Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

 

 

 

 ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 

5В060200 - Информатика мамандығының оқу түрінің студенттері үшін практикалық сабақтарға  арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы 2011 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: К.Т.Төлеубаева Қазақ тілі 1 5В060200 – Информатика мамандығының оқу түрінің студенттері үшін  практикалық сабақтарға  арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: АЭжБУ, 2011.-31  б.

  

Әдістемелік көрсеткіш информатика бакалаврының оқу бағдарламасына сәйкес орындалатын практикалық сабақтарға арналып құрастырылды.

         Көрсеткіште информатика мамандықтарына қатысты аударуға арналған мәтіндер және мәтін контексі бойынша жаттығу жұмыстары, бекіту мақсатында грамматикалық тапсырмалар берілген.

         Көрсеткіш информатика бағытында даярланатын студенттерге ұсынылады.

         Әдеб. көрсеткіші –  9 атау.

 

         Пікір беруші: фил. ғыл. кан.,  доцент Тілембекова А.И.

 

        “Алматы энергетика және байланыс университетінің” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

 

             “Алматы энергетика және байланыс университетінің ” КЕАҚ, 2011 ж.

2011ж. жиынтық жоспары, 131 реті  

 

 

         1 Алматы энергетика және байланыс университеті

 

         Алматы энергетика институты 1975 жылы политехникалық институттың (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) құрамынан бөлініп шықты. Сол кездегі 15  одақтас республика (қазіргі ТМД елдері)  ішінде бұл энергетика саласындағы үшінші (Москва, Иваново) жоғары оқу орны еді.

         1997 жылдың 3 мамырында институт Алматы энергетика және байланыс институты (АЭжБИ) болып қайта құрылды. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы энергетика және байланыс институты PhD магистрлері мен докторларын дайындау құқығы бар университет – Алматы энергетика және байланыс университеті мәртебесін алды. АЭжБУ -  Орта Азиядағы энергетика және телекоммуникация бойынша мамандандырылған жалғыз жоғары оқу орны.

         Бүгінгі АЭжБУ дегеніміз:

         Институттың алты факультеті:

         Электр энергетика факультеті.

         Жылу энергетика факультеті.

         Радиотехника және байланыс  факультеті.

         Институтқа дейінгі даярлық  факультеті.

         Сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті.

         Ақпараттық технологиялар факультеті.

         - 5000-нан астам студент, магистранттар мен аспиранттар;

         - 340 оқытушы, оның 40 пайызы ғылым докторлары мен кандидаттары;

         - 22 кафедра, оның ішінде Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірігіп құрылған Би Джи Ғылыми табиғатпайдалану методологиясы кафедрасы;

         - 8 ғылыми-зерттеу зертханасы;

         - оқу корпустары;

         - компьютер сыныптарымен және оқу залдарымен жарақтандырылған 3 студенттер жатақханасы,

         - кітапхана, оқу залдары;

         - «Энтельчик» студент жастар орталығы;

         - ғылыми зертханалар корпусы;

         - бірегей ғылыми және оқу жабдықтары;

  - интернет желісіне қосылған заманауи дербес компьютерлер, оқу теледидары.

         Күндізгі бөлімнің студенттеріне энергетика және байланыс кәсіпорындары үшін екінші жоғары экономикалық білім алу мүмкіндігі жасалған. 

         Біздің студенттер бос уақыттарын көркемөнерпаздар үйірмелеріне, спорт секцияларына, интеллектуалдық ойындарға қатысып, көңілді өткізеді.

        

         Сөздерді есте сақтаңыз

         мәтін – текст

         мамандандырылған – специализированный

         бойынша – по

         заманауи – современный

         сала – область, сфера

         ғылыми-зерттеу – научно-исследовательский

         сырттай оқу – заочное обучение

         кәсіпорын – предприятие

         бірегей – уникальное

         жабдық – оборудование

        

         1.1 а) Сингармонизм заңын еске түсіріп, мына сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз: жабдық, мүмкіндік, студент, дәптер, қалам, жатақхана, орындық, тақта, оқу құралы, оқулық, кәсіпорын, сызғыш, терезе, факультет.

         ә) Бұларды қатыстырып сөйлем құраңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз.

        

         1.2 Мәтіндегі бірыңғай мүшелерді тауып, олардың қызметіне назар аударыңыз.

        

         1.3 Өткен шақ есімшенің сөйлемдегі орнына қарай анықтауыш және баяндауыш болатындығына 2-3 сөйлем құраңыз.

        

         1.4 Мына мақалдардың мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.

         1. Бақыт белгісі – білім мен ақыл.

         2. Оқу – инемен құдық қазғандай.

         3. Білекті бірді жығады,

         Білімді мыңды жығады.

        

         1.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

         2 Мамандығым – информатик

 

         «Информатика» мамандығы техникалық перспективалы мамандықтардың бірі.

         Информатика бакалаврын бітіруші маманддар – болашақ ақпараттық технологиялардың даму тенденциясы мен перспективасы, есептеу техникасы, коммуникация мен байланыстың қазіргі заман құралдары, техникалық құжаттарды дайындау құралдары, әдістері мен ережелерін жасай алатын болады.

         Информатика қазір өмірдің барлық салаларында кеңінен қолданылып отыр. Айналадағы дүние туралы мәліметтер, адамдардың көзқарасын кеңейтіп, ғылымның, техниканың өркендеуіне жол ашып отыр. Осы мүмкіндіктердің көпшілігі компьютерлік техниканың көмегімен іске асуда. Сондықтан осы мамандықтың келешегі зор екендігіне сеніміміз мол. Өйткені бұл мамандық өндірістің кез-келген саласына ауадай қажет.

         Информатик маманы компьютерлік техника құралдарын, бағдарламалау құралдарын ақпаратты өңдеу мен басқару жүйелерін жүзеге асыру үшін қолдана білуі керек. Бағдарламалық өнімдерді өңдеу технологиясы мен құралдарды қолданудың жаңа әдістерін қолдана отырып, оқылатын обьектілерді еркін таңдайды және олардың тиімді шешімдерін таба алады, бағдарламалық өнімді өңдеуде топта жұмыс жасай алады.

         Информатик маманы техникалық сауатты және ұқыпты болуы керек. Ол физиканың, математиканың негізгі заңдарын білуі шарт.

         Бұл мамандықты бітірушілер кез келген компаниялардың, мемлекеттік ұйымдардың, мәліметтер қорын (деректер базасын) басқарумен, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен, ақпараттық жүйелердің бағдарламалық кешендерін тестілеу және жөндеумен, есептеуіш техникамен, микропроцессорлық жүйелермен, компьютерлік және желілік технологиялармен жұмыс істеуге байланысты бөлімдерінде жұмыс істей алады. Сондай-ақ, бітірушілер тек Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шетелдерде де жұмысқа орналаса алды.

        

         Сөздерді есте сақтаңыз

         мамандық – специальность

         құрал– средство

         жобалау –проектирование

          өркендеуі – процветание

         желі – сеть

         зерттеу– исследование

         ақпарат - информация

         қызмет көрсету - обслуживание

          ақпаратты өңдеу- обработка информации

         мәліметтер қоры - база данных

         ақпаратты қорғау- защита информации 

         кеңінен қолданылады - широко пользуется 

          қамтамасыз ету-обеспечивать

 

         2.1 Өз таңдаған мамандығыңыз туралы не айта аласыз? Осы тақырып төңірегінде ой бөлісіңіз.

 

         2.2 Бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз.

 

         1. Информатика қазіргі … (өмірді, өмірге, өмірдің, өмірмен) барлық салаларында кеңінен қолданылып отыр. 2. Информатика ұғымы хх ... (ғасырдың, ғасырмен, ғасырды) басында пайда болды. 3. Информатика қазір өмірдің барлық … (саласы, салада, салаларында) кеңінен қолданылып отыр. Компьютерде жұмыс істегенде... (көзді, көзге, көзден) жаттығуды үнемі жасап отыру керек. 4. Жұмыс істегенде компьютер ... (экранының, экранымен, экранынан) 60-70 см алыс отыру керек. 5. Әрбір екі жылда ... (компьютермен, компьютердің, компьютерді) аппараттық және бағдарламалық жасауларын өзгертіп отырады. 6. Сандық ... (ақпаратқа, ақпаратпен, ақпаратта) көбейту кестелері жатады. 7. Пернетақтада кір, су ... (қолда, қолдың, қолмен) жұмыс істеуге болмайды. 8. Алғашқы компьютерлер үлкен ... (бөлмеде, бөлменің, бөлме) ауқымындай көлемді болды. 

