ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

 

М.К.  Дюсебаев
Т.Е.  Хакимжанов
Ж.С. Абдимуратов

                         

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

Оқу құралы

 

Алматы  2013

УДК 658. 382. 3 (075.8)

ББК …………….

Д 97  Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі:

Оқу құралы/ М.К. Дюсебаев, Т.Е. Хакимжанов, Ж.С. Абдимуратов;

АЭжБУ. Алматы, 2012. -80 б.

 

ISBN ……………

 

Оқу құралы «Еңбекті қорғау» және «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәндері бойынша студенттерге арналған. Оқу құралы барлық мамандықтар бойынша барлық түрдегі оқитын студенттер үшін жазылған.

Без. 5, кесте 12, әдеб. - 9 атау.

 

ББК  …………

         

Пікір беруші: АЭжБУ, фил.ғыл.конд., доцент  М.К. Нурмаханова

                             

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 ж. баспа жоспары бойынша  басылады.

         

 

ISBN .............

 

  ©    «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2013 ж.

 

          Кіріспе

 

Қазақстан мемлекетінің  орналасқан жері - орасан зор, кең байтақ. Бірақ еліміздің әртүрлі аймақтарында табиғи апаттар болып тұрады. Солардың ішінде жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғамалар, опырмалар, дауыл, таудағы және өзендердегі су тасқыны, орман, орманды дала өрттері, өте улы заттардың таралуы және т.б.лар жиі кездесіп тұрады.

Қазақстанда жылына 4 мыңға жақын табиғи апаттар болып тұрады. Соның салдарынан зардап шеккендердің саны 3-5 мың адамдарды құраса, солардың ішінде адамдар шығыны бірнеше ондағаннан асып, материалдық шығындар миллион АҚШ долларына жетеді. Бұл сандық деректер үлкен көлемдегі табиғи апаттарды, атап айтқанда Қазақстандағы қиратушы жер сілкінісін ескермеген жағдайда алынған. 

          Қазақстанда 90-жылдарға дейін табиғи апаттар сұрағына қажетті көңіл аударылмаған, ал дүлей зілзалалар кездейсоқ жағдайлар ретінде қарастырылған. Сондықтанда төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жұмыстарын мемлекеттік  тұрғыда тиімді жүргізу және нормативтік құқықтық базаны құру мәселесі  алда түрды. 

          БҰҰ 1990-2000 жылдарды апаттар қаупін азайту бойынша  Халықаралық онжылдық деп жариялағаннан кейін көп елдерде соның ішінде Қазақстанда төтенше жағдайлар мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаның негізі қалыптасты.

Бүгінгі күнде қауіпсіздік проблемалары маңызды кең және терең ауқымда қарастырылады. Сол проблемаларды шешудегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында негізгі заңдылықтарды, қорғану тәртібін және құрал-жабдықтарын оқып үйрену үшін «Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» пәні қарастырылған.

Бұл пәннің оқу бағдарламасына енуі, оның қазіргі кезде халық үшін, соның ішінде жаңа буын мамандар үшін аса қажеттілігін білдіреді.

 

          1  Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастыру сұрақтары

           

1.1 Еңбекті қорғаудың құқықтық, нормативтік және ұйымдастыру сұрақтары

 

Еңбекті қорғау (ЕҚ) – заңдылық және нормативтік құжаттар жүйесі, оның негізінде жұмыс орнында қауіпсіз еңбек ету жағдайын қамтамасыз ететін әлеуметті-экономикалық, техникалық және гигиеналық шаралар өңделеді. Еңбекті қорғаудың мақсатын мына теңдеумен көрсетуге болады

 

Мақсат = АЖ + ТЕ + ДС + ЖК + ЕС,

 

мұнда АЖ – апатсыз жағдай жетістігі;

ТЕ –травматизмі ескерту;

ДС – денсаулықты сақтау;

ЖК – жұмыс қабілетін көтеру;

ЕС – еңбек сапасын көтеру.

Қойылған мақсатқа жету үшін екі топ есепті шешу керек. Біріншісі – ғылыми, яғни адам-машина жүйесіндегі математикалық үлгілер, қауіпті (зиянды) өндірістік факторлар және т.б. Екіншісі – құрылғыны пайдалану барысында қауіпсіз еңбек етуді толық қамтамасыз ету.

Еңбекті қорғау бойынша заңдылықтар актісі Қазақстан Республикасындағы еңбек ету құқығының ажырамас бөлігін құрайды, оның негізі 30.09.95 жылғы ҚР конституциясының 24 бабы болып табылады.

Бұл бапта әрбір адам еркін еңбек етуге құқықты деп көрсетілген:

- 15.05.2007 ж. ҚР-ның  Еңбек кодексі;

- 07.02.2005 ж. № 30-П ҚР ның «Жұмыскерлер еңбек ету міндетін орындау барысында денсаулығына және өміріне зиян келуінде жұмыс берушінің азаматты-құқықты жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы» заңы.

Бұдан басқа, еңбекті қорғау бойынша нормативтік актілерге төмендегілер жатады:

- еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің стандарты (ССБТ), бекітілетін: мемлекеттік стандарттар (ГОСТ) - стандартизация, метрология және сертификация бойынша ТМД мемлекетаралық Кеңесі; салалық стандарттар (ОСТ) -  министрліктерге, ведомстволарға, атқару билігінің басқа да орталық органдарына сәйкес; кәсіпорындар стандарттары (СТП) - кәсіпорындар;

- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Бас санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы бекіткен санитарлық ережелер, нормалар, гигиеналық нормативтер, эргономикалық, физиологиялық және басқа да талаптар;

- Атқару билігінің орталық және бақылау органдары бекіткен салалардағы еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар және ережелер.

1.2 Нұсқауды жүргізу. Өндірістік травматизмі есептеу және тергеу

 

          Кәсіби аурулар және жарақат алуы мүмкін болатын әрбір мекемеде тұрақты және уақытша нұсқаулар жүйесі болуы қажет.

          Жұмысқа енді қабылданатын жұмысшылар жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі ережелері және өндірістік санитария бойынша кіріспе нұсқаудан өткеннен кейін жұмысқа жіберіледі.

Кіріспе нұсқауды техника қауіпсіздігі бойынша инженер немесе бас инженер жүргізеді. Прораб (мастер, участке бастығы) өкім бойынша келген жұмысшыға жұмыс орнында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау өткізеді. Қайталау нұсқауы 3 айда бір рет, сонымен бірге жұмыстың жағдайы өзгеріп немесе техника қауіпсіздігі бұзылғанда жүргізіледі.

Өндіріске байланысты бақытсыз жағдайларды есептеу және тіркеу тәртібі ҚР Үкіметінің 3.03.2001ж. №326 жарлығы мен бекітілген «Бақытсыз жағдайларды ескеру және тергеу Ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

          Әрбір жазымда жарақаттанушы жылдам түрде жұмыс берушіге немесе жұмыс ұйымдастырушыға хабардар ету керек.

          Жазымды тергеуде 24 сағаттың ішінде мекеме басшысымен комиссия құрылады. Оның құрамына: мекеме басшысы немесе оның орынбасары, қызметкерлер атқарушы органының өкілі немесе жарақаттанушының сенімді адамы.

          Ауыр жарақат алған немесе екі және одан да көп жұмысшылардың өліміне алып келген топтық жазымдарға арнайы тергеу жасалынады. Еңбек бойынша территориялық атқарушы  мемлекеттік орган құрған комиссия он күннің ішінде тергеу жұмыстарын жүргізеді. Ол комиссияның құрамына төмендегілер кіреді: төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы, мүшелері –жұмыс беруші, қызметкерлер атқарушы органның өкілі немесе жарақаттанушының сенімді адамы.

          Өндіріске байланысты жұмысшының еңбек ету қабілетін жоятын әрбір жазым бір күннің ішінде Н-1 түріндегі акты  толтырылады.

 

1.2.1 Травматизмді талдау әдістері.

     Травматизмді талдау статистикалық, топтық, монографиялық және топографикалық әдістермен жүргізіледі.

          Тергеу актісі бойынша бақытсыз жағдайға статикалық талдау жүргізіледі. Травматизмді статикалық талдауда жазымдағы абсолюттік санының көрсеткіштері және травматизм ауырлығы мен жиілік коэффициенттерін және жұмысшылардың санын ескеретін салыстырмалы көрсеткіштері анықталады. Травматизмнің жиілік коэффициенті Кж былай анықталады

 

                                           Кж=  ,                                                  (1.1)

 

мұнда п- жазымда жарақаттанған немесе өлген адамдар саны;

Р- жазымда жарақаттанушылар тіркелген мекемедегі жұмысшылардың орташа тізімдік саны.

Травматизмнің ауырлық коэффициенті КА есептік мерзімде уақытша еңбекке жарамсыздығы біткен жағдайда ғана қолданылады. Ауырлық коэффициенті КА есептік мерзімдегі бір жазымдағы еңбекке жарамсыз күндерінің орташа саны

 

                                                  КА =  ,                                                           (1.2)

 

мұнда Т- еңбекке жарамсыз күндеріндегі суммалық уақыт;

п – жазымда жарақаттанған адамдар саны.

Шығын коэффициенті  Кш – 1000 жұмысшының еңбекке жарамсыз күндерінің саны

 

Кшж· КА=1000·=1000 .                            (1.3)

 

          Травматизмді оқып үйренудегі топтық әдіс жарақаттану ауырлығына қарамастан жазымның қайталануына негізделген. Олар жазымды анықтау мақсатында жағдайлары бірдей, бір текті жағдайда және бір текті қондырғыда болған, сонымен бірге зақымдалу сипаттамасы бойынша топтарға бөлінеді.

Травматизмді оқып үйренудегі топографиялық әдіс бақытсыз жағдай болған орында оның себептерін оқып үйренуге негізделген. Оның принципі қайталану емес, ал топографиясы, яғни травматизм болған орын шартты белгілермен көрсетіліп қойылады.

          Ерекше ауыр жағдай немесе көп санды жазымдар болған кейбір объектілерде монографиялық талдаулар жүргізіледі. Монографиялық талдауларда еңбек ету және техникалық процестер, негізгі және көмекші құрылғылар, өндіріс шарттары, жұмыс орындары, адамдар және заттар қозғалысының бағыты және траекториясы, жеке қорғаныс құралдары және киімдер, жұмыс ерекшелігі, дем алу және еңбек ету режимдері және т.б. 

 

          2 Өндірістік санитария

 

          2.1  Жылулық әсерлер мен зиянды заттардың адам ағзасына әсері

 

          Көптеген өндірістік процестер жұмыс аймағының ауасына әртүрлі түрдегі ластанулар (булар, газдар, қатты және сұйық бөлшектер) мен жылулық сәуле шығарумен жүреді (биіктігі бойынша еден деңгейінен 2 м кеңістік немесе жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін орындары бар алаңдар). Зиянды заттар адам ағзасына тигізетін әсерлер сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

          - уландырғыш, ағзаның барлық қызметінің өзгеруін тудыратын (сынап, бензол, мышьяк және оның қоспалары, қорғасын);

- тұншықтыратын, дем алу жолдары мен өңеш қабықшаларының беттік талшықтарын бұзатын (күкірт газы, хлор, азот тотықтары);

- сенсибилиздеуші, аллергендер сияқты әсер етеді (формельдегид, түрлі еріткіштер және нитроқосылыстар негізіндегі сырлар және т.б.);

- канцерогенді, қатерлі ісік ауруларын туғызатын (никель және оның қосылыстары, хром тотықтары, азбест және т.б.);

- мутагенді, тұқымдық ақпараттардың өзгеруіне әкелетін (қорғасын, марганец, радиоактивті заттар және т.б.).

Кәсіптік ауруларға мысал ретінде ұзақ уақыт шаңмен демалғанда пайда болатын пневмокониозды келтіруге болады. Олардың ішіндегі ең ауыры силикоз, адамға құрамында кремний сульфиді бар шаңның әсерінен пайда болады. Бұл ауру литий өндірісінде, құмды құрылымдық өңдегенде және т.б. орындарда кең орын алады.

          Жұмыс істеу жағдайының сипатына микроклимат үлкен әсер етеді, оның параметрлері температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауаның қозғалу жылдамдықтары болып табылады.

          Микроклиматтардың параметрлерін өзгерткенде және әртүрлі ауыр жұмыстарды орындағанда адам ағзасының тұрақты температураны (36,6°) ұстау қабілеті жылуреттегіш деп аталады.

          Адам ағзасының жылу шығаруы негізінде үш жолмен орындалады: конвекция, сәуле шығару және тердің шығуы.

Өндірістік ортаға әсер ететін факторлар қауіпті және зиянды болып бөлінеді.

Қауіпті фактор – жұмысшыны жарақатқа әкелетін әсер. Зиянды өндірістік фактордың  әсері адамды ауруға ұшыратады.

Барлық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.

Өндірістік орындарының микроклиматы – бұл бөлменің ішкі ортасындағы климат, олар: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылулық сәуле шығарудың қарқындылығы.

          Табиғи желдету: инфильтрация (ұйымдастырылмаған ауа алмасу), аэрация (ұйымдасқан, алдын – ала есептелген ауа алмасу). Артықшылығы – үнемділігі, кемшілігі – қоршаған ортадағы зиянды заттар өзінің физика-химиялық құрамын өзгертпестен бөлменің ішіне енеді.  

Жасанды желдету – артық жылуды, зиянды заттарды және артық ылғалды жою үшін қолданылады:

а) зиянды заттарды жою үшін:  L УД=W/ (СУД-CПРИТ)*g, [м3/сағ],

мұнда W – уақыт бірлігіндегі зиянды заттарды бөлу қарқындығы (мг/сағ); См, Сприт – ауадағы зиянды заттардың концентрациясы, См = ШРК, Сприт=0 концентрациясы мг/ м3 – мен өлшенеді; g – жұмыс аумағының ауасына зиянды заттардың түсуінің біртексіздік коэффициенті. Сондықтан ауа мөлшері вентиляциялық ойық ауданымен есептеледі: F=Cм /3600v, (м2), газоходтағы ауаның жылдамдығы v =0,5 – 3 м/с ;

          б) жылу қалдықтарын жою үшін: L= Qизб/cg(tУХ-tПРИТ), (м3/час),  Qизб =QПОСТ-QУХ, (Дж*м3/с), с және g  жылу сыйымдылық және ауа тығыздығы, tух , tприт – ауа температурасы, tУХ = tРЗ+Dt*(H-2); tРЗ – жұмыс аймағының температурасы; ∆t – температуралық ингридиент, температураның бөлме биіктігінен өзгеруін көрсетеді (0,5 – 1,5°С), Н – бөлме биіктігі,м. Нақты ауаның температурасы ыстық немесе суық мерзімдерде алынады: tприт - суық мерзім үшін – қаңтар, ыстық период үшін – шілде айлары. Ауа еселігі  k= c/v, [1/сағ], с – ауа көлемі, V – аудан көлемі. k>3 кезінде жергілікті желдету жүйесі, ал, k<3 кезінде – жалпы алмасу желдету жүйесі ұсынылады. Таза аудандар үшін L= n*w0, мұнда  n – жұмысшылар саны, w0–  бір жұмысшы үшін қажетті ауа мөлшері (20-30 м/сағ).

 

2.1.1 Өндірістегі шаңдану және газдану. Қорғану шаралары. Нормалануы.

          Адам ағзасына тигізетін әсері бойынша барлық қауіпті заттар 4 топқа бөлінеді: төтенше қауіпті (сынап буы, қорғасын буы, фосген); жоғарғы қауіпті (қалайы буы, йод буы, бензол); орташа қауіпті (күкірт оксидтері, қышқылдар буы); қауіптігі аз (аммиак қосылыстары және көміртегі оксидтері).

          Жұмыс орындарындағы шаң дезинтеграция (бұзу) және кондексация (жұмыс аймағына жоғарғы температуралық процестерде пайда болған будың түзуі) процестерінің әсерінен тууы мүмкін.

Шаңның әсері үш түрлі кәсіптік аурулардың тууына әкеп соғады:       а) өкпе аурулары – пневмоканиоз; б) дерматит – тері аурулары;                    в) конъюктивит – көз қабықшасының зақымдануы.

          Шаң ауруларын профилактикалау шаралары: а) шаңның пайда болуымен күрес; б) шаң сүзгіш құрылғылары; в) биологиялық профилактика (ультракүлгін шағылысу); г) жеке қорғаныс тәсілі (респиратор, арнайы киім, шаңға қарсы көзілдірік).

 

2.2  Шу, діріл және ультрадыбыс

 

2.2.1 Шудың және дірілдің адам ағзасына тигізетін әсері, нормасы және қорғану шаралары.

Адамның құлағы 16 Гц – 20 кГц диапазондық жиілікте естілетін дыбысты қабылдай алады. 16 Гц жиіліктен төмен тербелісті инфродыбыстар деп, ал 20 кГц-тен жоғары ультрадыбыстар деп атайды.

Шу – адамның естуіне жағымсыз әсер ететін және демалуына, жұмыс істеуіне кедергі жасайтын дыбыстар жиынтығы. Дыбыс жиілікпен (қарқындылық) және дыбыстық қысыммен (Р) сипатталады.

          Дыбыстық толқынның таралуы кеңістікте тербелісті энергиямен бірге жүреді. Оның 1 м2 ауданынан өтетін, перпендикуляр бағытта таралатын дыбыстық толқында орналасқан саны дыбыс күшіне I, Вт/м2 немесе қарқындылыққа қызмет етеді.

,                                               (2.1)

 

мұнда Е - дыбыс энергиясының ағыны, Вт;

S - аудан, м2.

          Адамның есту мүшесі қарқындылыққа емес, ал дыбыс толқыны беретін қысымға Р, Па,  сезімтал болады және ол мына формуламен анықталады

 ,                                                                     (2.2)                                                                    

мұнда F – дыбыстық толқынның жазықтыққа әсер ететін күші, Н;

S – дыбыс толқынына түсетін жазықтықтың ауданы, м2.

Тәжірибеде қолданатын қарқындылықтың өлшемі және дыбыстың қысымы кең аралықта өзгереді. 1000 Гц жиілікте есту қабілетіне 1012 Вт/м2 қарқындылықты дыбыс және   2·105 Па дыбыстық қысым сәйкес келеді. 1012 Вт/м2 қарқындылықты дыбыс және 2·102 Па дыбыстық қысым кезінде құлақта ауыртпалы сезім туады. Бұл деңгейлер ауырып сезілудің босағасы деп аталады және сәйкесінше 1014 және 107 рет есту босағасын жоғарылатады. Сондықтан шуылды бағалау үшін қарқындылықтың абсолюттік мәні мен қысымы емес, естудің бастапқы кезеңіне сәйкес келетін дәлел арқылы құрылған қарқындылық пен қысым шамаларының қатынасын сипаттайтын алгоритмдік бірліктегі деңгейін өлшеу ыңғайлы. Логарифмдік бірлікте қарқындылық және дыбыс қысымының 10 есеге өсуі  бел (Б) деп аталатын 1 бірлікке сәйкес келеді

 

  ,                                                      (2.3)

 

мұндағы I 0 және Ро – дыбыстық қысым мен қарқындылықтың берілген мәндері.

          Дыбыс ретінде қабылдайтын энергияның бүкіл диапазоны 13 – 14 Б шарттарында қабылданады. Ыңғайлы болуы үшін 10 есе кіші децибел (дБ),  пайдаланылады, ол құлақпен ажырататын дыбыс күшінің минималды өсуіне сәйкес келеді.

          Қазіргі кезде шудың қарқындылығын дыбыстық қысым деңгейінде сипаттайды. Ол келесі формуламен анықталады

 

   ,                                                                 (2.4)

                                                     

мұндағы Р – дыбыстық қысымның орташа квадраттық мәні, Па; 

Ро – дыбыстық қысымның берілген мәні (ауада Ро =2·105 Па).

          Дыбыстың үшінші қажетті сипаттамасы болып оның биіктігін анықтайтын, 1 с (Гц) өтетін толық тербеліспен өлшенетін тербеліс жиілігі анықтайды. Тербелістің естілетін диапазоны октавты тіліктерге үлестірілген. Олардағы жоғарғы шекарасы екі есе төменгі жиілікке тең. Әрбір октав тіліктері орташа геометриялық жиілікпен сипатталады, ол келесі формуламен анықталады

 

  ,                                       (2.5)

 

мұндағы  f1төменгі шекаралы жиілік, Гц;

 f2— жоғарғы шекаралы жиілік, Гц.

Адамға әсер ететін шудың жіктелімі

          Спектр сипаты бойынша: үздіксіз спектрлі кеңістікті шу; спектрда лебізді рең беретін тональды шу.

          Уақыттық сипаттамасы бойынша-тұрақсыз шу. Тұрақсыз шулар уақыт аралығындағы тербеліс және импульсті тербеліс болып бөлінеді.

          Ультрадыбыстың гигиеналық жіктелімі

Таралу тәсілі бойынша түйіспелі және ауалық  болып бөлінеді.

          Ультрадыбыс тербеліс көзінің түрі бойынша қолдық және стационарлы болып сипатталады.

Ультрадыбыстық тербелістің спектрлік сипаты бойынша: төменгі жиілікті ультрадыбыс – 16 – 63 кГц; орташа жиілікті ультрадыбыс – 125 – 250 кГц; жоғарғы жиілікті ультрадыбыс – 1,0 – 31,5 МГц.

          Ультрадыбыстық тербелістің өндіру тәртібі бойынша: тұрақты және импульсті ультрадыбыс.

           Ультрадыбыстық тербелістің сәулелену тәсілі бойынша магнитстрикционды генераторы бар ультрадыбыстың көздері және пьезоэлектрлі генераторы бар ультрдыбыстың көздері.

