АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ -2 пәні

050703 - Ақпараттық жүйе мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттері үшін өздік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау 

 

Алматы 2008 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Э.Т.Ахметова. ҚАЗАҚ ТІЛІ–2 пәні. 050703 - Ақпараттық жүйе мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттері үшін өздік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау Алматы: АЭжБИ,  2008.- 30 б.

Ақпараттық жүйе  бағытындағы  студенттер мен сырттай   оқу бөлімінің студенттеріне арналған  бұл әдістемелік нұсқау  Қазақ тілі- 2 пәнінен студенттің өздік жұмыстарының бағдарламасына сәйкес жазылған. Нұсқауда мамандық бағытына сай мәтіндер сұрыпталып, тапсырмалар берілген. Студенттердің кәсіби бағытталған тілін дамытуға арналған ғылыми стильде жазылған мәтіндер, сонымен қатар орыс тілінен қазақ тіліне аударуға арналған мәтіндер берілген. Нұсқау студенттердің өз бетімен  жұмыс істей білу дағдысын қалыптастырып, сауатты аударуға  машықтандыруға септігін тигізеді.

 Сырттай оқу бөлімінің студенттері үшін бақылау жұмыстары:

 

   №1 бақылау жұмысын орындау тәртібі:

·        №1  СӨЖ бойынша берілген құрылғыларға техникалық сипаттама жазу (1 бет);

·        сөз тіркестерінен сөздік құру (20 сөз тіркесі);    

 

№2 бақылау жұмысын орындау тәртібі:

·        №2 СӨЖ бойынша берілген тапсырмаларды  толық орындау;

 

№3 бақылау жұмысын орындау тәртібі:

·        №3 СӨЖ бойынша берілген тапсырмаларды толық орындау;

·        нұсқа сынақ кітапшасының соңғы  санына сәйкес  таңдап алынады;

 

 №1 СӨЖ  (Ауызша) 

Топтағы студенттер 3-4 - тен бөлініп, жоба бойынша жұмысты орындайды.  Әр топша студенттеріне жұмыс бөлініп  беріледі.

Жұмыстың мерзімі: семестр бойы.

 

Жұмыстың мақсаты: 

Студенттер өз мамандығына сәйкес тақырыпты алып, сол бойынша жұмыс істеуге дағдыланады.

Жұмыстың кезеңдері: 

а) берілген тақырып бойынша материалдар іздеп  табу;

ә) қажет дегендерін іріктеу, сұрыптау;

б) студенттің  міндеттерін белгілеу;

в) қорытынды қорғау.

Жұмыстың түрі:

·        пікір сайыс (дискуссия)

·        дөңгелек үстел

·        презентация (тұсаукесер)

  

Көрнекі құралдар:

·        сурет

·        сұлба

·        терминдер сөздігі

 

Жобаланатын құрылғылардың атаулары:

 

1. Программалық құралдар

2. Компьютер жұмысын басқару құрылғылары

3. Стандартты программалар

4.  Сканерлер

5.  Принтерлер

6.  Компьютерлер

7.  Процессорлар

8. Дискілер

9.  Микропроцессорлар

         10. Модемдер

 

 №2 СӨЖ     (Жазбаша)

Жұмыстың мерзімі: 1 ай.

Жұмыстың мақсаты:

Жарнама жұмысын жоғары дәрежеге жеткізудің негізгі шарты-жарнама мәтіндерінің тілін көркемдеп жазу.

Тұтынушылардың сол тауарға қызығушылығын арттыру үшін қажетті сөздерді орынды жұмсауға және қысқа да нұсқа жаза білуге машықтандыру.

                              

Орындалатын жұмыс :

·        жарнаманалатын техникалық жабдықтардың тақырыптарын бөлу;

·        техникалық жабдықтың сипаттамасын беру (1 бет);

·        техникалық жабдықтың тарихынан мағлұмат беру (2-3 бет) ;

·        сыртқы (көшедегі), баспасөзде  берілген бес жарнама мәтініндегі қателерді тауып, дұрыс  нұсқасын беру;

·        қорытынды ретінде нақты түріне жарнама жазу;

Қойылатын талаптар:

·        жұмысты  А 4 форматында  14 шрифтпен басу;

·        берілген нұсқаның  түпнұсқасы толық жазылуы керек;

·        жұмыстың мазмұнын, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету;

·        жұмыс мерзімінде өткізілуі керек;

 

Жарнамаланатын құрылғылардың тізімі:

1. Мониторлар

2. Дербес ЭЕМ

3. Дербес компьютерлер

4. Ксерокс түрлері

5. Процессорлар

6. Таспакарталар

7. Принтерлер

8. Дыбыс карталары

9. Браузерлар

        10. Интернет- пейджерлер

 

 

№3  СӨЖ    (жазбаша)

 

Жұмыстың мерзімі: 1 ай.

 

Қойылатын талаптар:

·        жұмысты  А 4 форматында  14 шрифтпен басу;

·        берілген жұмыстың түпнұсқасы толық жазылуы керек;

·        жұмыстың мазмұнын, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету;

·        жұмыс мерзімінде өткізілуі керек;

 

Тапсырмалары:

1.     Мәтінді толық оқып шығып, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестеріне (20) сөздік жазыңыз.

2.     Себеп мағынасын беретін сөйлемдердің бірнеше түрін жасаңыз.

Үлгі: Модем- телефон желісі арқылы компьютердің өзара мәлімет алмасуын қамтамасыз ететіндіктен, оған сұраныс та арта түседі.

Модем- телефон желісі арқылы компьютердің өзара мәлімет алмасуын қамтамасыз ететін болғандықтан, оған сұраныс та арта түседі.

Модем- телефон желісі арқылы компьютердің өзара мәлімет алмасуын қамтамасыз етуіне байланысты, оған сұраныс та арта түседі.

3.     Мәтіннің әр абзацына түрлендіріп бірнеше сұрақтан қойыңыз.

4.     Септеулік шылаулар (үшін, арқылы, бойынша,бірге, қарай, кейін, дейін, сайын) арқылы жасалған сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлемдер құраңыз.

5.     Мәтінді жазбаша аударыңыз. 

 1- нұсқа

Байланыстың ұялы жүйесі

 

Ұялы жүйенің тұжырымдамасы 40 жылдың аяғында Bell Sistem компаниясының жобасында пайда болды. Ол жылжымалы  байланыс үшін  жаңа үлгі түрді әкелді. Үлкен алаңда  сигналды тарататын «радиохабар тарату үлгісінің » орнына, жаңа  қуаты кемдеу  қуатқыштарды керек етеді, олардың әрқайсысы тек шағын аумақтарға қызмет көрсету үшін арнайы арналған , оны ұялы (cell) деп атаймыз.

Мысалы, үлкен  қалада жылжымалы  байланыс  жүйесінің бір қуатты таратқышын  бірнеше  түрлі ұяларға бөлуге болады. Абоненттер арасындағы өзара бөгеуілдердің әсері шамалы болу үшін бір- бірінен қашықталуы жеткілікті болады, сол жиіліктер (арналар) әртүрлі ұяларда  қайталанып пайдаланылады.

         Ұялы желі қасиеті, ұялар арасындағы қашықтықтың толық мәндері радиобөгеуілдермен байланысты болмай, сол жиілікпен және ұяның  радиусымен ұялар арасындағы арасындағы қашықтықпен анықталады. Ұяның радиусы  таратқыштың  қуатымен және  сонда орнатылған антеннаның биіктігімен анықталады. Сол радиус жүйелік инженермен бақыланады. Сондықтан жүйелік инженердің енгізуімен  жиіліктерді қайта пайдаланудың арқасында  қанша  радиоарналарды немесе «тізбектерді» құруға  болатыны шешілді.

         Ұялы жүйенің басты қасиеті ұяларды ұсақтау болып табылады. Үлкен өлшемді ұяларды  ұсақтаудың арқасында  уақытша кіші радиусты ұяларды түрлендіруге болады.

         Ұялық архитектураның негізгі қасиеттері келесілер болып табылады:

-         шағын қуатты таратқыштар және қаптаудың ықшам аумақтары;

-         жиіліктерді қайталап пайдалану;

-         сыйымдылықты үлкейту үшін ұяларды ұсақтау;

Сонымен ұялы радиобайланыс өзінен радиотелефондық желіні құрудың әдісін іске асыруды білдіреді. Ұялы байланыс бұрынғы технологияны ұйымдастыру үшін жаңа  өзегі болып табылады.