        

         2.3 Мына омонимдеді пайдаланып, сөйлем құраңыз.

 

         Бас- голова, наступи, главный,начало

         Қымбат- дорогой, ценный, дорого

         Көк- синий, голубой, зелень, небо

         Ер- седло, герой, мужчина, муж, храбрый

         Бап- статья, уход, тренировка, соответсвующие условия

        

         2.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

         3 Қазақстанды компьютерлендіру

 

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  халыққа Жолдауында, біздің қоғамымыздың алдында тұрған басты мақсаттарының бірі елдің - компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру – деп атап өткен еді.

         Қоғамды ақпараттандыру өндірісті түбірімен жаңа бағытта өзгертуге, білім мен ғылымды дамытуға мүмкіндік береді, сонымен бірге бүкіл әлемде шексіз ақпараттық кеңістікті қалыптастырады. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың дамуы (АКТ) және жаһандық жүйе-интернет үкіметтің және халық шаруашылығының барлық салалар қызметінің айтарлықтай тиімді жұмыс істеуіне әсер етеді.

         Компьютерді және ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану машығы қазіргі заманға аса қажет. Осыған орай, Қазақстан Республикасында 2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендетудің Бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама Қазақстан республикасы үкіметінің 2006 жылғы 13 қазан айындағы № 995 қарарында бекітілген. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанда халықтың компьютерлік және интернет желісін пайдалану сауаттылығын 20% жеткізу.

         Бағдарламаны жүзеге асыру жоспарлы шараларды орындау арқылы іске асырылады. Атап айтқанда жергілікті атқару ұйымдарындағы қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдардағы жұмыскерлерді және жұмыссыздарды, әскерилерді басқа да санаттағы азаматтарды компьютерлік сауаттылыққа үйретуді ұйымдастыру. Бұл дегеніміз қоғамымыздағы кез келген адам дербес компьютердің не екенін, Windows амадық жүйесін пайдалануды, Microsoft Offise (Word, Excel, Power Point) қосымшаларында жұмыс жасай алатындай жаһандық жүйе – интернет қызметтерін пайдалана білетіндей болуы керек.

        

         Сөздерді есте сақтаңыз

         ақпараттандыру - информатизация

         ақпараттық теңсіздік - информационное неравенство

         ауқымды жүйе - глобальная система

         бағдарлама - программа

         дербес компьютер - персональный компьютер

         жергілікті атқару ұйымы - местная исполнительная организация

         желі - сеть

         машығы - навык

         жолдау - послание

         кеңісітік - пространство

         шара - мероприятие

 

          3.1 Берілген неологизмдерді аударып, есіңізде сақтаңыз.

 

         Дербес компьютерлер, ақпарат, бағдарлама, интернет желісі, станса, жер серігі, қойылым, өнертапқыш, өндіріс салалары, оқырман, ғарыш әлемі, электронды техника, жүлде, электронды есептеу машинасы, тәуелсіздік, елбасы, жекешелендіру, нарықтық экономика.

        

         3.2 Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз, олармен сөйлем құраңыз.

         Стратегия главы государства, компьютерная грамотность, информатизация общества, электронная почта, персональный компьютер, профессиональная деятельность, производственные задачи, новая программа.

        

         3.3 Төмендегі сөздердің әрқайсысына синонимдес қанша сөз тауып жазуға болады?

Халық, әрекет, өңдеу, көп, қажет, пайдалану.  

        

         3.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

         4 Информатика

 

         Информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну үрдістерін зерттеумен, қоғам өмірінің барлық салаларында ақпараттық техника мен технология жасау, өндіру және тиімді пайдалану мәселелерін шешумен шұғылданатын іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.

             Информатика ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында француз тілінде (information - ақпарат және automatioque - автоматика) қоғамда ақпаратты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайда болды.

             Информатика:

         - ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеу мен байланысты – техникалық;

         - ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін – семантикалық;

         -  ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – семантикалық;

         - ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.

         Информатиканың қалыптасуы мен дамуында ғылыми-техникалық даму басты бағыттардың бірі, оның нақты катализаторы – электронды есептеуіш машинасы (ЭЕМ) мен қазіргі компьютерлік техника. Шын мәнінде олар түбегейлі түрде өзгертуші рөл атқарады.

         Информатика сегіз негізгі әрекеттер бағыттарын қамтитын ғылыми-техникалық пәндердің кешені болып табылады.

         Информатика –информация қасиеттерін, оның көрсетілуі мен автоматты түрде өңдеу әдістерін зерттейтін және Интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ғылым.

 

ИНФОРМАТИКА

кибернети ка

тория  лық инфор   матика

бағдарлама лау

есеп теуіш техни ка

табиғат тағы информа тика

ақпарат тық  жүйе лер

қоғам дағы инфор матика

жасан ды интел лект

        

         Сөздерді есте сақтаңыз

         ақпарат алу – получить информацию

         әдіс –метод

         белгілеу – отметить

         кешен – комплекс

         қоғам – общество

         мәседе – проблема

         орасан зор – огромные

         сипаттау – описание

         түбегейлі –оканчательный

         ұғым – пончтие

         үрдіс – прцесс

         іс-әрекет – действие

 

         4.1 Мәтіннен туынды сөздерді тауып, түбірі мен қосымшасын ажыратып жазыңыз.

         Үлгі: ақпарат-тық

 

         4.2 Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ойыңызбен тодықтырыңыз.

         1) Информатика ұғымы қай ғасырда пайда болған?

         2) Информатика нені зерттейді?

         3) Информатика ғылымының негізгі бағыттары қандай?

         4) Информатика қандай пәндердің кешені болып табылады?

         5) Ақпарат қоғам омірінің қандай салаларын қамтиды? Атап шығыңыз.

 

         4.3  Берілген негізгі, туынды сөздерді үлгіде көрсетілген екі қатарға бөліп жазыңыз.

         Үлгі: Негізгі сөздер: оқу

         Туынды сөздер: мәтіндік

         Ой, техникалық, оқу, бағдарламашы, жүз, ереже, өшіргіш, аспап, үлгі, білім, қалалық, сайлаушы, жиілік, жад, сарапшы, сапа, құжат, бірлік, ондықсан, ақыл, тәртіп, ғылым, мәтіндік, кенші.

 

         4.4 Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

         қоғам өмірінің барлық салаларында, ғылыми-техникалық прогресс, тиімді пайдалану, басты бағыттарының бірі, автоматтандыру мәселелерін шешумен, автоматты түрде өңдеуді, пайда болды, кейбір түрлерін, әдістері мен құралдарын, негізгі әрекеттер бағыттарын қамтитын, болып табылады.

 

         5 ЭЕМ-ның шығу тарихы және буындары

 

         Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың техникалық негізі болды. Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы Пинсельван университетінде жасалды, оны ЕМАС деп атады. ЕМАС-тың конструкторлары - Дж.Моучли мен Дж.Эккерт. ЕМАС-тың салмағы 30 т.  және оның 18 мың электрондық шамдары болды, ол бір секундта 5 мың қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды. Алғашқы ЭЕМ-дер тек бір данадан болды. Дамыған елдерде ЭЕМ-нің сериялық шығарылуы 1950 жылдары басталады. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтың басшыльғымен жасалып,  Кіші электронды есептеу машинасы (Малая Электронная Счетная Машина) пайдалануға енгізілді.

         ЭЕМ-нің дамуын бірнеше буындарға бөліп көрейік. ЭЕМ-нің бірінші буынында элементтік база ретінде электрондық лампа мен реле қолданылды. Электрондық шамдар пайдаланылған ЕМАС және барлық басқа ЭЕМ-дер - ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады (1940-1955 жылдар).

         1955 жылдардан бастап келесі, екінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола бастады. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер - транзисторлар пайдаланылды. Олар секундына бірнеше 10 мыңдаған операцияларға жетті. Бағдарламалау тілдері Фортран, Алгол, Кобол қолданыла бастады.

