АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

           

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

 

Семинар сабаќтарына арналѓан єдістемелік н±сќаулар

(барлыќ мамандыќтардыњ к‰ндізгі бµлімінде оќитын І курс студенттері ‰шін)

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2004

 

 

 

Ќ¦РАСТЫРУШЫЛАР: М.Д. Ж±маѓ±лов, Є.Б. Мергенбаев. Семинар сабаќтарына арналѓан єдістемелік н±сќаулар (барлыќ мамандыќтардыњ к‰ндізгі бµлімінде оќитын І курс студенттері ‰шін) – Алматы: АЭжБИ, 2004 – 21 бет

 

 

 

 

 

          Єдістемелік н±сќаулар Ќазаќстан тарихы бойынша семинар сабаќтарыныњ жоспарынан,  єдебиет кµрсеткіштерінен жєне єрбір таќырыпќа єдістемелік н±сќаулардан т±рады.

 

 

 

 

 

Пікір жазѓан: филос. ѓыл. канд., доцент Ќ.Ш. М±хамеджан

 

 

 

        

 

         Алматы энергетика жєне байланыс институтыныњ 2004 жылѓы жоспары бойынша басылды.

 

 

 

 

ãАлматы энергетика жєне байланыс институты, 2004ж.


Кіріспе

  

          Бүгінгі жоғарғы білімнің ең басты тұжырымдамасы студент оқытушының нұсқауына сүйене отырып өздігінен қажетті білім алуына  барлық күш-жігерін шығармашылық жолына жұмылдыру және болашақ маман ретінде білім қорын дамыту. Жоғарғы оқу орнында студенттің өзі оқып-дайындалуының белсенді түрі – семинар болып табылады.

        Семинар сабағы дәріс оқылғаннан кейін жүріп отыруы керек, яғни дәріс тақырыбы мен семинар сабағының тақырыптары бірін-бірі қайталамай, керісінше  бір-бірін толықтырып, мазмұнын тереңдетуі керек. Дәрісті оқу барысында көптеген ірі, өзекті мәселелер талқылануы шарт, ал семинар сабағына сол дәрістің теориялық проблемалары болып табылатын нақты сұрақтар ұсынылады.

         Семинар  сабағына жете дайындалу керек. Мұнда оқытушы  студенттің  ж±мысын тексеріп, білімін баѓалап отырады. Сондықтан студент әрбір семинарда оқытушысының міндетті түрде сұрастыру жүргізетінін әрдайым есте сақтағаны жөн. Ендеше әр семинарға мұқият дайындалу қажет.

Студент семинар сабағына дайындалу барысында ең әуелі талқыланатын сұрақтардың мәнін түсініп алуы тиіс. Олар, тәртіп бойынша үшеу. Өзі көңіл аударатын мәселелерді анықтап, жазбаша түрде қысқаша белгілеп алады. Сол үшін ењ алдымен бұл кітапшада әр тақырыптың сұрақтарына әдістемелік нұсқаулар беріледі. Студент қойылған сұраққа толыққанды жауап беру барысында тек бір ғана әдебиет қолданбай, ұсынылған әдебиеттер тізімін  де қарастыруы қажет. Мазмұнды, құнды деген тұстарын жеке дәптерге конспектілеп, мұғалімге көрсетуі керек.

         Семинар сабағында сөйлегенде студент сұрақтың  мазмұнын ашып және өзінің конспектісін қолдануға мүмкіндік алады. Бірақ оған оқытушы  немесе студенттер сұрақ қоюы, кейде сұраққа жауап беруде пікір-талас тууы да мүмкін, осылай семинарда шығармашылық орта дамиды. Осындай шығармашылық ортада өзін көрсете білген студент ерекше бағаланады.

          Қазақстан тарихы бағдарламасында он үш семинар сабағы берілген. Семинарға қатыспай немесе қанағаттанбайтын баға алған студенттер арнайы белгіленген күндері келіп нашар  бағалары мен қарыздарын  өтеуіне мүмкіндік алады. Тек 13 семинар сабағында жақсы баға алған және екі семестрлік жұмысты уақытында орындаған студент сынаќтан тест т‰рінде µтіп, емтихан тапсыруға  рұқсат алады.

