Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 

5В074600 – Ғарыштық техника және технология мамандығының студенттері үшін практикалық сабақтарға  арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы 2011

           ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: А. И. Тілембекова, Д. М. Арыстанғалиева  Қазақ тілі-1 5В074600 – Ғарыштық техника және технология  мамандығының студенттері үшін практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы:  АЭжБУ, 2011.-43 б.

 

         Әдістемелік көрсеткіш – Ғарыштық техника  және технология бакалаврының оқу бағдарламасына сәйкес орындалатын практикалық сабақтарға арналып құрастырылды.

         Көрсеткіште – ғарыштық техника және технология мамандығына қатысты аударуға арналған мәтіндер және мәтін контексі бойынша жаттығу жұмыстары, қосымша мәтіндер, бекіту мақсатында грамматикалық тапсырмалар берілген.

         Көрсеткіш – ғарыштық техника және технология бағытында даярланатын студенттерге ұсынылады.

         Әдеб. көрсеткіші –  5 атау.

 

         Пікір беруші: фил. ғыл. канд., доцент Төлеуп М. М.

 

        “Алматы энергетика және байланыс университетінің” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 жылғы жоспары бойынша басылады.

        

         © “Алматы энергетика және байланыс университетінің ” КЕАҚ, 2011 ж.

2011ж. жиынтық жоспары, 127 реті         

         1 Алматы энергетика және байланыс университеті

 

         Алматы энергетика институты 1975 жылы политехникалық институттың (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) құрамынан бөлініп шықты. Сол кездегі 15  одақтас республика (қазіргі ТМД елдері)  ішінде бұл энергетика саласындағы үшінші (Москва, Иваново) жоғары оқу орны еді.

         1997 жылдың 3 мамырында институт Алматы энергетика және байланыс институты (АЭжБИ) болып қайта құрылды. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы энергетика және байланыс институты PhD магистрлері мен докторларын дайындау құқығы бар университет – Алматы энергетика және байланыс университеті мәртебесін алды. АЭжБУ -  Орта Азиядағы энергетика және телекоммуникация бойынша мамандандырылған жалғыз жоғары оқу орны.

         Бүгінгі АЭжБУ дегеніміз:

         Университеттің алты факультеті:

         1) Электр энергетика факультеті.

         2) Жылу энергетика факультеті.

         3) Радиотехника және байланыс  факультеті.

         4) Университетке дейінгі даярлық  факультеті.

         5) Сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті.

         6) Ақпараттық технологиялар факультеті.

         - 5000-нан астам студент, магистранттар мен аспиранттар;

         - 340 оқытушы, оның 40 пайызы ғылым докторлары мен кандидаттары;

         - 22 кафедра, оның ішінде Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірігіп құрылған Би Джи Ғылыми табиғатпайдалану методологиясы кафедрасы;

         - 8 ғылыми-зерттеу зертханасы;

         - оқу корпустары;

         - компьютер сыныптарымен және оқу залдарымен жарақтандырылған 3 студенттер жатақханасы,

         - кітапхана, оқу залдары;

         - «Энтельчик» студент жастар орталығы;

         - ғылыми зертханалар корпусы;

         - бірегей ғылыми және оқу жабдықтары;

  - интернет желісіне қосылған заманауи дербес компьютерлер, оқу теледидары.

         Күндізгі бөлімнің студенттеріне энергетика және байланыс кәсіпорындары үшін екінші жоғары экономикалық білім алу мүмкіндігі жасалған. 

         Біздің студенттер бос уақыттарын көркемөнерпаздар үйірмелеріне, спорт секцияларына, интеллектуалдық ойындарға қатысып, көңілді өткізеді.

         Сөздік

         мәтін – текст

         мамандандырылған – специализированный

         бойынша – по

         заманауи – современный

         сала – область, сфера

         ғылыми-зерттеу – научно-исследовательский

         сырттай оқу – заочное обучение

         кәсіпорын – предприятие

         бірегей – уникальное

         жабдық – оборудование

        

         1.1 а) Сингармонизм заңын еске түсіріп, мына сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз: жабдық, мүмкіндік, студент, дәптер, қалам, жатақхана, орындық, тақта, оқу құралы, оқулық, кәсіпорын, сызғыш, терезе, факультет.

         ә) Бұларды қатыстырып сөйлем құраңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз.

         1.2 Мәтіндегі бірыңғай мүшелерді тауып, олардың қызметіне назар аударыңыз.

         1.3 Өткен шақ есімшенің сөйлемдегі орнына қарай анықтауыш және баяндауыш болатындығына 2-3 сөйлем құраңыз.

         1.4 Мына мақалдардың мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.

         1. Бақыт белгісі – білім мен ақыл.

         2. Оқу – инемен құдық қазғандай.

         3. Білекті бірді жығады,

         Білімді мыңды жығады.

         1.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

         2 Ғарыш саласы мамандарын даярлау

 

Қажетті кадрларды даярламай, ұлттық ғарышты дамыта алмаймыз. Өйткені ғарыштық технологиялар ғылыми-инновациялық дамытудың басым бағыттары және көп ғылымды өндiрiстерге жатады. Сондықтан мемлекет осы күрделі саланы игеруге, үйренуге талапты жастарға қолдау көрсетуде. Осыған байланысты, «Қазғарыш» ҚР Білім және ғылым министрлігімен меморандумға қол қою арқылы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы энергетика және байланыс универ­ситеті мен Азаматтық авиация академияларын ғарыш саласындағы кадрларды даярлау бойынша негізгі жоғары оқу орындары етіп анықтады. Сондай-ақ «Болашақ» бағ­дарламасы бойынша мамандар дайындалуда.  Бүгінде  «Болашақ» бағдарламасының 58 стипендиаты 9 ғарыштық мамандық бойынша Ресей, Ирландия, Малайзия, Ұлыбритания, АҚШ және Канада мемлекеттерінде білім алуда. Мемлекеттік тапсырыс аясында Байқоңыр қаласындағы Мәскеу авиациялық институтының филиалында 101 студент оқуда. Жоғары оқу орнын бітіріп, мамандық алған жастардың ғарыш қызметінің күрделі жұмыстарын бірден алып кету қиын.     

Қазіргі таңда ма­мандардың біліктілігін арттыру мәселесі бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 20-дан аса қазақстандық инженерлер Францияның кәсіпорындарында өнді­рістік тәжірибеден өтіп, практикалық білім алуда. Ғарыш саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша өткен жылы шетел мамандарын шақырып, 16 оқу семинарлары жүргізілді, оған 240 адам қатысты. Білікті мамандар даярлау - ғарыш кешенінің болашағын қалыптастыру болғандықтан, бұл бағытта атқарылған жұмыстардың зая кетпесі анық.

Негізінде былтыр (2010 ж.) Қазақстанда тұңғыш рет ғарыштық техника және технологиялар мамандықтарына оқыту жұмыстары басталды. Бұл мамандыққа 30 грант бөлінсе, соны иеленген 18 студент біздің АЭжБУ-де оқиды.  Мамандыққа оқыту екі бағытта -   ғарышты алыстан басқару жүйелері және радиобелгілерді жерге жеткізіп тарату бойынша жүргізілуде. 18 түлек ақылы білім алып жатыр. Математика, физика және жаратылыстану пәндеріне жетік мектеп түлектерін ғарыш саласының мамандықтарын меңгеруге шақырамыз.  Биыл 50 грант бөлінбек. 

Ғарыш бағыты -  қоғамдағы ең қажетті саланың бірі. Ғарыштық бағдарламаның дамуы экономиканың, ғылыми-техниканың, мемлекеттік қорғанысының қуатын сипаттайды. Ғарыш саласы -  Республикамыздағы халық шаруашылығының жетекші саласының бірі. Ғарыш ұғымы ғарыштық техника және ғарыштық материалдарды қолдануды, құрастыруды (өңдеуді, дайындауды, тәжірибе жасауды), ғарыштық технологияларды дамыту және пайдалануды, ғарышпен байланысты басқа да қызметтерді білдіреді. Сонымен қатар, Ғарыш кеңістігіндегі зерттеу және қолдану аймақтарындағы Қазақстан Республикасының халықаралық байланысын нығайтады.     

 - Ғарыш қызметінің негізгі бағыттары: 

          - ғарыштық-ракеталық техниканы құрастыру;

          - ғарыштық мүмкіндікте техникаға тәжірибе жасау;

          - теледидар  және радио байланысына ғарыштық техниканы пайдалану;

          - экологиялық  мониторингті және метеорологияны қосқанда, Жердің  

              ғарыштан аралық байланысы;

          - серіктік навигациялық және топогеодезиялық жүйені қолдану;

          - ғылыми ғарыштық зерттеулер;

          - ғарыштық кеңістікте құбылыстар мен объектілерді бақылау;

          - ғарышта материалдар мен басқа өнімдерді өндіру;

          - ғарыштық техника көмегімен жүзеге асатын қызметтердің басқа  

              түрлері.

          - ғарыштық ұшу механикасы және ұшу аппараттарымен басқару;

          - ғарыштық байланыстың жүйелері және технологиялары.

 

Тапсырмалар

2.1 Алматы қаласындағы техникалық ЖОО-лар туралы , олардың негізгі бағыттары  жайлы бір-біріңізбен сұхбаттасыңыздар.

2.2 Осы шақтағы баяндауыштардың жасалу тәсіліне назар аударыңыз (білім алуда, жүзеге асырылуда т.б.). Өздеріңіз мәтіннен өзгеше 5 сөйлем ойлап жазыңыз.

2.3 Санамалау әдісінің қызметін анықтаңыз.

2.4 Мәтіннен тұйық етістік тұлғасындағы етістіктерді теріп жазып, аударыңыз. Біреуін септеңіз.

2.5 Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді тауып, олардың қызметін анықтаңыз.

2.6 Мәтінге сөздік жасап, оны аударыңыз.

 

3 «Байқоңыр» ғарыш айлағы

 

Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр».

«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр.

Аймақтың рельефі – тұздытопырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, біпақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.

Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.

Алғашқы (1981 – 1985 жж.) эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс - Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн - 5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал – Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейінгі аралықтың ауа ағынының (циклон) өзгеруін, ал  жылдың жылы уақытында (жаздық) «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Европалық  бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атмосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді.

Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-60С) төмендеу процесі жиі байқалатыны белгілі.

Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды.

 

Тапсырмалар  

3.1  Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

3.2  Ауыспалы осы шақтағы етістіктерді теріп жазып, біреуін жіктеңіз.

3.3  Мына сөздердің антонимдерін қатарластыра жазып, оларды қатыстырып тіркес жасаңыз.

жиі –                                                       белгілі -

көп –                                                    жылы –

төмен –                                                соңғы

жоқ -                                                    кері –

     3.4 Мәтінге сөздік жасап, оны аударыңыз.

     3.5  Мәтінді мазмұндаңыз.

 

4 Қазақстан ғарыш айлағы

 

Ғарыш— Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш "Жер төңірегіндегі" кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады. Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі  объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. 
          Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.

1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 
          1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994 ж., 1998 ж.) болды.

 

Тапсырмалар

          4.1  Мәтінге сөздік жасаңыз.

4.2 Мәтіннен жалпы, жалқы зат есімдерді теріп жазыңыз.

          4.3 Бірыңғай мүшелерді тауып, олардың сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

          4.4 Есімшенің қолданылатын орнына қарай анықтауыш немесе баяндауыш қызметінде жұмсалуына мысалдар тауып жазыңыз, дұрыс аударуға дағдыланыңыз.

