Коммерциялық емес  акционерлік қоғам 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ 

Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

 

 

 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

 

050702-Автоматтандыру және басқару, 050703- Ақпараттық жүйелер мамандықтары

бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін диплом жұмысына арналған

әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы, 2009

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Ф.Р. Жәндаулетова 050702-Автоматтандыру және басқару, 050703- Ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін диплом жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: АЭжБИ, 2009. - 9 б. 

Әдістемелік нұсқауда 050702-Автоматтандыру және бсқару, 050703- Ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша диплом жұмысының «Тіршілік қауіпсіздік» бөліміне лайықты жалпы талаптар, тапсырманың тақырыптары әдістемелік нұсқауда берілген. Жұмыстың оңтайлы жағдайын жобалайтын немесе пайдаланатын жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайға алдын ала дайындалу немесе жою, технологиялық процестер мен техникалық құрылғылардың зиянсыздықтарын талдау мәселелері типтік тапсырмаларына кіреді.

  

   1. Жалпы  талаптар 

  «Тіршілік қауіпсіздігі» бөлімінің мазмұны негізгі шығарылатын жұмыстың тақырыбына сәйкес болуы және екі немесе үш тапсырмаларды қамту керек:

1.Технологиялық жабдықтарды пайдаланған кезде жұмыс істеу жағдайында  қауіпті және зиянды факторлардың барын немесе олардың пайда болуын, сонымен қатар олардың өндіріс қызметкерлеріне әсерін талдау. Талдау құрамында нормалық мәліметтер мен шығарылатын жұмыс тақырыбына сай нақты материал болуы керек.

2. Электр тогымен жарақаттанудың қауіпті деңгейін, өрт және жарылу қауіптілігі мен  сейсмотұрақтылық деңгейі бойынша өндірісті жіктеу.

3. Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы әртүрлі сұрақтарға

техникалық шешім қабылдау, қолданылатын ережелерге байланысты апат жағдайларды есептеулеріне сай және алдын ала стандарттар және басқа нормалық құжаттар, техникалық әдебиеттер және әдістемелік сілтемелер болуы тиіс. Есептерде сұлбалар, графиктер мен сызбалар болуы тиіс. Ұқсас тақырыпша 2.1-2.6-да келтірілген.

Жабдықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша техникалық және ұжымдық шаралар, техникалық құралдардың экологиялығына сараптама жүргізілуі тиіс. Апаттардан сақтау үшін халық пен өндіріс қызметшілерін қорғау шараларын ұйымдастыру және жүргізу. Осы жұмысты орындау кезінде мына сұрақтарға көңіл бөлу керек: жұмысшының жұмыс орнында балама жағдай жасау, яғни жұмыс орнын ұйымдастыру, жағымды микроклимат жасау, жарықтандыруды өлшеу және т.б.

         «Тіршілік қауіпсіздігі» тақырыбын талқылау үшін студент кеңесші мұғалімге «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасындағы ілінген кестедегі белгіленген уақытта келуі тиіс, салада жасалатын жұмыс туралы мәлімет кеңесшінің түсініктеме хатын титул парағында консультанттың қойылған қолы куәландырады.

Талаптарды, шараларды, міндеттер мен шектеулерді, нақты шешімдерді көшіруге рұқсат етілмейді. «Болуы тиіс» және «болуы керек» деген сөздерді пайдалануға болмайды.

Бітіру жұмысы оқу процесінің маңызды бөлімі, сонымен қатар студенттің өзіндік жұмысы болып табылады, онда студент өзіне керекті нұсқауларды белгілейді, өзі шешімдер қабылдайды және бітіру жұмысқа өзі жауап береді. Мұғалім студентке тек бағыт беріп отырады.

Бөлімнің көлемі машина жазуымен 10 беттен кем болмау керек және ол экономика бөлімінің алдында орналасады.

Тіршілік қауіпсіздік саласының сұрақтары шығарылған жұмыстарда жасалмаған немесе толық емес болса қорғауға жіберілмейді.

Саланы жазуға тапсырма алу үшін студенттер кеңесші-мұғалімнен  «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасына жазылатын жұмысты бекіткеннен кейін бір аптаның ішінде келіп алулары керек.

