АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

5В0719 – радиотехника, электроника және телекоммуникация  мамандығының 1 курс студенттері үшін 1 семестрлік жұмыстарды орындауға арналған  әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар

 

 

Алматы 2010

 ҚҰРАСТЫРУШЫ: Оспанкулова Г. Б. Қазақ тілі.  5В0719 – радиотехника, электроника және телекоммуникация  мамандығының 1 курс студенттері үшін 1 семестрлік жұмыстарды орындауға арналған  әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар Алматы.-АЭжБИ, 2010.- 55 б. 

Әдістемелік көрсеткіш радиотехника бакалаврларының оқу бағдарламасына сәйкес орындалатын өздік жұмыстарға арналып құрастырылды.

         Көрсеткіште радиотехника мамандықтарына қатысты ауызша айту дағысын қалыптастыруға арналған мәтіндер және мәтін контексі бойынша қайталау, бекіту мақсатында мамандыққа сай терминдерді меңгеруге септігін тигізеді.

         Көрсеткіш радиотехника бағытында даярланатын студенттерге ұсынылады.

 

 

Тапсырмалар: 

1.     Мәтіннің сөз тіркестерінен (15) сөздік жасаңыз.

2.     Мәтінді мазмұнына қарай бөліктерге бөліп, жоспар құрыңыз.

3.     Техникалық бес терминге түсіндірмелі сөздіктің көмегімен түсініктеме  беріңіз.

4.     Мәтінді әңгімелеңіз.

 

          1-нұсқа

«Қазақтелеком» АҚ –Қазақстанның жетекші

телекоммуникация операторы.

 

        Қазақстанның ұлттық байланыс операторы және кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникациялық компаниялардың бірі «Қазақтелеком» АҚ инфокоммуникациялық қызметтердің кең спектрін ұсынады.

         Компанияның орталық офисі Қазақстан астанасы-Астана қаласында орналасқан. Компанияда 29 мыңнан астам адам қызмет етеді. «Қазақтелеком» АҚ еліміздің әр облысында аймақтық бөлімшелері бар және елдің барлық аймағы бойынша байланыс қызметін ұсынуды қамтамасыз етеді. Компания 2,95 млн. астам бекітілген байланыс абоненттеріне қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасындағы телефондық тығыздық орта есеппен алғанда 100 адамға 19,17 телефонды құрайды. «Қазақтелеком» АҚ алыс және жақын шетелдердің 40-тан астам операторларымен тығыз қызмет істейді және өзара әрекет етеді.

         «Қазақтелеком» АҚ бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады, телекоммуникация желілерін жаңғырту және цифрландыру, жаңа технологияларды енгізу мен ауылдарды телефондандыру, сондай-ақ Интернет желісіне кеңжолақты қосылуды дамытумен айналысады.

         Қазіргі уақытта Қазақстанның тәуелсіз және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық желісі бар. Оның қызметі көп жағдайда «Қазақтелеком» АҚ-ның мемлекеттік мәні бар ірі жобаны – Ұлттық ақпараттық супермагистральдың (ҰАСМ) негізгі ораманың құрылысын іске асырылуын қамтиды. Осы жобаның жүзеге асырылуы «цифрлы мемлекетті» құру, «электронды үкімет» пен «ақпараттық қоғам» инфрақұрылымын құру жолында маңызды қадам жасауына мүмкіндік берді. Бұдан басқа да, ҰАСМ Қазақстанның дүние жүзілік ақпараттық кеңістікке бірігуіне мүмкіндік береді.

         ҰАСМ Республиканың облыс орталықтарын, Алматы мен Астана қалаларын өзара қосатын жалпы ұзындығы 11500 км астам талшықты-оптикалық байланыс желісінен тұрады. ҰАСМ құру сызбасын әзірлеу кезінде республиканың географиялық пайдалы жағдайлары, цифрлы қалааралық байланысты ұйымдастыру, қалааралық және халықаралық арналардың сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету, көршілес мемлекеттермен байланыс ұйымдастыру сияқты маңызды факторлар ескерілді.

          Байланыс саласын дамытудың маңызды бағыттары жергілікті телекоммуникация желілерін жаңғырту мен дамыту, деректер беру желісін салу, жаңа қызметтер енгізу болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ IP/MPLS магистралдық желісін дамытады. Жобаның шегінде мультисервистік маршруттаушылар орнатылды, олар деректер беру жаңа сервистерінің кең масштабта енгізілуін қамтамасыз етеді. 2006 жылы Қазақстанның облыс және аудан орталықтарының деңгейінде ADSL – «Megaline», IP VPN технологиясы негізінде Интернетке кең жолақты қосылу қызметтері іске қосылды.

         «Қазақтелеком» АҚ NGN (Next Generation Networks) жаңа ұрпақтың магистралдық желісін қалааралық салуды аяқтады. Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ ТМД-дағы бүкіл елдің масштабында қалааралық байланыс желісінің NGN-ға ауысуын жүзеге асырушы бірінші телекоммуникация операторы болып табылады. NGN әдеттері қалааралық байланыс желісіне қарағанда IP технологиясы бойынша жұмыс істейді. Бұл шешім қалааралық байланыс желісін анағұрлым тиімді және үнемді кеңейтуді жүргізуге және оның базасында жергілікті NGN желісін дамытуға мүмкіндік береді.

         Жалпы NGN желісін құру бойынша ірі масштабты жобаны жүзеге асыру компания клиенттеріне жаңа инфокоммуникациялық қызметін алу үшін мүмкіндік береді және сервистердің кеңінен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. NGN сөзді бейне мен деректерді (Triple Play) беруге арналған көп мақсатты әмбебап желіден тұрады.

         Осымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ 2006 жылдан бастап, Wi-Fi және WI-Max технологиясы бойынша Интернет желісіне сымсыз қосылуды енгізу жөніндегі жобаларды жүзеге асырып отыр.

         2006 жыл компания «Мобайл Телеком-Сервис»,  «Нұрсат», «Алтел» және «РадиоТелл» телекоммуникации компанияларындағы акциялары мен үлестеріне ие болу жөніндегі жұмысты жүргізді. Соның нәтижесінде Республикадағы телекоммуникация нарығының ірі инвестициялық жобалардың бірі жүзеге асырылды. Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ компаниясының тобы инфокоммуникациялық қызмет тұтынушыларының барлық негізгі, мақсатты нарығын қамтиды.

         «Қазақтелеком» АҚ өзінің жұмысын кеңейту және түрлендіру үшін сыртқы нарыққа шығу қадамдарын көздеп отыр және трансұлттық оператордың оптималды құрылымын құру үшін іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. 2006 жыл Қытай мен Тәжікстанда компанияның өкілдігі ашылды.

         Бұдан басқа да, «Қазақтелеком» АҚ Еуразиялық аумақ пен транзиттік потенциал орталығында Қазақстанның географиялық пайдалы жағдайын пайдалану мақсатында қолданыстағы торабын құруда. «Қазақтелеком» АҚ пен Қытайдың екінші «China united Telecommunications Corporation» ірі байланыс операторы арасында осы бағытта жүргізілген жұмыстың шегінде өзара түсінушілік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар тараптардың «Қазақтелеком» АҚ желісі арқылы Азия мен Еуропа арасындағы ақпараттық ағыс транзитін қамтамасыз ету жөніндегі жобаны жүзеге асыру аясындағы шекаралық торапты ұйымдастыру ниетін нығайта түседі.

         2005 жылы «Қазақтелеком» АҚ- ТМД-ның ең үздік телекоммуникациялық компаниясы, 2006 жылы-Орталық Азияның ең үздік телекоммуникациялық компаниясы деп танылды.

         Қазақстан қор биржасы эмиттер арасындағы бағалы қағаздары Қазақстанның ұйымдастыру нарығында 10 жылдан астам айналымда жүрген «Қазақтелеком» АҚ –ны Құрмет дипломымен марапаттады. «Қазақтелеком» АҚ-ның акциялары KASE-де 1997 жылдан бастап сатылып келеді және қазіргі уақытта Қазақстанның биржа нарығында ең өтімді үлестік құралдардың бірі болып табылады.

 

         2-нұсқа
       
Интернет экономиканы көтереді


         FTTH технологиялардың пайда болғанына көп болмаса да дүние жүзіндегі тұтынушылардың 12,67% пайызы (56,3 млн. желіжол) «оптикалық талшық – әр үйге» қағидасы бойынша қосылған. Алайда FTTH технологиясының таралу құрылымы әр елде әрқалай және мұндай желілерді дамытудағы көшбасшылар бұрыннан белгілі АҚШ пен Батыс Еуропа елдері емес, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайван елдері болып отыр. Австралия, Сингапур және Малайзия елдері де қарқынды дамуда. Бұған қоса көптеген талдаушылардың пікірінше, Азия-Тынық мұхит аймағы алдағы уақыттағы бірнеше жылдар бойы FTTH әлемдік нарығының жартысынан астамын өзіне қаратпақ.
          Мұның мәнісі мынада: FTTH технологияларының перспективасының жоғарылығына қарамастан FTTH бойынша инвестицияның тиімділігі күмәнді. Атап айтсақ, «оптикалық талшықты - «соңғы миляға» салынған инвестициялық салымдардың қайтарымдылығы DSL-технологиялардағыдай 3-5 жыл емес, 10-15 жылдан кейін. Мұндай салымдардың ауқымы компанияның пайдасынан айтарлықтай асып түседі. Сондықтан FTTH технологиясының айқын перспективалығы бола тұра, нарықтық экономикасы жүздеген жылдар бойы ұшталып дамыған елдерде желіні жаңарту ондаған жылдарға созылды. Мұнымен бірге бірқатар халықаралық зерттеулер көрсетіп отырғандай, кеңжолақты қатынауды дамыту елдің барлық экономикасының артуының негізгі факторы болып табылады.       

         Кеңжолақты байланыс бизнес үшін білім беру деңгейін, еңбек өнімділігін  арттырып, инновациялық әдістерді енгізуге, уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл - көлік желілері мен медициналық мекемелердің инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ ірі қалалар мен ауылдық елді мекендердегі билік пен қоғамның - электронды үкіметтің - интерактивті қарым-қатынас түрін өрістету үшін жаңа мүмкіндіктер болып табылады. Инвестициялық мүмкіндіктері бойынша өздерінің батыстық әріптестерінен кейін қалған Оңтүстік-Шығыс Азия елдері көшбасшылығының негізгі факторы - операторлардың инвестициялық саясатынан гөрі мемлекеттік қолдаудың болуы басты артықшылық болды.  

           Мемлекеттік қолдаудың қосымша артықшылығы ретінде тұрғындардың көпшілігіне қолжетімді тарифтер бойынша FTTH жаппай тарау мүмкіндігі болып отыр. Осылайша операторлардың абоненттік базасының артуы қамтамасыз етілді. FTTH мультипликативтік әсеріне ұқсас мысал ретінде 20 ғасырдағы автомобиль және теміржол жүйелері тасымал жолдарының дамуын алуға болады. Шынында да ел аумағында «талшықты оптика – әр үйге» қағидаты бойынша желілер құру мәселесі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының ең маңызды факторы болып табылады. Қазіргі уақытта әлем елдерінің басым бөлігі оларды іске асыру бойынша өз әдістерін іздеу үстінде. Алайда, бұл әдісті жалғыз ғана дұрыс жол деп қарауға болмайды.                                                       Батыс Европа мен  солтүстік Американың индустриалдық жағынан дамыған елдері қазіргі кезде оларға азиялық үлгіні ұстануға мүмкіндік беретін, алайда нарықты ырықтандыру, бағаларды мемлекеттік реттеуді мейлінше азайту, операторлардың барынша көп болуы, еркін бәсекелестік және т.б. сияқты жетістіктерді сақтай отырып жаңа бизнес-модельдер іздестіруде.
         Өзін-өзі ақтау мерзімі өте ұзақ ғаламдық жобаларға қомақты қаржы салу көп жағдайда аталмыш желілердің кірісінің азаюымен байланысты инвесторлар үшін тәуекелдікті төмендеткенде ғана мүмкін болмақ. Айталық, Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінде бағалардың өсуі, сондай-ақ олардың төмендеуін толық мемлекеттік реттеу қабылданған. АҚШ билігі, мысалы, операторлардың жаңа желілер салуын көтермелейді, олардың желілеріне (unbundling) басқа сервис-провайдерлердің емін-еркін енуінен оларды қорғайды. Швецияда мемлекет абоненттерге оларды оптика бойынша қосу шығындарына өтемақы төлеу бағдарламасын ұсынады. Технологиялардың дамуын мемлекеттік қолдау нысандарының өміршеңдігін әлемдік іс-тәжірибе көрсетіп отыр. 

          Қазақстанда кеңжолақты интернетті дамытудың екі жолы бар. Біріншісі – мейлінше қарапайым, алайда болашағы бары – бұл ұлттық оператордың инвестициялық мүмкіндіктеріне қарай FTTH технологиясын дамыту. Сөз орайы келгенде айта кету керек, «Қазақтелеком» АҚ –да интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтерін көрсету үшін оптикалық талшық 2000 жылдан бастап пайдаланылуда. Барлық облыс орталықтарында және бірқатар қалаларда абоненттік мыс желіжолдарының ұзындығын қысқарту және ADSL технологиясы бойынша көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында FTTC технологиясы (үйлер тобына дейін оптикалық талшық) қолданылады. FTTH технологиясы бойынша интернет желісіне қатынау қызметтерін көрсету 2010 жылға жоспарланған. Қазақстанның Батыс өңірінде айталық, Атырауда, PON технологиясы бойынша  FTTH-ң нақты пайдаланушылары бар.
         Алайда, басқа мемлекеттердің іс-тәжірибесі көрсеткендей FTTH дамытудың, яғни ел экономикасын да дамытудың мейлінше перспективалық жолы– бұл кеңжолақты қатынау технологиясын дамытуға мемлекеттік инвестиция. Барлық елдер осы ғаламдық міндетті оңтайлы шешуде өз жолдарын іздестіруде. Бұл біздің Қазақстанға да қатысты. 

 

3-нұсқа

Дербес компьютерлердің дамуы

        

Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. 17-ші ғасырдың 40-жылдарында Б.Паскаль (1613-1662) сандарды қоса алатын механикалық құрылғы ойлап тапты. 18-ші ғасырда В.Лейбниц сандарды қоса алатын және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды. 19-шы ғасырда Ч.Бэббидж (1792-1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді. 20-шы ғасырдың 30-жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. 40-жылдардың соңғы кезінде қазіргі кезде қолданылып жүрген ЭЕМ-дің құрылу принципінің негізінде бірсыпыра машиналар дайындалды. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон Фон Нейман дайындап шықты. Мұнда өңделетін информация мен өңдеу программасын сандық түрде дайындау, деректер мен программаны машинаның жадында орналастыру тәсілдері де қарастырылған. Осы кезге дейін дайындалған ЭЕМ-дер төрт буындық түрге бөлінеді.

         50-ші жылдардың басында жарыққа шыға бастаған негізгі өңдеу құралы-бірінші буын ЭЕМ-нің ішкі құрылым элементтері жеке бөлшектерден дайындалған электрондық-логикалық сұлбаларға негізделген болатын. Бұл бөлшектердің негізгілері вакуумдық электрондық шамдар еді. Мұндай компьютерлердің көлемдері үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары бір секундта 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын. Екі санды қосу, көбейту не символдарды салыстыру сияқты бір әрекет қарапайым операция деп аталады да, оны орындайтын команда машиналық команда делінеді. Оның үстіне мұндай машиналар үшін құрылатын программа машиналық командадан мұратын да, программалау жұмысы көп еңбекті қажет ететін. Ал, ЭЕМ-нің өзі тек есептеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылатын.

         Транзисторды ойлап шығаруға байланысты 50-ші жылдардың соңғы кездерінде техникалық негіздері түгелдей алмастырылған, негізгі элементтері жартылай өткізгішті транзисторлардан тұратын екінші буын ЭЕМ-і жарыққа шықты. Мұндай элементтер машинаның жылдамдығын және сенімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік берді. Екінші буын машиналарының салмағы, энергияны пайдалану шамасы көп төмендетілді. Оның үстіне, бұл ЭЕМ-дерде жоғарғы деңгейлі (Алгол, Фортран, Бейсик, т.б.) программалау тілдерінде операторлардан тұратын программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Өңдеу операторы-бірнеше, тіпті ондаған, жүздеген машиналық командалардан тұруы мүмкін программалық команда.

         Сонымен, тиімді программа құру технологиясына жету арқылы жұмсалатын адам еңбегін үнемдеудің екінші кезеңі басталды.

Алпысыншы жылдардың екінші жартысында және жетпісінші жылдары ЭЕМ құрылымына одан әрі сапалы, күрделі өзгерістер енгізіліп, элементтік негізі жартылай өткізгішті интегралдық сұлба (ИС), үлкен интегралдық сұлба (ҮИС) және аса үлкен интегралдық сұлба (АҮИС) болатын үшінші, төртінші буын машиналар көптеп жасалына бастады. Мысалы, 80-жылдардың басында дайындалған төртінші буындық ЭЕМ-дер бір кристалында он мыңдаған-миллиондаған транзистор болатын микропроцессорлардан құрылды. 90-жылдары пайда болған соңғы төртінші буын ЭЕМ-дері білімді нәтижелі түрде өңдей алатын, параллель жұмыс істейтін ондаған микропроцессорлар жиынтығынан дайындалып шықты. ЭЕМ жұмысын күрделендіру одан әрі жалғасуда.

         Қазіргі кездің күрделі ЭЕМ-дері мен ДК-лерінде орталық (негізгі) және шет аймақтық деп аталатын бірнеше микропроцессор орналастырылған. Олар машинаға енгізілген бірнеше программаны шамамен бір мезгілде қатар мультипрограммалық режімде өңдеу деп аталады.

         Интегралдық сұлбаны пайдалану және ЭЕМ-ді құрастыруды автоматтандыру жылдамдығы 250-800 мың операция болатын миниЭЕМ-дерді (СМ3-СМ4, ...) және микроЭЕМ-дерді (арзан микрокалькуляторлар мен іштей орналыстырылған микро ЭЕМ-дерді, бір жазу үстеліне толық сыйып кететін дербес компьютерлерді (ДК) көптеп шығаруға мүмкіндік туғызды. Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген дербес компьютерлер-IBM РС және оған үйлесімді әмбебап (кәсіби) компьютерлер.