          4.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

4.6 Мектепте алған білімдеріңізді еске түсіріп, физика тақырыбына арналған чайнвордты ( ағылшын тілінде «тізбекті сөз» - тізбектелген, жалғанған сөздерден құрастырылатын жұмбақ-ойын)  шешіңіздер. 

 

1. Заттың жалпы қасиеттерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым. 2. Ток күшінің халықаралық өлшеу бірлігі. 3.Белгілі совет физигі. 4. Пленкаға түсірілген сурет.5. Электр кернеуінің бірлігі. 6. Электр қуаты 7. Физикалық прибор. 8.Жерді қоршап тұрған газ қабық. 9. Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математик-физигі. 10. Сәуле энергиясының шамасы. 11. Элементтің кіші бөлігі. 12. Оптикалық прибор. 13. Радионы ойлап тапқан атақты орыс физигі. 14. Әбу Насыр әл-Фарабидің елеулі еңбектерінің бірі. 15. Темір рудасының түрі. 16. Байланыс аппараты. 17. Ағылшынның ұлы физигі әрі математигі. 

 

    5 «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік  қоғамы

 

 «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (ҚҒС)  - ғарыштық инфрақұрылымның маңызды бөлшегі. Бұл компания бар болғаны алты жаста, ал оған жүктелген міндеттер аса ауқымды. Соның ішінде негізгілері - неше түрлі ғарыштық аппараттар, кемелер жасап ғарыштық технологияларды іске қосу және оларды үздіксіз дамытып отыру. ҚҒС қазіргі уақыта бірнеше ірі істерді жүзеге асыру үстінде. Олар - ұлттық ғарыш орталығының инфрақұрылымын салу, ғарыштық аппараттарды жобалау және сынау кешенін құру, жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) ғарыштық жүйесін жасау, жоғары дәлдіктегі жерсеріктік навигациялық жүйе құру және осы жұмыстарды алға жылжытатын мамандарды дайындау. Компанияда атқарылып жатқан істердің барлығы мемлекет тарапынан әріден ой­ластырылып жоспарланған жүйелі шаралардың нақты жүзеге асу үстіндегі практикалық көрінісі болып табылады. Мысалы, Ұлттық ғарыш орталығынсыз ғарыш саласында белгілі бір табысқа жетемін деу күмәнді болар еді. Ғарыштық аппараттар болмаса ғарышты меңгере алмайсыз. Ал ғарышқа ұшудың мақсаты - жаңа технологиялар арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру, ел экономикасын әртараптандыру ісіне үлес қоса отырып, болашақ үшін аса маңызды рөл атқаратын инновациялық мәндегі ең алдыңғы қатарлы жоғары технологиялық саланы жетілдіру. Жалпы, бұл істің еліміз үшін сан-салалы маңызы бар деуге болады.

Жерді қашықтықтан зондтау -  екі құрылымнан тұратын, Жер бетіндегі өзгерістерді бақылауға бағытталған осы заманғы жүйе немесе технологиялар жиынтығы. Оның бірінші сегменті -  ғарышта белгілі бір орбитада ұшып жүрген ғарыштық кеме не олардың тобы. Ол кеме Жер суретін түсіретін аппаратуралармен, бағдарламалармен және кеменің қызмет етуіне қажет басқа да құралдарымен жабдықталады. Кеменің жұмысы жерден белгілі бір каналда орналасқан жоғары жиіліктегі радиотолқындар арқылы басқарылады және Жер беті туралы жинаған ақпараттары басқа бір жоғары жиіліктегі радиотолқындар арқылы алынып отырады.

ЖҚЗ-ның екінші бөлігі - жер сегменті деп аталатын күрделі жүйе. Жер сегменті өз кезегінде екі орталықтан тұрады: ұшуды басқару орталығы және  кемеден ақпараттар алу, оларды өңдеу, сақтау және тарату орталығы. Бұл екі орталықта да істің қыр-сырын терең меңгерген білікті мамандар ғана тиімді жұмыс істей алады. Мысалы, жеткілікті дәрежеде дайындалмаған маманның ғарыштағы аппартты жоғалтып алуы да әбден мүмкін.

 

Тапсырмалар

     5.1 Мәтінге сөздік жасап, оны аударыңыз.

     5.2 Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, оларды шырай түрлеріне         келтіріңіз. Барлық нұсқасын қамтуға тырысыңыз. Үлгі: маңызды -  маңыздырақ /маңыздылау- өте маңызды/аса маңызды/ең маңызды

5.3 Санамалау конструкциясына мысалдар табыңыз, осы үлгіге сүйеніп, мәтіннен өзгеше мысалдар келтіріңіз.

5.4 ЖҚЗ-ға берілген анықтаманы түрлендіріп айтуға дағдыланыңыз, осыларды негізге ала отырып, өзіңіз бір құрылғы немесе ұғымға анықтама беріңіз.

5.5 Есімшелі оралымдардың анықтауыш қызметінде жұмсалғанына мысалдар тауып жазыңыз.

     5.6  Мәтінді мазмұндаңыз.

 

6 Қазақстан Республикасының бірінші ғарыштық ресурсы

 

Қазіргі заманғы әлемде ғарыштық сала адам қызметінің ең басым және ғылымды қажетсінетін салаларының бірі болып табылады. Ғарыштық қызметке қатысу елеулі түрде қазіргі заманғы мемлекеттің саяси беделін, оның экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныстық қуатын айқындайды. Ғарыштық қызметті дамытудың қазіргі заманғы үрдістері мен факторларын талдау әлемнің жетекші елдері өзінің ғарыштық әлеуетін ұлғайтуға елеулі күш салып жатқанын көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасында спутниктік телекоммуникациялық жүйелерді жасау және ұшыру негізінде ақпараттық ғарыштық технологиялардың дамуының басы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №1513 Жарлығымен бекітілген  2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту мемлекеттiк бағдарламасының қабылдануымен объективті түрде байланыстырылады.

Байланыстың спутниктік жүйелерін дамыту жоспарларын жүзеге асыру үшін бірінші кезекте Қазақстан Республикасы үшін меншікті жиіліктік-орбиталық ресурсты алу, геостационарлық орбитада қазақстандық ғарыштық аппараттар үшін тұру нүктелерін бөлу және бекіту қажет. Жиіліктік-орбиталық ресурс – бұл, онсыз ана немесе басқа орбитада орналасқан байланыстың ғарыштық аппараты өзінің мақсатты міндетін орындай алмайтын, шектеулі табиғи ресурс (орбитадағы радиожиілік спектрі). Жиіліктік-орбиталық ресурсты сатып алуға, жалға алуға немесе Радиобайланысы бюросына мәлімделген жиіліктік-орбиталық ресурстарды халықаралық-құқықтық қорғау бойынша жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде алуға болады.

СССР ыдыраған кезде әрбір мемлекетке жоспарлы жиіліктік-орбиталық ресурс бекітілді. Дегенмен де ұсынылған ресурсқа салынған шектеулердің салдарынан ғарыштық аппаратты жасау және  жоспарлы нүктеге шығару шығынды жоба болып табылады. Қазақстан Республикасында  мемлекеттік тәуелсіздікті алған сәттен бастап 2005 жылға дейін жиіліктік-орбиталық ресурсты алу бойынша мәселелер тиісті деңгейде көтерілген жоқ.

2007 жылғы наурызда ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің құрылуы және 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту бірінші мемлекеттiк бағдарламасының бұдан бұрынғы нәтижелерін талдау Қазақстан Республикасында  ғарыштық қызметті дамытудың ұзақ мерзімге арналған міндеттерін жаңа сапалық деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы меншікті ғарыштық бағдарламасын өте қатал жағдайларда дамытуда. Қазіргі заманғы тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің барлық салаларында іс жүзінде инновациялық технологиялардың тұрақты дамуы жағдайында  байланыс ҒА үшін бір орбиталық тұру нүктесінің болуы жеткіліксіз. Ғарыштық қызметтің басым бағыттарын, оның ішінде геостационарлық орбитада жаңа жиіліктік-орбиталық ресурстарды нығайтуды жүзеге асыру бойынша үздіксіз жұмыс бәсекелестер арасында лайықты орын ала отырып, ел үшін толыққанды ғарыштық саланы кешенді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ғарыштық қызмет әлеміне шешуші қадам жасалды. Және Әзірбайжанның Байланыс әкімшілігімен өткізілген бірінші үйлестіру кездесуі ұлттық спутниктік желілерді дамытуға қосылған үлкен үлес болып табылады.

Осы бағыттағы жұмыстардың жалғастырылуы ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, коммуникациялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және ел ішінде қомақты ақшалай қаржылардың сақталуына мүмкіндік береді.

 

Тапсырмалар

6.1 Мәтінге сөздік жасаңыз.

6.2 Сөз тіркестерін тәуелдік жалғаулы (зат есім+зат есім) және анықтауыштық (сын есім, сан есім, есімдік + зат есім) сөз тіркестеріне бөліп жазыңыз.

Ғарыштық сала, мемлекеттің беделі, экономикалық және ғылыми техни калық қуат, спутниктік телекоммуникациялық жүйе, геостационсарлық орбита, шектеулі табиғи ресурс, бірінші үйлестіру кездесуі, ұлттық қауыпсіздік, қомақты қаржы, осы бағыттағы жұмыс,  үздіксіз жұмыс.

6.3 Есімшелі тіркестерді теріп жазыңыз, аударыңыз және қандай мүшенің қызметінде тұрғанын анықтаңыз.

6.4 Мәтінге жоспар құрып, соның негізінде мазмұндаңыз.

 

7 Ғарыштық аппаратуралар

 

Ғарыштық түсірілімдерді жүргізетін аппаратураларды негізінен екі үлкен топқа бөледі: электронды-оптикалық және радарлық. Бүгінгі күнде орташа есеппен он ЖҚЗ аппаратының тоғызы -  электронды-оптикалы аппараттар. Себебі, оптикалық аппараттар жер бетін адам көзі көре алатын, не соған өте жақын спектр аясында бақылайды. Көбіне бұл сәулелер кәдімгі ақ сәулені құрайтын өзімізге таныс көк, жасыл, қызыл (0,4-0,75 мкм) және де әр ұзындықтағы инфрақызыл диапазондық каналдары (0,76-1,30 мкм). Әр сәулелер жиынтығы (мысалы көк, жасыл, қызыл) белгілі бір нысандардың қасиеттерін тереңнен ашып көрсете алады, ал олардың қосындылары (мысалы: көк+қызыл, көк+жасыл, жасыл+қызыл және т.б.) адам көзі байқай бермейтін фактілерді нақтылай түседі. Тағы бір анықтай кететін нәрсе, ол Жер бетіндегі кез келген құбылыс белгілі бір оптикалық спектрдің сипаттамасының өзгеруі аясында жүретіні. Мысалы, егістіктегі өсіп келе жатқан өсімдіктер пісіп-жетілгенше талай спектрлік өзгерістерге душар болады. Осының негізінде  арнайы дайындалған маман миллиондаған шаршы километрді алып жатқан егістіктердің қасиеттеріне, жұмыс орнында отырып-ақ талдау жасап, ондағы өзгерістерге баға бере алады. Жалғыз талап - атмосфера, яғни ауа қабаты үнемі мөлдір болып тұруы керек.

