АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

                                         

  

 

 

 

 

 

М.М.Төлеуп

 

 

 

 

Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту

Оқу құралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2004

УДК 378:809.434.2(075)                          

Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту.

Оқу құралы / М.М.Төлеуп;

-Алматы: АЭжБИ, 2004.

 

 

 

Оқу құралы энергетика және телекоммуникация мамандықтары бойынша оқытатын техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналып құрастырылды.

Оқу құралында студенттердің кәсіби бағытталған тілін дамытуға арналған мәтін алды, мәтін бойы, мәтіннен кейінгі тапсырмалар, жаттығулар қосымша ғылыми стильде жазылған мәтіндер, аударуға арналған орыс тіліндегі мәтіндер үзіндісі берілген.  

Грамматикалық категориялар бөлек берілмей қайталау, бекіту мақсатында мәтін контексінде берілген. Мәтін соңы тапсырмаларда ақпаратты құрмалас сөйлемдер көмегімен беруге жәрдемдесетін тапсырмалар қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір беруші: фил. ғыл. канд. Г.И. Иманалиева

 

 

 

 

           

 

 

 

 

            Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 2004 жылғы баспа жоспары бойынша басылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ó Алматы энергетика және байланыс институты, 2004 ж.

 

Бірінші сабақ

 

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз:

күшейткіш – усилитель

сақталу  - сохранение

түрлену - преобразование

үздіксіз – непрерывный

тұрғысынан қарағанда – с точки зрения

арналу – предназначаться

энергия көзі – источник энергии

тұрақты ток – постоянный ток

түзеткіш – коллектор

тұрақтандырғыш - стабилизатор

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Энергия көзін пайдаланып; электр сигналдарын күшейтуге арналған; энергияның сақталу және түрлену заңын еске ала отырып; оның күшейтілген түріне айналдырады; электрондық күшейткіштердің алдына қойылатын негізгі талап; сигнал көзі тұрғысынан қарағанда; энергия көзі тұрғысынан – тек түрлендіру ғана; күшейткіштердің жұмыс істеу жолдарын толық қарастыратын болсақ; жұмыс істеу принципін толық ұғыну үшін; тұрақтандырғыштар осы энергия көзінің сапалы да тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

Электр хабарларын күшейту. Электрондық күшейткіштер

 

Электрондық күшейткіштер электр сигналдарын күшейтуге арналған; олар энергия көзін пайдаланып, берілген аз шамалы сигналды оның күшейтілген түріне айналдырады.

Электрондық күшейткіштер – үздіксіз негіздегі электрондық сұлбалардың ең үлкен бір тобын құрайды. Энергияның сақталу және түрлену заңын еске ала отырып, «күшейткіш» деген сөздің  өзін кейде ұтымсыздау  деп айтуға болады. Өйткені электрондық күшейткіштердің алдына қойылатын негізгі талап – берілген аз шамалы сигналдың басқаруымен белгілі бір тұрақты ток көзінің энергиясын басқару сигналының түріне күшейтілген түрде дәл қайталап беру. Сигнал көзі тұрғысынан қарағанда бұл шынында да күшейту болғанымен, энергия көзі тұрғысынан – тек түрлендіру ғана. Өткен бөлімдерде айтылған түзеткіштер, тұрақтандырғыштар осы энергия көзінің сапалы да тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Күшейткіштердің жұмыс істеу жолдарын толық қарастыратын болсақ, онда олардың көпшілігінің интегралды түрде жасалатынын көреміз. Дегенмен, жұмыс істеу принципін толық ұғыну үшін олардың жеке транзистор негізінде жасалынған бір каскадты түріне арнайы тоқталып өткен жөн.

 

4. Бос орынға керекті формадағы сөздерді қойыңыз.

4.1 Электрондық күшейткіштер электр .............. күшейтуге арналған құрылғы.

а) сигналдарын

ә) сигналдарды

б) сигналдардан

в) сигналдарда

4.2 Электрондық күшейткіштер – үздіксіз негіздегі электрондық ........................... ең үлкен бір тобын құрайды.

а) сұлбалардың

ә) сұлбаларды

б) сұлбаларда

в) сұлбаларға

4.3 Энергияның сақталу және түрлену ............... еске ала отырып, «күшейткіш» деген сөздің  ......... кейде ұтымсыздау  деп айтуға болады.

а) заңын

ә) заңды

б) заңда

в) заңның

 

а) өзі

ә) өзін

б) өзінің

в) өзінде

4.4 Күшейткіштердің жұмыс істеу жолдарын толық қарастыратын ..............., онда олардың көпшілігінің интегралды түрде жасалатынын көреміз.

а) болсақ

ә) болғанда

б) болып

в) болған

 

5. Берілген сөздердің антонимін жазыңыз.

тұрақты

үздіксіз

үлкен 

аз

көпшілік

ұтымсыз 

жеке

 

6. Сөз тіркестерінің сәйкес жұптарының арасын сызықпен қосыңыз.

күшейтуге                                                     өткен жөн

тұрақты                                                         ету

ток                                                                  ұғыну үшін

электрондық                                                бөлімдерде

қамтамасыз                                                  ток

өткен                                                              сұлба

толық                                                            көзі

тоқталып                                                      арналған

 

7. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

Электрондық күшейткіштер - электр сигналдарын күшейтуге арналған құрылғы.

Электрондық күшейткіштер берілген аз шамалы сигналды оның күшейтілген түріне айналдырады.

Түзеткіштер, тұрақтандырғыштар осы энергия көзінің сапалы да тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Электрондық күшейткіштердің алдына қойылатын негізгі талап – белгілі бір тұрақты ток көзінің энергиясын басқару сигналының түріне күшейтілген түрде қайталап беру.

 

8. Сөздерді керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз.

әдіспен

ие

қозғалысын

мәлімдеуінше

тұр

қызмет

өзгертіп

береді

жоқ

бастады

арттыруды

 

 

Жүргіншілер радиолакатормен бақыланбақ

 

Адам мен ұшақ арасында ұқсастық бар ма? Джорджия (АҚШ) технологиялық университетінің ғалымдары осы бір қарағанда қисыны жоқ мәселемен айналыса ............... . Ондағы ұқсастық: екі нысанды да радиолокациялық бақылауға алуға болатындығы.

Әуе кемелерін локаторлық ................. бақылау орынды да шығар, ал адамдарды олай тексерудің қажеті қанша? Біріншіден, адамдарда ұшақтардай қапыда соқтығысып қалады-ау деген жылдамдық ......... , екіншіден, локатор тек жалғыз нүктенің ............. ғана көрсетіп отырады емес пе?

Бұл жердегі бар мәселе қозғалыс ағымында болып ........ . Өйткені әрбір адамның жүріс тұрысы, қимыл-қозғалысы қайталанбас ерекшелікке ....... екен. Мамандардың ................... , адамдарды радиолокациялық бақылауға алуды қауіпсіздік және денсаулық сақтау істерінде пайдалануға болады екен. Мысалы, радиолокатор үшін түрін, киімін сан-қилы амалмен ................... , бүркенген қылмыскер түк емес, оның үстіне радар қараңғыда да, тұманды күнде де жаңылмай жұмыс істей .............. . Қазіргі радиолокатор 15 метрге дейінгі  аралықтағы адамдардың 80%-на  дейін дәл анықтап бере алады. Алдағы уақытта ізденушілер оның шеңберін 150 метр және одан да алыс қашықтықта 90% дейін дәлдігін ................. жоспарлап отыр. Оған қоса бұл әдіс түрлі кеселдердің алдын алуға да ............... етеді екен.

 

9 Сұрақтарға жауап беріңіз.

9.1 Адамдарды радиолокатормен бақылау не үшін қажет?

9.2 Мамандар радиолокациялық бақылауды қандай салаларда пайдаланбақ?

9.3 Адамдарды бақылайтын радиолокатор қалай жетілдірілмек?

 

Екінші сабақ

 

1. Жаңа сөздерді есіңізде сақтаңыз.

қасиет – свойство

айырмашылық – разница

байланысты – зависит

әлдеқайда – намного

тәуелді өзгеру – зависимое изменение

кедергі – сопротивление

қуат – мощность

ауыстырып қосқыш кілт – переключатель

қалып - состояние

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Бір каскадты транзисторлық күшейткіш; транзистордың сигнал күшейту қасиеті; база тогынан әлдеқайда көп; база тогын кіріс тогы деп алып; тәуелді өзгеруін күшейтілген түрде аламыз; шығыс тогы деп алсақ; ток күшейту құрылғысы; коллектор тізбегіне қосымша кедергі  жалғай отырып; кернеудің күшейтілген түрін алуымызға болады; «транзистордың кернеу күшейту» қасиеті; кернеу мен ток қатар күшейтілген кезде; оның ортақ эмиттерлі ОЭ сұлбасының; шығыс сипаттамасы негізінде түсіндіруге болады; өткен тарауларда қаралған транзисторлар сипаттамалары; осы сипаттаманы түсіндіру үшін; транзисторды ауыстырып қосқыш кілтке балап.

 

3. Жетпей тұрған қосымшаларды жалғай отырып, мәтінді оқыңыз.

 

Бір каскадты транзисторлық күшейткіштің жұмыс атқару принципі

 

Транзистор........ сигнал күшейту қасиеті оның токтарының айырмашылығына байланысты. Мысалы, эмиттер (Іэ) мен коллектор (ІК) токтарының база тогынан (Іб) әлдеқайда көп екені белгілі. Олай болса, база жолы..... кіріс жолы деп, база тогын кіріс тогы деп алып, коллектор мен коллектор тогын шығыс жолы мен шығыс тогы деп алсақ, Ік-нің Іб-ге тәуелді өзгеруін күшейтіл...... түрде аламыз. Байқап отырсақ, биополяр транзисторы ток күшейту құрылғы....... екен. Дегенмен, коллектор тізбегі..... қосымша кедергі  жалғай отырып, сол кедергінің бойынан кернеудің де күшейтілген түрін алуымызға болады. Міне, бұл «транзистордың кернеу күшейту» қасиет..... . Ал кернеу мен ток қатар күшейтілген кез.....  қуаттың да мейлінше көп болатыны белгілі.

Транзистордың сигнал күшейту қасиетін оның ортақ эмиттерлі ОЭ сұлбасының шығыс сипаттамасы негізінде түсіндіру...... болады. Өткен тараулар...... қаралған транзисторлар сипаттамалары статика...... сипаттама деп аталады, ол транзистордың жүктемесі қосылмаған қалпын суреттейді. Транзистордың динамикалық сипаттамасы оның жұмыс істеу тәртібі...... сәйкес келіп, оның жүктемесінің әсерін көрсетеді. Осы сипаттаманы түсіндіру үшін транзистор.... ауыстырып қосқыш кілтке балап, оның толық ашық немесе толық жабық күйін зерттейік. Мысалы,  транзистор толық жабық, яғни ток өткізбейді делік. Онда транзистор эквиваленті – кілт ажыратылған  жағдай.... тұрады да, коллектор кедергісінен ток жүрмейді, демек онда кернеу де болмайды. Олай болса, энергия көзінің электр қозғаушы күші толығымен транзистордың өзі... түседі. Осы жағдайда транзистордың жұмыс атқару нүктесі абсцисса осінің бойы...... орналасып, кернеу шамасы Uk = Ek болады.

 

4. Бос орынға керекті формадағы сөзді қойыңыз.

4.1 Транзистордың сигнал күшейту қасиеті оның токтарының ....................... байланысты.

а) ерекшелігіне

ә) айырмашылығына

б) қосындысына

в) айырмасына

4.2 Ік-нің Іб-ге тәуелді өзгеруін ................................. түрде аламыз.

а) күшейтілген

ә) өзгертілген

б) арттырылған

в) азайтылған

4.3 Биополяр транзисторы ...........  күшейту құрылғысы.

а) кедергі

ә) кернеу

б) қуат

в) ток

4.4 Осы сипаттаманы түсіндіру үшін транзисторды ............................ балап, оның толық ашық немесе толық жабық күйін зерттейік.

а) ауыстырып қосқыш кілтке

ә) ауыстырғышқа

б) қосқыш кілтке

в) ажыратқышқа

4.5. Энергия көзінің ....................... толығымен транзистордың өзіне түседі.

а) кедергісі

ә) электр қозғаушы күші

б) кернеуі

в) қуаты

 

5. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

5.1 Коллектор тізбегіне қосымша кедергі  жалғай отырып, сол кедергінің бойынан кернеудің де күшейтілген түрін алуымызға болады.

5.2 Онда транзистор эквиваленті – кілт ажыратылған  жағдайда тұрады.

5.3 Энергия көзінің электр қозғаушы күші толығымен транзистордың өзіне түседі.

5.4 Осы жағдайда транзистордың жұмыс атқару нүктесі абсцисса осінің бойында орналасады.

5.5 Транзистор эквиваленті – кілт ажыратылған  жағдайда тұрады.

 

6 Сөздерді орындарына қойып, сөйлем құрастырыңыз.

6.1 динамикалық // келеді // жұмыс істеу // сәйкес // транзистордың // тәртібіне // сипаттамасы // оның

6.2  кедергінің //  күшейтілген // алуымызға // кернеудің // болады // бойынан // түрін

 6.3 белгілі // кернеу // мен // ток // мейлінше // күшейтілген // кезде // қуат та // көп // болады // ал // қатар // кезде

6.4 толық жабық // ауыстырып қосқыш кілтке //  зерттейік // транзисторды // оның толық ашық // балап // немесе // күйін

 6.5 болмайды // кедергісінен // коллектор // жүрмейді // онда // кернеу де // демек // ток

 

 

7. Сөздерді керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз.

көзделіп

сұйықпен

келеді

ретінде

қанындағы

ағзасында

қамтамасыз

энергияны

шығарды

 

Биобатарейка

Американдық химиктер адам __________ жүретін химиялық реакциялардың әсерінен ток шығаратын кішкентай батарейка жасап __________ . Батарейканы жасаушылар оның глюкоза мен оттегінің реакциясынан бөлінетін ________ электр тогына айналдыратынын айтады. Биожанармайлық батарейка кез келген биологиялық ________ жұмыс істей береді, сондықтан оны терінің астына немесе омыртқа үстіне қою ________  отыр. Әрине, адам денесіне бөгде заттың қондырылғаны құптарлық нәрсе емес. Десек те, кей жағдайларда солай етуге тура _______ . Биобатарейка ауруларды емдеуге пайдаланылмақ. Мысалы, диабетиктердің ___________ глюкозаның деңгейін қадағалайтын, жасанды дене мүшелерінің қозғалысын __________  ететін миниатюралық сенсорларға ток көзі _________  қойылмақ.

                                                                                      («Зерде» журналынан)

 

8 Бөлінген сөз тіркестеріне сұрақ қойыңыз, неге сондай сұрақ қойғаныңызды түсіндіріңіз.

Американдық химиктер ток шығаратын кішкентай батарейка жасап шығарды.

Биожанармайлық батарейка кез келген биологиялық сұйықтықпен жұмыс істей береді.

Батарейка жасанды дене мүшелерінің қозғалысын қамтамасыз ететін миниатюралық сенсорларға ток көзі ретінде қойылмақ.

Адам денесіне бөгде заттың қондырылғаны құптарлық нәрсе емес.

Батарейка глюкоза мен оттегінің реакциясынан бөлінетін энергияны электр тогына айналдырады.

 

Үшінші сабақ

 

1. Жаңа сөздерді есіңізде сақтаңыз

өткізгіш - проводник

жартылай өткізгіш – полупроводник

күкірт – сера

қорғасын – свинец

нүкте – точка

құбылыс – явление

тәжірибе – опыт, эксперимент

өндіріс – производство

буын – поколение

қарапайым -  простой

тегеурін – напор

сұлба – схема

жебе – стрела лука

үшбұрыш – треугольник

шексіздік – бесконечность

ұмтылу – стремиться, устремляться

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Бір бағытта ғана ток өткізетін аспап; өткен ғасырдың екінші жартысында басталды; түйісу нүктесінде болатын құбылыстарды түсіндіру; вентильдік қасиеті бар қазіргі Шотки-диодтары тобының бірінші өкілі; бұл диодтардың өндірісте кең пайдаланылуы; жартылай өткізгіштік электронды аспаттардың негізгі буыны; біздің ғасырымыздың ортасына дейін кең өріс ала алмады; қарапайым да, төменгі сатылы технологиялық әдістермен жасалған диод; жебе белгісіне ұқсас үшбұрыш; егер анод пен катод арасындағы кернеу оң болса

 

3. Мәтінді аударыңыз.

Жартылай өткізгіштік диод

 

Диод – екі электродты, бір бағытта ғана ток өткізетін аспап. Жартылай өткізгіштік диодтың дамуы өткен ғасырдың екінші жартысында басталды. Оған неміс ғалымы Браунның 1874 жылы металл мен күкіртті қорғасынның түйісу нүктесінде болатын құбылыстарды түсіндіру үшін жасаған тәжірибесі себеп болды. Зерттей келгенде, аталған түйісу қабаты бір бағытта ғана ток өткізетін вентильдік қасиеті бар қазіргі Шотки-диодтары тобының бірінші өкілі болып шықты. Әйтсе де, бұл диодтардың өндірісте кең пайдаланылуы жартылай өткізгіштік электронды аспаттардың негізгі буыны – транзистордың ашылуын күткендей, біздің ғасырымыздың ортасына дейін кең өріс ала алмады. Оның себебі сол кездердегі қарапайым да, төменгі сатылы технологиялық әдістермен жасалған диод сапасының төмендігінде және олардың электрвакуумдық диод «тегеурініне» төтеп бере алмауында.

Жартылай өткізгіштік диод сұлбаларда жебе белгісіне ұқсас үшбұрышпен белгіленіп, оның бағыты токтың өту бағытын көрсетеді. Үшбұрыштың үш жағы катод (К), сырт жағы анод (А) деп аталады. Ток әрқашанда анодтан катодқа қарай ағады. Шын мәнінде, диодтың біржақтылық (вентильдік) вольтамперлік сипаттамасы мынадай: егер анод пен катод арасындағы кернеу оң болса, ток шексіздікке , ал теріс болса, нөлге ұмтылады, яғни 

Ua > 0 болса, онда I ∞;

ал егер

Ua 0 болса, онда І = 0.

 

4. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Браунның 1874 жылы металл мен күкіртті қорғасынның түйісу (в точках) болатын құбылыстарды (объяснение) үшін жасаған (опыт) себеп болды. (Полупроводниковый)  диодтың дамуы өткен ғасырдың екінші (половине) басталды. Жартылай өткізгіштік диод (в схемах) жебе белгісіне ұқсас (треугольником) белгіленіп, оның бағыты токтың өту бағытын (показывает). Біздің ғасырымыздың ортасына дейін кең өріс (не смог получить).  (Простейший) да, төменгі сатылы технологиялық әдістермен жасалған диод (качество) төмен болды.

 

5. Керекті формадағы сөзді қойыңыз.

5.1 Олар электрвакуумдық диод ................. төтеп бере алмады.

а) «тегеурініне»

ә) «тегеурінін»

б) «тегеурінінен»

в) «тегеурінімен»

5.2 Диод – екі электродты, бір бағытта ғана ток ................... аспап.

а) өткізіп

ә) өткізген

б) өткізетін

в) өткізілген

5.3 Оған неміс ғалымы Браунның 1874 жылы металл мен күкіртті ................... түйісу нүктесінде болатын құбылыстарды түсіндіру үшін жасаған тәжірибесі себеп болды.

а) қорғасынды

ә) қорғасынын

б) қорғасынның

в) қорғасында

5.4 Жартылай өткізгіштік диод сұлбаларда жебе белгісіне ......... үшбұрышпен белгіленеді.

а) ұқсас

ә) секілді

б) тәрізді

в) сияқты

5.5 Егер анод пен катод арасындағы кернеу оң .........., ток шексіздікке , ал теріс ........., нөлге ұмтылады.

а) болғандықтан

ә) болғаннан

б) болып

в) болса

 

6. Сөз таптары қатарын мәтіндегі сөздермен толықтырыңыз.

Зат есімдер:                             Етістіктер:                            Сын есімдер:

нүкте                                        түсіндіру                                негізгі

құбылыс                                   белгілеу                                кең

 

7. Мәтінді сөздердің керектілерімен толықтырып оқыңыз, аударыңыз

келеді

емес

қарапайым

көрсетті

келешекте

асырылады

университетінің

 

Сумен жұмыс істейтін компьютер

 

Болашақ – биологиялық технологиялардың еншісінде. ____________ техникалық құралдардың жұмыс принциптері ауа мен судың қасиеттеріне арқа сүйейтінін уақыт ағымы айғақтап ___________ . Жақында Массачусетс технологиялық ______________ (АҚШ) студенттері сумен жұмыс істейтін компьютердің үлгісін ______________ . Ол компьютердің алгоритмдік процестері электрондардың қозғалысымен ________ , судың ағысымен жүзеге ___________ . Су компьютері әзірге _____________ есептер мен логикалық операцияларды орындай алады.                                                                     

                                                                                       («Зерде» журналынан)

 

8 Бір-біріңізге мына сұрақтарды қойып, өз ойларыңызды айтыңыз.

Энергиямен жұмыс істейтін компьютер тұрғанда, сумен істейтін компьютердің қажеті қанша?

Су компьютері келешекте күрделі операцияларды орындай ала ма, алса неліктен, алмаса неліктен?

 

 

Төртінші сабақ

 

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.

қалыптастыру – формировать, модулировать

хабар заңы - закон сообщения

жүзеге асыру  - осуществлять

талшық – волокно

қуат – мощность

кілттік – ключевой

сырттан қоздырылатын генератор – генератор с внешним возбуждением

жиілік – частота

алқап – диапазон

кедергі – сопротивление

кем кернелген – недонапряженный

артық кернелген – перенапряженный

берілген генерацияланатын қуат - заданная генерируемая мощность

пайдалы әсер коэффициенті (ПЭК) – коэффициент полезного действия

(КПД)

шығын – потеря, затрата

аралық жиілік – промежуточная частота

ауыстырып қосу – переключение

сезімталдық – чувствительность

бір бүйірлік жолақ – одно боковая полоса

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз

Хабар заңына сәйкес; қазіргі заманғы электрондық шамдарды қолдану арқылы; төменірек кернеуді қолдануға мүмкіндік береді; жоғары жиілікті тербелістерді транзисторлардың көмегімен генерациялайды; мұндай генераторлардағы транзисторлардың кедергісі өте кең аралықта өзгереді; кем кернелген және артық кернелген кәдімгі генераторлар; жиілік артқан сайын кілттік қасиеттері біртіндеп  азаяды; радиотарату құрылғыларының теориясында қалыптасқан ортақ методологияға сүйене отырып; берілген генерацияланатын қуатта транзисторлардағы шығын жоқтың қасында; 100...200 МГц-тен жоғары жиіліктерде кілттік режим мүлде жүзеге асырылмайды.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

 

Радиотарату құрылғылары

 

Радиотарату құрылғылары – радиосигналды генерациялайтын және қалыптастыратын құрылғылар. Сигналды қалыптастыру (модуляция) хабар заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Болашақта радиотарату құрылғыларының дамуы екі бағытта, яғни жиілік диапазоны жағынан – талшықты-оптикалық  байланыс желілерін, элементтік базасы жағынан – жартылай өткізгішті транзисторларды, Ганн диодтары мен қазіргі заманғы электрондық шамдарды қолдану арқылы жүзеге асырылмақ.