         1990 жылдардан бастап объектілі-бағдарлы программалау тілдері сияқты электрондық құралдары жаңа типті етіліп күрделі дамытылған бесінші буын ЭЕМ-дері дайындалып шықты. ЭЕМ-дерді дамыту одан әрі жалғасуда.

      

4-нұсқа

         Әлемге әйгілі Эйфель

 

         Эйфель мұнарасы- Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейінгі 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып саналды.

         2007 жылы Эйфель мұнарасының 120 жылдық мерейтойы болды. 2005 жылы осы мұнараның астына су қатырып, мұз айдыны жасалында. Ол Париждің 2012 жазғы олимпиаданы өзінде өткізуге шақырған жарнамасы болатын. Teletex Holiday тур фирмасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, әлемнің 7 кереметінің ішінде  Эйфель мұнарасы екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнараның үшінші қабатына 200 млн. адам көтерілген. Ол бүгінде Францияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 млн. евро әкелетін үлкен тадыс көзіне айналды.

         Париж әлемдегі туристер ең көп баратын үш мемлекеттің қатарына кіреді. Бірақ париждіктер туристерді аса жақсы көрмейді. Әсіресе, французша сөйлей алмайтындарды мойындамайды. Егер сіз француздарды әлемдегі ең сыпайы халық деп ойласаңыз қателесесіз. Француздардың қонақжайлылығы туралы жүргізілген сауалнамада  алпысыншы орынға шыққан. Бұл қасиеті жағынан керемет бай мәдениетін қанша алға тартса да, олар дамушы елдер жүретін тізімнің төменгі сатысынан табылып отыр. «The Times» газетінде қала басшылары париждіктерден туристермен сыпайы сөйлесуді өтінген мақала жариялаған. Ол әсіресе туристермен жолықпай қалмайтын даяшылар мен таксистерге қатысты айтылды. Бірде қазақстандық турист Эйфель мұнарасына шығуға билет сатып алуға келеді. Ол ағылшынша өзіне екі билет беруін өтінеді. Кассир французша жауап қайтарады. Арада түсініспестік пайда болып, ақыры билет сатушы кассаның терезесін оның тұмсығының үстіне жабады. Мұндай дөрекілік Кеңес Одағында ғана бар деп жүрген қазақстандық азамат Эйфель мұнарасына көтеріле алмай, елге көңілі толмай оралған. 

         Құбыжық скелет. Ги де Моппасан кезінде Эйфель мұнарасын «құбыжық скелетке» теңеген. Ол оны жек көргені сондай, фрацуз элитасын оған қарсы қойып, оны қайтадан құлатып тастауға атсалысқан. Француз жазушысы: «Мен Эйфель мұнарасын көрмес үшін Эйфель мұнарасының ішінде отырып, мейрамханада тамақтанамын.  Өйткені бұл мұнараның Парижден көрінбейтін жері өзінің іші ғана болып тұр»,-деген. Эйфель мұнарасын Марс алаңында құрастыруға екі жылдан астам уақыт кеткен. Ол революцияның 100 жылдық құрметіне «Әлемдік көрмеге» арнап салынған. Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін ол 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып келді. Сол кездегі ең биік деп саналған Хеопс пирамидасы (137м), Кельн шіркеуі және Ульм шіркеуінен (167м) екі есе биік болған. Оның атын жасап шыққан конструктор Эйфель Густавтың құрметіне қойған.

         Э.Густавтың жобасы 700 жобаның ішіндегі ең үздігі деп танылып, конкурсты жеңіп алады. Ол жай инженер емес еді. Густав Эйфель «Бостандық статуясының» темір құрылысын ойлап тауып жасаған, кейіннен оны Франция Америкаға сыйға тартты. Бүгінде ол АҚШ-тың символына айналды. Ал Францияның символына айналған Эйфель мұнарасының биіктігі- оның құзар басындағы антеннасымен қоса есептегенде 322 метр. Ал салмағы он мың тонна. Алып мұнара үш бөліктен тұрады. Ең үстіндегі үшінші бөлім 274 метр биіктікте орналасқан. Оның төбесіне не лифтімен, не 1792 баспалдақпен жаяу көтерілуге болады. Кезінде Гитлер Францияны басып алғаннан кейін Эйфель мұнарасына шығуға келеді. Сол кезде лифт істемей қалып, ол 1792 баспалдақпен жаяу көтерілген деген аңыз бар. Мұнараны бір мезгілде 10400 адам аралай алады. Оған жылына 6 миллион адам көтеріледі.

         1989 жылы сәулет өнері саласында түбегейлі өзгерістер болды. Кез келген ғимаратты жеңіл әрі жедел түрде қазіргі заманғы құрылыс үлгісімен салуға бейімделген еді. Инженерлер сәулетшілердің орнын алмастырды. Эйфель мұнарасы бір қарағанда өзіміздің Көктөбеде орналасқан телемұнараның үлкейтілген түрі сиқты болып көрінеді. Бірақ түнде оның тұла бойына орнатылған жиырма мың жарық мұнараны таңғажайып етіп жібереді. Ол өзінен патша тәжінен шығатын үстемдік пен момын көзіне төгілетін нұрды қатар шығарады. Оны Париждің түнгі аруы десе де болады. 

         Эйфель мұнарасының құрылымы.  Алып мұнара француздардың туындай үшке бөлінген. Алғашында оның бірінші қабатында мейрамханаға қажет бөлмелер, екінші қабатында лифтіні көтеруге арналған су қоймасы мен әйнек галереясындағы мейрамханалар орналасқан. Ал үшінші қабатында астрономиялық және метеорологиялық обсерватория және физика кабинеті болған. Эйфель мұнарасының бірінші бөлімі -57 м биіктікте, екінші бөлімі-115 м, ал үшіншісі-274 м биіктікте орналасқан. Бүгінде оның әрбір қабатында барлар мен мейрамханалар және бақылау алаңдары бар. Оның ең үстінгі қабатында маяк орналасқан. Оған түскен прожекторлардың жарығы 70 шақырым жерден көрініп тұрады. Мұнара басында физиктер жердің тартылыс күшінің қағидаларын зерттеген, теңізшілер уақытты айырған. Оның төбесінен 140 шақырымға дейінгі аймақты шолуға болады.

         Париждің қақ ортасынан бой көтерген алып мұнара түңілуге бейім француздарды жаман ойға жетелей бастайды. Француздар қанша байыса да, бақыттың кілті неде екенін түсіне алмайды. Жұмыссыздықтан қоғам дискриминациясына ұшыраған олардың көбі қиындықтан құтылудың жолы өлім деп ойлады. Әрі олар осы әрекеті арқылы қоғам назарын өзіне аударғысы келді. Жолы болмаған француздар Эйфель мұнарасының төбесінен 322 метр биіктіктен құлап өлуді әдетке айналдырған. Мұндай оқиғалардың жиілегені сондай, бұл мұнара енді «өлім мұнарасы» деген лақап атқа ие болған.

Осы қалыптасқан пікірді жойғысы келген француздар мұнараны ән өнерінің киелі сахнасына айналдырғысы келген. 1962 жылы продюссер Дарил Занюктің «Ең ұзақ күн» фильмінің ашылу салтанатына орай атағы жер жарған Эдит Пиаф 25000 көрерменнің алдында ән шырқайды. Бұл жақсы үрдісті Францияның жарық жұлдыздары Шарль Азнавур мен Жорж Брассан жалғастырады. Эйфель мұнарасында Джони Алидей 600 мың, ал Жан Мишель бір миллион адамның алдында концертін қойған. Олар бұл жерде ештеңе болмағандай, әндерін шырқай берген. Бұл мұнараны кезінде француздың «ТАН» газетінде Ги де Мопассан, Шарль Гуно, Александр Дюма аямай сынаған. Олар мұнараны «скелет», «құбыжық» деп айыптаған. Көне Еуропа бұрынғы әдетінше мыңжылдықтар сүзгісінен өткен көне ғимараттарына бауыр басып кеткені соншалық, кез келген жаңалықты жатырқап қабылдаған. «Темір ханшайым» готикалық стильде салынған, Париждің ұсқынын кетіріп тұр»,- деп жариялаған француз элитасының дабылы да, 1910 жылы Сенадағы судың тасуы да алып мұнараны құлатуға шамалары жетпеген. Оны ең қатты соққан дауыл 12 см-ге ғана қисайта алған.

 

        5-нұсқа

Ұялы телефонның пайда болуы

        

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландықтың бұл жаңалығы тарих бетінде «телефон» деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

         Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.

         15 миллион 300 мың халқы бар Қазақстанның 5 миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Қазіргі кезде Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдалануда. АҚШ-та ұялы телефонды құнарландырудың жаңа әдісі ойлап табылды. Ол енді велосипед тебу кезінде өндірілген энергияны пайдалану. Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3-ші сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнатуы еді. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы болды. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартты. Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық стансалары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық стансадан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін ұсына бастады.                                                           

1997 жылы әлемде ұялы желі қызметінің абоненттері 207 миллионды құраған. Бұл жаңалық өндіріске енген уақыттан жиырма жыл мерзім өткеннен соң ғана, миллиардыншы абонент тіркелген. Ал екінші миллиардыншы межеге жетуге бар болғаны үш жыл мерзім қажет болды. Ұялы байланыс қызметі жылдам өркендеп келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, Пәкістан, Украина елдері келе жатыр. Тұтынушылардың санының артуымен бірге, ұялы байланыс индустриясы да ерекше қарқын алды. Бұл үрдістен Қазақстан да шеткері қалмады. Ресейден кейін өзінің ұялы байланыс құралын шығаруда қолға алған біздің еліміз үшін 2004 жылдың жөні бөлек. Дәл осы жылы қазақстандық тұңғыш брендтің нарыққа шығуы іске асты.

         АҚШ-тың бірнеше электрондық құрылғылар мен бағдарламалар жасайтын компаниялары бірігіп, жер астынан ұялы телефонмен хабарласу мүмкіндігін беретін байланыс жүйесін жасап шықты. Жаңа технология төтенше жағдай кезінде шахта қызметкерлерін қорғауға мүмкіндік берді. Жаңа жобаның тәжірибелері Питсбургтағы шахталардың бірінде жасалды. Қазір АҚШ үкіметі бұл жаңалықтың өндіріске енуіне рұқсат берді.

         Әлемдік IT-саланы зерттеуші маркетологтар ұялы телефондар жайлы қызықты ақпараттар таратты. 2005 жылы жыл бойы әлемде ұялы телефондардан жіберілген сәлемдемелер триллионнан асқан.

         Ұялы байланыстың адам денсаулығына әсерін зерттеуші ғалымдар байланыс орнатудың алғашқы 3-4 секундында сөйлеспей қоя тұруға кеңес береді. Себебі бұл сәтте электрмагниттік толқындырдың әсері өте көп болады екен. Адам денсаулығына телефонның жағымсыз әсерін азайтудың тағы бір жолы құлақбау тәрізді құрылғыларды пайдалану.

         Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Әрбір аймақта орналасатын базалық стансалар сіздің үздіксіз байланыста болуыңызға мүмкіндік береді. Сіздің өзге абоненттермен сөйлесуіңіз, сәлемдеме жіберуіңіз, IK-порт немесе Bluetooth жүйесінде мәлімет қабылдауыңыз немесе күту режіміндегі телефон электрмагниттік толқындардың өрісімен қатар жүріп отырады. Біздің барлық сөйлесуіміз толқын тудыратын тербелістің төңірегінде жүреді. Қазіргі таңда ұялы телефондар 1800-1900 мега герц жиілігінде жұмыс істеп отыр. Бұл ауқымда толқындар аса күшті болады. Олардың сәулесі адам денесіне еніп, оны қыздырады. Электрмагниттік сәулелену қуатының шамамен 20 пайызы адам миына жетеді екен. Бірақ ұялы телефондардан шығатын жиіліктер аса қауіпті деңгейде емес. Дегенмен телефондарды бас, ми, жүрек тәрізді үздіксіз жұмыс жасайтын ағзалар маңында ұстамау керек. Адамның белгілі бір тербеліс жиілігінде өмір сүретінін ескерсек, оған сырттан әртүрлі жиіліктегі, мәселен, ұялы телефондардан келетін тербелістер әсер етуі мүмкін. Алайда ол толқындардың адам денсаулығы үшін әсері елеулі емес,-дейді ғалымдар. Өте көп тербелістерді Күн сәулесі, ғарыштан келетін сәулелер, телестансалар, толқынжималар мен телефондар тудырады. Бірақ ұялы телефонның өзі жеке тұрғанда тербелісі өте төмен қуатқа ие. Сол себепті ұялы телефондар адам денсаулығына күшті әсер етпейді.

         Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне  айналды. Ұялы телефондарды мынандай түрлерге бөлуге болады:

-Жай ұялы телефон/смартфон. Жай ұялы телефонда қоңырау шалу, қабылдау, SMS, сурет, бейнекамера, флеш-жад, интернет,MMS, Bluetooth, IrDA сияқты қызметтер бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Смартфон (ағылшынша smart-білімді, ақылды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі қызметтері бағдарлама ретінде жасалынған, ол смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Өз бағдарламаңызды да қосуға болады.Сол себепті ол күрделі, қызметтері кеңейтілген құрылғы.

         -Ұялы бейнетелефон. Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.

         Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы т.б.

         Ұялы телефон-радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

 

6-нұсқа

«SAMSUNG» ұялы телефондары

     

«Samsung Electronics» компаниясы Қазақстан нарығына кириллица әліппесі негізінде қазақ тілді ұялы телефондарды шығаруды жолға қойды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылатын Қазақстан үшін бұл аса ізгілікті қадам. Мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындарда қызмет ететін қазақ тілді азаматтар бұл жаңалықты аса ризашылық сезіммен қарсы алары сөзсіз. Өйткені соңғы жылдарда Үкімет қаулысына сәйкес іс қағаздарын жүргізу түгелдей қазақ тіліне ауысып келеді. Сондықтан Samsung Electronics компаниясы қазақ тілінде жұмыс істей алатын ұялы телефондардың L320, L170, B100, P520, U900 сияқты модельдерін жаппай шығаруы ортақ іске қосылған өзіндік үлес.

         Жақын арада Samsung ұялы телефондарының барлық модельдері қазақ тілі мәзірімен шығарылатын болады және шығарылып та жатыр. Иә, бүгінгі таңда қоғам технология жетістігінсіз алға жылжуы тіптен мүмкін емес. Нарық кезеңінің әр минуты өлшеулі. Бәсекелестік дамыған кезеңде тіршілігіңді татымды етіп өткізу үшін әр уақытты үнемдеп, жетістікке қарай бет алу басты бағытқа айналды. Ал енді жұмысыңды ілгерілету үшін кімге де болсын қажетті адам игілігіне ұтымды қызмет ететін технология жетістіктері емес пе? Негізгі шаруаңды сағаттап уақыт кетірмей, ұялы телефонмен-ақ шеше салуға болады. Керекті мәліметтеріңізді сол телефон арқылы интернет жүйесінен алу- әрі жедел, әрі нақты. Ұялы телефондардың қолданысқа енгеніне де жиырма жылдай болыпты. Осы мерзімнің ішінде қалтателефондар жұртшылық сұранысына ие болып, адам баласына ең қажетті байланыс құралына айналды. Негізінен бұл бұйым қай жағынан алып қарағанда да өте қолайлы әрі адам қажетіне толықтай жауап береді. Әлемдік саудада көшбасшы орынға ие «Samsung» компаниясының телефондары бүгінде дүние жүзінің барлық мемлекетіне кеңінен танымал. Оның технологиялық көшбасшылығын әлемдегі 17 зерттеу орталығы қамтамасыз етіп отырады. 2004 жылы компания АҚШ-та патенті ең көп алушы компаниялар тізбесінде 6-шы орында тұрды. 2005 жылы зерттеулерге жұмсалатын инвестиция көлемі 5,2 млн. долларды құрады. Компанияның мұндай ұстанымы нарықтың осы сегментіне бүгін қат болып тұрған өнімдерді ғана емес, нарықтың жаңа кеңістіктеріне шығуға жол ашатын тың құрылғылар жасауға мүмкіндік береді. Аталмыш компания өнімдерін лайықты сәндеуге қатты көңіл бөледі.

         Әлемнің Сан-Франциско, Милан, Лондон сияқты ірі қалаларында өнімдердің тартымдылығын арттырумен айналысатын алты безендіру орталығы жұмыс істейді. Кейінгі бес-алты жыл шамасында компания безендіру жағынан 19 түрлі марапатқа ие болды. Бүгінде компанияның әлемнің 48 еліндегі 90 офисінде 114000 адам жұмыс істейді. «Samsung» табыстары-сұраныс талаптарын алдын ала ескере отырып, нарық құбылыстарын тез таңдауында болып отыр? Бүгінгі тұтынушы әлбетте пайдаланылуы қарапайым, қызмет түрлері көп, неғұрлым жетілдірілген байланыс құрылғыларын алғысы келеді. Олар сөз жоқ, бұл техниканың жинақылығын, шағындылығын, өзге техникамен үйлесімділігін, өзара әрекеттесе алуын қалайды. Тұтынушылардың осындай талабынан шығу үшін «Samsung» әрбір жеке адамның қажеттілігіне жауап беретіндей өзінің көлемі, қызметінің сапасы немесе конфигурациясы әртүрлі сандық өнімдердің сан алуан түрлерін шығарып келеді. «Samsungтың» басты мақсаты-компания өнімдерінің бүкіл әлемде кеңінен танымал болып, жұрт сүйсіне қолданатындай нарықтық ахуал туғызу. Жетілдірілген жаңа технологиялар нәтижесінде тұтынушыларға шексіз мүмкіндіктер беріледі. Тағы бір маңызды мәселе, байланыс құралы мен қызметінің интеграцияланған жүйесінің көмегімен үйдегі және офистегі мультимедиялық ортаның сапалық деңгейін көтеру. Бұл адам өмірін ұтқыр да, ыңғайлы ете түседі.