Электронды-оптикалы аппараттардан алынатын суреттер өз кезегінде үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа тек ақ пен қарадан тұратын түсірілімдер жатады да, оларды панхромдық түсірілімдер деп атайды. Панхромдық түсірілімдердің жер бетіндегі өзгерістерді байқау қабілеті жоғары болып келеді, бірақ назардағы нысандарды түстерге бөле алмайды. Екінші топқа үштен жетіге дейін оптикалық каналдары бар мультиспектрлі түсірілімдер жатады. Бұл түсірілімдер Жер бетіндегі үдерістерді талдауға арналған аса құнды ғарыштық материалдар болып саналады. Мультиспектрлі түсірілімдердің Жердегі нысандарды байқау жітілігі панхромнан төмен келеді. Ал гиперспектрлік түсірілімдерде 220 каналға дейін болады. Мұндай ғарыштық суреттердің Жердегі өзгерістерді талдау мүмкіндіктері аса зор. Бірақ олар тәжірибе жүзінде әлі кеңінен қолданылмай жүр. Себебі, бұл мәселеде ғылыми-әдістемелік жұмыстардың қазіргі қолданылып жүрген деңгейі әлі де болса жеткілісіз. Дегенмен ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейімен бұл мәселені игеру ісі де ұзаққа созылмайтындығы анық.

Электронды-оптикалы аппараттармен жабдықталған ғарыштық кемелер тек Жерден қайтатын сәулелерді тіркейтін болғандықтан, оларды пассивті немесе енжар ЖҚЗ аппараттар тобына жатқызады. Мысалы, электронды-оптикалы түсірілімдер атмосфераны бұлт қаптап тұрған жағдайда Жер бетін бақылауға жарамсыз болып қалады. Радарлық ғарыштық аппараттар өз борттарынан Жерге радиотолқындар жіберіп, олардың қайтқандарын тіркеп, ауа райы қалай өзгерсе де, күндіз де, түнде де Жер беті туралы объективті деректер беріп отырады. Сондықтан оларды белсенді ғарыштық аппараттар қатарына жатқызады. Радарлық ғарыштық аппараттар электронды-оптикалы ғарыштық аппараттарға қарағанда ұтымды болғанымен, олардың түсірілімдерінің бағасы әлде­қайда қымбат.

 

Тапсырмалар

7.1 Мәтінге сөздік жасаңыз, аударыңыз.

7.2 Мына мүмкінділік мағынасын беретін тіркестерді әр жаққа қойып, оларды қатыстырып сөйлемдер құраңыз:

Жаза ал-; аудара ал-; сыза ал-; қатыса ал-; бара ал-; оқи ал-; ала ал-;

Оларды болымсыз түрге қойып та пайдаланыңыз.

7.3 Неге не жатады? конструкциясына мәтіннен мысадар табыңыз, өздеріңіз мәтіннен өзгеше мысалдар келтіріңіз.

7.4 Себеп-салдарлық, қарсылықты қатынастағы сөйлемдердің байланысу амалына назар аударыңыз, оларды мәтіннен тауып, дұрыс аударуға дағдыланыңыз. 

7.5 Етістіктің тұйық райымен тіркесетін керек, қажет, тиіс деген міндеттілік мағынасын беретін модаль сөздермен 5-6 сөйлем құраңыз.

 

8 Ғарыш саласының қарышты қадамдары – кемелді келешек  

    кепілі

 

Қазіргі әлемдік экономикада дамудың қозғаушы күші ретінде білім мен технологиялық инновацияларды пайдалану базасында экономикалық өсудің жаңа тұрпаты қалыптасты.

Ғылыми-техникалық әлеует және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әртараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ғарыштық сала - экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі. Ғарыштық қызметте адамзат прогресін ілгері апаратын бірегей идеялар мен инновациялар қабаты мол. Тарих көрсетіп отырғанындай, ғарыштық ілім ғылыми-техникалық прогрестің негізгі өнімі болуымен қатар, осы прогрестің қуатты қозғаушы күшіне айналды. Ол әлемдік шаруашылықтың басқа да салаларына жаңа мүмкіншілік, тың технологиялардың және ғылыми жасалымдардың үздіксіз тасқынын беріп отыр. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ғарыштық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес. Ғарыштық зерттеулер нәтижелері мен ғылымның осы саласының жетістіктерін шаруашылық қызметіне енгізудің экономикалық маңызы үлкен. Қазірдің өзінде халық шаруашылығының әртүрлі салалары ғарыштық зерттеулердің арқасында ғылыми және техникалық сипаттағы көптеген пайдалы ақпараттарға ие болды. Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация, жаңа композиттік  материалдар және т.б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі. Ал бұл жасалымдардың бастауы ғарыштық индустрия саласында тұнып тұр және олар заманауи өмірімізге елеулі ықпал етуде.

Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, Интернет желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кеңжолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Осынау өмірлік қажетті бағыттардың дамуы ғарыш техникасынсыз мүмкін бе?! Шындығында, кез келген үкімет қызметіндегі метеорология, Жерді қашықтан зондтау, жаңа жоғары сапалы берік материалдар жасау, экологиялық мониторинг, табиғаттың тосын құбылыстарының алдын алу сияқты маңызды өмірлік жағдаяттар ғарыш қызметінсіз тіптен мүмкін емес.

 

Тапсырмалар

8.1            Мәтінді оқып шығып, сөздік жасаңыз.

8.2             Етістіктің нақ осы шағының берілуіне назар аударып, дұрыс аударуға дағдыланыңыз (қарастырылуда, ықпал етуде, беріп отыр...)

          8.3 Анықтауыштық тіркестерді теріп жазып, аударыңыз. Ауызша сөйлемдер құраңыз.

Үлгі: кеңжолақты байланыс – широкополосная связь.

          8.4 Мәтіннен бірыңғай мүшелі сөйлемдерді көшіріп жазып, олардың қызметін анықтаңыз.

         8.5 Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып, біреуін есімдерше түрлендіріңіз.

 

 

«Ғарыш кемесі» ЧАЙНВОРДЫ

1. Ұшқыш басқаратын комплекс.

2. ЧССР-дің космонавт-зерттеушісі.

3. Ғарышта әлденеше рет болған

совет космонавтарының бірі.

4. Кубаның тұңғыш космонавы.

5. Орбиталық станция.

6. Жұлдызды әлемді зерттеп,

бақылауға алған құрал.

7. Совет Одағының дәрігер-космонавтарының бірі.

8. Советтік тұңғыш ғарыш кемесі.

9. Космосты зерттеуші

10. Геологиялык кен қабаты.

11. Марсты зерттеуге арналған автоматты станция.

12. Ғарыш кемесі

13. Совет Одағының Батыры, СССР-дің

 ұшқыш-космонавы.

14. Ғарышта болған ит.

15. Әйгілі космос конструкторы.

16. Алғашқы көп орынды ғарыш кемесі.

17. Жарық жұлдыздардың бірі.

18. Советтік космонавтиканың ең үздік

жетістігі саналатын ғарыш кемесі.

19. Планета.

20. Инертті газ.

21. Совет Одағының даңқты космонавтарының бірі     

 

9 «Бәйтерек» ғарыш-ракеталық кешені

 

Қазіргі таңда «Байқоңыр» ғарыш кешеніндегі коммерциялық ұшырулар бойынша ауыртпалықты «Протон» зымыран-тасығышы көтеруде. Тек 2010 жылы ғана 1 млрд АҚШ долларынан астам сомаға келісімшарт жасалды, бұл «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың жоғары экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, «Протон» зымыран-тасығышының қысқаруы тиімді, өйткені оған қоршаған ортаға өте зиянды жанармай пайдаланылады. Осы себепті ұшу жолдарының маңындағы аумақтарға қауіпсіз емес «Протон» зымыран-тасығышын ұшыруды біртіндеп қысқартып, болашақта толығымен пайдалануды тоқтату қажет. Бірақ мұндай жағдайда Ресей үшін (сондай-ақ Қазақстан үшін де) «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану экономикалық жағынан шығындарға әкеліп соғады. Ол «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы негізгі кеңістікке жүк тасымалы жұмысының тоқтатылуына және одан әрі бағдарламалардың жабылуына әкеледі. «Байқоңыр» ғарыш айлағының жабылуына жол бермеу үшін экологиялық қауіпті зымыран-тасығыштың орнына экологиялық жағынан қауіпсіз жаңа ғарыштық зымыран кешенін құру қажет. Қазақстан мен Ресей Үкіметі «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге келді. «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы уағдаластық Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы 2004 жыл­ғы 9 қаңтардағы келісімімен бекітілді. Аталған мемлекетаралық келісімді дамыту үшін 2004 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан мен Ресей арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге қол қойылды.

 «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру Қазақстанның ұлттық мүддесі үшін стратегиялық маңызы бар, өйткені ол:

1) ескірген объектілерді жаңарту арқылы «Байқоңыр» ғарыш айлағының ғұмырын жалғастыруын;

2) Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану жұмыстарына біртіндеп енуін;

3) Қазақстанның экологиялық проблемасын шешуін;

4) Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағына ғарыштық технологиялар тарапынан нақты енуін және әлемдік коммерциялық ұшыру нарығына кіруіне мүмкіндігін;

5) зымыран-тасығыштарды әзірлеу және ұшырудың технологиялық операцияларына тікелей қатысуын қамтамасыз етеді.

 

Тапсырмалар

     9.1 Мәтінге сөздік жасаңыз

     9.2 Туралы, үшін, бойынша, жағынан, арқылы, орнына, аса, астам, арасындағы сөздері кездесетін сөйлемдерді табыңыз, олардың сөйлемге қандай мағына үстейтінін айтыңыз.

      9.3 Айлақ, тиімділік, нарық, мүмкіндік сөздерін тәуелдік жалғауының 3-жағына қойып септеңіз.

       9.4 Себеп-салдарлық қатынастағы сөйлемдерді тауып, оларды дұрыс  жасалуына

       9.5 Ырықсыз етістің жасалуын еске түсіріп, мәтіннен мысалдар теріп жазыңыз.

       9.6 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

10 Инновациялық даму стратегиясы

 

 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

 инновациялық дамудың ұзақмерзімдік, мақсатты стратегиясы керектігін айта келе, ендігі атқарылатын істерді 4-ке жіктеді:

– Біріншіден, еліміздің ғылыми-зерттеу базасы мен инновацияларды басқару жүйесін жаңғырту керек. Мемлекеттік ғылыми институттардың жұмыс тиімділігін арттыру қажет.

Атқарушы билік ғылым мен өндірістің басын бір қазанға сыйғызып, өз өндірістеріміздің өз ғылымымызға беретін тапсырысын көбейтуге жұмыс істесін. Бұл ретте басымдық берілу қажет инновациялық бағыттар нақтылануы тиіс. Қазір әлемде ақша мен инвестицияға талас екінші орынға сырғыды. Тартыс ақыл мен білім, технология үшін жүріп жатыр. Жыл сайын ғылыми-инженерлік салада Қытай 500 мың, Оңтүстік Корея 200 мың маман даярлап шығарады. Ал, бізде осы саладан шығатын азды-көпті түлектеріміздің үштен бірі ғана сол мамандықтары бойынша кәсіпке бет бұрады. Сондықтан, қазақтың кәсіби мамандарын барынша қолдау керек. Баяғы Сингапурда болған «қасқа бастар» бағдарламасы секілді шетелдің білікті ғалымдары келемін десе, оларды да мейілінше қолдау керек. Бұл бағытта қозғалыс бар, тек сол тоқырап қалмасын.

Президент өз ісінің майталмандарына ұзақмерзімді гранттар беруді қарастыру қажеттігін айтты. Жақында қолға алынған «100 инновация» секілді «100 жаңа дарын», я «100 мықты инноватор» деген гранттар ойластырылса құба-құп.

– Екінші бағыт – табиғат байлығын пайдаланушыларды, ірі бизнес өкілдері мен ұлттық компанияларды инновацияны қаржыландыруға жұмылдыру керек.

