Коммерциялық емес

                                                                                   акционерлік қоғам

Тіл білімдері кафедрасы

 

 
Подпись: АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ

label_черный                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

5В100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығы бойынша өзіндік  жұмыс тапсырмаларын орындау үшін  әдістемелік нұсқаулар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2017


ҚҰРАСТЫРУШЫ: Э.Т.Ахметова. Кәсіби қазақ тілі. Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығы бойынша өзіндік  жұмыс тапсырмаларын орындау үшін  әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2017. – 32 б.

 

 

 

Әдістемелік нұсқауда екі семестрлік жұмыс тапсырмаларының нұсқалары, орындау үлгілері, ұсыныстар, қажетті әдебиеттер берілген.

 

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша әдістемелік нұсқау 5В100200 – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша білім алатын бакалаврларға арналған.

Әдеб. көрсеткіші  – 14 атау.

 

 

 

 

 

 

 

Пікір беруші:  ф.ғ.к., доцент Нұрмаханова М.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2017 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті » КЕАҚ, 2017 ж.

Кіріспе

 

Ұсынылып отырған «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

 

СӨЖ орындаудың негізгі мақсаты - білім алушының кәсіби іс-әрекеттері саласындағы кәсіби бағытталған қазақ тілінің коммуникативтік құзыретін дамыту.

 

Әдістемелік нұсқауда кәсіби және қоғамдық-әлеуметтік салаларға байланысты қатысымдық жағдаяттармен қатар ақпараттық қауіпсіздік жүйелері саласына терминдер мен терминдік бірліктер тізімінің нұсқалары (30 нұсқа) беріліп, студенттердің семестрлік жұмыстарының мақсаты, орындау үлгілері көрсетілген. Тапсырма нұсқаларын оқытушы білім алушыларға өзі үлестіреді.

 

Студенттің семестрлік жұмысын орындауға қойылатын талаптар:

1)      Семестрлік жұмыс тапсырмалардың берілуі мен қабылдау кестесіне сәйкес орындалуы тиіс.

2)     Мәтіндік құжаттар А4 (210х297 мм) пішіміндегі қағазға орындалады.

3)     Мәтіндік құжаттар компьютерлік терілім көмегімен 14 кегльмен, Times New Roman қарпімен орындалады.

4)     Мәтін төменде көрсетілгендей терілуі шарт:

-   жоларалық қашықтық - 1 (А4 пішіміндегі бір параққа 40-44 жолдан);

-   азат жолдың басындағы шегініс – 1,25 см, сол және оң жақтары – 0 см;

-   мәтін парақтың сол және оң жақтары бойынша түзеледі;

-   мәтін бір бағанға орналастырылады;

-   мәтіндік құжатты келесідей нақты жиектік өлшемдерді сақтай отырып басқан жөн: сол жағы – 25 мм, оң жағы – 18 мм, үстіңгі жағы – 20 мм, астыңғы жағы – 25 мм.

5) Міндетті түрде КЕАҚ СТ 56023-1910-04-2014 стандартының С қосымшасына сәйкес титулдық бет жасалады (есептеу-графикалық жұмыстың титул парағының үлгісі).

6)     Жұмыстың соңында әдебиеттер, интернет қорларының тізімі және сілтемелер берілуі қажет. Әдебиеттер тізімі КЕАҚ СТ 56023-1910-04-2014 стандартының Б қосымшасына сәйкес рәсімделеді.

7)      Сілтемелердің интернет қорлардан алынған мерзімі нақты көрсетіледі. www.yandex.ru или www.google.ru түріндегі сілтемелер дұрыс емес деп есептеледі.

8)       Студенттің семестрлік жұмысының көшірме екендігі анықталған жағдайда оқытушы қайта тапсыруға рұқсат берместен, «қанағаттанғысыз» деп бағалауға дейінгі шара қолдануы мүмкін.

 

 

          Студенттің № 1 семестрлік жұмысы

 

Тақырыбы: мамандыққа қатысты терминдер.

 

Мақсаты: кәсіби лексиканы қалыптастыруға қатысты терминдердің баламасын тауып, олардың мағынасын екі тілде түсіндіре білу.

 

Тапсырма:

1)      Төменде берілген мамандыққа қатысты терминдердің орысша баламасын тауып, олардың қазақ тіліндегі түсіндірмесін беру (1-13-Нұсқа қазақшадан орысшаға, 14-27-нұсқа орысшадан қазақшаға).

Қойылатын талап: түсіндірме сөздіктің көлемі - 20 термин мен терминдік бірлік; олар әрбір бағдарлама тақырыптарын қамтуы керек.

2)     Өз нұсқаңызда берілген терминдерді пайдаланып, ғылыми стильде шағын мәтін құрастырыңыз.

Қойылатын талап: мәтіннің көлемі – 80-90 сөз.

 

1-семестрлік жұмысты орындаудың үлгісі

 

Терминдер мен терминдік бірліктер тізімінің нұсқасы:

1)  Ақпарат

2)  Ақпараттық қауіпсіздік

3)   Бақылау

4)  Басқару жүйесі

5)  Бағдарламалық қорғау

6)   Рұқсатсыз қатынас

7)   Рұқсатсыз кіру

8)   Мәлімет

9)   Жұмыс істеу режімі

10)  Пайдаланушы

11)  Компьютерлік жүйе

12)  Қауіпсіздік саясаты

13)  Қамтамасыздандыру құралдары

14)  Кешендік құралдар

15)  Криптография әдісі

16)  Қауіпсіздік техникасы

17)  Үдеріс

18)  Үдерісті бақылау

19)  Үдерісті басқару

20)  Іздеу-құтқару кешені

 

Түсіндірме сөздік

Аудармасы

Түсіндірмесі

1

Ақпарат - информация

Ақпарат (лат. informatio ­түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

2

Ақпараттық  қауіпсіздік- информационная безопасность

Ақпараттық қауіпсіздік мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

3

Қауіпсіздік техникасы – техника безопасности

 

Қауіпсіздік техникасы еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.

 

* Кесте әрі қарай жалғастырылады (ұсынылған нұсқадағы 20 термин мен терминдік бірліктер толық қамтылуы тиіс).

 

Нұсқада берілген терминдерді пайдаланып құрастырылған мәтін.

 

Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, «Жазбалар ғибадатханасындағы» Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.

«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «informatio» сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әртүрлі салаларында әртүрлі мағына беріледі.

Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.

Басқару жүйесін жалпылама қарастырғанда ол екі негізгі элементтен тұрады: басқару объектісі мен басқару құралы. Мұндағы басқару объектісі деп технологиялық және өндірістік үрдерісті іске асыратын қандай да болмасын агрегаттарды айтады. Ал басқару құралы АБЖ басқаруды адамның тікелей қатысуынсыз жүзеге асыратын жалпы өндірістік немесе арнайы комплекстік құралдар болып табылады. Бұл жерде адамның міндетті қызметі автоматты қондырғының (жабдықтың) жұмысын бақылау, үрдерісті басқару талабына сай жөндеу және күйге келтіру

        Мәліметтерге рұқсатсыз қатынас құрудан қорғауды, мәліметтермен бір уақытта көп пайдаланушылардың жұмыс істеу режімін қолдауды, мәліметтердің бүтіндігі мен келісімін қамтамасыздандыруды оларды басқару деп атайды. Мәліметтерге рұқсатсыз қатынас құрудан қорғау әр пайдаланушыға тек қана оған рұқсат етілген мәліметтерді көруге және өзгертуге мүмкіндік береді. Көп пайдаланушының жұмыс істеу құралдары бір мезгілде бірдей мәліметтерді бірнеше пайдаланушының өзгертуіне рұқсат етпейді. Мәліметтердің бүтіндігі мен келісімін қамтамасыздандыру құралдары келісілмейтін өзгертулерді енгізуден қорғайды.

