АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Әлеуметтік пәндер кафедрасы 

 

 

 

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ 

Барлық мамандықтардың барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін

семинар сабақтарын орындауға  арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Алматы 2010 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Жарқынбаев Е.Е. Мәдениет және өркениет. Барлық мамандықтардың барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін семинар сабақтарын орындауға  арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБИ  2010ж. –  14 б. 

         Қалыптасу және даму мәселелері курсы бойынша ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда студенттің семинар сабақтарына дайындық барысында   қолданылатын әдістемелер  мен әдебиеттер  тізімі көрсетілген.

         

Кіріспе 

«Мәдениет және өркениет ара қатынасының  мәселесі» атты пән бойынша семинар  сабақтарының  көлемінде, барлық  мәселелерді  ауқымды түрде  қарастыру  көзделген. 

Бүгінгі өркениетті кезеңде  туындап отырған жаһандану, жаттану, ғаламдық өзекті мәселелердің  белең алуына  орай  мәдениет пен өркениет  арасындағы  алшақтықты айқындау бар. Сондықтан бірінші кезекте мәдениет әлемін келешек ұрпақтың игілігіне айналдыру қажет болып отыр.  Дүниежүзілік мәдениеттер  мен өркениеттер тарихын  біле отытып қана,  ұлттық  мәдени  құндылықтардың  өркениетпен  қарама – қарсы  жақтарын  анықтай  алатындығымызға көз  жеткізіп отырмыз. Сондықтан да еліміздің  әлемдік мәдениет тарихындағы орнын  анықтай отырып, рухани және материалдық  құндылықтар  қатынастары туралы  түсінікті қалыптастыру қажет. Бұл пәнге байланысты сағаттар қысқарғанымен, әртүрлі әдістерді пайдалана отырып,  мәдениет  мәселелерін  тереңдей қарастыру жолға қойылған. Бүгінде мәдени іс – шараларды жүргізу елімізде алдыңғы жолға қойылып отыр.

Заман өзгерер, адам  өзгерер, бірақ өзгермейтін  нәрсе  мәдениетіміздің  қайнар көзі халқымыздың  төл  мәдениеті болмақ.  Семинар  сабақтарының  соңында  талапкерлерге  өзіндік  жұмыстар мен баяндамалардың  тақырыптары  көрсетіліп,  семестрлік  жұмыстың  тақырыптарына  арналған  арнайы  әдістемелік нұсқау  жасалған. Бұл әдістемелік  нұсқаудың өткенімізді  сараптай  отырып,  бүгінгі  заман мен  болашаққа рухымыз – бой сермеуге негіз болатындығын айта аламыз.  

 

1 – тақырып. Курстың мазмұны.

1.1 – тақырып. Мәдениет ұғымы, құрылымы және мәні.

 

Мәдениет және табиғилық. Мәдениет әлемдегі адам. Мәдениет құндылықтар дүниесі ретінде. Мәдениет дүниені адамдандырудың  нәтижесі, мұрагерлік пен сабақтастықтың  құралы деп түсіну. Мәдениеттегі  материалдылық  пен руханилықтық, табиғилық пен жасандылықтың ара қатынасын  анықтау.  Техника – мәдениеттің жемісі. Материалды мәдениет және адам мүмкіндіктерін саралау.  Мәдениеттегі  дәстүршілдік пен жаңа шындықты айқындау сияқты сұрақтар қарастырылады.

Адам – мәдениеттанудың негізгі зерттеу объектісі. А.Швейцердің "өмірді қастерлеу" Теяр де Шарденнің "адам феномені". Мәдениеттің жалпы адамзаттық өркениетті қалыптастырудағы қызметі. Технократиялық мәдениеттің шектері. Мемлекет пен  мәдениет  ара қатынастарының әмбебаптылығы. Диссиденттік қозғалыс, партикулярлық, мәңгүрттік. Адам құқықтары және  мәдениет. Демократиялық және адамзаттық қоғам – жоғары мәдениеттіліктің кепілі. ҚР Конституциясы  мәдени жетістіктерді еркін тұтынудағы адам құқықтары туралы сөз ету.

