АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

   

ЕҢБЕКТІ  ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ

 

Дәрістер жинағы

(050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация

мамандығы бойынша барлық түрде оқитын студенттер үшін)

 

Алматы 2008

 ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Дюсебаев М. К., Жандаулетова Ф. Р. Еңбекті қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі негіздері. 050719 -  Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы бойнша  барлық оқу түрде оқитын студенттер үшін дәріс жинағы. Алматы: - АЭжБИ, 2008.- 35 б.

 

050719 -  «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының студентеріне арналған «Еңбек қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі негіздері» дәрістер жинағында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бакалаврға арналған типтік бағдарламасына сәйкес оқу материалының қысқаша мәліметтер берілген.  

          1 1 дәріс. Кіріспе. Құқықтық және ұйымдастыру негіздері

          Еңбек қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құжаттарды «Еңбек қорғау және ӨҚН» пәніне енгізу.

Дәріс мазмұны: Еңбек қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі курсының мақсаты мен міндеттері, осы саладағы нормативтік құжаттардың тізімдері келтірілген.

Дәрістің мақсаты - еңбекті қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігінің заңнамалық мәселесі бойынша білім беру, еңбек қауіпіздігі жөніндегі стандарттар жүйесінің құрылымымен, басқа нормативтік құжаттармен таныстыру.

Кіріспе. Казақстанның өндірістік потенциалын өсіру, жаңа экономикалық және әлеуметтік жағдайларда, әсіресе республикамыз әлемдік нарыққа өзінің өнімімен Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіретін кезде кәсіпорындардың түрліндірілуге дайындығынан байланысты. Сонымен өндірістік жүйелерін, соның ішінде өндірістік қауіпсіздік пен еңбек қорғау жүйелерін іске асыратын деңгейіне кепілдік беру қажет.

Статистикалық деректер бойынша ТЖ алдын алу және жою жөніндегі Мемлекеттік инпекцияның қадағалауындағы 18 мыңнан астам кәсіпорындарда жыл сайын ауыр жарақат алғандар және мерт болғандардың белгілі саны, жүздеген жазатайым оқиғалар тіркеліп отырады. Әрине мемлекет осындай шығындарды азайтуға ынталанады.

Еңбек қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі курсы бакалаврларды даярлауда міндетті болып табылады және кәсіби пән ретінде оқу жоспарына кіргізіледі.

Курстың мақсаты – келешек мамандарға:

-         еңбек пен өміртіршілігінің қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын құру;

-          өндірістік жабдықты пайдаланған және жөндеген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау;

-          апаттың, зілзаланың және т.б. мүмкін болатын салдарынан шаруашылық объектілерін, төтенше жағдайларда өндірістегі персонал мен халықты қорғау жөнінде, соларды жою барысында қазіргі құралдарды пайдалануда  дұрыс болжау және шешім қабылдау үшін білім беру болып табылады.

Курс физика, математика, химия, электрониканың теориялық негіздері және т.б.пәндерді оқыған кезде алған студенттердің біліміне негізделеді және өзбетінше мәселелерді шешуге қабілетті маман ретінде бакалаврларды құрудың аяқтайтын кезеңі болып табылады. Еңбек қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі пән ретінде өзіне келесі тарауларды қосады: құқықтық және ұйымдастырушылық негіздірі; еңбек гигиенасы және өндірістік санитария; өндірістік жабдықты пайдаланғанда және жөндеген кезде қауіпсіздік шаралары; төтенше жағдайлар (ТЖ) және солардың салдарын жою; ТЖ пайда болған кезде халықты қорғау.

Өндірістік жабдықты пайдаланғанда және жөндеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеті – жұмысшылар денсаулығының нашарлауы және зақымдануларға әкелетін қауіпті өндірістік факторлардың алдын алу.

Құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері. Жұмыс барысында жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде ең маңыздысы Еңбек қорғау (ЕҚ) және өміртіршілігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету (ӨҚҚ) жөнінде нормативтік құқықтық актілер болып табылады. ЕҚ және ӨҚҚ бойынша нормативтік шарттарды әзірлеу және оларды сақтау, яғни шаруашылық және ведомстволық қызметінің саласына қарамастан жекеменшіктің барлық түрлері: кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың – мемлекеттің маңызды мәселесі болып табылады.

         Өндірістік қызметтегі адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ҚР заңнамалық және нормативтік актілер жинағы: ҚР Конституциясы, Әкімшілік құқықбұзушылар туралы кодексі, Азаматтық процессуалдық кодекс, «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» және «Еңбек қорғау және қауіпсіздігі туралы» заңдар және т.б. әрекет етеді.

        Егер Конституция және басқа еңбек туралы заңдар құқықтық  нормативтер болып табылса, онда актілер кестесінде келтірілген нормативтер кәсіпорындарға, өндірістік қызметтерге, ортаға, жабдықтарға қойылған талаптарды нақтайды; тұлғаларға міндетін, құқығын және ЕҚ мен ӨҚҚ туралы заңнамалық және басқа нормативтік актілерді анықтайды.        

           ҚР ЕҚ және ӨҚҚ саласында еңбек қауіпсіздігі жөнінде  (ГОСТ ССБТ 12. …), 0-4 – қолданыстағы бес және 5-9 қордағы бес қосалқы жүйелерін қосатын ТМД мемлекетаралық стандарттар жүйесінің талаптарымен басшылық етеді.

0 қосалқы жүйесі – бұл жүйені құрайтын негіздерінің ұйымдастыру әдістемелік стандарты, ол еңбек қауіпсіздігі саласында терминологияның, ССБТ таралу саласын, құрылымын, міндетін және мақсатын; қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуін, оларды бағалау тәсілдерін, белгілейді. 

1 қосалқы жүйеде қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түрлері бойынша нормалар мен талаптар белгіленеді, нормаланатын параметрлері (түрі, әрекет сипаты, шектеліп-жіберілетін мәндері, бақылау тәсілдері), сондай-ақ зиянды заттармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік шарттары бекітіледі.  

2 қосалқы жүйесінде өндірістік жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптары келтірілген,  қауіпсіздіктің барлық топтарына, сондай-ақ солардың үлкен қауіпі бар топтрына қойылатын жалпы талаптар белгіленеді және бекітілген талаптарды орындалуын бақылаудың әдістері келтірілген.

3 қосалқы жүйеде өндірістік барысы қауіпсіздігінің жалпы және технологиялық барысының жеке топтарына, жабдықтың орнын ауыстыруға және жұмыс орындарын ұйымдастыруға, жұмыс режіміне, басқару жүйесіне қойылатын нақты талаптар, осы талаптарды орындалуын бақылаудың әдістері келтірілген.

ЕҚ және ӨҚҚ жөніндегі нормативтік құқықтық актілер мағынасы және қызметінің саласы бойынша бірқатар түрге бөлінеді  (1 кесте).

 1 К е с т е  - ЕҚ және ӨҚҚ жөніндегі құқықтық актілер

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық актілерді бекітетін органдар

Толық

Қысқартылған

Мемлекеттік стандарттар

Еңбек қауіпсіздігінің Мемлекетаралық стандарттары мен жүйелері

Қауіпсіздік стандарттар жүйесінің салалық стандарттары

Санитарлық ережелер

Санитарлық нормалар

Гигиеналық нормативтер

Санитарлық тәртіптер мен нормалар

Құрылыс нормалары мен тәртіптері

Қауіпсіздік ережелері

 

Пайдалану қауіпсіздігі мен қондырғы ережелері

Қауіпсіздік бойынша нұсқаулар

Салааралық еңбек қорғау жөніндегі ережелер

Салааралық ұйымдастыру-әдістемелік құжаттар (ережелер, әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар)

Салалық еңбекті қорғау бойынша ережелер

 

Еңбек қорғау бойынша типтік салалық нұсқаулар

Салалық ұйымдастыру-әдістемелік құжаттар (ережелер, әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар)

ҚР СТ

ГОСТ ЕҚСЖ

 

 

ОСТ ССБТ

СП

СН

ГН

СаНПиН

СНИП

ҚЕ

 

ПҚҚЕ

 

ҚН

САҚЕ (ПОТ М)

 

 

 

 

СЕҚЕ (ПОТ О)

 

 

ТОИ

 

 

ҚР Мемлекеттік стандарты

ТМД  МАС

 

 

Атқарушы өкімет органдары

 

ҚР Госкомэпиднадзор

 

 

 

 

Олардың міндетіне сәйкес мемлекеттік қадағалау органдары

 

ҚР Еңбек және әлеум.қорғау министрлігі

 

Еңбек және әлеум.қорғау министрлігінің қадағалау органдары

 

 

Атқарушы әкімиеттірінің мемлекеттік органдары

Атқарушы әкімиеттірінің мемлекеттік органдары

 

 4 қосалқы жүйенің стандарттары – бұл жұмыс жасайтындарды қорғаудың шараларына қойылатын талаптардың стандарты, оларға жеке кластардың пайдалану, құралымдық және гигиеналық көрсеткіштерінің және қорғаныстық қондырғылар түрлерінің қауіпсіздігі, сондай-ақ қорғанысты бағалау және оларды қадағалау тәсілдеріне қойылатын талаптар бекітіледі.

Қызметкерлердің ЕҚ туралы заңнамалық және басқа нормативтік актілердің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі «Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі туралы» заңымен бекітілген, соған сәйкес кәсіпорын жұмысшылары ҚР бекітілген заңнамасы ретінде тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Еңбекті қорғаудың мемлекеттік басқармасы шеңберінде «Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі туралы» заңымен  ҚР министрліктері және ведомстволарында, сондай-ақ басқа да  бірлестіктер мен кәсіпорындарда еңбекті қорғау қызметінің құрылуы қарастырылған, сонымен қатар, мұндай қызметтердің міндетті түрде құрылуы заң бойынша бекітілген. Осы заңмен (21 ст.) 50 адамнан астам санды кәсіпорындарда ЕҚ қызметін құру қарастырылған. Одан аз қызметкерлердің саны бар кәсіпорындарда осындай қызметті немесе маман лауазымын енгізу туралы шешімді жұмыс беруші кәсіпорынының әрекетін ескере отырып  қабылдайды.

ЕҚ қызметінің негізгі міндеті: кәсіпорында ЕҚ бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; кәсіпорын қызметкерлері ЕҚ және ӨҚН жөніндегі заңнамалық немесе нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылау; өндірістік зақымданулардың, кәсіптік және өндірістік аурулардың алдын алу, әрі еңбек жағдайын жақсарту  бойынша тәжірибелік жұмыстарды жетілдіру; ЕҚ мәселесі жөнінде жұмыс берушіге және қызметкерлерге кеңес беру болып табылады.

ЕҚ қызметі жұмысшыларын үйлестіру және тиімді жұмыс жасау мақсатында жыл бойы өткізілетін жұмыстардың, солардың мерзімі мен қаржысын көрсететін тізімдемесі белгіленген жалпы жылдық жоспар құрастырылады, яғни кәсіпорын ұжымдық келісіммен немесе шарттармен белгіленген көлемде қажетті құралдарды жыл сайын бөлу қажет. ЕҚ қызметі өзінің мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңеледі.

