АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

                                         

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

 Іскерлік қарым-қатынас тілі

(барлық мамандықтың студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау)

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2006

ҚҰРАСТЫРУШЫ: А.И.Тілембекова. Қазақ тілі. Іскерлік қарым-қатынас тілі (барлық мамандықтың студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау). – Алматы: АЭжБИ, 2006.

 

 

 

Әдістемелік нұсқау бакалаврларға арналған бағдарлама бойынша жаңа пән – іскерлік қарым-қатынас тілі пәні бойынша барлық мамандықтар бағытында дайындалатын студенттерге арналып құрастырылды.

Көрсеткіште өтілетін мәтіннің сөздігі, ресми мәтіндердің қалыптасқан құрылымдары, мәтіннің өзі және осы мәтінді дұрыс меңгеруге қатысты тапсырмалар берілген.

Студенттердің өзін жұрт алдында дұрыс ұстай білуіне, сөйлеу мәдениетін көтеруіне септігін тигізетін практикалық тапсырмалар берілді.

 

 

 

 

Пікір беруші: пед. ғыл. канд. Р.Қ.Бөкейханова.

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2006 жылғы жоспары бойынша басылды.

 

 

 

 

 

                              Ó Алматы энергетика және байланыс институты, 2006ж.


 

                Бұл әдістемелік нұсқау білім берудің жаңа концепциясына сәйкес енгізілген бакалаврлардың таңдауы бойынша өтілетін жаңа пән – іскерлік қарым-қатынас пәні бойынша құрастырылды.

         Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл ретінде заңды түрде танылған қазақ тілінде ресми құжаттардың жазыла бастағанына біраз жылдың жүзі болды. Сондықтан  бұл әдістемелік көрсеткіште негізгі қалыптасқан құрылымдарды ұсына отырып, студенттерді іс жүзінде осы құрылымдарды пайдалана білуге дағдыландыру, яғни іс қағаздарын жүргізу технологиясын меңгерту көзделді.

         Іскерлік қарым-қатынас тек жазбаша түрде жүзеге аспайтындығы белгілі. Осы жағдайлар ескеріліп,  жұрт алдында сөйлеу мәдениеті (монолог), іскерлік кездесуде өзін ұстай білуі, телефонмен іскерлік сөйлесу,  мәтіндердің орфоэпиялық нормаларға сай айтылуы нақты мысалдармен қарастырылды.

         Әр тақырыпқа сай сөздіктер беріліп отырды. Ұсынылған практикалық тапсырмаларды орындау нәтижесінде студенттер жазба тіл этикасы, ауызша сөйлеу тілі этикасынан пайдалы мағлұматтар алып, оларды өмірде орынды пайдалана алады деп үміттенеміз.  

 

 

 

        1 Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті

 

1.1 Мына қанатты сөздерді  (афоризмдер) ұғынып, жаттап алыңыз.

Әдеп басы – тіл.

                   (М.Қашқари).

Сәлем – сөздің анасы.

 

1.2 Сөздікті меңгеріңіз

бейімделеді – адаптируется

түзіледі – составляется

жүзеге асады – осуществляется

әдетте – обычно

бейресми – неофициально

тұрмыстық сөйлеу тілі – бытовая разговорная речь

жұмсалатындығын білдіреді – означает применение, использование

құралы ретінде – в качестве средства

 

1.3 Мына анықтауыштық тіркестерді аударыңыз, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз.

Арнаулы сөз құрылымдары; негізгі принциптері; белгілі сала; әдеби тіл; стильдік тармақтар; оқу-ағарту саласы; тұрмыстық қатынас; қоғамдық қатынас саласы; тілдік қатынас; ресми (бейресми) түр; кітаби тіл.

 

1.4 Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Тіл қоғамдағы түрлі қарым-қатынасты жүзеге асырудың құралы ретінде қызмет етеді де, белгілі бір салаға бейімделеді. Сол салада жиі қолданылатын сөздердің сөздігі, арнаулы сөз құрылымдары, мәтін құрудың негізгі принциптері түзіледі.

Әдетте қоғамдағы мұндай саланың бес түрі бар. Осы салалардағы қарым-қатынас әдеби тілдің бес түрлі стильдік тармақтары арқылы жүзеге асады:

- ғылым, білім, оқу-ағарту саласы – ғылыми стиль;

- құқықтық сала, заңнама т.б. – ресми стиль;

- көркем өнер саласы – көркем әдебиет стилі;

- қоғамдық саяси сала – публицистикалық стиль;

- тұрмыстық қатынас саласы – сөйлеу тілі стилі.

         Адамдар арасында тілдік қарым-қатынастың түрі көп болғанмен, негізінен олар екі үлкен салаға бөлінеді:

а) қарым-қатынастың бейресми түрі;

б) қарым-қатынастың ресми түрі.

Қарым-қатынастың бейресми түрі сөйлеу тілі арқылы, ал ресми түрі кітаби тіл арқылы жүзеге асады. Өз кезегінде сөйлеу тілі тұрмыстық сөйлеу тілі және қарапайым сөйлеу тілі болып бөлінеді.

Ал кітаби тілге а) ресми іс қағаздар стилі; б) ғылыми стиль; в) көркем әдебиет стилі; г) публицистикалық стиль жатады.

Қазіргі тіл білімінде бұл функционалдық стиль деген  жалпы  атпен аталады. Функционалдық сөзі стильдердің қай салада қандай мақсатпен жұмсалатындығын білдіреді. Функционалдық стильдердің негізгі белгілерінің бірі олардың әрқайсысына тән, жылдар бойы қалыптасу, даму нәтижесінде пайда болған дайын тілдік бірліктердің, стандарттардың болуы.

Функционалдық стильдер нормасы – оның негізгі сипат белгілерінің бірі. Тілдік норма тілдің барлық стильдік тармақтарына бірдей және міндетті. Тілдік норма – тілдің өзі ұсынған тәртіп. Яғни тілдің дұрыс айтылу, дұрыс жазылу, дұрыс қолданылу нормалары болады. Бүгінгі тіл мәдениеті – айтуда да, жазуда да дұрыстықтың, сауаттылықтың, жүйеліліктің, қолайлылықтың болуы. «Тіл мәдениетінің өзегі – норма туралы ұғым» дейді академик  Р.Сыздықова. Тілдік норманың қалыптасып, даму процесінде қоғамның әлеуметтік, саяси өмірі, яғни экстралингвистикалық факторлар үлкен рөл атқарады.

Қай мамандық иесі болмасын  сөйлеу мәдениетін жақсы меңгерсе, яғни тілдің дыбыстық жүйесін, сөздің мағыналық қырларын, тұлғалық құрылымдарын, сөз тіркесі мен сөйлем жүйелерін, тілдің стильдік құралдарын әдеби тілдің нормаларына  сай қолдана алса, оның сөзі өтімді болады.

 

1.5 Мына сөйлемдерді мәтін бойынша аяқтаңыз:

Тілдік норма – .................... .

Тілдік қарым-қатынас екі үлкен салаға бөлінеді: ........  .

Әдеби тілдің стильдік тармақтары: ....... .

Кітаби тілге ........................................ .

Сөйлеу тілі ........................ .

 

1.6 Тапсырма. Адам сөзін қолданылу орнына қарай жұптастырыңыз:

Телефон станциясында                            жолаушы

Үйде                                                           оқырман

Ресми құжатта                                           тұтынушы

Ауруханада                                                студент

Шаштаразда                                               абонент

Қызмет орнында                                        ата-ана

Кітапханада                                                клиент

Қоғамдық көлікте                                      азамат

Ательеде                                                     науқас, емделуші

Коммуналдық қызмет үшін                      маман, қызметкер

Жоғары оқу орнында                                тапсырыс беруші

 

2       Жазба тіл дағдыларын жетілдіру. Жазба тіл туындыларын жасау 

технологиясы

2.1 Сөздікті меңгеріңіз.

баяндама – доклад

қаулы -  постановление

          тақырып – тема

        мәселе ауқымының шектеулі болуы – ограниченность объема вопросов

        шетелдік азамат – иностранный гражданин

шешетін мәселе ауқымы – объем решаемого вопроса

құрылым тұрақтылығы – стабильность структуры

ерекшелік – особенность

қатаң сақталуы керек – должен строго придерживаться

қолайлылық – удобство

 

2.1.1  Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Әр стильдің өзіндік жанрлар тобы бар. Мысалы, көркем әдебиет стилінде  - эпос, лирика, драма, роман, повесть т.б. Ғылыми стильде  - монография, баяндама, реферат, мақала т.б. Ресми іс қағаздар стилінде – заң, қаулы, бұйрық, жарлық т.б. Демек, әр функционалдық стиль  - өз тақырыбы, өз жанры, өз лексикасы мен фразеологиясы бар әдеби тілдің ықпалды бір саласы.

Іс қағаз жанрларының төмендегідей негізгі ерекшеліктері бар:

а) ресми сипаты;

б) құжатты шығарушы немесе жазушы сипатының көрінуі;

в) құжат жанрының ресми қатынас жағдайына сәйкес болуы;

г) істің нақты жағдайының көрініс беруі немесе бейнеленуі,

д) шешілетін мәселе ауқымының шектеулі болуы;

е) стандарт тілдік бірліктердің қолданылуы;

ж) құрылым тұрақтылығы т.б.

         Өмірдің негізгі салаларын қамтитын бірегей саласы – іс жүргізу. Іс жүргізуге ресми сөз саптау стилі тән және ол әр өмір саласында өзіндік айшықпен, сөз байлығымен көрініс береді. Айталық, Шақыру мәтіні әр өмір саласында әр түрлі болады. Мысалы, тойға, мәжіліске, конференцияға шақыруда, негізінен, адамның қызметі, қызметінің мекенжайы, аты-жөні жазылса, шетелдік азаматты шақырғанда, онда шетелдік азаматтың аты-жөні, туған жылы, айы, күні, жынысы, азаматтығы, төлқұжат нөмірі, келу мақсаты

(көрме, келіссөз т.б.) баратын бағдары (қала, кент,облыс) Қазақстанда болатын мерзімі, келетін, кететін күндері, шақырған адамның (ұйымның) аты, шақырған адамның қойған қолы. Сонымен, шақыру қағазы үлгісі ережеге сай толтырылуы керек, бұрыштама (виза) алу тәртібі қатаң сақталуы тиіс.

        

2.1.2 Тапсырма. Сөздікті пайдаланып, іс жүргізудің әр саласына  тән тірек сөздердің аудармасын жазыңыз.

Әкімшілік-кеңсе саласына тән сөздер:

Акт. Өкім. Бұйрық. Іс қағаздары. Арыз. Мінездеме. Өмірбаян. Сенімхат.    Қолхат.

Дипломатия саласына тән сөздер:

Нота. Келісім. Конвенция. Меморандум. Коммюнике.

Құқық саласы:

Заң. Жарлық. Азаматтық және қылмыстық актілер. Жарғылар.

Ресми-құжат саласы:

         Мемлекеттік актілер. Директивалар. Нұсқаулар. Кеңселік іс жүргізу хат   

         жазысулары.