Шуды нормалауда 12.1.003 – 83 – МЕМСТ бойынша қауіпсіздену талаптары орындалады. Тұрақты шу үшін орташа геометриялық жиіліктегі дыбыстық қысымның деңгейі  нормаланады.

           Акустикалық есептеу үш деңгейде жүреді:

          а) есептеу және құрал көмегі әдісі бойынша барлық сегіз орташа геометриялық жиіліктегі жұмыс орындағы шу қарқындылығын анықтау;

б) жұмыс орындағы нормативті мәндері бар шудың есептелген және өлшенген деңгейін салыстыру;

в) егер орташа геометриялық жиіліктің біреуінде шудың деңгейі жоғарыласа, онда қорғану әдістерін қолдану керек.   

Қорғаныс әдістері: а) шу көзіндегі шуды азайту. Мысалы: механикалық шу үшін – майлау, аэродинамикалық шу үшін - өшіру жүйесі, электромагниттік түрдегі шу үшін – пакеттің толық прессовкасы;                 б) арақашықтықпен қорғану, процесті алыстан басқару; в) құрылғылар мен цехтарды дұрыс орналастыру; г) дыбысты өзіне сіңдіретін және оқшаулайтын материалдарды қолдану.

Қатты денелер арқылы 2-63 Гц жиілікте берілетін тербеліс –дірілдік тербеліс деп аталады. Діріл шығу көздеріне қарай олар а) технологиялық,   б) көліктік, в) көлікті-технологиялық болып бөлінеді. Организмге әсер ету бойынша ішкі және жалпы болып бөлінеді. Діріл XYZ осімен ауытқу бағыты, ауытқу амплитудасы А (м), діріл жылдамдығы v=2p/А (м/с) және діріл үдеуі бойынша W=4pf2A (м/с2)  сипатталады.

Діріл жылдамдығының деңгейі: LV=20lg v/v0 , дБ,  мұндағы v0 - тіректі діріл жылдамдығы (10-8 м/с), v=1м/с -ауыратын кезеңінде болады. Діріл ауруы – кәсіби ауру.  Дірілдеткішті  нормалау  ССБТ 12.1.012-90 ГОСТ  бойынша  қалыптасады  (санитарлық  және  техникалық  нормалау).

Санитарлы  нормалауда – орташа геометриялық  жиіліктегі  діріл  түріне  байланысты  діріл жылдамдығының  деңгейі  келтіріледі.

 

2.1 кесте - Жергілікті діріл

Норм. параметр, f

8

16

32

63

LV, дБ

120

120

112

114

v, см/с

5

5

3,5

2,5

 

2.2 кесте - Жалпы діріл

Норм. параметр, f

2

4

8

16

31,5

63

LV, дБ

108

99

93

92

92

92

v, см/с

1,3

0,45

0,22

0,2

0,2

0,2

 

Қорғаныс  әдістері: а) діріл  көзіндегі  дірілді  азайту; б) діріл тудыратын  және  діріл жұтқыш  материалдарды  қолдану; в) жеке қорғаныс материалдарын  қолдану. 

 

          3 Өндірістік жарықтану

 

Жарық беретін қондырғылардың жобалауы ҚР СНиП 2.04.-05.2002  (Табиғи және жасанды жарық. Құрылыс, қала құрылысы және архитектура саласындағы мемлекеттік нормативтері) нұсқаудағы қабылданған жалпы қағидаларға бағынады.

Жобаның жарық техника бөлімінде жарық сапасының көрсеткішін және жарықтандыру мағынасын, жүйесін, түрін және жарық әдістерін, жарық көздерімен жарық аспаптарын таңдауы орындалады.

Жарық аспаптарының түрі, қуаты және орналасуы жарық техникалық есептің нәтижесі бойынша таңдап алынады.

Жобалаудың тәжірибесінде жарық беретін қондырғылардың бірнеше нұсқауларын зерттеу қажет болады. Нұсқаулар бір-бірінен бөлек немесе жиынтық сипаттамасының өзгешелігі (әртүрлі жарық жүйесі, әртүрлі шамдар мен жарық көздерінің типтері, шамдарды орнатудың әртүрлі биіктігі) арқылы ерекшеленеді.

Жасанды жарық түрлері.

Жасанды жарықтың түрлері жұмыстық, апатты, қорғау және күзету болып бөлінеді.

Жарық қондырғылары нормалық режимде істеуіне  жұмыстық жарық қажетті жағдайды қамтамасыз етеді. Ол барлық бөлмелерде және ашық кеңістікте міндетті түрде қажет.

Қорғау жарығы  - жұмыстық жарықтың бір түрі, ол өндірістік кәсіпорын территориясының шекарасы бойынша орнатылады.

Апаттық жарық  қауіпсіз және эвакуациялық жарыққа бөлінеді.

СНиП [1] бойынша қауіпсіз жарық нормативтік жарықтың 5 % -ынан төмен болмауы керек, бірақ  бөлмеде 2 лк-тен кем емес, ал сыртта 1 лк-тен кем емес болуы керек. Егер  тиісті дәлел болса, онда люминициентті шамдар жарығын 30 лк-тен, ал қыздыру шамдар жарығын 10 лк-тен асыруға рұқсат беріледі.

Апаттық жағдайда жұмыстық жарық сөнген кезде адамдарды бөлмелерден және ашық кеңістіктен қауіпсіз көшіруге эвакуациялық жарық пайдаланылады. Эвакуациялық жарық бөлмелерде 0,5 лк-тен, ал сыртта 0,2 лк-тен кем  болмауы қажет.

Барлық жасанды көздері іс-әрекет бойынша екі топқа бөлінеді: температуралық және разрядты. Қыздыру шамдарының барлық түрлері температуралық жарық көздеріне жатады. Олардың сәуле таратуы вольфрам сымының электр тогынан қызуы әсерінен пайда болады. Разрядты (люминициенттік) шамдардың сәуле тарауы берілген температурада плазманың қозуынан болады. Оның шыны түтігінің іш жағына люминофор қабаты жалатылған. Түтіктің ішіне сынап тамшысы және белгілі бір мөлшерде инертті газ (аргон, неон) ендіріледі. Люминициентті шамды айнымалы ток көзіне қосқанда, оның электродтарының арасында электр тогы туып, сынап атомдарын жарқыратады.

ТМД елдерінде шығарылатын шамдардың маркировкасы төмендегідей: В - вакуумдық, Г - га­з толтырылған, Кч – криптонмен толтырылған, Б - биспиралды, МТ – шыны сауытымен, МО – жергілікті жарық.

Галогендік шамдар таңбаларының ішінде: бірінші әріп – шыны сауыттың материалы (кварц), екінші әріп - вид галоген қоспасының түрі (И - таза йод, Г – галогендік қоспалар), үшінші әріп – қолдану саласы (О – сәуле түсіру), М - шағын, К – дене қыздыруын шоғырлау. Цифрдың бірінші тобы ваттпен өлшенген қуатты көрсетеді, соңғысы – бөлшектеудің нөмері. Негізінен құбырлы КГ типті шамдар пайдаланылады. Олардың қуаты 220 В кернеуде - 1; 1,5; 2; 2,5; 5 кВт.

Қыздыру шамдардың техникалық жетілуінің бағыты жарық беруді жоғарылату, пайдалану уақытын созу және әртүрлі форма мен түстері болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында жарық көздерін шығаратын бүкіл дүниежүзіне белгілі фирмалардың өнімдері кең тараған: Philips, Osram, General Elec­tric және тағы басқалар. Philips фирмасының кейбір шамдарының негізгі сипаттамалары 1.1-1.3 кестелерінде көрсетілген.

 

                    1.1  к е с т е - Philips фирмасының  қыздыру шамдары   

Түрлері

Қуаты, Вт

Кернеуі, В

Жарық ағыны, лм

Сауыт түсі

STANDARD

25

230

195

ақ

STANDARD

40

230

370

ақ

STANDARD

60

230

630

ақ

STANDARD

75

230

840

ақ

STANDARD

100

230

1200

ақ

CANDLE

25

230

215

ашық

CANDLE

40

230

415

ашық

CANDLE

60

230

670

ашық

CANDLE

25

230

195.

ақ

CANDLE

40

230

365

ақ

LUSTRE

25

230

185

ақ

LUSTRE

40

230

350

ақ

LUSTRE

60

230

580

ақ

 

        1.2  к е с т е - Philips фирмасының  ықшам люминициентті шамдары   

Түрлері

Қуаты, Вт

Кернеуі, В

Жарық ағыны, лм

Ambiance PRO 12000 сағ

6

230-240

250

Ambiance PRO 12000 сағ

23

230-240

1350

Ambiance 6 жыл

6

230-240

250

Ambiance 6 жыл

20

230-240

1200

Ambiance Globe

9

230-240

425

Ambiance Globe

20

230-240

1100

PLE-TPRO

11

230-240

600

PLE-TPRO

23

230-240

1500

PL С PRO

5

230-240

200

PL С PRO

18

230-240

1100

Economy 6 жыл

6

230-240

230

Economy 6 жыл

20

230-240

1200

 

 

            1.3  к е с т е - Philips фирмасының  сынапты шамдары   

Түрлері

Қуаты, Вт

Жарық беру индексі  R,,

Түстік температура, К

Жарық ағыны, лм

HPL-N

50

49

4200

3200

HPL-N

80

48

4300

3600

HPL-N

125

46

4100

6200

HPL-N

250

40

4100

12700

HPL-N

400

40

3900

22000

HPL-N

700

36

3900

38500

HPL-N

1000

33

3900

58500

HPL COMFORT PRO

50

57

3500

2000

HPL COMFORT PRO

80

57

3500

4000

HPL-COMFORTPRO

125

55

3400

6700

HPL COMFORT PRO

250

51

3300

14200

HPL COMFORT PRO

400

47

3500

24200

HPL-R

125

43

4100

5700

HPL-R

250

37

4100

12000

HPL-R

400

36

3900

20500

                    

Жарық көздерін таңдау.

Жарық көздерін таңдағанда келесі нұсқауларды еске алу қажет:

а) жалпы ішкі және сыртқы жарық беруге разрядты шамдарды пайдаланған жөн;

б) жарық сапасына нормативтік талаптарын орындау мүмкін болғанда көбіне бірлік қуаттағы шамдарды қолдану;

в) техникалық қажеттілік немесе архитектуралық көркемдік түсінігі бойынша бір бөлменің ішінде разрядты және қыздыру шамдарды пайдалануға рұқсат етіледі;

г) разрядты шамдарды тұрақты токпен қамтамасыз етуге, сонымен қатар ток кернеуін номиналды деңгейден 90 % -ға төмендетуге рұқсат етілмейді.

Қыздыру шамдарын пайдалану ортасы:

-  бөлмелер ортасында ауыр жағдай және жарылысқа қауіпті зоналар болса және РЛ шамдары жоқ болса;

- адамдар уақытша болатын VI және VIII топтағы көру разрядты бөлмелерде, сонымен бірге техника-экономикалық мақсатқа сәйкес адамдар үнемі болатын бөлмелерде;

- 127 В және одан жоғары кернеуді қолдану рұқсат етілмеген кезде электр тогынан жарақаттану қаупі жоғары бөлмелерде жалпы және жергілікті жарық беруге;

-  жарық ағыны немесе оның бағыты шоғырлану қажетінде, сонымен қатар ЛЛ шамдарын орналастыру құрылымдық мүмкін болмаса жергілікті жарық беруге;

- радиобөгетке жол бермейтін бөлмелерде (жұмысты дәлдік істегеніне тәуелсіз);

- апатты жарық беруге.

Жарық беру қондырғыларын есептеу әдістемесі

Өндірістік бөлмелерге жарық беру есебі кешенділік мақсат болып табылады. Есеп шығару барысында шамдарды орналастыру тәртібін, олардың санын, ілу биіктігін, шамдардың қуатын табу қажет. Шамдардың санын, қуатын және орналастыруын типтік шешімдер негізінде табады. Егерде типтік шешімдер болмаса, онда жарық техникалық есептерге негізделеді.

Шамдарды орналастыру

Жалпы жарық беру жүйесінде шамдарды біркелкі немесе шектеулі (локалды) орналастырады. Бөлменің барлық ауданына біркелкі жарық түсу үшін шамдарды симметриялық қатармен дұрыс орналастыру қажет. Локалды жарық беру үшін шамдар әрбір жұмыс орнына жеке орнатады және ол тек қана жұмыс орнын жарықтандырады.

Шамның іліну биіктігі көру шегі шарттары бойынша анықталады. Шамдарды орналастыру көбіне шаршы, тік үшбұрыш бұрыштары бойынша немесе шахматтық тәртіпте жүргізіледі. Жарық техникасында шамдар арасындағы салыстырмалы қашықтық ұғымы (L) пайдаланады. Дегенмен қанағаттандыратын энергетикалық көрсеткіштерде жарықтануды біркелкі беру үшін салыстырмалы қашықтықты таңдап алуға болады. Бұл ретте келесілер ескеріледі:

а) жылдық есептік шығындар бойынша үнемділік;

б) энергетикалық үнемділік;

в) жарық техникасы үнемділігі.

Шамдардың арақашықтығы шамдардың түріне, жұмыс бетінен іліну биіктігіне, сонымен бірге архитектура және құрылыс жағдайларына байланысты болады.

Жалпы жарық беру шамдарын орнату биіктігі көптеген факторларға негізделген: бөлменің биіктігіне және бөлменің жоғары зонасында кейбір өндірістік құрылғылардың, инженерлік коммуникацияның орналасуына, өндірістік құрылғылардың биіктігі және орналасуына, сонымен бірге жарықты талап ететін жұмыс зонасының және басқа орындардың орналасуына. 

 

       3.1 Жарықтандырудың  негізгі  сипаттамалары

 

          Өндірістік  жарықтандыру  сандық  және  сапалық  көрсеткіштермен  сипатталады. Сандық  көрсеткіштер  негізгі  жарықтехникалық  өлшемдермен  сипатталады, оларға  жарық  ағыны, жарық  күші, жарықтану  және  айқын  жарықтану  жатады.

Сапалық  көрсеткіштер  көру  жұмысындағы  жағдайларды анықтайды, олар: фон, айқындылығы, соқырлық  көрсеткіштігі, жарықтану  толықсыма  коэффициенті, дискомфорт көрсеткіші.

Жарық  ағыны (F)—сәуле  энергиясының  қуаты. Жарық  ағыны  люменмен  (лм)  өлшенеді.

  Жарық  күші  (I ) - жарық  ағынының кеңістіктегі  қысымы. Жарық  күші  дене  бұрышының  жарық  ағынына  қатынасымен  анықталады, өлшем  бірлігі кандела (кд)

 ,                                                                        (3.1)

мұнда  I —жарық  күші, кд; 

F —жарық  ағыны; лм;

w —дене  бұрышы, ср.

Дене  бұрышы (w)  косинуспен  шектелген  кеңістіктің  жартысы, ол  сфераның  ортасындағы  шыңға  ие. Дене  бұрышы  аудан (S)  қатынасымен  анықталады.

Жарықтылық  (Е) - жарық  ағынының  беттік  тығыздығы. Ол  беттік  элементке  түсетін  жарық  ағынының  сол элемент ауданына қатынасымен  анықталады  және  люкста (лк)  өлшенеді

 

 ,                                                                      (3.2)

мұнда  Е — жарықтылық, лк;

F -беттік  элементке  түсетін  жарық  ағыны;

 S - беттік  элементтің  ауданы, м2.

Беттік  айқындылық (В) – көз қабылдайтын жарық техникалық  шама

 

,                                          (3.3)

 

мұндағы  В—беттік  айқындылық, кд/м2;  

I—жарық  күші, кд;

S—шағылысатын  беттің  ауданы, ;

α - шағылысу  бағытымен  беттік  жазықтың  арасындағы бұрыш.

Фон—қаралатын  ажырату  объектісіне  ескертілген  беттік. Фон  мынадай  болып  саналады: ашық – беттің сәулелену коэффициенті 04  тен көп болса, орташа - 0,2  ден  0,4  дейін, қараңғы - 0,2-ге  дейін.

Объект контрасты төмендегі теңдеумен анықталады

 

,                                                    (3.4)

                                                                     

мұнда  Lо -ажырату объектісінің  айқындылығы, кд/м2;  

Lф -фон  айқындылығы, кд/м2.

Өндірісті жарықтануға қойылатын негізгі жарық техникалық талаптар:

а) жұмыс орындарын жарықтандыру деңгейі орындалатын жұмыстың сипатына сәйкес болуы қажет;

б) уақыт бойынша тұрақты және бір қалыпты жарықтануы;

в) қатты жылтырау мен айқындылықтың жоқ болуы;

г) жұмыс орындарында диффузиялық - жарық ағыны болуы керек (яғни көлеңкесіз жарықтандыру).

Сонымен бірге, жасанды жарықтандыруды қамтамасыз етуге қосымша қойылатын талаптар: табиғи жарыққа жақын тиімді спектральді құрылым; жүйе зиянды факторлардың  пайда болуын болдырмау керек; электр және өрт қауіпсіздігін сақтау.

Өндірістік жарық СНиП- II-4-79 бойынша нормаланады, мұнда табиғи жарық КЕО (табиғи жарықтандыру коэффициенті) бойынша нормаланады

 

                                                  ,       %.                               (3.5)

 

Қазақстан үшін (IV жарық белдеуі ) еIV=eIII×m×c, мұндағы с, m -табиғи жарықтанудың түрін және климаттық зонаны ескеретін коэффициенттер. ТЖК (КЕО) көру жұмыс разряды мен жарықтану жүйесіне байланысты анықталады.

Жасанды жарықтандыру жарық көздері арқылы жасалады, олар екі топқа бөлінеді: қыздыру шамдары, газ разрядты шамдар.

Қыздыру шамдары - пайдалануы қарапайым, арзан өндіріледі, пульсация коэффициенті көп емес (3-ке дейін), кең аралықты температура және қысымда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кемшілігі-ПӘК-і өте кіші   (7%), жарық беруі төмен (25 лм/Вт-қа дейін), аз мерзімде қызмет етеді (2000 сағ), спектральді құрамы тиімді емес, жарықтандыруы бір қалыпты емес.

Газоразрядты шамдар - екі типті болады: төмен қысымды (түскі жарық), жоғары қысымды (ДРЛ, ДРН). Артықшылығы - үлкен мерзімде қызмет етеді (13 мың сағат), жарық беруі жоғары (25125 лм/Вт), жарықтандыруы бір қалыпты, спектральды құрамы тиімді болады. Кемшілігі: қымбат, қоршаған ортаның ластауы.

Жасанды жарықтандыру жұмыс разрядына байланысты жарықтылықпен  (Е), жарықтандыру жүйесі және жарық көздерінің түріне байланысты СНиП II – 4 – 79 бойынша нормаланады.

Жасанды жарықтандыруды жарық ағынының пайдалану коэффициенті әдісімен (жалпы жарықтану), нүктелік (аралас) және меншікті қуат әдісі арқылы есептеледі.

 

         3.2  Жасанды жарықтану есебі

 

Жасанды жарықтану есебін жүргізу негізінен жарықтанудың қалыпты мәнін қамтамасыз ету үшін шамдардың санын және қуатын анықтау  болып табылады.

Жасанды жарықтану есебін төмендегі үш әдіспен жүргізуге болады: жарық ағынының пайдалану коэффициенті бойынша, нүктелік және меншікті қуат әдістері бойынша.

Есептеу барысында жалпы жарықтың біркелкі түсуін анықтауда негізінен қабырға, төбе және еденнің шағылысуын ескере отыра жарық ағынының пайдалану коэффициенті әдісі қолданылады.

Есептеу шамдардың түрлерін таңдаудан басталады. Ол жұмыс бөлмесінің өртке, жарылысқа қауіптілігі класына және ортаның жағдайына байланысты қабылданады.

Жарықтануды жарық ағынының пайдалану коэффициенті әдісімен есептеу

Жұмыс бөлмесі үшін көлденең беттің жалпы біркелкі жарықтануын қарастырғанда жарықтану жарық ағынын пайдалану коэффициенті әдісімен есептеледі.

Бұл әдіспен көлденең беттегі есептік жарықтануды шамдардан шығатын жарық ағынының қабырғаға, төбеге шағылысып жұмыс бетіне түсуін ескере отырып анықтайды. Өйткені бұл әдіс жарық ағынына шағылысып құрылған жарықтану құрамын ескереді. Бұл әдісті жарық ағыны маңызды рөл ойнайтын бөлмелер үшін (қабырғалары және төбелері ашық түсті)  қолданады.

Бөлмеде орнатылған шамдардың сәулеленуіндегі барлық жарық ағынына  есептік бетке түсетін жарық ағынының қатынасы жарық қондырғыларындағы жарық ағынының пайдалану коэффициенті деп аталады

                     ,                                        (3.6 )

 

          мұнда  - шамдардан тікелей жарықтану бетіне түсетін жарық ағыны, лм;

Фотр – сол жарықтану бетіне түсетін шағылысу жарық ағыны, лм;

Фл - әрбір лампаның жарық ағыны, лм;

п – жарықтану бөлмесіндегі шамдардың саны.

Пайдалану коэффициентінің мәні бірден кіші болады, өйткені пФл мәні әрқашан да мәнінен үлкен болады. Оның себебі жарық ағынының кейбір бөліктері қабырғаға, төбеге және жарық арматурасына сіңеді.