Тіпті, оларды заңдық тұрғыдан жалпы пайдасының бір пайызын ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлуге міндеттеуге де болады. Үшіншіден, шағын және орта бизнесте инновацияның жаппай дамуына жағдай жасаған жөн. Бұл саладағы әлемдік тәжірибе мұқият зерттелсін. Қазіргі таңда әлемдік инновацияның қайнар көзі – шикізаттық емес саладағы трансұлттық алпауыттар. Әлемдегі заманауи патент атаулының және ғылыми-зерттеулерге жұмсалатын бүкіл қаржының 80 пайызы осылардың еншісінде. Сондықтан, оларды елге неғұрлым тарту керек

Президент төртінші басымдық ретінде «Болашақ инновациясы» бұлағының көзін ашу жайын айтты. Қазақстандағы «хай-тектің» әзірге екі көзін нақтыладық. Назарбаев Университеті мен Ақпараттық технологиялар паркі. Университет еліміздегі «білім кластерінің» ошағына айналуы тиіс. Осылай деп өнеркәсіптер мен өнертапқыштарды «табыстыруға тырысқан» мемлекет басшысы сөз соңында тағы бір мәселе – инновацияны аз ғана ғалымдар мен бизнес өкілдерінің, немесе осы саладағы шенеуніктердің азығы емес, жалпы халықтық ұғымға айналдырып, әйгілеу мәселесіне баса назар аударды. Инновацияны үлкен-кіші, маңызды-маңызсыз деп бөлуге болмайды. Өз тірлігіне, өмір салтына титімдей болса да инновация енгізіп, жаңалыққа жақын болған жан ғана сәт санап өзгеріп жатқан алмағайып өмірдің ешқашан тоқтамайтын аламанында шаң қауып жолда қалмайтыны дәлелдеуді  қажет етпейтін шындық, аксиома.

 

Тапсырмалар

10.1 Мәтінге сөздік жасаңыз.

10.2 Бұйрық райды еске түсіріп, мәтіннен 3 етістікті жіктеу.

     10.3 Міндеттілік мағынасын беретін модаль сөзді тіркестермен сөйлем құрау: арттыру қажет, нақтылануы тиіс т.б.

10.4 Мәтінді түсініп оқып, төрт басымдықтың әрқайсысына ат қойыңыз.

10.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

11 INTELSAT  халықаралық консорциумы

 

1964 ж. 20 тамызда - 11 мемлекет келісімшартқа қол қойды, соның негізінде INTELSAT  атымен белгілі, жерсеріктік байланыстың халықаралық консорциумы құрылды. Бұл ұйымның нысанына жерсеріктерді ойластыру, жобалау, жасау, іске қосу және орбитада эксплуатациялау, ғаламдық коммерциялық жерсеріктік байланыс жүйесін басқару және шығару құралдарын жасау кірді.

Жерсеріктерді қолданған коммерциялық байланыс 1965 ж. сәуірінде, Кеннеди космодромынан өткізу қабілеттігі 240 телефондық линиялы (Early Bird) әлемдегі ең алғашқы INTELSAT 1 коммерциялық байланыс жерсерігі жіберілгенде ашылды. Ол  1969 ж. қаңтарда INTELSAT-2 және 3-сериялы жерсеріктері Атлант және Тынық мұхит аудандарын байланыспен жабуды іске асырғанда жұмыс істеуін тоқтатты. Early Bird–ті  1.5 жылда эксплуатациялау ойластырылды, бірақ эксплуатация 100% сенімділікпен 4 жылға созылды.

         Телефондық линияға қызмет көрсету 30000$-дан (INTELSAT-1) 2000$-ға дейін түсіп кетті (INTELSAT-3 1500 телефондық линиға қызмет көрсетті). INTELSAT-1 мен 2-де бағытталмаған антенналар болды, бұл сигналдың көп бөлігінің жоғалуына алып келді. INTELSAT-3-те антенна рупоры бұрылу негізінде орнатылған эллиптикалық сәуле түсіргішке бағытталған болды, осылайша сәулелену тек Жерге бағытталған болды.

1971 ж.  INTELSAT-4 жерсерігі қолданысқа енгізілді. 730 кг салмақты жерсерік көріну аймағындағы бүкіл аумақты жабуды қамтамасыз етумен қатар, онда бас жапырақшаның ені 4° 2 тар сәулесі болды, олар таңдау бойынша Европа, Солтүстік және  Оңтүстік  Американы жабу үшін қолдануы мүмкін болды. INTELSAT-4 – бұл айналумен тұрақтандырылған жерсерік, бірақ оның 13 антеннадан тұратын антенналық жүйесі кері бағытта айналады, сондықтан ол әрқашан Жерге бағытталған болып қалады. Тар сәулелер екі үлкен параболалық антенна негізінде құрылды. Әрбір жерсерік 6000 телефондық арнадан кем емес таратуды қамтамасыз етті. INTELSAT 4 сонымен қатар біруақытта 12 түрлі түсті ТД бағдарламаларды таратуға мүмкіндік берді. 1 линияның қызмет көрсету бағасы 1000$ құрады.

1980 ж. - INTELSAT-5 - 12000 телефондық арналар + 2 арна түрлі түсті ТВ. 6/4 ГГц  диапазонында және  14/11 ГГц жаңа диапазонда жұмыс істеді.

Орбита жазықтығын бұруға кететін энергия шығыны азырақ болу үшін  бұру бұрышын бірнеше бөлікке бөліп және үш импульсті маневрді кезегімен орындау керек. Бірақ мұндай маневрді орындау қиын, әрі көп уақытты қажет етеді.  

 

Тапсырмалар 

11.1 Мәтінді оқып шығып, түсініксіз сөздерге сөздік жасаңыз.

11.2 Бірыңғай мүшелерді тауып, олардың  сөйлемдегі  қызметін ажыратыңыз.

11.3 Ырықсыз етістің жасалуын еске түсіріп, мәтінде осы тұлғада  кездесетін етістіктерді теріп жазып, оларды қатыстырып тіркес жасаңыз.

11.4Мына сөздердің синонимдерін қатарластыра жазып, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз.

Қолдану –

Іске асу –

Аяқталу –

Тиімді –

11.5  Мәтінді толық жазбаша аударыңыз.

 

12 Аэродинамикалық маневр.

 

Энергетикалық шығындарды азайтудың тағы бір әдісі, ол – аэродинамикалық (немесе синергиялық) маневрді қолдану.

Бұл маневрдің ерекшелігі: мұнда атмосферада аэродинамикалық қасиеті бар ұшу аппаратының қозғалуы кезінде пайда болатын аэродинамикалық күшті жазықтықты бұру үшін қолдану. Жалпы маневр 4 этаптан тұрады:

1) ҒА-ның орбитадан тежеуіш импульсті қолдану арқылы түсуі, Кеплер орбитасы бойынша атмосфераның тығыз қабаттарына кіргенге дейін қозғалуы.

2) Атмосферада төмендеумен ұшу, мұнда ұшу жылдамдығы азаяды. Қисайып басқарудың арқасында маневр бүйірлік жазықтықта жүзеге асады.

3) Алғашқы биіктікке дейін шабуыл бұрышымен басқарудың арқасында көтерілу.

4) Сол биіктікте орбиталық жылдамдыққа дейін екпіндету.

Алдындағы бөлімде ҒА­­­-ның ауытқымаған (Кеплерлік) қозғалысы қарастырылған, яғни идеалды жағдайда – тек қана орталық тартылыс күшінің өрісінде.

Негізінде ҒА қозғалысына орталық  тартылыс күшінен басқа  да күштер әсер етеді. Бұл күштер мынаған  негізделген:

- жердің нағыз кірісінің орталықтан айырмашылығына;

- жердің атмосферасынің болуына;

- айдың, Күннің және күн жүйесінің тартылысына;

жарық сәулелерінің қысымына және басқа бірқатар себептерге.

Бұл күштер ауытқымалы және Кеплерлік қозғалыстан өзгешеліктерді туғызады. Ауытқу күштерімен ҒА қозғалысы ауытқығын қозғалыс деп аталады. Әдетте, тартылыстың центрлік күшіне қарағанда бұл күштер аз және бұдан ауытқыған қозғалыс ауытқымаған қозғалыстан қатынастар санымен өзгешеленеді. Баллистикалық есептерді шешкендегі әрбір жағдайларда қозғалыстың Кеплерліктен ауытқуын бағалау қажет.

Санау шарттарының программалық таңдауы үшін орбиталар параметрлеріне байланысты әртүрлі ауытқымалы күштердің әсерін және қозғалыстың негізгі заңдылықтарын анализдеу керек.

Берілген есеп ҒА-ның ауытқымалы қозғалысын зерттеу әдісі бойынша шешіледі.

         Ең алғаш адам дауысы ғарыштан 1958 ж. "Скор" жерсерігінен жіберілді, ол бортта президент Эйзенхауэрдің жаңа жылдық жолдамасының магнитофондық жазбасы болды. Жазушы аппаратура ақпаратты келесі тарату үшін жинауға мүмкіндік берді  - бұл баяу әсер ететін ретрансляторлар. "Курьер-18" (1960 ж.) әскери жерсерігі ақпаратты жинап, 68000 сөз/мин жылдамдықпен таратты. Онда күндік элементтер қолданылды. "Скор" жерсерігінде – гальваникалық элементтер. Егерде алғашқы "Спутник", Explorer сияқты ғарыштық зондтарды және Courier жобасы бойынша жіберілген жерсеріктерді санамасақ (бұл хабарламаны жазып, сосын ретрансляциялауды қолданатын алғашқы байланыс жерсеріктері болған), онда активті ЖЖС негізіндегі жерсеріктік байланыстың тәжірибелік кезеңдерінің негізгі бөлігін  Telstar жобасы қалады. Бұл жоба АТ&Т және Bell Laboratories фирмасымен ЕСНО пассивті жерсерігі жайындағы деректер негізінде басталды.

 

Тапсырмалар

         12.1 Мәтінге сөздік жасаңыз

12.2 Мәтіннен арқылы, кезінде, дейін, арқасында, бойынша, үшін сөздері бар сөйлемдерді табыңыз, олардың сөйлемге қандай мағына үстейтінін анықтаңыз.

12.3Керек, қажет  модаль сөздерін қатыстырып 10 тіркес жасаңыз.

12.4Мәтінді толық жазбаша аударыңыз.

 

13 Жер – бірегей планеталардың бірі

 

Жер – күн жүйесіндегі тіршілігі бар бірден-бір, бірегей планеталардың бірі. Сан қилы табиғат ерекшеліктері, аптап ыстығы мен қақаған аязы, миллиондаған жылдар бойы өсіп-өнген тірі организмдер мен өсімдіктер әлеміне бай планета. Дегенмен бүгінде Жер табиғат күштерінің әсерінен бөлек, адам әрекетінің ықпалынан көбірек өзгерістерге ұшырап келеді.

Жер қашан қалыптасты?

Күн және оның тоғыз планетасы шамамен бір мезгілде – 4600 миллион жыл бұрын қалыптасты.

Жер гравитация әсерінен өз ара бір орталыққа  тартылған айналмалы газдар мен шаңның ғарыштық бұлтынан пайда болды.

Ал енді көлеміне келсек, Жер – Күн жүйесіндегі үлкендігі бойынша бесінші планета. Сонда да, Жер өзінен 300 есе ірі Юпитер  планетасымен салыстырғанда доп алдындағы жаңғақтай өте кіші.

Жер – магнит

Жер магниті планетаның ішіндегі қозғалыспен өндірілген оның электр зарядтарынан пайда болады. Оның магниттік  өрісі көзге көрінбей алыс ғарышқа, Күнге бағытталып тартылады. Барлық магниттер сияқты Жердің де оңтүстік және солтүстік полюстері бар, сол полюстерінде магниттілік күштірек

 

Тапсырмалар

13.1 Мәтінге сөздік жасаңыз және оны жаттаңыз.