 

2.1.3 Тапсырма. Мына мәтіннің мазмұнымен танысыңыз. Өзіңіз қазіргі нормаға сай етіп деканыңызға өтініш жазыңыз.

       Ресми іс жүргізу стилінің ерекшеліктері жазумен байланысты пайда болды және ол үнемі даму үстінде. Оны өткен ғасырдағы хат жазу үлгісі мен қазіргі хат жазу үлгісін салыстырып байқауға болады.

Мысалы XVIII-XIX ғасырдағы іс қағаздары үшін ресми хаттың басында адресатты мақтайтын, әспеттейтін сала құлаш эпитеттердің қолданылуы сол кездегі ресми стиль үшін норма болып табылған. 1773 жылы 18 желтоқсанда жазылған Досалы сұлтанның Е.И.Пугачевқа жазған  хатының аудармасынан мысал келтірейік. Ол былай басталады. «Аса жоғары мәртебелі, держава иесі, ұлы император, бүкілресейлік самодержавец және басқа да сансыз көп аймақтардың әміршісі және менің жоғары мәртебелі патшам Емельян Ивановичке». Мұнда кездесетін эмоционалды-экспрессивті сөздердің қазір іс қағаздар стиліне жат қолданысқа айналғанын білу қажет.

 

2.1.4 Тапсырма. Берілген нұсқалармен танысып, қай нұсқасы іс қағаздар нормасына сай жазылғанын дәлелдеп беріңіз. Ерекшеленген сөздерге назар аударыңыз.

1.Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді. Ахатова Назым шын мәнінде АЭжБИ-дің ЭЭ факультетінің 2-курсында оқиды.

       Анықтама 3 ай өз күшінде.

 

       2. Осы анықтама Ахатова Назымның Алматы энергетика және байланыс институты электрэнергетика факультетінің 2-курсында оқитынын растайды.

       Анықтама берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды.

 

2.2           Стандарт тілдік бірліктер.

Сөздік

ұтымды жағы – оптимальность

үнемді – экономично

анық – четко

мәтін мазмұнын ашу – раскрыть содержание текста

жиі қолданылуы нәтижесінде – в результате частого использования

қажетті шарт – необходимое условие

аңдатпа – аннотация

тапсырыс – заявка

лауазым – должность

 

2.2.1 Етістіктің ауыспалы осы шағының жасалуын еске түсіре отырып, мына тіркестерді аударыңыз:

Дайын тілдік формула ретінде тануға болады; жемісі ретінде танылады;

нормалану процесіне енеді; топтастыруға болады; қажетті бөлігі ғана толтырылатын сипатта болады; стандарт сөздер қолданылады; шешуші рөлді    

 етістік атқарады.

 

2.2.2 Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

         Стандарт тілдік бірліктерді ақпараттық, қажеттілік сипаты бар коммуникативтік мақсатқа сай қолданылатын дайын тілдік формула ретінде тануға болады. Оның ұтымды жағы:

а) қолданысқа дайын;

б) үнемді;

в) үйреншікті.

Кез-келген стандарт тілдік бірлік іс қағаздар тілінде бір күнде пайда бола қалған жоқ. Олар бірнеше жылдардың жемісі ретінде танылады. Белгілі бір қолданыстар іс қағазының белгілі бір түріне ыңғайлы, анық, ойды дәл жеткізетін т.б. қасиеттеріне қарай жиі қолданылуы нәтижесінде стандарт тілдік бірлікке айналады да, іс қағаздар тілі үшін нормалану процесіне енеді.

Стандарт тілдік бірліктер іс қағаздары тілін барынша анық, дәл түсінуге, мәтін мазмұнын ашуға, тез қабылдауға қажетті шарттардың бірі. Іс қағаздарында жиі қолданылатын стандарт тілдік бірліктерді формасына қарай стандарт сөздер, стандарт сөз тіркестері, стандарт құрылымдар, стандарт  сөйлемдер және стандарт мәтіндер деп топтастыруға болады.

Іс қағаздар тіліндегі стандарт сөздерге ең алдымен іс қағаздарының атаулары жатады: анықтама, аңдатпа, куәлік, бұйрық, жарғы, жарлық, жолдама, заң, ұсыныс, үзінді, хаттама, өкім, өмірбаян, түйіндеме, тізімдеме, қаулы, қарар, ереже, нұсқау, жоспар, пікір, тапсырыс, бағдарлама, өтініш, арыз, төлқұжат, хат, сенімхат, қолхат, түсініктеме, мәлімдеме, мінездеме, сауалнама, хабарлама, хабарландыру, баяндама, акт, шарт, келісім, шешім, келісім т.б.

Іс қағаздарының бірқатары мәтінінің белгілі бөлігі алдын-ала дайындалып, тек қажетті бөлігі ғана толтырылатын сипатта болады. Мұндай құжаттарда негізінен атау тұлғада келетін стандарт сөздер қолданылады. Мысалы: аты-жөні, ұлты, азаматтығы, лауазымы, мекенжайы, қолы т.б.

Бекітілсін, орындалсын, шешілсін, рұқсат етілсін, босатылсын, тағайындалсын, тексерілсін т.б. бұйрық рай тұлғалы стандарт сөздер жеке тұрып та, тіркес түрінде де іс қағаз мәтіндерінде жиі қолданылады.

Стандарт сөз тіркестері іс қағаздарын жазуда дайын стандарт тілдік бірліктер ретінде қолданылады. Етістікті сөз тіркестерінде шешуші рөлді етістік атқарады.

Мысалы, анықтама алу, анықтаманы көрсету, айып төлеу, өтініш жазу, баяндама жасау, кезектен тыс демалыс беру, маман даярлау, жарғы қабылдау, жоспар жасау, жобаны талқылау, заң талаптарын орындау, заң талаптарын жүзеге асыру т.б.

 

2.2.3 Төмендегі құрылымдарды аударыңыз, бұларды дұрыс қолдануға дағдылану үшін әр бөлігіне 1-2 сөйлемнен құраңыз:

Барыс септіктегі сөз + етістік : бұйрыққа қол қою, құжатқа қол қою, жұмысқа қабылдау, дауысқа салу, шартқа қол қою, мәжіліске қатысу, сайлауға түсу, сіздің атыңызға жіберілді т.б.

Жатыс септіктегі сөз + етістік: баяндамада атап көрсету, құжатта көрсетілген, жарғыда көзделген,   ...

Көмектес септіктегі сөз + етістік: бұйрықпен танысу, құжатпен танысу, мақтау қағазымен марапаттау, жеке іс парағымен танысу, ...

Ілік септігі арқылы байланысқан сөз тіркестері: әкесінің аты, куәлік нөмірі, баяндаманың мәтіні, жарғының баптары, жиналыс төрағасы, жұмыс орны, жұмыс берушінің міндеті, мекеменің толық атауы, мекеменің мекенжайы, отбасы жағдайы, үміткердің өмірбаяны т.б.

Байланысты және міндетті сөздерімен тіркесіп жасалған стандарт тіл бірліктері: талаптарға байланысты, денсаулығына байланысты, зейнеткерлікке шығуына байланысты, бала күтіміне байланысты, жүзеге асыруға міндетті, орындауға міндетті, қатысуға міндетті, айып төлеуге міндетті, қамтамасыз етуге міндетті, мерзімінде орындауға міндетті т.б.

Туралы, жайында, жөнінде септеуліктері зат есіммен, заттанған сөздермен, басқа да іс қағаздар тілінде қолданылатын құрылымдармен тіркесіп, белгілі бір іс-әрекет, оқиғаның не жөнінде айтылғанын білдіреді. Бұл септеуліктердің ең жиі қолданылатын жері - өкілеттік құжаттардың мәтіндерінің тақырыпшалары. Мысалы: өзгеріс енгізу туралы, қайта қарау жөнінде, шара қолдану туралы, қорытындысы жөнінде, қайтадан оқуға алу туралы, комиссия құру туралы, жұмыстан босату туралы, кезекті демалыс (кезектен тыс демалыс) беру туралы, ақшалай сыйлық беру туралы, материалдық көмек көрсету туралы, уақытша ауыстыру туралы, штаттық кестеге өзгеріс енгізу туралы, жеке құрам бойынша, оқытушы-профессорлар құрамы бойынша, әкімшілік-басқару қызметкерлері бойынша, оқу-қосалқы қызметкерлер бойынша  т.б.

 

2.2.4 Мына құрылымдарды еске сақтаңыздар. Іс қағаздар тіліне тән негізгі ерекшелік  - құжат мәтінінде қолданылатын сөйлемдердің белгілі бір бөлігінің немесе толық құрылымының стандартқа айналуы. Мысалы:

Айтылған мәселеге байланысты шара қолданып, нәтижесін хабарлауыңызды сұраймын.

Қажетті мәліметтерді жіберуіңізді сұраймын.

Мен үшін қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхатқа менің көзімше қол қойылды.

Мекеме заңды тұлға болып табылады.

Үкімет қаулыларын басшылыққа алады.

 

2.2.5 Тапсырма. Сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз.

Бүгінгі ғылым мен техниканың жетістігі іс қағазының барлық түрлерін дерлік машинамен өңдеуге жағдай туғызып отыр. Қазіргі замандағы іс қағаздарының барынша стандартталуы, бірізденуі (унификация) іс қағаздар мәтінінің ерекше түрін – трафареттік мәтіндерді тудырды. Кез келген мекемеде іс қағаздарын жүргізу барысында трафаретті мәтіндерді қолдану өте тиімді екендігін неше жылғы тәжірибе көрсетіп отыр. Стандарт мәтіндерге бланк, формуляр, кесте, сауалнама сияқты белгілі бір формаға түсірілген құжаттар мен мәтіні трафаретті болып келетін немесе мазмұны қайталанып келетін мәтіннен тұратын іс қағаздарының анықтама, түйіндеме, өмірбаян, сенімхат, қолхат, бұйрық т.б. түрлері жатады.

 

2.3 Стандарт тілдік бірліктердің функционалдық ерекшелігі

Сөздік

сыпайы түрде – в вежливой форме

мәлімет – сведение

қорғауға жіберілсін – допустить к защите

жауапкершілік жүктелсін – ответственность возложить

бақылауға алынсын – взять под контроль

қарастыруыңызды сұраймыз – просим рассмотреть

өтініш, сұрау реңкі – оттенок просьбы

қажетті жағдай – необходимое условие

ақпарат беруіңізді сұраймыз – просим предоставить информацию

тәжірибе алмасу мақсатында – в целях обмена опытом

қаржы тапшылығы – финансовый дефицит

бекітілсін – утвердить

 

 

2.3.1 Ырықсыз етіс: -ыл,-іл,-л,-ын,-ін,-н + бұйрық райдың үшінші жағында қолданылған өкілеттік құжаттардағы  баяндауыштарды қатыстырып, сөйлемдер құраңыздар.

 

Сайлансын, бекітілсін, жарамсыз деп табылсын, іске қосылсын, жол берілмесін, көмек көрсетілсін, қамтамасыз етілсін, өзгеріс енгізілсін, қарауға жіберілсін, қорғауға жіберілсін, рұқсат етілсін, тексерілсін, бақылауға алынсын, жауапкершілік жүктелсін, т.б.