Жазылатын жұмыс есептердің көлемі, тақырыбы мен мамандығына байланысты болады.

Кеңесшінің қолы мұқаба бетінде қойылады, өндіріс орындары және ғимарат орналасқан жердегі  желдің соғуы, санитарлы-қорғалатын аумағы, өртке қарсы жарылыстардың көлемі және т.б. көрсетілуі керек. 

 

2. Шығарудың (есептеудің) жобалы тақырыбы

2.1  Жұмыс істейтін орын ұйымдастыру және қызметкерлердің жұмыс істеу  жағдайын жақсарту

 

2.1.1 Оператордың (программистің, диспетчердің) жұмыс жағдайын сипаттау.

2.1.2  Жұмыс шартына, жұмыс аумағына қойылатын эргономикалық талаптар.

2.1.3  Басқару  пультіндегі басқару органдарын жинақтау мен таңдау және элементтердің сәйкестігін дәлелдеу (сұлбалар мен эскиздерді келтіру).

2.1.4  Өндіріс орнын, жұмыс орнын түсті және эстетикалық безендіру.

2.1.5  Электр құрылғыларын тағайындау, оны пайдалану шартын сипаттау.

2.1.6  Эргономикалық талаптарға сай таңдалған түр, жинау мен өлшемін дәлелдеу, салмағы мен өнімді тасымалдау жайлылығына қойылатын талаптар.

2.1.7  Басқару органдары (батырмалар, собтар, түймелер) мен сәйкестік органдарының (өлшеу құралдары және олардың бөлімдері, дабыл құралдары) эргономикалық талаптарға сай түрі мен өлшемін таңдау.

2.1.8  Бетіндегі панелдің жиынтығын жасап шығару. Абайсыз қосулардың алдын алу.

2.1.9  Құралдың құрамы мен көркем әдістерді пайдалану, құралдарды түстермен бояу.

2.1.10 «Адам-машина» жүйесінде жұмыс істеу жағдайына балама түсінік беру.

2.1.11 Автоматтандырылған басқару жүйесінде (АБЖ) оператордың атқаратын функциялары мен ақпаратты таныстыруға қойылатын жалпы психологиялық талаптар, оператордың жұмыс алгоритмі.

2.1.12 Оператордың  дисплеймен  жұмыс  істеген  кездегі атқаратын функциялары (ақпаратты енгізу, сұрау және қабылдау, мәліметті өңдеу).

2.1.13 Көрермен аумағы: көру ара қашықтығы және бұрышы, жарық түсуі. Белгі түрінде көрсетілетін ақпаратқа қойылатын талаптар.

2.1.14 Жұмыс  орнының  санитарлы-гигиеналық   сипаттамасы (температура, ылғалдылық, шу, діріл).

2.1.15 Өндіріс орындарындағы діріл мен шуды азайту үшін шаралар шығару.

2.1.16 Технологиялық жабдықтың шуы мен дірілін азайту (қалыңдықты есептеу, қоршаудың өлшемдері, дыбыс азайтқыш қаптамалардың құрамы мен материалын таңдау).

2.1.17 Жабдыққа көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарға сай операторлардың жұмыс орнының жобасын шығару, өндіріс орындарының санитарлық және өртке қарсы нормалар.

2.1.18 Жұмыс және өндіріс орындарына жарықтандыру жүйесін таңдау, бөлмелерді табиғи және жасанды жарықтандыруды есептеу.

2.1.19 Құралдар мен желдендіру жүйесін есептеу.

2.1.20 Құралдар мен ауаны кондициалау жүйесін есептеу.

2.1.21 Жобаланатын  аймақта  қызмет  көрсететін  адамның  физикалық және психикалық ауырлығын есептеу.

 

2.2 Электр қауіпсіздігі

 

2.2.1  Жобаланған жабдықтар орналасқан орынға электр тогымен зақымдануын сипаттау.

2.2.2  Электр қауіпсіздігі мен өлшемдер торларын ескере отырып, электр жабдықтарының қорғаулы өшуін таңдау және есептеу.