 

Студенттің № 1 семестрлік жұмысы

 

Терминдер мен терминдік бірліктер тізімінің нұсқалары.

 

1-нұсқа

 

1)       Автоматтандырылған жүйе

2)       Автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамсыздандыру

3)       Ақпараттық база

4)       Ақпарат беру

5)       Ақпарат беруші

6)       Әдіс

7)       Бағдарламалық қорғау құралдары

8)       Бақыланатын шабуыл

9)       Басып енуді табу

10)   Вирус

11)   Жұққан вирус

12)   Компьютерлік вирус

13)   Дұрыс, сайма-сай

14)   Жасырын, құпия

15)   Кепілдік құрылғысы

16)   Кодтау

17)   Компьютерлік қауіпсіздік

18)   Мәліметтер

19)   Парольді бұзу

20)   Рұқсатсыз кіру құқығы

2-нұсқа

 

1)       Ақпаратты басқару тілі

2)       Арнайы бағдарламалық тіл

3)       Техникалық әсер ету құралдарымен залалдау

4)       Әлсіздік, осалдық

5)       Басым болу, үстем болу

6)       Көрінбейтін вирус

7)       Өздігінен өрбитін вирустар

8)       Қауіп-қатер

9)       Қауіпсіздік  жүйесінің бұзылуы

10)   Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік органы

11)   Мәліметтер базасы

12)   Пассивті шабуыл

13)   Таратылатын хабарлардың құпиялылығының кепілдік беріктілігі

14)   Теріс хабар, жалған мәлімет

15)   Тетік

16)   Ұқсастырғыш

17)   Халықаралық ақпараттық  қылмыс

18)   Шектеулі кіру

19)   Шектеулі кіру ақпараты

20)   Электронды хат-хабар

 

3-нұсқа

 

1)       Ақпараттың дұрыстығы

2)       Ақпаратты жарияланудан қорғау

3)       Ақпараттарды жылыстаудан/жайылудан қорғау

4)       Ақпарттың жылыстану/шетке шығу арналары

5)       Басқару жүйесінің ақпартық қауіпсіздігі

6)       Басып енудің негізгі түрлері

7)       Құпиялылық

8)       Резиденттік вирустар

9)       Резиденттік емес вирустар

10)   Контржалған мәлімет

11)   Коммерциялық құпиясы бар ақпараттарға кіру

12)   Коммерциялық құпиясы бар ақпарат

13)   Коммерциялық құпия

14)   Қауіпсіздікті қамтамсыз ету қағидалары

15)   Қауіпсіздіктің негізгі нысандары

16)   Қауіпсіздікті тексеру

17)   Мәліметтерді жеткізу орталығы

18)   Мәліметтерді жеткізуді басқару хаттамасы

19)   Мәліметтерді қорғау

20)   Шифрлау

 

4-нұсқа

 

1)       Ақпарат иесі

2)       Ақпараттық жүйе қауіпсіздігінің бұзылуы

3)       Ақпараттық жүйе қауіпсіздігі

4)       Ақпаратқа қол жеткізу

5)       Басқару тетіктері

6)       Белсенді қауіп-қатер

7)       Белсенді қорғаныс құралы

8)       «Бейсауат» вирусы (гуманды)

9)       «Құрттар» вирусы

10)  Коммерциялық құпияны  құрастыратын ақпарат иесі

11)   Коммерциялық құпиясы бар ақпаратты тарату

12)   Қорғалатын ақпартқа кіру құқықтары

13)   Қорғаудың аппараттық құралдары

14)   Қорғау тетіктерінің түрлері

15)   Мәліметтердің қауіпсіздігі

16)   Мәліметтердің құпиялылығының дәлелдігі

17)   Мәліметтерді мемлекеттік құпиялылыққа жатқызу

18)   Мемлекеттік мәліметтерді  құпиялау, парольдеу

19)   Программалық құралдарға рұқсатсыз кіру

20)   Құпиялылық

 

5-нұсқа

 

1)       Ақпараттың  қатері

2)       Ақпаратқа қатынас құру

3)       Ақпараттарды  қасақана емес әрекеттерден  қорғау

4)       Ақпараттық қауіпсіздік

5)       Белсенді шабуыл

6)       Жеке мәліметтер

7)       «Мағынасыз» вирустар

8)       «Троян аттары» вирустары

9)       «Ұстауыш-вирустар» 

10)  «Шантаж жасаушы» вирустар

11)   Коммерциялық құпия режимі

12)   Криптология

13)   Криптография

14)   Криптожүйе

15)   Қорғалуға  тиіс ақпарат

16)   Қорғау шараларын талдау

17)   Құпия ақпарат

18)   Құжатталған ақпарат

19)   Мәлімет тарату аппаратурасы

20)   Мәліметтерді шифрлау

 

6-нұсқа

 

1)       Ақпараттық қауіпсіздік  қатерлерінің сыртқы  дереккөздері

2)       Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік саясаты 

3)       Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіп-қатер дереккөзі

4)       Ақпарат қауіпсіздігі категориясы

5)       Симметриялық криптожүйе

6)       Ашық кілтті криптожүйе

7)       Криптоберіктілік

8)       Криптодүние

9)       Құпия ақпарат

10)   Құпия  ақпараттың қауіп-қатер дереккөзі

11)   Құпия ақпараттарға кіру құқығы

12)   Мемлекеттік мәліметтер қоры

13)   Мемлекеттік құпия құрастырушылары туралы мәліметтерге кіру құқығы

14)   Мемлекеттік құпия

15)   Тасушы-программалар

16)   Детектор-программалар

17)   Доктор-программалар

18)   Тіркеу тетіктері

19)   Есептеу тетіктері

20)   Ұқсас мәліметтерді ұрлау

 

7-нұсқа

 

1)       Ақпараттық қауіпсіздік қызметінің сапасы.

2)       Ақпараттық қор қауіпсіздігі.

3)       Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы.

4)       Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамсыз ету

5)       Ақпарат  қауіпсіздігін қамтамсыз етудің жалпы әдістері

6)       Криптографиялық алгоритм

7)       Криптоталдау.

8)       Криптографиялық әдістер.

9)       Кіру құқығын бақылау.

10)  Кіру  нысаны.

11)  Құпиялылық грифі.

12)  Құпиялы құжат.

