КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

5В071800-Электр энергетика бағыты студенттеріне арналған  әдістемелік нұсқаулар

 

 

Алматы 2013

 

Құрастырушы: Төлеуп М. М.  «Кәсіби қазақ тілі. 5В071800-Электр   энергетика бағыты студенттеріне арналған  әдістемелік нұсқаулар».  - алматы: АЭжБУ, 2013. -  35 б.

         

Бұл жұмыстың мақсаты - электрэнергетика бағытында оқитын студенттерді «Кәсіби қазақ тілі» курсы бағдарламасына сай өз мамандықтарына қатысты мәтіндермен жұмыс істеуді жалғастырып, кәсіби  лексикамен таныстыру,  аударма, оның түрлері және әдіс-тәсілдері жайлы теориялық білім беру, мамандықтарына қатысты түпнұсқа мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне,  қазақ тілінен орыс тіліне түрлі сөздіктерді пайдалана отырып аудару дағдыларын жетілдіру.  Салалық мәтіндерге аңдатпа, пікір, рецензия жазуға машықтандыру. 

Әдеб. көрсеткіші – 12  атау.

 

 

        Пікір беруші: доцент М. В. Башкиров

         

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

 

 “Алматы энергетика және байланыс университеті” КЕАҚ, 2013 ж.

 

2013 ж. жиынтық жоспары, реті 50

 

Аударма туралы

 

Аударма дегеніміз – бір тілде берілген ақпаратты екінші тілдің тәсілдерімен басқа тілге жеткізу. Яғни аударма дегеніміз – түпнұсқа сөзін аудару немесе  грамматикалық конструкциялар мен тілдің басқа тәсілдерін  беру  емес, түпнұсқаның ойын, мазмұнын жеткізу.

Аударма ортақ тілде сөйлемейтін адамдар арасында үнемі туындайтын қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Аударманың бірнеше түрлері бар.

Сөзбе-сөз дәлдік немесе сөзбе-сөз аударма дегеніміз - грамматикалық оралымдарды механикалық түрде көшіру, жеке тілдік бірліктерінің мағынасын беру,  терминологиялық және лексикалық тәсілдерді дұрыс таңдамау, түпнұсқа сөйлемдерінің құрылымын өзгертпей сақтау, аудармашыға еркіндік бермеу.  Мұндай аударма сапасыз аударма ретінде саналуы мүмкін.  Бірақ сөзбе-сөз аударманың артықшылығы да бар, ол аударманың ең объективті түрі болып есептеледі. Бастапқы мәтіннің жеке тілдік бірліктерінің мағынасын бере отырып, синтаксистік конструкцияларды көшіріп бере отырып, аудармашы өзіне еркіндік бере алмайды. Сөзбе-сөз аударманың кемшілігі - аударманы қолданатын адамның коммуникативтік мүмкіндіктерін ескермеу.

Мағыналық дәлдікке немесе мағыналық аудармаға екі тілдің стильдік ерекшеліктерін терең біліп, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі  мен сөйлемдер құрылымындағы айырмашылықтарды біліп, керек кезінде түпнұсқаның мағынасын сақтау үшін сөзбе-сөз аударудан аулақ болғанда ғана қол жеткізуге болады.

Мағынасын сақтап аударуды еркін аударма деп те атайды. Еркін аударма аудармашыға түпнұсқа мәтінін түсіндірулер мен қосымшалар, түбегейлі өзгертулер арқылы жеткізуге шексіз мүмкіндіктер береді. Сол себептен еркін аударма объективті емес, өйткені аударылатын мәтінді жазған адамның дәл солай дегеніне ешкім кепілдік бере алмайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, келісімшарттарды, маңызды құжаттарды аударғанда ол жарамсыз болып қалады.

Нағыз аударма  сөзбе-сөз аударма мен еркін аударманың жиынтығы болып табылады. Сөзбе-сөз аудармадан бастапқы мәтінге мүмкіндігінше мағыналық және құрылымдық жағынан жақындықты алады, бірақ бұл тілдік норманы бұзбауы және түсініксіздік туғызбауы керек. Түсініксіздік туған жағдайда  және  барабарлық болмаған жағдайда  бейімдеуді қолдануға болады, бірақ ол шектеулі көлемде болуы керек. Түпнұсқаға мағыналық-құрылымдық жақындықтан шегіну, яғни бейімделу қажеттіліктен туындаған амалсыз шара ретінде қарастырылады.

Бір-бірімен қосылып, жетілдіріле отырып, сөзбе-сөз және еркін тәржіме аударманың дамуына негіз жасайды.

Аударманы мына формуламен белгілеуге болады:

түпнұсқа – a,  аударма – b,  аударылған мәтін – c деп алсақ, a=b,  b=c болады да, одан a=c болуы керек.

         

Сөз тіркестерін аударыңыз.

Егер синхронды генераторға жүктеме тіркелмесе; симметриялы жүктеме кезінде статор орамасының токтары бір-бірімен тең; ротордың айналу жиілігі тұрақты болғанда; егер қоздыру орамасындағы токты арттырсақ; қоздыру орамындағы токтың өзгеруіне сәйкес;  қоздыру орамындағы ток өзгермеген жағдайда; ЭҚК қоздыру орамасының өткізгіштерімен жүретін тұрақты токпен қоздырылатын магнит өрісіне тура пропорционал; статор орамының кедергісінде (активтік, реактивтік) кернеу пайда болады.

 

Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

 

Жүктелінген синхронды генератордың жұмысы

 

          Егер синхронды генераторға жүктеме тіркелмесе, онда статор орамасында ток болмайды. Қоздыру тогы тудырған полюстердің магнит өрісі статордың үшфазалы орамасында ЭҚК индукциялайды.

          Генератор жүктелген кезде статор орамасында ток жүреді. Симметриялы жүктеме кезінде статор орамасының токтары бір-бірімен тең және олар бір-бірінен 1/3 периодқа ығысқан. Оның айналу жиілігі n1=60f/h=n, яғни статор орамасындағы токтан пайда болған магнит өрісі полюстердің магнит өрісімен синхронды айналады. Синхронды генератордың статор орамында полюстердің магниттік ағынына тәуелді ЭҚК туады. Егер полюстің магниттік ағыны өте  аз болса, онда ЭҚК те өте аз болады. Магниттік ағын  өскенде, машинаның ЭҚК-і де өседі. Осылайша ротордың айналу жиілігі тұрақты болғанда, ЭҚК қоздыру орамасының өткізгіштерімен жүретін тұрақты токпен қоздырылатын магнит өрісіне тура пропорционал. Егер қоздыру орамасындағы токты арттырсақ, онда полюстердің магниттік ағыны өседі, ол машинаның ЭҚК-ін көбейтеді. Демек, қоздыру орамындағы токтың өзгеруіне сәйкес машинаның ЭҚК өзгереді, ол генератордың қысқыштарындағы кернеуді реттеуге мүмкіндік береді.

          Синхронды генератордың бос жүрісі кезінде оның қысқыштарындағы кернеу статор орамындағы индукцияланған ЭҚК-ке тең. Генератор жүктелген кезде кернеу ЭҚК-ке тең емес, өйткені статор орамының кедергісінде (активтік, реактивтік) кернеу пайда болады. Сонымен бірге токтар статор орамасынан өте отырып, якорьдің қарсы әсерлік (реакциясын) ағынын туғызады. Ол полюстер ағынына әсерін тигізеді, соған орай жүктеме кезіндегі магнит өрісі генератордың бос жүрісі кезіндегі полюстердің магниттік генератор статорындағы токтың өзгеруі, қоздыру орамындағы ток өзгермеген жағдайда, генератор қысқыштарында кернеудің өзгеруіне алып келеді.

 

          Сөйлемдерді шартты мәнді сөйлемге өзгертіңіз.

Үлгі: генератор жүктелген кезде статор орамасында ток жүреді. Генератор жүктелсе, статор орамасында ток жүреді.

1. Генератор жүктелген кезде кернеу ЭҚК-ке тең емес.

2. Қоздыру орамындағы ток өзгермегенде, генератор қысқыштарында кернеудің өзгеруі болады.

3. Магниттік ағын  өскенде, машинаның ЭҚК-і де өседі.

4. Полюстің магниттік ағыны өте  аз болғанда,  ЭҚК те өте аз болады.

5. Жүктеме симметриялы болғанда, статор орамасының токтары бір-бірімен тең және олар бір-бірінен 1/3 периодқа ығысады.

 

          Бөлінген сөздерге сұрақ қойыңыз.

          Статор орамасындағы токтан пайда болған магнит өрісі полюстердің магнит өрісімен синхронды айналады. Ол полюстер ағынына әсерін тигізеді. Қоздыру орамындағы ток өзгермеген жағдайда, генератор қысқыштарында кернеудің өзгеруіне алып келеді. Сонымен бірге токтар статор орамасынан өте отырып, якорьдің қарсы әсерлік (реакциясын) ағынын туғызады. ЭҚК қоздыру орамасының өткізгіштерімен жүретін тұрақты токпен қоздырылатын магнит өрісіне тура пропорционал. Симметриялы жүктеме кезінде статор орамасының токтары бір-бірімен тең және олар бір-бірінен 1/3 периодқа ығысқан.

 

Мәтінді сөзбе-сөз аударыңыз.

Реактивная мощность может иметь индуктивный или емкостный характер нагрузки. Считается, что если ток отстает по фазе от напряжения, то нагрузка имеет индуктивный характер, а реактивная мощность потребляется и имеет положительный знак (+). В элементах сети имеют место потери реактивной мощности, которые могут быть соизмеримы с реактивной мощностью, потребляемой приемниками электроэнергии. 

 

        Ғылыми-техникалық әдебиетті аудару.

