Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

    

ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 

5В081200 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандығы студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар мен өзіндік тапсырмалар топтамасы

 

 

Алматы 2012 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Л.А. Асылханова, А.Д. Дәулетбекова. Қазақ тілі 1 5В081200- «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандығы   студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар мен өзіндік тапсырмалар топтамасы. - Алматы: АЭжБУ, 2012.-31  б.

  

Әдістемелік көрсеткіш ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету бакалаврының оқу бағдарламасына сәйкес орындалатын практикалық сабақтарға арналып құрастырылды.

         Көрсеткіште ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандықтарына қатысты 45 сағат көлеміне сәйкес жазбаша аударуға арналған мәтіндер және мәтін контексі бойынша қайталау, бекіту мақсатында грамматикалық тапсырмалар берілген.

         Көрсеткіш ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету бағытында даярланатын студенттерге ұсынылады.

         Әдеб. көрсеткіші –  7 атау. 

 

         Пікір беруші: доцент М.В.Башкиров

 

        “Алматы энергетика және байланыс университетінің” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 жылғы жоспары бойынша басылады.

       

           © “Алматы энергетика және байланыс университетінің ” КЕАҚ, 2012 ж.

2012 ж. жиынтық жоспары, реті 61  

 

         1 Алматы энергетика және байланыс университеті

 

Алматы энергетика институты 1975 жылы политехникалық институттың (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) құрамынан бөлініп шықты. Сол кездегі 15  одақтас республика (қазіргі ТМД елдері)  ішінде бұл энергетика саласындағы үшінші (Москва, Иваново) жоғары оқу орны еді.

  1997 жылдың 3 мамырында институт Алматы энергетика және байланыс институты (АЭжБИ) болып қайта құрылды. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы энергетика және байланыс институты PhD магистрлері мен докторларын дайындау құқығы бар университет – Алматы энергетика және байланыс университеті мәртебесін алды. АЭжБУ Орта Азиядағы энергетика және телекоммуникация бойынша мамандандырылған жалғыз жоғары оқу орны.

         Бүгінгі АЭжБУ дегеніміз:

         Университеттің алты факультеті:

         1) Электр энергетика факультеті.

         2) Жылу энергетика факультеті.

         3) Радиотехника және байланыс  факультеті.

         4) Университетке дейінгі даярлық  факультеті.

         5) Сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті.

         6) Ақпараттық технологиялар факультеті.

         - 5000-нан астам студент, магистранттар мен аспиранттар;

         - 340 оқытушы, оның 40 пайызы ғылым докторлары мен кандидаттары;

         - 22 кафедра, оның ішінде Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірігіп құрылған Би Джи Ғылыми табиғатпайдалану методологиясы кафедрасы;

         - 8 ғылыми-зерттеу зертханасы;

         - оқу корпустары;

         - компьютер сыныптарымен және оқу залдарымен жарақтандырылған 3 студенттер жатақханасы;

         - кітапхана, оқу залдары;

         - «Энтельчик» студент жастар орталығы;

         - ғылыми зертханалар корпусы;

         - бірегей ғылыми және оқу жабдықтары;

         - интернет желісіне қосылған заманауи дербес компьютерлер, оқу теледидары.

         Күндізгі бөлімнің студенттеріне энергетика және байланыс кәсіпорындары үшін екінші жоғары экономикалық білім алу мүмкіндігі жасалған. 

         Біздің студенттер бос уақыттарын көркемөнерпаздар үйірмелеріне, спорт секцияларына, интеллектуалдық ойындарға қатысып, көңілді өткізеді.

 

         Сөздік:

         мәтін – текст

         мамандандырылған – специализированный

         бойынша – по

         заманауи – современный

         сала – область, сфера

         ғылыми-зерттеу – научно-исследовательский

         сырттай оқу – заочное обучение

         кәсіпорын – предприятие

         бірегей – уникальное

         жабдық -  оборудование

        

         1.1 а) Сингармонизм заңын еске түсіріп, мына сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз: жабдық, мүмкіндік, студент, дәптер, қалам, жатақхана, орындық, тақта, оқу құралы, оқулық, кәсіпорын, сызғыш, терезе, факультет.

             ә) Бұларды қатыстырып сөйлем құраңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз.

        

         1.2 Мәтіндегі бірыңғай мүшелерді тауып, олардың қызметіне назар аударыңыз.

        

         1.3 Өткен шақ есімшенің сөйлемдегі орнына қарай анықтауыш және баяндауыш болатындығына 2-3 сөйлем құраңыз.

 

         1.4 Мына мақалдардың мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.

         1. Бақыт белгісі – білім мен ақыл.

         2. Оқу – инемен құдық қазғандай.

         3. Білекті бірді жығады,

         Білімді мыңды жығады.

 

         1.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

2 Мамандығым Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету

 

 Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығы - ауыл шаруашылық өндірістері мен халықтың энергияны өндіруіне, беру, тарату және тұтынуына жағдай жасауға бағытталған,  адам қызметінің әдістері мен тәсілдері, құралдары, технологиялар жиынтығын құрайтын ғылым мен техника саласы.

Ауылшаруашылық өндірісі механикалық, жылу, сәулелер, химиялық, электр энергиясын және оның басқа түрлерін тұтынады. Өндірістік орталықтарға қарағанда ауыл шаруашылығында энергетикалық жүктемелер бытырап орналасады және олардың тығыздығы кіші келеді.

Сондықтан ауылшаруашылық өндірісін энергиямен сенімді қамтамасыз ету үшін көп қаражат жұмсау қажет болады.

Ауыл шаруашылығында барлық орнықты үрдістер электр энергиясы көмегімен орындалады. Бұл энергия ара қашықтыққа жеңіл беріледі және энергияның басқа түрлерін алуға мүмкіншілік беретін сенімді және әмбебап энергия көзі болып саналады.

Қоғам дамыған сайын энергия тұтыну қажеттігі қарқындап өсе түседі. Әсіресе электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғанда, оның бірнеше артықшылықтары бар. Электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.
Электр энергиясы айнымалы токтың индукциялық генераторларынан әр түрлі электр станцияларында өндіріледі. Электр станциялары көмір мен мұнай қорларының жанында (
жылу электр станциялары) немесе өзен-сулардың бойында (су электр станциялары) тұрғызылады. Жылу электр станцияларында отынның (мысалы, көмірдің) жылу энергиясы электр энергиясына түрленеді. Жоғары қысымда қызған бу ағыны бу турбинасының роторын айналдырады, сонда онымен бір оське орнатылған генератордың роторы да айналады. Су электр станцияларында судың механикалық энергиясы электр энергиясына түрленеді. Өзенді бөгеп, платинамен суды биікке көтереді. Биіктен гидравликалық турбинаның қалақшаларына құлаған су ағыны оны генератордың роторымен қоса айналдырады.

Қазіргі кезде дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының біраз бөлігі атом электр станцияларында өндіріледі. Мұнда ауыр ядролардың тізбекті реакциясы кезінде бөлінген атомның ішкі энергиясы электр энергиясына түрленеді.

 

2.1 Мына сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, оларды қатыстырып бірнеше сөйлем құраңыз:

Энергиямен қаматамасыз ету, ішкі энергия, су ағыны, алыс қашықтыққа, жүктеме, аз шығынмен, ауыл щаруашылығы, өндіру, энергия тұтыну, техника саласы, тарату, мүмкіндік береді.

 

         2.2 Өз таңдаған мамандығыңыз туралы не білесіз? Төмендегі тірек сөздерді қолданып, білгеніңізді қазақша айтыңыз.

         Тірек сөздер: менің мамандығым, таңдаған себебім, болашағы зор, техника, энергия көзі, саласында, электр энергиясы, қашықтыққа, ауыл шаруашылығы, электр станциялары, энергия тұтыну,  жұмыс істеймін, білімді, сауатты, білікті, жан-жақты  маман, білуі керек, үйренемін, болып шығамын, аса қажет.

 

2.3 Мәтіннен себеп мағынасын беретін сөйлемдерді теріп жазыңыз.

2.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

3 Балама энергия көздері

 

Еліміздің энергетика сала­сын­дағы кешенді мәселелерді шешу еліміздің энергетикалық балансын баламалы энергия көздерімен толық­ты­руға да тікелей байланысты. Қа­зақ­стан­ның географиялық қо­ныс­тану аймағы жел, күн және су энергиясын молынан пай­да­ла­нуға мүмкіндік береді.