         Интегралды сұлба негізінде құрастырылған ЭЕМ-дер бұл үшінші буындағы ЭЕМ-дер. Есте сақтау құрылғыларының жаңа түрі магниттік-дискілер пайда бола бастады. 1971 жылы АҚШ-тың "ИНТЕЛ" фирмасы компьютердің негізгі бөлігі - процессордың жұмысын орындауға қабілетті, өте үлкен интегралдық сұлбаны алғашқы микропроцессорды жасады. Оны дербес компьютер деп атады.

         ЭЕМ-нің төртінші буынында үлкен интегралдық сұлбалар құрыла бастады. Үлкен интегралдық сұлбасының кристалында он мыңға дейін элементтер қамтылады. Қазіргі кездегі кең қолдау тапқан дербес компьютерлер төртінші буынға жатады. 1980 жылдан бастап АҚШ-тың ІВМ фирмасы дербес компьютерді шығару бойынша дүниежүзілік нарықта жетекші болып саналады. Ал 1990 жылдан бастап Аррlе Согpогаtіоn фирмасының Масіntosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.

        

         Сөздерді есте сақтаңыз

         электронды шамдар - электронные лампы

         сұлба - схема

         есептеу машинасы - вычислительные машины

         негізінде - на основе

         нарық - рынок

         дүниежүзілік - всемирный

         буын - поколение

         бөлік - часть

         шығару - выпускть

         дамыған елдерде - в развитых странах

        

         5.1 Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

         Четвертое поколение персональных компьютеров, первые электронные вычислительные машины, под руководством Лебедева, вместо электронных ламп, использовались полу проводники, по одному егземпляру, основная часть компьютера, в кристалах большых интегральных схем, начали появляться новые виды магнитных дисков, языки прогаммирование, новые виды устройств, способен выполнять работу процессора,  на основе интегральных схем, считается передовым в мировом рынке.

 

         5.2 Көп нүктенің орнына өздік (-ын, -ін, -н ) және ырықсыз етіс (-ыл, -іл, -л, ) жалғауларын қойып, сөйлемдерді аударыңыз.

 

         Linux амалдық жүйесі сирек қолдан… ады. Барлық аппараттық және бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ұсын...ады. Компьютерлер тұрған кабинет ретке келтір...ді. Студент сабақтан сұра... ды. Топ жиналысын өткізуге дайында...дым. Тақтаға сабаққа қажетті сызбалар іл...ді. Сабақ аяқта...ды.

 

         5.3 Берілген етіс түрлерімен сөйлем құраңыз.

 

Ашылды, жуынды, істелінді, кесті, өшіргізілді, терілді, жіберді, ойлады, сүртінді,тазаланды, келді.

 

         5.4 Мәтінді толық аударыңып, мазмұндаңыз.

      

         6 Архивтер деген не?

        

         Кей кездері, тұрғылықты дискіде немесе ауыстырылатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда, немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемі үнемдеу қажеттілігі туындайды. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір архивтік файлда орналастыру мақсатымен архивтеу қолданылады.

         Архив – қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қапшықтар және басқа да мәліметтер жиынтығы. Бір архивте бірнеше файл немесе бірнеше қапшық сақтала алады. Бұл дискетте көбірек ақпарат орналастыруға мүмкіндік береді. Сығылған файлдарды тек дискетте сақтап қана қоймай, компьютерлік желілерде байланыс арналары арқылы жіберуге де болады. Ақпаратты сығу файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.

         Архиваторлар – архивтік файлдарды бууға және ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар. Архиваторлар компьютер жадысындағы ақпаратты арнайы математикалық әдістер көмегімен сығуға мүмкіндік береді. Файлдарды дискілерге көшіру уақытын қысқартады, ақпаратқа бөгде адамдардың рұқсатсыз шығуын парольмен қорғайды және бұдан басқа файлдарды компьютерлік вирустардың бұзуынан жартылай қорғайды.

         Едәуір кең тараған архиваторлық бағдарламалардың мүмкіндіктері бірдей деуге болады, барлық параметрлері жағынан бір бірінен артықшылығы жоқ.

         Ең кең тараған ішінен WinZip, WinRAR, ARJ бағдарламаларын ерекше атап көрсетуге болады. Архиваторлық бағдарламаға қарай архивтік файлдардың нақты белгіленген түрі (кеңейтілімі) болады. Едәуір жиі кездесетін архивтер типтері Zip, RAR, ARJ болады. Олардан басқа, компьютерлерде cab, Izh, tar, gz, bz2, iso және тағы басқа архивтер қолданылады.

        

         6.1Сөздерді есте сақтаңыз

         артықтығы жоқ – избытка нет

         архиваторлар – архиваторы

         архивтеу – архивировать

         ауыстырылатын тасымалдаушы – съемный носитель

         буу – запаковывать

         жиын – сбор

         жиі – часто

         жөнелту – отправить

         қысу (қысылған) – жать, сжимать, давить

         нақты – точь в точь (конкретно)

         недәуір – значительный

         үнемдеу – экономить

        

         6.2 Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

 

         Архивтер дегеніміз не?

         Мәліметтерді архивтеу не үшін керек?

         Файлдың көлемін  бүктеу үшін қандай бағдарламалар қолданылады?

         Архиваторлар деген не?

         Архиваторлар не үшін қолданылады?

         Архиваторлық бағдарламалардың ішінен ең кең тарағандары қандай?

         Жиі кездесетін архивтер типтері қандай?

        

         6.3 Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып, біреуін септеңіз

        

         6.4  Берілген сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрап жазыңыз

 

         бар/оңай/бөліп/файлдарды/архивтен/алудың/ең/тәсілі.

         архив/бұл/үшін/шертіңіз/екі рет/атауын.

файлдарды/архивтен/файлдар/ағымдағы/тізімнің/бөліп алынған/қапшық/соңында/пайда/болды.

 

         6.5 Мәтінді аударып, ат қойыңыз

 

         Бағдарламалық жабдықтар интерфейсіндегі анықтамалық жүйе оның негізгі элементі болып табылады. Онда әрбір адамға қажетті ақпарат толық түрде болуы тиіс. Windows ортасы мен оның ішіндегі стандартты қосымша бағдарламалардың бәрінің де бір-бірінен тармақтала өрбитін анықтамалық жүйесі бар. Ол жұмыс кезінде туатын кез келген сұраққа жауап бере алады. Анықтама ішінде басқа бөліммен байланысқан түйінді сөз ретінде суреттер де қолданыла береді. Анықтама ішіндегі түйінді сөздер алдын ала басқа түспен белгіленіп қойылады.

 

         6.6 Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз

 

         7 Электронды пошта

 

         Компьютер желілерінің көмегімен дүниежүзі деңгейінде ақпаратты жіберуге және алуға болады, мұндай желі арқылы тек хабар алмасу жүйесін электронды пошта  (Е-mail) деп атайды.

         Бұл Интерннеттің ертерек пайда болған қызмет түрлерінің бірі. Онымен қамтамасыз етуді Интернетте арнаулы пошталық серверлер деп аталатын бағдарлама жүргізеді. Пошталық серверлер клиенттен алынған хабарды адресаттың пошталық серверіне жөнелтеді. Бұл жерде хабарлар жиналады. Адресат пен оның пошталық серверінің арасында байланыс орнатылған кезде келіп түскен хабарлар автоматты түрде адресаттың компьютеріне жіберіледі.

         Басқа да байланыс қызмет түрлері сияқты, электронды пошта қызметі бағдарламалар жұбы мен олардың өзара қарым-қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан бағдарлама-сервер, тұтынушы жағынан бағдарлама-клиент жұмыс атқарады. Электронды поштаныңжұмыс екі қолданбалы хаттамаға негізделген.Біреуі шығатын хабарды жіберуге, екіншісі келетін хат-хабарды қабылдауға пайдаланылады. Сәйкесінше Интернет жағынан электронды пошта жұмысы екі сервердің көмегімен атқарылады: шығатын хабарлар сервері мен келіп түскен хабарлар сервері. Келіп түскен хабарлар серверін «пошта жәшігі» деп атайды.

