АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

                                         

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Техникалық мәтіндер, тапсырмалар мен әдістемелік көрсеткіштер

(студенттер мен магистранттарға арналған)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2004

          ҚҰРАСТЫРУШЫ: М.М.Төлеуп. Қазақ тілі. Техникалық мәтіндер,

тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар (студенттер мен 

магистранттарға арналған)

-Алматы: АЭжБИ, 2004. – 2,0 б.

 

 

 

 Әдістемелік көрсеткіш қазақ тілін мектеп бағдарламасы көлемінде меңгерген,  жоғары оқу орнында электр энергетика мамандықтары бағытында дайындалатын студенттерге арналып құрастырылды.

Көрсеткіште алдымен мәтіннің сөздігі, мәтін алды тапсырмалар, содан кейін мәтіннің өзі және мәтін бойы, мәтін соңы тапсырмалар мол берілген.  

Грамматикалық категориялар бөлек берілмей қайталау, бекіту мақсатында мәтін контексінде берілген. Мәтін соңы тапсырмаларда ақпаратты құрмалас сөйлемдер көмегімен беру мәселесі қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір беруші: фил. ғыл. канд. Г.М.Чумбалова.

 

 

 

 

           

 

 

 

 

            Алматы энергетика және байланыс институтының 2004 жылғы жоспары бойынша басылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ó Алматы энергетика және байланыс институты, 2004

1. Программные требования по казахскому языку в техническом вузе оказываются недастаточными в тех ситуациях, когда выпускнику (или магистранту) необходимо читать и понимать газетные материалы, т.к. лексика и синтаксис языка периодики значительно отличается от строго регламентированного, технически точного языка научных произведений.

2. Данная методическая разработка составлена для того, чтобы помочь магистрантам и аспирантам легко переключаться с понимания и перевода текстов по специальности на работу с газетным материалом. Поэтому первые сведения, приводимые в издании, это сведения общих особенностей рубрикации, расположения, тематики лексического наполнения газетных полос.

         Кроме того авторы предлагают проделать несколько видов подготовительных языковых и речевых упражнений, основанных на грамматика-морфологических знаниях по казахскому языку, которые включены в нормативные требования гос. стандарта дисциплины.

         3. В итоге обучающийся по данной методической разработке получит доступ к казахской прессе, чтение которой вызывает на сегодняшний день определённый интерес у многих соотечественников, не говоря уже о том, что сможет сдать кандидатский минимум или любой другой тест не знание государственого языка.           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы мағлұмат

 

Әрбір басылымның түрлі айдармен берілетін тұрақты хабарлары болады. Мысалы, “Жас алаш”  газетінің бірінші бетінде тұрақты “Қысқа қайырғанда” –“Коротко о ...” атты айдармен берілетін хабарда еліміздегі саяси, экономикалық жаңалықтар беріледі. Бұл хабарларда рубриканың атауынан басқа негізгі жаңалықтың мазмұнына байланысты тақырып көрсетіледі, мысалы, “Он екінші партия тіркелді”, “Саяси салмағыңыз қанша пұт?” т.б.

Газет материалын аударғанда алдымен мәтіннің негізгі ақпаратын анықтауға тырысу керек. Ол үшін ең алдымен таныс сөздерді қарастырған дұрыс, таныс сөздерге бұрыннан белгілі сөздер,  халықаралық терминдер, адамдардың аты-жөндері, ономастикалық атаулар, мезгіл мағыналы сөздер (бүгін, ертең, кеше, 24 маусым, дүйсенбі) жатады, келесі кезекте кім, қашан, қайда, не істеді деген сұрақтарға жауап іздеген дұрыс. Бұл сұрақтарға жауап табылғаннан кейін қалай, не себептен, не мақсатпен дегендерге жауап табу керек. Осы жұмыстарды атқарғаннан кейін мағынасы бейтаныс сөздерге назар аудару қажет.

Бейтаныс сөздерді сөздіктен іздегенде де бірнеше ережені білгеніңіз жөн: алфавит тәртібін жатқа білу; сөздің түбірін немесе негізін тани білу; тұлғасына қарап қай сөз табына жататынын анықтай білу.

Енді кейбір айдарлардың мазмұнымен танысайық.

“Қысқа қайырғанда” айдарымен берілетін хабарлардың өз тақырыбы болады және бұл айдар елдегі негізгі саяси, ресми, экономикалық, мәдени жаңалықтардан қысқаша хабар береді.

Бірнеше мысал келтірейік:

1. Кеше Астанада Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше елдердің мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысы басталды. ЕурАзЭҚ жиынына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге, Ресей басшысы Владимир Путин, Белорусссия президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов және Қырғыз Республикасының басшысы Асқар Ақаев қатысты. Қауымдастықтың бас хатшысы Григорий Рапота жиын алдында журналистерге берген түсініктемесінде кем дегенде екі құжатқа, атап айтқанда,  ЕурАзЭҚ  елдерінің заң негіздерінің мәртебесі туралы келісімшартқа, сондай-ақ құнды қағаздар төңірегіндегі және бір құжатқа қол қойылады деген болатын. Сонымен, ұйымға кіретін мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын бір ізге келтіру  мәселесі қолға алынатын болды. Құнды қағаздар туралы келісімге қол қойылды.

 

2. Алматыда Қытай мәдени орталығы ашылмақшы. “Қазақақпарат” агенттігінің хабарлауынша, орталықтың ашылуы 22 маусымға жоспарланып отыр. Белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов ашылу салтанатына Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының тұрақты өкілі Ли Чанчунь, ҚХР елшісі Чжоу Сяопэй және басқалар шақырылып отырғанын айтады.

 

3. Қазақстанда және бір саяси партия тіркеуден өтті. Бұл – тіркеуден өтпей қалған екі партияны қоспағанда, ресми тіркелген он бірінші партия.

“Қазақстанның демократиялық партиясы” деген дардай аты бар ұйымның көсемі Мақсұт Нәрікбаевқа сенсек, қазіргі күнге дейін алпыс мыңнан астам адам осы партияның қатарына өткен. Ұрандары: “Бай Қазақстан – гүлденген халық”.

“Елдің демократиялануына өз үлестерін қоспақшы” партия “коррупцияны ауыздықтаудың жеті қадамын” да ұсынып отыр. Мақсұттың мақсаты үлкен, әйтеуір. Іс жүзінде қалай боларын бір Құдайым білсін.

 

4. Кешелі-бүгін Алматыда аймақтық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланып жатыр. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Фридрих Эберт қоры, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Алматы орталығы мен Ішкі саясат және талдау орталығы, Ақпарат министрлігі бірлесе отырып ұйымдастырған конференцияға Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, Түркия, Ресей, Германия, Пәкістан мемлекеттерінің жетекші сарапшылары қатысуда. Орталық Азия елдерінен келген сарапшы-мамандар да бір төбе.

Мамандар ғаламдық геосаяси және геоэкономикалық үрдістер кезіндегі аймақтың орны мен рөлін саралай келіп, болашақта аймақтағы елдерге саяси факторлардың ықпалы қандай болатынына болжам жасамақ.

 

5. Бүгіннен бастап Астанада ЕурАзЭҚ шеңберінде бірқатар іс-шаралар өтпекші. Тұрақты өкілдер комиссиясының, Интеграциялық комитеттің және Қауымдастықтың мемлекетаралық кеңесінің отырысына мемлекет басшылары қатыспақ.

“Ашық әңгіме” айдарымен белгілі ақын-жазушылармен немесе қоғам қайраткерлерімен сұхбат беріледі.