 

2. 3.2  Төмендегі құрылымдарды аударыңыздар, олардың қандай құжаттарда кездесетінін айтып көріңіз.

Қызметтік хаттарда қолданылатын өкілеттік мағынадағы стандарт тілдік бірліктер бұйрық райдың екінші жақ, көбінесе сыпайы түрі арқылы беріледі:

... туралы мәліметтерді хабарлаңыз, ... байланысты ақпарат беріңіз, мына мекенжайға хабарласыңыз, қажетті жағдай жасаңыз т.б. Қызметтік хаттарда адамдар арасындағы байланыстың сыпайы түрде жүзеге асуы үшін  мұндай құрылымдардың өтініш, сұрау реңкі негізгі қызмет атқаратын түрі де қолданылады: бар мүмкіндікті қарастыруыңызды сұраймыз, ... байланысты ақпарат беруіңізді сұраймыз, қажетті жағдай жасауыңызды сұраймыз т.б.

         2.3. 3  Мәтінді оқып, аударыңыз.

Іс қағаздар мәтіндерінде, әсіресе қызметтік хаттарда жиі қолданылатын құрылымдардың бір тобы айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру мақсатында қолданылады да, олардың құрамында мақсатында, байланысты, сәйкес, орай, өкінішке орай, мүмкіншілігі жоқ деген сияқты сөздер қолданылады:

         ... сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп отыр;

         ...мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына байланысты ...

         ... туралы шешімнің қабылдануына байланысты ...

         ... жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты ...

         ... алдын ала қол жеткізген келісімге сәйкес

         Сіздің талабыңызға орай ...

         ... қарамастан әлі де орын алып отыр.

         ... экономикалық жағдайдың қиындығына орай...

Мәселенің шешілмейтіндігін білдіретін құрылымдар:

         ... байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмады.

         өкінішке орай сізге қажетті ақпаратты бере алмаймыз, себебі ...

         мекеменің аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ.

Стандарт тілдік бірліктер іс қағазының жеке түрлерінде де кездеседі. Мәселен, арыз, өтініш, шағым мәтіндерінде: өтінемін, сұраймын, ауысу, рұқсат ету, бөлу, қабылдау, жіберу, босату, жұмысқа қабылдау, материалдық көмек, өтінішті қарау, өтінішті қанағаттандыру.

 

 

 

 

2.3.4 Тапсырма. Төмендегі құрылымдарды пайдалана отырып, бір өтініш жазыңыз.

         Арыз, өтініш жазуға себеп болған жайттарды көрсететін құрылымдар: үй-жайым болмағандықтан, басқа жұмысқа ауысуыма байланысты, денсаулығыма байланысты, ... қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, ... қатысты (туралы) байқау ұйымдастырылуына байланысты т.б.

         Арыз, өтініштің талап-мақсатын көрсететін құрылымдар: жатақханадан орын бөлуіңізді сұраймын, кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын, академиялық демалыс беруіңізді сұраймын, жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын, басқа факультетке ауыстыруыңызды сұраймын, материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын, тұрғын үймен қамтамасыз етуіңізді сұраймын, жер бөлуіңізді сұраймын.

 

2.3.5 Сұрақ-жауаптарды рөлге бөлініп оқыңыздар:

- Мінездеме деген не?

-         Мінездеме дегеніміз – адамның мінезінің ерекшеліктері, жақсы, жағымды  жақтары сипатталатын ресми құжат.

- Қандай жағдайда мінездеме жазылады?

- Мінездеме бір адамның басқа жұмысқа орналасуына керек жағдайда жазылады?

- Мінездемені кім жазады?

- Адамның жұмыс істейтін орнындағы кадр бөлімі жазады.

- Қызметтік мінездеме деген не?

- Қызметтік мінездеме дегеніміз қызметкердің атқаратын жұмыс орнына лайықты, бейімділігі, іс орындауда икемділігі жөнінде баяндайтын ресми құжат.

- Аттестациялық мінездеме деген не?

 -  Аттестациялық мінездеме  - қызметкердің жұмыс істеп жүрген орнында келешекте де істей беруіне мүмкіндік беретін ресми құжат.

 - Мінездеменің қорытындысында не жазылуы керек?

- Мінездеменің қорытындысында «атқарып отырған жұмысына лайықты, сондықтан келесі мерзімде жұмыс істей беруіне болады» деп жазылады.

- Мінездеме неше дана болып жазылуы керек?

- Мінездеме екі дана болып жазылуы керек, себебі біреуі қызметкерге беріледі, екіншісі мекемеде қалдырылады.

- Мінездеме тіркелуі керек пе?

- Иә. Мінездеме ресми құжат ретінде тіркелуі керек.

 

 

2.3.6 Тапсырма. Мінездеме жазуда жиі қолданылатын стандарт тілдік бірліктерді пайдалана отырып, бір адамға мінездеме жазыңыз: ұлт, отбасы, лауазым, қызмет, азамат, білім, жоғары білімді, орта білімді, аяқталмаған жоғары білімді, тәжірибелі, тәжірибелі маман, өз ісін жетік білетін маман, беделді, үлгілі, әріптестері арасында сыйлы, қызметке жоғарылату, аспирантураға түсу, оқыды, бітірді, меңгерді, аяқтады, жұмыс істеді, берілді, өтті, үйленген, үйленбеген, тұрмыс құрмаған, тұрмыста, атқарып отырған қызметіне лайық, қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық т.б.

 

 

2.3.7 «Техникалық сипаттама» тақырыбына арналған сұрақ-жауаптармен танысыңыздар, рөлге бөліп оқыңыздар.

- Техникалық сипаттама деген не?

- Техникалық сипаттама дегеніміз агрегат, машина, станоктардың қысқаша немесе кеңінен берілген сипаттамасы.

- Инженер техникада қолданылатын агрегаттарға, машиналарға, станоктарға техникалық сипаттама беруге үйренуі керек пе?

- Иә. Инженер техникалық сипаттама беруге үйренуі керек.

- Инженер не үшін техникалық сипаттамаларды білуі керек?

- Қолданылатын техниканың күш-қуатын ұтымды пайдалану үшін инженер техникалық сипаттаманы білуі керек.

 

2.3.8 Төменде берілген техникалық сипаттамалармен танысыңыздар. Өзіңіздің мамандығыңыз бойынша бір құрылғыға техникалық сипаттама жазыңыз.

 

1) Алматы – Бішкек ауа желісінің техникалық сипаттамасы

Кернеу                                                      500 кВ

Желінің аты                                              Алматы – Бішкек

Ұзындығы, км                                          300

Аралықтың орташа ұзындығы, м            300

Фазаның құрылмасы                                3хАС330/43 шеткі

                                                                  3хАС400/51 ортаңғы

Арқансым                                                 2хТК11,0

Оқшаулағыш                                            1х28 ПС120Б

                                                                  1х25 ПС160В

                                                                  1х24 ПС 120 Б   

Аралық тіректер түрі                               ПБ 500-5Н

                                                                  ПБ-4

                                                                  ПБ-4У

Анкерлік бұрыштың тіректері                 У-2

                                                                  УХ-2у

Климат жағдайлары                                 С=10,15,20 мм

                                                                  Y= 30,35,39 м/с                                       

 

 

2) АКП-8 (АКБ-8) агрегаттарының техникалық сипаттамасы

Өнімділігі, дана/ауысымына                                               30

Теспенің (отверстие) диаметрі, мм                                    42

Теспенің тереңдігі, мм                                                         2200

Арбаның жүк көтергіші, кг                                                 400

Ең жоғары жүру жылдамдығы, км/сағ                               15

Манипулятордың бұрылу бұрышы, град.                       – 45...0...+45

Салмағы                                                                                 17000

Басқарушылар саны, адам                                                    1

 

                                                                          

2.4  Ресми іс қағаздар тіліндегі фразеологиялық бірліктер

Сөздік

ұйытқы сөздер – ключевые слова

кеңесті – советовались

іс жүзінде – в действительности, действительно

қарсылық білдіру – оказать сопротивление

қылмысты іс -  уголовное дело

кедергі жасады – помешал

даусыз, айқын – бесспорно

көздеген мақсат – намеченная цель

 

 

2.4.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Іс қағаздар тілінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктердің ауқымды бір тобы – фразеологизмдер.

         Жалпы фразеологизмдер ішінде кейбір сөздер семантикалық жағынан ерекшеленіп, фразеологизмдер жасауда түп қазық қызметін атқарады. Мұндай сөздер ғылыми еңбектерде «ұйытқы сөз» деп аталып жүр. Қазақ тілінде тіл, жүрек, көз, ауыз, ақ, қара, қол, бас, тас, ит, жер, бір, жеті т.б. сөздері ұйытқы сөздер болып табылады.

         Ресми іс қағаздар тілінде қолданылатын фразеологизмдердегі ұйытқы сөздерге іс, бас, бет, бір, есеп, көз, сөз, қол, орын т.б. жатады. Мысалы, ІС:

Іс жүзінде – шын мәнінде; іске алғысыз – жарамсыз; іске араласты – жұмыс, қызмет істеді; іске қосты – жұмыс, қызмет істетті; іске мұрындық болды – жұмысқа бастаушы болды; істі жапты – қылмысты істі тексеруді тоқтатты; істің көзін тапты – жұмыстың орындалу тетігін, жүйесін тауып істеді. БАС:

Бас қосты – жиналды, кеңесті; бас тарту – қарсылық білдіру; басы ашық – даусыз, айқын; басымен жауап беру - өз мойнымен көтеру т.б. ЕСЕП: есебі жоқ – көп, мол; есеп айырды – бөлінді, есептесті; есеп берді – істелген іс жайлы қорытынды жасады; есеп алды – істелген істің нәтижесін сұрады т.б.

КӨЗ: көз бояды - өтірік айтты; көзге басылды – бірден, анық көрінді; көзге түсті – көрініп қалды; көз жазбады – жібермеді, бақылап отырды; көзін жеткізді – шындық екенін анықтады; көзін тапты – істің орайын, ретін келтіріп істеді, қалай істейтін жолын тапты т.б. ҚОЛ: қол астында – қарамағында, билігінде; қол байлады – кедергі жасады, бөгет болды; қолға алды – мәселені шешуге кірісті; қол қойды – келісті, мақұлдады; қол жетті – көздеген мақсаты орындалды, айтқаны болды т.б.

 

2.4.2  Тапсырма. Ресми іс қағаздар тілінде қолданылатын фразеологизмдердің мағынасын ашып, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз:

Басы ашық – даусыз, айқын;

Бас қосты –

Көз жазбады –

Іс тындырды –

Қол астында –

Есеп берді –

Қол қойды –

Қол астында –

Іске қосты –

Дауыс беру –

 

 

3 Сөз сазы, яғни сөзді дұрыс айту заңдылықтары  (Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары)

 

3.1 Сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыздар.

Сөз сазы дегеніміз – сөйлеу үстінде сөздердің дұрыс айтылып, құлаққа жағымды естілуі. Ал сөздерді дұрыс айту дегеніміз тілдің табиғи заңдылықтарын сақтау болып табылады.