Мәдениеттің, сұхбаттың табиғаты. Леви – Стросс, Ю. Лотман.,            М. Бахтин мәдениет туралы. Мәдени коммуникация – мәдениеттің әлеуметтік динамикасы (А. Моль). Рухани мәдениетті тарату және қорғау мәселелері.  Антимәдениет, контрмәдениет. Мәдени дәстүр және жаңашылдық. Қазіргі адамзаттың бірлігі мен  айырмашылығы.  Шығыс пен Батыс. Қазіргі суперөркениеттер Хантингтон, Факулма ілімдері – Қазақстанның  әлемдік өркениеттер  сұхбатында алатын  орнын анықтау.     Н. Назарбаев "Ғасырлар тоғысында". Ұлтаралық  қатынастар  мәдениеті. ҚР – дағы ұлттық мәдениеттерді жаңғырту мәселелері.

 

Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар.

 

а) Мәдениет адамзат өркениетінің  қайнар  көзі ретінде.

б) Мәдениет адамның екінші табиғаты.

 

Баяндамалар мен рефераттар тақырыптары.

 

1.     Ұлтаралық қатынастар мәдениеті.

2.     Материалдық пен руханикалық  арақатынасын  анықтау.

3.     Мәдениет адам ойының жемісі ретінде.

4.     Мемлекет және мәдениет.

 

                                               Әдебиеттер тізімі:

 

1.     История Казахстана с древнейших времен до наших дней. – Алматы, 1995.

2.     Курманбаева Н. Культура Востока и Запада. – Алматы, 1996.

3.     Культурные контексты Казахстана: история и современность. – Алматы, 1998.

4.     Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. – Алматы, 1996.

5.     Тимошенов В. Культурология. – Алматы, 2008.

6.     Миллер О.В. Мировая культура: традиции и современность. – М.: 1991.

7.     Межуев В.М. Культура и история. – М.: 1983.

8.     Ғабитов Т.Х. Мәдениеттануға кіріспе. – Алматы, 1996.

9.     Ғабитов Т. Х. Мәдениеттану. – Алматы, 2001.

10. Тимошенов В.И. Культурология. – Алматы, 2003.

11. Токенов С.Б. Мәдениеттану негіздері. – Алматы, 1998.

12. Тимошенов В.И. Культурология (Қазақстан, Восток, Запад, Евразия). – Алматы, 2002.

13. Культурные контексты Казахстана: история и современность. – Алматы, 1998.

14. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.

15. Нуржанов. Культурология (курс лекции). – Алматы, 1994.

 

1.2 – тақырып. Дүниежүзілік тарихтағы мәдени типтердің туыстығы мен көп түрлілігі.

 

Тағылық, варворлық, өркениет. Көне қоғамның материалдық  ерекшеліктері. Алғашқы адамдардың  рухани  мәдениеттінің синкреттік сипаты. Тотем, табу және талионның көне мәдениеттегі  алатын  орны. Қауымдық қоғамдағы салт – дәстүр, әдет – ғұрып және рәміз – таңбалардың алатын орны.  Алғашқы діни сенім – нанымдар:  анимизм, тотемизм,  фетимизм, магия. Көне өнер  ерекшеліктері.  Қазіргі өркениеттегі көне мәдениеттің нышандары.

 Алғашқы өркениеттердің қалыптасу ерекшеліктері.  Еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі. Жазудың, қалалардың, мемлекеттің, меншіктің, азаматтық қоғам нышандарының  пайда болуы. Шумер өркениеті. Бұл өркениеттің прототүріктік табиғаты туралы жорамал. Шумерлік  мәдениеттегі діни нанымдар, сыналық жазу,  көркем мәдениет. Аккад, Вавилон, Ассирия, Финикия мәдениеті.

Көне Египет мәдениеті. Египеттің рухани және материалдық мәдениеті. Иероглифтік жазуы, сәулет өнері.

Көне Үнді өркениеті. Үнді өркениеттілік мәдениеттің әлемдік  өркениеттілікте алатын орны. Көне – Үнділік  материалды және рухани мәдениеттің ерекшеліктері. Үнділік және Орта азиялық  мәдениеттердің сұхбаты.