Пайдалану коэффициентінің мәніне төмендегі факторлар әсер етеді:

- шамның түрі және ПӘК-і (КПД). Таңдалған шам қаншалықты жарық ағынын жарықтану бетіне бағыттаса, соншалықты пайдалану коэффициенті көп болып, оның шығыны сонша аз болады;

- бөлменің геометриялық өлшемі. Шағылысуға салыстырғанда жарықтану беті қаншалықты көп болса, сонша пайдалану коэффициенті көп болады, өйткені өседі ;

- жарық беру бетінен шамдардың ілінуіне дейінгі биіктік. Жарық беру бетінен шамдардың ілінуі қанша жоғары болса, жарық ағынының төбе және қабырғаға сіңуі көп болады, нәтижесінде пайдалану коэффициенті азаяды;

-  қабырға мен төбенің боялу түсі. Қабырға мен төбенің боялу түсі қаншалықты ашық болса, сонша шағылысу коэффициенті көп болып, Фотр өседі, соның нәтижесінде пайдалану коэффициенті өседі.

Бөлменің ауданына, пішініне және биіктігіне η тәуелділігін кешенді сипатта – бөлменің индексі арқылы ескеруге болады.

 Бөлменің индексі төмендегідей табылады

 

                                             ,                                               (3.7)

 

мұнда А, В, S – бөлменің ұзындығы, ені және ауданы.

Егер шамдардың түрі, олардың саны және орналасуы анықталған болса, онда жарық көзінің есептік ағынын шамның қуатына жақын стандартты мәні арқылы алынады.

Жарықтанудың қалаған есебі бойынша анықталған жарық ағыны бойынша  нормативтік жарықтану беретін стандартты шамды таңдағанда есептелген жарық ағынының мәні дәл келмесе, онда оны +20 % -дан -10 % -ға дейін ауытқуда  алуға болады.

Жарық көзінің есептік ағыны төмендегі теңдеу арқылы есептеледі

 

                                      ,                                         (3.8)

мұнда N – жарық көзінің саны;

К – қор коэффициенті;

z – минималды жарықтану коэффициенті (орташа және минималды жарықтанулардың қатынасы).

Есептеулерде z коэффициенті төмендегідей қабылданады: төбелері тік бұрышты орналасқан шамдар үшін - 1,15; қатар орналасқан ЛЛ шамдары үшін - 1,1; қыздыру шамдары үшін - 1,2.

Егер шамдардың түрі және қуаты берілген болса, онда шамдардың саны төмендегі теңдеу арқылы табылады

 

                               .                                       (3.9)

 

Нормаланған жарықтануды қанағаттандыратын шамдардың қуатын және санын тапқаннан кейін  жарықтанудың төмендегі сапалық көрсеткіштері бойынша тексеру жүргізіледі: бөлмедегі орнатылған шамдар қызмет көрсетуші адамдардың көру қабілетіне кері әсерін тигізбеуі және жарық көзі ретінде газразрядты шамдарды пайдаланғандағы жарық пульсациясы. 

Меншікті қуат әдісімен жарықтануды есептеу.

Жарық ағынының пайдалану коэффициенті әдісінің бір бөлігі меншік-ті қуат әдісі бойынша есептеу болып табылады.

Меншікті қуат әдісі бойынша есептеулерді жүргізу келесі жағдайларда қолданылады: жарық қондырғысына орнатылған қуатты алдын ала анықтау үшін; жарық техникалық есептің дұрыс жүргізілуін жуықтап бағалау үшін; дәлдік жұмысты талап етпейтін орташа және кіші бөлмелердің жарықтануын жобалаған кезде жүргізіледі.

Жобалау үшін бөлменің ауданы, биіктігі, таңдалған шамның түрі және минималды жарықтануы бастапқы деректерде беріледі. Анықтамаларда әртүрлі нормаланған жарықтану, бөлменің ауданы және биіктігі үшін w мәні келтірілген. Шамдардың санын алдын ала алып, анықтаманың кестесі бойынша қуатты w анықтаймыз, содан соң шамның қуаты төмендегі теңдеу бойынша анықталады

 

                                          .                                                         (3.10)

 

Табылған шамның қуатының мәні стандартты мәнге жуықтап алынады.

          Нүктелік әдісіпен жарықтануды есептеу.

Жарықтануды нүктелік әдіспен анықтау 1-суретте көрсетілгендей  көлденең беттегі А нүктесіндегі жарықтануды анықтау талап етілсін.

Q жарық көзі Q көлденең бетіне жарық түсіреді. Жарық көзінен R қашықтықта орналасқан А нүктесіндегі Ег жарықтануды анықтау талап етіледі (3.1-суретке қараңыз).

Жарықтану мен жарық күші арасындағы белгілі қатынасы негізінде  А нүктесіндегі жарықтануды төмендегі теңдеу арқылы анықтаймыз

 

                           ,                                                            (3.11)

 

мұнда Iα- қарастырылған нүкте бағытындағы жарық күші;

kз – қор  коэффициенті.

          

 

3.1 сурет – Нүктелік әдіспен есептеу сұлбасы

 

R ара қашықтығын  hp  есептік биіктіктен шамның іліну биіктігі арқылы көрсетуге болады

                                   .                                               (3.12)

Соған байланысты, А нүктесіндегі бір шамның беретін көлденең жарығы төмендегі теңдеу арқылы

                                                 .                                          (3.13)                   

          Көлденең жарықтану есебі төмендегі тәртіпте жүргізіледі:

1)    Берілген шамның іліну биіктігі бойынша tgα  мәнін анықтаймыз

                                    ,                                          (3.14)

мұнда d – шамның осі проекциясы бетінен есептік нүктеге дейінгі ара қашықтық (d  мәні жоспар бойынша өлшенеді), м;

2) табылған α бұрышының тангенсі бойынша α бұрышын және  cos3α  мәні тригонометриялық кесте бойынша анықталады;

3) таңдалған шам түрі бойынша  жарық күшінің бұрышқа салыстырғандағы мәні жарықтехникалық анықтамаларда келтірілген;

4) есептік теңдеу бойынша Е/АГ  көлденең жарықтануы (1000 лм -дегі шам үшін) анықталады;

5) (3.8) теңдеу бойынша алынған жарықтану шамда орналасқан ағынды ескере отыра қайта есептеледі

                           ,                                                        (3.15)

мұнда  Fл –МемСТ бойынша шамның жарық ағыны.

Егер А нүктесі  Q бетінде бірнеше шамдармен жарықтанатын болса, онда А нүктесіндегі нақты жарықтануды анықтау үшін төмендегі теңдеу қолданылады 

                                 ,                                                    (3.16)

мұнда μ – алыстағы шамдардың жарығын және жарық ағынының қабырғаға, төбеге және есептік бетке шағылысуын ескеретін коэффициент. Бұл коэффициент шамдардың қуатын өсірмей, түзету үшін алынған.

          Сыртқы қабаты эмалданған шамдар үшін  μ=1,1-1,2. Айналық шамдар үшін μ=1,0. Тік  жарығы көбірек шамдар үшін μ=1,3-1,6. 

         

          3.4  кесте - Жарық климатының коэффициенті, m

 

 

 

Жарықтың түсу ойығы

 

 

 

 

Әлем бағдары бойынша жарық ойығының бағыты

Жарық климатының коэффициенті, m

Басты аудандар тобының нөмері

1

2

3

4

 

СҚО Кокшетау Қостанай

 

Актөбе Орал

Торгай Астана

Атырау Мангыстау

Қарағанды Павлодар

Семей

ШҚО Талдықорган Жезқазған

 

Шымкент Қызыл-орда Алматы

Ғимараттың сыртқы қабырғасында

С

1

0,9

0,75

0,75

СШ, СБ

1

0,9

0,75

0,7

Б, Ш

0,9

0,8

0,7

0,65

ОШ, ОБ

0,9

0,8

0,7

0,65

О

0,9

0,8

0,7

0,65

Тік бұрышты және трапеция-лық шамдарда

С-О

0,9

0,9

0,8

0,8

СШ-ОБ

ОШ-СБ

0,9

0,85

0,8

0,75

Ш-Б

0,85

0,8

0,75

0,7

Тас төбедегі (зениттегі) шамдарда

С

0,8

0,8

0,75

0,7

3.3  Табиғи жарықтану есебі

 

Күнделікті адамдардың кіріп шығатын бөлмесінде міндетті түрде табиғи жарықтану қарастырылу қажет. Жаңа бөлмені жобалауда немесе ескісін қайта жөндеп қарастырғанда табиғи жарық түсетін ауданды («Табиғи және жасанды жарықтану. Жобалау нормалары» ҚР СНиП 2.04-05-2002  талаптарына сәйкес)  ТЖК нормаланған мәнін қамтамасыз ететіндей етіп анықтау қажет. 

Есепті жүргізу  төбеден және қабырғадан түсетін жарықтың ауданын алдын ала анықтау болып табылады. Оларды төмендегі теңдеулермен анықтаймыз

қабырғадан түсетін жарыққа

 

                                     ,                                         (3.17)

төбеден түсетін жарыққа

 

                                ,                                     (3.18)

 

мұнда:   Sо  - бөлмеге жарық түсетін аудан , м2;

S-  бөлме еденінің ауданы, м2;

ен – ТЖК -нің нормаланған мәні;

Кз –3.12  кестеден алынатын қор коэффициенті;

hо - 3.2  кесте бойынша қабылданатын терезелердің жарық сипаттамасы;

tо – жалпы жарық өткізу коэффициенті, ол төмендегі теңдеу арқылы анықталады

 

                     tоt1 t2 t3 t4 t5,                                          (3.19)

 

мұнда   t1 – материалдың жарық өткізу коэффициенті, 3.3 кесте бойынша қабылданады;

t2  - жарық өтетін өткелдерде жарықтың шығынын ескеретін коэффициент, 3.4 кесте бойынша қабылданады;

t3 – ұстап тұратын конструкцияда жарықтың шығынын ескеретін коэффициент, ол қабырғадан жарық беруде бірге тең, ал төбеден жарық бергенде 3.5 кестесі бойынша алынады;

t4 – күннен қорғайтын құрылғылардағы жарық шығынын ескеретін коэффициент, 3.6 кесте бойынша қабылданады;

t5 – шамдардың (фонардың) астына орналасқан қорғаныс торындағы жарық шығынын ескеретін коэффициент, ол 0,9 тең деп алынады;

r1 – қабырғадан жарық беруде ТЖК -нің өсуін ескеретін коэффициент, 3.9 кесте бойынша қабылданады;

Кзд – карама-қарсы тұрған ғимараттың терезелерді қараңғылауын ескеретін коэффициент, 3.8 кесте бойынша қабылданады;        

Sф – төбеден түсетін жарық ауданы, м2;

hф – шамның (фонар) жарықтық сипаттамасы, 3.10 кестесінен алынады;

r2 - қабырғадан жарық беруде ТЖК -нің өсуін ескеретін коэффициент, 3.11 кесте бойынша қабылданады;

 

3.5 кесте – Қабырғадан жарық бергенде терезе  жарықтық сипаттамасының мөлшері, hо

Бөлменің ұзындығының еніне қатынасы

Бөлменің ені жұмыс бетінен әйнектің жоғарғы шегіне дейінгі биіктікке қатынасында жарық сипаттамасының мөлшері, hо 

 

1

1,5

2

3

4

5

7,5

10

4 және одан көп

6

7

7,5

8

9

10

11

12,5

3

7,5

8

8,5

9,6

10

11

12,5

14

2

8,5

9

9,5

10,5

11,5

13

15

17

1,5

9,5

10,5

13

15

17

19

21

23

1

11

15

16

18

21

23

26,5

29

0,5

18

23

31

37

45

54

66

-

 

3.6  кесте  -  t1  коэффициентінің мөлшері

Жарық өткізетін материалдың түрі

t1

Әйнектің шыны табағы:                                       

бір қабатты

екі қабатты

үш қабатты

0,9

0,8

0,75

Қалыңдығы  6-8 мм сөрелік шыны

0,8

Арматуралық табақты шыны

0,6

Өрнекті табақты шыны

0,65

Арнайы қасиеті бар табақты шыны:  

күн көзінен қорғайтын

кереғарлы

0,65

0,75

Органикалық шыны:                                                        

мөлдір

ақ түсті

 

0,9

0,6

 

Кф- шамның (фонар) түрін ескеретін коэффициент, 3.7 кесте бойынша қабылданады.

  12 және 13 - теңдеулер бойынша жобаланатын бөлме үшін жарық түсу ауданына қажетті есептер жүргізіледі.

  Әртүрлі аудандарда орналасқан ғимараттар үшін ТЖК -нің нормалық мәні төмендегі теңдеу арқылы анықталады:  

 

е= eн . mN ,                                    (3.20)

 

мұнда  N –табиғи жарықпен қамтамасыз етілетін топтың нөмірі  (3.1 кестеде көрсетілген);

eн - 4 кесте  бойынша алынатын ТЖК мәні;

m - 4 кесте бойынша жарық түсу климатының коэффициенті.

 

3.7  кесте  - t2  коэффициентінің мөлшері

Өндірістік ғимараттардағы терезелер үшін  өткелдер түрлері

t2

 

Ағаш өткелдері :                    

бір қабатты

жалаң қабатты

жеке екі қабатты

 

 

0,75

0,7

0,6

Болат өткелдері:                        

бір қабатты, ашылатын

бір қабатты, жабық

екі қабатты, ашылатын

екі қабатты, жабық

 

 

0,75

0,9

0,6

0,8

 

3.8  кесте  - t3  коэффициентінің мөлшері

 

Жабынды көтергіш құрылғылар

 

t3

 

Болаттан жасалған ферма

0,9

Темір-бетоннан және ағаштан жасалған ферма және арка

0,8

Тұтас арқалық және қаңқа тіреудің көлденең қимасының биіктігі бойынша:                

50 см және одан жоғары

50 см ден төмен

 

 

0,8

0,9

 

 

 

 

3.9  кесте  - t4   коэффициентінің мөлшері

 

Күн көзінен қорғайтын құрылғы, өнім және материалдар

 

t4

Реттеліп жиналатын жалюзалар және перделер (шыны аралық, ішкі, сыртқы)

1

Тілімдердің терезе бетіне 900 бұрыш бойынша орналасқан стационарлық жалюза және экранның қорғау бұрышы 450 -тан жоғары емес:                                                           

көлденең

тік

 

 

 

0,65

0,75

Көлденең күнқағар:                    

қорғау бұрышы 300 –тан жоғары емес

қорғау бұрышы 15 тен 450 -қа дейін (көп сатылық)

 

0,8

0,9-0,6

 

3.10  кесте  - Кф коэффициентінің мөлшері

                                              Шамдардың (Фонардың) түрі

   Кф

Жабын бетіндегі жарық ойығы, ленталық

1

Жабын бетіндегі жарық ойығы, жекеленген

1,1

Қос қабат әйнектелген көлбеулік шамдар (трапециялық)

1,15

Қос қабат әйнектелген тік шамдар (фонар) (тік бұрышты)

1,2

Жалаң қабат әйнектелген көлбеулік шамдар (шед)

1,3

Жалаң қабат әйнектелген тік шамдар  (шед)

1,4

 

3.11  кесте  - Кғим  коэффициентінің мөлшері

 

Р/Нзд

 

0,5

 

1

 

1,5

 

2

3 және одан жоғары

Кзд

1,7

1,4

1,2

1,1

1

 

Ескертпе:  Кғим, коэффициентінің мөлшері қарастырылып отырған ғимараттың  терезесіне қарама-қарсы тұрған ғимараттың қараңғалауын ескереді.

 

        3.12  к е с т е – Дентаплюс стомотологиясындағы шамдардың сипаттамасы   

Түрлері

Қуаты, Вт

 

Көлемі,     мм 

Түстік температура, К

Флуоре-сценттік құбыр,Вт

DENTA T5628EL

168

1355х700х55

6500, 4000

6х28

DENTA MAXI T5628EL

224

1355х872х55

6500, 4000

8х28

DENTA PLUS T5654ELD

324

1355х700х55

6500, 4000

6х54

DENTA UT5U654EL

324

1640х1355х55

6500, 4000

6х54

  4  Электр қауіпсіздігінің негіздері

 

4.1 Адам  ағзасына  электр  тогының  әсер  етуі

 

          Электр қауіпсіздігі дегеніміз – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тогының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық  жұмыстар мен шаралардың жүйесі.

          Егер адамның екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тогы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік ток тізбегі арасындағы кернеу -жанасу кернеуі деп аталады.

          Дене арқылы жүретін электр ток адамға жылулық, биологиялық және электролиттік әсер етеді.

          Токтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, бұлшық ет және қан тамырларының қызуын тудырады.

          Токтың биологиялық әсері  токтың бұлшық еттері арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады.

          Токтың  электролиттік әсері  қан құрамының өзгеруіне алып келеді.

          Электр тогына түсіп қалғанда төмендегі зақымдалулар болуы мүмкін:

күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, электр соққысы, механикалық зақымдалулар:

          - электр күйігі электр тогының жылулық әсерінде пайда болады. Электр доғасының әсері нәтижесінде пайда болатын күйік өте қауіпті болып табылады, өйткені оның температурасы  +3000-6000° С аралығында болады;

          - терінің металдануы  электр тогының әсерінен металдың майда бөлікшелері теріге сіңуі нәтижесінде болады. Соның нәтижесінде терінің электр өтімділігі жоғарылайды, яғни оның кедергісі күрт төмендейді.

Электр белгілері деп,   ток жүретін бөліктермен тығыз байланыста болғанда, яғни оны қысып ұстағанда  теріде сұр немесе ақшыл – сары  түсті дақтың  қалуын айтамыз.

          Электроофтальмия   дегенде электр доғасының ультрафиолеттік сәулесі әсерінен көздің сыртқы қабатының зақымдалуын түсінеміз.

          Электр соққысы   болғанда,   адам ағзасы жалпы зақымданады , яғни жүйке және жүрек тамырларының бұзылуы, бұлшық еттерінің тырысуы пайда болады.

          Механикалық зақымдалулар (бұлшық етінің бөлшектенуі, сынықтар) адам бұлшықеттерінің тырысуы және де электр тоғының әсерінен төбеден құлау нәтижесінде болады.

Электр тогынан зақымдалу сипаттамасы токтың тегі мен мәніне, оның жүріп өту жолына, әсер ету ұзақтығына, адамның жеке физиологиялық ерекшелігіне және оның зақымдалған кезіндегі жағдайына байланысты болады.

          Көп жағдайларда токтың тегі мен мәні зақымдалу сипаттамасын анықтайды. Өндірістік жиіліктегі (50 Гц) кернеуі 500 В дейінгі айнымалы  токтағы электр қондырғылары тұрақты токка қарағанда өте қауіпті. Бұл адам ағзасы клеткаларындағы күрделі биологиялық процестерге байланысты болады. Ток жиілігі өскен сайын, зақымдалу қаупі азаяды. М: бірнеше жүздеген кГц жиілікте электр соққысы сезілмейді.

          Токтардың мәндеріне байланысты адам ағзасына әсер етуін былай бөлуге болады: сезінуші, жібермейтін және фибрилляциялық.

          Адам айнымалы токтың (50 Гц) әсер етуін 0,5 тен 1,5 мА аралығында сезінеді, ал тұрақты токта – 5 тен 7 мА дейін. Бұл жағдайда, адамның саусақтары қалтырап, дірілдейді; тұрақты токта тері қыза бастайды. Бұл токтар бастапқы (пороговый) сезіну токтары деп аталады.

          Жібермейтін токтарда қолдың бұлшық еттерінің тырысуы болады, яғни адам өз еркімен қолын ток жүретін бөліктерден ала алмайды. Оның мәндері айнымалы ток үшін – 10-15 мА, ал тұрақты ток үшін – 50-80 мА. Токтың ары қарай өсуі жүрек қан тамырларының зақымдалуына алып келеді. Дем алуы қиындайды және тоқтайды, жүрек жұмысы өзгереді.

          Фибрилляциялық ток  жүрек фибрилляциясын, яғни жүрек тамырларының әлсізденуін, түршігуін және тырысуын пайда етеді. Фибрилляция нәтижесінде жүректен бүркелетін қан қажетті өмір сүру органдарына бармайды және ең бірінші кезекте миды қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Қан бармаған адам миы ары кетсе 5-8 минут өмір сүреді, сондықтан да бұл жағдайда зақымдалған адамға тез және өз уақытында алғашқы көмек көрсету керек. Фибрилляция тоғының мәндері - 80 нен 5000 мА аралығында болады.

Адам денесі арқылы өтетін электр тоғының мәніне және тегіне байланысты зақымдалу сипаттамасы 4.1- кестеде көрсетілген. Тоқтың жүру жолы зақымдалу сипатына бір шама әсерін тигізеді. Өте қауіпті жол – жүрек, бас миы және тыныс алу кеудесі арқылы өтетін жол болып табылады. Электр жарақаттарын талдауда «оң қол – аяқ», «қол – қол» жолдары жиі кездеседі, ал «бас – аяқ», «бас – қол», «аяқ – аяқ» жолдары сирек кездеседі.

Адам организмі арқылы өтетін тоқтың мәні берілген кернеуге және дене кедергісіне байланысты болады. Кернеу қаншалықты көп болса, соншалықты көп ток адам арқылы өтеді.

Адамның кедергісі тұрақты емес және ол әртүрлі факторларға байланысты болады. М: терінің жағдайы, жанасу тығыздығы және шамасы, берілген кернеудің мәні және токтың әсер ету уақыты. Электр тоғының әсері астында тұрған адам денесінің кедергісін 4.1 – суретіндегі эквивалентті сұлба түрінде көрсетуге болады.  кедергісі ток кірген жердегі тері бетінің кедергісі мысалы, қолдың кедергісі.