“Сауалнама” айдарымен берілетін хабарда қойылған белгілі бір сұраққа әр түрлі адамдардың жауаптары беріледі. Мысалы, “саясатпен айналысқаныңыз үшін билік басындағылар қудалайды деп  қорықпайсыз ба” деген сұраққа белгілі саясаткерлердің, партия басшыларының пікірлері беріледі. Олардың біреулері  “ештеңеден де қорықпаймын” (мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов) десе, біреулері “қорықпайтын адам болмайды, бірақ мынадай жағдайды көріп, қалай қол қусырып отырамын” (Компартияның бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин) деп жауап береді.

“Мәдениет” айдарымен ақын, жазушылардың шығармалары жөніндегі пікірлер  немесе белгілі мәдениет қайраткерлерінің өмір жолдары туралы мәліметтер беріледі. 

 

 

Сөздік

айдар – рубрика

атау    - наименование, название

басылым – издание (печатное)

бейтаныс – незнакомый

ереже – правило

қауымдастық- сообщество

мақала – статья

мағына – смысл

мәртебе – статус

мүше – член

мағлұмат – сведение

сөз табы – часть речи

тақырып – тема

тұрақты – постоянный

тұлға – форма

 

«Жас алаш» газетінің негізгі айдарларына келетін болсақ, олар мынадай болып келеді:

 

Қысқа қайырғанда - коротко

Ашық әңгіме – откровенный разговор

Жарияланған хат жайында ....... – по поводу опубликованного письма

Саясат - политика

Экономика - экономика

Экология – экология

Қылмыс - преступление

Әлеумет – социальная сторона

Мәдениет – культура

Әдеби-мәдени әлем – литературно-культурный мир

Фото-айғақ – фото-факт

Теледидар терезесі – окно ТV

Сейсенбілік спорт беті –спорт по вторникам

Құттықтау- поздравление

Хабарландыру – обьявление

Жарнама - реклама

Еске алу - памяти о...

 

 

«Егемен Қазақстан» газетінің негізгі айдарлары:

 

Нөмірге хат – письмо в номер

Президент поштасынан – из почты Президента

Саясат – политика

Ресми бөлім – официальная часть

Көзқарас – взгляд

Егемендіктер (журналист-тілшілер) елге шықты – журналист (казправдовед выехал на село )

Жазылған жайдың жаңғырығы – эхо ранее опубликованного

Ауыл ахуалы – состояние аула

Хабар-ошар – новости

Өнер – искусство

Оқиға – происшествие

Спорт - спорт

Интеграция - интеграция

Экономика – экономика

Айтайын дегенім ... - хочу рассказать...

Өңір өмірінен – из жизни края

Тіл ұшында тұрған сөз – так и вертится на языке...

Жазыңыз - пишите

Хабарласыңыз –сообщайте (вступайте в контакт)

Хат қоржын – сумка писем

Оқырман ... – читатель

..... алғыс айтады – благодарит

..... тілегін жеткізеді – высказывает положение

Сұрау салады - спрашивает

Жаңалығын жолдайды – оповещает

Пікір білдіреді – высказывает мнение

Білім – знание

Жарнамалар – рекламы

Хабарландырулар - обьявления

Еске алу – воспоминания о ...

Мәдени мұра – культурное наследие

Назар аударыңыз – обратите внимание

Туған тілдің толғағы – проблемы родного языка

Жұмыр жер – круглая земля

Замандас – современник

Елдік мінбері – трибуна страны

Баспасөз - 2004 – печать 2004

Талапкер - 2004 – абитуриент 2004

Суыт хабар – скорбное известие

Тосын оқиға – чрезвычайное происшествие

Адамдық айнасы – зеркало души

Ерлік мектебі – школа героизма

Әлемнің әр шалғайынан – из разных точек мира

Шарайна –  зеркало

«Егеменге» елден хат – писмо в редакцию

Ауылдың айтқыштары – корреспонденты из села

Аптаның бір күні – в один из дней недели

Әлеуметтік мәселе – социальные проблемы

 

Мемлекетаралық сапарлар жөнінде жазылатын материалдардың

негізгі лексикалық құрамы:

сапар – визит

сапар шек/гу – совершить визит

сапармен келу – прибыть с визитом

сапар барысында – в ходе визита

ресми сапар – официальный визит

........ сапары басталды – начался визит (чей, кого)

......... сапары аяқталды – закончился визит (чей, кого)

кездесу – встреча

кездесу өткізілді – проведена встреча, состоялась встреча

бас қосты – встретились

қабылдау – прием, принимать

басқосу – встреча

шетел делегациясы – зарубежная делегация

делегация құрамында – в составе делегации

елші - посол

елшілік – посольство

Төтенше және Өкілетті елші – Чрезвычайный и Полномочный посол

Үкімет Премьер-министрі басқарған делегация – делегация, возглавляемая  Премьер-министром Правительства

.....  шақыруымен – по приглашению ......

жоғары мәртебелі қонақтар – высокопоставленные гости

қорғаныс министрі – министр обороны

сыртқы істер министрі – министр иностранных дел

ресми қабылдау – официальный прием

жеке қабылдау – личная аудиенция

мемлекеттік кеңесші – государственный советник

дипломатиялық өкілдік – дипломатическое представительство

дипломатиялық қарым-қатынас орнату – установить дипломатические 

                                                                       отношения

басқа да ресми адамдар – и другие официальные лица

уақытша елші – временный поверенный в делах

 

 

1 Қазақ баспасөзі туралы мәлімет

 

1.1Сөздікті меңгеріңіз.

 

баспасөз – пресса, печать

мерзімді баспасөз – периодическая печать

күнделікті газет – ежедневная газета

апталық газет – еженедельная газета

көп таралымды газет – многотиражная газета

республикалық (облыстық, қалалық, аудандық) газет –

республиканская (областная, городская, районная) газета

 жергілікті газет – местная газета

газеттің бірінші бетінде – на первой странице газеты

газеттің соңғы бетінде орналасқан – помещена на последней странице

мақала – статья

бас мақала – передовая статья

газет (журнал) мақаласы – газетная ( журнальная) статья

жариялау – опубликовать

жаңалықтар – новости

күнделікті жаңалықтар – ежедневные новости

 

 

     1.2  Мәтінді оқыңыз 

 

Қазақстанда қазақ тілінде шыққан  алғашқы газеттер – “Түркістан уалаяты” (1870-1882), “Дала уалаяты”(1888-1902) болса, алғашқы журналдар – “АЙҚАП” (1911-1915), “Садақ”(1915-1918).

Қазақ тіліндегі алғашқы күнделікті газеттер 1918 жылдан шыға бастады. Қазақстанда қазір 358 республикалық, облыстық, қалалық, аудандық және көп таралымды газет, 20-дан астам журнал, ондаған мерзімді баспасөз жарық көреді.

Көп таралымды 16-дан астам республикалық газет, оның ішінде “Егеменді Қазақстан”, “Жас Алаш”, “Қазақстан мұғалімі”, “Қазақ әдебиеті”, “Ұлан” газеттері қазақ тілінде шығады.

Сонымен бірге, республикамызда көп  таралыммен шығатын “Ақиқат” саяси журналы, “Қазақстан әйелдері”,  “Парасат” қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журналдары,  “Қазақстан мектебі” ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал,  “Зерде” ғылыми журналы шығады.

 

1.3 Сан есімдерді сөзбен толық жазыңыз.