         Шығарылатын хабар қызметі SMTP хаттамасына негізделген (SMTP-Simple Mail Transfer Protocol- простейший протокол передачи почты). Келіп түсетін хабар қызметі РОР3 хаттамасымен жүргізіледі (Post Office Protocol 3-протокол почтового отделения, версия 3).

         Электронды поштаны іске қосу үшін келесі әмірлерді орындау қажет:

         Бастау→Бағдарлама→Outlook Express

         Бұдан соң экранда Outlook Express терезесі ашылады. Жаңа пошта алу үшін тінтуірдің батырмасын Поштаны жеткізу батырмасында шертесіз немесе Хабарлама→Поштаны жеткізу әмірін орындайсыз. Егер жаңа пошта әлі түспеген болса, онда Outlook Express терезесінің статус-жолында «Жаңа хабар жоқ» деген ақпарат шығады.

        

         7.1Сөздерді есте сақтаңыз

         алу-получать

         арасында-между

         атқарылады-выполняется

         байланыс-связь

         деңгейі-уровень

         дүниежүзі-весь мир

         ертерек-пораньше

         жиналады-собирается

         жіберу-отправить

         көмегімен-с помощью

         қабылдау-принимать

         пайда болу-появиться

         түскен хабар-полученная информация

         хат-хабар-корреспонденция

 

          7.2 Берілген сөз тіркестерді аударыңыз

 

         Электронная почта, получать и отправить, служба доставки, почтовый ящик, адреса и письма, программное обеспечение, электронный почтовый адрес, услуги веб-сайтов, ваш уникальный адрес.

 

         7.3 Әр бөліктің мазмұнына сай мәтінге бірнеше сұрақтар қойыңыз

 

         7.4 Әр бөліктің мазмұнына сай мәтінге бірнеше сұрақтар қойып, мәтінді толық аударыңыз, ат ойластырыңыз

 Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыз..

 

         Қапшық – ба...дарламалар мен файлдар...а ар...алған, ке..те қапшы...ына ұ...сайтын белг...ше түрінде көрі...іс табаты... сауыт. Қапшықтарда т...рлі файлдар – қ...жаттар музыкалы... клиптер, бейнелер, суреттер, бағдарла...алар және т.б. сақталады. ...алталар дискідегі бағдарламалар мен құжат...арды реттестіру үшін қолданылады.

        

         7. 5 Жақша ішіндегі сөз тіркестерін сөйлемдердің мағыналарына қарай аударыңыз

 

         Әрбір компьютерлік бағдарлама (услугами операционной системы) пайдаланады. (Выбор операционной системы) өте маңызды. 3. (Производительность Вашей работы) амалдық жүйені таңдауға байланысты болады. 4.Windows амалдық жүйесінің негізгі элементтерінің бірі – (рабочий стол) 5. Windows жүйесінде жұмыс істей отырып, (несколько окон) бірден ашуға болады.

        

         7.6 Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз, өз сөзіңзбен мазмұндаңыз

 

         8 Программалау тілдері

 

         Программаларды ЭЕМ-де тікелей орындауға арналған алгоритмдерді жазу тәсілі, яғни алгоритмдерді ЭЕМ-ге түсінікті мәтін ретінде жазуға арналған қарапайым жасанды тіл прпограммалау тілі деп аталады. Әрбір ЭЕМ-нің өзінің машиналық программалау тілі болады, оны командалар тілі немесе кодтар (арнайы таңбалау) тілі дейді.

         Программа жазуды жеңілдету үшін математикалық формулаларды кеңінен қолданатын, ағылшын тілінің негізінде жасалған алгоритмдік тілдер Бейсик, Паскаль, Фортран, Си, т.б. кеңінен қолданылады. 

         1. Кобол - өткен ғасырдың 60 жылдары басында жасалған, экономикалық есептер шығаруда қолданылатын, машиналық тілге аударылатын тіл. Коболда сыртқы мәлімет сақтау құрылғыларында сақталатын көлемді мәліметтерді өңдеудің қуатты мүмкіндіктері жүзеге асырылды.

         2. Паскаль – 70-ші жылдар аяғында швейцар математигі Никлаус Вирттің программалауды үйрету мақсатында қолдану үшін арнайы жасаған тілі. Ол адамның алгоритмдік ойлау қабілетін қалыптастыратын, көпшілікке түсінікті қысқа программа жазуға қолайлы, алгоритмдеудің негізгі тәсілдерін көрсетуге және де ірі жобаларды да жүзеге асыра алатын тіл болды.

         3. Бейсик – бұл да 60-шы жылдары программалауды үйренушілерге арналып жасалған қарапайым тіл болды. Бұл көпшілікке кең тараған, игеруге жеңіл программалау тілдерінің бірі болды.

         4. Си – 70-ші жылдары шықты, ол алдымен көпшілікке арналып жасалмаған тіл еді. Си нақта процессорға тәуелді емес, қысқа, әрі тиімді программалар жасайтын ассемблер орнына пайдалану үшін жоспарланған тіл болатын. Си тілінің көптеген қасиеттері Паскаль тіліне ұқсас болғанымен, оның компьютер жадымен тікелей жұмыс істей алатын мүмкіндіктері бар еді. Осы тілде көптеген қолданбалы және жүйелік программалармен қатар Unix операциялық жүйесі де жазылып шыққан болатын.

         5. Си ++  - обьектіге бағытталған Си тілінің кеңейтілген түрі, оны 1980 жылы Бьярн Страуструп жасап шығарды.

         6. Java тілін 90-шы жылдар басында   Си ++  тілін негізге ала отырып, Sun компаниясы шығарды. Ол Си ++  тілінен төменгі деңгейдегі мүмкіндіктерді алып тастап, қолданбалы прогаммалар жасауды оңайлату мақсатында жасалды.  

 

         8.1 Мәтінге сөздік жасаңыз.

        

         8.2 Берілген сөздердің антонимдерін жазыңыз.

         қарқынды

         ірі

         көбею

         үнемдеу

         өшіру

         шығу

         тапшылық

         басталу

        

         8.3  Үшін, яғни, және,  бойынша, арқылы, орнына, аса, астам, арасындағы сөздері қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз, олардың сөйлемге қандай мағына үстейтінін айтыңыз.

 

         8.4 Мәтіннен етістіктерді табыңыз, олардың  шақ тұлғаларын анықтаңыз.

 

         8.5 Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

         9 Қосалқы программалар

 

         Компьютерлерде шығарылатын есептердің күрделенуіне байланысты программалардың көлемдері өсіп, оларды жазу, оқу, түзету істері күннен-күнге қиындап келеді. Белгілі бір өндірістік мәселенің, мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын есептеулердің программалары ұзақ уақыт пайдаланылады, олар күнделікті өмір талабына сәйкес өзгертіліп, түзетіліп отыруы тиіс. Осыларға байланысты программаларды құрастыруды, түсінуді, өзгертуді жеңілдететін тәсілдер жасалған, олар құрылымды (структуралық) программалау жолдары деп аталады.

         Программаларды адамның түсіну мен қабылдауын ыңғайлы түрде жүргізуге бағытталған тәсілдер жиынын құрылымды программалау деп атайды. Әрбір жасалған программа бөліктері бір-бірімен тығыз логикалық байланыста болуы тиіс.

         Белгілі бір ат қойылып, жеке программа түрінде бөлек жазылған, қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігін қосалқы программа ( подпрограмма) деп атайды. Қосалқы программаларда бірсыпыра операциялардың біріге отырып толық орындалуын қадағалап, программаның негізгі бөлігінде оның тек атын өзгерту арқылы бір рет орындаумен шектелуге болады.

         Қосалқы программаны пайдалану:

         - негізгі программаның көлемін кішірейтеді;

негізгі программада пайдаланылған айнымалыларды қосалқы программада да пайдалануға болады;

         - қосалқы программаға берілген компьютердің жедел жады көлемін ол орындамай тұрғанда, бос ұялар ретінде басқа мақсаттарға пайдалануға болады; қосалқы программаны пайдалану тәсілдері құрылымдық программалау талаптарына сай келеді.

         Құрамында қосалқы программалар тәрізді құрылымды программалау жабдығы бар Турбо Паскаль тілі процедураға бағытталған тіл деп аталып жүр.