 2 №2 дәріс.  Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария

 Өндірістік жай орындардағы метеожағдайлар. Жайлы микроклиматты құру бойынша шаралар. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.

Дәріс мазмұны – микроклиматтың негізгі параметрлерімен; қауіпті және зиянды факторлар ұғымдарымен, олардың адамға деген әсерлерімен таныстыру; осы факторлардан қызметкерлерді  қорғаныстық шаралармен таныстыру.

Дәрістің мақсаты - денсаулыққа және еңбек қаупісздігі жағдайына жетуге арналған нормативтік құжаттармен бекітілген талаптарға сәйкес өндірістік ортаның жағдайын бағалауды үйрету.

Өндірістік бөлмелердің микроклиматы – бұл солардың ішкі ортасындағы метеорологиялық жағдайлары, олар адамға әсер ететін температураның, ылғалдың, ауа қозғалысы жылдамдығының, сондай-ақ технологиялық жабдықты, құрылымды қоршайтын бетті және жылулық сәулелену температурасының байланыстарымен анықталады. Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы және жылулық сәулеленудің қарқындылығы болып табылады. Микроклиматты жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша болатын орындар деңгейінде 2м дейінгі биіктіктегі кеңістікті білдіретін жұмыс аумағында бағалайды.

Оңтайлы микроклиматтық жағдайлар – бұл микроклимат параметрлерінің байланысуы, ол адамға ұзақ жүйелі әсер еткен кезде жылуды  реттейтін механизмсіз адам ағзасының қалыпты жылулық күйін сақтауды қамтамасыз етеді.

Ауа температурасы – көңіл күйге және еңбектің нәтижесіне елеулі әсер етеді. Төмен температура ағзаны суытады және тұмаурату ауруларының пайда болуына әкеледі. Жоғары температурада ағза асқын жылиды да терлейді және жұмыс қабілеттілігін төмендетеді. Нәтижесінде жұмысшының көңілі (назары) жоғалады да, жазатайым оқиғалардың себебі болуы және өндірістік зақымдануларға әкелуі мүмкін.

Ауаның жоғары ылғалдылығы өкпедегі және тері бетіндегі ылғалдың шығуын қиындатады, және ағзаның термоайналымын бұзады, соның салдарынан адамның көңіл-күйі нашрлайды да жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Салыстырмалы ылғалдың төмендеуінде (20% төмен) адамның жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі пайда болады.

Ауа қозғалысының жылдамдығы жұмыс аумағында микроклиматты құруда маңзды роль ойнайды. Адам ауа қозғалысын  0,15м/с жылдамдығында сезеді, сонымен ауа ағымының әрекеті соның температурасынан байланысты. 360С кем температурадағы ағын адамды сергетеді, ал 400С жоғары температурада – жайсыз сезінеді.

Ағза энергиясының шығындарынан байланысты ГОСТ 12.1.005-76 жұмыстың үш категориясын қарастырады. Орындалатын жұмыстың категориясынан байланысты микроклимат параметрлерінің жіберілетін мәндері 2 кестеде келтірілген. 2 кестедегі мәліметтерді пайдаланған кезде жылдың жылы мерзімінде ауаның ортатәулік температурасы 100С жоғарыны құрайтынын, ал жылдың суық кезеңінде – 100С және одан да төмен болатынын ескуеру керек. Оңтайлы салыстырмалы ылғал 40-60%де болады.

 2 К е с т е – Жылдың суық/жылы кезеңдеріндегі микроклимат параметр-лерінің жіберілетін мәндері

 

Жұмыс категориясы (организмнің энергия шығындары, Дж/с)

Ауа температурасы, С 

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %, аспай

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с, аспай

1 а (138 кем)

1 б (138-172)

П а (172-232)

П б (232-293)

 

Ш (более 293)

21-25/22-28

20-24/21-28

17-23/18-27

15-21/16-27

 

13-19/15-26

28 С кезде 75/55 

27 С кезде 75/60 

26 С  кезде 75/65

25 С  кезде 75/70

24 С  және төмен болған кезде 75/75 

0,1/0,1-0,2

0,2/0,1-0,3

0,4/0,2-0,5

0,4/0,2-0,5

 

0,5/0,2-0,6

 Өндірістік жұмыстың нәтижесінде алатын түрлі зиянды заттардың адам басына және қоршаған ортаға әсерінің дәрежесі, олардың қауіптілік классымен анықталады – барлығы төрт класс болады, және олар 3 кестеде келтірілген нормалар мен көрсеткіштерден байланысты белгіленеді.

 3 К е с т е – Зиянды заттардың қауіптілік кластары көрсеткіштерін нормалау

 

Атауы

Қауіптілік классының нормасы

1-ші (аса қауіпті)

2-ші (жоғары қауіпті)

3-ші (орташа қауіпті)

4-ші (аз қауіпті)

Жұмыс аумағының ауа-сындағы ШШЖ зиянды заттар, мг/м3

 

Жұмыс аумағының ауа-сындағы орта ажалдық шоғырлануы, мг/м3

 

 

0,1 кем

 

 

 

500 кем

 

0,1-1,0

 

 

 

500-5000

 

1,1-10,0

 

 

 

5000-50 000

 

10,0 астам

 

 

 

50 000 астам

 Шоғырланумен шектеліп жіберілетін (ШШЖ) ауадағы зиянды заттарды шоғырлану деп атайды, ол кезде сегізсағаттық жұмыс күнінің (демалыстан басқа) немесе одан да ұзақ уақыт, бірақ аптасына 40 сағаттан аспайтындай жұмысшы күн сайын болған кезде жұмыс стажының барлық уақытында денсаулық күйінің ауруларын немесе кемшіліктерін болдырмайды.

Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың құрамын – қауіптіліктің 1-ші класты заттар үшін үздіксіз және басқа класты заттар үшін кезеңдеп бақылаған жөн. ШШЖ барлық жұмыс орындарда (бөлмелерде, ашық алаңшаларда және т.б.) тарала береді.

Зиянды заттардан жұмысшыларды қорғау үшін, егер өндірістік бөлмелердің ауасына зиянды заттардың түсуін толығымен жоюға болмайтын жағдайда, өндірістік бөлмеде ұйымдастырылған және тұрақты ауаалмасуды, жайлы метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ ауа ортасын құрамының жайлығын құруды қамтамасыз ететін – желдетуді пайдаланады.  Ауаның ауысуын шақыратын күштен байланысты табиғи және жасанды (механикалық) желдету болады.

Табиғи желдетуде ауаалмасуы бөлмедегі ауа температурасынан және сырттағы жылудың режімінен, әрі желдің әсерінен іске асырылады. Ол ұйымдастырылмаған (инфильтрация) және ұйымдастырылған (аэрация) болып бөлінеді. Инфильтрация бөлмедегі саңылаулар немесе ғимараттың құралымдық тығызсыздығы арқылы кіретін, сондай-ақ желдің әсерінен ауаның алмасуын білдіреді. Аэрация терезе, форточкалар, желдеткіш арналар, дефлекторлар арқылы іске асырылады, табиғи желдету қарапайым және пайдалануда үнемді болады, бірақ оның кемшілігі – келетін ауа бөлменің температурасын, ылғалдылығын және сондағы қосымша шаңдардың құрамын өзгертпейді.

Механикалық желдетуде ауаның алмасуы ауа арнасы жүйесі арқылы желдеткіштің көмегімен іске асырылады. Қызметінің қағидасы бойынша ол кірме ағындық желдету, сыртқа тарта желдету, кірме ағындық-сыртқа тарта желдетулер болуы мүмкін. Осы жағдайда ауа параметрлері мақсатты (бір бағытта) өзгеріп және реттеле алады.

Микроклиматтың оңтайлы параметрлері құрудың көзқарасынан ең дұрысы ауабаптағыш қондырғыларды пайдалану болып табылады. Ауаны баптау - өндірістік бөлмелердің жұмыстық аумағында тұрақты немесе автоматты іске асырылатын ауа ортасының берілген программасы бойынша өзгеріп отыратын ауаның параметрлерін құру және ұстап отыру болады.

Қолайсыз микроклимат болған жағдайда жеке қорғаныс құралы (ЖҚҚ) ретінде өндірістік киімдер – халат, комбинизон, резеңкелі алжапқыштар, шалбарды қолданады. Қолды улы заттардың, майдың, судың тері арқылы өтуіне кедергі жасайтын крем немесе пастаның көмегімен қорғайды. Тыныс органдарын қорғау үшін сүзгілейтін және оқшаулайтын аспаптар – респираторлр, сондай-ақ ауаны тазартатын шлангті противогаздарды пайдаланады.

Егер бөлменің көлемі бір жұмысшыға 20м3 кем болса, санитарлық нормаға сәйкес әр жұмысшыға 20м3/сағ және 30м3/сағ кем емес таза ауа беріліп отыру керек. Зиянды заттар жоқ болған кезде бір жұмысшыға 40м3 астам көлемді бөлмелерге берілетін ауаның саны есептелмейді. 

Жұмыстық умақтың ауасындағы зиянды заттардың құрамын әртүрлі тәсілдер арқылы жүйелі бақыланып отырады.

 3 №3 дәріс. Өндірісті жарықтандыру

 Дәріс мазмұны - өндірістік жарықтандыру жүйесінің негізгі жарықтехникалық ұғымдармен және табиғи мен жасанды жарықтандыру есебінің тәсілдерімен таныстыру.

Дәріс мақсаты – табиғи және жасанды жарықтандырудың нормалары мен талаптарын ескере отырып, өндірістік жарықтандыру жүйесін жобалауға үйрету.

Өндірістік жарықтандыру, талаптары және есептеудің тәсілдері. Жалпы айтқанда адам ақпаратты көзі арқылы 80-90% алады. Алған ақпараттың сапасы әсіресе жарықталуынан байланысты - жеткіліксіз жарықталу болған кезде тек көзі ғана шаршамай, ағзасы толығымен шаршайды. Қалыпсыз жарықталуда нашар жарықтандырылған қауіпті аумақтар, жарық көздерінен және олардың сәулелерінен зақымданулар пайда болады, олардың айқын көлеңкелері жұмысшылардың көруін нашарлатады да бағдарын толығымен жояды, еңбек өнімділігі төмендейді де өнімнің брактары көбейеді. Өндірістік кәсіпорындарды жарықтандыру табиғи, жасанды және аралас болуы мүмкін.

Табиғи жарықтандыру терезе (бүйірлік жарықталу), жарық шамдары (жоғарғы) арқылы немесе құрамды (терезе және шам арқылы бір уақытта) іске асырылады. Табиғи жарықтандыруды нормалау табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) арқылы іске асырылады, ол мына формула бойынша анықталады

КЕО =                                              (2.1)

мұнда Ев – бөлменің ішіндегі нүктелердің жарықталуы, лк;

 Ен – аспанның шашыраған жарығымен көлденең бетінің біруақыттық сыртқы жарықталуы (тура күн сәулелерін ескермегенде), лк.

Барлық ТМД өңірі табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) шамасынан байланысты бес сәулелік поясы болады. Үшінші поястың ТЖК базалық болып қабылданады, ал ТЖК қалған поястары мына формула бойынша есептелінеді

 

                                      КЕО= КЕОmc                            (2.2)

мұнда m және c – жарықты және күн климатына сәйкес коэффициенттері.

