АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ҚҰҚЫҚ НЕГІЗІ

 Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар

(бакалавриат, күндізгі бөлімде оқитын барлық мамандықтар

студенттері үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2006

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Б.Ж. Қабдөшев, Ш.Қ.Өтегенов. Құқық негізі. Семинар сабақтарына арналған   әдістемелік   нұсқаулар  (бакалавриат,  күндізгі бөлімде оқитын   барлық мамандықтар студенттері үшін). – Алматы: АЭжБИ, 2006. – 14 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда семинар сабақтарының жоспары, пайдалануға қажетті әдебиеттер енгізіліп, әр тақырыптардың сұрақтарына әдістемелік кеңес берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазған: философия ғыл. канд., профессор З.А. Абдуллина

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2006 жылғы жоспары бойынша басылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

© Алматы энергетика және байланыс институты, 2006 ж.

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасып, дамуы тұсында құқықтық білімге деген сұраныс өсе түсуде. Заңды білетін, өз құқын игерген сауатты, отан сүйгіш азаматтарды қалыптастырудағы «Құқық негізі» пәнінің маңызы зор.

«Құқық негізі» пәні студенттерге мемлекет пен құқықтың шығуы мен қалыптасу жолдарын түсініп, мәнін ажыратуға үйретеді. Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша мемлекетіміздің құрылысының мазмұны және билігінің жүйесі, адам мен азаматтың құқықтарының жалпы негіздері, тәуелсіз Республикамыздың құқық салаларының (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық, экологиялық құқықтарының т.б.) негізгі мәселелерін оқытады.

Күндізгі бөлімдерде оқитын студенттердің білімін нақты дамытып, бекітудегі тиімді жұмыс бағыттарының бірі – семинар сабағы болып табылады. Семинар сабағы дәріс оқытылғаннан кейін жүріп отыруы керек яғни дәріс тақырыбы мен семинар сабағының тақырыптары ондағы қойылатын  мәселелер бірін-бірі қайталамауы тиіс, керісінше бір-бірін толықтырып мазмұнын тереңдетуі қажет. Дәрісті оқу барысында көптеген ірі, өзекті мәселелер талқылануы шарт, ал семинар сабағына сол дәрістің теориялық проблемалары болып табылатын нақты сұрақтар таңдалынады.

Семинар сабағына студент терең дайындалуы керек. Оқытушы студенттің өз бетімен дайындалуына көңіл бөліп, қажетінше ақыл-кеңесін беріп отырады. Студент әрбір семинарда  оқытушысының міндетті түрде берілген тапсырма бойынша толық сұрастыру жүргізетінін әрдайым есте сақтағаны жөн. Ендеше ол әр семинарды босқа жібермей, мұқият дайындалуға міндетті.

Семинар сабағына дайындалу барысында студент әуелі, қойылған сұрақтардың мәнін түсініп алуы тиіс. Өзі көңіл аударатын мәселелерді анықтап, қамтылатын мәселелерді қысқаша белгілеп алады. Көмек ретінде бұл кітапшада әр тақырыптың сұрақтарына әдістемелік ақыл-кеңес берілген. Студент қойылған сұраққа толыққанды жауап беру барысында ұсынылған нормативті-құқықтық актілер мен әдебиеттерді қажетінше пайдаланып, қосымша көп ізденеді. Мазмұнды, құнды деген тұстарға тоқталып, көзқарасын түйеді. Жалпы жұмысын жеке дәптерге конспектілей отырып, талап еткен жағдайда оқытушыға көрсетуі керек.

Семинар сабағында студент әр сұрақтың мазмұнын ашуға ұмтылады және өзінің жазбаша конспектісін қолдануына болады. Онда нормативті-құқықтық актілерден келтірілген дәйектер, мәселенің теориялық негіздері, авторлық көзқарастар және т.б. тізбектеледі. Мәселені баяндау барысында оқытушы немесе студенттер сұрақ қоюы мүмкін, кейде сұраққа жауап беруде пікір-талас тууы да мүмкін, осылайша семинар сабағында шығармашылық орта дамиды. Шығармашылық ортада өзін көрсете білген студенттің білімі  мен белсенділігі ерекше бағаланады...

