Математика 2

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

 

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ

5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы

 

Алматы 2013

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ә.Ә.Торғаев, Н.Г. Приходько. Өрт қауіпсіздігі негіздері. 5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБУ, 2013 -  40 б.

 

Дәрістер жинағында курстың бағдарламасына сәйкес материалдар жинақталған және студенттерге қысқа жазылған оның негізгі жоспарын оқып білуге мүмкіндік береді.

Дәрістер жинағы қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығында оқитын студенттер үшін арналған.

Сур. 5, кесте 3, әдебиет – 10 атал.

 

Пікір беруші: доцент Қалиева С.А.

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. жоспары бойынша басылады.

 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2013 ж.

 

 

 1- дәріс. Кіріспе. Өрт қауіпсіздігі туралы негізгі жағдайлар

 

Жоспар

Кіріспе.

1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері.

2. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі заңнамасы. Негізгі

жағдайлары. Нормативтік және құқықтық актілер.

3. Терминдер және анықтамалар.

4. Дабыл түстері және өрт қауіпсіздігінің белгілері.

 

1 Пәннің мақсаты мен міндеті

 

«Өрт қауіпсіздігі негіздері» пәннің мақсаты болып энергетика және байланыс кәсіпорындарында еңбектің өртке қауіпсіз жағдайын жасау саласында кәсіби іскергікке машықтанған арнайы мамандандырылған мамандар дайындау.

Пәннің міндетіне заттар мен материалдардың өртке-жарылысқа қауіпті қасиеттерін зерттеу, өндірістік, азаматтық нысандарда және көлікте өрттер мен жарылыстардың алдын алу кіреді.

Пәнді оқыған кезде студент өндірісте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әртүрлі мәселелерді шешу үшін керекті білім алады, еңбектің өртке қауіпсіз жағдайын ұйымдастыру әдістерін және өндірісте өрт қауіпсіздігін жоғарлатуға мүмкіндік беретін есептеулерді үйренеді.

 

2 Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі заңнамасы. Негізгі жағдайлары. Нормативтік және құқықтық актілер

 

Өрт қауіпсіздігі мәcелелерін регламенттейтін негізгі нормативті құжат болып ҚР - ның қауіпсіздігі туралы заңы (1996 ж.) болып табылады. Онда өртке қауіпсіздікті қамтамасыз ету анық көрсетілген, яғни адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жекеменшіктік, ұлттық байлық пен қоршаған орта туралы мемлекеттік іс-әрекеттің бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады.

Заң өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы ережелерін, экономикалық және социалдық негіздерін анықтайды, бұл облыстарда мемлекеттік билік ұйымдары және жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарымен, өнеркәсіптермен, басқа да заңды тұлғалармен, олардың ұйымдастыру ережелерінің формаларын жекеменшік формаларына қатыссыз реттейді. Заңда негізделетін түсініктемелерге, соның ішінде өрттен қорғану анықтамасына, басқару ұйымына, күштері мен құралдарына анықтамалар берілген.

Мемлекеттік атқарушы үкімет ұйымдары, жекелеген кәсіпорындар және ұйымдар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрттен қорғанудың басқару ұйымын және ведомствалық бөлімшелерін құруларына болады. Өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылып, өрттің пайда болу қаупі мен адамдарға қатері жөнінде заң ведомствалық өрттен қорғану ұйымына кәсіпорын, өндірістік бөлім, агрегат жұмыстарын, үйлерді, ғимараттарды, бөлмелерді пайдалануды, жекелеген жұмыстарды жүргізуді толық немесе жартылай тоқтатуға құқық береді.

 

3 Терминдер және анықтамалар

 

Өрт – адамдар өмірімен мен денсаулығына зиян келтіретін, материалдық шығын әкелетін, қоғам мен мемлекет мүддесіне материалдық шығын келтіретін  бақыланбайтын жаулар.

Тұтану - бұл оттың ашық көзінің әсерінен, жанғыш заттың жану үрдісінің басталу кезі. Яғни, ең төменгі температурада жану басталып және де ары қарай жану өздігінен тұтану температурасы деп аталады.

Өздігінен тұтану - ашық отпен жанасусыз сыртқы жылу көзінің белгілі бір температураға-өздігінен тұтану температурасына дейін қыздыруымен қатты денелердің, сұйық және газ тәрізді заттардың тұтану үрдістері

Өздігінен жану - сырттан жылу алмай-ақ ішкі биологиялық, химиялық немесе механикалық үрдістердің әсерінен пайда болған жану түрі.

Жарылыс - тотығудың өте көп мөлшерде жылу мен жарық бөлетін өте тез, жылдам реакциясы.

Жарқ ету - сығылған газ түзбейтін жанғыш қоспаның тез жануы.

Өрт қауіптілігі - өрттің пайда болуы мен дамуына алып келетін мүмкіндік.

Өрттің дамуы - өрттің жану аймағының көңеюі мен қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігінің көбеюі.

Жану - жағу көзінің әсерінен жанудың пайда болуы. Жалынның пайда болуымен жану үрдісі тұтануға ұласады.

Өрттің қауіпті факторлары – жалын, ұшқын, жоғары температура, улы заттардың жануы және ыдырауы.

Өрттің ауырлылығы - өрт кезінде бөлінетін бет бірлігіне берілетін температураның мөлшері.

Жағу көзі - жанудың пайда болуын жасайтын энергетикалық әсер ету құралы (сіріңке жалыны, әр түрлі жағдайда пайда болған ұшқындар, жылыту приборларының ыстығы, статикалық электр заряды және т.б.).

Өрт себебі - өрттің пайда болуына тікелей қатысты құбылыс немесе жағдай.

Өрт ошағы - өрттің пайда болған жері.

Өрттен болған шығын - өртке тікелей байланысты өрт құрбандары және материалдық шығын.

Өрт қаупінің көрсеткіші - өрт қаупінің қандай да болмасын қасиетін сандық тұрғыдан сипаттайтын мән.

Өртке төзімділік – өрт кезінде өртке қарсы қабілетін сақтайтын құрастырма қасиеті.

Өртке төзімділік шегі – құрастырманың от әсеріне қарсылық көрсетуінің өртке төзімділігін жоғалтқанға дейінгі ұзақтығы.

Өрт қауіпсіздігі - өрттен адамдардың, мүліктің, жекезаттың, қоғамның, мемлекеттің қорғану жағдайлары.

Өрт қауіпсіздігінің шаралары - өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды орындау бойынша әрекеттер.

Өрт қауіпсіздігінің талаптары - ҚР заңнамасымен, өкілетті мемлекеттік ұйымының нормалық актілерімен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде орнатылған әлеуметтік және техникалық сипаттағы арнайы жағдайлар.

Өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу - ҚР заңнамасына сәйкес қойылған өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша стандарттарын, нормаларын, ережелерін және нұсқауларын орындамау немесе жеткіліксіз орындау.

Өрт сөндіретін зат - жануды тоқтату үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін физикалық-химиялық қасиеттерге ие зат.

Өртке қауіпті зат - өртке жоғарғы қауіпті жағдайға ие зат.

Жанғыштық – заттың, материалдың, қоспаның, құрастырманың өздігінен жануға қабілеті.

Өрт құрбаны - өртпен тура қатысы бар қаза болған адамның өлімі.

Жанып біту жылдамдығы - жану кезінде уақыт бірлігінде материалдың (заттың) салмағын жоғалтуы.

Жалынның таралу жылдамдығы - уақыт ішінде жалын фронтының өткен қашықтығы.

Жалын фронты – зат қызып және химиялық реакция жүретін қысқа аймақ.

Өртті тұрақтандыру - жанудың одан ары таралу мүмкіндігін болдырмауға бағытталған және бар күшпен және құралмен оны жою үшін жағдай жасау әрекеттері.

Өртті жою - жануды түпкілікті тоқтатуға, сонымен бірге оның қайтадан пайда болуын болдырмауға бағытталған әрекет.

Өртті сөндіру - өртті жою үшін күштер мен құралдардың әсер ету үрдісі, сонымен бірге әдістер мен тәсілдерді қолдану.

Өрттен қорғану - арнайы өңдеу жолымен материалдар мен құрастырмалардың өртке қауіптілігін азайту.

Өрттен қорғайтын зат (қоспа) - өрттен қорғайтын зат (қоспа).

Антипирен – материалға (затқа) қосылатын органикалық жолмен пайда болған заттар немесе қоспалар.

Өртке бөгет болу қабілеті - жанудың таралуына кедергі болатын қабілет.

Өртке қарсы қорғану жүйесі - өрт факторларының адамдарға әсер етуін болдырмауға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдардың жиынтығы және одан болатын материалдық шығынды шектеу.

Өртті бөгейтін құрылғы - отты бөгейтін қабілетке ие құрылғы.

Өрт кезінде адамдарды эвакуациялау - өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету мүмкіндігі болатын жерден оларды алып кетуге тура келетін үрдіс.

Өрт кезінде адамдарды құтқару - адамдарды эвакуациялау бойынша әрекеттер, олар өздігінен аймақты тастап кете алмайды, онда өрттің қауіпті факторларының оларға әсер ету мүмкіндігі бар.

Өрт профилактикасы - адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өрттің алдын алуға , оның таралуын шектеуге, сонымен бірге өртті ойдағыдай сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған ұйымдастыру мен техникалық іс-шаралар кешені.

Өрт қауіпсіздігінің ережелері-нысанды салған және пайдаланған кезде талаптар мен нормаларды сақтау тәртібін орнататын жағдайлар кешені.

Өртке қарсы тәртіп-адамдардың өзін-өзі алып жүру нормалары, жұмыстарды орындауға және нысанды пайдалануда оның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ережелердің қойылған кешені.

 

4 Дабыл түстері және өрт қауіпсіздігінің белгілері

 

Өрт қауіпсіздігінің  дабыл түстері және белгілері өрт кезінде  адамның  іс – қимылын реттеу үшін, өрттің пайда болуын болдырмау мақсатында және оларды белгілі қимылдарды орындауда өздерінің қауіпсіздігін және шығын көлемін төмендету үшін арналған.

Олар «Өрт қауіпсіздігінің белгілері. Дабыл түстері. Түрлері, көлемдері, жалпы техникалық талаптар» (халықаралық стандарт ИСО 6309) өрт қауіпсіздігі нормаларымен регламенттеледі.

Қазақстан Республикасының барлық территориясында ұйымдар үшін, олардың ведомствалық тиістілігіне және жекеменшіктік формасына қарамай, өрт қауіпсіздігінің дабыл түстерін және белгілерін қолдану міндеттелген.

«Өрт дабылы» -«бір ұзақ, екі қысқа» (бірнеше рет).

Дабыл бұйрық болады және мүлтіксіз орындалуға жатады.

Өртті сөндіру командасын шақыру үшін телефон нөмірі - «101».

 

Бақылау сұрақтары

1. «Өрт қауіпсіздігі негіздері» пәнінің мақсаты және міндеті.

2. «Өрт» термині деп нені түсінуге болады ?

3. Өрттің қауіпті факторлары.

4 «Өртке төзімділік» терминімен нені түсінуге болады?

5. Дабыл түстері және өрт қауіпсіздігінің белгілері.

6. «Өздігінен жану».

 

 

 

 

2 - дәріс. Өрттің даму үрдісі

 

Жоспар

1. Жанудың пайда болуы үшін керекті жағдайлар.

2. Заттар мен материалдардың жануы.

3. Өрттің таралуы.

4. Жану теориясы.

5. Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары.

 

1 Жанудың пайда болуы үшін керекті жағдайлар

 

Жану деп көп жылу бөлінумен және көбінде жарықпен жүретін тотығудың химиялық реакциясы. Тотығу реакциясы жүру жылдамдығына қарай мынаған бөлінеді:

1) бықсу - ақырын жану; бұл үрдіс ауада оттегінің мөлшері аз болған кезде (10% аз) немесе жанатын заттың ерекше қасиеттері бар кезде (жарық пен жылулық сәулелену бықсу үрдісі кезінде мардымсыз) жүреді;

2) өздігінен жану - сырттан жылу алмай-ақ ішкі биологиялық, химиялық немесе механикалық үрдістердің әсерінен пайда болған жану түрі. Бұл үрдіс айқын білінетін жалынның және едәуір жылу мен жарықтың сәулеленуінің пайда болуымен қоса жүреді (өздігінен жанудың дамуы үшін ауадағы оттегінің мөлшері 16 - 18% кем болмауы керек);

3)жарылыс - өте көп мөлшерде жылу мен жарық бөлетін тотығудың қас-қағым сәттегі реакциясы (газдардың қысымы жарылыс кезінде бірнешеге өседі, температура 1500 - 20000 С жетеді, жарылыс толқынының жылдамдығы бірнеше жүздеген м/с жетеді).