Дүние жүзінде энергияның балама түр­лерін пайдалануға деген бет­бұ­рыс әлдеқашан басталған. Ға­лым­дардың болжамы бойынша, ХХІ ғасырдың ортасына таман жаһандық энергетикалық ба­ланс­тағы баламалы энергия көз­дері­нің үлесі 30 пайызға дейін жетпек. Ал Еуроодақ балама энергетика үлесін 2020 жылдары 20 пайызға, 2040 жылдары 40 па­йызға жеткізуді көздеп отыр.

Жыл қорытындысының де­рек­тері бойынша 2011 жылы елі­мізде балама көздер арқылы алын­ған электр энергиясы қуатының мөл­шері 423 миллион кВт/сағ.-қа тең болып отыр. Бұл аз көрсеткіш. «Ұлттық ин­новациялық қор» АҚ-тың Қазақ­стан энергетикасындағы балама энергия көздерін зерттеу жөніндегі деректеріне сүйенсек, қазіргі елі­міздің энергетикалық әлеуе­тінде ЖЭО-ның өндіретін электр энергиясының үлесі 88 пайызды, гидроэлектр стансаларының үле­сі 12 пайызды құраса, балама энер­гия көздерінен алынатын электр энергиясы 0,02 пайызды құрайды екен. Елімізде жел, күн және су сияқты балама энергия көз­дері энергетикалық ресурс­тары­ның едәуір бөлігін бере алады.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ-тың деректері бойынша 2030 жылға таман еліміздің 46 ауданында қуаты 1 миллион кВт/сағ. болатын жел электр стансаларын салу жоспарлануда. Бұл бағдар­ла­ма жүзеге асса, еліміздің электр энергиясына ондаған МВт қуат қосылады деп күтілуде. Мәсе­лен, Оңтүстік Қазақстан облы­сы­ның Кентау қа­ласында және Қара­ған­ды облысының шет ауданында жел электр стансалары орнатыл­ған. Елімізде балама энергия көз­дері­нің әлеуетін арттыруда биоқал­дық­тардың да әлеуе­ті мол. Сарап­шылардың айтуынша, жыл сайын мал шаруа­шы­лығы және құс ша­руашылығы шығаратын қалдық­тар құрғақ күйінде 22,1 миллион тоннаны немесе 8,6 миллиард текше метр газ, 17,7 миллион тонна өсімдік қалдықтарын құрайды екен. Бұл өз кезегінде 14-15 миллион тонна шартты отын немесе 12,4 миллион тонна мазут деген сөз. Осы шартты отынды пайдалану арқылы жыл сайын 35 миллиард кВт/сағ. электр энергиясын және 44 миллион Гкал жылу энергиясын алуға әбден болады.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ Үкіметтің жоспарына сәйкес, балама энергия көздері арқылы алынатын энергия 2012 жылы жалпы электр энергиясының 0,05 пайызын, 2018 жылы 1 пайызын, 2024 жылы 5 пайызын құрауы үшін жұмыстар жасалып жат­қан­дығын алға тартады. Ал мил­лиардтаған КВт энергия өндіру­ге мүмкіндік беретін балама энергия көздері пайдаланылмай жатыр.

Ел­басы таяу болашақта елі­міздің жалпы энергия тұтыну кө­ле­мінде балама энергия көз­де­рі­нің үлесін 1 пайызға дейін жет­кізу міндетін қо­­йып отыр. Қазір Ин­дустрия және жаңа технологиялар ми­нистр­­лігі балама энергия көз­дерін  дамытуға мүмкіндік бе­ре­­тін бар­лық шараларды қарас­ты­руда.

 

3.1 Мына сөздердің аудармасын табыңыз

ветровая энергия –

тепловая энергия –

энергетическое хозяйство –

энергосистема –

энергозатраты –

солнечная энергия –

энергосбережение –

энергетический потенциал –

энергия биомассы –

        возобновляемая энергия –

        электросчетчик –

        электродвижущая сила –

        (энергия үнемдеу, энергетикалық шаруашылық, күн энергиясы, электр қозғаушы күш, жылулық энергия, энергетикалық әлеует, электр санауыш, жаңартылатын энергия, энергия шығыны, биомасса (биомаңыз) энергиясы, энергия жүйесі, жел энергиясы)

 

 3.2 Сан есімдерге жалғау түрлерін дұрыс тауып жазыңыз.

жетпіс

- ыншы

миллион

- тей

жүз жетпіс

- деген

қырық

- тай

он-он

- дай

бес бүтін

- нан

сағат екі

- нші

төрт

- лерде

жиырма

- еу

елу екі

- оннан алты

                                     

3.3 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Кешенді мәселелерді шешу; баламалы энерия көздерімен толық­ты­ру; шартты отын; ғалымдардың болжамы; электр энергиясы қуатының мөл­шері; жыл қорытындысының де­рек­тері бойынша; энергетикалық әлеуетін арттыру; өсімдік қалдықтары;

 

        3.4 Сөздерге антонимдер тауып жазыңыз, олармен сөйлем құраңыз.

кіші

ауыр

көп

жылы

үлкейту

ерте

қосу

жақсы

қысқа

басы

жылдам

таулы

3.5 Мәтінді оқып, аударыңыз.

 

4 Жел энергетикасы

 

Жел энергетикасы – жел энергиясын механикалық немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, «Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы» мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады. Республикамыздың барлық өңірлерінде жел қуаты жеткілікті. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағында 40-ендікте Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын Орталық Азиядағы «жел полюсі» деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10-12 км, ұзындығы 80 км) табиғи «аэродинамикалық құбыр» болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш – Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8 – 7,8 м/с, ал жел электр станциялары 4-5 м/с-тан бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге және, әсіресе, қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді.

 

4.1 Мәтінге байланысты сөз тіркестерін аударыңыз.

Электр энергиясына түрлендіру, энергетиканың саласы, ұтымды пайдалану мүмкіндіктері, экологиялық және экономикалық артықшылықтары, тұрақты пайдалану, кешенді түрде ұштастыру, электр энергиясын өндіруге өте тиімді, ауа массасының көлемі, желдің қуаты, энергия көзі,

 

4.2 Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауымен мәтінге байланысты сұраулы сөйлемдер құраңыз.

1) ма ______________________________________________________

2) ме ______________________________________________________

3) ба ______________________________________________________

4) бе ______________________________________________________

5) па ______________________________________________________

  6) пе ______________________________________________________

 

4.3 Көп нүктенің орнына керекті қосымшаларды жалғай отырып, мәтінді оқып, мәтінге ат беріңіз.

 

Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келісімдер... ар­қа­сында алдағы уақытта бұл елден жел және күн энергияс... өнді­ре­тін жабдықтарды тегін алу жө­нін­... келісім жасалынды. Өт­кен жыл­дың 26 қыркүйегі... Ас­тана қала­сын­да Индустрия және жаңа технологиялар ми­нистр... Әсет Исекешев пен ҚХР коммерция министрі­нің орынбасары Чжун Шань арасында Қа­зақ­стан мемлекетіне балама қуат көз­дерін игеру мақ­сатын... тех­никалық көмек көр­се­ту жө­нін­дегі келісім... қол қой­ды. Өт­кен жыл­дың 15 маусымында Корея­... «Ко­риа Электрик Пауэр Корпорейшн» және «Самсунг Си Энд Ти Корпо­рейшн» компаниялары... елі­міз­де жел электр стансалар... салу жөнінде келісім жасалды.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Қа­зақ индустрияны дамыт... институты» АҚ-пен бірлесе отыр..., өткен жылы Маңғыстау облы­сы­ның Форт-Шевченко қаласы... ма­ңын­да қуаты 42 МВт жел электр стансасын қосу кестесін және Шелек дәлізінде қуаты 51 МВт жел электр станса... салу жобасын бекітті. 2011 жыл... бірінші жар­тыжылдығын... Қа­зақ­­стан Рес­­публикасы Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарлама... арасында «Қа­зақ­­стан – жел энергетикасы рыногын дамыту бастамасы» атты бірлес­... жобасы жасалды.

 

4.4 Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

 

5 Күн энергетикасы

 

Күн энергетикасы (Гелиоэнергетика; гр. helios – күн және энергетика) планетамыздағы ең маңызды тіршілік көзі. Ол Жер ғаламшарының атмосферасы мен беткі қабатын әрдайым жылытып отырады. Күн энергиясы арқылы желдің соғуы, табиғаттағы судың айналымы, өсімдіктер дамуы, жануарлардың азықпен қамтамасыз етілуі жүзеге асады. Сонымен қатар, тікелей Күн энергиясының әсерінен Жер қойнауында қазба байлықтар түзіледі. Күн энергиясын жылуға немесе суыққа, электр энергиясына немесе қозғалтқыш күшке айналдыруға болады.