 Ғылыми-техникалық әдебиетті аударушының ең негізгі міндеті  - автордың ойын  бұрмаламай, толық беру, аудармада қажетті терминологияны қолданып, сауатты әдеби тілмен аудару. Ғылыми-техникалық әдебиеттің  аудармасына қойылатын негізгі талап - аударманың түпнұсқаға толық сәйкес келуі, оны орысша «адекватность перевода» дейді. «Адекватный» - латын сөзі.  Қазақ тіліндегі мағынасын: тең, толық сәйкес келетін, барабар, ұқсас, бірдей, тепе-тең, теңбе-тең  деген сөздер береді. Ғылыми-техникалық мәтіннің бірдейлігіне ақпараттық, ғылыми-техникалық  дәлдікті сақтай отырып  және түпнұсқаның стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қол жеткізуге болады. Мұндай аударманы басқаша эквивалентті (лат. тең, тең мағыналы) және аутентивті (грек тілінде - түпнұсқаға сәйкес, дұрыс, шын) деп те атайды.

Аударманың өн бойында бір затты немесе ұғымды білдіретін бір ғана термин қолданылуы керек. Белгілі бір кәсіпорында ғана қолданылатын жергілікті сөздерді, архаизм-терминдерді қолданбау керек. Қазіргі кезде аудармада бір сөзді бір мәтіндік бірліктің өзінде бірнеше құбылтып қолдану жағдайлары кездеседі. Мысалы, «схема» деген сөзді бір мәтінде  немесе бір ақпараттық  бірлікте «сұлба», «схема», «сүлбе» деп немесе «сеть» сөзін бірде «желі», бірде «торап» деп аударатын жағдайлар жиі кездеседі.

Тілдің барлық грамматикалық нормаларын сақтап, күрделі грамматикалық конструкцияларды көп қолданбай, аударылатын ақпаратты қарапайым және түсінікті етіп беру керек. 

 

Мәтіннің мағыналық аудармасын жасаңыз.

 

Диэлектрлік заттар, олардың жіктелуі

 

Диэлектрлік заттарға электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер жатады. Әртүрлі электр потенциалдары әсер ететін электр құрылғыларының ток жүргізуші бөлшектерін бір-бірінен оқшаулайтын және ток жүрмейтін, бірақ өткізетін  бөлшектерді (мысалы, корпус, кабельдің орамалары) ток жүретін бөлшектерден оқшаулайтын заттарды электр оқшаулағыш немесе пассивті диэлектрик дейміз.

Егер диэлектриктердің басқарылатын қасиеттері болса, олар активті диэлектриктер болады.

Электр тогын өткізбейтін заттар агрегаттық күйі бойынша 3 түрге бөлінеді: газ тәріздес, сұйық және қатты. Бөлек бір топқа қататын заттар жатады.  Ол заттар бастапқы кезде сұйық болады да, дайын күйінде қатты болып шығады (мысалы: лактар, эмальдар, компаундтар). 

Қатты оқшаулағыш заттар өз кезегінде органикалық қатты және органикалық емес қатты заттарға бөлінеді. 

 

Төмендегі сөздердің 3 түрлі анықтамасын беріп, аударыңыз.

Үлгі: диэлектриктер: а) электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктерді диэлектрлік заттар дейді; ә) диэлектрлік заттар деп электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер аталады;                               б) диэлектрлік заттар дегеніміз - электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер.

Қататын заттар.

Пассивті диэлектриктер.

Активті диэлектриктер.

 

          Жақшаның ішіндегі сөздерді аударыңыз, сәйкес формаға қойыңыз.

Полюстердің магниттік қозғаушы (силой) бағыттас болады. Магнит өрісі (к оси полюсов) симметриялы болмайды. Магниттік индукция полюстің бір шетінде (ослабевает). (Якоря) бұл өрісі полюстер осіне перпендикуляр бағытта тұйықталады. Ол полюстердің магнит (полюсу) әсерін тигізіп, (его) өзгертеді. Якорь реакциясының өрісі полюстердің магнит өрісінің (распределение) өзгертеді.

          Полюстердің магниттік қозғаушы күштерінің әсерінің (благодаря) магнит тізбегі арқылы қорытқы магниттік  (поток) Фр тұйықталады.

 

Техникалық аударма.

Техникалық аударма - әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар арасында арнайы ғылыми-техникалық ақпарат алмасу үшін қолданылатын аударма.  Техникалық аударманы жүзеге асыратын адам екі тілді білуге міндетті. Түпнұсқаның мазмұнын сауатты, нақ, дәл беру үшін аудармашы екі тілдің біреуін еркін меңгеруі керек. Техникалық аударманы жүзеге асырушы адам жаңа материалдарды пайдаланады, сондықтан оны қабылдау үшін белгілі дайындығы және арнайы білімі болуы керек. Кез келген екі тілді білетін адам техникалық аударманы жүзеге асыра алмайды.

Техникалық аударма жасай алу үшін ғылыми-техникалық ақпарат алмасуда аудармашы (делдал) қызметін атқаратын адам қандай қасиеттерге, білімге, біліктілікке, дағдыға ие болуы керек?

Бұл жерде әңгіме қазақ тілі мен орыс тілі туралы болып отырғандықтан, біріншіден, аударып отырған тілін (мысалы, аудармашы орыстілді болып, түпнұсқа қазақша немесе керісінше болса), яғни қазақ тілін түсіне алатындай деңгейде немесе керісінше; екіншіден, басқа тілді (бұл жерде орыс немесе қазақ тілін)  ақпаратты сауатты бере білу үшін жеткілікті деңгейде білуі; үшіншіден, ақпарат көздерін пайдалана білуі; төртіншіден, әртүрлі техникалық аудармалар жасай алуы; бесіншіден, терминологиялық минимумды білуі керек.

Аудармашы өзіне қажет арнайы мәліметтерді тез табу үшін қандай ақпарат көздері бар екенін, олардан не табуға болатынын, оларды қандай тәртіппен қолдануға болатынын білуі керек. 

Барлық ақпарат көздерін жалпы, арнайы ақпарат көздері деп бөлуге болады. Жалпы ақпарат көздеріне жалпы қолданыстағы сөздіктер және жалпы энциклопедиялар жатады.  Сөздіктер екітілді және бір тілді болады. Біртілді сөздіктер: түсіндірме, синонимдер, омонимдер, антонимдер, орфографиялық, фразеологиялық болып келеді. Арнайы ақпарат көздеріне: арнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, ғылым мен техниканың әртүрлі салалары бойынша анықтамалықтар, арнайы әдебиеттер жатады.

Жалпы екітілді сөздіктерді табысты пайдалану үшін мыналарды есте сақтау керек:

1) Кез келген жалпы екітілді сөздік (фразеологиялық сөздіктен басқасы) сөздің аудармасын емес, әрбір сөздің мүмкін болатын баламаларын ғана береді, сөздік сөздің белгілі контекстегі мағынасын тұспалдап қана көрсетеді.

2) Қажет сөзді жылдам табу үшін алфавитті жақсы білу керек. Сөздікпен жиі жұмыс жасаған кезде алфавитті жақсы білу жұмыс уақытын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

3) Барлық шартты белгілердің, қысқартулардың, сөздік мақалаларында кездесетін тыныс белгілерінің мағыналарын жақсы білу керек. Ол үшін сөздікті пайдаланбас бұрын сөздікті пайдалану туралы мақаланы зерде қойып оқып шығу және қысқартулар тізімімен танысу  керек.

 

Қазақша-орысша сөздіктен төмендегі сөздердің баламасын (15 секундта) табыңыз.

Балама, қысқарту, тізім, зерде, арнайы, көз, үнемдеу, түсіндірме, тұспалдау, туындау, есте сақтау, едәуір.

 

          Келесі сөздерге анықтауыш болатын сөздерді тауып, әртүрлі тіркестер құраңыз.

          Шығын, индукция, кернеу, ток, машина, үйкеліс, энергия, қуат.

 

           Бөлініп көрсетілген сөздердің антонимін табыңыз.

          Тұрақты ток. Электр тогын ажырату. Ток артады. Пайдалы қуат. Жоғары жылдамдықты машина. Үлкен айналу жиіліктерінде жұмыс істейді. Аппарат қосылған. Аккумулятордың ішкі кедергісі гальваникалық элементтердікіне қарағанда аз.

 

          Тиісті қосымшаны немесе сөзді қойып, мәтінді толықтырып, аударыңыз.

          Механикалық шығындар жүктеме...ге/де  байланысты болмайды. Цилиндрлік орамалар.....ды/дың орналасуы суретте көрсетілген. Айнымалы ток ................ үшін/арқылы айнымалы өріс туады. Кернеу мен ток....та/ты өлшеуге арналған аспаптар. Ол резонанстық бұрыштық жиілік деп атал......ады/ды. Генератордың орамалары...н/ны жалғау. Желілік сымдардың арасындағы кернеу желілік кернеу ....... деп/деген аталады. Электр мөлшерін анықтау ............бойынша/үшін ампер-сағатты қолдану ыңғайлы. Шығынның екінші құраушысына мыстағы шығын...... ды/дар  Рор жатады.

 

          Сөздерді орнына қойып, сұраулы сөйлемдер жасаңыз.

1. жұмыс // тұрақты // кезінде // машиналарының // істеуі // қандай // ток // шығыны // болады // энергия?

          2. құраушысына // жатады // шығынның // қандай // екінші // шығын?

3. щеткалар // орамасындағы // якорь // болады // түйіспелеріндегі //шығындар // және // қандай?

          4. магниттелу // қандай // жұмсалынады // қайыра // процесіне // қуат?

          5. якорь  // құйынды // қай // индукцияланады // кезде // өзекшесінде // токтар?

          6. немен // немесе // анықталады // ЭКҚ // машинаның // кернеуі?

 

          Сөз тіркестерін аударыңыз.

          Синхронды қозғалтқыштың статорында; оны үш фазалы айнымалы ток желісіне қосқанда; айналмалы магнит өрісі ротор полюстерін өзімен бірге ілестіреді; синхронды қозғалтқыштардың негізгі артықшылығына; мұндай қозғалтқыш энергия қабылдағыштары тұтынатын реактивтік қуаттың орнын толтырып; бүкіл кәсіпорынның cos-ін өзгерту үшін; Синхронды қозғалтқыштарда айналдырушы момент желі  кернеуіне бірінші дәрежеде пропорционал болса;  қоздыру тогының азайтылуы; қозғалтқыш желі  үшін сыйымдылықтық жүктеме болып табылады.