Радиотарату құрылғыларын жетілдіру транзисторларды жасаумен тікелей байланысты. Транзисторлық радиотарату құрылғыларын пайдалану арзандау,  транзисторларды пайдалану төменірек кернеуді қолдануға мүмкіндік береді және оны қыздырудың қажеті жоқ.

Қазіргі уақытта аса жоғары жиілікті транзисторлар мен аспаптар кеңінен пайдаланылуда.

Қазіргі радиотехникалық аппаратурада қуаты 10 кВт-қа дейінгі жоғары жиілікті тербелістерді транзисторлардың көмегімен генерациялайды. Жеткілікті деңгейде қоздырылған жағдайда мұндай генераторлардағы транзисторлардың кедергісі өте кең аралықта, тіпті нөлден шексіздікке дейін өзгереді. Генератордың мұндай режимі  «кілттік» деп аталады. Кілттік режимдегі транзисторлық генератор кем кернелген және артық кернелген кәдімгі генераторлардан  жоғары ПӘК-імен және сенімділігімен ерекшеленеді, себебі берілген генерацияланатын қуатта транзисторлардағы шығын жоқтың қасында. Мұнда транзистордың көрсеткіштері  генерацияланатын қуатқа аз әсер етеді, сондықтан генераторды өндірісте жұмысқа дайындау жеңілденіп, температураның және қоздыру кернеуінің өзгеруіне деген сезімталдығы кемиді. Алайда, кілттік генераторлардың артықшылықтары транзистордағы процестердің инерттілігі әсер етпейтін салыстырмалы төмен жиіліктерде айқындалады. Жиілік артқан сайын кілттік қасиеттері біртіндеп  азаяды да, 100...200 МГц-тен жоғары жиіліктерде кілттік режим мүлде жүзеге асырылмайды. Осылайша, кілттік режимді әлі де қолдануға болатын  аралық жиіліктердің үлкен алқабы бар, дегенмен де  ауыстырып қосу процестерінің инерттілігін ескеру қажет.

Гармоникалық тербелістердің транзисторлық генераторларын жобалау және оның теориясы мәселелеріне шетелдік және отандық ғалымдардың көптеген еңбектері арналған. Бұл оқу құралында сырттан қоздырылатын генераторлардың теориясы және оның әр түрлі сұлбаларын есептеу жолдары қарастырылған.   Радиотарату құрылғыларының теориясында қалыптасқан ортақ методологияға сүйене отырып, жүктемелік және модуляциялық сипаттамаларды қоса, генератор сипаттамасының кешені қарастырылады. Сонымен қатар, қуатты каскадтары кілттік режимде жұмыс істейтін таратқыштарды құру мәселелері талқыланады. Мұнда кілттік режимдерді пайдалану ерекше тиімді болып табылатын бір бүйірлік жолақта істейтін байланыс жүйелеріне  айрықша көңіл бөлінген.

 

4. Керекті формадағы сөздерді қойыңыз.

4.1. Қуатты каскадтары кілтттік режимде ................... таратқыштарды құру мәселелері талқыланады.

а) жұмыс істеген

ә) жұмыс істейтін

б) жұмыс істеп

в) жұмыс істегіш

4.2. Мұнда транзистордың көрсеткіштері  генерацияланатын ........... аз әсер етеді.

а) қуаттан

ә) қуатта

б) қуатты

в) қуатқа

4.3. Бұл оқу .................... сырттан қоздырылатын генераторлардың теориясы және оның әр түрлі сұлбаларын есептеу жолдары қарастырылған.

а) құралында

ә) құралда

б) құралдан

в) құралды

4.4. Жүктемелік және модуляциялық сипаттамаларды қоса, генератор сипаттамасының .............. қарастырылады.

а) кешенін

ә) кешен

б) кешені

в) кешенді

4.5. Дегенмен де  ауыстырып қосу процестерінің инерттілігін ескеру ................. .

а) мүмкін

ә) қажет

б) шығар

в) сияқты

4.6. Мұндай генераторлардағы транзисторлардың кедергісі өте кең аралықта, тіпті нөлден шексіздікке ............... өзгереді.

а) дейін

ә) соң

б) кейін

в) шейін

 

5. Жақшадағы сөздің орыс тіліндегі баламасын қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

5.1 Қазіргі радиотехникалық (в аппаратуре) қуаты 10 кВт-қа дейінгі (высокочастотные) тербелістерді транзисторлардың (с помощью) генерациялайды.

5.2 Алайда, (ключевых) генераторлардың (преимущества) транзистордағы процестердің (инертность) әсер етпейтін (в сравнительно низких) жиіліктерде айқындалады.

5.3 (Таким образом), кілттік режимді әлі де қолдануға болатын  (промежуточных)  жиіліктердің үлкен (диапазон) бар.

5.4 Гармоникалық (колебании) транзисторлық генераторларын (проектирование)  және оның теориясы мәселелеріне (зарубежных) және отандық (ученых) көптеген еңбектері (посвящено).

5.5 (А также), (мощные) каскадтары кілттік (режиме) жұмыс істейтін таратқыштарды (построение) мәселелері (обсуждаются).

5.6 (Здесь)  кілттік режимдерді (применение) ерекше тиімді болып табылатын бір (боковой) жолақта істейтін байланыс (системам) айрықша көңіл (уделено).

 

6. Мәтіннен мағынасы ұқсас (синоним) сөздерді тауып жазыңыз:

алайда -

шейін -

айрықша –

назар –

жұмыс –

қолдану –

іске асыру –

өйткені –

кемиді –

ықпал етеді –

сан түрлі –

 

7 Мәтінді керекті қосымшалармен толықтырып оқыңыз, аударыңыз.

 

Алманың піскенін анықтайтын қолғап

 

Жеміс... піскен кезінде жұлудың пайдасы оның толық жетілмеген кезінде жинаған..... жоғары. Жеміс ағашындағы мәуелердің бір мезгіл..... пісіп  жетіле қоймайтыны белгілі. Жемістер... сақтау барысында орын алатын бұзылулар..... бірден-бір себебі  - піспеген мәуелер. Осындай жағдайлар.... назар аударған Монпельдегі (Франция) Ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы мамандары жемісті жұлмай жатып оның піскен... анықтайтын қолғап жасады. Қолғап....... инфрақызыл белгі бергіштері алманың жұмсағы..... жиналған қанттың мөлшерін анықтап береді. Ол үшін қолғап киілген қол..... алманы жай ғана ұстау жеткілікті, индикатор тиісті нәтиже...... көрсетеді. Сондай-ақ, осы қолғап...... базардағы жемістердің де сапа....... білуге болады.               

                                                                                   («Зерде» журналынан)

 

8 Сұрақтарға жауап беріңіз.

Жемісті піскен кезінді жұлудың пайдасы қандай?

Қолғаптың негізгі қызметі қандай?

Қолғап қосымша қандай қызмет атқарады?

 

Бесінші сабақ

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.

өкіл – представитель

сәуле шығарғыш – излучатель

ұйғару – согласование, согласовать

шама – величина, примерно

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Сәуле мен электр сигналдарының өзара түрленуі негізінде; сәуле шығарғыш пен сәуле қабылдағыш бірге орналасқан; электр хабарларын көзге көрінетіндей етіп түрлендіріп беретін; халықаралық электротехникалық коммиссияның ұйғаруы бойынша; оптикалық диапазонда жұмыс істейтін аспаптар жатады; диапазонның өзі бірнеше бөліктерден тұрады; бұл түстерді адам көзі әр түрлі сезініп қабылдайды; түн қараңғылығына үйрене бастаған адам көзі; шамамен 500 нм-ге сәйкес келеді; сәуле мен электромагниттік толқындар табиғатының бірдей болатынын; тұңғыш рет тәжірибе жүзінде пайдаланып

 

Оптоэлектрондық аспаптар мен индикаторлар

3. Мәтінді аударыңыз

Оптоэлектрондық аспап сәуле мен электр сигналдарының өзара түрленуі негізінде жасалады. Негізгі өкілі – оптронның корпусында сәуле шығарғыш пен сәуле қабылдағыш бірге орналасқан индикатор. Индикатор электр хабарларын көзге көрінетіндей етіп түрлендіріп беретін оптоэлектрондық аспаптың бір түрі.

Халықаралық электротехникалық коммиссияның ұйғаруы бойынша оптоэлектрондық аспаптарға  (ОЭА) оптикалық диапазонда (ультракүлгін, көрнетін және инфрақызыл сәулелерде) жұмыс істейтін аспаптар жатады. Оптикалық диапазонда көзге көрінетін сәулелердің алатын орны аз. Бірақ осы аз ғана диапазонның адам өмірі үшін маңызы ерекше. Осы диапазонның өзі бірнеше бөліктерден (түсі бойынша айтатын болсақ: қызыл, жасыл т.б.) тұрады, бұл түстерді адам көзі әр түрлі сезініп қабылдайды. Оның үстіне адам көзінің түнде және күндіз көру сезімталдығы да әр түрлі болады. Оның ең күшті сезімталдығы 550 нм (10‾‾м)  шамасында, жасыл және сары жолақтардың шегарасында орналасқан. Сондықтан көпшілік индикаторлар осы түсті сәулелерде жұмыс істейді. Түн қараңғылығына үйрене бастаған адам көзінің сезімталдығы толқын ұзындығының төмендеу шамаларына қарай ойысып, шамамен 500 нм-ге сәйкес келеді.

Сәуле мен электромагниттік толқындар табиғатының бірдей болатынын кезінде Фарадей мен Максвелл айтқан еді. 1873 жылы У.Смит фотоэффектіні ашты. Осы құбылысты зерттеуде 1888 жылдары А.Г.Столетов көп еңбек сіңірді.

1917 жылы А.Эйнштейн сәулелердің еріксіз шығу мүмкіндігін айтып, кванттық электроникаға жол салды. Ал осы мүмкіндікті тұңғыш рет тәжірибе жүзінде пайдаланып (1951 жылы), патент алған КСРО ғалымы В.А.Фабрикант болды. Бірақ лазер құрылғыларын тек 1954 жылы бірі-бірінен тәуелсіз КСРО ғалымдары   А.М.Прохоров пен Н.Г.Басов және американдық Ч.Таунс жасады. Осы жұмыстары үшін олар 1964 жылы Нобель сыйлығына ие болды.

1962-1963 жылдары жартылай өткізгішті, ал 1964 жылы қызыл, жасыл жарықта жұмыс істейтін сәулелі диодтар өмірге келді. Осы диодтардың жұмыс атқару негізі – инжекциялық электролюминесценция – 1956 жылы ашылды. 1955 жылы оптрондар өндіріске ұсынылып, тек 1965-1967 жылдары кеңінен шығарыла бастады. Қазіргі кезде ең тиімді деген индикаторлар (жартылай өткізгішті, жұмсақ кристалды) 1966-1968 жылдары өмірге келді. Зарядтық байланыспен жұмыс істейтін электрондық аспаптар негізінде жасалынған жұқа кремний экраны 1970 жылы пайда болды.

 

3. Бос орынға жақшаның ішіндегі сөздерге сәйкес келетін сұрақты қойыңыз.

3.1 Индикатор электр хабарларын  ................ (түрлендіріп береді)?

3.2 Оптоэлектрондық аспаптарға  (ОЭА) .................. (оптикалық диапазонда жұмыс істейтін) аспаптар жатады?

3.3  Бірақ осы аз ғана диапазонның адам өмірі үшін маңызы ..........(ерекше) ?

3.4 Адам көзінің түнде және күндіз көру сезімталдығы .............(әр түрлі) болады?

3.5 Осы диапазонның өзі ........................ (бірнеше бөліктерден) тұрады?

3.6 Сәуле мен электромагниттік толқындар табиғатының бірдей болатынын ...................... (Фарадей мен Максвелл) айтқан?

3.7 1917 жылы А.Эйнштейн сәулелердің еріксіз шығу мүмкіндігін айтып, ............... (кванттық электроникаға) жол салды?

3.8 1964 жылы................. (жасыл жарықта жұмыс істейтін сәулелі) диодтар өмірге келді?

3.9 Инжекциялық электролюминесценция ................... (1956 ж.)  ашылды?

 

4. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойыңыз.

Оптоэлектрондық аспап сәуле мен электр сигналдары........ өзара түрленуі негізі...... жасалады. Түн қараңғылығ....... үйрене бастаған адам көз....... сезімталдығы толқын ұзындығ....... төмендеу шамалар....... қарай ойысып, шамамен 500 нм-ге сәйкес келеді. Индикатор электр хабарлар.... көзге көрінетіндей етіп түрлендіріп беретін оптоэлектрондық аспап....... бір түр.... .

Сәуле мен электромагниттік толқын....... табиғаты....... бірдей болатынын кезі....... Фарадей мен Максвелл айтқан еді. 1917 жылы А.Эйнштейн сәулелер........ еріксіз шығу мүмкіндігі.... айтып, кванттық электроника...... жол салды. Бірақ лазер құрылғы...... тек 1954 жыл.... бірі-бірі...... тәуелсіз КСРО ғалым......   А.М.Прохоров пен Н.Г.Басов және американдық Ч.Таунс жасады. 1955 жылы оптрон....... өндіріс......... ұсынылып, тек 1965-1967 жылдары кең............. шығарыла бастады.

 

5. Бос орынға сөздердің қажеттісін қойып, мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

қойлардан

жеті

дымқыл

ыстықты

қазақтың

жұртын

шалдықтырмайды

қымбат

материалын

киіздің

сапалы

қасиеттерін

 

Ағылшындар киіз басады

Киіздің пайдалы ____________ ағылшындар біле бастаған көрінеді. Англияның бір компаниясы ет тұқымдас __________ алынатын төмен ________ жүндерден жылу сақтайтын құрылыс _________ шығара бастапты. Ол ______ құны мақтадан ________ болғанымен, оны жасауға кететін энергияның мөлшері _____ есе аз. Киіз ешқандай аллергиялық ауруларға ____________, жеңіл, әрі _______ жұтқыш қасиеті бар. Ең бастысы, қыста суықты, жазда _______ өткізбейді. Ал мұны _____қилы замандардан білгені көпшілік шетел ______ таңдандырса керек.                                

                                                                                    («Зерде» журналынан)

 

6. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ағылшындар киізді қандай іске қолдана бастапты?

Киіздің қандай қасиеттері бар?

Қазіргі технологиялардың дамыған кезеңінде еуропалықтардың киізді қолдануы сізге қандай ой салады?

 

 

 

Алтыншы сабақ

 

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.

көлегейлеу – затенять, заслонять

жұқа беті – тонкая поверхность

аумақты бейне - объемный образ

көмекке келу – помочь, прийти на помощь

кеңістіктік – пространственный

шағылысу – отражаться, отразиться

таспа – записывающая лента, магнитофон

таным – познание

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Кейінгілерін көлегейлеп дұрыс көрсетпей тұр; сіз суретті аумақты етіп көргіңіз келеді; алыста тұрған затты алыста, жақында тұрған затты жақында тұрғандай етіп көрсетеді; тек экранның жұқа бетін ғана көріп қоймай; Осы мақсатта негізінен лазерлер беретін когерентті сәулелер қолданылады; оның затқа бағытталған бір бөлігі («ақпараттық» сәуле) одан шағылысып қайтқан кезде; оның екінші бөлігіне  («тұрақты» сәулеге) қосылып; заттардың алыс немесе жақын орналасуына байланысты; «тұрақты» сәулемен қосылғанда; кейін қайтадан «тұрақты» сәулемен оқысақ.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

Голография

Айталық, қолымыздағы суреттің алдыңғы жағында орналасқан біраз заттар кейінгілерін көлегейлеп дұрыс көрсетпей тұр. Бірақ сіз суретті аумақты етіп, алыста тұрған затты алыста, жақында тұрған затты жақында тұрғандай етіп, кино көрсеңіз де,  теледидар көрсеңіз де тек экранның жұқа бетін ғана көріп қоймай, аумақты бейне (стерео киноға ұқсас) көргіңіз келеді. Міне, осы жағдайда сізге голография көмекке келеді.

Голографияны 1948 жылы Д.Габор ұсынды. Қысқаша айтқанда, голография дегеніміз – сәуле құбылыстары арқылы аумақты, кеңістіктік бейне алу. Осы мақсатта негізінен лазерлер беретін когерентті сәулелер қолданылып, оның затқа бағытталған бір бөлігі («ақпараттық» сәуле) одан шағылысып қайтқан кезде, оның екінші бөлігіне  («тұрақты» сәулеге) қосылып, интеренференция құбылысын береді. Заттардың алыс немесе жақын орналасуына байланысты қайтқан сәуленің фазасы да өзгере отырып, «тұрақты» сәулемен қосылғанда әр түрлі жарықтық эффект береді, жақынды -  жақын, алысты – алыс етіп көрсетеді. Осы құбылысты таспаға жазып алып (оны голограмма дейді), кейін қайтадан «тұрақты» сәулемен оқысақ, жазылып алынған суреттің кеңістіктік бейнесін алуымызға болады.

Голографияның келешегі зор. Басқасын былай қойғанда (мысалы, ЭЕМ-нің кеңістіктік ақпараттарын жазу, қайта оқып беру т.б.), аумақты, кеңістіктік кино, теледидар бейнелерін көру мүмкіндігінің өзі адам танымын әлдеқайда тереңдетіп, мазмұнды етеді.

 

4. Керекті жалғауларды қойыңыз.

Бірақ сіз сурет..... аумақты етіп, алыс.... тұрған затты алыста, жақында тұрған затты жақын.... тұрғандай етіп, кино көрсеңіз де,  теледидар көрсеңіз де тек экран...... жұқа беті..... ғана көріп қоймай, аумақты бейне (стерео кино..... ұқсас) көргіңіз келеді. Міне, осы жағдай..... сіз..... голография көмек...... келеді. Заттар..... алыс немесе жақын орналасуы.... байланысты қайтқан сәуле...... фазасы да өзгере отырып, «тұрақты» сәуле..... қосылған.... әр түрлі жарықтық эффект береді. Осы құбылыс.... таспа.... жазып алып (оны голограмма дейді), кейін қайта..... «тұрақты» сәуле..... оқысақ, жазылып алынған сурет.... кеңістіктік бейнесі... алуымыз..... болады.

 

5. Екі сөзден тәуелдік жалғаулы тіркес жасаңыз.

Үлгі: адам – таным – адам танымы

Интерференция – құбылыс; теледидар - бейне; экран – бет; сәуле - құбылыс; сәуле –фаза; электр – ток; электр – хабар; электр  - сигнал; толқын – ұзындық; адам - өмір; көру - мүмкіндік

 

6. Сөздің түбірі зат есім болса, одан етістік және сын есім, сын есім болса, зат есім, етістік, етістік болса, зат есім және сын есім жасаңыз.

Үлгі: кең – кеңістік – кеңейту

өн –

жарық –

модуляция –

ақпарат –

сәуле –

сен –

қымбат –

 

7 Сөздерді керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз.

 

Ток өткізетін пластмасса

электрөткізгіштік

мамандары

қызметін

қамтамасыз

жеткілікті

ағымын

арзан

тасымалдауға

 

Алдағы уақытта электр тогын ___________ металл сымдардың қажет болмауы мүмкін. Олардың орнына пластмасса материал пайдаланылатын болады. Пластиканың жасалу технологиясы әрі ________, әрі жұмыс істеу мерзімі ұзақ. Көп жылдар бойы пластмассадағы электр зарядтарының ________ зерттеумен айналысқан Ресей ғылым академиясы  Уфа ғылыми орталығы молекулалар мен кристалдар физикасы институтының _________ пластикалық заттың да белгілі бір жағдайда электр өткізгіш қасиеті болатынын анықтады. Ғалымдардың мәлімдеуінше, пластмассада _____________ қасиет  болуы үшін ғаламат қысым мен орасан үлкен температура керек емес, оған кішкене қысым мен электр өрісі де ____________ . Осындай жағдайда полиэтилен жартылай өткізгіш транзистор _________ атқарады. Пластмассаның шикізаты ретінде полимерленген полидифениленфталид алыныпты. Қазірге ондай нәтижені кәдімгі полиэтилен қалтасы секілді жұқа полимерлік пленка _________ етіп отыр.

                                                                                       («Зерде» журналынан)

 

8 Бөлінген сөздерге сұрақ қойыңыз.

Олардың орнына пластмасса материал пайдаланылатын болады. Пластиканың жасалу технологиясы арзан және  жұмыс істеу мерзімі ұзақ.

Ғалымдар көп жылдар бойы пластмассадағы электр зарядтарының қызметін зерттеумен айналысты.

Пластикалық заттың да белгілі бір жағдайда электр өткізгіш қасиеті болатынын анықтады.

Ғалымдар пластмассада электрөткізгіштік қасиет  болуы үшін ғаламат қысым мен орасан үлкен температура керек емес деп мәлімдейді.

Пластмассаның шикізаты ретінде полимерленген полидифениленфталид алыныпты.

 

Жетінші сабақ

 

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.

бөлшек – частица

оқшаулау – изоляция

орама – обмотка

қасиет – свойство

газ тәріздес – газообразный

агрегаттық күй – агрегатное состояние

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер; электр құрылғыларының ток жүргізуші бөлшектерін бір-бірінен оқшаулайтын; ток жүрмейтін, бірақ өткізетін  бөлшектер; ток жүретін бөлшектерден оқшаулайтын; электр оқшаулағыш немесе пассивті диэлектрик дейміз; егер диэлектриктердің басқарылатын қасиеттері болса; электр тогын өткізбейтін заттар агрегаттық күйі бойынша; ол заттар бастапқы кезде сұйық болады;  органикалық емес қатты заттарға бөлінеді.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

Диэлектрлік заттар, олардың жіктелуі

 

Диэлектрлік заттарға электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер жатады. Әр түрлі электр потенциалдары әсер ететін электр құрылғыларының ток жүргізуші бөлшектерін бір-бірінен оқшаулайтын және ток жүрмейтін, бірақ өткізетін  бөлшектерді (мысалы, корпус, кабельдің орамалары) ток жүретін бөлшектерден оқшаулайтын заттарды электр оқшаулағыш немесе пассивті диэлектрик дейміз.