 Табиғи жарықталуы ретінде бірқалыптылығымен бағаланады, сонымен бірқалыпсыздығы бүйірлік және табиғи жарықталуы бар бөлмелерде 3:1 (максималды ТЖК-ның минималды ТЖК-ға қатынасы) кем болмау керек. Жасанды жарықтандыру тәуліктің түнгі уақытында жеткіліксіз жарықталуы болған кезде пайдаланылады және олар қызметтік тағайыны бойынша жұмыстық, кезекші, апаттық, эвакуациялық және күзетшілікке бөлінеді. Жұмыстық жарықтандыру адамның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасайды. Апаттық жарықтандыру жұмыстық жарық сөнген кезде іске қосылады. Апаттық жарықталудың шамдары жеке көзден қосылады және жұмыстық жарықтан 5% кем жарықты қамтамасыз етеді, бірақ бөлменің жұмыстық бетінде 2 лк кем емес және кәсіпорынның территориясында 1лк жарықты қамтамасыз етеді. Эвакуациялық жарықтандыру қауіп пайда болған кезде бөлмелерден халықты шығару үшін іске қосылады. Ол 50 адамнан астам жұмыс істейтін бөлмелерде, сондай-ақ қоғамдық ғимараттарда және, егер бір уақытта 100-ден астам адам жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорындарда орнатылады. Бөлмелердің жарықталуы 0,5 лк, сыртында – 0,2 лк болу керек. Күзетшілік жарықтандыру күзетілетін өңірлер шекараларының бойында қарастырылады және 0,5 лк жарықты қамтамасыз ету керек.

Жарық көздерінің орналасқаны бойынша жасанды жарықтанулар: жалпы, жергілікті және құрамаға бөлінеді. Жалпы жарықтануда шамдарды жұмыс орындарына біқалыпты жарық беру үшін жоғарыда орналастырады. Жергілікті жарықтануда жарық ағыны жұмыс орындарына тікелей шоғырланады. Осы жағдайда жұмыс орны мен қоршаған кеңістік жарықтануының күрт айырмашылығы болады, жұмыстың жағымсыз жағдайлары құрылады, зақымдану қауіпі өседі. Бір жергілікті жарықтандыруды пайдалану тек кезеңдік жұмыста пайдаланылады. Құрама жарықталуда жалпы жарықтандыруға жергілікті жарықтандыру қосылады.

Жасанды жарықтануда жарық көзі ретінде шоқтану шамы мен газоразрядтық шамдарды пайдаланады. Жарық көзінің негізгі сипаттамалары: қайтарымы және қызмет мерзімі болып табылады.

Шоқтану шамын әзірлеген кезде қарапайым болады, пайдалануда сенімді, бірақ жарық қайтарымы аз (20 лм/Вт аспай) және көк пен күлгінкөк түстері жеткіліксіз болған кезде түс айырымын қиындатады да сары және қызыл түстерінің жайсыз спектралдық құрамы болады.

Газоразрядтық шамдардың ұзақ қызметтік мерзімі (10 000 сағат), үлкен жарық қайтарымы (750 лм/Вт), жарықталатын бетінің аз жарықтылығы, жарықтың жақсы спектралдық құрамы болады. Олардың кемшіліктері: шамның екпінділігі жоқ болғандықтан жарық ағынының лүпілі, төмен температурада және төмен кернеуде тұрақсыз жұмысы, іске қосудың күрделі сұлбасы. Жарық ағынының лүпілі жабдықтың айналып тұрған бөлігін қозғалыссыз немесе қозғалыссыз тұрғандарды айналғандай  көрсететін стробоскопиялық құбылысын шақырады.

Жарық көзі (шамның) жарықтандыратын арматурамен бірге шамдалыны құрайды. Шамдалы шамның бекітілуін, соған электрлік энергияның берілуін, ластанудан және механикалық бұзылулардан сақталуын қамтамасыз етеді. Жұмыстық орындарын жарықтандыру параметрлерін таңдау жасалатын жұмыстан байланысты.  Объектінің көлемінен байланысты жұмысшының көзі барлық жұмыстарды және заттың қашықтығын байқауы бойынша сегіз разрядқа бөлінеді.

Жұмыс орындарын жарықтандыру  келесі шарттарды қанағаттандыру керек: жұмыс беттерін жарықтандырудың деңгейі берілген жұмыстың түріне арналған гигиеналық нормаларға сәйкес болу керек; бөлмедегі жарықтың бірқалыптығы және тұрақтылығы қамтамасыз етілу керек; көріп қарайтын жерде жарық көздерінің және басқа заттар сәулелерінің шағылысуы болмау керек; өзінің спектралдық құрамы бойынша табиғи жарыққа жақын болу керек.

Жарықтандыру жүйесін есептеу жарық түрін таңдаудан, шамдалы түрі мен санын анықтаудан тұрады. Жарықтандыру жүйесін есептеудің ең қарапайым әдістері: нүктелік және меншікті қуатын қажетке жарату  коэффициенті әдісі болып табылады.

Қажетке жарату коэффициенті әдісі жұмыс бетіне түсетін жарық ағынының жарық беретін аспаптың толық ағынына тең болатын қатынасының  коэффициентін анықтаудан тұрады.

Есептеген кезде  мәні бөлмелердің геометриялық параметрлерін (бөлме индексі і) солардың оптикалық сипаттамаларымен (S төбе, S қабырға, S еден жарығының коэффициенті) байланыстыратын кестеден алынады.

Бөлме индексі мына формула бойынша анықталады

                                       i = (B + A) / h (A+B)                                                 (2.3)  

A – бөлме ұзындығы;

B – бөлме ені;

h  - есептік биіктігі.

Әр шамдалының қажетті ағыны келесі формула бойынша анықталады 

                                       Ф = E KS z / N                                                           (2.4)

мұнда E – берілген минималды жарықтылық;

          K - қор коэффициенті;

          S – жарық алатын аудан, м;

          z – 1,1-1,2 тең жарықтың қалыпсыздық коэффициенті;

          N – шамдалы саны (есептеуге дейін белгіленген). 

Шоқтану шамымен немесе ДРЛ жарықтандыруды есептеген кезде төбенің ауданы бойынша оларды бірқалыпты орналастырып, шамдалы сандарын белгілеу керек. Есептің алынған нәтижесі бойынша қажетті жарық ағынына жақын арадағы стандарттық шоқтану шамы немесе ДРЛ алынады. Шам жарығы ағынының ауытқуы 10... +20% кем болмау керек. Шамды таңдаудың мүмкіндігі болмаған кезде жақындату үшін шам сандарын өзгертеді. Люменесценттік жарықтандыруды есептеген кезде алынатын Ф шамның жарық ағыны белгілі және n шамдалыдағы шамдар саны анықталды 

Ф = E KS z / n Ф.                                             (2.5)

N шамдарының жалпы санын бірнеше қатарға бөлу арқылы әр қатардағы шамдар саны анықталады, ал шамдардың ұзындығы белгілі болғанда, онда қатардағы шамдардың барлық ұзындығын табуға болады. Егер алынған ұзындығы бөлме ұзындығына жақын болса, қатар бірқалыпты болады, ал егер үлкен болса – қатар саны көбейеді.

Нүктелік тәсілді пайдаланған кезде дөңгелексимметриялы нүктелік сәуле шығарғыштардың (қыздырмалық шам және ДРЛ) әр шамдалыда жарық ағыны (немесе шамның қосынды жарық ағыны) 1000 лм тең болу керек. Осындай шамдалымен алынатын жарықты шартты жарықталыну деп атайды.  Шартты жарықталынудың шамасы шамдалының жарық таратуынан және геометриялық өлшемнен: жарық беретін шамдалыны жобалайтын нүктесіндгі қашықтықтан (α) және жарықталатын төбе үстінде шамдалыны орналастырудың биіктігінен (h) байланысты болады. Әр шамдалыдағы шамның жарық ағыны келесі формула бойынша анықталады  

                                    Ф=1000 Е К                                      (2,6)

        мұнда  - 1,1-1,2 тең «қашықтағы» шамдалылардың әрекетін ескеретін коэффициент;

         - бақыланатын нүктедегі қосынды шартты жарықтылық;

        Е  - жеке шамдалының жарықтылығы.

       Алынған жарықтық ағын бойынша (-10…+20%) шектерінде талап етілетін шам ағыны алынады.

       Меншікті қуат тәсілі бойынша жарықтандыру есебінің маңыздылығы шамдалының түрінен және оның орналасқан орнынан, жұмыс бетіндегі ілменің биіктігінен, жарықталуынан байланысты, көлденең бетіндегі жарықтандыру мен бөлменің ауданы меншікті қуат мәнімен анықталады.

Меншікті қуат – шамның бекітілген қуатының жарықталатын ауданның шамасына деген қатынасы ( Вт/м ).

Әртүрлі шамдарға арналған меншікті қуаттың мәні кестелерде белгіленген.

Меншікті қуаттың үлкен мәні кіші ауданды бөлмені жарықтандыру үшін алынады.

Жалпы шамның қуаты келесі формула бойынша анықталады

                                                 P = w S / N                                                    (2.7)

мұнда  w  - меншікті қуат;

S  - бөлменің ауданы;

N – шамдалы саны.

Егер шамның есептелген қуаты стандарттық қуатқа тең болмаса, онда қуаты бойынша жақын стандарттық шамдар алынады.  

44 дәріс. Шуыл, діріл, олардың адамға әсері. Қорғаныстық шаралар. Нормалануы

 Дәріс мазмұны – шуыл мен дірілдің адамға деген қауіпті әсерлері және олардың сипаттамалары келтірілген. Зиянды факторлардың нормалары және олардан қорғану шаралары беріледі.

Дәріс мақсаты – жұмыс орындарда шуыл мен дірілдің деңгейін есептеу бойынша нормативтік құжаттар мен зиянды факторлардан жұмысшыларды қорғаудың шаралары бойынша ұсыныстар жөнінде білім беру.

Шуыл мен дірілден қорғану. Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, соңғылардың зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды.

Шуыл – қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды.  20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізеді.

Ортаның дыбыстық тербелістер бөлшектері кезінде содаауыспалы қысым пайда болады, оны дыбыс қысым Р деп атайды. Дыбыс толқындарын тарату энергияны ауыстырумен ілеседі, шамасы дыбыс қарқындылығымен І анықталады. Адам есітіп анықталатын ең аз дыбыс қысымын Р0 және ең аз дыбыс қарқындылығын І0 табалдырықтық деп атайды. Шамалы естілетін дыбыстың қарқындылығы (естілу табалдырығы) және ауыртатын әсерді шақыратын дыбыстардың қарқындылығының (ауырту табалдырығы) айырмашылығы бір бірінен миллион есе болады. Сондықтан шуылды бағалау үшін дыбыс қысымы мен қарқындылығының абсолюттік мәнін емес, олардың Р0 және І0 табалдырықтық мәндеріне қатынасы бойынша алынған логарифмитикалық бірліктегі салыстырмалы деңгейін өлшеу ыңғайлы болады.

