Коммерциялық емес акционерлік  қоғам 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ 

Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау кафедрасы  

 

  ӨМІР ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ 

 

050718- Электроэнергетика мамандығы бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін бітіруші жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Алматы, 2008

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:  Санатова Т.С.,  Абдимуратов Ж.С.

050718- Электроэнергетика мамандығы бойынша барлық оқу түрінің  студенттері үшін бітіруші жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Алматы: АЭжБИ, 2008. – 16 б. 

 

Әдістемелік нұсқауларда бөлімнің мазмұнына қойылатын жалпы талаптар көрсетілген. Атап айтсақ, технологиялық процестер мен  құрылғыларды пайдаланудағы қауіпсіздік, электр қауіпсіздіктері, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру сұрақтары бойынша өңдеу жұмыстарының және есептеулерінің жалпы тақырыптары берілген.  Әдістемелік нұсқаулар  050718- Электроэнергетика мамандығы бойынша оқудың барлық түрінде оқитын студенттерге ұсынылады.

 

Мазмұны 

Кіріспе     _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __     4

1   Жұмыс орнында қалыпты жағдай жасау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  6

2   Жұмыс процесінде өрт және электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету _ _ _ _  9

3   Технологиялық процестердегі экология сұрақтары    _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  12

        Әдебиеттер тізімі  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ __ _ _  14

 

Кіріспе 

Студенттің бітіруші жұмысының «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» бөлімінде электр станциясында, электрмен жабдықтау жүйесі және тораптарында, технологиялық процесстерді автоматты реттеу жүйелерінде, құрылғыларды зерттеу, пайдалануға дайындау және жобалау барысында өндірістік санитария, өртке қарсы техника қауіпсіздіктері бойынша негізделген нақты ұсыныстары көрсетілуі қажет.

Бөлімдегі қарастырылатын сұрақтар бітіруші жұмыстың тақырыбына сәйкес болуы керек және ол, өндірістік санитария нормасына және пайдаланудағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жүргізілуі керек.

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» бөліміне студенттің қарастырып отырған электр жүйесін немесе электр машинасын пайдаланудағы, зерттеуде- гі еңбек ету жағдайын зиянсыз және қауіпсіз жасау үшін нақты техникалық шаралар кіруі қажет. Төмендегі «персонал оқып үйренген болуы керек», «медициналық бақылаудан өткен адамдар электр қондырғыларына жіберілуі керек», «плакаттардың ілінуі» және тағы басқа да жалпы сұрақтар бітіру жұмысында жазылмау керек, өйткені олар қауіпсіздік ережелерінде анықталған және олар қарастырылып отырған құрылғыны немесе схеманы сипаттамайды.

Бөлім екі бөліктен тұруы керек:

I. Төмендегі жағдайларда туатын зиянды және қауіптерді талдау: -

а) құрылғыны жобалауда;

б) құрылғыны дайындауда;

в) құрылғыны  зерттеуден өткізуде;

г) қоршаған ортада кәсіпорынды пайдалану.

Бұл бөлімде студент жұмыс істеп тұрған құрылғымен жобаланатын құрылғының қауіптілігін салыстыруы мүмкін. Студент еңбек ету сипатын анықтау керек және нормаға сәйкес өндіріс ортасының  жағдайын жасау керек.

Өндіріс ортасының жағдайын талдай отырып, дайындалатын, зерттелетін және пайдаланатын құрылғы тұрған бөлмені электр тоғына түсіп қалмау қауіптілігі бойынша, өрт және жарылыс қауіптілігі  т.б. бойынша класқа бөледі.

Өндіріс ортасының жағдайын анықтағаннан кейін студент дайындау, зерттеу және пайдалану процестеріндегі жеке қауіпке және зиянға талдау жасауға кіріседі.

