АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

                                                                     Әлеуметтік пәндер кафедрасы

  

Қазақстан Республикасының құқы

 

Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау

(бакалавриаттың барлық мамандықтарына және оқу түрлері үшін)

  

 

Алматы 2008

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Б.Ж. Кабдушев., Д.М. Махмадинов. Қазақстан Республикасының құқы. Бакалавриат мамандықтарына және барлық оқу түрлері үшін семинар сабақтарына  арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: АЭжБИ, 2008. –  16 б. 

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда Қазақстан Республикасының құқы пәні бойынша семинар сабағына дайындалу әдістемесі мен дайындық жолдарын көрсетеді.  Оқытушылар аталған  пән бойынша төрт тақырыпқа есептеп семинар жоспарының сұрақтарын және әр мәселеге тиісті әдебиеттер тізімдерін берген. Әр тақырыпқа қатысты әдістемелік нұсқаулар ұсынылады. Семинар сұрақтары құқық пәнінің маңызды саласынан тұратын төрт блокқа бөлінген.

 

Кіріспе 

 «Қазақстан Республикасының құқы» пәні екінші курс студенттерінің таңдауына ұсынылған және барлық мамандық түрлеріне арналып оқытылады. Бұл курс құқықтық білімнің негіздерін студенттердің өз бетінше оқып меңгеруіне бағытталған және құқықтық мамандықтарды оқымайтын факультеттерге арналған типтік бағдарлама негізінде жасалған.

         «Қазақстан Республикасының құқы» пәні бойынша алынған білім «Қоғам тану», «Қазақстан тарихы», «Адамның дамуы» сияқты т.б. қоғамдық пәндердің сұрақтары мен мәселелерін терең игеруге, пәндердің құқықтық аспектілерін түсініп тануға көмектеседі.

         «Қазақстан Республикасының құқы» курсын оқытудың негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады:

         -   болашақ мамандардың Қазақстан Республикасының құқығының негізгі салалары бойынша білім негіздерін қалыптастыру;

         - Қазақстан Республикасының құқықтық нормаларының саналы түрде сақтауға үйрету,  құқықтық мәдениетке тәрбиелеу т.б.

         Пәннің ерекшелігіне сәйкес білімді игерудің нәтижесінде студенттер мына мәселелерді білуі тиіс:

         - Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы, мемлекеттік билік жүйесі және жергілікті басқару;

         - негізгі құқық салаларын (азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық, қылмыстық құқық т.б.) меңгеру;

         -   заң ғылымының негізгі ұғымдарын меңгеру.

         Мақсат қойып, оқып игерудің нәтижесінде студенттер мынадай тәжірибеге қол жеткізеді (постреквезиты):

         -  ҚР заңдарымен өз бетінше жұмыс жасау және қолдануға қажетті нормативті-құқықтық актілерді тауып алу;

         -  нормативті-құқықтық актілерге сілтеме жасау арқылы өз мүддесін қорғау және  дәлелдеу;

         - заң білімін игеру барысындағы жинақталған білім қорын күнделікті өмірлік мәселелермен байланыстырып, жеке өз ой-пікірін мен ұстанымын дәлелдеуде қолдану.

         «Қазақстан Республикасының құқы» курсының жалпы мақсаты студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, мемлекет және құқықтың мәселелерін сауатты, шығармашылық және терең қарауға дағдыландыру.

         Зерттеудің нысаны мемлекет және құқық әрі құқық салалары болып табылады.

Күндізгі бөлімдерде оқитын студенттердің білімін нақты дамытып, бекітудегі тиімді жұмыс бағыттарының бірі – семинар сабағы болып табылады. Семинар сабағы дәріс оқытылғаннан кейін жүріп отыруы керек, яғни дәріс тақырыбы мен семинар сабағының тақырыптары, ондағы қойылатын  мәселелер бірін-бірі қайталамауы тиіс, керісінше бір-бірін толықтырып, мазмұнын тереңдетуі қажет. Дәрісті оқу барысында көптеген ірі, өзекті мәселелер талқылануы шарт, ал семинар сабағына сол дәрістің теориялық проблемалары болып табылатын нақты сұрақтар таңдалынады.

Семинар сабағына студент терең дайындалуы керек. Оқытушы студенттің өз бетімен дайындалуына көңіл бөліп, қажетінше ақыл-кеңесін беріп отырады. Студент әрбір семинарда  оқытушысының міндетті түрде берілген тапсырма бойынша толық сұрастыру жүргізетінін әрдайым есте сақтағаны жөн. Ендеше ол әр семинарды босқа жібермей, мұқият дайындалуға міндетті.

