Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Электр станциялар, тораптары мен жүйелері кафедрасы

 

 

 

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ЖЕТКІЗУ

5В071800 – Электр энергетика мамандығының күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін есептеу - графикалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік  нұсқау мен тапсырмалар

 

 

Алматы 2011 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: В.Н. Сажин, Н.А. Генбач, Р.Т.Мукашева. Электр энергиясын жеткізу. 5В071800 – Электр энергетика мамандығының күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін есептеу-графикалық  жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау мен тапсырмалар.– Электр энергетика. – Алматы: АУЭС, 2011. – 18 б.

 

«Электр энергиясын жеткізу» пәнінен есептеу-графикалық жұмысты  орындауға арналған әдістемелік нұсқауында:  тапсырмалар, ЕГЖ орындауға арналған нұсқаулар, бақылау сұрақтарының нұсқаулары  сонымен қатар керекті әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Без.2,  кесте 5, әдеб.көрсеткіші – 8 атау . 

 

 

Пікір беруші: техн.ғыл.канд., профессор  Борисов В.Н. 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2011ж.  

 

2011 ж. жиынтық жоспары, реті 67

 

 

1 Есептеу – графикалық жұмыс

 

1.1 Жалпы нұсқаулар.

 

         Әдістемелік өңдеуде есептеу – графикалық жұмысында  бір есеп және екі бақылау сұрақтары болады.  

          Жұмыста желінің орынбасу сұлбасындағы басты мәліметтер, трансформатор, түйін нүктесіндегі кернеу деңгейі, сонымен бірге  жүктеме графигінің энергиясы анықталады.

           ЕГЖ – ның берілген мәліметтері әр қайсысына жеке берілген. Әрбір студент оқу жылы  көлемінде оқитын пәні бойынша үш белгі – шифрдың соңғы және соңғы санының алдыңғы және тегінің басқы әрпі бойынша өз нұсқаларын шығарады.

         1 кестеге сәйкес пәнді оқыту жылын есептей отырып, шифрдың соңғы саны бойынша (сынақ кітапшасының нөмірі) бірінші топтың бастапқы мәліметтерінің нұсқа нөмірі белгіленеді.

 

   1 к е с т е

   Оқу жылы

                              Шифрдың соңғы саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2010/11

V

VI

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

2011/12

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

2012/13

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

2013/14

V

VI

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

2014/15

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

2015/16

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

 

         Сол сияқты, 2 кестеге сәйкес, шифрдың соңғы санының алдыңғысы бойынша екінші топтың бастапқы мәліметтері белгіленеді, және тегінің бірінші әрпіне сәйкес, 3 кестесі бойынша үшінші топтың бастапқы мәліметтері белгіленеді.

 

   2 к е с т е

Оқу жылы

                               Шифрдың соңғы санының алдыңғысы

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2010/11

VI

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

2011/12

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

2012/13

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

2013/14

VI

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

2014/15

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

2015/16

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

 

3 к е с т е

Оқу жылы

Тегінің бірінші әрпі

А,Д

В,Г,Я

Б,Е

Ж,З

И, Л

К,Ы

М,О

Н,П

Р,Т,У,

Ф

 

С,Ч

Х,Ц,Щ,Ш,Э,Ю

2006/07

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

2007/08

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

2008/09

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

2009/10

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

2010/11

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

2011/12

VII

VIII

IX

X

I

II

III

IV

V

VI

 

Әрбір бақылау есептеріндегі бақылау сұрақтарының нұсқасы шифрдің соңғы саны бойынша оқу жылына тәуелсіз алынады

 

       1.2 Есептеу шарты

 

Кернеуді төмендететін қосалқы станциясында ұзындығы L электір берілетін желі арқылы, үш орамды nтрансформатор (автотрансформаторлар) қондырылған электр энергиясын әуе0 желісі арқылы алады. Желілер арасындағы орташа геометриялық арақашықтық D деп алсақ. Шинадағы қосалқы станция тұтынушылар қуатының орташа және төменгі кернеулерін құрайды, сәйкесінше a және b трансформаторлардың номиналды қуатынан Тmax және cosj бірдей мәндерге ие болады.

Қосалқы станциядағы жүйедегі шынжыр саны трансформатор санына тең   (1 суретті қара). 4 кестеде есептің берілгені көрсетілген.