Дыбыс қысымының деңгейін өлшейтін бірлігі үшін децибел (дБ) қабылданған. Адамның есітитін органдары қабылдайтын дыбыстар ауқымы - 0 ...140 дБ шектерінде болады. 130дБ дыбыс деңгейі  ауыртатын сезімді шақырады, ал 150 дБ әр жиілікте есіту қабілетін зақымдайды.

Дыбыс қарқындылығының деңгейі мына формула бойынша анықталады

lg(I/I)                                               (2.8) 

мұнда I – берілген нүктедегі дыбыс қарқындылығы, Вт/м;

  I - 1000 Гц жиілік кезінде 10 Вт/мтең естілу табалдырығына сәйкес болатын дыбыс қарқындылығы.

          Дыбыс қысымының деңгейі келесі формула бойынша анықталады     

                                                        L= 20 lg (P / P)                                        (2.9)

мұнда P -  берілген нүктедегі дыбыс қысымы, Па;

  P - 2 Па тең табалдырықтық дыбыс қысымы. 

 Дыбыс қысымының деңгейі бірдей болған кезде түрлі жиіліктердің дыбыстық тербелістері адамның есіту органына әртүрлі әсер етеді. Жоғары жиіліктер дыбысының әсері ең жайлы болып табылады. Шуылдар жиілігі бойынша төмен жиілікті (400 Гц төмен жиіліктер ауқымындағы дыбыс қысымының максимумы) және жоғары жиілікті (1000 Гц жоғары) болып бөлінеді.

Шуылдың жиіліктік сипаттамасын анықтау үшін дыбыс ауқымы жиілігі бойынша октавтік жиіліктер жолағы деп бөледі, мұнда шектік f жоғарғы жиілігі қосарланған fтөменгі жиілігіне тең, яғни 

                                                 f/ f= 2.                                                         (2.10)

      Октавтік жолақ ортагеометриялық жиілікпен сипатталынады                                           

                                      f= .                                                      (2.11) 

Спектрінің сипаты бойынша шуылды бір октавадан астам енді үззіксіз спектрі бар кеңжолақты және анық дискреттік үні болатын үнді спектр деп бөледі. Уақыты бойынша шуыл тұрақты және тұрақсызға (уақыты ауысып тұратын, үздіксіз, импульстік) бөлінеді. Нормаландыруы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц ортагеометриялық жиіліктері бар октавтық жиіліктер жолағында жүргізіледі.

Жұмыс орындарында шуылдың жалпы деңгейі мен октавтік жиіліктер жолағындағы шуылдың деңгейін өлшеу үшін әртүрлі шуылөлшеуіш аппараттарын пайдаланады.

Денсаулыққа қауіпсіз шуылдың деңгейі 80 дБ, осындай жағдайда адам 8 сағат жұмыс істей алады, яғни толық жұмыс уақытын өтейді.

Діріл қатты денедегі механикалық тербелісті білдіреді. Үлкен амплитудасы бар (0,500,003 мм) төмен жиіліктегі (3-100 Гц) тербелістерді адам діріл немесе сілкіну ретінде қабылдайды. Дірілдің әсері болған кезде адам ағзасына орта жүйке жүйеснің талдауыштары – вестибулярлық, тері және басқа аппараттар маңызды роль ойнайды.  Дірілдің ұзақ әсер етуі кәсіби дірілдейтін аурудың дамуына әкеледі.

Діріл ауытқу жиілігімен және амплитудасымен, жылдамдықпен және үдемесімен сипатталынады. Әсіресе адам денесінің немесе жеке органдарының (адам денесі үшін 6…9 Гц, басы 6 Гц, асқазаны 8 Гц, басқа органдары үшін – 25 Гц шектерінде) тербелістер жиілігімен сәйкес келетін еріксіз жиілікті дірілдер зиян болады. Көру қабілетін бұзатын жиіліктік ауқым 60 және 90 Гц арасында жатады, ол көз қарашығының резонансына сәйкес келеді. 35…250 Гц жиіліктер ауқымы дірілдейтін аурудың дамуына ең шекті болып табылады.

Шуыл мен дірілді өлшеу үшін микрофонның орнына орнатылатын қосымша аспап – күшейткіші бар шуылөлшегіштер мен виброметрлер пайдаланылады. Шуыл мен дірілді өлшейтіндер – ВШВ – МММ2 аспаптары кеңінен таралды.

 Діріл мен шуылдан қорғанудың шаралары және құралдары. Қалқаларды, қыртыстарын, кабиналарды және т.б. экран түрінде дыбысты оқшаулайтын және дыбысты жұтатын қондырғыларды орнату арқылы шуылды төмендетудің тәсілдері кең таралым алды.

Шуылдан жеке қорғанудың құралдары (ЖҚҚ) құлақ жапсырмалары, құлаққаптар және шлемофондар болып табылады. ЖҚҚ тиімділігі пайдаланылатын материалдардың құрылымынан, тығыздық күшінен, дұрыс тағып ұстағаннан байланысты болады.

Машина және жабдықтың дірілінен күресу және жұмыс істейтіндерді содан қорғау үшін неше түрлі тәсілдерді пайдаланады. Дірілді төмендету үшін вибродемпфирация – механикалық тербелістер энергиясын энергияның басқа түріне, әсіресе жылулыққа айналдыру құбылысын кең қолданатын болды.  Дірілдің таратылатын көздерден: еденнен, жұмыс орнынан, орындықтан және т,б, пайда болуын бәсеңдету үшін дірілді оқшаулататындарды: резеңкені, тығындарды, киізді, болат серіппеліні кең қолданады. Жұмыс істейтіндерді ЖҚҚ ретінде қалың резеңкелі табаны бар арнаулы аяқ-киімді пайдаланады. Қолды қорғау үшін биялай, қолғап, жапсырмалар мен төсемдер қажет болады, олар иіліп бәсеңдетуші материалдан дайындалады. Діріл мен шуылдың адам ағзасына қауіпті әсерін төмендету үшін ең маңыздысы жұмыс және демалыс режімін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын әрдайым қадағалап отыру, емдеу-алдын алу, мысалы, гидропроцедуралар (қол мен аяққа жылы ванналар, витаминдер беру) сияқты шараларын жасау болып табылады.  

5 5 дәріс. Апаттардың және зақымданудың себептері. Төтенше жағдайларды зерттеу және есепке алу  

Дәріс мазмұны - өндірістік зақымданулар, төтенше жағдайлар туралы негізгі ұғымдар беріледі, төтенше жағдайларды зерттеудің тәртібін меңгеру. 

Дәріс мақсаты - өндірісте төтенше жағдайларды зерттеудің әдісімен жұмыс істеуге, зерттеулер туралы актілер құрастыруға және өндірістік зақымданулар әдістерін үйрету. 

Еңбек процессі «адам-орта-машина (еңбек құралы)» жүйесі жиынтығының бар болуымен және өзара әрекеттесуімен сипатталынады.  Сонымен екі мақсат қойылады: біреуі белгілі нәтижеге жету, екіншісі адам өміріне және денсаулығына керексіз салдарын (зияндықтарын) (өрт, апат, зілзала, зақымданулар және ауру) болдырмау.

Қажетсіз оқиғалар пайда болудың ықтималдылығын қауіп деп атайды.  Потенциалдық (жасырын) және нақты қауіп болады. Потенциалды қауіпті іске асыру үшін белгілі жағдайлар немесе себептер болу керек.

Қауіп жабдықта және материалдарда жиналған энергияның бақылаусыз, адамда және қоршаған ортада тікелей шықанның нәтижесінде пайда болады.

Адамдардың қате ойлап (білім тұрып дұрыс емес жасау) істері, жабдықтардың ақаулары меністен шығуы, сондай-ақ қоршаған ортаның есептелмеген әсерлері қауіптің пайда болудың талапкерлері мен құрамды буындары болып табылады.

Адамдардың қате және ойланбаған істері тәртібінің жеткіліксіздігі, жұмысқа дайын еместігі, сол пайдаланған техниканың құрылымын және потенциалдық қауіпті технологияны білмегенінің салдарынан қауіп пайда болады.

Техниканың ақаулары мен істен шығуы оынң төмен сенімділігімен немесе адамдардың қате немесе дұрыс емес әрекеттерінен болады.

Есептелмеген (күтпеген немесе жіберілетін шектерден асатын) әсерлер адам үшін жұмыс ортасы жағдайының жеткіліксіздігімен, оның техникалық жабдыққа зияндығымен байланысты болады.

Зақымданулар мен төтенше жағдайлардың себептері келесіге жіктеледі:

а) ұйымдастырушылық – нұсқау мен оқытуды болмауы немесе қанағатсыз өткізілуі: жұмыс пен демалысының қанағаттандырмайтын  режімі,  

арнайы киімдер, жеке қорғаныстық құралдары және т.б. жұмыс жағдайына сәйкессіздігі немесе ақаулықтары;

б) техникалық – энергетикалық және көлік жүйелерінің (қауіпсіздік болктауы және басқа құралдарының болмауы) құрылымдық жеткіліксіздігі, технологиялық процестердің жетіспеушілігі, шектейтін және сақтайтын қондырғылардың болмауы, қол және ауыспалы механикалық аспаптың ақаулығы;

в) санитарлық – гигиеналық жайсыз метеорологиялық жағдайлар, дұрыс жарық бермеу, діріл мен шуылдың жоғары деңгейі, қоршаған ортаның ластануы және т.б.;

г) психофизиологиялық – ұжымдағы қанағатсыз психологиялық жағдайы, алкогольдік мастануы, адамның еңбек жағдайларына анатомофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің сәйкессіздігі болады.

Зақымданудың және кәсіби ауруларды талдаудың тәсілдерін статистикалық және монографикалық әдістерді пайдалана отырып өткізеді.

Өндірістік зақымдануды және кәсіби ауруларды талдау статистикалық және монографикалық әдістерді пайдалана отырып өткізіледі.

Статистикалық әдіс болған төтенше жағдайларды, кәсіби уланған және ауырғандарды тіркеген құжаттар (Н-1 форма бойынша актілер, жұмысқа жарамсыздық қағаздары) бойынша зақымданудың себептерін зерттеуде негізделген.

Зақымдану деңгейін бағалау үшін зақымданудың жиілігі мен ауыртпашылығының салыстырмалы статистикалық көрсеткіштерін пайдаланады.

Жиілік коэффициентін мына формула бойынша анықтайды Кz=, мұнда п – есептік уақытта болған төтенше жағдайлардың жалпы саны; Р – сол есептік уақытта жұмыс істеушілердің  ортатізімдік саны.

Өндірісте болған төтенше жағдайлардың біреуіне келетін, уақытша жұмысқа жарамсыздығының орта ұзақтығын белгілейтін зақымдану ауыртпашылығының коэффициенті Кт=, мұнда Т – есептік уақытта (жарты жыл, бір жыл) есептеуге жататын барлық төтенше жағдайлар бойынша уақытша жұмысқа жарамсыздық күндерінің қосынды саны.

Өндірістік зақымдану деңгейін объективті бағалау үшін жалпы зақымданудың көрсеткішін (зақымдану шығындар коэффициентін) пайдаланады

Кобz·Кт=Т·1000 /Р.                                        (3.1) 

 Аталған зақымдану коэффициенттерін анықтауға ауыр жарақат (мүгедек) және өлімдер болған жағдайлар жатпайды.