13)  Құпияланған байланыс

14)  Құқықсыз кіру

15)  Қызметтік құпия

16)  Мемлекеттік құпияға  кіруі

17)  Мемлекеттік  құпиясы бар мәліметтерге кіру

18)  Мемлекеттік құпияны қорғау жүйесі

19)  Ревизор-программалар

20)  Cүзгі программалар

 

8-нұсқа

 

1)       Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету нысаны

2)       Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің  ұйымдастыру техникасы

3)       Ақпарат қауіпсіздігінің қатері

4)       Ақпараттарды  қасақана әрекеттерден  қорғау

5)       Ақпаратты қорғау

6)       Кіру құқығын шектеу ережелері

7)       Кіруі шектеулі ақпарат

8)       Кілт

9)       Ашық кілтті

10)  Құпия кілтті мемлекеттік құпиясы бар мәліметтерді  құрастырушылар

11)  Модель

12)  Модельдің негізгі  элементтері

13)  Модельдегі бағыттар

14)  Модельдегі кезеңдер

15)  Вакцина-программалар

16)  Қорғаныш тетіктері

17)  Тұтастық бақылау тетіктері

18)  Қатынас құруды басқару тетіктері

19)  Шифрланған деректер

20)  Шифрсыздандыру

 

9-нұсқа

 

1)       Ақпаратты қорғау

2)       Ақпаратты қорғау бойынша басқару құжаттары

3)       Ақпаратты қорғау жүйесі

4)       Ақпаратты қорғау құралдарын сертификаттау

5)       Ақпараттық қорға кіру құқығы

6)       Ақпаратты қорғау ниеті

7)       Ақпаратты қорғау жағдайын бақылау

8)       Ақпаратты қорғау тиімділігі

9)       Ақпаратты қорғау бойынша іс-шара

10)   Ақпаратты өңдеу

11)   Ақпараттық желі

12)   Ақпараттық жүйе

13)   Бағдарламалаушы

14)   Бағдарламалық қамтамасыз ету

15)   Бағдарламалық қорғау құралдары

16)   Бағдарламалық тілдер

17)   Байланыс

18)   Желілік орта

19)   Жергілікті желі

20)   Желілік орта

 

10-нұсқа

 

1)       Ақпараттың қолжетімдігі

2)       Ақпарат  қорғау құралдары

3)       Ақпарат қорғау деңгейі

4)       Ақпараттық қызмет көрсету

5)       Ақпаратқа кіру құқығы

6)       Ақпараттық құжат диверсиясы

7)       Ақпараттың құндылығы

8)       Ақпаратты өңдеу

9)       Ақпараттық желі

10)   Ақпараттық жүйе

11)   Бағдарламалаушы

12)   Бағдарламалық қамтамасыз ету

13)   Бағдарламалық қорғау құралдары

14)   Бағдарламалық тілдер

15)   Байланыс

16)   Жергілікті желі

17)   Жүйелік қорап

18)   Модельдегі негіздер

19)   Модельге қойылатын талаптар

20)   Мұрағаттау

 

11-нұсқа

 

1)       Ақпараттың құпиялылығын қамтамсыз ету

2)       Ақпараттың құпиялылығы

3)       Ақпаратты өңдеу жүйесі

4)       Ақпараттарды  рұқсатсыз әрекеттерден қорғау

5)       Арифметикалық амалдар

6)       Арна

7)       Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі

8)       Аудит

9)       Баптау

10)  Басқару тәсілі

11)   Бейне күшейткіш

12)   Бағдарламалық қамтамасыз ету

13)   Бағдарламалық қорғау құралдары

14)   Коммуникациялық желі

15)   Кесте ұяшығы

16)   Кестелеу символы

17)   Командалар тізбегі

18)   Криптография

19)   Құжат

20)   Мәліметтер қоры

 

12-нұсқа

 

1)       Ақпаратқа  рұқсатсыз әрекет ету

2)       Ақпаратқа рұқсатсыз кіру

3)       Ақпаратты сақтау және іздестіру

4)       Ақпаратты сақтау құрылғысы

5)       Ақпарат тарату

6)       Ақпарат теориясындағы бит

7)       Ақпараттық ұрлық

8)       Ақпаратты ұсынудың екілік формасы

9)       Ақпараттық  шабуыл

10)  Активті/белсенді аудит

11)  Пассивті аудит

12)   Ақпараттық (информациялық) іздеу

13)   Ақпаратты (информацияны) бейнелеу

14)   Ақпаратты (информацияны) беру жылдамдығы

15)   Басқарушы құрылғы

16)   Деректер қоры

17)   Үздіксіз қорек көзі

18)   Үрдіс

19)   Хабар тарату

20)   Цифрлық модуляция

 

13-нұсқа

 

1)       Абонент

2)       Авторизация

3)       Авторизация единая

4)       Агрегирование риска

5)       Администратор защиты

6)       Аккредитация

7)       База данных

8)       Банковская система

9)       Банкомат

10)   Безопасность

11)   Безопасность данных персональных

12)   Взламывание пароля

13)   Виды вторжений

14)   Виды механизмов защиты

15)   Виды угроз

16)   Виды угроз безопасности информационной

17)   Данные

18)   Данные аутентификационные

19)   Канал

20)   Канал доверенный

 

14-нұсқа

 

1)       Аккредитация (органа по сертификации)

2)       Аккредитация центра удостоверяющего

3)       Актив

4)       Актив информационный

5)       Алгоритм зашифрования

6)       Безопасность информации (данных)

7)       Безопасность информационно-телекоммуникационных технологий

8)       Безопасность компьютерная

9)       Безопасность многоуровневая

10)  Вирус

11)  Вирус загрузочный

12)  Вирус компьютерный

13)  Данные идентификационные

14)  Данные персональные

15)  Данные персональные общедоступные

16)  Данные пользователя

17)  Канал передачи данных

18)  Канал проникновения

19)  Канал связи

20)  Разглашение информации

 

15-нұсқа

 

1)       Алгоритм криптографический

2)       Алгоритм расшифрования

3)       Алгоритм шифрования

4)       Анализ процедур защиты

5)       Разглашение информации, составляющей тайну коммерческую

6)       Разглашение нулевое

7)       Безопасность информационной технологии

8)       Безопасность на основе открытости

9)       Безопасность ресурсов информационных

10)  Безопасность связи

11)  Взаимоувязанная сеть связи

12)  Вирусы полиморфные (зашифрованные)

13)  Владелец информации

14)  Владелец ресурсов информационных, систем информационных,   технологий и средств их обеспечения

15)  Владелец риска

16)  Действия неправомочные

17)  Дешифрование

18)  Доверие

19)  Доказательство знания

20)  Доступ

 

16-нұсқа

 

1)       Анонимность

2)       Атака (при применении информационных технологий)

3)       Атака активная

4)       Безопасность сети информационной

5)       Безопасность систем компьютерных

6)       Безопасность системы

7)       Воздействие информационно-техническое

8)       Воздействие манипулятивное

9)       Воздействие на информацию непреднамеренное

10)  Воздействие на информацию несанкционированное

11)  Директива о приватности

12)  Диспетчер доступа/ядро защиты

13)  Доказательство интерактивное

14)  Доказательство не интерактивное с разглашением нулевым

15)  Канал связи аутентифицированный

16)  Канал связи защищенный

17)  Канал скрытый

18)  Канал скрытый по времени

19)  Криптоанализ

20)  Канал связи

 

17-нұсқа

 

