АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы 

 

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ  НЕГІЗДЕРІ

 

Барлық мамандықтардың барлық  бөлімінде оқитын студенттер үшін 

семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау 

 

 

 

 Алматы 2009

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Жараспаева Қ.М., Жараспаева С.М. Экономикалық теория негіздері Барлық мамандықтардың барлық  бөлімінде оқитын студенттер үшін семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: АЭжБИ, 2009. – 15 б. 

         Әдістемелік нұсқау семестрлік жұмыстар тақырыптары мен  оларды орындау бойынша әдістемелік  ұсыныстардан тұрады. Әдістемелік нұсқау барлық  оқу бөлімінің барлық  мамандықтар студенттеріне арналған.   

Кіріспе 

«Экономикалық теория негіздері» курсын кешенді оқып үйрену  төмендегі тақырыптардың біріне семестрлік жұмыс жазуды ұйғарады. Мұндай жұмысты орындау экономикалық жүйедегі құбылыстарды, процестерді  және қатынастарды терең түсіну негізінде экономикалық ойлауды қалыптастырады.  Экономикалық теорияның әліппелік ақиқаттарын ғана біліп қоймай, экономикалық мәселелерді көрнекілеуге, олардың факторларын, шешу әдістері мен құралдарын анықтауға үйретеді.

Нарықтық экономиканы білу үшін, өмірде болып жатқан өзгерістер мен күтілетін нәтижелерді сипаттау үшін көптеген әдебиеттің қайнар көздеріне, яғни оқулықтарға, оқу - әдістемелік құралдарға, монографияларға, ғылыми басылымдарға, кезеңдік басылымдарға, ҚР заңдарына статистикалық мәліметтерге   көңіл бөлу керек.

Семестрлік жұмыс – студент өзінің ғылыми жұмыс этикасын, экономикалық теорияны үйрену әдістемесі мен методологиясын меңгергенін, өз қорытындылары мен ұсыныстарын бере алатынын көрсететін ғылыми еңбек.

Сонымен қатар семестрлік тапсырмаларды орындаудың мақсаты студенттерде оқу және қосымша әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеудің, теориялық материалдарды жалпы қорытындылаудың және конспект жасаудың, статистикалық және нақты материалдарды жинау мен талдаудың, жұмысты дұрыс рәсімдеудің, зерттеліп отырған мәселені логикалық дұрыс жеткізудің дағдыларын қалыптастыру  болып  табылады.

Семестрлік жұмысты табысты орындау көп жағдайда студенттердің осы семестрлік жұмысты орындауға қойылған негізгі талаптарды, оны орындау кезіндегі жұмыс тәртібін қаншалықты нақты түсінгеніне байланысты. Сапалы жұмыс жазу жұмыс жоспарын дұрыс құрастыра білуге, қажетті экономикалық әдебиеттерді таңдау мен оқи білуге, сандық және нақты материалды өңдей білуге байланысты. Сонымен қатар жұмыс мәтінін дұрыс қалыптастырып, дұрыс рәсімдей білу керек. Осы әдістемелік нұсқаудың мақсаты – студенттердің жұмыстарды жазу мен рәсімдеудің ережелерін меңгеруі.

 

Семестрлік жұмыс жазу тәртібі:

1.     Тақырыпты таңдау

2.     Сәйкес әдебиетпен танысу

3.     Жұмыс жоспарын жасау

4.     Жұмыс мәтінін жазу

5.     Талаптарға сәйкес рәсімдеу

       Жұмыстың мазмұны төмендегідей рәсімделеді:

       Кіріспе

       I (Тараудың атауы)

       1.1.

       1.2.

II

2.1.

2.2.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

 

Мазмұнға қойылатын талаптар:

Кіріспеде төмендегі жайттар қажет:

1.     Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі мен тәжірибелік маңызын анықтау.

2.     Мәселенің ғылыми зерттелуіне сипаттама беру. Бұл мәселені әлемде және Қазақстанда қандай  экономист- ғалымдар зерттеді және бүгінде кімдер зерттеу үстінде.

3.     Өз зерттеу жұмысыңыздың негізгі мақсаттары мен көтеретін мәселелерін белгілеу

Негізгі бөлімде төмендегі жайттар қажет:

Тараулар мен параграфтарда осы сұрақ теориясының мәнін ашып, экономика дамуы үшін маңызы бар мәселелерді ашып көрсету керек. Семестрлік жұмыста жоғарыда көрсетілген маңызды мәселелердің Қазақстан Республикасының қазіргі экономикасында жүзеге асырылуының ерекшелігіне елеулі көңіл аудару керек.