Семинар сабағына дайындалу барысында студент әуелі қойылған сұрақтардың мәнін түсініп алуы тиіс. Өзі көңіл аударатын мәселелерді анықтап, қамтылатын мәселелерді қысқаша белгілеп алады. Көмек ретінде бұл кітапшада әр тақырыптың сұрақтарына әдістемелік ақыл-кеңес берілген. Студент қойылған сұраққа толыққанды жауап беру барысында ұсынылған нормативті-құқықтық актілер мен әдебиеттерді қажетінше пайдаланып, қосымша көп ізденеді. Мазмұнды, құнды деген тұстарға тоқталып, көзқарасын түйеді. Жалпы жұмысын жеке дәптерге конспектілей отырып, талап еткен жағдайда оқытушыға көрсетуі керек.

Семинар сабағында студент әр сұрақтың мазмұнын ашуға ұмтылады және өзінің жазбаша конспектісін қолдануына болады. Онда нормативті-құқықтық актілерден келтірілген дәйектер, мәселенің теориялық негіздері, авторлық көзқарастар және т.б. тізбектеледі. Мәселені баяндау барысында оқытушы немесе студенттер сұрақ қоюы мүмкін, кейде сұраққа жауап беруде пікір-талас тууы да мүмкін, осылайша семинар сабағында шығармашылық орта дамиды. Шығармашылық ортада өзін көрсете білген студенттің білімі  мен белсенділігі ерекше бағаланады...

«Қазақстан Республикасының құқы» пәнінің бағдарламасына сәйкес 4 тақырыптан тұратын семинар сабағының жұмыс жоспары ұсынылған. Семинарға қатыспаған немесе  қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер оқытушының белгілеген күндері келіп, нашар бағалары мен қарыздарын өтеуіне мүмкіндігі бар. Тек барлық семинарға белсенді қатынасып, жақсы баға алған және тиесілі бір семестрлік жұмысын уақытында орындап, оны қорғаған студенттер ғана сынақ тапсыруға рұқсат алады.

Ұсынылып отырған әдістемелік басылым семинар сабағының жоспарлары, әдебиеттер тізімі, әдістемелік нұсқаулардан тұрады.

 

1. Конституциялық құқық негізі

 

1.1. Конституциялық құқық  ұғымы, пәні және әдісі

1.1.1  Конституциялық құқық  жүйесі. Конституциялық құқықтық қатынас. 

1.1.2  Конституциялық құқықтың қайнар көздері.

1.1.3  Адам және азаматтың құқықтық статусының негізі.

1.1.4  Жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқарудың конституциялық негізі.

 

Әдістемелік нұсқау

 

Конституциялық құқық негізі Қазақстан Республикасының  құқық саласындағы шешуші мәселелерінің бірі болып табылады. Жұмыстың бірінші сұрағына жауап беру үшін студент еліміздің тәуелсіздігінің негізін қалаған  құқықтық актілерді зерделеп шығуы шарт. Қазақстан елі күрделі тарихы бар Тәуелсіз мемлекет. Кеңес билігінің шеңберінде мемлекеттілігін қалпына келтіріп, ол белгілерін алғашқы қабылдаған Кеңестік Конституцияларында бекітті (1937, 1978 жылдар). Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып құрылғаннан бері тәуелсіздігінің негізін қалаған бірнеше конституциялық заң актілерін қабылдады. Олар – Қазақ ССР-інің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация (1990 жылы 25 қазан), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң (1991 жыл 16 желтоқсан), Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылғы Конституциялары. Аталған құжаттарға сүйене отырып, Қазақстан Республикасының конституциялық мазмұны мен құрылысындағы даму тәжірибелерін, сабақтарын, ерекшеліктерін тиянақты зерттеу қажет.

Аталған конституциялық актілерге сүйене отырып және 1995 жылы қабылданған Ата заңымызды терең зерделеп, талдаудың негізінде студент бірінші сұраққа берер жауабын төмендегідей жобамен құрғаны жөн:

а) конституциялық құқықтық қатынас мәселесі және  конституциялық құқықтың субъектілері;

ә) конституциялық құқықтың принциптері; т.б.

Екінші сұрақтың мазмұнын қарастырған кезде конституциялық құқықтың жүйесінің мәнін ашамыз. Конституциялық құқықтық қатынас мәселесіне зер салып, құқықтық қатынастың субъектісі және объектілеріне анықтама берген дұрыс. Арадағы байланыстардың ара жігі де нақты ажыратылуы қажет.