Көне Қытай өркениеті. Көне Қытай  мәдениетінің бастаулары мен менталдық  ерекшеліктері. Қытай жеріндегі  алғашқы  өркениеттер.  Конфуций және мінсіз  ақылды адамды тәрбиелеу мәселесі. Қытай өркениеттінің  материалдық  мәдениетінің жетістіктері. Қытай және түрік  халықтарының мәдениті. 

Көне Иран мәдениеті.  Ирандық өркениеттердің әлеуметтік – мәдени негіздері. Иранның  материалдық және рухани мәдениеті. Зорастризм – Көне Иран  мәдениетінің  айқындаушы белгісі. Иран мәдениетінің  Орталық Азиялық алғашқы өркениеттерге  тигізген  ықпалы.  Қазақ  мәдениетінің  архетиптеріндегі  ирандық нышандар.

Анитакалық мәдениет Батыс өркениетінің  архетипі. Ежелгі Грецияда адамзаттың мәдени дамуындағы алатын орны. Антикалық  мәдениеттің негізгі кезеңдері. Крит – Миной, архаикалық және классикалық Грекия, эллинизм, Рим, Ежелгі грек мифологиясы.  Классикалық  Грекиядағы философиялық  әдебиеттің, театрдың мүсіндік өнердің және т.б.  өркендеуі – Тән және жан сұлулығы.  Каллокагатия. Полистік мемлекет  мәдениеттер. Римдік құқық жүйесі мен ел басқару мәдениеті.

 

Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар.

 

а) Синкретизм ұғымының мәні.

б) Қауымдық қоғамның наным – сенімдері.

 

         Баяндамалар мен рефераттар тақырыптары.

 

1.     Жерорта теңізі мен Месопотамия аймағындағы өркениет ошақтары.

2.     Ертедегі отбасы түрлері.

3.     Шумер – анкад өнері мен әдебиеті.

4.     Зорастризм дінінің иран  мәдениетінде алған орны.

5.     Үнділік дүниетаным  ерекшеліктері.

6.     Конфунцидің моральдың ұстанымы.  

 

                                               Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Гумилев Л.Н. Ритмы Евразий: Эпохи и цивилизации. – М.: 1993.

2.     Ясперс К. Смысл и назначения истории. – М.: 1992.

3.     Фрейд З. Тотем и табу. – М.: 1992.

4.      Тойнби А. Постижения истории. – М.: 1992.

5.     Шпенглер О. Закат Европы. – М.: 1993.

6.     Сорокин П.А. Человек, цивилизация, общество. – М.: 1992.

7.     Ортега – и – Гассет Х. Восстание масс. – М.: 1990.

8.     Современная теория цивилизации. – М.: 1995.

9.     Вебер А. Кризис европейский культуры. – СПб., 1999.

10.  Яковец Ю.В. История цивилизации. – М.: 1997.

11. Тейлор Э. Первобытная культура. – М.: 1989.

12. Корнеев С.М. Древний Египет. – М.: 1991.

13. Рап И.В. Мифы Древнего Египта. – СПб., 1993.

14. Дмитриева Н.А. Исскуства Древнего мира. – М.: 1986.

15. Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. – Алматы, 1991.

16. Древние цивилизации. – М.: 1989.

17. Темирбеков С.Т. Введение в культурологию. – Ч.: 1996.

18. Юнг К. Архотип и символ. – М.: 1991.

19. Токарев С.А. Ранние формы религии. – М.: 1990.

20.  Құлсариева А.Т. Мәдениеттану сөздігі. – Алматы, 2001.

 

1.3 – тақырып. Батыс  мәдениетінің  архитиптері мен хронотиптері.

 

Христиандық дінінің мәдени өрісі.  Христиандық дүниетаным және мәдени тұтастық. Иудаизм және алғашқы христиандар. Ортағасырлық Батыс мәдениетінің албиваленттігі. Ресми – шіркеулік және халықтық карнавалдық мәдениет. Еуропадағы қалалық мәдениет және бұқаралық сананың  ырғақтары.