 Күн бізді тегін энергиямен қамтамасыз етеді және бүл энергияның мөлшері әлемде тұтынылатын энергия мөлшерінен 10 000 есе артық. Күн коллекторлары арқылы тұрғылықты үйлерді және көлемді ғимараттарды ыстық сумен қамтамасыз етуге болады. Күн сәулесі параболалы айналар (рефлекторлар) арқылы концентрацияланып жылу алуға пайдаланылады. Цельсий шкаласы бойынша бірнеше мың градусқа дейін барады. Ал жылуды өз кезегінде жылыну үшін немесе электр энергиясына айналдыруға болады. Одан басқа, Күн энергиясын электр тогына айналдырудың тағы да бір түрі белгілі. Ол – фотоэлектрлі технологиялар. Фотохимиялық элементтер бұл –күн радиациясын тікелей электр тогына түрлендіретін құрылғылар.

Көпшілік мемлекеттерде ғимараттардың қабырғалары мен төбесіне түсетін күн энергиясы сол ғимарат тұрғындарының пайдаланатын энергиясынан сан есе артық болады. Күн сәулесі мен жылуын пайдалану-таза, қарапайым және бізге қажетті энергияны алудың табиғи қалыптасқан түрі болып табылады. Күн радиациясын пайдалы энергияға өзгертудің екі әдісі белгілі: активті және пассивті технология. Активті күн жүйелеріне коллекторлар мен фотоэлектрлі элементтер жатса, пассивті жүйелер ғимараттардың құрылысын жобалау кезінде олардың архитектурасын жоғары энергия алуға бағыттайды.

Ерте кезден бастап адамзат Күн сәулесін су жылыту мақсатында пайдаланды. Күн энергиясын түрлендіретін жүйелердің жұмысы күн коллекторларына негізделеді. Коллектор Күн энергиясын жұтып, оны жылуға айналдырады. Ал содан кейін жылу ары қарай сұйықтық немесе газ арқылы тасымалданып, кейін ғимараттарды жылыту, су жылыту, электр энергиясын генерациялау, шаруашылық өнімдерін кептіру, тамақ дайындауға пайдаланылады. Күн коллекторларын жылу пайдаланатын кез келген орында қолдануға болады.

 

5.1  Берілген сөз тіркестерін қолдана отырып, «Күн энергетикасының даму болашағы» атты тақырыпта өз ұсыныстарын, ойларын айту.

1) Қазақстан мемлекеті          ..........................................................................

2) Күн сәулесі                        ...........................................................................

3) Білікті маман                       ..........................................................................

4) Ауыл шаруашылығы          ..........................................................................

5) Энергетиканың жаңа саласы ......................................................................

6) Қазақстандық өндірушілер .........................................................................

7) Экологиялық жағынан        ........................................................................

8) Жаңа жобалар                      ........................................................................

9) Ауыл тұрғындары                .........................................................................

10)Тиімді және тиімсіз жақтары .....................................................................

 

        5.2  Сын есімді еске түсіріп, анықтауыштық тіркестерді теріп жазыңыз.

Үлгі: фотохимиялық элементтер

 

  5.3 Қосымша берілген мәтінді аударып, мазмұны бойынша сұрақтар қойыңыз.

 

Бұлттар Күннен келетін сәулелерге қалай әсер етеді?


      
Ғалымдар тропосфераны зерттеу нәтижесінде Күннен келетін радиацияның (сәулелердің) Жерге жетуіне әсер ететін тағы да бір елеулі факторды анықтап отыр. Ол – бұлттар. Күн бұлтты болса Жерге келіп жететін сәулелердің үлесі де кеми түседі. Демек, бұлттылығы басым жерлерде құмды және шөлді жерлерге қарағанда салыстырмалы түрде түсетін күн сәулесі (сонымен қоса одан алынатын энергия) аз болады. Ал бұлттардың түзілуіне мынадай жағдайлар әсер етеді: жергілікті жердің рельефі, таулары, өзендері мен көлдері, мұхиттан орналасу қашықтығы. Сондықтан таудың басында және оның етегінде алынатын энергияның мөлшері әр түрлі болады. Себебі, тауға бағытталып соққан желдер төменде орналасқан ауа массасын жоғары көтеріп, ылғалды суытады да, қысымның күрт өзгерісі кезінде бұлттар түзіледі.

 

5.4  Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

 

        6 Күн коллекторларының түрлері


         Қарапайым күн коллекторы ғимараттардың шатырына орнатылған құбырлар немесе металдан жасалған пластина арқылы күн сәулесін жинақтайды. Әдетте оларды қара түске бояп қояды, оның себебі, қара түс өзінің спектрлік қасиетіне орай жарықты және жылуды өзіне жақсы тартады. Жылу мөлшерін көбейту үшін құбырларды көбінесе шыны конустарға орнатып, сәл оңтүстікке бұрып қояды. Немесе басқаша айтсақ, күн коллекторлары бұл жылыжайлардың шағын үлгісі (екеуінің жұмыс істеу принципі ұқсас), шыны астында жылу жиналады да, кейін ол суды жылытады. Ал түсетін сәуленің мөлшері арту үшін коллектордың ауданы үлкен болғаны тиімді.

Қолданысына қарай коллекторлар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, коллектор күннен алған жылуды тұрмыстағы суды жылыту үшін немесе үйдегі орнатылған су жылытқыштар үшін судың бастапқы температурасын көтеру үшін пайдаланылады. Яғни, егер тұрмыстағы краннан ағатын су температурасы 300°С болса, коллектор арқылы оны 70-900°С температураға дейін көтеруге болады. Осы бере алатын температурасына қарай коллекторлар былай жіктеледі.

 Аса жоғары температураны қажет етпейтін жерлерде, көбінесе бассейндердегі суды жылыту үшін төменгі температуралы коллекторлар пайдаланылады. Олардың бере алатын температурасы 500°С - ден аспайды.
         Орта деңгейлі коллекторлар арқылы 500С-ден жоғары температураны алуға болады (60-800°С). Әдетте, бұл шыныландырылған жалпақ коллекторлар, мұнда жылу тасымалдағыш қызметті сұйықтықтар атқарады.   

Орта деңгейлі коллекторлардың тағы бір түрі концентраторлы коллекторлар. Аты айтып тұрғандай, олар күн сәулесін ұзақ жинақтап барып, жоғары жылу бере алады. Осы коллекторлардың бір түрі – вакуумды күн коллекторы. Ол көпшілік жағдайда тұрмыста суды жылыту үшін қолданылады.
          Ең қуатты күн коллекторлары параболалы табақ тәрізді болады. Оларды электр энергиясын генерациялаушы алып мекемелер пайдаланады, мұнда күн жылуынан тікелей электр энергиясын алады.

Айтарлықтай қаражатты қажет етпейтін және аз уақыт ішінде өзінің тиімділігін көрсете алатын заманауи құрылғылардан Қазақстан зәрулік көріп жатқан жоқ. Бүгінде Алматы, Қарағанды, Астана қалаларында Күн энергиясының тиімділігін түсінген адамдардың қатары көбеюде.

 

6. 1 Сөздерге жалғанатын қосымшаларды теріп жазыңыз.

1) Көктем + (-ға, -ге, -де, - лар, -ді, -ма, -ме, -тер, -бе, -нен, -тің, -ның).

2) Температура + (-ға, -ге, -де, - лар, -ді, -ма, -ме, -тер,  -нен, -тің, -ның).

3) Кітап + (-тар, -ді, -ма, -пен, -ме, -тер,-да, -ге, -де, -дың, -ты).

4) Сарбаз + (-дар, - лар, -ді, -ма, -дан, -ға, -ме, -тер,-да, -ге, -дың).

5) Азамат + (-тар, -ді, -ма, -дан, -ме, -тер,-да, -ге, -де, -дың, -ты).

 

6.2 Берілген сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құраңыз.

1) электрлендіру негізінде/қазіргі уақытта/кеңінен енгізіліп отыр /механикаландыру мен автоматтандыру/өндіріс процестерін комплексті/

2) токтар мен болаттар шыңдалуда./көмегімен/металдар пісіріліп, /электр энергиясы/жоғары жиілікті/

3) ондаған жылдар ғана өтсе, /өтіп отыр /едәуір мерзім /ондаған жылдар ғана өтсе, /егер электрониканың пайда болғанына/ал электр техникасы мен электр энергетикасының/

4) ауыл шаруашылығының /маңызы зор /энергетика мен электрлендіру /рөл атқарады /барлық саласының дамуында/

 

6.3 Берілген сөздерді көп нүктенің орнына қойыңыз.