 

Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

 

Синхронды қозғалтқыштар

 

          Синхронды қозғалтқыштың синхрондық генераторлардан құрылысы жағынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Генератордағы сияқты синхронды қозғалтқыштың статорында үшфазалы орама орналасқан. Оны үшфазалы айнымалы ток желісіне қосқанда минутына n=60f/p жиілігімен айналатын айналмалы магнит өрісі Фр туады. Қозғалтқыш роторында тұрақты ток көзіне қосылатын қоздыру орамасы орналасқан. Қоздыру тогы полюстердің магнит өрісін Фm туғызады. Статор орамасының токтары жасаған айналмалы магнит өрісі ротор полюстерін өзімен бірге ілестіреді. Мұнда ротор магнит өрісімен бірге тек қана синхронды түрде, яғни статор өрісінің айналу жиілігіне тең жиілікпен айналады. Сонымен синхронды қозғалтқыштың айналу жиілігі, желі тогының жиілігі өзгермесе, қатаң түрде тұрақты болады.

          Синхронды қозғалтқыштардың негізгі артықшылығына олардың озық ток тұтынып жұмыс жасау мүмкіндіктері жатады, яғни қозғалтқыш желі  үшін сыйымдылықтық жүктеме болып табылады. Мұндай қозғалтқыш энергия қабылдағыштары тұтынатын реактивтік қуаттың орнын толтырып, бүкіл кәсіпорынның cos-ін өзгерту үшін қоздыру тогын реттеу керек. Қоздыру тогының азайтылуы статорда артта қалатын (индуктивтік) токтың пайда болуына, ал қоздыру тогы көбейгенде (артық қоздырылған қозғалтқыштар) озық (сыйымдылықтық) токтың пайда болуына алып келеді.

Синхронды қозғалтқыштың асинхрондық қозғалтқыштарға қарағанда артықшылығына желі кернеуінің өзгеруіне сезімтал еместігі де жатады.

          Синхронды қозғалтқыштарда айналдырушы момент желі  кернеуіне бірінші дәрежеде пропорционал болса, ал асинхронды қозғалтқыштарда ол кернеудің квадратына пропорционал.

          Синхронды қозғалтқыштардың айналдырушы моменті статордың магнит өрісі мен полюстердің магнит өрістерінің өзара әрекеттесуімен жасалынады. Қоректендіруші желінің кернеуіне статор өрісінің магниттік ағыны ғана тәуелді болады.

          Синхронды қозғалтқыштар көбінесе полюстері айқын кескінделген түрінде жасалынады. Қалыпты жағдайда олар cos f-0,8-ге тең озық токпен жұмыс істейді. Олар қоздырғыш арқылы, не жартылай өткізгіштік түзеткіштер арқылы айнымалы ток желісінен қоздырылады.

          Оны үшфазалы айнымалы ток желісіне қосқанда минутына n=60f/p жиілігімен айналатын айналмалы магнит өрісі Фр туады.

 

          Сұрағына қарап, тиісті қосымшаны жалғаңыз.

          Генератордағы сияқты синхрон... (қандай) қозғалтқыш..... (ненің) статорында үшфаза.... (қандай) орама орналасқан. Қалып... (қандай) жағдай... (неде)  олар cos f-0,8-..... (неге) тең озық ток....(немен) жұмыс істейді. Қоздыру ток....(ненің) азайтылу... (несі) статор....(неде) артта қал....... (қандай) токтың пайда болуы..... (неге) алып келеді. Синхрон.... (қандай) қозғалтқыш....... (нелерде) айналдырушы момент желі  кернеу.... (неге) бір..... (нешінші) дәрежеде пропорционал болады. Асинхрон... (қандай)  қозғалтқыштарда ол кернеу....... (ненің) квадрат....(несіне) пропорционал.

 

          Арқылы, үшін,  байланысты  сөздерінің керектісін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

          Бүкіл кәсіпорынның cos-ін өзгерту ________ қоздыру тогын реттеу керек. Олар қоздырғыш _________, не жартылай өткізгіштік түзеткіштер _________ айнымалы ток желісінен қоздырылады. Бұл қозғалтқыш желі   _________ сыйымдылықтық жүктеме болып табылады. Мұндай қозғалтқыштың бағасы статор орамасының күрделенуіне  ________ едәуір өседі. Орамаларға берілген кернеу бір-бірімен тең және фаза __________ ширек периодқа ығысқан. ЭҚК орамның магнит өрісіндегі қалпына ____________ өзгеріп отырады. Көпірдің үш иығының кедергілері гальванометр көрсекіші кедергісінің шамасына _________ болады.

 

          Сөздерді орын тәртібімен қойып, сұраулы сөйлемдер жасаңыз.

1.  қозғалтқыштың // бар // синхрондық // құрылысы // синхронды // қандай // жағынан //  генераторлардан // айырмашылығы?

2. қалай // қозғалтқыштардың // моменті  // айналдырушы // жасалынады // синхронды?

3. олар // жағдайда // жұмыс істейді // қандай //  қалыпты // токпен?

4. қарағанда // не //  синхронды // қозғалтқыштарға // артықшылығына // асинхрондық // жатады // қозғалтқыштың?

5. көбінесе // жасалады // қозғалтқыштар // түрде // қандай  // синхронды?

6. қозғалтқыштарда // момент // асинхронды // неге // пропорционал // айналдырушы?

7.  болады // қоректендіруші // кернеуіне // тәуелді  // желінің //  не?

 

Тиісті қосымшаларды жалғап, мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

 

Құс қалдығынан – мұнай

 

Органикалық қоқыстарды оттегінің қатысынсыз қолданған кезде олар жанудың орнына көмірсутегі... ыдырайды екен. Алынған зат табиғи мұнай... өте жақын көрінеді. Осы технологияны меңгерген АҚШ-тың Changing World Technologies компаниясы жасанды мұнай жасау өндірісін қол... алып отыр. Жаңа тауардың шикізаты ретінде құстарды өңдейтін мекемелерден шыққан қалдықтар пайдаланылады. Компания бүгіндері күніне 200 тонна... дейін құстардың қанаттары мен сүйектерін, еттерінің қалдықтарын жер астында жатқан табиғи «қара алтыннан» кем түспейтін мұнай... айналдырып келеді. Бірақ  әзірге оның құны табиғи шикізаттан қымбаттау.

                                                                                           («Зерде» журналынан)

 

Бөлінген сөз тіркестеріне сұрақ қойыңыз, олардың қандай сұраққа жауап беріп, қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз.

Changing World Technologies компаниясы жасанды мұнай жасау өндірісін қолға алып отыр.

Жаңа тауардың шикізаты ретінде құстарды өңдейтін мекемелерден шыққан қалдықтар пайдаланылады.

Компания бүгіндері күніне 200 тоннаға дейін құстардың қанаттары мен сүйектерін, еттерінің қалдықтарын жер астында жатқан табиғи «қара алтыннан» кем түспейтін мұнайға айналдырып келеді.

 

Алдыңғы сөздің қосымшасына қарай отырып, оған сұрақ қою арқылы бос  орынға сәйкес сөздерді қойыңыз.

Электрөткізгіштік.

Мамандары.

Қызметін.

Қамтамасыз.

Жеткілікті.

Ағымын.

Арзан.

Тасымалдауға.

 

Ток өткізетін пластмасса

 

Алдағы уақытта электр тогын ___________ металл сымдардың қажет болмауы мүмкін. Олардың орнына пластмасса материал пайдаланылатын болады. Пластиканың жасалу технологиясы әрі ________, әрі жұмыс істеу мерзімі ұзақ. Көп жылдар бойы пластмассадағы электр зарядтарының ________ зерттеумен айналысқан Ресей ғылым академиясы  Уфа ғылыми орталығы молекулалар мен кристалдар физикасы институтының _________ пластикалық заттың да белгілі бір жағдайда электр өткізгіш қасиеті болатынын анықтады. Ғалымдардың мәлімдеуінше, пластмассада _____________ қасиет  болуы үшін ғаламат қысым мен орасан үлкен температура керек емес, оған кішкене қысым мен электр өрісі де ____________. Осындай жағдайда полиэтилен жартылай өткізгіш транзистор _________ атқарады. Пластмассаның шикізаты ретінде полимерленген полидифениленфталид алыныпты. Қазірге ондай нәтижені кәдімгі полиэтилен қалтасы секілді жұқа полимерлік пленка _________ етіп отыр.

 («Зерде» журналынан)

 

Сөздіктен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізін тауып, аударыңыз. Тапсырманы қалай орындағаныңызды түсіндіріңіз.

Сұлбалардың, қарастыратын болсақ, күшейткіштердің, істерінде, кеселдердің, қосылмаған қалпын суреттейді, жасанды дене мүшелерінің, айырмашылығына байланысты, ағымында, құбылыстарды.

 

Баламасыз лексиканы аудару тәсілдері.

Аудармада кейде сөздікте жоқ, яғни баламасыз лексика деп аталатын сөздер кездеседі. Мұндай жағдайда аударманы баламасыз лексиканы жеткізудің тәсілдерін қолданып, іске асырады.

Баламасыз  лексиканы жеткізудің бірнеше тәсілдері бар:

1) Транслитерация. Шетел сөзін алып, оны аударма тілдің әріптерімен бейнелеу. Ондай сөздерге  зауыт, пошта,  станса т.б. сөздер жатады, бұл сөздер қазақ тіліне сіңіп кеткен.  Ал орыс тіліне шетел тілінен енген жаңа сөздер қазақ тілінде де өзгертілмей алынып жүр: дисплей, ноу-хау, программа, модем т.б. сөздер. Бұл тәсілдің артықшылығы - оның сенімділігі. Транслитерация - таныс емес, жеткіліксіз зерттелген сөздің тек дыбыстық сыртқы қабығын ғана көрсету. Мұндай сөздердің мазмұны контекст арқылы ашылады. Аудармашы осы тәсілді қолдана отырып, жаңа сөзді түсіндіруде қателік жіберіп алудан қашады.