Табу керек:

а) ЭБЖ  және трансформатордың орынбасу сұлбасын құру және орын басу сұлбасының параметрлерін есептеп анықтау.

б) Тораптағы элементтердің қуат шығынын және электр жеткізудің орынбасу сұлбасының түйін нүктесінің кернеу деңгейін анықтау.

 


1
сурет

 4 к е с т е

Нұсқа

1-ші топтың бастапқы мәліметтері

2-ші топтың бастапқы мәліметтері

3-ші топтың бастапқы мәліметтері

Трансформатор түрі  (автотрансформатор)

n

Сым маркасы

D

a

b

L,км

cosj

Сым фазаларының орналасуы

I

ТДТН-

40000/110/35/6

2

АС-185/24

5.0

0.6

0.3

70

0.85

Көлденең

II

АТДЦТН-    125000/220/110/10

1

АС-300/39

8.0

0.55

0.4

100

0.88

Тең қабырғалы үшбұрыштың төбесінен

III

ТДТН-16000/110/35/10

2

АС-95/16

4.5

0.65

0.3

50

0.9

Көлденең

IV

АТДЦТН-     63000/220/110/10

1

АС-240/39

8.0

0.55

0.4

120

0.88

Тең қабырғалы үшбұрыштың төбесінен

V

ТДТН-25000/220/110/6

2

АС-240/39

8.0

0.5

0.35

80

0.83

Тігінен

VI

ТДТН-40000/220/110/10

2

АС-300/39

8.0

0.55

0.3

60

0.85

Тігінен

VII

ТДТН-10000/110/10

1

АС-70/11

4.5

0.6

0.3

40

0.87

Көлденең

VIII

ТДТН-40000/220/10

2

АС-240/39

8.0

0.5

0.3

55

0.85

Тігінен

IX

АТДЦТН-63000/220/110/10

1

АС-300/39

8.0

0.6

0.3

70

0.88

Тең қабырғалы үшбұрыштың төбесінен

X

АТДЦТН- 125000/220/110/10

2

АС-300/39

8.0

0.5

0.3

90

0.86

Тігінен

 

 

1.3 Әдістемелік нұсқа

 

Әдетте ұзындығы 300-400 км шамасындағы 110 кВ немесе одан көп болатын әуе жолдарының электр жеткізулері, П-орын ауыстыру сұлбалары түрінде болады.

1.1  сурет

 

Өткізгіштер мен кабельдердің белсенді кедергісі ток өткізуші тұрғын және оның қималарының материалымен анықталады. Бос өткізгіш пен кабельдің +20С-ғы белсенді кедергісі (1 км ұзындықта) анықталады.

 

                                                    r= ,                                                                 (1.1)      

мұндағы r - өткізгіш материалының меншікті кедергісі ();

              F - өткізгіш қимасы, мм.

Желінің активті кедергісі l ұзындығымен анықталады

 

                                               R=r×l .                          

 

50 Гц жиілігіндегі өткізгіштер мен кабельдердің белсенді кедергісі шамамен омдық кедергіге тең. Бірақ шала эффектінің ықпалы есепке алынбайды. Сонымен қатар өткізгіштегі температура тербелісіне ықпал ететін белсенді кедергінің шамасын және осы кедергілердің орташа температурадағы (+20C) берілген есептеулерінің шамасын анықтайды.

Токқа қарсы болатын өздігінен индукцияланған ЭҚК – тің кедергісі индукцияланған кедергі деп аталады. Қарастырылып жатқан өткізгішке кері болатын көршілес өткізгіштері өз кезегінде сол өткізгіштегі ЭҚК – ті негізгі токтың бағытымен сілтейді, яғни өздігінен индукцияланған ЭҚК – ті және реактивті кедергіні азайтады. Демек, фазалық сызықтың өткізгіштері қаншалықты бір бірінен алыс орналасса, көршілес өткізгіштердің ықпалы соншалықты аз болады, ал өткізгіштер арасындағы шашырау ағыны мен сызықтың индукцияланған кедергісі көп болады.

Индукцияланған кедергіге өткізгіштің диаметрі, магниттік өтімділігі және айнымалы токтың жиілігі ықпал етеді.

Сызықты индукциялы кедергінің мәні (1.2) формуласы бойынша табылады.