         Қазір өмір ағыны соншалықты тез, технология жетістіктерінсіз оған ілесу мүмкін емес. Сол технологияның бір жетістігі мобильді, яғни ұтқыр телефон, қазақша айтқанда кәдімгі қалтателефон. Бүгінде қалтателефон адамдардың барлығына ортақ қолжетімді құрылғыға айналған. Бұрынырақта қалтателефондар өте сирек болатын, әрі тек өзінің негізгі қызметін ғана атқаратын. Енді тұтынушылардың талабы бойынша жасалған үздік технология негізіндегі қалтателефондар тек байланыстық мақсаттарды жүзеге асырып қана қоймай, бос уақытта ермек етерлік түрлі ойындарының көптігімен, көңіл көтеретін мүмкіндіктерімен де ерекшеленеді. Әлемде мобильдік телефон өндірушілердің ішінде  «Samsungтың» телефондары неғұрлым жетілдірілген қасиеттерімен ерекшеленеді. Оның нарықтағы жаңа телефондары жұртты өзінің жұқалығымен таң қалдырады. «Samsung» телефондарының тағы бір ерекшелігі-ол тұтынылатын мемлекеттерде сол елдің мемлекеттік тіліне қарай орайластырылып жасалынады.

         Қалтателефон тілін қазақшаландыру оңай шаруа емес. Берілетін командалар түсінікті болуға тиіс. Сондықтан «Samsung» қалтафон мәзірін қазақшалағанда аударма жөніндегі білікті агенттіктің көмегіне сүйенеді. Таяу арада «Samsungтың» сатуға шығарылатын күллі ұялы телефондарының жадылық қоржыны қазақша мәзірмен байытылады. Тағы бір ерекшелігі, қазақша мәзір «Samsungтың» тек түпнұсқа қалтателефондарында ғана болады. «Samsungтың» қазақша мәзірі мына модельдерде бар: L320, L170, B100, P520, U900.

         Қазақстан нарығында жүйелі түрде жұмысын ұйымдастырған соң компания зауыты Қазақстанға арнайы ұялы телефондар шығаруды жолға қояды. Елімізге ресми түрде жеткізілген «Samsung» ұялы телефондарында ғана қазақ тілді мәзір мен Қазақстан тұтынушыларына бейімделген суреттер, бейнелер енгізілген.

 

         7-нұсқа

         Ақпарат кеңістігін қалыптастырудың қазіргі жай- күйі

     

          Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі, оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің әмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі.  Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық ақпараттық интернет желісі бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістігінің ең көлемді және жаппай жайылған сегменті болып табылады. Сонымен бірге, уақыт өте, ғаламдық ақпараттық интернет желісі ақпарат алу және алмасудың, сондай-ақ жаппай пайдаланушылардың коммуникациясы үшін ең қол жетерлік құралы болғаны айдан анық.
            Қазіргі уақытта Интернеттің ақпараттық кеңестігінің жұмыс істеуіне сай келетін халықаралық ұйымдарға мыналар жатады:
            1) The Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (бұдан әрі    - ICANN) - IP-адрестерін, хаттамалардың параметрлерін бөлу, домендік атаулардың жүйесін әкімшілеу (Domain Name System, DNS), түбірлік серверлер (Root Server System) деп аталатын жүйенің жұмыс істеуін әкімшілеу және қолдау үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;
            2) Интернет желісінде нөмірлеуді бөлу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - IANA, The Internet Assigned Numbers Authority);
            3) Еуропалық желілік үйлестіру орталығы (бұдан әрі - RIPE NCC) - тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлуді және тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлу мен тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC қызмет көрсету аймағында Интернеттің ғаламдық ресурстарын әділетті бөлуге кепілдеме бере отырып, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Азияның бөлігінің тіркеушілеріне қызмет көрсетеді;
            4) The Internet Engineering Task Force (бұдан әрі - IETF) - Интернет сәулетін дамыту және қолданыстағы инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуінің біріктірілген міндеттерін дамытуға жұмыс жасайтын желілік хаттамаларын дайындаушылар, операторлар, өндірушілер және зерттеушілердің халықаралық ашық бірлестігі болып табылады;
            5) Дүниежүзілік зияткерлік жеке меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗЖҰ). Жоғарғы деңгейдегі домендер (бұдан әрі - TLD, Top Level Domain) екі үлкен бөлікке бөлінеді: Біріншісі - жалпы пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі - ұлттық екі әріпті домендер (country code TLD немесе ccTLD). Жалпы пайдаланатын домендерге COM, NET, ORG, INFO, BIZ және басқа да домендер жатады. Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халықаралық стандартқа сәйкес елдер мен аумақтардың екі әріпті кодтар саны бойынша ұлттық домендер - 250 (RU - Ресей үшін, DE - Германия үшін, UK - Ұлыбритания үшін) Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының келісімдері бойынша IANA ұйымымен беріледі.
            Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері мынадай: біріншіден, академиялық желілерден ұлттық домендердің операторлар (провайдерлер) бірлестігіне өтуі, сондай-ақ қатар тіркеу ережелерін дайындауға елдің интернет-қауымдастығының қатысуы: нарықтың кәсіби қатысушылары, тұтынушылар, қоғамдық (кейде үкіметтік) ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп өтуі, шектеулердің алынуы. Кез келген субъектінің Интернеттегі қызметі құқықтық мәселелердің тұтас сериясын қалыптастырады. Олар пайдаланушының қызметін, сайттың мәртебесін және оның мазмұнын реттеуге (рұқсат етілген, реттелмеген, заңсыз); авторлық және аралас құқықтардың орындалуына; «киберэкономиканы» қалыптастыру (электрондық ақшалар, төлемдік жүйелер, құнды қағаздар, электрондық банктер, жарнама, маркетинг, электрондық контрактілер, салықтар); жеке және мемлекеттік мүдделердің ақпараттық қауіпсіздігіне бөлінеді. Интернет желісін құру және нормативтік негіздерінің ұтымдылығы бойынша үдеріс 80 жылдардың басынан бастап Еуропа және АҚШ-та (және бірқатар басқа да шет елдерде) басталған.
             Қазіргі уақытта Интернет желісі қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірнеше деңгейі қалыптасты: 1)халықаралық;  2)өңірлік Еуропалық одақ және ТМД шеңберінде); 3)ұлттық.  Осы деңгейлердің әрқайсысында өкілетті заң шығарушылар қарастырып отырған құқықтық қарым-қатынастар саласын реттеуге ұмтылады.                                                                                                            

            Интернет желісінің трансшекаралылығы Интернет желісіндегі құқықтық қарым-қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу, қолданыстағы ережелер мен қағидаларды біріздендіру қажеттілігін құрайды.
            Біріздендірудің нормалары ЕО шеңберінде, сондай-ақ БҰҰ шеңберіндегі (УНИДРУА жеке құқықты біріздендіру институты) халықаралық деңгейде, Дүниежүзілік Зияткерлік Жеке меншік Ұйымы (ДЗЖҰ), Халықаралық сауда палатасы (ХСП), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, сауда және электрондық бизнеске ықпал ету БҰҰ Орталығымен жүргізіледі.

            ТСР/ІР желі хаттамаларының ыңғайсыз цифрлық адрестерін жеңіл есте қалатын әріптік сөз тіркестеріне ауыстыруға мүмкіндік берген домен атаулары жүйесі пайда болды. Домендік атауы ғана берілген жарнамалық тақталар жиі кездеседі. Қымбат тұратын интернет-жобалар жүзеге асырылып жатыр, олар үшін домен олардың коммерциялық табыстарының едәуір бөлігін құрайды. Өйткені тұтынушылар доменді электрондық бизнес субъектісінің қандай да бір тауар, жұмыс немесе қызмет көрсетулерімен байланыстырады.

 

         8-нұсқа

         Ғаламдық ақпараттық желілер мен жүйелерді  құру және пайдалану       

              

Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігі интернеттің әлемдік ақпараттық кеңістігінің елеулі құрамдас бөлігі болуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласында басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын талап етеді.
         Бұл ретте, мыналарды көздеу қажет: 1) озық елдердің ұйымдастыру және техникалық тәжірибесін пайдалану; 2) отандық ақпарат қорларын қалыптастыру үшін шетелдік ақпаратты пайдалану; 3) отандық ақпарат қорларының экспортын ұйымдастыру; 4) Қазақстанның заңды және жеке тұлғаларының әлемнің дамыған елдерінің ақпараттық ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету; 5) байланыс және телекоммуникацияның халықаралық жүйесіндегі өздерінің құралдарында пайдаланушыларды қамтамасыз ету үшін байланыс және телекоммуникацияның протоколын, ақпаратты ұсынудың нысанын ттейтін халықаралық стандарттарды енгізу;
6) әлемдік ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, жаңа ақпараттық технологиялар құру және әлемдік бірлесіп жұмыс жасаудың қолданбалы бағыттарын ақпараттандырумен байланысты (банктік ақпараттардың, ғылыми-техникалық ақпараттардың әлемдік жүйесін құру және пайдалану) Қазақстан Республикасының халықаралық бағдарламалар мен жобаларды толық құқығы бар мүшесі ретінде қатысуын қамтамасыз ету;
7) ақпараттық қорлар, ақпараттық технологиялар құралдары, телекоммуникация және байланыс жүйелері, ақпараттандыру жүйелерін құру және дамыту саласында заңдық, құқықтық және нормативтік реттеумен байланысты құжаттарды дайындау барысында халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуды қамтамасыз ету; 8) Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігінің орнықты дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын сатып алуға шетелдік фирмалармен келісімшартқа отыру мүмкіндіктері; 9) жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын жасап шығаратын бірлескен кәсіпорындар құру және лицензиялар сатып алу.
         Халықаралық ынтымақтастық барысында барлық жұмыстарды - екіжақты және көпжақты келісімдер жасаудан бастап атқарушы биліктің мемлекеттік және өңірлік органдарына арналған ақпараттық технологиялар құралдарын сатып алуға дейін ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру орынды.

         Интернетке қосылу қолжетімдігі Қазнетке жергілікті ақпараттық инфрақұрылымдардың тартылуын және қысқа мерзімде еліміздің экономикалық өсуінің осы маңызды сегменттерінің бірін кеңейтеді.
         Барлық ақпараттық қорлардың іске қосылған инфрақұрылымы, оның ішінде ақпараттық технологияның қолданыстағы инфрақұрылымы Қазнеттің дамуына ықпал етеді. Қазнет бірыңғай ақпараттық кеңістігін құруды қамтамасыз етеді. Қазнет ақпараттық инфрақұрылымын жетілдірудің басты міндеті- ақпараттандырудың техникалық базасын қамтамасыз ету, интернетте ақпараттық қызметтер саласының жоғары-технологиясын құру.

 

         9-нұсқа

         Принтерлер

        

«Принтер» сөзі ағылшынның print сөзінен шыққан, ол «басу» дегенді білдіреді. Мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға шығаруға арналған құрылғы. Принтер компьютермен бірлесіп қағаз парақта түрлі шрифтермен мәтінді басып шығаруға, ал кейде суреттері бар мәтінді басып шығаратын шағын, миниатюралық баспахана құрайды.

         Принтерлерде компьютерлер дамыған сайын жетілдіріле түседі. Алғашқы принтерлер аздап өзгертілген жазу машинкалары тәрізді салмағы ауыр, көлемі үлкен болған. Басу құрылғысы бөлмені алып тұрған немесе бірнеше бөлмеге орнатылған. Ақпараттар одан перфокарта түрінде шығып, оны  білікті мамандар ғана оқи алған. Басылған суреттер айқын болмаған. Басып шығару қарқыны өте баяу, сартылдаған қатты дыбыстар шығарған. Ал қазіргі заманғы принтерлерді жазу үстелінің бұрышына орнатуға болады.

         Қазіргі кезде принтерлердің лазерлік және матрицалық түрлері бар. Лазерлік принтерде де, матрицалық принтерде де көріністер қағазға нүктелер түрінде түседі. Матрицалық принтерлерде арнайы инелер арқылы бояу лентасын қағаз парағына басқанда нүктелер басылып шығады. Инесі бар басатын тұмсықтары жол бойымен жылжып отырады, ал инелері қағаздың әр жерінде нүктелер қалдырады. Осы нүктелерден көрініс пайда болады. Қандай ақпарат басылатынына қарай принтер инелерді әртүрлі етіп басқарады да, қағазда сөздер немесе суреттер басылып шығады.

         Принтерде өзіндік тұрақты есте сақтау құрылғысы бар. Онда принтер басып шығаратын әр әріптің, әр белгінің көрінісі сақталады. Принтердегі инелерді өте жіңішке етіп жасауға болмайды. Сондықтан матрицалық принтерде басылып шыққан мәтін немесе суреттің нүктелерден тұратыны көрініп тұрады. Ал лазерлік принтерде көріністер лазерлік сәуле арқылы жасалады. Ол көріністерді өте жіңішке етіп салуға болады. Сәуленің қалыңдығы 1/100-1/200 мм құрайды. Осындай көлемдегі нүктелер көзге бірден түсе қоймайды. Мұндай нүктелерден тұратын әріптер баспахана әріптеріне қатты ұқсайды. Суреттерді фотографиялардан айыру да мүмкін емес. Матрицалық принтерлермен мәтінді басып шығарғанда жағымсыз, қатты дыбыстар шығады. Бояуы берік болмай, басылған парақ суға тисе, не жаңбыр астында қалса басылған мәтіннің бояуы ағып кетеді. Ал лазерлік принтерлер еш дыбыссыз, шу шығармай жұмыс істейді. Лазерлік принтерлердің құны матрицалық принтерге қарағанда біршама жоғары тұрады. Үлкен плакаттар, географиялық карталар немесе инженерлік сызбалар басып шығару үшін плоттерлерді пайдаланады.

         Принтер-қарапайым оперциялар жасау арқылы айқын көшірмелер алуға мүмкіндік беретін аппарат. Аппараттың жұмыс істеуін жеңілдететін құралдары бар. Қағазды қысу күшін реттеу тежегішін пайдаланатын қағаздың типіне қарай реттейді. Қағазды ауыстырғанда немесе қосқанда лотокты түсіреді не көтереді. Лотоктың бағыттауыштары қағазды ұстап тұрады және бағыттайды. Лотоктың бағыттауыштарын бекіту тежегіші лотоктың бағыттауыштарын бекітеді. Сонымен қатар қосымша түпнұсқаларды босату тежегіші бар. Егер түпнұсқа бір орында қалып қойса, принтерден түпнұсқаны шығару үшін осы тежегішті оңға қарай жылжыту қажет болады. Түпнұсқаларды бағыттаушы ұстап тұратын түпнұсқаның ені бойынша жылжытылады және орнатылады. Қабылдаушы лотоктың бағыттаушы-оттискісі бар қағаздарды тегістейді. Басу үшін қағаз форматының еніне қарай орнатылады. Тексеру мен қателер дисплейі қателердің орнын және аппараттың жағдайын көрсетеді. Көшірмелер санының дисплейі басып шығарылған көшірмелер санын, түрлі орнықтырулар үшін енгізілген сандық мәні мен қателер кодын көрсетеді.

         Шебер жасау пернесі-принтерді шебер жасауға дайындық жағдайына келтіреді. Орындалу барысының бағыттауышы-шебер жасау барысының және басу жағдайларын көрсетеді. Аппарат шебер жасауға дайын болғанда басу үстіндегі барлық индикаторлар жанады.

         Басу жылдамдығын реттеуші индикатор-мүмкін боларлық бес таңдаудың басу жылдамдығын таңдайды. Осы пернелердің үстіндегі индикатор ағымдағы жылдамдық деңгейін көрсетеді.

         Қысып тұруды реттеуші индикатор-мүмкін боларлық бес таңдаудың қысып тұруын таңдайды. Пернелер үстіндегі индикатор қысып тұрудың ағымдағы деңгейін көрсетеді.

         Бояуды үнемдеу индикаторы-бояуды үнемдеу тәртібін іске қосады. Перненің үстіндегі индикатор функция іске қосылғанда жанады.

                               

10-нұсқа

Принтерлер классификациясы

        

 Принтерлер  негізгі 5 бөлімге бөлінеді:

-   басып шығару механизмінің принципі;

-   қағаз бетінің максималды форматы;

-   түсті басып шығару қолданысы;

-   Post Script-тілінің аппаратты қолданысының бары не жоғы;

-   айлық жұмысы-басып шығару жылдамдығы.

         Принтерлер басып шығару принциптеріне қарай ағынды, лазерлі болып бөлінеді. Басып шығару жағынан принтерлер 4 топқа бөлінеді:

- автоберіліссіз матрицалы;

- минутына 4 бет басып шығару жылдамдығы бар принтерлер;

- минутына 12 бет басып шығаратын принтерлер;

- 12 беттен астам шығаратын қуаты жоғары принтерлер.

         Матрицалы принтерлер. Инелі принтер көп уақытқа дейін PC құрылғыларында стандарт ретінде қолданылған. Ол кездері ағынды принтерлер әлі жетілмеген еді. Негізгі жақсы жақтары: басып шығару жылдамдығы, кез келген парақта басады және басып шығару құны төмен келеді. Төрт түрлі матрицалы принтер бар: 9, 18, 24 инелі және жолды принтерлер болады. Принтер алмас бұрын оны қандай жағдайда қолданатынымыз жайлы ойлану қажет. Егер күні бойы құжаттарды сапасына көңіл аудармай тез басып шығару керек болса, онда матрицалы принтерге тең келетіні жоқ. Негізінде инелі принтерлер өте әмбебап принтерлер. Олар рулон қағаздарды да басып шығара алады. Ал басқа принтерлер ондайды істей алмайды. Инелі принтерлер ішкі жадпен (буфер) қамтамасыз етіледі. PC-ден келетін ақпаратты қабылдау үшін олардың жад көлемі 4-64 Кбайт болады. Мысалы, Scikosha SP-2415 буфер өлшемі 175 Кбайтқа тең.

         Матрицалы принтерлер механикалық құрылғылардан тұрады да, ол жұмыс істеген кезде дыбыстар шығарады.