Қазақ тілінің, өзге де ұлттық әдеби тілдер сияқты, екшеліп, тұрақталған, жалпыға ортақ тұрақталған ортақ заңдылықтары, яғни нормалары бар. Ол заңдылықтардың бір бөлегі сөздерді дұрыс таңдап, орнымен жұмсауға қатысты болып келеді, оны лексикалық нормалар деп атаймыз, енді бір саласы сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдерді құрастыра білуге қатысты болып келеді, оны грамматикалық нормалар дейміз. Дұрыс жазу заңдылықтарын орфографиялық нормалар, ал дұрыс айту (дыбыстау) заңдылықтарын орфоэпиялық нормалар деп атаймыз.

Қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасын құрайтын, қазақ тілінің ауызша жүйесі болып табылатын, жазба тілді ауызша сөзге айналдыратын мынадай ортақ заңдылықтар бар. Ол заңдылықтар алдымен жеке сөздерге қатысты мынадай қағидалар.

Біріншіден, қазақ тілі ауызша жүйесінің үлкен құрсауы – үндесім заңы (сингармонизм заңы). Ол тілдегі дауысты дыбыстардың бір-бірімен үйлесіп, үндесіп, ыңғайласып айтылуы. Үндесім заңының екі жағы бар:

а) бір сөз бойындағы дыбыстардың бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылатын тіл үндесімі. Түбір сөзге жалғанған қосымшалар да сәйкес жалғанады. Мысалы, мамандық-қа, топ-тар, көше-лер-де т.б.;

б)бірінші буындағы ерін дауыстылардың әсерінен (о,ө,ұ,ү) екінші, үшінші буындағы езуліктердің (ы,і,е) еріндікке айналып, ұқсап, жуықтап айтылуы ерін үндесімі деп аталады. Қазақ тіліндегі ерін үндесімі 2-3 буынға дейін сақталады.

 

3.1.1 Тапсырма. Тіл үндесімінен ауытқитын сөздердің айтылу нормасын сақтап, жаттығып көріңіздер:

Жазылуы                                          Айтылуы  

пәтуа                                                пәтуә

рәсуа                                                рәсуә

шайға                                               шәйғә

жайлау                                             жәйләу

шайқор                                             шәйқор

кітапхана                                         кітәпқана

тарихи                                              тарійхій

рухани                                              рұуханій

 

 

3.1.2 Тапсырма. Мына сөздерді айтылу нормасына сай жаттығып көріңіздер:

төменде – төмөнде

 құбылыс – құбұлұс

 дөңгелек – дөңгөлөк

 қуат – құуат

 құрылыс – құрұлұс

құрылым – құрұлұм

 

         3. 2  Ықшамдау құбылысы

 Қазақ тілінде құрама сөз (біріккен сөз, қос сөз, күрделі сөз), сөз аралығында қатар келген екі дауыстының алдыңғысын (көбінесе қысаң дауыстылар) түсіріп айту – заңды құбылыс. Сөздің түбірін қысқартып жазу қалай дұрыс болмаса, сөз аралығындағы екі дауыстыны қатар айту да сондай дөрекі қатеге жатады.

3.2.1 Тапсырма. Мына сөздерді айтып жаттығыңыздар:

                    не айтты? – н әйтты?

                    Не алдың? – н алдың?

                   өте ерте - өт ерте

                   жеті ағайынды – жет ағайынды

                   сарыағаш – сар ағаш

Ықшамдалып айтудың екінші түрі  - сөз ішіндегі қысаң ы,і дыбыстарының көмескі айтылуы және мүлде сусып, түсіп қалуы.

 Соңғы бітеу буындағы қысаң дауысты тәуелдік жалғау мен жұрнақ жалғанғанда түсіп қалады: ерік – еркі, мүлүк – мүлкү, халық – халқы, нарық – нарқы, қалып – қалпы, ырқ – ырқы, ерін – ернеу, қорық – қорқақ т.б. (сөздер орфоэпиясы бойынша жазылған).

Бұл редукция жазуда да белгіленеді, өйткені жаппай құбылыс емес. Мысалы: салық – салығы (салқы емес), балық – балығы (балқы емес), көрік (ұстаның) – көрігі (көркі емес) сияқты сөздерде екінші буындағы ы,і-лерді ықшамдап айту мүмкін емес.

 

3.2.2 Қосар дыбыс таңбасын беретін и дыбысын дұрыс айтуға дағдыланыңыз.Өздеріңіз бірнеше мысал ойлаңыз.

 

Әліпбидегі и әрпі ый, ій дыбыс тіркесін береді. Тек тый, сый сөздері мен осы түбірдің туынды сөздері ғана ый әрпімен жазылады: сыйлық, тыйым. Қалған жағдайда и әрпі сөз құрамындағы басқа дауыстылардың ырқымен жуан, жіңішке болып оқылады: қиын – қыйын, жиын – жыйын, тиімділік – тійімділік, мирас – мыйрас. Мұнда көп қиындық жоқ. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың жеке тұрғандағы қалпы жуан дыбысталады: мы, ыр, сы, ты, ды, шы. Сондықтан ми – мый, мидай – мыйдай, сипат – сыйпат.

 

         3.2.3 Үйлесім заңдылығы немесе дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етуін ескеріп, мына сөздерді орфоэпиялық нормасына сай айтып, жаттығып көріңіздер:

                   көп жасау – көб жасау

                   көп деңгейлі – көбдеңгейлі

                   қазақ елі – қазағ елі

                   сұйық зат – сұйұғ зат

                    газ жолы – гажжолы

                    мұзжарғыш – мұжжарғыш

                    сан мыңдаған – сам мыңдаған

                    үшбұрыш – үшпұрұш

                    жазсын – жассын

                    тас жол – ташшол

                    үш жүз – үшшүз

                    саясатшы – сайасатшы

Сонымен, қазақ тілінің ауызша сөйлеу жүйесінде негізгі-негізгі деген осындай айтылу заңдылықтары бар. Дұрыс сөйлемеу берілген мәтін мазмұнын игеруді баяулатады. Ақпарат дұрыс қабылданғанда ғана коммуникация жылдам әрі сапалы жүреді.

 

3.3 Мәтіндердің айтылым үлгілері

Сөздік

айтарлықтай айырмашылық – существенная разница

тірек сөздер – опорные слова

бастарын қосып жинаған ғалымдар – собранные ученые

бірнеше ғасырлар бойы – в течении многих веков

негізгі оқулығы болып келді – считался основным учебником

кідіріс – пауза

айтылым – говорение

 

3.3.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

 

Ғылыми мәтін оқылғанда дауыста ойнақылық, эмоциялылық байқалмаған дұрыс. Сонымен бірге жалпы алғанда орташа немесе баяу қарқында, абзацтары мен сөйлемдері арасында орташа немесе көлемді кідірістер жасалып оқылуы керек. Дауыс әуезі бірқалыпты келіп, әуен мен дауыс қаттылығы арасында айтарлықтай айырмашылық болмауы керек. Терминдік мағынадағы тірек сөздер мәтіннің айтылымының өн бойында ой екпіні арқылы ерекшеленуі керек.

 

3.3.2 Мәтінді дұрыс оқып жаттығыңыз.

 

Шын мәніндегі алгебраның тууы

Сегіз жүз жиырмасыншы жылы халиф Мамұн өзінің сарайына бастарын қосып жинаған ғалымдардың ішіндегі ең көрнектісі орта азиялық математик және астроном Мұхаммед Хорезми болды.

Сол кездегі математика саласынан жасалған еңбектердің ең маңыздысы М.Хорезмидің «Әлджебр және әлмукабаланы есептеу туралы қысқаша кітап» атты шығармасы. Оның бұл еңбегін латын тіліне аударғанда ғалымның «әл-ховарезм» деген сөзі «алгорифм» немесе «алгоритм» деген сөзге айналып кеткен.  М.Хорезмидің бұл шығармасы араб тілінен латын тіліне аударылып, бірнеше ғасырлар бойы Батыс Европада алгебраның негізгі оқулығы болып келді. 

 

3.3.3 Ісқағаз стиліндегі мәтін.

Сөздік

құқықтары мен міндеттері – права и обязанности

әуеннің бірте-бірте өзгеруі – постепенное изменение

ұстамды дауыс сазы – сдержанный лад голоса

ауытқу сирек болады – редко происходит отклонение

бір шаралар ұйымдастыру – организация каких-то мер

орта немесе баяу қарқын – средний или медленный темп

ерекшеленіп тұрады – выделяется

эстетикалық талғамын тәрбиелеу емес – не воспитание эстетического вкуса

тән болады – характерно, свойственно

көтермелеу сыйлықтары – поощрительные призы

 

 

  3.3.3.1 Оқып, аударыңыз.

Бұл стильдегі мәтіндер қалыпты үлгі бойынша құрылып, одан ауытқу сирек болады. Мәтіннің құрылымына қарай әр түрлі бөліктері (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және т.с.) тиісті интонациялық әуенмен оқылады да, дауыс әуезінде құбылғыштық, әсерлілік өте сирек байқалады. Себебі ісқағаз стиліндегі мәтіндердің басты мақсаты – адресаттың көңіл-күйіне әсер ету, оның эстетикалық талғамын тәрбиелеу емес, ақпарат жеткізіп, сол арқылы бір шаралар ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатына қарай оның интонациясы да ерекшеленіп тұрады. Сонымен, ресми қатынастағы ісқағаз стиліндегі мәтіндердің интонациясына негізінен бірқалыптылық, әуеннің бірте-бірте өзгеруі, ұстамды дауыс сазы, орта немесе баяу қарқын тән болады. Ой екпіні түскен бұйрық, ұйғарым секілді тірек сөздер ерекшеленіп тұрады.

 

3.3.3.2 Мәтінді дұрыс оқып жаттығыңыз, аударыңыз.

 

Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңы.

                   Жалпы ережелер. 2-тарау.

5-бап. Ғылыми қызметкердің құқықтары мен міндеттері (үзінді)

 

Ғылыми қызметкердің :

а) өзінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің авторы деп танылуына және өнертабыс пен санаткерлік қызметтің басқа да нәтижелеріне өтінім беруіне, сондай-ақ санаткерлік меншігін қорғауға;

б) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзі авторы болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін іске асырудан түскен табыстарды алуға;

в) өзінің шығармашылық үлесіне сәйкес сыйақылар, көтермелеу сыйлықтары мен жеңілдіктер алуға;

... Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.

 

 

Тақырып 4. Ауызша тіл дағдыларын жетілдіру

4.1 Сөйлеу техникасы

Сөздік

санамалау әдісі – способ перечисления

дауысты (дауыссыз) дыбыс – гласный (согласный) звук

саналы (бейсана) – сознательно (бессознательно)

жаңылтпаш – скороговорка

мейлінше табиғи естілетіндей етіп – чтобы слышимость была наиболее естественной

жағымды – приятно

 

Сөйлеу техникасы үш компоненттен құралады: 1) дыбыстау (дикция);

2)тыныстау; 3) дауыстау.