        

         9. 1 Мәтінге сөздік түзіңіз.

        

         9. 2  Сөз тіркестерін аударыңыз.

         Күрделенуіне байланысты, күннен-күнге қиындап келеді, ұзақ уақыт пайдаланылады, түсіну мен қабылдауы, күнделікті өмір талабына сәйкес, арнайы бөлігі, пайдалану тәсілдері, құрылымды программалау жабдығы, бағытталған тіл.

        

         9. 3 Мәтіннен етістіктерді тауып, тұйық етістік формасына қойыңыз да әр етістікті қатыстырып басқаша сөйлем құрастырыңыз.

        

         9. 4 Сұрақтарына қарап, бос орынға қажетті қосымшаны қойыңыз.

         Компьютер.... (неде?) шығарылатын есеп....(ненің?) күрделенуіне байланысты программалардың көлемдері өсіп, олар...(нені?) жазу, оқу, түзету істері күннен-күнге қиындап келеді. Әрбір жасалған программа бөліктері бір-бірімен тығыз логикалық байланыс...(неде?) болуы тиіс. Қосалқы программаларда бірсыпыра операциялардың біріге отырып толық орындалуын қадағалап, программаның негізгі бөлігінде оның тек атын өзгерту арқылы бір рет орындау...(немен?)  шектелуге болады. Құрам....(неде?) қосалқы программалар тәрізді құрылымды программалау жабдығы бар Турбо Паскаль тілі процедура.... (неге?) бағытталған тіл деп аталып жүр.       

        

         9.5 Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз

 

         10 Паскаль тілі

 

         Информатикада студенттердің алгоритмдік әдіспен ойлау қабілетін түзу  маңызды рөл атқарады. Ол  жалпы дамуға және жаңа ақпараттық технологиялармен таныстырады. Адамның ЭЕМ-мен байланысу үшін  қарым-қатынастық тіл керек, сондықтан  арнайы бағдарламалау тілдері құрылып және кең қолданылады.

          Паскаль тілі ХХ ғасырдың 70-нші жылдарында  швейцар профессоры Никлаус Виртпен бағдарламалауды жүйелік оқыту құралы ретінде шығарылды. Бұл тіл құрылымдық бағдарламалау элементтерінен (тізбекті, тармақты, циклдық құрылымдар) және мәліметтер құрылымынан (массивтер, жазбалар, файлдар және т.б.) тұрады. 1983 жылы француз математигі Филипп Кан Турбо Паскаль деп аталатын тез жұмыс істейтін,  жинақы компилятор шығарды. 1992 жылы Borland International фирмасы интерфейсі жақсартылған және одан да тез компиляторлы Турбо Паскаль 7.0 тілінің кезекті түрін шығарды.

         Паскальдің бағдарлама құру негіздері  Ада, Модула-2, Си және т.б. тілдерде дамыды. Турбо Паскаль логикалық құрылымын сақтай отырып, үлкен бағдарлама құруға мүмкіндік береді. Оған қатар Паскаль қарапайым болғанмен инженерлік есептерді шығаруда тиімді құрал.

         Турбо Паскальдің ерекшелігі – ол бағдарлама құрылымына қатысты. Турбо Паскаль тілінде бағдарлама символдар тізбегі ретінде жүреді. Ол символдар: латын әріптері, араб сандары, амалдар және тыныс белгілері. Бастапқы берілгендерді, есеп шешімін, аралық берілгендерді белгілеу үшін айнымалылар қолданылады, олардың аттары тек а, b, X,Y және т.б. әріптерден ғана емес және де символдар тізбегінен тұруы мүмкін (мысалы: х1, time, alfa және т.б., бірақ олар тек әріптен басталуы керек). Кілттік сөздер дегеніміз – осы тілде операторларды жазуда қолданылатын аттар. Айнымалыларға берілетін аттар кілттік сөздермен сәйкес болмауы керек.

        

         10.1  Мәтінге сөздік түзіңіз.

 

         10.2  Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

         10.3 Зат есімдерді етістіктермен сәйкестендіріңіз.

        

         бағдарлама                                қолдану

         есептерлі                                   шығару

         жүйелі                                       оқыту

         алгоритмдік әдіспен                түзу

         мәдіметтер                                әзірлеу

         шешімін                                    табу

         кілттік сөздер                           жазу

         есеп шешімін                            белгілеу

         мүмкіндік                                  беру

         әріптерлен                                 құру

         айнымалылар                            бастау

 

         10.4 Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

         Ойлау қабілетін түзу, байланысу үшін, жүйелік оқыту құралы,  тез жұмыс істейтін, бастапқы берілгендерді, логикалық құрылымын сақтай отырып, кілттік сөздермен, символдар тізбегінен тұруы мүмкін.

 

         10.5 Бос орынға қажетті сөздерді қойыңыз: жұмыс, анықтама ақпарат, жабдықтар, тармақтала,  түйінді,  стандартты,

         Бағдарламалық ......... интерфейсіндегі анықтамалық жүйе оның негізгі элементі болып табылады. Онда әрбір адамға қажетті ........ толық түрде болуы тиіс. Windows ортасы мен оның ішіндегі ........ қосымша  бағдарламалардың бәрінің де бір-бірінен ....... өрбитін анықтамалық жүйесі бар. Ол ........ кезінде туатын кез келген сұраққа жауап бере алады. ......... ішінде басқа бөліммен байланысқан түйінді сөз ретінде суреттер де қолданыла береді. Анықтама ішіндегі ........ сөздер алдын ала басқа түспен белгіленіп қойылады.

 

         11 Кодтау туралы жалпы түсініктер

 

         Информатика пәнінен белгілі, екілік код үшін 2 саны негіз болады.  Сондықтан 32 әріпті екілік код арқылы жіберу үшін  код комбинациясының ұзындығы (разряд санының) келесі санға тең болады, сәйкес болмауы керек.

            n=log232 = 5.

         Бұл дегеніміз кез келген бес элементтен тұратын код комбинациясы әліппенің бір әрпін бейнелейді. Егер беріліс кезінде бір ғана қате жіберілсе, онда код комбинациясы басқа таңбаны бейнелейтін болады. Бір қалыпты кәдімгі кодта код комбинациясындағы разряд саны хабарламаның саны мен кодтың негізі арқылы анықталады.

         Мысалы,  «а» әрпі келесі комбинация «11111» арқылы берілсін делік. Мынадай қате жіберілсін,  бірінші разрядта «1» таңбасының орнына   «0» қабылдансын, басқаша айтқанда,  қабылдағыш келесі код комбинациясын  «11110» оқысын делік, онда «ю» әрпі қабылданған болады. Бұл жерде мынадай проблема туады: бұл жерде қатені табу мүмкін болмайды.  Себебі барлық код комбинациялары рұқсат етілген.  Мұндай қатені тек мәтінді толық түрде оқыған кезде ғана анықтауға болады.  Хабарламаны алушы тек мәтіннің  мазмұны бойынша ғана қалпына келтіре алады. Бұл жерде декодер ролін хабарлама алушы орындайды.

         Бөгеуілге тұрақты кодтаудың принциптері.  Бөгеуілге тұрақты кодтаудың идеясы мынада: жіберілетін код комбинациясына белгілі ережелер бойынша артықшылық немесе  рұқсат етілген комбинацияның нышандары енгізіледі. Бұл ережелер хабарламаны жіберуші мен қабылдаушыға белгілі болуы тиіс. Егер қабылдаушы осы нышанды таппаса, онда қате жіберілгені болады. Керісінше жағдайда – хабарлама дұрыс деп есептеледі. Кодтау есебі  үшін ең маңызды деп хабарламалардың табиғатын атайды. Бірдей әліппелер мен кодтаудың қасиеттері болғанда әртүрлі хабарламалар үшін оңтайлы шешім әртүрлі болуы мүмкін. 

 

         11.1  Мәтінге сөздік түзіңіз.

 

         11.2  Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

         11.3 Етістіктерді тұйық етістік формасына қойып, сөйлем құастырыңыз.

         Орындайды, бейнелейді, құрайды, іске асырады, қабылдайды, жебереді, өткізеді есептейді.

 

         11.4 Берілген туынды есімдіктермен сөйлем құрастырыңыз.

