Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

 

 

 ҚАЗАҚ ТІЛІ-1

5В070400 есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының оқу түрінің студенттері үшін практикалық сабақтарға  арналған әдістемелік нұсқау.

 

 

Алматы 2011 

  ҚҰРАСТЫРУШЫ: Л.А.Асылханова, А.Д. Дәулетбекова қазақ тілі 1 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының оқу түрінің   студенттері үшін практикалық сабақтарға  арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: АЭжБУ, 2011.-31  б. 

 

Әдістемелік көрсеткіш есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету бакалаврының оқу бағдарламасына сәйкес орындалатын практикалық сабақтарға арналып құрастырылды.

         Көрсеткіште есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарына қатысты жазбаша аударуға арналған мәтіндер және мәтін контексі бойынша қайталау, бекіту мақсатында грамматикалық тапсырмалар берілген.

         Көрсеткіш есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету бағытында даярланатын студенттерге ұсынылады.

         Әдеб. көрсеткіші –  7 атау. 

 

         Пікір беруші: Төлеуп М.М. 

 

        “Алматы энергетика және байланыс университетінің” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

 

         © “Алматы энергетика және байланыс университетінің ” КЕАҚ, 2011 ж.

 

2011 ж. жиынтық жоспары, реті 125

 

         1 Алматы энергетика және байланыс университеті

 

Алматы энергетика институты 1975 жылы политехникалық институттың (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) құрамынан бөлініп шықты. Сол кездегі 15  одақтас республика (қазіргі ТМД елдері)  ішінде бұл энергетика саласындағы үшінші (Москва, Иваново) жоғары оқу орны еді.

  1997 жылдың 3 мамырында институт Алматы энергетика және байланыс институты (АЭжБИ) болып қайта құрылды. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы энергетика және байланыс институты PhD магистрлері мен докторларын дайындау құқығы бар университет – Алматы энергетика және байланыс университеті мәртебесін алды. АЭжБУ -  Орта Азиядағы энергетика және телекоммуникация бойынша мамандандырылған жалғыз жоғары оқу орны.

         Бүгінгі АЭжБУ дегеніміз:

         Университеттің алты факультеті:

         1) Электр энергетика факультеті.

         2) Жылу энергетика факультеті.

         3) Радиотехника және байланыс  факультеті.

         4) Университетке дейінгі даярлық  факультеті.

         5) Сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті.

         6) Ақпараттық технологиялар факультеті.

         - 5000-нан астам студент, магистранттар мен аспиранттар;

         - 340 оқытушы, оның 40 пайызы ғылым докторлары мен кандидаттары;

         - 22 кафедра, оның ішінде Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірігіп құрылған Би Джи Ғылыми табиғатпайдалану методологиясы кафедрасы;

         - 8 ғылыми-зерттеу зертханасы;

         - оқу корпустары;

         - компьютер сыныптарымен және оқу залдарымен жарақтандырылған 3 студенттер жатақханасы;

         - кітапхана, оқу залдары;

         - «Энтельчик» студент жастар орталығы;

         - ғылыми зертханалар корпусы;

         - бірегей ғылыми және оқу жабдықтары;

         - интернет желісіне қосылған заманауи дербес компьютерлер, оқу теледидары.

         Күндізгі бөлімнің студенттеріне энергетика және байланыс кәсіпорындары үшін екінші жоғары экономикалық білім алу мүмкіндігі жасалған. 

         Біздің студенттер бос уақыттарын көркемөнерпаздар үйірмелеріне, спорт секцияларына, интеллектуалдық ойындарға қатысып, көңілді өткізеді.  

 

         Сөздік:

         мәтін – текст

         мамандандырылған – специализированный

         бойынша – по

         заманауи – современный

         сала – область, сфера

         ғылыми-зерттеу – научно-исследовательский

         сырттай оқу – заочное обучение

         кәсіпорын – предприятие

         бірегей – уникальное

         жабдық -  оборудование

        

         1.1 а) Сингармонизм заңын еске түсіріп, мына сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз: жабдық, мүмкіндік, студент, дәптер, қалам, жатақхана, орындық, тақта, оқу құралы, оқулық, кәсіпорын, сызғыш, терезе, факультет.

             ә) Бұларды қатыстырып сөйлем құраңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз.

        

         1.2 Мәтіндегі бірыңғай мүшелерді тауып, олардың қызметіне назар аударыңыз.

        

         1.3 Өткен шақ есімшенің сөйлемдегі орнына қарай анықтауыш және баяндауыш болатындығына 2-3 сөйлем құраңыз.

 

         1.4 Мына мақалдардың мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.

         1. Бақыт белгісі – білім мен ақыл.

         2. Оқу – инемен құдық қазғандай.

         3. Білекті бірді жығады,

         Білімді мыңды жығады.

 

         1.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

2 Мамандығым Есептеу техникасы және бағдарламалық 

   қамтамасыз ету

 

         Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы – болашақ бағдарламашыларды дайындайды.

         Бұл мамандықты бітірушілер алдыңғы қатарлы компьютерлік компанияларда, Қазақстанның ұлттық операторлық байланысы-«Қазақтелеком», ұялы байланыс операторлары «K-Cell», «Beeline», «Dalacom», «Neo», желіні басқаруға, мәліметтер базасын басқаруға, ақпаратты қорғауға, бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеуге, есептеуіш техникамен, микропроцессорлық жүйелермен, компьютерлік және желілік технологиялармен жұмыс істеуге байланысты компаниялардың бөлімдерінде, соның ішінде: Seiko Epson Co, Sambu Constraction, ЖШС «OMEGA.KZ»,  ЖШС «Alfa technologies»,  «ALTERNATE»,  ЖШС «N-Com»,  ЖШС «Newinttech», BP Solutions сияқты басқа да алдыңғы қатарлы табысты дамыған мекемелерде, сонымен қатар, ІІМ, ҚР ҰҚК әр түрлі банктерде, салық полициясында  жұмыс істей алады.

         Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету қазір өмірдің барлық салаларында кеңінен қолданылып отыр. Айналадағы дүние туралы мәліметтер, адамдардың көзқарасын кеңейтіп, ғылымның, техниканың өркендеуіне жол ашып отыр. Осы мүмкіндіктердің көпшілігі компьютерлік техниканың көмегімен іске асуда. Сондықтан осы мамандықтың келешегі зор екендігіне сеніміміз мол. Өйткені бұл мамандық өндірістің кез-келген саласына ауадай қажет.

         Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету маманы компьютерлік техника құралдарын, бағдарламалау құралдарын ақпаратты өңдеу мен басқару жүйелерін жүзеге асыру үшін қолдана білуі керек. Кәсіби қызмет нысандарын математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін жобалап, кәсіби қызмет нысандарының жұмысымен байланысты есептеу мен ақпараттық процестердің математикалық және бағдарламалық моделдерін жасап және зерттеу жүргізе алуы қажет. Ақпаратты өңдеуші және басқарушы компьютерлік жүйелер мен компьютерлік техникалардың жүйелік, инструменталдық және қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды орнатып, баптап және қызмет көрсете алуы шарт. Компьютерлік жүйелерді әкімдей алуы керек.

         Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету маманы техникалық сауатты және ұқыпты болуы,  физиканың, математиканың негізгі заңдарын білуі тиіс.

 

         Мамандық- специальность

         Средство - құрал

         Проектирование - жобалау

         Сеть - желі

         Исследование - зерттеу

         Информация - ақпарат

         Обслуживание - қызмет көрсету

         База данных - мәліметтер қоры

         Обработка информации - ақпаратты өңдеу

         Защита информации - ақпаратты қорғау

 

         2.1 Өз таңдаған мамандығыңыз туралы не білесіз? Төмендегі тірек сөздерді қолданып, білгеніңізді қазақша айтыңыз.

Тірек сөздер: менің мамандығым, таңдаған себебім, болашағы зор, техника, өндірісте, саласында, компьютерлік компанияларда, мекемелерде, бағдарламашы, есептеу техникасы,  жұмыс істеймін, білімді, сауатты, ұқыпты, білікті, жан-жақты  маман, білуі керек, үйренемін, болып шығамын, аса қажет.

 

         2.2 Сөздерді, сөз тіркестерін мағынасына қарай үш топқа бөліп жазыңыз.