Дыбыстау (дикция). Дұрыс дыбыстау дегеніміз әрбір дауысты және дауыссыз дыбыстарды таза әрі анық естілетіндей етіп нық айту.

         Тыныстау. Тыныстау әдетте автоматты, бейсана түрде жүзеге асады. Ал қандайда бір дыбыстау (сөйлеу, ән айту) кезінде ол саналы түрде орындалады. Сөйлеу кезіндегі тыныстауды фонациялық тыныстау деп атайды.

         Сонымен, дұрыс фонациялық тыныстауда денені тік қалыпта ұстап, иықты сәл артқа керіп, ішті тартыңқырап, мойын бұлшық еттерін бос ұстауды, сондай-ақ ауаны өкпеге мұрын арқылы алып, сыртқа ауызбен шығаруды есте ұстаған жөн.

         Дауыстау (голосоведение). Дұрыс дауыстау дегеніміз сөйлеу барысындағы дауыс ағымын мейлінше табиғи естілетіндей етіп, оның физикалық сипатын (дауыс көлемі, күші, қаттылығын) әр түрлі сөйлеу мақсатына қарай түрлендіре алу. Дауыстаудың құлаққа жағымды әрі әсерлі болуы оның диапазоны, регистрі мен икемділігіне (гибкость) байланысты.

         Дауыс диапазоны қарапайым түсінік бойынша әуеннің кеңдігін білдіреді.

 

         4.1.1 Қазақ тіліндегі 9 дауысты дыбысты 19 дауыссыздың барлығымен үлгі бойынша тіркестіріп дауыстыны созбай, санамалау әдісімен айтып шығыңыз:

А, Ә, О, Ө, Ы, І, Ұ, Ү, Е.

Б, Г, Ғ, Д, Ж, З, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, У, Ш.

Үлгі: БА, БӘ, БО, БӨ, БЫ, БІ, БҰ, БҮ, БЕ.

 

4.1.2 Тапсырма. Төменде берілген жаңылтпашты тез, әрі анық айтуға жаттығыңыз. Өздеріңіз білетін жаңылтпаштарыңызды еске түсіріңіз:

    Тары – азық, қазы – азық,

Нан – азыққа қазық.

4.1.3 Тапсырма. Ауаны ішке алып, берілген буындарды бір сарынмен әндетіп, екінші рет қайталағанда, дауысты сәл  (жарты тонға) жоғарылатып айтып шығыңыз. Осылай әр қайталағанда дауысты жарты тонға жоғарылата отырып, 6 рет жаттығыңыз.

МІМ, МӘМ, МҮМ, МӨМ.

МІМ, МЕМ, МӘМ, МҮМ, МӨМ.

МІМ, МЕМ, МӘМ, МҮМ, МӨМ, МЫМ, МҰМ, МОМ, МАМ.

 

4.2 Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

Сөздік

тыңдаушы – слушатель

мінбе – трибуна

ұстамды болу – быть сдержанным

тілдік амал-тәсілдер – языковые средства

ескеруі керек – должен учитывать

батылдық – смелость

сенімділік – уверенность

әсерлі, қызықты (сөз)– воздействующая, интересная (речь)

қобалжу – волноваться

  

4.2.1 Тиіс, керек, қажет, жөн модаль сөздерін қатыстырып бірнеше сөйлем ойлаңыз.

 

 4.2.2 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Монолог – бір кісінің сөзі. Онда белгілі бір тақырыпты айтып беру мақсаты көзделеді, адамның ойы, пікірі, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғанысы , саяси, ғылыми көзқарасы, дүниетанымы – бәрі анық байқалады. Белгілі тақырыпқа көпшілік алдында жасалған лекция, баяндамалар да монологқа жатады. Монолог күрделі ойға құрылады, әдеби сөйлеу үлгісіне жатады. 

Жұрт алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. Тыңдаушылар алдында өзін-өзі ұстай алмаған адамның сөзі де өтімді болмайды. Сондықтан мінбеде ұстамды болу, қобалжымау, сасқалақтамау – сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі.

Аудиторияда ұстамдылықтың қамы – ерте бастан жүргізілетін даярлық. Даярлықсыз сөйлеген кісіде батылдық, өзіне сенім болмайды. Сөйлеуге алдын-ала дайындалған кісі, не айтатынын, қалай айтатынын, тілдік амал-тәсілдерді қалай пайдаланатынын жоспарлап алған адам ғана өзін-өзі еркін ұстап, тыңдаушыларын өзіне тарта алады.

Жұрт алдында сөйлейтін адамдар мына қағидаларды ескеруі керек:

         1.Тыңдаушылар жақсы білетін нәрселерді тәптіштеп айтудың қажеті жоқ.

2.Білгішсініп, мақтана сөйлегендерді де тыңдаушылар ұната қоймайды.

3. Сөйлеген сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын.

4. Сөздің мағынасына, сөйлем мазмұнына үйлесімді ырғақ тауып, қолдың, бет-ауыздың  қимылдарын қатыстыруға болады.

5. Екі көзін қағаздан алмай оқып беретін сөйлеуші мен тыңдаушылар арасында байланыс болмайды, байланыс болмаған соң айтылған сөз айдалаға атылған оқпен бірдей болады.

6. Айтайын деген ойды әбден ығыр болған , үйреншікті сөздерден бастамаған дұрыс. Шаблон – барлық өнердің, әсіресе сөз өнерінің жауы. Ойды әдеби тілге тән сөздермен әсерлі, қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет.

7.Айтылған сөз қысқа әрі тұжырымды болуы керек. Сөйлемдер ықшамды, ұғынуға оңай, қолданған сөздер жұртқа таныс әрі мазмұнды болуы керек. «Аз сөз -  алтын, көп сөз – көмір» дегендей, аз сөзбен көп нәрсені айтуға тырысу керек.

8. «Жүйелі сөз жөнін табады» дегендей, сөйлейтін сөз жүйелі болмаса, онда ешқандай береке болмайды. Жүйелі сөз белгілі мазмұнға, өзара тығыз байланысты желіге құрылады.

 

4.2.3  Мәтіндегі мақалдарды көшіріп жазып, мағыналарын түсіндіріңіз.

 

4.2.4  Мына жиналыста сөйленген сөзді оқып, сөйлеушінің сөйлеу мәдениетіне баға беріңіздер.

 

«Менің әйелім бұрын үндемейтін, енді мәселені қабырғасынан қояды. Мәселенің бұлай қойылуы, әрине, әйелдер мәселесінің алға кеткенін көрсетеді. ... Міне, мәселенің түйіні қайда жатыр! Ал, енді айтайын дегенім әйелдердің өндірістегі мәселесі...»

 

4.3 Диалог.

Жер туралы заң жобасын талқылайық

(дөңгелек үстел)

 Мына сөздерді меңгеріңіз:

Талқылау - обсуждение

Кезекті отырыс – очередное заседание

Жеке меншік – частная собственность

Түзету – поправка, исправление

Пайдалану құқығы – право использования

Алыпсатарлық – спекуляция

Ұжымдық – коллективный

Балама – альтернатива, эквивалент

Мерзім – срок

Енгізу – включить

Толықтырулар мен өзгерістер – дополнения и изменения

Дағдарыс – кризис

 

4.3.1  Мәтінді рөлдермен оқыңыз

Төраға: Бүгінгі отырысымызда «Жер туралы» заң жобасын талқылаймыз.

-                     Депутат Б. ...............  Жерді 99 жылға жалға беру туралы бапты өзгерту керек. Меніңше, бұл өте ұзақ мерзім, оны қысқартқан дұрыс.

-                     Депутат С. ................. Жобадағы «субаренда» дегенді алып тастау керек. Бұл алыпсатарлыққа алып келеді.

-                     Депутат С.  ................  Жер тек мемлекет меншігінде болуы керек. Ұжымдық шаруашылықты ендіру керек.

-                     Депутат В.................. Жобада жарамсыз жерді сатуға болады делінген. Бұл тұжырыммен келісе алмаймыз. Жарамсыз жердің астында байлық көп. Мысалы, Арал теңізінің  құрғап қалған бөлігі – 2 млн. га жер.  Жері егін егуге, мал бағуға жарамайды, бірақ сатуға болмайды.

-                     Депутат О.   ................. Меніңше, негізгі проблема жердің экологиялық дағдарысында. Мысалы, Семей полигонындағы   2 млн. га жер радиоактивті қалдықтармен бүлінген, оны пайдалану өте қауіпті. Ал 4,8 млн га жарамсыз жер Байқоңырда. Барлығы 180 млн. га жер жарамсыз.Жер – біздің анамыз. «Жері азғанның елі азады, елі азғанның ері азады» дейді халық. Сондықтан жерді экологиялық дағдарыстан құтқару керек.

-                     Депутат Д. .................... Жерді пайдалануға болады, бірақ сатуға болмайды. Жер туралы заң біздің саяси талаптарымызға жауап беру керек. Жер мемлекеттік меншікте болуы керек.

-                      

4.3.2  Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

 

4.3.3  Мәтіннен мақалды тауып жазып, мағынасын түсіндіріңіз.

 

4.3.4 Сізге қай депутаттың сөзі ұнады? Неліктен? Ойыңызды

дәлелдеңіз.

 

4.3.5 Салыстырыңыз, жазыңыз. Ол үшін Қазақстан Республикасының

«Жер туралы заңын»  пайдаланыңыз.

         Израильде:                                                   Қазақстанда:

         - Жер негізінен мемлекет                                                                                                                                                                         

 меншігінде                                                                              

          - Тек Израиль азаматтығын алғандар       

 жерді жалға алуға құқылы

- Қазір барлық жердің 5 пайызы

ғана жеке меншікте

- Еврей жері – барлық еврей

халқының байлығы

- Жер 49 жылға жалға беріледі

- Жалға берілген жер қатаң

бақылауда болады.

 

4.3.6 Берілген цитатаны жаттап алыңыз:

«Жер мәселесі – негізгі өмір мәселесінің ең зоры. Жер ісін ақылмен, сабырмен шешкен дұрыс».

                                                (Ә.Бөкейханов).

5 Тілдік қарым-қатынастың этикасы мен психологиясы

 

Этика (грек тілінде ethos - әдет-ғұрып) – мораль, өнеге туралы ілім.

Этика терминін тұңғыш рет Аристотель адамдар дұрыс, өнегелі іс істеуі үшін не істеуі қажет деген сұраққа  жауап беретін практикалық философияны атау үшін қолданды.

Этикет (француз тілінде Etiquette) – мінез-құлықтың қалыптасқан тәртібі.