1)       Аттестация

2)       Аттестация методики испытаний

3)       Аттестация объекта в защищенном исполнении

4)       Аттестация объектов информатизации

5)       Аттестация организаций и подразделений испытательных

6)       Блок текста

7)       Блокирование доступа (к информации)

8)       Блокирование персональных данных

9)       Блокнот одноразовый

10)  Воздействие на риск

11)  Воздействие программное

12)  Воздействие психологическое

13)  Вторжение

14)  Документ

15)  Документ конфиденциальный

16)  Документ секретный

17)  Документ электронный

18)  Документация

19)  Канал скрытый по памяти

20)  Канал скрытый статистический

 

18-нұсқа

 

1)       Аудит (безопасности)

2)       Аудит активный

3)       Аудит безопасности системы автоматизированной информационной

4)       Аудит информационной безопасности в организации

5)       Аудит риск-менеджмента

6)       Блок данных

7)       Бомба логическая

8)       Бомба почтовая

9)       Восприятие риска

10)  Восстановление

11)  Восстановление (защитных мер обеспечения ИБ ИТС)

12)  Доля секрета

13)  Допуск к государственной тайне

14)  Допустимый риск нарушения безопасности информационной

15)  Достоверная вычислительная база

16)  Код аутентификации

17)  Код аутентичности сообщения

18)  Код открытый

19)  Кодер (программист)

20)  Канал утечки информации

 

 

19-нұсқа

 

1)       Аутентификация

2)       Аутентификация абонента (пользователя)

3)       Аутентификация биометрическая

4)       Аутентификация взаимная

5)       Аутентификация двухфакторная

6)       Аутентификация интерактивная

7)       Аутентификация источника данных

8)       Достоверность

9)       Доступ к информации

10)  Доступ к информации конфиденциальной

11)  Доступ к информации несанкционированный

12)  Комплекс контроля технического

13)  Комплекс средств автоматизации системы

14)  Комплекс средств защиты

15)  Разглашение тайны государственной

16)  Разграничение доступа

17)  Разделение секрета

18)  Разделение секрета проверяемое

19)  Тайна государственная

20)  Тайна коммерческая

 

20-нұсқа

 

1)       Атака «встреча посередине»

2)       Атака «противник в середине»

3)       Атрибут безопасности

4)       Аттестация производства

5)       Аттестация системы автоматизированной в защищенном исполнении

6)       Вскрыватель паролей

7)       Вторжение (в автоматизированную информационную систему)

8)       Вторжения внутренние

9)       Выводы аудита безопасности информационной

10)  Доступ к информации санкционированный

11)  Достоверность (информации, данных)

12)  Доступ к информации, составляющей тайну коммерческую

13)  Доступ к сведениям, составляющим тайну государственную

14)  Доступ к средствам программным несанкционированный

15)  Контролирование риска

16)  Контроль организации защиты информации

17)  Контроль приемочный

18)  Контроль приложений с запретом по умолчанию

19)  Контроль состояния защиты информации

20)  Контроль средств защиты

 

21-нұсқа

 

1)       Аутентификация сообщения

2)       Аутентификация сторон

3)       Аутентификация субъекта доступа

4)       Аутентичность

5)       Доступ к информации (ресурсам системы информационной)

6)       Доступ коллективный (групповой)

7)       Доступ неавторизованный

8)       Доступ неправомочный

9)       Доступ несанкционированный

10)  Конфиденциальность

11)  Конфиденциальность активов информационных

12)  Конфиденциальность информации

13)  Конфиденциальность персональных данных

14)  Конфиденциальность трафика

15)  Разрушение информации

16)  Распознавание кратных идентификаторов и анализ

17)  Распределение ключей квантовое

18)  Распределение ключей открытое

19)  Трафик сетевой

20)  Троян

 

22-нұсқа

 

1)       Компрометация

2)       Компрометация абонента

3)       Компрометация криптографических ключей

4)       Криптоаналитик

5)       Криптограмма

6)       Криптография

7)       Криптосистема

8)       Распределение риска

9)       Распространение данных персональных

10)  Распространение информации

11)  Распространение программы для ЭВМ или базы данных

12)  Распространитель (средств массовой информации)

13)  Тайна служебная

14)  Текст открытый

15)  Текст шифрованный (шифртекст)

16)  Телекоммуникация

17)  Троянский конь

18)  Туннелирование

19)  Тайна личная

20)  Тайна профессиональная

 

23-нұсқа

 

1)       Информационная база

2)       Предоставление информации

3)       Информатор

4)       Язык управления информацией

5)       Поражение средствами специального программно-технического воздействия

6)       Достоверность информации

7)       Защита информации от разглашения

8)       Защита информации от утечки

9)       Канал утечки информации

10)  Нарушение безопасности информационной системы

11)  Безопасность информационной сети

12)  Носитель информации

13)  Доступ к информации

14)  Угроза информации

15)  Доступ к информации

16)  Защита информации от непреднамеренного воздействия

17)  Информационная безопасность

18)  Внешние источники угроз информационной безопасности

19)  Государственная политика обеспечения информационной безопасности

20)  Источники угроз информационной безопасности

 

24-нұсқа

 

1)       Категория безопасности информации

2)       Качество службы информационной безопасности

3)       Безопасность информационных ресурсов

4)       Концепция информационнной безопасности

5)       Обеспечение информационной безопасности

6)       Общие методы обеспечения информационной безопасности

7)       Обьект обеспечения информационной безопасности

8)       Угроза безопасности информации

9)       Угроза информационной безопасности

10)  Защита информации

11)  Доступ к информационным ресурсам

12)  Замысел защиты информации

13)  Контроль состояния защиты

14)  Контроль эффективности защиты информации

15)  Мероприятие по защите информации

16)  Эффективность защиты информации

17)  Доступность информации

18)  Сертификация средств защиты информации

19)  Средства защиты информации

20)  Уровень защиты информации

 

25-нұсқа

 

1)       Информационное обслуживание

2)       Доступ к информации

3)       Диверсия информационного документа

4)       Ценность информации

5)       Обеспечение секретности информации

6)       Конфиденциальность информации

7)       Обработка информации

8)       Система обработки информации

9)       Защита информации от несанкционированного воздействия

10)  Защита информации от несанкционированного доступа

11)  Несанкционированное воздействие на информацию

12)  Несанкционированный доступ к информации

13)  Сохранение и поиск информации

14)  Устройство хранения информации

15)  Распространение информации

16)  Бит в теории информации

17)  Плагиат

18)  Двоичная форма представления информации

19)  Атака информационная

20)  Утечка информации

 

26-нұсқа

 

1)       Атака активная

2)       Активная угроза

3)       Активное средство защиты

4)       Программные средства защиты

5)       Атака контролируемая

6)       Обнаружение вторжения

7)       Доминировать

8)       Информационная безопасность систем управления

9)       Основные виды вторжений

10)  Секретность, конфиденциальность

11)  Вирус

12)  Зараженный  вирусом

13)  Компьютерный вирус

14)  Скрадывающий  вирус

15)  Саморазмножающий вирус

16)  Резидентный вирус

17)  Не резидентный вирус

18)  «Шантажирующий» - «вирус-держатель» - «гуманный»

19)  «Бессмысленный»  

20)  «Троянский конь» - «червь»                                                                                                                                                          

 

27-нұсқа

 

1)       Аутентичный

2)       Конфиденциальный

3)       Персональные данные

4)       Закладное устройство

5)       Кодирование

6)       Компьютерная безопасность

7)       Контрдезинформация

8)       Доступ к информации, составляющей коммерческую тайну

9)       Информация, составляющая коммерческую тайну

10)  Коммерческая тайна

11)  Носитель информации, составляющей коммерческую тайну

12)  Передача информации  составляющей коммерческую тайну

13)  Разглашение информации  составляющей коммерческую тайну

14)  Режим коммерческой тайны

15)  Криптология

16)  Криптография

17)  Криптосистема

18)  Симметричная криптосистема

19)  Запертая криптосистема

20)  Криптопрочность

 

Студенттің № 2  семестрлік жұмысы

 

Тақырыбы: жағдаяттық диалог.