 

1.4 Есіңізге түсіріп басылым аттарын қайталаңыз.   

 

 

1.5 Көп нүктенің орнына жоғарыда берілген сөздіктен қажетті сөз қойып жазыңыз.

Газеттің бірінші бетінде ... орналасқан. Газеттің соңғы бетінде ... орналасқан. Бұл ... газеті. Бұл ... журналы.

Газеттің ... спорт жаңалықтары жарияланған. Экономика тақырыбына арналған мақала ... . Бұл мақала ... жарияланды. Бұл ... журнал.

 

1.6 Мына сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

Баспасөз күні қашан?

Сіз қандай республикалық газеттерді білесіз?

Алматыда қандай республикалық газеттер шығады?

Ай сайын шығатын қандай журналдарды білесіз?

Бас мақала газеттің қай бетінде орналасады?

“Егеменді Қазақстан” қалалық газет пе, әлде республикалық газет пе?

 

 

2 .  “Мемлекеттік қатынастар”

 

2.1 Сөздікті меңгеріңіз.

сапарлар – визиты

сапар шегу – совершить визит

ресми сапар – официальный визит

достық – дружественный, дружба

Тәуелсіз мемлекеттердің шақыруымен – по приглашению Независимых 

государств

сапарды  аяқтады – завершил визит

делегация басшысы – глава делегации

делегация мүшелері – члены делегации

Қорғаныс министрі басқарған делегация – делегация во главе с

Министром обороны

делегацияны басқару – возглавить делегацию

Министрлер кабинетінің Премьер –министрі басқарған делегация –

делегация, возглавляемая Премьер-министром Кабинета Министров

Қазақстан Президенті – Президент Казахстана

Республика Жоғарғы Кеңесінің төрағасы – председатель Верховного

Совета Республики Казахстан

Сыртқы істер министрі – Министр иностранных дел

мәдениет – культура

Қазақстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі –

Министерство народного образования Республики Казахстан

қоғамдық ұйымдар өкілдері- представители общественных организаций

өкімет, партия, кәсіподақ,  мәдениет, ғылым, өнер қайраткерлері –

деятели государства, партии, профсоюза, культуры, науки, искусства

көрнекті – видный

ағарту – просвещение

министрдің, төрағаның орынбасары – заместитель министра,

председателя

(басқа да) ресми адамдар – (и другие) официальные лица

(оған, оларға) еріп жүрген адамдар – сопровождающие (его, их) лица

      кездесу – встреча

      екі жақты келіссөз, әңгіме барысында – в ходе двусторонних

 переговоров

 

2.2  Мәтінді түсініп оқыңыз, аударыңыз.   

 

Шетелдік компаниялар басшыларын қабылдады

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға  ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторлары  кеңесінің мәжілісіне қатысу үшін келген әлемге танымал ірі компаниялар басшыларын қабылдады.

“Эни” корпорациясының Бас өндірістік директоры Стефано Као Мемлекет басшысына компанияның біздің еліміздегі қызметі жөнінде хабарлады. “Эни” корпорациясының атынан Қазақстанда өкілдік ететін “Аджип” компаниясы бүгінгі күні Қашаған, Қарашығанақ секілді ірі жобаларға қатысуда. Кездесу барысында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы көмірсутегін игерудің кешенді бағдарламасы жөніндегі бұрынғы қол жеткен келісімдерді жүзеге асыру туралы әңгіме қозғалды.

Елбасы “Би  Джи Групп” компаниясының бас атқарушы басшысы Фрэнк Чапменмен де кездесті. Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы өкілдігін кеңейту және оның басшылығын Ұлы Британиядан біздің елімізге көшіру жөніндегі мәселелер талқыланды. “Би Джи Групптың” республикамыздағы ірі британдық инвестор болып табылатындығы белгілі. Ол біздің экономикамызға 1,5 миллиард доллардан астам қаржы құйып отыр.

Мемлекет басшысының қабылдауында  “Эксон Мобил Корпорейшн” президенті Рекс Тиллерсон да болды. Компанияның еліміздегі жұмыс нәтижелері оның әңгімесінің негізгі тақырыбы болды. Қазақстан мен  “Эксон Мобил” арасындағы ынтымақтастық 1993 жылдан бастау алды. Бүгінгі күні  “Эксон Мобил” еліміз экономикасына 3 миллиард долларға жуық қаржы инвестициялап отыр.

 

2.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыз.

 

Мемлекет басшысы, әлемге танымал ірі компаниялар, компанияның қызметі, кездесу барысында, мәселелер талқылау, ынтымақтастық, ірі жобаларға қатысу.                        

 

 

 

2.4 Мына мысалдарға сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құраңыз.

 

1 .... ресми сапармен ... жүр. 2. ... сапармен ... жүріп  кетті. 3. ... сапармен ... болып қайтты. 4. ... шақыруымен  ... баратын болды. 5. ... делегациясын ... басқарады. 6. ... басқарған делегация ... келді. 7. ... делегациясының құрамында ... бар. 8. Делегацияның құрамына ... енді.

 

2.5  Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

 

11 марта в Казахстан по приглашению Президента  Н.А. Назарбаева с официальным визитом прибыл Президент Турецкой Республики Т. Озал.

       В аэропорту Алматы гостю были оказаны  почести в соответствии с государственным протоколом. Главная часть официальной  церемонии встречи состоялась  в Доме правительства, Т. Озала  приветствовал Н. А. Назарбаев.

 

 

3  “Ресми іс сапары”

 

         3.1 Сөздікті меңгеріңіз.

мемлекет басшысы – глава государства

достық әңгіме жүргізу – иметь дружественную беседу

тәжірибе, пікір алмасу – обменяться опытом,мнениями

қатысу – участвовать

халықаралық мәселелер – международные проблемы

байланыс – связь

сөз сөйлеу – выступить с речью

 

          3.2  Мәтінді аударыңыз.

        

Президент бауырлас елдерді аралады

Үстіміздегі жылдың 27-28 маусымында Түркияның Ыстамбул қаласында  НАТО-СЕАП саммиті өтіп, әлемнің 50-ге жуық мемлекетінің делегациялары  келген осы үлкен басқосуда Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев та қатысқан болатын. Қазақстан мемлекет басшысы  бұл саммит аясында АҚШ Президенті Джордж Бушпен, Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэрмен, Түркияның  премьер-министрі  Тайып Ердоғанмен, Италия премьер-министрі Сильвио Берлусконимен, Польша президенті Александр Квасьневскиймен кездесіп, екі елдер арасындағы байланыстар және халықаралық мәселелер  жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, Елбасы саммитте жиналғандар алдында сөз сөйлеп, адамзат баласына қауіп-қатер төндіретін әрекеттердің бәрін біздің еліміздің айыптайтынын  және қарсы шығатынын атап өтті. Осы орайда саммит барысында НАТО-ға тұрақты мүше 26 мемлекет өкілдері “Біздің қауіпсіздігіміз жаңа кезеңге” деген Ыстамбул  декларациясына қол қойды.

 

3.3 Берілген тіркестерді қатыстырып сөйлем құраңыз, аударыңыз.

 

Мемлекет басшысы, екі ел арасындағы байланыс, халықаралық мәселелер, пікір алмасты, мемлекет өкілдері, қол қойды, сөз сөйледі.

    

 3.4 Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1.  Мәтінде қандай делегация туралы  хабар берілген? 2. Олар қашан, қайда жиналды? 3. Бұл басқосуға кімдер қатысты? 4. Олар не жөнінде пікір алмасты?  5. Мемлекет өкілдері қандай декларацияға қол қойды?