2)  Калькілеу. Бұл тәсілдің мәні баламасыз сөздің құрылымдық бөліктері олардың аударма тілдегі сөзбе-сөз нұсқаларымен ауыстырылады: іскерлік банк, қызметтік автомашина, жоғарғы палата, директорлар кеңесі, Қауіпсіздік Кеңесі т.б.

3) Баламасыз лексиканың өзіндік сонылығын сақтап, аударма тілдің мүмкіндігін пайдаланып, жаңа сөз немесе сөз тіркесін жасау. Зейнеткер, тіркелім, бағдаршам, іссапар, тікұшақ, күнтізбе т.б. 

4) Сипаттама (түсіндірме) аударма тәсілі - баламасыз лексиканы  тілдік бірліктің мағынасын кеңінен сипаттау (сөз тіркестері, фразалар) арқылы  жеткізу. Оның артықшылығы сипатталатын құбылыстың мәнін толық ашу мүмкіндігін береді. Түпнұсқа тіліндегі сөз беріледі де, оның беретін мағынасы аударма тілдің тәсілдерімен түсіндіріледі

5) Ұқсастырып аудару тәсілі  -  Аяз Ата, Қарша Қыз т.б.

 

Сөздердің аудармасын сөздіктен тауып, жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құраңыз.

сопротивление –

помеха –

напряжение –

колебание –

волна –

источник тока –

установка –

частота –

 

          Сарқылмайтын және жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану

ерекшеліктері.

 

Барлық адамзатқа тең берілетін энергия: жел, күн, жердің жылуы және ағын су.

Табиғат бізге, оның тепе-теңдігін бұзбай, тіршілік көздеріне зиян келтірмей қолдануға мүмкіндік береді.

Жер шары халқы санының үздіксіз өсуі және олардың энергияға мұқтаждығының артуы адамның қоршаған ортамен қарама-қайшылықтарына әкеледі. Энергияның қажетті түрлері - электр энергиясын алу және көлік құралдарының қозғалысы қазір негізінен миллиардтаған тонна көмір, мұнай, табиғи және ілеспе газдарды және отынның басқа да түрлерін ауада жағу арқылы жүреді. Жылу энергиясын тиімді пайдалану көрсеткіші 30%-дан асатын кездер сирек болады. Қалған 70% -ы бұл миллиардтаған жылу калориясы – қоршаған ортаға және жер бетінің жылу теңдігін сақтау үшін ғарышқа таралады. Бір мезгілде көп мөлшерде зиянды газдар пайда болады. Бұл құбылыс булы әсерге алып келеді.

Булы әсер әлемнің орташа температурасын жоғарылатады, соның әсерінен  ғасырлар бойы қалыптасқан климат жағдайының өзгеруіне әкеледі. Бірақ  адамзат электр және жылу энергиясынсыз өмір сүре де алмайды, дами да алмайды, сондықтан олардың өндірісінің үздіксіз өсуін қажет етеді. Осыған байланысты дәстүрлі емес және жаңғыртылатын энергия көздерін пайдаланудың әртүрлі ынталандырмалары бар.

Бірінші ынталандырма - электр энергиясының өндірілуін қамтамасыз ету және экологиялық апаттың алдын алу, табиғатты келешек ұрпақ үшін сақтау. Бұл мәселені шешудің басты бағыты энергияның экологиялық таза табиғи қорларын пайдалануға көшу болып табылады. Қоршаған ортаның энтропиясының және буланған газдар эмиссиясының артық жоғарылауына - жел, ауа жер жылуы, ағын су энергиясы жол бермейді.

Екінші ынталандырма - энергиямен жабдықтау жүйелерінен шалғай аймақтарда тұратын халықты энергиямен қамтамасыз ету. ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, ауылдық аймақтарда тұратын миллиондаған адамдар электр көзінен және өркениеттен мүлде алыста. Бұл көптеген әлеуметтік жағдайлар адамдардың ауылдық жерлерден қалаларға көшуіне әкеп соғады. Қазақстанда 5000-ға жуық ауылдар мен шағын аймақтар орталықтанған электрмен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілмеген.

Бұл мәселелерді шешудің басты бағыты жел, күн, ағын су сияқты жаңғыртылатын энергия қорларын пайдаланатын жекелендірілген энергиямен жабдықтау жүйесін құру және энергияның дербес пайдалану көздерін құру болып табылады.

Үшінші ынталандырма - дәстүрлі емес және жаңғыртылатын энергетикалық қорлар арқылы энергетиканы дамыту - дәстүрлі энергетикалық қорларға - мұнай, табиғи газ, көмірді иелену үшін саяси шиеленістер  мен әскери акцияларды азайту. Энергетика – бұл саясат, үлкен энергетика -  үлкен саясат. Қазіргі кездегі халықаралық жанжалдардың басым көпшілігі энергия үшін болуда.  Әлемнің саяси тұрақсыздануы  мұнай және газ қорларын иелену үшін күреспен анықталады.

Мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікке ұмтылуын қамтамасыз етуге және әлемдегі саяси шиеленісті төмендетуге сарқылмайтын энергия қорларын кең ауқымда пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Сарқылмайтын энергия қорлары монополиялық иелену және сауда нысаны болып табылмайды, ол бәрімізге бірдей берілген.

Ғаламдық энергетиканың саяси жанжалсыз дамуын халықаралық  ЮНЕСКО,  БҰҰДБ (ПРООН) ұйымдары қамтамасыз етеді.  Халықаралық келісім, Киот хаттамасы - энергия дамыту стратегиясын дәстүрлі емес және жаңғыртылатын энергетика қорлары арқылы жүзеге асыруды қолдайды, бұл қағиданы орындауға көптеген әлем елдері, сонымен қатар Қазақстан да қосылды. Министрлер деңгейінде  өткен «Орталық Азиядағы жаңғыртылатын энергияның орнықты дамуының стратегиялық орны» атты ЮНЕСКО-ның аймақтық конференциясында «Алматы Декларациясы» маңызды орын алды (Алматы, 2006).

Сарқылмайтын энергия қорларының жалпы қасиеттері мен сипаттамалары:

- Жер мен Күннің белсенді айналуымен байланысты айналымдылық;

- атмосфера тазалығы  мен ауа райы жағдайына тәуелділік;

- жердің геологиялық құрылымына, жергілікті бедерге тәуелділік;

- қажет кезінде пайдалану үшін  төмен және орта қуатты энергетикалық қондырғылар ретінде ретсіз түсетін энергия жинағыштарды қолдану.    

    

Сөз тіркестерін аударыңыз, оларды пайдаланып, ғылыми мәтін құраңыз.

халықтың орналасу тығыздығы төмен -

энергия шығыны –

қоршаған ортаның ластануы –

зиянды заттардың шығарылуы -

күн энергиясын түрлендіргіш –

геотермалды қондырғылар - 

экономикалық және техникалық көрсеткіштерді жетілдіру -

қондырғыларды баптау және пайдалану –

экологиялық балама қор –

булы газдар қалдықтарын азайту –

айналу күшінің ауытқуы –

ауа салмағының үйкелу күші  «жел» деп аталады –

ауаның көлденең қозғалысы –

 

Терминжасамның грамматикалық тәсілдері.

Қазақ тілінде салалық терминдер негізгі екі тәсіл арқылы жасалады: аналитикалық және синтетикалық.

Аналитикалық тәсіл сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы, қысқаруы арқылы жасалады. Мысалы: қоректендіру блогы, кернеу көзі, ЭҚК, ПӘК, бу генераторы, электрэнергетика, оқшауламалы трансформатор, жүргізу-реттеу реостаты, автотрансформатор, релелік қорғаныс, килокалория, ток тізбегі, амплитуда-модуляциялық, үшфазалы, қысқа тұйықталу, генератор роторы, коммутациялық аппарат т.б.

Синтетикалық тәсіл деп жұрнақтар арқылы термин жасауды атаймыз.

Энергетика саласындағы термин тудырушы жұрнақтардың белсенділік деңгейі әртүрлі. Осыған байланысты  оларды өнімді және өнімсіз жұрнақтар деп бөледі.

Жұрнақтар термин жасауда белсенді қолданылатын болса, олар өнімді жұрнақтар қатарына жатады. Ал, жұрнақтың термин жасауда қолданылу дәрежесі төмен болса, олар өнімсіз жұрнақтар деп аталады.

Мәселен:

-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш жұрнақтары арқылы көптеген терминдер қалыптасқан. Бұл жұрнақтар термин жасауда өнімді жұрнақтардың қатарынан табылады. Мысалы: қозғалтқыш (двигатель), өткізгіш (проводник), ажыратқыш (выключатель), сақтандырғыш (предохранитель), көрсеткіш (показатель), араластырғыш (смеситель), қыздырғыш (нагреватель), түзеткіш (выпрямитель), салқындатқыш (охладитель), дірілдеткіш (вибратор), күшейткіш (усилитель), үдеткіш (ускоритель), түрлендіргіш (преобразователь) т.б. Атаулы жұрнақтардың көмегімен жасалған терминдер жоғарыда келтірілген мысалдардан орыс тіліндегі -тель суффиксімен жасалған қосымшаларға сәйкес келетінін байқау қиын емес.

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы жайма (развертка), сынама (проба), ысырма (задвижка), қоспа (смесь), сырғыма (скольжение), түйіспе (контакт), қаптама (кожух), серіппе (пружина), орама (обмотка) т.б. терминдер қолданысқа енген. Бұл жұрнақтардан құралдық және іс-әрекет, үдеріс нәтижесінде туындаған мағынаны білдіретін  атаулар қалыптасқан.