Қазақстан Республикасының  Конституцияның қайнар көздері дегенде, идеялық, теориялық және тәжірибелік негіздеріне қоса тарихи әрі ұлттық дәстүрімізден тұратын негіздерге ерекше тоқталу қажет. Қазақ халқының әдет-ғұрпын құрайтын «Жеті жарғы» немесе қазақ халқының арман-тілегі т.б. ата заңымызда көрініс табатындығын ескеріңіздер

Төртінші сұрақ бойынша адам және азаматтың құқықтық статусының негіздеріне шолу жасап, жеке тұлға, азамат деген ұғымдарға анықтама береді. Олардың қоғамдағы алатын құқықтық орнын анықтайды.  Салалық құқықтарын баяндап, азматтық алу, иемдену, жоғалту жолдарын көрсетеді.

Бүгінгі таңда жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару мәселесі өзектілігін әлі де жоймай отыр. Еліміздің қарыштап даму жағдайында үнемі өзгерісте және жетілдіруді талап ететін болғандықтан, студент бұл сұраққа жауап іздегенде өте мұқият болғаны жөн. Жергілікті әкімшілік және мәслихаттан бастап жоғары органдардың конституциялық негіздеріне үңіліп, мән-мазмұнын ашу керек. Соңғы бесінші сұраққа жауап беру барысында жергілікті басқару органдардың құрылымын талдап, құрылу тәртібін, атқарар құзырын көрсету қажет. Атап айтқанда:

- жергілікті өкілетті органдар, мәслихаттар. Жергілікті мәслихаттардың құқықтық статусы;

- жергілікті атқарушы органдар, әкім және әкімшілік. Құзыры мен қызметі.

 

Әдебиеттер тізімі

 

         1. Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт, процедура. – Алматы, 2002.

2. Ахметов М.М. Особенности становления президентской формы правления в Республике Казахстан (проблема теории и практики).  – Алматы, 2000.

3. Баишев Ж. Конституционное право Республики Казахстан. – Алматы, 2001.

4. Баққұлов С.Д.  Құқық негіздері. – Алматы, 2004.

5. Қазақстан Республикасы конституциясының түсіндірме сөздігі. – Алматы, 1996

6. Қазақстан мемлекетінің кезеңдері/ Конституциялық актілері. –Алматы, 1997.

7. Казахстан: особенности перехода к демократии. Коллективная монография. (Ответственный редактор: проф. Н.Р.Джагфаров). – Алматы, 2004.

8. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. – А., 2004.

9. Конституция Республики Казахстан: научно-правовой комментарий / Под ред. Г.С. Сапаргалиева. – Алматы, 1998.

10. Майлыбаев Б.А. Становление и эволюция института президента Республики Казахстан: проблемы, тенденции, перспективы. – Алматы, 2001.

11. Малиновский В.А. Глава государства суверенного Казахстана.           – Алматы, 1999.

12. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права. Учебное пособие. – Алматы, «Жетi жарғы», 2003.

  

2. Азаматтық құқық негізі.  

2.1. Азаматтық құқық ұғымы. Азаматтық құқықтық қатынас

2.1.1. Коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар.

2.1.2. Меншік құқығының ұғымы мен мазмұны.

2.1.3. Міндеткерлік құқық.

2.1.4. Қазақстан Республикасындағы міндеткерліктің тоқтатылуының негіздері.

 Әдістемелік нұсқау 

Бірінші сұраққа жауап беру барысында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және арнайы оқулықтармен мұқият танысу арқылы жалпы азаматтық құқықтың ұғымы, азаматтық құқықтық қатынасқа түсу мен мазмұны, жеке тұлға және заңды тұлғалардың түсінігі деген мәселелерді жан-жақты қарастырып, соңында жеке тұлға мен заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің жай-жапсары жайлы толық әңгімелеп беріңіз.

Екінші сұраққа жауап беруде коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар мәселесін терең қарастырып, түрлеріне, ерекшеліктеріне кең түсініктеме беру керек.

Меншік құқығы – азаматтық құқықтағы маңызы зор күрделі бағыттың бірі. Кеңес дәуірімен салыстырғанда бұл мәселе қазір түбірлі өзгеріске ұшырап, Қазақстан Республикасында меншіктің әр алуандығы көрініс тапты.  Меншіктену құқы Ата заңымызда құқықтық тұрғыдан бекітіліп, қорғалған. Меншік құқығының негізгі мазмұны меншіктегі затты пайдалану, қолдану және иелену болып табылады. Меншік құқығының объектілері және субъектілері деген ұғымдарды ажыратыңыздар.

Төртінші сұрақта міндеткерлік құқығы ұғымын зерделеуден бастаған дұрыс: қандай жағдайда пайда болады, күшін жояды т.б. Міндеткерлік құқықтың субъектілерін бөліп қарастырамыз.