Әріптес, маман, бас, ел, қонақ, көрші, жас, аты-жөн,бала.

Алматы .......+іміздің оңтүстік астанасы. Ол шетелден келген ...+тарды қарсы алды. Сіз – бөлім ...+тығысыз. ...+леріңізге мінездеме жазыңыз. Сіздің ...+ дығыңыз қандай? ...+ыңыз нешеде? Менің ......+ім Сабыр Ғазизұлы. Ол кісінің ...+ лары кеше келді. Театрға...+ теріңізбен бардыңыз ба?

 

6.4 Әр бөліктің мазмұнына сай мәтінге бірнеше сұрақтар қойыңыз.

 

  6.5 Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

7 Биоэнергетика

 

Энергетиканың бұл саласы энергияны, отынды және басқа материалдарды биологиялық шикізат негізінде өндіруге арналған. Биологиялық шикізат немесе биомасса қорлары: дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, өсімдік шаруашылығының, мал шаруашылығының, балық өнеркәсібінің қалдықтары, өнеркәсіп және адам тіршілігінің органикалық қалдықтары болуы мүмкін. Қол жетімді шикізаттың мұндай алуан түрлілігі отын (биодизель, биоэтанол), электр энергиясы мен жылу (биогазды жағу есебінен) және басқа да материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарын өңдеудің әлеуеті Қазақстанда жылына 35 млрд. кВт. сағ және 44 Гкал. жылу энергиясы болып бағаланады. Дәнді-дақылдар сабаны Қазақстан Республикасында ең маңызды жаңаланатын  энергетикалық ресурсы болып табылады.  1990 жылы сабанды шығару 37 млн. тонна құрады. Осы көлемнің 20 пайызы энергетикалық мақсатта пайдаланылатынын ескерсек, онда энергия өндірімі 87 ГВт аса құрайды.

Қазақстанда орман 10 млн. га-дан  аса алқапты алуда, бұл елдің жалпы аумағының 4 % құрайды, соның ішінде 4700 мың га-да сексеуіл өседі. Ағаш өңдеу кәсіпорындарында ағаш кесетін жер мен ағаш өңдеуде ағаш сүрегі  қалдықтарының көлемі және отын ретінде пайдаланылатын ағаш сүрегі 1,3 млн. м3 немесе 1 млн. тонна құрады. Сөйтіп, ағаш қалдықтарының энергетикалық әлеуеті 200 мыңнан аса м.э.т. құрайды.

Өзге әлеуеттік бағыт биогазды пайдалану болып табылады, ол фермалар мен құс фабрикаларының қалдықтарынан,  ауылшаруашылық кәсіпорындарында өзіндік қажеттілік үшін өндіріледі.

Қазақстанда  едәуір  мал басы мен құс бар. Қара мал қалдықтарынан метанды өндіру әлеуеті 85 мың тоннадан аса  немесе 52 мыңнан аса м.э.т. құрайды.

Соңғы жылдары  биогазды өндіру үрдісіне қызығушылық елеулі өсті – бұл жоспарланған және салынып жатқан биогаздық қондырғылар санының өсуімен ғана байқалмайды, фермерлер, коммуналдық шаруашылықтар, кәсіпорындар, саясатшылар және жеке шаруашылықтардың едәуір бөлігінің қызығушылығын туғызуда, олар осы сектордың дамуын мұқият байқауда. Энергетика саласы биогаздық қондырғылардың салынуына байланысты өндірісті орталықсыздандыруға бұрынғыдай алаңдаушылықпен қарамайды.

Бұл технологияның қоршаған ортаға пайдалы екеніне көз жеткізген адамдар  өз жақтаушыларын табуда. Биогазды өндірудің балама әдісі – қоқысты өңдеудің заманауи жүйелерін пайдалану, мысалы, механикалық, биологиялық өңдеу болып табылады. Биогазды әртүрлі кең құлашты қондырғыларда алуға болады, әсіресе, агроөнеркәсіп кешендерінде тиімді, онда толық экологиялық цикл мүмкіндігі бар. Биогазды жарықтандыру, жылыту, тамақты әзірлеу, тетіктерді, көлікті, электр генераторларын іске қосу  үшін пайдалануға болады.

7.1 Берілген сұрақтарға өз ойларыңызбен жауап беріңіз.

1) Био энергетика туралы не білесіз?

2) Био энергетикасының тиімділігі неде?

3) Биогаз қандай тәсілдермен алынады?

4) Қазақстанның ауылдық өңірлерінде биогазды игерудің болашағы бар деп ойлайсыз ба?

 

7.2 Мына сөздердің аудармасын табыңыз.

 

электр бұйымдары -

электр аспап –

энергия көзі –

электрмен пісіру -

электр апаратпен сауу -

электрлендіру –

электр өлшеуіш аспап –

электр қондырғы –

электр бұрғы -

электрбарлама -   

              

(электросварка, электротовары, электроизмерительный прибор, источник энергии, электроразведка, электризовать, электроприбор, электросверло, электродойка, электроустановка)

 

7.3 Берілген сын есімдерге синоним табыңыз.

 

Әділетті, тұңғыш, көне, қадірлі, қолайлы, үлгілі, сұлу, берік, аласа, жуан, биік

 

7.4 Төмендегі сөздерді өткен шақта және осы жақта жіктеңіз.

Пайдалану, атқару, тасымалдау, жоспарлау, әзірлеу.

 

7.5 Мәтінді оқып, аударыңыз.

 

8 Тұрмысты электрлендірудің әлеуметтік-экономикалық және техникалық алдыңғы себептері                                 

 

Ауылды жердегі үйлерде жылылық алуға негізінде қатты отын қолданылады. Оны пайдаланғанда едәуір еңбек және уақыт шығынданады. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерде үй-жайлар аз қабатты және олардың жанында учаскелер болғандықтан, жылулық жүктеме төмен мәнді болады. Сондықтан оларды орталықтан жылылықпен жабдықтау тиімсіз келеді. Өйткені, жылу тораптары ұзын болғандықтан оларда қызмет көрсетуге қажетті пайдаланатын шығындар көбейеді және қосымша жылылық шығындары болады. Осы себептерден тек электр энергиясын пайдалану ауыл тұрғын үйлерін жылумен жабдықтау мәселесін ұтымды шешуге мүмкіншілік береді.

Ауыл тұрғын үйлерін электр энергиясын пайдалану негізінде жылумен жабдықтау жүйесінің дамуына әсер ететін негізгі техникалық факторлар:

-   электр – энергетикасының дамуы;

-   электр-термиялық тұрмыс аспаптарымен түнгі уақытта электр станцияларының артық қуатын пайдалану;

-   қазып алынатын жылу ресурстары қорының өлшеулігі және оларды өндірудің қымбатсуы;

-   үй-жайларда температураны біркелкі реттеу мүмкіншілігін, жоғары дәрежелі ауа тазалығын және үлкен комфорт қамтамасыз ететін электрлі жылыту жүйелеріне үлкен сұраныс.

Осы себеп факторлар ауыл тұрмысын электрлендірудің болашағын қамтамасыз етеді.

Электр –термиялық тұрмыс аспаптары пайдалану мақсатына орай бес топқа бөлінеді: тамақ дайындауға арналған, адамның өзінің гигиенасына және үтіктеуге арналған және қыздырғыш электр-құралдар.

Негізгі топқа жататын аспаптар дайындалуына, жылу бергіштігіне, құрастырылымдық және басқа белгілерге орай қосымша топтарға бөлінеді. 

 

8.1  Берілген етіс түрлерімен сөйлем құраңыз.

Жіберді, пайдаланылды, жеткізілді, дамыды, істелінді,

 

8.2 Қосымша берілген сөз тіркестерін аударыңыз.

мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу; ауыл шаруашылығына арналған машиналар жүйесін, технологиялар мен техникалық құралдар жасау; техникалық қызмет көрсету мен техникаларды пайдалануды ұйымдастыруды ғылыми негіздеу; жем өндірісі мен жем дайындау үшін техникалық құралдарды әзірлеу; электрмен, сондай-ақ жылумен қамтамасыз ететін жабдықтарды жасау; ауыл шаруашылығын электрлендіру жұмыстарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

 

8.3 Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойыңыз.