Автоматты электр жетегінің құрылғысында, металлургия, химия және басқа да ҚР-ның шаруашылық салаларын электрмен қамтамасыз етуде, қосалқы станцияларды, электр тораптары мен желілерін жобалаудағы студенттердің тапсырмасында төмендегі  қауіпті және зиянды жағдайлар орын алады:

1) электр тоғының адам организміне қаупі;

2) қозғалмалы және айналмалы бөліктердің қаупі

3) жарықтың жетіспеушілігі, жарық түрін дұрыс таңдамау, оны дұрыс орнатпау;

4) машина бөліктерінің материалдары және бұйымдарының терісінің күюіне алып келетін температураға дейін қызуындағы қаупі;

5) төменгі температуралы ерітпенің қаупі;

6) жаман санитарлы-гигиеналық және метеорологиялық жағдайдың қаупі;

7) жылулық, рентгенттік, ионизациялық және басқа да сәулеленулердегі туатын қауіп;

8) статикалық электрлену қаупі;

9) жеке процестердегі (пайка, балқыту, біріктіру, штамповка және т.б.) қауіп;

10) қолданылатын материалдардың зияны және қауіптілігі (полимерлер, улы заттар және т.б.);

11) өндірістің, электр тораптарының және электр аппараттарының өрт қауіпсіздігі;

12) басқа да ұқсас қауіптер.

Студент диплом алдындағы тәжірибеде өзінің қарастыратын дипломдық тақырыбы бойынша жұмыс жағдайындағы зияндықтар мен қауіптілікті арнайы әдебиеттер және еңбек қорғау бойынша әдебиеттерді оқу барысында «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» бөліміне жазады. Әрбір зиянды және қауіпті факторлар нақты сипатталуы керек. Оның көлемі  3 парақтан аспайды.

Қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын қарастырғанда, табиғи ортаға электромагниттік өрістің әсеріне және басқа да ластау көздеріне көңіл аудару қажет.                    

II. Қарастырылатын зиянды және қауіпті факторлардың әсерін азайту шараларын жасау

                                                                              

Бұл бөлімде зиянды және қауіпті факторларға талдау жасай отырып қабылданған қорғану шараларына негіз қою керек және олардың тиімділігін бағалау керек. Негізгі есептеулерді келтіріп, оларға нақты шешім қабылдау керек.

Қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар мен технологиялық шешімдерді таңдау экономикалық шығыны, еңбек қорғауы, өлшемі, салмағы, пайдалануы ыңғайлы болатын оптималды түрде алынуы керек. Бұл бөлімнің соңында машина, механизм, электр жетегі және электр қондырғылары жұмыс істейтін орында экология сұрақтары және өртке қарсы шаралар қарастырылуы керек. Бұл бөлімнің көлемі 7-8 парақ болады.  

 

1   Жұмыс орнында қалыпты жағдай жасау

 

1.1 Конструктордың (оператор және т.б.) жұмыс орнын ұйымдастыру

 

1.1.1 Адамның шаршауына және кәсіби ауруға шалдығуына еңбек ритмі мен жағдайының, жарықтанудың, қолайсыз факторлардың (бөлмедегі шу, газдану, шаңдану және т.б. лар) әсер етуінің қысқаша сипаттамасы.

1.1.2  Еңбек ету жағдайының сипаттамасы.

1.1.3 Жұмыс орнына қойылатын эргономикалық талаптар.

1.1.4 Жұмыс орнына қойылатын психологиялық талаптар.

1.1.5 Жұмыс орнындағы кеңістікті, жұмыс зонасын, негізгі құжаттардың (кітаптар, журналдар, картотека және т.б.) орнын, қосымша материалдардың (қағаздар, схемалар  және т.б.) орнын, компьютер, принтер, факс, телефон орындарын таңдауды негіздеу.

1.1.6  Жұмыс орнының жарықталуын есептеу.

1.1.7 Өндірістік микроклиматтың гигиеналық сипаттамасы.

1.1.8  Жұмыс ритмі.

1.1.9  Жұмыс орнының схемасын, жұмыс кеңістігін, жарық, желдету  көздерін және т.б. көрсетіп келтіру.

 

1.2 Радиоэлектронды аппаратуралармен жұмыс істегендегі жұмыс орнын  ұйымдастыру

 

1.2.1 Еңбекті қорғау мен жұмыс орнын ұйымдастыру байланысын анықтау.

1.2.2 Қолданылатын құрылғының орындайтын жұмыс жағдайына қысқаша сипаттама беру.