«Құқық негізі» пәнінің бағдарламасына сәйкес 4 тақырыптан тұратын семинар сабағының жұмыс жоспары ұсынылған. Семинарға қатыспаған немесе  қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер, оқытушының белгілеген күндері келіп, нашар бағалары мен қарыздарын өтеуіне мүмкіндігі бар. Тек барлық семинарға белсенді қатынасып, жақсы баға алған және тиесілі бір семестрлік жұмысын уақытында орындап, оны қорғаған студенттер ғана сынақ тапсыруға рұқсат алады.

Ұсынылып отырған әдістемелік басылым семинар сабағының жоспарлары, әдебиеттер тізімі, әдістемелік нұсқаулардан тұрады.

 

 

1 Конституциялық құқық негізі 

 

     Жоспар

1        Конституциялық құқық ұғымы мен принципі.

2       Ата заңдағы белгіленген азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары және міндеттері.

3        Мемлекеттік билік ұғымы. Биліктің бөліну жүйесі.

4       Қазақстан Республикасындағы мемлекетік билік органдарының жүйесі және оны топтау.

5        Жергілікті мемлекеттік басқару.  

 

Әдістемелік нұсқау

 

Қазақстан елі күрделі тарихы бар Тәуелсіз мемлекет. Кеңес билігінің шеңберінде мемлекеттілігін қалпына келтіріп, ол белгілерін алғашқы қабылдаған Кеңестік Конституцияларында бекітті (1937, 1978 жылдар). Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып құрылғаннан бері тәуелсіздігінің негізін қалаған бірнеше конституциялық заң актілерін қабылдады. Олар – Қазақ ССР-інің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация (1990 жылы 25 қазан), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң (1991 жыл 16 желтоқсан), Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылғы Конституциялары. Аталған құжаттарға сүйене отырып, Қазақстан Республикасының конституциялық мазмұны мен құрылысындағы даму тәжірибелерін, сабақтарын, ерекшеліктерін тиянақты зерттеу қажет.

Аталған конституциялық актілерге сүйене отырып және 1995 жылы қабылданған Ата заңымызды терең зерделеп, талдаудың негізінде студент бірінші сұраққа берер жауабын төмендегідей жобамен құрғаны жөн:

а) конституциялық құқықтық қатынас мәселесі және  конституциялық құқықтың субъектілері;

ә) конституциялық құқықтың қайнар көздері;

б) конституциялық құқықтың принциптері;

     в) азаматтықтың ұғымы мен мазмұны.

 

 

Екінші сұраққа жауап беру барысында ҚР Ата заңындағы белгіленген азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары және міндеттерін талдап көрсетуі қажет. Конституция бойынша туындаййтын адамдардың табиғи құқықтарына түсініктеме беріңіз.

Үшінші сұраққа жауап беру үшін биліктің үш тармаққа бөліну жайлы батыс ойшылдары Джон Локк, Ш.Л.Монтескье т.б. жасаған теориялардың мәнін түсініп алу қажет. Билікті үш тармаққа бөлудің тарихи тәжірибесі көптеген мемлекеттерде салтанат құрып, демократиялық тәртіптің нығаюына ықпал жасады. Осы мәселелерді анықтап алған студент төл Ата заңымыздың баптарына сүйене отырып, мемлекетіміздегі билік тармақтарының бөліну мәнін талдайды. Қазақстанға үлгі болған озық мемлекеттердегі басқару нысандарына назар аударып, өзіндік даму тәжірибесі мен ерекшеліктерін салыстыруы тиіс.

Төртінші мәселеде Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясы және оған 1998 жылы енгізілген өзгертулері негізінде мемлекеттік билік органдарының жүйесі нақты зерттеледі. Ең алдымен Қазақстан Республикасы Президентінің елбасы ретіндегі орны мен рөлі ажыратылуы тиіс. Содан соң 2 палаталы заң шығарушы биліктің құзыреті, құрылымы жан-жақты талданады. Кейін атқарушы билік үкіметтің қызметі, құрылу тәртібі тиянақты көрсетіліп анықталады. Соңында  Қазақстандағы сот билігінің құрылу жолдары, құрылымы мен құзыреті деген сұрақтарға жауап беру керек және т.т. с.с.