 

5.1 Сөйлеу этикеті

Сөздік

тәрбиелі – воспитанный

ұрлап кетіпті – украл

жымқыратын әдеті бар екен – имел привычку красть

ізетті кісілер – воспитанные люди

мылжың – болтливый

шындыққа жанаспайды – неправдоподобно

сыпайы – вежливо

 

5.1.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Мәдениетті, тәрбиелі кісілер барынша сыпайы сөйлеуге тырысады дедік. Оған бір мысал. Көрші екі әйелдің біреуінің баласы оны-мұны жымқыратын әдеті бар екен. Сол бала көрші әйелдің пышағын ұрлап кетіпті. Оны байқап қалған әйел баланың шешесіне «сенің балаң ұры екен» деп айтуды сөкет көріп, «Сіздің балаңыздың қолының сұғанақтығы бар екен, бүгін біздің үйдің пышағын алып кетті», - деп хабарлаған. Бұлай астарлап, сыпайылап сөйлеуді тіл білімінде эвфемизм дейді. Эвфемизм, әсіресе дипломаттар, ізетті кісілер сөзінде көп ұшырайды. Олар «айтып отырғаныңыз өтірік» дегенді ерсі көріп, «сөзіңіз онша шындыққа жанаспайды» деп, «әйеліңіз  мылжың адам екен «деуді ерсі көріп, «Сіздің нақсүйеріңіз сөзуар адам екен» дегендей етіп айтуға тырысады. Дәл осылай майда тілді болмасаң да, өзара ізетпен сыпайы сөйлесуге тырыс!

 

         5.1.2 Егер сіз бір мекемеде бастық болсаңыз, өзіңізден жасы кіші қызметкерлеріңізге қалай сөйлер едіңіз («Сен» немесе «Сіз»)? Бастық және қызметкер рөлінде сөйлесіп көріңіздер.

 

5.1.3  Етістіктің шартты райының жасалуын еске түсіріңіз.Мына етістіктерді шартты райға қойып жіктеңіз.

Алу, ретке келтіру, сөйлеу, жабу, қайталау, қайталап сұрау.

 

5.1.4 Мына мәтінді түсініп оқыңыз, қажет болса, сөздікті пайдаланыңыз.

Деловой телефон

Есть ряд правил, следуя которым вы сможете использовать телефон наилучшим образом. Так, если отрегулировать звонок телефонного аппарата, стоящего в общей комнате, на самую слабую громкость, если снимать   телефонную трубку после первого звонка, если говорить в телефонную трубку тихим спокойным голосом, а в случае если абонент плохо вас слышит, прикрыть трубку рукой, если не повторяться, не переспрашивать, то помехи от телефонных разговоров для всех работающих будут существенно меньше. Важное требование к телефонным разговорам  - краткость. И уж, конечно, не следует вести по служебному аппарату долгих личных разговоров. Не говорите в трубку долго и не молчите долго.

 

5.1.5  Тапсырма. Мәтінді аударыңыз. Берілген нұсқаның қайсысын дұрыс деп санайсыз, сөйлеу этикеті тұрғысынан ойыңызды дәлелдеңіз. Өзара рөлге бөлініп, телефонмен сөйлескендей сөйлесіңіздер.

 

Вы набрали номер учреждения и услышали на другом конце линии: «Алло». Приведем несколько встречающихся вариантов начала разговора:

1) « Это кто говорит?»; 2) « Мне Петрова»; 3) «Здравствуйте, попросите,  пожалуйста, Елену Владимировну»; 4) «Мне Петрова, пожалуйста»;

 

5.1.6  Тапсырма. Рөлдік жағдаяттарды ойнаңыздар. Қатысушылардың сөйлеу этикеті ережелерін, ым, дене қимылы, интонацияны қалай пайдаланғанына назар аударыңыздар:

а) сіз – бірінші курс студентісіз. Сіздің  ректорға, деканға, кафедра меңгерушісіне, оқытушыға, жолдасыңызға өтініш жасауыңыз қажет;

б) сіз -  ұйымның кәсіподақ комитетінің төрағасысыз. Сізге ескі досыңыз, әке-шешеңіздің ескі танысы, бейтаныс ер (әйел) адам, бейтаныс жігіт (қыз), техникалық қызметкер келді дедік. Оларды қабылдаңыз;

в) сіз – коммерциялық құрылымның жетекшісісіз. Сіздің фирмаңызда бос жұмыс орны бар. Сізге осы орыннан үміткер 3-4 адаммен сұхбаттасуыңыз керек. Олар хабарландыру бойынша келген.

 

5.1.7 Мынадай қоқырсық (паразит) сөздерді өзіңіз немесе достарыңыз қолдана ма? Бақылап көріңіз.

«Ол кеше нені нетіп келді», «ңЖазушы Майлин, жаңағы, әйел теңдігін жырлады», «Олар, жаңағы, енді, тап тартысын, жаңағы, күшейтті».

Осындай «нені», «нетіп», «жаңағы», «мысалы», «иә», «яки», «сонымен», «ал енді», «тағы», «тегі» тәрізді бұралқы сөздерді жиі қолданатын кісілердің сөзі құлаққа жағымсыз тиетінін ескеріп, оларды қолданбауға тырысыңыз.

 

5.2 Жазба тіл этикасы

Сөздік

іскерлік хат жазысу – деловая переписка

көлем – объем

түсініксіз сөздер – непонятные слова

«түрлі-түсті» - «цветастый»

ұнату – нравиться

 артықтьғы жоқ – не лишне

 көңіл айту -  соболезнование

назар – внимание

әлуетті – потенциальный

 

5.2.1 Жөн, тиіс, керек, қажет модаль сөздерімен тіркес жасап, олардың мағынасын ашыңыз.

 

5.2.2 Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Іскерлік хат жазысу – іскерлік этикеттің маңызды бөлігі боп табылады. Іскерлік хаттарды жазудың жалпы ережелері болады, бірақ қажет жерінде ол хат жазушының творчестволық қабілетіне де байланысты болады.

         Хатқа қойылатын басты талаптардың бірі – оның ұзақ болмауы. Жіберген хатыңызды оқысын десеңіз, оның көлемін 1 – 1,5 беттен асырмаңыз.екінші талап – хаттың анық және айқын жазылуы. Іскерлік хатта түсініксіз  сөздерді қолданбау – оған қойылатын үшінші талап. Сол сияқты іскерлік хаттарда стильді тым «түрлі-түсті» етіп жіберетін басы артық сын есімдер қолданылмағаны жөн.

         Осылайша стандартты түрде жазылатынына қарамастан, адресант үшін оны творчестволықпен жазуына мол мүмкіндік бар. Ол үшін адресаттың нені ұнататынын, немен айналысатынын біліп алудың артықтығы жоқ. Орнымен әзілді де қосып жіберуге болады, әдетте мұндай хаттар тез оқылады әрі есте ұзақ сақталады.

         Іскерлік хат жазысу түрлері:

- сауда-саттыққа байланысты келісімдер ;

- алғыс хаттар:

- құттықтаулар;

- кешірім сұрау;

- талаптар;

- көңіл айту.

Іскерлік хат жазысуда қолданылатын тәсілдер көп, біз неғұрлым

жиі кездесетін жалпы мәселелерді бөліп көрейік:

Әлуетті клиентке не қажет?

Негізгі мазалайтын ойлары қандай болуы мүмкін?

Оны қандай жағдайлар күмәндандырады?

Қаржы мәселесін қалай шешкісі келеді?

Оны қазіргі уақытқа дейін мазалайтын проблемалары болды ма екен?

Оның мақсаттары қандай? 

         Тағы бір ескеретін нәрсе: хат мәтіні мына сұлба бойынша түзілуі керек: назар – қызығушылық - өтініш – іс-әрекет.

Назар аудару:                     Қадірлі           ------------------------------------

                                Мен сізге бір өте маңызды нәрсе жайлы хабарлағым келеді

 

Қызығушылық:     Біз Сізге Сіздің өміріңізді түпкілікті өзгертетін нәрсені                                                                                                                                                                     

                                ұсынамыз.

Өтініш:                   Бізге осы игілікті, патриоттық іске өз үлесін қосуға даяр              

                                 адамдардың көмегі қажет.

 

Іс-әрекет:              Біз сіздерді мыңдаған мейірімді адамдар қатарына        

                               қосылуға шақырамыз.

5.2.3 Етістіктің қалау райының жасалуын еске түсіріп, мәтіннен қалау райдағы тіркестерді көшіріп жазыңыздар да, мәтіндегіден өзгеше сөйлемдер құраңыздар.

 

5.3 Ауызша сөйлеу тілі этикасы

Сөздік

кәсіпкер – предприниматель

ереже – правило

кәсіби білім – профессиональное знание

ең маңызды дыбыс – самый важный звук

өзін ұстай білуі – самообладание

әр түрлі жағдаят – различная ситуация

эмоцияны тежеу – сдерживать эмоцию

қалыптасқан тәртіп – установленный порядок

мінез-құлық – поведение

 

5.3.1 Мәтінді түсініп оқыңыз.

Іскерлік этикетті білу кәсіпкер үшін өте маңызды. Бұл жөнінде 1936 ж. Дейл Карнеги былай деп жазған: «Адамдардың қаржы мәселесі бойынша істерінің табысты болуының тек 15 проценті оның кәсіби біліміне байланысты болады да, 85 проценті оның адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алуына байланысты болады».

         Карнеги адамдарға әсер етудің алты ережесін ұсынады:

1.                Басқа адамдарға көңіл бөліңіз. Сир: «Басқа адамдар бізді білгісі келгенде, біз оларды білгіміз келеді» деп жазған.

2.                Күлімсіреңіз. Қытайлар: «Адам күлімсіремей тұрып дүкенін ашпауы керек», -  дейді.

3.                Адам үшін оның өз аты -  ең маңызды дыбыс,  сондықтан әр адамды аты-жөнімен атаңыз.

4.                Сабырлы  тыңдаушы болыңыз.

5.                Тыңдаушыңызды қызықтыратын мәселелер жөнінде сөйлеңіз.

6.                Әңгімелесушіңізге шын көңілден жақсы баға беріңіз.

         Іскерлік этикетке дұрыс киіну, өзін ұстай білуі, сөйлеу мәнері т.б. жатады.

         Сөйлеу этикеті. Іскер адамдар арасында бұрынғы «жолдас» сөзінің орнына « ханым»,  «мырза» деген сөздер еніп отыр.

 

5.3.1.1 Мәтінді түсініп оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз.

Прежде всего следует помнить, что деловой этикет включает точное соблюдение правил культуры поведения, которая предпологает в первую очередь глубокое уважение человеческой личности. Социальная роль, которую играет тот или иной человек, не должна быть самодовлеющей, не должна оказывать и гипнотического влияния на делового партнера. Культурный предприниматель будет в равной степени уважительно относиться и к министру, и к рядовому техническому работнику министерства, фирмы, уборщице офиса, то есть всем показывать искреннее уважение. Это искреннее уважение должно стать составной частью натуры бизнесмена.

 

5.3.1.2  Күнделікті өмірде жиі еститін «Халың қалай?» деген сұраққа әрқилы жауап беруге болады. Осы сұрақтың қойылысын әр түрлі жағдаятқа (құрдастарың, оқытушың, туыстарың) сәйкестендіріп, жауап беріңіздер.