 

3.5 Мәтінді аударыңыз.

 

Президент бауырлас елдерді аралады

 

НАТО-СЕАП саммиті аяқталысымен Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев  еліміздің ежелден туыстастары саналатын Татарстан мен Башқұртстанға ұшып келді. Алдымен Татарстан астанасы Қазан қаласындағы әуежайда мәртебелі қонақты осы республика президенті Мінтемір Шаймиев күтіп алды. 30-маусымда Президенттер “Мираж” қонақ үйінде “Еуразия идеясы Л.Гумилевтің  ғылыми мұрасында” деген тақырыпта Татарстан Ғылым академиясы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы мен Білім және Ғылым министрлігі бірігіп өткізген халықаралық  ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

         Татарстан мен Қазақстанның белгілі ғалымдары. Ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері, жоғары  оқу орындары ректорлары қатысқан бұл жиында сөз алған Н.Назарбаев өзі орыс болса да бүкіл өмірін түркі халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеуге арнаған Лев Гумилев еңбегіне жоғары баға берді. Осыдан кейін Нұрсұлтан Әбішұлы екі халықтың арасында ежелден қалыптасқан мәдени-рухани байланыстардың ерекшеліктеріне тоқталды.

Жалпы Қазақстан мен Татарстан арасындағы экономикалық – сауда байланыстар соңғы жылдары біршама өсе бастады. Атап айтқанда, Қазақстан Татарстаннан көбінесе жүк машиналарын, автокөлік дөңгелектерін, қара металл өнімдерін, химия мен мұнай өнеркәсібі өнімдерін алса, Қазақстан Татарстанға өткен жылы 17.млн долларды құрайтын тауарлар жіберіпті. Бұл сапар барысында осындай тауар айналымын көтеруге нақты көңіл бөлінді.

 

         3.6 Сөздікті меңгеріңіз.

 

келу, келіп жету (қону, түсу...)  -  прибытие

қайда? Қазақстанға, Алматыға, әуежайға, вокзалға – куда? В Казахстан, в Москву, на аэродром, на вокзал

қонақтардың келуі – прибытие гостей

кездесу, қарсы алу – встреча, встречать

қонақтарды әуежайда қарсы алу – встречать гостей на аэродроме

шын жүрекпен, ықыласпен қарсы алу (шығарып салу) – сердечно, тепло встречать( проважать)гостей

сапар – визит

ғалым – ученый

 ғылыми-практикалық конференция – научно –практическая конференция

 

3.7 Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

Әуежай, көрнекті мемлекет қайраткерлері, халықаралық ғылыми-практикалық конференция,мәдениет пен тарих, мәдени байланыс, қоғам қайраткерлері.

 

3.8 Газеттерден делегациялардың келуі мен кетуіне арналған материалдарды оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Делегация қайда келді?

Делегацияны кімдер қарсы алды, кімдер шығарып салды?

Делегацияның құрамында кімдер бар?

Делегацияны кім басқарып келді?

 

3.9 Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

 

По поводу прибытия гостей из Праги в Москву аэродром был украшен государственными флагами обеих стран. Были исполнены государственные гимны Казахстана и РФ. Был выстроен почетный караул в честь высоких гостей. Премьер-министр и другие официальные лица сердечно приветствовали гостей.

 

3.10  Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Ресми достық сапармен туысқан елдерге барған Қазақстан үкіметінің  делегациясы ... . 2. Қазақстан  үкімет делегациясының басшысы ... . 3. Шетел делегациясының басшысы ... жолықты.  ... мүшелері бүгінгі күннің өзекті мәселелері туралы пікір алысты.

 

 

4       “Келіссөз”

 

4.1 Сөздікті меңгеріңіз

 

келіссөз, кеңес – переговоры, беседа

екі делегация арасындағы келіссөз – переговоры между обеими делегациями

келіссөз басталды, аяқталды, одан әрі жалғасты – переговоры начались,

завершились, были продолжены

экономикалық ынтымақтастық мәселесі бойынша келіссөз – переговоры об

экономическом сотрудничестве

халықаралық, іскерлік, достық – международная, деловая, дружественная

өзара түсінісу – взаимопонимание

келіссөз іскерлік, достық жағдайда өтті – переговоры прошли  в деловой,

дружественной обстановке

келіссөзге, әңгімеге, кездесуге, қабылдауға қатысу – присутствовать на

переговорах, в беседе, на встрече, приеме

қарым-қатынас – отношения

екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесін қолдау – поддерживать дальнейшее развитие отношений между обеими странами

басқа елдермен жан-жақты қарым-қатынас – многосторонние отношения с

другими государствами

талқылау – обсуждение

мына мәселелер талқыланды – были обсуждены следующие вопросы

тату көршілік – добрососедский

мемлекеттер арасындағы тату  көршілік қатынас – добрососедские отношения между странами

бейбіт – мирный

бейбіт қатар өмір сүру мәселесі – вопросы мирного сосуществования

 

4.2 Төмендегі сұраққа  жақшаның ішіндегі сөз тіркестерін кезекпен пайдаланып, жауап қайтарыңыз.

 

Кімдердің арасында келіссөз жүргізілді? (екі делегация басшыларының арасында, екі мемлекет арасында, екі мемлекет қайраткерлерінің арасында, екі мемлекет елшілерінің арасында)

 

4.3 Газеттерден үкімет қайраткерлерінің арасындағы келіссөз немесе әңгіме туралы мақаланы тауып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Келіссөз қайда жүргізілді? 2. Келіссөзді кімдер жүргізді? 3. Келіссөз қашан басталды (аяқталды)? 4. Келіссөзге кімдер қатысты? 5. Келіссөздің барысында қандай мәселелер талқыланды? 6. Келіссөз қандай жағдайда өтті? Келіссөздің нәтижесінде қандай құжаттарға қол қойылды?

 

4.4 Қазақ тіліне аударыңыз.

 

1. По приглашению Президиума Верховного Совета РФ зарубежная делегация  прибыла в Москву с официальным государственным  визитом. 2. Во время пребывания в столице РФ она (делегация) вела переговоры с видными государственными деятелями, в которых со стороны Российской Федераций участвовали Премьер-министр Кабинета Министров, а также министр иностранных дел. 3. Эти переговоры прошли  в деловой, дружественной обстановке.

 

4.5 Көп нүктенің орнына  жақша ішіндегі  етістіктердің тиістісін қойыңыз (өтті, болды, орнады).

 

1. Шығыс Европа елдері арасында жан-жақты туысқандық, достық және ынтымақтастық  қатынас ... . 2. Келіссөздердің барысында делегация  мүшелерінің арасында пайдалы пікір алысулар  ... . 3. Барлық талқыланған мәселе бірауыздылық және өзара толық түсінушілік жағдайда... .

 

5       Әр түрлі мақалалар

 

5.1 “Қазақ тілі мемлекеттік  мәртебе алды”

 

1989 жылы 22-қыркүйекте тұңғыш рет “Тілдер туралы” Заң қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Ал, 1997 жылғы 11-шілдеде тәуелсіз мемлекетімізде “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы”  Заң толықтырылып, қайта қабылданды. Міне, осыған байланысты 10-шілде, сенбі күні оңтүстік астанада  “Достық” үйінде “Отан” республикалық саяси партиясы мен Алматы қаласы әкімшілігі Тіл басқармасының бастамасымен “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” Заңның қабылданғанына 7 жыл толуына орай “дөңгелек үстел” басындағы кездесу болып өтті. Оған “Отан” РСП төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияев төрағалық етіп, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин, ҚР Мәдениет министрінің орынбасары Бекболат Тілеухан, халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті Әбдуәли Қайдар және 1-ші вице-президенті Өмірзақ Айтбайұлы, сондай-ақ тіл мәселесімен айналысатын қалалық және аудандық басқармалар жетекшілері, аталған заңның орындалуын қадағалайтын мамандар, ғалым-тілтанушылар мен қазақ тілінің жанашырлары қатысты.