         Ағынды принтерлер. Бұл принтерлердің артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Басында құрғақ сия технологиясы қолданылған. Бояғышты жоғары температурада қысыммен қағазға шашқан. Бұл әлі күнге дейін калькуляторлар мен кейбір принтерлерде қолданылады. Бірақ қазір бұл әдістің жаңа аты пайда болды. Ол «сублимационды» басу. Ағынды принтерде басудың тағы бір түрі «спарк» технологиясы-біріншіге ұқсас, бірақ сұйық сия қолданылады. Ал қалған екі әдіс пьезоэлектрикалық және түйіршікті болады. Пьезоэлектрикалық қымбат шығару құрылғысын (картридж) қажет етеді. Түйіршікті технологиясы сия бөлігін газ түйіршігімен шығару болып табылады (картридж ішінде).

         Ағынды шығару сапасы 3 факторға байланысты:

-   басу сапасы;

-   сия сапасы;

-   қолданыс типі.

         Қазіргі кезде ағынды басып шығару құрылғылары дүние жүзінде сатылым жағынан бірінші орында келеді. 1993 жылдары Еуропада жаппай ауысу болды. Матрицалы принтерлер орнына ағынды принтерлер келді. Оны «ағынды технологиясының революциясы» деп атады.

         1991-1993 жылдары дербес мамандардың қорытындысы бойынша матрицалы принтерлер сатылымы 30-60%-ға төмендеп, ағынды принтерлер сатылымы 20-45%-ға жоғарылады.

         Лазерлі принтерлер. Ағынды принтерлердің бәсекелесіне қарамастан, лазерлі принтерлер жоғары сапалы басып шығаруға қол жеткізді. Егер жоғары сапалы ақ-қара басылым керек болса, лазерлі принтер алу қажет. Лазерлі принтер дыбысы 40 дБ-ге тең келеді. Лазерлі принтерлердің басып шығару жылдамдығы 2 факторға байланысты:

-   біріншісі- бетті механикалы созуы;

-   деректерді анықтау жылдамдығы.

         Негізінде лазерлік принтерлерде өзіндік процессорлар болады. Жоғары өнімді принтерлерде, мысалы HP; Intel 80960 процессоры қолданылады. Өте жоғары өнімді принтерлер 20 және одан да көп бет шығара алады. Принтер жылдамдығы процессор жұмысымен байланысты ғана емес, жадқа да байланысты. Лазерлік принтердің ең төмен жады 1 Мбайт-қа тең болады.

         Лазерлік принтер бұрын тек А4 және одан да төмен форматта болды. Қазір А3 форматын басатындар да шықты. Сыртқа шығатын құжаттар сапалы лазерлік принтерде басылуы шарт. 

 

         11-нұсқа                  

          Электронды-есептеуіш машиналар

         XX ғасырдың 1-жартысында радиотехника қарқындап дамыды. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі-электронды-вакуумды лампалар болды. Электрондық лампалар алғашқы электронды-есептеуіш машиналардың техникалық негізгі элементі болатын. Бірінші электронды-есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ЕNIАС деп атады.

ЕNIАС -тың конструкторлары - Дж. Моучли мен Дж. Эккерт. Бұл машина соншалықты үлкен болғандықтан, оны әуелі орнынан қозғау мүмкін емес еді. ЕNIАС -тың салмағы 30 тонна және оның 18 000 электрондық лампасы бар, ол бір секундта 5000 қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды. Жұмыс кезінде тез қызатын болғандықтан, ол арнайы суытуды талап етті. Релелік машиналарға қарағанда, оның амал орындау жылдамдығы мың есе жоғары болды.

1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмысы мен құрылымының принциптерін баяндады. ЭЕМ жұмысының басты принципі — жадта сақталатын программа қағидасы, онда программалар мен мәліметтер машинаның жалпы жадына орналастырылады. Мақалада баяндалған пікірлер "Джон фон Нейманның ЭЕМ архитектурасы" деп аталды. Бұл пікір негізінде 1949 жылы ЕNIАС машинасы құрастырылды.

Алғашқы ЭЕМ-ы тек бір данадан ғана болды. Дамыған елдерде ЭЕМ-ның сериялық шығарылуы 1950 жылдардан басталды. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-48 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина) деп атады. 1951 жылы ол ресми түрде пайдалануға енгізіліп, бұл машинада әртүрлі есептеулер жүргізіле бастады. Ол секундына 50 амал орындайтын болған, ал жедел жады (оперативті жад) электрондық шамдардағы 100 ұяшықтан тұрды.

1952-53 жылдары оның жетілдірілген түрі БЭСМ (Большая Электронная Счетная Машина) пайдалануға енгізілді, ол секундына 10 000 амал орындайтын еді.

Жедел жады алдымен электронды-акустикалық линияларда, содан соң электронды-сәулелік түтікте, ал кейінірек ферриттік өзекшеде жинақталды. Сыртқы жады екі магниттік барабанда және магниттік таспаларда болды.

         1960 жылдан бастап бұрынғы Кеңестер Одағында екінші буындағы ЭЕМ-ы шығарыла бастады. Олар: М-220, БЭСМ-3, БЭСМ-4, "Урал-11", "Урал-13", "Урал-16", "Минск-22", "Минск-32" т.б.

 ЭЕМ-ның даму буындары. ЭЕМ-ның даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. Буындардың ауысуы электрондық техникалардың дамуымен, ЭЕМ-ның элементтік базасының ауысуымен байланысты.

Электрондық лампаларды пайдаланған ЕNIАС және барлық басқа ЭЕМ-ЭЕМ-ның бірінші буынына жатады (1940-1955 жылдар). Оларды қазіргі ЭЕМ-ның аталары деп атауға болады.

         Егер Бэббидж машинасын еске алсақ, оны ЭЕМ-ның арғы атасы деуге болады. Бірінші буындағы машиналар бірнеше жүздеген шаршы метр орынды алатын және мыңдаған электрондық  лампалары бар алып құрылғылар еді. Оларға программалар мен мәліметтерді енгізу үшін перфоленталар және перфокарталар пайдаланылды. Бұл машиналар үшін программалар машиналық командалар тілінде құрылды, сондықтан сол кезде программалауды игеру кез келген адамға сондай мүмкін болмады. Ең жылдам машиналар секундына 20 000 операцияны іске асырды.

1955 жылдан бастап келесі, екінші буындагы ЭЕМ пайда бола бастады. Оларда электрондық лампалардың орнына жартылайөткізгіштер-транзисторлар пайдаланылды.

Сонымен, ЭЕМ-ның көлемі бірнеше есе кішірейді, пайдаланатын электр қуаты да азайды, сонымен қатар олардың жылдамдығы секундына бірнеше он мыңдаған операцияларға жетті. Сол кездерде жоғары деңгейдегі программалау тілдері: Фортран, Алгол, Кобол қолданыла бастады. Программаларды құру машинаның моделінен тәуелсіз бола бастады.

         Біраз уақыттан кейін электрондық өндіріс орындары интегралды сұлбалар (электронды микросхемалар) жасай бастады. Интегралды сұлба-бұл шағын жартылайөткізгішті кристалдар, оларда бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған транзисторлар бар. Сонан кейін, бірнеше жүздеген мың транзисторлардан тұратын жартылайөткізгішті кристалл - үлкен интегралдық сұлба (БИС) пайда болды.

         Интегралдық схема негізінде құрастырылған ЭЕМ-бұл үшінші буынға жатады. Бұл машиналардың жады үлкен, ал орындау жылдамдығы секундына бірнеше миллион операцияға жетті. Магниттік таспаларда жинақтаушыларға қарағанда әлдеқайда жылдам жұмыс істейтін және ақпараттың шексіз мөлшерін сақтауға қабілетті сыртқы есте сақтау құрылғыларының жаңа түрі-магниттік дискілер пайда болды.

         Үшінші буындағы ЭЕМ бір машинада бірнеше программаларды қатар орындау мүмкіндігін берді. Мұндай режім мультипрограммалық режим деп аталды. Осы кездерде деректер базасы, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жасалып, ЭЕМ халық шаруашылығында кеңінен қолданыла бастады.

         1971 жылы АКШ-тың "Интел" фирмасы компьютердің негізгі блогы-процессордың жұмысын орындауға қабілетті өте үлкен интегралдық сұлбаны - алғашқы микропроцессорды жасады. Микропроцессордың жасалуы бұл информатикадағы революция болды. Осының нәтижесінде үстелдерімізде кішкене ғана ЭЕМ тұр, ол дербес компьютер ДК- деп аталады.

Қазіргі кезде төртінші буындагы ЭЕМ қолданылуда. Олар 70-жылдардан бастап өндіріске енді. Бұл ЭЕМ өзінің жадының көлемімен есептеу жылдамдығы бойынша ондаған бірінші буындағы ЕNIАС типті ЭЕМ-дерге тең.

1980 жылдан бастап АҚШ-тың ІВМ фирмасы дербес компьютерлер шығару бойынша дүниежүзілік нарықта жетекші фирма болып саналды. Ал 90-шы жылдардың басынан бастап Аррlе Согрогаtіоп фирмасының Масіпtозһ маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады. Қазақстан Республикасының ¥лттық радиоэлектроника және байланыс орталығы Германияның Siemens фирмасымен бірлесіп, мектептерге арналған дербес компьютерлерді шығару ісін жолға қойды.

Біз ЭЕМ-нің төрт буынын қысқаша қарастырдық. Олардың бір-бірінен айырмашылықтары көп, бірақ барлығына тән бір кемшілігі бар. Олармен жұмыс істеу үшін арнайы тілді қолдану керек, әйтпесе олар бізді түсінбейді. Бұл үшін біздер оны белгілі бір программалау тілінде жазуымыз керек.

Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни "жасанды интеллект" ЭЕМ-дері болуы керек. Бұл пікір толығымен іске асқанда, ЭЕМ-ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтамыз, ал компьютер өзі программаны құрып, мәселені (есепті) шешетін болады.

 

         12-нұсқа

         Интернеттің пайда болуы

        

Интернет ешнәрсеге қарамастан компьютер және байланыс әлемін өзгертті. Телеграфты, телефонды, радионы және ойлап табу мүмкіндіктерін біріктіру үшін дайындалды. Интернет- олардың географиялық тұрған жері назарға алынбай, сфера және жеке адамдар аралық компьютерлерімен әрекеттесу ынтымақтастығына арналған халықаралық радиохабар мүмкіншілігі, хабар тарату механизмі.

         Интернет ақпараттық инфра жүйе аясында ғылыми зерттеулердің, инвестициялардың ең табысты үлгілерінің бірін ұсынады. Бірінші пакет ұсынысын зерттеуден бастап үкімет, өнеркәсіп, академия осы технологияның дамуына және таратылуына серіктес болды. Қазіргі кезде интернеттің тарихынан бастап, технологиясы және оны пайдалану туралы көптеген материалдар бар. Кез келген кітап дүкеніне кіріп интернет туралы жазылған толық материалдар табуға болады.

         Бүгінгі интернет- ол  ұлттық ақпараттық инфражүйе деп аталатын тәжірибелі, кең таралған ақпараттық инфражүйе. Тарихы күрделі және оның құрамында түрлі аспектілер бар. Оның дамуына компьютерлік байланыстың техникалық аясы ғана емес, барлық қоғам толығымен әсер еткен, өйткені электрондық сауда және мәліметтер жинау үшін интерактивтік құралдарды пайдалану көбеюде.

         «Галактикалық желі» концепциясын талқылауда RCJ-дің 1962 жылдың тамызында жазылған жазуларын, бірінші әрекеттесулердің тіркелген анықтамаларын және желілердің жұмысы туралы еске алуға болады. Ол кез келген сайттың бағдарламасы мен мәліметтеріне жылдам ену үшін бірнеше компьютерлерді байланыстыруды болжады. Интернет түсінігі заманына лайық болды. 1962 жылдың қазанынан бастап Licklider АҚШ Қорғаныс Министрлігінің болашақты зерттеу үшін құралған компьютерлік зерттеуі бағдарламалардың алды болды. Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ Қорғаныс Министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты, оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды. Леонард Клейнрок 1961 жылдың маусымында пакеттік жалғау теориясы туралы бірінші құжатын және 1964 жылы осы тақырыпқа байланысты кітап басып шығарды. Клейнрок Робертс сұлбаларды емес, пакеттерді пайдалана отырып, байланыстың теориялық орындалуын сендірді. Ол компьютерлік желінің жұмысына бастапқы қадам болды. Келесі кезекте компьютерлер арасында сөйлесуді жасау керек болды. Осы зерттеуді жүргізу үшін 1965 жылы Томас Мэрилмен бірге жұмыс жасайтын Робертс бірінші (кішкене болса да) компьютерлік желіні құрып, ТХ-2 компьютерін Q-32-ге Калифорниядағы модемдік байланысты төменгі жылдамдықты телефондық байланысқа қосты. Осы зерттеудің нәтижесі болып, компьютерлер бір-бірімен жұмыс жасап, бағдарламаларды орындап және қашықтағы машиналардың қажетті мәліметтерін тауып жұмыс жасауда, бірақ коммутациялы телефондық жүйе бұл үшін жарамады. Пакетті коммутация қажеттілігі туралы Клейнроктың сенімі дәлелденген болатын.

         Интернет- ең белгілі және қол жететін, қатынауға болатын жалпы желі, бүкіләлемдік компьютерлік желі дегенді білдіреді. Интернет сөзінің тікелей аудармасын- желіаралық, яғни желілердің бірігуі деп түсінеміз.

         Интернет желісі тұрақты құрылым емес, оны миллиондаған пайдаланушылар ұдайы өзгертіп отырады. Интернет ешкімнің меншігі емес. Интернеттің орталықтандырылған басқаруының жоқтығының нәтижесі- ақпараттық кеңістіктің шексіз бостандығы болып табылады.

         Интернетте жұмыс істеу дегеніміз- тек оның көптеген түрлерінің біреуінде жұмыс атқару. Қарапайым тілмен айтсақ, қызмет түрі деген қандай да бір ережелерге сай, өзара қарым-қатынаста болатын хаттама деп аталатын бағдарламалар жұбы. Осы жұп бағдарламасының біреуі-сервер, екіншісі-клиент деп аталады. Интернеттің қызмет түрлерінің хаттамалары қолданбалы хаттамалар деп аталады. Мысалы, интернетке файлдарды жіберу үшін арнайы FTP қолданбалы хаттамасы пайдаланылады. Интернеттен файл алу үшін мынадай іс әрекеттер жасау қажет:

         - Компьютерде FTP клиенті болып табылатын бағдарлама орнату;

         - FTP қызметін ұсынушы сервермен байланыс орнату.

 

13-нұсқа

         Интернет желісі

        

Адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де интернет жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі «ханшалардан» күнделікті «күңіңізге» айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істейді. Интернет желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (интернет қоғамдастығы) президентінің жақында интернет желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті интернет бізге «даналық көзі» болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

         Дегенмен интернет тек желі ғана емес, ол-желілердің желісі. Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.

         Оның қарапайым желілік нүктелері мекемелерде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

         Интернеттің бір ерекшелігі, оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді. Интернетке қосылу дегеніміз басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.

         Интернет информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін интернеттегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз.

         Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес. Бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Интернет желісі де телефон жүйесі тәрізді басқарылады. Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады. Интернетпен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді интернетке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар. Олар:

-қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);

-тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар;

-пошталық байланыстар.

         Тұрақты қосылып тұратын байланыстар. Мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған түрінде болады. Бұл интернеттің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.

         Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш интернетке қызмет ететін компьютермен (хост-компьютері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон арнасы мен интернет арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне интернет арқылы мәлімет жібере береді.

         Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point-to-Point Protocol немесе PPP деп аталады. Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да TCP/IP секілді, бірақ телефон арнасын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып байланыстан кейінгі орында тұр.

         Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына SLIP (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, SLIP-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.

         Пошталық байланыс. Интернетпен қосыла алатын бірнеше пошталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден интернетпен пошталық байланысқа кіре алады. Олар өз поштасын интернетке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде пошта адресінде интернет деп жазып қойылады. Бұл ортада әртүрлі  тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді пошталық байланыстар желілік көмек деп аталады, олар интернет желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

         Пошталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек пошта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген пошталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады. 

        

14-нұсқа

         Дубай мұнарасы

        

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында әлемдегі ең биік ғимарат салынуда. Ол «Дубай мұнарасы» деген атқа ие болған. 160 қабаттан тұратын зәулім мұнараның биіктігі 800 метрге жетуі ықтимал. Ол биіктігі жөнінен қазіргі 101 қабатты 508 метрлік Тайбейдегі қаржы орталығынан асып түседі.

         «Самсунг» корпорациясы осы құрылыстың тендерін ұтып алған. Өзге жеті бәсекелесін жолда қалдыру үшін «Самсунг» Бельгияның Besix және  Біріккен Араб Әмірлігінің Arabtes ірі құрылыс компанияларымен бірлесе отырып, жеңіске жеткен. «Дубай мұнарасының» ғажабы тек биіктігінде емес. Ол құмды шөлде өсіп шыққан гүлді бейнелейді. Жоғарыдан қарағанда, ғимарат сол өңірде өсетін Гименокаллис гүлі тәрізді.

         Жаңа жобаның авторы- архитектор Адриан Смит. Әйгілі архитектор Америка компаниясында жұмыс істеген, бұған дейін де бірқатар биік ғимараттардың жобасын сызып, тұсауын кескен. Қытайдағы 420 метрлік Цзинь Мао ғимараты Смиттің қолынан шыққан. Ол биіктігі жағынан қазір төртінші орында. Осы биік ғимараттың беріктігі мен төзімділігіне де үлкен мән берілген. Жобаны жасаушылар  «Дубай мұнарасы» апаттарға төтеп бере алатынын мәлімдеген. Мұнара 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Нью- Йоркте орын алған оқиғадағыдай, не басқа себеппен ұшақтар соғылған жағдайда да аман-сау қалатын көрінеді. Бұл ғимараттың іргетасының өзі жер астына 50 метрге дейін жетеді екен. Ғимараттың және мұнара ұшының биіктігі жөнінен әлемде теңдесі жоқ. Мұны жүзеге асырушылар, оны «әлемдегі биік ғимарат қана емес, бұл- мақсатқа жетудегі теңдессіз талпыныс немесе шабыттан туған туынды» деп есептеген.

          Қала орталығынан бой көтерген ғимаратта бес жұлдызды қонақ үй, сән- салтанаты келіскен пәтерлер, кеңсе орындары мен сауда орталықтары орналасқан.