Соңғы бесінші сұраққа жауап беру барысында жергілікті басқару органдардың құрылымын талдап, құрылу тәртібін, атқарар құзырын көрсету қажет. Атап айтқанда:

- жергілікті өкілетті органдар, мәслихаттар. Жергілікті мәслихаттардың құқықтық статусы;

- жергілікті атқарушы органдар, әкім және акимат. Құзыры мен қызметі.

 

Әдебиеттер тізімі

         1. Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт, процедура. – Алматы, 2002.

2. Ахметов М.М. Особенности становления президентской формы правления в Республике Казахстан (проблема теории и практики).  – Алматы, 2000.

3. Баишев Ж. Конституционное право Республики Казахстан. – Алматы, 2001.

4. Баққұлов С.Д.  Құқық негіздері. – Алматы, 2004.

5. Қазақстан Республикасы конституциясының түсіндірме сөздігі. – Алматы, 1996

6. Қазақстан мемлекетінің кезеңдері/ Конституциялық актілері. –Алматы, 1997.

7. Казахстан: особенности перехода к демократии. Коллективная монография. (Ответственный редактор: проф. Н.Р.Джагфаров). – Алматы, 2004.

8. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. – А., 2004.

9. Конституция Республики Казахстан: научно-правовой комментарий / Под ред. Г.С. Сапаргалиева. – Алматы, 1998.

10. Майлыбаев Б.А. Становление и эволюция института президента Республики Казахстан: проблемы, тенденции, перспективы. – Алматы, 2001.

11. Малиновский В.А. Глава государства суверенного Казахстана.           – Алматы, 1999.

12. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права. Учебное пособие. – Алматы, «Жетi жарғы», 2003.

 

 

2  Азаматтық құқық негізі

 

Жоспар

1  Азаматтық құқық ұғымы. Мақсаты, қайнар көздері және принциптері.

2  Азаматтық құқықтық қатынас және оның жақтары (субъектілері).

3  Азаматтық құқықтық қатынастың  объектілері.

4  Меншік құқығының ұғымы, түрлері және мазмұны.

5 Мәміле, түрлері және нысаны. Келісімнің ұғымы мен мазмұны. Қазақстан Республикасындағы міндеттеменің шығу негізі тоқтатылуы.

 

Әдістемелік нұсқау

 

Бірінші  және екінші сұраққа жауап беру барысында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және арнайы оқулықтармен мұқият танысу арқылы жалпы азаматтық құқықтың ұғымы, азаматтық құқықтық қатынасқа түсу мен мазмұны, жеке тұлға және заңды тұлғалардың түсінігі деген мәселелерді жан-жақты қарастырып, соңында жеке тұлға мен заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің жай-жапсары жайлы толық әңгімелеп беріңіз.

Үшінші сұрақта азаматтық құқықтық қатынастың  объектілері ұғымы мен түрлерін ажырату шарт.

Меншік құқығы азаматтық құқықтағы маңызы зор күрделі бағыттың бірі. Кеңес дәуірімен салыстырғанда бұл мәселе қазір түбірлі өзгеріске ұшырап, Қазақстан Республикасында меншіктің әр-алуандығы көрініс тапты.  Меншіктену құқы Ата заңымызда құқықтық тұрғыдан бекітіліп, қорғалған. Меншік құқығының негізгі мазмұны меншіктегі затты пайдалану, қолдану және иелену болып табылады. Меншік құқығының объектілері және субъектілері деген ұғымдарды ажыратыңыздар.

Бесінші сұраққа азаматтық құқықтық қатынасқа түсудегі заңды айғақтың бірі – мәмілені ұсынып отырмыз. Мәселенің ұғымы, мәміле жасаудың нысандары, түрлері, қандай жағдайларда мәміленің заңдылығын дәлелдеп, қорғап шығуға болады немесе жарамсыз мәмілелердің негіздеріне орай топтап, мәселелерді толық қарастырасыз.