1.2.3  Жұмыстық позаны таңдауға негіз беру.

 1.2.4 Жұмыс орнына қойылатын эргономикалық талаптарды анықтау.

1.2.5 Жұмыс орнын жұмыстық зоналарға бөлу.

1.2.6 Жұмысқа қажетті құрал-саймандарды  қолдану жиілігі, есептеп көрсету дәлдігі және қажеттілік реті бойынша кластарға бөлу.

1.2.7 Бақылау-өлшеуіш құралдарының және басқару органының индикация бөлігін таңдауды адамға психологиялық әсер етуі негізінде жүргізуді негіздеу.

1.2.8 5, 6 ,7 пункттерді ескере отырып, жұмыс орнына өлшеуіш және басқа да аппаратураларды орнату. Жұмыс орнының суретін келтіру.   

1.2.9 Өлшеуіш және басқа да аппаратуралардың электрлік қосылу схемасының (қоректену схемасын) қорғаныс шараларын көрсетіп келтіру.  

 

1.3 ЭЕМ операторының жұмыс орнын ұйымдастыру

 

1.3.1 ЭЕМ қолданылатын оператор бөлмесіндегі еңбек өнімділігінің төмендеуіне және шаршаудың жоғарылауына әсер ететін факторларға қысқаша сипаттама беру.

1.3.2 ЭЕМ да пультпен басқаруға қойылатын талаптар. Көздің көру зонасын, жұмыс позасын, жұмыс зонасын, басқару органының конструкциясын, жұмыс орнының түсті гаммасын анықтау және олардың эскизін келтіру.

1.3.3 Басқару органын және құралдарды пультпен басқаруды орындау схемасын, эскизін келтіру.

1.3.4 Комфорт жағдайын жасау үшін есеп жүргізу (шуды азайту, табиғи және жасанды жарықтану, ауа алмасуы және кондиционерлеу және т.б.).

1.3.5 Оператордың жұмыс орнын жобалауды еңбекті қорғау бойынша нормаларға сәйкес бағалау.

 

 1.4  Адам-оператор физиологиялық  факторларын ескере отырып макет, аппарат және құрал-саймандардың сыртқы безендіруіне ұсыныстарды өңдеу

 

  1.4.1 Макет, аппарат және құрал-саймандардың эскизі.

  1.4.2 Қолмен басқару органдарының дұрыс орналасуы.

  1.4.3 Қолғап түрлерін және олардың өлшемдерін таңдау.

  1.4.4 Басқару органдарының түсті маркировкасы.

  1.4.5 Оператордан құралға дейінгі оптималды арақашықтық және олардың орналасу бұрышы.

  1.4.6 Шкал түрлері және орналасуы.

  1.4.7 Сырттай бақылау үшін индикаторларды орналастыру. Әріп, цифрлар және шкала бөліктерінің өлшемі.   Қалыпты жарықтану. Дірілден қорғану.

  1.4.8 Жарықтық сигналдардың түсі және жарықтылығы.

  1.4.9 Құралдардың және оның бөліктерінің боялуы.

1.4.11 Шасси мен блоктарды көтеру және қолмен жылжытуды ескере отырып салмағын таңдау.

 

1.5  Жылу электр станциясының басты жоспарында санитарлық және өртке қарсы талаптарды жасау

 

1.5.1 Электр станциясын және көмекші объектілерді құру үшін алаңның табиғи жағдайын ескере отырып территорияны таңдауды негіздеу.

1.5.2 Санитарлық-қорғаныс зонасын орнату.

1.5.3 Алаңда объектілердің орналасуын және жоспарлауды негіздеу; ғимараттар, құрылыс және қоймалардың ара-қашықтығы;    өткелдер және көлік жолдарытерриторияны  көгалдандыру және ықшамдау.

1.5.4 Коммуникация тораптарының орналасуын негіздеу. Жазба материалдарды эскизбен көрсету.

  

1.6 Электр станциясындағы (кәсіпорындағы) тұрмыстық және басқару-конторалық бөлмелері

 

1.6.1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасын келтірукәсіпорынның жұмыс жағдайы, қызметкерлердің саны, (ауысым бойынша), санитарлық жағдайы және т.б.