Егер диэлектриктердің басқарылатын қасиеттері болса, олар активті диэлектриктер болады.

Электр тогын өткізбейтін заттар агрегаттық күйі бойынша 3 түрге бөлінеді: газ тәріздес, сұйық және қатты. Бөлек бір топқа қататын заттар жатады.  Ол заттар бастапқы кезде сұйық болады да, дайын күйінде қатты болып шығады (мысалы: лактар, эмальдар, компаундтар). 

Қатты оқшаулағыш заттар өз кезегінде органикалық қатты және органикалық емес қатты заттарға бөлінеді. 

 

4. Анықтамалық сипаттағы сөйлемнің бірнеше түрін жазыңыз.

Үлгі: Диэлектриктер: а) Диэлектрлік заттарға электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер жатады. ә) Диэлектрлік заттар деп электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер аталады. Диэлектрлік заттар дегеніміз электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер.

4.1 Қататын заттар:

4.2 Пассивті диэлектриктер:

4.3 Активті диэлектриктер:

 

5. Мәтіннен зат есімдерді анықтап тұрған сөздерді немесе сөз тіркестерін  тауып, жазыңыз.

Үлгі: зат – электр тогын өткізбейтін заттар; қататын заттар.

Диэлектрик, топ, бөлшек, потенциал, күй.

 

6. Керекті қосымшаларды қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, аударыңыз.

Жарнамалы телеканал

Қызықты телехабар немесе телефильм кез....... жарнамалардың килігіп, көңіл-күйді бұзатыны бар. Ондай жарнама....... тиімділігі төмен болатынын ағылшындар аңғарса керек, енді олар жарнама көрсететін арнайы телеарна аш....... . Арнаның бір ерекшеліг.... – жарнамада..... тауарды сол бой...... тапсырыс беріп алдыру.......  болады.

                                                                               («Зерде» журналынан)

 

Сегізінші сабақ

 

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.

қосымша – дополнительный

беріктік – прочность

кемшілік – недостаток

салмақ – вес, масса

доға – дуга

көмірсутек – углеводород

сутегі – водород

зиянды – вредно, вредный

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Газдардың ішіндегі ең жиі кездесетіні диэлектрик; себебі ауа барлық сұйық және қатты заттармен бірге; электр құрылғыларының қосымша оқшаулағышы болып келеді; ауаның айтарлықтай кемшілігі бар; ауаның электр беріктігі  төмен; ішіне галогендер қосылған газдар; ол газдардың молекулаларының салмағы ауыр болғандықтан; ионизациясы болуы үшін өрістің қуаты көбірек болуы керек; конденсаторларда, кабельдерде тағы басқа газ тығыздығы жоғары болатын электр құрылғыларында қолданады; кейбір газдардың құрамынан доғаның әсерінен фтор бөлінеді.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

Газ тәріздес диэлектриктер

 

Газдардың ішіндегі ең жиі кездесетін диэлектрик – ауа, себебі ауа барлық сұйық және қатты заттармен бірге электр құрылғыларының қосымша оқшаулағышы болып келеді. Бірақ ауаның айтарлықтай кемшілігі бар, ол ауаның электр беріктігінің  төмендігінде.  Сондықтан электротехникада ауадан басқа электр беріктігі үлкенірек ішіне галогендер қосылған газдарды пайдаланады. Ол газдардың молекулаларының салмағы ауыр болғандықтан, ионизациясы болуы үшін өрістің қуаты көбірек болуы керек. Ондай газдарды электр беріктігі жоғары газдар дейміз. Мысалы, элегаздың  (SF6) электр беріктігі ауаға қарағанда, 2,5 есе жоғары. Элегаздың беріктігі жоғары болғандықтан, оны конденсаторларда, кабельдерде тағы басқа газ тығыздығы жоғары болатын электр құрылғыларында қолданады. Электр беріктігі жоғары газдарға перфторланған көмірсутектері жатады. Перфторланған деп аталатын себебі көмірсутектердің молекуласындағы сутегі атомдарының орнына фтордың атомдарын енгізеді, жалпы газдың құрамы CX · FУ болады. Бірақ бұл газдарды түгелдей электротехникада пайдалануға болмайды, өйткені кейбір газдардың құрамынан доғаның әсерінен фтор бөлінеді де, адамның денсаулығына зиянды әсер етеді.

 

4. Себеп мағынасын беретін сөйлемдердің бірнеше түрін жасаңыз.

Үлгі: 4.1 Ол газдардың молекулаларының салмағы ауыр болғандықтан, өріс қуаты көбірек болады. Ол газдардың молекулаларының салмағы ауыр болған себепті, өріс қуаты көбірек болады. Ол газдардың молекулаларының салмағы ауыр болады, өйткені өріс қуаты көбірек болады. Ол газдардың молекулаларының салмағы ауыр болуына байланысты өріс қуаты көбірек болады.

4.2 Перфторланған деп аталатын себебі көмірсутектердің молекуласындағы сутегі атомдарының орнына фтордың атомдарын енгізеді.

4.3 Элегаздың беріктігі жоғары болғандықтан, оны конденсаторларда, кабельдерде тағы басқа газ тығыздығы жоғары болатын электр құрылғыларында қолданады.

4.4 Бірақ бұл газдарды түгелдей электротехникада пайдалануға болмайды, өйткені кейбір газдардың құрамынан доғаның әсерінен фтор бөлінеді де, адамның денсаулығына зиянды әсер етеді.

 

5. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойыңыз.

Үлгі: газ..... құрам...... – газдың құрамы.

Элегаз..... беріктік....; газ....... тығыздық.......; адам......денсаулық....; көмірсутектер....... молекула.......; фтор..... атомдар.......; электр құрылғылары..... оқшаулағыш.....; сутегі..... атом.....; доға....... әсер.....; газ молекулалары.........  салмағ.... .

 

6. Бөлінген сөз тіркестеріне сұрақ қойыңыз.

6.1 Элегаздың  (SF6) электр беріктігі ауаға қарағанда 2,5 есе жоғары.

6.2 Элегаздың беріктігі жоғары болғандықтан, ол конденсаторларда, кабельдерде тағы басқа газ тығыздығы жоғары болатын электр құрылғыларында қолданылады.

6.3 Ионизациясы болуы үшін өрістің қуаты көбірек болуы керек.

6.4 Кейбір газдардың құрамынан доғаның әсерінен фтор бөлінеді де, адамның денсаулығына зиянды әсер етеді.

6.5 Оны конденсаторларда, кабельдерде тағы басқа газ тығыздығы жоғары болатын электр құрылғыларында қолданады.

6.6 Ондай газдарды электр беріктігі жоғары газдар дейміз.

 

Су велокөлігі

7 Сөздерді керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз

қашықтықты

принципті

кейін

бара

тауыпты

гөрі

өнімдірек

 

Жаяу жүргеннен __________ велосипедпен қозғалған әлдеқайда тиімді. Әрі аяқ шаршамайды, әрі жүріп өткен жол __________ болады. Айталық, бес шақырым ___________ жаяу өткен жүргінші бір сағаттан ______ шаршап қалатын болса, отыз шақырымды басып өткен велосипедші кішкене демін алып, әрі қарай кете береді.

Велокөлік – судың астында да велокөлік. Ұлыбританиялық Дуглас Бьюкенен деген тапқыр осы __________ басшылыққа алып, су астында қозғалатын велокөлік  ойлап _______ . Автордың айтуынша, судың астындағы велосипедші аз күш-қуат жұмсап, алысқа _____алады  екен.

                                                                                         («Зерде» журналынан)

 

8 Сөздерді орнына қойып, сұраулы сөйлем жасаңыз.

8.1 ойлап тапты // алып // қандай // Дуглас Бьюкенен // велокөлік // принципті // басшылыққа?

8.2 күш-қуат // велосипедші // су //  қанша // жұмсайды // астындағы?

8.3 қайсысы // тиімді // жаяу // велосипедпен // жүрудің // // жүру // мен?

8.4 қандай // жүрудің // бар // велосипедпен // артықшылығы?

 

Тоғызыншы сабақ

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.

құрам – состав

қоспа – смесь

күрделі – сложный

қыздыру – нагревать, нагреть

қышқыл – кислота

сілті – щелочь

сынақ – испытание

өңдеу – обработка

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Физика-химиялық операциялардың бірнешеуінен тұратын; мұнайдың құрамында болатын оның жекелеген бөліктері; әр түрлі температурада қайнайды; вакуумда әр түрлі температурада қыздырғанда; 300º С-тан төменгі температурада; солярлы майды қышқыл және сілтімен өңдеп; химиялық тұрақсыз қосылыстарды бөліп шығарады.

 

3. Мәтінді оқыңыз, тақырыпшаларға бөліңіз, оларға ат беріңіз, аударыңыз.

Сұйық диэлектриктер

 

Минералды майды мұнайды бөлшектеп айыру  әдісімен алады. Олардың химиялық құрамы мұнайдың құрамымен анықталады. Мұнайдан алынған барлық майлар көмірсутектерінің қоспасы болып табылады. Мұнайдан май алу - физика-химиялық операциялардың бірнешеуінен тұратын күрделі технологиялық процесс. Мұнайдың құрамында болатын оның жекелеген бөліктері әр түрлі температурада қайнайды. Сондықтан мұнайды вакуумда әр түрлі температурада қыздырғанда одан аталған бөліктер бөлініп қалып отырады. 300º С-тан төменгі температурада мұнайдан жеңіл өнімдер: бензин, керосин, лигроин бөлінеді. 300º С-тан жоғары температурада мазут, қалған бөлігінен солярлы май бөлінеді. Осы солярлы майды қышқыл және сілтімен өңдеп, одан химиялық тұрақсыз қосылыстарды бөліп шығарады. Сонан соң сумен жуып, кептіріп электр оқшаулағыш майлар алады.

Мұнайдан жасалған майлар үш топқа бөлінеді: трансформаторлық, конденсаторлық және кабельдік.

Трансформаторлық майлар күш трансформаторларында, майлы оқшаулағыштарда, май толтырылған жоғары вольттік өткізгіштерде, реактор, реостаттарда т.б. электр құрылғыларында пайдаланылады. Жаңа трансформаторлық майлар трансформатор мен аппараттарға құюдан бұрын ГОСТ -982 -80 талаптарына сәйкес сынақтан өткізіледі.

 

4. Сөздерге қажетті қосымшаны жалғап, сын есім жасаңыз, оның мәтіндегі сыңарларын табыңыз.

Үлгі: Трансформатор – трансформаторлық май.

Вольт

Соляр

Май

Химия

Физика-химия

Минерал

Технология

 

 

5. Сәйкес қосымшаны белгілеңіз.

Минералды май..... ды/дың мұнайды бөлшектеп айыру  әдісімен алады. Мұнай...... да/дан жасалған майлар үш топқа бөлінеді. Олар..... ды/дың химиялық құрамы мұнайдың құрамымен анықталады. Солярлы майды қышқыл және сілті.....ден/мен өңдеп, одан химиялық тұрақсыз қосылыстарды бөліп шығарады. Сонан соң судан/мен жуып, кептіріп электр оқшаулағыш майлар алады. Трансформаторлық майлар күш трансформаторлары.....нан/нда, майлы оқшаулағыштар....ға/да, реостаттар.......дан/да пайдаланылады. Жаңа трансформаторлық майлар трансформатор мен аппараттарға құюдан бұрын ГОСТ -982 -80 талаптарына сәйкес сынақ......та/тан өткізіледі.

 

6. Етістіктер қандай септіктегі сөздерді қажет етеді.

Үлгі:  Химиялық қосылыс.....  (нені)  бөліп шығарады.

Майлар үш топ..... бөлінеді.

Майды қышқыл....... өңдейді.

Майлар сынақ...... өткізіледі.

Жекелеген бөліктер әр түрлі температура..... қайнайды.

Трансформаторлық майлар күш трансформаторлар......., майлы оқшаулағыштар...... т.б. пайдаланылады.

Сонан соң су....... жуып, кептіреді.

 

 

7 Сөйлемдердің баяндауыштары қандай формада тұруы керек? Таңдаған нұсқаңызды түсіндіріңіз.

Минералды май мұнайды бөлшектеп айыру  әдісімен алады/алынады. Мұнайдан жасалған майларды үш топқа бөлінеді/бөледі. Олардың химиялық құрамы мұнайдың құрамымен анықтайды/анықталады. Солярлы май қышқыл және сілтімен өңдейді/өңделеді. Одан химиялық тұрақсыз қосылыстарды бөліп шығарады/шығарылады. Трансформаторлық майларды күш трансформаторларында, майлы оқшаулағыштарда пайдаланылады/пайдаланады. Жаңа трансформаторлық майлар трансформатор мен аппараттарға құюдан бұрын сынақтан өткізіледі/өткізеді.

 

 

8 Керекті қосымшаларды қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, аударыңыз.

Қартайтпайтын киім

Кәрілік не...... басталады? Жапондық Капево Spinning Corp. фирмасының мамандары адам....... қартаюының себебі күн...... көзінен келетін ультракүлгін сәулелердің әсері...... деп топшылайды. Аспандағы алып жұлдыздың біздің көзіміз..... көрінбейтін ультракүлгін сәулелері адам денесінің әдемі де, нәзік тері қабатының құрғап, ресурстық мүмкіндіктерін толық пайдаландырмай, қартаю процесінің басталуына мәжбүрлейді. Осыған көз жеткіз...... жапондық зерттеушілер құрамы....... Е витамині мен арнайы биологиялық ферменттері бар Nana Dew деп аталатын матаны жасап шығарған. Мата оны жасаушылар...... айтуынша, ультракүлгін сәулелердің денеге зиян...... әсерінен қорғап, терінің идеалды қалпының сақталуына жағдай жасайды. Капево Spinning Corp-тықтар мұндай мата...... жаңа футболкалар мен көйлектер тігуді де қол...... ала бастады. Сондықтан, жуық арада қартайтпайтын киімнің сатыла бастауы ешкімді  таңдандырмайтын болады. Бірақ, әзірге ол Жапонияда ғана мүмкін болып тұр.

                                                                                        («Зерде» журналынан)

9. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Жапондықтар адамның қартаю себебі ненің әсерінен болады деп топшылайды?

Жапондық зерттеушілер нені ойлап тапқан?

Жаңа матадан қандай киімдер тігеді?

Адамды қартайтпайтын киімді жақын арада бәріміз кие аламыз ба?

 

Оныншы сабақ

 

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.

көміртек – углевод

қосылыс – соединение

жиынтық – набор, совокупность, соединение

сызықтық – линейный

кері – обратный

соққы – удар

төзімді – прочный, стойкий

қатты күй – твердое состояние

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Диэлектриктердің ішіндегі маңыздысы; көміртек элементтерінің басқа элементтермен қосылысы; химиялық қосылыстар түзетін күшті қабілеті бар; химиялық табиғаты жағынан полимерлер болып табылады; олардың жұмсаруы жоғарғы температурада жүреді; оларды қыздырғанда пластикалық күйінен кері айналмайтын қасиеті пайда болмай; бұл қасиеттерге ие болумен қатар; еру және жұмсару қасиетінен айырылады; кейде температураға шыдамай химиялық апат болады; молекулалар жиынтығы бір құрылысты атомдардан тұрады.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

 

Органикалық полимерлер туралы ұғым

Диэлектриктердің ішіндегі маңыздылары жоғары молекулалық органикалық материалдар.

Органикалық заттар деп көміртек элементтерінің басқа элементтермен қосылысын айтады. Көміртегінің әр түрлі молекулалық құрылысты химиялық қосылыстар түзетін күшті қабілеті бар. Органикалық оқшаулағыш материалдардың көбіне үлкен молекулалық қосылыстар жатады. Электроқшаулағыш техникада бұлар кіші молекулалы материалдардан жасалған синтетикалық үлкен молекулалық материалдар. Маңызы үлкен молекулалы қосылыстар өзінің химиялық табиғаты жағынан полимерлер болып табылады, яғни, заттар, молекулалар жиынтығы бір құрылысты атомдардан тұрады. Мономерден полимерге айналу реакциясын полимеризация деп атайды. Полимеризацияға кері процесті   деполимеризация дейді.

Полимерлер сызықтық және кеңістіктік болып екі топқа бөлінеді. Сызықтың полимердің молекулалары түзу тізбекті немесе тармақталған тізбекті болады.

Кеңістікті полимерлердің молекулалары кеңістікте әр түрлі бағытта біркелкі орналасады, сондықтан формасы тұтас, басқаша айтқанда, шар формасына ұқсас.

Сызықтық және кеңістіктік полимерлердің қасиеттерінде айырмашылықтар бар. Сызықтық полимерлер иілгіш, созылғыш келеді. Олардың көбі температураны арттырғанда жұмсарады, сонан соң ериді. Кеңістіктік полимерлер берік болады, олар жұмсаруы жоғарғы температурада жұмсарады, ал кейде температураға шыдамай химиялық апат болады.

Полимерлер термопластикалық және термореактивтік болып бөлінеді. Термопластикалық материалдар төмен температураның өзінде-ақ қатты болады, бірақ қыздырғанда олар жұмсарады және жеңіл деформацияланады. Термопластикалық  материалдардың ерекшелігі  оларды қыздырғанда пластикалық күйінен кері айналмайтын қасиеті пайда болмай, бұрынғы қасиетін жоймайды. Термореактивтік материалдарды қыздырғанда кері  айналмайтын қасиет пайда болады, яғни олар қатты күйге келеді, соның әсерінен механикалық соққыға төзімді болады. Бұл қасиеттерге ие болумен қатар еру және жұмсару қасиетінен айырылады.

 

4. Керекті формадағы сөздерді   қойыңыз.

4.1 Электроқшаулағыш ......................... бұлар кіші молекулалы материалдардан жасалған синтетикалық үлкен молекулалық материалдар

а) техникадан

ә) техникаға

б) техникада

в) техникамен

4.2 Органикалық заттар ......... көміртек элементтерінің басқа элементтермен қосылысын айтады.

а) деп

ә) дегеніміз

б) деген

в) дейді

4.3 Полимеризацияға кері  ...............   деполимеризация дейді.

а) процестің

ә) процесті

б) процесте

в) процеске

4.4 Соның ..................... механикалық соққыға төзімді болады.

а) әсерінен

ә) әсерімен

б) әсеріне

в) әсерін

4.5 Бұл қасиеттерге ие болумен ............ еру және жұмсару қасиетінен айырылады.

а) соң

ә) кейін

б) қарай

в) қатар

4.6 Оларды қыздырғанда пластикалық күйінен кері айналмайтын қасиеті пайда ............., бұрынғы қасиетін жоймайды.

а) болып

ә) болмай

б) болатын

в) болған

 

5. Сөйлемдерді шартты мағыналы етіп өзгертіңіз.

5.1 Үлгі: Олардың жұмсаруы жоғарғы температурада жүреді, ол кейде температураға шыдамай химиялық апат болады. Олардың жұмсаруы жоғары температурада жүрсе, химиялық апат болуы мүмкін.

5.2 Олар қатты күйге келеді, соның әсерінен механикалық соққыға төзімді болады.

5.3 Сызықтық және кеңістіктік полимерлердің  көбі біркелкі температураны арттырғанда жұмсарады, содан соң ериді

5.4 Термореактивтік материалдарды қыздырғанда, оларда кері  айналмайтын қасиет пайда болады.

5.5 Бірақ қыздырғанда олар жұмсарады  және жеңіл деформацияланады.

 

6. Мәтінді аударыңыз.

«Барлаушы» түймелер

Әскерилердің киімі қолайлы және маскировкалы болумен шектелмейді. Оңтүстік Калифорния (АҚШ) университетінің ғалымдары сарбаздардың киімдеріне маскировкалығына қоса, «барлаушылық» қасиетін де жүктегісі келіп отыр. Американдық зерттеушілердің жобасы бойынша сарбаздардың киімдерінің түймелері арнайы жасалған микрофондардан тұрмақ.

Микрофондардың мақсаты – 100 метрлік радиустағы дыбыс көздерін бақылап, керек нысанның бағытын көрсету. Әзірге  «түймелерден» түскен дыбыстық мәліметтер киімнің қалтасында орналасқан компьютерлік чипте сарапталады да, тиісті нысанға нұсқайды. Компьютерлі чиптер өз кезегінде киімде орнатылған батареялармен жұмыс істейді. «Келешекте чиптер мен батареялар киімнің қалталарында ғана емес, оның бойында  тұтас орналасатын болады» дейді жасаушы мамандар.

Әрине, ондай жағдайда дыбыс көзін анықтаудың саны мен сапасының арта түсері ақиқат. Сонымен қатар, әскерилердің далалық шатырлары да осындай жүйемен қамтамасыз етілуі мүмкін деген болжам да жоққа шығарылмайды.

                                                                                       («Зерде» журналынан)

 

7 Сұрақтарға шын немесе жалған деп жауап беріңіз. Жауабыңыздың шын немесе жалған екенін мәтіндегі сөйлемдермен дәлелдеңіз.

Әскерилердің киімі қолайлы және маскировкалы болумен шектелуі керек.

Американдық зерттеушілердің жобасы бойынша сарбаздардың киімдерінің түймелері арнайы жасалған компьютерден тұрмақ.

Компьютерлік чип киімнің қалтасында орнатылған.

Компьютерлі чиптер киімде орнатылған батареялармен жұмыс істейді.

Бірақ болашақта әскерилердің далалық шатырларын да осындай жүйемен қамтамасыз ету мүмкін емес деген болжам айтылады.

 

8 Сұрақтарға жауап беріңіз.

8.1 «Барлаушы» түймені ойлап тапқан ғалымдар қайдан?

8.2 Түйменің барлаушылық қызметін қандай құрылғы атқарады?

8.3 Ол құрылғының міндеті қандай болмақ?

8.4 Болашақта  «барлаушы» қызметін тағы қандай зат атқаратын болады?