 

Омонимдер

Синонимдер

Антонимдер

 

 

 

 

 

 

 

1-нұсқа:                                                             

Бостандық -еркіндік

Ұлы ақын -отанның ұлы

Бейбітшлік- соғыс

Үлкені- кенжесі

Жүрек жұтқан- ер жүрек

Қалың кітап- қалың көпшілік

Жақсы -жаман

Көздің жасы- адамның жасы

Қала -шаһар

Дүниеге келді- туды

Аласа- биік

Ту -жалау

Қара бұлтқа қарашы

Қой жылы жылы болады

Жаз туралы шығарма жаз

Суықтан жылы жақсы.

 

2-нұсқа:

Менің атым-Әсет. Мен атқа мінемін.

Жақсы мен жаманды түсіну керек

Бауырында- жанында -маңында

Туған жерімізді атамекен дейміз

Ұлы Абайдың ұлы болған

Кәріге құрмет, жасқа жол

Үйдің құтын сақтасын, берекелі болсын

Мықты- әлсіз

Біздің алғашқы, тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар болды

Көз қорқақ қол батыр

Әйгілі ғалым әл-Фараби белгілі Отырар қаласында туған.

  

         2.3 Бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз.

 

         1. Ақпарат ... (өмірді, өмірге, өмірмен) барлық салаларын қамтиды. 2. Информатика ұғымы хх ... (ғасырдың, ғасырмен, ғасырды) басында пайда болды. 3. Компьютерде жұмыс істегенде... (көзді, көзге, көзден) жаттығуды үнемі жасап отыру керек. 4. Жұмыс істегенде компьютер ... (экранының, экранымен, экранынан) 60-70 см алыс отыру керек. 5. Әрбір екі жылда ... (компьютермен, компьютердің, компьютерді) аппараттық және бағдарламалық жасауларын өзгертіп отырады. 6. Сандық ... (ақпаратқа, ақпаратпен, ақпаратта) көбейту кестелері жатады. 7. Пернетақтада кір, су ... (қолда, қолдың, қолмен) жұмыс істеуге болмайды. 8. Алғашқы компьютерлер үлкен ... (бөлмеде, бөлменің, бөлме) ауқымындай көлемді болды.  

          

         2.4 Мына омонимдерді пайдаланып, сөйлем құраңыз.

 

         Бас- голова, наступи, главный, начало

         Қымбат- дорогой, ценный, дорого

         Көк- синий, голубой, зелень, небо

         Ер- седло, герой, мужчина, муж, храбрый

         Бап- статья, уход, тренировка, соответсвующие условия

         2.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

3 ЭЕМ-ның шығу тарихы және буындары

Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың техникалық негізі болды. Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы Пинсельван университетінде жасалды, оны ЕМАС деп атады. ЕМАС-тың конструкторлары - Дж.Моучли мен Дж.Эккерт. ЕМАС-тың салмағы 30т. және оның 18 мың электрондық шамдары болды, ол бір секундта 5 мың қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды. Алғашқы ЭЕМ-дер тек бір данадан болды. Дамыған елдерде ЭЕМ-нің сериялық шығарылуы 1950 жылдары басталады. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтың басшыльғымен жасалып,  Кіші электронды есептеу машинасы (Малая Электронная Счетная Машина) пайдалануға енгізілді. ЭЕМ-нің дамуын бірнеше буындарға бөліп көрейік. ЭЕМ-нің бірінші буынында элементтік база ретінде электрондық лампа мен реле қолданылды. Электрондық шамдар пайдаланылған ЕМАС және барлық басқа ЭЕМ-дер - ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады (1940-1955 жылдар). 1955 жылдардан бастап келесі, екінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола бастады. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер - транзисторлар пайдаланылды. Олар секундына бірнеше 10 мыңдаған операцияларға жетті. Бағдарламалау тілдері Фортран, Алгол, Кобол қолданыла бастады. Интегралды сұлба негізінде құрастырылған ЭЕМ-дер бұл үшінші буындағы ЭЕМ-дер. Есте сақтау құрылғыларының жаңа түрі магниттік-дискілер пайда бола бастады. 1971 жылы АҚШ-тың "ИНТЕЛ" фирмасы компьютердің негізгі бөлігі - процессордың жұмысын орындауға қабілетті, өте үлкен интегралдық сұлбаны алғашқы микропроцессорды жасады. Оны дербес компьютер деп атады. ЭЕМ-нің төртінші буынында үлкен интегралдық сұлбалар құрыла бастады. Үлкен интегралдық сұлбасының кристалында он мыңға дейін элементтер қамтылады. Қазіргі кездегі кең қолдау тапқан дербес компьютерлер төртінші буынға жатады. 1980 жылдан бастап АҚШ-тың ІВМ фирмасы дербес компьютерді шығару бойынша дүниежүзілік нарықта жетекші болып саналады. Ал 1990 жылдан бастап Аррlе Согpогаtіоn фирмасының Масіntosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.

        

          Электронды шамдар - электронные лампы

         Сұлба - схема

         Есептеу машинасы - вычислительные машины

         Негізінде - на основе

         Нарық - рынок

         Дүниежүзілік - всемирный

         Буын - поколение

         Бөлік - часть

         Шығару - выпускть

         Дамыған елдерде - в развитых странах

        

         3.1 Сөз тіркестерін аударыңыз.

        

         Четвертое поколение персональных компьютеров, первые электронные вычислительные машины, под руководством Лебедева, вместо электронных ламп, использовались полу проводники, по одному егземпляру, основная часть компьютера, в кристалах большых интегральных схем, начали появляться новые виды магнитных дисков, языки прогаммирование, новые виды устройств, способен выполнять работу процессора,  на основе интегральных схем, считается передовым в мировом рынке.

 

         3.2 Көп нүктенің орнына өздік (-ын, -ін, -н ) және ырықсыз етіс (-ыл, -іл, -л, ) жалғауларын қойып, сөйлемдерді аударыңыз.

 

         Linux амалдық жүйесі сирек қолдан… ады. Барлық аппараттық және бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ұсын...ады. Компьютерлер тұрған кабинет ретке келтір...ді. Студент сабақтан сұра... ды. Топ жиналысын өткізуге дайында...дым. Тақтаға сабаққа қажетті сызбалар іл...ді. Сабақ аяқта...ды.

 

         3.3 Берілген етіс түрлерімен сөйлем құраңыз.

 

Ашылды, жуынды, істелінді, кесті, өшіргізілді, терілді, жіберді, ойлады, сүртінді,тазаланды, келді.

 

         3.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

 

4 Қазақстанды компьютерлендіру

 

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  халыққа Жолдауында, біздің қоғамымыздың алдында тұрған басты мақсаттарының бірі елдің - компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру –деп атап өткен еді.

         Қоғамды ақпараттандыру өндірісті түбірімен жаңа бағытта өзгертуге, білім мен ғылымды дамытуға мүмкіндік береді, сонымен бірге бүкіл әлемде шексіз ақпараттық кеңістікті қалыптастырады. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың дамуы (АКТ) және жаһандық жүйе-интернет үкіметтің және халық шаруашылығының барлық салалар қызметінің айтарлықтай тиімді жұмыс істеуіне әсер етеді.

         Компьютерді және ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану машығы қазіргі заманға аса қажет. Осыған орай, Қазақстан Республикасында 2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендетудің Бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама Қазақстан республикасы үкіметінің 2006 жылғы 13 қазан айындағы № 995 қарарында бекітілген. Бағдарламаның мақсаты- Қазақстанда халықтың компьютерлік және интернет желісін пайдалану сауаттылығын 20% жеткізу.

         Бағдарламаны жүзеге асыру жоспарлы шараларды орындау арқылы іске асырылады. Атап айтқанда жергілікті атқару ұйымдарындағы қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдардағы жұмыскерлерді және жұмыссыздарды, әскерилерді басқа да санаттағы азаматтарды компьютерлік сауаттылыққа үйретуді ұйымдастыру. Бұл дегеніміз қоғамымыздағы кез келген адам дербес компьютердің не екенін, Windows амадық жүйесін пайдалануды, Microsoft Offise ( Word, Excel, Power Point) қосымшаларында жұмыс жасай алатындай жаһандық жүйе – интернет қызметтерін пайдалана білетіндей болуы керек.