Статистикалық әдістің түрлері топтық және топографиялық болады.

Зақымдануды зерттеудің топтық әдісі зақымдардың ауыршылығына қарамастан төтенше жағдайлардың қайталауында негізделген. Жасалған зерттеулердің мәліметтері жағдайлар бойынша бірдей болған, сондай-ақ зақымданулардың сипаты бойынша қайталанған төтенше жағдайларды табу мақсатында топтарға таратылады. Бұл кәсіпті, оның жұмыс түрін анықтауға, өндірістік жабдық түрінің ақауларын табуға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты шараларын белгілеуге мүмкіндік береді.

Топографиялық әдіс төтенше жағдайлардың болған орнындағы себептерін зерттеуден тұрады. Барлық төтенше жағдайлар жұмыстың өндірістік жоспарында шартты белгілермен жүйелі жазылады, нәтижесінде жарақат болған орындарды: нақты зерттеуді талап ететін өндірістік учаскелерді көруге және алдын алу шараларын қабылдауға болады, 

Өндірістік зақымданудың монографиялық әдісі өзіне болған жағдайдың барлығын: еңбек және технологиялық процесстер, жұмыс орны, негізгі және қосымша жабдықтар, қорғанудың жеке құралдары, өндірістік орынның жалпы жағдайын және т.б. кешендеп зерттеуді талап етеді. Белгілі өндірістік учаскені монографиялық талдаған кезде, сондай-ақ зерттеудің техникалық әдісін (аспаптарды, құрылыс құралымдарын, машиналарды, механизмдерді сараптау, өндірістік ортаны ьақылау және т.б.) қабылдайды. Сонымен тек болған ТЖ себебі ғана емес, жұмысшыларға зиянды әсер ететін зияндықтар мен қауіптер де табыла бастайды.

Апат пен зақымданулар пайда болатын қауіптер. Өндірістік қауіптерді, оның зияндылығын талдай отырып, қауіптің ықтималдық сипатын атап кетуге болады. Қажетсіз жағдай болмады, бірақ болуы мүмкін, және ол алдымен шығындарға (материалдық, адам – апат, өлімдер, зақымдануларға) әкеледі.

Қауіпсіздікті іске асырудың немесе оның санды бағалаудың  шарты тәуекел болып табылады. R=, мұнда п – жарақатталған немесе қайтыс болғандардың саны, адам.; N – қауіпті аумақта болған адамдардың жалпы саны.

Қазіргі техникалық құралдарының жоғары энергетикалық қуатының әсер ету ықтималдығы  жылына/10-6 –10-8 1 болу керек.

Тәуекелдің жеке (4 кесте) және әлеуметтік (топтық)  түрі болады. Мамандардың пікірі бойынша қауіпті бағалау ретінде тәуекелді пайдалану дәстүрлі көрсеткіштерге қарағанда дұрыс болады.

Өлім шығынының орта қауіпін есептеудің негізі топтық тәуекел болып табылады, ол келесі түрде анықталады: Rсоц = N·К,  мұнда N-апаттың жалпы саны (авариялар); К-год –1-өлім жағдайларының жиілігі.

Мысалы, есеп. 1969ж АҚШ-та 15 млн. Автомобиль апаты болды, 300-дің бір оқиғасы өліммен бітіп отырды, яғни 300апат / К=1 өлім. Сонда Rәлеум=15·10-6 апат /жылына х1 өлім /300 апат=5·10+4 өлім/жылына. Бағаланатын уақытқа АҚШ халығының санын 200 млн. адамға тең қабылдай отырып, аламыз

         R=Rәлеум / Νхалығы=5·104/2·10-8=2.5·10-4 өлім / (адам жылына).

Тәуекелдің жарамды деңгейі оқиғаның сипатынан байланысты. Кейбір елдерде, мысалы, Голландияда болатын қауіптердің шамасы заңнамалық тәртіп ретінде бекітілген. Өлім жағдайлары үшін ол жылына бір адамға 10-6 тең қабылданған. өлімнің жеке қауіпі жылына 10-8 кемітілген болып есептелінеді.  

4  К е с т е - Әртүрлі себептерден болатын өлімнің орташа қауіпі

         Себебі

Жеке қауіпі,

жылына -1

        Себебі

Жеке қауіпі,

жылына -1

Жүрек аурулары

8,5·10-3

Су астындағы өлім

3,3·10-5

Рак

1,6·10-3

Авиациялық апаттар

1,0·10-5

Автомобиль апаты

2,5·10-4

Құлайтын заттардан соққы алу және электр тогымен жараққатану

6,0·10-6

Төбеден құлау

1,0·10-4

Найзағай соққылары, дауыл

5,0·10-7

Өрт, жарылыстар

4,0·10-5

 

 

 

 Қауіпті анықтаудың 4 әдістемелік тәсілі болады:

а) инженерлік, ол статистикаға, жиіліктердің есебіне, қауіпті ықтималды талдамасына, қауіп ағаштарын құруға  тіреледі;

б) үлгілік, жеке адамға, арнайы кәсіби топқа және т.б. зиянды факторлардың әсер етудің үлгісін құруға негізделген;

в) сараптық, әртүрлі оқиғалардың ықтималдылығы тәжірибелі мамандарды сұрап шығумен анықталады;

г) әлеуметтік, халықты сұрап шығуға негізделген.

Қауіпті зерттеудің жалпы қабылданған кезеңдері оны талдау, бағалау және басқару болып табылады. 

Қауіпті талдау деп қауіп шақыратын қажетсіз оқиғаларды табуды айтамыз. Электр қондырғыларында қызмет көрсеткен кезде қауіптің пайда болуын белгілеу керек электр қондырғысына әсер ететін және апаттық жағдайларға әкелетін ішкі және сыртқы факторларды анықтау қажет. 

Өндірістік объектіде апаттың пайда болу қауіпін мына формула бойынша анықтауға болады

Rа=

мұнда na- белгілі кезеңде қарастырылатын объектінің апаттар саны;       no – сол кезеңдегі әрекет жасайтын өндірістік объектілер саны;

τ – зерттелген уақыт кескіні.

Электроэнергетикада қуіп деген терминін объектілердің жұмыс кезінде нормаланған жағдайларынан тыс қызмет жасаудың материалдық және әлеуметтік салдарын түсінеміз. Техникалық жүйелердің сенімділігін ескере отырып, қауіпті R=V·С өрнегімен табамыз, мұнда V – уақыт бірлігіне оқиғаның пайда болу жиілігі, жылына-1; С – бір оқиға салдарының құны, мың тенге.

Энергожүйелердегі электр жабдықтардың бұзылуын талдауда, оның істен шығуын белгілейтін негізгі факторлардың бірі қысқа тұйықталу болып табылады. Сонымен электр жабдықтардың 60-80% істен шығуы және электр қондырғыларының 50-65% істен шығуы байланысты.

Қауіпті басқару – қажетсіз оқиғалардың пайда болу себептерін алдын алуға, жоюға немесе соның салдарын төмендетуге бағытталған шаралардың жиынтығы. Ол өзіне: техникалық жүйелер мен объектілерді жетілдіруді; қызметкерді дайындауды, экстремалдық жағдайларды жоюды қосады.

 6 6 дәріс. Электрқауіпсіздігінің негіздері. Электр тогының адам ағзасына әсері және токпен жарақаттану жағдайлары

 Дәріс мазмұны – адамның электр тогымен жарақаттанатын факторлар, электр тогының адам ағзасына әсері және токпен жарақат алу жағдайлары келтірілген.

 Дәріс мақсаты – қауіпті факторларды – адамға электр тоғының әсері бойынша білім беру, токпен жарақаттанудан қорғану және электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру шараларымен таныстыру.

 Өндірісте жарақат алғандардың уақытша жұмысқа жарасыздығымен ілесетін төтенше жағдайларды талдауда электрмен жарақаттану сандары шамалы көп емес және өндірістегі төтенше жағдайлардың жалпы санынан  0,5-1,0% құрайды. Жұмысшылардың көбісі электр жабдықтарымен пайдаланатын электр энергетикада  электрмен жарақат алғандардың меншікті көлемі өндірістегі төтенше жағдайлардың жалпы санынан  бірнеше есе жоғары 3-3,5,0% құрайды, бірақ аса жоғары емес. Егер жалпы санынан тек өлім жағдайларын қарастырсақ, олардың өндірістегі үлесі 20-50%, энергетикада 60% дейін құрайды. Яғни 50-55% 1000 В дейінгі кернеуі бар электрқондырғыларында болады.

Адам ағзасы арқылы электр тогы өткен кезде келесі әсерлер болады:

-         ыстық – күйік алу, қан сауыттарының, жүйкелерінің қызуы;

-          электролит – қанның және лимфотикалық сұйықтықтың ыдырауы, яғни олардың физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі;

-          биологиялық – дене бұлшық еттері, жүрек, өкпелері сіңірлерінің еріксіз тартылумен ілесетін ағзаның тірі тіндерінің қозуы және тітіркенуі, ол жеке органдарының, қан айналым, тыныс жүйелерінің жұмыс істеуін толық тоқтатады немесе бұзады.

         Бұл әсерлерді электрмен жарақат алудың екі түрі ретінде белгілеуге болады: жергілікті (күйік, электр белгілері, терінің металдануы, механикалық бұзылулар, электроофтальмия және б.) және электрлік, орта жүйке жүйесіне электр тогы рефлекторлық тиген кезде болатын соққылар, нәтижесінде өмірлік қажетті органдардың параличі болады. Зақымдалудың статистикасы бойынша электр тогымен жарақат алғандардың барлық тіркелген жағдайлары 3 күнге дейін жұмысқа жарамсыз болады, сондай-ақ электрмен жарақат алуда өлім жағдайы 19%, электр соққылары 26% және аралас жарақаттар 55% құрайды.

Электр тогының әсерін жоятын келесі факторлар: адам денесі арқылы өткен токтың ұзақтығы мен мәні, ток жиілігі мен түрі, адамның жеке ерекшеліктері болады. Есептеген кезде адам денесінің кедергісі 100 Ом тең алынады. Адам токты 0,6-1,5 шамасында сезіне бастайды. Аздаған 10-15 мА тогы (&= 50 Гц болған кезде) адамның бұлшық еттері сіңірлерінің еріксіз тартылуын шақырады. Бұл токты табалдырықтық босатпайтын тоқ деп атайды.

100 мА және 0,5 с астам әсерінің ұзақтығы болған кездегі ток жүректің тоқталуын және фибрилляциясын шақырмайды. Ток әсерінің уақытынан байланысты адам денесінің кедергісі күрт төмендейді. Ең қауіптісі 20-100 Гц жиілікті айнымалы ток болып табылады. 500 000 Гц жоғары жиілігі бар токтар электрлік соққыны болдырмайды, бірақ ыстықтан күйдіруі мүмкін. Тұрақты токты адам 6-7 мА сезіне бастайды, табалдырықтық босатпайтын тоқ 50-70 мА, ал фибрилляциялық ток – 300 мА құрайды.