Қазіргі Батыс өркениетінің қалыптасу ерекшеліктері. Батыстық  өркениеттің әлеуметтік – мәдени негіздері: алғашқы қор жинау, нарық, азаматтық қоғам, дестернизация "Фаутық" адам және  протестанттық этика. Жаңа заман философиясы және еуропалық ойлау стилінің  қалыптасуы.  Реформация. Ағартушылық пен Романтизм. Отаршылық пен әлем бөлінісі. Әлеуметтік қақтығыстар. Атеизм, революциялық сана мен материализм. Қазіргі Батыс  мәдениетінің парадигмалары. ХХ ғасырдағы  әлеуметтік  жанжалдар және  бүкіл адамзаттық өркениеттіліктің қалыптаса бастауы.  Күш көрсету  этикасы  және жаңа гуманизм. ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттер және батыстандыру шектері. Бұқаралық және экрандық  мәдениет.

Ресейлік мәдени типтер (Н. Бердяев). Соловяндық мәдени типке          Н. Данилевскийдің берген  бағасы. Византиялық, скандинавтық, түріктік ықпал, Киев русі және христиандықты  қабылдау. Шығыс славяндары мәдениетіндегі ескі діни – нанымдардың орны. Ежелгі орыс жазбалары.  Татар – монғолдық кезең. Батыс пен мәдени байланыстардың азаюы. Шығыс славяндардағы  этникалық  ыдырау. Мәскеулік кезең. Күшті мемлекеттілік идеясы. Мәскеу – ІІІ Рим. Христиандырылған Шығыс және латындық Батыс Еуразиялық  мәдени тип.  Мәдени реформалар.  Ресейді Батыстандыру. Орыс мәдениетінің "алтын және күміс" ғасырлары.  Империялық мәдениет. Ресейлік интеллигенцияның  ерекшеліктері. Орыстың социалистік мәдениеті. Тоталитарлық  мәдениет коллизиялары. Эмиграциялық орыс мәдениеті. Кеңес одағының ыдырауының әлеуметтік – мәдени себептері.

 

         Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар.

 

а) Рим империясы жаулап алғанға дейінгі Антика мәдениеті.

б) Антикалық 7-данышпанның нақыл сөздері.

в) Грек – Рим альфавитінің өмірге келуі.

г) Христиан  дінінің  халық саласындағы мәдениет ұғымына әсері.  

 

         Баяндамалар мен рефераттар тақырыптары.

 

1.     Әлемнің  жеті кереметтерінің пайда болуы.

2.      Олимпиадалық ойындар мен театр өнерінің  дүниеге келуі.

3.     Қайта өрлеу дәуірі титандарының  мәдениетті жандандыруы.

4.     Жаңа заман ағартушылық мәдениетінің бастауы ретінде.

5.     Европалық ойлау стилінің қалыптасуы.

6.     Азаматтыққа негізделген демократиялық қоғам орнатудағы жанжалдар.

7.     Жалпы адамзаттық өркениеттің қарқынды дамуы.

 

                                               Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Гердер И.Г. Идеи к философии истории  человечества. – М.: 1977.

2.     Малюга Ю.Л. Культурология. – М.: 1987.

3.     История Европы. Средневекавая Европа. – М.: 1992.

4.     Гуревич А.Л. Категории средневековой культуры. – Л.: 1972.

5.     История культуры  стран Западной Европы в эпоху Возрождения /Под ред. Л.М. Брагиной. – М.: 2001.

6.     Лосев А.Ф. Эстетика возрождения. – М.: 1984.

7.     Габитов Т.Х. Культурология. – Алматы, 2003.

8.     Руттенбург В.И. Титаны Возрождения. – М.: 1984.

9.     Маркова А.Н. Культурология. история мировой культуры. – М.: 1995.

10. Казахи. Историко – этнографическое исследование. – Алматы, 1995.

11. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы. – Алматы, 1998.

12. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. – Алматы, 1995.

13. Бейсенов Қ. Қазақ топырағындағы қалыптасқан  Ғақлиятты ой кешу үрдістері. – Алматы, 1994.

14. Шәкәрім. Мұсылмандық шарты. – Алматы, 1993.

15. Тәжімов М. Қазақ әлемі. – Алматы, 1993.

16. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. – Алматы, 1996.

17. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. – Алматы, 1990.