Мәтінде теориялық ережелердің, акпараттық және статистикалық материалдардың авторлары мен қайнар көздеріне сілтеме жасау керек.

Қорытынды зерттеудің нәтижелерін пайдалану бойынша қысқаша  қорытындылар мен нақты ұсыныстардан тұру керек.

         Қолданылған  әдебиеттер тізімі міндетті оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қатар монографиялар, мерзімдік басылымдардан алынған мақалалар, журналдар, ҚР заңдары, статистикалық және ресми қайнар көздерден тұру керек.

         Қолданылған әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіппен жазылады. Мәтінде қолданылған материалдарға сілтеме жасау міндетті.

         Семестрлік жұмыста мүмкіндігінше кестелер, графиктер, суреттер, кескіндер және т.б. қолдану керек.

 «Экономикалық теория негіздері» бойынша семестрлік жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар:

-         жұмысты өз бетінше шығармашылық тұрғыдан орындау;

-         тақырып сұрақтарын терең, ғылыми баяндау;

-         қарастырылып отырған сұрақтардың шетелдік және отандық экономикалық тәжірибемен тығыз байланысы;

-         Қазақстан экономикасындағы талданып отырған экономикалық құбылыстар мен процестердің өтуін және пайдаланудың ерекшеліктерін міндетті зерттеу;

-         жұмыстың теориялық жағдайын көрсету үшін сандық және нақты материалдарды пайдалану;

-         семестрлік жұмыс қарапайым, анық тілде жазылуы керек, бірақ ол кезде студент экономикалық терминологияны меңгергенін және оны еркін талдап бере алатындығын көрсете алу керек;

-         жұмыс мәтінін толығымен оқулықтардан, оқу нұсқауларынан көшіруге, дайын оқу жұмыстарын ұсынушы интернет сайттарынан көшіріп алуға болмайды;

-         экономикалық ғылым дамуының қазіргі жағдай талаптарына жауап бермейтін ескірген ережелер мен бекітулерді пайдаланудан аулақ болу.

 

Жұмысты орындаудағы ұсынылған алгоритм:

1. Студент өзін қызықтыратын ірі аспектіні (микро немесе макроэкономика) таңдау керек.

2.Табылған блоктардың біріндегі нақты сұрақты анықтау

3.Соңғы бес жылдағы тақырыпқа қатысты мақалаларды қарап шығу

4.Осы  мәселені талдау қазіргі кезде қандай тұрғыдан өзекті екендігі жайында қорытынды шығару.

5. Зерттеліп отырған мәсселені талдауда өз ой қорытындысын, көзқарасын  білдіру.

 

Әдебиеттерді іздеу барысында төмендегі жайттарға көңіл аудару керек.

Қазақстан кітапханаларында  ақпарат алудың екі жүйесі қалыптасқан. Каталогтық және компьютерлік. Каталогтық жүйе түсініктер, мәселелер, құбылыстар сатылы түрде көрсетілетін жалпы кескін салуға мүмкіндік береді. Оқырманның осы мәселе туралы түсінігінің, көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Компьютерлік жүйе толық кескін бермейді, алайда жылдамдығымен, нақтылығымен ерекшеленеді.

Ғаламтор жүйесі туралы айтсақ, артықшылықтары: жеделдік, өзектілік. Ең басты кемшіліктері матриалдың жүйесіздігі. Сондықтан ғаламтор жұмыс жазылып болған соң, мысалдармен толықтыру үшін қажет.

 

1 Семестрлік жұмыстарды жазу бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

Экономикалық теория курсы бойынша 2 семестрлік жұмыс орындалады. Семестрлік тапсырмаларды берудің мерзімі семестрдің 1-2 аптасы. Семестрлік жұмыстарды тапсырудың мерзімі: бірінші жұмыс – 4 апта, екінші жұмыс – 6 апта. Семестрлік жұмыстарды тапсырудың мерзімін сақтау студенттерді аттестациялау мен емтиханға жіберудің шарты болып табылады.

Жұмыс жазбаша орындалады. Жоғарыда ұсынылған семестрлік жұмыс тақырыптарының ішінен әрбір тапсырма бойынша 1 тақырып таңдалуы керек. Тақырып нөмерін таңдау сынақ кітапшасы нөмері шифрінің соңғы цифрлары бойынша жүзеге асырылады. Мысалы, егер сынақ кітапшасы нөмерінің соңғы цифрі 1 болса, онда таңдау 1, 11, 21, 31 нөмерлі тақырыптардың ішінен жасалына алады.