Жарқыл - сығылған газ түзбейтін жанғыш қоспаның тез жануы.

Жарқыл температурасы - жанатын заттың өте төмен температурасы, ол кезде оның үстінде, жағу көздерінен тұтанатын, бірақ ары қарай жануға олардың жылдамдығы жеткіліксіз булар немесе газдар пайда болады.

Жану үрдісі (және сәйкес, өрт кезінде тізбектік реакцияның дамуы) тек үш фактор бір уақытта болғанда ғана мүмкін, оларға жататындар:

- жанатын зат, ол буланады және жанады;

- тотықтырғыштың жеткілікті мөлшері ( мысалы, ауадағы оттек. Бірақ кейбір материалдар оттексіз де жанауға қабілетті, мысалы, фосфор бром болса жана береді, мыс-күкірт буында, ал алюминийлі - магнийлі қорытпа - көмірқышқыл газында);

- жану көзі, жанатын заттың температурасын белгілі мәнге дейін көтереді, ол кезде жану реакциясының басталуы мүмкін болады.

Осы факторлардың тек біреуі ғана жоқ болса да өрт басталмайды.

Газды-ауалы қоспаның жануы басталуы үшін екі анықталған бастапқы жағдайларды жасау керек-тұтандыру немесе қоспаны жағу.

Бірінші тәсіл тұтанатын қоспа түгелімен белгілі температураға жеткізіледі де, одан жоғарылағанда ол өз еркімен сырттың қатысынсыз тұтанады.

Екінші тәсіл суық қоспа  кеңістіктің кейбір нүктесінде, қандайда бір жоғарғы температура көзінің көмегімен (көбінесе бұл ұшқын, қызған дене, тыс жалын немесе т.б.) жануы.

 

2 Заттар мен материалдардың жануы

 

Жанудың көзіне байланысты оны былай бөледі:

- тұтану; өздігінен тұтану; жану.

Тұтану - бұл оттың ашық көзінің әсерінен, жанатын заттың жану үрдісінің басталу кезі. Ашық от көзінің әсерінен жанатын зат тұрақты жана бастайтын ең төменгі температураны тұтану температурасы деп атайды.

Тұтану үрдісі жанатын заттың көлеміне байланысты кеңістікте шектелген.

Тұтану температурасы: қағаз - 1840С, ағаш - 2500С, целлулоид – 140 - 1600С, сабан - 1720С.

Өздігінен тұтану өздігінен тұтану температурасымен, яғни заттың тотығу реакциясының есебінен жүретін заттың жылу бөліну температурасымен сипатталады да, оның қоршаған ортаға жылу беруіне тең болады.

Басқа сөзбен айтқанда өздігінен жану, бұл оттың ашық көзінсіз жанатын затта пайда болатын жану үрдісі. Жану нәтижесінде зат қызып және көп мөлшерде жанады.

Өздігінен тұтану температурасы: бензин – 240 - 2500С, ацетон – 500 - 7000С, этиль спирті – 400 - 6000С, ағаш – 250 - 3500С, тас көмір – 400 - 5000С.

Тұтану мен өздігінен тұтану үрдістерінің физикалық мәні негізінде бірдей.

Олардың арасындағы айырмашылық, тұтану үрдісі жанатын заттың көлемінің бөлмемен кеңістікте шектелген болса, сол мезгілде өздігінен тұтану барлық көлемде жүреді.

Өздігінен жанатын заттар төрт топқа бөлінеді.

Бірінші топқа жататын заттарға сырттан жылу алмай-ақ, жай температурадағы ауаның әсерінен өздігінен жана алатындар жатады. Оларға өсімдік майларын және т.б. майлар сіңірілгендерді жатқызуға болады.

Өздігінен қызу, одан кейін өздігінен жану келесі үрдістерден болады:

1) биологиялық - яғни микроағзалардың өміртіршілігімен, тірі клеткалар демімен, және грибоктардың түзілуімен;

2) физикалық - көмірмен ауа оттегінің адеорбцияланумен;

3) химиялық - заттың органикалық заттың шығынымен, ыдырауы өнімдерінің тотығуымен және соның салдарынан көп мөлшерде жылу бөлінуінен байланысты.

Екінші топ- жоғарғы температурасы бар ауа мен қатынасқа түскенде өздігінен жана алатын қабілеті бар заттар.

Бұлар пироксилинді және нитроглицеринді оқ-дәрі, кейбір целлюлозалы материралдар мен т.б.

Үшінші топ - сумен қатынасқа түскенде өздігінен жана алатын заттар, кальций карбиді, темірлі калий және натрий, фосфорлы калий, натрий және басқалар.

Төртінші топ - жанатын материалдың, олармен жанасқанда өздігінен жануына әкелетін заттар жатады.

Бұлар негізінен қышқылдар, жасанды тыңайтқыштар, қышқылдардың ангридтері және тотықтар, сонымен бірге хлор.

Жылдамдығына қарай жанудың өтуін былай бөледі: жарылыс, ұшқын, тұтану

Барлық-өртке қауіпті сұйықтар тез тұтанатын және жанатын болып бөлінеді.

Жеңіл тұтанатын сұйықтардың жарқыл температурасы 280С - ге дейінгілерді өте қауіпті топқа жатқызады, оларға кіретіндер: ацетон, метил спирті, шикі мұнай, толуол, этил спирті, бензин және эфирлер.

Жеңіл тұтанатын сұйықтар жарқыл температурасы 280С - ден 450С - ге дейінгілерді қауіпті топқа жатқызады. Бұл топқа кіретін сұйықтар: бутил спирті, ксилол, скипидар, уайт-спирит, сірке су қышқылы, керосин және б.

Бұл топқа жарқыл температурасы 450С - ден 1200С - ге дейінгі жанатын сұйықтықтарды: мазутты, қозғалтқыш отынын, шайырларды, керезотты жатқызады.

Қауіптілігі аз топтарды жарқыл температурасы 1200С - ден жоғары жанатын заттар: минералды майлар, мұнай битумдары және басқалар құрайды.

 

3 Өрттің таралуы

 

Өрттің таралуы жылу өткізгіштігі, конвекциялар мен сәулелену есебінде материалдар беттерінен жану аймағының тарлау үрдісін көрсетеді.

Жылудың негізгі бөлігі жану кезінде қоршаған ортаны құрылыс құрастырталарын және жанатын заттардың өзін жылытуға кетеді.

Жылу өткізгіштік - деп жылу энергиясын денелер бөлшектері арасындағы тікелей жанасу жолымен ауыстыру құбылысын түсінеді.

Конвекция-жылу энергиясын сұйықтар немесе газдар бөлшектерін өз ара алмастыру немесе араластыру жолымен ауыстыру құбылысы.

Жылу сәулелері (сәуле шығару) - жылу энергиясын электромагниттік толқындар түрінде ауыстыру құбылысы. Өрттің таралуына негізгі рөлді жылу радиациясы атқарады.

Жаппай жану жылдамдығына әсер ететін ауыспалы көсерткіштер болып материалдың ылғалдылығы, басу тығыздығы және метеорологиялық жағдайлар табылады. Өте маңызды метеорологиялық жағдайлар - жел жылдамдығы және кейбір атмосфералық құбылыстар.

Конвективті ағындар ірі өрттерде өте үлкен жылдамдыққа ие болатындықтан жалын ұшқындарын едәуір қашықтыққа апарады. Бұл құбылыс, өрттің негізгі фронтының алдында жаңа жану көздерінің пайда болу есебінен, өрттің таралу үрдісін тездетеді.

Көрсетілген факторлардан басқа жанатын материалдардың беттерімен жанудың таралу жылдамдығы, сонымен бірге олардың элементтерінің агрегаттық жағдайына, физикалық-жылу қасиеттеріне, кеңістікте және қиылымда таралу тығыздығына тәуелді.

Сонымен қоса, қатты заттар мен материалдардың жануының сызықтық таралу жылдамдығы олардың кеңістіктегі орналасуына тәуелді: тегіс жазықтықтардағы жану көлденең және тік беттерге қарағанда ақырын жанады. Бұл қатты заттар мен материалдардың жануы кезінде көлденең және тік беттердегі жану төменнен басталса жылу ағынына түседі, ол қарқынды қызу мен жанатын газдардың бөлінуіне себебін тигізеді.

Жану кезінде бөлінетін жылу көлемі жанатын заттардың жылу шығарғыш қабілеттілігі мен олардың жану тығыздығына тәуелді. Өрттің жылу режімін сипаттайтын жоғарғы температура, оның таралуына себеп болады және онымен күресуді біраз қиындатады.

 

4 Жану теориясы

 

Кез келген үрдістің, сонымен бірге өрттің динамикасы болып оның шамаларының (өрт температурасы және т.б.) уақытқа тәуелділігі аталады.

Жану үрдісінің және одан кейін өрттің пайда болу салдарлары болып жану көзі табылады. Олар, кез келген жеткілікті қуаты бар жылу көзі болуы мүмкін. Көп жағдайларда өрт жанатын материалдың бетінің жергілікті бөлігін қыздырудан және оның үстінде кейін тұтанатын жанғыш қоспа түзуден басталады. Ауданның өсуіне байланысты жану аймағының көлемі кеңейеді және осыған қарай сәулелену ауданы, ковективті ағындар көбейеді. Бұның барлығы бөлмедегі барлық бұйымдар мен материалдардың орташа көлемдік температурасының көтерілуіне алып келеді. Өз кезегінде материалдардың температурасының көтерілуі жалын шебінің сызықтық таралуының көбеюімен қоса жүреді.

Газ бойынша жалынның таралу жылдамдығы газдың құрамына қарай секундына бірнеше метрлерден жүздеген метрлерге жетеді. Сырт көзге бұл көлемдік жарқыл ретінде, яғни бір мезетте бөлмедегі барлық жанатын материалдардың тұтануы сияқты қабылданады. Нәтижесінде бөлменің бос көлемі жану аймағына (көлемдік өрт) айналады.

Барлық жанғыш материалдар жалынмен оранғаннан кейін бөлмедегі өрт ауданы қысқарады да, орташа көлемдік температураның қарқынды көтерілуі басталады. Осымен өрттің бастапқы кезеңі аяқталады.

Екінші кезең ішінде ауаның жеткілікті ағыны болғанда жанғыш заттардың жану жылдамдығы өсіп, газды ортаның температурасы жоғарлайды.

Бұл кезеңнің соңында жылу-газ алмасу үрдістерінің шамаларының өзгеруі тоқтайды, температура ең жоғарғы мәнге жетіп, өрттің үшінші кезеңі тұрақтылық басталаы. Өрттің еркін дамуы кезінде жанғыш материалдар біртіндеп жанып бітеді де өрт өшу кезеңіне ауысады.

 

5 Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары

 

Адамдарға әсер ететін өрттің негізгі қауіпті факторлары болып табылатындар:

- ашық от пен ұшқындар;

- ауаның, бұйымдардың және т.б. жоғарғы температурасы;

- жанудың улы өнімдері;

- түтін;

- оттегінің төменгі концентрациясы.

Өрттің қауіпті факторларының екіншілікті байқалуына жататындар:

- аппараттардың, агрегаттардың, қондырғылардың, құрастырмалардың сынықтары, бұзылған бөлшектері;

- бұзылған бөлшектер мен қондырғылардан шыққан радиоактивті және улы заттар мен материалдар;

- құрастырмалардың, аппараттардың, агрегаттардың ток жүретін бөліктеріндегі жоғарғы кернеудің шығуынан пайда болатын электр тогы;

- өрттің нәтижесінде болатын жарылыстың қауіпті факторлары;

- өрт сөндіретін заттар.

 

Бақылау сұрақтары

1. Жану үрдісіне біруақытта керекті факторларды атаңыздар?

2. Жанғыш заттың «Өздігінен жалындауы» деген не?

4. Сырттан жылу алмай-ақ, кәдімгі температураның әсерінен өздігінен

жануы мүмкін зат?