 

Он бірінші сабақ

 

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз:

сыйымдылық – емкость, вместимость

қайтып оралу – возвратиться

алшақтау – развязка

шығыс – выход

кіріс – вход

бейтарап – нейтральный

шағылысу – отражаться, отражение

шектеу – ограничение

тудыру – образовать

кеңістік – пространство

реттеу – регулирование, регулировать

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Сәуле шығаратын және сәуле қабылдайтын бөліктер; өте жоғары жиілікте (10
 Гц-ке дейін) жұмыс істей алуына байланысты; гальваникалық алшақтау (развязка) аспаптарының қатарына жатқызуға болады; гальваникалық алшақтауды қамтамасыз етуде; электрондық аспаптың кірісі мен шығысының өзара тұрақты токпен байланыста болмауы; сымдағы электр тоғының магнит өрісін тудыратыны белгілі; сәуле шыққан жеріне қайтып оралмайды; бұл гальваникалық алшақтаудың өте жоғары көрсеткіші; оптоэлектрондық аспаптың кіріс-шығыс (өтпелі)  кедергісі мен сыйымдылығы тиісінше 10 Ом мен 10¯¯ Ф-ға дейін жетеді; оның қозғалысын координат осьтері Х,Y,Z бойынша  өзгертуге болады; ол нерв, нейрон талшықтарына операция жасауға мүмкіндік береді; оптоэлектрондық аспаптардың келешекте кеңінен қолданылуына жағдай жасап отыр.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

 

Оптоэлектрондық аспаптардың ерекшеліктері

 

Оптоэлектрондық аспап сәуле шығаратын және сәуле қабылдайтын бөліктерден тұрады. Оның негізгі артықшылықтарына мыналар жатады.

1. Өте жоғары жиілікте (10
 Гц-ке дейін) жұмыс істей алуына байланысты оптоэлектрондық аспаптың ақпараттық сыйымдылығы өте үлкен болады. Ол қазіргі өндірісте пайдаланылып жүрген радио жолақтарына қарағанда 10³ – 10
 есе артық.

2. Өте қысқа толқын ұзындығына (1 нм-ге дейін) байланысты оптоэлектрондық аспаптың аумағы мен массасы өте шағын.

3. Оптоэлектрондық аспапты өте тамаша гальваникалық алшақтау (развязка) аспаптарының қатарына жатқызуға болады. (Гальваникалық алшақтау дегеніміз – электрондық аспаптың кірісі мен шығысының өзара тұрақты токпен байланыста болмауы.)

Гальваникалық алшақтауды қамтамасыз етуде бұрын қолданылып келген трансформаторлар мен конденсаторлардың кемшіліктері – бұл элементтердің аумағының үлкен, салмағының ауыр болуы; кіріс-шығыс жолдарының паразиттік байланысы мен олардың интегралдық технология негізінде жасалмауы т.с.с.

Оптоэлектрондық аспаптың кіріс-шығыс (өтпелі)  кедергісі мен сыйымдылығы тиісінше 10 Ом мен 10¯¯ Ф-ға дейін жетеді, ал бұл гальваникалық алшақтаудың өте жоғары көрсеткіші.

4. Оптикалық сигнал фотондар арқылы беріледі. Электрлік бейтараптығына байланысты олардың қозғалысы магнит өрісін туғызбайтындықтан (ал сымдағы электр тогының магнит өрісін тудыратыны белгілі) және өздеріне не электр, не магнит өрісі әсер етпейтіндіктен сәуле жолдары да бір-біріне әсер етпейді. Қорыта айтқанда, сәуле арқылы байланысқа сыртқы электрдің де, магниттің де немесе басқа сәуле, электр жолдарының да әсері болмайды.

5. Сәулелік байланыс бір бағытты: сәуле шыққан жеріне қайтып оралмайды (шағылыспаған жағдайда), яғни қабылдау көздері хабардың шығу көздеріне қайтып әсер етпейді.

6. Оптикалық сигналды, хабарды жарық ретінде, тіпті түрлі-түсті етіп те көрсетуге болады.

7. Гальваникалық алшақтауға трансформатор немесе конденсатор колданыла қалса, олардың тек айнымалы тоқта жұмыс істейтінін білеміз. Ал оптоэлектрондық аспаптарда ондай шектеу жоқ, ол кез келген  токта, оның ішінде тұрақты токта да жұмыс істей береді.

8. Сәулені, оның ішінде жарықты, екі өлшемде өзгертіп, түрлендіруге болады. Біріншіден, жарық кеңістікте тарайтын болғандықтан, оның қозғалысын координат осьтері Х,Y,Z бойынша  өзгертуге болады; екіншіден, оның таралуын белгілі бір уақыт аралығында реттеуге болады. Сонымен, оптикалық сигналды екі өлшемде (кеңістік және уақыт) өзгертіп, модуляциялауға  болады.

9. Толқын ұзындығының төмендігіне байланысты сәуле толқыны өте жіңішке келеді. Мысалы, лазер сәулесі микрондармен өлшенеді, ол нерв, нейрон талшықтарына операция жасауға мүмкіндік береді. Осы мүмкіндік электрондық аспаптар мен интегралдық сұлбалар жасауда да кеңінен қолданылады.

Оптоэлектрондық аспаптардың кемшіліктері де баршылық. Олардың негізгілері:

1. Күрделілігі (екі аспаптан және сәуле тарайтын ортадан тұрады);

2. Соған байланысты бағасы қымбат және жұмыс сенімділігі төмен.

3. Пайдалы әсер коэффициенті де аз.

Әйтсе де, жоғарыда аталған көптеген артықшылықтары оптоэлектрондық аспаптардың келешекте кеңінен қолданылуына жағдай жасап отыр.

 

4. Бөлінген сөздерге сұрақ қойыңыз.

4.1 Оптоэлектрондық аспап сәуле шығаратын және сәуле қабылдайтын бөліктерден тұрады.

4.2 Гальваникалық алшақтауды қамтамасыз етуде бұрын қолданылып келген трансформаторлар мен конденсаторлардың кемшіліктері – бұл элементтердің аумағы үлкен, салмағы  ауыр.

4.3 Ол нерв, нейрон талшықтарына операция жасауға мүмкіндік береді.

4.4 Оптикалық сигнал фотондар арқылы беріледі.

4.5 Электрлік бейтараптығына байланысты олардың қозғалысы магнит өрісін туғызбайды.

4.6 Оптоэлектрондық аспапты өте тамаша гальваникалық алшақтау (развязка) аспаптарының қатарына жатқызуға болады.

 

5. Байланысты сөзін қолданып, жақшаның ішіндегі және сыртындағы сөйлемнің екі бөлігін қосып, себеп мағыналы сөйлем жасаңыз.

5.1 Үлгі: Оптоэлектрондық аспаптың ақпараттық сыйымдылығы өте үлкен (өте жоғары жиілікте (10
 Гц-ке дейін) жұмыс істей алу) - Өте жоғары жиілікте (10
 Гц-ке дейін) жұмыс істей алуына байланысты оптоэлектрондық аспаптың ақпараттық сыйымдылығы өте үлкен.

5.2 Сәуле толқыны өте жіңішке болып келеді (толқын ұзындығының төмендігі).

5.3 Олардың қозғалысы магнит өрісін туғызбайды (электрлік бейтараптығы).

5.4 Электр техникалық материалдарды үш топқа бөледі (ток өткізу қабілеті).

5.5 Электр өлшеуіш аспаттар тұрақты тоқты, айнымалы токты және тұрақты ток пен айнымалы токты өлшейтін болып бөлінеді (ток түрі)

5.6 Электр өлшеуіш аспаптардың амперметр, вольтметр, ваатметр, омметр т.б. түрлері бар (қолданылу орны).

 

6. Сөз тіркестерінің сәйкес сыңарларын сызықшамен қосыңыз.

кең                                                туғызу

жағдай                                          қолдану

магнит өрісін                              жасау

жұмыс                                           ету

мүмкіндік                                     беру

әсер                                                істеу

 

7. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Сәулені, оның ішінде (свет), екі өлшемде өзгертіп, (преобразовать) болады.

Мысалы, лазер сәулесі (в микронах) өлшенеді, ол нерв, нейрон талшықтарына операция жасауға (дает возможность). Сәулелік байланыс бір бағытты: сәуле шыққан жеріне (не возвращается), яғни қабылдау көздері хабардың шығу (источникам) қайтып әсер етпейді. (Полезный) әсер коэффициенті де (мало). (В связи с этим) бағасы қымбат және жұмыс (надежность) төмен. Сонымен, оптикалық сигналды екі (измерениях) ((пространство) және уақыт) өзгертіп, модуляциялауға  (можно).

 

8. Сөздерді керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, аударыңыз.

есімді

анықтаған

дауыс

емізік

себептерін

ерінбестен

сәбилердің

айналысқан

әлекке

 

 

 

Бала жұбататын құрылғы

 

Бұдан былай жас әкелер жұбайы жоқта нәрестені жұбатамын деп көп ________  түспейтін болады. Жаңа туған нәрестелердің жылауын зерттеумен ____________ испандық Педро Монагас ________ азамат кішкентай бүлдіршіндердің не себептен жылайтынын __________ . Нәрестелер қарны ашқанда, шаршағанда, ызаланғанда, дәретке барып қойғанда бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі жиіліктегі _________ шығарып, көңіл күйінен хабар береді екен. Бұл белгілерден бейхабар кейбір әкелер бүлдіршіннің бұтын ауыстырудың орнына бөпесінің аузына қайта-қайта ________ салып, ұйықтатумен әуреге түсіп жатады.  Осындай жәйттерді басынан кешкен болуы керек, Педро өзінің  «балапанымен» қоса басқа да жүздеген бөпелердің жылауын _________ зерттепті. Соның нәтижесінде Why Cry деп аталатын жылаудың ___________ ажыратып бере алатын құрылғы жасапты. Амандық болып, аппарат сатылуға шығып жатса, Педроның бірталай әкелер мен ________ сауабын алары анық.

                                                                                   («Зерде» журналынан)

 

9. Сұрақтарға жауап беріңіз.

9.1 Қандай құрылғы туралы сөз болып отыр?

9.2 Педро Монагас нені анықтаған?

9.3 Педро нені зерттеген?

9.4 Сәбилер не себептен жылайды екен?

9.5. Педроның өнертабысы оның өзі үшін ғана пайдалы ма?

 

 

Он екінші сабақ

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз:

жылдам – быстро

жылдамдық - скорость

найзағай – молния

күркіреу – греметь (гром)

түтін – дым

күнделікті өмір – повседневная жизнь

арна – канал

нәтиже –результат

аумақ – размер, объем

көрсеткіш – показатель

күрделену – усложнение, усложняться

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Дыбысқа қарағанда; найзағай жарқылы бірден көзге шалынғанымен; оның күркіреуі біршама уақыттан кейін ғана естіледі; адам баласы от жарығын ерте кезден-ақ индикатор ретінде пайдаланған; түрлі-түсті теледидарды қосқанда; теледидар кинескопы жарқырап хабар бере бастағанда; оның сенсорлық ауыстырғышында арнаның қосылуын неон шамы қызарып көрсетеді; электрондық жүйелердің күрделенуіне байланысты; стадионда болып жатқан жарыстың нәтижесі.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

Индикаторлар

Дыбысқа қарағанда жарық миллион есе жылдам тарайды (жылдамдықтары шамамен 330м/с және 300000 км/с). Алыстан байқалған найзағай жарқылы бірден көзге шалынғанымен оның күркіреуі біршама уақыттан кейін ғана естіледі. Сондықтан, адам баласы от жарығын ерте кезден-ақ индикатор ретінде пайдаланып, бір-біріне хабарды  алыстан от жағып, түтін будақтатып бере білген.

Бертін келе күнделікті өмірде күн сәулесі мен от жарығынан гөрі электр шамы кең өріс алды. Олардың шағын түрлері электр және неон шамдары техникада жиі қолданыла бастады. Мысалы, түрлі-түсті теледидарды қосқанда, оның сенсорлық ауыстырғышында арнаның қосылуын неон шамы қызарып көрсетпей ме?! Теледидар кинескопы жарқырап хабар бере бастағанда, ол да индикатордың ролін атқарады емес пе? Стадионда болып жатқан жарыстың нәтижесінде үлкен индикаторлық көрсеткіштің көмегімен көресіз.

Электрондық жүйелердің күрделенуіне байланысты оларға қойылатын талаптардың бірі – аумағы шағын, салмағы жеңіл болуы керек екені ескертілді. Индиаторларға да осы тұрғыдан қарай отырып, олардың қазір жиі қолданылып жүрген, болашағы зор бірнеше түріне келесі мәтіндерде тоқталамыз.

4. Керекті сөзді қойыңыз.

4.1 Сондықтан, адам баласы от жарығын ерте кезден-ақ индикатор ретінде пайдаланып, .............. хабарды  алыстан от жағып, түтін будақтатып бере білген.

а) бір-бірінен

ә) бір-біріне

б) бір-бірін

в) бір-бірінің

4.2 Бертін келе күнделікті ........... күн сәулесі мен от ...................... гөрі электр шамы кең өріс алды.

а) өмірден

ә) өмірді

б) өмірде

в) өмірдің

 

а) жарығы

ә) жарығынан

б) жарығының

в) жарығына

4.3 Электрондық жүйелердің күрделенуіне ........................ оларға қойылатын талаптардың бірі – аумағы шағын, салмағы жеңіл болуы.

а) арқылы

ә) байланысты

б) арқасында

в) бойынша

4.4 Индиаторларға да осы тұрғыдан қарай отырып, олардың қазір жиі қолданылып жүрген, болашағы зор бірнеше түріне келесі мәтінде ................

а) тоқталдық

ә) тоқталып отырмыз

б) тоқталғанбыз

в) тоқталамыз

4.5 Стадионда болып жатқан жарыстың нәтижесін де үлкен индикаторлық көрсеткіштің ................. көресіз.

а) арқылы

ә) көмегімен

б) байланысты

в) кесірінен

 

5. Салыстыру мағынасын беретін конструкциялардың түрлерін қолданып, сөйлемдерді өзгертіңіз.

5.1. Дыбысқа қарағанда жарық миллион есе жылдам тарайды. Дыбыспен салыстырғанда жарық миллион есе жылдам тарайды. Дыбыстан гөрі жарық миллион есе жылдам тарайды. Дыбыстан жарық миллион есе жылдам тарайды.

5.2 Күнделікті өмірде от жарығынан гөрі электр шамы кең өріс алды.

5.3 Жұмсақ кристалды индикаторларға қарағанда жартылай өткізгіштік индикаторлардың сәулесі айқындау.

5.4 Жұмсақ кристалды индикаторларға қарағанда жартылай өткізгіштік индикаторлар диодтарының саны көп.

5.5 Бұл ндикаторлар сәулелі диодтарға қарағанда энергияны аз жұмсайды.

 

6. Сын есімдерден етістік жасаңыз.

Үлгі: Жарық –жарқырау.

Қызыл

Жұмсақ

Көк

Қара

Ақ

Қатты

Қымбат

Қалың

Жіңішке

Жуан

 

7. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны немесе сөзді қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, аударыңыз.

 

Қолға тағатын телефон

 

Жапондық  «Докомо» фирмасы сағат секілді білек......те/ке тағып жүретін ұялы телефон шығара бастады. Қоңырау соғу .......... арқылы/үшін аппарат қолдан шешіліп алынады да, баудың бір ұшы құлаққа қойылып, екінші ұшына сөйленеді.

Телефонның салмағы - 113 грамм. Оның иесі телефонмен сөйлесумен .......... кейін/қатар электронды поштаны да пайдалана ........... келеді/алады. Аккумулятор..... дың/да заряды үзіліссіз сөйлесуде екі сағаттық, ал қоңырау күту қалпында 200 сағаттық жұмыс....тың/ты қамтамасыз ....... ете/етіп алады. Қазірше бұл бастама тек жапондық ұялы байланыс жүйе.... сіне/ге ....... қана/ғана арналып отыр.

                                                                                        («Зерде» журналынан)

 

8. Сөздердің синонимін жазыңыз.

Секілді -

Шығару –

(Білекке)  тағу -

Қатар –

Пайдалану –

Үзіліссіз -

Қазірше -

Күту –

 

Он үшінші  сабақ

 

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз:

айқындылық -  точность, четкость

басу  - занимать

жұмсалу – затрачиваться

көпшілігі дерлік – почти большинство

солғын – бледный

тәртіп – порядок

қалып – состояние

жіп – нитка

шашырау – брызги, брызгаться

сіңіру – впитывать

жалату – наносить

ширатылған – крученый

жазылу – выпрямляться

күй – состояние

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Олардың сәулесінің айқындылығы және күштілігі; диод сандарының көп болуына және көп энергия жұмсалатынына  байланысты; осыны қолымыздағы электрондық сағаттардан да байқауымызға болады; кейінгілерінің көпшілігі дерлік солғын қара жұмсақ кристалды индикаторлармен жабдықталған; атомдары мен молекулалары белгілі бір тәртіппен орналасқан заттар; ұзынша молекулалардан тұратын; бір-біріне параллель орналасқан ұзынша молекулалар электр өрісінің әсерінен өзінің бастапқы қалпын өзгертеді; екі жұқа әйнектің ортасы  ЖК затпен толтырылады; өзінің бастапқы қалпын өзгертіп; жарық қайта шағылысып; кристаллл молекулалары ширатылған (жіп сияқты) күйде болады.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

 

                                Жұмсақ кристалды индикаторлар            

 

Жартылай өткізгішті индикаторлардың негізгі артықшылығы – олардың сәулесінің айқындылығы және күштілігі. Дегенмен, үлкен аумақты қамту үшін диод сандарының көп болуына және көп энергия жұмсалатынына  байланысты соңғы кезде олардың орнын жұмсақ кристалды индикаторлар  (ЖК) басуда. Осыны қолымыздағы электрондық сағаттардан да байқауымызға болады: алғашқы шыққан қол сағаттардың көпшілігі жарқыраған қызыл немесе жасыл-көк индикаторларда жасалса, кейінгілерінің көпшілігі дерлік солғын қара жұмсақ кристалды индикаторлармен жабдықталған. Оның себебі – бұл индикаторлардың сәулелі диодтарға қарағанда энергияны 1000 еседей аз жұмсауы.

Жұмсақ кристалды индикаторлар  (ЖКИ) өндірісте 1972 жылдан бастап шығарыла бастады.

Жұмсақ кристалдар қатарына атомдары мен молекулалары белгілі бір тәртіппен орналасқан заттар жатады. Осындай тәртіп кейбір сұйық заттарға тән екен. Жұмсақ кристалдың жұмыс істеу принципі осындай  сұйық, жұмсақ кристалл молекулаларының сырттан алған әсеріне байланысты  (мысалы, электр өрісінен, температурадан) өз қалпын өзгертуіне негізделген. Осындай материалдардың бірі – ұзынша молекулалардан тұратын нематикалық (nema – латын тілінде жіп деген сөз) кристалл. Алғашында бір-біріне параллель орналасқан ұзынша молекулалар электр өрісінің әсерінен өзінің бастапқы қалпын өзгертіп, түскен жарықты бойына сіңіреді, яғни түсін өзгертеді. Электр өрісі әсер етпеген жерлерден жарық қайта шағылысып, кристалл түсі бұрынғы күйінде қалады. Мұндай құбылысты «динамикалық шашырау» деп атайды.

Екі жұқа әйнектің ортасы  ЖК затпен толтырылып, олардың ішкі беттеріне жұқа электродтар жалатылған. Төменгі электрод біртұтас сәуле шағылыстыратын айнадай болып жасалса, жоғарғы электродтың түрі өзімізге керекті бейне түрін (әріп, сан т.с.с.) қайталап, бөлек-бөлек құрылымдардан тұрады. Олардың қайсысына кернеу түсірілсе, соның астында динамикалық шашырау байқалады. Басқа электродтар тұсына түскен сәулелер төменгі электродтан шағылысып қайта шығады. Әйнек ортасындағы ЖК заттың қалыңдығы өте жұқа (10-15 мкм) болғандықтан, оны басқаратын кернеу шамасы да өте аз (бірнеше вольт) болады.

Қазіргі көп қолданылып жүрген жұмсақ кристалды индикаторлар «твист» эффекті негізінде жұмыс істейді.   

Оның мәні: әсер болмаған кезде кристаллл молекулалары ширатылған (жіп сияқты) күйде болып, ал кернеу әсер еткен кезде қайта жазылып, түскен жарық әсерін өзгертеді. Осы құбылыстың негізінде түрлі-түсті индикаторлар да шығарылып жатыр.

 

4. Сөздерді тұйық етістік формасына қойыңыз, септеңіз, әр етістікпен бір сөйлем құраңыз.

өзгертеді - өзгерту

шығарылып

жұмыс істейді

түскен

әсер еткен

атайды

сырттан алу

басқаратын

орналасқан

болғандықтан

қолданылып

 

5. Сөйлемді себеп мағыналық конструкциялардың бірнеше түріне өзгертіңіз.

5.1 Үлгі: ЖК заттың қалыңдығы өте жұқа болғандықтан, оны басқаратын кернеу шамасы да өте аз болады. ЖК заттың қалыңдығы өте жұқа болған себепті, оны басқаратын кернеу шамасы да өте аз болады. ЖК заттың қалыңдығы өте жұқа болады,  сондықтан оны басқаратын кернеу шамасы да өте аз болады. Оны басқаратын кернеу шамасы да өте аз болады, өйткені ЖК заттың қалыңдығы өте жұқа болады.

5.2 Кристаллл молекулаларына кернеу әсер еткендіктен, қайта жазылып, түскен жарық әсерін өзгертеді.

5.3 Диод сандары көп болғандықтан және көп энергия жұмсалатындықтан,  соңғы кезде олардың орнын жұмсақ кристалды индикаторлар басуда.

5.5 Бұл индикаторлар сәулелі диодтарға қарағанда энергияны 1000 еседей аз жұмсайтындықтан, кейінгі сағаттар солғын қара жұмсақ кристалды индикаторлармен жабдықталған.

 

6. Сөздерді орнына қойыңыз.

6.1 тұсына түскен // сәулелер // төменгі // қайта шығады // электродтар //электродтан //шағылысып

6.2 1972 жылдан // кристалды // өндірісте // жұмсақ // шығарыла бастады // индикаторлар // бастап

6.3 олардың // түсірілсе, // соның // динамикалық // кернеу// шашырау // байқалады // қайсысына // астында

6.4 жазылып, // әсер еткен кезде // қайта /// жарық //әсерін өзгертеді // кернеу// түскен

6.5 орналасқан // қатарына // кристалдар // жатады // тәртіппен // жұмсақ //атомдары // мен // белгілі // бір молекулалары // заттар

6.6 жұмыс істейді  // «твист» эффекті // қазіргі // жүрген // жұмсақ // индикаторлар негізінде//  кристалды //көп қолданылып

 

7. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

7.1 Nema – латын тілінде жіп деген сөзді білдіреді.

7.2 Олардың орнын жұмсақ кристалды индикаторлар  (ЖК) басуда.

7.3 Мұндай құбылысты «динамикалық шашырау» деп атайды.

7.4 Осы құбылыстың негізінде түрлі-түсті индикаторлар да шығарылып жатыр.

7.5 Кейінгілерінің көпшілігі дерлік солғын қара жұмсақ кристалды индикаторлармен жабдықталған.