         «Дубай мұнарасынан» басқа биіктігі бір шақырымға жететін «әл-Бурдж» (мұнара) атты жаңа нысанның жобасы да көпшілік назарына ұсынылған. Мұның сыртында 482 метрлік тағы бір ғимарат бой көтеріп келеді. Ол өзінің хрустальдай жарқырауымен ерекшеленбек.

         Бір шақырымдық Sky City. Жапон архитекторлары бір шақырымдық Sky City атты нысанның жобасын сызып, макетін жасап қойған. Дөңгелек тәріздес ғимараттың іргетасының диаметрі 400 метр болса, ең басы 160 метрді құрайды. Аспанмен таласып, бұлтпен араласқан бұл ғимараттың әр қабаты блоктардан тұрады. Онда тірі ағаштар мен гүлдер өсіп тұратын шағын бақтар болмақ. Өртке қарсы құрылыс тетіктері де терең ойластырылған. Әр блок алты секторға бөлінген, бір бөлігінде өрт бола қалған жағдайда өзге секторларға таралмайды. Бұл ғимарат 36 мың тұрғынға арналған. Олардың басым бөлігі осы ғимаратта жұмыс істеп, әрі тұрғылықты тұруына болады. Сонымен бірге күн сайын 100 мың қызметкер мен қызметшілер келіп жұмыс істейді екен. Оның сыртында туристер бар.

         Sky City ғимаратының көлемі 800 гектарды құрайды. Яғни бұл сәні мен салтанаты келіскен шағын қала болып есептеледі.

         Аспанға қол созған «Фордхэм шыңы». Чикагода АҚШ бойынша ең биік 115 қабатты зәулім ғимарат бой көтереді. Оның биіктігі ұшындағы найзасымен қоса алғанда 610 метрге жетпекші. Жоба құны 500 млн долларды құрайтын нысанды салуды Чикагодағы Fordham құрылыс корпорациясының басқарма төрағасы Кристофер Карли жүзеге асырмақшы. Аспанға қол созған ғимаратқа Fordham Spire, яғни «Фордхэм шыңы» деген есім беріліпті. Чикаго әрқашан Американың заманауи архитектурасының бесігі болды. «Біз осы дәстүрді XXI ғасырда да жалғастырғымыз келеді»- деген К.Карли.

         «Фордхэм шыңы» Мичиган көлінің жағасынан орын тебеді. Онда мейрамхана мен қымбат пәтерлер болады. Болжам бойынша ең арзандау екі бөлмелі пәтердің құны 600 мың АҚШ долларына бағалануы мүмкін.

         Бұл ғажап ғимараттың архитекторы- испандық Сантьяго Калатрава. Бүгінгі таңда Америкада 110 қабатты Sears Tower ең биік ғимарат болып есептелінеді. Ал бой көтеретін «Фордхэм шыңы» ұшындағы найзасын есептемегенде 445 метрге жетеді екен.

         Мәскеу Еуропаның алдына шықпақ. Мәскеу қаласында 87 қабаттан тұратын биік ғимарат жоспарланды. «Мәскеу-Сити» іскерлік орталығында салынатын «Федерация» атты зәулім ғимарат Еуропадағы ең биік үй болмақ. Ғимараттың төбесіндегі үшкір найзасын қоса есептемегенде 340 метрге жетеді. Ал қазіргі таңда кәрі құрлықтағы ең биік үй Франкфурттағы 260 метрлік Commersbank болып есептеледі.

         Нысан жобасының негізгі әзірлеуші иелері Mirax Group корпорациясы ғимарат өте мықты әйнектен салынатынын мәлімдеген. Бұл да Америкадағы 2001 жылғы 11 қыркүйектегідей соққыларға төтеп бере алады екен. Mirax Group корпорациясының басшылығы «қанша ұшақ келіп соғылса да, ол ғимарат құламайды» деп мәлімдепті. Нысанның жобасын неміс архитекторлары- Питер Швегер мен Сергей Чобан жасаған. Олар «ғимарат он сағаттық өртке де шыдай алады» деп сенімді түрде мәлімдеген. Бұл кешен 350 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.

         Әлемді көркімен тамсандырып келген Париж қаласы ғарыш заманында «өткен ғасырлар архитектурасының мұражайы» түрінде қалып қойғысы келмейді. Өйткені 1974 жылы Францияның астанасында биіктігі 31 метрден асатын ғимарат салуға тыйым салынған. Ал қала орталығында бұл шектеуді 25 метрден асырмаған екен. Дегенмен кеңсе ғимараттары мен үйлердің жетіспеушілігі қала басшылығына ескірген заңның күшін жоюға итермелеп отыр. Бүгінгі таңда қаладағы ең биік нысан- 1889 жылы салынған 324 метрлік Эйфель мұнарасы. Қала орталығынан болмаса да, таяу болашақта Парижде де биік ғимараттар бой көтереді деген тоқтамға келіп отыр.

         Әлемде зәулім ғимараттармен қатар биік мұнаралар да бар. Бүгінгі таңда Канаданың Торонто қаласындағы 553 метрлік  CN Tower жер бетіндегі ең биік телемұнара болып саналады. Енді қытайлықтар осы рекордты жаңартамыз деп өз алдына межелі мақсат қойып отыр. Гуанчжау қаласында 600 метрлік телемұнара салынуда. Айта кету керек, Мәскеудің «Останкино» мұнарасының бойы 540 метрге жетеді. Бұдан бұрын «канадалықтардың рекордын жаңартамыз» деп жапондықтар мәлімдеген. Токио қаласында 600 метрлік телемұнара салынатыны жоспарланған. Біреулер үшін зәулім үйлер «спорт алаңы». Мысалы, өткен жылдары Латын Америкасындағы ең биік ғимарат болып саналатын Мехиконың орталығындағы үйдің ұшар басынан австриялық Феликс Баумгартнер парашютпен секіріпті. 225 метрлік ғимараттың жартысына келгенде «тәуекел деп тас жұтқан» жігіттің парашюті ашылыпты. Жерге түсісімен Феликс «полиция ұстап алмасын» деп тезірек көзден таса болуға тырысыпты. Өйткені ол бұл ерлікке қалалық биліктің рұқсатынсыз барған. Ал енді Америкада ғимараттың шатырына дейін баспалдақпен жүгіріп шығудан жарыс өткізу дәстүрге айналғаны белгілі. «Эмпайр стэйт билдинг» Нью-Иорктегі ең биік ғимараттардың бірі болып саналады. 86 қабатты ғимарат баспалдақтарының 1576 басқышы бар. Бұл ермекке өткен жылдары 200-ден  астам адам қатысыпты. Алайда ысқырық шалғанда тұра жүгіргендерге дәліздер мен баспалдақ алаңдары тарлық етіпті. Ал «өрмекші адам» атанған француздық альпинист Алан Робер «Тайбэй 101» ғимаратына төрт сағатта өрмелеп шыққан. 42 жасар жігіттің бұған дейін де 30-ға жуық зәулім үйлер мен мұнараларға шыққан тәжірибесі бар. Соның ішінде Эйфель мұнарасы мен Куала-Лумпурдегі «Петронас тауэрс» ғимараты да бар. А.Робер «Тайбэй 101» ғимаратына көтерілгенде әрбір он қабат сайын демалып отырған. Ең басына шығып, шатырында тұрып, төмендегі көрермендерге қол бұлғапты. Сол кезде ғимараттың шатыры жартылай бұлттың ішінде тұрған екен.

         Бүгінгі таңда өзіндік ерекшеліктерімен әлемге аты шыққан қалалар биік ғимарат салудан жарысты бастап кеткеннен кейін, геолог ғалымдар мен архитекторлар зәулім үйлердің қауіпсіздігіне баса мән беріп отыр. Тіпті ғалымдар «жер сілкінісіне биік ғимараттар себепші болып отыр» деген дәлелді алға тартуда. Өйткені «Тайбэй 101» сияқты алып ғимараттың 700 мың тонналық салмағы іргетасының астындағы жер қабатына өз қысымын түсіреді екен. 

 

         15-нұсқа

         Бүгінгі «Қазақтелеком»                                                                                   

    

         Бүгінгі таңда талғампаз тұтынушыға жоғары жылдамдықты интернет әбден қажет. «Megaline» қызметінің жылдамдығын арттыру мәселесі көптеген қазақстандық интернет пайдаланушыларды толғандырып жүр. Осы жерде интернет пайдаланушыларды мазалаған сұраққа толығырақ жауап беру қажет. Соңғы уақытта "Қазақтелеком" Қазнетті дамытуға принципті тұрғыда жаңа жағдайлар жасады. Қазан айындағы «Megaline» абоненттері өндіретін жиынтық трафиктің 70%-нан астамы - бұл ішкі трафик болды. Бұл сан нені білдіреді? Біз осы қысқа мерзім ішінде файлмен алмасу сервистерін барынша шектедік, бейне және фото-хостинг сервистерін "импортпен алмастырдық", бүгінгі күні қазақстандық блог саласы өзін танытуда,  Қазнетте пайда болған мультисервистік порталдар аяғынан тік тұрып келеді, электронды поштаның жергілікті сервистері табысты жұмыс істеуде.        

         «Megaline Start», «Megaline Hit», «Megaline Light», «Megaline Box» тарифтік жоспарларымен 1024 Кбит/с дейінгі ішкі қорларға қатынау жылдамдығы 16 қалада іске асырылды (Алматы, Астана және 14 облыс орталығы). Бұл ретте сыртқы ресурстарға бағытталған 256 Кбит/с жылдамдықты қоса алғанда, жиынтықты қатынау жылдамдығы 1024 Кбит/с құрайды. Ал басқа елді мекендерде ішкі ресурстарға қатынау жылдамдығы - 512Кбит/с. Үлкен жылдамдықты қажет ететін белсенді пайдаланушылар үшін жылдамдығы жоғары «Megaline Turbo» тарифтік жоспары бар. Ол арқылы 8 Мбит/с дейінгі жылдамдықта интернетті пайдалануға болады. MetroEthernet желілері оптикалық талшық сақиналы магистраль базасында салынған және жоғары өткізу қабілетімен ерекшеленеді. Бұл болашақтағы жоспар емес, қазіргіжағдай.
         Ертеңгі бағыт қандай? 2008 жылғы 1 наурыздан бастап ішкі трафикті тұтынуда мегалайнерлерді ынталандыру Қазнетті дамыту саясатының бір бөлігі болып табылды. Бұл ретте ішкі ресурстарға жылдамдық айтарлықтай жоғары. " Мен Мегалайн Хит клиенті болып табыламын (Астана қаласы). Қазақстандық интернеттің (ішкі ресурстар) жылдамдығы қандай екенін ресми мәлімдей аласыз ба?.. Мен ҚЗ + сыртқы ресурстар бойынша жылдамдықты қосу керек деп ойлаймын, яғни 1 мегабит (ҚЗ) + 256 (сыртқысы). Демек, порттың жылдамдығы 1280/1024 болу керек. Осы мәлімдемені көзге түсетін жерде немесе Қазақтелеком сайтында көрсеткен абзал" деген пайдаланушының   сұрағына  және «Megaline» қызметінің басқа да көптеген пайдаланушыларына абоненттер қазіргі уақытта осы жылдамдыққа да қол жеткізе алады,- деп жауап беруге болады.

                   Сөйтіп, Қазақстандағы ADSL желілері бүгіннің өзінде интернетке қатынаудың  қызметтері мен интерактивті теледидар, жаңа буын телефониясы сынды мультимедиялық қызметтердің пакетін ұсынуға септігін тигізуде. Осы желілерді дамыту үшін үлкен инвестициялар жұмсалып, ірі әлемдік вендорлардың жабдықтары қолданылуда. «Қазақтелеком» АҚ пайдаланып отырған ADSL2+ технологиясы жылдамдық жағынан шектеулі. Бұл технология ерте ме, кеш пе басқа заманауи қатынау технологияларына ауыстырылады. Бүгінгі күні жетекші оператордың стратегиясы қандай? Бұл нақты сұраққа жауап беру үшін басқа елдер тәжірибесіне сүйенуіміз қажет. Тұтынушылардың интернет арналарын өткізу жолағына қажеттіліктерінің күрт өсуі 90-шы жылдары басталған болатын. Жоғары жылдамдықты Интернетті көпшілікке жеткізу жоспарларын жүзеге асыруға көмек болып сол кездерде төңкеріс жасаған DSL-технологиялар келді, телефондық байланыс операторларының қолда бар желіжол-кәбілдік шаруашылығы пайдаланылды. ТМД елдері бұл үдеріске бірнеше жылдардан кейін қосылды, олардың қатарында «Қазақтелеком» да бар. DSL-технологиялар электронды поштадан бастап файл алмасу мен онлайн-теледидарға дейінгі бұрын қолжетімсіз болған көптеген сервистердің пайда болуы мен дамуына серпінді әсер етті. Алайда осы онжылдықтың басында бұлардың орнына анағұрлым жылдам оптикалық талшықты «соңғы миль» технологиялары келе бастады. Өте жіңішке шыны талшықтардың өткізу қабілеті кәдімгі ширатпалы мыс кәбіл жұбының өткізу қабілетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Қазіргі заманғы ең перспективті технологиялардың бірі FTTH технологиялары (оптикалық талшық әр үй/пәтерге) болып табылады. Бұл технологиялар Triple Play қызметтерінің кең ауқымын, электронды үкіметтің инфрақұрылымын ұйымдастыру, білім беру, медициналық жобаларды ұсынуға мүмкіндік береді. FTTH кеңжолақты бір абоненттік қатынау бойынша жоғары жылдамдықты трафик алмасу Интернетінен басқа, жоғары айқындылықты пішімде хабар тарататын (HDTV) 2-3 және одан артық интерактивті теледидар қосылымын, сонымен қатар, телефония (VoIP), Бейнеконференц байланыс, бейнебақылау және т.б. қызметтерін ұсына алады. Алайда FTTH негізгі артықшылығы – жылдамдықты одан әрі арттыра алу әлеуеті. Қазіргі кезде бұл - клиенттік 100 Мбит/сек, бұл ретте жуық арадағы 2-3 жыл ішінде жаңа меже – әр тұтынушыға 1 Гбит/сек-ке дейін белгіленген, әрі қарай бұл меже арта түспек. Жылдамдық қуу мультимедияның (айқындылығы анағұрлым жоғары бейне, 3D-теледидар) жаңадан анағұрлым көлемді пішімдерінің пайда болу мүмкіндігіне негізделеді.  

 

            16-нұсқа

Қазнеттің қазіргі жай- күйі

        

Қазнет ақпараттық ресурстар желісінің, ақпаратты телекоммуникациялар жүйесі мен желісінің, ұйым мен азаматтардың ақпаратпен қарым-қатынасын қамтамасыз ететін бірыңғай қағидаттар мен жалпы ережелер негізінде жұмыс істейтін, оларды жүргізу және пайдалану технологияларының, сондай-ақ олардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру жиынтығынан тұрады.   

         Осылайша, Қазнет бірыңғай ақпараттық кеңістігі мынадай басты құрамдас бөліктерден тұрады: 1) қазнеттегі ақпаратты, деректерді, мәліметтерді және білім беруді құрайтын ақпараттық желілік ресурстар;
        2) бірыңғай ақпараттық кеңістіктің (ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, іздеу және беру бөлігінде) жұмыс істеуі мен дамытуды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдардан тұратын және тиісті технологиялар мен бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланумен, олардың ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ететін азаматтар мен ұйымдардың өзара ақпараттық іс-қимылының құралдарынан тұратын ақпараттық инфрақұрылым;
        3) қазнетті қалыптастыруға және дамытуға қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынасы мен қызметін реттейтін құқықтық, ұйымдастырушылық, нормативтік және ақпарат құжаттары.
         Қазнетті дамыту және реттеу объектілеріне мыналарды жатқызуға болады:
          1) сақтау және меншік түріне тәуелсіз ақпараттық ресурстар, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер, құпиялы ақпараттар сияқты және ашық қолжетімді ақпараттық ресурстар; 2) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік ақпараттарды алу, тарату және пайдалану құқығы, құпия ақпарат пен зияткерлік меншікті қорғау;  3) Интернет ғаламдық желіде таратылатын ақпаратқа негізделген қоғамдық сананы (көзқарастар, саяси көзқарастар, моральдық және этикалық құндылықтар және басқалар) қалыптастыру жүйесі; 4) көп жағдайда ақпаратпен қамтамасыз ету мен сапасына тәуелді болып келетін саяси шешімдерді қабылдау үдерісіне әсер ету жүйесі; 5) Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарына өзінің көзқарастарын насихаттайтын қоғамдық ұйымдардың қатысу жүйесі; 6) мәлімет беру желісінің жалпы ұлттық, өңірлік және жергілікті ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе, оның ішінде арнайы мақсаттағы, сондай-ақ спутниктік байланыс жүйесі;  7) электрондық сауда жүйесі - Интернет арқылы тауарлармен және қызметтермен сауда-саттық. Желілік ақпарат қорлар- веб-сайттары Қазнеттің негізгі бөлігі болып табылады. Қазнеттің ресми тарихы 1994 жылғы 19 қыркүйектен басталады. Бұл күні IANA дерекқорында жоғарғы деңгейдегі KZ домені тіркелді. Ал 1995 жылы маусым айында бірінші қазақстандық веб-сайттардың - Kazakh Internet Yellow & White Pages (қазір жұмыс істемейтін) каталогы шықты. 1997 жылы желтоқсан айында қазіргі уақытта ең танымал қазақстандық веб-ресурстар рубрикаторы каталогының - "Весь WWW Казахстан" (Catalog.Site.KZ) жобасы шықты.
         Қазнет кеңістігі ресурстардың мынадай түрлерін: 1) KZ домен аймағындағы дербес интернет-ресурстарды; 2) Қазақстан аудиториясына бағытталған шетелдік ресурстарды; 3) басқа домен аймағында орналасқан қазақстандық компаниялардың ресурстарын біріктіреді.

         Қазнет желісі қорларын контентпен толықтыру бірінші кезекте және басты рөл атқарады. Интернеттегі желілік қор Интернет ғаламдық желісінің пайдаланушылары үшін құрылатынын, өмір сүретінін түсіну маңызды сәт. Қазнет те жүйелік құрылым құру үдерісі оған келіп-кетушілер, яғни еркін қолжетім ақпаратын ізденушілерге нақты бағытталуы керек.