         Барлық, қандай, біреу, кейбір, ешкім, ешқашан, әрбір, ешқайда, нешінші, қайдан.

        

         11.5 Берілген сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрап жазыңыз.

         1. бар /оңай/бөліп/файлдарды/ архивтен/ алудың/ең/ тәсілі.

         2. архив/ бұл/ үшін/ шертіңіз/ екі рет/ атауын.

         3. файлдарды/ архивтен файлдар/ ағымдағы/ тізімнің/ бөліп алынған/қапшық/ соңында/ пайда/ болды.              

 

     12  Информация туралы  алғашқы түсініктер

 

         «Информация туралы түсінік екі объектінің – информация «беруші» мен информация «қабылдаушы» арасындағы қарым-қатынастан туады. Информация сигнал (signum – белгі) түрінде берушіден қабылдаушыға жеткізіледі. Мысалы, электр, жарық, дыбыс және т.б. сигналдар. Сигналдардың пайда болуы  энергия  алмасудың әсерінен болады. Сигналдарға байланысты, информация үзіліссіз және үзілісті (дискретті) түрде  болуы мүмкін.

         Информациялық технологиялар (IT) саласында информация туралы әртүрлі түсініктер берілген, мысалы, әдебиетте «информация – дүниенің бейнесі» деген жалпы философиялық анықтамалардан бастап, «информация дегеніміз белгілі бір оқиға туралы ақпарат» дейтін жай қолданбалы түсініктемелерге дейін кездеседі. Бірақ қалыптасқан информацияның анықтамасы әзірше жоқ. Информатика пәніне арналған әдебиетте оның әртүрлі анықтамалары келтірілген.

         Информация дегеніміз қоршаған ортаны объективті  түрде сипаттайтын сигналдардың жиыны күйінде, тек оларды «қабылдаушымен» қарым-қатынас орнатылғанда ғана  пайда болатын табиғаттың ерекше атрибуты (қасиеті).

 Бұл анықтамадан мынадай тұжырымдар жасауға болады:

         информация объективті болуы тиіс;

         информация сигналдар түрінде объектілердің қарым-қатынасынан ғана туады;

         информацияны  әртүрлі  «қабылдаушы» өзінше қабылдайды.

         Жоғарыда аталынған информацияның сипатын  оның кейбір қасиеттерімен толықтыруға болады; информация дәл, толық, сенімді, көкейкесті, қол жетерлік болуы тиіс.

        

         12.1  Мәтінге сөздік түзіңіз.

 

         12.2  Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

         12.3 Етістіктерді тұйық етістік формасына қойып, сөйлем құастырыңыз.

 

         Орындайды, бейнелейді, құрайды, іске асырады, қабылдайды, жебереді,  

өткізеді, есептейді.

 

         12.4 Сын  есімдерді қазақ тіліне аударып, шырай түрлерін жасаңыз. Әр  шырай түріне үш сөйлем құрастырыңыз.

 

         Үлгі: сильный – күшті – күштірек – өте күшті.

         Умный, мягкий, ровный, легкий, шустрый, узкий, обьемный, широкий, дешевый, быстрый, медленный, дорогой, сильный, плоский, тяжелый. 

 

         12.5 Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

         Сигнал түрінде, энергия  алмасудың әсерінен, үзіліссіз және үзілісті, белгілі бір оқиға туралы, жай қолданбалы түсініктемелер, информацияның сипаты.

 

         13 Информацияның қоғамдағы маңызы

 

         Информацияның қоғамдағы маңызы аса зор, информациясыз ғылыми-техникалық прогрестің және  экономикалық дамудың болмайтыны, адам толық қанды өмір сүре алмайтыны анық.

         Информация келесі негізгі функцияларды орындауға арналған:

         танырлық функциясының мақсаты – жаңа информация алу;

коммуникативтік функция  адамдар арасындағы қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету;

         басқару функциясының мақсаты – басқарылуға тиісті жүйенің тиімділігін қамтамасыз ету.

         Информацияның аса қажеттілігі  - адам өмірінде және оның  қызметінде белгілі бір мәселе жөнінде дұрыс шешім қабылдау қажет болғанда жиі  кездеседі.

         Информацияны пайдалану және онымен жұмыс істеу белгілі бір амалдарды орындауды қажет етеді. Информацияға қолданылатын негізгі амалдар мыналар:

         информацияны жинақтау және құрастыру;

         информацияны сақтау;

         информацияны компьютер жадына енгізу;

         информацияны компьютерде бейнелеу;

         информацияны компьютер жадынан шығару;

         информацияны берушіден  пайдаланушыға жеткізу;

         информацияны өңдеу;

         информацияны қорғау.

         Информацияға қолданылатын амалдардың  тізбегін информациялық үрдіс (процесс), ал  оны жүзеге асыратын  жүйелерді информациялық жүйелер (системалар) деп атайды.

         Қазіргі замандағы  қоғам дамуының бір ерекшелігі – индустриалды қоғамнан информациялық қоғамға өту кезеңі. Бұл кезеңді қоғамды информацияландыру кезеңі деп атайды. Мұның негізгі себебі - информацияның қоғамдағы, өндіріс пен шаруашылықтағы маңызы мен ролінің артуына байланысты. Кез-келген ұйымның   немесе кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін материалдық ресурстардың (табиғи шикізат пен энергетика көздері, еңбек пен қаржы ресурстары және т.б.)  болуы жеткіліксіз екендігі дәлелденді

        

         13.1 Мәтінге сөздік жасаңыз.

 

         13.2 Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, қай септікте тұрғанын көрсетіңіз.

 

         13.3 Мәтіннен есімшелік тіркестерді жазып алып, есімшенің сөйлемнің қандай мүшесінің қызметінде тұрғанын анықтаңыз.

 

         13.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

         14 Жүйелер  туралы алғашқы түсініктер

 

         Жүйелер  туралы алғашқы түсініктер соңғы жылдары адам өмірі мен экономиканың әртүрлі салаларында ақпараттық жүйелердің кеңінен пайдаланылатынын көруге болады. Әсіресе өндіріс орындарын, ұйымдарды, мемлекет органдарын және т.б.  басқару  ісінде  ақпарат жинау, өңдеу, іздеу және осы сияқты жұмыстар  басқару жүйесінің негізгі бөлігі болатыны анық. Ақпараттық жүйелер туралы және олардың адамзат қоғамындағы ролін түсіндіруден бұрын жалпы жүйелер туралы түсініктермен танысу қажет.                Қазіргі заманда ғылымның негізгі проблемасының бірі күрделі жүйелерді құрастыру мен практикаға енгізудің әдістерін зерттеу болып есептеледі. Күрделі жүйелерге көбінесе ірі технологиялық, өндірістік, энергетикалық, коммуникациялық кешендер, автоматтандырылған  басқару жүйелері және тағы басқа объектілерді жатқызады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде олардың  құрамына кіретін  жеке жабдықтар мен аппараттардың қасиеттеріне байланысты мәселелермен қатар, оларға  тиісті жалпы заңдылықтарды да қарастыру қажет болады.  Әрине, «жалпыжүйелік»  мәселелерді қарастыру әрбір  жеке құралдар туралы тереңірек зерттеулерді қажет етеді. Бірақ негізінен олардың арасындағы байланыстарды немесе жүйенің қасиеттеріне тікелей әсер етуші  қасиеттерді зерттеу қажеттірек болады. Қарастырылатын жүйелердің күрделене түсуі «жалпыжүйелік» мәселелердің маңызын арттырады. Масштабы үлкен объектілер  үшін жүйенің құрылымы, оның бөліктерінің арасындағы әрекеттестіктер, сыртқы ортамен қарым-қатынастары, басқаруды орталықтандыру  және осы сыяқты  басқа мәселелер  шешуші роль атқарады. 

        

         14.1 Мәтінге сөздік түзіңіз.

 

         14.2 Мәтіндегі етістіктерді келер шаққа айналдырыңыз және мақсатта, болжалды келер шақта жазыңыз.

 

         Үлгі: пайдалану - пайдалан+а+мын, пайдалан+ар, пайдалан+бақ

 

         14.3 Мәтінді оқып, не туралы екендігін екі-үш сөйлеммен өз сөзіңізбен баяндаңыз.