 

         Ақпараттандыру - информатизация

         Ақпараттық теңсіздік - информационное неравенство

         Ауқымды жүйе - глобальная система

         Бағдарлама - программа

         Дербес компьютер - персональный компьютер

         Жергілікті атқару ұйымы - местная исполнительная организация

         Желі - сеть

         Машығы - навык

         Жолдау - послание

         Кеңісітік - пространство

         Шара - мероприятие

 

4.1  Берілген неологизмдерді аударып, есіңізде сақтаңыз.

 

         Дербес компьютерлер, ақпарат, бағдарлама, интернет желісі, станса, жер серігі, қойылым, өнертапқыш, өндіріс салалары, оқырман, ғарыш әлемі, электронды техника, жүлде, электронды есептеу машинасы, тәуелсіздік, елбасы, жекешелендіру, нарықтық экономика.

         4.2 Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз, олармен сөйлем құраңыз.

 

         Стратегия главы государства, компьютерная грамотность, информатизация общества, электронная почта, персональный компьютер, профессиональная деятельность, производственные задачи, новая программа.

        

         4.3 Төмендегі сөздердің әрқайсысына синонимдес қанша сөз тауып жазуға болады?

халық, әрекет, өңдеу, көп, қажет, пайдалану.   

        

         4.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

         5 Компьютер

 

         5.1 Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

         Компьютер (ағылшынша: computer – «есептегіш») (ағылшын сөзі, өз кезегінде, латын тілінің: computo – «есептеймін» сөзінен шыққан), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) – есептеулерді жүргізуге және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі – есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі – басқару болып табылады. Алғашында ағылшын тілінде бұл сөз механикалық құрылғыларды қолданбай немесе қолдана отырып, арифметикалық есептеулер жүргізетін адамға қатысты айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға қатысты айтылатын болды, бірақ, қазіргі заманғы компьютерлер математикамен тікелей байланысты емес мәселелермен де айналысады.

         Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілді. Егер есептеуіш құрылғылардың 1900 жылдан бастап даму тарихына көз жүгіртетін болсақ, машиналардың жұмыс өнімділігі әрбір 18-24 айда екі есеге өсіп отырғанын байқаймыз. Бұл ерекшелті алғаш рет 1965 жылы «Intel» компаниясының басшыларының бірі Гордон Е. Мур сипаттаған болатын. Компьютерлер көлемінің кішірею процесі де осындай жылдамдықпен жүріп келеді. Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар көптеген тонна салмағы бар, біренше бөлмеде орналасқан үлкен құрылғылар болатын. Олардың қымбат екені сонша, оларды тек үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын еді. Олармен салыстырғында, қазіргі заманғы компьютерлер біршама қуатты, кішкентай және арзан болып табылады.

         Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады.

 

         5.2 Мәтін бойынша тапсырма: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

 

         Компьютер деп нені түсінесіз?

         Компьютердің негізгі қызметі қандай?

         Компьютердің даму тарихы туралы айтыңыз.

         Алғашқы ЭЕМ қандай болған?

         Қазіргі заманғы компьютерлердің қандай түрлерін білесіз?

 

         5.3 Сөйлемдерді аударыңыз

 

         Компьютер работает с помощью программного обеспечения. Основной из системных программ является операционная система, которая организует всю работу компьютеры являются наиболее широко используемым видом компьютеров. Их мощность постоянно увеличивается, а область применения расширяется.

 

         5.4 Таныс емес сөздер мен сөз тіркестеріне сөздік жасаңыз.

 

         5.5 Сын есімді еске түсіріп, анықтауыштық тіркестерді теріп жазыңыз.

 

         Үлгі: цифрлық компьютер.

 

         6 Дербес компьютердің құрылғылары

 

         Компьютер бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы. Кез келген компьютер бірнеше құрылғыдан тұрады. Негізгі құрылғыларға: жүйелік блок, пернетақта, тінтуір, процессор, жад (жедел жад), қатқыл диск, CD-ROM, CD-R немесе DVR-ROM жинақтауышы, бейнеадаптер, монитор (дисплей) жатады. Қосымша немесе сыртқы құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:

         - енгізу құрылғылары: мәтіналғы, дигитайзер, сандық фотокамера, графикалық планшет;

         -  шығару құрылғылары: басып шығарғыш, плоттер;

         - бір мезгілде енгізу және шығару қызметін атқаратын құрылғылар: модем, дыбыстық бейімдегіш, желілік бейімдегіш.

         Компьютерлердің барлық құрылғылары копьютердің артқы тақтасындағы арнайы қосқыштар арқылы өзара байланыстырғыш шнурларымен жалғанады.

         Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы  блоктар- адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Мысалы, монитор процессор мен дисплей контроллері, ал басып шығарғыш порттар контроллері арқылы және т.с.с. жалғасады. Контроллер немесе  адаптердің міндеті- процессордан келіп түскен ақпараттарды сәйкес құрылғылардың жұмыстарын басқаратын сигналдарға аударады. Процессор қалған құрылғыларды топ сымды кабель арқылы жалғастырады, оны магистраль немесе шина деп атайды.

 

         Аспап -  инструмент

         Арнайы қосқыштар  - специальные соединение

         Басып шығарғыш - принтер

         Енгізу құрылғылары - устройство ввода

         Жад - память

         Қатқыл диск - жеткий диск

         Мәтіналғы - сканер

         Жүйелік қорап - системный блок

         Жинақтаушы - накопитель

         Желілік бейімдегіш - сетевой адаптер

         Шығару құрылғылары - уйтройство вывода

         Тінтуір - мышка

 

         6.1 Мәтін мазмұны бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

 

         ДК құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңыз?

         Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады?

         Сыртқы құрылғылар компьютердің процессорымен қалай жалғасады?

         Адаптердің міндеті қандай?

         Магистраль немесе шина дегеніміз не?

 

         6.2 Көп нүктенің орына тиісті болымды және болымсыз етістіктің қосымшасын қойып жазып, орыс тіліне аударыңыз. Халық тағылымын есіңізде сақтаңыз!

         1. Ізет танытып, әдепті сақта да:

         Жатқан кісінің үстінен атта….

         2. Құр бекерден ермекке

         Бос бесікті тербет….

         3. Үйде де, қайда да

         Пышақпен ойна….

         4. Ісің қалып жатса да,

         Таңғы асты таста….

         5. Әдепсіздікті таста,

         Есікті теуіп аш….

         6. Арыңды кірлет…

         7. Бейуақытта ұйықта…

         8. Ұдайы ұста есте

         Үлкеннің алдын кес…

         9. Жасыңнан әдеп сақтағай:

         Есікті қатты жап…ғай

         10. Дастарханнан атта…

 

         6.3 Мәтінді қазақ тіліне аудрарыңыз.

 

         Компьютер- это не один прибор, а много различных устройств, которые могут быть внешними или внутренними, основными или дополительными. Модем относится к дополнительным устройствам, выполняющий одновременно функции ввода и вывода.

         Модем-это устройство, позволяющее компьютерам обмениваться данными через телефонные или иные линии связи.

         Основная характеристика модема-скорость передачи данных (бит/секунду)

 

         6.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

        

         7 Дербес компьютерді қорғау ерекшеліктері

 

         7.1 Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

         ДК-ді қорғау оларды пайдалану ерекшеліктерімен байланысты. Әдетте, ДК-де санаулы пайдаланушы жұмыс істейді. ДК-лер дербес (автономдық) режімде де, жергілікті желілер құрамында да жұмыс істей алады және қапшықтағы ДК-ге немесе модемнің көмегімен телефон желісі арқылы жергілікті желіге қосылуы мүмкін.

         Дербес компьютер құрылымының архитектуралық принципінің, құрал-жабдықтарының және бағдарламалық қамтамасыз етілуінің стандарттылығы, бағдарламалық қамтамасыз етілуінің ұтқырлығы және бірқатар басқа белгілері кәсіби маманның ДК-дегі ақпаратқа біршама оңай шығуына себеп болады. Егер дербес компьютерді пайдаланушылар тобы қолданатын болса, онда әр түрлі тұтынушылардың ақпаратқа шығуын шектеу қажеттігі туады. ДК ақпаратына рұқсатсыз кіру деп онымен жасырын танысуды, өлшеуді, көшіруді әр түрлі вирустарды, оның ішінде, бүлдіруші бағдарламалық өнімдерді, сондай-ақ ақпаратқа шығудың белгіленген ережелеріне қайшы келетін ақпарат өзгертуді немесе оны жоюды айтамыз.