1.6.2  Тұрмыстық бөлменің құрамын (өндірістік процесстің санитарлық сипаттамасына байланысты тұтыну тәуелділігі), сонымен бірге басқару, жалпылама бөлмелерін, емделу және тамақтану пунктілерін анықтау.

1.6.3  Бұл бөлмелердің орналасуын эскизде көрсету.

1.6.4  Бұл бөлмелердің ауданын және санын, соның ішінде тамақтану пунктінің түрлерін, емделу пунктілерінің құрамын және категориясын таңдауды  негіздеу.

1.6.5 Бөлмеге қысқаша сипаттама беру: аудан, құрылғы, жарықтану, жылыту, вентиляция және басқалар.

 

1.7  Электронды схемаларды жөндеу және монтаждау бөлмелерінде ауа алмасу жүйелерін жобалау

 

1.7.1  Бөлменің, ортаның және атқарылатын жұмыстың  сипаттамасы; бөлменің жоспары, зиянды заттардың бөлінулері, олардың адам организміне әсері және рұқсат етілетін концентрациясы.

1.7.2  Ауа алмасу жүйесін таңдау және негіздеу.

1.7.3  Табиғи ауа алмасудың есебі; схемасы, эскизі.

1.7.4  Табиғи ауа алмасудың есебі; схемасы, эскизі.

1.7.5  Ауа алмасу қондырғыларын каталог бойынша таңдау.

1.7.6 Жобаланған ауа алмасу қондырғыларының жұмыс істеу тиімділігі.

 

1.8  ЭЕМ операторлық бөлмесіндегі шудың деңгейін азайту жобалары 

 

1.8.1 Бөлменің сипаттамасы және онда құрылғылардың  орналасу жоспары; шу көзі және деңгейі, олардың жиілік деңгейі; графиктері, кестелері.

1.8.2 Шудың адамға әсері, шудың рұқсат етілетін деңгейі.

1.8.3 Шуды азайту материалдарын таңдау негіздері, шуды нормалық деңгейге дейін азайту есептері, графиктері және суреттері.

1.8.4 Бөлмені акустикалық өңдеу тиімділігі.

 

1.9 Трансформаторларды жобалауда  шудың деңгейін бағалау және есептеу

 

1.9.1 Адам организміне шудың әсер етуі. Шудың рұқсат етілетін деңгейі.

1.9.2 Трансформаторлардағы шудың шығу көздері.

1.9.3 Магнит индукциясының шу деңгейіне әсері.

1.9.4 Орамдардың жалғану схемаларының трансформатордағы шуға әсері.

1.9.5 Магнит сымдарының жасалу технологиясының және сапасының трансформатордағы шуға әсері.

1.9.6 Көлемдік өлшемдерінің трансформатордағы шуға әсері.

1.9.7  Жүктеменің трансформатордағы шуға әсері.

1.9.8 Жобаланатын трансформатордағы шудың мүмкін болатын деңгейін есептеу.

1.9.9 Трансформаторды сынақтан өткізгенде шудың деңгейін өлшеу әдісін және нәтижелерін көрсету.

1.9.10 Егер трансформатордағы шу деңгейі нормадан артық болса, онда қорғану шараларын ұсыну.

 

1.10  Жұмыс бөлмесінің  электр жарықтануын жобалау

 

1.10.1  Бөлменің, жұмыс ортасының және орындалатын жұмыстың сипаттамасы.

1.10.2 Жалпы және жергілікті жарықтану шамдарының орналасуы және оларды таңдау.

1.10.3 Жұмыс бетіндегі иілу бұрышын ескеріп жалпы және жергілікті жарықтануды есептеу: а) пайдалану коэффициент әдісі бойынша; б) нүктелік әдіс бойынша.

1.10.4   Жұмыс орындарын көрсетіп бөлменің жоспарын және қимасын көрсету.  