Тақырыпты таңдағаннан кейін оны оқулықтар, сонымен қатар арнайы таңдалған қосымша әдебиеттер бойынша зерттеу қажет. Бұл алдын ала жұмыс берілген тақырыптың мазмұны мен негізгі сұрақтарын жақсырақ талдауға және түсінуге көмектеседі.

Жұмысты жазуды бастамас бұрын ойланып жоспар құрыңыз. Жоспар – жазбаша жұмыстың логикалық негізі, тірегі.  Тақырыптың құрылымы, мазмұны, бөліктерінің логикалық байланысы, ашылу тереңдігі жоспардың дұрыс құрылуына байланысты болады. Жоспар студенттің әдебиеттерді және барлық қажетті материалдарды қаншалықты терең зерттегенінің және оның ішінен ең қажеттісін дұрыс таңдағандығының маңызды көрсеткіші. Сондықтан дұрыс құрылған жоспар қандай да бір деңгейде автордың қарастырылып отырған мәселені толығымен және оның жеке бөліктерінің мазмұнын түсіну бойынша жұмысын куәландырады. Бұл жерде жоспардың сапасының жұмысты бағалауға елеулі әсер ететіндігін көруге болады. Жоспарға, сіздің көзқарасыңыз бойынша, тақырып сұрақтарының 2-3 анағұрлым маңыздылары шығарылады. Жоспарға көп сұрақтарды шығарудың қажеті жоқ, себебі бұл шектеулі жұмыс көлемі кезінде тақырыпты толық ашуға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, жоспарға экономикалық теория негіздері курсы бағдарламасында берілген сұрақтарды көшіріп жазуға жол берілмеуі керек, өйткені бұл қарастырып отырған мәселенің мазмұнын ашпауы мүмкін.

Мысалы, «Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары» тақырыбы бойынша жобалы жоспар келесідей болады:

 

          Кіріспе

 

1.      Макроэкономикалық тепе-теңдік мәселесіне теориялық көзқарастар

2.     Тепе-теңдіктің құрылымдық элементтері

3.     Қ Р макроэкономикалық тепе-теңдік көрсеткіштерін талдау

 

          Қорытынды

Экономикалық теория бойынша жұмыстар әдетте, бірінші сұрақта мәселенің негізгі теориялық жағдайларын қарастыруды қамтиды. Ал ары қарайғы сұрақтарда мәселенің тәжірибе жағын қарастыру керек, теорияны Қазақстандағы нарықтың тәжірибесімен салыстыру қажет. 

Жұмыс кіріспе және қорытындыдын тұру керек. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі және оның теорияда алатын орны мен экономикалық өмірдегі тәжірибелік маңызы атап көрсетіліп, жұмыста қойылатын негізгі мәселелер қалыптастырылып, мәселенің маңызды жақтары анықталуы қажет.  Кіріспеде құбылыстың пайда болуы мен дамуының тарихы қарастырылып негізгі категорияларға анықтама берілуі, тақырыптың мазмұнды жақтарының түсіндірілуі дұрыс емес.

Қорытынды жұмыстан шығатын негізгі қорытындылар мен ұсыныстардан тұруы керек. Қорытындыда жұмыстың негізгі бөлімінде айтылмаған мәселелер қарастырылмауы жөн. Кіріспе мен қорытынды жұмыс жоспарында нөмірленбейді.

Жұмыс көлемі компьютерлік мәтінде 15 беттен тұрады. Мәтін 1,5 интервалмен 14 кегль шрифтпен теріледі. Жұмыстың құрылымы төмендегідей: сыртқы парақ, жұмыс жоспары (мазмұны), кіріспе, жоспар сұрақтары айқындалған негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі. Беттер нөмірленген болуы тиіс.

Әдебиеттер тізімі кем дегенде 3 көзден, оның ішінде 2-уі қосымша әдебиеттерден тұруы қажет. Қосымша әдебиеттерді іздеу бойынша өз бетінше жұмысты кітапхананың каталогтары мен анықтамалық библиографиялық басылымдардың көмегімен жүргізуге болады. Кезеңдік басылымдардағы материалдарды пайдалану керек (экономикалық  журналдар, газеттер). Экономикалық сұрақтар бойынша қажетті материалдарды  келесі журналдардан табуға болады: Аль-Пари, Қаржы-Қаражат, Банки Казахстана, Саясат, т.б.