 

                                  х= (4,6×lg + 0,5m)×10,                               (1.2)

мұндағы  w = 314 – бұрыштық жиілік 50 Гц;

      D - сым аралығындағы орташа геометриялық арақашықтық;

      r - сым радиусы.

50 Гц өнеркәсіптік жиілігінде түсті металдан жасалған (μ=1) өткізгіштер (1.2) формуласымен анықталады.

                                   х= 0,144×lg + 0,016 .                                       (1.3)

Бір шынжырлы үшфаза сымдар арасындағы желілердің  орташа геометриялық арақашықтығы.

 

                                D= ,

мұндағы D, D, D – жеке фазалар сымдары арасындағы қашықтық.

Өткізгіштер тең қабырғалы үшбұрыш нұсқа  бойынша орналасқанда, бір біріне байланысты барлық өткізгіштер бірдей қашықтықта болады, сонда D=D (1.2 суретті қара). Ал өткізгіштер көлденең орналасқанда (1.3 суретті

қара).

                  1.2 сурет                                             1.3 сурет

 

Сызықты активті өтімділік өткізгіштердегі электр тәжі және оқшаулағыш арқылы токтағы активті қуаттың азаюымен шартталған.

Егер желідегі азаюды ескермегенде тәждің активті өтімділігі келесі түрде  анықталады.

 

                                                  ,                                                            (1.4)

мұндағы  - тәждағы қуат шығыны, кВт/км;

               U - номиналды кернеу.

Реактивті өтімділік өткізгіштер арасындағы сыйымдылық пен жердің және сыйымды сипаттың бар болуымен анықталған. Ол келесідей өрнекпен анықталады

                                                    b=С,

 

мұндағы  С - желідегі жұмыстық сыйымдылық, Ф/км.

Сызықтардың жұмыс сыйымдылығы өткізгіштердің диаметріне, өзара орналасуына, ортаның диэлектрлік өтімділігі және арақашықтығына байланысты болады.

Электр желілерінің практикалық есептеулерінде фазаға бір өткізгіші бар үшфазалық әуе желілерінің жұмыс сыйымдылығын (1.5)  формуласымен анықтайды.

 

                                         С=.                                                             (1.5)        

Айнымалы токтың 50 Гц жиілігіндегі мәні

      

                                           b=.                                                             (1.6)

 

Барлық желідегі өткізгіш сыйымдылығы

 

                                              B = b×l.

 

Үшорауышты трансформаторлар үшсәулелі жұлдыз түрінде болады (1.4 суретті қара).

1.4 сурет

 

Демек, қазіргі үшорауышты трансформаторлар 100/100/100%-ті орауыштардың қуаттарының байланысымен, яғни орауыштың әрқайсысы өз қуатын беруге есептелінген.

Орамдардың  қуаттары тең болғанда, үшсәулелі жұлдыз түріндегі үшорауышты трансформатордың белсенді кедергісін трансформатордың жалпы кедергісі бойынша анықтайды.

 

                                           R=R=R=0,5R.

 

Трансформатордың жалпы кедергісін R екіорауышты трансформатордың формуласы бойынша табады, НН орамының номиналды жүктемесі кезіндегі қысқа тұйықталудан болған DР максималды жоғалту қуатын қоюмен анықтайды, оның анықтамалары трансформатордың төлқұжатында белгіленген.

Үшорауышты трансформаторлардағы қысқа тұйықталу кернеу мәні әрбір буындағы орамдары үшін заводтарда номиналды U, U, Uпайызбен беріледі.

Трансформатор сәулелерінің эквивалентті сұлбасына сәйкес әрбір алшақтанған орам үшін (1.7) формуласын қолдануға болады.

 

                                               .                                           (1.7)

 

U, U,U өрнектердің байланыстылығын табамыз                       

                                        .                                       (1.8)

 

Трансформатордағы әрбір орамның индукциялы кедергісін өрнегіне сала отырып, мәнін таба аламыз. Өтімділік осы трансформатордағы  орам санына байланысты болмайды, оны екіорауышты трансформатордың өрнегі арқылы табуға болады. Автотрансформатордың орын ауыстыру сұлбасы үшорауышты трансформатордағы үшсәулелі жұлдыз түрінде болады. Орын ауыстыру сұлбасының параметрлері үшорауышты трансформатордың сұлбасы бойынша анықталады. Желі бөлімшесіндегі элементтердің қуатын және желідегі жоғалту қуатының есептеулерін сызықтағы номиналды кернеу арқылы анықтайды. Желінің торапты нүктелеріндегі кернеу деңгейлерін энергосистемалық подстанциялардың кернеулері бойынша анықтау. Ол 1,05 Uном ға тең.