          Қазақстандық контенттерді дамыту маңыздылығы, оның көп тілділігі. 2006 ж. Miniwatts Marketing Group компаниясы жүйеде нүкте қолданатын тілдердің рейтингін жариялады, онда орыс тілі 10 орын алды. 2006 жылғы 30 маусымдағы мәліметтер бойынша орыс тілді пайдаланушылар әлемдік интернет-аудиториясының 2,3 % құрайды. Жүйе қорындағы орыс тілінің өсу динамикасы, оның жетекшілік орындарын көрсетеді - тілдер арасында веб-аудиторияның өсуі бойынша (664,5%). Miniwatts Marketing орыс тілді веб-пайдаланушыларға 23,7 млн., ал орыс тілді ортаға Интернеттің өту деңгейі 16,5 % деп бағаланды. Пайдалану бойынша рейтингте ағылшын тілі (30 %), екінші орында - қытай тілі (13,8 %), үшінші орында - жапон тілі (8,3 %). Көптеген интернетті пайдаланушылар екі немесе одан да көп тілдерді меңгергенін атап өткен жөн. Қазнетте мемлекеттік тілді пайдалану өте төмен деңгейде қалып отыр. Қазнетте кітапхана жоқ, білім мен ғылым жүйесінің қорлары әлсіз дамыған. Қазнеттің мультимедиялық контенті оны тек мобильді пайдалану бөлігінде пайдаланады. Осы уақытқа дейін мемлекеттік тілдің билік органдарына, күнделікті тұрмыста пайдалануға арналған сөздік, терминдердің ресми жүйелік қоры жоқ.           

         Интернет желісіне жаппай, кең жолақты қолжетімділікті дамыту, Интернеттің қазақстандық контентін дамыту, сондай-ақ Интернет қызметтеріне «Қазақтелеком» АҚ тарифтерін төмендету көзделген. «Қазақтелеком» АҚ Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерінің және Интернет желісінің кеңжолақты қол жетімділігі қызметтерінің (бір жылғы төлемдерді қоспағанда) тарифтерді төмендету жөнінде біршама іс-шаралар жүргізілді.
         Қазіргі уақытта Интернеттің ғаламдық ақпараттық желісінде Қазнеттің саны жағынан да (операторлар мен пайдаланушылар саны), сапасы жағынан да белсенді өсуі байқалады.

 

         17-нұсқа

         Хакерлер

        

"Хакер" (ағылшынша: hack деген сөзінен шыққан) деп, әлемдегі ең ірі әрі күрделі саналатын компьютерлік желілерге кіруге қол жеткізген, өзінің электрондық саладағы білімін жаңа идеялар енгізу арқылы дәлелдейтін және де технологияның даму мәдениетін егжей-тегжейлі білетін адамды айтады. Алайда көпшілік үшін қандай да бір электрондық жүйеге заңсыз шабуыл жасаған адам біздің қоғамда «хакер» деген атқа ие болған.

         Қазақстанда кез  келген шетелдік хакерлермен бәсекелесе алатын компьютерлік «бұзақыларымен» ерекшеленіп, алпауыт елдер үшін де үлкен қауіп төндіруге қауқары жетеді десе болады. Қазақстандық құқық қорғаушылар мен қаржы саласындағылар «байланыстың электрондық жүйесі хакерлер үшін ақша табудың таптырмас құралы бола алатындығын» мойындап отыр. Сондықтан да ҰҚК мемлекеттік органдардың ақпараттық арналарына заңсыз енетіндерге қарсы тосқауыл қоюды басты міндеттерінің бірі санайды.     

         Қазіргі кезде аталған комитетте компьютерлік технология саласындағы қылмысқа қарсы күрес бөлімі жұмыс істейді. ҰҚК-нің заңдық базасына осындай қылмыстарға қатысты істерді қарайтын арнайы бап та енгізілген. Хакерлердің негізінен банк жүйесіне «сілекейлері шұбыратыны» айтпаса да түсінікті. Алайда банк саласы олжасын оңай бөліссін бе, қаражатын өз «хакерлерімен» күзетуде. Банк ондай қызметкерлеріне жоғары жалақы төлеп, аса құрметпен қарайды. Басқа да ірі компаниялар құпияларының қауіпсіздігі үшін «хакер» ұстайды. «Өз хакеріміз» деп айтқандары болмаса, мұндай қызметкерлердің ресми атауы – қауіпсіздік қызметі. Олардың міндетіне өзі жұмыс істейтін нысанның барлық технологиялық процестерін бақылап отыру жатады. Аталған қауіпсіздік қызметінің «алтыннан да ардақты» мамандары ешкімге зиянын тигізбесе де қызық үшін өзгенің «ауласына» кіріп, онда не болып жатқанынан хабардар болып отырады-мыс. Құқық қорғаушылардың айтуынша, қазіргі кезде хакерлер тарапынан болып жатқан қылмыстар уақыт озған сайын арта түсуде. Мұны тәуелсіз сарапшылар елдегі компьютерлендіру жағдайының тез қарқын алуымен байланыстырады.

         Дербес компьютер (қысқаша ДК) — компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады.

1. Үстел компьютерлері

2.Тасымалы компьютерлер

2.1 Лаптоптар

2.2 Қалта компьютерлері

2.3 Планшетті компьютерлер

         Үстел компьютерлері. Үстел компьютерлерін әдетте үстел үстіне орналастырады, олардың атауы да осыдан. Әдетте бұлар барлық ДК ішіндегі ең үлкен компьютерлер. Үстел компьютерінің әр құраласы әдетте ауыстыруға болатын жеке модуль түрінде жасалады. Әдетте үстел компьютеріне қосымша перифериялық құрылғыларды жалғауға болады.

         Тасымалы компьютерлер. Лаптоптар. Бұл салмағы небары бірнеше килограмм болатын шағын тасымалы компьютерлер. Қазіргі заманғы тасымалы компьютерлердің көлемі шағын болуына байланысты көбінесе ноутбуктар («ДК-блокноттар») деп аталады. Ноутбуктың қалыңдығы әдетте 10 см-ден аспайды. Тасымалы компьютерлер мен ноутбук шығаратын ең әйгілі компаниялар IBM, Apple, Compaq, Dell, Toshiba және Hewlett-Packard болып табылады. Тасымалы ДК-лер сұйық кристалды бейнебетпен жабдықталады және батареялармен жұмыс істей алады, бұл пайдаланушы үшін шапшаңдықты қамтамасыз етеді. Мұндай компьютерде жабдықтың барлық негізгі құрылыстары бір модульге біріктірілген. Тасымалы ДК құрылымына алмалы дискілерге арналған дискі енгізгі, ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі, DVD-дискілерге арналған дискіенгізгі кіруі мүмкін; бұл дискіенгізгілер компьютердің салмағы мейлінше аз болу үшін сондай-ақ перифериялық құрылғылар ретінде жалғануы мүмкін.

         Қалта компьютерлері. Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып кететін шағын тасымалы компьютерлер. Мұндай компьютерлердің қуаты әдетте үстелдік немесе тасымалы компьютерлерге қарағанда азырақ болады, бірақ олар белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін өте ыңғайлы. Қалта компьютерлері, мысалы күнтізбені немесе мекен-жайлық кітапты қолдануды қажет ететін күнделікті жұмыста пайдалы. Олардың көмегімен ескерімдер мен ағымдағы істер тізімдерін жасауға, алдағы басқосуларды жоспарлауға болады. Қалта компьютерлерін электрондық пошта және күнтізбе бағдарламаларымен қадамдастыруға болады. Олармен жұмыс істеу үшін әдетте электрондық қаламұш пайдаланылады.

         Планшетті компьютерлер. Бұл тасымалы компьютердің бір түрі болып табылады. Пайдаланушы арнайы қаламұштың көмегімен осындай компьютердің бейнебетінде ескерімдер жазып, сурет сала алады. Енгізілген деректерді өңдеуге және одан кейін электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыларға жіберуге болады.

Процессорды компьютердің жүрегі десек те болады. Компьютеріңіздің есептеу жылдамдығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады. Intel-дің екі ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың жиілігін жоғарылатудан жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарылаған сайын оның жылу бөлуі де жоғарылайды. Бұл әрине тиімсіз болды. Бұны бір корпусқа екі процессор орнату арқылы жеңді. Процессорлар такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен, платаға орналасатын ұяшықтарының түрімен әр түрге бөлінеді.

                                             

         18-нұсқа                                        

         Компьютерлер

        

 Компью́тер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу болып саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

          Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.

         Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және нөл ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады. Бірақ, компьютерлер кез келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын. Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әртүрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.

         Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

         Компьютер сөзі ағылшын тілінің ағылшынша: to compute, ағылшынша: computer сөздерінен шыққан. Бұл сөздер «есептеу», «есептегіш» мағынасында аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде, латын тілінің латынша: computo — «есептеймін» сөзінен шыққан). Алғашында ағылшын тілінде бұл сөз механикалық құрылғыларды қолданбай немесе қолдана отырып, арифметикалық есептеулер жүргізетін адамға қатысты айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға қатысты айтылатын болды, бірақ, қазіргі заманғы компьютерлер математикамен тікелей байланысты емес мәселелермен де айналысады.

         Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілді.

         Жаппай пайдаланудағы тұңғыш компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. Қазіргі таңда есептеу машиналары өздерінің арнаулы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге, мини-ЭЕМ-ге, микро-ЭЕМ-ге және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.

         Үлкен ЭЕМ-дер – бұл өте қуатты компьютерлер, олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады.

         Мини ЭЕМ-дің үлкен ЭЕМ-ге қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Мини ЭЕМ-дер өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады.

         Микро-ЭЕМ-дің өнімділігі үлкен ЭЕМ-ге қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, бағдарламалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші амалдарды орындайды.

         Дербес компьютерлер-«пайдаланушы» деп аталатын бір адамның ғана жұмыс істеуіне арналған, ЭЕМ-нің ішінде жұмыс атқаруға қолайлы түрі. Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылғыларының бір-бірінен өзгешеліктері аз. ДК-мен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы бағдарламалау тілін білуі қажет емес. ДК ең кеңінен қолданылатын компьютерлер қатарына жатады. Олардың қуаттылығы үнемі ұлғайып, ал қолдану аясы кеңейіп келеді. ДК желіге біріктіріле алады. Бұл ондаған, тіпті жүздеген пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Электронды пошта құралдары көмегімен компьютерлерді пайдаланушылар телефон тораптары арқылы басқа қалаларға мәтіндік және факсимальды хабарламалар жөнелтіп, өздері ақпараттар ала алады. Компьютерлерге қажетті бағдарламалық жасақтамалар мен қосымша құралдарды орнатып, сіз одан өзіңізге жұмыста таптырмайтын көмекші жасап ала аласыз.

                                   

         19-нұсқа

Компьютер техникасының  дамуы.

        

Егер есептеуіш құрылғылардың 1900 жылдан бастап даму тарихына көз жүгіртетін болсақ, машиналардың жұмыс өнімділігі әрбір 18-24 айда екі есеге өсіп отырғанын байқаймыз. Бұл ерекшелікті алғаш рет 1965 жылы «Intel» компаниясының басшыларының бірі Гордон Е. Мур сипаттаған болатын. Компьютерлер көлемінің кішірею процессі де осындай жылдамдықпен жүріп келеді. Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар көптеген тонна салмағы бар, бірнеше бөлмеде орналасқан үлкен құрылғылар болатын. Олардың қымбат екені сонша, оларды тек үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын еді. Олармен салыстырғанда, қазіргі заманғы компьютерлер біршама қуатты, кішкентай және арзан болып табылады. Компью́тер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу болып саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

         1492 жыл — Леонардо да Винчи өзінің бір күнделігінде он тісті сақиналары бар 13-разрядты есептегіш құрылғының сызбасын көрсеткен. Бұл сызбалар негізінде жұмыс жасайтын құрылғы ХХ ғасырда ғана жасалғанымен Леонардо да Винчи жобасының дұрыстығы расталды. 1623 жыл — Вильгельм Шиккард, Тюбинген университетінің профессоры, тісті сақиналар негізінде алты разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын құрылғы жасап шығарды. 1960 жылы профессордың сызбасы бойынша қайта жасалып, дұрыс жұмыс жасайтындығын көрсетті. 1642 жыл — Блез Паскаль «Паскалин» — алғашқы нақты жүзеге асырылған және кең танылған цифрлық есептеуіш құрылғыны ұсынды. Құрылғы прототипі бес разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын еді. Паскаль бұндай есептегіштердің оннан астамын жасады, соңғы үлгілері сегіз разрядты сандармен де жұмыс жасай алатын еді. 1673 жыл — көрнекті неміс философы және математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц механикалық калькулятор жасады, ол екілік санау жүйесінің көмегімен көбейту, бөлу, қосу және азайтуды орындай алатын еді. Осы кездер шамасында Исаак Ньютон математикалық анализ негіздерін қалады. 1723 жыл — неміс математигі және астрономы Христиан Людвиг Герстен, Лейбниц жұмыстарының негізінде арифметикалық машина жасады. Машина сандарды көбейту кезінде бүтін бөлігін және тізбектелген қосу амалдарының санын есептей алатын еді. Сонымен қатар бұл машина енгізілген мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексере алатын еді. 1786 жыл — неміс әскери инженері Иоганн Мюллер «айырмалық машина» идеясын ұсынды — бұл машина айырмалық әдіспен есептелетін логарифмдерді табуляциялай алатын еді. Лейбництің тісті доңғалақтары негізінде жасалған бұл машина біршама кішкентай (биіктігі 13 см, диаметрі 30 см) болғанымен, 14-разрядты сандармен негізгі төрт арифметикалық амалды орындай алатын еді.

         1801 жыл — Жозеф Мария Жаккард бағдарлама арқылы басқарылатын тігін станогын құрды, оның жұмысы перфокарталар жиыны көмегімен көрсетілетін еді. 1820 жыл — француз Тома де Кальмар арифмометрлерді алғаш рет өндірістік жағдайда шығарды. 1822 жыл — ағылшын математигі Чарльз Бэббидж айырмалық машинаны (математикалық кестелерді автоматты түрде құруға арналған арифмометр) ойлап тапты, бірақ іс жүзінде жасап көрсете алмады. 1855 жыл — Стокгольм қаласында ағайынды Георг және Эдвард Шутц Чарльз Бэббидж жұмыстарының негізінде алғашқы айырмалық машина жасады. 1876 жыл — орыс математигі П.Л.Чебышев ондықтарды үзіліссіз тасымалдайтын қосқыш аппарат құрды. Бұл ғалым 1881 жылы осы машинаға көбейту және бөлуге арнап қосымша бөліктер жасады. 1884—1887 жж — Герман Холлерит электрлік табуляциялық жүйе (Холлерит табуляторын) жасап шығарды, бұл жүйе 1890 және 1900 жылдары АҚШ-тағы, 1897 жылы Ресейдегі халық санағында қолданылды.

         1912 жыл — орыс ғалымы А.Н.Крылов жобасы бойынша қарапайым дифференциалдық теңдеулерді интеграциялауға арналған машина жасалды.        

         1927 жыл — Массачусетс технологиялық университетінде аналогтық компьютер жасап шығарылды. 1938 жыл — неміс инженері Конрад Цузе өзінің алғашқы есептеуіш машинасын жасап, оған Z1 деген ат берді (Оның авторы ретінде Гельмут Шрейердің есімі де аталады). Бұл механикалық, бағдарламаланатын цифрлық машина еді. Бұл үлгі іс жүзінде қолданылмады. Оның қалпына келтірілген нұсқасы Берлиндегі неміс техникалық мұражайында сақталған. Осы жылы Цузе Z2 машинасын жасауға кірісіп кетті. 1941 жыл — Конрад Цузе Z3 машинасын жасады. Бұл машина қазіргі заманғы компьютердің барлық қасиеттерін ие болатын. 1942 жыл — Айова штатының университетінде Джон Атанасов және оның аспиранты Клиффорд Берри АҚШ-тағы алғашқы электрондық цифрлық компьютерді жасап шығарды. Бұл машина толықтай аяқталмағанымен (Атанасов әскерге кетті), тарихшылардың айтуына қарағанда, американ ғалымы Джон Мочлидің екі жылдан кейін Эниак ЭЕМ-ін жасап шығаруыны көп әсерін тигізді. 1943 жылдың басында алғашқы американдық есептеуіш машина — Марк I жасалды. Бұл машина АҚШ әскери-әуе күштерінің күрделі баллистикалық есептерін шығаруға арналған еді. 1943 жылдың соңында арнайы мақсаттарда қолданылатын ағылшын есептеуіш машинасы — Колосс жасалды. Машина фашисттік Германияның құпия кодтарын шешумен айналысты.

         1944 жылы Конрад Цузе Z4 компьютерін жасап шығарды. 1946 жылы алғашқы әмбебап электронды цифрлық есептеуіш машина — Эниак жасап шығарылды. Кеңес Одағында алғашқы электрондық есептеуіш машинасы Киевте Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен 1950 жылы жасалды

                             

         20-нұсқа

         Теледидардың даму тарихы

        

Теледидар – теледидарлық бағдарламаларды және бейне жаңғырту бейнелер мен дыбысты қабылдауға арналған электрондық құрылғы.

         Бұқаралық өндіріске арналған ең алғашқы теледидарлар өткен ғасырдың 30-шы жылдардың аяғында пайда болды. Теледидардың ашылуына 10 жылдық қажырлы зерттеулер әсер етті.

         1887 жылы неміс физигі Генрих Герц жарықтың электр тоғына әсер ететін қабілетін ойлап тапты. Ол бақылау тәжірибесін толық жазып, бұл құбылысты түсіндіре алмады. 1888 жылдың ақпан айында орыс ғылымы Александр Столетов жарықтың электр тоғына әсер етуін көрнекті тәжірибеде келтірді. Столетов бұл құбылыстың бірнеше заңдылықтарын шығарды. Онымен «электр көзі» атты қазіргі фотоэлементтер секілді құрылғылар жетілдірген. Көп ұзамай осы зерттеулерге ұқсас ғылыми ашылыстармен                Ф. Ленард, ДЖ. Томпсен, О. Ричардсон, К. Комптон, Р. Милликен, Ф. Иоффе,                П. Лукирский, С. Прилежаев сияқты көптеген ұлы ғалымдар айналысқан. 1905 жылы тек Альберт Эйнштейн фотоэффектінің негізін қалай алды. Сол жылдары теледидар дамуының тарихына үлес салған тағы басқа зерттеулер өткізілген.