 

2  Жұмыс процесінде өрт және электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету

 

2.1  Цехтағы электр қауіпсіздігінің жалпы жағдайларын қамтамасыз ету

 

2.1.1 Электр тоғынан зақымдалу қауіптілігі бойынша бөлменің сипаттамасын көрсету, электр тоғына түсіп қалу себептерін келтіру. 

2.1.2  Электрден қорғанудың жалпы және жеке шараларын қолдануды негіздеу.

2.1.3 Қорғаныстық жерге қосуды есептеу, жерге қосу құрылғысының үлгісін келтіру.

2 .1 .4  Жерге қосу құрылғысын пайдалану жағдайларын көрсету.

 

2.2  Қорғаныстық ажырату құрылғысын таңдау

 

2.2.1 Құрылғылардың техникалық сипаттамасы, қалыпты және апаттық режимдердегі жұмыс барысында тоққа түсіп қалу қауіптілігі.

2.2.2 Қорғаныстық ажырату құрылғысының үлгісін негіздеп таңдау.  

2.2.3  Қорғаныстық ажырату құрылғысының есебі, оның тиімділігі.

 

2.3   Қарастырылатын құрылғының электр қауіпсіздігі

 

2.3.1 Қарастырылатын құрылғының, аспаптардың және электр тоғына түсіп қалу қауіптілігі бойынша бөлменің сипаттамасы.

2.3.2 Электр тоғының адам организміне әсері.

2.3.3 Құрылғыны кернеуі жоқ кезде және кернеу астында болғанда жөндеу және сынақтан өткізу жұмыстарына қойылатын электр құрылғыларын орнату ережелерінің (ЭОЕ) талаптары.

   2.3.4 Құрылғының қоректену және электрден қорғану үлгісін таңдау және негіздеу, нөлдеу есебі.

 

2.4  Статикалық электрленуден қорғану

 

2.4.1 Электризация себептерін көрсету, электр зарядтарының адамға әсері.

2.4.2 Жұмыс орнындағы электр статикалық өрістің шекті рұқсат етілетін кернеулігін көрсету.

2.4.3  Статикалық электрленуден қорғану шараларын таңдау.

 

2.5 Электр қозғалтқышында жұмыс істегенде техника қауіпсіздіктерін  сақтау

 

2.5.1 Қозғалтқыштың жағдайына және оның құрылғыларына қойылатын талаптар.

2.5.2 Электр қозғалтқышында жұмыс істейтін персоналға қойылатын талаптар. Арнайы киім және қорғану құралдары.  

2.5.3  Коллектор және сақиналарға бақылау жасау.

2.5.4  Жөндеу жұмыстарын жүргізу – қозғалтқышты жөндеуге шығару,  жөндеуді ұйымдастыру (жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру және техникалық шаралар), қозғалқышты іске қосу. Қозғалтқышты жөндеу барысында сынақтан өткізу.

 

2.6  35 - 220 кВ кернеудегі әуе желілерін пайдалануда техника қауіпсіздігін сақтау

 

2.6.1 Пайдаланудағы жұмыстардың классификациясы.

2.6.2  Персоналға қойылатын талаптар.

2.6.3 Әуе желісін тексеру және бақылау.

2.6.4  Штангамен жұмыс істеу.

2.6.5 Тіректегі жерге қосу кедергісін өлшеу.

2.7  Жерге қосу құрылғысын  рұқсат етілетін қадамдық және жанасу кернеулері бойынша тексеру

 

2.7.1 Жерге қосу құрылғысының үлгісін және оның негізгі сипаттамасын келтіру.

2.7.2 Қадамдық және жанасу кернеулеріне есеп жүргізу.

2.7.4 Жерге қосу құрылғысын басқа кернеудегі құрылғылар үшін пайдалану мүмкіндігін қарастыру.

 

2.8  Энергетика кәсіпорындарындағы өртке қарсы шаралар

 

2.8.1 Өндірістің және бөлменің өртке және жарылысқа қауіптілігі бойынша категорияларын көрсету, өрттің пайда болу себептері.

2.8.2  Өрттің алдын алу бойынша жүргізілетін ұйымдастыру шаралары.

2.8.3  Ғимаратты өртке қарсы сумен қамтамасыз ету  үлгісін жасау.