Мемлек...т, да...дарыс, құр...лғы, сап...,  т...лқ...жат, ...зіліс, қаз...р, ...аржы, тол...ғай, зам...науи, уа...ыт, жы...дам...ық, ...р...птес, мам...нды....

 

8.4 Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

 

        9 Жергілікті жылытуға арналған құралдар

 

        Ауылшаруашылық өндірісінде қолданылатын жылыту тәсілдерінің ішінде құрамалы жылыту тәсілі тиімді келеді. Бұл тәсіл, әсіресе төлдер тұратын қораларда өте тиімді болады. Сондықтан құрамалы жылыту тәсілін мегежін, бұзау, қой қораларында пайдалануға ұсынуға болады. Құрамалы жылытуда қоражайларды жалпы жылыту жүйесі және жергілікті жылытуға арналған құрылғылар пайдаланылады. Жалпы жылыту ыстық сумен, бумен, электр жылылығымен немесе жылу генераторларымен орындалуы мүмкін.

         Жергілікті жылыту құрылғылары тек мал төлдері мен құс балапандары тұратын орындарды ғана жылытады. Өйткені төлдер мен балапандардың туғаннан кейінгі бастапқы күндерінде өздерінің температурасын реттеп тұратын қабілеті әлі дамымаған болады. Сондықтан олар өздері денесінің температурасын тұрақты ұстай алмайды. Төлдер мен балапандардың денелері салқындап кетпес үшін олар тұратын жерлерде температура жоғары мәнде тұрақты ұсталуы керек. Осы жағдайда төлдер мен балапандар ауырмай жақсы өседі. Олардың өнімділігі мен сақталуы жоғарылайды. Сонымен қатар, температураны тек төлдер мен балапандар тұратын жерде ғана жоғары деңгейде тұрақты ұстағандықтан, құрамалы жылыту тәсілінде жылу энергиясының жалпы шығыны аз болады. Осы себептерден өнімнің құны төмендейді.

         Электрлік жылытылатын едендер мал және құс фермаларында мегежіндерді, торайларды, бұзауларды, қозыларды және тауық, үйрек, күркетауық балапандарын жалпы және жергілікті жылытуға пайдаланылады. Оларды жаңа салынып жатқан және пайдаланылып отырған ескі мал және құс қораларында жасауға болады. Электрлік жылытылатын едендер тұтас тілкем (полоса) немесе жеке кіші алаң түрінде дайындалады. Бұл тәсілде еденнің астына арнайы қыздырғыш элементтер салынады.

         Электрлік кілемшелерінің бірнеше типтері ойлап шығарылады. Олар аралығына арнайы жылытқыш сым бір қалыпты тәртіппен ирек-ирек төселген екі қабат химиялық әсерге берік резеңкеден жасалынады. Олар торайларды жылытуға арналады.

Қозыларды алғашқы сағаттарда кептіріп сақтау үшін электр-грелкалар қолданылады. Грелка түбіне резеңке ішпек төселген ағаш жәшік түрінде жасалады. Ішпектің ішінде мырышпен қапталған болат сымнан шиыршық (спираль) түрінде дайындалған қыздырғыш элемент төселген. Құрылғының қуаты – 70 Вт, қоректену кернеуі - 36 В.

Орталық жылыту-желдету қондырғылар орнатылған қоражайларда төлдер мен балапандарды жергілікті қосымша жылытуға электр жылытқыш-конвекторлар қолданылады.

Электрлік жылытылатын панельдер өндірістік және тұрмыстық үйжайларды жылытуға арналады. Қазақстанның көп облыстарында мал қораларын және басқа өндірстік үйжайлардың кіші көлемді бөлмелерін жылытуға электрлік жылытылатын панель пайдаланылады.

9.1 Мына сөздердің аудармасын табыңыз.

электропривод –

электрорезка –

электрострижка –

электрический запал –

электролампа –

электролиния –

электропроводность –

электрорубанок –

электронагревательные приборы –

электромагнитные волны –

(электр өткізгіштік, электр кескіш, электр магниттік толқындар, электрлі тұтандырғыш, электр желісі, электр қыздырғыш аспаптар, электр жетек, электр қырықтық, электр сүргі, электр шамы)

 

9.2 Сөздерді аударып, сөз тіркестерін құраңыз.

Өндіру, жүйе, қасиет, ғылым, үнемдеу, жетілдіру, тиімді, жүзеге асыру, тұтынушы, электр.

 

9.3 Жақша ішіндегі етістікті көсемшеге айналдырыңыз.

1. Ол сұрақтарға жауап (беру), мәтінді аударуға кірісті. 2. Мен саған (бару) жатырмын. 3. Саған (айту) жалықтым. 4. Теледидар сатып (алу), жеңілдікке ие болды. 5. Интернетке (қосылу) кітапханаға барған емеспін. 6. Сен (кету) бір сағат болды. 7. Есепті (шығару), оқытушыға көрсетті. 8. Модемді (қоспау) Интернетке шыға алмайсың. 9. Жаттығуды (орындау), музыка тыңдады.

 

9.4 Мәтін ішінен тұйық етістікті теріп жазыңыз және оның біреуін септеңіз.

 

9.5 Мәтінді оқып, аударыңыз.

 

10 Ауылшаруашылық өнімдерін жылулық өңдеуге және кептіруге  

арналған электр-термиялық жабдықтар және активті желдету                   

 

Жылулық өңдеу – жылылық әрекетінен материалдардың күйін, құрылымын немесе физикалық – химиялық қасиеттерін өзгертетін технологиялық үрдіс.

Ауылшаруашылық өндірісінде өнімдер мен мал азығын жылулық өңдейді (буландырады, пісіреді, жылытады). Осының нәтижесінде олардың азықтық сапасы жоғарылайды, микроорганизмдерге қолайлы жағдайлар тұрғызылады (сүрлеу, ашытқылау және басқа биологиялық үрдістері) немесе өнімдерді залалсыздандыру мақсатында (сүтті, жеміс-жидек шырындарын пастерлеу, стерилдеу) микроорганизмдердің дамуы басылады. Дәндерді егу алдында өңдеу және қойма зиянкестерін құрту үшін астықты дәрілеуде жылулық әрекет ету қажет келеді.

Кептіру жылулық өңдеудің бір түрі болып табылады. Дәндерді, пішенді, жеміс-жидектерді, көкөністерді, сүтті, қарасораны, зығырды және басқа өнімдерді кептіру кең таралған. Қазіргі жылулық кептіру тәсілдерінде (конвекциялық, жылу өткізгіштік, терморадиациялық) электрлік қыздыруды пайдалануға болады. Электрлік және оттық кептіргіштерде кептіру үрдістері бірдей өтеді, тек жылылықты алу тәсілі бойынша ерекше келеді. Әртүрлі материалдарды жылулық өңдеуге электрлік қыздыруды пайдаланғанда үрдістердің басқарылуы және сапасы жоғарылайды,  оларды автоматтандыру жеңіл болады. Материалға және өңдеу түріне байланысты мына қондырғылар пайдаланылады: желдеткіштер және электр-калориферлер негізінде дайындалған активті желдету және конвекциялық кептіру қондырғылары; инфра-қызыл сәулелерімен және жоғары жиілікті қыздыру қондырғылары; кедергімен тікелей және жанамалы қыздыру қондырғылары. Активті желдету және конвекциялық кептіру қондырғылары кең таралған. Инфрақызыл сәулелерімен және жоғары  жиілікті қыздыру құрылғыларының болашағы зор деп есептеледі.

Материалдарды кептіру және жылулық өңдеу үрдістерінде электр-термиялық жабдықтарды кең пайдаланбаудың негізгі себебі – осы үрдістерінде энергия шығындарының үлкен болуы.

Активті желдету мына мақсаттарға қолданылады: дәнді белгілі уақыт ішінде сақтау үшін тез салқындатуға; дәнді фумигациялағаннан кейін дәнді газсыздандыруға; органнан кейін дәннің тезірек пісіп жетуі үшін оны жылытуға; егу алдында дәнді жылулық өңдеуге; дәнді кептіру үшін жылытуға; дәнді қоймадағы дәнді өздігінен қызуынан сақтандыруға.

Активті желдету дәнді және пішенді өңдеудің өте тиімді және нәтижелі тәсілі болып саналады. Дәнді активті желдету қоймаларда, арнайы алаңдарда немесе активті желдету бункерлерінде өткізіледі. Пішенді активті желдету пішен қоймаларында немесе арнайы қалқаның (жаппаның) астында өткізіледі.

Қойманың құрастырылымына байланысты ауаның дәндер қабатымен өтуінің тік, горизонталь немесе радиальды сұлбалары пайдаланылады.