         Дербес компьютерді қорғау үшін сақталған ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңітетін әр түрлі бағдарламалық әдістер қолданылады. Стандартты дербес компьютерді қорғау құралдарының ішінде кең таралғандары:

 - парольдік ұқсастыруды (идентификацияны) пайдаланып, мүмкіндік      

 - ресурстарын қорғау құралдары;

            - әр түрлі ақпаратты шифрлау әдістерін қолдану;

           - компьютерлік вирустардан қорғау және архив құру.

        

         7.2 Таныс емес сөздер мен сөз тіркестеріне сөздік жасаңыз.

 

  7.3 Мәтінді аударыңыз.

         Қапшық деген – жинақталған объектілер тобы. Windows объектілерін негізгі және арнайы деп шартты түрде бөледі. Windows негізгі объектілеріне қапшықтар, бағдарламалар, құжаттар және белгілер енеді. Арнайы объектілерге Бас мәзір, Басқару үстелі, Менің компьютерім және Себет енеді.

         Қапшықтар компьютерде белгілі тәртіпте орналасады, оны иерархия деп атайды. Қапшықтар иерархиясын Жетектегіш қосымшасы терезесінің сол жағынан көруге болады. Жұмыс үстеліне Менің компьютерім және себет салынған. Өз ретінде менің компьютерім қапшығында бес қапшық орналасады. Олар бас дискілердің белгілері: А:, С:, D: және екі жүйелік қапшық. Ол қапшықтардың ішінде басқа да қапшықтар, файлдар және лақаптар орналасады, бұл принцип әр қапшық үшін қайталанылады, ал соңғы қапшықта тек файлдар мен белгілер ғана орналасады.

         Қапшықтар жүйелік және жұмыс қапшықтары болып екіге бөлінеді.

Жүйелік қапшықтарға: Windows, Program Files және бағдарламалар арқылы құрылған қапшықтар жатады.

         Жұмыс қапшықтарына: өзіңіз құрған немесе Сіз үшін Windows құрған қапшықтар жатады.

         арнайы – специальный

         бас мәзір – главный меню

         жүйелік қапшық – системная папка

         құжаттар – документы

         негізгі – основной

         шартты – условно

         жетектегіш – проводник

 

          7.4 Берілген сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құрап жазыңыз.

 

         1. терезе, жүйесінің, нысаны, табылады, Windows, амалдық, негізгі, болып. 2. салада, жүр, ағам, техникалық, істеп, қызмет, менің, көрсететін, жұмыс. 3. қорап, қамтиды, негізгі, жүйелік, тораптарын. 4. істегенде, үзіліс, қажет, компьютерде, жасау, жұмыс. 5. туыстармен, электронды, жасауға, мен, пошта, қатынас, болады, арқылы. 6. ажыратқыштарын, кабельдің, ұстамаңыз, жалғаушы, қолмен!

 

         7.5 Жақша ішіндегі етістікті көсемшеге айналдырыңыз.

 

         1. Ол сұрақтарға жауап (беру), мәтінді аударуға кірісті. 2. Мен саған (бару) жатырмын. 3. Досым туралы (білу) келеді. 4. Саған (айту) жалықтым. 5. Компьютер сатып (алу), жеңілдікке ие болды. 6. Модемді (қоспау) Интернетке шыға алмайсың. 7. Есепті (шығару), оқытушыға көрсетті. 8. Еңбек (етпеу) адам болмайсың. 9. Досым туралы (білу) келеді.  

 

         8 Жүйелік қорап

 

         Компьютердің ең негізгі құрылғысы-жүйелік қорап. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Оның ішіндегілердің түрін көру үшін артқы қақпағын ашу керек, бірақ корпусы әр түрлі болуы мүмкін. Жүйелік қораптың ішіне жүйелік (аналық) тақша, процессор, қоректендіру қорабы, жедел жад (RAM), тұрақты есте сақтау құрылғысы, бейнесызбалық бейімдегіш, дыбыстық бейімдегіш, желілік тақша, қатты диск, CD-ROM және DVD диск жетектері, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасымалдаушылар орналасқан. Жүйелік қораптың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады. Жүйелік қораптың алдыңғы тақтасында компьютерді қосу-өшіру батырмасы, диск жетек, компакт дискіден оқитын CD-ROM орналастырылған. Кейбір компьютердің жүйелік қорабында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады. Жүйелік қорап үстелге қоятын «еңкейген» (горизонталь түрде) немесе «башня» (тік орналасқан) түрінде жасалуы мүмкін.

         Башнялық жүйелік қораптың екі түрі болады, олар: мини- оны үстелдің шетіне орналастырады, миди-оны үстел үстіне орналастыруға болады және максибашня- оны еденге қояды.

         Жүйелік қораптың артқы тақтасында енетін желілерді және порттарды (монитор порты, тінтуір, пернетақта), қосымша құрылғыларды (басып шығарғыш порты, модем, мәтіналғы микрафон) қосатын қосқыштар орналасқан.

         Батырма - кнопка

         Бейне сызбалық адаптер - видеографический адаптер

         Жүйелік қорап - системный блок

         Жүйелік тақша - системная плата

         Қайта жүктеу - перезагрузка

         Қоректендіру қорабы - блок питание

         Негізгі түйіндері - основные узлы

         Тасымалдаушы - носитель

         Тік -  перпендекулярный

 

         8.1 Сұхбатты мәтін бойынша жалғастырыңыз.

 

         А- Компьютердің ең негізгі құрылғысы не деп ойлайсың?

         С-... .... .....

         А- Ол ненің ішіне салынады?

         С-... .... .....

 

         8.2 Мәтіннен бұрынғы өткен шақта тұрған етістікті сөзтіркестерін тауып, оны бұрынғы өткен шақтың екінші түріне түрлендіріп жазыңыз

Үлгі ішіне салынған- ішіне салын+ып+ты.

 

         8.3 Көп нүктенің орнына керекті қосымшаларды тауып жазыңыз.

 

         1. Қазіргі таңда компьютерлер кеңінен қолданыл ...ып/ған келеді. 2. Олардың қуаттылығы үнемі ұлғай... ып/ған, ал қолдану аясы кеңей… іп/ген келеді. 3. Жүйелік қорап тік қораптың ішіне салын...ып/ған. 4. Жүйелік қораптың ішін көру үшін артқы қақпағын аш… ып/қан көру керек. 5. Жүйелік қораптың ішінде компьютердің негізгі түйіндері орналас...ған/қан. 6. Ол компьютерді қалай жинау керектігі туралы айт... ған/қан. 7. Кеше біз «Компас» дүкеніне бар... ып/ған, компьютер сатып алдық.  8. Дүкенге жаңа компьютерлер түс...қан/кен екен. 9. Оқытушы компьютерлік бағдарламалар туралы айт... ған/қан.  

 

         8.4 Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз.

 

         1. Компьютер. Жүйелік қорап.

         2. Қайта жүктеу. Қатты диск.

         3. Желі. Сыртқы құрылғылар.

 

         8.5 Жақша ішіндегі сөз тіркестерін сөйлемдердің мағыналарына қарай аударыңыз.

Провайдер- бұл (организациям и частным лицам) Internet қызметтерін ұсынатын компания. (В качестве провайдеров) жекеменшік арнайы маманданған формалар да, ірі телефон компаниялары да істей алады.

Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы- уақыт бірлігінде модем арқылы өтетін (количество бит информации). Коммутацияланатын желі бойынша (соединение через модем) – бұл интернетке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Енді бір түрі- кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы (является широкополосное соединение)

 

        

         9 Процессор

 

         Процессор- көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электронды микросызбанұсқа. Процессор- компьютердің басты бөлігі, компьютердің «миы», компьютердің «қозғалтқышы». Ол компьютерді басқарады және бағдарламалардағы барлық әмірлерді орындайды. Бұл құрылғы әмірлерді таниды, оларды орындайды, нәтижелерді шығарып береді немесе оны қайтадан жадқа жазады, тіпті екеуін де қатар орындайды. Компьютердің кез келген жұмысы процессордың қатынасынсыз орындалмайды. Компьютердің атқаратын жұмысының бәрін, шын мағынасында, оның бас микросхемасы –микропроцессор атқарады.

         Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді. Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың әмірлер жүйесі бірдей болатын болса, онда олар бағдарламалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған бағдарлама екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.

         Қазіргі кезде көп тарала бастаған, жетілдірілген процессор «пентиум» (Pentium), ал орналастырылған компьютерді «Пентиум» деп атайды. Компьютерлердің негізгі мінездемесінің бірі-оның амал орындау жыдамдығы, ал жылдамдық мегагерцпен өлшенетін жиілік. Ырғақтық жиілік- олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Жиілік қанша жоғары болса, компьютер сонша жақсы болады. Процессор жадпен бірігіп жұмыс атқарады. Жад микросызбасынан процессор өзіне қажетті ақпараттар алады да, өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді.

 

         Амал орындау - выполнять команды

         Жартылай өткізгішті - полупроводниковый

         Жетілдірілген - усовершенстованный

         Жиілік - частота

         Қозғалтқыш - двигатель

         Миы - мозг

         Мінездеме - характеристика

         Таниды - распознает

         Толығымен үйлесімді - полностью совместимый

 

         9.1 Төмендегі етістіктерден өткен шақтың түрлерін жасаңыз.

 

Етістік

Жедел өткен

Бұрынғы өткен шақ

 

Ауыспалы өткен шақ

1 жолы

2жолы

Орындау

орында+ды

орында+ған

орында+п+ты

орында+й+тын

 

 

 

 

 

        

         Қолдану, істеу, алу, білу, өндіру, жалғау, қосу, басқару, жіберу, тіркеу.

        

9.2 Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

 

         Корзина обеспечивает дополнительную безопасность при удалении файлов или папок. При удаления файла или папки с жесткого диска Windows помещает его в корзину и значок корзины из пустого становится полным. Элементы, удаляемые с сетевого или гибкого дисков, не попадает в корзину, а сразу удаляется.

         В   Windows предусмотрена одна корзина для каждого раздела или жесткого диска можно установить свой предельный обьем корзины.

 

         9.3 Мәтін ішінен тұйық етістіктерді теріп жазыңыз және олармен мәтіннен тыс сөйлем құрыңыз.

 

         9.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

         10 Монитор

 

         Дисплей- компьютердің экранына мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Сыртқы пішіні жағынан дисплей түрлі түсті теледидардың экранына аумайды, сондықтан оны көп жағдайларда Монитор деп те атайды. Мониторды адамға ақпарат беріп отыратын компьютердің тілі деп те қарауға болады. Оның негізгі тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадамы, бейнені жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау шкаласы. Өлшеу бірлігі ретінде дюйм қабылданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14, 15, 17,19, 20, 21. Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын мониторлар кеңінен тараған, ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймді мониторларды пайдаланған тиімді.

         Монитор электронды-сәулелік трубкадан, оны қоректендіруші және сәулені бағыттап отыратын электронды блоктан тұрады. Монитор экранында кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелер ( егер монитор түрлі түсті болса) тобынан немесе сұр нүктелер тобынан (егер монитор қара-ақ түсті болса) тұрады. Ол нүктелерді әдетте пикселдер деп атайды. Монитор экранына орналасқан пикселдер саны қанша көп болса, монитордың шешуші мүмкіндігі сонша жоғары болады.

         Қазіргі дисплейдің басты бөлігі электронды-сәулелік трубка болып табылады.

         ЭСТ – іші люминоформен сыланған тіктөртбұрышты экраны бар тар әйнек цилиндрден тұрады. Трубка ішінде электронды пушка (зеңбірек) болады, ол электрондар ағынын өте жоғары жылдамдықпен шағылыстырады да, экран бетінде олардың бейнесі – көрініс пайда болады. Сәуле пиксел торлары бойынша периодты түрде жылжып, жол торларының түстерін өзгертіп отырады, яғни көрінетін нүктелерге сәуле түседі, ал көрінбейтін нүктелерде үзіледі. Сөйтіп, нүктелер секундына 50-60 рет қайталанып, оған периодты түрде із салып (сканировать) отырады. Мұндай қайталанудың салдарынан көріністің өшіп-жанып тұрғанын адам сезе алмайды да, көрініс қимылдамайтын тәрізді көрінеді.

         әйнек - стекло

         жаңарту - обновлять

         көп жағдайларда - во многих случаях

         түрлі түсті нүктелер - разноцветные точки

         көрініс, бейне(кескін) - образ, вид, изображение

         қалқа қадамы - маскированные шаги

         қоректендіруші блок - блок питания

         пиксел торлары - пиксельные сетки

         тұтыну параметрлері - параметры потребления

         шағылыстырады - отражают

         шешуші мүмкіндігі - разрешающая способность

 

         10.1 Ауыспалы осы шақтың қосымшаларын етістіктерге дұрыс жалғап, орындарына қойып жазыңыз.

 

Сөйлемдер

етістік

Жұрнақ

жалғау

 

 

 

 

 

1

Сендер дүкенге барасыңдар, дискі, модем, тінтуір сатып

қолданыл

 

 

 

      а

  +  е +

      й

сіздер

2

Мен ақпараттарды иілгіш дискіде

бер

міз

3

Біз конференцияда Интернет арқылы барлық ақпараттарды

жүргіз

ды

4

Компьютер сөзі «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді

білдір

мын

5

Сен компьютер алдында көп

ал

ды

6

Үлкен ЭЕМ-дер ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының салаларына жұмыс істеу үшін

басқар

ді

7

Ол жиналысты қазақша

жібер

сың

8

Мен автобуста

отыр

мін

9

Сіздер маған көп білім

кел

ді

10

Процессор компьютерді

сақта

 

сыңдар

        

         10.2 Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді жазыңыз.

 

         1. Электронды пошта кәдімгі пошта бөлімінің күнделікті жұмысын.... 2. Процессор бағдарламадағы барлық бұйрықтарды... 3. Мини ЭЕМ-дер ғылыми мекемелерде, жоғары оқу орындарында .... 4. Ақпарат қоғам өмірінің барлық салаларын... 5. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден.... 6. Мәтіналғы көріністі машина кодына ауыстырып, компьютер жадына... 7. Компьютердің барлық құрылғылары компьютердің артқы тақтасындағы арнайы қосқыштар арқылы өзара байланыстырғыш шнурларымен ... 8. Жұмыс кезінде инелер қағазбетінде жылжып...., бояу таспаға ... да, қағаз бетінде із....

         Керекті сөздер: қолданылады, соғылады, атқарады, жазады, жалғанады, қалдырады, тұрады, қамтиды, орындайды, отырады.

 

         10.3 Төмендегі сөздерді өткен шақта және осы шақта жіктеңіз.

 

         Басқару, атқару, жалғау, орындау, жіктеу.

        

         10.4 Мәтінді қазақшаға аударыңыз.

 

         Гейтс, Билл. Основатель и глава корпораций Microsoft, «бизнесмен номер I» всего компьютерного мира. Родился в семье преуспевающего юриста и учительницы. Увлекся программированием еще в возрасте 13лет, однако первых заметных успехов достиг в студенческие годы, когда вместе со своим другом Полом Алленом создал интерпретатор языка Basic для компьютеров Altair. Компания Microsoft была основана в 1975году,а ее звездным часом стал контракт на создание операционной системы для компьютера IBM PC, подписанный в 1980году. В конце 90 годов Билл Гейтс передал пост главы Microsoft своему другу и партнеруСтиву Балмеру, сохронив за собой крупнейшый пакет акций Microsoft. Начиная с 1999 года, ежегодна признается боготейшим человеком планеты. Автором книги «Дорого в будущее».

         

          10.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

    

11 Пернетақта

       Пернетақта-дербес компьютерді басқаратын, пайдаланушыдан ақпаратты компьютерге енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және санды пернелер арқылы компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге болады. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсчі деп атайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасын 101 немесе       

       102 перне болады. Пернелер бірнешек топқа бөлінеді:

         Симмволдық пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан және ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Олардың көмегімен кез келген әліпбилі-сандық ақпараттарды компьютерге енгізеді. Бұл бөлікте латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және басқа да символдар орналасқан.