2.2.3  Жабдықтың ток өтетін бөлшектеріндегі қорғалмаған жерлерін оңашалау үшін конструктивті шаралар шығару.

2.2.4  Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды сипаттау: ток өтетін бөлшектерінің оңашалануы, жоғары токтың төмен токка өтуінен қорғау, электр төзімділігіне, блокталауына сынау және т.б.

2.2.5  Электр тогымен зақымданудың қауіптілігін есептеу: зақымдану сұлбасы, зақымдаушы токтың көлемі, факторларды есептеу, зақымдау себептері және т.б.

 

2.3 Технологиялық жабдықтар мен процестерге қауіпсіз қызмет көрсету

 

2.3.1  Жабдықтарды қауіпті жерлерден оңашалайтын қоршауларды есептеу мен таңдау.

2.3.2  Тежегіш, қысқыш және блоктайтын құрылғыларды сенімді жұмыспен қамтамасыз ету.

2.3.3  Өндіріс орындарындағы ауаның шаңдануына шаралар шығару (технологиялық процесті жаңарту, жабдықты гермитизациялау, гидрошаңсыздандырғыш, сору желдегіші және т.б.).

2.3.4  Жобаланған жабдықты қауіпсіз қызмет көрсету аумағын анықтау және сол аумақпен қамтамасыз ету.

2.3.5  Қауіпсіздік жағдайындағы жасалған технологиялық процесті төмендетілуіне және өндірістілігіне талдау.

2.3.6  Жобаланған жабдықтарды монтаждау және жинақтау жұмыстарын жүргізген кездегі қауіпсіздік шектерімен қамтамасыз ету және оны дәлелдеу.

2.3.7  Техникалық процестерге және өндіріс жабдықтарына қауіпсіз қызмет көрсетуіне сараптама жүргізу. 

 

2.4           Апат жағдайларды жою және алдын алу

 

2.4.1  Халықты қорғау тәсілдері, жылулықпен, электр тогымен қамтамасыздандырғыштарда өрт болған кезде, апат болған кезде жүргізілетін құтқарулар мен жедел-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу.

2.4.2  Өрттің шығу көзін тексеру және өрт сөндіргіш құралдарын таңдау.

2.4.3  Өрт қауіптілігінің деңгейін анықтау және бөлмеде өрттен жарылу қауіптілігінің сыныбын анықтау.

2.4.4  СНиП және есептеу жолдары бойынша өртке қарсы жыртықтардың көлемін анықтау.

2.4.5  Нормалық мәліметтер мен есептеу жолдары бойынша ғимарат құрылысының өртке қауіптілігін анықтау.

2.4.6  Ғимарат пен ОРУ-дың найзағайдан сақтану жобасын жасау.

2.4.7  Жарылыс кезіндегі қысымды ескере отырып, тез тасталатын панелдер мен әйнектердің қажетті аумағын анықтау.

2.4.8  Ғимаратта және өндіріс орындарында эвакуациялық жолдарды есептеу.

2.4.9  Бөлек аппараттар мен бөлмелерге автоматты өрт сөндіргіш жүйені таңдау және дәлелдеу.

2.4.10   Өрт пен жарылыстың пайда болу қауіптілігіне шаралар қолдану.

2.4.11 Өрт  қауіпсіздігі  жөніндегі  конструктивті  шешімдердің сенімділігі.

2.4.12 Жабдықтың  жағдайын  дозиметрлі  бақылау кезіндегі радиоактивті заттармен, рентген көздерімен жұмыс істеген кезде шектеулер жасау.

 

2.5 АЖТ және ЖТ толқындарынан қорғау

 

2.5.1  Жабдықта АЖТ және ЖТ көзін табу, оның сәулелену жиілігін табу, жұмыс істеу уақыты және т.б.

2.5.2  Қызмет көрсетудің нақты бір түріне байланысты қызметшілердің тұрған аумағын табу (пайдалану, жөндеу, қалыптау және т.б.), осы аумақта болған уақытын анықтау, электр өрісінің қызу көлемін табу, сұлба.

2.5.3  Белгілі бір жұмыс түріне байланысты санитарлы-гигиеналық шекті ауытқуларды анықтау және осы нормаларды бұзған жерлерді табу, сұлба.