7.6 Жартылай өткізгішті индикаторлардың негізгі артықшылығы – олардың сәулесінің айқындылығы және күштілігі.

7.7 Жартылай өткізгішті индикаторлардың негізгі артықшылығы – олардың сәулесінің айқындылығы және күштілігі.

 

8. Мәтінді аударыңыз.

Өлеңге лайық шаңсорғыш.

 

Осыдан бір ғасыр бұрын болғанда ақындар  «иесі жоқ көк жәшік» жайлы өлең жазар ма еді, кім білсін. Ал бүгінгі ақындарды жаңа техниканың жетістіктері таңғалдыра қоймайды. Олай дейтініміз, таяуда LG компаниясы шаңсорғыштың жетілген түрін жарыққа шығарды. ROBOKING деген тұрмыстық техниканың соңғы үлгісі өзінің жұмыс процесінде адамның араласуын қажет етпейді деуге болады. Аппарат алдын ала жасалған бағдарлама бойынша және дистанциялық басқару арқылы тазалау жұмыстарын атқарады. Жаңа шаңсорғыш  «негізгі», «тез», «тыныш» тәртіптермен тапсырмаларды орындайды. Пәтер ішінде ROBOKING өздігінен қозғалады және аккумулятордағы зарядты да өзгенің көмегінсіз толтыра алады.

                                                                                        («Зерде» журналынан)

 

9. Сөйлемдердегі бөлінген сөздерге сұрақ қойыңыз.

9.1 Пәтер ішінде ROBOKING өздігінен қозғалады.

9.2 Аппарат  тазалау жұмыстарын дистанциялық басқару арқылы атқарады.

9.3 Жаңа шаңсорғыш  «негізгі», «тез», «тыныш» тәртіптермен тапсырмаларды орындайды.

9.4 LG компаниясы шаңсорғыштың жетілген түрін жарыққа шығарды.

9.5 Ақындар  «иесі жоқ көк жәшік» жайлы өлең жазар еді.

 

 10. Мына сөздердің мағынасы жағынан жақын жұптарын жазыңыз.

Орындау -

Жайлы –

Өзге –

Жарыққа шығару –

Бүгінгі –

Таяуда –

Қажет етпейді –

 

 

Он төртінші сабақ

 

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз:

шама – величина

бағытталу – направляться

дәреже – степень, коэффициент

көбейтінді – произведение

тең – равно

тікелей – непосредственно, непосредственный

сипаттама  - характеристика

кері – обратно

саты – ступень

теңгерілмелік – дифференциальный

өрістік – полярный

сәйкестік – соответствие

үйлестіру – сочетать, сочетание

теңгеру – выравнивать

ауытқу – отклонение, дрейф

жою – ликвидация, ликвидировать

қоректендіру – питание

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Күшейткіштің (операционный усилитель) бірінші каскадтары кернеу шамасын күшейтуге бағытталса; жүктемедегі ток шамасын белгілі бір дәрежеге жеткізуге арналған; бірнеше каскадтардың бірге жұмыс істеуіне байланысты; оның жалпы күшейту дәрежесі 10 – 10
-не дейін жетеді; жалпы күшейту коэффициенті жеке күшейту коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең; өндірісте осындай үлкен күшейтудің пайдаланылмайтынын біле отырып; тікелей күшейту мақсатында; шығыс жолынан алынған сигнал кіріс жолына кері қайта беріледі; құбылыстың пайда болу себептеріне; қоректендіру кернеуінің ауытқуы; кіріс сигналының жоқтығына қарамастан; біріндегі мезгілсіз ауытқуды екіншісіндегімен теңгере отырып жою; өзін-өзі тұрақтандыру негізінде жұмыс істейтін күшейткіш.

 

3. Мәтінді оқыңыз, оны мағыналық бөліктерге бөліп, оларға ат қойыңыз, аударыңыз.

 

 

Интегралдық күшейткіштер

 

Интегралдық күшейткіштің (операционный усилитель) бірінші каскадтары кернеу шамасын күшейтуге бағытталса, қалғандары жүктемедегі ток шамасын белгілі бір дәрежеге жеткізуге арналған. Осындай бірнеше каскадтардың бірге жұмыс істеуіне байланысты оның жалпы күшейту дәрежесі 10 – 10
-не дейін жетеді (жалпы күшейту коэффициенті жеке күшейту коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең). Өндірісте осындай үлкен күшейтудің пайдаланылмайтынын біле отырып, «осынша күшейтуді алудың не қажеттігі бар?» - деген сұрақ туады. Тікелей күшейту мақсатында шынында да керек болмағанымен, үлкен күшейту коэффициенті күшейткіш сипаттамаларының дәлдігін, тұрақтылығын арттырады. Осы мақсатта шығыс жолынан алынған сигнал кіріс жолына кері қайта беріліп, күшейткіште кері байланыс тудырады.

ИК-тердің көпшілігі күшейтудің үш сатысынан тұрады. Бірінші саты бірнеше теңгерілмелік (дифференциалдық) каскадтардан тұрып, биополяр немесе униполяр транзисторлары негізінде жасалады. Өрістік транзисторларды пайдалану күшейткіштің кіріс кедергісін арттырса, теңгерілмелік каскадтарды пайдалану тұрақты ток күшейткіштерінде кездесетін екі түрлі қиындықты шешеді. Бірі – күшейту сатыларындағы кернеу сәйкестігін өзара үйлестіру болса, екіншісі - өзіндік ауытқуды (дрейф) жою.

Өзіндік ауытқу дегеніміз – кіріс сигналының жоқтығына қарамастан, күшейткіштің шығысындағы сигналдың пайда болуы немесе ИК-тің жалған сигнал беруі. Мұндай құбылыстың пайда болу себептеріне қоректендіру кернеуінің ауытқуы немесе температураның өзгеруі, микросұлба бөліктерінің ескіруі т.б. жатады. Теңгерілмелік күшейткіш дегеніміз – екі сигналды өзара теңгеріп, олардың айырымын күшейтетін (сондықтан  оны айырмалық немесе дифференциалдық деп те атайды), оларды өзара салыстыра, біріндегі мезгілсіз ауытқуды екіншісіндегімен теңгере отырып жою, яғни өзін-өзі тұрақтандыру негізінде жұмыс істейтін күшейткіш.

 

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

4.1 Интегралдық күшейткіштің бірінші каскадтары қандай қызмет атқарады?

4.2 Шығыс жолынан алынған сигнал қайда беріледі?

4.3 Өзіндік ауытқу дегеніміз не?

4.4 Ток күшеткіштерінде кездесетін қиындықтар қандай?

4.5 ИК-тің жалған сигнал беру себептеріне не жатады?

4.6 Теңгерілмелік күшейткіш деп нені атайды?

 

5. Мәтіннен мына сөздердің күрделі анықтауышы болатын тірестерді жазып алыңыз.

Шама

Сигнал

Күшейткіш

Қиындық

Каскад

 

6. Мәтінді керекті қосымшалармен толықтыра отырып, оқыңыз, аударыңыз.

 

Телекамералы тоңазатқыш

«Электролюкс» деп аталатын швед фирма..... іші....... телекамерасы бар тоңазытқыш жасап шығарды. Тоңазытқыш  ие.... кез келген компьютер......, тіпті керек десеңіз, ұялы телефонның экраны....... интернет арқылы «салқындатқыш сандығының» ішіндегі тағамдар.... көре алатын болады.

 

 

 

Он бесінші сабақ

 

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз:

жасанды – искусственный

мөлдір – прозрачный

қорап –панель, коробка

иілгіш – гибкий

өлшеуіш – измерительный

тиімді – выгодно, эффективный, эффективный

пісіру – варить, сварка

өшіру – гасить

пайда болған – образовавшийся

шығу тегі – происхождение

тетік – деталь

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Жасанды және синтетикалық талшықты материалдардың  негізгі құрамы ретінде; жасанды смолаларды табиғи полимерлерден химиялық өңдеу жолымен алады; полистиролдың қасиеті әр түрлі заттар алуға мүмкіндік береді; электроизоляциялық қасиеті және төзімділігі жағынан; винопластан алынған заттарды механикалық өңдеуге болады; жоғары полиэтилен де этилен газынан алынады; жоғарғы жиілікті кабельдерді және қорғауыш шлангтерді жасауға тиімді; оргстекло конструкциялық материал ретінде кең қолданылады.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

Смолалар

 

Смола – кең тараған материал. Ол органикалық қосылыстардан тұрады. Үлкен молекулалы зат  - смола лактардың, компаундтардың, пластикалық массалардың, пленкалардың, жасанды және синтетикалық талшықты материалдардың  негізгі құрамы ретінде кең қолданылады. Смола шығу тегі жағынан табиғи, жасанды, синтетикалық болып бөлінеді. Табиғи смолалар жануар организмінде (шеллак) және өсімдіктерде (канифоль, янтарь) кездеседі. Жасанды смолаларды табиғи полимерлерден химиялық өңдеу жолымен алады, ал целлюлоза  энергетикада ең кең тараған, эфирлі целлюлоза элекртоқшаулаудағы ең маңызды синтетикалық смолалар. Электротехникада кең қолданылатын полимеризациялық диэлектриктерге полистирол, полиэтилин, поливинин хлорид және басқалар жатады.

Полистирол – қатты, мөлдір, электроизоляциялық қасиеті өте жоғары материал. Полистиролды (8 Н9-) сұйық зат - стиролдан (С8 Н8) полимеризация реакциясының нәтижесінен алады. Полистиролдың қасиеті әр түрлі заттар: катушканың каркастары, оқшаулағыш панельдері, электрөлшеуіш аспаптарының қораптары т.б. заттарды алуға мүмкіндік береді. Полиэтилен – қатты, ашық сұр түсті, аздаған майлы, мөлдір материал. Электроқшаулағыш қасиеті және төзімділігі жағынан полистирол сияқты жоғары полиэтилен де этилен газынан алынады (Н2С=СН2). Полиэтиленнің полистиролдан айырмашылығы - ол иілгіш, жоғарғы жиілікті кабельдерді және қорғауыш шлангтерді жасауға тиімді. Ең қатты полиэтиленнен иілмейтін электроқшаулағыш заттар жасайды: катушканың каркасы, панельдер тағы басқа.

Поливинилхлорид – қатты зат, газ тәрізді мономер – винилхлоридтің полимеризациясынан алынған ыстыққа сығылып қайнатылған масса. Ұнтақ тәрізді пловинилхлоридтен қатты термопластикалық материал – винопласт, каңылтыр сияқты бет, пластина, түтік стерженьдерді алады. Винопластан алынған заттарды механикалық өңдеуге болады (қайрауға, фрезермен өңдеуге) және олар оңай пісіріледі. Поливинилхлоридтан аккумулятор ыдыстары және әр түрлі электроқшаулағыш тетіктер, соққыға төзімді заттар алынады. Органикалық шыны - термопластикалық қасиеті бар материал. Бұл мөлдір смола әр түрлі түске жеңіл боялады – оргәйнек конструкциялық материал ретінде кең қолданылады. Оның қасиеті – электрлік доғаның салдарынан көп мөлшерде газ бөледі. Газ материалға доға өшіру қасиетін береді, сондықтан органикалық  шыны жоғары кернеулі разрядтағыш ретінде қолданылады. Пайда болған доғаны тез арада өшіру үшін қазіргі кезде электртехникасында әр түрлі синтетикалық смола қолданылады.

 

4. Көп нүктенің орнына төмендегі варианттардың ішінен мағынасы жағынан жақын екі синоним сөзді тауып қойыңыз.

4.1 Смола шығу тегі ........... табиғи, жасанды, синтетикалық ............... бөлінеді.

а) арқылы

ә) жағынан

б) арқасында

в) бойынша

 

а) болып

ә) деп

б) дей

в) екен

4.2 Винопластан алынған заттарды механикалық өңдеуге болады (қайрауға, фрезермен) және олар ......... пісіріледі.

а) оңай

ә) жеңіл

б) қиын

в) күрделі

4.3 Пайда болған доғаны тез арада өшіру ........ қазіргі кезде электротехникада әр түрлі синтетикалық смола қолданылады.

а) арқылы

б) бола

в) үшін

б) мақсатында

4.4 Оның қасиеті – электрлік доғаның ............. көп мөлшерде газ бөлетіндігінде.

а) әсерінен

ә) салдарында

б) салдарынан

в) салдарымен

4.5 Поливинилхлоридтан аккумулятор ыдыстары және әр түрлі электроизоляциялық детальдар, соққыға ............ заттар алынады.

а) төзгіш

ә) төзімсіз

б) төзімді

в) төзетін

 

5. Сөздерді керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, аударыңыз.

дейін

астарына

талшықтарын

шығара

болса

екен

жарамақ

бастады

шаруашылығы

Қауырсыннан қағаз

 

АҚШ ауыл ________________ министрлігінің мамандары құстардың қауырсынына жаңа қызмет іздей ________ . Себебі – жасанды заттардың тым көбейіп кетуінен АҚШ-та жылына екі миллион тоннаға _____ құс қауырсындары қоқысқа шығады екен. Енді мамандар күрке тауық  қауырсынының _________ нейлон талшықтарымен араластырып жаңа мата ________ бастады. Ол матаны ұйықтау қапшықтары мен сыртқы киімдердің _________ пайдалануға болады. Сондай-ақ, тазаланып, ультрадыбыспен өңделген қауырсындар су тазартқыш сүзгі ретінде де кәдеге ________ . Қауырсын талшықтарынан қағаз, қаптағыш пленка жасау әрекеттері де жоқ емес. Салыстырмалы түрде, қоқыстағы полиэтилен 200 жылда толығымен жойылатын ______ , қауырсыннан жасалған пленка 10-12 күннің ішінде ыдырап кетеді _____ .

                                                                                   («Зерде» журналынан)

 

Он алтыншы сабақ

 

қабілет – способность

салдар – следствие, последствие

ыдырау - распадаться

туынды – производный

тілік – пластина

қайтымды – обратимый

қышқылдық – кислотный

сілтілік – щелочный

кеуекті - пористый

қорғасын – свинец

қысқыш – зажим

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Химиялық процестер нәтижесінде; белгілі бір уақыт  аралығында; жинайтын және сақтай алатын қабілеті бар аспап; гальваникалық элементтердің аккумуляторлардан айырмашылығы; қайтадан ыдыратылып алғашқы күйіне келтіріле алмайды; туынды немесе қайтымды элементтер деп атайды; электролитке батырылған екі қорғасын тіліктерінен тұрады; оң электродтың қорғасыны тотығады; химиялық энергия белгілі мерзім ішінде сақтала алады; аккумуляторды ток көзінен ажыратып оны қандай да болмасын энергия тұтынушыға қосса.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

Аккумулятор

 

Аккумулятор деп химиялық процестер нәтижесінде электр энергиясын белгілі бір уақыт  аралығында жинайтын және сақтап тұра алатын қабілеті бар аспапты атайды.

Аккумуляторларда да, гальваникалық элементтердегі сияқты, электр тогы химиялық процестердің салдарынан болады. Бірақ гальваникалық элементтердің аккумуляторлардан айырмашылығы ондағы алынған химиялық қосылыстар сырттан берілген токтың салдарынан қайтадан ыдыратылып, алғашқы күйіне келтіріле алмайды. Сондықтан гальваникалық элементтерді бастапқы, ал аккумуляторларды - туынды немесе қайтымды элементтер деп атайды.

Электролит құрамы мен тіліктері материалдарына байланысты аккумуляторлар қышқылдық және сілтілік аккумуляторлар деп бөлінеді.

Қарапайым қышқылдық аккумулятор электролитке батырылған екі қорғасын тіліктерінен (электродтардан) тұрады. Электролит - аздап күкірт қышқылы қосылған су. Басқа көзден берілетін тұрақты ток электролит арқылы өтіп, оны құрамдық бөліктерге ыдыратады. Электролит ішінде ток көзінің теріс қысқышына қосылған тілігіне қарай сутегінің оң иондарының қозғалысы, ал ток көзінің оң қысқышына қосылған тілікке қарай оттегінің теріс иондарының қозғалысы пайда болады. Электролиз нәтижесінде оң электродтың қорғасыны тотығады да, теріс электродта кеуекті қорғасын пайда болады. Осылайша электр энергиясы химиялық энергияға түрленеді де, аккумулятор зарядталады. Химиялық энергия белгілі мерзім бойы сақтала алады және керек кезінде электр энергиясына оңай айналады.

Егер аккумуляторды ток көзінен ажыратып оны қандай да болмасын энергия тұтынушыға қосса, онда аккумулятордың өзі гальваникалық элементтерге ұқсап ток көзіне айналады.

Қышқылдық аккумуляторларда электролит ретінде белгілі тығыздығы бар күкірт қышқылы ерітіндісі қолданылады. Ерітінді тығыздығы деп қаралып отырған ерітінді массасының осындай көлемдегі су массасынан қанша есе көп екендігін көрсететін санды айтады.

 

4. Бөлінген сөздерге сұрақ қойыңыз.

4.1 Ерітінді тығыздығы деп қаралып отырған ерітінді массасының осындай көлемдегі су массасынан қанша есе көп екендігін көрсететін санды айтады.

4.2 Аккумуляторларда электр тогы химиялық процестердің салдарынан болады.

4.3 Гальваникалық элементтерді бастапқы, ал аккумуляторларды - туынды немесе қайтымды элементтер деп атайды.

4.4 Қышқылдық аккумуляторларда электролит ретінде белгілі тығыздығы бар күкірт қышқылы ерітіндісі қолданылады?

4.5 Электролит құрамы мен тіліктері материалдарына байланысты аккумуляторлар қышқылдық және сілтілік аккумуляторлар деп бөлінеді.

4.6 Электролит - аздап күкірт қышқылы қосылған су.

4.7 Электролит ішінде сутегінің оң иондарының қозғалысы, оттегінің теріс иондарының қозғалысы пайда болады.

 

5. Анықтаманың бірнеше түрін беріңіз.

5.1 Үлгі: Аккумулятор деп электр энергиясын белгілі бір уақыт  аралығында жинайтын және сақтап тұра алатын қабілеті бар аспапты атайды. Аккумулятор деп электр энергиясын белгілі бір уақыт аралығында жинайтын және сақтап тұра алатын аспап аталады. Аккумулятор дегеніміз - электр энергиясын белгілі бір уақыт аралығында жинайтын және сақтап тұра алатын аспап.

5.2 Ерітінді тығыздығы деп ерітінді массасының осындай көлемдегі су массасынан қанша есе көп екендігін көрсететін санды айтады.

5.3 Сырттан берілген токтың салдарынан қайтадан ыдыратылып алғашқы күйіне келе алмайтын элементтерді гальваникалық элементтер деп атайды.

5.4 Электролит - аздап күкірт қышқылы қосылған су.

 

6. Үзінділерді қазақ тіліне аударыңыз.

6.1 Если в магнитном поле постоянного магнита или электромагнита поместить проводник и под действием какой-либо силы перемещеть его, то в нем возникает ЭДС. При подключении этого проводника к какому-либо приемнику энергии в замкнутой цепи под воздействием ЭДС будет протекать ток.

6.2 Если черезпроводник пропустить ток, то в результате взаимодействия тока, проходящего в проводнике, с магнитнм полем создается электромагнитная сила. Под воздействием этой силы проводник начнет перемещаться  в магнитном поле.

6.3 Асинхронные электрические машины. Наиболее широкое распространение получил трехфазный асинхронный двигатель, впервые  сконструированный известным русским электриком М. О. Доливо – Добровольским (1862-1919).

 

7. Мәтінді аударыңыз.

Сұйық май сүзгісіз тазаланады

 

«Изопьюр Флюид Технолоджиз» деп аталатын американдық бір фирма автомобиль қозғалтқыштарындағы жұмыс істеп болған майды тазартудың жаңа әдісін ұсынды. Ұсыныс бойынша тазаратын май теңдей екіге бөлінеді. Сонан соң оның бір бөлігі оң зарядталған пластина үстімен, екінші бөлігі теріс зарядталған электрод бетінен өткізіледі. Осы кезде маймен бірге оның құрамындағы бөгде заттар – ластар да екі түрлі зарядталады. Содан соң майларды қайтадан біріктіреді. Нәтижесінде әр түрлі зарядталған бөлшектер бір-бірімен тартылысып, ірі-ірі түйіршіктерге айналады. Ал майды ондай түйіршіктерден тазалау аса қиын шаруа емес.

Жаңа әдістің ұтымдылығы сол, ол 0,1 микроннан кіші бөлшектерді де жинақтай алады. Ондайды ең кіші деген сүзгілердің өзі де қамтамасыз ете алмайды.

                                                                                   («Зерде» журналынан)

 

8. Сұрақтарға жауап беріңіз.

8.1 Американдық фирма қандай әдіс ұсынды?

8.2 Әдіс қандай принципке негізделген?

8.3 Жаңа әдістің ұтымдылығы неде?

 

Он жетінші сабақ

1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз:

шөгу – оседать

мыс – медь

мырыш – цинк

көпіршік – пузырьки

күкірт қышқылы – серная кислота

батыру – погрузить

теріс – отрицательный

айырым – разница

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Гальваникалық элементердің жұмыс істеуі кезінде; электролиттен бөлініп шыққан заттардың  иондары қозғалысқа түседі; суда ерітілген күкірт қышқылы; мыстың және мырыштың жалпақ тіліктері батырылады; элемент тізбегін өткізгішпен тұйықтағанда; ток әсерімен элементтің ішінде; қышқыл қалдығының теріс иондары қарама-қарсы бағытта қозғалады; сутектің оң иондары мыс тіліктерімен жанасып;  сутектің мыс тілікшесінде бөлінуі; поляризация ЭҚҚ тудырады; оң полюсында жиналуына кедергі жасауға арналған; элементте поляризацияның соншалықты әсерлі болуына байланысты.

 

1.      Мәтінді аударыңыз.

Гальваникалық элементтер

 

Гальваникалық элементердің жұмыс істеуі кезінде электролиттен бөлініп шыққан заттардың  иондары қозғалысқа түседі де элементтің электродтарына шөгеді.

Қарапайым гальваникалық элементке мыс-мырышты элемент жатады. Суда ерітілген күкірт қышқылы толтырылған шыны ыдысқа мыстың және мырыштың жалпақ тіліктері батырылады. Олар элементтің оң және теріс полюстері болып табылады. Элемент тізбегін өткізгішпен тұйықтағанда элементтің ішінде теріс мырыш тіліктен мыс оң тілікке, ал сыртқы тізбекте мыс тіліктен мырыш тілікке қарай ток жүреді. Ток әсерімен элементтің ішінде сутегінің оң иондары ток бағытымен, ал қышқыл қалдығының теріс иондары қарама-қарсы бағытта қозғалады. Сутегінің оң иондары мыс тіліктерімен жанасып оған өз зарядтарын береді, ал сутегі газдың көпіршігі түрінде оның бетіне жиналады. Сонымен бірге күкірт қышқылы қалдығының теріс иондары өз зарядтарын мырыш тілікшесіне береді. Осылайша элемент тілікшелері үздіксіз зарядталып, оның қысқыштарында потенциал айырымын (кернеу) ұстап отырады.