Дәнді кептірудің алдында салқын ауамен үрлеп, оны біраз уақыт сақтауға болады. Температураны +10 градусқа дейін төмендеткенде дәнде жүретін биохимиялық үрдістер баяулайды, сондықтан ол біраз уақыт сапасын төмендетпейді.

Астықты активті желдету тәсілінде дән араластырылмайды, зақымданбайды, кептіргенде асқын қызбайды. Негізінде бұл үрдіс қоймаларда және арнайы бункерлерде орындалады. 

 

10.1 Берілген мәтіннен етістіктерді тауып, есімшенің – атын, етін, йтын, йтін, ған, ген, қан, кен, р, ар, ер жұрнағының бірін жалғап сөз тіркесін жасаңыз.

10.2 Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз

  

Электрлік қазанжайлар 

1. Қолдану ... орай электрлік қазанжайлар жергілікті және орталық болып бөлінеді. 2. Жергілікті қазанжайлар жеке үйжайлардағы тұтынушыларды ... қамтамасыз етуге пайдаланылады. 3. Олар ... мамандандырылған болады. 4. Мысалы, тек үйжайларды жылытуға немесе ыстық сумен ... етуге арналған. 5. Жергілікті қазанжайларда су қыздырғыштар немесе буөндіргіш қондырғылар ... тәуелсіз жұмыс істейді. 6. Орталық электрлік қазанжайлар көптеген әр түрлі ... жылылықпен жан-жақты қамтамасыз етуге арналады. 7. Оларда су қыздыруға немесе бу өндіруге ... су қыздырғыштар немесе бу генераторлары (қазандары) қолданылады. 8. Бұл-олардың орталық отындық қазан – жайлардан негізгі ....

 

Керекті сөздер: тұтынушыларды, негізінде, электродтық, мақсатына, бір-бірінен, жылылықпен, айырмашылығы, қамтамасыз.       

 

10.3 Бойынша, үшін, арқылы, ретінде, туралы шылаулармен мәтіннен тыс сөйлемдер құраңыз.             

 

10.4 Мәтінді оқып, аударыңыз.

 

11 Бу генераторлары

 

         Ауылшаруашылық өндірісінде бу мал  қоралары мен басқа өндірістік үй-жайларды жылытуға қолданылады. Сонымен қатар, бу жем –шөпті жылулық өңдеуге, сүтті пастеризациялауға (ысыту арқылы өңдеуге), сүт ыдыстарын және жылыжайларда топырақты зарарсыздандыруға кең пайдаланылады. Осындай жылулық жұмыс үрдістерін бумен қамтамасыз ету үшін от жағатын және электрлік бу қазандары қолданылады.

Электрлік бу генераторлары негізінде электродты болып дайындалады. Өйткені, бу қазандарында қыздырғыштардың беті қақтануы нәтижесінде олардың жұмыс істеу жағдайы өте ауыр болады. Қақтану қыздырғыштардың салқындау жағдайын нашарлатады және олардың қызмет ету мерзімін азайтады. Электродтық жүйелеріне бұл құбылыс аз әсер етеді және оларды қақтан тазарту жеңілдеу келеді.

Ауылшаруашылық өндірісінде бу өндіруге төмен кернеуі КЭПР (реттелетін электродты бу қазаны) және КЭП (электродты бу қазаны) типті электродты бу қазандары пайдаланылады.

Электродты бу және су қыздырғыш қазандарының құрылысы мен жұмыс істеу приципі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары аз келеді. Бу қазандарының электродты су қыздырғыштардан құрылмалық ерекшеліктері болады.

Бу қазандарында су буланады, ал оның құрамындағы тұздар қалады. Сондықтан жұмыс үрдісінде судың ток өткізгіштігі жоғарылайды да электр тогының мәні өседі. Бұл электродтық жүйені апаттық жұмыстан шығаруы мүмкін. Осы себептен барлық бу генераторларында үзіліссіз немесе мерзімді үрлеу қарастырылады.

Бу генераторларының барлық құрылмалық сұлбаларында электродтардың суға батырылу тереңдігін өзгерту (су деңгейін өзгерту) арқылы қуатты автоматты реттеу (жүкке байланысты) қарастырылады.

бу қазаны-паровой котел

су қыздырғыш -водонагреватель

бу генераторы- парогенератор

автоматты реттеу- автоматическое регулирование

судың ток өткізгішгі -токопроводимость воды

су энергиясының қорлары- запасы гидроэнергии

қақтану- накипеобразование

үрлеу- продувка

құрамы- состав

жылыжай -теплица

 

11.1 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Ауылшаруашылық өндірісінде, жылытуға қолданылады, топырақты зарарсыздандыру, бумен қамтамасыз ету, электрлік бу қазандары, қыздырғыштардың беті, су буланады, қуатты автоматты реттеу, апаттық жұмыстан шығару,  жұмыс үрдісінде, жұмыс істеу принципі бойынша, бір-бірінен айырмашылықтары, аз әсер етеді, қақтан тазарту, электродтық жүйе.

         

          11.2  Берілген етіс түрлерімен сөйлем құраңыз.

Ашылды, жуынды, істелінді, кесті, өшіргізілді, қарастырылды, терілді, жіберді, ойлады, сүртінді,тазаланды, келді, пайдаланды.

           

11.3   Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

 

Альтернативная энергетика

Большинство направлений нетрадиционной электроэнергетики основаны на вполне традиционных принципах, но первичной энергией в них служат либо источники локального значения, например ветряные, геотермальные, либо источники находящиеся в стадии освоения, например топливные элементы или источники, которые могут найти применение в перспективе, например термоядерная энергетика. Характерными чертами нетрадиционной энергетики являются их экологическая чистота, чрезвычайно большие затраты на капитальное строительство (например, для солнечной электростанции мощностью 1000 Мвт требуется покрыть весьма дорогостоящими зеркалами площадь около 4-х км²) и малая единичная мощность.

         11.4 Әр бөліктің мазмұнына сай мәтінге бірнеше сұрақтар қойып, мәтінді толық аударыңыз.

11.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

12 Элементтік су қыздырғыштар

 

Элементтік су қыздырғыштарда түтікті электр қыздырғыштар (ТЭҚ) пайдаланылады. Сондықтан олар электродтық су қыздырғыштарға қарағанда эксплуатациялауда қауіпсіз, суды  ластамайды және олардың қуаты өзгермейді. Бірақ қыздырғыштардың жұмыс істеу мерзімі аз болғандықтан, олардың сенімділігі төмен және эксплуатациялық шығындары жоғары болады. Элементтік су қыздырғыштар кіші қуатты (30 кВт дейін) болып шығарылады. Олар тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтауға қолданылады.

Ауылшаруашылық өндірісінде элементтік электрлік су қыздырғыштар мал фермаларында, кешендерінде, құс фабрикаларында, жылыжайларда, көшетжайларда, гараждарда, жөндеу шеберханаларында, тұрмыстық кәсіпорындарында және т.б. өндірістік үй-жайларда пайдаланылады. Олар өндірістік үй-жайларды орталық жылу жүйесінен ыстық сумен жабдықтауға мүмкіншілік болмағанда немесе ондай жабдықтау тиімсіз болғанда қолданылады.

Қазіргі уақытта жылу энергиясын шоғырлап жинақтайтын жеке су қыздырғыштар кең таралған. Олар автоматты басқарылады. Мұндай су қыздырғыштардың пайдалы әсер коэффициенті жоғары болады. Оларда су температурасын және оның қыздыру жылдамдығын реттеу жеңіл келеді. Орталық жылу жүйесінен ыстық сумен жабдықтауға қарағанда, жеке су қыздырғыштарды ыстық су тұтынатын жерге қою тиімді келеді. Осы себептен түтік және басқа металл бөлшектердің шығыны азаяды. Элементтік су қыздырғыштар бір және үш фазалық болып дайындалады. Ауыл шаруашылығында ЭВН типті элементтік жинақтаушы су қыздырғыштар пайдаланылады.

Ауылшаруашылығына арналған су қыздырғыштарда сыртқы түтігі тот баспайтын болаттан дайындалған және құрылмасының саңылаусыздығы жетілдірілген түтікті қыздырғыш элементтер пайдаланылады.

ЭВН типті электрлік су қыздырғыштар кернеуі 380/220 В үш фазалы айнымалы ток электр торабына қосуға арналған. Олар ГОСТ 19348-74 «Ауыл шаруашылығына арналған электр-термиялық бұйымдар. Жалпы техникалық шарттар» деген мемлекеттік стандарттың талаптарына толық жауап береді.