         - Функционалдық пернелер, бұлар латынның F (F1, F2, F12) әрпімен белгіленген символдық пернелердің үстіндегі жолға орналасқан. Функционалдық пернелер компьютерде күрделі амалдарды тез орындауға арналған және әр түрлі тілдегі бағдарламаларда олар әр түрлі міндеттер атқарады.

         Меңзерлі пернелер символдық пернелердің оң жағына орналасқан, олар меңзер арқылы белгіленген, экран бетіндегі басқару пернелері. Меңзер- экранда жанып-өшіп тұратын символ (сызықша, төртбұрыш). Олар меңзерді экран бетінде жылжытуға арналған.

         Сандық-пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады да, символдық пернелердің оң жағына орналасады. Олардың көмегеімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізеді немесе меңзерді экран бетінде басқару үшін пайдаланады.

         Пернетақтаны бірнеше тілге сәйкестендіруге болады. Ұлттық әліпби символдарының орналасуын пернетақтаның жіктелуі деп атайды.

 

         Анықтайды - определяет

         Бөлік - часть

         Бірігіп қызмет атқару - совместно работать

         Жіктелу - раскладка

         Күрделі амалдар - сложные команды

         Қолданушы - пользователь

         Меңзер - курсор

         Пернелер - клавиша

         Сәйкестендіру - сопоставлять

         Тыныс белгілері - знаки препинанания

 

         11.1 Берілген сөйлемдерді болжалды келер шақ формасына  қойыңыз.

 

         1. Біз кино көріп отырмыз. 2. Студенттер емтиханға дайындалды.                 3. Дүкенге жаңа компьютерлер түсті. 4. Сіздер, музыка жазыңыздар және оны өңдеңіздер. 5. Мен емдеудің  жаңа әдістері, дәрі-дәрмек туралы ақпарат аламын. 6. Компьютерді сіз қосқансыз. 7. Сен интернетке қосылыпсың. 8. Айжан қызық кітап оқып отыр. 9. Enter пернесінің көмегімен әмір, мәтіннің азат жолы енгізіледі. 10. Сендер сабақта зертханалық жұмыс жасадыңдар. 11. Тапсырманы үйде орындаңыз.

 

         11.2 Мәтіндегі етістіктерді келер шаққа айналдырыңыз және мақсатты, болжалды келер шақта жазыңыз.

 

         Үлгі: жөндеу-жөнде+й+мін, жөнде+р, жөнде+мек.

        

        11.3  Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

 

         Правила ухода за компьютером

         Обеспечить бесперебойную работу компьютера помогут правила ухода за ним:

         - подбирая место расположения компьютера, помните о возможном его перегривании вблизи радиатора отопления;

         -устанавливайте монитор так, чтобы прямые лучи солнца не падали на экран;

         - протирайте экран монитора специаальным раствором и специальными салфетками;

         - регулярно очищайте рабочую поверхность мыши от пыли;

         -ежедневно проводите влажную уборку помещения, в котором находится компьютер.   

        

         11.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

         12 Тінтуір

 

         Тінтуір басқарушы ақпаратты енгізетін, кілемше бетінде еркін жылжи алатын және арнайы графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Тінтуір екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Қазіргі кезде екі батырмалы тінтуір жиі пайдаланылады, себебі, ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.

         Тінтуірдің жазық беттегі қозғалысы экрандағы тінтуір нұсқағышы деп аталатын графиктік обьектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тінтуірді жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.

         Тінтуір қорабының ішінде ауыр резеңкемен қапталған метаолдан жасалған шарик орналасқан. Ол қораптың сыртына аз ғана шығып тұрады да, ол кілемше бетіне тиіп тұрады. Тінтуірді кілемше бетінде (үстел бетінде) жылжытқанда, шарик айналады. Оның айналуы өзара перпендекуляр екі валикті айналдырады да, ол компьютер экранының бетіне «оңға-солға» және «жоғары-төмен» деген сигналдарды береді. Алынған сигналды компьютер өңдейді, өңдеу нәтижесінде тінтуір көрсеткіші экран бетінде өзгереді, яғни тінтуір көрсеткіші экран бетінде жылжиды. Егер тінтуір жылжитын бет өте тайғанақ болса, онда шарик дөңгелемей, сырғуы мүмкін, сондықтан оған кедергісі бар кілемше пайдаланылады.

         Монитор мен тінтуір бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі- графикстік ипнтерфейсті құрайды. Қазіргі кезде графикалық тілдесуі бар амалдық жүйелерді басқару үшін аса қажет құрылғы.

 

         Графикалық тілдесу - графический интерфейс

         Еркін жылжыту - свободное движение

         Жазық бетте - на плоской поверхности

         Жылжыту - передвигать

         Кедергі - препятствие, сопротивление

         Көрсеткіш - указатель

         Кілемше - коврик

         Қорап - корпус

         өңдейді - обрабатывает

         сырғуы мүмкін - могут скользить

         тайғанақ - скользкий

         шерту - щелкнуть

 

         12.1 Мәтіннің бастауыштары мен баяндауыштарын табыңыздар және қай сөз табынан жасалғанына назар аударыңыз.

 

         12.2 Етістіктерді тұйық етістік формасына қойыңыз.

        

         Тұрады

         Пайдаланады

         Қамтиды

         Жылжиды

         Құрайды

         Айналады

 

         12.3 Берілген сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құраңыз.

 

         1. заңды тұлғалар/ ашуда/ бүкіләлемдік байланыс желісі-/өз алдына/жеке арналар/ еліміздегі көптеген/ интернетке қосылып.

         2. компьютер желісі-/ ақпарат жеделдігінің/ кепілі/ жетімділігінің /себебі.

         3. екендігі даусыз/ тіпті қазіргідей/ ұйымдар қызметінің/ ақпарат ағымы/ сәтті болуы да/ соған байланысты/ көп жағдайда /күшейген кезде.

         4. WEB-сайт ашты/ мәселен/ осыны ескерген/ жұмыс берушілерінің Конференциясы /жеке/ Қазақстан республикасы.

         5. еліміздегі/ туралы/ орасан мол/ бұл  WEB-сайтта/ ақпараттар жинақталған/ күллі/ жұмыс берушілер.

         6. заң жобасын/ аталған сайттан /мүдделеріне қатысы бар /табуға болады/ сонымен бірге/ жұмыс берушілердің/ кез келген.

        

         12.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

13 Вирустар және олардың әр түрлілігі

         Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да «жұғады» және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с.). Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге «вирус жұққандығы» бастапқы кезде байқалмай қалады.

         Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде «вирус жұққан» программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды.

        

         13.1 Мәтінді түгел оқып шығып, түсініксіз сөздерден сөздік жасаңыз.

        

 

         13.2 Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

Шағын көлемді программа, оларды бүлдіруге кіріседі, келеңсіз әрекеттер, басқа да зиянды іс-әрекеттер, файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, әдеттегіден өзгеше жағдайлар,  программалар саны көбеймей тұрғанда.

 

         13.3 Студенттердің өз ұсыныстарын, ойларын айту.

 

         Қандай жолдармен компьютерлік вирустардың алдын-алуға болады?

 

         13.4 Сөйлемдерді оқып, аударыңыз.

 

         Компьютерге вирус негізінен дискеттер мен лазерлік диск, сондай-ақ компьютерлік желі арқылы кіреді. Дискетті зақымдау өте оңай. Вирус мәтіндік және графикалық файлдарға сирегірек жұғады. Қазіргі кезде 50 мыңнан астам вирус белгілі.

        

         Қосымша аударуға берілген мәтін.

 

          Компьютерлік вирусқа қарсы күрес


          Компьютерлік вирус-«көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол өз кодын көп қайтра көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.
Вирус басқа программаларды тауып, оларды зақымдайды, сонымен қатар компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар:

компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді;

         - компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарады;

         - дискідегі файлды бұзады;

         - дискілер мен дисктерге қатынау мүмкін болмай қалады;

         - басып шығару қателермен жүреді және т.б;

         - компьютерде сақталған ақпаратты бүлдіреді, жедел жадты «ластайды» және т.с.с.