 

3 – дәріс. Заттар мен материалдардың өртке қауіптілігі

 

Жоспар

1. Кәсіпорындар мен көлікте өрттің қауіптілігін анықтайтын факторлар.

Басталған өрттің таралуына себеп болатын жағдайлар.

2. Заттар мен материалдардың өртке жарылысқа қауіптілік

көрсеткіштері. Өртке қауіптілік көрсеткіштерін анықтау және қолдану облыстары.

3. Газды дабыл, флегматизация, авариялық желдету.

 

1 Кәсіпорындар мен көлікте өрттің қауіптілігін анықтайтын факторлар. Басталған өрттің таралуына себеп болатын жағдайлар

 

Кәсіпорындарда, әсіресе көліктерде кең қолданылатын жанатын заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі, сонымен бірге олардың агрегатты күйлері, физикалық - химиялық қасиеттері, қолдану мен сақтау жағдайлары анықталады. Өз кезегінде, аппараттар, жанатын заттар құйылған ыдыстар мен резервуарлар, жанатын газдар жүретін құбырлар, электр қондырғылар үлкен қауіпті тудырады.

Өрттің таралу жолдарының шарттары:

- өрт сөндіру кезінде адамдардың қате іс-әрекеті;

- өрт сөндіргіш құралдардың жоқтығы;

- өрт сөндіргіш құралдардың жұмыс істемеуі, сынып қалуы;

- жанғыш заттар мен материалдардың өте көп жиналуы;

- оттың тарауына әсер ету;

- өртті анықтаудың кешігуі;

- өрт күзетіне хабарлаудың кешігуі.

 

2 Заттар мен материалдардың өртке жарылысқа қауіптілік көрсеткіштері. Өртке қауіптілік көрсеткіштерін анықтау және қолдану облыстары

 

Өндірістердің өрт пен жарылысқа қауіптіліктерін бағалау үшін, өндірістік үрдістерде қолданылатын заттар мен материалдардың өртке және жарылысқа қауіптілік көрсеткіштерін білу керек.

Жанғыш заттар үш агрегаттық күйде болады: газ тәріздес, сұйық және қатты.

Заттардың өртке және жарылылысқа қауіптілігін, яғни бірдей жағдайда жануының салыстырмалы ықтималдығын, олардың бір қатар қасиеттерімен (жану тобымен, өзіндік тұтану температурасымен және жарқылмен, тұтанудың концентрациялық шегімен, дисперсиялығымен және т.б.) анықталады.

Жанбайтын заттар деп, 9000С температура кезінде ауаның дұрыс жағдайында жана алмайтын заттар (біріккен немесе блокты түрде: алюминий, бериллий, никель, темір, мыс, цинк және б.) жатады. Бірақ та жанбайтын заттар да өртке қауіпті болуы мүмкін, себебі қызған кезде ыдырап олардан улы және жанғыш газдар бөлінеді (мысалы, көмірқышқылдардың галогенді туындылары) немесе көп мөлшерде қызу бөледі.

Әрең жанатын заттар ауаның дұрыс жағдайында жану көздерінің әсерінен жануы мүмкін, бірақ жану көздерін алып тастаса, олар өзбетінше жанбайды (мысалы, бромметан, бромэтан және 50% кем емес байланысты галоиды бар т.б.).

Жанатын заттар өзбетінше жана алады, сонымен қоса ауаның дұрыс жағдайында жану көздері арқылы да жанады және жану көздерін алып тастаса да жана береді. Өте ұсақталған (үгінді күйде) жағдайда кейбір металдар 9000С температура кезінде жануға қабілетті және тіпті пирофорлы қасиет білдіреді. Өте ұсақталған күйде, қатты заттардың жануы кезінде өзгеше болуына байланысты, олар дербес топқа-шаң топтарына бөлінген.

Жанатын заттар өз кезегінде 3 топқа бөлінеді:

1) жеңіл тұтанатын - төмен энергиялы (сіріңке жалынынан, ұшқыннан, темекі шоғынан, қызған электр сымнан) жағу көздерінің қысқа уақыттағы (300С дейін) әсер етуінен тұтануға қабілетті;

2) орташа тұтанатын заттар - төмен энергиялы жағу көздерінің ұсақ әсер етуінен тұтануға қабілетті;

3) әрең жанатын заттар - тек күшті жағу көздерінің әсерінен тұтануға қабілетті.

Жеңіл тұтанатын сұйықтыққа (ЖТС) жарқыл температурасы 660С аспайтын ашық тиглдегі сұйықтықтар жатады. Жеңіл тұтанатын сұйықтық (ЖТС) үш разрядқа бөлінеді (3.1 кестені қара).

 

3.1 кесте - Жеңіл тұтанатын сұйықтықтардың разрядтары

Разряд

Жабық тиглдегі жарқыл температурасы, t0С

Ашық тиглдегі жарқыл температурасы, t0С

Өте қауіпті

t≤-18

t≤-13

Ұдайы қауіпті

23≥t>-18

27≥t>-13

Жоғарғы температура кезінде қауіпті

23<t≤-61

27<t≤-66

 

Жану диффузиялық және кинетикалық болатыны белгілі.

Диффузиялық жану кезінде жанатын заттардың (қатты және сұйық) бетіне ауа жанасады және жану өнімі арқылы оған енеді. Бұл кезде жану жылдамдығы тотығу реакциясының аймағындағы диффузия жылдамдығына байланысты.

Диффузиялық жану–салыстырмалы түрде ақырын жүретін үрдіс.

Кинетикалық жану кезінде ауа, ереже бойынша, жанатын затпен араласып, газдан немесе шаңнан құралған жанатын қоспа түзеді. Бұл кезде жану жылдамдығы тек химиялық реакцияның жылдамдығына байланысты.

Өрт және жарылыс кезінде жанудың екі түрі байқалады: толық және толық емес.

Толық жану тотығу үшін керекті оттегінің артық мөлшерінің болуы кезінде болады.

Толық жанбау оттегінің мөлшерінің жетіспеуінен орын алады.

Заттың толық жануы үшін ауаның қажетті мөлшері оның химиялық құрамына байланысты. Мысалы, 1кг ағаш теориялық тұрғыдан толық жану үшін 4.18 м3 - ауа, 8,45 м3 - таскөмір және т.б қажет болады.

Іс жүзінде ауаның керекті мөлшері, теориялық қажетті мөлшерден 2 - 10 есе артық.

Жанатын заттардың жарылысқа қауіптілігі тұтанудың минимальды (төменгі шекпен) және максималды (жоғарғы шекпен) концентрациялық шегімен (КШ) сипатталады. Жанатын газдардың немесе булардың ауадағы минимальды концентрациясына жағу көзін алып келген кезде, жарылуға қабілетін тұтанудың төменгі концентрациялық шегі (ТКШ) деп атайды.

Ауадағы газдардың немесе булардың концентрациясын, одан жоғарыда жарылыс болмаса, тұтанудың жоғарғы концентрациялық шегі (ЖКШ) деп атайды.

Тұтанудың концентрациялық шегін қоспаның көлемі немесе массасы (г/м3, п/л, мг/м3) бойынша пайызбен өрнектейді.

Кейбір газды және булы ауалы қоспалардың тұтануының концентрациялық шектерін дұрыс қысым кезінде көлеміне % бойынша (3.2 кестені қара).

 

3.2 кесте - Газды және булы - ауалы қоспалардың тұтануының концентрациялық шектері

Заттар

Төменгі концентрациялық шек

Жоғарғы концентрациялық шек

Ацетилен

Ацетон

Бутан

Бензин

1.53

1.6

1.86

0.76

8.2

13.0

8.4

5.4

Көміртегі тотығы

12.5

80.0

Этил спирті

3.3

17.2

 

Тұтанудың төменгі және жоғарғы концентрациялық шектері арасындағы ауадағы газдардың және булардың концентрация аумағы тұтану диапазоны деп аталады. Жанатын сұйықтықтардың буларының жарылысқа қауіптілігі тұтанудың температуралық шектерімен сипатталады. Бұл кезде температуралар, берілген тотығу ортасында заттың қаныққан булары тұтанудың төменгі және жоғарғы концентрациялық шектеріне тең концентрация түзеді, осыған сәйкес тұтанудың төменгі және жоғарғы температуралық шектері деп аталады.

Шаң аэрозоль күйінде ғана жарылады және жанады. Аэрогельдердің тұтануы құйындаудың белгілі бір жағдайында және аэрозольді күйге өтуі кезінде жүреді. Аэрогельдің өзіндік тұтану температурасы аэрозольдің өзіндік тұтану температурасынан өте төмен болады. Мысалы, қатпарлы шаңдардың өзіндік тұтану температурасы аэрогельді күйде 2250С, аэрозольді күйде 8300С, көмір шаңының өзіндік тұтану температурасы сәйкесінше 260 және 9600С болады.

Шаңның қауіптілігі олардың тұтануының төменгі концентрациялық шегімен сипатталады.

 

3 Газды дабыл, флегматизация, авариялық желдету

 

Өндірістік бөлмелердің ауасында жанатын газдар мен булардың жиналуын және жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуын бақылау үшін газды талдау приборларын-газоанализаторлар мен индикаторларды пайдаланады.

Алып жүретін газоанализаторлар мен индикаторлардың маркалары. Индикатор-берілген шамалардан ауытқитын физикалық мәндердің өзгеруін өлшейтін прибор. Индикатор ИВК-1 (мұнай өнімдерінің), Индикатор ИВП-1 (жанғыш газдардың, булардың), Газоанализатор ПИВ-1 ерітінділердің 5-50% тең буларының, Газоанализатор ПГФ2М1 ауадағы жанғыш булар мен газдардың концентрацияларын анықтау үшін арналған.

Стационарлық автоматты дабылдар СГГ2М жанғыш газдардың, булардың және олардың қоспаларын анықтау үшін арналған, ауадағы жанғыш заттар құрамының ТКШ 20% тең мөлшеріне жеткенде белгі береді.

Флегматизация. Өрт, жарылыс қауіпсіздігін ескерту және қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі, инертті компоненттің жанғыш қоспасына қоспа жанбайтындай болғанша қысым түсіру болып табылады. Мұндай қоспа флегматизацияланған деп, ал қоспаны жанбайтындай жасаған инертті компоненттер-флегматизаторлар деп аталады.

Флегматизацияның екі әдісін ажыратады: негізгі ауамен араластыруға инертті араластырғыштармен (азотпен, көміртегі қос тотығымен, су буларымен) және ауаға жану ингибиторларын-хладондарды және олардың негізінде құралған газды құрамдарды (гексан, хладон 114В2, 13В1) енгізу.

Бірінші әдіс технологиялық жабдықтың жарылуынан қорғау үшін, ал екіншісі - көбінесе өндірістік бөлмелер үшін арналған.

Инертті араластырғыштармен флегматизациялау әдетте газды қоспада оттегі құрамын 12-15% дейін азайтқан кезде жетеді.

Флегматизация үшін қажетті ингибиторлар инертті араластырғыштар мөлшерінен біршама аз (3-5%), яғни екінші әдіс өте тиімді.

Авариялық желдету. Өндірістік бөлмелердің жарылыс-өртке қауіптілігін төмендетуде кең таралған тәсілдердің бірі. Өндірістік бөлмелерде қарастырылады, оларда лезде ауаға көп мөлшерде зиянды немесе жарылысқа қауіпті газдар немесе булар келуі мүмкін. Авариялық желдету, негізгісімен қосыла сағатына 8-ден кем емес ауа алмасуды қамтамасыз етуі керек, сонымен бірге негізгі жүйелердің біреуі тоқтаған кезде автоматты түрде қосылуы керек.

Негізгі желдету де өндірістік бөлмелердің өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белгілі бір рөл атқарады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Кәсіпорындарда өте үлкен өрт қаупін не тудырады?

2. Жарылысқа қауіптілік дәрежесі бойынша шаңдар қанша класқа бөлінеді?

3. Басталған өрттің таралуына себеп болатын жағдайды атаңыз.

 

4 –дәріс. Технологиялық үрдістердің, ғимараттардың, үйлердің және құрылыстардың өртке қауіптілігі

 

Жоспар

1. Жабдықтарда және бөлмелерде жанатын ортаның пайда болу себептері.

2. Өртке-жарылысқа қауіптілігі бойынша ғимараттар мен бөлмелерді категориялау.