Сутегінің мыс тілікшесінде бөлінуі оның жұмыс әсерін бәсендетеді, өйткені ол элементті поляризациялауға алып келеді.

Поляризация құбылысында оң электродқа жиналған сутегі электрод металымен бірге қосымша потенциал айырымын – поляризация ЭҚҚ тудырады және ол элементтің электр қозғаушы күшіне қарама-қарсы бағытта болады. Оның үстіне мыс тілшесінің бір бөлігін жабатын сутегі көпіршіктері оның процеске әсер ететін бетін азайтады. Ол элементтің ішкі кедергісінің  өсуіне алып келеді.

Қаралып отырған элементте поляризацияның соншалықты әсерлі болуына байланысты элементті практикалық іске қолдануға жарамсыз етеді. Поляризация құбылысынан құтылу үшін элемент құрамына деполяризатор деп аталатын сіңіргіш енгізеді. Ол сутегін бойына сіңіруге және элементтің оң полюсында жиналуына кедергі жасауға арналған. Деполяризатор қызметін оттекке немесе хлорға бай химиялық препараттар атқара алады.

 

4. Бос орынға қажетті сөздерді қойыңыз: өсуіне, үшін, полюстері, ЭҚК, мыс-мырышты, тіліктері, деп, бәсеңдетеді.

4.1 Қарапайым гальваникалық элементке ................. элемент жатады.

4.2 Суда ерітілген күкірт қышқылы толтырылған шыны ыдысқа мыстың және мырыштың ............................ батырылады.

4.3 Олар элементтің оң және теріс ................ болып табылады.

4.4 Оң электродқа жиналған сутегі электрод металымен бірге қосымша потенциал айырымын – поляризация .................тудырады.

4.5 Сутектің мыс тілікшесінде бөлінуі оның жұмыс әсерін ..........................., өйткені ол элементті поляризациялауға алып келеді.

4.6 Ол элементтің ішкі кедергісінің  .................... алып келеді.

4.7 Поляризация құбылысынан құтылу ...... элемент құрамына деполяризатор ........ аталатын сіңіргіш енгізеді.

5. Мәтіндегі сөздермен сөз таптарының қатарын толықтырыңыз.

Зат есім                          Сын есім                         Етістік

мыс                                 оң                                      енгізу

сутегі                              ішкі                                  арналу

 

6. Үзіндіні аударыңыз.

Отличаясь простотой конструкции и обслуживания, асинхронный двигатель, как и любая электрическая машина переменного тока, состоит из двух основных частей: статора и ротора. Статором называется неподвижная часть машины, ротором  -  ее вращающаяся часть.

Действие трехфазного асинхронного двигателя основано на использовании явления вращающегося магнитного поля, это поле создается при питании трех обмоток, оси которых сдвинуты одна относительно другой на угол 120°. Эти обмотки расположены на неподвижной части машины – статоре. Их соединяют в звезду или треугольник, подключая к сети трехфазного переменного тока.

 

7. Сөздерді керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, аударыңыз.

бағытын

уақытын

жабдықталған

үшін

айырмашылығы

арналған

 

 

 

Мұсылмандарға арналған телефон

 

Малайзияда мұсылмандарға ________ ұялы телефон шығарыла бастады. Бұл байланыс құралының өзі тектес басқа аппараттардан ____________ сол, оның дисплейі қай кезде де және қай жерде де Меккенің ________ нұсқап тұратын көрсеткішпен ____________ . Телефон иесі солтүстікке жүзін қаратып, өзі келген қаласының атын аппаратына енгізсе болғаны, телефонның экранында қасиетті қаланың қай жақта екенін көрсететін сызық пайда болады. Намаз оқушылар ________ бұл нағыз таптырмас құрал. Ал Малайзиялық тағы бір байланыс компаниясы аппараттарына кішігірім төлем үшін күніне 5 рет болатын намаз _______ ескертіп тұратын қызмет түрін де ұсынуда.

                                                                                 («Зерде» журналынан)

8. Сұрақтарға жауап беріңіз.

8.1 Малайзияда қандай ұялы телефон шығарыла бастады?

8.2 Бұл телефонның басқа телефондардан айырмашылығы қандай?

8.3 Бұл телефон мұсылмандарға қандай қызмет көрсетеді?

8.4 Мұсылмандарға намаз оқуда бұл құралдың қандай көмегі бар?

8.5 Малайзиялық байланыс кәсіпорындары тағы қандай қызмет түрлерін ұсынуда?

 

 

 

 

 

Он сегізінші сабақ

 

енім - доступ

ақырғы – оконечный

үйлестіру – координировать

мыс жұбы - медная пара

тарату – передача

қаттама – пакет

тез жылдамдықты  - скоростной

бөлгіш – разделитель

толықэкранды – полноэкранный

желі ішілік – внутрисетевой

бейнеконференция – видеоконференция

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Кеңейтілген деңгейдің енімі; кәдімгі телефон желісінде пайдаланылатын мыс жұбы; пайдаланушының ақырғы құрылғысына; мыс жұбы негізінде құрылған байланыс желісі арқылы; мыс жұбы негізінде құрылған байланыс желісі (U–интерфейс) арқылы; цифрлық синхронды мәлімет беру арнасы жасалынады; толықэкранды бейнеконференция өткізу; тез жылдамдықты магистральдық цифрлық арна пайдаланылады; мәліметтер қаттамасы түріндегі; АҚШ стандарты болып табылатын ИКМ-нің 24 арнасы арқылы;  әуелі ИКМ-нің бірінші арнасынан мәліметтердің 8 биті.

 

 

1. Мәтінді аударыңыз.

 

ISDN желісіне енімнің ұйымдастырылуы

 

ISDN қызметіне енімнің екі деңгейі бар:

- Негізгі деңгейдің енімі (ISDN BRI);

- Кеңейтілген деңгейдің енімі (ISDN PRI).

ISDN BRI, кәдімгі телефон желісінде пайдаланылатын мыс жұбы негізінде құрылған байланыс желісі (U–интерфейс) арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, пайдаланушының ақырғы құрылғысына дейін өткізу қабілеттілігі 144 КБит/с-ке тең цифрлық синхронды мәлімет беру арнасы жасалынады. Берілген жылдамдық үш арнаны мультиплекстеуден: тарату жылдамдығы 64 Кбит/с-тік екі В-арнасынан (Bearer channels) және 16 Кбит/с-тік  D-арнасынан (Delta channel) құрылады. Арнайы  протоколдар мен интерфейстердің көмегімен тарату жылдамдығын 384 Кбит/с –қа дейін арттыруға болады.  Мұның өзі теледидарлық сапасы бар толықэкранды бейнеконференция өткізуге мүмкіндік береді.

В-арналары арқылы пайдаланушының ақпараты беріледі. Ақпараттар: дауыстық байланыс, бейне немесе мәліметтер болуы мүмкін. D-арнасы ISDN желісіне қосылған пайдаланушылардың ақырғы құрылғыларының жұмысын үйлестіретін қызметтік сипаттағы ақпаратты береді. Сондай-ақ D-арнасымен мәліметтер қаттамасы түріндегі пайдаланушылық ақпаратты беруге болады.

Сондай-ақ ISDN-ті құруда импульсті-кодалық модуляция техникасына негізделген тез жылдамдықты магистральдық цифрлық арна пайдаланылады.

Т1 арнасымен өткізгіш жұбы арқылы 1,544 Мбит/с жылдамдықпен цифрлық сигналдар таратылады. Бұл сан келесі түрде алынады. Т1 арнасы АҚШ стандарты болып табылатын ИКМ-нің 24 арнасы арқылы мәліметтер беруді қамтамасыз етеді. Сигнал мынадай тәртіппен мультиплексияланады: әуелі ИКМ-нің бірінші арнасынан мәліметтердің 8 биті, сосын екінші арнадан 8 бит т.с.с. беріледі. 24-арнадан кейін кадрдың бір бит-бөлгіші қосылады. Сонда кадрдың ұзындығы 24*8+1=193 бит болады. Осындай кадрлардың  секундына 8000-ы беріледі және жалпы жылдамдығы 153*8000 = 1540000 бит/с болып шығады.

Еуропа мен Ресейде құрамына 30-ы пайдаланушылар мәліметтері үшін және 2-уі қызметтік сипаттағы ақпаратты беру үшін ИКМ-нің 32 арнасы (жалпы жалдамдығы – 2,048 Мбит/с) кіретін басқа Е1 стандарты қабылданған. Демек, магистральда бір мезгілде әрқайсысының өткізу қабілеттілігі 64 кбит/с-тық 30 телефон арнасы жұмыс істейді.  Осыған байланысты PRI кеңейтілген деңгейі енімінің құрамына 32 арна кіреді: оның 30-ы жылдамдығы 64 Кбит/с-тік  негізгі енім трактының В-арнасына эквивалентті, бір арна синхрондауды жүзеге асырады, ал қалған D-арнасы (64 Кбит/с) ақпараттық В арналарының желі ішілік өзара әрекеттесуін жүзеге асырады.

 

 

4. Сәйкес қосымшаны белгілеңіз.

Жылдамдық.....тан/пен/та таратылады; синхрондау.... ды/да/дың жүзеге асырады, енімнің құрам.......ға/ына/нан 32 арна кіреді: Е1 стандарт....ы/ын/ының қабылданған;  арна....ны/н/ның мультиплекстейді;  мәліметтер беру...ді/де/ден қамтамасыз етеді; арттыру...да/ға/дан болады.

 

5. Сұрақтарына қарап, бос орынға қажетті қосымшаны қойыңыз.

Пайдаланушылардың ақырғы құрылғылары..... (ненің) жұмысы; қызметтік сипат........ (қандай) ақпаратты беру үшін; екі В-арнасы...... (неден) (Bearer channels) және 16 Кбит/с-тік  D-арнасынан (Delta channel) құрылады; кадр....... (ненің) ұзындығы 24*8+1=193 бит болады; бір мезгілде (қашан) 30 телефон арнасы жұмыс істейді; мәліметтер беру....(нені) қамтамасыз етеді; өзара әрекеттесу....(нені) жүзеге асырады; Е1 стандарт.... (не) қабылданған; негізгі енім трактының В-арна......(неге) эквивалентті; сигнал мынадай тәртіп.......(немен) мультиплексияланады.

 

6. Үзіндіні аударыңыз.

Вращающееся магнитное поле статора, пересекая проводники обмотки ротора, индуцирует в них эдс. Если обмотка ротора подключена к какому-либо сопротивлению (в том числе и очень малому), то по ней под действием индуцируемой эдс протекает ток. В результате взаимодействия тока в обмотке ротора с вращающимся магнитным полем обмотки статора создается вращающий момент,  под действием которого ротор начинает вращаться.

Частота вращения ротора, равная частоте вращения магнитного поля, называется синхронной.

Частота вращения ротора, не равная частоте вращения магнитного поля, называется асинхронной.

Асинхронные электрические машины отличаются от синхронных тем, что рабочий процесс в них может протекать только при асинхронной частоте, т.е. при частоте вращения ротора, не равной частоте вращения магнитного поля.

 

7. Мәтінді керекті қосымшалармен толықтыра отырып, оқыңыз, аударыңыз.

 

Роботтар құқықпен қамтылмақ

 

Роботтар...  қатысты қатыгездік..... болдырмайтын американдық қоғам (ASPCR) «Роботтар да адам! Болмаса олар да бір кез.... адам болады» деген ұран.... алға тартады. ASPCR-лықтардың пікірінше, кез-келген саналы жаратылыс, соның ішінде, жасанды дүниелер де өмір сүруге, тәуелсіздік..... және білімін жетілдіруге құқылы. Бұл орайда жасанды роботтардың гуманоид тәрізді болуы ешқандай шартты емес. Қоғам.... әзірге көздеп отырған мақсат.... - жұртшылықты алдағы уақытта кәдімгідей ойланып, толғана алатын роботтар жасалған кез...... кездесетін мәселелер....... хабардар ету.

Әрине, қазіргі заман..... ASPCR-дің жұмысы маңызды мәселе.... гөрі күлкілі әрекетті елестетуі әбден мүмкін. Сөйте тұра, оның ар жағында күрделі нәрсе бой көрсететіндей. Өйткені, 1890 жылдары басқа бір американдық компания «Жануарлар...... қатысты қатыгездікті болдырмау қоғам.....» құрған кезде күлкі..... қалған болатын. Ал бүгінде аталған компания – халықаралық деңгей...... мойындалған, көптеген елдер.... бөлімше...... ашқан, жылына бірнеше ондаған миллион долларлық айналымы бар ұйым.

                                                                                         («Зерде» журналынан)

 

8. Американдық қоғам роботтарға қандай құқық беру керек дейді? Осыған қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.

 

Он тоғызыншы сабақ

 

1. Сөздерді есте сақтаңыз.

өзекше – стержень

бөлшек – часть, частица

магниттелген – намагниченный

үгінді – стружка

кезең – момент

тартылу – притяжение, притягиваться

бағдар – направление

ұш(ы) - конец

қарама- қарсы – встречно

мыс - медь

қорғасын – свинец

күміс – серебро

мырыш – цинк

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Электр зарядтары қозғалысының ерекше көрінісі; металдардың бөлшектерін өзіне тартып ұстап тұра алатын қасиеті бар; компастың тілі магнит болып табылатындықтан; жердің магнит өрісінде бір ұшы солтүстік бағдарды көрсетіп орналасады; магниттелген өзекшені темір үгінділерінің ішіне салып; магниттелген өзекшені әрі қарай кішкене бөлшектерге бөле берсек; бұл өріс материалдық орта болып табылады; магниттің солтүстік және оңтүстік полюстары бір-бірінен ешқашан бөлінбейді; электрондардың әсерінен қозатын магниттік өрістер де әр түрлі орналасады; атомдарының магниттік кезеңі болмайтын және оларды магниттеу мүмкін емес материалдар.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

Магниттер және олардың қасиеттері

 

Магнетизм – кейбір денелердің темір, никель және тағы басқа металдардың бөлшектерін өзіне тартып ұстап тұра алатын қасиеті бар, атомдар мен молекулалар ішіндегі электр зарядтары қозғалысының ерекше көрінісі. Бұлар магниттік денелер деп аталады.

Компастың тілі магнит болып табылатындықтан, жердің магнит өрісінде бір ұшы солтүстік бағдарды көрсетіп орналасады да солтүстік полюс (N) деп аталады, ал қарама-қарсы бағытталған ұшы оңтүстік полюс (S) деп аталады. Мақсаттарына сәйкес магниттерге әр түрлі форма беріледі: тікбұрышты, ромб, дөңгелек және т.б. Қандай формалы болмасын магниттің солтүстік және оңтүстік екі полюсы болады.

Егер магниттелген өзекшені темір үгінділерінің ішіне салып, сосын суырып алсақ, үгінділер магниттің екі жағына тартылады, ал бейтарап сызық деп аталатын бөлігінде үгінді болмайды. Егер магниттелген өзекшені екі бөлсек, оның екі жағында әр аттас полюстары бар екі магнит пайда болады.  Магниттелген өзекшені әрі қарай кішкене бөлшектерге бөле берсек, екі жағында солтүстік жән оңтүстік полюстары бар жеке магниттер пайда бола береді. Міне, сондықтан да тек бір полюсы бар (N немесе S) магнит жасау мүмкін емес. Кез келген магниттелген дененің айналасында магнит өрісі пайда болады, бұл өріс материалдық орта болып табылады, онда магниттік күштердің әсері байқалады.

Қандай да болмасын магнит сызығының басы да, аяғы да болмайды және өзі тұйықталған қисық сызық түрінде болады, себебі магниттің солтүстік және оңтүстік полюстері бір-бірінен ешқашан бөлінбейді.

Магниттелген денелерде магнит өрісі электрондардың атом ядросының және өзінің жеке осінің айналасында айналып жүруінен пайда болады. Атомдардағы электрондардың орбиталары мен айналыс осьтері әр түрлі орналасуы мүмкін. Сол себептен де қозғалыстағы электрондардың әсерінен қозатын магниттік өрістер де әр түрлі орналасады. Магниттік өрістердің өзара орналасуына байланысты олар бір-бірімен қосылуы немесе бір-бірінен алынуы мүмкін. Бірінші жағдайда атомның магнит өрісі немесе магниттік кезеңі болады, ал екіншісінде олар болмайды. Атомдарының магниттік кезеңі болмайтын және оларды магниттеу мүмкін емес материалдарды (заттарды) диамагниттік деп атайды. Бұларға табиғатта кездесетін заттардың көпшілігі және кейбір материалдар (мыс, қорғасын, күміс, мырыш т.б.) жатады.

 

4. Сұрақтың орнына қажетті сөзді қойыңыз.

4.1 ............................... электрондардың әсерінен қозатын магниттік өрістер де әр түрлі орналасады.

а) қозғалыстағы

ә) қозғалыстан

б) қозғалыста

в) қозғалысқа

4.2 Атомдардағы электрондардың орбиталары мен айналыс осьтері әр түрлі орналасуы ................. .

а) шығар

ә) мүмкін

б) сияқты

в) тәрізді

4.3 Бірінші жағдайда атомның магнит ............ немесе магниттік кезеңі болады, ал екіншісінде олар болмайды.

а) өрісі

ә) өрісің

б) өрісім

в) өріс

4.4 Атомдарының магниттік кезеңі ................ және оларды магниттеу мүмкін емес материалдарды (заттарды) диамагниттік деп атайды.

а) болмайтын

ә) болмай

б) болмаған

в) болмас

4.5 Бұларға табиғатта ............... заттардың көпшілігі және кейбір материалдар (мыс, қорғасын, күміс, мырыш т.б.) ............ .

а) кездесіп

ә) кездесе

б) кездесетін

в) кездескен

 

а) жатар

ә) жатады

б) жатпақ

в) жатты

 

5. Сөйлемдерді себеп мағыналы  сөйлемнің бірнеше түріне  өзгертіңіз.

5.1 Үлгі: Магнит сызығының басы да, аяғы да болмайды, себебі магниттің солтүстік және оңтүстік полюстары бір-бірінен ешқашан бөлінбейді.

Магниттің солтүстік және оңтүстік полюстары бір-бірінен ешқашан бөлінбейтіндіктен, магнит сызығының басы да, аяғы да болмайды.

Магниттің солтүстік және оңтүстік полюстары бір-бірінен ешқашан бөлінбейтін себепті магнит сызығының басы да, аяғы да болмайды.

Магниттің солтүстік және оңтүстік полюстары бір-бірінен ешқашан бөлінбейді, сондықтан  магнит сызығының басы да, аяғы да болмайды.

5.2 Магниттік өрістердің өзара орналасуына байланысты олар бір-бірімен қосылуы немесе бір-бірінен алынуы мүмкін.

5.3 Компастың тілі магнит болып табылатындықтан, жердің магнит өрісінде бір ұшы солтүстік бағдарды көрсетіп орналасады.

5.4 Статор тогының активтік құраушысы реактивтік құраушысынан кіші болады, сондықтан токтың активтік құраушысының І1 тогына әсері аз болады.

5.5 Болаттың қанығуының арқасында кернеуінің өсуі оның кеміне қарағанда төмендеу болады, өйткені болаттың қанығу дәрежесі төмен болған сайын якорь реакциясының магнитсіздендіру әрекеті күштірек болады.

 

6. Сөздерден тұйық етістік жасаңыз.

Аз- азаю

Көп

Жақсы

Сирек

Жиі

Кем

Артық

Күш

Кең

 

7. Үзіндіні аударыңыз.

Трансформатором называется электромагнитный аппарат, который преобразует переменный ток одного напряжения в переменный ток другого напряжения.

Трансформаторы широко применяют в системах передачи электрической энергии от электростанций к производственным предприятиям, городам и сёлам. Они позволяют значительно повысить напряжение (до500-800кВ) источников переменного тока, установленных на электрических станциях. Благодаря этому уменьшаются потери энергии в проводах и обеспечивается значительное уменьшение площади сечения проводов линий электропередач. В местах потребления электроэнергии напряжение высоковольтных линий электропередач понижается при помощи трансформаторов до 380, 220 и 127 В. При этих напряжениях работают потребители электрической энергии, установленные на фабриках, заводах и в жилых домах. Таким образом, электрическая энергия при передаче ее от места производства к месту потребления преобразуется несколько раз.

 

8. Сұрақтарға жауап беріңіз.

8.1 Трансформатор деген не?

8.2 Трансформатор қайда кең қолданылады?

8.3 Трансформатор қандай қызмет атқарады?

 

9. Мәтінді керекті сөздермен толықтырып, оқыңыз, аударыңыз.

алды

ілінеді

бойда

азайтуға

негізінде

болатын

үстінде

жатқанда

Қанатты парашюттер

 

Әуе кемесін жасаушылар туындыларын парашютпен жабдықтау мәселесіне бас қатырып _______Альбан Гайслер деген немістің өнертапқышы парашютистер үшін қанат жасауды қолға ______. Көміртекті талшық ______ жасалған дельта тәріздес қанат парашютистің арқасына ________ . Осындай амалмен еркін түсуді үш есеге дейін ______ болады екен. Біраз жаттығу-машықтану жұмыстарынан кейін онымен әуе кеңестігінде маневр жасауға да _________ көрінеді. Жерге жақындаған ______ спортшы парашютін ашады. Жасалым жетілдірілу ________ .

                                                                                    («Зерде» журналынан)

 

 

Жиырмасыншы сабақ

 

1. Сөздерді есте сақтаңыз:

кері түрлендіру – обратное преобразование

кілт – ключ

мән – значение

үдей өсу – ускоренный рост

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Компьютерлік техникалар өрісінің кеңеюіне байланысты; мәліметтерді цифрлық өңдеуге көп көңіл бөлініп отыр; оларды кері түрлендіру цифрлық-аналогтық құрылғылардың міндеті; әрбір келесі кедергі алдыңғысынан екі есе артық; кернеудің ең үлкен шамасы R1 кедергісіне сәйкес келеді; шамалары екі еселеніп, үдей өсіп отыратын кедергілер тобы қосылған; шығыс кернеуінің шамасын былай табуға болады; кез келген масштабта жұмыс істеуге болады; аналогтық сигналды  (кернеу, ток, температура т.с.с) цифрлыққа айналдыру аналогтық-цифрлық құрылғылармен қамтамасыз етілсе; жүктемесінен ағатын ток та, оған түсетін кернеу де Rж-нің өзіне тәуелсіз болады.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

 

Цифрлық-аналогтық түрлендіргіш

 

Соңғы кездерде компьютерлік техникалар өрісінің кеңеюіне байланысты мәліметтерді цифрлық өңдеуге көп көңіл бөлініп отыр. Күнделікті кездесетін аналогтық сигналды  (кернеу, ток, температура т.с.с) цифрлыққа айналдыру аналогтық-цифрлық құрылғылармен қамтамасыз етілсе, ал оларды кері түрлендіру цифрлық-аналогтық құрылғылардың міндеті.