         Ұялы жылжымалы байланыстың коммерциялық пайдаланылуы 1983 ж. енгізілген.  Ұялы радиобайланыс AMPS (Advanced Mobil Phone Service) үшін АҚШ  аналогты  стандарт HCMTS шықты.

 

 2- нұсқа 

Цифрлық ұялық жүйелер 

90 жылдары  ұялық байланыс кеңінен тарай бастады. Ұялардың мөлшері  азая бастады, базалық станцияларды  ыңғайлы орындарға орналастыру қымбат және қиындай бастады. Бұл біріншіден халқы аса  тығыз үлкен қалаларға жатады, мұнда сыйымдылық аса қанық болу керек. Сонымен бірінші буындағы  жүйенің аналогты  мөлшері аз болса,  онда бөгеуілдермен байланысы  шектеулі бола бастайды. Осы шектеулер   үлкен сыйымдылыққа жету мақсатында  ұялық желілердің екінші  буынын құрастыруға  себеп болды.

Екінші буынның ұялық желілері үшін  халықаралық стандарттаумен байланысатын комитеттер  цифрлық жүйені таңдады. Сигналдарды цифрлық өңдеу  (СЦӨ) және цифрлық байланыстың әдістері  ақпаратты өңдеу бойынша жедел әрекетті қызметттерді , жаңа пайдалымдарды ұсынды.  Бөгеуілге жоғары тұрақтылық  ұялы жүйелердің келесі буындарына аналогты жүйенің сыйымдылығының шектерін арттыруға мүмкіндік берді. Ұялы жүйелердегі  цифрлық әдістердің қасиеттері:

-         цифрлық модуляция. Цифрлық  модуляцияның жаңа әдістері жиілік спектрді пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді;

-         сөзді аса төмен жылдамдықты  цифрлық кодтау;

-         сигналдауға сыйымдылықтың шығындарын төмендету;

-         арналық қодалаудың және  көзді кодалаудың робастік әдістемелері;

-         аса жоғарғы бөгеуілге тұрақтылық орнату.

 

Цифрлық жүйелерде аналогты жүйелерге қарағанда күшті тең  арналық бөгеуілдер және көршілес арналар бойынша бөгеуілдер болған жағдайда аса жоғарғы сипаттамалары болады.

Цифрлық жүйелер тең арналық бөгеуілдер кезінде  қызмет етуі қажет, ол  жобалаушыларға ұялар арсындағы  жылдамдықты  және  ұялардың өлшемін пайдаланатын жиіліктерді азайтуға, қайталап пайдаланудың құралымын оңайлатуға мүмкіндік береді.

-жиіліктер жолағының иіліп өзгеретін ені. Цифрлық  жүйелер жолақтың иіліп өзгеретін ені мен архитектураларды салыстырмалы іске асыруға мүмкіндік береді;

- шақыруды таратуды және  қатынауды басқарудың жоғарылатылған тиімділігі. Әр ұядағы базалық станция және абоненттердің барлық жинағынан тіркелетін және қатынайтын сұранымдардың үлкен сандарын өңдеу керек. Бұл қызметтер цифрлық әдістемелердің көмегімен тез және  оңай  орындалады,бірақ аналогты әдістермен іске асыру үшін өте күрделі болуы мүмкін. 

3- нұсқа

         Жедел әрекетті дербес компьютерлер және байланыс жүйелері. 

Жедел әрекетті компьютерлер – шағын әрі портативті құрылғы. Олар офистік үстелдегі компьютерде қолданылады және компьютерлік индустрияның тез өсетін сегментін білдіреді.

         Ноутбуктар, субноутбуктар, қолда (palmtops) және қалтада ұстайтын компьютерлер әрі органайзер, пейджер және ұялы телефонның қызметтерін қосатын дербес цифрлық секретари (personal digital assistats) – осының бәрі кеңінен таралған, жаңартылған компьютерлер болып табылады. Дербес компьютерлер  адам жүргенде де, тұрғанда да жұмыс істей береді. Пайдаланушы бір қолымен компьютерді ұстап жұмыс істеуге, екінші қолымен ұялы телефонды немесе блокнотты немесе папканы ұстауға болады. Дербес компьютерлер  жұмыста қарапайым,  берік, жеңіл әрі кішкентай болуы керек. Пайдаланушыларға жиі сымсыз  желілер арқылы  орта  ЭВМ және  қашықталған  деректер базасына жылжымалы және иіліп қатынау өте қажет болады, жалпы пайдаланудың халықаралық, ұлттық жалғанатын телефон желілеріне  қосылатын жылжымалы радио  желілері  түрінде қажет.

         Дербес компьютерлерді ыңғайлы жасау үшін бірқатар  компьютерлер және аралас  технологиялары бар:

-         сөзді тану және қаламмен енгізу клавиатураны ауыстыруға әрі жұмыс істеуге ыңғайлы компьютерлерді жасауға әкелді;

-         радиобайланыс пайдаланушыларға елдің, қаланың, ғимараттың,  бөлменің шектерінде немесе барлық әлем бойынша ақпаратпен алмасуға  мүмкіндік береді;

-         ақпараттың үлкен көлемдерін сақтау үшін кеңейтілген жинақты жадымен аз габаритті, қазіргі микропроцессорлары және  қазіргі радиобайланыстың жүйелері мәліметтерді өңдеп  әрі тиімді тарата алады;

-         қуатпен  басқару үшін тиімді программаны  қамтамасыз етуге және қоректің элементтер өндірісінің жаңа технологиялары компьютерге ұзақ кезеңде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Стандарттаудың негізгі мақсаты – жадының карталары мен жүйелерінің өндірушілеріне өнімдерін тудыруға мүмкіндік береді. Осы стандарттың негізгі қосымша стандарттарына, цифрлық фото және телекамералардың, электрон кітаптарының плеерларын, радиобайланыстың жабдықтарын қоса отырып,  компьютерсіз  және компьютерлік тұтынушылардың өнімдерінің типтері арасында РС- карталарымен бос алмасуға мүмкіндігін қамтамасыз ету  жатады.

         20-дан асқан үлкен ұялық нарықтары үшін ұялық байланыс жүйелерінің абоненттер санының бағалары 1993ж. абоненттердің 24 млн. асатын жалпы санын көрсетеді. Еуропада 2001 ж. аяғында байланыстың аналогты және цифрлық ұялық жүйелерінің абоненттерінің жалпы саны  50 млн. жетті. Уақыттың осы кезеңінде ұялық бизнеске жылжымалы байланыстың жалпы  еуропалық нарығының 90% жатады.

 

4- нұсқа

Информация 

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда , радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата- аналармен әңгімелескенде  әртүрлі ақпарат аламыз. Берілген ақпараттар өзімізге , заттарымызға  қатысты  айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.

         Ақпаратты жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу  тек ауызба- ауыз айтумен немесе  әртүрлі қимылдармен ғана емес,  оқу- жазу арқылы да  беріле бастайды. Ойды жазып қалдыру- тек мағлұмат  пен  хабар алмасу ғана емес, адамзаттың  ізгі қазыналарын ұрпақтан ұрпаққа  жеткізу мүмкіндігін берді.

         ХІХ- ХХ ғасырлардағы  телеграфтың , телефонның , радионың шығуы информацияны кез келген қашықтыққа  жарық сәулесінің тарату жылдамдығымен  жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып – ақ дүниеде не болып жатқанын біліп,  кино , спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын толық жүзеге асыра алатын күйге жетті.

         Мәліметтерді  іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін ХХ ғасырдың ортасында шыққан  электрондық есептеу машиналары берді. ЭЕМ-дер әуелде  есеп- қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магнит таспаға жазып, қағазға басып,  ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде,  мәтіндерді теріп түзетуде, өндірісті автоматтандыруда және басқа да көптеген қызмет  салаларында қолданыла бастады.

         Ақпараттың түпкі заттық мазмұны- оның негізгі қасиеттерін, дәлдігі мен толықтығын, бағалылығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен  түсініктілігін ашуға көмектеседі.

         Ақпарат  істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға  жеткілікті болса,   онда оның толық болғаны. Ақпараттың бағалылығы оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары  өзгерген жағдайда өте керек  болады.

         Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т.б. 

 5- нұсқа

Информация және  есептеу  машиналары 

         Бұл күнде ЭЕМ ақпаратты өңдеудің ең негізгі құралы болып,  жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін – жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты.

         Ең алдымен  ЭЕМ- дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер  ашып берді. Оның үстіне, сол технология көмегімен, ЭЕМ- дермен басқарылатын жаңа машина, құрал- сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде ХХІ ғасырдың басында есептеу машиналары «адамсыз жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлап, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді.

 ЭЕМ-дер мектептерге де келе бастады, олар физика, математика, химия мен биология сияқты басқа да пәндерді оқып үйренуде үлкен көмек береді.

           ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана білу бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты алдағы 10-15 жылда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін қалайды.

Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады.

ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: есептерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логикамен информатика заңдарын білуге барып тіреледі.

Кәдімгі информатикалық технологиялар деп әртүрлі ақпараттарды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады.

Жаңа информатикалық тенхнологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы, әсіресе, дербес компьютерлер көмегімен ақпаратты жеткізу, жинақтау, түрлендіру процесі.  

 

6- нұсқа

Компьютерлік жүйелерді пайдалану 

IBM фирмасының анықтамасы бойынша  компьютерлік (есептеу) жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:

·        шығарылатын есепті, орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам;

·        ақпараттық жасақтама (Hardware) ;

·        мәліметтер файлы;

·        компьютердің программалық жасақтамасы.

Компьютерлік жүйелер ұғымын немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны – машиналарды, мәліметтерді, программаларды және адамды біріктіре қарастыру кезінде қолданылады.

Басқа құрылғылар мен  машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі жұмыс өнімділігін  арттыру болып табылады.

Егер компьютерді есеп- қисап жасау, мәліметтерді өңдеу немесе құжаттарды қағазға басып алу істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген істерді тындырасыз. Мысалы,  машинкада  мәтін басатын шебер адам бір минутта   60-тан 80 сөзге дейін немесе 6-8 жолға дейін мәтін басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 жол баса алады. Демек, бір компьютер 150- 200 адамды алмастыра алады деген сөз.

Компьютерді пайдаланудағы екінші себеп мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып табылады. Дайындығы мол маман адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000000 сөз оқи алады екен. Ал орта  мүмкіндікті компьютер оны 30 секундқа жетпейтін уақытта оқып шыға алады. Сол себепті телефон станцияларында, анықтамалық  іздеу  қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады.

Компьютерлік жүйелерді пайдаланудағы үшінші себеп- олардың дәлдігі мен ұқыптылығы. Егер біз компьютерге  нақты мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дұрыс жолдарын көрсетсек, ол әрқашанда қатесіз дұрыс нәтижелер береді. Кейде компьютер қате нәтижелер берді деп айтады. Мұндайда компьютердің қателеспейтінін, қатенің себебі мәліметтердің оған дұрыс  берілмегендігінен немесе  осы мақсатқа арналған мәліметтерді өңдеу алгоритмінің қате болғаны екенін ашып айту қажет.

Үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір- біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін құрамнан тұрады:

1.орталық процессор;

2. енгізу құрылғысы;

3. есте сақтау құрылғысы;

4. шығару құрылғысы. 

7- нұсқа

Дербес  ЭЕМ 

         Дербес ЭЕМ-нің (ДЭЕМ) элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация  өңдеудің белгілі  бір  қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер  интегралдық  сұлбалар деп аталады. Интегралдық сұлба металдан не  пластмассадан  жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдан  тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар  осы кристалды қораптың шеткі  тақтайшаларымен  жалғастырады.

         Жартылай  өткізгішті кристалл  көбінесе  өте таза  кремнийден жасалады, оны жасауда  вакуумдық бүрку,  тырналау, қоспаларды иондық түрде енгізу, дәлме- дәл фотолитография тәрізді және  де басқа  жоғары сапалы технологиялар қолданылады.

         Осындай күрделі  технология нәтижесінде кристалда электр  сұлбасына біріктірілген «электрондық молекулалар» жасалады.Олар бір кристалл көлемінде жүз мыңнан аса  бір- бірімен байланысқан «электрондық молекулаларды» құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын орындай алады. Мүмкін болашақта осындай  сұлбалар элементтері  рөлін тікелей ұғымдағы  заттардың  молекулалары атқаратын шығар.

         Интегралдық  сұлбаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау – барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне  оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген.Интегралдық сұлбаларды шығаруды баспаханалардағы  кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады.Олар өздері атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ- нің  әртүрлі тетіктерінің- шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты  бөлек-бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.

         Бұл сұлбалардың интегралдық (біріктірілген) деп аталу себебі, олардың бір кристалды күрделі  логикалық функциялардың белгілі біреуін  орындай алады, сосын олардан  транзисторлар мен  диодтардан  құрастырылатын сияқты  машина қондырғылары оңай жасалады.

         ДЭЕМ  бірыңғай  аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына  кіретін  барлық құрылғыларды олардың функционалдық  белгілеріне  қарай  екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік, блок және сыртқы құрылғылар.

         Жүйелік блок мыналардан тұрады:

-         микропроцессор;

-         оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;

-         тұрақты есте сақтаушы құрылғы;

-         қоректену бөлігі мен мәлімет енгізу- шығару  порттары. 

8- нұсқа

Микропроцессор 

         Микропроцессор бір кристалда дайындалған (үлкен) интегралдық сұлбалар- БИС , олар әртүрлі типтегі керекті элемент болып табылады. Оны әр түрлі  логикалық  функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу – шығару жұмыстарын басқарушы рөлінде қолдануға болады.Микропроцессорге  жедел және  тұрақты жады, енгізу- шығару құрылғыларын қосуға болады.

         IBM тәрізді  компьютерлерде INTEL фирмасының  және басқа да  фирмалардың бір- біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады.

         Микропроцессорлардың  бір- бірінен өзгешілігі олардың типтерінде,  (модельдерінде) яғни  оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші- мегагерц- Мгц бірлігімен берілген тактылық  жиілігінде жатыр. Бұған дейін кең тараған модельдерге Intel- 80386, 80286, 80386, Pentuim және Pentuim- Pro жатады, бұл тізім олардың  жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес бағасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конструкциялық ерекшеліктеріне қарай  бір модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әртүрлі болады, жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі.

         Intel- 80386, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорларда  аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын  арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар  өнімділіктерін  арттыратын қосымша  математикалық  сопроцессорлармен жабдықталады.

         Компьютерлер алып жүруге  ыңғайлы нұсқада да жасалады. Мұндай  ЭЕМ- дерде  жүйелік блок, монитор және пернелік бір қорапта жасалған: жүйелік блок пернелік астында , ал монитор  пернеліктің қақпағы түрінде жасалған. 

         INTEL фирмасының   80286,80386 сияқты  процессорлары  1-4 Мб жедел жад көлемімен, 80386 және 80486 процессорлар -4-8 Мб көлемімен  жұмыс істей алады. Бірақ операциялық жүйе үлкен көлемді жадыны толық пайдалана алмайды. Қосымша жады пайдалану үшін арнаулы программалар – драйверлер жасалынады. Олар қолданбалы программадан тапсырма алады, процессордың қорғалған режим жүйесіне көшеді. Тапсырманы орындағаннан соң, драйвер алғашқы режимге көшуді қамтамасыз етеді, процессор жұмыстың қалыпты  режиміне ауысады.

 9- нұсқа

Анықтама алуды ұйымдастыру 

Windows- ортасының және оның қосымшасының анықтамалығы – гипермәтіндік анықтамалық жүйе.

         Программаның  кез келген  жерінде  көмек бере алатын анықтамалық жүйе контекстке тәуелді, сондықтан Windows қосымшаларының анықтамалығы гипермәтіндік контекстке тәуелді анықтамалық жүйе болып саналады.

         Гипермәтіндік жүйе дегеніміз – мәтіндегі түйінді сөздерге  негізделген жүйе. Түйінді сөз- мәтіннің бір бөлімін оның басқа бөлімдерімен байланыстыра алатын немесе  белгілі бір ұғымды беретін сөздер. Түйінді сөздерді таңдағанда  Анықтама терезесіне автоматты түрде  сол сөзбен байланысты  бөлім шығады. Ол тарауда да бірнеше түйінді сөз болуы ықтимал, ал олар басқа бір тараулар мен бөлімдерімен  байланысқан. Осындай жолмен мәтіннің бір бөлігінен оның басқа бірнеше бөлігіне шығуға болады.