4.1 сурет - Электр тогының әсері астында тұрған адам денесі кедергісінің эквивалентті сұлба

 

 

4.1 кесте - Адам денесі арқылы өтетін электр тогының мәніне және тегіне байланысты зақымдалу сипаттамасы

I, мА

50 Гц айнымалы токта

Тұрақты токта

0,6-1,5

Сезіну пайда болуы, қол саусақтарының дірілі

Сезілмейді

5 – 7

Қолдың қалтырауы

Сезіну пайда болуы,

Терінің қызуы

8–10

Қолды электродтан әрең алуға болады, бірақ сүйектер қатты ауырады

Қызудың көтерілуі

20-25

Қолды электродтан тартып алу мүмкін емес, тыныс алу қиындайды

Бұлшық еттің кішкене қысқаруы

50-80

Тыныс алу тоқтайды, жүрек фибрилляциясы басталады

Қатты қызу, қолдағы бұлшық еттің қысқаруы, тыныс алу қиындайды

90-100

Жүрек соғуы (әсер ету уақыты 3 с көп) және тыныс алу тоқтайды

Тыныс алу тоқтайды

  

 кедергісі терінің жағдайына байланысты 10 нан 100 кОм дейін өзгеріп тұруы мүмкін. Зақымдалмаған құрғақ терінің кедергісі 100 кОм да көп болуы мүмкін. Тері зақымдалғанда, ластанғанда және ылғалданғанда оның кедергісі күрт төмендеп он килоОмға дейін жетуі мүмкін.  адаммен сымның арасындағы сыйымдылық. Конденсатор диэлектригі тері қабаты және адам денесімен сымның арасындағы ауа болып табылады. Егер жанасу кернеуі үлкен болса, онда диэлектрик тесіледі және тізбек тек ғана  кедергісі арқылы тұйықталады.

           кедергісі – бұлшық ет және дене ішкі органдарының кедергісі. Ол үлкен емес - 0,4 және 1 кОм аралығында болады. Өйткені адамның бұлшық еттерінде органикалық заттар бар, олар электр тогын жақсы өткізеді.       

          Әдетте, электр тораптарындағы қауіпсіздікті талдауда және есептеуде адам денесінің кедергісі активті және 1 кОм деп қабылданады.

           Электр тогынан зақымдалудың сипаттамасы уақытқа байланысты болады. Токтың көп уақыт әсер етуінде тері қызады және тері терлеп ылғалданады, соның нәтижесінде оның кедергісі төмендеп адам арқылы тоқ өтетін токтың шамасы күрт өседі.

          Электр тогынан зақымдалудың сипаттамасы адамның жеке физиологиялық ерекшеліктерінеде байланысты. Егер адамның денсаулығы жақсы болса, онда электр зақымдалуы аз болады. Егер адамның жүрек қан-тамырлары жүйесі, терісі, жүйке жүйесі ауыратын болса және мас күйінде болса, онда электр тогынан алған зақымдалуы аз мәнді токтың өзінде күрделі болады.

          Токтың жүріп өту уақытына байланысты жанасу кернеуі және токтың рұқсат етілетін мәндері 4.2 - кестесінде келтірілген. Олар қорғаныстық құрылғысын есептеуде қолданылады.

 

4.2  кесте - Адам арқылы жүріп өтуге рұқсат етілетін жанасу кернеуі және  ток  

Қондырғы

Нормалық шамасы

Тоқтың әсер ету уақыты, с

0,1

0,2

0,5

0,7

1,0

3,0

Айнымалы тоқта

1000 В дейінгі кернеуде, жиілігі 50 Гц

400 Гц  жиілікте

 

 

 

500

500

_

_

 

250

250

500

500

 

100

100

200

200

 

75

75

140

140

 

50

50

100

100

 

36

6

36

8

Тұрақты тоқта

500

500

400

400

250

250

200

200

150

150

100

50

 

 

4.2 Электр қондырғыларының жіктелімі және электр қауіпсіздігі деңгейі бойынша жұмыс жағдайлары

 

          Электр қондырғылары деп электр энергиясын өндіретін, түрлендіретін, тарататын және тұтынатын қондырғыларды айтады. Оларға генераторлар, электр қозғалтқыштары, трансформаторлар, түзеткіштер, радио және телевизиялық байланыс аппаратуралары және т. б.  жатады.

          Электр қондырғыларында жұмыс  жасау қауіпсіздігі электр сұлбаларына және электр қондырғыларының параметрлеріне, номиналды кернеуге, қоршаған ортаға және пайдалану жағдайына байланысты болады.

          Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық электр қондырғылары (ПУЭ) электр қондырғыларын орнату ережелеріне (ЭОЕ) сәйкес 1000 В дейінгі және 1000 В жоғары болып бөлінеді.

          1000 В жоғары қондырғылар өте қауіпті болғандықтан, олардың қорғаныс қауіпсіздік шараларына қатаң талаптар қойылады.

Электр қауіпсіздігі деңгейі бойынша жұмыс жағдайлары  3 категорияға бөлінеді: адамдардың электр тогына түсіп қалу қаупі өте жоғары, өте қауіпті және жоғары қаупі жоқ.

          Өте жоғары қауіпті жағдайда төмендегі белгілердің біреуі болуы керек:

-        ылғалдылық (салыстырмалы ылғалдылық 75% тен көп);

-        температура ( ұзақ уақыт бойы +35° С астам болатын), т.б.

Бұл жағдайларда қауіпсіздікті азайту үшін кіші кернеуді (42 В) пайдаланған дұрыс.

Өте қауіпті жағдайда төмендегі белгілердің біреуі болуы керек:

-        ерекше ылғалдылық ( салыстырмалы ылғалдылық 100% ке дейін);

-                 электр құрылғысының ток жүретін бөліктерін және оқшауламаларды бұзатын химиялық активті орта.

Бұл жағдайларда қауіпсіздікті азайту үшін кіші кернеуді (12 В) пайдаланған дұрыс.

Жоғары қаупі жоқ жағдайда жоғарыда көрсетілген белгілер  болмайды.

 

 

5  Электр тораптарындағы қауіп

 

5.1 Электр тораптарындағы қауіпті талдау

 

          Адам арқылы өтетін ток электр қондырғысындағы кернеуге, адамның торапқа жанасу сұлбасына, тораптағы бейтарап режіміне, сонымен бірге электр торабындағы жерге салыстырғандағы сыйымдылық және кедергіге байланысты болады.

          Кернеу астындағы электр қондырғының бөліктеріне адамның бір фазалы (бір полюсті) және екі фазалы (екі полюсті) жанасуы болуы мүмкін. Екі фазалы жанасу дегеніміз, кернеу астындағы электр қондырғысына адамның бір уақытта екі фазасына жанасуы. Бір фазалы жанасу дегеніміз, адамның кернеу астындағы электр қондырғысының бір фазасына жанасуын айтамыз. Адамның электр торабындағы екі фазасына жанасуы өте қауіпті, өйткені, бұл жағдайда жанасу кернеуі тораптағы кернеудің шамасына тең болады. Мұнда адам арқылы өтетін токты төмендегі теңдеумен анықтауға болады

 

                                  .                                     (5.1)

 

Бұл теңдеудегі адам арқылы өтетін ток, А;  жанасу кернеуі, В;  айнымалы токтағы үш фазалы тораптар үшін сызықтық кернеу, В;  фазалық кернеу, В;  адам денесінің кедергісі, Ом.

           Адамның бір фазаға жанасуындағы эквиваленті орынбасу сұлбасына 5.1-суретінде көрсетілген. Есептеуді оңайлату үшін сымның жерге салыстырғандағы сыйымдылығын ескермейміз.

 

5.1  сурет - Адамның электр торабына бір фазалы жанасуы

 

Адам арқылы өтетін ток төмендегі теңдеумен анықталады

 

                                       .                                                (5.2)

 

Орынбасу сұлбасын қолдана отырып, жанасу кернеуін былай анықтаймыз

 

                                .                                         (5.3)

 

Орынбасу сұлбасынан жалпы токты табамыз

 

                         .                               (5.4)

 

Жалпы ток теңдеуінен жанасу кернеуін былай анықтаймыз

 

                 .                          (5.5)

 

 (5.5) теңдеуін қолдана отырып адам арқылы өтетін ток төмендегі түрге келеді

                 .                           (5.6)

 

          Егер  (оқшаулама кедергісі) болса, онда (5.5) және (5.6) теңдеулерінен

                              ,                                          (5.7)

                                .                                               (5.8)

 

(5.8) теңдеуіне талдау жасап отыра, торап оқшауламасының кедергісі өскен сайын, адам арқылы өтетін ток азаятындығын байқаймыз.

Егер адам оқшауланған еденде аяқ киімі мен тұрған болса, онда еденнің және аяқ киімнің  кедергілерін ескеру керек, сонда (5.8) теңдеуі төмендегі түрде болады

 

                           .                                    (5.9)

 

Бір фаза жерге тұйықталған апатты режімде эквивалетті сұлбаны төмендегі сұлбаға ауыстыру керек.

 

5.2  сурет - Апатты режімде адамның электр торабына жанасу сұлбасы

 

Жерге тұйықталу кедергісі , әдетте, оқшауламалар кедергісінен ,  және адам кедергісінен  аз болады, сондықтан, (5.5) және (5.6) теңдеулеріндегі  кедергісін эквивалентті кедергіге  ауыстыра отыра төмендегілерді аламыз

 

                            ,                               (5.10)

 

                          .                                 (5.11)

 

           кедергісі нөлге жақын болғандықтан, (5.10) және (5.11) теңдеулері төмендегі түрге енеді

                                         .                                       (5.12)

Апаттық режімде жанасу кернеуі тораптың кернеуіне тең болады.

Құрылғыны қоректендіру үшін көп жағдайда бейтарабы жерге қосылған және оқшауланған үш фазалы тораптар қолданылады. Бейтарабы оқшауланған тораптың бір фазасына адам жанасқанда дене арқылы өтетін ток оқшаулама кедергісіне және жерге салыстырғандағы фаза сыйымдылығына байланысты болады (5.3 – суретті қараңыз).

 

5.3  сурет - Бейтарабы оқшауланған үш фазалы тораптарға бір фазалық жанасу

 

Сымдар оқшауламасындағы кедергілер  және сыйымдылықтар  бір - біріне тең болса, онда

 

           .                       (5.13)

 

Егер фазалардағы жерге салыстырғандағы сыйымдылықтарды ескермесек, онда (3.8) теңдеуі төмендегі қарапайым түрге келеді

 

                                               .                                          (5.14)

 

Егер оқшаулама кедергісі шексіз көп болса , ал фазалар сыйымдылығы бір-біріне тең болса (кабелдік желілер үшін) , онда адам арқылы өтетін токты есептеу теңдеуі төмендегідей

 

                                                     ,                                     (5.15)

 

мұнда сыйымдылықты кедергі, Ом.

(5.15) теңдеуінен тораптағы сыйымдылық қаншалықты көп болса, адам арқылы өтетін ток сонша үлкен болатындығын көреміз.

Бейтарабы оқшауланған тораптың апатты жұмыс режімінде бір фазаның жерге тұйықталуы пайда болады. Егер бұл жағдайда жерге тұйықталу кедергісі аз болса, онда зақымдалмаған фазаға адам жанасқан кезіндегі дене арқылы өтетін ток төмендегі теңдеумен анықталады

 

                                                   .                                          (5.16)

 

          Тәжірибеде  кедергісі  кедергісінен  бір шама  аз болады, сондықтан жанасу кернеуін былай анықтаймыз

 

                                        .                          (5.17)

 

Сонымен, адам желілік кернеу астында болады және оқшаулама кедергісі қорғанысқа ие емес. Сондықтан, бұл жағдайдағы жанасу қалыпты жұмыс торабына жанасуға қарағанда өте қауіпті болады. Бейтарабы жерге қосылған төрт сымды  тораптың бір фазасына адамның жанасу схемасы 5.4-  суретінде көрсетілген.

 

5.4  сурет - Бейтарабы жерге қосылған төрт сымды  тораптың бір фазасына адамның жанасу схемасы

 

 

  Электр қондырғыларындағы қорғаныс шаралары

 

6.1 Электр қондырғыларының ток жүретін бөліктеріне жанасудан қорғану

 

Жарақаттарды талдау жасаған кезде, электр жарақаттарының жартысынан көбі құрылғының ток жүретін бөліктеріне жанасқан кезде болатындығын көреміз.

Электр қондырғының ток жүретін бөліктері  деп жұмыс режімінде ток жүретін бөліктерін айтамыз. Оларға мысал ретінде: сымдар, аппаратура элементтерінің түйіспелері және т.б. айтуға болады.

Электр қондырғыларының ток жүретін бөліктеріне жанасудан қорғануда қоршаулар,  блокировка, оқшаулау, және ток жүретін бөліктерді қол жетпейтін биіктікте орналасу қолданылады.

Қоршаулар сыртқы қабатты, шкаф түрінде және т.б. болуы мүмкін. Олар құрылғының бір бөлігі ретінде немесе тасымалды түрде болады. Қоршаулар бір тегіс және тор түрінде орындалады. Оларды ашу және жабу тек ғана арнайы құрылғылар немесе құралдар көмегімен орындалады (6.1-суретті қараңыз).

Блокировка өте қауіпті жұмыс жағдайларында қолданылады. Олар радио және телевизиялық аппаратураларда, сынақ жасау стендтерінде және жоғары кернеуде оқшауламаны сынауға арналған қондырғыларда қолданылады. Жұмыс істеу қағидалары бойынша олар электрлік және механикалық түрлерге бөлінеді.

Оқшаулау. Қазіргі уақытта пайдалану жағдайларына байланысты жұмыстық және қайталама оқшаулау пайдаланылады. Адамдардың токқа түсіп қалмауын қамтамасыз етуде оқшауламаларды бақылау жүргізіледі (1 кВ дейінгі электр тораптарында оқшаулама кедергісі 0,5 мОм).

Адамдарға төнетін қауіпті ескерту үшін ескеру плакаттары ілініп қойылады: М: “Жоғары кернеу”, “Адам өміріне қауіпті”, “Тоқта” “Қоспа, адамдар жұмыс істеп жатыр”, “Мына жерде жұмыс істе”, “Жерге қосылған” және т.б.  қолданылады.

 

 

6.1 сурет - Электр қондырғысын тормен қоршау

 

 

6.2  Электр қондырғыларының ток жүрмейтін бөліктеріне жанасудан қорғану

 

Жоғарыда атап өткен сияқты, ток жүрмейтін бөліктері деп аталатын электр қондырғысының металдық корпусы кернеу астында болуы мүмкін.

Адамдарды электр қондырғыларының ток жүрмейтін бөліктеріне жанасудан қорғауда қорғаныстық жерге қосу және нөлдеу қолданылады.

Қорғаныстық жерге қосу дегеніміз, кернеу астында қалуы мүмкін болған электр қондырғысының металды бөліктерін жермен арнайы қосуды айтамыз. Қорғаныстық жерге қосуды машина корпусының, аспаптардың, электр инструменттерінің, каркас, щит, пульт және шкафтардың металды корпустарына, сонымен бірге  кабелдік  муфталар, электр сымының болаттан жасалған трубаларының металды бөліктеріне жүргізеді.

Қорғаныстық жерге қосудың мақсаты, ол корпус пен жер арасындағы кернеуді, яғни жанасу кернеуін және де соған байланысты адам денесі арқылы  жүріп өтетін токты қауіпсіз шамаға дейін азайту болып табылады.

Жерге қосу құрылғысы  жерге қосқыштан және жерге қосатын сымдардан тұрады (6.2 –суретті қараңыз).

Жерге қосқыштар табиғи және жасанды болуы мүмкін.

Табиғи жерге қосқыш ретінде ғимараттардың жерге көмілген ток өткізетін бөліктерін, су және басқа құбырларын, кабелдің қорғасын қабатын пайдалануға болады. Бірақ та табиғи жерге қосқыш ретінде газ және басқа жарылғыш заттар жүретін құбырларды пайдалануға болмайды.

Жасанды жерге қосқыш ретінде  болат, мыстан жасалған құбырларды (уголки) және басқа металдарды қолданады. Олар траншеяға топырақ қатпайтын тереңдікте көміледі. (М: құбыр диамертрі 5-6 см, ал қалыңдығы 3.5 мм аз болмауы керек). Жерге қосқыштар бір-бірімен балқытылып (сварка) бекітіледі.

Жерге қосатын сымдар оқшауланған және оқшауланбаған болуы мүмкін. Егер жерге қосатын сым ретінде мыс сымды пайдалансақ, оның қимасы 4 мм2 аз болмауы керек, ал алюминийде –6 мм2.

               Жерге қосқыштар және жерге қосатын сымдардың жалғанған түйіспелері сенімді болуы керек.

Қорғаныстық жерге қосу құрылғысының техникалық жағдайын анықтау үшін оларды мезгілімен тексеріп және кедергісін өлшеп тұру керек.

Кәсіпорындарда қорғаныстық жерге қосу құрылғысының кедергісін өлшеу жылына 2 рет жүргізіледі: жазда (топырақ кепкен кезде), қыста (топырақ қатқан кезде).

Электр станцияларында тексеру әр жыл сайын  болса, ал әуе және кабелдік желілерінде найзағай болу мерзімінің алдында (сәуір-мамыр айлары) жүргізіледі.  Өлшеуді арнайы М-416 өлшегісімен немесе амперметр-вольтметр әдісімен жүргізуге болады.

 

 

 

6.2 сурет - Қорғаныстық жерге қосудың схемасы

 

Қорғаныстық жерге қосу  өзінің құрылғысы бойынша сыртқа шығарылған және контурлық болуы мүмкін. Соңғы жылдары контурлық жерге қосу көп қолданысқа ие. Ол аудандардағы потенциалдардың теңесуіне және қадам мен жанасу кернеулерінің азаюына алып келеді.

Нөлдеу кернеуі 1000 В дейінгі бейтарабы терең жерге қосылған төрт сымды үш фазалы тораптарда қолданылады.

Нөлдеу дегеніміз, кернеу астында қалуы мүмкін болған электр қондырғысының металды бөліктерін қорғаныстық нөлдік сыммен қосуды айтамыз.

Нөлдеудің мақсаты – бір фазалы қысқа тұйықталуда корпусқа өтіп кетуінің алдын - ала отыра, қорғанысты іске қосып және  қоректену торабынан электр қондырғысын минимум уақыт ішінде ажырату.

Қорғау құралы ретінде балқымалы сақтандырғыштар және автоматты ажыратқыштар қолданылады. Үлкен ток пайда болған кезде (ҚТ тоғы) балқымалы сақтандырғыштар күйеді немесе автоматта электромагнитті тізбек ашылады, тізбек ажыратылады және электр қондырғысы тораптан ажыратылады.

Нөлдеу құрылғысында қоректену көзінің бейтарабы жерге міндетті түрде қосылуы керек. Ол, нөлдік сымдағы, сонымен бірге фазалардың жерге кездейсоқ  тұйықталуында электр қондырғысының корпусындағы   кернеуді азайту үшін жүргізіледі. Электр қондырғысын нөлдеу схемасы 6.4-суретінде көрсетілген.

 

 

6.4 сурет -  Электр қондырғысын нөлдеу схемасы

 

Қорғаныстық нөлдік сым белгілі қашықтықта қайталап жерге міндетті түрде қосылуы керек. (М: ӘЖ үшін 250 м ден).

Нөлдік сымды қайталап қосу нөлдік сым үзіліп қалу жағдайында немесе фазаның корпусқа тұйықталуында электр тогының әсер ету қаупін азайту мақсатында жүргізіледі.

Қондырғыны пайдалану алдында, сонымен бірге мерзімді түрде нөлденуді тексеріп тұру қажет.

 

6.3  Қорғаныстық ажырату құрылғысы

 

Қорғаныстық ажырату дегеніміз, электр қондырғысына токка түсіп қалу қауіпі туған кезде, оны автоматты түрде ажыратуды қамтамасыз ететін тез әрекет етуші қорғаныс.

Токқа түсіп қалу қаупі туған кезде, сол тізбекті тез ажырату мақсатында қорғаныстық ажырату құрылғысы  (УЗО) қолданылады.

Олар жерге қосу немесе нөлдеу сияқты қорғаныс шараларынан бөлек түрде де және оларға қосымша түрде де қолданылады. (Көп жағдайларда 1кВ электр қондырғыларында қолданысқа ие: жылжымалы электр құрылғылары, электр инструменттері, жерге қосу және нөлдеу мүмкін болмаған стационарлы электр қондырғыларында). Қорғаныстық ажырату құрылғысының (УЗО) сұлбасы 6.4 – суретінде көрсетілген. 

УЗО сұлбасы корпус пен көмекші жерге қосқыш аралығына қосылған кернеу релесінен КР (РН) тұрады, ол корпустағы кернеудің мәні шекті рұқсат етілетін мәнінен асып кеткенде іске қосылады және ол автоматты ажыратқыштың (АВ) айыру катушкасымен (ОК)  тізбекті тұйықтайды.

Жетістігі – қарапайым және сенімді.

Кемшілігі – селективтілігі және өзін өзі бақылауының жоқтылығы сонымен бірге  көмекші жерге қосқышты пайдалануы.

           

6.4 сурет - Қорғаныстық ажырату құрылғысының (УЗО) сұлбасы

         

 

7 Электр құрылғыларында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

         

          7.1 Электр қондырғыларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары

 

          Электр қондырғыларында барлық жұмыстар әкімшілік, техникалық, кезекші және операторлы – жөндегіш адамдармен жүргізіледі. Бұл кезде ескерілетін жайт, зақымдану деңгейі жұмыс жасау шарттарына байланысты.