Студенттердің дайындығы, белсенді қатысу денгейіне байланысты оқытушы  семинар сабағын ұйымдастырады.

Ұсынылып отырған әдістемелік басылым семинар сабағының жоспарларынан, әдебиеттер тізімінен және әдістемелік  нұсқаулардан тұрады.

1      Көне дәуірдегі Қазақстан

                                        

1.1           Тас дәуірі, оның кезеңдері. Қазақ жеріндегі палеолит, неолит және энеолит кезеңдерінің тарихи мұралары.  Ертедегі қазақ жерін мекендеушілердің шаруашылығы мен еңбек құралдары.

1.2             Қола дәуіріндегі Қазақстан. Қазақcтандағы Андронов мәдениетінің ошақтары: мал және егін шаруашылықтарын жетілдіру, тау-кен ісі, қолөнер кәсібі.

1.3            Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті (Беғазы-Дәндібай). Отырықшы мал шарушылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту. Аталық-отбасылық қауым. Діні мен өнері.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. – Алматы, 1979.

2.     Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. - Алматы, 1966.

3.     Маргулан А.Х., Бегазы-Дандыбайская культура Центрального Казахстана. - Алматы, 1976.

4.     Маргулан А.Х., БасеновТ., Мендикулов М. Архитектура Казахстана. - Алма-Ата, 1959.

5.     Прошлое Казахстана археологическим источникам. - Алматы,1988.

6.     Кадырбаев А.Ш., Марьяшев А.И. Наскальные изображения Хребта Каратау. - Алматы, 1977.

7.     Кадырбаев А.Ш. История Казахстан: первобытный мир и древность.-  Алматы, 1976.

8.     Учебное пособие по истории Казахстана с древнейших времен до наших дней.- Алматы, 1992.

9.     Таймагамбетов Ж.К., Полиолитическая стоянка им. Ч.Ч. Валиханова.- Алматы, 1990.

10.            Ќазаќстан тарихы. 4 томдыќ. – Алматы, 1996.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

                                                           

                                           

          Әдістемелік  нұсқау

 

Бірінші сұрақтың жауабының мазмұнында тас дәуірінің кезеңдері теориялық тұрғыдан талдануы шарт. Республика территориясындағы  полеолит, неолит, энолит дәуірлерінің зерттелуін талдау үшін, сіз Қазақстанның археологиялық картасымен жете таныс болуыңыз керек. Палеолит дәуірінің мәдениетінің ошақтары Оңтүстік Қазақстан,

Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстаннан табылғанын көруге болады, сондай-ақ Қазақстандағы  неолит дәуірінің мәдениетіне де (Келтемір, Атбасар, Уст-Нарым, Моханжар) тоқталған жөн.

    Екінші сұраққа жауапты Андронов мәдениетінің жылдары мен кезеңдері, географиялық орналасуын анықтаудан бастау қажет. Біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтағы Қазақстан жеріндегі табиғи-климаттық ахуал және өндірістік процесстердің ерекшеліктерін ескере отырып, андроновшылардың мал және егін шаруашылығына өту заңдылықтарын талдау керек. Таулы аймақтарды игеру, металлургия және түрлі кәсіптердің даму денгейінің қоныстары арқылы көрсетеміз. Ол үшін археологиялық қазбалардың көрнектілері Атасу, Бұғылы, Арқайым тұрақтарының табыстары қолданылады.

 Үшінші сұраққа жауап беруде студент  Беғазы-Дәндібай мәдениетінің даму кезеңдерін сипаттап беруі керек. Археологиялық мәліметтерге сүйене отырып, қазіргі Орталық Қазақстанда орналасқан қоныстарды талдаңыз. Отбасы, ататек, қауым, тайпа сонымен қатар Андроновшылардың діни сеніміне, әдет-ғұрпына, жерлеу рәсімі және аң стиліндегі өнеріне анықтама беріңіздер.