3. Жарылысқа қауіпті аймақтардың жіктелімі.

 

1 Жабдықтарда және бөлмелерде жанатын ортаның пайда болу себептері

 

Технологиялық үрдістерде жарылысты ортаның түзілуінің себептері мынандай: қалыпты жағдайда кейбір технологиялық үрдістерге (мысалы, органикалық сұйықтықтардың тотығуына, сырлау және құрғату камераларында ауаны барботирлеуге, ұсақталған материалдарды пневмотранспорттауға), кернеуде болатын аппараттарға (ваккумды ректификациялық колонналар) ауаның сорылуына, бөлшектерді еріткіштерде жуу мен тазартуға байланысты және көптеген басқа да үрдістер.

Тікелей бөлмелерде жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуы себептері жанғыш газдардың, жеңіл тұтанатын сұйықтықтар немесе технологиялық жабдықтардан шығатын жанғыш шаңдар, арматураның ақаулығы, төзімділігінің жоғалуы, қызметкерлердің бұрыс іс-әрекеттері, желдеткіш жүйенің кездейсоқ тоқтап қалуы және т.б. болып табылады. Мүмкін болатын жағдайлар - бұл жабдықтардан жанғыш газдардың шығуы, жеңіл тұтанатын сұйықтықтардың ағуы, шөгіп қалған шаңдардың көтерілуі.

Оттегі толтырылған газ баллонының жарылуы май және басқа да майлы заттардың редукторға немесе баллонның ішкі жағына тиіп, жарылысқа қауіпті қоспалардың түзілуіне алып келуінен болады.

Ауа резервуарларының жарылысы резервуарлардың ішкі жағына майлардың тамуынан және компрессорлық майлардың жарқыл темепературасынан (216...2420С) асып кететін мәнге дейін ауа температурасының көтерілуінен жарылыс пайда болады.

Газдардың температураларын көтеру компрессордың қабырғаларының қызуын және майлағыш майлардың ыдырауын тудырады да, компрессордың жарылуына алып келеді. Ауа компрессорларының цилиндрлерін майлау жарқыл температурасы 216   2420С болатын майлармен іске асады. Барлық жағдайларда майлағыш майлардың жарқыл температурасы газ температураларынан 700С жоғары болуы керек, әйтпесе жарылыс болады.

Жанғыш заттардың тұтануының концентрациялық шегінің температура мен қысымға тәуелділігін, сонымен бірге өздігінен тұтану температурасының қысымға тәуелділігін қарастырайық.

Концентрациялық шектің (КШ) температураға тәуелділігі сызықтық болады.

Шекке жуық бай қоспалардың жануы қысымның көтерілуіне қарай көп күйе пайда болуымен қоса жүреді. Бұл құбылысты химиядағы белгілі қағидамен түсіндіруге болады, осыған сәйкес сыртқы әсерге реакциялық жүйе өздігінен қарсы тұруға ұмтылады. Бұл жағдайда қысымның жоғарлауына қарай күйенің пайда болуының көбеюі әсер ететін қоспаның көлемінің азайуына себебін тигізеді.

Қысымның жоғарылауы кезінде ЖКШ көтерілуіне байланысты оттегінің минимальды жарылысқа қауіпті құрамы (МЖҚҚ) азаяды, яғни жарылысқа қауіпті ортаның пайда болу қаупі көбейеді. Өздігінен тұтану температурасының (Т) қысымға тәуелділігі сызбамен сипатталады, оған сәйкес Т қысыммен бірге төмендейді, яғни өрт немесе жарылыс қаупі жоғарлайды.

Бұл өте маңызды нәрсе, оны жоғарғы қысым кезінде жарылысқа қауіпті қоспалар түзілу мүмкіндігіне байланысты технологиялық өндірістерді жасаған кезде ескеру керек.

 

2 Өртке-жарылысқа қауіптілігі бойынша ғимараттар мен бөлмелерді категориялау

 

Жұмысты жүргізу, өрттерді және жарылыстарды ескерту бойынша қауіпсіз іс-шаралардың тиімділігі оларды жобалау кезеңін орындау кезінде қамтамасыз етіледі. Мынандай факторлар: өрт кезінде ғимараттардың беріктігі, өрттің даму ауданын шектеу, өрттің шығу көзін болдырмайтын және оның таралуына кедергі болатын сәйкес инженерлік жабдықты пайдалану және басқалар ескеріледі.

Әртүрлі нысандардың (бөлмелердің, ғимараттардың) жарылысқа-өртке қауіптілігін бағалау осы нысандардағы өрттердің және жарылыстардың мүмкін болатын қирату салдарларын, сонымен бірге осы құбылыстардың адамдар үшін қауіпті факторларын анықтаудан болады.

Бөлмелерді дұрыс жобалу және пайдалану үшін, сонымен бірге өрттер мен жарылыстардың алдын алу үшін жабдықтарды дұрыс таңдауда бөлмелердің және ғимараттардың өртке жарылысқа қауіптілігі бойынша жіктелімі (категориялау) маңызды рөл атқарады.

Нысандардың өртке-жарылысқа қауіптілігін бағалаудың екі әдісі бар-детерминирленген және ықтималдық. Қолданып жүрген нормативтік құжаттар мысалы ретінде, детерминирленген сипаттамасы бар «Технолгиялық жобалаудың жалпы одақтық нормалары» (ТЖЖН-24-86) и «Электр қондырғылардың құрылымдарының ережелері» (ЭҚЕ) болып табылады.

Ықтималдық әдіс рұқсат етілген тәуекел концепциясына негізделген және нормадан асатын өрттердің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету ықтималдылығын болдырмауға негізделген. Ықтималдылық көзқарасқа негізделген нормативтік құжаттар болып МСТ 12.1.004-85 «Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» жатады.

Жіктелім көлемді-жоспарланған шешімнің оңтайлы таңдауын, ғимараттар мен құрылыстардың өртке төзімділік дәрежесін, инженерлік құрылыстың құрылымын, арнайы өртке қарсы құрылымдарды анықтайды.

ТЖЖН байланысты категориялаудың сапалық көрсеткіштері болып жеңіл тұтанатын сұйықтықтардың (ЖТС) және жанғыш сұйықтықтардың (ЖС) төгілу жағдайында жарылысқа қауіпті ортаны және жарқыл температурасын (Т) тудыруға қабілетті жанғыш заттардың агрегаттық күйі табылады.

Барлық ғимараттар мен бөлмелер жарылысқа-өртке және өртке қауіптілігі бойынша 5 категорияға бөлінеді А, Б, В, Г, Д.

А - ең жоғарғы (жарылысқа-өртке қауіпті) категория. Жанғыш газдар, жарқ ету температурасы 28 С жоғары емес жеңілтұтанатын сұйықтықтар, сондай бір көлемде жарылысқа қауіпті булы – газды - ауалы қоспалар түзіп, олар тұтанған кезде бөлмеде 5 кПа асатын жарылыстың есептік артық қысымы дамиды. Сумен, ауадағы оттегімен немесе бір - бірімен белгілі бір мөлшерде өзара әсерлескен кезде жарылуға және жануға қабілетті заттар мен материалдар, ол бөлмедегі жарылыстың есептік артық қысымы 5 кПа асып кетеді.

Б – жарылысқа - өртке қауіпті категория. Жанатын шаңдар немесе талшықтар, жарқ ету температурасы 28 С жоғары емес жеңіл тұтанатын сұйықтықтар, сондай бір көлемде жарылысқа қауіпті шаңды - ауалы немесе булы – газды - ауалы қоспалар түзіп, олар тұтанған кезде бөлмеде 5 кПа асатын жарылыстың есептік артық қысымы дамиды.

В - өртке қауіпті категория. Жанатын және қиын жанатын сұйықтықтар, қатты жанғыш және қиын жанатын заттар мен материалдар (соның ішінде шаңдар және талшықтар), сумен немесе бір-бірімен өзара әсерлескен кезде, олар бар немесе айналыста болатын бөлме А және Б категорияларына жатпайтын жағдайда ғана жанады.

Г-категориясы. Ыстық, қызған немесе балқыған жағдайдағы жанбайтын заттар мен материалдар, оларды өңдеу үрдісінде сәулелік жылу, ұшқын және жалын бөлінумен қоса жүреді; жанғыш газдар, сұйықтықтар және қатты заттар, олар отын түрінде жағылады.

Д-өрт қауіпсіздігі жоқ категория.

Бұл категорияға жанбайтын заттар мен материалдардың суық күйінде (механикалық құрал-саймандар бөлімдері, суық штамптар басатын бөлімшелер және басқа бөлімшелер) айналыста болатын бөлмелері жатады.

Категориялаудың сандық көрсеткіші болып, бөлмелерде пайда болатын жарылысқа қауіпті ортаның жану кезінде дамитын максималды мүмкін болатын артық қысым ∆Р.

Бөлмелерді категориялағаннан кейін ғимараттардың түгелдей категориялануы жүргізіледі. Өрт қауіпсіздігі нормаларына сай ғимараттар А категориясына жатады, егерде «А» категориясының бөлмелерінің ауданының қосындысы барлық бөлмелер ауданының 5% немесе 200м2 асса. Егер де бөлмелерді автоматтандырылған өрт сөндіруші құралдармен жабдықтаса, онда норма 5% - дан 25% - ға көтеріледі немесе 1000 м2 дейін болады.

Б категориясына жататын ғимарат, егер ол А категориясына жатпаса, және А және Б категориясына жататын бөлмелердің аудандарының қосындысы 5% немесе 200 м2 асса, ал егер де бөлмелер автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталса, онда ғимаратты Б категориясына жатқызбауға болады, [А және Б категорияларына жататын бөлмелердің аудандарының қосындысы 25% - дан немесе 1000 м2 аспаса]

В категориясына жататын ғимараттарға, біріншіден олар А және Б категориясына жатқызылмаған болса, екіншіден А, Б және В категориясындағы бөлмелердің аудандарының қосындысы, барлық бөлмелердің аудандарының қосындысынан 5% - ға асатын ғимараттар жатады.

Егер А және Б категориялы бөлмелердің өрт сөндіруге, қарсы құралдарды автоматтандырғанда 25% (бірақ 3500 м2 артық емес) ауданы В категориясы бөлмелерге байланыссыз жіберілді.

Г категориясына жататын ғимараттарға, біріншіден А, Б және В категорияларына жатпайтын, екіншіден, егер А, Б, В және Г категориялы бөлмелердің жалпы ауданы ғимарат ауданының 5% - нан (автоматтандырылған өрт сөндіретін қондырғылармен жабдықталған кезде 25% болса, бірақ 5000 м2көп емес) аспайтын ғимараттар жатады.

 

3 Өртке-жарылысқа қауіпті аймақтардың жіктелімі

 

Біз ғимараттар мен бөлмелерді категориялауды жалпы өртке қарсы қауіптілігі бойынша қарастырдық. Сонымен бірге «Электр қондырғылардың құрылымының ережелері (ЭҚЕ)» жанудың шығу көзін ескертуді қарастырады және өндрістік орындар мен сыртқы технологиялық қондырғылардағы электрлік жабдықтардың құрылымын регламенттейді. Осы ережелерге негіздей отырып өрт жіктелімі бойынша электр жабдықтарды таңдауға және монтаждауға болады.

Жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш шаңдардың ТЖШ 65 г/м3 – ден жоғары болатын бөлмелер мен сыртқы қондырғыларды өртке қауіптілерге жатқызады және 4 аймаққа келесідей жіктелінеді:

П – І - класының аймағы жанғыш сұйықтықтар (мысалы, минералды майлар) бар бөлмелер;

П – ІІ - класының аймағы ауа көлеміне қарай ТЖШ 65 г/м3 – ден жоғары жанғыш шаңдар бар бөлмелер;

П – ІІа - класының аймағы, қалқыма жағдайына өте алмайтын қатты жанғыш заттар бар бөлмелер.

П – ІІІ - класының аймағы, жанғыш сұйықтықтар мен қатты жанғыш заттар бар сыртқы қондырғылар.

 

Бақылау сұрақтары

1. Ауа резервуарының оның ішкі бетіне компрессор майының жарылыс болуы мүмкін температура?

2. Барлық бөлмелер мен үйлер толығымен жарылы - өрт және өрт қауіптілігі бойынша қанша категорияға бөлінеді?

3. Бөлменің қандай категориясы жарылыс - өртке өте қауіпті?