 

Мақсаты: білім алушының кәсіби әрекеті барысында туындауы мүмкін әртүрлі жағдайларға байланысты диалог құрастыра білу.

 

Тапсырма: оқытушы ұсынған нұсқалардың тақырыптарын негізге ала отырып, жағдаяттық диалог құрастыру.

 

Қойылатын талап: жұмыс көлемі – әр сөйлеушіден 15-20 реплика. Диалогтар кәсіби және қоғамдық-әлеуметтік салаларға байланысты қатысымдық жағдаяттарға негіздей құрылады. Тапсырманы жұп болып орындауға да болады. Жұптарды оқытушы ұсынады.

 

Жағдаяттық диалогты құрастыру барысында төменде берілген тұрақты сөйлеу формулалары және диалогтың түрлерін пайдалану ұсынылады.

 

Тұрақты сөйлеу формулалары:

 

СҰХБАТТЫ БАСТАУ

Менің       ойымша,       біз      әңгімемізді       келесі        мәселені       талқылаудан

бастағанымыз дұрыс сияқты...

Бүгін мен белгілі мәселелерді қайтадан талқылауды ұсынамын...

Бүгінгі кездесуіміздің себебін     сіз жақсы білетін болғандықтан, бірден

талқылайтын мәселемізге көшсек...

Әңгімемізді біз .... талқылаудан бастасақ.

Менің сізбен кездесуге келген себебім....

Біз әңгімемізді мені көптен толғандырып жүрген .... мәселеден бастасақ.

Осыған     дейін      арамызда     болған     келісімге      сәйкес,      әңгімемізді     ...

қарастырудан бастағанымыз дұрыс болар деп ойлаймын.

 

КЕЛІСКЕНДІ НЕМЕСЕ ҚҰПТАҒАНДЫ БІЛДІРУ

Сіздердің шарттарыңыз бізді толық қанағаттандырады. Бұл ойыңызға біз қарсы емеспіз.

Біз келісімге келе аламыз деп ойлаймын.

Мен сіздің көзқарасыңызды толық құптаймын. Біздің бұл пікіріңізге қарсы айтарымыз жоқ. Бұл, біздің ойымызша өте жақсы идея. Мен сіздің пікіріңізбен толық келісемін. ... туралы менің көзқарасым сіздікімен толық сәйкес келеді. Тұтастай алғанда сіздің шарттарыңызды толық қабылдауға болады. Жалпы біз келісімге келдік деп есептеуге болады.

 

ӨЗ КӨЗҚАРАСЫН ҚОРҒАУҒА ТЫРЫСУ

Мен бұл бапты басқа көзқарас тұрғысынан қайтадан талқылауды ұсынамын.

Біз осы мәселені басқа қырынан қарастырып көрейікші.

Мен сізден осы сұраққа қатысты қосымша мәліметтерді алғым келеді. Біз әңгімеміздің негізгі тақырыбынан біршама ауытқып кеткен

сияқтымыз.

Осындай себептерге байланысты, осыған дейін қарастырған баптардың бірқатарына қайта оралуды ұсынамын.

Мен бұл мәселені шешудің басқа жолын көріп тұрмын, сол себепті түсініктеме бере кеткім келеді...

Талқылағалы отырған мәселені шешудің басқа да жолы бар екендігімен сіз келіседі деп ойлаймын.

Мен ... туралы мәселені қайта қарастырудың қажеттігі жайында айтқым келеді.

Мүмкін, осы мәселеге қатысты сарапшылардың қорытындысы сізді қызықтыратын шығар.

 

ӨТІНІШТІ БІЛДІРУ

Егер келіссеңіз, біз сізге қарыздар болар едік...

Сіз осылай істей алмайсыз ба...

Сізге қиын болмаса...

Сізге ауыр тимесе...

Мен сізге риза болар едім, егер...

Біз сіздің көмектесе алатындығыңызға сенеміз...

Мен сізден ... сұрағым келеді

Сіздің тарапыңыздан үлкен көмек болар еді, егер...

 

БЕЛГІСІЗДІКТІ НЕМЕСЕ КҮДІКТІ БІЛДІРУ

Бұл мәселеге байланысты пікірім толық қалыптысып болған жоқ. Кейбір мәселелер мені қатты күдіктендіреді.

Менде айтқандарыңыздың нақтылығына сенімсіздік тудыратын мәліметтер болғандықтан, сіздің мына мәселелерді анықтауыңызды өтінер едім.

Кейбір мәселелерге байланысты сіздің ойыңызды толық түсіне алмадым.

Осының қажеттілігі жайлы үлкен күдігім бар.

Менің ойымша мұндай шешімді қабылдауға әлі ерте сияқты. Мен бұл мәселенің басқаша шешілгенін қалар едім.

 

КЕЛІСПЕУШІЛІКТІ, ҚАБЫЛДАЙ АЛМАУДЫ БІЛДІРУ

Тұтастай алғанда сіздің ұсынысыңызды қабылдауға болады, бірақ...

Біздің көзқарасымыз сіздікінен біршама бөлектеу. Біз бұл мәселеге басқа түсінік тұрғысынан қараймыз.

Жалпы сіздің ұсыныстарыңыздың көпшілігімен келісеміз, бірақ біздің бірнеше ұсыныстарымыз бен ескертулеріміз бар.

Сіздің нұсқаңызбен келісу оңай емес, себебі оны іске асырудың белгілі бір қиыншылықтары бар.

Бізді сіз ұсынған шарттар толықтай қанағаттандыра алмайды.

Өкінішті, біздің қаржылық жағдайымыз сіздің өтінішіңізді қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді.

Өкінішке орай, біз сіздің шартыңызды қабылдай алмаймыз.

Біз сіздің осы мәселені көтеруге көп күш салғаныңызға ризашылықпен қараймыз, бірақ біз келісе алмайтындығымызды білдіруге мәжбүрміз.

 

 

НАҚТЫ ЖАУАП БЕРМЕУГЕ ТЫРЫСУ

Сіздің сұрағыңызға нақты жауап беру қиын, себебі...

Аталған мәселеге тек қана жалпылама түрде ғана жауап беруге болады. Мен оның жалпы сұлбасын ғана шамалаймын.

Маған ол туралы айту қиын.

Мен сізге толық жауап беруге қиналамын.

