный стандарт. ФС РК 10352-1910-У-е-001-2002. Изд. АИЭС, 2002.

13.             Хожин Г.Х., Соколов С.Е., Кузембаева Р.М. Электроэнергетика. Электрические станции. Методические указания к выполнению РГР (для студентов очной формы обучения) специальности 050718- Электроэнергетика.      - Алматы, АИЭС,2006.-15 с.

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

      Кіріспе                                                                                                                3    

1 Есептеу-графикалық жұмыстың мақсаты

   және тапсырмасы                                                                                              3

2 Есептеу-графикалық жұмыстың көлемі және мазмұны                               4                                                 

3 Электр станциялардағы трансформаторларды таңдау                                 4                           

4 Электр станциялардың ќұрылымдыќ сұлбаларын

   техника-экономикалыќ     салыстыру                                                            6                                           

     Ұсынылатын әдебиеттер тізімі                                                                         18                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                  2007 ж, жиын жоспары, реті 54

 

 

Гамиль Хожаұлы Хожин

Рауза Мендыханќызы Кузембаева

Сергей Евгеньевич Соколов

 

 

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯНЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУ

ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ

Есептеу-графикалыќ жұмысты орындауға арналған әдістемелік

нұсќаулар

(050718 – Электроэнергетика мамандыќтарынң студенттері үшін)

 

 

 

 

 

 

    Редакторы Ж.А. Байбураева

 

 

 

 

 

Басылымға ќол ќойылды                                            Көлемі......оќу-баспа табаќ

Ќалпы 60х80 1/16                                                        Тапсырыс ______________

Таралымы 150 дана                                                     № 2 Баспаханалыќ ќағаз

                                                                                       Бағасы _____________ теңге

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013  Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126 үй