-ым, -ім, -м жұрнақтары арқылы төсем (настил), өлшем (мера), орам (виток), айналым (оборот), құрылым (структура), тартым (тяга), қысым (давление) т.б. терминдер жасалған. Етістік тұлғалы сөздерге жалғанып, зат есім тудыратын бұл жұрнақтардан энергетика саласында ұғым, зат атауларын білдіретін термин атаулары қалыптасқан.

-ық, -ік, -қ, -к  жұрнақтары арқылы сызық (линия), үзік (разрыв), ойық (паз), түтік (трубка), тізбек (цепь), тірек (опора), елек (грохот), т.б. терминдер қолданысқа енген.

-ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары да термин сөздер жасауға қатысады, мысалы, сүзгі (фильтр), сорғы (насос), құрылғы (устройство), соққы (удар), қондырғы (установка) т.б. терминдер қолданысы соның дәлелі.

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары арқылы жиілік (частота), беріктік (прочность), дәлдік (точность), кернеулік (напряженность) т.б. терминдер қалыптасқан.

-ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы толқын (волна), ағын (поток), құйын (вихр), түйін (узел)  т.б. терминдер жасалған.

-ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы тербеліс (колебание), үйкеліс (трение), қозғалыс (движение), байланыс (связь), айналыс (вращение), ағыс (течение) т.б. терминдер қалыптасқан.

-уыш, -уіш жұрнақтары арқылы жасалған реттеуіш (регулятор), тежеуіш (тормоз), өлшеуіш (измеритель), дәнекерлеуіш (паяльник), тіркеуіш (регистратор), санауыш (счетчик) т.б. терминдер қолданыста бар.

 

Жоғарыда көрсетілген терминжасамның аналитикалық және синтетикалық тәсілдеріне өз мамандығыңызға қатысты әдебиеттерден мысал келтіріңіз.

Етістіктер қажет ететін септік жалғауын қосыңыз.

Үлгі:  Химиялық қосылыс.....  (нені)  бөліп шығарады.

Майлар үш топ..... бөлінеді.

Майды қышқыл....... өңдейді.

Майлар сынақ...... өткізіледі.

Жекелеген бөліктер әр түрлі температура..... қайнайды.

Трансформаторлық майлар күш трансформаторлар......., майлы оқшаулағыштар...... т.б. пайдаланылады.

Сонан соң су....... жуып, кептіреді.

Сөйлемдердің баяндауыштары қандай формада тұруы керек? Таңдаған нұсқаңызды дәлелдеңіз.

Минералды май мұнайды бөлшектеп айыру  әдісімен алады/алынады. Мұнайдан жасалған майларды үш топқа бөлінеді/бөледі. Олардың химиялық құрамы мұнайдың құрамымен анықтайды/анықталады. Солярлы май қышқыл және сілтімен өңдейді/өңделеді. Одан химиялық тұрақсыз қосылыстарды бөліп шығарады/шығарылады.

Трансформаторлық майларды күш трансформаторларында, майлы оқшаулағыштарда пайдаланылады/пайдаланады. Жаңа трансформаторлық майлар трансформатор мен аппараттарға құюдан бұрын сынақтан өткізіледі/өткізеді.

 

Мәтінді аударыңыз.

 

Атом электр станциялары

 

Атом  электр стансаларының жұмысы ауыр ядролардың  ыдырауына  негізделген, нәтижесінде нейтрон  ядросына  тиюі  салдарынан тізбектік  реакция  дамып, көп  мөлшерде энергия  бөлінеді. Ядролық отын ретінде байытылған табиғи  уран  және  жасанды плутоний 239Рu қолданылады. Плутоний 239Рu өзіндік ыдырау қабілеттілігіне ие, оны балама ядролық  отын   есебінде   қолдану  тиімді, өйткені оның ядросы ыдыраған кезде, 235U ядросының ыдырауынан көп    нейтрон   бөлінеді.

Атомдық  энергетикада  екі  түрлі   нейтрон «сұрыптары» кездеседі: ядролық  реакция нәтижесінде  пайда  болатын, көп  мөлшердегі  энергиясы бар жылдам  нейтрон және  энергиясы  жылдам  нейтрондардан  шамамен 100 есеге аз баяу (жылу) нейтрондар.

Қазіргі уақытта атом энергетикасында баяулатылған жылу реакторларымен қатар  жылдам  нейтронды   реакторлар  қолданылады. Жылу нейтрондағы реакторларда баяулатқыштар есебінде: жай суды, ауыр  суды  және  графитті, көбінесе  жай  суды  қолданады.  235U ядросының ыдырау үдерісінде түзілетін нейтрондардың біреуі тура бағыт  бойынша шығындалып, 235U ядросына тиеді және реакциялық тізбек жасайды.

Жарылыс болмау үшін ядролық реактор нейронды белсенді жұтатын материалдан жасалған, бор карбитті қарымтауыш оқтаушадан тұрады. Ядролық реакцияны күшейту үшін қарымтауыш (басқарушы) оқтаушалар ядролық реакция түзілетін аймақтан алынады, ал төмендету үшін керісінше жүктеледі. Қарымтауыш оқтаушалар көмегімен реактор жұмысының қалыптасқан режиміне, яғни тұрақты қуаттағы реактор жұмысына қол жеткізуге болады.

Баяулатылған, жылу нейтрондағы реакторлар кеңінен қолданыс тапқан және ол барлық елдердің атом энергетикасының негізі болып табылады. Ядролық  отын тұратын жер баяулатқыш-реактордың  белсенді  аймағы деп аталынады. Мұнда жылдам нейтрондардың  баяулауы,   олардың  жылу нейтронына «айналуы» және де жылу тасымалдағышқа жылу берілуі  жүзеге асырылады.

Реактордың белсенді аймағында орналасатын ядролық отын жылу бөлгіштік элементтерге (ЖБЭЛ) орналасады. ЖБЭЛ-ді арнайы дестелерге, кассеталарға және блоктарға жинайды. Шағылысудың негізгі көзі болып реактордың белсенді аймағы және  құрастырмалы   материалдар  табылады.

Биологиялық   қорғаныс  жоғары  сапалы  бетоннан  жасалады және ол жақсы нейтрон жұтқыш болып табылатын  10% судан тұрады. Бетонға  карбит боры жиі қосылады.

Реактор  әрдайым радиактивті шағылу көзі  болып  табылады. Бірақ реакторды  дұрыс  пайдаланған  жағдайда  оның  зияны аз  болады. Соған қарамастан, қауіпсіздік атом энергетикасының маңызды мәселелерінің  бірі  болып  табылады.

Қазіргі таңда кеңінен таралған су-сулық энергетикалық реакторлар (ССЭР), мұнда жай су нейтронды баяулатқыш және  жылутасымалдағыш  қызметін  атқарады  және уран-графитті реакторлар  (жоғарғы қуатты реактор), мұнда баяулатқыш қызметін  графит, ал жылутасымалдағыш  қызметін   жай  су  атқарады.

Чернобыль АЭС апатынан кейін атом энергеткасын дамыту күмән тудыра бастады, алайда қазіргі таңда апат қолайсыз фактор салдарынан және жұмыс істеген қызметкерлердің қателігінен болғаны дәлелденді.

Бұған қарамастан, заманауи атом электр станцияларында реактор қауіпсіздігін арттыру шаралары жетілдірілуде.

 

Мәтінді оқып, аударыңыз.

 

Дизельдік  және геотермальды  электр станциялары

 

Дизельдік электр стансалары білігі синхронды генератормен жалғасқан    іштен жану қозғалтқышымен (ІЖҚ) жұмыс жасайды.  Дизельдік электр стансалары мобильді, тәуелсіз, жүздеген кВт қуатпен шығарылады және шалғайда орналасқан ауылшаруашылығы тұтынушыларын  қамтамасыз ету үшін резервтік қорек көзі болып табылады. Атомдық электр стансалардың өзіндік мұқтаж сұлбасының апаттық, резервтік қорек көзі ретінде    қолданылады.

Геотермальды электр стансалар жерасты термалды  көздерінің арзан  энергиясын  қолданады. Жұмыс  істеу  принципі жылу стансаларына  ұқсас. Ерекше айырмашылығы - бу генераторының буландырғышының құрылымында. Геотермальды электр стансалар Жаңа Зеландияда, Жаңа Гвинеяда, АҚШ және Италияда жұмыс істейді, ал Италияда барлық өндірілетін  электр энергияның шамамен 6%-ын құрайды. Ресейде және Камчаткада Паужет геотермальды стансасы салынып, жұмыс істеуде.

 

Үзіндіні аударыңыз.

Вращающееся магнитное поле статора, пересекая проводники обмотки ротора, индуцирует в них ЭДС. Если обмотка ротора подключена к какому-либо сопротивлению (в том числе и очень малому), то по ней под действием индуцируемой ЭДС протекает ток. В результате взаимодействия тока в обмотке ротора с вращающимся магнитным полем обмотки статора создается вращающий момент,  под действием которого ротор начинает вращаться.

Частота вращения ротора, равная частоте вращения магнитного поля, называется синхронной.

Частота вращения ротора, не равная частоте вращения магнитного поля, называется асинхронной.

Асинхронные электрические машины отличаются от синхронных тем, что рабочий процесс в них может протекать только при асинхронной частоте, т.е. при частоте вращения ротора, не равной частоте вращения магнитного поля.

 

Мәтінді аударыңыз.

 

Аккумулятор

 

Аккумулятор деп химиялық процестер нәтижесінде электр энергиясын белгілі бір уақыт  аралығында жинайтын және сақтап тұру қабілеті бар аспапты атайды.

Аккумуляторларда да, гальваникалық элементтердегі сияқты, электр тогы химиялық процестердің салдарынан болады. Бірақ гальваникалық элементтердің аккумуляторлардан айырмашылығы ондағы алынған химиялық қосылыстар сырттан берілген токтың салдарынан қайтадан ыдыратылып, алғашқы күйіне келтіріле алмайды. Сондықтан гальваникалық элементтерді бастапқы, ал аккумуляторларды - туынды немесе қайтымды элементтер деп атайды.