Ток көзіне арнайы кілттердің көмегімен шамалары екі еселеніп, үдей өсіп отыратын кедергілер тобы қосылады. Әрбір келесі кедергі алдыңғысынан екі есе артық. Олардың жұмыс атқару режимі R>>Rж теңсіздігінде жүргізіледі. Бұл жағдайда  Rж жүктемесінен ағатын ток та, оған түсетін кернеу де Rж-нің өзіне тәуелсіз болып, Q1 - Q4  кілттерімен басқарылатын R-8R кедергілерінен ағатын токка тікелей байланысты болады.

Әрине, егер R1=R,  R2=2R, R3=4R, R4=8R болған жағдайда кернеудің ең үлкен шамасы R1 кедергісіне сәйкес келеді де (өйткені ең үлкен ток ағады), Q4 кілті цифрлық шаманың ең үлкен разряды болып табылады.

Жалпы жүктемедегі шығыс кернеуінің шамасын былай табуға болады:

U =е (1· Q1+2· Q2 4· Q3+8· Q4).

Мұндағы е – ең төменгі разряд салмағы (сол разрядқа сәйкес келетін шама).

 

4. Сөз тіркестерінің сәйкес жұбын белгілеңіз.

цифрлық                                кеңеюі

көңіл                                       етіледі

табуға                                     еселенеді

ток                                           өңдеу

екі                                           түрленеді

кері                                         болады

қамтамасыз                          бөлініп отыр

өрістің                                    ағады

 

5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

5. 1 Соңғы кезде қандай мәселеге көңіл бөлініп отыр?

5.2 Аналогтық сигналды  (кернеу, ток, температура т.с.с) цифрлыққа айналдыру қандай құрылғылар көмегімен  жүзеге асырылады?

5.3 Кері түрлендіруді қандай құрылғы іске асырады?

5.4 Ток көзіне қандай құрылғылар қосылады?

5.5 Әрбір келесі кедергі алдыңғысынан қанша артық болады?

5.6 Rж жүктемесінен ағатын ток және оған түсетін кернеу неге тәуелді?

5.7 Цифрлық шаманың ең үлкен разряды қандай?

 

 6. Жақшаның ішіндегі етістікке  –атын, -етін, -йтын, -йтін және –ған, -ген, -қан, -кен қосымшаларын жалғап, қандай сұрағына жауап беретін тіркестер жасаңыз.

Үдей өсіп (отыр) кедергілер тобы – үдей өсіп отыратын кедергілер тобы – үдей өсіп отырған кедергілер тобы

Күнделікті (кездес) аналогтық сигнал -

Rж жүктемесінен (ақ) ток –

Q1 - Q4  кілттерімен (басқарыл) R-8R кедергілері –

Оған (түс) кернеу де Rж-нің өзіне тәуелсіз болады –

 

7. Мәтінді аударыңыз.

Теледидар семіртеді

 

Колумбия университетінің ғалымдары бөлмелерінде теледидар тұрған балалардың көпшілігінің артық салмақ жинауға бейім келетінін аңғарды. Олар 5 жасқа дейінгі әр түрлі салмағы ауыр 2800 ұлдар мен қыздарды зерттеп байқаған. Нәтижесінде олардың 40%-ының ұйықтайтын бөлмесінде теледидар тұрғаны мәлім болған. Осы мәлімет балалардың қалыптан тыс салмақ арттырудағы айқын көрсеткіштің бірі ретінде танылған. Өйткені, психологиялық әсерді айтпағанның өзінде физиологиялық дамудың белсенді сатысында тұрған жас организм өзіне қажет қозғалыс көлемін толықтыра алмайтынға ұқсайды.

Бір қызығы, кішкене балалар көгілдір экраннан көз алмауға тез дағдыланады екен. Кішкентай кезінен сәбиді телетәуелділіктен құтқармаса, жас адамның тұла бойындағы ақаулардың ауқымы арта береді деседі зерттеушілер.

                                                                                     («Зерде» журналынан)

 

 

Жиырма бірінші сабақ

 

1. Сөздерді есте сақтаңыз.

таратушы жақ  - передаюшая сторона

қабылдаушы жақ – принимающая сторона

кері түрлендіру – обратное преобразование

мәлімет алмасу – обмен данными

амалдар орындайды – оперировать, выполнять операции

дауыс поштасы – голосовая связь

тасымалы компьютер – переносный компьютер

шектеулі – ограничен

қолдану аймағы – область применения

кең жолақты желі – широкополосная линия

қысқа желі – короткая линия

жалданған – арендованный

бөлінген – выделенный

жартылай дуплексті – полудуплексный

желі түрі – тип линии

мәліметтерді сығу – сжатие данных

модемнің өнімділігі – производительность модема

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Цифрлық мәліметтерді аналогтық сигналға түрлендіру; қабылдаушы жақта демодуляция арқылы кері түрлендіруді орындау; компьютерлердің өзара мәлімет алмасуын қамтамасыз ететін құрылғы; компьютерлер цифрлық сигналдар арқылы амалдар орындайды; телефон желісі арқылы аналогтық сигналдар (дыбыстар, дауыстар) таратылады; таратушы модем цифрлық сигналды аналогты сигналға модуляциялайды; тасымалы компьютерлерде ұялы байланыс желісі арқылы мәлімет алмасуды қамтамасыз етеді; қарапайым телефон желісі үшін жылдамдықты арттыру шектеулі; оптикалық кабель арқылы жүзеге асырылатын  байланысты қолдану; қолдану аймағы бойынша; кең жолақты желілерге арналған модем.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

Модемдер

Модем -  таратушы жақта модуляция арқылы цифрлық мәліметтерді аналогтық сигналға түрлендіріп, қабылдаушы жақта демодуляция арқылы кері түрлендіруді орындайтын құрылғы. Модем –  телефон желісі арқылы компьютерлердің өзара мәлімет алмасуын қамтамасыз ететін құрылғы. Олар, компьютерлер бірінен бірі алыс орналасып және стандартты желілік кабель арқылы қосыла алмайтын кезде қолданылады.

Компьютерлер цифрлық сигналдар арқылы амалдар орындайды, ал телефон желісі арқылы аналогтық сигналдар (дыбыстар, дауыстар) таратылады. Модем таратушы компьютерден келген цифрлық сигналдарды аналогты сигналға (АЦТ) түрлендіріп, компьютерге жібереді. Басқаша айтқанда, таратушы модем цифрлық сигналды аналогты сигналға модуляциялайды, ал қабылдаушы – аналогты сигналды цифрлық сигналға демодуляциялайды.

Бүгінгі таңда модемдер әр түрлі міндеттерді орындау үшін қолданылады: дауыс поштасы, факсимильдік байланыс, ұялы байланыс желісі арқылы тасымалы компьютерлер үшін мәлімет алмасуды қамтамасыз етеді. Бірақ қарапайым телефон желісі үшін жылдамдықты арттыру шектеулі болғандықтан, жылдамдықты одан әрі арттыру үшін басқа технологияларды – ISDN немесе оптикалық кабель арқылы жүзеге асырылатын  байланысты қолдану қажет.

Модемдердің жіктелу принциптері төмендегідей.

Қолдану аймағы бойынша:

- қысқа желілерге арналған модем (short range)

- дауыс желілеріне арналған модем (voice grade - VG);

- кең жолақты желілерге арналған модем (wideband).

Желі түріне байланысты:

- коммутацияланатын;

- жалданған (бөлінген);

- жеке меншік.

Жұмыс режиміне байланысты:

- жартылай дуплексті;

- толық дуплексті (бөлінген);

- симплексті.

Синхронизациясы жағынан:

- синхронды;

- асинхронды.

Модуляциясы жағынан:

- амплитудалық (АМ);

- жиіліктік (FM/FSK);

- фазалық (РМ);

- ТСМ (Trellis Code Modulation).

Модемдердің стандарттары мен протоколдарының түрлері төмендегідей болып келеді.

Әр түрлі фирмалар модемдерінің мәлімет алмасуы іске асуы үшін арнайы стандарттар жасалған.

Екі құрылғы өзара мәлімет алмасуы үшін интерфейс туралы келісіп, оны анықтау қажет. Модемдер үшін стандарттарды модуляция әдістері, қателерді түзету мен мәліметтерді сығу тәсілдері және басқа да өлшемдер  анықтайды. Сәйкесінше бұл стандарттар 3 топқа бөлінеді:

- мәліметтерді беру жылдамдығы мен қолдану әдісін анықтаушы стандарттар;

-  қателерді түзету стандарттары;

- мәліметтерді сығу стандарттары.

Модемнің өнімділігі қолданылатын стандартына байланысты.

Мысал:

V.22bis 1000 сөздік мәтінді  шамамен 25 секундта береді.

V.34 сол мәтінді 2 секундта береді

V.42bis (сығуы бар стандарт) – не болғаны 1-ақ секундта береді.

 

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

4.1 Модем қандай құрылғы?

4.2 Модем қай кезде қолданылады?

4.3 Аналогтық сигналдар қандай желі арқылы таратылады?

4.4 Қазіргі кезде модемдер қандай міндет атқарады?

4.5 Жылдамдықты одан әрі арттыру үшін қандай технологияларды қолдану қажет?

4.6 Модемдер қандай принциптер бойынша жіктеледі?

   4.7 Қолдану аймағы бойынша қандай түрлерге бөлінеді?

   4.8 Екі құрылғы өзара мәлімет алмасуы үшін не істеуі керек?

   4.9 Модемдер стандарттарын қандай өлшемдер  анықтайды?

 

5. Мәтінді аударыңыз.

Шаршағанға шай шипа

 

Күні бойы компьютермен жұмыс істеген адам жұмыс аяғына таман шаршайды. Сондықтан қателікке жиі жол береді. Мұндай шаршаудың алдын алуда жапондық ғалымдар лимонды салқын шай ішу керектігін айтады. Осыған дейін күншығыс елі мамандары компьютерлік шаршауға қарсы көк шай дұрыс деп келген еді. Мәселен, ол адамның қателесуін 20%-ға дейін төмендеткен болатын. Ал енді, салқындатылған лимонды қара шай ішкенде қателесу деңгейі 50%-ға дейін азаятыны байқалған.

                                                                                 («Зерде» журналынан)

 

Жиырма екінші сабақ

 

1. Сөздерді есте сақтаңыз:

жарықтандыру – освещение

жасанды  - искусственный

балқу температурасы – температура плавки

қыздыру шамы – лампа накаливания

ақ шоқ – белый пучок

өрт шығу қаупі – опасность пожара

орама – обмотка

шығын – потеря

шектен тыс қызу – чрезмерный перегрев

 

2. Сәз тіркестерін аударыңыз.

Жасанды жарықтандыру құрылғыларының ішіндегі ең кең тарағаны; өткізгіш ток күшімен ақ шоқ болғанша қызады; электр тасымалдаушы желілер сымдарының қызуы электр энергиясының пайдасыз шығынына жатады; олардан үлкен ток өткен кезде өрт шығу қаупін туғызуы мүмкін; электр машиналары мен аппараттардың оқшауланған сымнан жасалған әр түрлі орамаларының шектен тыс қызуын болдырмау мақсатында; электр аппараттары үшін берілген сымнан немесе орамадан өтетін токтардың ең үлкен максимал мәндерінің мөлшері тағайындалған.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

Өткізгіштерді электр тогымен қыздыру

 

Өткізгіштерді электр тогымен қыздыру үшін электрлік жарықтандыру, электрмен қыздырғыш аспаптар, электр пештері, көптеген өлшеуіш және медициналық аппараттар түрлерінің т.б. құрылысы негізделген.

Жасанды жарықтандыру құрылғыларының ішіндегі ең кең тарағаны – металл қыл сымды электр қыздыру шамы. Бұл шамды 1873 жылы А.Н. Лодыгин ойлап тапқан. Мұндай шамда өткізгіш ток күшімен ақ шоқ болғанша қызады да, соның салдарынан жарық сәулесін шығарады.

Қазіргі қыздыру шамының негізгі бөліктері - қыздыру қыл сымы мен шыны баллон (колба) болып табылады. Жарықтандыру шамдарының қыздыру қыл сымын вольфрамнан (тор иоксиді т.б. элементтер қоспасымен) жасайды. Бұл металдың балқу температурасы (3660 С) және механикалық беріктігі өте жоғары болады.

Өткізгіштерді электрмен қыздыру әрқашанда пайдалы қолданыс таба бермейді. Мысалы, электр тасымалдаушы желілер сымдарының қызуы электр энергиясының пайдасыз шығынына жатады, ал олардан үлкен ток өткен кезде өрт шығу қаупін туғызуы мүмкін. Ток тасымалдаушы өткізгіш сымдардың, сонымен қоса электр машиналары мен аппараттардың оқшауланған сымнан жасалған әр түрлі орамаларының шектен тыс қызуын болдырмау мақсатында электр аппараттары үшін берілген сымнан немесе орамадан өтетін токтардың ең үлкен максимал мәндерінің мөлшері тағайындалған.

 

4. Бос орынға қажетті қосымшаларды қойыңыз.

Өткізгіштер....ді/дің электр тогымен қыздыру үшін; электр энергиясының пайдасыз шығыны....н/на жатады; сым.....нан/да немесе орамадан өтетін токта; тасымалдаушы желілер сымдары....н/ның қызуы; өрт шығу қаупі...не/н туғызуы мүмкін; өткізгіштерді электр.....ден/мен қыздыру; мұндай шам....ды/да өткізгіш ток күшімен қызады; максимал мәндері....н/нің мөлшері тағайындалған.

 

5. Бос орынға жақшадағы сөздерді аударып, сәйкес формада қойыңыз.

Әр түрлі ................... (обмоток) шектен тыс қызуын болдырмау ............. (в целях) орамадан өтетін токтардың .................... (самый большой) максимал мәндерінің мөлшері  ...................... (назначен). Бұл ............. (металла) балқу ..................... (температура) (3660 С) және механикалық беріктігі өте жоғары ..................... (бывает). Жасанды жарықтандыру құрылғыларының .............. (среди) ең кең тарағаны – металл қыл сымды электр ................. (накаливания) шамы. Мұндай ............ (лампе) өткізгіш ток ................ (силой) ақ шоқ болғанша .................... (нагревается) да, соның салдарынан жарық (излучает). ...................... (проводников) электрмен қыздыру әрқашан да ................. (полезный)  қолданыс таба бермейді. .......... (эту) шамды 1873 жылы А.Н. Лодыгин .................... (изобрел).

 

 

Жиырма үшінші сабақ

 

1. Сөздерді есте сақтаңыз:

нұсқама – стрелка

еркін айналып тұратын – свободно вращающийся

жазықтық – плоскость

көлденең – горизонтальный

тұтқа - ручка

бұранда – буравчик

ілгерілемелі қозғалыс – нарастающее движение

иілу – гнуться

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Өткізгішке жақын маңға;  еркін айналып тұратын магнит нұсқама қойсақ; өткізгіштің бойымен өтетін жазықтыққа; перпендикуляр орналасуға тырысады; көлденең қойылған бір табақ картонның тесігіне түзу өткізгіш кіргізіп; өткізгіш бойымен өтетін жазықтыққа перпендикуляр қалпын сақтап қалады; картон үстіне темір үгінділерін сепсек; өткізгіштегі токтың бағыты өзгерген кезде; егер бұранданың ілгерілеме қозғалысы өткізгіштегі токтың бағытымен сәйкес келсе; спираль түрінде иілген және бір осьті бойлай орналасқан; онда осы токтың  әсерінен де магнит өрісі пайда болады

 

3. Мәтінді аударыңыз.

 

Электр тогының магнит өрісі

 

Тогы бар өткізгіштің айналасында магнит өрісі пайда болады. Сондықтан да өткізгішке жақын маңға еркін айналып тұратын магнит нұсқама қойсақ, онда ол өткізгіштің бойымен өтетін жазықтыққа перпендикуляр   орналасуға тырысады. Мынадай тәжірибені жасап, бұған тез көз жеткізуге болады. Көлденең қойылған бір табақ картонның тесігіне түзу өткізгіш кіргізіп және ол арқылы ток жүргіземіз. Картон үстіне темір үгінділерін сепсек, олар ортасы өткізгіш картон табақты тесіп өтетін нүктеде жататын центрлес шеңберлер бойымен орналасатынына көзімізді жеткіземіз. Осы өткізгіштің жанына жіпке іліп магнит нұсқаманы қойсақ, өткізгіштегі токтың бағыты өзгерген кезде (қарама-қарсы бағытқа) магнит нұсқама 180 бұрышқа бұрылады да, ол өткізгіш бойымен өтетін жазықтыққа перпендикуляр қалпын сақтап қалады. Өткізгіштегі токтың бағытына байланысты, ол құрайтын магнит өрісінің магнит сызықтарының бағыты бұранда ережесімен анықталады. Ол былайша тұжырымдалады: егер бұранданың ілгерілеме қозғалысы өткізгіштегі токтың бағытымен сәйкес келсе, онда бұранда тұтқасының айнымалы қозғалысы осы өткізгіштің айналасында пайда болатын өрістің магнит сызықтарының бағытын көрсетеді.

Егер сақина түрінде иілген өткізгіш арқылы ток жіберсек, онда осы токтың  әсерінен де магнит өрісі пайда болады. Спираль түрінде иілген және бір осьті бойлай орналасқан бірнеше орамнан тұратын жіңішке сымнан жасалған өткізгішті соленоид деп атайды. Соленоидтың орамасынан немесе бір орам өткізгіштен ток өтетін кезде магнит өрісі пайда болады. Мұның да бағыты бұранда ережесімен анықталады.

 

4. Мезгіл мағыналы сөйлемдерді шартты мағыналыға өзгертіңіз.

4.1 Үлгі: Өткізгішке жақын маңға еркін айналып тұратын магнит нұсқама қойсақ, ол өткізгіштің бойымен өтетін жазықтыққа перпендикуляр  орналасуға тырысады. Өткізгішке жақын маңға еркін айналып тұратын магнит нұсқама қойған кезде, ол өткізгіштің бойымен өтетін жазықтыққа перпендикуляр орналасуға тырысатынын көреміз.

4.2 Түзу өткізгіштегі немесе орауыштағы (катушка) токтың бағыты өзгерсе,  осы ток тудырған өрістің магнит сызықтарының бағыта да өзгереді. 

4.3 Осы өткізгіштің жанына жіпке іліп магнит нұсқаманы қойсақ, өткізгіштегі токтың бағыты өзгерген кезде магнит нұсқама 180 бұрышқа бұрылады да, ол өткізгіш бойымен өтетін жазықтыққа перпендикуляр қалпын сақтап қалады.

4.4 Егер магнит сызығы ұзындығының түгел бойында физикалық жағдайлар бірдей болса, өріс кернеулігін табу тіпті оңай.

4.5 Егер осы өткізгішті түтікшенің ішіне орналастырсақ, онда өткізгіштен сол бұрынғы ток жүргеннің өзінде өткізгіштің магнит өрісі бірнеше есе өседі.

 

5. Бос орынға керекті сөздерді қойыңыз.

5.1 Көлденең қойылған бір табақ картонның ............... түзу өткізгіш кіргізіп және ол арқылы ток ................... .

а) тесігінде

ә) тесігінен

б) тесігіне

в)тесігін

 

а) жүргіземіз

ә) жүгіртеміз

б) отырғызамыз

в) тұрғызамыз

 

5.2 Өткізгіштегі токтың бағытына ......................... ол құрайтын магнит өрісінің магнит сызықтарының бағыты бұранда .................. анықталады.

а) арқылы

ә) байланысты

б) бойынша

в) үшін

 

а) ережесімен

ә) ережемен

б) ережеде

в) ережені

5.3 Спираль түрінде ............... және бір осьті бойлай орналасқан ................ орамнан тұратын жіңішке сымнан жасалған өткізгішті соленоид деп атайды.

а) иілетін

ә) иілген

б) иілгелі

в) иілуші

 

а) бірнеше

ә) бірдеме

б) біреу

в) кейбір

5.4 Бұранда тұтқасының айнымалы қозғалысы ........ өткізгіштің айналасында ......................... өрістің магнит сызықтарының бағытын көрсетеді.

а) ана

ә) анау

б) осы

в) мынау

 

а) пайда болатын

ә) әсер ететін

б) ықпал ететін

в) себебін тигізетін

 

6. Мәтінді аударыңыз.

Жалғыз көзді бағдаршам

 

Бұдан былай дальтониктер де (түсті ажырата алмайтындар) кәдімгі адамдардың қатарында көлік басқаратын болады. АҚШ-та сынақтан өтіп жатқан жалғыз көзді бағдаршам осыны жүзеге асырмақ. Бұл бағдаршамның бұрынғыларынан айырмашылығы – бір шамның өзі кезек-кезегімен үш түрлі түсті көрсетеді. Ондағы әрбір түс өзіндік пішінмен ерекшеленеді. Мысалы, қызыл түс - сегізбұрышты, сары – үшбұрышты (ұшы төмен қараған), жасыл – дөңгелек қалыпта. Бұл, біріншіден, бағдаршамды жасауға кететін материалдық шығынды азайтса, екіншіден, дальтониктердің дер кезінде белгілерді ажыратуына мүмкіндік береді. Мамандар мұндай қондырғының жолды жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланылатын қозғалмалы түрі шығатынын да айтады.

                                                                         («Зерде» журналынан)

 

Жиырма төртінші сабақ

 

1.Сөздерді есте сақтаңыз

тән – свойтственно

сығылу – сжатие

сәулелендіру – облучать

әкеп соғады – приводить (к чему-то)

 

2. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Электр өткізгіштігі жағынан өткізгіштер мен диэлектриктердің (оқшауламалаушы материалдардың) аралығынан орын алатын; электр зарядтарын тасушылар болып табылатын (еркін) электрондардың болуы; жартылай өткізгіштердің өткізгіштерден айырмашылығы; екі көрші атомның бір орбитада ортақ қос электрон түзіп жасайтын химиялық байланысы; электрондарды қосып тұратын екі сызық арқылы бейнелейді; жоғарғы орбитасында төрт валенттік электрондары болады; температура артқанда немесе сәулелендірілгенде;  сыртқы электр өрісінің әсерінен еркін электрондар орындарынан қозғалады; еркін электрондардың қозғалысы себеп болатын электр өткізгіштік.