          

5.2  Сөздікті меңгеріңіз:

 

мемлекеттік мәртебе – государственный статус

әкімшілік – администрация

саясат – политика

заң – закон

мәдениет министрі – министр культуры

басқарма – управление

қоғам - общество

 

5.3  Берілген мәтіннен тәуелді тіркестерді табыңыз, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз.

 

5.4 Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

          5.4.1 Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды ?

          5.4.2 «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды ?

          5.4.3 «Қазақ тілі» қоғамының президенті кім ?

 

5.5 Аударыңыз:

 

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – халық тарихымен, бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылым, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.

 

5.6 Мәтінді оқыңыз, сөздіктің көмегімен аударыңыз.

 

Оңтүстік астанамыздың Бостандық ауданы  - республикамыздың белді жоғары оқу орындары көп шоғырланған аудан. Аудан әкімшілігі мен жоғары оқу орындары арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Қоғамымыздағы саяси өзгерістер мен жетістіктерге байланысты түрлі кездесулер ұйымдастырылып отырады. Сондай кездесулердің бірі – жұма күні Республикалық “Отан” саяси партиясының Бостандық аудандық бөлімшесінің  ұйымдастыруымен Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық университеті  ұжымының  партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Әбжанұлы Бейсековпен кездесуі болды. Кездесуді  университеттің бірінші проректоры Шыныбай Байысбекұлы ашты.

Техникалық университет өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Бүгінге дейін оқу орнының түлектері республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет етуде. Студенттер қауымы “Жас Отан” ұйымының шараларына белсене араласады. Кездесу барысында сөз алған “Отан” партиясының Алматы қалалық филиалының бірінші орынбасары Серік Әбжанұлы жиналғандарды  партияның 15-маусымда Астана қаласында өткен VII съезінде  көтерілген мәселелермен таныстырды. Партияның “Қазақстандық бағыт-2009” бағдарламасы жобасында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын көтеруге бағытталған басты ұсыныстарынан хабардар етті. Яғни, ішкі өнімді екі есеге көтере отырып әлеуметтік мәселелерді шешу, осыған сәйкес төрт жыл ішінде отандық денсаулық сақтау, білім беру саласын ТМД елдері бойынша жоғары деңгейге көтерудің нақты жолдары келтірілгенін мәлімдеп берді.

 

 5.7 Берілген тіркестерді қатыстырып сөйлем құраңыз, аударыңыз.

 

Жоғары оқу орны, аудан әкімшілігі, саяси өзгерістер, бағдарлама жобасы, әлеуметтік мәселелер, білім беру саласы.

 

5.8 Мәтіннен етістіктерді табыңыз, олардың шақ тұлғаларын анықтаңыз.

    

5.9             Сұрақтарға жауап беріңіз.

Қай ауданда жоғары оқу орындары көп  шоғырланған?

Аудан әкімшілігі мен жоғары оқу орындары арасында қандай қарым-     қатынас орнаған?

Университет ұжымы кіммен кездесті?

Кездесу барысында қандай мәселелер талқыланды?

 

5.10 Көп нүктенің орнына  қажетті сөз тіркестерін қойып, сөйлем құраңыз, орыс тіліне аударыңыз.

 

Қоғамымыздағы  саяси өзгерістер мен жетістіктерге байланысты ... ұйымдастырылып отырады. Университет ұжымы ... кездесті. Кездесуді университеттің бірінші проректоры Шыныбай Байысбекұлы ... . Кездесуде ... сөз сөйледі. Ол ... айтып берді.

 

 

6       Сайлау.

6.1 Сөздікті меңгеріңіз.

сайлау – выборы

халық депутаттарының сайлауы – выборы в народные депутаты

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне – Верховному Совету Республики Казахстан

сайлауға қатысу – участвовать в выборах

сайлауға әзірлік – подготовка к выборам

сайлау алдында (қарсаңында) – предвыборный (накануне)

сайлау алдындағы жиналыс – предвыборное собрание

депутаттыққа кандидат етіп сайлау – избрать кандидатом в депутаты

сайлаушылар – избиратели

сайлаушылардың жиналысы – собрание избирателей

сайлау жүйесі – избирательная система

жалпыға бірдей сайлау құқысы – всеобщее избирательное право

ұсыну – выдвинуть, выдвигать

таңдаулы өкілдерді депутаттыққа кандидат етіп ұсыну- выдвинуть лучших представителей кандидатами в депутаты

сайлау алдындағы (қарсаңындағы) науқан – предвыборная кампания

сөз сөйлеу – выступить

кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі – встреча кандидатаов с избирателями

есеп беру – дать отчет

сенім арту – доверие

сайлаушылардың сенімін ақтау – оправдать доверие избирателей

 

6.2 Қазақстан Республикасында депутаттыққа кімдерді сайлайтындығын төмендегі сұрақтар бойынша айтып беріңіз.

 

1. Кімнің сайлану құқы бар? 2. Қазақстан Республикасы  халық депутаттығына  кандидаттарды кімдер ұсынады? 3. Сайлаушылар кімдерге сенім артады? 4. Қазақстан Республикасы халық депутаттығына кандидаттардың  сайлаушылар алдындағы есебі туралы  не білесіздер?

 

6.3  Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз.

 

Депутаттыққа кандидат, кандидатқа сұрақтар беру, сайлаушылардың сенімін ақтау, сайлау алдындағы жиналыс, халық депутаттарының сайлауы. 

      

6.4  Қазақ тіліне аударыңыз.

 

1. В Республике Казахстан любой гражданин достигший 18 лет, имеет право на участие в выборах. 2. Трудящиеся выдвигают  кандидатами своих лучших представителей. 3. Депутаты подотчетны в своей деятельности перед избирателями. 4. Избиратели дают своим кандидитам наказы.5. В нашей стране трудящиеся непосредственно участвуют в подготовке и проведении выборов.  

 

 

6.5  Мәтінді аударыңыз.

 

Сайлауком хатшыларының жауапкершілігі мол

 

Алматы қаласы әкімшілігінің мәжіліс залында оңтүстік астанамыздағы барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары хатшыларына арналған семинар-кеңес болып өтті. Оған Орталық  сайлау комиссиясының мүшелері, қалалық сайлау комиссиясының мүшелері мен қаладағы округтік, аудандық, учаскелік сайлау комиссияларының хатшылары қатысып, жиынды қалалық сайлау комиссиясының  төрағасы Дәулет Байдильдинов ашты.

Үшінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттарын сайлауға дайындық үстіміздегі жылдың наурыз айында  “ҚР Сайлау туралы” жаңа Заңының қабылдануымен басталды. Саяси партиялар өз өкілдерін сайлау комиссияларына ұсынды, сайлауды тікелей ұйымдастыратын жауапты адамдар тағайындалды. Бұл сайлау осыған дейінгілерге қарағанда жаңаша өткізілмек. Атап айтқанда, алғаш рет Алматы мен Астана қалаларында, сондай-ақ бірнеше облыс орталықтарында  электронды сайлау жүйесі қолданылып, сайлаушылардың бәрінде штрих-кодтардың болуы қатаң талап етіледі. Осы орайда сайлау заңдылықарының сақталуы құқық қорғау тарапынан қатаң бақыланады.