 

 

 

2 Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер дәуірі (б.з.д. бірінші мыңжылдық және б.з. бірінші мыңжылдығы).

             

2.1 Сақтардың саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы. Қазақстан территориясындағы сақтар туралы қытай, парсы, гректердің жазба деректері.

2.2 Қазақстан территориясындағы қаңлы, үйсін, ғұн тайпаларының мемлекеттік құрылымы және олардың қазақ халқының қалыптасуындағы ролі.

2.3 Сақ, үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларының бейнелеу өнері, материалдық және рухани мәдениеті, діни сенімі.

 

 

                                          Әдебиеттер тізімі

1.     Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. - Алматы,1963.

2.     Акишев К. А. Искусства и мифология саков.-Алматы, 1984

3.     Акишев К. А. Курган Иссык: искусства саков Казахстана.-М,1987

4.     Гумилев Л. Н. Хунну.-М.,1950

5.     Ирмуханов Б. Б. Древняя история Казахстана. - Алматы, 1998

6.     Ирмуханов Б. Б. Этническая история Казахстана.- Алматы, 1998.

7.     Материалы по истории сюнну по китайским источникам.- Вып.1-2.-М., 1968-1973

8.     Новые материалы по древней и средневековой истории Казахстана.- Алматы, 1960

9.     Прошлое Казахстана в источниках и материалах. - Сборник-1. Алматы, 1997.

    10. Аќынжанов М.Б. Ќазаќтыњ тегі туралы. – Алматы, 1957.

 

 

         Әдістемелік  нұсқау

 

Б.з.д. VIII-VII ғ.ғ. Қазақстан территориясында темір дәуірі басталды. Бұл кезеңде өмір сүрген сақтар туралы жазба деректер қалыптасты. Сіздер  парсы, грек, қытай деректері бойынша сақтардың Қазақстан территориясында орналасуын анықтап, грек деректеріндегі мәліметтерді ерте парсы деректерімен салыстырыңыздар. Сақ тайпаларының соғыстағы тактикасы және шаруашылығының даму ерекшеліктері, мәдениеті туралы анықтама беріңіздер.

          Екінші сұраққа жауап бергенде ерте мемлекеттің пайда болуы қоғам дамуының айрықша кезеңі екенін ұғыңыз. Мемлекеттің пайда болуы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді туғызды: өндіріс дамыды, жеке-меншік пайда болды, сауда қатынасы күшейді, қоғам әртүрлі саяси топтарға бөлінді және қауым арасында теңсіздік пайда болды. Археологиялық және жазба деректерге сүйеніп ұлыстардың көшіп-қону бағыттары, олардың шаруашылық құрылымы,  әлеуметтік және қоғамдық өмірі жайлы айтып беріңіздер. Қаңлы, үйсін, ғұн тайпаларының басқару жүйелері, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтаңыздар. Соғыс өнері және соғыс тактикалары. Ғұндардың ұлы қоныс аударуы. Қаңлы, үйсін, ғұн тайпаларының қазақ этносының қалыптасуындағы ролін дәлелдеңіз.

           Үшінші сұрақтың жауабында мынадай проблемалар қаралуы керек: сақтардың рухани сенімі, өнері, мекендері, аңдық стилі және үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларының діни сенімі, жерлеу рәсімдері, салт-дәстүрі, бейнелеу өнері.

 

 

 

3  Орта ғасырдағы Қазақстан

                                    

3.1             Түрік империясының құрылу және ыдырау кезеңдері (Түрік қағанаты, Батыс Түрік Қағанаты, Шығыс Түрік Қағанаты, Ұйғыр Қағанаты).

3.2             VII-XIIғ.ғ. Қазақстанның саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуы (Түркеш қағанаты -704-746 ж.ж., Қарлұқ мемлекеті–766 - 940ж.ж., Қарахан әулетінің мемлекеті -X ғ.-XII ғ.ортасы, Оғыздар –IX-XI ғ.ғ. басы, Қимақтар, Дешті – Қыпшақ, Қидандар (Қарақытайлар), Наймандар және Керейіт ұлыстары).