Интернет материалдарын тек қана өз бетінше шығармашылық тұрғыдын өңдеген және жұмыста осы сайтқа сілтеме жасалған кезде ғана қолдануға жол беріледі.

Әдебиеттерді таңдау кезінде олардың басылымға шыққан  уақыты ескерілуі керек. Бірінші кезекте соңғы жылдары жарыққа шыққан әдебиеттер пайдаланыолуы қажет. Көнерген әдебиеттерді пайдалану жұмыс сапасын төмендетуі мүмкін.  Дегенмен кейбір тақырыптар анағұрлым  ертеректе шыққан әдеби көздерді пайдалануды қажет етеді. Мысалы экономикалық теорияның  пайда болуына экономисттердің жеке экономикалық  мәселелерге деген көзқарастарының эволюциясына арналған тақырыптар. Мұндай семестрлік жұмыстардың құнын түпнұсқалық көздерді, яғни осы мәселені зерттеген экономисттердің жұмыстарын пайдалану арттырады. Көптеген түпнұсқалық мәтіндерді интернеттен табуға болады.

Көп жағдайда нормативті экономикалық теория бір мәселеге әртүрлі көзқарастармен сипатталады. Егер әртүрлі авторлардың қарастырылып отырған сұрағы бойынша  ортақ көзқарасы болмаса, онда жұмыста әдебиеттерде бар әртүрлі көзқарастарды келтіру (қарастыру), оларды салыстыру оларға сындық баға беру және анағұрлым дұрыс көзқарасты негіздеу керек. Бұл семестрлік жұмыс деңгейін елеулі арттырады.

Жұмысты оқулықтан көшіруге, компьютерлік көздерден дайын жұмыстарды пайдалануға, сонымен қатар бір тақырыпқа біркелкі мәтінмен жазылған жұмыс тапсыруға жол берілмейді. Мұндай жұмыстар қабылданбайды, қайта қарастыру үшін қайтарылады.

Жұмыста оның жеке ережелері мен келтірілген нақты және сандық материалдарының арасында әртүрлі қайшылықтар болмас үшін өз ойларыңызды дербес қалыптастыруға, қайталауға жол бермеуге ұмтылу қажет. Жұмыстың ізденушілік және шығармашылық сипаты болады. Автор қарастырылып отырған сұрақтарды дербес түрде мазмұндауда, көзқарастарды салыстыруда, өз ойынша дұрыс көзқарасты таңдауда, өз таңдауын дәлелдеу теориялық ережелерді нақты материалмен, мысалдармен бейнелеуде, шешуді талап ететін мәселелерді анықтауда өз шеберлігін көрсете білу керек.

Қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістер туралы дұрыс, дәлелді қорытындыны, нақты материалдарды зерделеп және талдау негізінде жасауға болады. Бұл материалды талдау теория мен тәжірибенің байланысын көрсетеді.

Қағидалар мен теориялар жайттарды (факты) талдауға негізделген мазмұнды топтастыруды, жалпылауды білдіреді, жайттар өз кезегінде бекітілген қағидалардың үнемі дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Жайттар, яғни экономикадағы тұлғалар мен институттардың мінез-құлықтары уақыт өте келе өзгереді. Сондықтан бар қағидалар мен теорияларды өзгеріп отыратын экономикалық ортамен салығастырып отыру керек.

Міне, сол себепті экономикалық құбылыстарды талдауға қажет нақты материалдар мен статистикалық мәліметтерді жинауға ерекше мән беру керек. Экономикалық құбылыстарды  сандық талдау олардың сапалық мәніне терең бойлауға ықпал етеді. Жайттар кездейсоқ емес, берілген жағдайға сәйкес болуы керек. Кездейсоқ алынған фактілер дұрыс қорытындыға негіз бола алмайды. Олар әбден таңдалған және терең талданған болуы тиіс. Осыған орай сандық және фактілік материалдарды дұрыс талдау, оны ғылыми өңдеп, топтап, салыстыруға ыңғайлы өлшем бірліктеріне келтіре білу өте маңызды.

Егер біршама көлемді мәліметтер талданатын болса, онда нақты материалдарды өңдеу мен оны жұмыста көрсетуде талдаудың кестелік және графиктік әдістерін қолданған дұрыс, яғни сандық мәліметтер топтастырылып, жұмыста кесте, диаграмма, график түрінде көрсетілуі қажет. Олар экономикалық талдаудың баға жетпес құралдары болып табылады. Олар әдеттегі күрделі байланыстарды нақты көрсетуге мүмкіндік береді.