13.2 Мәтіннен антоним сөздерді теріп жазыңыз.

13.3 Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, оларды тұйық етістік формасына қойыңыз.

13.4 Жалпы есім, жалқы есімдерді табыңыз.

13.5 Сан есім+зат есім, сын +есім зат есім, ілік септігі + тәуелдік жалғауы болып келген анықтауыштық сөз тіркестерін жеке-жеке топтап жазыңыз.

13.6 Мәтінді аударыңыз.

13.7 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

14. Жер қалай қозғалады?

14bet_f21Жер бір мезетте үш айналым бойынша өз білігенде, Күн орбитасымен және Күн жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде шексіз ғарыш кеңістігінде қозғалады. Бірінші кезекте, ол өз білігінің айналасында – полюстен полюске дейінгі көзге көрінбейтін білік сызығы бойынша айналады. Мұндағы бір айналым 24 сағатқа немесе бір тәулікке  тең. Екіншіден, ол ғарыш бойынша Күннің орбитасын, оның өріс күшімен тартыла отырып айналады. Мұндағы бір айналым 365 тәулікке немесе бір жылға созылады. Бір жыл ішінде Жер 938886000 км артық қашықтықты артқа тастай отырып, Күннің айналасын бір рет айналып шығады. Үшіншіден, ол Күн жүйесінің бір бөлігі  ретінде Құс жолы ғаламын (галактикасын) 250 км/сек жуық жылдамдықпен шексіз ғарыш бойынша қозғалады.

Жер су әлемі ме?

Жердің беткі қабатының 71%-ын су алып жатыр, сондықтан ғарыштан қарағанда, Жер мұхиттар планетасы сияқты  болып көрінеді. Ал, құрылық Жердің 29%-ын ғана құрайды. Планетадағы суды негізінен мұхиттар, көлдер мен өзендер, жаңбыр түрінде жауатын су булары құрайды. Жердің ең жаңбырлы аймақтары – экватор маңындағы жағалаулар мен аралдар болып табылады. Батыс Африканың кейбір аймақтары мен Бразилияның Амазонка өңірінде жаңбыр күнде жауады.

Жер қандай қыртыстардан тұрады?

Жер тау жыныстарынан тұрады. Геологтар (жердің тау жыныстарының тарихын зерттейтін мамандар) Жерді қатпарланып жатқан алып сэндвичке ұқсатады. Олар тау жыныстарын зерттей отырып, Жердің қалыптасу тарихын зерттейді. Тау жыныстары бізді отынға арналған көмір және цемент дайындауға арналған әк сияқты материалдармен қамтамасыз етеді. Ол қатпарларда сондай-ақ  ежелгі дәуірлерде өсіп-өнген жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтарының іздері бар.
          Жердің тас қабаты – бұл ең қалың бөлігі, «жас» тау жоталарының астында жатқан (қалыңдығы 40 шақырымға дейін) жер қыртысы. Бұл қыртыс мұхит суы астында анағұрлым жұқа (5 және 11 шақырым аралығында) болады. Құрылықтардың тау жыныстары мұхит астындағы жыныстарға қарағанда анағұрлым ерте пайда болған.

Тау жыныстарының үш түрі бар: жанартаулық, шөгінді және метаморфозалық. Жанартаулық жыныстар Жердің тереңінде жатқан, магма деп аталатын балқыған тау жыныстарынан түзілген. Магманың ыстықтығы соншалық, (10000С жоғары) ол ылғи балқып жатады. Және өте қатты қысыммен сығылған күйде болады. Магма жанартаулық әрекеттердің әсерінен жоғарыға атқылап шығып, қоймалжың күйінде жотамен төмен ағып, суып қатқан бойда тау жынысына айналады.

Батпақ пен құмдауыт сияқты шөгінді жыныстар жел мен судың әсерінен түзіледі. Өзендер мен ағынды судың әсерінен мүжіліп, құм қиыршықтарына айналған жыныстар сумен ілесіп ағып, өзен сағалары мен көл, теңіз табандарына құм немесе лай-батпақ күйінде шөгеді. Шөгінді қабаттар бір-бірінің үстіне жиналып, қатты жынысқа айналғанға дейін жоғарғы қабаттың ауырлығынан қатпарлана сығылады.

Метаморфоза «өзгеріс» дегенді білдіреді. Яғни, әр  түрлі жыныстар химиялық үрдістің, ыстықтың және үлкен қысымның әсерінен тау жыныстарының  басқа  формасына өзгеріп отырады. Сондай-ақ олар арқылы магма өткен кезде немесе жер қыртысы тау жоталарының  астында қозғалған кезде де өзгерістер түзіледі. Мәселен, әк тас осындай әсерлерге ұшырай отырып, мәрмәрға айналады. Немесе тірі организмдер мен өсімдіктердің тозған және сығылған құрамдас бөліктерінен түзіледі. Сондықтан тау жыныстары әр түрлі минералдардан тұрады.

Жердің ішінде не бар?

Жер қабығының ішкі жағы мантия деп аталатын, өз кезегінде жұмыртқа сияқты екі қабат ядродан құралған, тау жынысының ыстық, жартылай  еріген қабатынан тұрады. Ядро немесе Жердің ортасы – бұл өте ыстық балқыған күйдегі тау жынысының қатты шары. Ядро қабатына бұрғылаумен  жету мүмкін емес. Неғұрлым тереңдеген сайын соғұрлым ыстығырақ – жердің ядросы 40000С балқып қатқан күйде болады.

Статистикалық мәліметтер:

Жер шеңберінің қалыңдығы экватор бойынша – 40,075 км, полюстер бойынша – 40,008 км. Сол себепті Жер шары доп сияқты дөп-дөңгелек емес, асқабақ сияқты екі полюсінен сығыңқылау болып келеді.
Құрылық аумағы – 29%, су аумағы – 71%.

Жер шарындағы ең жоғарғы температура – Солтүстік Африкадағы Ливияда – 580С ыстық.

Ең төменгі температура – Антарктикада – 89,60С суық.
Жердегі ең көп  таралған химиялық заттар – оттегі 47%, кремний 28%, қалайы 8%, темір 5%.

Әлемдегі ең көп таралған химиялық элементтер – сутегі, бірақ Жерде бұл оттегі, ол планета салмағының 47%-ын құрайды. Элемент дегеніміз атомдардың тек бір түрінен  ғана тұратын газ, сұйық немесе қатты күйде кездесетін зат.

 

Тапсырмалар

14.1  Мәтінге сөздік жасаңыз және оны жаттаңыз. 

     14.2  Мәтіннен антоним сөздерді теріп жазыңыз.

     14.3 Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, оларды тұйық етістік формасына қойыңыз.

    14.4 Берілген сөздердің әрқайсысына синонимдес қанша сөз тауып жазуға болады? Өріс, қозғалыс, мезгіл, әрекет, тіршілік.

     14.5 Жалпы есім, жалқы есімдерді табыңыз.

     14.6 Сан есім+зат есім, сын +есім зат есім, ілік септігі + тәуелдік жалғауы болып келген анықтауыштық сөз тіркестерін жеке-жеке топтап жазыңыз.

     14.7 Сан есімдерді теріп жашып, оның қай түріне жаттатынын айтыңыз

     14.8  Әр бөлімге ат қойыңыз.

     14.9 Мәтінді аударыңыз.

     14.10 Мәтінді мазмұндаңыз.                                                                      

 

 

                     Чайнворд «Космос»

 

1.     Космодром. 2. Ұшу аппараты. 3. АҚШ космонавы

4. Құрамына Күн планетасы енетін аумақты

 Жұлдыздық жүйе. 5. Көрнекті совет авиаконст-

рукторы. 6. «Космос-110» спутнигімен ғарышта

үш апта бойы ұшқан ит. 7. Құйрықты жұлдыз.

8. Космос кораблі. 9. Айдың көрінбейтін бетіндегі

 кратерге есімі берілген СССР-дің ұшқыш-

космонавы. 10. Планетааралық автоматты

станция. 11. Арнайы дайындықтар

мен жаттығулардан өтіп, космостық

ұшуға қатысқан адам. 12. Аспан

шырақтарын бақылайтын аспап.

13. Белгілі бір жылдамдықпен

баяулап төмен түсуге арналған

аппарат.  

 

 

 

 

 

 

 

 

         15. Ғарыш негізін салушы

 

15.1 Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

Есімі әлемге әйгілі, мұғалім атағын алу үшін, ғарыш жөнінде тамаша еңбектер, қажетті модельдер мен құрал-саймандар, жаңалық ашқанына таңданбау мүмкін емес, ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, ғарыштық жылдамдыққа жеткізу үшін, екінші сатының қозғалтқышы, үлкен көрегендікпен болжады.

 

       

Ғарыштың негізін салушы ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковскийдің есімі бүкіл әлемге әйгілі.                                              

К. Э. Циолковский Рязань түбіндегі Ижевск ауылында дүниеге келді. Әкесі орманшы болған. Бала кезінде тамақ ауруымен сырқаттанған Константин Эдуардович біржолата саңырау болып қалады.

Құлағы естімегендіктен бала гимназияда оқи алмайды да, білімін өз бетімен жетілдіреді. Ер жеткен  соң мұғалім атағын алу үшін емтихан тапсырып, алдымен Калуга губерниясында, содан соң Калуга каласындағы училищелердің бірінде жұмыс істей бастайды. Міне, осы Калуга мектебіндегі физика мен математика пәнінің мүғалімі өзінің әуеде ұшу, авиация және ғарыш жөніндегі тамаша еңбектерін жазады.

Циолковскийлердіц отбасы үлкен болды. Олар мейлінше жұпыны тұрды. К. Э. Циолковскийдің Калугадағы музей үйіне барған кісілер оның қарапайым ғана жұмыс бөлмесімен, ғалымның өзіне қажетті толып жатқан моделдер мен құрал-саймандар әзірлеген шеберханасымен танысады. Үй шатырын ол обсерватория етіп пайдаланды. Ол төбеге орнатылған шағын дүрбі арқылы Күн мен Айға, жұлдыздар мен планеталарға бақылау жасады. К. Э. Циолковскийдің осындай жұпыны жағдайда, шет аймақта орналасқан шағын қалашықта, ешкімнен ешқандай көмек ала алмаса да, тендесі жоқ ұлы жаңалықтар ашқанына таңданбау мүмкін емес.

Тек Совет өкіметі орнағаннан кейін ғана Циолковскийдін тұрмысы жақсарып, оның жұмыс істеуіне жан-жақты жағдай жасалды. Совет үкіметі оған барынша көмек көрсетті.Атағы кеңінен таныла бастайды. Ғылымдағы табыстары жоғары бағаланған Циолковский  “Қызыл  Ту”  орденімен марапатталады.

К. Э. Циолковскийдін ең басты ғылыми еңбектері  ғарыш кемелері мен олардың ғарышқа  ұшуына  арналған. 1903 ж. ұлы ғалым өзінің “ Әлем кеңістіктерін реактивтік құралдармен  зерттеу» деген мақаласында  планетааралық ұшулардың мүмкіндігін дүние жүзінде алғаш рет ғылыми  тұрғыдан дәлелдеп берді. Тек ракета емес,планетааралық кеме болатынын дәлелдеді. Ғарышқа  ұшатын ракеталарға отын үшін ол айрықша сұйық химиялық отын: сұйытылған  оттегі мен сутегін ұсынды.