3.3            Ұлы Жібек жолы және қала мәдениетінің дамуы.

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Акинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана-Алматы, 1986.

2.     Аджи М. Полынь половецкого поля. - М., 1994.

3.     Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древние города Казахстана. - Алма-Ата, 1973.

4.     Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья: V- начало - VIII в.в. - Алма-Ата, 1986.

5.     Восточный Туркестан в древности и ранней средневековье. - М., 1988.

6.     Гумилев Л.Н. Кµне т‰ріктер.- Алматы, 1994.

7.     Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в писменных источниках (Vв. до н. э. XV в.н.э.). - Алматы, 1997.

8.     Кумеков Б.Е. Государство Кимаков ІХ-Х вв. по арабским источникам. - Алматы, 1972.

9.     Кумеков Б.Е. Арабские и персидские источники по истории кыпчаков VIII-XIV вв.- Алма-Ата, 1987.

10.            Караев О. История Караханидского каганата  (начало Х-ХІІІ в.в.)  - Фрунзе, 1983.

11.            Тажутов А. Куманы, половцы, кипчаки и казахи.- Алматы, 1998.

12.            Сейдімбеков А. К‰мбір – к‰мбір  к‰мбездер. – Алматы, 1992.

                        

 

Әдістемелік нұсқау

 

Б.з. VIғ. ортасы түрік империясының құрылу кезеңі. Олардың территориясы, саяси тарихы, билігі және шаруашылығы, бүкіл әлемдік өркениетке қосқан үлесі  (руналық жазуы,  ер-тоқымы және үзеңгі т.б.), Ашиндар әулеті, соғыс және әскери ісі, қару-жарақты жетілдіруі  қарастырылады. Сондай-ақ, түрік қағанаты қашан және қалай құрылды деген сұраққа жауап бере отырып, мемлекеттің басқару органдары  мен қоғамның әлеуметтік құрлымына жан-жақты тоқталу қажет. Түрік мемлекеттерінің құлауының себептері, олардың тарихта алатын орнын анықтап, баға беріңіздер.

Екінші сұрақты қытай, араб, иран деректемелерін қысқаша талдаудан бастаған жөн. Әрбір мемлекетке  қатысты жауапты мынадай  ретпен тізген дұрыс:

а) Тайпалық бірлестіктер және мемлекеттердің құрылуы;

ә) Экономикалық және саяси тарихы;

б) Мемлекеттік және қоғамдық құрылысы;

в) Ислам діні және ұлыстардың бірігуіндегі орны.

Саяси аренадағы мемлекеттің ауысуы Қазақстан территориясына  жаңа ұлыстар мен тайпалардың көшіп келуін білдірмейді. Осы сәтті дәлелдеп беруге тырысыңыз.

Үшінші сұрақты Ұлы Жібек жолының құрылуының қысқаша мазмұнынан бастау қажет. Осы Ұлы Жібек жолындағы Қазақстан аймағында сауда  және мәдениетінің дамуындағы алатын орнына көңіл бөлген жөн. Ұлы Жібек жолындағы орналасқан қалалар арқылы жеткізілген тауарлар және түрік тайпаларының (қарлұқ, оғыз, қыпшақ, қарахандықтар, т.б.) қатынасуы, шет елдермен қарым-қатынасы т.б. Көшпелі және отырықшы тайпалар арасындағы айырбас сауда, ақша айналымы.

 

 

     4   XIV-XVII ғ.ғ. Қазақстан

                           

4.1       Алтын Орданың ыдырауы: Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Моғолстан және Темір әулеті  мемлекеттерінің құрылуы.

4.2      Қазақ хандығындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастар, әлеуметтік құрылымы, мемлекеттік билік жүйесі.

4.3      XVI-XVII ғ.ғ.  мәдениет.

 

                         

                                           Әдебиеттер тізімі

1.     Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI в.-Алматы, 1998.

2.     Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков.-М.,1965.

3.     Джагфаров Н.  Монголо-татарское нашествие. Казахстан в составе Монгольской империи.- Алматы, 1998.