Әбден редакцияланған жұмыс мәтінін дұрыстап өңдеу қажет. Бұл үшін өзіндік жұмыс компьютерде терілуі тиіс. Сыртқы парағында жоғарғы оқу орнының аты, жұмысты қабылдайтын кафедраның аты, жұмыс нөмірі, жұмыс тақырыбының аты, жұмыс авторының тегі, инициалдары, өзі оқитын факультет, топ және сынақ кітапшасының шифр нөмірі, жұмысты тексеретін оқытушының тегі мен инициалдары көрсетілуі тиіс. Сыртқы парақтың төменгі жағында жұмыс жазылған қала мен жыл жазылады (Алматы 2009). Келесі парақта жұмыс жоспары жазылады, бөлімдердің сәйкес парақтары көрсетіледі. Әрі қарай жұмыс мәтінінің мазмұны жоспар сұрақтарына сәйкес ашылады, әрбір бөлім сәйкес тақырыпшалармен жабдықталуы қажет. Жұмыс мәтіні парақтың бір жағынан оқытушының мүмкін болатын ескертпелері  үшін орын қалдыра отырып жазылады.

Мәтінде көрсетілген цитаталар статистикалық мәліметтерге олар алынған қайнар көздерге сілтемелер жасалынуы қажет. Сілтемелер келесі түрде жасалады. Жұмыста көрсетілген цитата, кесте сандық мәліметтер және әртүрлі көзқарастардың жанына квадрат жақшаның ішіне сілтеме нөмірі көрсетіледі.

Әдебиеттер тізімі мемлекеттік стандартқа сәйкес рәсімделеді. Онда жұмыстың атауы, авторының аты және инициалдары, жасалған жылы мен орны, сілтеме жасалған беттері көрсетіледі. Журналдан алынған мақалаларда автордың фамилиясы, мақаланың аты, ол басылған журналдың атауы, шыққан жылы, нөмірі, беттері көрсетіледі. Газет материалдарына талаптар да осындай, тек нөмір орнына газет шыққан күнін және айын қойған дұрыс. Төменде әдебиеттер тізімін көрсету мысалы келтірілген:

 

1.     Нурпейіс Е. Экономикалық теория. Халықаралық экономика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2002.

2.     Байпақбаев Ж. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері. Саясат. -  №7. – 2006. – 26 б.

3.     Айтжанова Д., Н Тілегенов «Ұлттық экономикадағы «голандтық аурулардың» салдары мен оны шешудің жолдары». «Қаржы-қаражат» № 5-6/2006. 48 б.

 

Әдеби қайнар көздерді  жазуда белгілерді (нүктелерді, үтірлерді, сызықшаларды) қоюға көп көңіл бөлу керек. Көрсетілген орындарда олардың болуы мемлекеттік стандартпен талап етілген, сондықтан біз ол талаптарды орындауымыз керек.

Семестрлік жұмыстың соңында студент өз қолын қояды, орындаған күнін көрсетеді, содан кейін жұмыс оқытушыға тексеру үшін тапсырылады. Жұмыста кемшіліктер болып қабылданбаған жағдайда, студент жаңа жұмыс орындауы немесе ескі жұмысты жаңартуы тиіс.

Егер жұмыс қабылданбаса, оқытушы пікірде қандай сұрақтардың қайта қарастырылуы және жұмыс қандай бағытта орындалуы, қандай қайнар көздер қосымша қарастырылуы, қандай қосымша материалдардың зерттелуі, жоспардың қалай дұрысырақ құрылуы керек екендігін, рәсімдеудегі кемшіліктерді және т.б. атап көрсету керек.

Оқытушы атап көрсеткен кемшіліктер жойылғаннан кейін жұмыс бірінші пікірмен қоса қайта тексерілуге тапсырылады.

 

     2 «Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша семестрлік жұмыстарды орындауға арналған рефераттар тақырыптары

 

          2.1 №1 семестрлік жұмыс

 

1.     «Экономикалық теория», «саяси экономия», «экономикс» түсініктерінің өзара  байланысы.

2.     Экономикалық  теория  және  экономикалық  саясат.

3.     Экономикалық жүйелер типтерінің  салыстырмалы  талдауы.

4.     Қоғамның   кезеңдеуіне  формациялық  және  өркениетті  көзқарас.