ЭВН типті су қыздырғыштардың барлық тораптары мен бөлшектері бірыңғайланған. Осы себептен олардың құны төмендеді, өндіру технологиясы оңайланды, қыздырғыштарды жөндеу және пайдалану кезінде стиль техникалық қызмет көрсету жеңілдеді.

 

12.1 Берілген сөз тіркестерін аударыңыз.

Элементтік су қыздырғыштар, түтікті электр қыздырғыштар, суды ластамайды, қуаты өзгермейді, жұмыс істеу мерзімі, сенімділігі төмен, шығындары жоғары, орталық жылу жүйесі, мемлекеттік стандарттың талаптары, барлық тораптары мен бөлшектері, өндіру технологиясы, құны төмен,  қыздырғыштарды жөндеу және пайдалану, пайдалы әсер коэффициенті, бір және үш фазалық, тот баспайтын болаттан дайындалады, электрлік су қыздрғыштар кернеуі, айнымалы ток, электр торабына қосуға арналған, электр-термиялық бұйымдар.

 

         12.2 Мәтін ішінен тұйық етістіктерді теріп жазыңыз және олармен мәтіннен тыс сөйлем құрыңыз.

 

         12.3 Сәйкес қосымшаны белгілеңіз. Сөйлемдерді аударыңыз.

Ауыл шаруашылығы...мен/на/н арналған электр термиялық жабдықтар технология...сы/лық/мен  арналымы бойынша былай топтастырылады:

-         су қыздыру...ға/мен/да және бу өндіру...ге/ға/де арналған ЭТЖ;

-         ауылшаруашылық үйжайлары...на/мен/нда микроклимат жасауға арналған ЭТЖ;

-         ауылшаруашлық өнімдер...ге/ін/де жылулық өңдеу...е/ге/і, кептіру...ға/ге/де және сақтау...ге/ға/ы арналған ЭТЖ;

-         көшетжайлар мен жылыжайлар...ге/ға/ды арналған ЭТЖ;

-         жөндеу-механикалық шеберханаларына арнал...ған/ды ЭТЖ;

-         тұрмыстық электр термия...ны/лық приборлар.

 

12.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

13 Электрлік жылумен қамтамасыз етуде энергияны үнемдеу

 

Ауыл шаруашылығында электр энергиясының 40% шамасында жылулық қажетке пайдаланылады. Энергияны тұтыну одан да жоғарылауы керек. Энергияны тұтыну жоғарылауының 50-75% - ын оны үнемдеумен және тиімді (рационалды) пайдаланумен қамтамасыз етуге болады. Зерттеулер нәтижесінде үнемделген шартты отынның 1 тоннасының өзіндік құны өндірілген отынның құнынан шамамен екі есе арзан екендігі анықталады.

Энергияны үнемдеудің және тиімді пайдаланудың тек қана экономикалық емес, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуде маңызы зор келеді. Өндірілетін өнімнің бірлігіне шығынданатын энергияны төмендету, энергияны үнемдеудің негізгі көрсеткіші болып табылады.

Энергияны үнемдеу шараларын құрылғыларды, қондырғыларды, нысандарды жобалау кезінде ғана емес, сондай-ақ оларды эксплуатациялау мерзімінде де қарастыруға және өндіріске енгізуге болады.

Энергияны үнемдеудің негізгі бағыттарына мына шараларды жатқызуға болады:

- энергияны өндірудің жаңа прогресстік (болашақты) және экономикалық тәсілдерін ойлап табу;

- энергияны үнемдеудің жаңа технологияларын ойлап табу және осындай белгілі технологияларды кең пайдалану;

- жоғары біліктілікті эксплуатациялық қызмет көрсету нәтижесінде энергияны, соның ішінде электр энергиясын, тиімді пайдалануды ұйымдастыру;

- материалдарды, жабдықтарды, энергияны шығындаудың ғылыми негізделген нормативтерін ойлап табу және өндіріске енгізу.

Ауыл шаруашылығын электрлендіру саласындағы мамандарына энергияны үнемдеудің екінші, әсіресе үшінші бағытында жұмыс істеуге тура келеді. Жабдықтарды эксплуатациялауды дұрыс ұйымдастыру энергияны 30...40% - ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Энергияны үнемдеу мәселелерін шешуде электрлік технологияны өндіріске енгізу үлкен мүмкіндік береді деп саналады.

 

13.1 Мәтінді оқып шығып, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік жасаңыз.

 

         13.2 Мәтіннің бастауыштары мен баяндауыштарын табыңыздар және қай сөз табынан жасалғанына назар аударыңыз.

 

         13.3 Берілген сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құрап жазыңыз.

         1. машина мен механизмдердің қозғалуына/электр жетегі – /механикалық энергияны/электр қозғалтқышынан алатын/қажетті/электр механикалық құрылғы. 2.  құралады/электр қозғалтқыштарынан,/ол бір не бірнеше/беріліс механизмінен/және басқару аппараттарынан. 3. сатылы түрде реттеу/айналу жиілігін/полюс жұптарын/орындалады/ауыстырып қосу арқылы.

 

13.4 Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Тұрақты токты желімен тасымалдаса, шығын айнымалы токпен салыстырғанда әлдеқайда аз болар еді. Біріншіден, қайта магниттелуге шығын жоқ, екіншіден, реактивті кедергі нөлге тең. Бірақ тұрақты токты трансформациялауға болмайды, трансформатор электромагниттік индукцияның негізінде жұмыс істейді ғой. Алдымен, айнымалы токты жоғары кернеуге трансформациялап, содан кейін оны түзетіп, желіге жіберуге болады. Тұтынушыға жеткен соң тұрақты токты қайтадан айнымалы токқа айналдырып, кернеуді қажет мәнге дейін төмендетуге болар еді. Бірақ тұрақты токты қайтадан айнымалы токқа айналдырудың қиыншылықтары бар. Сондықтан қазіргі кезде, негізінен, айнымалы ток қолданылады.

13.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

 

14 Электрлік қыздыру тәсілдері  

 

Электрлік қыздыру – келешекте пайдалану үшін электр энергиясын жылу энергиясына түрлендіру үрдісі.

Электр термиялық үрдіс – электрлік қыздыру көмегімен жылулық өңдеу обьектісіне жылулық әсер етулер технологиялық үрдісі.

Элекр термиялық жабдық – электр термиялық үрдісті орындауға арналған технологиялық жабдық пен құрылғылар кешені.

Электр пеші- электр термиялық үрдіс жабық жұмыстық кеңістікте жүзеге асырылатын электр термиялық жабдықтың бөлігі. Ауылшаруашылық өндірісінде бұл категорияға, электр пештерінің өздерінен басқа, электр су қыздырғыштар, электр қазандар, электр-калориферлі қондырғылар және басқа жабдықтар кіреді.

Электр термиялық құрылғы – электр энергиясын жылу энергиясына түрлендіруге арналған жұмыс камерасыз жабдық.

Электр термиялық қондырғы- электр термиялық үрдісті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін құрылыстармен және коммуникациялармен бірге электр термиялық және басқа технологиялық жабдықтар жинағы.

Электрлік қыздыруды кез келген материалдар мен орталарды қыздыруға пайдалануға болады. Электрлік қыздырудың іс жүзінде қыздыру жылдамдығы мен температурасы бойынша мүмкіншілігі шексіз деуге болады, ең баяу балқитын материалдарды балқытуға және буландыруға дейін, сондай-ақ оның үрдістерді дәлдікпен реттеу мүмкіншілігі де жоғары келеді. Бірақ қыздырылатын материалдар класына, олардың физикалық қасиеттеріне, қыздыру мақсатына, технологиялық, экономикалық және басқа талаптарға байланысты электр термиялық үрдістерді орындауға әр түрлі электр термиялық жабдықтар пайдаланылады.

 

14.1 Мәтінді оқып шығып, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік жасаңыз.

 

14.2  Мәтіннің әр абзацына түрлендіріп бірнеше сұрақ қойыңыз.

 

14.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз.

Электрический нагрев, тепловая энергия, в будущем, выпаривание, электротермическая установка, плавление, физическое свойство, преобразователь электрической энергии, возможность регулирование, часть оборудование, электрические котлы, обработка, электротермическое устройство и оборудование.

 

14.4 Cөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңыз.

1. Қыздыру. Технологиялық жабдықтар.

2.Физикалық қасиеті. Су қыздырғыш.

3. Жылдамдық. Электр энергиясы.