Түйінді сөздер мен олар арқылы  бір- бірімен  байланысқан  тараулар мазмұнының да бір- біріне байланысты болатыны түсінікті шығар. Сол себепті әрбір адам Анықтама  терезесіне түйінді сөзге байланысты  нендей ұғымдағы  мәліметтер шығатынын болжап,  біліп отырады десек артық  айтқандық болмас.

         Түйінді сөздер рөлін  бірнеше сөздер немесе сөйлемдер де  атқара алады. Анықтама ішінде басқа бөліммен байланысқан түйінді сөз  ретінде суреттер де қолданыла береді.

         Анықтама ішіндегі түйінді сөздер алдын ала басқа түспен белгіленіп қойылады.

         Анықтамалықта қосымша осындай мәліметпен байланысқан сөздер мен сөз тіркестері түйінді сөздердің жаңа типін құрайды.Мұндай сөздерді таңдап алғанда, басқа бөлімге  ауыспаймыз, тек Анықтама  терезесі ішінен қосымша мәтіні бар жаңа терезе пайда болады.

Бұл пайда болған терезе тышқанды  шерткенше не пернелердің бірі  басылғанша экранда  көрініп тұрады.  Жаңа терезеге шығатын түйінді сөздер  мәтінде де  белгіленіп қойылған.

          Анықтамалық жүйесінің басты терезесінің үш парағы бар, олар: «Мазмұн», «Салалық көрсеткіш», «Іздеу» тақырыптарынан тұрады. Керекті парақты таңдау үшін тышқан курсорын сол беттің тақырыбына  жеткізіп, оны   бір рет  шертсе болғаны. 

10- нұсқа

Компьютер жұмысын басқару құралдары 

         Жаңа құрылғыларды ЭЕМ-ге қосуда, жаңа  программаларды компьютерге  орналастырғанда , қаріптерді алып тастау не енгізу  кездерінде, «Жұмыс столын» көркейту істерін атқарғанда, сандарды, күні мен  уақытты бейнелеу түрлерін өзгерту барысында  «Басқару  тақтасын» деп аталатын жүйелік бумада  орналасқан  құралдар пайдаланылады. Бұл  буманы  іске қосу «Менің компьютерім » атты жүйелік  топтағы  Басқару тақтасы белгісін таңдап, тышқанды екі рет  шерту  арқылы немесе  басты  менюдің Баптау- Басқару тақтасы командаларын таңдау жолымен атқарылады.

         Басқару  тақтасы  терезесінде  орналасқан  программалық  элементтерді  пайдалана отырып «Жұмыс столын» (Desktop themes) көркейтуге ,  тышқан қолтетігін, пернелік  тақтаны баптауға және  т.б. жұмыстарды  атқаруға болады.

         Қазіргі кезде  қолданылатын  операциялық жүйелердің бәрі де  файлдармен жұмыс істейді. Windows бұл жұмыстың  қомақты бөлігін өзіне қаратып  алады деуге болады, яғни ол әрбір адамды  дискідегі  файлдармен  қатынас жасау кезінде  оларды үнемі  қадағалау  қажеттігінен  босатты. Мысалы, қандайда да бір программа  белгісіне  тышқан курсорын  апарып,  оны екі рет шертсек , соған сай келетін  программалық  файл іске қосылады, бұл  сәттерде  файлдың  қай жерде орналасқанын әркімге білу қажет емес. Мұның өзі  Windows жүйесінің  және  ондағы барлық қолданбалы программалық  файлдық  жүйемен  тікелей  қатынас  құра алатынының айғағы  болып отыр.

         Әдетте  әрбір адам дискіден файл  оқу үшін  не оған басқа бір файл жазу үшін, сондай-ақ қолданбалы программаларды  іске қосу үшін файлдық жүйеге  жүгінеді.

         Әдетте , тәжірибелі  адамдар  Программа Диспетчеріне өздері  үнемі  жұмыс істейтін программаларды орналастырады.Ал анда– санда қажет болатын басқа программалар файлдық жүйе арқылы  іске қосылады.

Жұмыс столында  орналасқан  программалар  санының аз болуы, олармен  жылдамырақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы: экранға  Орындау сұхбат  терезесі шығады. Егер де сіз программалық файлға  өту жолын білсеңіз, онда оны  Командалық жолдың мәтіндік  өрісінде  жазып көрсетуге болады.

           Практика мен тәжірибе көрсетіп отырғандай, барлық қажетті файлдарға жету жолын ұмытпай есте сақтау - өте күрделі іс. Осы жұмысты басқаша түрде компьютердің файлдық құрылымы көрсетілген арнайы сұхбат терезесін экранға шақыру арқылы жеңіл істеуге болады. Бұл терезеде сіз қажетті файлыңызды тауып алып, оны белгілеп, бұдан кейін Орындау терезесіне қайта оралған соң, тек қана соған сәйкес программаны іске қоса саласыз.

 

                                                      11- нұсқа

Компьютерлдік вирустар 

         Компьютерлік вирус – арнайы жазылған  шағын көлемді  программа. Ол өздігінен  басқа программалар  соңына  немесе  алдына қосымша жазылады да,  оларды  «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ  компьютерде  тағы басқа   келеңсіз  әрекеттерді  істеуі мүмкін. Ішінен осындай  вирус  табылған  программа  «ауру жұққан» немесе  «бүлінген» деп  аталады. Мұндай программаны іске қосқанда  алдымен вирус  жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы  орындалмайды немесе қате  орындалады. Вирус іске қосылған программаларға  де кері әсер етіп, оларға да  «жұғады» және  басқа да  зиянды іс- әрекеттер  жасай бастайды.

         Вирустың  көптеген  түрлері ЭЕМ жадында DOS – ты қайта  жүктегенше  тұрақты сақталып, оқтын- оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.

         Компьютерде «вирус жұққан» программалар  саны  көбеймей тұрғанда,  онда вирустың бар  екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз   уақыт өткен соң, компьютерде  әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар  басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс- әрекеттер істеуі мүмкін:

-         кейбір  программалар жұмыс істемей қалады немесе  дұрыс  жұмыс істемейді;

-         экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады;

-         компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

-         көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т.б.

Компьютерге вирус жұққанын  байқаған кезде кейбір файлдар мен 

каталогтар, дискідегі мәліметтер  бұзылып үлгереді, оның үстіне  пайдаланылған  дискеттер  арқылы  немесе жергілікті желілер бойымен  компьютердегі вирус басқа  компьютерлерге  таралып кеткені байқалмай да қалады.

Вирустың кейбір  түрлерінің кері әсері тіпті  терең  болады. Олар бастапқы кезде  өзінің жұққанын ешбір әсерімен  білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге  үндемей таратылып кетеді де,  компьютердегі  қатты дискіні  өздігінен қайта  форматтап шығады.

         Осының бәрі  вирустан  дер кезінде  қорғанбасақ, оның келешектегі әсері керекті  мәліметтерді  жоғалтуға  әкеп соқтырады.

         Вирус программасының байқалмау себебі олардың  көлемі  кішігірім ғана болады да, өздері  ассемблер тілінде  жазылады.

         Қазіргі кезде  вирустар  негізгі екі топқа бөлінеді:

-         резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталады);

-         резиденттік емес вирустар. Вирус жұққан программа  іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа  көшіріліп жазылып, біраз уақыттан соң  бірден іске  кіріседі. Бұл  вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. 

12- нұсқа

Компьютерлік желілер

Компьютерлік желілер дегеніміз – бір- бірімен мәлімет  алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым- - қатынас жасауына арналған  ақпарат өңдеудің  тармақталған жүйесі.

         Басқаша айтқанда,  желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір – бірімен байланысқан  жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге  басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды  ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты  компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және  тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға  мүмкіндік береді. 

         Желі құрамына кіретін  компьютерлер мынадай жұмыстар  атқарады:

-         желімен қатынас құруды ұйымдастыру;

-         олардың арасында мәлімет алмастыруды  басқару;

-         желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Компьютерлік желілердің түрлері: жергілікті және аймақтық

таратылатын желілер болып табылады.

         Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді бір – бірімен  немесе оларды  желі сервері  рөлін  атқаратын  қуатты компьютермен  байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

         Жергілікті  желі  әрбір тұтынушыға бір – бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап  өтуге болады:

-                     құжаттарды бірге пайдалану;

-                     құжат  айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс  орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

-                     компьютер дискісіндегі орынды  тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

-                     қымбат тұратын қорларды – принтерді, СД-ROM мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы программаларды бірігіп пайдалануды жеңілдету, т.б. 

13- нұсқа

Аймақтық – таратылатын желілер. Интернет 

Аймақтық – таратылатын желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында  атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе  жоғары  жылдамдықты цифрлы  желі  арналарын  ортақ пайдалануға арналған кешендік  қызмет (ISDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын  байланыстық телефон арналары қолданылады.

         Модем немесе  алыста  орналасқан сервер көмегімен  жүзеге асатын  аймақтық – тармақталған желілер  функциясын  жергілікті  желілер құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация  технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

-         электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;

-          Интернетпен байланысу.

Интернет  дегеніміз – дүниенің әр түпкіріндегі тұтынушыларды бір – бірімен байланыстыратын мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең  ауқымды байланыс түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып (шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде  күннен күнге  елеулі рөл атқарып келеді.

Қазіргі кезде Интернеттің  ең негізгі функцияларына  электрондық пошта қызметі мен  мамандықтары бір немесе  ортақ мәселемен айналысатын топтардың  немесе  зерттеушілердің бір – бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.

     Интернет күннен күнге қуатты екпін алып, оған көптеген  компаниялар мен  фирмалар  және қарапайым  тұтынушылар  үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың  жабдықтаушылары және тұтынушылары  арасындағы  байланыс дәнекері  рөлін атқаратын осы  Интернет желісі  болып табылады. Қазіргі кезде  мекемелер және  әрбір жеке отбасы үшін  атқарылатын алыстан оқыту  жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді  мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылып отыр.

         Кез келген  компьютерлік желі жұмысы  топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі. 

14- нұсқа

Жергілікті программалық құралдар 

Жергілікті және  аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:

- желілік операциялық жүйеден;

- желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.

Желілік операциялық жүйе -желіге қосылған әрбір дербес компьютерде  пайдаланылатын программалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік оперциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша  бағдарлауды (маршруттауды) желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және  дербес компьютерді операциялық жүйесімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.

         Желілік операциялық жүйе файлдар мен  қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай  бір жұмыс стансасында орналасқан  ресурстар  бірге  пайдаланыла отырып, керекті  мәліметтер алушыларға жөнелтіліп және  олар  басқа компьютерлерден өзгерте алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орналасады да,  қалған  бөліктері барлық жұмыс стансаларында  қызмет етеді.

         Желілік операциялық жүйе  қосылған барлық  құрылғыларды анықтап,  ортақ  пайдаланылатын шеткері құрылғыларға  жұмыс стансаларының  қатынасу приоритетін  айқындап отырады.

         Желіні басқару  программалық құралдары желіні қадағалау, басқару және  ондағы мәліметтерді  сақтау істерінде  маңызды рөл атқарады. Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және  қысылтаяң кездерді болдырмайтын, желіні жеке иеленудің жалпы құнын  төмендететін басқару  істерін алдын ала жүргізеді.

         Желі администраторлары басқару  жұмыс  стансасы мен World Wide Web қызметі арқылы  трафиктегі заңдылықтарды  қадағалай алады, осы сегментте шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді.

         Программалық құралдар бұған қоса  тасымалданатын  мәліметтерді кездейсоқ өзгертулерден сақтайды. Желі администраторлары басқаруға арналған  жұмыс стансасы арқылы пароль орната алады, тұтынушылардың қандай құрылғы пайдалана алатынын анықтап бере алады.

 

15- нұсқа 

Электрондық пошта 

Қазіргі кезде  электрондық пошта кеңінен  қолданылып келе жатыр. Оны қалай пайдалануға болады?

Поштаның не екенін білеміз. Ол  кем  дегенде екі абонентке мәлімет алмасуға мүмкіндік  беретін кәдімгі  байланыс құралы.Мұнда мәлімет  алмасу  жүзеге  асу үшін  адресі көрсетілген хат жазылып, оны пошта жәшігіне  салу керек. Одан хат пошта бөліміне  жетеді. Егер адрес жалпы қабылданған тәртіппен  дұрыс көрсетілсе, біраз уақыт өткен соң, пошта тасушы алушының жәшігіне  салып кетеді. Сонан кейін абонент хатты ашып оқиды, міне, осылай мәлімет  алмасу жүзеге асады. Бұл процесті  жылдамдату үшін телефон құлақшасын  көтеріп, керекті нөмірді тереміз, егер дұрыс байланыс орнатылса , біздің абонентіміз  айтатын сөзімізді естиді.Ал егер абонент жауап бермесе , онда  телефон соғуды кейінге қалдырамыз.

Осы пошталық және телефондық – екі байланыс түрін адамдар кең пайдаланады, олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын біз жақсы білеміз. Ал электрондық пошта ше?

Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Бірақ оны көпшілік біле бермейтін басқа да  ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі  жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның  көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе  ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа  сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.с.с. ақпарат  түрлерін де  тасымалдай алатынын айту керек.

Осылардың бәрі де жер шарының кез келген  нүктесіне бірнеше минут ішінде  міндетті түрде  жылдам жеткізілетінін ашып айту керек.

Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады:

-         қолданушы агенті әрбір тұтынушыға  мәліметтерді оқуға және  жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;

-         тасымалдау агенті  мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;

-         жеткізу агенті мәліметтерді  оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.

 

16- нұсқа

Электрондық поштаның жұмыс істеу  принциптері 

Қолданушы агенті – тұтынушыға мәліметтерді  оқуға және  жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін  программалар жиыны. Мұндай агенттерге Windows 95  жүйесіндегі Internet Mail, UNIX жүйесіндегі Mail программалары жатады.

         Осындай  программалардың  ең алғашқы тобына  AT&T фирмасы жасап шығарған  /bin/mail программасы жатады. Қазір мұндай  программалардың бірнешеуі бар. Олардан өзге  графикалық  интерфейсі бар  қолданушы агенттері де бар.

Тасымалдау агенттері – поштаны қолданушы  агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың  адрестерін анықтап, мәліметтерді ары қарай  тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау  агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады.Тасымалдау агенттері RFC821 бойынша анықталған SMTP (поштаны тасымалдаудың қарапайым протоколы) протоколы негізінде жұмыс істейді.

         UNIX операциялық жүйесі үшін бірнеше тасымалдау агенттері жасалған, солардың  ішіндегі ең кең тарағаны, әрі қуаттысы – sendmail.

         Sendmail  программасы – тасымалдау агенті, ол қолданушы агенті мен жеткізу агенті  арасындағы дәнекер болып табылады. Ал интернет үшін ол жеткізу агентінің де рөлін атқарады. Sendmail  программасы мынадай  міндеттер атқарады:

-         қолданушы теріп даярлаған мәліметтерді басқару;

-         алушылар адресатын талдау;

-         қажетті жеткізу немесе  тасымалдау агентін таңдау;

-         адрестерді жеткізу агентіне түсінікті  түрге түрлендіру;

-         тақырыптарды қайта форматтау;

-         түрлендірілген мәліметті жеткізу агентіне  жөнелту.

Оған қоса, Sendmail  программасы қате туралы мәлімет  қалыптастырып, алушыға жетпеген  мәліметтерді  иесіне  қайтарады.

         Жеткізу  агенттері – поштаны  тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті  пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға , таратылу тізіміне, файлға, программаға, т.с.с.  жеткізілуі мүмкін. Мәлімет алушылардың әрбір тобына қызмет ететін жеке  агент- mail бар, ол- жергілікті  компьютер  пайдаланушыларға арналған жеткізу агенті. 

 

17- нұсқа 

Терминал

Терминал (енгізу- шығару құрылғысы) рөлінде дербес компьютер тұрғандықтан, сервер қорларын көптеген жұмыстардан босатып, мәліметтерді қосымша  өңдеуді терминалдарда орындауға мүмкіндік бар. Бұлай мәлімет  өңдеу тәсілі терминалдар саны көбейген сайын бүкіл жүйенің өнімділігін арттыруға себебін тигізеді.