 

1.4  Бақылау сұрақтары  

 

1 нұсқа

1 Аудандық тораптың «соңындағы көрсеткіштері» бойынша есептеу ретін көрсетіңіз.

2 Трансформатор мен автотрансформаторларда энергия мен қуат шығыны қалай анықталады?

 

2 нұсқа

1 Электр тораптарында қандай реактивті қуат көзі бар?

2 «Тарату торабы» әдісінің мағынасы неде?

 

3 нұсқа

1 Желінің екі жақты қоректенуі қалай есептелінеді?

2 Қандай электр энергияның сапа көрсеткіші бар? Олардың нормаланған мәндерін келтір.

 
4 нұсқа

1 Айнымалы жиілікті келтіру мәні неде ?

2 Кернеудің симмериялы емес болуына қандай себептер бар ?

 

5 нұсқа

1 Күрделі тұйықталған торапты есептеуде қандай өзгерістер пайда болады?

2 Желідегі энергия мен қуаттың шығындары қалай анықталады?

 

6 нұсқа

1 Электр жүйесіндегі активті қуат баланс құраушылары?

2 Тораптағы кернеудің қандай реттеу әдістері мен тәсілдері бар?

 

7 нұсқа

1 Екі нүктелі ағын жүйесі бар сақиналы торапты қалай есептеуге болады?

2 Электр жүйесіндегі сым қимасын таңдау әдісі?

 

8 нұсқа

1 Тұтынушыларға үзіліс электр жабдықтау салдарынан пайда болған зақым көлемін қалай  анықтайды?

2 Аудандық тораптың «басындағы көрсеткіштері» бойынша есептеу ретін көрсетіңіз?

 

9 нұсқа

1 Тораптағы электр энергия шығынын төмендету жолдарын қысқаша сипаттап бер.

2 Созылған электр жеткізу желісінің өткізудің қандай жоғарылату әдісі бар?                                           

 

10 нұсқа

1 АКР (РПН) трансформатор тармақтарын таңдау қалай жүзеге асады?

2 Екінші ретті  жиілік қалай жүзеге асады?

  

2 Есептеу – графикалық жұмыс

 

2.1 Есептің шарттары

 

2.1 суретте көрсетілген тораптағы түйіндік нүктелеріндегі кернеудің деңгейі мен қуаттың таралуын анықтау. Кернеудің қорек көздерін тең деп аламыз Ua=Ub=115 кВ. Бастапқы көрсеткіштер 5- кестеде көрсетілген.

2.1 Сурет

  

   5 к е с т е

 нұсқа

 

1-ші топтың бастапқы мәліметтері

2-ші топтың бастапқы мәліметтері

3-ші топтың бастапқы мәліметтері

Қосалқы станцияның жүктемесі

cosj

Торап аумағының ұзындығы, км

Торап аумағының ұзындығы, км

S1, МВА

S2, МВА

S3, МВА

S4, МВА

А-1

1-2

2-3

3-4

2-4

В-4

I

20

23

17

15

0,85

15

20

22

30

18

29

II

35

30

27

40

0,88

20

25

40

35

33

22

III

40

28

35

26

0,9

50

45

32

48

55

47

IV

22

18

25

10

0,86

32

20

25

18

30

40

V

33

26

20

23

0,91

40

45

50

32

30

28

VI

19

25

16

28

0,85

55

50

43

32

28

53

VII

36

40

22

33

0,89

45

37

26

30

50

43

VIII

30

35

25

28

0,92

35

45

30

35

40

52

IX

23

20

18

26

0,84

20

26

32

24

30

35

X

22

28

33

19

0,87

45

40

38

25

47

50

 

2.2               Әдістемелік нұсқау

Бірқатар жобалау жағдайларында, сонымен бірге ПЭВМ(ЖЭСМ) есептеулерін қолданбағанда желілердің ептеген күрделіліктері пайда болады, осындай бірден бір көп қолданбалы есептеулердің түрі желіні өрнектеу әдісі бойынша күрделі желі схемасын жеңілдету.