Міне, осы себептен сайлау комиссияларының жауапкершілігі артып отыр. Сайлау учаскесіндегі негізгі жұмыс – сайлауком хатшыларының үлесіне тиеді. Себебі, олар тікелей өз учаскелеріндегі  құжаттармен жұмыс істейді. Ендеше, сайлаудың ойдағыдай өтуі  көп жағдайда хатшылардың біліктілігіне, өз ісін жете меңгеруіне байланысты болмақ.

 

 

6.6  “Дауыс беру”, “мақұлдау”, “қабылдау” етістіктерін қатыстырып төмендегі сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

 

Еңбекшілердің таңдаулы өкілдері, депутаттыққа кандидат болып ұсынылған,

Жаңа партияның мүшелерінен кандидат болып ұсынылған, жаңа партияның бағдарламасы.

 

6.7  Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің қосымшаларын анықтаңыз, аударыңыз.

 

Қала әкімшілігінің мәжіліс залында, сайлау комиссиялары  хатшыларына, болып өтті, ұйымдастыратын жауапты адамдар,  өкілдерін сайлау, депутаттыққа үміткерлерді ұсыну, облыс орталықтарында, құжаттармен жұмыс істеу, талап етілетін болады.

          

6.8            Сөздікті меңгеріңіз.

 

дауысқа салу - голосование

дауыс беру құқы – право на голосование

дауыс беруге қатысу – принимать участие в голосовании

дауыс беру – отдать голос

кандидаттарға дауыс беру – отдавать голос за кандидатов

жаңа партияның бағдарламасына дауыс беру – голосовать за программу новой партии

сайлау күні – день выборов

сайлау комиссиясы – избирательная комиссия

сайлау учаскесі – избирательный участок

сайлауға дайындық жасауға және оны өткізуге тікелей қатысу – непосредственно участвовать в подгатовке и проведении выборов

сайлау қорытындысын жариялау – опубликовать итоги выборов

қорытынды баспасөз бетінде жарияланды – итоги были опубликованы в печати

 

6.9 Мәтінді аударыңыз.

 

Сайлауға дайындық есебі тыңдалды

 

Жуықта Алматы қаласының аумақтың сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісіне депутаттар сайлауы алдындағы дайындық барысы жөнінде жиын өтті. Оған Алматы қалалық сайлау комиссиясының жаңадан сайланған мүшелері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына енген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасалды. Сондай-ақ, әрбір кандидатқа республика бюджетінен 191650 теңге бөлініп отырғандығын  және олардың баспасөз, телеарна арқылы өзінің бағдарламасын білдіруі керек  екендігі айтылды. Кандидат тек жергілікті баспасөз немесе телеарна арқылы өз бағдарламасымен таныстыруы тиіс. Жиын соңында сұрақтар қойылып, оларға жан-жақты жауаптар берілді. Алдағы күндерде мұндай кездесулерді  оңтүстік астанамыздың әр ауданында өткізу туралы ұсыныс жасалды.

 

 

6.10  Мәтіннен етістіктерді табыңыз, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

 

 

7 Экология

7.1  Мәтінді аударыңыз

                            

Ағашты құртып құрылыстар салуда 

 

Алматы қаласының табиғи нашар желдетілетін жерде орналасқаны елдің бәріне белгілі. Бұл олқылық Алматының ағашының көптігімен білінбей жүр еді. Енді осы ағаштарды құрылыс салу үшін кесіп жатқаны белгілі. Ұзаққа бармай-ақ М.Әуезов көшесі мен Жароков көшелерінің арасындағы Абай даңғылы бойы аумағын алып қарасақ, соңғы 4-5 жылда талай ағаштар қырқылып кеткен екен.

Ағаштарды кесіп, қас пен көздің арасында аядай жерге қыстырылысып, зәулім ғимарат салғандарды  қаланың әр аудандарынан көруге болады.Тіпті, қазір «Атакент» ішіндегі жүз жылдық қарағайлар қырқылып, әр түрлі ғимараттар салынып жатыр.

Қазір Алматыда автокөлік осыдан оншақты жылмен салыстырғанда бірнеше есеге өсті. Соңғы деректерге қарағанда, қазір Алматыда автокөлік саны 300 мыңнан асқан. Ал, солардың әрқайсысы жылына 2000 тонна бензин жағып, ауаға 360-600 келі көміртек қышқылын, 40-80 келі көмірсутек, 50-90 келі азот оксидін шығарады екен. Автокөлік  газдарының құрамында күкіртті газ, күйе, альдигид сияқты улы заттар да жеткілікті. Дәрігерлердің келтірген дәлелді деректері бойынша, көміртек оксиді жүйкеге, жүрекке, әрі қан айналымына, ал азот оксиді тыныс органдарына өте зиян екен. Деректерге қарағанда, қаладағы автокөліктердің ауаны ластауы 80 пайызға дейін жетеді екен. Оның үстіне  бензиннің улы газын шығаратын жанар-жағармай құятын бекеттер де тым көбейіп кетті. Ал, бұған керісінше, ауаны тазартатын ағаштар саны азайып барады.

 

7.2  Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің  қосымшаларын анықтаңыз, аударыңыз.

 

Алматының ағашы, желдетілетін жер, салынып жатыр, газдың құрамында, қан айналымына, автокөліктердің ауаны ластауы, ауаны тазартатын ағаштар.

 

7.3  Мәтіннен –ып, -іп,-п тұлғалы көсемшелерді табыңыз, олармен сөз тіркесін құраңыз.

 

7.4  Мәтінді  оқыңыз.

 

 Жел энергиясын пайдаланатын боламыз

 

Астанада елде жел энергиясын дамыту жөніндегі Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ даму бағдарламасының  бірлескен жобасының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Бұл Қазақстанда энергияның баламалы көздерін пайдалануды ұлғайтуға бағытталған осындай кең ауқымдағы алғашқы жоба. Үш жылға деп есептелген жоба Жел энергетикасын дамытудағы ұлттық бағдарламаны қалыптастыруда Үкіметке ықпал жасауды және база дайындап, жел энергиясына салынатын болашақ инвестициялардың тәуекелін азайту үшін қуаты 5 МВт болатын алғашқы жел электр стансасын салуға көмектесу мәселелерін қарастырады.

Жобаның бастапқы сатысында екі жыл бойына Қазақстанның оңтүстік шығысындағы «Жоңғар қақпасында» ауданның жел әлеуетіне зерттеулер жүргізілді. Энергияның баламалы көздерін дамыту проблемасы еліміз үшін өте көкейкесті.

Қазақстанның жел энергиясының әлеуеті жылына 1820 миллиард кВт/сағат болып отыр. Оның өзі бұл секторды дамытудың келешегінің зор екендігін дәлелдей түседі. Сонымен бірге, жел турбиналарын шығару мен құрастыру ісіне жергілікті өнеркәсіп тартқан жағдайда еліміздің жел қондырғыларының құнын арзандатуға да мүмкіндігі бар.

Ғаламдық экологиялық қор жобаны жүзеге асыруға  2,5 миллион доллардан астам қаржы бөліп отыр, ал жеке инвесторлардың үлесі 4 миллион доллар болады деп күтілуде.

 

 7.5  Мәтінді сөздіксіз аударыңыз.

     

 7.6  Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің қосымшаларын анықтаңыз.