         Егер жұмыс стансасының операциялық жүйесі  ретінде  Windows пайдаланылса, кез келген адам  мәліметтер базасынан сұрайтын мәліметін Winword мәтіндік процессор форматында Excel электрондық кестесі форматында  көрсете алады. Алынған  мәліметтік құжаттарды форматтап алған соң, лезерлік принтерде әдейілеп қағазға басып алуға болады. Мұның бәрін тек экран мен  пернеліктен тұратын жеке пайдаланылатын компьютерде  іске  асыру мүмкін емес.

         Сонымен , дербес  компьютерлер желісі әрбір қызмет кеңсесінде бүкіл ұжым пайдалана алатын мәліметтер базасын ұйымдастыра алады. Егер компьютерлер бір- бірімен байланыспаған болса, онда  мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алмаймыз.

         Магниттік дискілердің жылдан жылға арзандауына қарамастан , оның көлемі ешқашан да  толық жеткілікті деп айтуға болмайды. Егер  бірнеше қызметкерге көлемді бір файлдағы мәліметтер қажет болса, ол файлды желімен  істеу барысында  барлық компьютерге  көшіру қажет емес. Жергілікті желіге қосылған  ЭЕМ-дер ішінен олардың бірін (немесе бір- екеуін) файл- сервер үшін пайдалануға болады, әдетте ондай компьютердің дискісінің көлемі үлкен болуы тиіс. Мұндай дискіні кез келген жұмыс стансасындағы компьютер өз дискісіндей пайдалана береді.

         Егер көпшілікке керекті мәліметтер  файл - сервер дискісіне жазылса, онда желідегі барлық жұмыс стансалары (немесе администратор рұқсатына байланысты олардың белгілі бір тобы ғана) сол мәліметтермен жұмыс атқара алады.

         Файл - сервердің сыртқы жады ретінде  компакт - дискіні оқитын құрылғыны немесе  мәліметтерді қайта  жаза алатын магниттік - оптикалық дискілерді пайдалануға да болады. Компакт - дискіден мәліметтерді оқу  құрылғысы арзан тұрады, сол себепті қазіргі  кезде ол әрбір жұмыс  стансасында бар.Сонымен көлемді мәліметтер  көпшілікке керек болғанда, оны ортақтаса  пайдаланудың ең тиімді түрі - компьютерлерді жергілікті желімен байланыстыру болып табылады.

 

18- нұсқа 

Excel программасы туралы жалпы түсінік 

 Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелерінің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекі жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі  мәліметтердің негізінде түрлі- түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз етеді.

         Excel  мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек  экономика саласында ғана емес , сондай-ақ, оқып - үйренуде, ғылыми - зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға болады.

         Бұл программамен  жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды  енгізелік.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдардың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа  мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді.

         Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан пиктограмманы тауып, оны тышқанмен екі рет шерту керек. Excel программасын іске қосқаннан кейін компьютер экранында  терезе шығады.

         Енді осы стандартты Excel  терезесінің элементтерін қарастырайық. Онда мынандай объектілер орналасқан:

         Жоғарғы жол – басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.

          Екінші жол - Excel менюі.

          Үшінші және  төртінші жолдары – Стандартты және Форматтау аспаптар тақтасы.

          Бесінші жол – енгізу мен түзету жолы немесе  формулалар жолы. Бесінші және  соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен  бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.

         Терезенің ең төменгі жолы- қалып-күй жолы. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан. Мысалы, Excel мәлімет енгізудің күтетін сәтте ол Дайын режимінде болып, индикаторы –«Дайын» (Готов) деген сөзді көрсетеді. 

 

19- нұсқа 

Есептеуіш  техниканың қысқаша тарихы 

         ХVІІ ғ.  40 жылдарында  адамзат тарихындағы ең ірі ғалымдарының бірі – математик, физик, философ және дін зерттеушісі  Блез Паскаль сандарды қосатын  механикалық құрылғыны ойлап тауып, жасап шығарды.

         Сандарды қосып қана қоймай, оларды көбейте алатын  механикалық құрылғыны  ХVІІ ғ. аяғында  екінші бір ұлы математик және философ Готфрид Вильгельм Лейбниц ойлап шығарды. Лейбництің еңбектерінде  сөздермен және басқа ұғымдармен амалдар орындай алатын  механикалық құрылғы  туралы да сөз болған.

         Есептеулерге арналған құрылғылармен қатар , берілген программа бойынша  автоматты түрде  жұмыс істейтін механизмдер де (музыкалық автоматтар, шарманкалар, дабыл қағатын  сағаттар және т.с.с.) дамыды.

         Есептеуіш техника саласындағы маңызды  процесс Чарльз Беббидждің  (ХІХ ғ. ортасы) есімімен байланысты.  Лейбництің  механикалық арифметикалық  машинасы  идеясын программамен басқару идеясымен біріктіре отырып, Беббидждің өзі “аналитикалық”   деп атаған машинаның жобасын жасап шығарды. Бұл жоба іске асырылған жоқ, алайда өзінің мүмкіндіктері бойынша Беббидждің  машинасы  алғашқы ЭЕМ- нен кем түспейтін : 50 ондық таңбадан тұратын 1000 санды  сақтайтын зерде жасалған; арифметикалық амалдар  Жаккардтық перфокарталарға жазылған  программаға сәйкес  орындалатын.

         ХХ ғ.  30 жылдарының аяғында  американдықтар Дж. Атанасов пен К.Берри ЭЕМ жасап шығарды, онда электронды зерде және  қосу мен азайтуға  арналған  электрондық құрылғы, оларға қоса  біраз механикалық бөліктер болды. Бұл машина  әлде де болса әмбебап емес еді, оның пайдалану салалары  әлдеқайда кең болды.

         40 жылдардың аяғында  бұлардан қуаттырақ және  жетілдірілген біраз басқаша машиналар жасалды.

         Біздің еліміздегі есептеуіш техниканың негізін қалаушы  Сергей Алексеевич Лебедев болды. Оның басқаруымен  алғашқы отандық ЭЕМ-дер жасалды.

         50 жылдардың  ортасынан бастап есептеуіш техниканың  күрт дамуы басталды. Қазір дүние жүзінде  50 миллионнан астам дербес компьютерлер, ондаған миллион басқа құралдарға іштей орналастырылған  ойынға арналған үй тұрмысындағы компьютерлер жұмыс істейді. Қоғамның даму деңгейі энергияны меңгеру шамасымен емес, “информацияны меңгеру” шамасымен  (жұмыс істейтін бір адамға келетін ЭЕМ саны мен оның жұмыс  өнімділігі, дүние жүзілік байланыс желілеріне қосылу мүмкіндігін және т.б.) анықтала бастады. 

  

 20- нұсқа 

ЭЕМ-де информацияны өңдеу 

         Кез келген ЭЕМ  өте қарапайым командалардың мөлшерін орындай алады, мысалы нөлді бірге алмастыру , бір байтқа  сегіз нөлді  жазу, екі санды қосу немесе азайту. ЭЕМ қуаттылығының құпиясы оның  осындай командаларының  ұзын тізбегін тез орындайтындығында және  информацияның үлкен көлемін өңдеу мүмкіндігінде.

         ЭЕМ  информацияның қандай үлесіне, қандай әрекеттерді және қандай ретпен орындауының сипатталуы ЭЕМ-ге  арналған программа деп аталады. Бейнелеп айтқанда , программасыз  ЭЕМ информацияны өңдеуге ешқандай қабілеті жоқ, тек  темір үйіндісі ғана, ол қатесіз магнитофон сияқты, одан келер пайда жоқ. Сондықтан  программа  құру, программалау- ЭЕМ-ді кез келген түрде  қолданудың негізін құрайды.

         Белгілі бір ЭЕМ-ді пайдалану ортасы  оның құрылымымен емес, оған арнап жасалған программалар жиынтығымен анықталады. Бір ЭЕМ –нің өзі  ракетаны басқару жүйесінде де, медициналық аспапта да қолданылуы мүмкін; күні бойы еңбекақыны есептейтін ЭЕМ-мен кешке қарай  шахмат ойнауға болады және т.с.с. ЭЕМ-ді  бір жұмыстан басқа  жұмысқа ауыстырып қосу үшін оның зердесіндегі программаны алмастыру жеткілікті.