Электролит құрамы мен тіліктері материалдарына байланысты аккумуляторларды қышқылдық және сілтілік деп бөледі.

Қарапайым қышқылдық аккумулятор электролитке батырылған екі қорғасын тіліктерінен (электродтардан) тұрады. Электролит - аздап күкірт қышқылы қосылған су. Басқа көзден берілетін тұрақты ток электролит арқылы өтіп, оны құрамдық бөліктерге ыдыратады. Электролит ішінде ток көзінің теріс қысқышына қосылған тілігіне қарай сутегінің оң иондарының қозғалысы, ал ток көзінің оң қысқышына қосылған тілікке қарай оттегінің теріс иондарының қозғалысы пайда болады. Электролиз нәтижесінде оң электродтың қорғасыны тотығады да, теріс электродта кеуекті қорғасын пайда болады. Осылайша электр энергиясы химиялық энергияға түрленеді де, аккумулятор зарядталады. Химиялық энергия белгілі мерзім бойы сақтала алады және керек кезінде электр энергиясына оңай түрлендіріледі.

Егер аккумуляторды ток көзінен ажыратып оны қандай да болмасын энергия тұтынушыға қосса, онда аккумулятордың өзі гальваникалық элементтерге ұқсап ток көзіне айналады.

Қышқылдық аккумуляторларда электролит ретінде белгілі тығыздығы бар күкірт қышқылы ерітіндісі қолданылады. Ерітінді тығыздығы деп қаралып отырған ерітінді массасының осындай көлемдегі су массасынан қанша есе көп екендігін көрсететін санды айтады.

 

Анықтаманың бірнеше түрін беріңіз.

Үлгі: Аккумулятор деп электр энергиясын белгілі бір уақыт  аралығында жинайтын және сақтап тұра алатын қабілеті бар аспапты атайды. Аккумулятор деп электр энергиясын белгілі бір уақыт аралығында жинайтын және сақтап тұра алатын аспап аталады. Аккумулятор дегеніміз - электр энергиясын белгілі бір уақыт аралығында жинайтын және сақтап тұра алатын аспап.

1. Ерітінді тығыздығы деп ерітінді массасының осындай көлемдегі су массасынан қанша есе көп екендігін көрсететін санды айтады.

2. Сырттан берілген токтың салдарынан қайтадан ыдыратылып алғашқы күйіне келе алмайтын элементтерді гальваникалық элементтер деп атайды.

3. Электролит - аздап күкірт қышқылы қосылған су.

 

Үзінділерді қазақ тіліне аударыңыз.

Если в магнитном поле постоянного магнита или электромагнита поместить проводник и под действием какой-либо силы перемещеть его, то в нем возникает ЭДС. При подключении этого проводника к какому-либо приемнику энергии в замкнутой цепи под воздействием ЭДС будет протекать ток.

          Если через проводник пропустить ток, то в результате взаимодействия тока, проходящего в проводнике, с магнитнм полем создается электромагнитная сила. Под воздействием этой силы проводник начнет перемещаться  в магнитном поле.

Асинхронные электрические машины. Наиболее широкое распространение получил трехфазный асинхронный двигатель, впервые  сконструированный известным русским электриком М. О. Доливо – Добровольским (1862-1919).

 

Мәтінді аударыңыз.

Трансформатор

 

Трансформатором называется электромагнитный аппарат, который преобразует переменный ток одного напряжения в переменный ток другого напряжения.

Трансформаторы широко применяют в системах передачи электрической энергии от электростанций к производственным предприятиям, городам и сёлам. Они позволяют значительно повысить напряжение (до500-800кВ) источников переменного тока, установленных на электрических станциях. Благодаря этому уменьшаются потери энергии в проводах и обеспечивается значительное уменьшение площади сечения проводов линий электропередач. В местах потребления электроэнергии напряжение высоковольтных линий электропередач понижается при помощи трансформаторов до 380, 220 и 127 В. При этих напряжениях работают потребители электрической энергии, установленные на фабриках, заводах и в жилых домах. Таким образом, электрическая энергия при передаче ее от места производства к месту потребления преобразуется несколько раз.

 

Электр кернеулері

 

Оқшауламаға әсер ететін электр кернеулері 2 топқа бөлінеді: жұмыстық  кернеу және асқын кернеу. Жұмыстық кернеулер тұрақты жүктемеге жатады. Асқын кернеулер - кездейсоқ жүктемелер және оларды тудыратын себебіне қарай ішкі асқын кернеулер мен сыртқы асқын кернеулерге бөлінеді.

          Үшфазалы токтың  күштік қондырғыларының электрлік оқшауламасы белгілі бір кернеу кластарына жобаланады. Әрбір класс үшін үшфазалы желінің ең үлкен желілік кернеуіне тең, электр жабдықтарына ең үлкен жұмыстық кернеу белгіленеді. Электр жабдықтың ең үлкен жұмыстық кернеуі – электр желісінде ұзақ мерзімде жұмыс істей алатын шекті кернеу (мысалы, электр энергиясының көзі жағындағы желідегі сызықты кернеу). 

         Электр оқшауламасының жұмыстық кернеуі энергетикалық жүйенің бейтарап режиміне 3 жағдайда тәуелді болады:  1) оқшауланған бейтараптама; 2) тікелей жерлестірілген бейтараптама; 3) доға сөндіргіш реактор арқылы жерлестірілген бейтараптама.

         Оқшауланған бейтараптамада осы фазаның оқшауламасы зақымдалу нәтижесінде бір фазаның жерге тұйықталуы басқа (бүтін) екі фазаның оқшауламасында желілік кернеуге тең кернеу тудырады. Сыйымдылық тогы 40 А оқшауланған бейтараптамасы бар желідегі бір фазаның апатты түрде жерлендірілуі салыстырмалы түрде ұзақ уақытқа созылуы мүмкін  (бірнеше минуттан 5-6 сағатқа дейін). Бұл уақытта жерге тұйықталған орынды табуға және оны түзетуге (жөндеуге) болады. Сонымен, аз сыйымдылықты тогы бар оқшауланған бейтараптама желілерде бір фазаның жерге тұйықталуы тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз етуі үзіліссіз өтеді.

Оқшауланған бейтараптамалы желілерде электрлік оқшауламаның жұмыстық кернеу ретінде электр жабдықтардың ең үлкен жұмыстық кернеуін алу керек.

         Бейтараптаманы тікелей жерлестірген жағдайда 1 фазаның жерге тұйықталуы бірфазалы қысқа тұйықталу болып табылады, бұл зақымдалған бөлігі релелік қорғаныс ажыратады. Электр берілісі желісінің жұмыс ұзақтығы жерге бірфазалы қысқа тұйықталған кезде релелік қорғаныстың іске қосылу уақыты ажыратылатын аппаратура арқылы анықталады.

          Көбінесе бұл уақыт 3 секундтан аспайды. Сондықтан жерлестірілген бейтарап желідегі электр жабдықтың жерге бір фазамен қысқа тұйықталу режимінде ұзақ жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл жағдайда электр оқшауламасының жұмыстық кернеуі электр жабдықтың ең үлкен фазалық √3 – ке бөлгендегі мәніне тең.

          Егер индуктивтілік жерге бағытталған сыйымдылық токтың орнын толтырса (компенсация),  желі резонансты жерлестірілген деп саналады. Желі резонансты жерлестірілген кезде бірфазалы қысқа тұйықталған жердегі ток толық сыйымдылық токтың 5-7% тең және оқшаулама саңылауы мен жоғары гармония токтары тудыратын активті құраушылардан тұрады. Бұл жағдайда, оқшауланған бейтарап желідегі сияқты бүтін фазалардың электр оқшауламасына ұзақ уақыт бойы электр жабдықтың ең үлкен жұмыс кернеуі әсер етеді. Осылайша, бейтараптаманы доға сөндіргіш реактормен жерлестіргенде, электр оқшауламасының жұмыстық кернеуін электр жабдықтың ең үлкен жұмыстық кернеуіне тең деп алу керек. Номиналды кернеуі 3-35 кВ желіде оқшауланған немесе резонансты  жерлендірілген бейтараптама болады. Сондықтан класы 3-35 кВ болатын электр оқшауламаның жұмыстық кернеуі электр жабдықтың ең үлкен жұмыстық кернеуіне тең деп алынады, ал 110 кВ класс үшін электр жабдықтың ең үлкен фазалы кернеуі алынады. 

 

          Арқылы, туралы, үшін, бойынша, туралы, байланысты, арқасында сөздерінің керегін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз, аударыңыз.

          Электролит ................ электр тогы өткен кезде химиялық қосылыстар түрінде кездесетін заттар бөлінеді. Кернеуді көбейту .......... элементтер тізбектеп қосылады. Трансформатор ........... жалпы мәлімет берейік. Олардың тізбегі R және Rх резисторлары ............... тұйықталады. Қозғалыстағы электрондардың ........................ туатын магниттік өрістер әр түрлі орында орналасады. Магниттік өрістердің өзара орналасуына ................. олар бір-бірімен қосылып немесе бір-бірінен айрылуы мүмкін. Ток пен кернеуді өлшеу ........... амперметрлер мен вольтметрлер қолданылады. Оларды гистерезис әсеріне ...................... тұрақты ток тізбегінде қолдануға болмайды.

 

          Бос орынға қажет шылауды (мен, бен, пен, және, да, де, та, те, немесе) қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

          Айнымалы ток тізбегіндегі қуат кернеу ....... токқа ғана емес, олардың арасындағы фаза ығысуына ..... тәуелді. Олардың тізбегі R ....... Rх резисторлары арқылы тұйықталады. Генераторлық индукциялық түрлендіргіштерде өлшенетін электрлік шама, мысалы, сызықтық ........... бұрыштық қозғалыстар ЭҚК-ге түрленеді.  Трансформатордың бос жүрісі кезінде оның екіншіреттік орамасы ажыратылған күйде болады..... бұл орамнан ток жүрмейді.