Жел энергиясын дамыту, энергия көздерін пайдалану, есептелген жоба, мәселелерін, қондырғыларының құнын арзандату, қарастырады, зерттеулер жүргізілді.

 

  7.7  Мәтіннен етістіктерді табыңыз, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

 

  7.8   Берілген тіркестерді қолданып сөйлем құраңыз.

Энергия көздері, ұлттық бағдарлама, жел электр стансасын салу, экологиялық қор, алғашқы жоба.

 

 

8  “Білім беру жүйесінің жаңалықтары” тақырыбы

 

8.1 Мәтінді оқыңыз

 

Алматы мектептерінің бәрі интернет жүйесіне қосылды

 

“Қазақтелеком” компаниясы “Scholl – net” корпоративті жүйесін дайындап, Алматы қаласының барлық мектептерін интернет жүйесіне қосты. Бұл жоба Алматы қалалық әкімшілігі, “Қазақтелеком” және “Сорос” қайырымдылық қорының үш жақты жұмысының жемісі. Қаладағы мектептердің барлығын бірдей қамту үшін “Алматытелеком” қалалық телекоммуникация орталығының мамандары түрлі технологиялық шешімдер жасады. Нәтижесінде, қала мектептері әлемдік жүйеге енуге мүмкіндік алып отыр. Олардың ішінде 178 жалпы білім беруші мектеп, арнайы мамандандырылған 10 лицей және 4 интернат бар. Оған қоса, бұл жүйеге 6 ауданның білім бөлімдері, мұғалімдердің білімін жетілдіру институты мен мұғалімдердің білімін жетілдіру орталығы қосылып отыр.

“School-net” қаладағы білім ордалары мен білім мекемелерінің бір-бірімен ақпарат алмасуына өте қолайлы, әрі ақпарат алмасуды жоғары жылдамдықта орындайды”, - дейді “Алматытелеком” қалалық телекоммуникация орталығының бас директоры Александр Лезговко. Бұл жүйедегі ақпарат алмасу жылдамдығы қазір секундына 64 Кбит/с болса, алдағы күндері бұл көрсеткіш 128 Кбит/с болмақ.

Осындай жетістіктердің арқасында қаладағы білім беру мекемелерінде мектептік жергілікті жүйелер құрылып, оқушыларға арналған компьютер клубтары ашылуда. Оған қоса электронды ашық сабақтар мен мектепішілік олимпиадалар өткізілуде.

Келешекте бұл жүйеге музыка мектептері, кітапхана, балалардың шығармашылық орталықтары және Алматы қаласындағы өзге де білім және мәдениет орталықтары қосылады.   

 

8.2  Мәтінге сөздік жасаңыз.

 

8.3  Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыз, аударыңыз.

Интернет жүйесі, телекоммуникация орталығы, әлемдік жүйе, ақпарат алмасу, интернетпен қамту, білім және мәдениет орталықтары, компьютер клубтары.

 

8.4  Мәтіннен тәуелді тіркестерді табыңыз, аударыңыз.

 

 

9 “Дерек пен дәйек”

 

9.1             Сан есімдер мен қысқартылған сөздерге назар аударып оқыңыз.

 

Теңіз кеніші қалай ашылды?

 

Қазақстанның Атырау облысында ашылған Теңіз мұнай кеніші - әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі және соңғы 25 жыл ішінде ашылып, игеріле бастаған баламасы жоқ ерекше ауқымды кеніш.

 Теңізде өндірілетін мұнай қоры 750 миллион тоннадан 1 миллиард 125 миллион тоннаға дейін, болжамды қорлары 133 миллион тоннаға дейін жетеді деп бағаланады.

Осы кенішті игеру үшін 1993 жылы 6 сәуірде “Теңізшевройл” Қазақстан-Америка бірлескен кәсіпорны құрылып, 40-жыл мерзімге келісім шартқа қол қойылды.

“ТШО” құрылған 1993 жылы қолданыстағы құбыр жолдары арқылы мұнай тасымалдау квотасын шектеуге байланысты мұнай өндірісі 1 миллион тонна болған.

2001 жылдың сәуірінде “ТШО” рекордтық өндіру көрсеткішіне – күніне 36 500 тонна баррель шикізат өндіруге қол жеткізді. Сол жылы өндірілген мұнай көлемі 12,48 миллион тоннаға жетті.

2001 жылы “ТШО”-ның Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 1 миллиард тоннадан асты. Қазақстан экономикасын зерттеу институтының келтірген мәліметтері бойынша «ТШО»-ның тікелей инвестициясының әр доллары еліміздің ішкі жалпы өніміне 0,52 доллар қосады екен.

2004 жылы  “ТШО”-дағы Қазақстан мамандарының саны 80 пайызға жетті.   

 

9.2 Мәтінді сөздіксіз аударыңыз.

 

9.3 Төменде берілген тіркестерді қатыстырып сөйлем құраңыз, аударыңыз.

Каспий ойпатын игеру, мұнай өнімі, кен орны, өндірілетін мұнай, бірлескен кәсіпорын,  мұнай кеніші.

 

9.4 Көп нүктенің орнына етістіктердің тиістісін қойыңыз (аяқталды, орнатылды, іске қосылды, қатысты).

Канада жақтан алдырылған “Порта тест” қондырғысы елімізде тұңғыш рет осы Теңіз кенішіне  ... .  Теңіз кенішіндегі алғашқы ұңғының сынақ жұмысына одақ көлеміндегі мұнаймен айналысатын 22 ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары ... . Алғашқы скважина небәрі 2,5 сағатта ... . 2000 жылы “ТШО” қуаттарын ұлғайту жобасы табысты ... .

 

 

Мұнай меморандумы мұқтаж адамдарға қызмет етеді.

9.5  Мәтінді оқып, аударыңыз.

 

“ҚазМұнайГаз. Барлау. Өндіру.”акционерлік қоғамының бас директоры Жақып Марабаев пен Атырау облысының әкімі Аслан Мусин желтоқсан айының басында кездесіп, маңызды құжатқа қол қойды.

Облыстық Жылыой, Исатай, Мақат аудандарының әлеуметтік инфрақұрылымына демеушілік көрсету және аз қамтылған отбасыларын қолдау мақсатындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумы 2005 жылға арналған. Акционерлік қоғам ізгі мақсатқа 276 миллион теңге қаржы шығармақшы. Ақшаның басым бөлігі ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, мұнайшылардың отбасыларының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларын көтеруге арналады.

 

9.6            Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

 

9.7 Мәтіннен етістіктерді табыңыз, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

 

 

10 “Әлем-жәлем әлем”

 

Италиялықтардан  ағылшын  шықпайды

 

10.1 Мәтінді оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Мәтін авторы нені айтқысы келген?

Ағылшын тілін ең жақсы білетін елдер қандай?

Италиялықтардың ағылшын тілін меңгеру қабілеті қандай?

 

Көп нүктенің орнына мағынасы бойынша сәйкес келетін қосымшаларды қойып, мәтінді толықтырыңыз.

 

Италиялықтар ағылшын тіл..... меңгеру көрсеткіші бойынша Еуропа...... ең соңғы орындардың бір....... қалып отыр. Яғни, әлем..... үстемдік құрып тұрған тіл..... ел тұрғындарының 28 пайыз.... ғана біледі екен. Бұл мәселе бойынша Еуроодақ..... таяуда ғана қабылдан..... үш мемлекет – Мальта, Кипр және Эстонияның өзі Италия....... алдына түсіп кетіпті.