2.8.4 Өрт болған жағдайда адамдарды қауіпсіз жерге шығару, жоспарын құрастыру.

 

2.9 Жұмыс бөлмелерінде автоматты өрт сөндіру (АӨС) жүйесін есептеу

 

2.9.1 Өрт қауіптілігі бойынша өндіріс орындарында  АӨС жүйе құрылғысын орнату қажеттілігін негіздеу.

2.9.2  АӨС жүйесін есептеу – спринклерлік, дренчерлік, таңдауды негіздеу.

2.9.3 Қондыру үлгісін келтіру, оның техникалық сипаттамаларын көрсету.

 

2.10   Ғимараттар мен құрылғыларды найзағайдан қорғау

 

2.10.1 Қорғалатын ғимарат пен құрылғыларға сипаттама беру.

2.10.2 Ғимарат орналасқан аудандағы найзағайдың негізгі сипаттамасын көрсету.

2.10.3 Найзағайдан қорғану түрлерін (найзағайдың тікелей соққысы, найзағайдың екіншілік әсер етуі, жоғары кернеу айырмасы) келтіру.

2.10.4  Найзағайдан қорғаудың негізгі параметрлерін есептеу.

2.10.5  Қорғану зоналарын көрсетіп, найзағайдан қорғану үлгісін келтіру.

 

2.11 Төтенше жағдайлардың алдын алу, оны жою және профилактика жұмыстарын жүргізу

 

2.11.1 Жылу, энергиямен қамтамасыз ету  жүйесінде және өрттен пайда болған      апатты       жағдайларда     құтқару     және   шұғыл-қалпына  келтіру

жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу және халықты қорғаудың әдістері.

2.11.2 Талап етілген ауданның әйнекпен немесе жеңіл панелмен жабылуын, жарылыс болған кездегі  мүмкін болатын қысымды ескере отыра анықтау.

2.11.3 Құрылғыларды дозиметрлік бақылау жағдайындағы реактивті заттар және рентген сәулелері бар көздерінде жұмыс істегенде алдын алу шараларды өңдеу.  

 

3  Технологиялық процестердегі экология сұрақтары

 

3.1  Өндіріс орындарында қоршаған ортаны қорғау

 

3.1.1 Өндіріс орындарындағы қоршаған ортаны ластау көздері, олардың сипаттамасы, атмосфераға әсері.  

3.1.2 Жерді кәсіпорынға арнайы бөлу, жерді құнарлату сұрақтары.

3.1.3 Кәсіпорынды  шу, электрмагниттік өріс және басқа зиянды факторлардың сипаттамасы бойынша орналастыру.

3.1.4  Кәсіпорынның  санитарлы-қорғаныс зонасы.  

3.2 Өндіріс орындарында қоршаған ортаға таралатын зиянды заттардың санын анықтау 

 

3.2.1 Қарастырылатын өндіріс орнында қоршаған ортаға таралатын зиянды заттардың сипаттамасы, олардың адам организміне және қоршаған ортаға зияны.  

3.2.2 Өндіріс орнынан қоршаған ортаға таралатын зиянды заттардың  мөлшерін есептеу және оны рұқсат етілетін шамамен салыстыру.

3.2.3 Қоршаған ортаға таралатын зиянды заттарды азайту бойынша қарастырылатын шаралар (шаңаулағыштар, фильтрлер және басқаларды есептеу).

3.2.4 Ұсынылатын шаралардың тиімділігі.

 

3.3  Гидросфераны қорғау шараларын өңдеу

 

3.3.1  Өндірістен шығатын ақаба сулардың көздері, олардың сипаттамасы.

3.3.2 Өндірістен шығатын ақаба суларды тазалау жүйесін таңдау және оған есептер жүргізу.

3.3.3 Тазалау тиімділігі бойынша ұсыныстар беру.  

 

3.4   Атмосфераға таралатын зиянды заттарды азайту бойынша жүргізілетін шаралар

 

3.4.1 Өндірісте пайда болатын тастанды заттардың сипаттамасы, олардың қоршаған ортаға әсері.

3.4.2 Физикалық және химиялық сипаттамалары бойынша  шаң аулау немесе газ тазалау жүйесін ұсыну.