 

Әдебиеттер тізімі

1. Гражданский Кодекс РК (Общая часть) – комментарий. В двух книгах.Алматы, Жетi жарғы, 2003.

2. Гражданский Кодекс Республики Казахстан (Особенная часть)                   – комментарий.  Алматы, Жетi жарғы, 2003.

3. Гражданское право РК: Учебник. – Алматы: Данекер, 2000.

4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. – Алматы,    1998.    

5. А.С.Ибраева, Н.С.Ибраев. Теория государства и права: Учебное пособие. – Алматы, Жетi жарғы, 2003.

6.  Басин Ю.Г. Сделки: Учебное пособие. – Алматы, 1999.

7. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: понятие и общая характеристика: Учебное пособие. – Алматы, 2000.

8. Грешников И.П. Субъекты права. –Алматы, 2001.

9. ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері /Ред. басқарған Баянов Е.Б. – Алматы, 2003.

10. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – А., 1995.

11. Төлеуғалиев Р. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. – Алматы, 2001.

12. Саякбаев Н.А. Гражданское общество и правовое государство.  – Алматы, 2000.

13. Практическое пособие по составлению договоров для граждан Республики Казахстан (жилищные, земельные, гражданские, бытовые). /Сост. З.П. Свечникова и др. – Алматы, 2000.   

 

 

3  Еңбек құқығының негізі

 

Жоспар             

1       Еңбек құқығының түсінігі. Еңбек құқығының мақсаты, қайнар көздері мен принциптері.

2       Еңбек құқықтық қатынас және оның жақтары. Кепілдік және жұмысшыларға төленетін өтемақы.

3        Еңбек шартының ұғымы, мазмұны. Ұжымдық келісім.

4        Жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы және еңбекті нормалау.

5       Еңбек құқығын бұзушылық және жауапкершіліктің түрлері, тәртіптік жазаның белгіленуі және түрлері. Еңбек дауы оны қараудың тәртібі.

 

Әдістемелік нұсқау

 

Кез келген қоғамның материалдық және рухани байлығы адамдардың еңбегі негізінде жасалады. Еңбек адамның өмір сүруінің мәңгілік табиғи қажеттілігі. Бірінші сұраққа жауап берерде Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңымен жете танысып, сол арқылы еңбек құқығының құрылымы, еңбектік құқықтық қатынастың мәні мен мазмұны ашылу тиіс.

Екінші сұраққа жауап беруде студент еңбектегі құқықтық қатынасқа түсу мен оған қатысатын жақтарды талдауы қажет. Жұмысшыларға еңбек туралы заң негізінде кепілдік беру және төлемақы беру мәселесі барынша жан-жақты қаралуы керек.

Еңбектік құқықтық қатынас жұмыс беруші мен жалданушының арасындағы еңбек шартын жасасу негізінде туады. Үшінші мәселеде екі жақтың қатынасын реттеуші көптеген құқықтық актілер барын, ең бастысы Еңбек туралы заңға сүйене отырып, еңбек шартын жасау тәртібі, оның мазмұны, түрлері еңбек шартындағы мерзім туралы мәселелерді толығымен баяндайсыз. Соңында жұмысының жұмыстан өз еркімен кетуі және жұмыс берушінің оны жұмыстан шығару негіздері мен тәртібін көрсетіңіз.

Еңбек адам мен табиғаттың арасындағы материалдық игіліктерді өндірудегі күрделі процесс және уақытпен тығыз қатынаста өтеді. Еңбек уақыты еңбектің өмір сүруінің табиғи формасы. Осыған қатысты студентке төртінші сұраққа жауапты мынадай мәселелер негізінде қараған жөн: жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы және еңбекті нормалау, сонымен қатар ҚР жасөспірімдердің еңбегін қолданудың құқықтық мәселелерінің мазмұны ашылуы тиіс.