Ғалым басқа еңбектерінде:ракетаны  қажетті  ғарыштық жылдамдыққа   жеткізу   үшін ракеталық поездар»  керек деп жазды.Қазір біз оларды  көп сатылы ракеталар деп  жүрміз.  Отын  жанып біткеннен кейін ракетаның бірінші сатысы одан бөлінеді де, Жерге құлайды.Екінші сатының қозғалтқышы іске қосылып, ракетаны одан әрі ілгері жүйткітеді.

К. Э. Циолковский адам ғарышта ұзақ уакыт тұрып жұмыс істейтін орбиталык ірі станциялар жасауды ұсынды.

Ғалым техника жетіле келе,сөзсіз игеріледі деп есептеді. Ол әлем кеңістігінде саналы тіршілік иелері мекендеген   планеталар көп деген сенімде  болды. Жерден шалғайда  жаткан тіршілік иелерінің даму деңгейі адамзат  ақыл-ойынан әлдеқайда  озық  болуы  да мүмкін.  Циолковский адамзаттың Күн жүйесіне барып қоныс тебуіне болатын техникалық  мүмкіндіктер жолын ұсынды.

Циолковский адамдар ғарыш кеңістігін игере отырып, өз планетасының табиғатына ерекше қамқорлык жасауды қажет деп білді. Оның шөл далаларды суландыратын аппараттардың тамаша жобаларын жасағаны,ауа  көпшігін транспорт есебінде пайдалану идеясын ұсынғаны сондықтан.

К. Э. Циолковскийдің есімі кашанда адамзаттың ұлы данышпандарының есімдерімен катар аталатын болады. Ол ғылым болашағын асқан көрегендікпен болжай білді. Циолковскийдің ракеталық техника мен планетааралық саяхаттар теориясына арналған зерттеулерін конструктарлар мен ғалымдар қазір де басшылыққа алады.Оның данышпандық идеялары зор табыспен жүзеге асуда.

 

Тапсырмалар

15.2 Мәтінге сөздік жасаңыз.

15.3  Мына етістіктер қай шақты білдіреді және қалай аударылады?

     Жүзеге асуда, жазуда, ұсынуда, дамуда

15.4 Анықтауыштық сөз тіркестерін жазып алып, олардың  таптарынан    жасалғанын айтыңыз.

15.5 Жақша ішіндегі сөз тіркестерін сөйлемдердің мағыналарына қарай аударыңыз.

Циолковскийдің (ракетная техника и межпланетарное путешествие) теориясына арналған (исследования) конструкторлар мен ғалымдар да қазір де басшылыққа алады. Оның шөл далаларды (суландыратын аппараттарды тамаша жобаларын) жасағаны, ауа көпшігін (в качестве транспорта) пайдалану идеясын ұсынғаны сондықтан.

15.6  К.Е.Циолковкий, Королев туралы шағын әңгіме жазыңыз.

15.7 Мәтінді толық аударыңыз.

15.8 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

      16 Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров

 

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді.  

Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.

1962-1965 жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды. Есімі облыстық Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірген (1969ж). 1969-1975 жж. Кеңес Одағы әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары. Мәскеу ұшқыш сынақшылар мектебін (1976ж.), Мәскеу авиация институтын бітірген (1979ж.). Мәскеудегі А.И.Микоян атындағы Тәжірибелік-конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы.

Т.Әубәкіров 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 жылы 1-ші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.

1991 жылы 2-ші сәуірде Кеңес Одағының Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті.

Әубәкіров 1991 жылдың 10 қазанында Жерге оралды. Т.Әубәкіров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992-93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-ші орынбасары.

1993-1994 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994-1995 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауыпсіздік комитетінің төрағасы болды. 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

Тоқтар Әубәкіров  45 жасында ғарышкер атанды... Ал, Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атақты 1988 жылы алды. Онда оған бұл биік мәртебе, зор қуаныш дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, әлі сынақтан жөнді өтпеген, тағдыры беймәлім «МиГ» ұшақтарын сынауды және оларды кеме палубасына қондырып, одан ұшып шығуды қамтамасыз еткені үшін беріліп еді. А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросының бір құжатында бұрынғы Одақтың 26 сынақшы-ұшқышы болғандардың ішіне Қазақстаннан жалғыз Тоқтар Әубәкіров қана ілігіпті. Солардың 9-і сынақ кезінде апатқа ұшырап, қаза тапқан. Ал, қалғандары батыр атағына ие болған. Тоқтар солардың бірі болыпты.

1965 жылы Қарағанды облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен РСФСР-дың Краснодар өлкесіндегі Армавир қаласындағы ұшқыштар даярлайтын жоғары әскери училищеге жол тартқан. Бұдан кейінгі өсу, ержету кезінде зеңгір аспанда «МиГ»ұшағымен мінсіз ұшу, жаппай тұрмай жаттығу, тәжірибе жинақтау міндеті едәуір уақытын алған.

1976 жылы А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросына қызметке қабылданып, ғұмырының ең қиын сәттерін бастан кешірді. Бұл тұста Тоқтар үшін өмір мен өлім ылғи қатар беттесіп отырыпты.

 

Тапсырмалар

16.1  Мәтінге сөздік жасаңыз.

16.2 Синоним сөздерді теріп жазыңыз және аударыңыз.

16.3 Техникалық сөздерді жазып,

          16.4 «Союз ТМ-13» кемесі, «Мир» орбиталық кешені, «МиГ-29к»

туралы қосымша дерек жазыңыз.

16.5 Мәтіннен  тұйық етістік жазып алып, одан өзгеше сөйлем құраңыз.

16.6 Мәтінді аударыңыз.

16.7 Мәтінге жоспар құрып, сол бойынша мәтінді мазмұндаңыз.

 

17 Ғарышкер ит Лайка. Оқыңыз, қызық!

 

Лайка – ғарышкер ит, ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі. 1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стрестің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын. Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен  бірге  тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар:  Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдында арнайы комиссия құрылып, нақты шараларды анықтап отырды.

Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде, АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.

Аты әлемге тарап, атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылап, сигарет шығарылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді.

 

 

18  Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы (07.01.1951ж. туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы). Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері.Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 ж. және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 ж. бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды.  

1987 жылдан АН-2 ұшағының 2-ші пилоты, командирі болды. 1989 ж. Ульяновск (қазіргі Тольятти қаласы) қаласындағы ұшқыштар, диспетчерлер және инженерлік-техникалық кадрлар дайындау орталығын бітіріп, Алматы біріккен авиаотрядының 1-ұшу отрядында ТУ-134 ұшағының 2-ші пилоты болды. 1990 ж. Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісті.

1991 ж. Т.Мұсабаевқа «Ғарышкер-сынақшы» квалификациясы берілді. 16-негізгі бағдарлама бойынша 1994 ж. 1 маусымнан 4 қарашаға дейін (ұзақтылығы 127 тәулік) «Союз ТМ» ғарыш кемесінде борт-инженер ретінде ғарышта болды: 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне (жалпы ұзақтылығы 11 сағат 06 мин) шықты. Ұшу кезінде қазақстандық ғылыми зерттеулердің 2-бағдарламасын орындады. 25-негізгі экспедиция бағдарламасы бойынша 1998 ж. 29 қаңтар мен 25 тамыз аралығында (ұзақтылығы 208 тәулік) «Союз ТМ-27» және «Мир» ғарыш кемелерінің кеме командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезіңде 5 рет (жалпы ұзақтылығы 30 сағат 08 мин) ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Мұнда ғылыми–зерттеулер мен эксперименттердің

қазақстандық 3-бағдарламасын орындады.

2001 ж. 28 сәуір мен 6 маусым аралығында «Союз –ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық стансасына барған бірінші экспедициясының экипаж командирі. Бұл ұшу кезінде ғылыми-зерттеулер мен эсперименттердің қазақстандық 4-бағдарламасын орындады. Мұсабаев ұшақ спортынан қазақстан құрама командасы құрамында өнер көрсетті, КСРО чемпионы. Гимнастикадан Латвия құрама командасының құрамында жарыстарға қатысты. Гимнастикадан және    

ұшақ спортынан КСРО спорт шебері.

Талғат Мұсабаев Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» және Ресей Федерациясының Батыры, «Отан», «Халықтар достығы», 3-дәрежелі «За заслуги перед Отечеством» (Ресей) ордендерімен, NASA-ның «Ғарышқа ұшқаны үшін» медалімен марапатталды. 2000 жылдан Ю.А.Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығының топ командирі.

 

Тапсырмалар

18.1  Мәтінге сөздік жасаңыз.

18.2  Синоним сөздерді теріп жазыңыз және аударыңыз.

18.3  Техникалық сөздерді жазып,

          18.4  Сөздерді сәйкестендіріңіз.

            Әуе                                      кезінде

            Авиация пилоты                көрсету

            Ғарышкерлер                     шебері

            Өнер                                   мамандығы

            Кадрлар дайындау            кеңістігі

            Ғарыш                                орталығы

            Ұшу                                    қатынастары

            Спорт                                 дайындау

18.5 Анықтауыштық сөз тіркестерін жазыңыз.

18.6 Мәтінді аударыңыз.

18.7 Мәтінге жоспар құрып, сол бойынша мәтінді мазмұндаңыз.

 

19  Күн планетасы

 

Күн Құс жолының алыстау пұшпағында жатқан кәдімгі жұлдыздардың бірі – Күн. Оның орбитасын планеталар мен астероид деп аталатын аспан де-нелері айналып жүреді. Күнннің диаметрі шамамен 1,4 млн. шақырым.

Ол Жерден 100 есе, Юпитер планетасынан шамамен 10 есе үлкен. Жер мен Күннің арақашықтығы 150 миллион шақырым шамасында. Егерде Алма- тыдан Күнге қарай жүрдек пойыз жөнелтсек, ол белгіленген межеге 170 жылда әрең жететін көрінеді.

 Негізінен, Күн сутегіден тұрады. Ол – үздіксіз энергия бөліп тұратын қуат көзі. Ғалымдардың пайымдауынша, Күн әрбір секунд сайын 4 млн. тонна «салмақ жоғалтады». Бұл «салмақ» аз ғана уақытта жарық пен жылуға айналып, кеңістікке нұр болып құйылады. Күн ядросындағы температура 15 млн. градусқа дейін көтеріліп, осы ядрода атомдардың қосылу процесі жүреді де, Күн энергиясы бөлініп шығады, Күннің ең сыртқы қабатындағы ыстық 2 млн. градусқа дейін төмендейді. Бойындағы барлық қуаты сарқылған соң Күн де суық денеге айналып, Күн жүйесіндегі планеталар да тіршілігін тоқтатады.

          Күннің ішіне Жер тәрізді 109 планета сиып кетеді. Барлық планета – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон Күнді айналады, жылу мен жарықты Күннен алады, Күнсіз өмір сүре алмайды. Күнді айналу мерзімдері Жер Күнді бір рет 365, 2564 тәулікте, Меркурий – 87, 9693, Шолпан – 224,7008, Марс – 686,9799, Юпитер – 4322,59, Сатурн – 10759,2, Уран – 306882,2, Нептун – 60182,3, Плутон – 90777,6 тәулікте айналып шығады.

 

              Тапсырмалар

          19.1 Мәтінге сөздік жасаңыз және жаттап алыңыз.

19.2  Мәтіннен сөз тіркестерін құрып, оларды аударыңыз.

19.3 Есімшелі сөз тіркестерін жазып алып,  олармен сөйлем құраңыз.

19.4 Сан есімдерді жазып алып, сан есімнің қай түріне жататынын анықтаңыз.

19.5Мәтінді аударыңыз.

19.6Мәтіннің әр абзацына сұрақ қойып, сол бойынша әңгімелеңіз.