Желіні өрнектеудің мәні қиын желіні бірте - бірте өрнектеу екіжақты қоректенуі бар сызықтарға алып келеді, ондағы қуаттарды үйлестіру белгілі әдіспен табылады. Өрнектелген сұлбадағы әр бөлімшелердегі сызықты қуаттарды анықталғаннан кейін, өрнектерді қайта үйлестіру әдісі көмегімен желінің бастапқы схемасындағы қуаттардың нақты үйлестірулерін табады.           

Онда, тұйықталған желідегі кез келген бөлімшенің параллель сызықты эквиваленті тек қана бір жағдайда болуы мүмкін. Егер ол осы сызықтарда қосылған жүктемелер болмаған кезде. Екі параллель сызығы бар тұйықталған желідегі бөлімше төменде көрсетілген (2.2 суретті қара).

 

                                        =+;    .

2.2 сурет

 

Егер сұлбада аралық жүктемелер бар болса, онда эквиваленттеу мүмкін емес. Бұл үшін желінің басқа нүктелеріне тасымалдау жасау әдісін қолданады. Тасымалдауға дейін және одан кейін желінің жұмыс істеу тәртібі өзгермеуі қажет.

Кейбір жағдайларда желіні есептеу үшін үшбұрышты эквивалентті жұлдызға айналдыру қажет (2.3 суретті қара).

2.3 сурет

 

 

          Эквивалентті жұлдыз сәулелерінің кедергісін анықтаймыз

 

==;   =.              (2.1)

 

Кері ауысуы

 

                                                                                 (2.2)

 

Өрнектелген схеманы бастапқы қалпына келтіру кезінде алынған эквивалентті жұлдыз сәулелерінің қуаттарының үйлестірулерін және үшбұрышты қуаттардың үйлестірулерін тауып алу керек.

Алдын ала қуаттарды анықтаудан кейін өткізгіштің қимасын тауып, содан кейін желінің әрбір бөлімшесіндегі нақты кедергілерді есепке ала отырып, қуаттардың мәні келтіріледі.

Кернеуді есептеу «бастапқы анықтама» арқылы жүзеге асады. Осы жағдайда қоректену центрі Ua және Ub белгі кернеулері болады, әрі қарай жүйелі жуықтау әдісі қолданылып, есептеулері 2 кезеңмен жүзеге асады.

Бірінші жуықтауда барлық кернеулер номиналды желідегі кернеуге тең (1-ші кезең есептелуінде).

          Есептеу келесі тізбекке апарады. Желінің соңғы бөлімшесіндегі қуаттардың азаюы анықталады.

 

                                             DP=,                                             (2.3)

                                              DQ=.                                                

Бұдан әрі бастапқы бөлімшедегі  қуаты табылады. Түйіндегі қуаттың балансы бойынша (n-1) соңғы бөлімшедегі қуаттың шамасы n-1 анықталады. Есептеулер басқа да желінің бөлімшелеріне жүргізіледі. қуатын тапқанға дейін есептеу жүргізіледі.  

Есептеудің келесі кезеңінде  екінші жуықтау кезіндегі жүктеме түйіндеріндегі кернеулер анықталады. Есептеу үшін бастапқы анықтамалар: Ua кернеуі және әрбір соңғы бөлімшеде тауып алынған қуаттар алынады.  

Торап бөлімшелеріндегі басты кернеулерді табу үшін.

                                  =  - D        ,                                                       (2.4)

 

мұнда D - тораптағы бөлімшелердің басты кернеудің құлауы.

 

                                   =  - DU - jdU                                                     (2.5)

         

немесе ашық формада

 

                     = U -  - .                                (2.6)

         

1 нүктедегі кернеу модулі

 

                                   U = .                                     (2.7)

 

Тораптардағы басқа нүкте түйіндері үшін  кернеулері  жоғарғыдай анықталады.

 

 

2.3 Бақылау сұрақтары

 

1 нұсқа

1 Аудандық тораптың «соңындағы көрсеткіштері» бойынша есептеу ретін көрсетіңіз.

2 Автотрансформатордың үш орамды трансформатордан айырмашылығы неде?

2 нұсқа

1 «Тораптарды ажырату» әдісінің маңызы неде?

2 Әуе желісінде оқшаулағыштардың қандай түрлері қолданылады?