          Жұмыстарды үлкен төрт топқа бөлуге болады: ток жүретін бөліктерде кернеуді толық сөндіру; кейбір бөліктердің кернеуін сөндіру, кернеу астында жүргізу.

Жұмыс категорияларына байланысты ұйымдастыру жұмыстары әртүрлі    болуы мүмкін. Электр қондырғыларында жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына мыналар жатады: өкім немесе наряд бойынша жұмысты беру, жұмысқа рұқсат ету, жұмыс кезінде бақылау, демалыс уақытын беру, басқа жұмыс орнына ауысу және жұмыстың аяқталуы.

          Электр құрылғыларындағы барлық жұмыстар наряд бойынша, бұйрық бойынша және келесі пайдалануға рет-ретімен өту бойынша орындалады. Наряд - қалыптасқан форманың бланкісінде безендірілген жұмыс орындауға арналған жазбаша есеп. Нарядта бригада құрамы, жұмыс орны, басталу уақыты және жұмыстын аяқталуы; оның қауіпсіз орындалу шарттары, қауіпсіздікке жауап беретін адамдар көрсетілген. Жұмыстың қауіпсіздігіне жауап беретіндер деп наряд шығаратын, жұмыс басқарушы, бригаданың мүшесі болатын адамды айтамыз.

Наряд екі экземплярда шығарылады. Нарядтың мерзімі – 5 тәуліктен көп емес.

          Бригада жұмысқа нарядты бергеннен кейін жіберіледі. Жіберуші жұмыстың мақсатын, қандай топ жіберуші бөліктерден кернеу түсірілгенін көрсетеді, қайсысы кернеуде қалғанын, қай жерде өтпелі жерлендіру орналасқанын, жұмысшы қандай оқшауланған қорғаныс құралдарын қолдануын білуі қажет. Алынғаннан кейін бригада жұмыс орындауға кіріседі. Бақылаушы жұмысқа тікелей қатыспайды, тек қана қорғаныстық бағыты бойынша орындалуына қарап, адам өміріне қауіп төнген жағдайда, жұмысты тоқтатады.

Үзіліс кезінде бригада жұмыс орнынан шығарылады, ол туралы белгілі кестеде белгіленуі керек. Жұмыс уақыты аяқталған кезде, жұмыс орны жиналып, орын ауыстыратын жерлеткіштер шешіліп, қорғау, плакаттар, содан соң наряд жабылады. Наряд жабылғаннан соң ғана электр құрылғы іске қосылады.

Өкім - өнеркәсіптік жұмыстарға ауызша тапсырма беру, ол бір түрде сипатталады. Бұйрық беру тікелей немесе байланыс жүйелері арқылы беріледі және оперативтік журналда тіркеледі. Ол журналда бұйрық берушінің жұмысты орындаушының және бригада мүшелерінің аты – жөндері, жұмыс орындары және оны орындау уақыты, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік жөндеулер тізімі жазылады. Өкім бойынша қысқа уақыт аралығындағы жұмыс орындалады (1 сағат артық емес). Егер жұмыс бір смена аралығындағы аяқталмаған болса, онда өкім қайта беріліп және жаңадан орындалады.

Пайдалану кезіндегі орындалатын жұмыстар, әрқашан шешілген болады және олар нарядтың немесе бұйрықтың берілуін талап етпейді. Бұл жұмыстардың түрі жұмыс тізіміне жазылып отырады, ол пайдалану кезіндегі кәсіпорынның басты инженерімен немесе бас энергетигімен бекітіледі.

 

7.2 Электр құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қорғаныс шаралары

 

Электр құралдарына электр дрельдері, электрпаяльниктері, электр аралары, орын ауыстыратын шамдар және  тағы басқалар жатады. Электр құралдарымен жұмыс істеуге, олармен жұмыс істей алатын және электр қауіпсіздігі бойынша I топтағы адамдарға ғана рұқсат етіледі. Электр қауіпсіздігі бойынша электр құралдарына келесідей жалпы міндеттемелер қойылады. Электр құралдары ток жүретін бөліктерден қол жетпейтін жерде болуы керек. Оның корпусы металлдан және берік оқшауланған материалдан жасалады. Резенке шланкта орналасқан көпжелелі өткізуші желілер қолданылады. Егер кернеу  42 В тан көп болса корпустары жерге қосылады. Соңғы кезде, электр құрылғыларын қосу үшін түйіспеден басқа корпусы сенімді жерге және нөлге қосылған розеткалар және ашалар қолданылады.

Жоғары қауіпті емес бөлмелерде кернеуі 220 В  тан аспайтын электр құралдары қолдануға рұқсат етіледі. Жоғары қауіпті бөлмелерде кернеуі 42 В  тан аспайтын электр құралдары (ерекше жағдайларда – 220 В) рұқсат етіледі, бірақ міндетті түрде оқшауланған қорғаныс құралдары (қолғап, резеңке кілемшелер және т.б.) қолданылады. Ерекше қауіпті бөлмелерде электр құралдарының  кернеуі 42 В тан көп болмауы керек, оқшауланған қорғаныс құралдары міндетті түрде қолданылады.

Электр құралдарын ай сайын мегомметр көмегімен корпусқа, жерлестіретін желі үзілістерге тұйықталудың жоқтығына тексерулер жүргізуі керек, сонымен қатар оқшаулама жағдайын қадағалап тұру керек. Тексеруші адам электр қауіпсіздігі бойынша III - топта болуы керек.

 

7.3 Оқшауланған қорғаныс құралдары. Оларды қолдану және сақтау тәртібі

 

          Оқшауланған қорғаныс құралдары адамды кернеу астындағы электр қондырғыларынан және жерден оқшаулайды.

Барлық оқшауланған қорғаныс құралдары негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі оқшауланған құралдарын қолданып адам кернеуге қосылған ток өткізгіш бөліктерді ұстауға болады. Сондықтан, бұл заттардың оқшаулағышы электр құралдарының жұмыс кернеуін сенімді ұстауы керек.

Қосымша қорғаныс құралдары негізгі қорғаныс құралдарымен бірге қолданылады, сонымен қатар қадам кернеуінен қорғану шараларына жатады.

1000 В қа дейінгі және жоғары кернеулерге арналған қондырғыларда әртүрлі қорғаныс құралдары қолданылады.

          Кернеуі 1000 В электр құрылғыларды оқшаулайтын негізгі оқшаулағыштарға оқшаулағыш штангілер, оқшаулағыш және тоқ өлшегіш қысқыштар, кернеу көрсеткіштері, оқшаулағыш құрылғылар және жөндеу жұмыстарына арналған құралдар (оқшаулағыш сатылар, аудандар, габариттер және т.б.) жатады.

          Қосымша оқшаулағыш құралдарға диэлектрлік қолғаптар, диэлектрлік резеңке кілемшелері және қосалқы қойғыштар жатады.

          Аяқ киім, галош, кілемшелерді 7.1-суретінде көрсетілген  арнайы  маркалы резеңкелерден жасайды, олардың электрлік беріктігі жоғары болуы керек.

          Диэлектрлік қолғаптарды 7.2-суретінде көрсетілген  екі түрде (1000 В – қа дейінгі және 1000 В – тан жоғары құрылғыларға) жасап шығарады және олар бірнеше өлшемдерде болады. Жұмыс алдында қолғаптарды тексереді (тесіктердің жоқтығына және т.б.).

 

7.1 сурет – Токтан қорғаушы оқшауланған құралдар

 

 

DSC00052

 

7.2 сурет – Диэлектрлік қолғаптар

 

Мерзімді зерттеулерде диэлектрлік қорғаныс құралдарын жоғары кернеу бере отыра тексереді.

Диэлектрлік қолғап, етік, голоштар және ұстағыштары оқшауланған құрал-жабдықтарды арнайы стендте тексереді. Ол стенд жоғарлатқыш трансформатордан, ваннадан және қосу және қадағалау жабдығынан тұрады. Пайдалануға жарамды қорғаныс құралдарына берілген жұмыс кернеуімен жарамды мерзімі және зерттеу өткізген зертхананың аты жайында мағлұмат жазылып көрсетіледі.

 

 

8  Өрт қауіпсіздігі

 

8.1 Өндірісте өрттен қорғану шаралары

 

Өрт – бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен  қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.

          Жану бұл – жанғыш затпен тотықтандырғыш арасындағы тотығу және қалпына келетін реакциялар барысында  болатын процесс. Газдар, металлдар және әртүрлі көміртекті заттар  жанғыш зат бола алады. Хлор, йод, фтор, бром және ауадағы оттегі әдетте тотықтандырғыш болып табылыды.

Жанғыш зат және тотықтандырғыш қосылып жанғыш қоспа – біртекті (газ+ газ) немесе біртекті емес үстіндегі қабаты ( сұйықтық + газ, қатты зат+газ) болатын заттарды құрайды.

Жанудың екі түрі бар:

а) дифуздық – тотықтандырғыштың жанатын затпен дифузиялық уақыт жылдамдығы;

б) кинетикалық – тотықтандырғышпен жанғыш зат арасындағы  жану жылдамдығы.

Жарылыс бұл тұйық кеңістікте болатын  кинетикалық жану. Жану механизмі жылулық (жанғыш заттың қызуына байланысты) және тізбектік 

(жанған заттың нәтижесінде жанғыш заттың пайда болуы) болады. Өрттің жану жылдамдығына байланысты:

а) дефлаграциондық жану - өрттің таратылу жылдамдығы 1м/с;

б) детонациялық – 1-10  м/с-тан астам;

в)  жарылып жанатын – 10 м/с.

Өздігінен жану - жану көзі болмаған жағдайда,  жанғыш затпен тотықтандырғыш арасындағы шек концентрациясы.

Барлық өрт қауіпсіздігінен орындалатын шаралар төмендегідей болып бөлінеді:

а) кәсіпорынды жобалаған кезде  болатын техникалық шаралар,  олар: 1) ғимараттың өртке төзімділігін анықтау;

2) ғимарат подъездерінің жобалануы;

3) ғимараттардың өртке қарсы ара қашықтығын ескеру;

4) ғимаратты найзағайдан қорғау;

б) Эксплуатациялық шаралар: 1) ұйымдастыру шаралары; 2) режімдік шаралар.

Техникалық шаралар. Барлық ғимараттар, егер ірі кешендер болса, жел тұруына байланысты салынады. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлық кәсіпорындарының орналасу арақашықтығы өндіріс категориясына байланысты есептелінеді.

Өндіріс категориясы: А – жарылу қаупі бар; Б,В - өрт және жарылу қаупі бар; Г,Д,Е- өрт қаупі бар. Барлық ғимараттар екіге бөлінеді: 1) өрт қаупі бар, егер ғимарат ішінде біртексіз  жанғыш қоспа болса; 2) жарылу каупі бар, егер біртекті жанғыш заттар болса.

Сонымен, өрт қаупіне қарсы ара қашықтықтар (минималды ара қашықтық – 9 метр, егер А және Б өндіріс дәрежесі болса 60 м астам) таңдап алынады.

Өрт болғанда құрылыс материалдары мен конструкциялардың өз қалпында сақталу қасиеті - өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке төзімділік шегімен  және құрылыс материалдың жану тобы бойынша анықталады.

Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда  құрылыс материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.

Максималды – 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар,  2-сағат – жай қоршаулар  өртке қарсы тура алады. Жану тобы:

а) жанбайтын құрылыс материалдар (өрт болған кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген жағдайда түтіндеу процесі аяқталады);

б) қиын жанатын – жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда түтіндену процесі жалғаса береді;         

в) жанатын (егер өрт көзін сөндірсе  де жана беретін құрылыс материалдар).

Өрт төзімділігінің  5  дәрежесі бар: 1 - ең қымбат құрылыс материалдар, бұл құрылыс материалдар өрт болған кезде  2,5 сағат өртке төзе алады (А өндіріс дәрежесі); Өндірістік кәсіпорындарда  3-4 дәрежелі өртке төзімділігі  1,5 сағат құрайды (қиын жанатын және мүлдем жанбайтын құрылыс материалдар).

Өрттің алдын-алу бойынша жасалатын шаралар:

а) жұмысшыларға нұсқау беру;

б) өрт сөндіру әдістері мен заттары.

в) адамдарды өрт болған кезде қауіпсіз эвакуациялау.

Су – жоғары жылуды өзіне сіңдіру қасиетіне байланысты тотықтандырғыш концентрациясын азайтады. Кемшіліктер: ток өткізгіштігі, судың тығыздығы жоғары болғандықтан органикалық сұйықтықтарды сөндіре алмайды, қысқы мерзімде су қатып тайғақ мұзға айналады.

         Су құбырлары бар қалаларда өртке қарсы арнайы су құбырлары бар:

- сыртқы, барлық ірі кәсіпорындарда бар. Бұл су құбырлары ғимараттың периметрі бойынша орналасқан, әр  100 м сайын жер асты, не болмаса жер үстінгидранттары (құдықтар, люктер) орналасқан;

- ішкі, ғимарттардың ішінде. Бұл су құбырлары ғимарат коридорында белгіленген ара қашықтықта, төменде орналасқан арнайы  крандармен жабдықталған су құбырлары .

Су ғимарттарда арнайы автоматикалық спринкерлік және дренчерлік өрт сөндіргіштерінде пайдаланылады.

Спринкерлік кранның басы тез жанатын пластиктен жасалған, ол арнайы температурада балқып 9- 12 м.кв. жерге су шаша алады.

         Дренчерлік бүкіл ғимаратқа  су шаша алатын кран. Бұл кран өрт болатынын хабарлайтын құрылғы көмегімен іске қосылады.

Өрт болатынын хабарлайтын құрылғы  әртүрлі - түтіндік, жылулық жарықтық болып келеді.

Көмірқышқыл – араластыру қасиеті бар, яғни оттектің  және  жақсы диэлектрик болғандықтан   электр қондырғыларды сөндіруге қолданады.

Өрт сөндіргіштер:  ОУ -2,8,5,,32,40 (2,8 ...40 - өрт сөндіргіштің көлемі).

Көпіршіктіктер ауамеханикалық және химиялық болады. Ауа механикалық көпіршіктіктер арнайы генератордан п.б. Мұндай өрт сөндіргіштермен электрқондырғыларды сөндіруге болмайды. Өрт сөндіргіштер негізінен ауа-көбікті, ұнтақты, көмірқышқылды, хладондық болып бөлінеді (8.1 – суретті қараңыз).

 

            а)                             б)                                  в)                              г)

 

а) ауа көбікті, б) ұнтақты, в) көмірқышқылды, г) хладондық.

8.1 сурет –Өрт сөндіргіштер

 

Металлдар мен хлорид қоспасынан жасалған ұнтақтар да өртті сөндіреді. Бұлар өте жақсы диэлетриктер - өрті тез  арада сөндіріп  қондырғыларды коррозияға ұшыратпайды. Авиацияда кең көлемде қолданылады. Өрт сөндіргіштер: ПСБ -3, ПФ, П-1А.

Голлоидо – көмір сутектері, бұл сұйықтық, жақсы диэлектрик тотықтандырғыш  концентрациясын төмендетеді; 60 C0 қатпайды; ингибитор, яғни өрт процесін тез таралуына жол бермейді. Бірақ олар өте қымбат болады. Жиі, қоспаларды көмірқышқылдармен араластырып жасайды. Бұл   қоспалар  арзан және жоғарыда айтылған барлық қасиеттерге ие. Өрт сөндіргіштер көтеріп жүретін және жылжымалы болуы мүмкін 8.2 – суретінде көрсетілген.

 

                            а)                                                                    б)

8.2 сурет –Жылжымалы  (б) және көтеріп жүретін (а) өрт сөндіргіштер

 

Көтеріп жүретін өрт сөндіргіштер аспалы кронштейнде немесе өрт сөндіру құралдарының шкафтарында орналасуы керек.

Механизацияланбаған өрт сөндіру аспаптары және құралдары арнайы өрт стендтарында және щиттарда орналасуы керек 8.3 – суретінде көрсетілген.

 

 

8.3 сурет – Өрт аспаптары және құралдарының арнайы щитта орналасуы

 

Кәсіпорындардың өрт және жарылу қауіпсіздік дәрежелеріне байланысты, СНИП (ҚНЖЕ) бойынша адамдарды ғимараттардан  эвакуациялау уақыты орнатылған:

- 0,75минут – А дәрежесі үшін;

- 1,25 минут - Б және В  дәрежесі үшін;

- 3 минут - Г дәрежесі үшін;

- 3 минуттан астам  оқу орындары үшін.

Эвакуациялық шығу жолдары  деп -  сыртқы шығатын шығу жолдары немесе баспалдақ торына апаратын ( ол жол сыртқа шығатын жолдар болуы тиіс) жолдарды айтамыз. Жұмыс орны мен шығу есігінің ара қашықтығы 60 м аспауы қажет. Барлық ғимараттарда міндетті түрде эвакуация жолдары, шығу есіктерінің көлемі есептеліп ҚНЖЕ (СНИП) бойынша салыстырылады.

 

8.2 Ғимараттардың найзағайдан қорғанысы

 

Ғимараттарды, қондырғыларды найзағайдың тікелей соққысынан қорғайтын құрылғылар 3 топқа бөлінеді:

а) арнайы найзағайдан қорғаныс ретінде А дәрежелі ғимараттарға арналған;

б) стерженьді не тросс түрінде болатын Б, В, Г дәрежелі ғимараттарға арналған;

в) найзағай жиі болатын аумақтарда орналасқан,  Д дәрежелі өндіріс ғимараттар. Ғимараттардың төбесіне металл торлар жабылады. Торлар міндетті түрде ғимараттардың металлконструкциясымен байланыста, яғни, жерленуі керек.

Найзағайға қарсы құрылғылар стерженьді және тросты болып екі типте орындалып: найзағай қабылдағыштан, ток өткізгіштен және ағаштан не болмаса бетоннан жасалған тіреуден тұрады.

         

                                   

                       

 а)                                                                 б)      

а) стерждік ,  б) тростық .

8.2  сурет - Стержендік және  тростық найзағай қабылдағыш

 

 

9  Төтенше жағдайларда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

 

9.1  Төтенше жағдайлар бойынша заңнамалар

 

ҚР-ның 1996 жылғы 5 шілдедегі “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” Заңы Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді: мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым саладарының бірі болып табылады.

Заңда төтенше жағдайға, дүлей зілзалаға, аварияға анықтама берілген; ұйымдардың міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқықтары мен міндеттері белгіленген; жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдардың өкілеттіктері ерекше көрсетілген; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік анықталған.

Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды.

Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылу және істеу қағидасын, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады.

Халық пен шаруашылық объектілерін қорғау АҚ-ның бірінші кезектегі міндеті және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі залалды азайту мақсатында халықтың іс-әрекеттері мен шаруашылық объектілерін және аумақты өз уақытында дайындаудың тиімді әдістерін ғылыми түрде анықтау негізінде жүргізіледі.

АҚ-ны ұйымдастыру қағидалары мен тәртіптері. Азаматтық қорғаныс республиканың бүкіл аумағында аумақтық-өндірістік қағида бойынша ұйымдастырылады. АҚ шараларын орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары жүргізеді.

АҚ-ға даярлық пен өткізу жөніндегі шараларды жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімін ҚР Үкіметі анықтайды.

АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу мақсатында маңыздылық деңгейін ескере отырып, ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу жүргізіледі.

АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі.

АҚ тың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты экономиканы, республика аумағы осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зіл заладан, ірі авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттік шараларының құрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың рөлі мен орны елдің геосаяси жағдайын, шектес мемлекеттермен және алып державалармен даму деңгейін, әскери доктрина мен әскери іс саласындағы мемлекеттік саясатын анықтайда.

Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда халықтың тіршілігін қамтамасыз етутегі негізгі міндеттері “Азаматтық қорғаныс туралы”Қазақстан Республикасының Заңында анықталған.

Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, меншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.

 

 

9.1.1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

 

Қауіп - сирек немесе экстремалды жағдай табиғи ортада туындайтын өмірге, мүлікке және адам жұмысына кері әсерін тигізуі, тіпті апатқа әкелуі мүмкін. Табиғи қауіп ұғымында көбіне табиғи немесе жасанды түрі, адамдарға, шаруашылықтарға, жекеменшік немесе қоршаған ортаға төнетін түрлері анықталады.

          Табиғи төтенше жағдайлар- адам өмірі мен мүлкіне қауіп төндірмейтін экстремалды ауа-райылық, гидрологиялық, геологиялық, геофизикалық немесе астрономиялық процесс. Мысалы 2012 жылы Жапонияда болған жер сілкінісі (М=8,1) күші және жер бетіне әсері жағынан ең күшті жер сілкіністерінің бірі болып саналады, оны табиғи апат емес табиғи құбылыс деп санау керек. Себебі оның әсерінен болған материалдық шығын аса үлкен болған жоқ.

          Апат - бұл адамның тұтқиыл пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала.

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұсқан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар  - табиғи апаттар (жер сілкінісі, сел, тастың құлауы,  су тасқыны), өрт, эпидемия, ауыл шаруашылық және орман өсімдіктерінің зиянкестермен және ауруларды жұқтыруы.

Төтенше жағдайда басқару - бұл негізгі саясат апаттың әртүрлі деңгейлерінде әкімшілік шешім және оперативті іс-әрекет.

Төтенше жағдайлар туралы хабарлау - дер кезінде және қауіп деңгейін төмендету үшін төтенше жағдайда адам денсаулығы мен өмірін сақтау, материалдық зардаптарды төмендету. Осылайша ТЖ хабарлау кең түрде болып халықаралық митигация сияқты терминдерге қарама - қарсы келмейді.