 

20 Ай-Жердің табиғи серігі

 

Айдың жерден қашықтығы 356 400 – 406700 км. Жерден Айдың бүкіл бетінің 59 пайызы көрінеді. Айдың орташа радиусы 1738 км, массасы 7,5.1022 кг. Түнгі уақытта Ай бетінің температурасы – 1690С-ға жетеді, ал Күн тас төбеге келгенде Ай беті + 1220С-ға дейін қызады.

Ай – Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойынша (1,02 км/с жылдамдықпен) айналады. Ай жер тәрізді, диаметрі 3476 километр, Жер диаметрінен 4 еседей аз, тығыздығы 3343 кг/м3. Ғалымдардың зерттеуінше, Ай жерден жыл сайын қашықтай түсуде. 100-150 млн. жылда Айдан біржолата көз жазып қалуымыз ғажап емес. Ғалым Н.Н.Парийский бұл құбылыстың негізі Жер қабағындағы «тасу құбылысы» дейді. Планета қабығының абсолюттік нығыздылығы жоқ болғандықтан, «тасу төбешігі» Жердің айналу бағытына қарай 1-2 градус ауысқан көрінеді. Бұл сәл ғана ауытқу болғанымен, Ай оны өзіне тартып, со-ның әсерінен Жер айналуы бәсеңдейді. Айналу жылдамдығы баяулаған соң Жердің оны тартуы да әлсіреп, ай мен Жер бір-бірінен алыстай түседі.

Табиғи серіктер Жердің жалғыз серігі – Ай ғана. Плутонда серік тек Хорон, Меркурий мен Шолпанда табиғи серік жоқ. Марста – екі (Фобес, Деймос), Юпитерде – он алты (Ио, Еуропа, Ганмед...), Сатурнда – он сегіз, Уранда – он бес, Нептунда – сегіз серігі бар. Олардың арасында үлкендігі жағынан Ай бесінші орында, Айдың диаметрі – 3474 шақырым. Ең үлкені – Уран серігі – Титан (5150 шақырым). Ең кішкентайы- Марстың Деймосы (12 шақырым). Ай Жерді бір рет 27,3211662 тәулікте айналып шығатын болса, Нептунның серігі Нерейда Нептунды 360,13538 тәулікте айналып шығады. 
Жұлдыз Ол – өте қызған газдан тұрады, өзінен жарық шығарады, табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқан.
 
          Айсыз түнде жай көзге 5 мыңға жуық жұлдыз көрінсе, күшті телескоп арқылы миллиардтаған жұлдыздарды көруге болады. Қазір 88 шоқжұлдыз бар. Кейбір жұлдыздар Күннен мың есе үлкен (көлемі жағынан). Жұлдыздардың құрамы негізінен, сутек (шамамен 70 пайыз) пен гелий (шамамен 25 пайыз). Біздің Галактика (құрамына Күн енетін) 100 миллиард жұлдызды қамтиды.

 

            Тапсырмалар

20.1Мәтінге сөздік жасаңыз және жаттап алыңыз.

20.2  Есімшелі сөз тіркестерін жазып алып,  олармен сөйлем құраңыз.

          20.3 Сан есімдерді жазып алып, сан есімнің қай түріне жататынын анықтаңыз.

          20.4 Жетіқарақшы, Үш мерген, Темірқазық, Шолпан, Құс жолы жұлдыздары туралы не білесіз? Сол туралы айтыңыз.

200.6 Мәтіннің әр абзацына сұрақ қойып, сол бойынша әңгімелеңіз.

 

21 Ғарышқа ұшырылған жануарлар. Оқыңыз, қызық!

 

Адамзат тарихында ғарышты игерудегі алғашқы қадамдарды жасау қолға алынған уақыттан бастап қыр-сыры белгісіз кеңістікке алдымен жануарларды ұшырып, оларға орбитада түрлі сынақтар жасау тәжірибелері іске асырылды. Көбіміз білетін кеңестік Лайка деген иттен бұрын ғарышқа американдық Альберт I, Альберт II (суретте), Альберт III және Альберт IV есімді маймылдар ұшырылған. Олар 1940 жылдардың соңында (Альберт I, 11.06.1948, 63 км ұшты, ұшу барысында өлді, Альберт II, 14.06.1949, 134 км ұшты, алғашқы ғарышкер Альберт Albert II
 III, 16.09.1949, 10,7 км ұшты; Альберт IV, 08.12.1949, 130,6 км ұшты, ұшу барысында өлді) German V-2 зымыранымен (ракета) ұшырылды.

1951 жылы американдықтар тарапынан маймыл және 11 тышқан Aerobee зымыранымен ұшырылды. Олардың парашюттері ашылмай қалып, әрі қарай ғарыш кеңістігіне кетіп, сонда өліп қалды. Сол жолғы сынақ ғарыш тарихындағы шалғай аспанға тірі жан ұшқан ең алғашқы сәт болды.

1957 жылы кеңестік «Спутник 2» ғарыш аппаратымен Лайка ұшырылды. Одан кейін, 1957 ж. қарашасы мен 1961 ж. наурызы аралығында, КСРО тағы алты итті (Белка, Стрелка, Пчёлка, Мушка, Чернушка және Звездочка) «Спутник» сериялы ғарыш аппараттарымен ғарышқа ұшырды. Лайка,Пчёлка және Мушк өліп қалды.

1966 жылы ақпан айында КСРО тағы екі итті (Ветерок пен Уголёк) «Восход 3» ғарыш кемесімен ұшырды. Мақсат – иттерді орбиталық ұшу барысында ТВ және биомедикалық телеметрия арқылы бақылау болды. Сынақ 23 күнге жалғасты.

         1959 жылы желтоқсан айында американдықтар Меркури капсуласымен Sam (Сэм) деген маймылды суборбиталық сапарға аттандырды. Артынша, сол капсуламен 1960 жылы қаңтарда Miss Sam, 1961 жылы қаңтарда Ham деген, қарашада Enos деген шимпанзе адамдарды ұшыруға арналған Меркурии капсуласымен Жерді екі рет маймылдар суборбиталық ғарыш сапарына аттандырылды.
        1969 жылы адамзат алғаш рет Айға қонардан үш апта алдында, АҚШ Biosatellite 3 ғарыш аппаратымен Айға маймыл ұшырды. Бірақ, сынақ маймылдың жағдайына байланысты Айға жетпей тұрып тоқтатылды. Жерге қонған маймыл көп уақыт өтпей жатып-ақ өліп қалды.

       Кейін КСРО, АҚШ және Еуропа бірлігі ынтымақтаса отырып, ғарышқа биологиялық (ішінде түрлі жануарлар мен өсімдіктер бар) ғарыш аппаратын ұшырды.

       1990 жылы жапониялық ғарышкер «Мир» ғарыш станциясына жасыл түсті ағаш құрбақасын алып барды.

    22. Тікұшақтың шығу тарихы

 

         Тікұшақ – аты айтып тұрғандай , тұрған орнынан тік жоғары көтеріле ұша алатын және тік қона алатын әуе  машинасы. Оның негізгі күші роторында болады. Роторға бұранда (винт) арқылы қанатшалар  бекітіледі. Ротордың көмегімен айналып тұратын қанатшалар әуе машинасына көтергіш күш пен алға тартқыш күш береді. Тікұшақтардың түрлеріне (типтеріне) байланысты роторлы моторлардың саны да әр түрлі болады.

Тікұшақты инелікке қарап жасаған деген жалпылама түсінік болғанымен, оның техникалық негізі б.з.д. 400 жыл бұрын Қытайда балалар ойнайтын бұрандалы ойыншықта жатыр. Бұрандалы ойыншық дегеніміз бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі немесе төрт қанатшасы бар, ортасында алақандардың арасына салып үйкеуге ыңғайлы таяқшасы бар кішігірім ойыншық.  Алғашқы тік ұшатын зат ретінде қарастырылатын балалар ойыншығының ерте кездердегі адамдардың әуе заңдылықтарын білгендігін көрсетеді.

Ойыншық қанаттарының айналған кезінде ауа ағынына белгілі бір жылдамдықпен еніп, қанатының алдыңғы жағының көтеріліп тұруынан көтергіш күш туғызатыны сол кезде ескеріліп, қанаттары жалпақ етіп немесе тік етіп жасалмаған. Тарих қойнауында қалған деректер бойынша 1475-1480 жылдар аралығында итальяндық өнертапқыш әрі суретші Леонардо да Винчидің сызбалық нұсқада жасаған  тікұшақ сұлбасы болған.

 

Сөздік

А

Айналу жиілігі                       

Частота вращения

Ақау

Дефект

Ақпараттық құрылғы           

Информационное устройство

Анализ, талдау                       

Талдау

Анықтамалық

Справочник

Анықтау, анықтама                

Определение

Апат

Авария, выход из строя

Арақашықтық, аралық, дистанция

Расстояние

Артықшылық

Преимущество

Аспап жасау                                

Приборостроение

Аспап, құрал                                  

Прибор

Ауалау,аэрация                            

Аэрация

Ауқым, өріс                                 

Диапазон

Ауыл шаруашылығы                  

Сельское хозяйство

Ауырлық күштің үдеуі               

Ускорение силы тяжести                                                       

Ауырлық күші                             

Сила тяжести

Ауыстырып қосқыш                   

Переключатель

 

Ә

Әбзел, жабдық, жарақ            

Оснастка

Әдіс, амал, тәсіл, айла            

Метод

Әзірлеуші, даярлаушы, жасаушы, дайындаушы         

Изготовитель, производитель

Әлем, ғалам                             

Вселенная

Әмбебап

Универсал

Әрекет, іс-қимылы, әрекет ету,қимыл

Действие

Әсер ету, ықпал, әсер             

воздействие

Әсер, ықпал                              

Влияние

Әуе жол көлігі                         

Воздушный транспорт

Әуе шары                                 

Воздушный шар

Әуеайлақ

Аэродром

Әуежай, аэроалаң, Аэропорт                                  

Аэропорт

 

Б

Бағдар,  бағдарлану                 

Ориентация

Бағдарлама, программа           

Программа

Бағдарламалау, программалау

Программирование

Бағдарлауыш

Ориентирующий

Бағыттаушы құрылғы           

Направляющее устройство

Байланыс, өзара қатыстық   

Связь

Бақылау-өлшеу аспаптары (БӨА)                                     

Контрольно-измерительные приборы (КИП)

Баптау, бапталым                 

Наладка

Басқару

Управление

Бәсеке

Конкуренция

Болжам

Прогноз

Бүкіл әлемдік тартылыс, гравитация         

Гравитация, тяготение

Білікті

Квалифицированный

Бірлік, өлшем                        

Единица

Бірыңғайлау,біріздендіру    

Унификация

 

Ғ

Ғарыш

Космос

Ғарыш айлағы                    

Космодром

Ғарышкерлік

Космонавтика

Ғарыштану

Космология

Ғимарат, құрылыс              

Здание, сооружение

Ғылыми әлеует                  

Научный потенциал

Ғылыми болжау, топшылау                          

Гипотеза

 

  Д

Дабыл, сигнал құрылғысы                       

Синал, сигнальное устройство

Дағдарыс

Кризис

Дағды, машық                  

Навык

Даму, өркендеу               

Развитие

Дана

Штука

Дана

Экземпляр

Даңғыл

Проспект

Даңғыл жол, жол,тракт  

Тракт

Даярлау, жасау, құру     

Изготовление

Деңгей

Уровень

Дербес компьютер, ДК   

Персональный компьтер, ПК

Дерекқор, деректер қоры, деректер базасы             

База данных

Дыбыс

Звук

Дискретті жүйе      

Дискретная система  

                                     