 

14.5 Сөздікті пайдалана отырып, сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Электрмагниттік өрістің таралуы электрмагниттік энергия қозғалысымен бірге жүреді. Электрмагниттік энергия электрлік және магниттік өрістері энергияларының қосындысымен анықталады. Электрлік және магниттік өрістердің өзгеруі электр энергиясының магнит энергиясына және магит энергиясының электр энергиясына айналуымен қоса өтеді.

Электрмгниттік өріс әр түрлі формада байқалуы мүмкін: электрлік өріс, магниттік өріс, электрмагниттік толқындар, электр тогы және басқа электрлік және магниттік құбылыстар түрінде. Осы формалардың әрқайсысы өзіне сәйкес энергияны тасымалдайды: Электр-статикалық, магниттік, электр магниттік, электр динамикалық және энергияның басқа түрлерін. Электр динамикалық немесе электр энергиясы – электр тогы энергиясы. Электр энергиясы кең пайдаланылады. Бұл осы энергияны өндірудің, қашықтыққа берудің және басқа электрлік және бейэлектрлік түрлерге айналдырудың қарапайымдылығымен түсіндіріледі.

 

14.6 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

15 Электр термиялық жабдықтарды топтастыу

 

Элетр термиялық жабдықтарды топтастырудың негізгі белгісі – электрлік қыздыру тәсілі, яғни электр энергиясын жылу энергиясына түрлендіру тәсілі. Электрлік қыздырудың мынадай тәсілдерін ажыратады.

Кедергімен қыздыру – электр қыздырғыштың немесе жылулық өңдеу нысанының электр кедергісі есебінен электрлік қыздыру. Электр тізбегіне қосылған өткізгіштермен ток өткенде электр энергиясы жылу энергиясына айналады.

Доғалық қыздыру – жылулық өңдеу нысанын электр доғасымен электрлік қыздыру. Электродтар арасындағы газды ортада өтетін доғалық разрядта электр энергиясы жылу энергиясына айналады.

Индукциялық қыздыру- металдарды, яғни электрондық өткізгіштігі жоғары болатын материалдарды, электр магниттік индукциямен электрлік қыздыру. Алдымен электр энергиясы айнымалы магниттік өрістің энергиясына, ал содан соң осы өріске енгізілген өткізгіште жылу энергиясына айналады.

Диэлектриктік қыздыру – электронды өткізгізгіштігі өте төмен болатын материалдарды полярлануда ығысу токтарымен, сондай-ақ ионды өткізгіштікті екінші текті өткізгіштерді электрлік қыздыру. Алдымен электр энергиясы айнымалы электрлік өрістің энергиясына, ал содан кейін осы өріске енгізілген диэлектрикте немесе шала өткізгіш материалда жылу энергиясына айналады.

Электронды сәулелік қыздыру – жылулық өңдеу нысанын вакуумде фокустелінген электронды сәулемен электрлік қыздыру. Алдымен электр энергиясы электрондар шоғы энергиясына, ал содан соң электрондар шоғымен соққыланған нысанда жылу энергиясына айналады.

Лазерлік қыздыру – алдымен электр энергиясын лазерлік сәулелену энергиясына және содан соң сәуле түсетін жылулық өңдеу нысанында жылулық энергияға тізбектеп түрлендіру нәтижесінде электрлік қыздыру.

Ионды қыздыру – вакуумде электр разрядты жасаған иондар ағынымен электрлік қыздыру.

Плазмалы қыздыру – плазма құратын тұрақтандырылған жоғары температуралы иондалған газбен электрлік қыздыру. Плазмалы догалық және плазмалы индукциялық қыздыруларды ажыратады. Плазмалы догалық қызыдуда денелер электр догасы арқылы газды үрлегенде пайда болатын плазма шырағымен қыздырылады. Плазмалы индукциялық қыздыруда плазманы алуға жоғары жиілікті магниттік өрісті пайдаланады.

Инфрақызыл қыздыру – сәулелендіргіштің сәулелендірулік спектрлік сипаттамасы қыздырылатын жылулық өңдеу нысанының жұту сипаттамасына сәйкес болғанда инфрақызыл сәулеленумен электрлік қыздыру.  Электрлік қыздырудың осы тәсілдернің әрқайсысы да тікелей және жанамалы болуы мүмкін. Тікелей электрлік қыздыруда жылылық электр тізбегіне қосылған жылулық өңдеу нысанында бөліп шығады. Жанамалы электрлік қыздыруда жылылық электр қыздырғышта бөлініп шығады және жылылық өңдеу нысанына жылу алмасумен беріледі. Аралас электрлік қыздыруда екі және одан көп электрлік қыздыру тәсілдері біріктіріледі.

Термоэлектрлік қыздыру – орталарды Пельтье жылылығымен қыздыру. Бұл жылылық температурасы тұтынушы температурасынан кіші болатын ток көзінен термоэлектрлік батереяның электр тогымен тасымалданады.

 

15.1 Мәтінді оқып шығып, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік жасаңыз.

 

15.2 Мәтіннің әр абзацына түрлендіріп бірнеше сұрақ қойыңыз.

 

         15.3 Берілген зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдеңіз.

Ток көзі, тұтынушы, жылдамдық, сәуле, өткізгіш, құрылғы, жабдық.

 

15.4 Әр студент мәтін ішінен бір сөйлем алып, оны төменде берілген модаль сөздерді қатыстыртып түрлендіреді.

 

Бар, жоқ, керек, қажет, тиіс, сияқты, сықылды, тәрізді, секілді, мүмкін, бәлкім, әрине, әлбетте, рас, анығынан, шамасы, тәрізді, екен, шығар, болар, дейді, көрінеді, білем.

15.5 Сөздікті пайдалана отырып, сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Қыздырылатын денеге немесе ортаға жылу энергиясын беру және оны бөліп шығару тәсіліне байланысты кедергі мен электрлік қыздыру тікелей және жанамалы болып бөлінеді. Егер электр тогы қыздырылатын денемен тура өтетін болса, қыздыру тікелей қыздыру деп аталады. Бұл жағдайда дене әрі электр энергиясын жылу энергиясына түрлендіргіш әрі еңбек бұйымы болады. Кедергімен тікелей қыздыру тек ток өткізетін денелер мен орталарға мүмкін келеді. Олар өз бойларымен ток тікелей өткенде қызады. Егер қыздыру денесі тек электр энергиясын жылуң энергиясына түрлендіруге пайдаланып, содан соң жылу энергиясы қыздырылатын ортаға берілетін болса, кедергімен жанамалы электрлік қыздыруды резистивтік немесе элементтік деп атайды. Осыған сәйкес жабдықтарды да элементтік дейді: элементтік су қыздырғыштар, топырақты элементтік жылыту ж.т.б.

 

15.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1. Берікұлы Ә. Техникалық электроника. – Алматы: Білім, 1995. – 196 бет.

2. Китаев В.Е. Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері. – Алматы: Қазақстан, 1991. - 224 бет.

        3. Бектурова А.Ш., Бектуров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004.-720 стр.

4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. Электротехника, электроника және байланыс.  Русско-казахский толковый словарь. Павлодар, 2006.

        5. Мұсаұлы Ж. Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.

Көкшетау, 2007.

        6. Бекітілген терминдер сөздігі: қазақша-орысша, орысша-қазақша.

Алматы, 2009.

        7. Русско-казахский словарь: 70 000 слов / Под редакцией Н.Т.Сауранбаева, Г.Г.Мусабаева, Ш.Ш.Сарыбаева, третье изд., перераб. и дополн.- Алматы: Дайк-пресс. 2005. –1152 бет.

 

Мазмұны

 

1

Алматы энергетика және байланыс университеті

3

2

Мамандығым – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету

4

3

Балама энергия көздері

6

4

Жел энергетикасы

8

5

Күн энергетикасы

9

6

Күн коллекторларының түрлері

11

7

Биоэнергетика

13

8

Тұрмысты электрлендірудің әлеуметтік-экономикалық және техникалық алдыңғы себептері

14

9

Жергілікті жылытуға арналған құралдар

16

10

Ауылшаруашылық өнімдерін жылулық өңдеуге және кептіруге арналған электр-термиялық жабдықтар және активті желдету

17

11

Бу генераторлары

19

12

Элементтік су қыздырғыштар

21

13

Электрлік жылумен қамтамасыз етуде энергияны үнемдеу

22

14

Электрлік қыздыру тәсілдері 

24

15

Электр термиялық жабдықтарды топтастыру

25

16

Әдебиеттер тізімі

28