18. Кишбеков Д. Кочевая общество:генезис развитие  упадах. – Алматы, 1984.

19. Жарықбаев Қ., Алдимуратов Ә., Ғабитов Т.Х. Әдеп  негіздері. – Алматы, 1997.

 

1.4 – тақырып. Қазақ мәдениетінің типологиясы.

 

Қазақ мәдениетінің  әлемдік өркениетте алатын орны. Қазақстан мәдениеті тарихының  басты кезеңдері. Номадалық шаруашылық – мәдени тип – қазақ  мәдениетінің  архетипі.  Қазақстан жеріндегі көне көшпелілік мәдениеттер. Скиф – сақ өркениеті. Ежелгі сақтардың сенім – нанымдары, ментальдық ерекшеліктері және өнері. Әскери демократия және  прототүріктердің  ел басқару мәдениеті. Көшпелілер  тарих  катализаторлары ретінде. Прототүріктердің материалды және рухани мәдениеті. Ұлы Жібек жолы және прототүріктер.

Түрік халықтары мәдениетінің әлем өркениеттерінде алатын орны. Түріктердің алғашқы көшпелі мемлекеттері. Қазақстан  жеріндегі  ортағасырлық қалалық  мәдениеттер. Көшпелі және жартылай көшпелі халықтың материалды мәдениет  жетістіктері.

Оазистік диханшылық, сәулет өнері және металл өңдеу тәсілдері.  Орхон – Енисей мұралары және олардың түрік халықтарының  жазу мәдениетінің қалыптасуында алатын орны. Шамандықты мәдениеттанулық таңдау. "Қорқыт ата кітабы" – түрік мәдениетінің  өшпес мұрасы. Ренессанс әлемдік  құбылыс ретінде. Араб – парсы мәдениеті және Орта Азия. Орталық Азиядағы материалды мәдениет, қалалық сәулет және өнер.  Алтын орда мәдениеті.

Қазақ халқының қалыптасуының  әлеуметтік – мәдени негіздері. Қазақ мәдениетінің мемлекеттік кезеңі.  Қазақ хандығының  материалды мәдениеті. Қазақ киіз үйінің символикасы. Қазақ халқының салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, рәміз – рәсімдері. Жеті аталық үрдіс. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесі, сенім – нанымдары. Дүниетанымдық  синкретизм. ХХ ғасырдың жаңа мифі. Тоталитаризм және мәдениет. Социалистік мәдениет ұғымы.  Сауатсыздықты жою және жазбаша мәдениет  жетістіктері. Индустрияландыру және қалалық мәдениет. Коллективтендіру, жаппай отырықшылыққа көшу және мәдени геноцид. Қазақстанның саяси мәдениеті және тоталитарлық әкімшіл  жүйе. Қазақстандағы  этномәдени ахуал.

Кеңес Одағы ыдырауының  әлеуметтік – мәдени негіздері.  Қазақ мәдениеті тәуелсіздік алдында. Қазақстан Республикасындағы мәдени жағдай. Нарық және мәдениет. Қазақ мәдениетін  батыстандыру ерекшеліктері. Діни жаңғыру. Шығыстық сұхбат аймағына қайта қосылу талпыныстары.  Қазіргі мәдени типтер – архаикалық, маргиналдық, мәңгүрттік, еуразиялық, нарықтық, ақсүйектік. Мәдени өркендеу бағдарламалары. Қазақстанның даму стратегиясындағы мәдениет мәселелері. Жаһандану кезеңіндегі  ұлттық психологияның өзгеру тенденциялары. Демократияның жетілу жолдары және Қазақстанның бүгінгі келбеті. ҚР Президентінің жолдауындағы ұлт аралық қарым – қатынас мәселелері.

 

Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар.

 

а) Көшпенділер мәдениетінің өмір салтымен байланыстылығы.

б) Түркі тілдес халықтардың дүниетанымындағы синкретизмнің көріністері. 

в) Прототүріктердің ел басқару мәдениеті.

г) Орхон – Енисей мәдени ескерткіштері.

д) Қазақ хандығы тұсындағы материалды мәдениет үлгілері. 

 

 

         Баяндамалар мен рефераттар тақырыптары.