 

         5.3.2 Психологиялық амалдарды қолдану

Сөздік

ұлттық дәстүрлер мен салттар – национальные обычаи и традиции

сөз оралымдары – речевой оборот

көп нәрсені аңғартады – говорит о многом

эмоцияны тежеу – сдерживать эмоцию

бірқалыпты сөйлеуге тырысыңыз – старайтесь говорить равномерно

         өте нашар естіліп тұр – очень плохо слышно

         анық ести алмадым – не расслышал четко

         қадағалап отырыңыз – контролируйте

         деректері бойынша – по данным

         қолдауыңызға сенуімізге болады ғой – можем же рассчитывать на вашу поддержку

 

        

         5.3.2.1 Мына сөз, сөз оралымдарын  пайдаланып, диалог құрыңыздар.

 «Сәттілік тілеймін!», «Табыс тілеймін!», «Іске сәт!», «Салют!»

«О кей!», «Мәселе жоқ!» және  т.б.

 

         5.3.2.2 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Іскерлік этикет бойынша өзіңіздің партнерыңыздың еліне тән ұлттық дәстүрлер мен салттарды мүлтіксіз орындауыңыз қажет. Бұл сіздің бизнесіңіздің табысты болуы үшін маңызды шарт болып табылады.

         Сөйлесу кезінде тыңдаушыға сөйлеушінің  даусы, тоны, интонациясы, тембрі көп нәрсені аңғартады. Психологтардың деректері бойынша, сөйлеу кезіндегі сөйлеуші интонациясы мен тоны ақпараттың 40 процентін жеткізе алады екен. Сондықтан, көзбе-көз сөйлескенде, немесе телефонмен сөйлесу кезінде өз эмоцияңызды тежеп, бірқалыпты сөйлеуге тырысыңыз және сөйлесіп отырған адамыңыздың сөзін бөлмеңіз.

         Телефонмен сөйлескен кезде адамның аты-жөні, жер атаулары, сан есімдер кездессе, оларды буынға бөліп, тіпті жеке әріптері бойынша  айту қажет. Сөйлесу нәтижелі болсын десеңіз, оны мына сұрақтар бойынша қадағалап отырыңыз:

         Сіз мені қалай естіп тұрсыз?

         Қайталап жібермес пе екенсіз?

         Кешіріңіз, өте нашар естіліп тұр.

         Кешіріңіз, сіздің не дегеніңізді анық ести алмадым т.б.

         Егер сөйлесу кезінде бірнеше мәселе қозғалса, олардың әрқайсысының ара жігін  стандарт фразалар арқылы  бөліп отырыңыз. Мысалы:

         Демек, бұл мәселе бойынша біз келістік қой?!

         Бұл мәселе бойынша келісімге келдік деп санауыма болады ғой?

         Сіздің қолдауыңызға сенуімізге болады ғой?!

         Осылайша, бізге қажет тауарды наурызға дейін жеткізесіз ғой?

Әр тақырып бойынша әңгіме нақты жауапты талап ететін сұрақпен аяқталуы тиіс.

 

         5.3.2.3 Тапсырма. Курстас досыңызбен телефонмен ертеңгі семинар жұмысы жайлы сөйлесіңіз.

 

         5.3.2.4 Оқыңыз, қызық!

 

         Сырғаға тиме, саусағыңды шошайтпа!

         Кәдімгі сырғаны бәріміз білеміз. Бірақ кейбір халықтардың дәстүрі бойынша оған қол тигізу әдепсіздік болып саналады. Оның бес мағынасы бар. Төртеуі -  намысқа тиеді. Испандықтар, гректер, мальталықтар мен итальяндықтар үшін әр түрлі қорлау белгісін білдіреді.

Егер Сардинияда тұратын әйелге біреу бір себеппен сұқ саусағын көрсетсе, онда ыңғайсыз жағдайға қалуы мүмкін. Өйткені бұл белгі Сардинияда әйелді қорлау болып табылады.

         Екі саусақты көрсетуге де абай болған жөн. Мысалы, ол Францияда – нөл, Жапонияда – ақша, Тунисте – «мен сені өлтіремін» деген белгі. Егер оны колумбиялыққа көрсетсеңіз, ол ызаға булығып, өзінің мұрнын ұстап, жәбірлеушінің алдында бұлғақтай бастайды. Мұнысын сириялықтар түсінуі мүмкін. Онысы – «жоғал әрі» дегенді білдіреді. Әбден күйінген ол қолдарын сермеп, ашу шақырады. Гректер үшін бұл «кек қайтару» белгісін білдіреді. 

 

6 Келіссөз

6.1 Сөздікті меңгеріңіз

келіссөз, кеңес – переговоры, беседа

екі делегация арасындағы – между обеими делегациями

келіссөз басталды, аяқталды, одан әрі жалғасты – переговоры начались, завершились, были продолжены

экономикалық ынтымақтастық мәселесі бойынша – об экономическом сотрудничестве

халықаралық, іскерлік, достық – международная, деловая, дружественная

өзара түсінісу – взаимопонимание

келіссөз іскерлік, достық жағжайда өтті – переговоры прошли в деловой, дружественной обстановке

келіссөзге, әңгімеге, кездесуге, қабылдауға қатысу – присутствовать на переговорах, в беседе, на встрече, приеме

екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесін қолдау – поддерживать дальнейшее развитие отношений между обеими странами

басқа елдермен жан-жақты қарым-қатынас – многосторонние отношения с другими странами

мына мәселелер талқыланды – были обсуждены следующие вопросы

мемлекеттер арасындағы тату көршілік қатынас – добрососедские отношения между государствами

бейбіт – мирный

бейбіт қатар өмір сүру мәселесі – вопросы мирного сосуществования

 

6. 2 Төмендегі сұраққа жақшаның ішіндегі сөз тіркестерін кезекпен пайдаланып, жауап қайтарыңыз.

 

Кімдердің арасында келіссөз жүргізілді? (екі делегация басшыларының арасында; екі мемлекет арасында;   екі мемлекет қайраткері арасында;     екі мемлекет елшілерінің арасында).

 

6. 3 Газеттерден үкімет қайраткерлерінің арасындағы келіссөз немесе  әңгіме туралы мақала оқып, талқылаңыздар.

 

6.4 Мына төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Ол үшін мына сөздерді пайдаланыңыз:

Келіссөз, делегация арасындағы келіссөз, келіссөз басталды, одан әрі жалғасты, аяқталды, экономикалық ынтымақтастық мәселесі бойынша келіссөз, іскерлік жағдайда, келіссөзге қатысты.

1.Келіссөз қайда жүргізілді?

2. Келіссөзді кімдер жүргізді?

3.Келіссөз қашан басталды (аяқталды)?

4. Келіссөзге кімдер қатысты?

5. Келіссөз барысында қандай мәселелер талқыланды?

6. Келіссөз қандай жағдайда өтті?

7. Келіссөздің нәтижесінде қандай құжаттарға қол қойылды?

 

 

7. Жарнама

Сөздік

жарнама мәтіндері тілі – язык рекламных текстов

көркемдік әсер – художественное воздействие

ұйымдастыру мәселесі – организационный вопрос

ресми қолдау табады – официально поддерживается

тұтынушы – потребитель

басты ерекшелігі – главная особенность

нақты мәселелерді шешу құралы ретінде – в качестве средства решения конкретных вопросов

қызығушылығын арттыру – повышение интересов

дамуы нәтижесінде – в результате развития

 

7.1  Мәтінді оқып, аударыңыз.

Жарнама жұмысын жоғары дәрежеге жеткізудің негізгі бір шарты – жарнама мәтіндері тілінің көркемдік әсерін мейлінше жақсарту. Бұл іс жарнама ұйымдастыру мәселесін дұрыс жолға қоюмен қатар жүруі тиіс.

         Нарық экономикасы мен өндіріс түрлерінің дамуы нәтижесінде жарнаманың жаңа түрлері мен формалары пайда болуда. Қазақ тілінің жарнама саласында жұмсалуы қазір мемлекет тарапынан ресми қолдау  табады.

Жарнама мәтінінде сөз ерекше қызмет атқарады, демек, « сөз – күллі фактінің киімі». Жарнаманың әсерлілігі тұтынушының жарнамаланған зат туралы анық түсініктеме алуына байланысты.

Жарнамалық стиль «көпқабатты». Мұнда публицистикалық, ғылыми, кейде сөйлеу және іс қағаздар стилі де кездеседі. Мамандарға арналған жарнамалар ғылыми немесе іс қағаздар стилінде, ал халық шаруашылығы тауарларын жарнамалағандағы  мәтін сөйлеу стилінде құрастырылады. Жарнама тілінің басты ерекшелігі - әдеби тілді ерекше жағдайлардағы нақты мәселелерді шешу құралы ретінде қолдану.

Жарнамалар арқылы тұтынушылардың сол тауарларға қызығушылығын арттыру үшін қажетті сөздерді талғап, орынды жұмсау керек.

 

7.2 Тапсырма  Төмендегі жарнама мәтіндерімен танысып, олардың қандай сипатта жазылғанына назар аударыңыз, бұл жарнамаларды кеңейтіп баяндап көріңіз:

1.«Көктем» депозитіне салымдар қабылдау 1998 жылдың 21 қазанынан 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

2. «Бұрыннан бері балмұздақ тәтті де керемет тағам деп саналатын. Қазір де оны барлық адамзат жазда да, қыста да сүйсіне жейді.

Балмұздақ жоғары сапалы сүт тағамдарынан дайындалады, оның түріне байланысты оған жаңғақ, какао, жүзім, кофе, жидектер қосылады».

3. «Таза болса табиғат, аман болады адамзат».

 

 

7.3 Тапсырма. Мәтінді оқып, түсінуге тырысыңыз.

 

Национальные особенности делового общения

Одна из западноевропейских фармацевтических компаний решила поставить партию нового болеутоляющего препарата в арабские страны.         Препарат хорошо раскупался на европейском континенте. Для рекламы в Европе использовались три картинки: на первой была изображена женщина, кричащая от боли, на второй – она же принимала лекарство, на третьей – после приема препарата боль прошла, и она изображалась в расслабленном, спокойном состоянии. Рекламу, которая не требовала пояснений, решили оставить. Через некоторое время обнаружили, что препарат вообще не покупается в арабских странах. О том, что там читают справа налево разумеется знали, но о том, что это относится и к картинкам, просто не подумали. Без учета культурной специфики смысл рекламы оказался прямо противоположным: женщина принимает предлагаемое лекарство, после чего кричит от боли.

  

7.4 Өзіңіз оқып жүрген ЖОО-ны жарнама жасап көріңіз.

 

7.5 Конкурсқа қатысыңыз.

Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

Қаржы –

Лауазымдық –

Талап –

Үміткер –

Жұмыс өтілі –

Болжамдар –

Бос орын –

Сауалнама –

 

7.6 Конкурс мәтінімен танысып, өзіңіздің құжаттарыңызды реттеп көріңіз.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

Макроэкономика және қаржы статистикасы департаментінің директоры, лауазымдық жалақысы – 25000 теңге. Үміткерге қойылатын талаптар:

-                          жоғары экономикалық немесе қаржылық білім бойынша жұмыс

өтілі 5 жылдан кем емес;

-                          мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу;

-                          ғылыми дәрежесі  болғаны дұрыс;

-                          компьютермен жұмыс істей білу (Word,  Excell).

Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мынадай құжаттарды тапсыруы керек:

-                          өтініш;

-                          сауалнама;

-                          жеке іс парағы;

-                          диплом көшірмесі;

-                          денсаулығы туралы анықтама;

-                          еңбек кітапшасының көшірмесі;

-                          3 х 4 өлшемді фотосурет;

-                          мекенжайы туралы мәлімет;

         -           резюме;

 

 

8 Кірме сөздерді пайдалану мәдениеті.

Сөздік

балама – эквивалент, альтернатива

тілге нұқсан келтіретін факторлар – факторы, причиняющие вред языку

құрбы-құрдастардың әзіл-қалжыңы – шутка сверстников

басқа тілдерден енген сөздер – заимствованные слова

шағын орта – узкий круг

сөз оралымдары – речевой оборот

мұндай кемшіліктер – такие недостатки

қазақ жастарының арасында – среди казахской молодежи

 

8.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Стильдік тұрғыдан алғанда тілдің лексикасы екі салаға бөлінеді: актив және пассив лексика.

Актив лексика деп жұрттың бәріне бірдей түсінікті, күнделікті өмірде, сөйлеу-жазу тәжірибесінде көп қолданылатын сөздерді айтады. Бұған байырғы түбір және туынды сөздер, омонимдер, синонимдер, антонимдер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық тіркестер т.б. жатады.

Пассив лексика деп күнделікті көп қолданылмайтын, жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтін сөздерді айтады. Оған неологизмдер, терминдер, архаизмдер, диалектизмдер, профессионализмдер жатады.

Тіл мәдениетінің ең басты коммуникативтік сапаларының бірі болғандықтан, сөздің тазалығына ерекше мән беріледі. Тілдің тазалығын бұзатын, оған нұқсан келтіретін факторлар аз емес. Мысалы, ана тіліндегі баламасы бола тұра, басқа тілдерден енген сөздерді қалай болса солай жұмсау (варваризмдер), жергілікті мәні бар сөздерді (диалектизмдер) талғаусыз қолдану, мамандыққа байланысты шағын ортада кездесетін сөздер (профессионализмдер), сондай-ақ құрбы-құрдастардың, әзіл-қалжыңы аралас адамдардың арасында сөзге кірістірілетін тілдік құралдар (жаргонизмдер) сияқты жайлар жатады.

Қазіргі кезде қазақ жастарының арасында орыс сөздерін жөн-жосықсыз,кірістіріп сөйлеу кең тараған. Айталық, студент өміріне қатысты: Емтихан қашан болады? Сынақ тапсырдың ба? Сабақ кестесі ілініп пе? сияқты сөз оралымдарын: Экзамен (егзам( қашан болар екен? Зачет тапсырдың ба? Сабақ расписаниесі ілініп пе деген түрде жиі айтылады. Мұны бір қарағанда ауызекі сөйлеу тіліндегі ала-құлалық деуге де болар. Шын мәнінде тіл мәдениеті үшін күресті ауызша сөйлеу кезінде де естен шығармаған дұрыс.

Өкінішке орай,мұндай кемшіліктер радиодағы сатиралық хабарларда, театр сахналарында да кездеседі.

Бұған қарамастан, кез-келген тілде кірме сөздер тұрақты қолданыста болады, өйткені олар – тілдің лексикасын байытатын арна болып табылады. Оларды қажетті жерінде дұрыс қолдана білуге ерекше мән беру керек.

Қазіргі жоғары технологиялар дамып тұрған кезде осы жаңалықпен бірге оның атауы да алғашқыда өзінің төл атауымен келеді, мұндай ортақ атауларды міндетті түрде қазақшалап аламыз дегеннен біз ештеңе ұтпаймыз, керісінше түсініксіздікке тап боламыз. Сондықтан кірме сөздердің ішінде ғылымда терминдер жиі қолданады деуге болады.

 

8.1.2 Өзіңіздің мамандығыңызға қатысты он шақты терминге түсініктеме беріңіз, ол үшін терминологиялық және кірме сөздердің түсіндірме сөздіктерін пайдаланыңыз.

 

8.1.3 Мына кірме сөздермен танысыңыздар, оларды қатыстырып бірнеше сөйлем құраңыздар.

Орыс тіліне  - тетрадь, парус, бумага, корабль, уксус, кукла, лента, фонарь – грек тілінен; циркуль, глобус, цирк, автор, июль, август – латын тілінен, лагерь, штаб, галстук, бухгалтер, бинт, хлеб, стул, лозунг, слесарь, маузер – неміс тілінен; костюм, одеколон, вальс, портфель, солдат, суп, ваза  - француз тілінен; трамвай, троллейбус, спорт, бойкот, лидер, волейбол, клуб, нейлон – ағылшын тілінен; балерина, бас, браво, опера – итальян тілінен; матрос, койка, шлюпка, руль, флаг, кабель, зонтик – голланд тілінен енген. 

 

 

8.2 «Жаргон» - жақсы ма әлде жаман ба?

Жаргон, арготизмдер деп аталатын бейәдеби топқа жататын тілдік бірліктер белгілі бір әлеуметтік жіктің, топтың тілінде кездеседі. Олар былайғы жұртқа түсінікті бола бермейді. Байырғы кездегі қазақ қоғамында барымташылардың өздері ғана қолданылатын жасырын сөздері болған. Мысалы, салық «зат, мүліктерін қоятын жасырын жер» дегенді білдірсе, мас етістігі « тұтқиылдан, көзге көрінбей бас сал» дегенді білдірген.

Сонымен бірге жаргонизмдер әзілдері жарасқан адамдардың арасында айтылатын қалжың-оспақ сөздері болады. Бір-бірін түсінетін мұндай адамдар ондай сырт көзге байқалатын дөрекі сөздерге мән бере қоймауы  мүмкін, бірақ ондай сөздерді қалың қауымға арнап айтудың қисыны жоқ . Демек, жаргонизмдер шағын ортада пайдаланылады, сондықтан оларды көпшілік орындарда қолданудың әдепсіздігі өзінен-өзі белгілі. Тегінде, әзіл-қалжыңда да сөзді мәдениетті түрде қолдана білудің өзі де мәдениетті болып табылады. Қазақта «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген ұлағатты нақыл бар. Ендеше, көңіл-күйдің көтеріңкілігін пайдаланып немесе сөйлесіп отырған адамның сөз ұғу қабілетіне байланысты сөздің әдептілігін сақтай отырып қалжыңдасқанның еш артықтығы жоқ.

Қазіргі кезде жастар арасында сөзді «құпиялап» айту дағдысы байқалмайды. Алайда, соңғы жылдары , әсіресе 1990 жылдардан бері, өздерін ерекше әлеуметтік жік ретінде сезіну күшейе түскендіктен болар, қазақ жастары арасында жаргон элементтерін қолдану үрдісі байқала бастады. Мысалы: көпелек, қума – «ақымақ»; базар жоқ – «иә, мақұл»; қораға кіру – қиын жағдайда қалу; ҚЖ болып тұр – қолайсыз жағдай болып тұр т.б.

 

8.2 Сөздікті пайдаланып, берілген шағын мәтіндерді оқып, түсініңіздер.

 

Сәкен Сейфуллинің Алматыдағы үйіне елден әкесі Сейфолла келіп жатады. Бірде Сәбит келіп Сәкенге қол беріп амандасады да, Сейфоллаға қол бермейді. Сонда Сейфолла:

- Шырағым Сәбит, өзіңді көрмесем де, атыңа қанық едім, менің қолымды неге алмайсың? – дейді.

- Әке-ау, көңіліңізге алмай-ақ қойыңыз, біздің Сәбит бай-құлақтарға сәлем бермейді, - деп Сәкен әзіл айтқан екен.

 

Академик Қаныш Сәтбаев совет делегациясының құрамында Англияға барады. Совет делегациясын бір орайлы шақта Англияның премьер-министрі қабылдап, қонақасы береді.

Дастарқан басында премьер-министр Қаныш Сәтбаевқа назар аударып, әзілге балаған сұрақ қояды:

- Сәтбаев мырза, айтыңызшы, қазақтардың барлығы да өзіңіздей сұңғақ бойлы ма? – дейді.

-  Менің халқым өзімнен әлдеқайда биік, - деп жауап береді Қанаға.

 

8.3 Өздеріңіз сөйлескен кезде жаргондарды жиі пайдаланасыз ба?

Компьютер бөлшектері мен компьютерлік ойындарға қатысты пайдаланатын сөздеріңізді қолданып, өзара сөйлесіңіздер.

 

 

 

 

 

 

                                                Әдебиеттер тізімі                          

1.  Л.Дүйсембекова. Қазақ ресми іс қағаздары. – Алматы: Ана тілі баспасы ЖШС, 2005.  - 208 бет.

2. М.Балақаев, М.Серғалиев. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы: Зият пресс, 2004. – 140 б.

3. Психология и этика делового общения: Учебник для вузов/ Под ред. проф. В.Н.Лавриненко. – 3-е изд., перераб. и доп. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. – 327 с. 

4. Л.А.Введенская, Л.Г.Павлова, Е.Ю.Кашаева. Русский язык и культура речи: Учебное пособие для вузов. Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2001. – 544 с.

5. Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. Жинақ- Астана, 1999. – 464 б.

6. Б.Н.Волгин, Е.Е.Полянская. Деловой телефон. – М.: Радио и связь, 1987. – 208 с.

7. Р.Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). -Астана: Елорда, 2000.- 532 б.

8. Н.Уәлиұлы, Ғ.Әнес, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова. Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.- 200б.

9. З.С.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Оқулық. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001.- 218 б.

10. Қ.Қадыржанов, Ұ.Шүленбаева, А.Монтаева. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002.-  104 б.

11. Кенжебекова Н. Қазақ газеттеріндегі жарнама тілінің ерекшеліктері

Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. Жинақ.- Астана, 1999. -  464 б.

 

 

 

 

Мазмұны

 

1                   Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті                                              4

2                   Жазба тіл дағдыларын жетілдіру. Жазба тіл туындыларын

жасау технологиясы                                                                                                  5                                                                     

3                   Сөз сазы, яғни сөзді дұрыс айту заңдылықтары

4                   (Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары)                                                        14

5                   Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті. Монолог. Диалог                                      19

6                   Тілдік қарым-қатынастың этикасы мен психологиясы                                  23

7                    Келіссөз                                                                                                          28

8                    Жарнама                                                                                                         29

9                    Кірме сөздерді пайдалану мәдениеті.                                                            32

10              Әдебиеттер тізімі                                                                                             35                                                                                                  

 

 

 

2006ж., жинақтық жоспары, реті 74

 

А.И.Тілембекова

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Іскерлік қарым-қатынас тілі

(барлық мамандықтың студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау)

 

 

 

 

 

 

 

 

Редакторы Ж.А.Байбураева

 

 

 

 

 

 

 

 

Басуға қол қойылды                                                       Пішімі 60х84  1/16

Тиражы 150    дана.                                                         №1 типография қағазы

Көлемі 2,3 оқу-басп. т.                                                    Тапсырыс              

Бағасы  90 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013 Алматы, Байтұрсынов к., 126