4. Жарылыс - өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндіріс категорияларын атаңыз.

 

5 – дәріс. Ғимараттардың құрылыс құрастырмаларының өртке төзімділіктері

 

Жоспар

1 Құрылыс құрастырмаларының жанғыштығы.

2. Ғимараттардың құрылыс құрастырмаларының өртке төзімділігі.

3. Құрылыс құрастырмаларының өртке төзімділігін жоғарылату тәсілдері.

 

1 Құрылыс құрастырмаларының жанғыштығы

 

Құрылыс материалдарының жанғыштығы-олардың жануға қабілетін анықтайтын қасиеті.

Ғимараттардың құрылыс құрастырмаларының жанғыштығы құрастырманың өрт жағдайында ұстауын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Кейбір жағдайларда құрастырмалар өрттің пайда болуына және таралуына себебін тигізеді. Құрылыста жанғыш полимер материалдарды қолдану өрттің тез таралуын тудырып қана қоймай, сонымен бірге өңдейтін, акустикалық және жылу оқшаулағыш полимер материалдардың жануы кезінде бөлінетін улы заттармен адамдардың улануына алып келеді.

Барлық құрылыс материалдары жанғыштығы бойынша үш топқа бөлінеді: жанбайтын, әрең жанатын, жанатын.

Бірінші топқа жатқызылған жанбайтын материалдар, яғни олар оттың немесе жоғарғы температураның әсер етуінен тұтанбайтын, бықсымайтын және көмірленбейтін материалдар. Оларға барлық табиғи және жасанды органикалық емес минералдық материалдар, құрылыста қолданылатын металдар жатады. Оларға, сонымен бірге масса бойынша органикалық массасының құрамы 8% - ға дейін гипсті және гипсті-талшықты плиталар, масса бойынша органикалық, крахмал және битум байланысының құрамы 6% дейін минералды-маталы плиталар жатады.

Екінші топқа әрең жанатын материалдар жатқызылады, олар оттың немесе жоғарғы температураның әсер етуінен әрең тұтанады, бықсиды немесе көмірленеді, бірақ от көзін алып кетсе жануы мен бықсуын тоқтатады. Бұл материалдар жанбайтын және жанатын компоненттерден тұрады: асфальт бетоны; масса бойынша органикалық толықтырғышы 8% жоғары гипсті және бетонды материалдар; масса бойынша құрамында байланыстыратын битум материалы 7 – ден 15% - ға дейін минералды плиталар; тығыздығы 900 кг/м3 кем емес топырақты-сабанды материалдар; топырақ ерітіндісіне шыланған жүн; терең антипирен сіңірілген ағаш; цементті фибролит; гипсті қабтағыштар.

Үшінші топқа жанатын материалдар жатқызылады, олар оттың немесе жоғарғы температураның әсер етуінен тұтанады немесе бықсиды және де жануын жалғастырады немесе от көзін алып кеткенде бықсуын тоқтатпайды (барлық органикалық материалдар, өртке қарсы құрамдармен терең сіңірілуге түспеген ағаш материалдар, полимер материалдар, яғни өрттен немесе жоғарғы температурадан қорғалмағандар).

«Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» МСТ 12.1004 - 85 пен өрттің негізгі қауіпті факторларының (ӨҚФ) шектік мәндері шектеледі. ӨҚФ мәндері 5.1 кестеде келтірілген.

Бұл кезде құрастырманың құлауы деп ғимараттардағы жарылыстар кездерінде, сонымен бірге өрттер кездерінде құрастырманың өртке төзімділік шегінен асып кеткен кездегі қирау салдарлары түсініледі. Осыдан «өртке төзімділік» түсінігі енгізіледі.

 

5.1 кесте - Өрттің қауіпті факторларының мәні

                           ӨҚФ

Шектік мәні

Құрастырманың бұзылуы

Рұқсат етілмейді

Температура, °С

70

Жылулық сәулелену, Вт/м2

500

СО құрамы, %

0,1

СО2құрамы, %

6,0

О2 құрамы

17,0 кем емес

Көрудің нашарлауы, бір реттік

2,4

 

2 Құрылыс құрастырмаларының өртке төзімділігі

 

Өртке төзімділік - бұл құрылыс құрастырмаларының, белгілі бір уақыт ішінде, пайдалану функцияларын сақтай отырып, өрттің әсер етуіне құрылыс құрастырмаларының қарсылығы немесе басқа сөзбен айтқанда, «өртке төзімділік - бұл үйлердің, ғимараттардың және құрастырмалардың өртке қарсылық қабілеті».

Өртке төзімділік құрастырмалардың негізгі сипаттамаларына жатқызылады және құрылыс нормаларымен және ережелерімен регламенттеледі.

Үйлер мен ғимараттардың өртке төзімділік дәрежесін, оның элементтерінің өртке төзімділігімен сипаттайды.

Құрылыс құрастырмаларының ұстап немесе қоршап тұратын қабілетін, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жоғалтуын өртке төзімділік шегі деп атайды. Құрастырманың өртке төзімділігін сынаудың басталғанын сағатпен өлшейді, өртке төзімділік жағдайы шегінің келесі төрт белгісінің біреуінің пайда болуына дейінгі белгілер:

1) құрастырмалардың және тораптарының ұстап тұратын қабілетін жоғалтуы (құлауы немесе құрастырманың түріне байланысты майысуы);

2) жылу оқшаулағыш қабілеті бойынша – қызбайтын беттің температурасының 1600С жоғарылауы немесе осы беттің кез келген нүктесінде құрастырманы сынауға дейінгі температурамен салыстырғанда 1900С – тан жоғары немесе сынауға дейінгі құрастырманың температурасына қарамай 2000С – ден жоғары көтерілуі;

3) тығыздығы бойынша – құрастырмада ашық жарықтардың немесе тесіктердің, олардан жану немесе жалын өнімдерінің пайда болуы;

4) құрастырма материалының кризистік температурасы бойынша – өрттен қорғайтын жапқышпен қорғалған және сынаусыз қолданылатын құрастырмалар үшін.

Ұстап тұру қабілетін жоғалту - өрт кезінде құрылыс құрастырмаларының құлауын білдіреді.

Қоршау қабілетін жоғалту - өрт кезінде көрші бөлмедегі заттардың өздігінен тұтануын туғызатын немесе құрастырмада ашық жарылыстардың пайда болуы жану өнімдерінің көрші бөлмеге ену мүмкіндігін туғызатын құрастырмалардың температураларының көтерілуін білдіреді.

Өртке төзімділігі бойынша үйлер мен ғимараттар бес негізгі өртке төзімділік дәрежесіне бөлінеді: І, ІІ, ІІІ, ІV, V, (және үш қосымша ІІІа, ІІІб, ІVа).

Өрт қауіптілігі категориясына, үйдің өртке төзімділік дәрежесіне, тәуелділігіне қарай қабаттар саны, қабаттар ауданы және т.б. анықталады.

 

3 Құрылыс құрастырмаларының өртке төзімділігін жоғарылату тәсілдері

 

Тас құрастырмалар. Кәдімгі батпақтан жасалған кірпіш басқа материалдарға қарағанда кризистік температураның деңгейіне байланысты 1- орын алады. Бұл температура еру температурасы (1000 – 11000С) мен жану температурасының (9000С) арасында орналасқан.

Өрт жағдайына байланысты кірпішті құрастырма 9000С жылулықты қанағатты түрде ұстап тұрады, өзінің тұрақтылығын түсірмейді және құрудың, сынудың белгілерін көрсетпейді.

Темірден жасалған құрастырмалар. Құрылыста темірден жасалған құрастырмаларды қолданады. Көп тараған құрастырмалар әртүрлі кластағы және маркадағы болаттан жасалған. Темір бетонды құрастырмаларға қарағанда тірегіштік қабілетіне байланысты, монтаждауға болатты құрастырма өте жеңіл және қолайлы. Бірақ та, жоғарғы температуралы өрт кезінде болатты құрастырма жиі қирайды. Көбінесе болатты құрастырма өзгеріске ұшырап, өрт кезінде 15 минуттан соң олар беріктік және тірегіштік қабілетін жоғалтады.

Өрт болу уақыты 15 минутқа созылған кезде жоспарланған ғимараттағы болатты құрастырманы өрттен сақтап қалу керек, кең тараған түрі - жанбайтын құрылыс материалымен қаптау.

Болатты бағаналарды қаптау үшін жеңіл бетон, жеңіл бетоннан жасалған жиналған плиталар, керамикалық кірпіш, қуысты керамикалық тас, ғанышты (гипс) және асбесті цементті плиталар, сылақ, әйнекті талшықты және минералды плиталар қолданылады.

Сылақтың қалыңдығын 25мм етіп темір сеткаға жағылады. Қалыңдығы 25 мм болатын сылақ болатты тірегіштердің өртке төзімділігінің шегі 50 мм дейін өседі (қапталмаған 15 мин-тың орнына). Сылақтың қалыңдығы 50 мм өссе, тірегіштердің өртке төзімділігінің шегі 2 сағатқа дейін көтеріледі. Болатты қапталған тіреуіш жартыкірпішті 5 сағат бойы сақтап қалады , ал кірпіштің төрттен бір бөлігін 2сағат 10 минут сақтап калады.

Болатты тіректің өртке төзімділік шегі қалыңдығы 30 мм гипсті плитамен және қалыңдығы 20 мм сылақпен 2 сағатқа дейін сақталып қалуы мүмкін, егер гипсті плитаның қалыңдығын 60 мм қалыңдыққа өсірсе, өртке төзімділік шегі 4 сағат 30 минутқа өсуі мүмкін, 40 мм қалыңдықтағы асбоцементті плиталар 20 мм қалыңдықтағы сылақ болатты тірегіштерді 2 сағат сақтауды қамтамасыз етеді.

Темірбетонды құрастырма. Темірбетонды құрастырманың өртке төзімділігі оттың әсерінен төмендейді, оның салдарынан арматураның физика-механикалық құрамы және беттонның серпімділік - пластикалық қасиеті өзгереді, сонымен бірге көлемінің кішіреюінен арматуралардың тегіс тіреуіші бетонмен және әртүрлі коэффиценттегі бетонмен арматураның жылулығының көбеюі төмендейді.

Ағаш құрастырманы өрттен қорғау. Өрттен қорғау үшін ағаштарды сулы сұйықтықпен, өртке қауіпсіз (күкіртті - қышқылды және фосфорлы - қышқылды амонии) сұйықтықтар сіңіру керек. Осындай сұйықтықтар сіңірілген ағаштар әрең жанатын (жай жанатын) материалға айналады.

Ағашты құрастырманың бетін өрттен қорғау үшін әртүрлі бояу, майлау, сіңіру жұмыстары істеледі, известі - алебастрлі немесе известі - цементті сылақ жүргізіледі. Бұл жұмыстар ағашты құрастырманың бетін, сымдардың қысқа тұйықталуы, дәнекерлену шамының 3 минуттық әсер ету жалыны сияқты жылу көздерінен қорғайды. Ағаш құрастырманың өртке төзімділік шегін жоғарыдағы майлағыштарды пайдалану 0.75 сағатқа өсіреді.

Бірқалыпты (полимерлі) материалды құрастырманың өртке төзімділігін қорғау. Тұрмыста жиі кеңінен қолданылатын материалдардың негізгісі органикалық жоғарғы молекулалық заттар – полимерлер. Олардың бағалы қасиеті: жоғарғы төзімділігі, суға төзімділігі, шіруге, даттануға төзімділігі, қарапайым дайындалғыштығы және жеңіл өңделуі.

Пластмассаның негізгі кемшілігі – жанғыштығы. Пластмасса жанған кезде токсинді (улы) заттар бөледі. Ереже бойынша өрттің таралу жолдарын кеміту антипиренді құралды полимерге байланысты.

 

Бақылау сұрақтары

1. Тұтануына байланысты құрылыс материалдары неше топқа бөлінеді?

2. Ғимараттар мен үйлер неше негізгі өртке төзімділік дәрежесіне бөлінеді?

3. Өртке төзімділігі бойынша үйлер мен ғимараттарды қосымша неше өртке төзімділік дәрежесіне бөледі?

 

6 - дәріс. Өрт салдарларын шектеу бойынша іс-шаралар

 

Жоспар

1. Қазақстан Республикасында нысандардың өртке қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

2. Өрттер мен жарылыстар себептері.