         Бұлардың бәрі вирус жұққандығының типтік белгілері:

         Вирустың бір компьютерден басқа компьютерлерге тарайтын қабілеті бар. Вирустармен күресу үшін антивирустар деп аталатын арнайы бағдарламалар бар.

         Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар: Dr. Web, Касперский Антивирусы, Eset NOD32, McAfee, AVG, Panda Software, Norton Antivirus және т.б.

         

          түрлері - виды

         әсер – влияние

         бас тарту- уклоняться, отказываться

         жою - уничтожить

         жұқтыру - заразить

         зақымданған - поврежденный

         кедергі - препятствие

         көбейю - увеличиваться, умножаться

         қалыпты - в стабильном порядке

         нысандар - объекты

         өз бетімен – самостоятельно

 

         Мәтін бойынша тапсырма

         Компьютерлік вирустар дегеніміз не?

         Компьютерлік вирустардың сипаттары қандай?

         Қандай вирусқа қарсы бағдарламаларды білесіз?

         Компьютерлік вирустардың шамамен қанша түрі болады?

 

         14  Архив дегеніміз не?

 

         14.1 Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

         Кей кездері, тұрғылықты дискіде немесе ауыстырылатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда, немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемі үнемдеу қажеттілігі туындайды. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір архивтік файлда орналастыру мақсатымен архивтеу қолданылады.

         Архив – қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қапшықтар және басқа да мәліметтер жиынтығы. Бір архивте бірнеше файл немесе бірнеше қапшық сақтала алады. Бұл дискетте көбірек ақпарат орналастыруға мүмкіндік береді. Сығылған файлдарды тек дискетте сақтап қана қоймай, компьютерлік желілерде байланыс арналары арқылы жіберуге де болады. Ақпаратты сығу файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.

         Архиваторлар – архивтік файлдарды бууға және ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар. Архиваторлар компьютер жадындағы ақпаратты арнайы математикалық әдістер көмегімен сығуға мүмкіндік береді. Файлдарды дискілерге көшіру уақытын қысқартады, ақпаратқа бөгде адамдардың рұқсатсыз шығуын парольмен қорғайды және бұдан басқа файлдарды компьютерлік вирустардың бұзуынан жартылай қорғайды.

         Едәуір кең тараған архиваторлық бағдарламалардың мүмкіндіктері бірдей деуге болады, барлық параметрлері жағынан бір-бірінен артықшылығы жоқ.

         Ең кең тараған ішінен WinZip, WinRAR, ARJ бағдарламаларын ерекше атап көрсетуге болады. Архиваторлық бағдарламаға қарай архивтік файлдардың нақты белгіленген түрі (кеңейтілімі) болады. Едәуір жиі кездесетін архивтер типтері Zip, RAR, ARJ болады. Олардан басқа, компьютерлерде cab, Izh, tar, gz, bz2, iso және тағы басқа архивтер қолданылады.

 

         артықтығы жоқ – избытка нет

         архиваторлар – архиваторы

         архивтеу – архивировать

         ауыстырылатын тасымалдаушы – съемный носитель

         буу – запаковывать

         жиын – сбор

         жиі – часто

         жөнелту – отправить

         қысу (қысылған) – жать, сжимать, давить

         нақты – точь в точь (конкретно)

         недәуір – значительный

         үнемдеу – экономить

 

         14.2 Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

 

         Архивтер дегеніміз не?

         Мәліметтерді архивтеу не үшін керек?

         Файлдың көлемін  бүктеу үшін қандай бағдарламалар қолданылады?

         Архиваторлар деген не?

         Архиваторлар не үшін қолданылады?

         Архиваторлық бағдарламалардың ішінен ең кең тарағандары қандай?

         Жиі кездесетін архивтер типтері қандай?

 

         14.3 Берілген сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құрап жазыңыз.

 

         бар/оңай/бөліп/файлдарды/архивтен/алудың/ең/тәсілі.

         архив/бұл/үшін/шертіңіз/екі рет/атауын.

файлдарды/архивтен/файлдар/ағымдағы/тізімнің/бөліп алынған/қапшық/соңында/пайда/болды.

 

14.3  Мәтінді аударыңыз.

 

         Бағдарламалық жабдықтар интерфейсіндегі анықтамалық жүйе оның негізгі элементі болып табылады. Онда әрбір адамға қажетті ақпарат толық түрде болуы тиіс. Windows ортасы мен оның ішіндегі стандартты қосымша бағдарламалардың бәрінің де бір-бірінен тармақтала өрбитін анықтамалық жүйесі бар. Ол жұмыс кезінде туатын кез келген сұраққа жауап бере алады. Анықтама ішінде басқа бөліммен байланысқан түйінді сөз ретінде суреттер де қолданыла береді. Анықтама ішіндегі түйінді сөздер алдын ала басқа түспен белгіленіп қойылады.

 

         14.5 Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып, біреуін септеңіз.

 

         15 Электронды пошта

 

         Компьютер желілерінің көмегімен дүниежүзі деңгейінде ақпаратты жіберуге және алуға болады, мұндай желі арқылы тек хабар алмасу жүйесін электронды пошта  (Е-mail) деп атайды.

         Бұл Интерннеттің ертерек пайда болған қызмет түрлерінің бірі. Онымен қамтамасыз етуді Интернетте арнаулы пошталық серверлер деп аталатын бағдарлама жүргізеді. Пошталық серверлер клиенттен алынған хабарды адресаттың пошталық серверіне жөнелтеді. Бұл жерде хабарлар жиналады. Адресат пен оның пошталық серверінің арасында байланыс орнатылған кезде келіп түскен хабарлар автоматты түрде адресаттың компьютеріне жіберіледі.

         Басқа да байланыс қызмет түрлері сияқты, электронды пошта қызметі бағдарламалар жұбы мен олардың өзара қарым-қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан бағдарлама-сервер, тұтынушы жағынан бағдарлама-клиент жұмыс атқарады. Электронды поштаныңжұмыс екі қолданбалы хаттамаға негізделген. Біреуі шығатын хабарды жіберуге, екіншісі келетін хат-хабарды қабылдауға пайдаланылады. Сәйкесінше Интернет жағынан электронды пошта жұмысы екі сервердің көмегімен атқарылады: шығатын хабарлар сервері мен келіп түскен хабарлар сервері. Келіп түскен хабарлар серверін «пошта жәшігі» деп атайды.

         Шығарылатын хабар қызметі SMTP хаттамасына негізделген (SMTP-Simple Mail Transfer Protocol- простейший протокол передачи почты). Келіп түсетін хабар қызметі РОР3 хаттамасымен жүргізіледі (Post Office Protocol 3-протокол почтового отделения, версия 3).

         Электронды поштаны іске қосу үшін келесі әмірлерді орындау қажет:

         Бастау→Бағдарлама→Outlook Express

         Бұдан соң экранда Outlook Express терезесі ашылады. Жаңа пошта алу үшін тінтуірдің батырмасын Поштаны жеткізу батырмасында шертесіз немесе Хабарлама→Поштаны жеткізу әмірін орындайсыз. Егер жаңа пошта әлі түспеген болса, онда Outlook Express терезесінің статус-жолында «Жаңа хабар жоқ» деген ақпарат шығады.

 

         алу- получать

         арасында - между

         атқарылады - выполняется

         байланыс - связь

         деңгейі - уровень

         дүниежүзі - весь мир

         ертерек - пораньше

         жиналады - собирается

         жіберу - отправить

         көмегімен - с помощью

         қабылдау - принимать

         пайда болу - появиться

         түскен хабар - полученная информация

         хат-хабар - корреспонденция

 

         15.1 Берілген сөз тіркестерді аударыңыз.

 

         Электронная почта, получать и отправить, служба доставки, почтовый ящик, адреса и письма, программное обеспечение, электронный почтовый адрес, услуги веб-сайтов, ваш уникальный адрес.

 

         15.2  Жақша ішіндегі сөз тіркестерін сөйлемдердің мағыналарына қарай аударыңыз.

 

         Әрбір компьютерлік бағдарлама (услугами операционной системы) пайдаланады. (Выбор операционной системы) өте маңызды. 3. (Производительность Вашей работы) амалдық жүйені таңдауға байланысты болады. 4.Windows амалдық жүйесінің негізгі элементтерінің бірі – (рабочий стол) 5. Windows жүйесінде жұмыс істей отырып, (несколько окон) бірден ашуға болады.