         ЭЕМ программаны  орындау үшін программа қатаң ережелер бойынша ЭЕМ-де  өңдеуге түсінікті дәрежеде жазылуы тиіс. Мұндай  ережелер  жиынтығы программалау тілі немесе  алгоритмдік тіл деп аталады. ЭЕМ программалау тілінде жазылған программаны қабылдағаннан кейін оны қандай да бір әдіспен түрлендіреді де, өзінің зердесіне орналастырады, содан кейін берілген программаға сәйкес келетін командаларды орындайды.

         ЭЕМ бірнеше программалау тілдерін түсіне алады. Программалау тіліндегі  программа  әріптерден, цифрлардан, амалдардың белгілерінен және т.б. тұратын мәтін түрінде жазылады. Кез келген мұндай мәтінді, мысалы  байттар тізбегі арқылы кодтауға болады.Сонымен , программаны кез келген басқа информация сияқты кодтауға, тасымалдауға, ЭЕМ зердесіне орналастыруға және т.с.с. болады.

Программаны ЭЕМ зердесіне  енгізу үшін оны пернетақтада теруге, магниттік дискіде оқып алуға немесе басқа ЭЕМ- мен  байланыс желілері арқылы беруге болады. ЭЕМ зердесінде программамен қатар,  осы программамен өңделетін  мәліметтер де сақталады. Орындау барысында ЭЕМ программаны талдайды да, программмаға сәйкес мәліметтерді өңдеу үшін қандай да бір  түрлендірулерді орындайды. Программа орындалып біткен соң, оның  нәтижесін экранға бейнелеуге, қағазға басып шығаруға, дискетке жазуға немесе шығаруға құрылғының бірінің көмегімен, басқадай да бір әдіспен ЭЕМ-нен шығаруға болады.

 

21- нұсқа 

TURBO PASCAL туралы жалпы түсінік 

TURBO PASCAL - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт ұсынған . Автор тілді  алғашқы  арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Б.Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі  бас әріппен жазылуын сұраған.

Кейіннен тілдің көптеген ңұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - TURBO PASCAL программалаушылар арасында  үлкен сұранысқа ие болды. Оның бұл ңұсқасы СР/М операциялық жүйесіне  негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне  ауыстырылғалы бері  пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті. TURBO PASCAL- дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әртүрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізді. TURBO PASCAL жүйесінде қарапайым есептерді  шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.

Кез келген тілді үйрену оның  алфавитінен басталады. TURBO PASCAL программалау тілінің де басқа тілдер сияқты өзіне тән алфавиті бар. Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын тілдің алфавиті дейміз.

TURBO PASCAL тілінде алдын ала қызметі тағайындалған сөздер тобы қолданылады. Оларды TURBO PASCAL-дің қызметші сөздері деп атайды. TURBO PASCAL тілінде  атауды идентификатор деп атайды. Яғни , идентификатор программаның кез келген элементіне (айнымалылар, тұрақтылар, функциялар, жиындар, т.б.) берілген атаулар.

Стандарттық функциялар, қызметші сөздер, т.с.с. стандартты объектілер атаулары стандартты идентификаторлар. Программаның негізгі объектілері айнымалылар мен тұрақтылар болып табылады. Программа құру барысында программалаушы олардың типтерін алдын ала анықтауы қажет. Айнымалылар мен  тұрақтылардың типтері – олардың мәндерін және оларға қолданылатын әр түрлі өңдеу амалдарын белгілейтін  басты көрсеткіші.

TURBO PASCAL-да  берілгендердің типтерін екі  үлкен топтарға жіктеуге болады:

·        Қарапайым типтер (склярлық);

·        Құрылымдық типтер (структуралық);

Қарапайым (склярлық) типтердің өзі  стандартты және  пайдаланушылар типтері  болып бөлінеді. Стандартты  типтер: бүтін, нақты, логикалық(бульевтік), символдық (литерлік).

         Құрылымдық (структуралық) типтер  құрамына  қарапайым типтер кіреді. Құрылымдық типтерге жолдар, массивтер, жазбалар және файлдар жатады.

 

                                                        22- нұсқа 

Mikrocoft  корпорациясының бастығы Билл Гейтстің есімінде не сыр бар? 

         Билл Гейтс - әлемдегі  бай адамдардың ең байы, жасы жағынан жас. Жеке байлығы 100 млрд. долларды құрайды. Әкесі- адвокат, анасы-мектеп мұғалімі болған. Лейксайд жекеменшік  мектебінде оқыған. Осында  компьютерге деген қызығушылығы артады. Ол кезде  жеке компьютерлер болмағандықтан, ғылыми  орталықтардағы ЭЕМ-дарда  жұмыс жасау уақытша ақша тұратын. “Болашаққа жол” кітабында “Біз Поль Алелен екеуміз қарапайым программа жасаудан бастадық. Оқушы үшін әр жазда 500 доллар табу  үлкен қаржы еді”,- деді.

         Сонау 1974 жылы американдық MITS  фирмасы  Altair 8800 шағын қондырғысын шығарды. Кейіннен бұл әлемде алғашқы жеке компьютер болып саналды. Ол Гарвард  университетінің 1 курсында оқитын Б.Гейтстің программасы- программистер үшін құралмен  жабдықталды. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен мақтаныш еді. Осы арқылы ол бірінші болып нарық әлемінде өзі қалаған күрделі тірлікке сәтті қадам жасады.

         Алғашқы жетістікпен қанағаттанған олар 2 курстан оқуларын тастап, Mikrocoft  корпорациясын құрады. Altair компьютері алғашқы шыққаннан кейін арада 4 жылда Mikrocoft Бейсик программасы жеке компьютерлердің 23 үлгісінде жұмыс жасай  бастады. Осының бәрі Гейтстің мектептегі  жобалары еді.

         70  жылдардың соңында құлашын кең  жазған жеке компьютер нарығына ірі  корпорация “көгілдір алып” IBM еді.

IBM-ның сенімін алған соң енді кезек күттірмей операциялық жүйе жасау керек. Бұл үшін операциялық жүйемен  айналысатын инженер Тим Паттерсон дегеннен дайын жобаларды  сатып алады. Мұның бәрі IBM-нің “тұңғышы” саналатын MS- DOS  көпшілік үшін IBMPC-DOS операциялық жүйесі шығардан бір ай бұрынғы тірлік еді. Осы 30 күн Гейтстің табандылығы мен  фирмадағы 60 инженердің “ми шабуылының” нәтижесі еді. Арада бірер жыл өтеді. Гейтстің фирмасы  енді операциялық жүйежасауда “көгілдір алып ” IBM-ның өзін басып озады. Олардың жүйесі ондаған миллион компьютерді іске қосып, сұраныс күн сайын арта түседі. Осылайша,  Mikrocoft операциялық жүйе жасау жөнінен әлемде  жетекші рөлге ие болады.

1983 жылы “Ендігі қадамымыз графикалық операциялық жүйе жасау”- деп шештім. Гейтс осының алдында  ғана Xerox         компаниясы өкілдерінің жобаларымен танысқан-ды. Мұнда мақсат еткен әрекеттерді экрандағы бейнелерді жылжыту арқылы компьютерді жеңіл жүргізуге болатынын ұққанын еске алды. Коммерцияда үлкен табысқа  жол ашар бұл идеяларды Xerox ескермеді.

         1985 жылы ұзақ қарбаластан соң қабілеті мардымсыз Windows- тың бірінші нұсқасы өмірге келді.

 

23- нұсқа 

TURBO PASCAL – дағы негізгі ұғымдар 

Программа -  берілген есептің шешілу жолын анықтайтын алгоритмнің арнайы машиналық тілде жазылуы.

Программаның негізгі сипаттамасы:

-         алынған нәтиженің дұрыстығы;

-         орындалу уақыты;

-         жадыдағы алатын орны немесе көлемі.

Кез келген программаның басты қызметі – берілгендерді өңдеу болып табылады. Программаның басында өңделуге берілген мәліметтер  алғашқы берілгендер деп аталады. Алғашқы берілгендерді пернетақта көмегімен енгізуге болады. Кейбір жағдайда алғашқы берілгендерді программа дискідегі файлдардан да оқи алады.