Өкінішке орай, ол туралы біздің толық мәліметіміз болмай тұр.

Біз ол туралы білмейміз, сол себепті көтерілген мәселе жайлы нақты ешнәрсе айта алмаймыз.

 

СҰХБАТТЫ АЯҚТАУ

Сонымен, біз әңгімеміздің соңына жақындап келеміз.

Кәне, біздің келісімдеріміздің қорытындысын шығарайық. Сұхбаттың қорытындысы ретінде менің айтқым келгені...

Менің байқауымша, біз бүгінгі сұрақтардың бәрін қарастырып болдық. Меніңше ... мәселесін шешілді деп есептеуге болады.

Сіздерге бүгінгі талқылауға қатысқандарыңыз үшін біздің фирмамыздың атынан алғыс білдіріп, болашақ әріптестігіміздің сәтті болатындығына сенім білдіруге рұқсат етіңіздер.

Талқылауға қатысуға уақыт бөлгендеріңіз үшін сіздерге шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Менің ойымша сіздер өз шешімдеріңізге риза боларсыздар.

 

Диалогтың түрлері:

а) диалогтық сұхбат (разговор) – бір тақырыпқа арналған қысқа уақыттық әңгіме;

б) диалогтық әңгіме (беседа) – шешім қабылдау мақсатында мәліметтермен бөлісіп, оқиғаға немесе жағдайға қатысты өз көзқарастарын білдіру;

в) келіссөз (переговор) – мәмілеге келу мақсатында белгілі бір мәселені талқылау;

г) интервью – баспасөз, радио, теледидар журналистері жүргізетін әңгіме;

д) пікірсайыс (дискуссия) ;

          е) іскерлік – тікелей «жанды» диалог;

ж) телефонмен әңгімелесу – вербалды әңгіме.

 

Жағдаяттық диалогты құрастыру үлгісі.

 

Жағдаят: Сіз басшысыз. Жұмыстан шыққысы келетін қызметкердің арызына қол қоюдан бұрын оны шақыртасыз. Сіз оның кетуіне қарсысыз. Себебін біліп, оны орнында қалдыруға үгіттеңіз.

Қызметкер – Сәлеметсіз бе, Айсұлтан Сәбитұлы!

Басшы – Сәлеметсіз бе, Шолпан Әбілқызы! Отырыңыз! Бүгінгі кездесуіміздің себебін сіз жақсы білетін болғандықтан, бірден негізгі мәселеге көшсек. Сіздің жұмыстан өз еркіңізбен кетуіңіздің себебі қандай?

Қызметкер – Маған ол туралы айту қиын. Сұрағыңызға жауап берудің қажеттілігі жайлы үлкен күдігім бар.

Басшы – Біз осы мәселені басқа қырынан қарастырып көрейікші. Сіз тәжірибесі мол білікті мамансыз. Сіздей жұмыскердің кетуі – біз үшін ауыр жағдай. Жиырма жыл еңбек еткен ұжымыңыздан кету сізге де оңай емес шығар?

Қызметкер – Өкінішке орай, мен шешім қабылдадым. Мен сіздің маған алаңдаушылық білдіргеніңізге ризашылықпен қараймын, бірақ жұмыстан кетуге мәжбүрмін.

Басшы – Мен сізден неге арыз жазғаныңызды ашып айтуыңызды сұрағым келеді. Басқа жұмыс таптыңыз ба?

Қызметкер – Мен отбасы жағдайыма байланысты жұмыстан шығамын деп арыз бердім. Балам биыл университеттің ақылы бөліміне оқуға түсті. Мен оның оқуының ақшасын төлеуім керек қой. Жалақым аздық етеді, сол себепті айлығы осы жерге қарағанда екі есе көп жұмысқа орналасатын болдым.

Басшы Сіздің әрекетіңіз енді түсінікті болды. Мен сіздің көзқарасыңызды толық құптаймын. Дегенмен мен сізден осы шешіміңізге қатысты қосымша мәліметтерді алғым келеді. Айтып отырған мекемеңіз жекеменшік пе? Онда келісімшарт қанша уақытқа жасалады?

Қызметкер – Жекеменшік фирма. Алдымен екі ай сынақ мерзімі болады. Сосын үш жылға келісімшарт жасаймыз деген.

Басшы – Шолпан Әбілқызы! Әрине, сіздің өмірлік тәжірибеңіз бар, әрбір жағдайды ой елегінен өткізе білетін парасатты жансыз. Алайда талқылап отырған мәселені шешудің басқа да жолы бар екендігімен сіз келіседі деп ойлаймын. Жекеменшік фирманың ертеңі белгісіз. Онда жалақы уақытылы берілетініне де күмәндануға болады.

Қызметкер – Менің бұл пікіріңізге қарсы айтарым жоқ. Өкінішке орай, менің басқа амалым қалмады. Әрине, осы жердегі әріптестерімді, үйренген қызметімді мен қимаймын.

Басшы – Тағы да қайталап айтқым келеді: біз сіздей өз ісіне адал, ортасына сыйлы, жауапкершілігі мол қызметкерді мақтаныш етеміз. Жас мамандар үшін сіз таптырмас ұстазсыз. Сіз бізге керексіз.

Қызметкер – Мен сізге және әріптестеріме ризашылығымды білдіремін. Менің кетуімнің себебін дұрыс түсінгендеріңізді қалаймын.

Басшы – Өкінішті, біздің қаржылық жағдайымыз сіздің мәселеңізді жақын арада шешуге мүмкіндік бермейді. Алайда үш-төрт айдан кейін бізде жаңадан бөлім ашылады. Сіз бөлім меңгерушісі лауазымына әбден лайықтысыз. Бөлім меңгерушісінің жалақысы жоғары. Оған жұмысының нәтижесіне қарай сыйақы да беріледі. Осы ұсынысыма қалай қарайсыз?

Қызметкер – Сіздің ұсыныңыз мені қызықтырады. Бұл ойыңызға мен қарсы емеспін.

Басшы – Біз келісімге келдік деп ойлаймын. Менімше, мәселе шешілді деп есептеуге болады. Сізге менің сөздеріме құлақ асып, шешіміңізді өзгерткеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Сұрақтарыңыз бар ма?

Қызметкер Менде сұрақ жоқ. Түсіністік танытып, қолдау көрсеткеніңізге алғысым шексіз. Келешекте қойған талаптарыңызды орындап, сеніміңізді ақтауға тырысамын.

Басшы Сізге еңбекте табыс, ісіңізде сәттілік тілеймін. Егер қиындықтар болса, келіңіз, біз сізден көмегімізді аямаймыз.

Қызметкер – Рақмет, сау болыңыз! Басшы Сау болыңыз!

 

Жағдаят нұсқалары:

 

1-нұсқа

 

Банктің қауіпсіздік қызметінде болған келеңсіз жағдайға байланысты  тілші сұрақтарына басшылықтың берген сұхбаты.

 

2-нұсқа

 

«Технодом» сауда орталығының техникалық заттары үлкен сұранысқа ие, сондықтан фирма директоры тауардың сапасы мен бағасын көтеру туралы мәселені  көтерді. Осы мәселе төңірегінде фирма есепшісімен талқылап, шешуді ұсынады.