5.     Әлеуметтік – экономикалық  прогрестің  критерилері.

6.     ҒТП – ң қазіргі  кезеңі  және оның  экономикалық  прогрестегі орны.

7.     Қазақстанның экономикалық ресурстары: шектеулік пен ұтымды пайдалану мәселелері.

8.     Меншік  қатынастарының  экономикалық  жүйедегі орны.

9.     Нарыққа  өту  кезеңінде ҚР – ғы  меншік  қатынастарының  түрленуі.

10.  Интеллектуалды  меншік және  оның  қазіргі  экономикалық  дамудағы  орны.

11.  Меншіктің акционерлік формасы: артықшылықтары мен кемшіліктері.  Қазақстандағы  акционерлік  қоғамдар.

12.  Аралас  экономика  және  оның  Қазақстанда  қалыптасуы.

13.  Ақшаның  пайда  болуы  мен мазмұны.

14.  Нарық мазмұны. Нарық мазмұнының негізгі теориялық трактовкалары (түсіндірмелері).

15.  Нарық  инфрақұрылымы. Оның Қазақстан Республикасында  құрылу мәселелері.

16.  Қазақстан  экономикасындағы бәсеке.

17.  Қазақстан Республикасында  нарықтың  қалыптасу кезеңдері, заңдылықтары және  ерекшеліктері.

18.  Экономиканың монополиялануы: себептері және әлеуметтік – экономикалық салдары.

19.  Қазақстандағы  табиғи  монополия.

20.  Дамыған  елдердегі кәсіпкерлік  қызмет (бір немесе бірнеше елдің мысалында).

21.  Қазақстан Республикасындағы  шағын  бизнес: қалыптасу мәселелері.

22.  Қазақстандағы  шағын  және орта  бизнесті  қолдаудың  мемлекеттік  саясаты.

23.  Кәсіпорындағы  өндіріс  шығындарын  қысқартудың  негізгі  бағыттары.

24.  Кәсіпорын  пайдасы? Оның  экономикалық  табиғи формасы, максималдау шарттары  және  пайдалану бағыттары.

25.  Тауар  нарығы  және  оның  инфрақұрылымы.

26.  Қазақстандағы   тауар биржалары.

27.  Ақпарат әлеуметтік – экономикалық  ресурс ретінде. Қазақстанда ақпарат  нарығының  қалыптасуы.

28.  Табыстар  және олардың  нарықтық  экономикада бөлінуі.

29.  Еңбек  нарығы: Қазақстанда  қалыптасу  ерекшеліктері мен мәселелері.

30.  Ренте  жер  бағасы ретінде. Қазақстандағы  ренталық  қатынастардың  ерекшеліктері.

31.  Пайыздық бағам (ставка) және  оның  капитал  нарығындағы  орны.

32.  Қазақстан Республикасындағы бағалы  қағаздар: түрлері, айналудың негізгі арналары, Қазақстан  экономикасындағы орны.

33.  Қазақстандық  бағалы  қағаздар  нарығының  қалыптасуы. Қазақстандық  қор биржасы.

34.  Ұлттық  өндіріс  нәтижелерін  өлшеу және  олардың Қазақстан Республикасындағы  динамикасы.

35.  Макроэкономикалық  тепе – теңдік теориялары.

 

2.2 №2 семестрлік жұмыс

 

1.     Инвестициялар  және олардың  түрлері. Қазақстан Республикасы инвестициялық саясат.

2.     Экономика  дамуының  циклдігі  және  мемлекетттік  антициклдік  реттеу.

3.     Инфляция экономиканы  дамытудың  стимулы және  тежегіші ретінде.

4.     Қазақстандағы  инфляция: нарықтық  реформалар жылдарындағы  ерекшеліктері мен  динамикасы.

5.     Қазақстанның  инфляцияға қарсы  саясаты.

6.     Қазақстандағы жұмыссыздық.

7.     Шағын  кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасындағы  жұмыс  бастылық  мәселелерін  шешудегі орны.

8.     Қазақстандағы жұмыс бастылықтың   мемлекеттік  саясаты.

9.      Мемлекеттің нарықтық шаруашылық жағдайындағы экономикалық орны және оның Қазақстандағы  ерекшеліктері.

10. Макроэкономикалық саясаттың  мақсаттары.

11.  Қазақстан Республикасы ұлттық  валютасының  құрылуы және  күшею  мәселелері.