Митигация - апат болғанға дейінгі дайындық және ұзақ мерзімдегі қауіпті азайту әрекеттерін қосқандағы барлық іс-әрекет жатады.

Ескерту - үнемі қауіптен қорғау мақсатындағы инженерлік және басқада қорғаныс тәсілі сонымен қатар қала салудағы жерді қолдануды жоспарлауды бақылайтын заңнамалық іс-шара.

Дайындық - апат кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерінің және қорларының сәйкес жүйелерінің болуы және сонымен қатар өз күштерімен көмек ұйымдастыра білуі. Дайындық мағынасында сонымен қатар қаза табушылардың және қираудың санын азайту, уақытша баспана табу және дәл уақытында нәтижелі құтқару.

Төтенше жағдайларды жою - құтқару, авариялық қалпына келтіру және де басқа да ТЖ кезінде адам өмірін және денсаулығын құтқаруға, зардап және материалдық шығын және ТЖ айматарын жоюға бағытталған жүргізілетін жұмыстар. Көрсетілген ұғымды сонымен қатар "қалпына келтіру", "іс-әрекет" сияқты халықаралық ұйымдарда кең пайдаланылатын терминдер сияқты кең ұғымда түсіну керек. 

Қалпына келтіру -    апаттан  кейінгі өмір сүру жағдайын апатқа дейінгі жағдайға дейін  қалпына келтіруге бағытталған іс-әрекет. Бұл іс-әрекеттерге тұрғын үй салу, барлық қызмет түрлерін, инфраструктураларды  қалпына келтіру кіреді.

Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

ТҚН басқару органдары - Қазақстан Республикасының  орталық, жергілікті атқарушы органдары, бейбіт және соғыс уақытында халықты, жеке меншік ұйымдарда өткізілетін шаралар жиынын ұйымдастыру және басқару.

Қауіпсіздік ережесі - адамның қоршаған ортамен қолайлы және қауіпсіз қарым - қатынасы туралы ілім.

Дүлей зілзала - адамға бағынышты емес табиғат күші әсерінен болып материалдық шығын, адам денсаулығына қауіп төндірумен және адам өлімімен сипатталады.

Эвакуациялық органдар - халықты, материалдық құндылықтарды, тіршілікті қамтамасыз ететін өндіріс орындарын қауіпсіз аймаққа шығаруға арналған орталық және жергілікті атқару органдары құрған эвакуациялық және қабылдау комиссиялары.

ТҚН органдары күші - әскери бөлімдер, территориялдық және объективті ұйымдар, ТҚН органдары ұйымы және ТЖ құтқару топтары.

ТҚН органдарын ұйымдастыру - территориялды және объективті ұйымдар, облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда ТҚН және ТЖ қызметтерін ұйымдастыру.

ТҚН және ТЖ қызмет органдары - республикалық, облыстық, аудандық және қалалық ТҚН және ТЖ қызмет органдары, Қазақстан Республикасының Өкіметі, әкімдермен, орталық және жергілікті атқарушы органдарының және ұйымдардың жетекшілерінің  шешімімен ұйымдастырылады.

Құтқарушы отряд - аса қауіпті және жетуге қиын аймақтардағы іздеу және құтқару жұмыстарын атқаратын республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар.

Дабыл "Барлығының назарына" - азаматтық қорғаныстың жалпы дабылы, сирена немесе басқа да дабыл құралдары арқылы беріледі. Ол дабыл бойынша тұрғындар теледидарларын, радиоларын және басқа да ақпарат құралдарын қосып айтылған ақпаратты тыңдауға және ереже бойынша орындауға міндетті.

Қорғаныс ғимараттары фонды - өндірістегі және жалпы халықты қазіргі заманғы қауіптен және төтенше жағдайдағы табиғи және техногенді қауіптерден қорғауға арналған барлық инженерлік нысандарының жиынтығы.

Шаруашылық нысандары - өндірістік, ауыл шаруашылық өндірісінде және т.б. қоғам өмірінде қолданылатын ғимараттар, нысандар және басқа да нысандар.

Авария - материалдық құндылықтардың зақымдалуына және жойылуына алып келетін өндірістік кәсіпорындарда, көліктерде және басқада объектілерде жұмыстың кездейсоқта тоқтатылуы немесе өндірістік технология процесінің бұзылуы.

Апат - қайғылы жағдайға алып келетін кездейсоқ зілзала. Апат жағдайларында ғимараттың және әртүрлі құрылғылармен құрылыстардың қирауы, материалдық құндылықтардың жойылуы және адам шығындары болады.

 

9.3 Өмір сүру ортасындағы қауіп-қатердің көзі мен деңгейі

 

Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп тұр. Себебі адамның өмір-сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауының арқасында, техникалық жоғары деңгейге жетпегендігінің кесірінен өз өміріне қауіп-қатер туғыза бастады.

Сонымен адам қауіпсіздік жүйесінде үш түрлі рөл атқарады:

-                 Қорғау объектісі ретінде.

-                 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде.

-                 Қауіп-қатердің көзі ретінде.

Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі құрған объектілерінің жұмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулығы және өмір-сүру ортасына кері әсерін тигізеді.

Өмір сіру ортасына адам іс-әрекетінің кері әсері етуінің негізгі факторларын қарастырайық.

Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета) өмірі, жердің азоттан, оттегінен, көмірқышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты. Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам ағзасында оттегі қоры шектеулі. Ол 2-3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң ауа келмегендіктен адам ағзасында орнына келмейтін процесс басталады: ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.

Атмосфералық ауаның әртүрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар ағзасында ауыруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады. Мысалы, түрлі-түсті металлургия кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек-тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.

Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әртүрлі қосындылар әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады. Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік және жылуэнергетикасы жатады.

Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995ж – 3,1млн.га, 1997ж – 2,37; 1998ж – 2,33) зиянды заттар шығады. Атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7%,  қара металдар – 15,7% береді. Атмоссфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.

Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60-80% құрайды. Ал Алматы қаласында – 90%. Ең көп тарайтын улы заттар – көміртегі оксиді(СО), күкірттің диоксиді(SO2), азоттың оксиді(NO), көмірсутегі(СnHm) және қатаң заттар (шаң).

Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензин(а)перин. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда. Қазақстан Рессубликасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңның, аммиактың, фенолдың, фторлы сутегінің, формальдегидтің, қорғасынның, азот диоксидінің және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлде қайда артық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100 есе артып кеткен.

Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші деңгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін (смог), қышқыл (кислота)) және олар озон қабатын бұзатын бірден-бір қосындылар.

Смог – үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады:

-       Түтіннен немесе өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың тұман;

-       Фотохимиялық смог – өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансыз жиынтығы, ол күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп құралды әрі өте улы келеді.

Фотохимиялық смог 1940-жылдары Лос-Анджелес қаласында байқалған, қазір де ғаламшарымыздың барлығы дерлік бұрыш-бұрыштарында көрінеді. Смог көз көрерлікті төмендетеді, металдың тотығуын күшейтеді, денсаулыққа кері әсер етеді әрі тұрғындардың өлімін көбейтіп, аурушаң етеді.

Қышқыл жаңбыры – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл бөле бастады. «Қышқыл жаңбыры» деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды.

Негізінде, қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Соңынан сол бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір-тіршілігі, іс-әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде. Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның араласуынсыз-ақ, бұрын да болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның т.с. табиғи құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған.

Қышқыл жаңбыр табиғатта тек қана тік жоғары тарамайды, жерді көлбеп жатқан көкжиекке созылады. Бұндай бұлттар бір елдің аумағынан шығып, екінші бір мемлекет жеріне барып түсуі мүмкін. Сондықтан бұл бүгінде халықаралық мәселеге айналып отыр. Мысалы, Қазақстан үшін өз жерін ластану пайызы өз күкіртінің құрылымынан – 46 пайыз, азот құрылымы бойынша – 22 пайыз құрайды. Қалған пайызы өзге мемлекет аумағынан келеді. Азот пен күкірт атмосфераға шыққан соң бірден реакцияға түсіп, қосынды құрамайды, арада 2,8...10 тәулік өсуі мүмкін. Осы екі арада ауадағы ластаушы заттар мыңдаған шақырымдарға кетеді.

Қышқыл жаңбыр адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Мыссалы: ауадағы ластар және қышқыл жаңбырлар металконструкциясының тот басуын жылдамдатады; ғимараттардың, ескерткіштердің бұзылуына әкеліп соғады; топырақ пен судың қышқылдығын (РН) өзгертіп, топырақтың құрылымын бұзады, оның өнім беру қасиетін төмендетеді, өсімдіктердің жойылуына ықпал етеді. Тұщы судың ашық қоймаларының сапасын төмендетеді. Тірі ағзалардың құруына әкеледі.

Парниктік эффекті. Атмосфераның құрамы мен жағдайы Ғарыш пен Жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен Жерге немесе Жерден Ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +15 градус. Мұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиациясының рөлі жоғары. Осы процесс бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жер балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбесюіне, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жыслуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының Жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған. Ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 пайызға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.

Климаттың әртүрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы Жерде орташа температура 4,5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5 м көтеріледі.

Климаттың одан әрі жылынуы 2100 ж. Әлемдік мұхиттың деңгейін 2 метрге дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы км құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі.

Парниктік эсффектінің Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдынд ала тиімді шаралар қабылдамаса, Жердегі өмір-тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін.

Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногендік ластануының кері әсері тек жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы Жерге ұзындығы 0,29 мкм ультракүлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, онкологиялық және көз аурулары көбейеді.

Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар – хлор мен азот қосындылары. Хлордың бір молекуласы 10 озонның молекулаларын, ал азот оксиді бір молекуласы оның 10 молекулаларын талқандайды.

Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілуінің негізгі көздері болып төмендегі факторлар саналады:

-                 Ұшақтардың шығаратын газдары.

-                 Зымырандардың шығаратын газдары.

-                 Вулкан газдары.

-                 Фреонды пайдаланатын технологиялар.

-                 Атом жарылыстары.

Мысалы, «Шаттл» ракетасының бір ұшуы озонның 0,3 пайызының бұзылуына әкеліп соғады. Озон қабатының осы тесігінің қайта жабылуы ұзақ уақытты қажет ететіндегі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

Озон қабатының бұзылуына өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылатын фреон үлкен әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздығы бұзылған мұздатқыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылары және тағы басқалар.

 

9.4  Өмір сүру ортасындағы адам ағзасына кері әсер ететін факторлар

      

Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі-дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден  1000-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.

       Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

-   өнеркәсіп уы – өндірісте қолданатын заттар;

-   улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;

-   дәрі-дәрмектер;

-   тұрмыс химикаты;

-   өсімдіктер және жануарлар уы – өсімдіктерде, саңырауқұлақтарда, жануарларда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;

-   әскери улаушы заттектер.

       Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:

          - жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;

           -қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;

       -    аллергия тудыратын заттар;

       -    мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар;

       -    канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар;

       -  бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.

        Зиянды заттардың әсер етуі және ағзаға енудің жолдары.Зиянды заттар адам ағзасына тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда (80-90 пайыз) кәсіпке байланысты аурулар және уланулар ағзаға улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.

Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен ас-қорыту жолдары арқылы ағзаға енеді. Улы заттар ауыз қуысында-ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, цианид сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттыра түсуі мүмкін.

          Улы заттар адам ағзасына тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анилиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, ағзаға енуі жеңілдейді.

          Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығы байланысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы тін (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық-химиялық қасиетке байланысты болады: суда ергіштігі, майда ергіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванадий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальциймен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады.

          Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам ағзасы тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі.

          Жалпы улану удың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды. Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.

Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.

          Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде ағзаға енеді. Өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі – өзіне тән емес көрінуі (бас ауруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.б.), екіншісі – өзіне тән, телімді көрінуі (өкпенің ісінуі т.с.с.)

          Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың ағзасында жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензолмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса, онда қан жасау жүйесі зақымданады.

          Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары. Зиянды заттар ағзаға түскен соң, әртүрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метаболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақ уыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен және тінаралық ортамен қарым-қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы.

          Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі.

          Екінші жол – улы затты уақытша бір ағзаға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металдар (қорғасын, кадмий) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кезкелген уақытта қайта түсуі мүмкін.

        Үшінші жол  ағзасынан шығуы – бұл әртүрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорыту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек-қарын жолымен ағзасынан шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.   

 

          10  Қазақстанда төтенше жағдайларды тудыратын апаттардың түрлері

 

           10.1 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

 

Тұрғындарды қорғау. Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.

Зілзала – бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігі күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.

Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.

Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.

          Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

Дүние жүзінде су тасқынына  бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісі, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері.

          Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.

          Жер сілкінісі. Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпулі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сесмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100 ден аса жер сілкіністері болып тұрады.

Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі оте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жынымтарынан тастар құлайды, адамдарда үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды.

Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен  болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аймаққа 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Манғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.

Жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және  улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілердің кейбіреуінің бұзылуы, оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.

Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимаратты зақымдалуынан шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама есе асып түседі. Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б. шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.

Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдың уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының зардапты жоюға тартылуы және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдалуына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлауына, халықтың апат аймағынан кетуіне, жерасты дүмпуінің қайталануын күтуінің нәтижесінде адамдардың ұнжырғысының түсуіне әкеліп соғады.

Инженерлік желілер мен коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті. Жер сілкіну күші және оның қирату сипаттамасы 10.1-кестеде көрсетілген.

 

10.1 кесте - жер сілкіну күші және оның қирату сипаттамасы

Балл

Жер сілкіну күші

Қысқаша сипаттама

1

Елеусіз сілкіну

Сейсмикалық апаттар ғана тіркейді

2

Өте бәсең сілкіну

Толық тыныштық жағдайда жеке адамдар сезеді

3

Бәсең сілкіну

Халықтың шағын бөлігі ғана сезеді

4

Елеулі сілкіну

Үй ішіндегі бұйымдардың, ыдыс –аяқтар мен терезе шыныларының ақырын шайқаулы мен дірілінен, есік пен қабырғаның  сықырлауынан байқалады.

5

Біршама күшті сілкіну

Үй шайқалып жиһаздар дірілдейді. Терезенің шынылары мен қабырғаның сылақтарында жарықшақ пайда болады. Ұйықтап жатқандар оянып кетеді.

6

Күшті сілкіну

Барша жұрт сезеді. Үйдің қабырғаларынан суреттер құлап  түседі. Сылақтың жеке кесектері опырылады, үйлер жеңіл зақымданады

7

Өте күшті сілкіну

Тас үйлердің қабырғаларында жік пайда болады. Антисейсмдік, сондай-ақ ағаш үйлер қирай қоймайды.

8

Қиратушы сілкіну

Жар қабақтарда және дымқыл жерлерде  жарықтар пайда болады. Ескерткіштер, үйлер қатты бүлінеді.

9

Жойқын сілкіну

Тас үйлер білініп құлайды.

10

Өте жойқын сілкіну

Жер бетінде ірі жарықтар пайда болады. Тас үйлер қирайды, темір жол рельcтері иіледі.

11

Апатты сілкіну

Жерде үлкен жарықтар, көптеген жылжымалар мен опырықтар пайда болады. Тас үйлер мүлдем қирайды.

12

Аса апатты сілкіну

Жер беті өте елеулі өзгерістерге ұшырайды. Көптеген жарықтар, опырмалар, жылжымалар пайда болады. Бірде бір құрылыс бұл сілкініске төтеп бере алмайды.

 

 

Жер  сілкінісі   салдарының  аса  ауыр  түрлері  ғимараттар  мен  үйлерді  сейсмикалық  күшейту  бойынша   жұмыстар  жер сілкінісі  қаупі  ескерусіз  жүргізілетін  құрылыс  пен ғимараттарда  пайда  болады. Бұған  мысал  ретінде  соңғы  жылдары  Қазақстанда  болған  жер  сілкіністері  салдарын  келтіруге    болады.

Халықты,  аумақты   және  шаруашылық  обьектілерінің  ықтимал  жер  сілкінісінен  қорғау  мақсатындағы  шаралар  мыналарды  қамтиды: сейсмалогиялық  бақылау  мен  жер  сілкінісінің болжамының  республикалық  жүйесін  дамыту; сейсмикалық  аудандастыру  сапасын  жақсарту; сейсмикалық  төзімді   ғимараттарды  жобалау  және салу; халықтың  сейсмикалық   білімін  жақсарту; басқару;  хабарлау  және  байланыс  жүйелерін  тұрақты  дайындықта  болуын  ұйымдастыру;  дамыту  және  қолдау; жер  сілкінісі  кезінде  Азаматтық  қорғаныс  күштерін  тарту  және тұрақты   дайындықта  ұстау.

Азаматтық  қорғаныс қүштері  мен  құралдарының  және  өзге  де  шараларға  жер  сілкінісі  салдарын  жою  жоспарына  сәйкес  өзге  де  шараларға  басшылық  жасау.

Сел. Сел - тау  өзенінің  өз  арналарынан  кенеттен  көтеріліп, деңгейінің  күрт  өзгеруі және  тау  жыныстары бұзылуынан  болатын  қуатты  ағын.

Сел  ұзақ  нөсердің   салдарынан,  мұз  бен  қардың  жылдам   еруінен, моренді, мұзды  өзендердің  бұзылуынан,  жер  сілкінісінен, адамның  шаруашылық  қызметі  нәтижесінен  пайда  болады. Тасқындардың  басқа  түріне  қарағанда  сел  әдеттегідей үздіксіз  емес, жекелеген  толқындар  мен  10м/с  және  одан  көп  жылдамдықпен  қозғалады. Іле, Жоңғар, Талас  Алатауының  жоталарында,  сондай-ақ   Қаратай, Кетмен  және  Тарбағатай  тауларындағы  өзендер  Қазақстандағы  сел  қауіпі  күшті  аудандар  болып  табылады.

Сел  тасқыны  кезінде  халықтың  өзін-өзі  ұстауы  мен  іс-әрекетіне    зілзаланың  белгілерін  дер  кезінде   анықтау  мен  белгілеуді  және  ол   туралы  хабарлауды (ескерту)  ұйымдастыру  үлкен  әсер  етеді.

          Сейсмикалық   қауіпті  аудандағы  халық   орман  желектерін  кесу,  егіс  жұмыстарын  жүргізу, үй  малын  бағу  жөніндегі  нұсқауларды   қатаң  орындауға   тиіс.

Халыққа  сел  тасқынының   жақындауы  туралы  хабарлаған  жағдайда,  сондай-ақ   оның  пайда  болуының    алғашқы  белгілері  білінген  сәтте, ғимараттан  тез  шығып,  бұл  туралы  төңіректегілерге  ескертіп, қауіпсіз  орынға  бару  керек. Өрт   болмау   үшін   үйден  шыққан  кезде  пешті  сөндіріп, газ  бұрандысын   жауып, жарықты  өшіріп,  электр  заттарын  ажырату  қажет. Егер  уақыт  болса, қауіпті  аймақтан  малды  айдап  кеткен  жөн. Халық  қауіпті  аудандардан   уақытша  қауіпсіз  орынға  көшіріледі.

Сел  тасқынына  тап  болған  адамға  қолда  бар  барлық  құралдармен  көмек  көрсету  керек. Мұндай  құралдар  құтқарушылар  беретін  таяқ, арқан, сырық, шынжыр   және  т.с.с. болуы  мүмкін.  Тасқын  ішіндегі  адамды  оның  шетіне  біртіндеп  жақындата  отыра, тасқынның  бағыты   бойынша  шығару  керек.

Сел  қаупі  кезінде   көшіруге    қатысушы  адамдар    қауіпті  жерлерден   қарттар   мен  балаларды,  аурулар  мен  өз  бетінше  жүре  алмайтын  адамдарды  шығарады. Еңбекке  қабілетті  бүкіл  халық   тоғандарды  нығайтуға,  кедергілер   тұрғызуға, ағызғыш  каналдар  қазуға  міндетті.

Егер   сел    апатына     елді    мекен  ұшыраса,   онда    іздеу-құтқару  жұмыстарына   әзірлеген  жоспары  бойынша    жұмыс  жүргізетін  әртүрлі  құтқару   бөлімшелерінің    айтарлықтай    күштері   мен  құралдары  тартылады. 

Қар  көшкіні.  Қар  көшкіні – бұл  қар   массасының   тау  беткейі  бойынша  төмен  қарай  жылдам  лықсуы.

         Қазақстанда  95  мың  шаршы   км  тау  аумағы  қар  көшкіні  қапуіне  ұшырайды.

         Қазақстанда  қар  көшкіні  қалың  қар  көп  жауатын  және  қолайлы  геоморфологиялық   және  топырақтық-ботаникалық  жағдайлары  бар  Батыс  Тянь-Шянь,   Алтай,   Іле  Алатауы  мен   Жоңғар  Алатауының   жоталарында  болып  жатады. Көшкіндер  құлама  тау   беткейінен   көбінесе  20-60  градуспен,  көшкін  қар  жаңа  жауған  және   күн  күрт  жылыған  кезде  болады.  Көшкін  тауда  жауын-шашынның  жиі  болуынан,  циклондық   құбылыс  күшейетін  наурыз-сәуір  айында  көбірек  болады. Сирек   қайталанатын  көшкіннің  көлемі 1 млн.  текше  метрге, қозғалысының  ең  үлкен  жылдамдығы  100  метр  секундке  дейін  жетеді. Барлық  көшкіндердің  50%  жуығы  жазыққа  дейін  жетіп,   халық  пен  шаруашылық  обьектілеріне   тікелей  қауіп  төндіреді.  Көшкіннің  кедергіге   көрсететін  қысымы  1  шаршы  метр   үшін  бірнеше  жүз  тоннаға  жетуі  мүмкін.