 

3-нұсқа

 

Екі студент компьютердің пайдалы және зиянды жақтары жайында ұзақ талқылайды.

 

4-нұсқа

 

Сіз «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша білім алып жатқан студентсіз. Басқа мамандықта оқитын досыңызбен өз мамандығыңыздың артықшылықтары туралы айтып, сөз жарыстырыңыз.

 

5-нұсқа

 

Досыңыздың сіздің мамандығыңыздың бүгіні және болашағы жайлы айтқан пікірлерін қостап немесе жоққа шығарып, тақырыпты ары қарай дамытыңыз.

 

6-нұсқа

 

Өзіңіз жұмыс істейтін кәсіпорын туралы әріптесіңізбен сұхбаттасыңыз.

 

7-нұсқа

 

Алматы жобалау институтының кадр бөлімі жас мамандарды жұмысқа қабылдау. Бұл орайда жұмыс тәртібі, ережелері және болашағы (перспективасы) туралы сөз қозғаңыз.

 

8-нұсқа

 

Сіз «Қазақтелеком» компаниясының президентісіз. Шетелдік компанияның басшысына сіздермен бірігіп жұмыс істеудің қажеттігін айтып, мұндай бірлескен еңбектің тиімді болатындығына серіктесіңіздің көзін жеткізіңіз.

 

9-нұсқа

 

Сіз белгілі шетелдік компаниядан келген қауіпсіздік жүйелерінің өкілісіз. Сіздің міндетіңіз – бірлесіп жұмыс істеуді ұсынып отырған компания жайында толық мәлімет алып, компанияның артықшылықтары мен кемшіліктерін таразылай келіп, шешім қабылдау.

 

10-нұсқа

 

Сіз отандық компанияның жүйелік әкімгерісіз басшыңызбен жаңа жоба бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы әңгімелесіңіз.

 

11-нұсқа

 

Сіз «Телекоммуникациялық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі мәселелері және оны шешу жолдары» атты семинарға қатыстыңыз. Семинарда көтерілген мәселе төңірегінде әріптестеріңізбен ой бөлісіңіз.

 

12-нұсқа

 

«Еліміздегі ақпарат көздерінің техникалық қорғалуы» тақырыбында Алматы қаласының қауіпсіздік комитетінің өкілімен осы  мәселе туралы және оны шешу жолдары туралы  әңгімелесіңіз.

 

13-нұсқа

 

Сіз «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша оқитын АЭжБУ студентісіз. Осы мамандық жайлы білгісі келетін досыңызбен заманауи ақпаратты қорғау құралдары, программалау тілдері және бақылау аппараттары жайында әңгімелесесіз.

 

 

 

14-нұсқа

 

Сіз АЭжБУ студентісіз. Сізге Алатаудың бауырындағы қалада тұрып өмір сүру де, оқу да ұнайды. Сіздің міндетіңіз – Алматыда оқудың болашақ үшін өте тиімді, үйренетін нәрсе көп екендігін айтып жоғары білім алғысы келетін сыныптасыңызды АЭжБУ-ге оқуға шақыру.

 

15-нұсқа

 

«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығында оқитын екі магистрант «Компьютерлік және инфроқұрылымдық қауіпсіздік» мүмкіндіктері жайында пікірлеседі.

 

16-нұсқа

 

Сіз қорғалатын инфрокоммуникациялық желілердің жобалаушысысыз мекемеңіздің бас маманымен шифрлаудың криптографиялық және стенографиялық алгоритмдерін пайдалана отырып, ақпаратты өңдеудің жолдары туралы ой бөлісіңіз.

 

17-нұсқа

 

Қазақстаннан келген әріптесіңіз сізден шетелден инвестиция тартудың қыр-сыры туралы айтып беруді өтінді. Әріптесіңізбен білім саласына инвестиция тартудың ерекшелігі жайлы сұхбат жүргізіңіз.

 

18-нұсқа

 

Сіз «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та білім алып жатқан магистрантсыз. Бұл елде көптеген қиындықтармен кездесіп, қиналып жүрсіз. Сондықтан сіз бәрін тастап еліңізге кетуге бел байладыңыз. Шешіміңіздің дұрыс екендігіне көз жеткізу үшін басқа магистрантпен әңгімелесіңіз.

 

19-нұсқа

 

Қауіпсіздік жүйесінің ұйымдастыру-құқықтық негіздері, программалық және аппараттық құралдар негізінде ақпараттарды қорғау әдістері сияқты  өзекті мәселелерді шешуге қабілетті қазіргі заманға сай жоғары білімді мамандарды дайындау төңірегінде ЖОО-ның ректорымен тілші сұхбаты.

 

20-нұсқа

 

Топтағы досыңызбен «Болашақ маман қандай болу керек?» деген тақырыпта пікір алмасыңыз.

 

21-нұсқа

 

Өз мамандығыңызға байланысты ашылған ғылыми жаңалықтар төңірегінде оқытушыңызбен сұхбаттасыңыз.

 

22-нұсқа

 

Сіз АЭжБУ қабылдау комиссиясының мүшесісіз. Университетке оқуға тапсыруға келген абитуриент сізден әрбір мамандықтың ерекшелігі жайлы мәліметтерді білгісі келеді. Сұрақтарына жауап беріп, оқу орны мен мамандығыңызды жақсы жағынан көрсетуге тырысыңыз.

 

23-нұсқа

 

Заңғар «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алады. Махамбет Алматыда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми зерттеу университетінде оқиды. Олар қысқы демалыста Алматыда кездесіп, Қазақстанда жұмысқа орналасу мәселесінің қиындығы және оқуды бітіргеннен кейін қайда орналасатындары жайында пікірлеседі.

 

24-нұсқа

 

Сіз жас мамансыз. Алғашқы жұмыс күнінде жаңадан келген маман ретінде ұжыммен танысуыңыз керек. Әуелі басшылықпен немесе ұжым жетекшісімен жақынырақ танысып, негізгі міндеттеріңізді анықтап алыңыз.

 

25-нұсқа

 

Симпозиумда құқық, ақпараттық жүйе, қауіпсіздік жүйесі секциялары тобы жұмыс істеуде. Әр секция «Қазақстанда ақпараттың қорғалуының жай-күйі» мәселелерін өз кәсіптері тұрғысынан талқылап, өз шешімдерін айтады.

26-нұсқа

 

Сіз әріптесіңізбен тендер жайында әңгімелесіп отырсыз. Әріптесіңіз тендерге қатысты естіген жаңалығын айтып, оған көңілі толмайтынын білдірді. Сіз бұл жаңалықты естіген-естімегеніңізді айтып, тендерді ұтып алу жолдарын түсіндіріп, тендер туралы өз ойыңызды білдіріңіз.

 

27-нұсқа

 

Екі әріптес конференцияда кездесіп, ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері жөнінде пікірлеседі.

 

 

 

28-нұсқа

 

         Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің директоры мен студенттер кәсіподақ ұйымы төрағасы АЭжБУ-да жыл сайын өткізілетін қайырымдылық шарасының дайындығы туралы пікірлеседі.

     

29-нұсқа

 

          Сіз АЭжБУ ректорысыз. Қалалық энергетика бөлімінің басшысымен техника саласында үш тілді еркін меңгерген маманды дайындаудың қиындығы мен жетістіктері туралы ой қозғаңыз.