 

         15.3 Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыз. Мәтінді аударып, ат ойластырыңыз.

 

         Қапшық – ба...дарламалар мен файлдар...а ар...алған, ке..те қапшы...ына ұ...сайтын белг...ше түрінде көрі...іс табаты... сауыт. Қапшықтарда т...рлі файлдар – қ...жаттар музыкалы... клиптер, бейнелер, суреттер, бағдарла...алар және т.б. сақталады. ...алталар дискідегі бағдарламалар мен құжат...арды реттестіру үшін қолданылады.

 

         15.4 Әр бөліктің мазмұнына сай мәтінге бірнеше сұрақтар қойып, мәтінді толық аударыңыз.

 

         16 Жергілікті желі

 

         16.1 Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

         Жергілікті желі дегеніміз-бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

         Желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орнласқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

         Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

          - желімен қатынас құруды ұйымдастыру;

          - олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

          - желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

         Жұмыс үстінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған Желілік орта қапшығының белгішесі көрініс табады.

         Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерлерде желілік бейімдегіш немесе желілік бейімдегіш немесе желілік карта орнатылған болуы тиіс. Компьютердің қазіргі заманға сай модельдерінде әдетте желілік бейімдегіш аспалық тақшаға бірге орнатылған болады.

         Содан кейін компьютерді кабельдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы шоғырлауыш (немесе хабарлауыш) көмегімен жүзеге асырылады.

         Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп атайды. Олардың атауы болады және олар қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде тауып алу үшін қажет.

         Компьютердің аты мен жұмыс тобының атауын қарау үшін Менің компьютерім белгішесін тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтін-мәндік мәзірдің сипаттар тармағын таңдап, ашылған терезеде Компьютердің атауы қосымшасына өту керек.

 

         арнайы құрылғы - специальное устройство

         байланыс құралдары - устройства связи

         бейімдегіш - адаптер

         желілік карта - сетевая карта

         желілік орта - сетевое окружение

         жергілікті желі - локальная сеть

         заман - время

         құрамы - состав

         қызмет көрсету - обслуживать

         мәтінмәндік-мәзір - контекстное меню

         тармағын таңдап - выбрав пункт

         тұрақты - постоянный, устойчивый

         тұтынушылар - потребители

         ұйымдастыру - организовать

         шоғырлауыш - концентратор

 

         16.2 Мәтін бойынша тапсырма: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

 

         1. Желі деген не?

         2. Жергілікті желі қандай жұмыс атқарады?

         3. Компьютерлер жергілікті желіге қандай құрылғылардың көмегімен біріктіріледі?

         4. Желілік бейімдегіш қандай қызмет атқарады?

         5. Компьютердің атын білу не үшін қажет?

         6. Компьютердің аты мен жұмыс тобының атауын қарау үшін не істеу керек?

 

         16.3 Бойынша, үшін, арқылы, ретінде, туралы шылаулармен мәтіннен тыс сөйлемдер  құраңыз.

 

         16.4 Қазақ тіліне аударыңыз.

 

         Сетевой принтер – это принтер с общим доступом для отдельных пользователей. Открыть доступ к Вашему принтеру. Выполнить следующие команды. Открыть контекстное меню. Выбрать команду общий доступ. Нажать на кнопку ОК.

 

         16.5 Сыныптық компьютер желілері туралы қосымша материалдар дайындау.

 

         17 Компьютерлік сыныптағы қауіпсіздік ережесі

 

         17.1 Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

         Аппараттармен, кабельдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық электр тогынан зардап шегуге әкеп соқтырып, аппараттарды күйдіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан, компьютерлік сыныпта қауіпсіздік ережесіне қатысты талаптар орындалуға тиісті:

          - информатика кабинетіне оқытушының рұқсатынсыз кіруге болмайды;

          - оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қоспаңыз;

          - қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қол тигізуге, жалғаушы кабельдердің ажыратқыштарын қолмен ұстауға, кабельдің қосылған орындарына тиюге болмайды;

          - диск, кітап, дәптер және тағы басқа заттарды монитор мен пернетақтаның үстіне қоймаңыз;

          - су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тыйым салынады;

          - өрт сөндіретін құралмен әрбір оқушы жұмыс істей алуы керек;

кабинетте түтіндеген бөтен иіс пайда болған жағдайда, оқытушыға хабарлаңыз не күйген иіс шыққан жағдайда жұмысты дереу тоқтатып, құрылғыларды сөндіріп, техникалық қолдау орталығына хабарласу қажет;

          - қорабы сынған немесе сымдары зақымдалған компьютерде жұмыс істеу қауіпті;

          - компьютерді қосылған күйінде қараусыз қалдырмаңыз;

          - пернетақтаны қатты баспағаныңыз жөн;

          - пернетақтада кір қолмен жұмыс істеуге тыйым салынады;

          - бейне бетке және монитор мен пернетақтаның сырт жағына қол тигізуге болмайды.

 

         алыс - далеко

         бөтен иіс - неприятный запах

         жаттықтыру – делать упражнение

         кір қолмен - грязной рукой

         қараусыз - без присмотра

         қатты - сильно

         қосылған күйінде - в подключенном виде

         өрт сөндіретін құралдар - противопожарные средства

         пернетақта - клавиатура

         рұқсатсыз - без разрешения

         су қолмен - влажной рукой

         тию - трогать

         тыйым - запрет

         хабарлама - объявление

 

         17.2 Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

аппараттармен, кабельдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық, қауіпсіздік ережесіне қатысты талаптар, оқытушының рұқсатынсыз, қатал тыйым салынады, қараусыз қалдырмаңыз, өрт сөндіретін құралмен

 

         17.3 Сын есімді еске түсіріп, анықтауыштық тіркестерді теріп жазыңыз.

 

         Үлгі: компьютерлік класс

 

         17.4 Мәтінді қазақ тіліне аударып, ат қойыңыз.

 

         Управлять Windows можно с помощью одного единственного инструмента – мышки. Раумеется, вам понадобится и клавиатура. Курсор и кнопки мышки – два основных управляющих элементов в Windows. Для выполнения какой-нибудь программы, открытия окна и так далее вам нужно указать курсором мышки на интересующий вас элемент интерфейса Windows (значок, пункт меню, и так далее) и щелкнут левой кнопкой мыши.

 

         17.5 Берілген зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдеңіз.

 

         Сынып, киім, ақпарат, бағдарлама, компьютер, оқытушы, кабель.

  

Әдебиеттер тізімі

1. К.Қ. Кайнденова, З.Қ. Кузутбаева, М.Қ. Ниғметжанова. Кәсіптік қазақ тілі. «Есептеуіш техника» мамандығына арналған оқу құралы. - Өскемен, 2009.

2. Ахметбекова Б.А. Орта топтарында оқитын қазақ студенттеріне арналған сөздік жұмыстары. – Қарағанды, 1995.

3. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Оқу құралы.- Астана, 2004.

4. Дүкенбаев С.К., Тілембекова А.И., Омарбекова Ж.Т.-Алматы: Ана тілі. АЭжБИ, 2003.

5. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік.-Алматы: Алтын қазына, 1999.

6. Валединский В.Д. Информатика. Словарь компьютерных терминов.-Москва: Аквариум, 1997.

7. Қазақша-орысша, орысша-қазақша оқушыларға, студенттерге арналған сөздік.-Алматы:Аруана, 2002.

 

 

Мазмұны 

 

1.

Алматы энергетика және байланыс университеті

3

2.

Мамандығым – Есептеу техникасы және бағдарламалық  қамтамасыз ету

4

3.

ЭЕМ-ның шығу тарихы және буындары

6

4.

Қазақстанды компьютерлендіру

8

5.

Компьютер

9

6.

Дербес компьютердің құрылғылары

11

7.

Дербес компьютерді қорғау ерекшеліктері

13

8.

Жүйелік қорап

14

9.

Процессор

16

10.

Монитор

18

11.

Пернетақта

19

12.

Тінтуір

21

13.

Вирустар және олардың әр түрлілігі

23

14.

Архив дегеніміз не ?

25

15.

Электронды пошта

26

16.

Жергілікті желі

28

17

Компьютерлік сыныптағы қауіпсіздік ережесі

29

18

Әдебиеттер тізімі

31