Қазақстанның   бүкіл  таулы  аудандарында    қар  көшкіні   болып  тұрады. Ол  негізінен   қардың   түсуі    мен  күннің   жылуына  байланысты,  қар  көшкіні  болатын  ең  қауіпті  кезең  қараша-сәуір,  ал  тауда-қазан-мамыр.

Тауда  болған  кезкелген   адам  қысқы  кезеңдегі  таудағы  қауіптерді,  сақтандыру  шараларын   білуге   міндетті.

Жай   адамдар  көшкіндерге  қыстың  суық  мезгілінде   тауда  болса  ғана  тап  болуы  мүмкін. Ал  альпинистер  мен  тауға  шығуды  әдет  қылған  туристер   бұған  жыл  бойы   әзір  болуға  тиіс. Тау  әуесқойларымен   болатын  барлық  бақытсыз  оқиғалардың  25%-на  жуығы  көшкіннің  еншісінде.  Ол   әдетте   бағыт  пен  қозғалыс   уақытын   дұрыс  таңдай  алмаудан, көшкін  қауіпі   бар  беткейлерден   ебдейсіз  өтуден,  көшкіннің  пайда  болу  табиғаты  туралы  білмеуден,  тәртіп  бұзудан  болады.

Тауда  болған  кезде  қоршаған  ортаға  мұқият  қарап,  кездескен  жабайы  хайуанаттардың  мінезін  зерделеген    жөн   (тау  ешкілері  қар  көшкіннің  ықтимал  лықсуын  алдын  ала  сезіп  қаупті  аймақтан    кетеді), сондай-ақ  беткейдегі  қардың  төзімділігін    қолда  бар  қауіпсіз  әдістермен  тексеру  қажет. 15  градустан  тік  беткейлер  аса  қауіпті  болмағанмен, қар  көшкіннің  одан  да  жазық   беткейлерде  жылжу  оқиғалары  белгілі.  Беткей  тік  болған   сайын  көшкіннің  жылжу  ықтималдығы  арта  түседі, алайда  50  градустан  тігірек  беткейлер  қауіпті  емес, өйткені  қар  жамылғысы  жинақталмайды,  қар  жауған  сайын  шағын  бөліктермен   сырғып  түсіп  отырады.

Жағдай  сәтті  аяқталса,  зардап  шегушіге   алғашқы  медициналық  көмек   көрсетіледі  және   ол  қауіпсіз  жерге  апарылады.

Опырмалар. Опырмалар – ауырлық  күшінің   әсерімен   ылғалды  топырақ  массасының  төмен  қарай  сырғуы.  Тау   жыныстарындағы   және  жартастарындағы  жекелеген  жақпарлардың  немесе  құрғақ, тік,  еңіс  беткейлердегі  жақпарлардың  құлауы.

Опырмалар   Қазақстанның  барлық    таулы  аудандарында  болып  тұрады. Олардың  пайда  болу  себептері   жерүсті  және   жерасты  сулар  мен  топырақтың  ылғалдануы, жер  сілкінісі,  сондай-ақ  адамның  шаруашылық   қызметі  болып  табылады. Аса   ірі  опырылмалар    тектоникалық  ұсақталуға  байланысты. Осындай  учаскілерде   пайда  болған  опырылмалар  ірі  өзендерді  бөгейтін  көлденең  су  тоғандарын  жасай  отыра, таулы  жазықтарды  құрсаулайды. Мұндай  өзендерге  Күнгей  Алатаудағы   Көлсай  өзені,  Іле  Алатауындағы  Үлкен   Алматы  өзені  жатады.

Опырылмалар  жылдың  кезкелген  уақытында, әдетте, тіктігі  19  градусқа  жуық  жарларда  болады. Ірі  қопарылмалардың  алаңы  50-60  га  дейін  жетеді.

          Соңғы  жылдары  Қазақстан  тауларындағы  опырылмалар  құбылыс  өрістеген  техногендік  жүктемеге  байланысты  саяжай  учаскілерінің   кесінділері    есебінен  жандана түсті. Тау  беткейлерінің   табиғи  геоморфологиялық  тепе – теңдігі   олардың  жол, саяжай  үйін  салу,  су  құбырларын  өткізу  және  басқа  құбылыстарды    салу  кезінде  тірегінің  кесілуінен  бұзылады, сонымен  қатар   өсімдік-топырақ  жамылғысы  бұзылып,  беткей  топырағы  суырмалы  сумен    ылғалданады. Опырмалар  бұрын  олар   байқалмаған   жерлерде  де  пайда  болады.

Тұрғындар  қопарылманың  басталғандығы  туралы   хабарды  алған  бойда  үй-жайдан  жылдам  шығып, төңіректегілерге  қауіп  туралы  ескертіп,  қауіпсіз  орынға   барған  жөн.  Үйден  шығарда  пешті  өшіріп,  су  мен  газ  бұрандыларын  жауып,  жарық  пен  басқа  да    электр  қондырғыларын   ажырату  қажет.

Қар басу. Табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.

          Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады. Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері: жоғалған адам мен малды іздеу; зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау, жолда тұрып қалған көлікке көмектесу, коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою. Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі. Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, ол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, двигательді радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын желге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаған жөн. Машинаны қар басып қалу қаупі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бүлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін. Машинадан шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (Бір ұшын автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптеп кездеседі. Жолдағы көктайғақ аса қауіпті, ал қиылысы көп жерлерде автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын, әртүрлі заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл жағдайларда ескі құрылыстардың маңынан, электр желілерінің және олардың діңгектерінің жанынан аулақ кеткен жөн.

          Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын жақтан қалқандар орнатылады.

Дауыл. Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.

          Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келтіреді.

          Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс. Дауыл өзінің алапат күшімен инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем әсер етпейді.

          Шаңдақ дауыл – бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі.    Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл – сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады.

Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы,                  ол – таянған дауыл қаупін тұрғындарға дер кезінде хабарлау және дауыл болып тұратын аудандағыларды осыны ескере отырып орналастыру. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салғызбай, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормаларын енгізіп, бақылауға алып көмектесу керек.

          Дауылдың жақындағаны туралы хабарды алған соң, мына іс-әрекетті жүзеге асыру қажет: панахананы, жертөлені әзірлеу; есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу; саңылауларды бекіту; төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды шығару; даладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу; газды, электр жүйесін ажырату, суды жабу, пешті сөндіріп, қажет болса қорғаныс панаханаларына барып орналасу керек.

 Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну, ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау, панаханада радиоқабылдағышты  тұрақты  қосып қою керек. Ғимарат ішінде болғанда әйнек, шыны сынықтарынан және жарықшақтардан сақтанған  жөн. Далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, жел өтінен сақтайтын жерлерді іздеу керек немесе жерге етпетінен жатады. Орманда қалғанда ең жақсысы ашық алаңға шыққан жөн, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электр беру желілерінің діңгектеріне жақындамаңыз. Дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығады. Шандақ дауыл жақындағанда үйде есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаған жөн. Үй хайуанаттарын қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек.

Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз, малды тасаға жасыру қажет. Жақын жерде сексеуіл, шеңгел тәрізді бұталы жерде малды ұстай тұрған жақсы.

          Егер дауыл кезінде елді мекеннен қашықта болсаңыз, көру қашықтығы азайып, адасып кету қаупі туса, онда қозғалысты тоқтату қажет. Егер адассаңыз, жарақат алсаңыз, онда өз орныңызды білдіру мақсатында түтіні қатты шығатын матаны, бұтаны, көк шөпті жағып, дыбыс беріп, алыстан көрінетін ашық затты биік жерге іліп, қам жасағаныңыз жөн.

          Егер шаңдық дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз, киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, қоқым түспес үшін арнайы көзілдірік киіңіз. Егер қандай да бір жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қалқа ретінде пайдалануға болады.

          Дауылдан, бораннан, буырқасыннан кейін құтқару бөлімшелері еңбекке жарамды тұрғындармен бірге жасырынған, жарақаттанған адамдарды шығарып, қауіпсіз жерге немесе емдеу мекемесіне апарады.

Таудың су тасқыны. Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге  дейін   жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады. Республика бойынша 300-ден аса осындай қаупі бар тау бассейіндері бар. Әсіресе қауіпті жерлерге Іле, Жоңғар, Талас, Алатау, Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары жатады. Бұл тауларда осындай тасқындар жыл сайын болып тұрады.

 Тау су тасқынынан сақтану жолдары:

-   Жауын уақытында және жауын өткеннен кейін 2 күндей тауға шықпау.

-   Тауда тек бұрын адам жүрген жолдармен жүру.

-   Жазда тауда түс қайтқанда, күн қызғанда жүрмеу.

-   Тұманды күні тауға шықпау.

-   Тауда жүргенде айқайламау, шуламау (дауыс ауаға әсер етеді, ауа қарды қозғап жіберуі мүмкін).

-   Қар басқан тау бөктеріне жақындамау.

-   Егер тасқын жылжып келе жатқанын сезсеңіз, оның жолынан шығуға тырысу.

-   Күнделікті телидидар, радиодан берілетін хабарларға көңіл аударып жүру.

          Су тасқыны. Бұл құбылыс та біздің елімізде жерімізде жиі болып тұрады. Тек соңғы бес жылдың ішінде, Атырау облысының өзінде ғана бірнеше су тасқыны болды. Бұл өзгерістердің барлығы тек табиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар. Әсіресе, Каспий теңізінің тасуынан Құрманғазы, Исатай аудандары көп зиян шегуде. Мал, қора, қыстақтар, үйлер суға кетуде.

          Жайық, Ойыл, Ембі өзендерінің суының көтерілуінен Қызыл-қоға, Жылой, Махамбет аудандары көп зиян шегіп отыр. Каспий теңізі мен Жайық өзендері Атырау қаласына қауіп төндіруде. Бұған қарсы облыс басшылары тиісті шаралар қолданып (жағаны бекіту, елді мекендерді қауіпсіз орындарға көшіруді), күрес жүргізуде. Осындай жағдай 2003-2004 жж. Шардара су қоймасында, Сырдария өзенінің басында болып, үлкен материалдық шығын әкелді.

          Су басуы өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді мекендердің су астында қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.

          Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.

          Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардың кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті болады.

          Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурыздан, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда – наурыз-шілдеде, республиканың жазықтағы өзендерінде – наурыз-маусым айларында болады.

          Жаңбырдан болатын тасқындар Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегінде және ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде Ертіс бассейіні өзендерінде байқалады. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынның ерекшелігі сол, ол белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы мүмкін.

Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл солтүстік-шығыс жағалауында болады. Атырау және Маңғыстау обылстарының бүкіл шаруашылық кешенініе орасан зор залал келтірген соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуімен ушыға түсуде.

Кептелулер мен тосқауылдардан болатын қирату салдары бар тасқынның таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан өзендері болып табылады. Олар күз бен көктемде мұз жамылғысының бұзылуы мен пайда болуы кезінде байқалады.

Өзеннің жоғарғы бөлігінде мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылуы жағдайында тасқын қас-қағым сәтте болуы мүмкін.

Қалған жағдайларда су басу қаупіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды-көпті уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа райының созылуы, мұзбен жүрген кезде, қар еріп жатқанда және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүру өте қауіпті. Су батпақтардың сінгіштігін азайтады да, батпаққа батудың қаупі туады.

Су тасқыны апаты кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, биік жерлерге көтерілу қажет. Елді мекендегі тасқын кезінде қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.

Республика аумағындағы көптеген тасқындардың судың деңгейінің көтерілуінің болатындығынан белгілі. Алдын алу жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басуы болатын аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу; жағаны биіктету және су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу; ғимараттар мен үй-жайларды судан оқшаландыру қондырғысын қою; қысқа бұталы ағаштар отырғызу; жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау; толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу; отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету; қайықтың болуы; жақын орналасқан биік жерді білу; жақындаған зілзала туралы хабарды алуға дайын болу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған тосқауылдар қою, топырақ төгу.

Тұрғындарды уақытша көшірудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радио мен теледидар, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.

Халыққа жиналатын орынды, жиналу мерзімін, көшу кезінде жаяу баратын бағыт, сондай-ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жағдайларды, оны ауыздықтау жолдарын және барысын және басқа да мәліметтер хабарланып отырады.

Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние-мүлкімен бірге су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді-мекендерге көшіріледі.

Кәсіпорын мен мекемелер су қаупі төнген жағдайда жұмыс тәртібін өзгертеді, ал кей жағдайда жұмыс мүлдем тоқтайды. Су басу ықтимал аймақта мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан мектеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын және көшедегі адамдар судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығу тиіс. Жұмыста әкімшілік нұсқауымен белгіленген тәртіпті сақтап, биік орналасқан орындарға көтерілу керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әртүрлі жүзу құралдарын пайдаланған жөн.

Үйден (пәтерден) шыққан кезде өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, құнды заттарды, аса қажетті заттарды, екі-үш тәулікке жеткілікті азық-түлік қорын алу ұсынылады.

Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті жоғарғы қабатқа, шытырға шығару керек. Үйден (пәтерден) шығардың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы желдеткішті және басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.

Су басқан аумақтағы аламдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып, осы жұмысқа АҚ және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері, жүзу құралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күш пен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын бұлжытпай орындау керек. Жүзу құралдарына (қатар, қайық, желкен және т.б. ) шектен тыс салмақ алуға болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.

Табиғи өрттер. Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер-орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.

Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал ол мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с. Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, сондықтан оны кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауы керек, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс.

Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдарды жаппай үрей билеуі адам шығынына әкелуі мүмкін. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.

Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз, панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Оттан қорғайтын киім киіп, керекті жарақтарды (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, противогаз, каска, түтіннен қорғайтын маска) пайдалану керек, әр топта сол аймақты жақсы білетін жол серік болғаны дұрыс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, онда оған кіруге болмайды.

Өрттен адамдарды құтқару кезінде өте жылдам әрі тиімді қимылдау қажет, себебі түтін, улы газ, жоғары температурадағы ыстық, ғимараттың құлауы, тез жанатын және улы газ бөлетін заттардың болуы сияқты қауіптер кез-келген жерден шығуы мүмкін. Жанған ғимарат арқылы үсті-басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек.

Көп қабатты ғимараттарда, егер подъезден шығуға мүмкіндік болмаса, балконды, апаттық люк пен балкондағы баспалдақты, көрші подъезд арқылы, құтқаруға арналған төбенің люгін пайдаланыңыз. Құтқару жұмысына қатысатын адам, алғашқы медициналық көмекті көрсете білуге тиіс.  

 

 

11   Жаппай қыру қаруларының қолданылуы және оның   салдары

                       

11.1 Ядролық қарудың жарылыс ошағы

 

           Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.

 Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су) астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.

Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.

          Жарықты сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.

 Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

           Өткір радиация - гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.

           Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге түссе радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды. Радиоактивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды.

          Электрлік магниттік импульс  жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық істен шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттары, электрондық есеп машиналары жарамсыз болып қалады.

            Радиацияға қарсы қорғаныс. Медициналық көмек көрсету: Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек; ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек; радиоактивтік заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет; радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор; дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек; су мен тамақты радиоактивтік ластануға зерттеу жасау қажет.

 

          11.2 Химиялық қарудың жарылу ошағы

 

           Химиялық қару - дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі ағзаларды, өзен-көлдерде, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улау заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:

1) Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман,V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), психикаға әсері(BZ), тітіркендіру әсері (CS-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен и др.)

2) Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман,V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.

3) Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады.

4) Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жай әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген.

5) Қолданылуы ықтимал улау заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

 

           11.3 Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы

 

Бактериологиялық (биологиялық) қару -деп терлікті (патогенные) микроағзаларды, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.

Бұл қарудың қауіптілігі - приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.

 

11.4 Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою

 

Халықты корғаудың ұжымдық құралдары - тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізғі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі - адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құрал- дар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті обьектілердегі апаттардан қорғау - маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.

Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуга тиіс.

Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.

Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.

Қорғану жолдары: Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.

Жарықты сәулелену - бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градустан (жарылыс басында) бірнеше мыңға дейін болады (жарылыстың аяғында). Жарықты сәулелену өте кысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.

Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.

Сәуленің мөлшері - калориямен анықталады.

Жарық импулсі - 1 кал/см

Жарықты сәулелену - адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, сокыр қылады.

Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

          1-дәрежелі - 4 кал/см;

          2- дәрежелі - 4-7,5 кал/см;

          3-дәрежелі - 7,5-12 кал/см /тері сыдырылады;

          4-дәрежелі - 12 жоғары кал/см (терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі).

Жарықты сәулеленуден кез келғен жарық өткізбейтін богет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

Өткір радиация - ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары 10-15 сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.

Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы еткен радиацияның мөлшеріне байланысты, ол сәулелену дозасымен өлшенеді.

Сәулелену дозасы деп қоршаған ортада 1 гр затты не 1 куб.см. көлемді денені жоюға кететін қуат мөлшерін айтады. Бұл мөлшер рентгенмен алынады. 1 рентген- 1 куб.см ауада, 0°С - температурада қысымы сынап бағынасымен 760 мм болғанда - 2,08 млд пар иондардың болу деңгейі.

Өткір радиация - әртүрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді. Ашық траншея - 3 есе азайтады Жабық траншея - 7-10 есе. Бір қабатты ағаш үй - 3-5 есе. Бір қабатты тас үй - 10-15 есе. Жер астындағы үйде -7-15 есе (землянка). Арнайы дайындалған жер асты үй - 400 есе. Көп қаталлы үй подвалы - 100-400 есе.Арнайы салынған баспана - 1000 есе. Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуы- сы - түгел қорғайды (еш зиянсыз).

Радиоактивтік ластану - жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды - радиоактивті заттар жерге түседі.

          Жарылыстан кейінгі өткен уақытқа байланысты радиация деңгейі азаяды. Мысалы; 1 сағат өткеннен кейінгі деңгейді - 100% деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағатта 10 есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады (демалғанда, тамақпен, сумен). Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн.

Электрлік импульс: бұлар жарылыс кезіндегі электрлік және магниттік өрістер бірнеше секунд ішінде болады, байланыс құралдарын, электр қондырғыларын істен шығаруы мұмкін. Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар.

Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайда болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді.

Мұндай құбылысты ғалымдардың сезгеніне 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруы пайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді.

Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа материалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда (термос, бидон, графин, банкі) сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек.

Ең  жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек. Олар да полиэтилен қап- шықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа жеміс-жидектер жақсы жабдықтаған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цистерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса, брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауып алып жүреді.

Көпшілік пайдаланатын су көзін сақтау маңызды жұмыс. Елді мекендерде құдықтар өте ұқыпты жабылуы керек. Ашық су көздері әдейі күзетке алынып, судың сапасы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Судың, азық-түліктің радиоактивті затпен ластанғанын арнайы құралдармен тексереді. Егер ол жеткіліксіз болған жағадайда, тексеріс зертханаларда жүргізілуі керек.

Егер су көзінің ластанғандығы анықталса, ол жерге "ластанған" деген белгілер қойылады. Осы белгі кезекті тексеруден өтіп, судың тазалығы анықталғанда ғана алынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау үшін оларды мұқият бекітілген қораларда сақтайды. Сондықтан ол қораларда су мен жем артығымен жинақталады. Қоралардың сыртының биіктігі 1 м, қалыңдығы 40-50 см топырақпен бітеледі. Есікке брезент, киіз қағылады. Кейбір бағалы, асыл тұқымды малдарға дорба-противогаз кигізеді, үстін жабулайды. Оларға мезгілінде прививкалар жасалып тұрады. Олар үнемі бақылауды болып, жақсы бағылуы керек. Ветеринарлар базарға түскен ет, сүттің тазалығын тексеріп отырады.

Құтқару жұмыстарына:

-                көмекке келген күштердің жүрер жолын барлау;

-                жолдағы немесе апат орнындағы өрттің жайылуына жол бермеу;

-                апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу;

-        құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру, оларды шығару;

-        зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету ауруханаларға аттандыру;

-             халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;

-        адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу;

-        территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту;

Құтқару жұмыстарымен қатар кейінге қалдыруға болмайтын қалпына болмайтын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Бұл жұмыстарға мыналар жатады:

-ластанған аймақ баратын жолдарды тазалау;

- апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;

- бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында жұмысқа қосу;

- қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;

- көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қам-тамасыз ету;

- құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу;

Сонымен қатар зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайда, қорғану құрылыстарының жәйі, апат орнына барар жолды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Қираған не радиациялы орында АҚ күштері кезекпен жұмыс жүргізеді. Адамдарды құтқаруға кәсіпорындардағы біріктірілген отрядтар (командалар) алдымен жіберіледі. Бұлардың мүмкіндігін күшейту үшін арнайы техника (бульдозерлер, автокрандар...) бөлінеді. Бұларға көмекке өрт сөндірушілер және ластанған техниканы тазартушылар көмекке келеді.

Жасақшылардың күшімен панаханада қалған адамдарды құтқару жұмысы, оларға көмек көрсету, ішке ауа барғызу жағдайы қаралады. Қираған үйлердің астында қалған адамдарды құтқару ең жауапты жұмыс. Бұл үшін сүймен, темір кесетін ара, ауыр балғалар, техникалардың жаңа түрлері қажет.

   Іштегі адамдарға кигізетін противогаз, респиратор, шаңға киетін матадан тіккен маскалар болуы керек. Апат болған жерде коммуналдық, энергетикалық жүйелер бұзылып, баспананың суға толуы, газдың жарылуы, өрт шығу қауіпі бар. Осының барлығы ескерілуі керек. Суды сырттан жабу, канализация жолдарын басқа бағытқа бұру, сырттағы газ тетігін жабу жұмыстары істелуі керек.