Е

Ерекшелік  

Особенность

Еркін, ерікті, кедергі    

Произвольный

Еркін тербеліс               

Свободное колебание

Есептеуіш машина      

Вычислительная машина                                

 

 

Ж

Жабдық, құрал-сайман, Құрал-жабдық                                 

Оборудование

Жабдық, сайман,жабдықтау,

керек-жарақ, жарақтандыру           

Снаряжение

 

Жады аумағы                                  

Обьем памяти

Жайма, ұңғылағыш                       

Развертка

Жайтаратқыш

Громоотвод

Жарнама

Реклама

Жедел әрекетті, ұтқыр          

Мобильный

Жер қосқыш, жерге қосу

Заземление

Жерүсті желісі                      

Надземная линия

Жетек

Привод

Жиілік

Частота

Жиілік өлшегіш                    

Частотометр

Жиіліктер ауқымы                

Диапазон частот

Жоба

Проект

Жүйе

Система

Жіктеу, топтастыру        

Классифицировать

                                      

З

Зымыран

Ракета

                                      

И

Идентификатор анықтағыш, ұқсастырғыш              

Идентификатор

 

Құрылым                  

Инфраструктура

 

К

Канал, арна              

Канал

Кеме

Корабль, судно

Координация, үйлестіру      

Координация

Көлем, мөлшер      

Обьем

                                    

Қ

Қабат

Слой

Қақтығысу, соқтығысу

Столкновение

Қаржы, жабдық            

Средство

Қарқындатқыш

Интенсификатор

Қауіпсіздік құрылғысы

Устройство безопасности

Қашықтан бақылау жүйесі                          

Дистанционная система контроля

Қондырғы 

Установка

Қорек көзі, қоректену көзі      

Источник питания

Құрылғы                

Устройство

 

Л

Лақтырынды

Выбросы

Ластану

Загрязнения

 

М

Магнит өрісі                          

Магнитное поле

Маман

Специалист

Мамандандыру

Специализация

Мамандық, біліктілік, сапалы бағалау, сараптау     

Квалификация

 

Материалсыйымдылық

Материалоемкость

Меншік 

Собственность

Меншікті

Удельный, собственный

Модернизация, жаңғырту, жетілдіру                              

Модернизация

 

Н

Навигациялық спутникті жүйе

Навигационная спутниковая система

Нәтиже 

Результат

Нәтижелілік, тиімділік,әсерлік, әсер етушілік                                  

Эффективность

 

Негіз

Основа

Негіз, қор, база

База, основа

 

О

Оқшаулағыш, изолятор             

Изолятор

Орындалу

Выполнение

 

Ө

Өзара әсер, өзара әрекет, өзара іс-қимыл,өзара  ықпалдастық                            

Взаимодействие

Өзара байланыс

Взаимосвязь

Өндірім, өнім                       

Выработка

Өнертабыс

Изобретение

Өнертапқыш

Изобретатель

Өнім

Продукция

Өнім, өндіру                         

Добыча

Өңдеу

Обработка

Өткел, өту 

Переход

Өткізгіш

Проводник

 

П

Пайдалы әсер коэффиценті, ПӘК                                        

Коэффицент полезного действия, КПД

Пайдалануға беру, іске қосу

Ввод в действие

Пайдаланушы, тұтынушы, қолданушы                           

Пользователь

Пайдалы әсер, қайтару, қайтарып беру, өнімділік   

Отдача

Пән, дербес пән, сала         

Дисциплина

Планетарлық 

Планетарный

Планетаралық беріліс        

Планетарная передача

Презентация, тұсаукесер, алғашқы таныстыру          

Презентация, представление

Принцип, қағида, ұстаным

Принцип

Проблема, келелі мәселе   

Проблема

Профиль, пішін, кескін, бейне, бейім                        

Профиль

Процент, пайыз                  

Процент

 

Р

Радар                              

Радар

Ресурстар, қор, қаржы

Ресурс, ресурсы

Рәсімдеу, тіркеу           

Оформление

Реттегіш, реттеуіш       

Регулятор

 

С

Сақтандырғыш

Предохранитель

Сақтау

Хранение

Сала,сфера,өріс            

Сфера

Сала,тарау                     

Отрасль

Салыстырмалы

Относительно

Салыстыру,теңеу,теңестіру

Сравнение

Сан

Число

Сан,мөлшер, өлшем    

Количество

Санақ жүйесі               

Система отсчета

Санап алу                    

Считывание

Санат,категория         

Категория

Санау,санақ,санап шығару,есептеу          

Отсчет

Санауыш

Счетчик

Сапа 

Качество

Сапалық

Добротность

Саралау, сараланым  

Дифференциация

Сараптама

Отзыв

Сәуле

Луч

Сәулелеу  

Облучение

Себеп

Причина

Сезгіштік, сезімділік 

Чуствительность

Сипаттама  

Описаниа

Сипаттама

Характеристика

Синхрондау,үндестіру, үйлестіру

Синхронизация

Спутник аттеннасы   

Спутниковая аттена

Стандарт, үлгі, қалып

Стандарт

Станрция, станса        

Станция

Сурет , көрініс            

Картина

Сүзгі, сүзгіш          

Филтьр

Сызба

Чертеж

Сызба геометрия  

Начертательная геометрия

Сыйымдылық, кеңділік          

Вместимость

Сынама, үлгі, таңба (Таңба көрсеткіші), Сынамалау, сынау

Проба

Байқау жүргізу        

Апробация

Сынау мерзімі         

Испытательный срок

Сыртқы жад             

Внешняя память

 

Т

Таңдау, іріктеу          

Выбор

Тапсырма

Поручение

Тапсырыс

Заказ

Тарам, торап, тармақ,жүйе,желі,тор

Сеть

Таратқыш 

Передатчик

Таспа

Лента

Тәжірибе,іс-тәжірибе

Опыт

Тәжірибелі 

Опытный

Тәсіл,әдіс,амал

Прием

Тәсіл,әдіс,амал          

Способ

Тәжірибелік,эксперименттік  

Экспериментальный

Тәрелке,жер              

Тарелка

Тәртіп, рет                  

Порядок

Тезәрекетті

Быстродействующий

Тексеру,тексеріс 

Проверка

Тиімді,нәтижелі

Эффективный

Тиімділік

Выгода

Тұрақты тоқ

Постоянный ток

Тұрақтылық

Стабильность

Тұтынушы

Потребитель

Түзеткіш

Выпрямитель

Түйіндесу,жанасу    

Сопряжение

Түйісу

Стыковка

Түпнегіз,түпдерек

Первоисточник

Түпнұсқа

Оригинал

Түр,характер,өзгешелік,сипат

Характер

Түрлендіргіш

Преобразователь

Тығыздық,нығыздық 

Плотность

Тізілім,тізім

Список

Тізілім,тізім,реестр   

Реестр

Тізім, табель             

Табель

Тірек, бақан              

Опора

Тіркеу

Фиксирование

Тіркеу(Ресімдеу)      

Оформление

Тіркеу, регистрация 

Регистрация

Тіркеуіш  

Регистратор

                                  

У

Уақыт, мезгіл           

Врем

Уақытша жүктеме    

Временная нагрузка

 

 

 

Ұ

Ұғым

Понятие

Ұжым

Коллектив

Ұзақмерзімдік

Долгосрочность

Ұзындық 

Длина

Ұйым, ұйымдастыру

Организация

Ұқсас аспап               

Аналоговый прибор

Ұқсастық

Сходство

Ұқсастық, аналогия  

Аналогия

Ұңғыма, скважина   

Скважина

Ұшақ 

Самолет

Ұя, ұяшық                 

Ячейка

 

Ү

Үдеткіш

Ускоритель

Үйкеліс

Трение, фрикция

Үйлесімділік  

Совместимость

Үйлесімділік, синхронды

Синхронность

Үңгі жол, туннель       

Туннель

                                     

Х

Халық шаруашылығы

Народное хозяйство   

Ц

Цифр, сан                         

Цифра, число

Цифрлық/  сандық деректер

Цифровые данные

Цоколь, ірге, төле                 

Цоколь

 

Ш

Шағылу

Отражение

Шақтамалы кернеу           

Допускаемое напряжение

Шама, мөлшер                    

Величина

Шектік мән                         

Предельное значение

Шоғырлану

Концентрация

Шуыл

Шум

Шығын 

Потери

Шығыстық кернеу            

Выходное напряжение

Шыдамдылық

Выдержка

 

Ы

Ығысу модулі                  

Модуль сдвига

Ығысу, ығыспа                

Смещение

Ықтималдылық теориясы    

Теория вероятности

Ықшам, шағын, ықшамды   

Компактный

 

І

Іздеу жүйесі                           

Поисковая система

Іске қосқыш, жүргізгіш, жібергіш

Пускатель

Іске қосу, жіберу                           

Пуск

Іштоп,топ бөлігі                           

Подгруппа

                                                      

Э

Электржабдық

Электрооборудование

Электрқозғаушы күш,ЭҚК          

Электродвижущая сила ЭДС   

Электржетек 

Электрпривод

Электржабдықтау

Электроснабжение

Электрқозғалтқыш

Электродвигатель

Этап, кезең, оралым                   

Этап

Эффект, әсер,нәтиже,салдар     

Эффект

 

Ю

Юра кезеңі                                 

Юрский период

 

Я

Ядро, өзек                                 

Ядро

Якорь(эл.), зәкір                       

Якорь

 

  

Әдебиеттер тізімі 

1. С.В. Коньшин, Г.С. Казиева Оқу құралы Транкингті радиобайланыс жүйелері.-Алматы: АЭжБИ, 2005.

2. С. В. Коньшин,   Н.А. Джунусов. Оқу құралы. Жерсеріктердің орбитада қозғалуының теориялық негіздері.-Алматы 2011.

3. Техникалық терминдер сөздігі.  Р.Құдайбергенов . 50 000 сөз.-Алматы. «Тайм» баспасы, 2009.

4. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік.-Алматы: Алтын қазына, 1999.

5.Тілембекова А.Ы. Қазақ тілі1 5В071900 – радиотехника, электроника және телекоммуникация бағытындағы оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық материалдар – Алматы, – АЭжБИ, 2010 – 41 б.

6. Мұрат ӘБЕНОВ,  «Ел» газеті  2010 ж.  12 қаңтар.

7. Әліпбеки О.Ә. «Егемен Қазақстан», 2011 ж. 18 мамыр.

 

 

Мазмұны 

 

1

Алматы энергетика және байланыс университеті

3

2

Ғарыш саласы мамандарын даярлау

4

3

«Байқоңыр» ғарыш айлағы

6

4

Қазақстан ғарыш айлағы

7

5

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік   қоғамы

9

6

Қазақстан Республикасының бірінші ғарыштық ресурсы

10

7

Ғарыштық аппаратуралар

12

8

Ғарыш саласының қарышты қадамдары – кемелді келешек  кепілі

13

9

«Бәйтерек» ғарыш-ракеталық кешені

15

10

Инновациялық даму стратегиясы

16

11

INTELSAT  халықаралық консорциумы

17

12

Аэродинамикалық маневр

19

13

Жер – бірегей планеталардың бірі

20

14

Жер қалай қозғалады? Жер қозғалысы

21

15

Ғарыш негізін салушы

24

16

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров

26

17

Ғарышкер ит Лайка

28

18

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы

29

19

Күн планетасы

31

20

Ай-Жердің табиғи серігі

31

21

Ғарышқа ұшырылған жануарлар

33

22

Тікұшақтың шығу тарихы

34

23

Сөздік

35

24

Әдебиет тізімі   

44