3.4.3 Шаңаулағышқа есеп жүргізу, оның негізгі параметрлерін көрсету.

3.4.4  Ұсынылған тазалау жүйесінің тиімділігін көрсету.

 

3.5   Ауаны тазалау аппаратының жобалануы

 

3.5.1  Өндіріс орнынан қоршаған ортаға таралатын зиянды заттардың сипаттамасы.

3.5.2  Ауаны тазалау аппаратын таңдау және негіздеу.

3.5.3 Шаңаулағыш құрылғысына есеп жүргізу.

3.5.4 Шаңаулағыш үлгісін келтіру.

 

3.6   Кәсіпорынның қауіптілік  категориясы

 

3.6.1 Өндіріс орнынан таралатын зиянды заттарға талдау жасау. 

3.6.2  Жеке цехтар бойынша зиянды заттар таралуына есеп жүргізу.

3.6.3 Кәсіпорынның қауіптілік  категориясына есеп жүргізу.

3.6.4 Кәсіпорынның санитарлы-қорғаныс зонасын анықтау.

 

 

3.7   Қоршаған ортаға таралатын зиянды заттардан қорғанудың жаңа тәсілдері

 

3.7.1      Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу тәсілдерін  таңдау.

3.7.2 Қолданылатын материалдардың, технологиялардың және техникалардың экологиялық экспертизасы.

3.7.3. Құрылғылардың және технологиялық процестердің экологиялық көрсеткіштерін жақсарту, олардың тиімділігін анықтау.

3.7.4. Автокөліктен шығатын зиянды заттардың атмосфераға таралуы және оның көлемін анықтау.

3.7.5      Қалдықсыз технология үлгісін өңдеу.  

 

Әдебиеттер тізімі 

1.         Еремкин А.И., Квашнин И.М., Юнкеров Ю.И. Нормирование выбросов загрязняющих  веществ в атмосферу. Учебное пособие. – М.: изд. АСВ, 2000г. – 176с.

2.         Омаров А.Д., Целиков В.В., Зальцман М.Д. и др. Инженерные решения по безопасности труда на транспорте: Справочник. Алматы: Из-во «Бастау». 2002г. – 460с.

3.         Орлов Д.С. Экология   и охрана биосферы при химическом загрязнении. Учеб. пособие. –М.: Высш. шк., 2002г. – 334с.

4.         Медеу А.А. Управление риском в инвестиционной деятельности в  нефтегазовой   отрасли экономики. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002г. -224с.

5.         Гарин В.М., Кленова И.А., Колесников В.И. Экология для  технических вузов. Под ред.  В.М. Гарина. Ростов н/Д: Феникс, 2003г. -384с.

6.         Раздорожный А.А Безопасность производственной  деятельности. Учеб. пособ. –М: Инфра – М., 2003г. – 208с.

7.         Дюсебаев М.К. Безопасность жизнедеятельности. Методические указания к выполнению раздела в дипломных проектах для студентов всех форм обучения. –Алматы: АИЭС, 2003г. -27с.

8.         Кузнецов К.Б.,  Мишарин А.С. Электробезопасность   в электроустановках  железнодорожного  транспорта: Учеб. пособ. для вузов ж.д. транспорта/ Под. ред. К.Б. Кузнецова. – М.: Маршрут, 2002г. – 456с.

9.         Основы организации охраны и  безопасности труда в Республике     Казахстан / Сост. В.И. Скала, Н.В. Скала. Алматы, ТОО «Издательство LEM»,  2005г. -340с.

10.     Хакон Скистад (редактор), Элизабет Мундт, Питер Нильсен и др. Вытесняющая вентиляция  в непроизводственных зданиях / Пер. с англ. М.: АВОК-ПРЕСС., 2006г. – 104с.

11.     Хакимжанов Т.Е. Сборник задач по охране труда  и безопасности жизнедеятельности: Учеб. пособие для вузов, Алматы: Эверо, 2007г. -88с. 

12.     Хакимжанов Т.Е. Охрана труда. Учеб. пособ. для вузов, Алматы: Эверо, 2006г. -262 с.