12.  Қазақстанның Ұлттық  банкінің  ақша – несие  саясаты.

13.  Қазақстанның несие жүйесінің құрылымы және банктердің экономиканы  тұрақтандырудағы орны.

14.  Бюджет тапшылығы және оның себептері. Бюджет тапшылығын жабу жолдары.

15.  Қазақстанның  мемлекеттік бюджеті.

16. Қазақстанның  мемлекеттік борышы және оны жабудың мәселелері.

17.  Қазақстан салық саясаты: нарыққа өту шарттарындағы  мақсаттық бағыттылық  және  механизм.

18.  Қазақстандағы  нарықтық  түрлену жағдайындағы  агроөнеркәсіптік сектор.

19.  Қазақстан Республикасында  нарыққа  өту кезіндегі баға құру реформалары.

20.  Әлеуметтік  қорғау жүйесі: отандық  және  шетелдік тәжірибе.

21.  Қазақстан Республикасындағы  өмір  деңгейі мен сапасы.

22.  Қазақстандағы  мемлекеттік  сектор.

23.  Экономиканы  жоспарлау мен  бағдарламалаудың  батыстық  тәжірибесі.

24.  Қазақстандағы жоспарлау.

25.  Экономикалық  өсу және оның  Қазақстандағы  ерекшеліктері.

26.  Қазақстандағы  көлеңкелі  экономика.

27.  Қазақстандағы  индустриалды – инновациялық  саясат.

28.  Қазақстандағы экономикалық реформалардың мақсаттары, кезеңдері және  нәтижелері.

29.  Әлемдік  экономиканың  ғаламдануы: бағыттары  мен мәселелері.

30.  Қазақстан  экономикасының  бәсекеге  қабілеттігінің  дамуы  және оның  экспорттық   потенциалын күшейту.

31.  Қазақстан  халықаралық  еңбек  бөлінісі жүйесінде.

32.  Қазақстан Республикасы  сыртқы  саудасының  қазіргі жағдайы және  оны  жетілдіру бағыттары.

33.  Қазақстанның  ХСҰ – мен (халықаралық  сауда ұйымы) өзара  қатынасы.

34.  Капиталдың  халықаралық  миграциясы. Қазақстанға шетел  инвестицияларының  келуі.

35.  Қазақстанның  интеграциялық  прогрестерге қатысуы.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.     Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С. және т.б. Жалпы экономикалық теория: Оқулық. -  Алматы:  Ақтөбе, 2004.

2.     Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жалпы кезең – экономикалық теориясы. -  Алматы: «Дәнекер», 2004.

3.     Экономикалық саясат. Лекциялар / Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ. Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ. Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002.

4.     Я.Әубәкіров, К.Нәрікбаев, М. Есқалиев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы, 2004.

5.     Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.Ө. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002.

6.     Я.Ә.Әубәкіров, К.Нәрібаев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы: «Санат», 1998.

7.     Сала экономикасы. Дәрістер жинағы (С.И.Ержанов). – Алматы: АЭжБИ, 2003.

8.     Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001.

9.     Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.Ә. Микроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003.

10.  Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев. экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999.

11.  Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер теориясы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002.

12.  Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 1999.

13.  Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С. және т.б. Жалпы экономикалық теория: Оқулық. -  Алматы. – Ақтөбе, 2004.

14.  Экономикалық саясат. Лекциялар/Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002.

15.  Нурпейіс Е. Экономикалық теория. Халықаралық экономика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2002.

16.  Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001.

17.  Байтонаева Б.А. Менеджмент: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2001.

18.  Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы. – Алматы: «Санат», 1998.

19.  Байпақбаев Ж. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері. Саясат. -  №7. – 2006. – 26 б.

20.  Ермекбаева Б.Ж. Салық бақылаудың теориялық негіздері мен нысандары. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. - №2 (24). – 2006. – 23 б.

21.  Ақша, несие, банктер: Оқулық/ Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейітқасымов – Алматы: Экономика, 2004.

22.  Айтжанова Д., Н Тілегенов «Ұлттық экономикадағы «голандтық аурулардың» салдары мен оны шешудің жолдары». «Қаржы-қаражат» № 5-6/2006. 48 б.

23.  Арзаева М.Ж. «Шағын және орта бизнесті дамытудағы қаржы- несиелік мәселелер». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 60 б.

24.  Аубакирова Ж. « Исследование интеграционных процессов в рамках СНГ». Вестник КазНУ. Серия экономическая №3 (67), 39стр.