3. Кәсіпорындардағы, жылжымалы құрамдардағы, қоймалардағы өртке қауіпті заттар мен материалдардың өрттері мен жарылыстарының алдын алу шаралары.

4. Өрт кезінде ғимараттың түтінге қарсы қорғанысы.

5. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау.

6. Өрт кезінде адамдарды эвакуациялау (көшіру).

 

1 Қазақстан Республикасында нысандардың өртке қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі

 

Қазахстан Республикасында нысандардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелер: өрттің алдын алу жүйесі; өртке қарсы қорғаныс жүйесі; ұйымдастырылған техникалық іс – шаралар.

Өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету жүйесі келесі тапсырмаларды орындауға қажетті: өрт туындауын болдырмау; аудандардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету; материалдық құндылықтарды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету; адамдар мен материалдық құндылықтардың бір уақытта өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету.

Өрттен қорғау жүйесі – адамдардың өрттен сақтануына және өрттен болатын шығынды шектеу мақсатына бағытталған ұйымдастырылған іс-шаралар және техникалық құралдар кешені.

Өрт және жарылыстарды болдырмау үшін, алдымен жанғыш және жарылысқа қауіпті ортаның пайда болу мүмкіндігін жою, сондай-ақ жанғыш ортада тұтандыру көздерін болдырмау керек. Бұл міндеттер өндіріс құрамдарын және технологиялық үрдістерді жобалау сатысында, сондай-ақ өндірістерді пайдалану үрдісінде шешеді.

 

2 Өрттер мен жарылыстар себептері

 

Өрт әртүрлі себептерден пайда болады және көптеген материалдық құндылықтардың шығынына әкеліп соғады, кейбір жағдайда адамдардың өліміне себеп болады.

Ғимараттардың құрылыс үрдісіндегі өрттің таралу себебі болып газ немесе электр пісіргіш жұмыстарын жүргізген кезде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы болып табылады.

Мекемелерде үлкен көлемде жағу майлары, отындар, жарылысқа қауіпті жанғыш газдар және сұйықтар қолданылады. Техникалық үрдістерде термиялық құрылғылар, балқытылған металл, ашық жалын пайдаланады.

Көптеген үрдістерде өрт және жарылыстың себебі болып табылатын ұшқын және жану бөлінеді. Өрт және жарылыстың пайда болуы әдеттегідей көлемді жоспарланған шешімдердегі қателіктердің, құралдардағы ақаулардың болуы, жұмысты ұйымдастырудағы және қызметкерлер іс-әрекетіне жеткіліксіз бақылаудың болуынан.

Кәсіпорындарда өрттің және жарылыстың негізгі себептері болып табылатындар:

- электр құрылғыларының эксплуатация ережесінің бұзылуы;

- электр құрылғыларының істен шығуы;

- техникалық құрылғыларының істен шығуы;

- материалдың өздігінен жануы;

- пеш құрылғыларының эксплуатация ережелерінің бұзылуы;

- пісіру жұмыстары;

- өртке бейғам қарау (темекі шегу, қыздырғыш приборларды қараусыз қалдыру т.б);

- желдеткіш жүйелердің істен шығуы және дұрыс құрастырылмауы.

Егер нақтыласақ өрттің пайда болуының негізгі себептері:

- ғимараттарды салу және жобалау кезіндегі жіберілген қателіктер;

- өндіріс қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігінің қарапайым шараларын сақтамауы;

- электр құрылғыларын эксплуатация кезіндегі жұмыс үрдісінде қауіпсіздігін сақтамау;

- темір жол транспортында өрт статистикасының көрсетуі бойынша шамамен 80% - ы өрт қозғалмалы құрамда пайда болады. Соның ішінде 58% - ы жүк вагондарында, 18% - ы жолаушылар вагондарында, 10% - ы локомотивтерде пайда болады.

Тұтасымен алғанда іс жүзінде өртке әкеліп соғатындар:

- тексеру кезінде анықталғандай қызметкерлердің өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды есепке алмауы;

- белгілі және түсінікті өрт қауіпсіздік ережелерін орындауға салақ қарауы.

Өрттің пайда болуына жағдай жасайтын шаралар:

- технологиялық үрдістің, агригаттардың, операциялардың, заттардың және материалдардың өртке қауіптілігі туралы түсініктің болмауы.

Белгілі және түсінікті өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауға жауапкершіліксіздікпен қарау көп жағдайларда мына түрлерде өрнектеледі:

- еңбек және өндірістік тәртіптің төменгі деңгейінен немесе жоқтығы;

- әр түрлі себептермен мемлекеттік өрт бақылаушыларының талаптарын орындаудан ауытқу;

- объектілерде өрт қауіптілігіне жауап берушілердің төменгі деңгейде талап етуі.

 

3 Кәсіпорындардағы, жылжымалы құрамдардағы, қоймалардағы өртке қауіпті заттар мен материалдардың өрттері мен жарылыстарының алдын алу шаралары

 

Өрттің және жарылыстың алдын алу жүйесіндегі негізгі бағыт болып жарылысты және өртті жою және оның алдын алу шараларын, өрттің таралуын шектеу сферасын және адамдар мен заттарды жанған ортадан көшірілуін қамтамасыз етуін қарастыратын өрт практикасы болып табылады.

Өрт және жарылыстың алдын алу және болдырмау шаралары мынандай қалыпты техникалық құжаттарда көрсетілген: МСТ, ҚНжЕ, ЕҚСЖ стандартында, типті өрт қауіпсіздік ережесінде, тұтынушылардың электр құрылғыларын техникалық эксплуатациялау ережелерінде, т.б.

Тұтасымен алғанда өндірістерде қолдануға тиісті өрттің алдын алу шараларын үш бағытта іріктеуге болады:

1) Өрт және жарылысты болдырмау:

- өртке қауіпті және жанғыш ортаның пайда болуын алдын алу;

- герметикалық құрылғыларды қолдану;

- жанғыш және өртке қауіпті ортаны оқшаулау және шығару;

- жұмыстық және авариялық желдеткішті пайдалану;

- жанғыш зат массасын шектеу және оларды қауіпсіз орналастыру;

- жану көзін жою;

- сәйкес электр құрылғыларын қолдану;

- от жұмыстарын реттеу;

- найзағайдан қорғау құрылғылары;

- мүмкін болатын тұтандырғыш көздерінен ажыратудың тез әрекет ететін орталарын қолдану;

- өздігінен жану шараларын жою.

2) Өрт және жарылыстан қорғау:

- өртке және жарылысқа қарсы заттардың минимал қажетті сандарын құру;

- өрт сигнализациясын, өрт техникасын және өртті сөндіру құралдарын қолдану;

- елді көшіру, түтінге қарсы жүйе;

- ұжымды және жеке.

 

4 Өрт кезінде ғимараттың түтінге қарсы қорғанысы

 

Өрт кезінде түтінді құрту үшін, бөлмелердің біреуінен басталған өрттің бастапқы кезеңінде, ғимараттың бөлмелерінен адамдарды көшіруді қамтамасыз ету үшін, авариялық түтінге қарсы желдету жобаланады.

Түтінді шығару мынандай жағдайда қарастырылады:

- егер бөлмелер А, Б және В категорияларына жатқызылған болса, табиғи жарықтандырусыз тұрақты жұмыс орны бар әрбір өндірістік немесе қоймалық бөлмелерден механикаландырылған келтіргіштері жоқ, еденнен фрамуг астына дейін 2,2 м және одан да биік деңгейде терезелердің жоғарғы жағынан фрамугті ашу үшін;

- табиғи жарықтандыруы жоқ әрбір бөлмелерден: егер олар көпшілік адамдар болу үшін арналған болса; жанғыш материалдарды сақтау немесе пайдалану үшін арналған ауданы 55 м2 және одан да үлкен бөлмелерде, егер оларда тұрақты жұмыс орны бар болса.

- ауданы 200 м2 аз автоматты су немесе көбікті өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған, А және Б категориялы бөлмелерден басқа;

- автоматты газды өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған бөлмелерде;

- ауданы 36 м2 зертханалық бөлмелерде.

Бір және екі қабатты ғимараттардан және көп қабатты ғимараттарды жоғарғы қабаттарынан түтінді шығару түтін шахталары арқылы іске асырылады.

Түтінді тарту жүйелерінің желдеткіштері шатырда және сыртқы қабырғаларда орналастырылады. Олар тормен қоршалуы керек.

Газды өрт сөндіргіш қондырғылармен қорғалатын бөлмелерден өрттен кейін түтін мен газдарды бөлменің төменгі аймағынан жасанды үрлеу қарастырылады.

Өрт кезінде түтінді және өрттен кейін газдарды шығару үшін авариялық және негізгі желдету жүйелері пайдаланылады.

 

5 Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау

 

Найзағайдан қорғау - бұл адамдардың қауіпсіздігін, найзағайдың әсерінен болатын жарылыстардан, өртенулер мен бұзылулардан ғимараттар мен құрылыстардың, жабдықтар мен материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге арналған қорғаныс құрылғылардың кешені. Найзағай, өзімен найзағай тудыратын бұлт пен жер немесе қандай да бір құрылыс арасында дамитын бірнеше километр ұзындыққа созылатын электр разрядын көрсетеді. Найзағай тогы 200 кА жетеді, кернеу 150 МВ, канал температурасы – 6000 - 300000 С. Найзағайдың әсер етуін негізгі екі топқа бөлу қабылданған.

- алғашқы, найзағайдың тура соққысынан туындаған;

- екіншілікті, найзағайдың жақын разрядтарымен индукцияланған, немесе нысанға тартылған металл коммуникациялармен кіргізілген.

Найзағайдың тура соққысы нысандарға келесі үш әсер етулерді тудырады:

- электрлік, адамдарды немесе хайуандарды соғуға байланысты;

- термиялық, нысан құрамына найзағай каналының тура байланысы кезінде күрт жылудың бөлінуімен байланысты және нысан арқылы найзағай тоғының өтуімен байланысты;

- механикалық, найзағай каналынан таралатын және өткізгіштерге электр динамикалық күштермен әсер ететін найзағай тоғымен байланысты.

Найзағайдан қорғанудың негізгі шартарының бірі болып найзағайды қайтару болып табылады.

Барлық ғимараттар мен құрылыстар найзағайдан қорғануы бойынша өрт, жарылыс дәрежесіне қарай нысанның маңыздылығы мен технологиялық ерекшеліктеріне байланысты үш категорияға бөлінеді:

I категория – бұл технологиялық үрдістің дұрыс ағымында ауамен жарылысқа қауіпті қоспа түзуге қабілетті газдар, булар және шаңдар бөлінетін бөлмелер. Найзағайдан қорғану жылына 10 сағат және одан да жоғары болған кезде орындалады;

II категория – бұл категорияға жарылысқа қауіпті қоспалар пайда болатын бөлмелерді, сонымен бірге технологиялық қондырғылар мен қоймаларды жатқызады;

III категория – бұл бөлмелерге жанғыш қатты және сұйық заттар, шаңдар, сонымен бірге технологиялық қондырғылары бар бөлмелер және қоймалар, түтін мұржалары, 15 м биік мұнаралар, тұрғын және қоғамдық ғимараттар, бала бақшалар, ауруханалар, кинотеатрлар жатқызылады. Бұл нысандардың найзағайдан қорғануы жергілікті жердегі найзағай соғудың жылына 20 сағат және одан да жоғары болғаны кезінде қарастырылады.

III категорияға теміржол көлігінің барлық негізгі кәсіпорнының ғимараттарын жатқызады. Құятын, құйып алатын эстакадаларды, жарылғыш заттар мен сұйықтар сақталатын қоймаларды II категорияның нысандарына жатқызады.

Найзағай қайтарғыштың қорғау әсері өте биік және жақсы жерлендірілген металл құрастырмаларға тию қасиетіне негізделген және белгілі бір дәрежеде найзағайдың тура соққысынан қорғалған кеңістік бөлігі деп түсінілетін «қорғау аймағымен» сипатталады.

Найзағай соққысынан қорғалатын аймақ сенімділік дәрежесінің мәні бойынша екі түрлі болады – А және Б.

Найзағайдан қорғанудың I категориясына жататын нысандар үшін қорғаныс аймағы тек қана А типті найзағай қайтарғыш қарастырылады.