Бесінші сұрақ бойынша міндеткерлікті қандай жағдайларда тоқтатудың мазмұны талданады.

 

Әдебиеттер тізімі 

1. Гражданский Кодекс РК (Общая часть) – комментарий. В двух книгах.Алматы, Жетi жарғы, 2003.

2. Гражданский Кодекс Республики Казахстан (Особенная часть)  – комментарий.  – Алматы, Жетi жарғы, 2003.

3. Гражданское право РК: Учебник. – Алматы: Данекер, 2000.

4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. – Алматы,    1998.    

5. А.С.Ибраева, Н.С.Ибраев. Теория государства и права: Учебное пособие. – Алматы, Жетi жарғы, 2003.

6.  Басин Ю.Г. Сделки: Учебное пособие. – Алматы, 1999.

7. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: понятие и общая характеристика: Учебное пособие. – Алматы, 2000.

8. Грешников И.П. Субъекты права. –Алматы, 2001.

9. ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері /Ред. басқарған Баянов Е.Б. – Алматы, 2003.

10. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – А., 1995.

11. Төлеуғалиев Р. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. – Алматы, 2001.

12. Саякбаев Н.А. Гражданское общество и правовое государство.  – Алматы, 2000.

13. Практическое пособие по составлению договоров для граждан Республики Казахстан (жилищные, земельные, гражданские, бытовые). /Сост. З.П. Свечникова и др. – Алматы, 2000.   

 

3. Әкімшілік құқық негізі  

3.1. Әкімшілік құқық ұғымы және принциптері

3.1.1. Әкімшілік құқық жүйесі және қайнар көздері.

3.1.2. Әкімшілік құқықбұзушылықтың ұғымы және түрлері.

3.1.3. Әкімшілік жауапкершіліктің ұғымы.

3.1.4. Әкімшілік жауапкершілікті жоққа шығаратын жағдайлар.

 

Әдістемелік нұсқау  

Бірінші сұрақ бойынша студент әкімшілік құқықтың ұғымын беру керек. Әкімшілік құқықтың негізгі принциптері, қамтылатын мәселелері қаралады.

Заңды нормалар халыққа түсінікті тілде жеткізіліп, еркін түрде қорғай алатын мүмкіншілік тууы керек. Әкімшілік құқықта осы мәселелер маңызға ие болуы тиіс. Екінші сұраққа жауап іздегенде, студент әкімшілік құқықтың қайнар көздерін талдап, әкімшілік құқықты жүйеге келтіруге күш салады.

Әкімшілік құқықтың нормасы атқарушы билік органдарының мақсаты мен бағыты, құзыры мен құрылымын анықтап, қандай іс-әрекеттерінің құқық бұзушылық болатындығын белгілейді. Үшінші сұраққа жауап іздеуде студент әкімшілік құқық бұзушылық ұғымын анықтайды. Әкімшілік құқық  бұзушылықтың түрлеріне тоқтайды.

Төртінші мәселені талдау барысында әкімшілік жауапкершілігі дегеніміз не деген де сауалға   жауап іздейміз. Әкімшілік жауапкершіліктің қай жастан  толық күшіне енетіндігін анықтаймыз. Әкімшілік жауапкершілікті қозғауға негіз болатын жайлар және әкімшілік тәртіпті бұзудың құрамы қарастырылады.

Әкімшілік жауапкершілікті жоққа шығаратын жайларға қажетті қорғану, қылмыс жасаған жеке тұлғаны ұстау, аса мәжбүрліктен туған қылмыстық іс-әрекет, т.б. Осы негізде студент бесінші сұрақты зерделеп, әкімшілік жауапкершілікті жоққа шығарудың құқықтық негіздерін жете талдайды.

  

Әдебиеттер тізімі 

1.      Административное право Республики Казахстан. Общая часть. – Алматы: Жеті Жарғы. 1996.

2.      Административное право. Учебник. ч.1 /Под ред. Д.Н. Бахрах. М.: Бек. 1993.

3.      Абдрасулов Е.Б. толкование закона и норм Конституции: теория, опыт,  процедура. – Алматы, 2002.

4.      Сапаргалиев Г.С. основы государства и права Казахстана. – Алматы, 1998.

5.      Жетписбаев Б.А., Бахралинов А.С. генезис административных правонарушений несовершеннолетних и меры борьбы с ними. – Алматы, 2001.

6.      Ибрагимов Х.Ю. Административное  право  Республики Казахстан: Учебное пособие (общая часть). – Алматы, 2000.