4.     Кадырбаев А.Ш. Казахстан в эпоху Чингис – хана и его преемников.- Алматы, 1992.

5.     М±ќанов М.С. Ќазаќ жерініњ тарихы. –Алматы, 1994.

6.     Кляшторный С.Г. Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий.- Алматы, 1992.

7.     Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. - Алматы, 1995.

8.     М±хамедхан±лы Н. Тарихи зерттеулер. - Алматы, 1992.

9.     Шахматов Б.Ф. Казахская пастбищно-кочевая община. - Алматы, 1964.

10.            Аманжолов К.Р. Т‰ркі халќыныњ тарихы. – Алматы, 2002.

11.            Кішібеков Д. Ќазаќ ментаритеті: кеше, б‰гін, ертењ. – Алматы, 1998.

12.            Созаќбаев С. Тєуке хан. Жеті жарѓы. – Алматы, 1994.

        

           

                         

 

 

 

 

          Әдістемелік нұсқау

 

Берілген семинарда ең бастысы  татар-моңғол шапқыншылығы немесе Шыңғыс ханның жеке тұлғасы қаралмайды, сіздер бірден Батудың жорығынан кейінгі саяси  ахуалды талдауға кірісесіздер. Шыңғыс ханның ұлдарының арасында ұлыстарға бөлу барысы  Қазақстан жерінде Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Темір мемлекеті, Ноғай Ордасы және көшпелі Әбілхайыр хандығы деген атаумен тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына әкеп соқтырды. Осы аталған мемлекеттердің саяси тарихын, территориялық орналасуын, сондай-ақ оның құрамында болып кейінгі қазақ хандығының құрылуына негіз  болған  тайпалардың да тарихи ролін толық қарастыру керек.

         Екінші сұраққа жауап беру үшін қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын талдап, қазақ хандығының құрылуы заңды ма немесе кездейсоқ  оқиға ма, деген сауалдарға жауап беру керек. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктеріне көңіл бөлген жөн: Ауыл-Ата-  Аймақ-Ру-Арыс-Ұлыс-Жүз. Бұл студентке қазақ хандығының саяси - әкімшілік құрылымын, ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді: ақсақалдар кеңесі, халық жиналысы, билер кеңесі, хандық басқару және сот билігі т.б.. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы: «ақсүйектер»-хандар, сұлтандар, қожалар т.б. және «қарасүйектер»-би, батыр, бай, кедей ,құл, шаруа т.б. толық тоқталған жөн.

       Үшінші сұрақты мына жоспар бойынша талдауға болады:

а) қала және елді мекендер (қолөнері, шаруашылығы, сауда қатынасы, архитектурасы т.б.);

б) қазақ халқының ауыз әдебиеті (Шалкиіз жырау, Доспамбет жырау, Жиенбет, Қодан Тайшы, Асан қайғы, Қазтуған жырау т.б.). Батырлық дастандар. Музыкалық өнер. Ісләм және дәстүрлі сенім.

 

 

 

5    Қазақстан XVIII  ғасырда

                                  

5.1      XV-XVIII ғ.ғ.екінші жартысындағы қазақ - жоңғар қатынастары

5.2      XVIII ғ. Абылайдың ішкі және сыртқы саясаты.

5.3       XVIII-XIX ғ.ғ. Қазақстанның мәдениеті, шаруашылығы, қалалары, сауда өнеркәсібі, рәсімдері, салт-дәстүрі.

                         

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.  Абдиров М. История казачества Казахстана. – Алматы, 1996.

2. Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-годах XVIII в. – Алматы, 1948.

3.Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России. – Москва, 1994.

4.Ерофеева И.В. Казахские ханы XVIII – середине XIX века. – Восток. 1997. –№3.

5.Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик.- Алматы, 1999.

6. Златкин И.Я. История Джунгарского ханства: (1635-1758), - Москва, 1983.

7.     Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств XVIII века. – Т.1.- Алматы, 1999.

8.     Абылай хан. Тарихи жырлар. – Алматы, 1993.