 

1.     Көшпенділер  мен отырықшылар мәдениеті арасындағы  ерекшеліктер.

2.     Индустриалдыққа дейінгі кезең мәдениетімен индустриалдықтан кейінгі мәдениет.

3.     Қазақ  ақын – жырауларының  шығармаларындағы әлеуметтік мәселелер.

4.     Аудио – визуалды мәдениеттің ауыз - әдебиетінде алатын орны.

5.     Қазақстандағы социалистік мәдениеттің көріністері.

 

                                               Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Культурология ХХ века Антология. – М.: 1995.

2.     Ясперс К. Смысл и назначения истории. – М.: 1992.

3.     Швейцер А. Культура и этика. – М.: 1973.

4.     Багдасарян Н.Г. Культурология. – М.: 1998.

5.     Қасымжанов А.Х. Портреты. – Алматы, 1993.

6.     Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахстанская национальная идея. – Алматы, 1994.

7.     Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар  әлемі: әлеуметтік – философиялық талдау. – Алматы, 2000.

8.     История мировой культуры. – Ростов – на – Дону: Феникс, 2000.

9.     Ғабитов Т. Х., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы, 2004.

10. Тимошенов В.И. Культурология. – Алматы, 2008.

11.  Соврменные теории цивилизации. – М.: 1995.

 

1.5 – тақырып. Бүгінгі заман және болашақ.

 

Әлемнің біртұтастығы негізінде пайда болған бірегей жалпы адамзаттық мәдениет. ХХІ ғасырдағы постмодернистік мәдениет құбылысының  енуі. ХХ ғасырды қалыптасқан әлемдік  ғылыми біртұтастық. Жастар өркениеті. Қазіргі жаңашылдық пен дәстүршілдік қарама – қайшылығын жою. Индустриалды мәдениеттің  адамзаттық  мінез – құлқына  тигізген әсері. Ақпараттық қоғам теориясының  құрылуы.  Жеке тұлғаның  бостандығы мен тәуелсіздігі тұрғысындағы мәселелер. Виртуалды реалдық әлемінің дүниеге келуі. Электрондық байланыс құралдарының жетістіктері. Субмәдениет, мегамәдениет, контрмәдениет ұғымдарының  қалыптасуы. Бұқаралық және элитарлық мәдениет, техника мәдениет, экология тұрғысындағы мәселелер құрастырылды. 

Демократияға негізделген азаматтық қоғамның  қалыптасуы. Адамзаттың материалдық қажеттілігің күшеюі. Әлеуметтік ортадағы  демократиялық, психологиялық мәселелердің белең алуы.  Нарықтық қатынастың әлеуметтік кеңістіктің өзгеруіне  тигізген әсері. Ұлттық мәдениеттердің өзара ықпалы мен дамуы. Құндылықтардың  техникалық құралдармен алмасуындағы рухтың сөнуі. Азаматтың өсуі және даму шегі тұрғысындағы мәселелер. Шығысты батысқа қарсы қою идеясы.  Технократизм мен технократтық ғылымның мәдениетті тоқырауға әкелуі сынды мәселелерді қарастыру қажет.

Діни конфессиялардың қоғамды ұйымдастырудағы мәні? Ассимиляция мен этникалық ұйысудың негізіндегі аккультурация мәселесі. Адам әрекетінен туындаған экологиялық мәселелер.  Экономиканың  одан әрі дамуын  қамтамасыз етіп, ғылыми – техникалық  революцияның  келеңсіз салдарын болдырмау. Постиндустриалдың, өркениеттің әлеуметтік құрылымға әсері.  Мәдени  мұраларымызды сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу шаралары. Құқықтық мәдениеттің маңызды нәтижесі мәдени плюрализм екендігін  мойындау. Рим клубының шеңберінде қарастырылған  мәселелерді талқылау.

 

         Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар.

 

а) Ғылыми техникалық революциялық мәдениетке тигізген әсері. 

б) Ақпараттық мәдениеттің  қоғамдық  өмірге ене бастауы. 

в) Орталықтандырылған институттардағы мәдени іс – шаралардың ауқымдылығы.