7.      идрышева С.К.  Правовое регулирование договоров энергеснабжения в Республике Казахстан. – Восточно – Казахстанский Государственный Университет, 2000.

8.      Таранов  А.А. Административное право  республики Казахстан /часть особенная. – Алматы, 2000.

9.      Комментарий к Кодексу Республики Казахстан  об административных  правонарушениях / в двух книгах. – Алматы, 2002.   

 

4. Қылмыстық құқық негізі  

4.1. Қылмыстық құқық ұғымы.  Қылмыстық құқықтың мақсаты, қайнар көздері мен принциптері

4.1.1. Қылмыстың ұғымы мен белгілері. Қылмысты топтау. Қылмысқа қатысудың ұғымы мен түрлері. Қылмыстық жауапкершілік түсінігі және қылмыстық жауапкершіліктің жас ерекшелігі.

4.1.2. Меншікке қарсы қылмыс.

4.1.3. Қылмысты жоққа шығаратын жағдайлар.

4.1.4. Қылмыстық жаза. 

Әдістемелік нұсқау 

Бірінші сұрақты ашу барысында студент қылмыстық құқық саласының ұғымына, қайнар көздеріне және принциптеріне тоқталып, оның бағыты мен мақсатын ашу қажет.

Қылмыстық құқықтық қатынас қылмыс жасалынған сәттен қылмыс жасаушы мен мемлекеттің атынан қоғамға қауіпті іс-әрекеттің мән-жайын анықтап, үкім шығаратын өкілетті органдар – тергеу, прокуратура, сот арасында туады. Студент екінші сұрақта қылмыс құқығының ұғымы, оның міндеті және принциптері, құрылымын талдай отырып, қылмысты белгілеріне қарай топтауы қажет. Қылмыстың объектісі мен субъектісіне де арнайы тоқталған жөн. Сұрақтың соңында қылмысқа қатысу түрлеріне жалпы сипаттама беру арқылы жасы толмағандардың жауапкершілігі туралы ерекшеліктерді айқындап беру шарт.

Үшінші сұраққа жауап беру барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 6 бөлімінде көрсетілген меншікке қарсы қылмыс түрлерін жан-жақты талдайды.

Төртінші сұрақтағы қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы іс-әрекетті жоққа шығаратын үш түрлі жағдайлардың ара жігі ажыратылып, қарастырылуы керек. Олар: қажетті қорғану, аса қажеттілік және қылмыскерді ұстау. Аталған жағдайлардың мазмұнын заңды жолдармен аша отырып, ең бастысы, қылмысты жоққа шығаратын жақтарын дәлелдеп беріңіз. Қажетті қорғану мен қылмыскерді ұстаудың мазмұндық шарттары ұқсас болып келсе, аса қажеттілік жағдайында кең көлемдегі зиян, апатты болдырмау мақсатындағы аз шығындық әрекетке барудың заңды негіздерін ашу, өмірде кездесетін мысалдарды келтіруді қажет етеді.

Соңғы (бесінші сұрақта) жазаның анықтамасын беріп, мазмұнын, мақсатын белгілеу барысында қылмыстық кодекстегі белгіленген жаза түрлерін топтап көрсету қажет. Содан соң негізгі және қосымша жазаларды тағайындаудың ерекшеліктерін, мазмұнын анықтаңыздар. Аса жоғарғы жаза – ату жазасының мәңгілік қамауда өтеумен ауыстырылуына байланысты қоғамдық пікірді негіздеп, өз көзқарастарыңызды айқындаңыздар.

 

Әдебиеттер тізімі 

1. Алауов Е.О. Қылмыстық құқық: Оқулық. – Алматы, 2000.

2. Борчашвили И.Ш.  Уголовное право РК: Учебник. Особенная часть в двух частях. – Алматы, 2000.

3. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. / В двух книгах. – Алматы, 2004.

4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. – Алматы, 1998.

5. Ибраева А.С., Ибраев Н.С., Теория государства и права: Учебное пособие./ - Алматы: Жеті Жарғы.2003.

6. Право для всех: Учебное пособие. / Ответ. Ред. А.К.Мухтарова. – Алматы: Бастау, 2002.

7. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный Кодекс Республики Казахстан. – Караганда, 2000.

8. Уголовное право Республики Казахстан. – Алматы: Жеті Жарғы. 1998. 

 

Мазмұны  

Кіріспе...................................................................................................................3 

1. Конституциялық құқық негізі  .......................................................................4  

2. Азаматтық құқық негізі   ................................................................................6 

3. Әкімшілік құқық негізі   ……….....................................................................8  

4. Қылмыстық құқық негізі   ..............................................................................9