Адамға токтың әсер етудің негізгі себептері: ток өткізетін бөлшектерге кездейсоқ тиіп кетуі немесе қаупіті қашықтықта жақындауы; жабдықтың метал бөлігінде кернеудің пайда болуы, нәтижесінде қызметкердің қателігі немесе оқшаулаудың бұзылуы; сымның және б. тұйықталған нәтижесінде Жер бетінде қадамдық кернеу болып табылады.

Қолданыстағы электр қондырғыларын пайдалану және қызмет көрсету «Тұтынушылардың электр қондырғыларымен техникалық пайдалану ережелері» және «Тұтынушылардың электр қондырғыларымен пайдаланған кезде қауіпсіздік техникасы ережелеріне» сәйкес іске асырылады.

Электр қауіпсіздік шарты бойынша электрқондырғыларды және тораптарды пайдаланылатын кернеуі бойынша: 1000В дейін және 1000В жоғары  деп бөледі. Осындай айырмашылығы 1000В астам кернеуі бар қондырғыларда жұмыс істеу қосымша қауіпсіздік шараларын орындауды талап етеді және олармен жоғары білікті қызметкерлер жұмыс жасау керек.

Электр қондырғыларды жөндеу, монтаждау және басқа жұмыстарын қауіпсіздік шаралары бойынша келесі санаттарға бөлуге болады: кернеу толық ажыратылған кезде орындалатын, кернеуді бірте-бірте ажыратқан кезде, кернеуді ажыратпай, токөткізетін бөлшектерден кернеуді ажыратпай алыстан жұмыстарды орындау керек.

Қауіпсіздік техникасы ережелері электр қондырғыларында жұмыс істейтін қызметкерге қойылатын талаптарды бекіткен. Қондырғыларында жұмыс істеуге медициналық тексерістен өткен, 18 жастан кем емес қызметкер жіберіледі.

Содан басқа, жұмысшылар қауіпсіздік техникасы ережелері және дәрігер алдындағы медициналық көмек көрсету  бойынша оқудан өту керек. Жұмысшылардың біліктілігі 1-5 топты енгізумен бекітіледі.

Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларға: кернеуді ажырату, алдын алу плакаттарын ілу, жұмыс орнын қоршау, кернеудің жоқтығын тексеру, уақытша жерлендірулерді, мойнақтарды салуды жатқызады.

 77 дәріс. Азаматтық қорғанысты (АҚ) құрудың рөлі мен міндеті. Зақымдану көздері. Санитарлық өңдеу

  Дәріс мазмұны – төтенше жағдайлардың факторлары мен жіктеулері келтірілген, бейбітшілік және соғыс уақытында АҚ құрудың рөлі мен міндеттері, радиациялық және химиялық барлайтын аспаптармен жұмыс істеудің ретін ұйымдастыру, аса қауіпті инфекциялар және жедел дәрігерлік көмектер келтірілген.

Дәріс мақсаты – қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды,  радиациялық және химиялық барлайтын аспаптармен жұмыс істеуді және дозиметриялық бақылауды, жедел дәрігерлік көмекті ұйымдастыру жөнінде білім беру.

ҚР өміртіршілік қауіпсіздігі өңірлік-өндірістік қағида бойынша «Қорғау және қарулық күштері туралы» (09.04.1993ж) ҚР заңына сәйкес іске асырылады, ол белгілі әкімшілік жерінде орналасқан шаруашылық объектілердің барлығы ведомстволық қажеттіліктерден тәуелсіз, осы бөлінген жер жалпы азаматтық қорғаныстың құрылымына кіреді. Осы бөлімнің бастығы әкімшілік бастығы болып табылады.

АҚ міндеттері:

- басқару, хабарландыру және байланыс жүйелерін тұрақты дайындауды ұйымдастыру, дамыту және ұстап тұру;

- АҚ күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайларда тұрақты дайындыққа әзірлеу және ұстап тұру;

- радиациялық, химиялық және бактериологиялық жағдайды байқау, зертханалық бақылау;

- ЖҚҚ және басқа мүліктердің қорларын, қорғаныстық құрылғылардың қажетті қорынжинау ұстап түру;

- адамның өмірі мен денсаулығына зиянды қауіп және болған жағдайда жұмыстың реті туралы орталық және жергілікті орындаушы органдарға, халыққа хабар беру; 

- іздеу-құтқару және басқа шараларын өткізу. Жарақат алған халықтың өмірін қорғауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және оларды қауіпті аумақтардан көшіру.

Бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда ӨТҚН рөлі мен міндеті. 9 сәуір 1993 ж. «Қорғау және қарулық күштері туралы» ҚР заңы.

Қазақстан Республикасының Қорғанысы – бұл республика азаматтарының өміртіршілік  қауіпсіздігін және шекарасын өңірлік кіргізбеуін, суверенитетті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын саясаттық, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік-құқықтық тәртіпте мемлекеттік шаралар жүйесі.

Анықтау, пайда болу себептері. Төтенше жағдайдан және соның салдарынан шаруашылық объектілері мен қоршаған ортаның халығын қорғау «Табиғаттық және техногендік төтенше жағдайлар туралы»  заңы (5 шілде 1996 ж) анықтаған мемлекеттік саясатты өткізу саласының бірі болып табылады. Қазіргі заң табиғаттық және техногендік төтенше жағдайларды алдын-алуды және жою бойынша Қазақстан Республикасының өңірінде қоғамдық қатынасын хабарлайды.

Дозиметриялық пен химиялық бақылауды ұйымдастыру және өткізу. Дозиметриялық және химиялық бақылау – ол адамдардың сәулелену және ОВ әсерлерінің дәрежесін бағалау үшін қажетті ұйымдастыру және техникалық шаралардың кешені, және дозиметриялық пен химиялық бақылау туралы ережеге сәйкес өткізіледі.

Дозиметриялық пен химиялық бақылау ПР және ПХЗ шаралары кешенінің құрамды бөлігі болып табылады және АҚ, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігін құруда жеке құрамының қауіпсіздігін бағалау мақсатында өткізіледі.

         Сәулеленуді бақылау топтық және жеке болып бөлінеді. Топтық бақылау цехтарды құру бойынша, әрі бағалау үшін сәулеленудің орта мөлшері туралы деректерді алу және жұмысқа қабілеттігін анықтау мақсатымен іске асырылады. Мөлшерлерді өлшегіштер Д-1 немесе ДКП-50А дозиметрлер буынға біреу, бір-екеуі 10-12 адам тобына немесе АҚ қорғаныстық құрылысы есебінен таратылады.  Әр командада, цехта, топта сәулеленуді бақылау журналы болады және сәулеленудің кезеңді қосынды мөлшерін есептеменің жеке карточкасына енгізеді. Жеке бақылау сәулеленген адамның сәулелік ауруының ауыр дәрежесін алғашқы рет болжау үшін қажет.

         Бақылауды ұйымдастыруды объектінің АҚ бастығы жауап береді, объектінің АҚ штабын, ПР және ПХЗ қызметтерін бақылауды ұйымдастырады. Дозиметриялық пен химиялық бақылауды өткізу үшін келесі күштер шақырылады:

-         дозиметрист барлаушылар;

-          ӨТҚН мекемелерінің және АҚ құрылғыларының химик-барлаушылары;

-          радиациялық, химиялық барлаудың және ӨТҚН дозиметриялық бақылаудың топтары;

-          жалпы барлаудың барлауыш тобы;

-          радиациялық, химиялық барлаудың тобы;

-          медициналық қызмет мекемелері;

-          байқау торабының зертханалары және ӨТҚН зертханалары.

         ӨТҚН құрылғыларының және халықтың сәулеленуін есептеу:

-         барлық жеке құрамға командаларда, топтарда;

-          отрядтардың барлық жеке құрамына және басқармаларына, команда (топ) командирлеріне.

         Жарақаттану көздерінің сипаттамасы. Дұшпанның пайдаланған қаруынан байланысты массалық жарақат алулар ядролық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) болуы мүмкін. Жарақаттану көздері дұшпанның жай зақымдау құралынан да болады. Осы жарақат алудың екі түрі және массалық жарақат алу (МЖА)  әсер еткен кезде құрамдас жарақаттану көздері пайда болады.

         Медициналық қорғаныс. Медициналық қорғаныс келесідей болады:

         а) адамдарды жеке және толық санитарлық емдеу;

         б) қорғаныстың медициналық құралдарын пайдалану.

         Адамдарды жеке және толық санитарлық емдеужарақат алған жерде немесе тез сол жерден шыққанан кейін жасалады. Радиоактивті заттармен уланған кезде ол уланғаннан кейін бір сағат ішінде көрсетілу керек. Сұйық-тамшы уланатын заттармен және олардың аэрзольдарымен жарақат алған кезде –тездету керек.

         Жеке қорғаныстың медициналық құралдарына жеке аптечка (АИ-2), жеке химияға қарсы пакет (ИПП-8), жараны байлайтын пакет жатады. АИ-2 жарақат алған және күйген кезде көмек көрсету үшін, сондай-ақ иондайтын сәулеленулерді, ОВ,БВ әсерін алдын алу немесе бәсеңдету үшін арналған.

         Сәулеленудің жіберілетін мөлшерлерін анықтау үшін сәулелені бір рет немесе бірнеше рет болғанын ескереді. Бір рет бірінші төрт тәуліктің ішінде алған сәулеленуді айтады. Төрт тәуліктен асатын уақытта сәуленеуді көп рет дейді. Адам ағзасы бірінші рет сәулеленген кезде  алған экспозициялық мөлшері 4 сәулелік ауру дәрежесіне бөлінеді. Жарақаттану түрлері. Жарақаттық зақымданулар тұрмыста, өндірісте жиі кездеседі, нәтижесінде авто-, рельстік апаттар  болады. 

         Жарақат – бұл бұзылу, яғни қоршаған ортаның түрлі факторларының әсерінен алатын ағза қызметінің өмірлік процестерінің бұзылуы. Жарақаттану физикалық және химиялық факторлармен, жиі анатомиялық құрылымдардың өзгеруімен ілеседі.  

         8 8 дәріс. ТЖ пайда болу себептері мен жіктелуі 

         Дәріс мазмұны – жарылыс пен жанулардың түрлері мен себептері, ғимараттар мен құрылғылардың отқа төзімділігі, апаттардың талдаулары келтірілген. Шаруашылық объектілерінің орнықтылығы, азаматтық қорғанысты құрудың рөлі мен міндеті туралы түсініктемелер берілген.

         Дәріс мақсаты - шаруашылық объектілерінің орнықтылығы жөнінде, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілердің құтқарушы және басқа да жедел жұмыстарын өткізу бойынша білім беру.

         Төтенше жағдай (ТЖ) – табиғаттың қауіпті құбылыстарын, күтпеген оқиғаларын, апаттарды және қирауларының нәтижесінде болатын белгілі өңірдегі жай-жағдайы, ол өзінен адам өлімдерін алып келеді, адамдардың өміртіршілігі жағдайларын бұзады және материалдық шығындарын, табиғаттың қоршаған ортасына, адамдардың денсаулығына зияндылықтар әкеледі.