25.  Ахметова А. «Концепция модернизации транспорта на инновационной основе в условиях циклического развития экономики». Саясат № 10(158), 2008 .

26.  Әлжанова Н.Ш. «Баламалы инвестициялық жобаларды талдаудағы ұтымдылық көрсеткіштерін түсіндіру». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 29 б.

27.  Баймолдаева М.Т. «Шағын кәсіпорындарды ұйымдастыру және қаржыландыру». Аль-Пари №3/4  -2007, 202б.

28.  Байсултанова К. «ҚР монополияға қарсы саясаттың қалыптасуы және даму бағыттары». Саясат №8-2006, 32 б.

29.  Байпакбаев Ж. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму  кезеңдері. Саясат №5-2006, 25 б.    

30.  Байпақбаев Ж. «Қазақстан экономикасының қазіргі келбеті және диверсификациялаудың қажеттілігі». Саясат №7-2006, 15 б.    

31.  Дуйсенгалиева М. «Этапы формирования бюджетной системы Казахстана и дальнейшие направления укрепления финансовой дисциплины». «Қаржы-қаражат» № 5-6-2006. 32 б.

32.  Елшибекова К. «Система контролинга в управлении деятельностью предприятий». «Қаржы-қаражат» № 6-2007. 64 б.

33.   Жұмабеков Х.Ы. «Тұрақты экономикалық өсу және бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық заңдылықтары». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №3(67)-2008. 16 б.

34.  Жұматай И. «Қ.Р. кедейшілікке қарсы күрес, әлеуметтік қорғау, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту – саясатты ізгілендірудің басты бағыты. Саясат №12 (148)-2007,70 б.

35.  Кикбаева Г.Ж. «Сақтандыру нарығының құрылымы және жіктелуі». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 71 б.

36.  Комекбаева Л.С. «Теоретические и практические аспекты природной ренты-фактор совершенствования корпоративной ответственности». Вестник КазНУ. Серия экономическая №3 (67), 12 стр.

37.  Жумина М.Е. «Банк саласындағы маркетингтің ерекшеліктері». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 114 б.                                                                                                                                                   

38.  Иманбаев А. «Экономикалық кластар құру процесінде кәсіпорын қызметтерін үйлестіру мәселелері». Транзитная экономика  № 6/2007, 156 б.

39.  Мергалиева Л.И. «Государственные корпорации как одна из организационно-правовых форм предпринимательства». Аль-Пари № 3 (55)-2008,  20 стр.

40.  Оналтаев Д. «Қазіргі әлемдік валюталық нарық және оның мәселелері».  «Қаржы-қаражат» № 6-2007. 17 б.

41. Өмірзақов C.Ы. «Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтауда кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру».  «Қаржы-қаражат» № 2-2007. 44 б.

42. Өсербайұлы С. Несіпбаева Ш. Қ. «Республикалық бюджеттің механизмін жетілдіру». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №3(67)-2008. 50 б.

43. Өсербайұлы С. Кикбаева Г.Ж. «Шет мемлекеттердің қаржы ресурстарын басқарудағы тәжірибесі». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 56 б.

44.  Садықов Е. «Қазақстан өнеркәсібінде инновациялық әлеуетті көтеру жолдары». Қаржы-қаражат № 6-2007. 53 б.

45.  Саханова А. «Макроэкономическая стратегия инновационного развития». Транзитная экономика № 6 (63) 2007.

46.  Смадиев А. «Қаржы жүйесіндегі бюджеттің атқаратын рөлі, экономикалық мәні мен мазмұны». Аль-Пари №3 (55)-2008, 118б.

47.  Тұрлыбекова А.Ж. «Бағалы қағаз нарығын реттеудің мәні мен түрлері». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 68 б.

48.  Тұрлыбекова А. Ж. «ҚР Жинақтаушы зейнетақы жүйесі». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 76 б.

49.  Утаров А.К., Қалықұлов Қ.М., Мауленқұлова Г.Я. «Шағын және орта кәсіпкерліктің  даму көрсеткіштерін талдаудағы тиімді экономикалық- математикалық әдістер». Аль-Пари №3 (55) -2008, 61б.

  

Мазмұны 

Кіріспе..............................................................................................................3 

1 Семестрлік жұмыстарды жазуға әдістемелік нұсқаулар..................................5 

2 «Экономикалық теория» курсы бойынша семестрлік жұмыстарды орындауға арналған рефераттар тізімі..................................................................9 

Әдебиеттер тізімі...............................................................................................12