Бесінші сұраққа берілетін жауапты мынадай мәселелерді қамту арқылы қарастырған дұрыс: жұмыс орнындағы еңбек тәртібін құқықтық тұрғыдан реттеу; еңбектегі тәртіптік жауапкершіліктің ұғымы мен түрлері; еңбек тәртібін бұзғаны үшін жаза белгілеу және оны жою; жұмысшылардың материалдық жауапкершілігі: ұғымы, түрлері және шарттары; келтірілген зиянның мөлшерін белгілеу және оның орнын толтыру т.б. Еңбек дауы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында немесе жұмыс беруші мен ұжымдар арасында пайда болады. Даулы мәселелер көп жағдайда жұмысқа алудан бас тарту, жұмыстан шығарып жіберу, еңбек шартында көрсетілген талаптарды орындамау немесе өрескел бұзу т.б. байланысты туып, заң тұрғысынан анықтау үшін құзырды органдарға жүгінуге тура келеді. Еңбек дауы әуелі ұжымдағы құрылатын келісім комиссиясында қаралуы тиіс немесе жұмысшы кез-келген жағдайда сотқа арыздануға толық құқы бар. Осы мәселелерді ретімен студент жан-жақты қарауы қажет.

 

 

4  Еңбек құқығы туралы практикум

 

1. Жұмысқа қабылдау жайында арыз жазыңыз. Қандай құжаттардың қажет болатындығы жөнінде олардың толық тізімін беріңіз.

2. Масловтың отбасында төрт бала бар. Анықтаңыздар, қайсысына ҚР Еңбек заңының күші жүреді:

Әкесі – Маслов Виктор жеке көлігімен жолаушыларды тасумен айналысады.

Анасы – Маслова Светлана синтетикалық қаптарды тігіп, оны базарда сатумен айналысады.

         Ұлы – Маслов Виктор – «Арна» атты мемлекеттік емес жоғары оқу орнының студенті.

         Қызы – Маслова Екатерина «Казтелеком» менеджері болып жұмыс істейді.

Қызы – Серикбаева Елена және оның күйеуі Серикбаев Даурен солардың меншігі болып саналатын азық-түлік дүкенінде жұмыс істейді.

         Қызы – Маслова Екатерина бір жастағы қызын бағып; үй шаруасымен айналысады.

3. 16-жастағы Омарова Карина «Жазғы алаң» деп аталатын кафеге даяшы болып орналасқысы келді. Әкімшілік одан төмендегідей құжаттарды талап етті: еңбек өтілі (стажы) туралы кітапша, жеке куәлігі, жұмысынан мінездеме, денсаулығы туралы анықтама, үй-жайы және отбасы туралы анықтама, в: трудовуттарды талап етті: еңбек өтілі туралы кітапша, жеке куәлігі,  СИК және РНН.

         Әкімшіліктің бұл талабы  заңды болып табыла ма?

4. Кусеков Г. «Алсу» фирмасының программисі болып жұмыс істейді. Фирма президентінің хатшысы декреттік демалыста болуымен байланысты оны 4 айға сол орынға көшірді.

         Бұл әрекеттер заңды болып табыла ма?

 

 

Әдебиеттер тізімі

1. Айымханов Н. Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы –А., 2002.

2. Даулетбеков Ы., Амандықова С., Турлаев А.  Мемлекеттік және құқық негіздері. Астана, 2001.

3. Жоламан Қ.А., Мұхтарова А.Қ., Тауекелов А.Н. Мемлекеттік және құқық теориясы. – А., 1999.

         4. Шайбеков К.А. Трудовое право Республики Казахстан. – Алматы,     2001.

5. Кагазбаев Т. Трудовое право Республики Казахстан. – Алматы, 1999.

6. Нургалиева     Е., Нурмагамбетова А. Комментарий к Закону Республики Казахстан «О труде в РК». – Алматы, 2000.

7. О труде в Республике Казахстан. Закон РК: (в сравнении с КЗОТ КазССР) / Практическое пособие. – Алматы, 2000.

8. Трудовые отношения в Республике Казахстан. /Под общ. ред. В.И.Скала. – Алматы, 2001.

 

 

 

 

5  Қылмыстық құқығының негізі

 

Жоспар

1 Қылмыстық құқық ұғымы.  Қылмыстық құқықтың мақсаты, қайнар көздері мен принциптері.