 

3. Мәтінді аударыңыз.

 

Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі

 

Электр өткізгіштігі жағынан өткізгіштер мен диэлектриктердің (оқшауламалаушы материалдардың) аралығынан орын алатын материалдарды жартылай өткізгіштер деп атайды. Электр зарядтарын тасушылар болып табылатын (еркін) электрондардың болуы металл өткізгіштерге тән қасиет. Диэлектриктерде еркін электрондар жоқ, сондықтан да олар ток өткізбейді.

Жартылай өткізгіштердің өткізгіштерден айырмашылығы олардың температураға, жарықталынуға, сығылуға, электр өрісіне және басқа себептерге күшті дәрежеде тәуелді болатын электрондық қана емес және де “кемтіктік” өткізгіштігі бар.

Екі көрші атомның бір орбитада ортақ қос электрон түзіп жасайтын химиялық байланысын коваленттік немесе қосэлектрондық  деп атап, шартты түрде электрондарды қосып тұратын екі сызық арқылы бейнелейді. Мысалы, германий Д.И. Мендеелевтің элеметтердің периодтық жүйесінің төртінші тобы элементіне жатады да, жоғарғы орбитасында төрт валенттік электрондары болады. Германийдің кристалында әрбір атом көрші  төрт атоммен коваленттік байланыс жасайды. Қоспалары жоқ болса және абсолюттік нольге жақын температурада, германийдің кристалындағы атомдардың барлық валенттік электрондары өзара байланысқан және еркін электрондар жоқ, сондықтан да германийдің өткізгіштігі болмайды. Температура артқанда немесе сәулелендірілгенде электрондардың энергиясы өседі, бұл жағдай кейбір коваленттік байланыстардың бұзылуына  және еркін электрондардың пайда болуына әкеп соғады. Тіпті бөлме температурасының өзінде сыртқы электр өрісінің әсерінен еркін электрондар орындарынан қозғалып, кристалда электр тогы пайда болады. Еркін электрондардың қозғалысы себеп болатын электр өткізгіштік жартылай өткізгіштің электрондық өткізгіштігі немесе n - өткізгіштік (n - өткізгіштік) деп аталады.

 

 

ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН МӘТІНДЕР

 

Электроизоляциялық лак және компаунд

 

Лактар коллоидты ерітінділерден тұратын әр түрлі пленка тәрізді таңдап алынған органикалық еріткіштердегі заттар. Пленка жасаушы еріткішті буландырып оны қату процесінен (полимеризация) өткізіп, қайты пленка өзінен пленка жасайтын қасиеті бар затты айтады. Пленка жасаушыларға: смола, өсімдік майы, эфир, целлюлоза т.б. Еріткіштер ретінде тез ұшқыш сұйықтарды қолданады, бензол, толуол, спирит, ацетон, скипидар т.б. Лак құрамына тағы да енетін заттар пластификаторлар, сиккативтер.

Пластификаторлар – лак пленкасына созылғыштық қасиет беретін зат, оған жататындар: майсена (касторовое) майы  қою қышқылды зығыр майы т.б. Сиккативтер – сұйық және қатты олар лактың құрамына тез кебу үшін қолданады. Электтроизоляциялық лактар атқаратын қызметіне қарай; сіңіргіш, қорғағыш лак, жабысқақ лак болып бөлінеді. Сіңіру лактары электр қозғалтқыштарының орамасын оның сымдарының арасына оқшаулағыш жасау үшін, оларды өңдеу үшін қолданады. Олар электрлік және изоляциялық қасиеттерді жоғарылатады.

Қорғағыш лактар сіңіру лактарының үстінен боялады, майға төзімділігін ылғалға арттыру үшін қолданады. Кептіру әдісіне қарай лактар екіге бөлінеді; ауа арқылы (орташа температурада қатады), пеш арқылы (100 С температурасына қатады). Лактар негізіне қарай бөлінеді; смолалы,майлы, майлы – битумді  және эфироцеллюлозалы. Кампаунд – электроизоляциялық құрамы бірнеше заттардан жасалған, құрамында тез ұшқыш еріткіштері жоқ зат, яғни кампаундтың қуаттылыған арттырады. Кампаундты қолданған кезде, ол сұйық күйде болады, бірте-бірте қатаяды. Кампаундттар атқаратын қызметіне қарай: сіңіру кампаунд, құюға арналған кампаунд, жағуға арналған кампаунд, сіңіру кампаунд электр машиналарының және аппаратураның обмоткасын, сымдарын қатайтады. Құюға арналған кампаунд кабель муфтасындағы қуыстарға және  шұңқыр, электр аппаратының трансформатор корпусына құю үшін қолданылады. Жағуға арналған кампаунд электр машинасының обмоткасының беткі бөлшектерін жағуға арналған. Ол ылғалдылығынан, майдан қорғайды. Өнеркәсіпте ең ерте шығарылған кампаунд битум болып табылады.

Кабельдер саласында маңыздысы – кабельді кампаундтар сінірілген кабель массалар құюға арналған кабель массалары. Қазіргі кезде кең таралған эноксидті колиэфирлі кампаундтар.

 

Жарық жолында жаңа планета

 

Жерден 5600 жарық жылдық қашықтықта, Сарышаян шоқжұлдызында, Британиялық Колумбия (Канада) университетінің астрономдары жаралғанына 13 млрд жыл болған көне планетаны тапты. Ол біздің жер шарымыздан 8,5 млрд жыл бұрын пайда болған екен. Мафусаил деп аталған планета Юпитерден екі есе үлкен және сөніп болған қосарланған жұлдыздың маңайында айналатын болып шықты. Бұл табылым планеталардың үлкен жарылыстан миллиард жылдан кейін пайда бола бастағанына болжам жасайды.

 

 

Талшықты материалдар

 

Электроизоляциялық техникада талшықты материалдар қолданылады. Олар табиғи,  жасанды, синтетикалық талшықтардан тұрады. Табиғи талшықтарға – мақта, зығыр, табиғи жібек, асбесті (неорганикалық) талшықтар жатады. Жасанды талшықтарға – ацетат, мыс – аммиакты жібек талшықтары жатады. Олар целлюлозаны химиялық өңдеуден өткізіліп алынады. Оған шыны талшық (стекловолокно) жатады. Электр изоляцияда көп тарағаны синтетикалық талшықтар. Олар синтетикалық талшықтардан жасалған: капрон, лавсан және т.б.

Синтетикалық смолалар. Барлық талшықты материалдардың ылғал тартушы қасиеті бар. Ылғал тартқыштығын төмендету үшін оларды электроқшаулағыш лактармен сіңірілген өңдеуден өткізеді. Сіңірілген өңдеуден өткізілген зат қызуға төзімді болады. Талшықты материалдарға қағаздар, картондар, маталар, ленталар жатады. Электроизоляциялық қағаздарды сульфатты целлюлозадан, ағаштан алады. Электроқшаулағыш қағаздардың негізгі түрлері:

1. конденсаторлық;

2. кабельдік;

3. сіңірілген;

4. орауға арналған;

5. жапсыруға арналған;

6. жеңілдетуге арналған.

Электротехникалық картон ЭВ, ЭМ маркалы ауада және майда қолданылады. Маталар және ленталар тек электроқшаулағыш материал ретінде ғана емес, олардың механикалық төзімділігін және ораманың негізгі оқшауламасын қорғау үшін қолданады. Электроқлауда қолданылатын маталар: перкаль, бязь, миткаль, шыны маталар, капрон, нейлон, табиғи жібек.

 

Графит алмасты алмастырады

 

Қысым атаулының табиғатында адамға қажет керемет көп. Кейбір заттар қысымның ықпалынан қасиеттерін құбылтып отыруға мәжбүр. Мысалы, аса үлкен қысымның әсерінен графит өз қасиеттерін жоғалтып, алмас сияқты берік және мөлдір болып кетеді екен. Графитті 170 мың атмосфералық қысымның сығымына түсірген американдық физиктер осыған көз жеткізген. Қысымды бәсеңдеткеннен соң графит бұрынғы қасиетіне қайта оралған.

 

 

Қатты анорганикалық диэлектриктер

Шынылар

Шыны – қатты аморфты зат анорганикалық тотықтардан алынған шыны жасаушылардан (SiO 6B O , т.б.) олардың аралығындағылар (Al O ,PBO) байланыстырушылар (CaO,BaO) кейде сілікер  (Na O,K O). Анорганикалық шыныларды силикаттар деп атайды. Өзінің химиялық құрамынан шынылар силикаттардан топқа бөледі: 1. сілтілік, 2. төменгі. 3. сілтілік. Сілтіліктер құрамында ауыр тотықтар бар төменгі сілтілік, сілтілігі жоқтар. Сілтілік шынылар ерігіш (1350 С) құрамында сілтілік тотықтары көп көбінесе Na O, K O  бар. Бұл шынылар тобына: терезелер, ыдыстар, бөтелкелер жатады. Сілтілік шынылардың электрлік мінездемесі жоғары. Бұл құрамға силикаттар (РВО,ВаО). Олар электроизоляциялық бұйымдар (конденсаторлар, изоляторлар приборларға қолданылатын) жасауға қолданылады.

Сілтілігі жоқ шыныларда мүлде сілтілік тотықтар жоқ немесе ол арада аз мөлшерде 2% дейін сілтілігі жоқ шынылардан шыны талшықтар жасалынады. Электроизоляциялық шыны маталарға сілтілігі аз шыны изолятор жасап шығарады.

Электротехникада шыныларды қолдануына қарай негізгі  мынадай  топқа бөледі:

1. Конденсаторлық шынылар. Конденсаторлық шынылар диэлектриктер ретінде, жоғарғы кернеулік фильтрлерде, импульстік генераторларда тербелмелі контурда – жоғарғы жиілікті құбырлар тербелмелі контурда пайдаланады.

2. Бекітіп тұратын шынылар. Бекітіп тұратын шынылар, бөлшектер. Изоляторлар т.б. заттар жасау үшін пайдаланады, әртүрлі электронды приборларды жасауға қолданылады.

3. Лампалы шынылар жарық лампаларына пайдаланады. Олар металмен дәнекерлейді.

4. Тотықтырғыштарда бар шыныларға ыстық престелген шынылардан жасалған пластмасса жасайды. Электр техникада шыныларды балқытып алынған шыны талшық қолдануды тауып отыр. Шыны жібектерден: шыны маталар, мата және шлангілерді жасайды. Шыны маталар ыстыққа төзімді, шыны лак маталар және шыны текстолит, ауада обмоткалық сымдарды изоляциялауға болады.

 

 

Өзіндік индукция

 

Сым орамнан өтіп жатқан магниттік ағын өзгерген кезде, бұл орамда индукцияның Э. Қ. К-і туады. Осындай құбылысты орамда жүріп жатқан ток шамасы жағынан немесе бағыты өзгерген жағдайда да бақылауға болады. Индукцияның электр қозғаушы күшінің осылай туу процесін өзіндік индекция деп атайды. Өздік индукцияны, мысалы, токтың тізбегін ажыратқанда немесе тұйықтағанда да бақылауға болады. Ажырату сәтінде тізбектегі магниттік ағынның жоғалуына байланысты өздік индукция ЭҚК-і индукцияланып, ол токты өзгертпеуге тырысады. Тізбектеп жүріп жатқан ток арқылы пайда болатын магниттік ағын тұйықталу сәтінде өседі де ал туған өздік индукцияның ЭҚК-і токтың артуына қарсылық жасайды.

Сонымен, тізбекті тұйықтағанда өздік индукция ЭҚК-нің қарсы әрекетінен ток лезде өзгеріп кетуі  мүмкін емес, ал ажыратқанда тағы да өздік индукцияның  ЭҚК-нің қарсы әрекетінен токтың тізбектегі жоғалуы лезде аяқталмайды, ол жәйлап жүреді.

Өздік индукция құбылысы орамаларға ғана емес, сонымен қатар түзу  өткізгіштерге де тән. Бұл жағдайда өздік индукция ЭҚК-і екі өткізгішпен немесе өткізгіш пен жермен, егер ол тізбектің элементін құрса, шектелген контурда пайда болатын магнит өрісі арқылы туады.

 

Шала өткізгішті диодтар

 

Шала өткізгішті диод (вентиль) біреуі электрондық өткізгішті (n-тектес) ал екіншісі – кемтіктік өткізгішті (р-тектес) бар екі шала өткізгіштердің түйіспелік қосылысы болып табылады. N- шала өткізгіште электрондардың үлкен концентрациясы (шоғырлығы) болуы нәтижесінде олар бірінші  шала өткізгіштен  екіншісіне қарай диффузия жасап өтеді. Дәл осылай екінші р-тектес шала өткізгіштен бірінші n-тектес шала өткізгішке кемтіктер диффузия жасайды. n-тектес өткізгіштің жұқа шекаралық қабатында  оң заряд, ал р-тектес шала өткізгіштің шекаралық қабатында теріс заряд пайда болады. Осы екі қабат арасында потенциалдар айырмасы    (потенциальдік тосқауыл) пайда болады және электрондар мен кемтіктердің бір шала өткізгіштен екіншісіне  диффузия жасауына бөгет болатын кернеулігі Еn электр өрісі туады. Сөйтіп, екі шала өткізгіштің шекарасында, заряд тасушылардың (электрондар мен кемтіктерден) айырылған және үлкен кедергісі бар жұқа қабат пайда болады. Бұл қабат жапқыш қабат немесе р-n ауысуы деп (өткелі) деп аталады.

Жылулық қозғалыстың салдарынан негізгі емес заряд тасушылар р-облысының электрондары және n-облысының кемтіктері р-n ауысуының электр өрісі ықпалына түседі. р-n ауысуының өрісі күштердің әсерінен туатын негізгі емес заряд тасушылар қозғалысы  негізгі заряд тасушылардың диффузиялық тоғының бағытына қарсы  бағытта жүреді де дрейфтік немесе жылулық ток деп аталады. Өйткені ол температураға күшті дәрежеде тәуелді болады. Сыртқы электр өрісі болмаған кезде дрейфтік ток диффузиялық токпен теңеседі де р-n ауысуы арқылы өтетін қосынды ток нольге тең болады.

 

Газотрондар

 

Газотрон айнымалы токты түзетуге арналған, екі электродты иондық немесе газ-разрядты болып табылады. Газотронның шыны (немесе металл) баллоны, онды вакуум жасағаннан кейін, сынап булармен немесе төменгі қысымдағы инерттік газбен толтырылады. Баллонның ішіне екі электрод қойыған.

Газотронның анодын 2 никельден немесе графиттен жасайды және де анодтың шықпасын 1 колбаның төбесіне орналастырады: катод 3 вольфрамнан жасалып, тотықтың қабатымен жабылған. Қуатты газотронда, жылулық шығындарды азайту үшін катод цилиндрлік экранның ішіне қойылады. Катодты қыздыру үшін ол төмен мәнді қыздыру кернеуіне қосылады: 2,5 В сынаппен толтырылғанда және 5 В баллонды инерттік газбен толтырғанда. Одан жоғарғы қыздыру кернеуін пайдалануға болмайды, өйткені катодтың ұштарының арасында доға тұтынуы мүмкін. Газдың немесе сынап буларының иондалуы атомдардың тізбектеле сатылап қозуының әсерінен, тұтандыру потенциалынан әлдеқайда кіші  кернеуде басталуы мүмкін. Сонымен қыздыру тоға анод тоғынан әлдеқайда үлкен (бірнеше және ондаған ампер) болады, катодтың қызатын уақыты бірнеше минуттан екі-үш ондаған минуттарға жетеді.

 

Газдың иондалуы және разряды

 

Иондық немесе разрядты аспаптардың электрондық (вакуумдық) шамдардан айырмашылығы бұларда ток бағытталған газразрядты аспаптар фотоэлементтер еркін электрондардың қозғалысынан ғана емес, газдың зарядталған бөлшектердің немесе сынап буларының – иондардың  қозғалысының себебінен де туады. Әдеттегі жағдайларда газ еркін электрондар мен иондардың (заряд тасушылардың) елеусіз мөлшерінен тұрады және газдың атомдары мен молекулаларының абсолюттік көпшілігі электр бейтарап (зарядталмаған) болып келеді. Сондықтан әдеттегі жағдайларда газ жақсы диэлектрик болып табылады. Газдың өткізгіштігін оны күшті электр өрісімен, жоғарғы температурамен, радиоактивтік және космостық сәулелерімен иондап туғызуға болады. Егер газда заряд тасушылар – еркін электрондар мен иондар көп мөлшерде бар болса, онда газ өткізгішке айналады. Заряд тасушылардың туу процесі газдың иондалуы деп аталады.

Иондық аспаптар сиретілген газбен немесе сынап буларымен толтырылған, содан электрондар өздерінің қозғалыстарына газдың атомдарымен немесе сынаптың буларымен соқтығысады. Электрондар соқтығысқан кезде өзінің энергиясының бір бөлігін газдың атомдарына береді. Электронның жылдамдығы жеткілікті үлкен болса, газдың атомынан алған энергия оны қоздыруға немесе иондауға жеткілікті болады. Қозған атомда оның электрондарының біреуі соқтығысқан кезде алынған энергияның әсерінен жоғарырақ энергетикалық деңгейге өтіп кетеді (ядродан алысырақ орналасқан орбитаға) және осы күйінің орнықсыздығынан, артық энергиясын сәулелік жарықтану арқылы бөліп шығарып, өзінің бұрынғы деңгейіне өте тез қайтып оралады, яғни газ жарқырайды.

 

 

Тиратрондар

Тиратронның газотроннан айырмасы - доғаның оталу кезеңін басқаратын үшінші электродтың - тордың болуы. Инерттік газдардың қоспасымен толтырылған тиратронның шыны баллонының ішіне анод, катод  және тор қойылады. Катод металл экранмен  қоршалған, ол торды есептемегенде анод пен катод арасында электр өрісінің туу мүмкіндігін жояды. Жоғарғы бөлігінде экран тесіктері бар дискі формалы тормен жабылған. Анодтың шығу тетігі баллонның жоғарғы төбесінде, ал катод пен тордың шығу тетіктері баллонның төменгі жағында – цокольде орналасқан.

Вакуумдық триодтан айырмасы тиратронда тор потенциалының  өзгеруі анодтық токқа әсер етпейді, тек аспаптың оталдыру кезеңін, яғни доғаның пайда болу кезеңін жылжытады. Тиратрон оталғаннан кейін тор өзінің басқару қабілетін жоғалтады және доғаны сөндіре алмайды, яғни тордың потенциалын өзгертіп, тиратронды жабуға болмайды. 

 

7. Бос орынға сәйкес сөзді қойыңыз.

7.1 Коллектор ________ ток жүрмейді.

а) кедергісінде

ә) кедергісін

б) кедергісінен

в) кедергісіне

7.2 Транзистордың жұмыс атқару нүктесі абсцисса _______ бойында орналасады.

а) осінде

ә) осінің

б) осімен

в) осінен

7.3 Кедергінің бойынан кернеудің де күшейтілген түрін алуымызға __________ .

а) болды

ә) болады

б) болатын

в) болған

7.4 Ортақ эмиттерлі ОЭ сұлбасының шығыс сипаттамасы негізінде ___________ болады.

а) түсіндіруді

ә) түсіндіумен

б) түсіндіруден

в) түсіндіруге

7.5 Осы сипаттаманы түсіндіру _______ транзисторды ауыстырып қосқыш кілтке балайық.

а) арқылы

ә) бойынша

б) үшін

в) арқасында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Ә. Берікұлы. Техникалық электроника. –Алматы: Білім, 1995. – 196 бет.

2. В.Е.Китаев. Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері. –Алматы: Қазақстан, 1991. -224 бет.

3. Трансформаторлар және тұрақты токтың электр машиналары. Оқу құралы. –Алматы: АЭжБИ, 1993. -92 бет.

4. Г.Хожин. Электр станциялары мен қосалқы станциялар (оқулық). –Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1998. -260 бет.

 

 

Мазмұны

1  Бірінші сабақ                                                                                                       3

2  Екінші сабақ                                                                                                        6

3  Үшінші сабақ                                                                                                       9

4  Төртінші сабақ                                                                                                    12

5  Бесінші сабақ                                                                                                      16

6 Алтыншы сабақ                                                                                                   19

7  Жетінші сабақ                                                                                                     21

8  Сегізінші сабақ                                                                                                   23

9  Тоғызыншы сабақ                                                                                               25

10 Оныншы сабақ                                                                                                   28

11 Он бірінші сабақ                                                                                                31

12 Он екінші сабақ                                                                                                 35

13 Он үшінші сабақ                                                                                                38

14 Он төртінші сабақ                                                                                              42

15 Он бесінші сабақ                                                                                                44

16 Он алтыншы сабақ                                                                                             47

17 Он жетінші сабақ                                                                                                50

18 Он сегізінші  сабақ                                                                                             53

19 Он тоғызыншы сабақ                                                                                         55

20 Жиырмасыншы сабақ                                                                                        59

21 Жиырма бірінші  сабақ                                                                                      61

22 Жиырма екінші сабақ                                                                                        64

23 Жиырма үшінші сабақ                                                                                       66

24 Жиырма төртінші сабақ                                                                                     69

25 Өздік жұмыстарға арналған  мәтіндер                                                             70                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

 

 

 

                                          БЕКІТЕМІН

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі

                                        Проректор

  _________________  Э.А Сериков

_______  _____________ 2004 г.

  

 

 

 

 

 

 

Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту

 

Оқу құралы

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ                                                     Кафедра мәжілісінде қаралды 

ОӘБ бастығы                                                 және құпталды ____________

_____ О.З.Рутгайзер                                     “2” желтоқсан 2004ж №2 хаттама

“___” _____2004 ж.                                     Каф. меңгерушісі:                                            

                                                                        ___________Р.Қ.Бөкейханова.

 

Редакторы

______ Ж.А.Байбураева                                        Құрастырушы:                                                                                

“__”________ 2004 ж.                                             ___________   М.М.Төлеуп

                                                                                

               

 

 

 

 

Алматы 2004

 

Мейрімгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту

Оқу құралы

 

 

 

 

 

 

 

 

Редакторы Ж.А.Байбураева 

2004ж. жинақтық жоспар, реті 5

 

 

 

 

 

Теруге берілген күні

Пішімі 60х84 1/16

Оқу-баспа таб. -4,9                                               

Типография қағазы № 2 Таралымы 100 дана. Тапсырыс ___.  Бағасы    теңге.

Басуға қол қойылды 15.12.2004ж. қол қойылды.                  

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

480013 Алматы, Байтурсынов к, 126