II және III категориялардың нысандары үшін найзағай қайтарғыштардың қорғау аймақтарының типі, найзағай қайтарғыштары жоқ ғимараттар мен құрылыстарды найзағай соғудың жылына күтілетін N санына тәуелді.

II категорияның ғимараттары мен құрылыстары үшін N >1 кезінде А типті қорғау аймағы, N ≤1 кезінде Б аймағы қабылданады. III категорияның нысандары үшін N >2 найзағай қайтарғыштың А типті қорғау аймағы, N ≤2 кезінде өртке төзімділік дәрежесін ескере отырып, Б типі қабылданады.

А типті қорғау аймағы үшін сенімділік дәрежесі 99,5%, ал Б типті - 95% және одан жоғары.

 

Бақылау сұрақтары

1. Өртке қарсы бөгет дегеніміз не?

2. Найзағайдың әсер етуін негізгі неше топқа бөледі?

3. Найзағайдан қорғанудың негізгі шарттарының бірі не?

4. Түтінді шығару қандай жағдайда қарастырылады?

 

7 -дәріс. Өрт сөндіру туралы жалпы мәліметтер

 

Жоспар

1. Жануды тоқтату үшін керекті жағдайлар.

2. Өрт туралы және оның дамуы туралы негізгі түсініктер.

3. Өрттен қорғанудың активті және пассивті әдістері.

4. Өрт жағдайы.

 

1 Жануды тоқтату үшін керекті жағдайлар

 

Өртті тоқтату үшін ең болмаса келесі жағдайлардың біреуі орындалуы керек:

- жану аумағын ауадан оқшаулау немесе жанбайтын газдармен оттегі концентрациясын жану болмайтын жағдайға дейін жеткізу;

- жану ошағын белгілі бір шектен төмен температураға дейін суыту;

- жалындағы химиялық реакциялар жылдамдығын белсенді тежеу;

- жалынды газ немесе судың қатты ағынымен механикалық үзу;

- отты тосқауылдау жағдайын жасау, яғни ол кезде жалынның тар канал арқылы тарылуы.

Барлық қолданыстағы өрт сөндіру құралдары заттардың жану үрдістеріне негізінен бірігіп әсер етеді. Мысалы, су жану көзін суытып және оңашалай алады, көбікті құралдар суытып және оңашалап әсер етеді; өте тиімді газды құралдар жану үрдісіне бір мезетте ингибиторлар (белсенді тежеу) ретінде және араластырғыш ретінде; ұнтақтар жануды ұнтақтың орнықты бұлты пайда болған кезде белсенді тежейді және өртке тосқауыл жағдайын жасай алады. Бірақ та қандай да болмасын өрт сөндіруге бір басым қасиет тән. Мысалы, су көбінесе жалынға суыту жағынан әсер етеді, көбіктер өрт сөндіретін құралдар галогендік – көмірсутекті негізінде, оқшаулау арқылы және ұнтақ құрамдар ерекше ингибитрлі әсер етеді

 

2 Өрт туралы және оның дамуы туралы негізгі түсініктер

 

Өртті сөндіру жағдайларын анықтайтын өрттің маңызды параметрлері болып табылатын:

- өрт сөндіретін заттарды таңдау тәуелді жанғыш материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері;

- өрт ауырлығы деп, қарастырылатын нысандағы бөлме еденіне немесе жердегі ауданды материалдар алып жатқан, барлық жанғыш және әрең жанатын материалдардың массасын айтады;

- өрт ауырлығының жанып біту жылдамдығы;

- сыртқы атмосферамен және қоршаған ортамен өрт ошағының газ алмасуы;

- өрт ошағы мен қоршаған материалдар және конструкциялар арасындағы жылу алмасу;

- өрт болған жердегі өрт ошағы мен бөлменің көлемі және формасы;

- метеорологиялық жағдайлар.

Өрт жанғыш материалдардың физикалық - химиялық қасиеттеріне және әртүрлі өртсөндіргіш заттардың және құралдардың сөндіру мүмкіндігіне байланысты 5 класқа бөлінеді және бұл мәндер 7.1 - кестеде берілген.

Өрт ауырлығы, жанатын үйлердің құрастырмалық элементтері және оның жанып біту жылдамдығы, үйлердің негізгі элементтерін және оның жанып біту жылдамдығын өрттің температуралық режімі және өрт ұзақтығы, адамдарға және басқаларға әсер ететін қауіпті өрт факторлары (ҚӨФ) сияқты негізгі сипаттамалары анықтайды.

 

7.1кесте - Өрт жіктелімі

 

Өрт класы

Жанғыш ортаның немесе жанатын нысанның сипаттамасы

Ұсынылатын өрт сөндіргіш құрамдар және құралдар

А

Кәдімгі жанғыш қатты материалдар (ағаш, көмір, қағаз, резеңке, тігін материалдары және т.б.)

Барлық өрт сөндіретін құралдар түрі (ең бірінші су)

В

Жанғыш сұйықтар және қыздырған кезде еритін материалдар (мазут, бензин, лактар, майлар, сипрт, сеарин, каучук, кейбір синтетикалық материалдар және т.б.)

Су, көбікті құрамның барлық көбікті түрі

С

Жанғыш газдар (сутегі, ацетилин, көмірсутектері және т.б.)

Газдық құрамдар: инертті қоспалар (N2,CO2), галогенді көмірсутектері, ұнтақтар, су (суыту үшін)

Д

Металдар және олардың қорытпалары (калий, натрий, алюминий, магний)

Ұнтақтар (жанып жатқан бетке сабырлы беру кезінде)

Е

Кернеудегі жабдықтар

Ұнтақтар, СО2, хладондар

 

Өрт ауырлығын аудан бойынша бөлінген және шоғырланып бөлінгеніне қарай дифференциялайды және массаның еден бетінің бірлігімен сипаттайды (кг/м2). Өрттің дамуы және оның параметрлері өрт ауырлығының түрі мен мәндеріне қатты тәуелді.

Өрт ауырлығының таралу тәсілі бойынша бөлмелер екі класқа бөлінеді: І - үлкен нысандар бөлмелері, оларда өрт ауырлығы жинақталған және жану жалпы жану аймағын тудырмай-ақ жеке бөлмелерде жүруі мүмкін; ІІ - бөлмелер, оларда өрт ауырлығы барлық ауданға жинақталғандықтан, жану жалпы жану аймағын құрып жанады. Бөлме класына қарай өрт сөндіру тәсілін таңдайды.

Мысалы, екінші класты бөлмелер үшін көлемдік тәсіл өте ыңғайлы болуы мүмкін.

Өрт үш аймаққа бөлінуі мүмкін (төтенше жағдайлар аймағы): жану, жылулық әсер ету, және түтіндеу.

Жану аймағы тікелей жану болып жатқан кеңістік бөлігін алады. Ол бөлменің (үйдің) қоршағыш құрастырмаларымен, техникалық жабдықтың қабырғаларымен шектелуі мүмкін.

Газдардан және сұйықтықтардан қатты материалдың айырмасы, оларда жану жазық, көлденең және тік беттерде жүреді. Жанудың таралу жылдамдығы жанудың көлбеу бұрышы мен бағытына өте тәуелді.

Жалынның тік төмен таралу жылдамдығы жазық беттен таралудан екі есе аз және тік жоғары таралғанда 8·10 есе жоғары.

Жылулық әсер ету аймағы жану аймағына жанасқан кеңістік бөлігін құрайды, онда жану аймағымен және қоршаған құрастырмалармен, материалдармен және кеңістікпен жылу алмасу жүреді.

Түтіндену аймағы – жану аймағы мен аралас үш түтінді газдар концентрациясы толған, адамдардың денсаулықтарына және өмірлеріне қауіп төндіретін немесе өрт бөлімдерінің іс-әрекетін қиындататын кеңістік.

Жану аймағының көлемі жалын және жанып жатқан материалдар көлемі бойынша көз мөлшермен анықталады.

Жану аймағының температурасы:

- ғимараттың ішінде: t=800 - 9000С;

- ауадағы газдар мен ЖТС жануы t=1200 - 16000С;

 

- қатты заттардың жануы t=1000 - 12000С;

- напалманың жануы t=1200 - 15000С;

- термиттің, электронның жануы t=2000 - 30000С.

Напалм - нафтендік және пальмитиндік қышқылдардың алюминий тұздарының қоспаларының бензиндегі ерітіндісі.

Термит - 3:1 қатынастағы темір мен алюминий тотықтарының механикалық қоспалары.

Электрон - алюминий (≈8%) және магний (≈90%) қорытпасы.

Түтін аймағы құрамында көміртек тотығы 0,2 % астам, көмірқышқыл газда  6% астам, кислородта 17% кем болса, түтіннен түтін шығу адам үшін қаупі бар. Өрт зонасында КӘУЗ пластмасса, фанера болса, олар улы өнімдер бөледі: фенол, формальдегид, хлорлы сутегі, цианисті сутек, азот оттектері.

Қатты материалдың меншікті жану жылдамдығы өрт кезінде 5·10-3 – 2·10-2 кг/(м2·с) құрайды.

Бұл жылдамдық материалдардың үгітілу кезінде өзгеруі мүмкін. Жанудың ең жоғарғы жылдамдығы ауа жеткілікті кезінде өрт ауырлығының тығыздығының таралуы 0,25 – 0,3 кезінде байқалады. Ацетонның жану жылдамдығы νжан=0,047 кг/м2·с, бензин – 0,05 кг/м2·с, ағаш – 0,015 кг/м2·с, мазут – 0,013 кг/м2·с.

Өрт ошағының қоршаған ортамен газ алмасуы өрттің жолы мен таралу жылдамдығын және алдындағы параметрлер мен қоса өрттің жылу бөліну қарқындылығы мен жүру режімін анықтайды.

Газ алмасу - бөлмелердің аралықтарының ауданымен, орналасуымен, биіктігімен, қабат сандарымен, құрастырмалық шешімдердің ерекшеліктерімен және басқа да факторлармен сипатталады. Газалмасу жағдайына байланысты өрттер: жабық, шектелген көлемде (бөлмелерде, үйлерде, ғимараттарда, аппараттарда және т.б.) және ашық, ашық ауада өтетін немесе І класты бөлмелерде деп бөлінеді.

Өртті сөндіру тәсілі көп жағдайларда газ алмасу жағдайына тәуелді. Уақыт ішіндегі өрттің дамуы өрттің нақты өту жағдайына байланысты (газалмасу, өрт ауырлығы, және т.б.) үш фазалармен сипатталады.

І фазада орташа температураның көлемі 2000С - ға дейін көтерілгенде ауа қысымы ұлғаяды, содан кейін жайлап төмендейді.

І фазаның жалғасуы жалпы өрттің жалғасының 2 - 30 % - құрайды.

І фазаның соңына қарай жанып жатқан зонада температура өседі, жалын жанып жатқан материалдар мен конструкцияның көпшілік бөлігіне жайылады.

ІІ фазада өрт максимальдық ұзындыққа тез жетеді, ал барлық параметрлер және қауіпті факторлары өрттің көп мағынаны қамтиды.

Мұндай фазада өртті сөндіру қиынырақ болады. Сондықтан ІІ фазалық өртті жібермеуге тырысу керек.

ІІІ фазада материал түгел жанып кетеді. Орташа температура жоғары деңгейде болады. Мұндай жағдайда, ережеге сай өрт сөндіргіштердің шығыны өседі, ал кейде керексіз боп қалады.

 

 

3 Өрттен қорғанудың активті және пассивті әдістері

 

Өрттен қорғану әдістері екіге бөлінеді: пассивті және активті.

Өрт қауіпсіздігінің жоғарылауының пассивті әдістеріне жататындар: жылулық қорғану құралдары, мүмкін болатын тұтану блоктарының тығыздалуы, жанбайтын және әрең жанатын материалдарды пайдалану, авариялық шығулар, айқара ашылатын есіктер, өрттен қорғайтын бөлгіштер, өрттен қорғайтын жабулар және б.

Өрттен қорғанудың активті әдістеріне  өрт сөндіру құралдары, өрт дабылы, басқару және диагностика жүйелерінің бақылау және басқару функциялары, сумен сөндіру құрылғылары, қолдық өрт сөндіргіштер және жылжымалы өрт сөндіргіштер жатады.