         ТЖ жіктеудің негізіне келесі негізгі себептер жатады:

-         кенет дәрежесі – кенеттік (болжамаған) және күтетін;

-         таралу жылдамдығы – жарылатын, ұмтылатын, тез таралатын немесе

бір қалыпты, жатық;

-         таралу масштабы – локалдық, объектілік, жергілікті, регионалдық ұлттық және глобалдық;

-         әрекеттің ұзақтығы – қысқа мерзімді немесе созылмалы;

-         сипаты бойынша – алдын ала ойлап (әдейі), оған ұлттық, әлеуметтік, әскери соқтығыстар мен террористік актілерді; ойланбаған (әдейі емес): күтпеген табиғаттық апаттар, техногендік апаттардың көбісі жатады.

ТЖ келесідей жіктеледі:

а) табиғи (табиғаттық):

1) метеорологиялық – аэрометеорологиялық (құйындар, штормдар, циклондар), агрометеорологиялық (жауын, құрғақшылық, ерекше ыстық, қатты аяз), табиғаттық өрттер;

2) тектоникалық және теллурикалық – жерсілкіністер мен жер атылыстарының тасқындары;

         3)  топологиялық – сел, тасқындар, көшкіндер, күштер және б.;

         4) космостық – метеориттердің, кометалар қалдықтарының түсуі және т.б.;

         б) антропогендік – көліктік, өндірістік (жарылыстар, ғимараттардың құлауы, өрт, АЭС-тағы апаттар, тез әсер ететін улы заттардың выбростары және б.), ерекше (эпидемия, инфекциялық аурулар және т.б.), әлеуметтік (соғыс, терроризм, алкогольдік, нашақорлық).

         Бүгінгі күнде өрт пен жарылыстар үлкен үрей тудырады. Бақылауға келмейтін өртттің жануы өмір мен денсаулыққа кесір, адамның, мемлекет пен қоғамның  материалдық зияндығын әкеледі. Өртену деген жанар зат пен тотықтырғыш арасындағы өзара әрекеттескен күрделі физикалық-химиялық процессті айтады. Әдетте тотықтырғыш ретінде оттегі болады.

         Жану процессінің пайда болуы мен дамыту үшін жанатын зат, тотықтырғыш және жанатын зат пен тотықтырғыш арасында тектесуді бастайтын жанудың көзі қажет болады. Бұл көзде қажетті энергия қоры мен температурасы болу керек.

         Күрделі өндірістік қауіпті қысым астында жұмыс істейтін ыдыстар жасайды, өйткені оларды пайдаланудың қалыпты режімі бұзылған кезде немесе оларды дайындаудағы ақауларының салдарынан жарылыс болуы мүмкін. Соңғысы ғимараттар мен жабдықтарды бұзуына, адамдардың зақымдануларына және өліміне, елеулі материалдық және әлеуметтік шығындарға әкеледі.

         Жарылыстың  қуатын (кВ) келесі формула бойынша анықтауға болады

                                                     

         мұнда А – кенейтетін газдың жұмысы, Дж;

         102 – мөлшерін ауыстыру коэффициенті кг м/с кВ;

         t  - атылыстың ұзақтылығы, с.

         Байланыс пен энергетика кәсіпорындарында әртүрлі газдарды: оттегі, сутегі, ауа, ацетилен және басқа жанатын газдармен толтырылған, тасымалдау, сақтау және пайдалану үшін арналған баллондарды кең қолданады. Баллондардағы газдар сығыстырылған, сұйықталған немесе ерітілген түрде болуы мүмкін.

Газ баллондары, оларды толтыратын зауыттарда сынақтан өтіп және құжаттандырылған болу керек. Баллондар 20% асып толық немесе 3% кем көлемі азайтылған болса, олардың ақаулары бар делінеді. Тотықтануды шақыратын газды баллондардың сынағы екі жыл сайын, ал тотықтануды шақырмайтын газды баллондарды 5 жыл сайын сынақтанрдан өткізу керек. Жұмыстық қысымынан 1,5 есе асатын баллондарды да гидравликалық сынақтардан өткізу керек.

Жарылуқауіптігі бар бөлмелер мен сыыртқы қондырғылар электржабдықтарын пайдалану қауіпі бойынша ПУЭ сәйкес 6 классқа бөлінеді (В-І, В-Іа, В- Iб, В- Iг; В,-II, В- III),  ал өртқауіптілігі бар бөлмелер мен қондырғылар 4 классқа (П-I; П- II, П- IIа, П- III) бөлінеді.

Материалдар мен құралымдардың отқа төзімділігі - өрт жағдайында өзінің беріктілігін сақтау керек.

Құрылыстық құрлғылардың от әсеріне жаппа жарық болғанға дейін шыдайтын  сағат уақытының кезеңін өтқа төзімділік шегі деп атайды.

Барлық ғимараттар мен құрылыстар отқа төзімділігі бойынша СН және П-ІІ-А 5-70 сәйкес 5 дәрежеге бөлінеді. Сонымен 1-ші дәрежеге отқа төзімділігі бойынша жоғарғы шекті (0,5-2,5) отқа төзетін барлық жанбайтын құрылымдық элементтер жатады.

Ғимараттардың құрылыстық құрылымдарының отқа төзімділігі бойынша сағатына талап етілетін шектерін мына формула бойынша анықтауға болады 

П00Тn,                                                                (5.1) 

мұнда К0- отқа төзімділік коэффициенті, отқа төзудің 1-ші дәрежесіне (0,2-0,5), 2-ші: (1,5-0,25), 3-ші (1,25-0,25), 4-ші: (0,5-0), отқа қарсы қабырғалар үшін –2 қабылданады;

            Tn- оттың есептік ұзақтылығы, сағ.

         өрттен қорғаныс өрт болдырмайтын қабырғалар, қоршаулар, есіктер, люктер, қақпақшалар, аумақтар және т.б. жататын отқа қарсы бөгет жасайтын құрылғыларын қарастырады. Отқа қарсы бөгет жасайтын қақпалар  3 типті болуы мүмкін және отқа жанбайтын материалдардан жасалу керек, сондай-ақ отқа төзімділік, кестеде көрсетілгендей шектері болуы керек. 

         5 К е с т е  - Өрт болдырмайтын бөгеттердің отқа төзімділік шектері 

Шектер

Шектердің түрлері

1

2

3

Өртке қарсы қабырғалар

2,5

0,75

-

Есіктер, терезелер, қақпалар, люктер, клапандар

1,2

0,5

0,25

Қоршаулар

0,75

0,25

-

Тамбур-шлюздердің есіктері

0,75

0,6

-

Тамбур-шлюздердің қоршаулары

0,75

-

-

Отқа қарсы жабылындар

2,5

1

0,75

          Ғимаратта өрт, апат немесе басқа төтенше жағдай пайда болған кезде адамдардың өмірі коммуникациялық бөлмелердегі жағдайы мен қозғалысын дұрыс ұйымдастырғаннан байланысты. Өйткені өрттің пайда болуы әр бөлмеден шығуы мүмкін, адамдарды апаттық эвакуациялау есебі әр бөлме және толық ғимарат үшін міндет болады.

         Ғимараттан немесе құрылыстан эвакуциялайтын есіктердің саны екіден кем емес болуы керек. Эвакуациялық шығатын есіктерді бөліп орнату керек. Бөлмелерден шығатын ең қашықтағы есіктер арасындағы ең аз арақашықтығын мына формула бойынша анықтау керек 

                                             (5.2)   

         мұнда р – бөлме периметрі.

         Қалыптастырулар республикада, облыстарда, аудандарда және шаруашылық объектілерінде (кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, оқу орындарында және фермерлік шаруашылықтарда) тыныш уақытта өңірлік-өндірістік қағидасы бойынша құрылуы керек.

ӨТҚ органдарының күштері – бұл әскери бөлімдер мен әскери міндеті жоқ құрамалар. ӨТҚ күштерінің негізін әскери міндеті жоқ құрамалар құрайды. Бағынушылығы бойынша құрамалар  өңірлік және объектілікке бөлінеді.

Өңірлік құрамалар ӨТҚ органдарының мәселелерін өз бетінше немесе ең маңызды объектілерде объектілік құрамалармен бірігіп шешу үшін құрылады. Олар ауданның АҚ бастығына және қызметтер бастықтарына бағынады және ауданның жоспары бойынша пайдаланылады.

Объектілік құрамалар өзінің объектілеріндегі мәселелерді (құрама командалар, құтқарушы отрядтар, радиациялық және химиялық бақылаудың посттары, топтары, командалары, санитарлық дружиналар (посттар), қоғам тәртібін қорғайтын командасы, апаттық-техникалық командалар және басқа құрамдар) тікелей шешу үшін құрылады.

Құраманың тағайыны бойынша жалпы тағайынды және қызметтер құрау (арнайы) болады.

            Жалпы тағайынды құрамаларға: жинақталған отрядтар (командалар, топтар), құтқарушы отрядтар (командалар, топтар) жатады. Олар шаруашылық объектісіндегі барлық құрылымдық бөлімшелердің мәселелерін шешеді.

         Қызметтер құрамасына: арнайы барлау, медициналық, байланыс, өртке қарсы, инженерлік, апаттық-технкиалық, радияцияға қарсы шығатын және химиялық барлаудың, қоғам тәртібін қорғайтын және б. қызметтер жатады.

         Құрамалардың дайындық мерзімі бойынша күнделікті дайындықта, жоғары және жалпы (толық) дайындықта болу керек. Жоғары дайындық күйінде барлау құрамдары, басқару (байланыс) құрамдары, құтқарушы, медициналық және басқа құрамдар болу керек.

         Толық дайындық құрамалар дабыл бойынша барлық қажетті техникамен қамтылып және міндеттерін орындауға дайын көтерілу керек.

         Шаруашылық объектілердің орнықтылығы. ТЖ салдарын алдын алу және жою бойынша мемлекеттік жүйенің негізгі мәселелерінің бірі кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, сондай-ақ шаруашылық объектілер қызметтерінің орнықтылығын артыруға және ТЖ алдын алуға бағытталған мақсаттық және ғылыми-техникалық бағдарлдамаларын іске асыру болып табылады.

         ШО қызметтерінің орнықтылығын көтеру мәселесі қазіргі уақытта үлкен мәселе болып тұр.

         ШО қызметтерінің орнықтылығы деп оның төтенше жағдайларда жоспарланған номенклатура және көлемі бойынша өнім шығаруға, ал апаттық жағдайда (бұзылуда) тез уақытта өндіріске қалыптасу қабілеттілігін айтады.         

         99 дәріс. Зақымдайтын факторлардан халықты қорғау. Халық пен мүлікті эвакуациялау (қауіпсіз жерге көшіру) 

         Дәріс мазмұны – Халықты қорғаудың негізгі қағидалары мен тәсілдері, олардың қысқаша сипаттары, қабынған сәулелік аурулар мен зақымдану көздерінде апаттық-қалыптастыру жұмысы бойынша шаралар келтірілген.

         Дәріс мақсаты – халықты, жұмысшыларды, қызметтерді қауіпсіз жерге көшіру, халықтың жеке және медициналық қорғаныстық шараларын пайдалану бойынша білім беру.

Қазіргі жағдайларда жауынның басуынан халықты қорғау барлық өТҚ қ орғаныстық шаралары бойынша  максималды іске асыру болып табылады және қорғаныстың ең жақсы тәсілдері мен шараларының бірі болады.