 

          Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

 

Тұрақты ток генераторының жұмыс принципі және құрылысы

 

          Қарапайым генераторға N және S полюстерінің магнит өрісінде айналатын орам жатады. Мұндай орамда уақыт бойынша айнымалы болатын ЭҚК индукцияланады. Сондықтан, орам ұштарын ораммен бірге айналатын түйіспелік сақиналарымен қосқанда, қозғалмайтын щеткалар арқылы жүктемеде айнымалы ток жүреді, яғни мұндай машина айнымалы ток генераторы болып табылады.

          Айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіру үшін коллектор қолданылады. Коллектордың жұмыс принципін былай түсіндіруге болады.    

          Орам ұштары коллектор тілігі  деп аталатын екі мыс жартылай сақинаға  жалғанады. Тіліктерді машина білігіне бекем бекітіп, оларды бір-бірінен және біліктен оқшауламалайды. Тіліктерде энергия қабылдағышы мен жалғанған қозғалмайтын щетка орнатылады.

Орам айналғанда коллектор тілігі де машина білігімен қоса айналады. Қозғалмайтын әрбір щетка  коллектор тіліктерімен кезектесіп жанасады.

          Орамда индукцияланған ЭҚК нөлге тең болған сәтте бір тіліктен екіншісіне өтетіндей етіп щеткаларды коллекторға орналастырады. Якорь айналғанда, магнит өрісі біркелкі таралған жағдайда орамда синусоидамен өзгеретін айнымалы ЭҚК индукцияланады. Бірақ щеткалардың әрқайсысы осы сәтте полярлығы белгілі полюстің астында орналасқан коллектор тілігімен және сәйкес өткізгішпен ғана жанасады.

          Осының салдарынан щеткаларда ЭҚК-тің таңбасы өзгермейді. Тұйықталған электр тізбегінің сыртқы бөлігінде ток бір бағытпен – бір щеткадан кедергі R арқылы екінші щеткаға ағады. Бірақ сыртқы тізбектегі ЭҚК-тің бағытының өзгермеуіне қарамастан, оның шамасы уақытқа байланысты өзгереді, яғни тұрақты болмай толықсыған ЭҚК алынады. Сыртқы тізбектегі ток та толықсыған болады.

          Егер якорьде бір-біріне 90 бұрышпен екі орам орналастырсақ және осы орамдардың ұштарын төрт коллектор тіліктеріне жалғасақ, онда ЭҚК пен сыртқы тізбектегі токтың толықсуы едәуір кемиді. Коллектор тіліктерінің санының толықсу жиілігі тез азаяды. Коллектор тіліктерінің саны көп болғанда ЭҚК пен ток іс жүзінде тұрақты болады.

 

          Бөлінген сөздердің антонимін, синонимін табыңыз.

          Коллектор тіліктерінің санының толықсу жиілігі тез азаяды. Коллектор тіліктерінің саны көп болғанда ЭҚК пен ток іс жүзінде тұрақты болады. Қарапайым генераторға N және S полюстерінің магнит өрісінде айналатын орам жатады. Қозғалмайтын щеткалар арқылы жүктемеде айнымалы ток жүреді. Коллектордың жұмыс принципін былай түсіндіруге болады. ЭҚК нөлге тең болған сәтте бір тіліктен екіншісіне өтетіндей етіп щеткаларды коллекторға орналастырады. Сыртқы тізбектегі токтың толықсуы едәуір кемиді.

 

          Үзіндіні аударыңыз.

          Электрический ток – это направленное движение свободных носителей заряда в веществе или в вакууме. В металлах носителями зарядов являются электроны. Электрический ток зависит от приложенного электрического напряжения. Все тела обладают электрическим сопротивлением, которое представляет собой скалярную величину и численно равно отношению напряжения к току.

          Электрический ток весьма опасен для человека. Прохождение тока через тело человека вызывает электрические травмы, поэтому работающие должны твердо знать и выполнять правила безопасности при работе с электрическими установками.

 

Сөздік

оқшауламаланған – изолированный

мыс сым – медный провод

көлденең қима – поперечное сечение

науаша(лар) – паз(ы)

арақашықтық – расстояние

төрт бұрышты – четырехугольный

адым – шаг

тұтас сызық – сплошная линия

үзікті сызық – прерывистая линия

тұзақ тәрізді – петлеобразный

толқын тәрізді - волнообразный

жазылып көрсетілген сұлба – развернутая схема

өзек – стержень

 

          Мәтінді аударыңыз.

 

Якорь орамалары және тұрақты ток машинасының электр қозғаушы күші

 

          Тұрақты ток машиналары якорьларының орамалары оқшауламаланған мыс сымдардан, ал үлкен қуатты машиналарда – көлденең қимасы төрт бұрышты шинадан жасалынған орама өзекті түрде жасалынады және әр секция екі активтік өткізгіштен (бір орамды секция) тұрады. Орама секциялары оқшауламаланған мыс сымнан белгілі бір орам санынан (көп орамды секция) тұратын орауыш түрінде жасалынады.

          Тұрақты ток машиналарында екі қабаттан тұратын орамалар кеңінен қолданылады. Бұларда якорь науашаларындағы секцияның активтік бөліктері екі қабат орналасады. Ораманың әр секциясы бір-бірінен полюс бөлігіне шамалас болатын қашықтықта (әр аттас көршілес полюстер осьтерінің арақашықтығы) орналасқан екі активтік жақтардан тұрады. Активтік өткізгіштердің мұндай арақашықтығында (орама адымы) өткізгіштерде индукцияланған ЭҚК-тер бір бағытқа бағытталады да, секцияның ЭҚК-тің мәні үлкен болады, өйткені оның активтік жақтарының ЭҚК-тері бір-бірімен қосылады. Секцияның активтік жағының бір бөлігі науашаның жоғарғы қабатында болады. Ораманың жазылып көрсетілген сұлбасында науашаның жоғарғы қабатында орналасқан активтік жақ тұтас сызықпен, ал төменгі қабат – үзікті сызықпен көрсетіледі. Секциялардың ұштары ораманың басқа секцияларымен де және коллекторлар тіліктерімен де жалғанады.

          Орама құрайтын секциялар бір-бірімен оларда индукцияланатын ЭҚК-тер  бір жаққа бағытталанатындай етіп қосылады. Ол үшін тізбектеп қосылған секциялардың бастапқы (соңғы) өткізгіштері кез келген сәтте полярлығы бірдей полюстер астында болуы керек. Секцияларының қосылу тәртібіне қарай орамалар параллель (тұзақ тәрізді) және тізбекті (толқын тәрізді) болып екіге бөлінеді.

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Тұрақты ток машиналары якорьларының орамалары неден жасалынады?

2. Секцияның ЭҚК-і мәні не себептен үлкен болады?

3. Ұрақты ток машиналарында қандай орамалар кеңінен қолданылады?

4. Секциялардың ұштары немен  жалғанады?

5. Орама құрайтын секциялар бір-бірімен қалай қосылады?

6. Неге байланысты орамалар параллель және тізбекті болып екіге бөлінеді?

 

Сөздерді орнына қойып, сөйлем құрастырыңыз.

1. оның // қосылады // жақтарының // активтік // ЭҚК-тері //бір-бірімен.

2. якорь // науашаларындағы // активтік // орналасады // секцияның // екі қабат // бөліктері.

3. ораманың // басқа // және // коллекторлар // ұштары // секцияларымен де // жалғанады // секциялардың // тіліктерімен де.

4. мәні // үлкен // ЭҚК-тері // болады // активтік // ЭҚК-тің // жақтарының // қосылады // өйткені //бір-бірімен // оның.

          5. тұрақты // ток // тұратын // қолданылады // екі // қабаттан // машиналарында // кеңінен // орамалар.

 

          Cөздерді cөз таптарына бөліп жазыңыз.

          Қабат, орама, орауыш, жоғарғы, үзікті, бағыт, бағыттал, жалған, бастапқы, бол, орналас, қашықтық, жақ, сызық, көрсетіл, төменгі, активтік, төрт бұрышты, белгілі, қосыл.

Зат есім                                  Сын есім                               Етістік

қабат                                           үзікті                                      қосыл

 

          Көп нүктенің орнына керек қосымшаны жалғап, сөйлемдерді толықтырып, аударыңыз.

          Орамалар оқшауламаланған мыс сымдар...... (неден) жасалынады. Үлкен қуатты машиналар..... (неде) орама өзекті түрде жасалынады. Әр секция екі актив..... (қандай) өткізгіштерден тұрады. Орама секция..... (нелер) оқшауламалан...... (қандай) мыс сымнан орауыш түрінде жасал......... (не істеледі). Орама құра....... (қандай) секциялар бір-бірі..... (немен) ЭҚК.... (нелер)  бір жақ..... (қайда)  бағытталанатындай етіп қосылады. Ол үшін тізбекте... (қалай) қосылған секциялар..... (нелердің) бастап.... (қандай)  өткізгіштері кез келген сәт.... (неде) полярлығы бірдей полюстер астында болуы керек. Орама... (ненің) әр секция... (несі) бір-бірі.... (неден) полюс бөлігіне шамалас болатын қашықтық.... (неде) орналасады.

 

          Сөйлемдерді мезгіл мәнді сөйлемдерге өзгертіңіз.

          Үлгі: Орам ұштарын ораммен бірге айналатын түйіспелік сақиналармен қоссақ, қозғалмайтын щеткалар арқылы жүктемеде айнымалы ток жүреді. Орам ұштарын ораммен бірге айналатын түйіспелік сақиналармен қосқанда, қозғалмайтын щеткалар арқылы жүктемеде айнымалы ток жүреді.

          Коллектор тіліктерінің саны көп болғандықтан, ЭҚК пен ток іс жүзінде тұрақты болады.

          Егер якорьде бір-біріне 90 бұрышпен екі орам орналастырсақ, ЭҚК пен сыртқы тізбектегі токтың толықсуы едәуір кемиді.