3 нұсқа

1 Электр берілісі әуе желісінде қандай тiректер бар?

2 Жүктеме соңында берілген кезде кернеу шығыны бойынша желіні есептеу қалай жүргізіледі?

4 нұсқа 

1 Күш кабелдерін төсеудің қандай тәсілдері бар?

2 Бастапқы көрсеткіштер арқылы есептеу ретін көрсетіңіз?

 

5 нұсқа

1 Әуе желілерінің сызықты арматурасы. Қысқаша мінездеме беріңіз.

2 Қоректендіру көзінің кернеулері бірдей болған жағдайда, екі жақты қоректендіруі болатын желіні есептеу қалай жүргізіледі?

6 нұсқа

1 Әуе желі сымдарының құрылымы мен таңбалары.

2 Қоректендіру көзінің кернеулері әртүрлі болған жағдайда екі жақты қоректендіруі болатын желіні есептеу қалай жүргізіледі?

7 нұсқа

1 Кернеудің шығыны мен құлауы дегеніміз не? Кернеу құлауының құрастырушыларын векторлық диаграммада көрсетіңіз.

2 Күш кабелдерінің қандай құрылымдары болады?

8 нұсқа

1 Желінің қуат заряды деп нені айтады және ол қалай есептеледі?

2 Электр желілеріндегі орынбасу схемасын есептеу кезінде жеңілдетудің  қандай өрнектеулері болады?

9 нұсқа

1 Болат сымды желіні есептеу қалай жүргізіледі?

2 Біріктірілген энергожүйелердің басты артықшылықтарын атаңыз.

10 нұсқа

1 Желідегі қуат және энергия шығынын қалай анықтайды?

2 Күрделі-тұйықталған электр желісін есептегенде беттестіру әдісінің маңызы неде?

  

                                       Әдебиеттер тізімі 

1. Хожин Г.Х., Сажин В.Н. Электр жүйелері мен тораптары. Оқу құралы. АЭжБИ, Алматы, 2007ж. - 55 б.

2. Идельчик В.И. Электрические системы и сети: Учебник для вузов.- М.: Энергоатомиздат, 1989.- 592 б.

3. Электрические  системы: Электрические сети./ Под.ред. В.А. Веникова.—М.: Высшая школа, 1997.- 427 б.

4. Электрические системы и сети в примерах и иллюстрациях: Учеб. пособие для электроэнерг. спец. Под.ред. В.А. Строева.– М.: Высш. шк., 1999.- 350 б.

5. Евдокунин Г.А. Электрические системы и сети: Учебное пособие для студентов электроэнергетических спец. вузов. – СПб: Издательство Сизова М.П., 2001.- 685 б.

6. Герасименко А.А. Передача и распределение электроэнергии: Учеб. пособие. – Ростов-на Дону: Феникс, 2006.- 615 б.

7. Сажин В.Н., Генбач Н.А. Электрические сети и системы. Конспект лекций для студентов специальности 050718 -Электроэнергетика.- АИЭС, 2007. – 44 б.

8. Соколов С.Е., Сажин В.Н., Генбач Н.А. Электрические сети и системы. Учебное пособие. – АУЭС, 2010. – 73 б.

9. Сажин В.Н., Генбач Н.А. Электрэнергетика. 050718 – Электрэнергетика мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін дәрістер жинағы.-Алматы: АЭжБИ, 2007.-36 б

10. Блок  В.М. Электрические сети и системы.- М.:Высшая школа, 1986.-430 б.

11. Сажин В.Н., Хожин Г.Х., Оржанова Ж.К. Электр тораптары мен жүйелерін есептеу және жобалау. Дәрістер жинағы 5В071800 – Электр энергетика мамандығы үшін.- Алматы: АЭжБУ, 2010, - 50 б.

 

 

Мазмұны: 

  1. Есептеу-графикалық жұмыс №1                                                            3

  2. Жалпы нұсқау                                                                                       3

  3. Есептің шарты                                                                                       4

  4. Әдістемелік нұсқау                                                                               5

  5. Бақылау сұрақтары                                                                               9

  6. Есептеу-графикалық жұмыс 2                                                            11

  7. Есептің шарты                                                                                     11

  8. Әдістемелік нұсқау                                                                             11

  9. Бақылау сұрақтары                                                                             14

  10. Әдебиеттер тізімі                                                                                 16