         Қазіргі зақымдану құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғауды ұйымдастырудың негізгі қағидалары:

         - ССП-дан халық пен шаруашылық объектілерін қорғау бойынша шараларды министрлер, әкімшілік, ведомстволар жағынан тұрақты басқарушылық ету;

         - ССП қорғаныстық шаралар бүкіл елде, барлық қалаларда, мекен-жайлар мен объектілерде жоспарланып, іске асырылуы керек;

         -  халық пен шаруашылық объектілерін қорғау бойынша шаралар бейбіт уақытында алдын ала іске асырылады;

         -  халық пен шаруашылық объектілерін қорғау еліміздің барлық аумағында саясаттық, экономикалық және қорғаныстық мәндері бар қалаларда, шаруашылық аудандар мен объектілерде өнімділік күштерін ескере отырып, салыстырмалы жоспарланып және өткізіледі;

-  қорғаныстық шаралар елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына сәйкес кешенді жоспарланады және іске асырылады.

Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және ТЖ қорғаудың негізгі тәсілдері:

- халықты осы заманғы зақымдау құралдары мен ТЖ қорғаныстық туралы уақытымен хабарландыру;

- халықты қорғаныс ғимараттарына жасыру;

- жұмыскерлер мен қызметкерлерді қауіпсіз аумақтарға таратып қоныстандыру және көшіру;

- халықтың жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану.

Халықты қорғау қорғаныстың негізгі әдістері (жоғарыда көрсетілген)  мен осы заманғы зақымдау құралдарынан (ОЗЗҚ) және ТЖ қорғауды қамтамасыз ететін әртүрлі шараларды біріктіру жолымен іске асырылады.

Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі қолданған қару мен ТЖ сипатынан байланысты. ӨТҚ туралы хабарландыру жүйесі деген халыққа және өТҚ басқару органдарына сигналдар мен өкімдерді мәлімдеу тәсілдері және шаралар жиынтығы болып табылады.  

Халықты қорғаныс ғимараттарына жасыру. Халықты осы заманғы зақымдану құралдарынан қорғау жау шабуылының қауіпі жағдайында ең сенімді қорғау тәсілі болып табылады. Ядролық-ракеттік қарулардың дамуы мен жетілдірілуі жаудың кездейсоқ кіруінен қорғану мүмкіндігін елеулі өсірді. Осы жағдайларда қорғаныс шараларын өткізу шектеулі болуы мүмкін. Демек, бірінші орынға  халықты қорғаныс ғимараттарына жасыру, өздерінің орналасқан орны бойынша – жұмыста, оқуда, мекен-жайында іске асырылуы керек.

Қорғаныс ғимараттары – бұл инженерлік инженерлік шаралар, ол халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ екінші рет болатын ядролық жаралыстардан және зақымданудан қарапайым жасырыну үшін арналған.

Қорғаныс ғимараттары:

а) тағайыны бойынша: халықты қорғау үшін; басқару органдарын орналастыру және қорғау үшін;

б) орналасқаны бойынша: кіргізілген; жеке тұратын;

в) салыну мерзімі бойынша: алдын ала (бейбіт уақытында) жылдам салынған; халыққа қауіп төнген кезде тез жылдам тұрғызылған (35-45 сағатта);

г) сыйысымдылығы бойынша: кішісі 300 адамға дейін; ортаңғысы 300-ден 600-ге дейін; үлкені 600 адамнан астам;

д) қорғаныс қасиеті бойынша: панаханалар; радиациядан қорғайтын орын (РҚО) және жай орындар.

Панахан – жау шабуынының осы заманғы барлық зақымдану құралдарынан халықты қорғауды қамтамасыз ететін герметикалық типті қорғаныс ғимараты болып табылады.

Ядролық жарылыстың соққы толқынынан  қорғаныс дәрежесі бойынша панаханалар қалаларда (объектілерде) DРф 1-ден 5 кг/см2 есептік жүктемесі бар ИТМ ГО нормаларының талаптарына сәйкес 4 класқа бөлінеді. Панаханаларды, әдетте, бейбіт уақытта, қираған қалалар мен объектілер аумағында құрып салады.

Панахананың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының беріктігі, сондай-ақ қоршаған ортаның үстігі беті  радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағадайда панаханадағы адамдардың қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз еттін санитарлық-гигиеналық жағдайларын жасау есебінен қол жеткізіледі.

Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиісті жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс. Енгізілген панаханалар кеңінен таралған, өндірістік, қоғамдық және тұрғын  үй ғимараттарының подвалдары немесе жартылай подвалдары қолданылады.

Толығымен немесе жеке-жеке бөлек туратын панаханалар тереңдетілген, су баспайтын топыраққа берік материалдан салынады.

Панахана қүрылғысы. Панаханалар бөлмелері бірнеше бөлікке бөлінуге тиіс. Негізгісіне: жасырынуға арналған бөлмелер (бөліктер); тамбур-шлюз; басқару пункттері.

Қосалқы: фильтрожелдетілетін кабиналар; қорғалатын  дизельдік (жылытатын) электрстанциялары; санитарлық тораптар; қорғалған кіреберістер мен шығаберістер.

 Үлкен сыйысымдылықты панаханалардақоректенетін тамақтарға арналған қойма, медициналық бөлме, сондай-ақ артезиан скважиналары және бала мен ана бөлмесі орналастырылуы керек.

Панахананың екі қарама қарсы орналасқан есіктері болу керек. Енгізілген панаханада авариялық шығаберісі болу керек. Панаханадағы кіреберістер көп жағдайларда екі шлюздік камералар (тамбурлар) түрінде, негізгі бөлмеден бөлек және герметикалық есікпен бөлектеніп жабдықталуы керек. Кіреберістің сыртында берікті қорғағыш қымталаған есік болу керек, олар ядролық жарылыстар толқындарының соққылар қысымын қорғайтын болады. Кіреберісте предтамбур болады.

Авариялық шығаберістердің баулықтары ғимараттың тоннель түрінде жасалады, ол үйінді баспаған аумаққа алып барады және баулығы бар тік шахтамен аяқталады. Панаханаларда жасырынушыларды орналастыратын, желдететін жабдықты орналастыратын бөлмелер, медицциналы бөлме, қоймалар, сумен шықпалардың сыйымдылықтарын сақтайтын бөлмелер, тамбурлар, предтамбурлар және ана мен бала бөлмесі болу керек.   

Объекті аумағындағы бөлмелердің біреуінде АҚ және ТЖ штабын, өндірісті басқаратын пункті және байланыс торабының бөлмесі болу керек.

Таратып қоныстандыру – соғыс уақытында қалаларда жұмыстарын жалғастыратын кәсіпорындардың қызметкерлері мен жұмыскерлерін қауіпсіз аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру.

Көшіру – басқа халықты қауіпсіз аумаққа қаладан шығару болады.

Қаупсіз  аймақ – бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және қауіпті химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс, апатты су аймағынан тысқары  орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.

Халықты таратып қоныстандыру мен көшіру, әдетте ТЖ қауіпі болған жағдайда жүргізіледі. Оларды қаланың (қалалық аудандарының) АҚ және ТЖ штабының және  оларды басқаратын органдарының бастықтары ұйымдастырады.

Халықты таратып қоныстандыру мен көшіру ТЖ хабарлағаннан кейін жедел уақытта жүргізіледі. Осы шараларды іске асыру үшін қоғамдық көліктің барлық түрлері, сондай-ақ жеке көліктер пайдаланылады. Халықтың бір бөлігі, әсіресе студентте, мектеп пен колледждердің оқушылары жаяу түрде көшіріледі.

Халықты таратып қоныстандыру мен көшіруін тікелей іске асыру эвакомиссия күштерімен жиналатын көшіру пунктіне (ЖКП) жіберіледі. Шаруашылық объектілерін бекітілетін жергілікті әкімшілік органдары құрылады.

         ЖКП келгеннен халықты тіркейді, содан кейін көліктің түрі бойынша - көлікпен, эшелонмен немесе автоколоннамен қоныстырылады, қалғаны жаяу түрде – колонна бойынша жіберіледі.

 Әдебиеттер тізімі 

1. Кукин П.П., Лапин В.Л., Пономарев Н.Л., Сердюк Н.И. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность технологических процессов и производств (ОТ).- М.: Высшая школа, 2002.-317 с.

         2. Баклашов Н.И., Китаева Н.Ж., Терехов Б.Д. Охрана труда на
предприятиях связи и охрана окружающей среды
. - М.: Радио и связь, 1989. -286 с.

 3.  Охрана труда и техники безопасности в практической деятельности субъектов  Республики Казахстан /Сост. В.И. Скала. – Алматы: «LEM» , 2002. – 276с.

         4.  Охрана труда в электроустановках. /Под ред. Е.Я. Юдина. – М.: Машиностроение, 1985. – 400 с.

       5. Мушник Э., Мюллер П.. Методы принятия технических решений.- Москва: Мир, 1990 . – 527 с.

      6.  Справочная книга по охране труда в машиностроении./Г.В. Бектобеков, Н.Н Борисова, В.И. Коротков и др. Под общ. ред. О.Н. Русака. - Л.: Машиностроение. Ленингр. отд-ние, 1989. -541с.

      7. Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов/С.В. Белов, А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьянов и др.; Под общ. ред. СВ. Белова. - М.: Высшая школа, 1999.-448с.

      8. Журавлев В.П., Пушенко С.Л., Яковлев A.M. Защита населения и территорий в чрезвычайных ситуациях.- М.: Изд-во АСВ /1999. -376с.

      9.  Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций. -Алматы: ВШП «Адилет», 2000. - 366с.

      10.  Раздорожный А.А. Безопасность производственной деятельности: Учеб. пособ. - М.: ИНФРА - М, 2003.-208с.

      11.  Хакимжанов Т.Е. Охрана труда: Учебное пособие для вузов. - Алматы, 2006. –

288 с.

         12. Атаманюк В.Г., Ширшев Л.Г., Акимов Н.И. Гражданская  оборона. – М. : Высшая школа, 1986. – 207 с.

Мазмұны 

1.  №1 дәріс.  Кіріспе. Құқықтық және ұйымдастыру негіздері...........................3

2.  №2 дәріс.  Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария..................................6

3.  №3 дәріс.  Өндірістік жабдықты пайдаланып және жөндеген кезде қауіпсіздік шаралары...........9

4.  №4 дәріс.  Өміртіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері..........13

5. №5 дәріс. Төтенше жағдайлар (ТЖ) және соның салдарын жою........16

6. №6 дәріс.  Төтенше жағдайлар пайда болған кезде  халықты қорғау....20

7.7 дәріс. Азаматтық қорғанысты (АҚ) құрудың рөлі мен міндеті. Зақымдану көздері. Санитарлық өңдеу.................................................................22

8.  №8 дәріс. ТЖ пайда болу себептері мен жіктелуі.........................  ...............25

9.  №9 дәріс. Зақымдайтын факторлардан халықты қорғау. Халық пен мүлікті эвакуациялау (қауіпсіз жерге көшіру)…………………….…… ……………….29

Әдебиеттер тізімі ..........................................................................................32

Мазмұны……………………………………………………………………33