          Якорь айналса, магнит өрісі біркелкі таралса, орамда синусоидамен өзгеретін айнымалы ЭҚК индукцияланады.

          Орам айналғандықтан, коллектор тілігі де машина білігімен қоса айналады.

         

          Сұрағына қарап, керекті қосымшаны жалғап, сөйлемдерді аударыңыз.

          Генератордағы сияқты синхрон... (қандай) қозғалтқыш..... (ненің) статорында үшфаза.... (қандай) орама орналасқан. Қалып... (қандай) жағдай... (неде)  олар cos f-0,8-..... (неге) тең озық ток....(немен) жұмыс істейді. Қоздыру ток....(ненің) азайтылу... (несі) статор....(неде) артта қал....... (қандай) токтың пайда болуы..... (неге) алып келеді. Синхрон.... (қандай) қозғалтқыш....... (нелерде) айналдырушы момент желі  кернеу.... (неге) бір..... (нешінші) дәрежеде пропорционал болады. Асинхрон... (қандай)  қозғалтқыштарда ол кернеу....... (ненің) квадрат....(несіне) пропорционал.

 

Сөздік

бос жүріс – холостой ход

ауа саңылауы – воздушная щель, зазор

қорытқы ағын – результируюший поток

біркелкі – равномерно

көлденең өріс – горизонтальное поле

жүктелген кезде – во время нагрузки

бейтарап сызық – нейтральная линия

бәсеңдеу –  ослабевать

қашушы полюс – опережающий полюс

қуушы  полюс – отстающий

 

         Мәтінді аударыңыз.

 

Жүктелген тұрақты ток  машинасының магнит өрісі

 

          Машинаның бос жүрісі кезінде якорьде ток жүрмейді, магнит өрісі полюстердің магниттік қозғаушы күшімен жасалады. Ол полюстер осіне симметриялы болады да, ауа саңылауында біркелкі таралады.

          Щеткалар геометриялық бейтарап сызығында, яғни якорь центрінен өтетін және полюстер осіне перпендикуляр сызық бойында орналасқан дейік. Машина жүктелгенде якорь орамасынан ток жүріп, өзінің магнит өрісін туғызады. Ол полюстердің магнит өрісіне әсерін тигізіп, оны өзгертеді, яғни якорь мен полюстердің магниттік қозғаушы күштерінің әсері арқасында магнит тізбегі арқылы қорытқы магниттік ағын Фр тұйықталады. Қорытқы магниттік ағын Фр бос жүріс кезіндегі полюстер ағынына Фm  тең емес. Машина жүктемеленген кезде якорь тогы тудырған магнит өрісінің полюстердің магнит өрісіне тигізетін ықпалы якорь реакциясы деп аталады.

          Егер қоздырылмаған машинаның якорь орамасы арқылы сырт көзден машина жүктелген кезде өтетін ток жіберілсе, онда якорьдің магнит өрісі пайда болады. Якорьдің бұл өрісі полюстер осіне перпендикуляр бағытпен тұйықталады, оны якорь реакциясының көлденең өрісі деп атайды.

          Якорьдің магниттік қозғаушы күші полюстің бір шетінің (генератор үшін қуушы полюстің, қозғалтқыш үшін қашушы полюстің) астында полюстердің магниттік қозғаушы күшіне қарама-қарсы бағытталған, ал полюстің екінші шетінің (генератор үшін қашушы, қозғалтқыш үшін қуушы полюстің) астында – полюстердің магниттік қозғаушы күшімен бағыттас болады. Демек, магниттік индукция полюстің бір шетінде бәсеңдейді де, екінші шетінде күшейеді.

          Сонымен, жүктелген машинада қорытқы магнит өрісі полюстер осіне симметриялы болмайды, яғни якорь реакциясының өрісі полюстердің магнит өрісінің таралуын өзгертеді. Якорь реакциясының өрісі физикалық бейтарап сызықты да, яғни якорь центрі арқылы өтетін және қорытқы магнит өрісінің магниттік қозғаушы күшіне перпендикуляр сызығын да жылжытады.

 

Аңдатпа

 

Аңдатпа – жазылған еңбектердің, оқулықтар, ғылыми мақалалар, рефераттар, диплом жұмыстарының т.б. қысқаша мазмұнын баяндайтын құжат түрі.

Қазақ тілінен оқу құралының аңдатпасы:

Бұл оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізушілерге арналған.

Оқулықта іс қағаздарын жүргізуде жиі кездесетін құжат түрлері өзара сабақтастықта іріктеліп алынған. Бұл сабақтастық мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді жүйелі түрде үйренуге ықпал етеді

АЭжБУ студенттерінің бітіру жұмыстарына жазған аңдатпа үлгілері:

  

Аңдатпа

 

Бұл бітіру жұмысында Интернет технологиялар пәнін қашықтан оқытуға   арналған Web-сайт құрастырылады. Тиімді оқу жүйесін жасау үшін келесі   мәселелер зерттеліп анықталған:

-     жүйенің сапалы жұмыс істеуіне қажетті мақсаттар, Web-технологиялар мен жобалау тілі;

-     программалық және ақпараттық құралдар;

Құрылған жүйенің экономикалық тиімділігі есептелген.

Өміртіршілік қауіпсіздігі, еңбек ету жағдайлары мәселелері қарастырылған, жұмыс орнын жарықтандыру және ауа баптау есептеулері келтірілген.

 

Рецензия

 

на учебное пособие «Основы безопасности жизнедеятельности» для    бакалавриата всех форм обучения всех специальностей.  

Составители: профессор М.К. Дюсебаев, доцент Ж.С.Абдимуратов.

       Целью данной работы является обеспечение  бакалавриата  всех  форм обучения всех специальностей   необходимым учебным материалом  в рамках новой рабочей программы с учетом изменений ГОСО.

        Учебное пособие предназначено для бакалавриата всех форм обучения всех специальностей.  Текстовой материал пособия отбирался из   учебной  и научной литературы, рекомендуемой соответствующими программами по направлению дисциплины.

       Методически оправданным видится предъявление  терминов и терминологических сочетаний,  характерных для данной дисциплины.   Работая с научным текстом по данной дисциплине,  учитывается то,  что учебно-научной речи данного пособия свойственна обучающая функция. Ее характерные признаки: 1) строгое ограничение объема сообщаемой  информации; 2) упрощение системы доказательств и объяснений; 3) активное использование средств, призванных облегчить усвоение научной информации; 4) более элементарное, доступное для понимания студентов изложение материала. Данное пособие имеет  практическую направленность. Актуальность работы  очевидна: она  пополняет лакуны дефицита методической литературы в данном направлении.

          В качестве рекомендаций: 1) написать введение или предисловие, где отражаются  цель пособия, характеристика текстового материала, структура подачи материала и т.д.; 2) после основной  темы  дать перечень  вопросов для закрепления ключевых понятий; 3) уточнить номера параграфов, а также их  переводы; 4) желательно  включить рубрики «Известно ли вам?», «Знаете ли вы?» и т.д., которые включают в себя информационный материал;  5)терминологический минимум  дать в конце учебного пособия; 6) написать содержание пособия; 7) откорректировать список литературы, включить литературу последних лет изданий. 

После устранения данных замечаний работа  рекомендуется к публикации.

 

Рецензент: член УМС АУЭС к. ф. н., доцент РиКЯ М.К. Нурмаханова

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.  Веников В.А., Путятин Е.В. Введение в специальность: Электроэнергетика. – М.: Высш. шк., 1988. – 239 с.

2.  Болотов А.В., Бакенов  К.А. Электр энергетика: 050718 – Электр энергетика мамандығының барлық оқыту түрлерінің студенттері үшін дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБИ, 2007. – 37 б.

3.  Бекмағамбетова Қ.Х. Электромеханика және электротехникалық жабдық: 050718- Электроэнергетика мамандығы бойынша барлық оқу түрлерінің  студенттеріне арналған дәрістер жинағы  Алматы: АЭжБИ, 2008. – 45 б.

4.  Туканова Н.А., Жунусова Г.С. Электр механикасы және  электр техникалық жабдықтар. 050718 – Электр энергетика мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттері үшін дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБИ, 2007.  40 б.

5.  Хожин Г.Х., Кузембаева Р.М., Соколов С.Е. 050718 – Электроэнергетика, Электр станциялары мамандығының студенттеріне арналған  дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБИ, 2008. -45 б.

6.  Китаев В.Е. Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері.           - Алматы: Қазақстан, 1991. -224 б.

7.  Трансформаторлар және тұрақты токтың электр машиналары. Оқу құралы. –Алматы: АЭжБИ, 1993. -92 б.

8.  Хожин Г. Электр станциялары мен қосалқы станциялар (оқулық).         -- Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1998. -260 б.

9.   Чебурашкин Н.Д. Технический перевод в школе.- М.: Просвещение, 1999. -255 с.

10.  Латышев Л.К., Семенов А.Л. Перевод: Теория, практика и методика преподавания. –М.: Издательский центр «Академия», 2005. -192 с.

11.  Жақыпов Ж.А.  Аударматануды аңдату. - Алматы, 2004. -192 б.

12.      Төлеуп М. М.  Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін арттыру:  Оқу құралы. - Алматы, 2006.

 

Мазмұны

 

1

Аударма туралы

3

2

Жүктелінген синхронды генератордың жұмысы

4

3

Ғылыми-техникалық әдебиетті аудару

6

4

Техникалық аударма

7

5

Синхронды қозғалтқыштар

10

6

Баламасыз лексиканы аудару тәсілдері

13

7

Сарқылмайтын және жаңғыртылатын энергия көздерін

пайдалану ерешеліктері

14

8

Терминжасамның грамматикалық тәсілдері

17

9

Атом электр станциялары

19

10

Аккумулятор

21

11

Э Электр кернеулері

23

12

Якорь орамалары және тұрақты ток машинасының

электр қозғаушы күші

27

13

Жүктелген тұрақты ток  машинасының магнит өрісі

30

14

Әдебиеттер тізімі

34