2.5.4  Техникалық қорғау құралдарын таңдау және дәлелдеу, экрандарды шығару және есептеу, қуатты жұтқыштар және басқа құралдар.

2.5.5  АЖТ мен ЖТ көздерімен жұмыс істеген кездегі ұйымдық қауіпсіздік шараларын анықтау.

2.5.6  АЖТ және ЖТ-ң қарастырылған диапазондарда адам ағзасына әсерін қарастыру. Қорғану шараларының тиімділігін есептеу. 

 

2.6            Қоршаған ортаны қорғау

 

2.6.1  Байланыс өндірісіндегі қоршаған ортаны ластау көздері, олардың сипаттамалары.

2.6.2  Байланыс өндірісіне жер бөлу, рекультивация туралы мәліметтер.

2.6.3  Өндірістің шу сипатына, электр толқынды аумақтар мен т.б. зиянды факторларға байланысты орналасуы.

2.6.4  Құралды, технология мен қолданылатын материалдарды экологиялық сараптамалау.

2.6.5  Жабдықтар мен технологиялық процестердің экологиялық көрсеткіштерін ұйымдастыру және жаңалау, олардың тиімділігін есептеу.

2.6.6  Қоқыссыз технологиялық сұлбаларды шығару.

2.6.7  Өндірістің, санитарлы-қорғалатын аймақтың көлемі мен тұрақтылығын  таңдау және есептеу.

Әдебиеттер тізімі 

1.          Баклашов Н.И., Китаева Н.Ж.Терехов Б.Д. охрана труда на предприятиях связи и охрана окружающей среды. - М.: Радио и связь, 1989. - 288 с.

2.          Раздорожный А.А Безопасность производственной  деятельности. Учеб. пособ. –М: Инфра – М., 2003г. – 208с.

3.         Гарин В.М., Кленова И.А., Колесников В.И. Экология для  технических вузов. Под ред.  В.М. Гарина. Ростов н/Д: Феникс, 2003г. -384с.

4.         Долин П.А. Справочник по технике безопасности. М.: Энергоиздат, 1984. - 783 с.

5.         Долин П.А. Основы техники безопасности в электроустановках. М.: Энергоатомиздат, 1984. - 448 с.

6.         Кноринг Г.М. Справочная книга для проектирования электрического освещения. Л.: Энергия, 1986 - 346 с.

7.         Омаров А.Д., Целиков В.В., Зальцман М.Д. и др. Инженерные решения по безопасности труда на транспорте: Справочник. Алматы: Из-во «Бастау». 2002г. – 460с.

8.         Медеу А.А. Управление риском в инвестиционной деятельности в  нефтегазовой   отрасли экономики. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002г. -224с.

9.         Дюсебаев М.К. Безопасность жизнедеятельности. Методические указания к выполнению раздела в дипломных проектах для студентов всех форм обучения. –Алматы: АИЭС, 2003г. -27с.

10.     Кузнецов К.Б.,  Мишарин А.С. Электробезопасность   в электроустановках  железнодорожного  транспорта: Учеб. пособ. для вузов ж.д. транспорта/ Под. ред. К.Б. Кузнецова. – М.: Маршрут, 2002г. – 456с.

11.     Основы организации охраны и  безопасности труда в Республике     Казахстан / Сост. В.И. Скала, Н.В. Скала. Алматы, ТОО «Издательство LEM»,  2005г. -340с.

12.     Хакон Скистад (редактор), Элизабет Мундт, Питер Нильсен и др. Вытесняющая вентиляция  в непроизводственных зданиях / Пер. с англ. М.: АВОК-ПРЕСС., 2006г. – 104с.

13.     Хакимжанов Т.Е. Сборник задач по охране труда  и безопасности жизнедеятельности: Учеб. пособие для вузов, Алматы: Эверо, 2007г. -88с. 

14.     Хакимжанов Т.Е. Охрана труда. Учеб. пособ. для вузов, Алматы: Эверо, 2006г. -262 с.

15.     Хакімжанов Т.Е. Еңбек қорғау. Оқу қуралы. Алматы, Эверо, 2008 ж, 196 бет.