 

30-нұсқа

 

          Сіз «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» кафедрасының түлегісіз. Біліміңізді жалғастыру мақсатында Ресейдің алдыңғы қатарлы техникалық университетінің магистратура бөлімінің басшысымен оқу  туралы сұхбаттасасыз.

 

31-нұсқа

 

Сіз мекемеде директорсыз. Орынбасарыңызды шақырып, айлық жоспардың не себепті орындалмағандығы және бұл мәселені қалай шешуге болатындығы жайлы әңгімелесіңіз. Әңгіме өлшеу жүйелерінің бөлшектерін жасайтын кәсіпорынға қатысты жүруі тиіс. Диалогта өлшеу жүйелерінің бөлшектеріне, олардың атауларына, жасалу технологиясына қатысты сөздер болуы керек.

 

32-нұсқа

 

Сіз «Алматыгаз» ЖШС-ның бас маманысыз. Алдағы күндері Алатау ауданының тұрғындарына газ жүйесін қосуға тиіссіздер. Қызметкеріңіздің біреуімен осы жұмысты қалай орындау керектігі,  оның ерекшелігі және осы істі неден бастап, немен аяқтау керектігі жайында пікірлесесіз.

 

33-нұсқа

 

Екі тәлімгер ғаламтордың артықшылықтары мен кемшілік тұстары жайында пікірлеседі.

 

 

 

 

 

34-нұсқа

 

Сіз тәжірибе алмасу мақсатында шетелге бардыңыз. Шетелдік әріптесіңізбен орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері төңірегінде ой бөлісіңіз.

 

35-нұсқа

 

Сіз АЭжБУ журналы «Энтелдің» тілшісісіз. Қазақстан энергетика саласында  елеулі еңбек еткен есімі елге әйгілі ғалымнан интервью аласыз. Сізге оның аты-жөні ғана таныс, бірақ қалай атақты тұлға болғаны белгісіз. Әңгіме барысында ғалымның өмірбаяны, жастық шағы, студенттік кезеңі,  алғашқы ашқан жаңалығы және ғылыми зерттеулері жайлы ақпарат алуға тырысасыз.

        

36-нұсқа 

 

Сіз Алатау аудандық төтенше жағдайлар комитетінің инспекторысыз. Алдағы қысқы маусымға тұрғындардың дайындығы, пеш, газ қондырғыларының дұрыс орналасқандығы жөнінде тексеру барысында тұрғындырмен әңгімелесесіз.

 

          37-нұсқа

 

Екі маман ұялы желілер және сымсыз рұқсат ету жүйелерінің ерекшеліктері жайында сұхбаттасады. Әңгімеге арқау болған тақырып: жер үстіндегі жылжымалы байланыс жүйелерінің бірінші және екінші буындарының өзіндік ерекшеліктері.

          

38-нұсқа

 

Зертханада. Сіз кіші ғылыми қызметкерсіз. Басқа бөлімге аға ғылыми қызметкер болып ауысқалы жатырсыз. Орныңызға магистратураны жаңадан бітіріп келген қызметкер жұмыс істемек. Оған қауіпсіздік техникасын (химиялық құралдармен, электр жабдықтарымен жұмыс істеуді) түсіндіріп, сұрақтарына жауап беріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1     Панин В. В. Основы теории информации. – М.:  Бином. Лаборатория знаний, 2009.

2     Аяжанов Қ. С. Ақпараттық қауіпсіздік және  ақпаратты  қорғау.-А.: «Дәуір», 2011.

3     Алдажаров Қ. С. Ақпараттық қауіпсіздік негіздері.-А.: «Экономика», 2011.

4     Төлеуп М. М., Советова З. С. Қазақ тілі: Техникалық оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2015. – 192 б.

5     Нурмаханова М. К. Русский язык для бакалавриата всех специальностей: Учебное пособие. Алматы: АУЭС, 2014. – 95 с.

6     Шәрібжанова Ғ. Ғ. Қазақ тілі. Техникалық жоғары оқу орындары үшін жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. Оқу құралы. – Алматы, 2012. – 87 б.

7     Ажиев Қ.Ө., Арыстанғалиева Д. М. Кәсіби қазақ тілі. 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: АЭжБУ, 2016. – 35 б.

8     Заурбеков Н. С. Алгоритмдеу және программалау тілдері.-А., 2008.

9     Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар /құраст. А.М.Опабекова.-А.: «Нур-Принт», 2012.

10      Малюк А. А. Информационная безопасность. Концептуальные и методологические основы защиты информации.-М., 2004.

11      Бекітілген терминдер сөздігі: қазақша-орысша, орысша-қазақша. Алматы, 2009.

12      Құдайбергенов Р. Техникалық көптілді сөздік. қазақша-орысша-немісше-ағылшынша 4-бөлім.1-ші бөл:қазақша-орысша-немісше-ағылшынша. Астана, 2008.

13      Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері (Барлық сала мамандарына арналған әдістемелік құрал). - Алматы: Сөздік-Словарь, 2005.- 240 б.

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе............................................................................................................................................................................. ………3

Студенттің № 1 семестрлік жұмысы....................................................................................................... …4

Студенттің № 2 семестрлік жұмысы....................................................................................................... .20

Әдебиеттер тізімі........................................................................................................................................................... 31


2017 ж. жиынтық жоспары, реті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эльмира Турсыновна Ахметова

 

 

 

 

 

 

 

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығы бойынша өзіндік    жұмыс тапсырмаларын орындау үшін  әдістемелік нұсқаулар

 

 

 

 

 

 

 

Редактор Қ.С.Телғожаева

Стандарттау бойынша маман Н.Қ.Молдабекова

 

 

 

 

 

 

 

 

Басуға қол қойылды _ _ _                                         Пішімі 60х84 1/16

Таралымы 25 дана                                                            Баспаханалық қағаз №1

Көлемі 2,0 есептік-баспа табақ                            Тапсырыс бағасы 1000 теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

 

 

                                       БЕКІТЕМІН

  Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі

                                                                           проректор   _____  С. В. Коньшин

“_______  ”  ___________ 2017 ж.

 

 

 

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

5В100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығы бойынша өзіндік  жұмыс тапсырмаларын орындау үшін  әдістемелік нұсқаулар.

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ                                                   Қазақ және орыс тілдері

ОӘБ бастығы міндетін атқарушы              кафедрасының мәжілісінде қаралды

__________ Р.Р.Мухамеджанова                және бекітілді

“_____” _________2017 ж.                          “09” 01    2017 ж   №4    хаттама

                                                                       Кафедра меңгерушісінің м.а.:

Әдістемемен қамтамасыз ету                      ____________ М.М.Төлеуп.                  

және сараптау бойынша                              

ЖУОӘК төрағасы                                        Құрастырушы:   

 _________ М.В. Курпенов                          ________Э.Т.Ахметова

“_____” _________2017 ж.                          

 

Редактор                                                          

 _________                                                      

“_____” _________2017 ж.                             

                                                                 

Стандарттау бойынша маман

_________ Н. К.Молдабекова

“_____” _________2017 ж.            

 

Алматы, 2017