         Программаның орындалу барысында алғашқы берілгендер өңделініп, нәтижеге айналады. Алынған нәтиженің нақты дұрыс болуы – программаның басты  сипаттамасы болып табылады.

Программада қолданылатын берілгендердің элементіне тұрақты немесе  айнымалы жатады. Программаның басында мәні анықталған және программаның орындалу процесінде осы мәні өзгеріссіз қалатын шама тұрақты деп аталады.

TURBO PASCAL-да тұрақтылардың сандық, логикалық (булевтік), символдық, жолдық түрлері қолданылады. Логикалық мазмұндағы ақиқат- жалған немесе 0-1 сигналдарын қабылдай алатын тұрақтылар логикалық (булевтік) тұрақты деп аталса, символдық және жолдық тұрақтылар жеке символдан және олардың жиынтығынан тұрады.

Программаның орындалу барысында мәні өзгере алатын шама айнымалы деп аталады. Программадағы айнымалы ұғымы түсінікті болуы үшін оны компьютердің аты аталған (идентификатор) ұяшығы деп қарастырылады. Ұяшыққа жазылған  соңғы мәлімет бастапқы мәліметтерді өшіріп отырады.

         Паскаль тілінің стандартына қарағанда  TURBO PASCAL-да стандартты функциялар саны  көбейген. Стандартты арифметикалық функциялар келесі ережелер бойынша жазылады:

·        Стандартты функция атауы латын алфавиті әріптерімен жазылады;

·        Функция атауы алты әріптен аспауы керек;

·        Функция аргументі жай жақшаға алынады;

·        Функция аргументі бірнешеу болса, олардың арсына үтір таңбасы қойылады;

·        Тригонометриялық функция аргументтері радиан өлшемімен беріледі.

 

24- нұсқа 

Арифметикалық өрнектер 

         Бағдарламадағы барлық есептеулер арифметикалық өрнектің көмегімен ұйымдастырылады. Өрнек - тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, амалдар таңбасынан және  өрнектің орындалу ретін өзгертуге арналған жай жақшадан тұрады. Қарапайым жағдайда өрнек тек  бір ғана айнымалыдан немесе тұрақтыдан тұруы мүмкін. TURBO PASCAL тіліндегі арифметикалық өрнек сызықты түрде, яғни бөлшектің бөлімі мен алымы, дәреже көрсеткіштер мен  индекстер бір қатарда жазылады. Сондай-ақ , өрнектің әдеттегі жазылуынан айырмашылығы амал таңбалары міндетті түрде  қойылады.

         Өрнектің нәтижесі бүтін немесе нақты  сан болады. Арифметикалық өрнектегі  амалдардың  орындалуы жақша ішінде басталады. Жай жақша амалдардың орындалу  ретін басқарады.

TURBO PASCAL тілінің операторлары - программадағы нұсқаулардың (бұйрықтар, алгоритмдер) машиналық тілде жазылуы. Яғни, берілген есепті шешу мақсатында орындалатын іс- әрекеттердің машинаға түсінікті түрде жазылуы. Сонда программа денесі бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар арасында нүктелі үтір (;) белгісі қойылады.

         Операторлар қарапайым және  күрделі (құрама) операторлар болып екі топқа бөлінеді. Егер оператор құрамында басқа операторлар болмаса, онда ол қарапайым оператор деп аталады. Бұл топқа: меншіктеу, процедураны шақыру, шартсыз көшу, бос орын операторлары жатады.

         Күрделі оператор бірнеше қарапайым  операторлардан тұрады.

Берілгендерді енгізу операторы. Программадағы орындалатын алғашқы іс- әрекет – берілгендерді енгізу. Берілгендерді енгізу- программадағы алғашқы берілгендерді компьютердің жедел жадысына өңдеуге жіберу болып табылады. Енгізудің негізгі құрылғысы- пернетақта  және дискілік файл.

         Енгізу операторы  орындалғанда  программаның орындалуы уақытша тоқтатылады. Тізімде көрсетілген  айнымалылардың  сандық мәні пернетақтадан теріліп, Enter  пернесі басылғанда  орындалу әрі қарай жалғасады. Тізімдегі айнымалылар санынан енгізілген мәндер саны кем болмауы керек.

Айнымалылар мәнін енгізгенде арасына  бос орын қоямыз немесе Enter  пернелерін қолданамыз. Енгізілген айнымалылар мәні типіне сәйкес  болуы қажет.

         Егер мәндерді енгізуде  тип сәйкессіздігі болса, экранға  төмендегідей қате  хабарланады: Error 106  Invalid numeric format (Қате 106: Сандық формат дұрыс берілмеген). 

 

Қазіргі кезде техникалық мәтіндердің түпнұсқасы көбінесе орыс тілінде кездесетін болғандықтан, төмендегі нұсқалар студентерді орыс тілінен қазақ тіліне аударуға машықтандыру мақсатымен беріліп отыр.

 

Информатика 2003.- М.: Солон: Пресс, 2003. – 464с.: Издание 3-е. 

1.                 Основные понятия об информатике.       25- нұсқа        6-7б.

2.                 Основные понятия теории информации  26- нұсқа       9-10б.

3.                 ------------//------------------                           27- нұсқа       11-12б.

4.                 Понятие об информац. технологиях       28- нұсқа        14-15б.

5.                 Этапы развития вычислит. техники        29- нұсқа        18-19б. 

6.                 Герман Холлерит                                      30- нұсқа        20-21б.

7.                 Хронология возникновения Интернета  31- нұсқа        22-23б.

8.                 ARPANET                                                  32- нұсқа        24- 25б.

9.                 Сферы использования выч. техники       33- нұсқа        26-27б.

10.             Развитие отечественной выч.техники     34- нұсқа        28-29б.

 

 

Әдебиеттер тізімі: 

1.     Балапанов Е.Қ. Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ: Жаңа  

     информациялық технологиялар.-Алматы:1999-436б.:ил.

2.     Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Информатикадан 30 сабақ: Жаңа информациялық технологиялар.-Алматы: ЖТИ. 2003-400б.:ил.

3. Информатика 2003.- М.: Солон: Пресс, 2003. – 464с.: Издание 3-е.

     4. Ибраева Л.К. Сүйебаева Л.Б. Ақпараттану. - Алматы: АЭЖБИ,2006.

     5. Гаврилов М.В. Информатика и информационные технологии. М. :     

         Гардирики, 2006.

    6. Информатика 2003.- М.: Солон: Пресс, 2003. – 464с.: Издание 3-е.

Мазмұны 

1.     Сырттай оқу бөлімінің студенттері үшін бақылау жұмыстары

2.     №1 СӨЖ                                                                                            3

3.     №2 СӨЖ                                                                                            4

4.     №3 СӨЖ                                                                                            5

     5.Байланыстың ұялы жүйесі.                                             6

    6. Цифрлық ұялық жүйелер.                                               7

     7. Жедел әрекетті дербес компьютерлер және   байланыс жүйелері.  8

     8. Информация.                                                                                  9

    9. Информация және  есептеу  машиналары.                                   10

    10. Компьютерлік жүйелерді пайдалану.                                         11

    11. Дербес  ЭЕМ.                                                                              12

    12. Микропроцессор.                                                                       13

    13. Анықтама алуды ұйымдастыру.                                                 14

    14. Компьютер жұмысын басқару құралдары.                               15

    15. Компьютерлдік вирустар.                                                          16

    16. Компьютерлік желілер                                                                17

    17. Аймақтық – таратылатын желілер. Интернет.                              18

    18. Жергілікті программалық құралдар.                                              19

    19. Электрондық пошта.                                                                        20

    20. Электрондық поштаның жұмыс істеу  принциптері.                   21        

    21. Терминал                                                                                      22        

    22. Excel программасы туралы жалпы түсінік.                                  22             

    23. Есептеуіш  техниканың қысқаша тарихы.                                    23              

    24. ЭЕМ-де информацияны өңдеу.                                                    24

    25. TURBO PASCAL туралы жалпы түсінік.                                      25          

   26. Mikrocoft  корпорациясыныңбастығы Билл Гейтстің

   есімінде не сыр бар?                                                                              26

   27. TURBO PASCAL – дағы негізгі ұғымдар                                      27            

   28. Арифметикалық өрнектер.                                                              28

   30. Әдебиеттер тізімі                                                                              30