г) Ғаламдық өзекті мәселелерді шешу мәселесіне байланысты құрылған ұғымдар. 

д) Постмодернистік мәдениет үлгілері.  

 

         Баяндамалар мен рефераттар тақырыптары.

 

1.     ХХ ғасырдағы Батыс Еуропа елдеріндегі мәдениет түрлері.

2.     Футурология – адамзат тағдыры туралы.

3.     Экологиялық мәдениеттің дамуы.

4.     Діни экстремизм және саясат.

5.     Постмодернизм үлгісіндегі мәдениет.

 

                                               Әдебиеттер тізімі:

 

1.     ХХ ғасыр мәдениетінің  антропологиясы. – Алматы, 2005. Авторы: Исмаилов Е., Наурызбаева Ә.Б. 10 томдық жинақ.

2.     Қазақстанның мәдени мұрасы: жаңалықтары, мәселелері, болашағы. Халықаралық ғылыми конференцияның  материалдары. – Алматы, 2005.

3.     Багдасарян Н.Г. Культурология. – Москва «Высшая школа». – 2006.

4.      Маркова А.Н.  Культурология. – Москва, 2008.

5.     Культурология. История мировой культуры. – Минск, 2008.

6.     Моисеева Л.А. История цивилизация. – Ростов – на – Дону, 2000.

7.     Мәдениеттану (лекциялар курсы). – Алматы, 2007. Авторы:   Досмурзин Е.

8.     Драч. Г.В. Учебный курс по культурологии. – Ростов – на – Дону, 1999.

9.     Культурология. Хрестоматия 2-е издание. – Москва, 2008.

10. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар  әлемі: әлеуметтік – философиялық талдау. – Алматы, 2000.

11. Ғабитов Т. Х., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы, 2004.

12. Құлсариева А.Т. Мәдениеттану сөздігі. – Алматы, 2001.

13. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәденитінің типологиясы. – Алматы, 1998.

14. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. – Алматы, 1996.

  

Семинар сабақтарына дайындалудағы  талаптар. 

Бұл пән қысқа мерзімде 1 – кредит  көлемінде жүретін  болғандықтан, талапкерлердің  барлық  материалдарды  қамтуы  үшін әдістемелік нұсқаулар беріліп отыр.  Әрбір  семинар  сабағына  дайындық барысында  студентке қойылатын  шарттар мынандай:

1.  Студент семинар сабағына арналған әдістемелік нұсқауды берілген семинар  тақырыбының  әрбір сұрағына жеке тоқталуы қажет.

2.  Семинарлық конспектіні кітаптан  тікелей көшірмей, өз ойын білдіруі қажет.

3. Сұрақтарды қамтудағы  уақыт  өлшемін естен шығармау керек.

4.  Сабақ айту  барысында конспектіні оқытушының алдына ұсынып, топқа қарап  сөйлеуге үйренуі тиіс.

5.  Семинардың сұрақтарын  талқылау  барысында сол алынған материалдарға сілтеме жасап өту шарт.

6.  Өзіндік жұмыстар сұрақтары  мен баяндамалар  тақырыбын шолып өтуі қажет.

7.  Сұраққа жауап беруде студент аудиториядан бөлініп қалмай,  риторикалық  әдістерге  жүгінуі керек.

Сонымен қатар  студенттер  семинар  сабағында сұрақ  қойып,  семинарға жауап берушінің белсенділігін артыруы қажет. Оқытушы тарапынан  жасалған  ескертулер мен түзетулерді студент келесі семинарға орындап келгені абзал.  

 

Мазмұны 

Кіріспе                                                                                                                     

1 – тақырып. Курстың мазмұны                                                                       

1.1 – тақырып. Мәдениет ұғымы, құрылымы және мәні                            

1.2 – тақырып. Дүниежүзілік тарихтағы мәдени типтердің туыстығы мен көп түрлілігі      

1.3 – тақырып. Батыс  мәдениетінің  архитиптері мен хронотиптері       

1.4 – тақырып. Қазақ мәдениетінің типологиясы                                          

1.5 – тақырып. Бүгінгі заман және болашақ                                                  

Семинар сабақтарына дайындалудағы  талаптар