Егер Мальта мен Кипр бір кездері Британия отары болса, халқы....... 29 пайызы ағылшынша сайрап тұрған Эстонияның Британия...... үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Британия империя....... құрамына ешқашан енбеген гректердің көрсеткіш.... де жаман емес – 36 пайыз. Тұтастай алғанда, Еуропа..... тұр....... 455 миллион адам...... 47 пайызының ағылшын...... аштан өлмеуге әбден жарайды екен.

 

Етістіктерді қандай сұрағына жауап беретіндей формаға (өткен шақ есімше) қойып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Үлгі: меңгеру – меңгерген – ол компьютерлік программаларды жақсы меңгерген маман

қалу

білу

қабылдау

түсу

кету

тұру

қосылмау

енбеу

                

10.2 Мәтінді оқыңыз, келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Ескерткіш қандай мақсатпен  салынған?

Ресей рублінің тарихы қандай?

Мұндай ескерткіш Ресейде бұрын-соңды соғылған ба?

 

10.3 Бос орынға жақшаның ішіндегі сұрақтарға жауап болатын қосымшаларды жалғап, мәтінді толықтырыңыз.

 

 Ресей рубліне ескерткіш орнатылды

 

Ресейдің Ульянов облысындағы Димитровград қала.........          (қайда) Ресей рубліне ескерткіш ашылды. Қала..... (ненің) бас сәулетші.... (кімі) ТатьянаТарасова..... (кімнің) айтуына қарағанда, ескерткіш ел..... (ненің), оның ақша бірлігінің ажырамас тұтастық....... (несін) білдіреді.

Биіктігі бес метр..... (қандай) монумент қаланың орталық алаң........ (қайда) орналасқан. Ол метал..... (неден) құйылған. «Р» әрпі формасындағы ескерткіш үш түс.... (қандай) Ресей туы бедерленген үш бағаналы шеңбер..... (неге) бекітілген. Жалпы, биыл Бірінші Петр енгіз.... (қайткен) тұрақты соғылып, айналымға шығарылған орыс рубл..... (неге) 300 жыл толды. Ал бұл ақша.... (неге) орнатылған Ресей...... (қайдағы) алғашқы ескерткіш.

 

Футболкамен отырып-ақ мәжіліс құрады

 

10.2 Сұрақтарға жауап беріңіз.

Люн Квокунның іс-әрекетіне қосыласыз ба?

Квокунның жеңісін шын мәніндегі халық жеңісі деп айтуға бола ма?

Сіз одан үлгі-өнеге алар ма едіңіз?

 

10.3 Сөздерді керек орынға қойып, мәтінді толықтырыңыз

арасында                                       деп

арқау                                              киіп

келетіндіктен                               қарапайым

өйткені                                          аяқталды

жетіп                                              өнеге

 

Гонконг парламентінің депутаты Люн Квокун сотта өзінің мәжілістерге футболка киіп келу құқығын қорғап қалды. Қытайда Жалбыршаш ________ айдар тағылған халық қалаулысы парламент отырыстарына футболка киіп __________________, бұл әрекет басқа депутаттар ______________ түрлі жағымсыз әңгімелерге _________ болған еді. Кейін әріптестері Квокуннан көпшілік секілді костюм-шалбар_____ , галстук тағып жүруді талап еткен. Ақыры жанжал сотқа дейін ______ , ол Квокунның жеңісімен __________. «Бұл менің емес, халықтың жеңісі, __________ заң депутаттарға да көпшілік сияқты _________ киініп жүруге рұқсат береді» дейді депутат.. Бірақ өзге халық қалаулылары одан ______ ала қоймас.

 

 Түркияда жер сілкінді

 10.3 Бөлінген сөздерді губернаторы, оның, кіндігі, шкаласы, тауып, провинциясы, жарақат,  зардабынан сөйлемнің керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз.

Түркияның Бингель қаласының маңында Рихтер __________  деңгейінде 6 баллдық жер асты дүмпуі болды. Зілзала ________ Бингельде болғанмен, ________ шарпуы Агра ________ маңындағы бірнеше елді мекендерді қамтыған. Табиғат апатының __________ 16 адам қаза ______, 20 адам ________ алды, - деп хабарлады Агра провинциясының _____________.

 

Аджарияның жаңа мәртебесі

 

10.4    Мәтінді оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Грузия парламенті қабылдаған заңда қандай мәселелер қаралған?

Грузия президенті бұл заңды қандай жағдайда қолдана алады?

 

10.5 Жақшадағы сұрақтарға қарап, сөздерді сәйкес формаға қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Грузия парламенті Аджария....... (ненің) жаңа мәртебесі жөніндегі заң..... (нені) бекітті. Заңда Аджарияның жаңа Конституциясын қабылда.... (не істеу), автономияның жоғар.... (қандай) кеңесінің сайлау.... (несін) өткізу, Аджар үкіметінің өкілеттігі және қызмет жүргізу тәртібін айқындау сияқты мәселе..... (нелер) қарастырылған. Грузия президент... (кімі) осы заң бойынша Аджар үкіметін отставка.... (қайда) жіберу, автономияның жоғарғы кеңесін таратуға сондай-ақ, олар қабылда..... (қандай) заңд........ (нелердің) күшін жою құқ.... (несін) иелен.... (қайткен).

 

 

 

Бес мың адам зардап шекті

 

10.5 Бос орынға мына сөздердің (болған, мыңдай, шеккен ұлысында, өмірлік, мәлімдеуінше, шыққан, салдарынан, елді) керегін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Саха республикасының (Якутия) Верхоянск _______ Заполярья тауының қары еруі _____________ бірнеше ________мекенде су тасқыны ________ . Әсіресе, Верхоянск қаласын толықтай су алып кеткендіктен, __________маңызы бар көптеген нысаналар істен _______. Республика төтенше жағдайлар басқармасының ___________ , су тасқыны салдарынан 5 _________ адам зардап ___________.

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Ш. К.  Бектұров. В. Герман. С. Мусинов.  Қазақша газеттерді оқып үйренейік. -Алматы: Рауан, 1992.

2. Ш. А. Бектұров. Қазақ баспасөзімен жұмыс істеу туралы. -Алматы:  Рауан, 1995 ж.

3. “Егеменді Қазақстан” газеті.

4. “Жас алаш” газеті.

5.“Алматы ақшамы” газеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Мазмұны

 

1  Жалпы мағлұмат                                                                                              4

2 Қазақ баспасөзі туралы мәлімет                                                                     8

3 Мемлекетаралық қатынастар                                                                       10

4  Ресми іс сапары                                                                                                12

5  Келіссөз                                                                                                              14

6  Сайлау                                                                                                                18

7  Экология                                                                                                            21

8  Дерек пен дәйек                                                                                                24

9  Әлем-жәлем әлем                                                                                             25

10  Әдебиеттер тізімі                                                                                            29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2004ж. жинақтық жоспар, реті 65

 

 

Мейрімгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп

 

 

 

 

 Қазақ тілі

                        Техникалық мәтіндер , тапсырмалар мен әдістемелік нұсқалар

 (студенттер мен магистранттарға арналған)

 

 

 

 

Редакторы Ж.А.Байбураева 

 

 

 

 

 

Басуға қол қойылды __  .__  .______.                    Пішімі 60х84 1/16

Тиражы 50 дана.                                                       № 1 типография қағазы

Көлемі 2,1 оқу-басп.т.                                              Тапсырыс ______.

Бағасы 68 теңге.

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

480013 Алматы, Байтұрсынов к, 126