 

         14.4 Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

         15 Ақпараттық жүйе туралы ұғым

 

         Ақпараттық (информациялық)  технологиялар қоғамының негізгі көрінісі – адамзат өмірі мен қызметінің барлық дерлік саласын компьютерлендірумен сипатталынады. Алғашқы кезеңде есептегіш техника  (ЭЕМ, компьютер)  ғылыми зерттеулерде, инженерлік-техникалық, қаржы-экономикалық  және тағы басқа салаларда  кездесетін  математикалық есептеулерді орындау үшін қолданылды. Кейінгі жылдары есептегіш техниканы және онымен байланыстыруға болатын құралдарды пайдаланудың  ауқымы кеңейді. Осындай жағдайға  байланысты есептегіш техникаға қажетті программалық жабдықтар  негізінен  екі бағытта дамыды:

         -  есептеулерді орындау;

         -  информацияны жинақтау мен өңдеу.

         Осы екі бағыттың екіншісінің даму қарқыны кейінгі кезде өте жоғары әрі  пайдалану облысы барынша кеңеюде. Пайдалану облыстарының ішінде, компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды (IT-информационные технологии)   пайдаланудың ең маңызды саласының бірі – басқару ісі.  Басқару объектілері ретінде механизмдер мен өндірістік процестер, мекемелер мен кәсіпорындар және т.б. қарастырылады. Әсіресе, нарықтық  экономикада жиі кездесетін белгісіздік пен тәуекелділік жағдайында, дұрыс  басқару шешімін қабылдау үшін басқарылатын объектінің жұмысына әсерін тигізетін сыртқы және ішкі жағдайлар мен факторлар туралы  дәл әрі  оперативті информация қажет болады.

         Ақпараттық жүйелерді құрастыру кезінде екі негізгі мәселе шешіледі:

         1) информация сақтауға арналған деректер базасын  құру;

         2) пайдаланушыға арналған ыңғайлы интерфейс жасау.

         Басқару мен ондағы ақпараттық жүйелер туралы мәселелерді қарастыру барысында «Ақпараттық жүйе дегеніміз не?» - деген сұрақ міндетті түрде пайда болады.

         Ақпараттық жүйе дегеніміз мәтіндік, фактографиялық және т.б. информацияны жинауға, сақтауға, іздеуге, өңдеуге және т.б. амалдарды орындауға арналған қолданбалы программалық жүйе.

        

         15.1 Мәтінге сөздік түзіңіз.

 

         15.2 Мәтін сөйлемдеріне сұрақ қойыңыз.

 

         15.3 Тұйық етістіктерді тіркескен сөздерімен жазып алып, қосымшаларын анықтаңыз.

 

         15.4 Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз

 

         15.5 Сөзжұмбақты шешіңіз:

 

         1. Латынның «information» сөзі не білдіреді?

         2. Ақпарат өлшем бірлігі?

         3. Санау жүйесі?

         4. Графикалық редактор?

         5. Пішімдеу әрекеттерінің бірі?

         6. Программалау тілі?

         7. Ақпавраттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы?

         8. Мәліметтер жинағы?

         9. Дүниежүзілік желі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

з

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

с

 

 

 

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

н

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         16 Ақпараттық жүйелерді құрастыру

 

         Ақпараттық жүйе пайдаланушымен диалог арқылы жұмыс істейді.

Ақпараттық жүйелердің пайда болуы мен олардың жылдам дамуының негізгі себептерінің негізгілері ретінде келесі үш факторды қарастыруға болады:

         1) кәсіпорындарды басқару әдістемесінің  дамуы;

         2) компьютерлік жүйелердің мүмкіншіліктері мен өнімділігінің артуы;

         3) ақпараттық жүйелердің элементтерінің техникалық және программалық  жүзеге асырылуының дамуы.

         Жоғарыда айтылғандай, кәсіпорындарды басқару  теориясы және оны іс жүзінде жүзеге асыру өте күрделі іс болып есептеледі. Оның себебі – нарықтық экономика  жағдайында бәсекелестіктің өсуі  компания басшыларына тұрақты түрде жаңа тиімді тәсілдерді  іздеуді және оларды тезірек іс жүзінде пайдалануға енгізуді қажет етеді. Осыған байланысты басқару ісінде информацияны дер кезінде алу, оны басқару ісінде пайдалану ақпараттық  жүйелердің болуының қажеттілігін туғызады.

         Ақпараттық  жүйе негізінен екі бөлімнен тұрады:

         1. Компьютерлік инфрақұрылым  немесе корпоративтік желі  - желілік, телекоммуникациялық, программалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымдардың жиыны.

         2.  Бір-бірімен байланысқан функционалдық бағынышты жүйелер; олар  ұйымдастыру ісі мен қойылған мақсатқа жетудің мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.

         Сонымен, ақпараттық жүйені құрастыру дегеніміз  алдымен оның компьютерлік инфрақұрылымын (корпоративтік желісін)  құрастырып, содан кейін осының негізінде,  функционалдық бағынышты жүйелерді құрастыру.

 

         16.1  Мәтінге сөздік түзіңіз.

 

         16.2 Етістіктің қандай формада тұрғанын  (шақ формасы, есімше, көсемше, тұйық етістік) анықтаңыз.

         құрастыру

         қажет етеді

         қамтамасыз етеді

         пайдалану

         қажеттілігін туғызады

         тұрады:

         қарастыратын

         есептеледі

         арналған

         басқаруымен

         құрайды

 

         16.3 Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

         16.4 Берілген сөйлемдер төңірегінде ой бөлісіңіз.

 

         ИМ дегеніміз не?

 

         ИМ (интегралдық микросхема) – барлық құрамдастар қосылған, яғни интегралданған баспа платасы. Олардың микроскопиялық мөлшерлері мыңдаған жеке құрамдастарынан сұлбалар жасауға мүмкіндік береді. Ауыстырып-қосқыш, резистор, конденсатор және транзистор сияқты құрамдастар платада сымдармен немесе металл жолақтарымен қосылады.

  

Сөздік

А

Автоматика

Автоматика

Автоматтандыру

Автоматизация

Автоматтық бақылау                        

Автоматический контроль

Агент, зат, құрам                                

Агент

Ағымдағы атау                                  

Текущее имя

Ағын

Поток

АЖЖ автоматтандырылған жобалау жүйесі                                                  

САРП система  автоматического       

 проектирования

Ажырамалы, бөлінгіш                      

Разъемный

Ажыратқыш      

Выключатель

Ажырату

Отклучить

Азат жол        

Абзац

Айқара ашу, кеңейту, үлкейту        

Развернуть

Аймақ

Область, зона

Айналдыру

Прокрутка

Айналу жиілігі                                  

Частота вращения

Айналдыру пернесі

Клавиша прокрутки

Айналдырыңыз

Вращайте

Айырмашылық

Разница

Айырмашылығы

Различие

Ақау

Дефект

Ақаулы күй

Неисправное состояние

Ақаулы

Дефектный

Ақпарат

Информация

Ақпарат алу

Получить информацию

Ақпараттық құрылғы

Информационное устройство

Ақпараттық іздестіру жүйесі

Информационно-поисковая система

Алгоритм 

Алгоритм

Алушы, аларман

Получатель

Ұқсама, үйлес, теңдес, тәріздес

Аналог

Анықтамалық

Справочник

Аналогты есептеуіш машина

Аналоговая вычислительная машина

Амалдар орындайды

Оперировать, выполнять операции

Ақырғы

Оконечный

Арасында

Между

Арнайы

Специальный

Арнайы құрылғы

Специальное устройство

Артықтығы жоқ

Избытка нет

Архиваторлар

Архиваторы

Архивтеу

Архивировать

Ауыстырылатын тасымалдаушы

Съемный носитель

Алыс

Далеко

Алу

Получать

Атқарылады

Выполняется

 

Ә

Әсер

Влияние

Әлдеқайда

Намного

Әмбебап

Универсальный

 