 

4 Өрт жағдайы

 

Өрт жағдайы деп ауылдарда, ормандарда, экономика нысандарында пайда болған өрттердің нәтижесінде жинақталатын жағдайлар жиынтығын түсінеді.

Ормандардағы өрт жағдайы жыл мезгіліне, табиғи және топографиялық жағдайға тәуелді. Өте өртке қауіпті кезең – ылғалдылық 35 - 40% - ға дейін азаятын (жылына 5 - 7% күн) жаз мезгілі.

Әдетте өрт таң ертеңгі немесе күндізгі уақытта пайда болады (сағат 10 - нан 17 дейінгі аралықта).

 

Бақылау сұрақтары

1. Өрт ауырлығының өлшем бірлігі?

2. «Жану аймағы» дегеніміз не?

3. «Түтіндеу аймағы» дегеніміз не?

4. Уақыт бойынша өрттің неше даму фазасы бар?

 

8 - дәріс. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ұйымдастыру негіздері

 

Жоспар

1. Қазақстан Республикасындағы және теміржолдағы өрт қорғанысы

қызметінің ұйымдастыру құрылымы.

2. Өрт қауіпсіздігі.

3. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру іс - шаралары.

4. Өрт сөндіру кезінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі.

5. Өрттен қорғайтын құрылыс материалдарын қолданудың тиімділігі.

 

1 Қазақстан Республикасының және темір жолдардың өрттен қорғану қызметін ұйымдастыру құрылымы

 

Өндіріс нысандарының өрт және жарылыс қауіптілігі негізгі екі аспектіні кіргізеді - өрт профилактикасы және белсенді өртке қарсы қорғаныс

Өрт профилактикасы – бұл инженерлік - техникалық іс - шаралар, яғни өрт пен жарылысты ескертуге, сонымен бірге өрт зардаптарын азайтуға бағытталған іс-шаралар. Бұл іс - шаралар нормативке сай келетін құжаттарда, мәліметтерде беріледі.

Белсенді өртке қарсы қорғаныс – бұл пайда болған өрттерді жою, өрттен қорғанудың өрт сөндіргіштің автоматты және басқа қондырғылары арқылы, ғимараттағы қызметкерлердің көмегімен, еркін өрт құрылымдары арқылы орындалатын шаралары.

Нормативті талаптарды мемлекеттік қадағалау ұйымдары бақылап, арнайы ведомствалы бөлімшелерімен қызмет нысандарын (өрттен қорғану бөлімін, техника қауіпсіздігін т.б.) қадағалап отырады. Осы көрсетілген бөлімдер мен бөлімшелердің құқығы мен міндеті үкіметтік және кәсіби ұйымның шешімімен айқындалады. Ұйымдастыру мөлшерінің маңызды кешенті звеносы; өрттен қорғану қызметі төменгілерді қарайтын ұйым болып табылады:

- Мемлекеттік жүйеде өрт қауіпсіздігі, өртпен күрес шаралары Төтенше жағдай министрлігіне жатады. Ол орталық басқару ұйымы ретінде өрт қауіпсіздігі тұрғысында Қазақстан Республикасы шаруашылықтандырылатын облыстарды, Республиканың қалалары мен елді - мекендерін қамтамасыз етеді.

- Өрт қауіпсіздігі ұйымы бүтін бір жүйені қамтиды, яғни Төтенше жағдай министрлігі облыстардағы орталық басқару ұйымының өрт қауіпсіздігі бөлімдерін, қалалар мен елді - мекендердегі өрт қауіпсіздігі ұйымдарын қамтиды.

- Өрт қауіпсіздігі комитеті мен Төтенше жағдай министрлігі басқара отырып көптеген жүйені, бірлескен, орталықтандырылған жұмыстар атқарады.

Комитетте мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі бар, олар өрт сөндірушілердің жұмысы мен авариялық – құтқарушылардың жұмысына жетекшілік етеді. Алматыда, Астанада т.б. қалаларда Өрт қауіпсіздігінің комитеті бар. «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ - да қалпына келтіру және өртке қарсы жұмыс істейтін Басқарма бар, оған 15 өрт қызметінің отряды, өртке арналған – 60 пойызы бағынады.

Төтенше жағдай Министрлігінің Өртке қарсы Комитетінің құрылымы, міндеттері мен функциялары, оның басшысының міндеттері мен құқықтары арнайы жағдайлармен анықталады.

Төтенше жағдай Министрлігінің Өртке қарсы Комитеті және ведомстволық өрттен қорғауы бар министрліктермен және ведомстволармен өзара қарым - қатынастары мемлекеттік нормалық актілер мен бірлескен ведомствоаралық құжаттармен (бұйрықтармен, жағдайлармен, нұсқаулармен және «Қазақстан Республикасы өрт қауіпсіздігі туралы Заңымен») реттеледі.

Қоғамдық өртке қарсы құрылым

Қоғамдық өртке қарсы құрылымға өз қалауларымен болған кезекшілер мен командалар, ерікті өртке қарсы қауым және өрт-техникалық бақылау (комиссия) жатады.

Өртке қарсы ерікті жасақтар мен командалар. Бұларды кез келген өндірісте кәсіби өртке қарсы қорғаныссыз-ақ ұйымдастырса болады. Бұлардың өміріне және оларды техникамен қамтамасыз етуге сол нысанның жетекшілері жауап береді. Өртке қарсы ерікті жасақтар сол өндірістің көлеміне және өрт қауіпсіздігіне байланысты жалпы нысандық немесе цехтың адамдарынан құрылуы мүмкін өндірісте өртке арналған техникалар (автомобилдер, мотопомптар) болса, жылжымалы ерікті өртке қарсы жасақ құралады.

Өрт - техникалық бақылау комиссиясы өнеркәсіптік өндірістерде және мекемелерде құрылады. Оны өндірістегі бас инженер басқарады, комиссия өрт қауіпсіздігінің шараларын бұзғандарды және оларға қолданылатын жазаларды айқындайды. Өрт - техникалық комиссиясы цехтарға және учаскедегі өрт қауіпсіздігі туралы өрт сөндіргіштің және автоматты өрт сөндіргіш құралдың жұмыс істеу қабілеті туралы, түтін шығаратын жүйенің, эвакуация жолдарының жағдайы туралы бақылау орнына хабармен жеткізіп отырады.

Комиссия жалпы нысандық және цехтардағы өрт сөндіруші ерікті жасақтардың ұйымдасуын, олардың техникалық, әскери дайындығын тексеріп отырады.

 

2 Өрт қауіпсіздігі

 

Өрт қауіпсіздігі – жеке адамдарды, заттарды, қоғам мен мемлекетті өрттен қорғау.

Өрт қауіпсіздігі:

- өртті болдырмау жүйесін;

- өрттен сақтау жүйесін қамтамасыз етеді.

Өртті болдырмау жүйесі - ұйымдасқан іс-шаралар кешені мен өрт бола қалған жағдайда қолданылатын техникалық құралдар (1-суретті қара).

Өрттен сақтандыру жүйесі - адам өміріне өрттен болатын қауіп факторлары мен өрттен болатын материалдық шығынды болдырмауға ұйымдастырылған іс-шаралар кешені мен техникалық құралдар.

Өрттің алдын алу жүйесі әрбір нысан бойынша мынандай есеппен жасалады, берілген нысанда өрттің пайда болуының нормалық ықтималдығы, жеке өрт қауіпсіздігі торабына есептегенде, жылына 10-6 көп емеске тең (Рп.б.<10-6 өрттер жылына) деп жасалады.

Әрбір нысан бойынша өрттен қорғау жүйесі, адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер етуінің нормалық ықтималдығы, жеке адамға есептегенде, жылына 10-6 көп емеске тең (Рп.б .= 10-6 адам жылына) деп жасалады.

Өрттің қауіпті факторының адамға әсері: ашық отта және ұшқында, ауаның температурасының көтерілуі, т.б., улы заттардың жануы, түтін, оттегі концентрациясының төмендеуі, ғимараттардың қирауы мен зардап шегуі, үйлер мен қондырғылардың жарылысы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1 сурет - Өртті болдырмаудың алдын алу жүйесінің талаптары

 

Жанғыш заттардың пайда болуының алдын алу регламентімен қамтамасыз етуі:

- рұқсатты концентрациялы жанғыш газдар, ауадағы бу мен түзінділер;

- рұқсатты концентрациялы ауадағы флегматизатор (заттар, жануды азайтатын немесе жанбайтын), жанғыш газ, бу немесе сұйықтық;

- рұқсатты концентрациялы көмірқышқыл немесе газдағы басқа тотықтырғыш;

- айналыстағы заттар, материалдар, қондырғылар мен конструкциялардың жанғыштығы.

Жанғыш ортадағы жаққыш көздерінің пайда болуының алдын алуға жету:

- орындаудың регламенті, жану көздері болып табылатын машина, механизмдер мен қондырғылар, материалдар мен бұйымдарды көшіру;

- өртжарылғыш қаупі бар класқа жататын ғимараттар мен ішкі қондырғыларды, жарылғыш қаупі бар қоспалар топтары мен категориясына жататын электроқондырғыларды қолдану;

- электростатистикалық жарқыл қаупі бар талапқа сай қондырғыларға технологиялық үрдіс қолдану;

- ғимараттар, үйлер мен қондырғылардың найзағайға қауіпті құрылысы;

- жанғыш заттармен контакт жасайтын материалдар, бұйымдар, қондырғылардың жоғарғы бетінің температурасын максимальдыға көтермеудің регламенті;

- жанғыш ортада жіберілетін энергиялы ұшқынды разрядтың максимальды регламенті;

- материалдар мен конструкциялар және жанғыш заттардың жіберілетін температураларының максимальды регламенті;

- жай жанатын заттармен жұмыс істеу кезінде жарқыл шығармайтын құралдар қолдану;

- жылу, химиялық және (немесе) микробиологиялық өздігінен жанғыш заттар, материалдар, бұйымдар мен конструкцияларды талапқа сай жою.

 

Бақылау сұрақтары

1. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қандай басқару ұйымы қамтамасыз етеді?

2. Жалпы кәсіпорынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кім жауапты?

3. Бөлімшелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кім жауапты?

4. Көлік кәсіпорындарында алғашқы өртке қарсы нүсқауды өткізудің кезеңі?

 


Әдебиеттер тізімі

 

1. Баратов А.Н., Пчелинцев В.А. Пожарная  безопасность. - М.: Издательство АСВ, 1997. – 176 с.

2. Лебедев В.С., Самойлов Д.Б., Песикин А.Н. и др. Справочник инженера пожарной охраны. - М.: Инфра - Инженерия, 2005. - 768 с.

3.  Пожарная безопасность.  Взрывобезоопасность. Справочник. А.Н. Баратов, Е.Н. Иванов, А.Я. Корольченко и др. - М.: Химия, 1987. - 272 с.  

4. Золотницкий Н.Д., Пчелинцев В.А. Охрана труда в строительстве. М.: Высшая школа, 1978. –  408 с.

5. Пчелинцев В.А., Коптев Д.В., Орлов Г.Г. Охрана труда в строительстве. - М.: Высшая школа, 1991. – 272 с.

6. Денисенко Г.Ф. Охрана труда. Учебное пособие. - М.: Высшая школа, 1985.-319 с.

7. Макаров Г.В. Охрана труда в химической промышленности. - М.: Химия, 1989. – 496 с.

8. Шувалов М.Г.    Основы пожарного дела. - М.: Стройиздат, 1988. – 472  с.

9. Торғаев Ә.Ә., Целиков В.В. Өрт қауіпсіздігі, Оқу құралы. ҚазККА, 2009г.-190 б.

 

Мазмұны

 

1-дәріс. Кіріспе. Өрт қауіпсіздігі туралы негізгі жағдайлар                              3

2-дәріс. Өрттің даму үрдісі                                                                                      7

3-дәріс. Заттар мен материалдардың өртке қауіптілігі                                     11

4-дәріс. Технологиялық үрдістердің, бөлмелердің, ғимараттардың және

құрылыстардың өртке қауіптілігі                                                                         16

5-дәріс. Ғимараттардың құрылыс құрастырмаларының өртке

төзімділіктері                                                                                                           20

6-дәріс. Өрт салдарларын шектеу бойынша іс-шаралар                           24

7-дәріс. Өрт сөндіру туралы жалпы мәліметтер                                                29

8-дәріс. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ұйымдастыру негіздері          33

Әдебиеттер тізімі                                                                                           38