2 Қылмыстың ұғымы мен белгілері. Қылмысты топтау. Қылмысқа қатысуды ұғымы мен түрлері. Қылмыстық жауапкершілік түсінігі және және қылмыстық жауапкершіліктің жас ерекшелігі.

3  Меншікке қарсы қылмыс.

4  Қылмысты жоққа шығаратын жағдайлар

5  Қылмыстық жаза.

 

 

 

Әдістемелік нұсқау

 

Бірінші сұрақты ашу барысында студент қылмыстық құқық саласының ұғымына, қайнар көздеріне және принциптері тоқталып, оның бағыты мен мақсатын ашу қажет.

Қылмыстық құқықтық қатынас қылмыс жасалынған сәттен қылмыс жасаушы мен мемлекеттің атынан қоғамға қауіпті іс-әрекеттің мән-жайын анықтап, үкім шығаратын өкілетті органдар – тергеу, прокуратура, сот арасында туады. Студент екінші сұрақта қылмыс құқығының ұғымы, оның міндеті және принциптері, құрылымын талдай отырып, қылмысты белгілеріне қарай топтауы қажет. Қылмыстың объектісі мен субъектісіне де арнайы тоқталған жөн. Сұрақтың соңын қылмысқа қатысу түрлеріне жалпы сипаттама беру арқылы жасы толмағандардың жауапкершілігі туралы ерекшеліктерді айқындап беру шарт.

Үшінші сұраққа жауап беру барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 6 бөлімінде көрсетілген меншікке қарсы қылмыс түрлерін жан-жақты талдайды.

Төртінші сұрақтағы қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы іс-әрекетті жоққа шығаратын үш түрлі жағдайлардың ара жігі ажыратылып, қарастырылуы керек. Олар: қажетті қорғану, аса қажеттілік және қылмыскерді ұстау. Аталған жағдайлардың мазмұнын заңды жолдармен аша отырып, ең бастысы қылмысты жоққа шығаратын жақтарын дәлелдеп беріңіз. Қажетті қорғану мен қылмыскерді ұстаудың мазмұндық шарттары ұқсас болып келсе, аса қажеттілік жағдайында кең көлемдегі зиян, апатты болдырмау мақсатындағы аз шығындық әрекетке барудың заңды негіздерін ашу, өмірде кездесетін мысалдарды келтіруді қажет етеді.

Соңғы (бесінші сұрақта) жазаның анықтамасын беріп, мазмұнын, мақсатын белгілеу барысында қылмыстық кодекстегі белгіленген жаза түрлерін топтап көрсету қажет. Содан соң негізгі және қосымша жазаларды тағайындаудың ерекшеліктерін, мазмұнын анықтаңыздар. Аса жоғарғы жаза ату жазасының мәңгілік қамауда өтеумен ауыстырылуына байланысты қоғамдық пікірді негіздеп, өз көзқарастарыңызды айқындаңыздар.

 

6  Қылмыстық құқық туралы практикум

 

1. Он алты жастағы Мансұр інісі 15 жастағы Кеңеспен үйлеріне бұзауларын өрістен алып келу үшін жайылымға барды. Тергеу ісінің анықтауы бойынша екеуі әрдайым тату жүріп, араларында араздық болған емес. Бара жатқан жолда екеуі алыса кетеді де, құлайды. Кеңес құлау барысында Мансұрдың ағаш жонып келе жатқан пышағына түсіп, орта дәрежедегі жарақат алады.

Мансұрдың әрекетіне және жасаған заңсыз іс-әрекетінен ҚР Қылмыстық кодексі бойынша туындайтын салдарларға құқықтық баға беріңіздер.

2. Он төрт жастағы Петров бөтен біреудің бос машинасына отырды. Сол сәтте машинаның қожайыны Абаев оның машинадан түсуін талап етті. Жауап ретінде Петров Абаевтың кеуде тұсына пышақты сұғып алды. Алған ауыр жарақаттан машинаның қожайыны сол орнында қайтыс болды.