Б

Баптау

Уход

Байланыс құралдары

Устройства связи

Бейімдегіш

Адаптер

Байланысты

Зависит

Біркелкі

Равномерно

Бөлгіш

Разделитель

Бейнеконференция

Видеоконференция

Бас мәзір

Главный меню

Бөлінген

Выделенный

Байланыс

Связь

Бас тарту

Уклоняться, отказываться

Буу

Запаковывать

Басқару

Управление

Басқару жүйесі

Система управления

Басқарушы әсер

Управляющее воздействие

Басқарылмалы, басқарылатын

Управляемый

Бастапқы деректер

Исходные данные

Бастапқы күй

Исходные положение

                                                              

Е

Енім

Доступ

Ертерек

Пораньше

 

Д

Дағды, әдет

Навык

Дауыс поштасы

Голосовая связь

Деңгейі

Уровень

Дүниежүзі 

Весь мир

                                     

З

Зақымданған

Поврежденный

Заманауи

Современный

Заман

Время

 

Ж

Жүйелік қапшық

Системная папка

Жүктеме

Нагрузка

Жүзеге асыру

Осуществлять

Желі ішілік

Внутрисетевой

Жетектегіш

Проводник

Жұмыс атқару

Работать

Жиналады

Собирается

Жіберу

Отправить

Желілік карта

Сетевая карта

Желілік орта

Сетевое окружение

Жергілікті желі

Локальная сеть

Жаттықтыру

Делать упражнение

Жиын

Сбор

Жиі

Часто

Жөнелту

Отправить

Жою

Уничтожить

Жұқтыру

Заразить

                              

К

Кең жолақты желі

Широкополосная лини

Кең ауқымды

Широкопрофильный, многопрофильный

Көздейді

Предусматривает

Күшейткіш

Усилитель

Кестелік файл

Табличный файл

Күрделі 

Сложный

Кедергі

Препятствие

Көбейю  

Увеличиваться, умножаться

Көмегімен

С помощью

           

Қ

Қасиет 

Свойство

Қалыптастыру

Формировать, модулировать

Қауіпсіздік

Безопасность

Қамтиды

Охватывает

Қаттама

Пакет

Қарастырайық

Рассмотрим

Қосымшалар

Вкладка

Қысқаша

Коротка

Құжаттар

Документы

Құрастыру 

Коструировать

Құраушы

Составляющий

Қысқа желі

Короткая линия

Қорғау

Защищать

Қолдану аймағы

Область применения

Ғылыми

Научный

Құжат ретінде

Как документ

Құрамы

Состав

Қызмет көрсету

Обслуживать

Қалыпты

В стабильном порядке

Қабылдау

Принимать

Қараусыз

Без присмотра

Қатты

Сильно

Қосылған күйінде

В подключенном виде

Қысу (қысылған)                              

Жать, сжимать, давить

 

М

Мәлімет алмасу

Обмен данными

Мәліметтерді сығу

Сжатие данных

Мәтіндік редактор

Текстовой редактор

Мүмкін

Возможно

                             

Н

Негізгі

Основной

Негізгі талап                                     

Основное требование

Нақты

Точь в точь (конкретно)

Недәуір

Значительный

Нысандар

Объекты

 

Ү

Үйлестіру

Координировать

Үнемдеу

Экономить

Үздіксіз

Непрерывно

Үйлесу

Соответсвовать

Үлгі

Образец

Үлкейту

Увеличить

Үнемі

Постоянно

Үрдіс

Процесс

                           

Ұ

Ұлттық 

Национальный

Ұзындығы

Длина

Ұғым

 Понятие

Ұйым

Организация

Ұйымдастыру

Организовать

Ұқсас

Похожие

Ұяшық

Ячейка

                                                                                   

О

Оқиғалар

События

Оқу залы

Читальный зал

Орасан зор

Огромные

Орналастырып     

Расположив

Орнату

Установить

Орнықты

Устойчивый

Орта бөлігі

Средняя часть

Ортақ

Общий, средний

Орталық

Центр

Орын алса

Занимает место

Орын босату

Освободить место

Орынбасар

Заместитель

 

Ө

Өз бетімен     

Самостоятельно

Өзгерту

Изменить

Өзгешелік

Особеность

Өлшем

Размер

Өңдейді

Обрабатывет

Өңдеу

Обработка

Өндіріс

Производства

Өндірістік

Производственный

Өңделгендігін анықтайды

Определяет обработку

Өшіргіш

Ластик

Өшіріп алмау

Не уничтожить

Өшіру

Стиреть

Өшпейді

Не исчезает, не уничтожается

 

П

Пайда болу

Появиться

Пайдалану

Использоватьь, эксплуатация

Пайдаланушы

Пользовать

Пайыз

Процент

Пәндік көрсеткіш

Предметный указатель

Перне

Клавиша

Пернетақта

Клавиатура

Пішіндеу

Формировать

 

Р

Ретімен

По порядку

Рухани байлық

Духовное богатство

Рұқсат

Разрешение

Рұқсатсыз

Без разрешения

 

С

Сауатты

Грамотный

Сақтау

Хранить

Сақталу

Сохранение

Сыбайлас

Близкие

        

Т

Таным

Познание

Тарату

Передача

Тасымалы компьютер

Переносный компьютер

Тәжірибелі

Опытный

Тез жылдамдықты

Скоростной

Түскен хабар

Полученная информация

Түрлері

Виды

Түрлену

Преобразование

Тұрмыс 

Быт

Толықэкранды

Полноэкранный

Тізбек

Цепь

Тыйым

Запрет

 

Ш

Шартты

Условно

Шектеулі

Ограничен

Шығын

Потеря

Шама

Величина

Шапшан

Оперативный

Шара

Мероприятие

Шарт

Условие

Шарттаңба

Код

Шексіз

Безграничное

Шерту

Щелкнуть

                                                                

І

Із

След

Іздеу

Поиск

Іс әрекет

Действие

Іс қағаздар

Деловые бумаги

 

Х

Хабар заңы 

Закон сообщения

Хабар

Сообщение

Хабарлама

Объявление

Хат-хабар                                          

Корреспонденция

 

  

Әдебиеттер тізімі 

         1. Камардинов О. Информатика. –Алматы: Қарасай, 2008. – 360 б.

         2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар:информатикадан 30 сабақ. –Алматы: ЖТИ. 2003. -400 б.

         3. Кайнденова К.Қ., Кузутбаева З.Қ., Ниғметжанова М.Қ. Кәсіпетік қазақ тілі. «Есептеуіш техника» мамандығына арналған оқу құралы. - Өскемен, 2009.

         4. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік.-Алматы: Алтын қазына, 1999.

         5. Валединский В.Д. Информатика. Словарь компьютерных терминов.-Москва:Аквариум, 1997.

         6. Байжұманов М.Қ, Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Оқу құралы.- Астана, 2004.

         7. Төлеуп М.М., Тілембекова А.И. Дүкенбаев С.К.,  Қазақ тілі.Оқу құралы Энергетика және байланыс мамандары үшін қазақ тілі, Алматы:АИЭС,2001.

         8. Құралбаев З. Қ.  «Ақпараттық жүйелердің негіздері». Дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБИ, 2009. -  76 б.

         9. Сүйебаева Л.Б., Ешпанова М.Д., Сябина Н.В. Информатика. Turbo Pascal тілі. Әдістемелік нұсқау. - Алматы: АИЭС, 2005.- 30 б

         10. Құдайбергенов Р. Техникалық терминдер сөздігі. – Алматы: «Таймас», 2009.-2009.-619б.

 

 

 

Мазмұны 

 

1.

Алматы энергетика және байланыс университеті

3

2.

Мамандығым – Информатик   

4

3.

Қазақстанды компьютерлендіру    

6

4.

Информатика

7

5.

ЭЕМ-ның шығу тарихы және буындары

9

6.

Архивтер деген не?

10

7.

Электронды пошта      

12

8.

Пограммалау тілдері    

15

9.

Қосалқы программалар            

16

10.

Pascal тілі    

17

11.

Кодтау туралы жалпы түсініктер     

19

12.

Информация туралы  алғашқы түсініктер                                           

20

13.

Информацияның қоғамдағы маңызы    

21

14.

Жүйелер  туралы алғашқы түсініктер           

22

15.

Ақпараттық жүйе туралы ұғым  

23

16.

Ақпараттық жүйелерді құрастыру  

25

17

Сөздік

27

18.

Әдебиеттер тізімі

34