Өрт шығармас үшін темекі тартуға, сіріңке жағуға болмайды. Адамдарды қауіпті жерден алыстау жерге әкету жұмыстары қаралады. Зақымдалған жерлерге тиісті ескерту белгілері қойылады, айнала қоршалады, егер жағдай талап етсе адамдар противогазбен жұмыс жасайды. Жұмыс жүріп жатқан жерде аптечкалар, химиялық пакеттер не байлап-орау жабдықтары болуы керек.

Табиғат дүлейіне – су тасу, қар құлау, таудан құлаған су тасқыны, жер сілкіну, қатты дауыл (ураган), вулкандардың атуы, құрғақшылық, орман не торф өрттері т.б.  жатады.

Барлау қызметі, байланыс жүйесі, хабарлау орындары осындай қауіптің жақындағанын шамалап айта алады, қауіптен сақтану жолдарын алдын-ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Осы заманғы құрылыс жұмысының дамуы соншалық, олардың жолына қарсы тұра алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, жер сілкінуге қарсы әдіспен салынған құрылыстар оған шыдай алады. Алматыда сондай құрылыстар бар.

Табиғат дүлейінің қауіпі туғанда, өндірісте апат болғанда АҚ штабы халыққа дереу хабарлайды. Алдымен басшы қызметкерлерге, жасақшыларға хабар жеткізіледі. Жағдайды анықтау үшін қауіп төнген ауданға алдымен барлаушылар жіберіледі. Олар апаттың деңгейін, су тасқынын, өрттің алып жатырған көлемін т.б. мәліметтерді жинастырып орталыққа жеткізеді. Ал жұмыстарын, оған қанша, қандай техника, адам күші керектігін т.б. жұмыстардың деңгейін анықтайды.

Егер қажет болса халық қауіпсіз ауданға көшіріледі, мысалы, Чернобыль атом станциясы 30 км ары көшірілді. Барлық жағдайды анықтағаннан кейін тез арада сол жерге жасақшылар, арнайы қызметке кірісетіндер (байланыс, медициналық, өртке қарсы, радиацияға, химиялық қаруға қарсы, қоғамдық тәртіп сақтаушылар т.б.) келтіріледі. Оларға осы жерде нақты тапсырмалар беріледі.

Медициналық көмек көрсету жұмыстары, ауруханаға жөнелту, құтқарушылар жұмысқа кіріседі. Осындай кезде жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары, халықты таза ауыз сумен, тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары, санитарлық гигиеналық шаралар алынады. Құлаған үйлер, құрылыстардың астында қалып зардап шегіп жатырған адамдарды құтқару жұмыстары тез ұйымдастырылады.

Бұл жұмыс еш үзіліссіз адамдарды толық құтқарғанша жүруі керек. Ол үшін жасақшыларды, басқа көмекке келген құтқарушыларды кезекпен істетіп, жұмыс үзілмеуі керек.Апатқа ұшыраған жерлерде қоғамдық тәртіп сақтауға көп көңіл бөлінеді. Комендатура жұмыс жасайды.

Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін жұмыстар. Жоғарыда айтылғандай апат болған жерге келген жасақшылар АҚ бастығына барып өздерінің келгендерін баяндап, одан тапсырма алады. Осы тапсырманы орындау үшін өзі (жасақшылар командирі) жағдайды түгел түсінуі керек, себебі өзі білмей тұрып ол тиімді шешім ала алмайды.

Барлығын анықтап, түсініп алғаннан кейін командир өз қарауындағы адамдарға істейтін жұмыст, оның көлемін, басқалармен ара қатынасты түсіндіреді, қандай мақсат қойылғанын, ол үшін қандай жұмыстар істелетінін анықтап айтады. Жұмыстың түрі, оның көлемі, басты күштерді қай жерге салу керектігі, өз күштерін қалай пайдаланатындығы, осының барлығы өзіне және қарауындағы адамдарға белгілі болуы қажет.

           Ең бастысы – адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болса ол жерден көшіру (эвакуация) болып табылады. Көшірілген адамдар қай елді мекенге апарылатыны белгілі болуы керек.

           Жасақшылар командиріне жұмысты қашан бастауы керек, оларды ауыстыру, қайда жиналатыны т.б. мәселелерді анықтап алуы керек. Жұмысқа бұйрық берілген соң кіріседі. Бұйрықтар, қысқаша әрі түсінікті, анық жазылуы керек. Жұмыс кезінде оның барысын бақылап отыру да командирдің міндеті. Егер жағдай өзгеретін болса, онда қосымша міндеттер қойылуы, істелетін жұмыс, техниканы бекітуде өзгерістер т.б. болуы мүмкін.

          Жасақшылар командирі іс –жайды түгел біліп, бақылап отыруға міндетті. Мысалы: су тасыған жағдайды алайық, сол кезде не істеуміз керек, қалай істелінеді. Су тасығанда алдымен адамдарды құтқару жұмыстары қолға алынады.

          Ол үшін барлау қызметі іске кіріседі. Бұл жұмысқа тез жүретін катерлер, тікұшақ немесе ұшақ бөлінеді. Суда қалып, зардап шеккендерге жүзгіш құралдар, құтқарушылар жіберіледі. Судан қорғанып үй үстіне, ағаш басына шығып кеткен адамдарды құтқару қажеттігі туады. Сондықтан құтқарушыларды құтқару құралдарымен жабдықтаған дұрыс. Суда қалған адамдарға көмек көрсетіп жүрген экипаж өздері суда қимылдау ережелерін, адамдарды құтқару әдістерін білулері тиіс. Техникамен жабдықталған жасақшылар тобы су кететін каналдар, су тоқтайтын дамба, плотина тұрғызу жұмыстарымен айналысуы керек. Қай жұмыста істегенде де қауіпсіздік шараларын сақтап адам шығыны болдырмауға тырысу керек.

Атом станциялары, не атом бомбасы жарылғанда орасан зор қуат бөлінеді. Ядролық қару, не ядролық жарылыс ядроның ішіндегі күшке негізделген. Ол ядро жарылғанда ауыр элементтердің (УРАН-235, плутоний-239) тізбекпен берілетін реакцияларының күші. Ядро қаруының күші тротил зарядының тоннамен өлшенетін куші арқылы мөлшерленеді. Бұндай қарудың күші тротилмен алғанда жүздеген, мыңдаған тіпті млн-даған тоннамен есептеледі.

Ядро жарылысының бес түрлі қирату факторлері пайда болады:

- ауа толқынының соққысы;

- жарықты сәулелену (световое излучение);

- өткір радиация (проникающая радиация);

- радиоактивтік ластану (радиоактивное заражение);

- электромагниттік импульс (электромагнитное поля).

   Ауа толқынының соққысы – жарылыстан жан-жаққа өте қатты шапшаңдықпен тарайтын, жоғары қысымдағы ауа соққысы.

Мысалы:  1 мегатонна күшпен жарылыста ауа толқынының жылдамдығы 9 сек-5 км, 22сек-10 км жетеді. Осындай қозғалыста ол кезкелген техниканы, өндіріс құралдарын қиратады. Ал адам ауа толқынынан зардап шегетіндігі өз алдына, сынған заттардың ұшқынынан да жарақаттанады. 1  шаршы см-ге 1 кг күш түскенде ауа толқыны зор зардап әкеледі. Бұл ауаның қозғалу шапшаңдығы секундына 100 м-ге жетеді. Егер 1 шаршы (см-ге 0,2-0,4)200-400 гр) салмақ түсетіндей күш болса адам жеңіл жарақат алады (бас айналу, құлағы шулау, бас ауру) . 1 ш/см 0,5/500 гр/  салмақтан асып кетсе, адам контузияға ұшырап, мұрыннан, құлақтан қан кетіп, сүйектері сынуы мүмкін.

Панаханалар. Жан-жақты қымталған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана. Олардың көмегімен адамдар типті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі.  Панахананың кіретін және шығатын жерлері болуы керек.

Панаханалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жер бетінен биік орнатылмайды. Панахана еденінің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша жоғары болғаны дұрыс (кем дегенде 0,5 м).

Жарылыс кезінде немесе қырып-жою құралдарымен шабуыл жасалғанда панаханаға түсетін күш өте зор. Сондықтан оны салғанда құрылыс материалдарының мықтылығына (беріктігіне) аса көңіл аудару қажет. Қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз ететін санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау есебінен қол жеткізеді.

        Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші деңгей) және жатуға арналған (екінші және үшінші деңгей) орындардың санымен анықталады. Шағын панахана дегеніміз 300 адамға дейін, орташасы – 300-600 адамдық, үлкені – 600-ден астам адамдық.

         Бейбіт уақытта панахана олардың қорғаныс ерекшеліктерін бұзбай, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға пайдалануы мүмкін.

Панахана, онда жасырынған адам үшін, қажетті санитарлық-гигиеналық жағдаймен қамтамасыз етілуге тиіс: ауадағы көмір қышқыл газдың көлемі      1%-дан (жоғарғы шегі – 3%), ылғалдылық 70% (жоғарғы шегі – 80%), температура 29 пайыз (жоғарғы шегі – 31 C) аспауға тиіс.

           Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып тұрғызылуға тиіс: адамдарды үздіксіз қабылдап, шығарып салуды қамтамасыз ету мүмкіншілігі; панахананың су жайылып кету қаупі бар жерлерге салынбауы; су беру және қысымдық канализация желісінен алыс болуы; панахана арқылы транзиттік-инженерлік коммуникацияның өткізілмеуі, апаттық шығаберістер құлаған жағдайды негізгі ғимараттағыдай деңгейде қорғалған кірер және шығар болу т.с.с.

          Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық бөлмелер жатады. Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіретін және шығатын есіктер. Панахананың ішкі бөлімдері (қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5 м3 кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5 м2 және үш ярусты нар кезінде 0,4 м2 болуға тиіс. Бөлмені биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда бөлменің төбесінен еденнің төменгі жеріне дейінгі биіктік 2,15 м болуға тиіс (ал ең кемі – 1,85 м).

          Жасырынуға арналған бөлме бірнеше бөлікке бөлінуге тиіс, адамдарды орналастыру үшін бір және екі ярусты орындықтар немесе панаханада жалпы орынның 20% -ын, ал үш ярусты орналасқан кезде 30%-ын құрауға тиіс.

Басқару жүйесіне арналған бөлме қосымша электр көзі бар бөлмеге орналасады. Жұмыс істейтін алаң нормасы 2м шаршы болып белгіленген.

 Санитарлық бекет (медпункт) сырқаттарды анықтау және оқшаулау мақсатында адамдардың  денсаулығын тұрақты бақылайды. Ғимараттардың санитарлық ахуалын, азық-түлікпен ауыз суының сақталуымен таратылуына санитарлық қадағалау жасайды. Ол ұжымдық дәрі-дәрмек қобдишасымен жабдықталады. (51 тізбе – 100-150 адам; 52 тізбе – 400-600 адам үшін). Звенода (топта) қорғаныс ғимаратына қызмет көрсететін фельдшер болған жағдайда қосымша фельдшерлік, дәрігерлік қобдишамен жабдықталады.

Желдетілетін бөлме панахананың ішкі қабырғаларымен түйісуге және кірер есік пен апаттық шығар есікке жақын орналасуға тиіс. Сыйымдылығы   150 адамға дейінгі панаханада желдеткіш қондырғысын жасырынатындар бөлмесіне тікелей орналасуға рұқсат етіледі.

          Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады. ДЭС үшін бөлмелері ішкі қабырғаға орналасады және басқа бөлмелерден жанбайтын қабырғамен (қоршаумен ажыратылады) панаханадан бөлмеге өтетін кіреберістер панахана жаққа қарай ашылатын екі қымталған есігі бар тамбурмен жабдықталады.

          Тамбур-шлюз басқа кіретін есіктер жабылғаннан кейін панаханаға адамдарды жіберу кезінде панахананың қорғаныстық қасиеттерін қамтамасыз ету керек.

Қорғалған кіретін және шығатын есіктер. Есіктердің саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға дейінгі панаханада бір кіретін есік ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде апаттық шығатын есік ретінде қызмет етуі қажет. Кіретін есік жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып, панахананың қарсы жағына орнатылады.

          Панаханаға өтетін барлық кірер есіктер (тамбуршлюздері барынан басқалары) ол жер арқылы радиоактивтік және улағыш заттардың, биологиялық құралдар және өрт кезінде жанатын өнімдердің түсуінен қорғайтын тамбурлармен жабдықталуға тиіс. Тамбурдың сыртқы қабырғасына қорғағыш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымтылған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

        Панахананың апаттық шығар есігі тоннель түрінде жасалады, ол панахананың төбесін жапқан үйіндіден ары шығады және баспалдағы бар тік шахтамен аяқталады. Панаханадан тоннельге өтетін есік тиісінше қабырғаның ішкі және сыртқы жақтарына орнатылатын қатты қымтылған қақпақпен жабдықталады. Авариялық шығаберістердің баулықтары ғимарат биігінің кемінде жартысын, яғни кемінде 3 м қашықтыққа қоршаған ғимараттардан алшақ болуы тиіс. Қақпағының биіктігі 1,2 м қабырғаға ішке қарай ашылатын қаңылтыр тормен жабдықталған ойық істелінеді. Биіктігі 1,2 м төмен жерге төмен қарай ашылатын металл тор орнатылады. Барлық панаханаларда кіреберіс пен сыртқы есіктегі көрнекті жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.

          Панаханаларда адамдар үшін қажетті жағдайда қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғыларды (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ электрмен байланыстың болуы қарастырылады.

          Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режім бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (1 режим) және сүзгілік желдеткіш (2 режім). Таза желдеткіш режімі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режімі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.

         Жаппай өрт, болатын, зиянды заттармен қатты ластануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режім қарастырылады (3 режім).

         Панахананы ауамен жабдықтау жүйесі ауа ұстағыш қондырғылардан, шаңнан қорғайтын сүзгіден, сүзгіш-жұтқыштан, жылу ұстағыш сүзгіден, желдеткіштен, тарату желісі мен ауа реттегіш қондырғыдан құралады, өрт ықтимал панаханаларға ауаны күкірт қышқылынан тазартылатын сүзгілер мен ауа айдау құралдары орнатылады. Ауамен жабдықтау жүйесін зақымданудан, соққы толқынынан қорғау үшін ауа ұстағыш және сорғыш каналдарда жарылыстан қорғайтын қондырғылар орнатылады.

         Жылу орталығынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі). Берілетін және қайтатын құбыр өткізгіштердің түйісіндегі тірек арматурасы панаханаға шегінде орнатылады. Жылыту жүйесі жылдың суық уақытында панаханаға +10 С температураны, егер бейбіт уақытында оны пайдалану шарты бойынша бұдан жоғары температура талап етілмесе, қамтамасыз етуге тиіс.

          Панаханада сумен жабдықтау мен канализация қалалық және обьектілік жерлерде жүргізіледі. Алайда сыртқы желілер бұзылған жағдайда судың апаттық қоры, сондай-ақ сыртқы желілерге тәуелсіз ағын жинауға арналған қабылдағыштар жасалуға тиіс.

          Панаханада ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 литр есеппен жасалады. Ауыз су қоры ыдысына, әдеттегідей, екі тәулік бойында толық айырбасты қамтамасыз ететін ағын тоған орнатылады. Бейбіт уақытта су шығыны қарастырылмайтын жеке тұрған панаханаларда, сондай-ақ сыйымдылығы кемінде 300 адамдық панаханаларда ауыз суы қорын сақтау үшін панахананы дайындыққа келтіру кезінде толтырылатын құрғақ ыдысты қолдануға рұқсат етіледі.

          Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне қозғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Панахананың санитарлық торабы бөлмесіне ағындарды жинау үшін апаттық резервуар орнатылады. Резервуар жабынына унитаз орнына пайдаланылатын және қақпақпен жабылатын саңылау жасалады. Резервуар көлемі әрбір жасырынушы үшін тәулігіне 2 литр есеппен анықталады. Құрғақ қалдықтарды жинау үшін қағаз қаптар немесе пакеттер қойылатын, әрбір жасырынушы үшін тәулігіне 1 л есеппен орын қарастырылады.

          Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (обьектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қорғалған көзден-ДЭС-тен жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шаң батарея, велогенератор мен басқа көздерден апаттық жарық қарастырылады.

          Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радио желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесімен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде обьекті Азаматтық қорғаныс желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.

          Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қаупі кезінде қалалар мен өндіріс обьектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде)-50-200 кісілік болады.

ЖТП типті салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден, сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық топтар үшін арнайы орындары бар, апаттық су қорымен, кіретін және апаттық шығатын есіктерімен қамсыздандырылуы тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға арналған ыдыс тамбурда, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.

          ЖТП ішкі қондырғыларына ауа беру құралдары, ауаның улы заттардан тазалауға арналған құм және шлак сүзгілері, дәрет пен қоқыстарға арналған ыдыстары, ауаны шаңнан тазалайтын мата сүзгілері, су құйылатын ыдыстары, ауа жинағыш және сорғыш саңылауларды қорғайтын қорғау құралдары, жарық приборлары, сондай-ақ нарлар мен орындықтар жатады.

          ЖТП желдеткіші екі режим бойынша: таза желдеткіш және сүзгіш желдеткіш режімімен қамсыздандырылады. Ауа беру үшін әртүрлі желдеткіштер пайдаланылады.

          Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардан жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шаммен шырағдандар пайдаланылады. Апаттық жарық ретінде май шамды да пайдалануға болады.

          Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға қойылған ыдыстарға құйылған ыдыстарға құйылған ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі.

          Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңғайластыруға болатын сан алуан жер асты ғимараттары бар: метро, көлік немесе жүргіншілер өткелдері, жерасты көлік жайы, кафе, кинотеатрлар, ғимараттардың арасындағы жалғағыш тоннель.

          Тау-кен өнеркәсібі дамыған аудандарда адамдарды қорғау үшін тау ұңғымалары пайдаланылады, мұндай жер асты тұрақтары адамдарды радиоактивті сәулелену мен ядролық жарылыстан кейін түскен жауын-шашыннан сенімді қорғай алады.

          Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін, ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жеткілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарда топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды. Бұл ұңғымаларды жабу үшін ағаш есік қойылады.Брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді, сумен жабдықтаудың, канализация мен жарықтың қарапайым жүйелері жасалынады. Санитарлық тораптар желдетілетін ұңғымаларда орнатылуы мүмкін. Жарық үшін электровоздардың көшпелі аккумуляторлары пайдаланылады. Ұңғымаларда адамдар отыратын және жататын орындықтар мен нарлар орнатылады.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Безопасность жизнедеятельности. Под ред. С.В.Белова. – М.: Высшая школа, 1999.

2.              Долин П.А. Основы техника безопасности в электроустановках. – М.: Энергоатомиздат, 1984.-448 с.

5. Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов/ С.В. Белов, А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьяков и др.; под общ.ред. С.В. Белова.- М.: ВШ, 1999.-448 с.

6. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций. – Алматы: ВШП «Әділет», 2000. – 366 с.

            7. Журавлев В.П., Пушенко С.Л., Яковлев A.M. Защита населения и

территорий в чрезвычайных ситуациях. - М.: Изд-во АСВ, 1999. - 376с.           

             8.        Раздорожный А.А. Безопасность производственной деятельности:
Учеб. пособ. - М.: ИНФРА-М, 2003.-208с.

            9. Абдимуратов Ж.С., Дюсебаев М.К., Санатова Т.С., Хакимжанов Т.Е. Еңбекті қорғау:  Дәрістер жинағы. -  Алматы:- АЭжБИ, 2006. -36 б.

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе

3

1

Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастыру сұрақтары

4

1.1

Еңбекті қорғаудың құқықтық, нормативтік және ұйымдастыру  сұрақтары

4

1.2

Нұсқауды жүргізу. Өндірістік травматизмді есептеу және тергеу

5

2

Өндірістік санитария

6

2.1

Жылулық әсерлер мен зиянды заттардың адам ағзасына әсері

6

2.2

Шу, діріл және ультрадыбыс

8

3

Өндірістік жарықтану

12

3.1

Жарықтандырудың  негізгі  сипаттамалары

16

3.2

Жасанды жарықтану есебі

18

3.3

Табиғи жарықтану есебі

23

4

Электр қауіпсіздігінің негіздері

28

4.1

Адам  ағзасына  электр  тогының  әсер  етуі

28

5

Электр тораптарындағы қауіп

32

5.1

Электр тораптарындағы қауіпті талдау

32

6

Электр қондырғыларындағы қорғаныс шаралары

36

6.1

Электр қондырғыларының ток жүретін бөліктеріне жанасудан қорғану

36

6.2

Электр қондырғыларының ток жүрмейтін бөліктеріне жанасудан қорғану

38

6.3

Қорғаныстық ажырату құрылғысы

40

7

Электр құрылғыларында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

41

7.1

Электр қондырғыларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары

41

7.2

Электр құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қорғаныс шаралары

42

7.3

Оқшауланған қорғаныс құралдары. Оларды қолдану және сақтау тәртібі

43

8

Өрт қауіпсіздігі

44

8.1

Өндірісте өрттен қорғану шаралары

44

8.2

Ғимараттардың найзағайдан қорғанысы

48

9

Төтенше жағдайларда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

49

10

Қазақстанда төтенше жағдайларды тудыратын апаттардың түрлері

59

11

Жаппай қыру қаруларының қолданылуы және оның   салдары

70

 

Әдебиеттер тізімі