         Теледидар жұмысының негізігі тәсілдерін Морис Леблан құрды.  Оған ұқсас зерттеулерді Е. Сойер ғалымы да өткізген. Сол жылдары радио табысты қолданылғандықтан, электр сигналының тарату мәселесі өзімен өзі шешілді. 1933 жылы АҚШ-тағы орыс эммигранты Владимир Зворыкин иконоскоп атты электрондық түтік таратқышын көрсетті. В. Зворыкин электрондық теледидардың «әкесі» болып атанған. Алғашқы теледидарларда механикалық жаймалары болған. Содан кейін бейне көзі сапасы ретінде электрондық жаймасымен жұмыс істейтін ақ-қара түсті теледидарлар пайда болды.

         1939 жылдң сәуір айында RCA корпорациясы бұқаралық сатылысқа арналған тұңғыш теледидарды ұсынады. Ол Нью-Йорктегі Әлемдік көрмеде көрсетілген.

         1950 жылдарының басында іс жүзінде жүзеге асырылған түрлі түсті теледидар жүйесі пайда болды. Бірақ нақты түрлі түсті теледидардың пайда болуына дейін көп жылдар өтті.  

         1960 жылы Sony атты жапондық компания тұңғыш транзисторлық теледидарды ұсынды.

         Қазіргі теледидарлардың негізінде хай-тек стилі пайдалынылады. Келешекте бұрынғыдай сияқты теледидарлар білім мен ойын-сауыққа миллиардтық адамдарға қол жеткізеді.             

         Теледидарлар екі түрге бөлінеді: аналогтық және цифрлық.

         Аналогтық теледидарлар қазіргі уақытта да теледидарлардың ең таратылған түрі. Теледидардың бұл түрі бүгін де шығарылады. Аналогтық теледидарда сигнал бейнеге әр пикселдің дәл үлестірілуімен экранға түрлендірмейді. Бейненің сапасы қабылдау сигналдың қуаты мен бөгеуілдердің болуына байланысты.

         Цифрлық теледидардың бейнесінің сапасы өте жоғары деп саналады. Сигнал цифрлық кодпен таратылады, сондықтан да бейненің анықтығы сигналдың қуатына байланысты емес. Әр пиксель туралы деректер түгел бөгеуілсіз таратылады немесе  таратылмайды. Цифрлық хабар тарату форматтары әртүрлі – DTS, EDTV, HDTV және тағы басқалар. 

         Қазіргі уақытта теледидарлардың мынандай түрлері бар:

         Электрон-сәулелік түтік теледидарлар. Өндірушілер: DAEWOO, Hitachi, JVC, LG, Samsung т.б. Диагоналдары: 14, 15, 17, 20, 21, 25.

Пайдаланушы нарығында электрон-сәулелік түтік теледидарлардың екі түрі ұсынылған: жалпақ және дөңескинескопты теледидарлар. Бұл теледидарлардың бағасы кинескоптың түрі мен бейненің сапасына байланысты. Жалпақ кинескоптардың ерекшелігі бейне сапасының жоғарылығы және бөгеуілдердің болмауы.

         Сұйықкристалды теледидарлар. Өндірушілері: Vitek, Digital, Honda, Sony, Samsung т.б. Диагоналдар: 5, 8, 20, 40, 56, 65.

Теледидарлардың бұл түрі бірнеше сағат жұмыс істеуге арналған. Бұл теледидарларда жарықтың бөгеуілдері болмайды.

         Плазмалық теледидарлар. Өндірушілер: Daewoo, LD, Philips, Toshiba т,б.  Диагоналдары: 32, 40, 50, 55, 63, 65. Қазіргі кезде плазмалық теледидарлар пайдаланушылар арасында өте кең тараған. Бұл теледидарларды қабырғаға орнатуға болады.

 

         21-нұсқа

         Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін       дамыту және     

          оны  ұйымдастыруды жетілдіру

        

Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік өзекті проблема екендігін халықаралық тәжірибе растайды. Әлемдегі бір де бір мемлекетте Интернетте және электрондық төлемдерде киберқылмыстың - вирустардың таралуы, жағымсыз хабарлар (бұдан әрі - спам), ерсі ақпараттар, қарақшылық, алаяқтың негізгі түрлеріне қарсы тұрақты иммунитеті жоқ. Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау ұлттық заңнаманың шығарылған ақпараттың зияткерлік меншігін қорғау, Интернет арқылы таралатын компьютерлік вирустардың, қорлау және ерсі ақпараттардың, қоғамға қарсы үндеулердің, спам, ақпаратқа рұқсатсыз қолжеткізуді жібермеудің, интернетті пайдалануға қолданылатын қорғау құралдарын пайдаланудың тәртібін белгілеу, сондай-ақ мұндай құқықбұзушылық жасаушы тұлғаларды тиімді анықтау және жазалау үшін нормативтік шарттар жасаусыз мүмкін емес. Бірыңғай ақпараттық кеңістікте құқықтық қамтамасыз етумен қатар субъектілердің ақпараттық өзара әрекет етуі ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын қабылдауды талап етеді. Бұл шаралар мыналарды қарастырады:
         1) ақпараттың тарап кетуінің, жоғалуының, жасандылығының алдын алу;    2) жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі қауіп-қатерінің алдын алу; 3) ақпаратты жою, модификациялау, бұрмалау, көшіру, шектеу бойынша қолданылатын іс-әрекеттердің алдын алу;
  4) жеке меншік объектісі ретінде ақпараттың және құжаттаманың құқықтық режімін қамтамасыз ету, ақпараттық қорлар мен ақпараттық жүйелерге заңсыз араласудың басқа түрлерінің алдын алу;  5) азаматтардың ақпараттық жүйеде бар дербес деректерінің құпиялылығын және жеке құпиясын сақтаудың конституциялық құқығын қорғау; 6) құжатталған ақпараттың жасырындылығын және құпиялылығын сақтау; 7) ақпараттық үдерістерде және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологиялар мен құралдарды шығару және қолдануды әзірлеу кезінде иелік етуші субъектілердің құқығын қамтамасыз ету; 8) Қазнетке қатысушы ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігі және ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық-анықтама қорын құру; 9) сыртқы теріс әсерден Қазнеттің ақпараттық кеңістігін қорғау;    10)интернетті құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалану фактілерін анықтау мақсатында Қазнеттің ақпараттық кеңістігінің мониторингін жүзеге асыру.          Бірыңғай ақпараттық кеңістіктегі субъектілердің өзара іс-әрекет етуін ұйымдастыру ережесі заңдардың орындалуын, мемлекеттік және коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз етуі қажет. Бұл ережелер заңдармен реттелуі қажет. Бірыңғай ақпараттық кеңістікте апараттық-бағдарламалық құралдар электрондық өңдеу, сақтау және қабылдау-хабар беру кезіндегі барлық оқиғаларды қандай сатысында болса да хаттамалауды және ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуі қажет.
         Бұдан басқа, киберқылмыспен күресудің табысты кепілі ақпараттық қауіпсіздік саласында қызмет етуші мемлекеттік органдар мен бизнестің серіктестігі, халықаралық ұйымдардың киберқауіпсіздік жүйесіндегі нормативтік, технологиялық және ұйымдастыру инфрақұрылымын дамыту ісі болып табылады.

 

22-нұсқа

            Алматы қаласындағы телефон  (1912 -1996жж)

           

"Алматытелеком" қалалық телекоммуникациялар орталығы 1997 жылдың 22 тамызы күні құрылды және "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамының филиалы болып табылады.  (1912-1996 ж.ж.) Верный қаласында (қазіргі Алматы қаласы) алғашқы телефон стансасы 1912 жылы салынған болатын. Ол жергілікті батареядағы 100 нөмірлік бір ғана коммутатор болатын. Станса Ермаков көшесі мен Советская көшесінің бұрышындағы үйде орналасты, қазір онда материалды-техникалық жабдықтау жөніндегі комитеттің ғимараты тұр. Мемлекеттік Думаның "Телефон бикештерінде" (телефонистерді осылай атаған) қазіргі кезде 62/69 АТС ұжымы пайдаланып жүрген Тула самауырыны және айна бар еді. Осыдан кейін 1928 жылы Карл Маркс көшесі, 72-де, кейіннен "Қала" стансасы деп аталған 800 нөмірлік Орталық Батареядағы (ОБх2) жаңа телефон стансасы салынды. Кейін 1932 жылы бұрынғы үкімет үйінде (қазір ҚазМУ) "А" деп аталған 500 нөмірлік Бх2 стансасы жөнделді, ал 1933 жылы "Қала" стансасымен бірге бір жайдың ішінде 400 нөмірлік дербес "Б" қосалқы стансасы жөнделді. "А" және "Б" қосалқы стансаларының екеуі де және "Қала" стансасы (бұрын "Орталық" деп аталған) өзара қосқыш желі арқылы қосылған. Кейіннен "Б" қосалқы стансасының коммутаторы көшірілді және "Қала" стансасымен біріктірілді.

         1935 жылы алматылық қолмен істейтін стансалардың ішіндегі ең ірі 2400 нөмірлік "Байланыс Үйі" жөнделді. 1942 жылы Алматы қалалық телефон желісінің "Байланыс Үйі" және "Қала" орталық стансаларынан басқа "Алматы - 1" (Октябрь ауданы) 100 нөмірлік (бленкерлі ОБх2) қосалқы стансасы, бұрынғы "Тастақ" поселкесінде 100 нөмірлік қосалқы стансасы (МБ), "Каменка" селосында - 30 нөмірлік коммутатор және темекі фабрикасында - 100 нөмірлік қосалқы стансалары болды. Қалада мұндай телефон желісінің сыйымдылығы 1950 жылға дейін болды. 1947 жылы Лейпциг қаласында (Германия) бөлшектенген С-22 жүйесінің адымды АТС жабдығы түсті. АТС-тың барлық құралдары бөлшектеніп, бөлшектері тоттан тазартылды, құралдардың сызбанұсқалары ЦНИИС өңдеу тәсілі бойынша екіжақты тоқтатушылық жасау есебімен қайта дәнекерленді. Қалааралық байланыс форшальтер арқылы жүзеге асырылды.

         1950 жылдың 26 тамызында Қазақстанның 30-жылдығы күні қарсаңында Қазақстанда бірінші 8000 нөмірлік қалалық АТС (Орталық) салтанатты түрде іске қосылды. АТС ашылуына қатысқан қонақтардың ішінде төтенше комиссар Әліби Жангелдин де болды. Көп ұзамай "Орталық" АТС сыйымдылығы толығымен іске қосылды. АТС-ты отандық 47 АТС типтес жабдықтармен ұлғайту көзделді. Бірақ, қолданыстағы С-22 сызбасы 47 АТС-пен тек РСЛ арқылы ғана жұмыс жасай алатын, оны зауыт шығармайтын.

         1955 жылы басқарушылар ұжымы өз күшімен станса жұмысын тоқтатпастан, С-22 сызбасындағы АТС-тың барлық құралдарының сызбасына маңызды өзгерістер енгізді. АТС-тың өзгертілген С-22 сызбасы РСЛ-сіз 47 АТС-пен жұмыс жасай алатын болды. 1955 жылдың желтоқсанында 2000 нөмірлік АТС-9 іске қосылды. Сонымен қатар, жалпы сыйымдылығы 2000 нөмірлік ведомстволық АТС-тарды қосу мүмкіндігі бар коммутатор торабы жөнделді. "Орталық" АТС 4 таңбалы нөмірмен қалдырылды, ал АТС-9 5 таңбалы нөмір алды. 1956 жылы АТС-9 400 нөмірге дейін ұлғайтылды.                                                                                                

         1959 жылы қонақ үй ғимаратында (бұрынғы "Қазақстан") 1000 нөмірлік АТС-92 және Октябрь ауданындағы 1000 нөмірлік АТС-5, ал 1960 жылы Орталық стадион ғимаратындағы АТС-98, тағы да 1000 нөмір қолданысқа жіберілді. Қаладағы Орталық стансада басқа аудандық АТС-тардың салынуына байланысты қажетті құрал-жабдықтар орнатылды және станса "2" индексті бес таңбалы нөмірлеуге ауысты. 1961 жылы Алматы қаласының телефон желісі жалпы қала құрылысының ізімен бірге ұлғая бастады.          Қазіргі кезде "Алматытелеком" ҚТО-ның құрамына қаланың барлық аудандарын қамтитын 5 агенттік: "Батыс", "Шығыс", "Оңтүстік", "Солтүстік-1", "Солтүстік-2" кіреді.

             

                   23-нұсқа

          Қалааралық телефон стансасы

        

Қалааралық телефон стансасы 1935 жылы Алматыда Киров және Сталин (қазіргі Абылай хан) көшелерінің қиылысындағы "Байланыс үйінде" байланыстың телеграф кеңсесі орналасты. Кеңсе құрамында Қалааралық телефон байланысы қызметі ұйымдастырылды. Сол кезде ҚТБ-да  М-3 түріндегі үш қалааралық коммутатор болды.

Коммутаторларға - біреуі Қаскелеңнен, екіншісі Талғардан келетін екі болат тізбек кіретін және Мәскеу, облыс орталықтары мен басқа қалалардың ҚТБ радиотелефон байланысын қосу үшін радиобюродан радио-табыстау көпірлері салынды. Қалалармен сым арқылы телефон байланысы болған жоқ. 1938 жылға қарай Алматы облысының көптеген аудандарында болат тізбектер салынды. Естілуін жақсарту үшін ТПУ және СТДУ-35 аппараттар қолданылды. Ауыстырып қосуды жүргізу үшін ДГТС аппараттар  пайдаланылды. "Байланыс үйінде" 4 кабина сөйлесу пункті болды. 1939 жылы Ташкентке мыс тізбек жіберілді, төменгі жиіліктегі арна бойынша Жамбыл, Шымкент, Ташкент қалаларымен, ал Ташкент арқылы Мәскеумен, Ақтөбемен, Қызыл-Ордамен қалааралық телефон байланысы жүзеге асырылды. 1943 жылы Қарағандыға, Ақмолаға байланыс желісінің мыс тізбегі салынды және үш арналы СМТ-34 аппаратурасымен тығыздалды. Осы магистраль арнасы арқылы кесте бойынша Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Орал, Көкшетау және Петропавловскімен байланыс ұйымдастырылды.

         1943 жылы ҚТБ телеграф құрамынан бөлініп шықты. 1945 жылдың басында ҚТБ штатында 60 адам болды. Алматының республиканың басқа қалаларымен байланысы қатаң түрде кесте бойынша жүзеге асырылды. Байланыстың жұмыс істеу уақыты 30 минуттан бір сағатқа дейінгі сеанстармен тәулігіне 2-3 сағатқа шектелді.

         Қатерлі соғыс жылдарында ұжым бір шаңырақтың адамдарындай еңбек етті. Ауыл шаруашылығына, Үлкен Алматы өзеніндегі СЭС құрылысына көмектесті. АҚТС 19 қызметкері соғыстың қиын жылдарындағы адал еңбегі үшін "1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

         1946 жылы мыс тізбек аспасымен Алматы-Семей-Новосибирск байланыс желісі салынды. 1947 жылы тізбек "С" - "Вестерн электрик" (АҚШ) түріндегі 3 арналы жүйемен тығыздалды. Осындай апаратура Ташкентте де іске қосылды. "С" апаратурасын енгізуге байланысты Семей, Өскемен, Павлодар, Новосибирскімен, Новосибирск арқылы Мәскеумен байланыс ұйымдастырылды. Ал Ташкент арқылы республиканың батыс облыстарымен байланыс қабылданды. 1947 жылы Алматы қ. ҚТБ сым арналары арқылы кесте бойынша тәулігіне 5-6 сағат сеансына 1-1,5 сағаттан барлық облыс орталықтарымен байланыс болды. 1953 жылы ҚТБ-да Талдықорған, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жамбылмен тәулік бойы қалааралық сым байланысы болды. Ақмола, Қостанай, Көкшетау және Петропавлмен - тәулігіне 12 сағат, Ақтөбемен - 6 сағат, Қызылордамен - тәулігіне 7,5 сағат, Шымкентпен - 19 сағат, Оралмен - 6,5 сағат, Гурьевпен 9 сағат, және Мәскеумен - тәулік бойы байланыс болды. Қарағанды мен Өскеменде кесте бойынша тәулігіне бірнеше сағат Мәскеумен байланыс болды.

         1957 жылы 120 арнаға арналған жаңа коммутатор залы ашылды. Осы жылы Ташкентте байланыстың алғашқы 12 арналы жүйесі пайдалануға қабылданды. 1958 жылы Сталин даңғылы (қазіргі Абылай хан) мен Жамбыл к. қиылысында орталық сөйлесу пункті салынды.

         1957 жыл жартылай автоматтандырылған жаңа байланысты енгізудің алғашқы жылы болды. Республикада ескі жабдықты барынша жаңа түріне ауыстыру жөнінде үлкен жұмыстар жүргізіледі. Бір жылдан кейін Қарағандыда кәбіл жүйесі қабылданды. Сол жылы К-24 апаратурасы негізінде Қазақстандағы байланыстың алғашқы радиожиілік желісі Фрунзе (қазіргі Бішкек) мен Ташкентте пайдаланудан өткізілді. 1961 жылы 20 арнада 2 жиілікті жартылай автоматты апаратура іске қосылды, ал келесі жылы "Алматы-2" темір жол вокзалы ауданында автоматты сөйлесу пункті ұйымдастырылды. 1963 жылы қалааралық телефон стансасы үшін ғимарат құрылысы және жабдықты құрастыру аяқталды. 