Петровтың әрекетіне және жасаған заңсыз іс-әрекетінен ҚР Қылмыстық кодексі бойынша туындайтын салдарларға құқықтық баға беріңіздер.

3.              Орал қаласының тұрғындары он бес жастағы Строев және Федоров, таңертең  «Вольво» автомашинасына келіп, оны ары-бері тербете бастады. Машинаның есігі жабылмағанын көріп, олар машинаға отырып, айдап кетпек болады. Алайда ауладан шыға бергенде полиция оларды ұстап алды. Олар өз әрекетін машина жүргізуді үйренбек болдық деп түсіндірді.

 Строев пен Федоровтың әрекеттеріне және жасаған заңсыз іс-әрекеттерінен ҚР Қылмыстық кодексі бойынша туындайтын салдарға құқықтық баға беріңіздер.

4. Алматы қаласының мемлекеттік емес жоғары оқу орнының студенті 17 жастағы болашақ заңгер Орал қаласынан Алматыға ұшуы қажет болатын.  Ол ұшаққа кешігетін болған соң ұялы телефонымен аэровокзалдың анықтама бөліміне звондап, аталған ұшаққа бомба қойылғанын хабарлады. Рейс 5 сағатқа тоқтатылып, ешқандай жарылғыш зат табылмады. 

Студенттің әрекетіне және жасаған заңсыз іс-әрекетінен ҚР Қылмыстық кодексі бойынша туындайтын салдарға құқықтық баға беріңіздер.

5. Он бес жастағы Рогов және Греков мас күйінде жатақханаға келіп, көршілес тұратын танысы 16 жастағы Полинаның бөлмесін жасырын кілтпен ашып, оны шешіндірмек болады.  Полина қарсылық көрсетіп, айғайлай бастады. Сол сәтте Греков Полинаның басын қабырғаға ұрып мұрынын сындырып, күшпен зорламақ болды. Бөлмеге көрші бөлменің тұрғындары басып кіріп, Грековты ұстады. Рогов жасырынбақ ниетпен төртінші қабаттағы терезеден секіріп кетіп, құлау барысында алған жарақаттан ауруханада қайтыс болды.

Рогов пен Грековтың әрекеттеріне және Грековтың жасаған заңсыз іс-әрекетінен ҚР Қылмыстық кодексі бойынша туындайтын салдарға құқықтық баға беріңіздер.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1. Алауов Е.О. Уголовное право: Учебник – Алматы, 2000.

2. Борчашвили И.Ш.  Уголовное право РК:  Учебник.  Особенная часть в двух частях. – Алматы, 2000. 

3. Комментарий  к  Уголовному  Кодексу  Республики  Казахстан.    / В двух книгах. – Алматы, 2004.

4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. –Алматы,    1998.    

5. А.С.Ибраева, Н.С.Ибраев. Теория государства и права: Учебное пособие. – Алматы, Жетi жаргы, 2003.

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 Кіріспе................................................................................................................ 3

 

 

1  Конституциялық құқық негізі ...................................................................... 5

 

 

2  Азаматтық  құқық негізі................................................................................. 7

 

 

3       Еңбек  құқығы негізі..................................................................................... 8

 

 

4       Еңбек  құқығы туралы практикум .............................................................. 9

 

 

5  Қылмыстық құқық негізі............................................................................... 11

 

 

6   Қылмыстық құқық туралы практикум        ……..............…………………… 12

  

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                2006 ж. жинақтық жоспары, реті 70

 

 

 

 

 

Болат Жоламанович Қабдөшев

Өтегенов Шыңғыс Қуанышбекұлы

 

 

 

 

 

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗІ

 Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар

(бакалавриат, күндізгі бөлімде оқитын барлық мамандықтар

студенттері үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

Редакторы  Ж.А. Байбураева

 

 

Басуға қол қойылды _________                          Пішімі 60х84 1/16

Тиражы 150 дана.                                                 № 1 типография қағазы

Көлемі ...... оқу-баспа т.                                       Тапсырыс_______     

Бағасы

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика байланыс институтының                                  

көшірмелі- көбейткіш бюросы                                                        

050013, Алматы, Байтұрсынов к., 126