         1969 жылы қалааралық автоматты телефон стансасы үшін  ғимарат құрылысы басталды. Келесі жылы коаксиальды кәбіл арқылы жұмыс істейтін К-1920 кәбіл жүйесі пайдалануға қабылданды. Сол жылы ең алғаш Қазақстанда Мәскеуден байланыстың кәбіл желілері арқылы орталық "Правда" газетінің беті қабылданды.

         1972 жылы 16000 арнаға арналған АРМ-20 автоматтандырылған қалааралық телефон стансасы пайдалануға қабылданды, ал 2 жылдан кейін №2 павильон ғимаратында кәбіл жабдығын құрастыру аяқталды және №1 желілік-аппарат цехы ұйымдастырылды. Бұдан басқа Талғарға К-60 бойынша байланыстың алғашқы кәбіл жүйесі пайдалануға берілді. 1976 жылы Шымкентпен, содан кейін Қаскелеңмен және Ұзынағашпен кәбіл арқылы байланыс ұйымдастырылды. Сол уақытта байланыс арналарының саны 1000 жуық болатын. 

         1978 жылдың маусым айында Целиноград (қазіргі Астана) пен Қарағанды қалаларында республикалық газеттерді телеграфтық сурет тәсілімен беретін КСРО-дағы алғашқы жүйенің құрылысы аяқталды және пайдалануға берілді. Бұл осы қалалар мен жақын жатқан облыс тұрғындарының ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан сол газетті шыққан күні алуына үлкен мүмкіндік туғызды.

         1985 жылы автоматика цехында қалааралық сөйлесімдер туралы ақпаратты магнитті таспаға жазу құрылғысы және РИВЦ-та дайындау енгізілді. Бұл перфокарт қолданудан бас тартуға және ақпараттың сенімді шығарылуын жоғарылатуға мүмкіндік туғызды. Спутник арқылы Мәскеумен байланыс ұйымдастырылды, 61 кабинаға ОСП - ірі сөйлесу пункті салынды. Сол кезде Қалааралық Телефон Автоматтарын (ҚТА) енгізу жөнінде жұмыстар жеделдетілді. 2 жылдан кейін Алматыда ҚТА саны 270 дейін жеткізілді. 1986 жылы арналар саны көптеген бағыттарға айрықша көбейді. Алғашқы Автоматты Коммутация Тораптары (АКТ) іске қосылды.

 

         24-нұсқа

         Есептеуіш құрылғылар мен машиналар

        

Есептеудің, оған пайдаланылатын аспаптар мен құрылғылардың тарихы өте көне заманда жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әртүрлі есептеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Сондай-ақ олар есептеу үшін үйілген, қатарлап тізілген тастарды да қолданған. Заттардың саны жерге сызған сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіндермен есептелді.

         Есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулерді қалайда бір құралдың көмегімен жүргізуді талап етті. Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар "абак" деп, қытайлықтар "суан-пан", жапондықтар "серобян" деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дөуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.

         Есепшот Ресейде ХVІ-ХVII ғасырларда пайда болған. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын.

Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ соңғы кезде электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі жетектер мен дөңгелектерден   тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.

Паскальдың машинасында көптаңбалы сандарды қосу мүмкін болды.

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасы-арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды.

Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады.

         Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды. Мұндай алғашқы автоматты есептеуіш техникасының авторы ағылшын оқымыстысы Чарлз Бэббидж еді, сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.

         1833 жылы ол программа арқылы басқарылатын "Аналитикалық машина" жобасын жасады. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген программа бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте күрделі кұрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық   мүмкіндік   мұны   жүзеге   асыра   алмады. Басқару программасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды.

         Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс бірінші программист деп саналады.

ХIХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есептеуіш перфорациялық машина   құрастырды. Перфокарталар программаны көрсету үшін емес, саңдық ақпаратты сақтау үшін қолданылды. Есепші-перфорациялық машиналар перфорациялауды, сұрыптауды, қосуды және сандық кестелерді басылымға шығаруды орындады. Ол 1880 жылы АКШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеуге пайдаланылды. Өз машинасының көмегімен Холлерит бірнеше адам жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты.

Холлерит есепші-перфорациялық машиналарды жасап шығаратын фирманың негізін қалады. Кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.

XX ғасырдың 30-жылдары релелік автоматика кеңінен дамыды. Электрмеханикалық реле - қосылған және ажыратылған (өшірілген) екі позициясы бар ауыстырып қосқыш. Оның бұл қасиеті ақпаратты кодтауда екілік кодты пайдалануға мүмкіндік берді.

1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде программамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрастырды.

  

25-нұсқа

DSL технологиясын дамытуда кәбілдік желіні  дайындау

 

Қазіргі уақытта абонентік бөліктегі цифрлық енімнің жүйесі мен таратудың цифрлық жүйесін ұйымдастыру үшін көбінесе мыс телефондық желілер пайдаланылады. Сондықтан да қазір бірінші жоспарға жаңа инфрақұрылымды жасауға ойланбай, сол бұрынғыны пайдалануға мүмкіндік беретін DSL технологиясы шығып отыр. DSL жаңа технологиялық деңгейге таратудың жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін мыс желіні пайдаланып өтуге шамасы бар. Сонымен екі модемі бар көрсетілген желі ғана емес (мысалы, НDSL технологиясын пайдалану уақытысында), сонымен қатар пайдаланушының модемімен станциондық құрылғыны қосатын цифрлық абоненттік желі (АDSL) ұйымдастырылған.

    Х DSL-ді пайдалану мүмкіндігі көбінесе сол кәбілдік желінің конструктивті орындалуына және сапасына байланысты. Жоғары жылдамдықты мәліметтер таратуды осы телефондық желіге дайындалмай «жіберуден» аулақ болу үшін, алдын-ала осы желінің пайдалану мүмкіндігін бағалап және дайындаудың шамасын анықтау керек.

    Жаңа цифрлық технологиялар өзінің орнын мыс телефондық сымның өрілген жұбында тапқаннан кейін, олар кәбілдік желіге жоғары талаптар қоя бастады. Бұл талаптарға желінің сапасы мен жоғары жылдамдықты мәліметтер тарату үшін пайдаланатын мүмкіндіктері жатты. Осы уақытқа дейін дауыстан басқа ештеңе таратпаған кәдімгі телефондық сымдардың өрілген жұбын пайдалану жоғары жылдамдықты мәліметтер таратудың цифрлық жүйесінің сигналын тарату кезінде мәселелердің туындауы мүмкін.

   Телефондық кәбілдік желінің қарапайым екі элементі – пупиндік орамалар мен кәбілдік шықпалар жоғары жылдамдықты мәліметтер тарату үшін телефондық желіні пайдалана алмаудың жиі кездесетін себептері болып табылады. Сондықтан цифрлық таратуды ұйымдастыру үшін бұл элементтер алынып немесе модификацияланып тасталуы қажет. Жоғары жылдамдықты мәліметтер тарату үшін кәбілдік желіні ықшамдап дайындаудың кілті ретінде желінің сапасын бағалайтын және кез келген потенциалды мәселелерді таба алуға мүмкіндік беретін зерттеулерді жүргізу саналады.

   Зерттеуді жүргізудің реті әр кезде өзінше таңдалады. Шынында соңғы нәтиже (оның оң және кері жақтары да бар) жетістігі бойынша әрекеттің ретіне қарағанда әлдеқайда маңыздырақ. Біріншіден, желінің толық ұзындығын дәл және ұқыпты өлшеу керек. DSL-дің барлық технологиялары пайдаланатын желінің ұзындығына сезімді болып келеді. DSL желісінің өткізу қабілеттілігі абоненттік желінің ұзындығына кері пропорционалды болып келеді (бұл уақытта сымның таңдап алынған жұбының электрлік үздіксіздігін тексеру жаман болмас еді). Екіншіден, пупиндік орамалар. Пупиндік орамалар DSL желілерінің кез келгенімен таратуды оқшаулайды, өйткені оның өткізу жолағын айтарлықтай тарылтады. Желіні жетілдіру, әрине, жоғары жылдамдықты мәліметтер тарату үшін пупиндік орамалардың болмауына міндетті түрде көз жеткізу керек. Үшінші орынға кәбілдік шықпаларды қоямыз. Кәбілдік шықпалардың ұзындығы DSL технологиясының әрқайсысының сипаттамасына әрқалай әсерін тигізеді. Осыдан кейін желіні дайындау кезінде, осында болатын барлық кәбілдік шықпалардың жалпы ұзындығын анықтап алған дұрыс. Ең соңында, төртінші болып телефондық абоненттік желіге қатысты кейбір басқа да мәселелерді енгізуге болады.

   Кәбілдік желілерде тиімді пайдаланылатын мәліметтерді таратудың қазіргі заманғы аппараттары тиімді тексергіш аппараттарын талап етеді. Жоғарыда айтылған тексерулерді (әлде де айтыла жатады) жүргізу үшін, мысалы, тональды генераторлар мен тексергіштер, сымның үзілгенге дейінгі ара қашықтығын есептейтін өлшегіштер, әрине, рефлектометрлер пайдаланылуы мүмкін. Соңғы айтылған, яғни рефлектометрлер DSL технологиясын пайдалану үшін абоненттік желіні дайындаумен байланысты барлық мәселелерді іс жүзінде шешуге мүмкіндік беретін әмбебап аспап болып саналады.                                          

        

    26-нұсқа

Радиобайланыс принциптері

     

Хабарлаушы антеннада жасалған жиілігі жоғары айнымалы электр тогы айналадағы кеңістікте тез өзгеретін электрмагниттік өріс туғызады да, ол электрмагниттік толқын түрінде тарайды. Қабылдаушы антеннаға жеткеннен кейін электрмагниттік толқын хабарлағыш қандай жиілікпен істейтін болса, жиілігі дәл сондай айнымалы ток туғызады.  Радиобайланыстың дамуындағы ең бір маңызды кезең 1913 жылы өшпейтін электрмагниттік тербелістердің генераторын жасау болды.

         Электрмагниттік толқындардың қысқа және ұзақтау импульстарынан құралатын телеграф сигналдарын ғана жеткізу емес, онан әрі электрмагниттік толқындардың көмегімен сөзді немесе музыканы жеткізу мүмкіндігі туды, яғни сенімді және жоғары сапалы радиотелефон байланысы іске асырылды.

         Радиотелефон байланысында дыбыс толқынындағы ауа қысымының тербелістері микрофонның көмегімен дәл сондай электр тербелістеріне айналдырылады. Егер осы тербелістерді күшейтіп антеннаға жеткізсе, элетрмагниттік толқындар арқылы сөз бен музыканы алысқа жеткізуге болар деп ойлауға болады. Бірақ шынында ондай тәсілмен жеткізу іске аспайды. Дыбыс жиілігіндей тербелістер баяу тербелістер болады. Ал жиілігі төмен электрмагниттік толқындар мүлде таратылмайды.

         Радиотелефон байланысын жүзеге асыру үшін антенна тарататын, жиілігі жоғары өшпейтін гармониялық тербелістерді генератор мысалы, транзисторлы генератор өндіреді. Дыбысты жеткізу үшін осы тербелістерді өзгертеді, басқа сөзбен айтқанда, модуляциялайды. Оны жиілігі төмен электр тербелістерінің көмегімен жасайды. Жиілігі жоғары тербеліс амплитудасын дыбыстікіндей жиілікке өзгертуге болады. Бұл тәсілді амплитудалық модуляция деп атайды.

         Совет физигі, академик Л.И.Мандельштамның айтуынша, модуляциясыз біз ең әрі кеткенде, станса жұмыс істей ме, жоқ па соны ғана бақылай аламыз, одан басқа ешнәрсе істей алмаймыз. Модуляциясыз телеграфпен де, телефонмен де, телевизиямен де ешбір хабар беруге болмайды. Модуляция баяу процесс. Бұл- жоғары жиілікті тербелмелі жүйедегі өзгерістер процесі, онда ол өздерінің амплитудасы өзгеруден бұрын, өте жоғары жиілікті тербелістер жасап үлгереді.

         Қабылдағыш ішінде жиілігі жоғары модуляцияланған тербелістерден жиілігі төмен тербелісті айырып, бөліп алады. Сигналды осылай түрлендіру процесін детектирлеу деп атайды.

 

Кейбір термин сөздерге берілген түсініктеме

 

1.     АБОНЕНТ- есептеу жүйесінің қызметін пайдалануға құқығы бар адам (адамдар тобы, ұйымдар)

2.     БАҒДАРЛАМА- 1) белгілі бір алгоритмді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын  басқаруға арналған мәліметтер тізбегі; 2) орындалуға тиіс реттелген әмірлер тізбегі.

3.     ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР- жеке пайдаланушыларға арналған кіші өлшемді және бағалы, әмбебап микрокомпьютер; үстелге қоятын ықшамды, тіпті қапшыққа салып жүретіндей етіп жасалған, жеке пайдалануға арналған компьютер.

4.     ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМА- амалдық жүйенің мүмкіндіктерін арттыратын және ақпараттық жұмыстардың қандай түрін болса да басқаруды атқаратын бағдарлама.

5.     ҚҰРЫЛҒЫ- 1) жүйе аппаратының белгілі бір міндетті атқаратын элементі; 2) белгілі бір қызметтік міндеті бар құрылымдық аяқталған техникалық жүйе; құрылымдық және қызметтік тұтастықта болатын бөлшектердің, тораптардың, элементтердің жиынтығы.

6.     МӘЛІМЕТТЕР- автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге ыңғайлы түрде берілген мағлұмат.

7.     МОДЕМ- стандартты телефон желісі арқылы компьютердегі мәліметтерді жөнелтуді және қабылдауды іске асыруына мүмкіндік беретін электрондық құрылғы.

8.     НҰСҚА- бағдарламалық өнімнің бір нұсқасы немесе басқа файлды түрлендіру арқылы алынған файл.

9.     ПАЙДАЛАНУШЫ- 1) басқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын бағдарлама немесе жүйе; 2) терминал арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.

10.  ПЛОТТЕР- күрделі графикалық кескіндерді, сызбаларды, суреттерді, карталарды, графиктерді түрлендіріп, қағазға сызып беретін график салу құрылғысы.

11.  ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР- құрылғылар, тораптар, компьютердің элементтік базасы.

12.  ХАБАР- 1) таратқыш пен қабылдағыш арасында тасымалданатын ақпарат жүйесі мен оның қоршаған орта арасындағы алмасу бірлігі; 2) коммуникацияда- бір құрылғыдан екінші құрылғыға жіберілген мәліметтер элементі.

13.  MEGALINE- интернетті пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет түрі.

14.  MEGALINE START, MEGALINE HIT, MEGALINE LIGHT- үлкен жылдамдықты қажет ететін пайдаланушыларға арналған тарифтік жоспарлар.

15.  ADSL- Қазақстанда ADSL желілері интернетке қатынаудың қызметтері мен интерактивті теледидар, жаңа буын телефониясы сияқты мультимедиялық қызметтердің жиынтығы.

16. DSL- электронды пошта, файл алмасу мен онлайн- теледидар сервистері.

17.  FTTN- қазіргі заманғы ең перспективті технологиялардың бірі. Бұл технологиялар электронды үкіметтің инфрақұрылымын ұйымдастыру, білім беру, медициналық жобаларды ұсынуға мүмкіндік береді.

18.  ПРИНТЕР- мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға шығаруға арналған құрылғы.

19.  ХАКЕР- әлемдегі ең ірі әрі күрделі саналатын компьютерлік желілерге кіруге қол жеткізген, өзінің электрондық саладағы білімін жаңа идеялар енгізу арқылы дәлелдейтін және де технологияның даму мәдениетін егжей-тегжейлі білетін адамды айтады. Алайда көпшілік үшін қандай да бір электрондық жүйеге заңсыз шабуыл жасаған адам “хакер” деген атқа ие болған.

20. ТАСЫМАЛЫ КОМПЬЮТЕР- бұл салмағы бірнеше килограмм болатын шағын тасымалы компьютерлер. Қазіргі заманғы компьютерлердің көлемі шағын болуына байланысты көбінесе ноутбуктер деп аталады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

1.     Қ.Қ.Қайнденова, З.Қ.Кузутбаева, М.Қ.Ниғметжанова. Кәсіптік қазақ тілі. Оқу құралы.- Медиа-Альяннс,2009.

2.     Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Радиотехника, электроника және байланыс, 6-том. Алматы,-2000.

3.     Персональный компьютер. Настройка и техническая поддержка. Методическое пособие для учителей.-Алматы,- 2006.

4.     Т. Бектібаев.   Байланыстың   батыл қадамдары Зерде – 2002 № 4

       5. Ә.  Берікұлы “Техникалық электроника” -Алматы. -“Білім” 1995

 

 

 

Мазмұны

 

1.

«Қазақтелеком» АҚ –Қазақстанның жетекші телекоммуникация операторы

3

2.

Интернет экономиканы көтереді                                                                      

5

3.

Дербес компьютерлердің дамуы

6

4.

Әлемге әйгілі Эйфель 

8

5.

Ұялы телефонның пайда болуы

10

6.

«SAMSUNG» ұялы телефондары

12

7.

Ақпарат кеңістігін қалыптастырудың қазіргі жай- күйі                                

14

8.

Ғаламдық ақпараттық желілер мен жүйелерді құру және пайдалану          

16

9.

Принтерлер

18

10.

 Принтерлер классификациясы

19

11.

Электронды-есептеуіш машиналар

21

12.

Интернеттің пайда болуы

23

13.

Интернет желісі

25

14.

Дубай мұнарасы 

27

15.

Бүгінгі «Қазақтелеком»          

29

16.

Қазнеттің қазіргі жай- күйі          

31

17

Хакерлер

33

18.

Компьютерлер  

36

19.

Компьютер техникасының  дамуы 

37

20.

Теледидардың даму тарихы  

39

21.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту және оны  ұйымдастыруды жетілдіру                                                                                     

41

22.

Алматы қаласындағы телефон  (1912 -1996жж)                                                   

42

23.

Қалааралық телефон стансасы                                                                         

44

24.

Есептеуіш құрылғылар мен машиналар                                                        

46

25.

DSL технологиясын дамытуда кәбілдік желіні дайындау                        

48

26.

Радиобайланыс принциптері                                                                          

49

27

Түсіндірме сөздік                                                                                             

51

28

Пайдаланған әдебиеттер                                                                                  

54

29

Мазмұны

55