9.     Ќазаќ тарихынан. Ќ±растырѓан: Е.Аќќошќаров, - Алматы, 1996.

10. М±хамедхан±лы Н. Тарихи зерттеулер. – Алматы, 1992.

 

 

         Әдістемелік нұсқау

 

Бірінші сұрақтың жауабында жоңғар мемлекетінің құрылуы туралы қысқаша баяндайсыз. Жоңғар мемлекеті мен Қазақ хандығының шаруашылығы мен әлеуметтік құрылымын сипаттай отырып қандай қайшылықтардың нәтижесінде жоңғарлардың Қазақ жеріне басып кіруі мүмкін  болғанын  көрсетіңіз. 1710-1717, 1718 жылдардағы жоңғар басқыншылығының зардаптары қандай? Қазақ қоғамының бірігіп жоңғарларға қарсы төтеп беруі және олардың ұйымдастырушылары  Есім хан, Жәңгір хан, Жалаң төс батыр т.б. туралы толық ашып айтыңыз.Ұлы қасірет жылдарының (1723 ж.) және шешуші шайқастардың қорытындысы туралы әңгімелеп беріңіз.

          Екінші сұраққа жауап беруде студент тақырыпқа қатысты нақты ғылыми зерттеу әдебиеттерін зерделеу негізінде сол дәуірдің қиыншылықтарын түсініп талдайды және ең бастысы замана тұлғасы Абылай ханның күрделі кезеңдегі саяси ролін айқындайды. Атап айтқанда, оның патшалық Ресей және Цин империясымен, Орта Азиялық феодалдық мемлекеттермен жүргізген сыртқы саясаты мәнін ашу керек. Абылай ханның жүргізген ішкі саясатын талдағанда  қазақ қауымын біріктіруші ретіндегі басты роліне, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жасалған өзгерістеріне, оның қазақ мәдениетінің дамуына қосқан үлесіне баса назар аудару қажет.

         Үшінші сұраққа жауап бергенде, қазақ шаруашылығындағы болған  экономикалық өзгерістерге, Қазақ хандығының әр аймақтарыңдағы шаруашылық даму ерекшеліктеріне көңіл аударыңыздар. Қазақстанның Ресей және Қытай елдерімен жүргізілген сауда байланыстарына шолу жасаңыз. Қазақтардың салт-дәстүрінде, әдет-ғұрпында қандай өзгерістер болғанына тоқталыңыз.

 

6    XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан

                           

6.1       Қазақ жүздерінің Ресей протекторатын қабылдауы, тарихи шарттары, қосылу процесі,  мәні.

6.2       Өлкені  отарлау. XIX-ғасырдың 20-90 жылдардағы әкімшілік және сот реформалары.

6.3       XIX ғасырдың  30-50 жылдардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар.

                         

    

                                      Әдебиеттер тізімі

1.  Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-годах XVIII в. – Алматы, 1948.

2.      Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России. – Москва, 1994.

3.      Бекмаханов Е. Ќазаќстан XIXѓ. 20-40 жылдарында. – Алматы, 1992.

4.      Сабырханов А.Исторические предпосылки ликвидаций ханской власти в Казахстане. // “Казахстан в эпоху феодализма”. – Алматы, 1981.

5.      Елагин А.С. Казачество и казачьи войска в Казахстане. – Алматы, 1993.

6.      Ќасымбаев Ж.К. Кенесары хан. – Алматы, 1993.

7.      Кенжалиев И. Исатай. Махамбет. – Алматы, 1991.

8.      Сапаргалиев Г.С. Карательная политика царизма в Казахстане. –  Алматы, 1966.

9.      Царская колонизация в Казахстане: по материалам русской периодической печати XIX в. –  Алматы, 1995.

 

 

         Әдістемелік нұсқау

 

         Бірінші сұраққа жауап бергенде студент ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарап, Қазақстанның Ресей империясына қосылу процесін хронологиялық тәртіппен баяндайды. Кіші жүз, Орта жүз және Ұлы жүздің Ресейге қосылуының ерекшеліктерін ажыратыңыз. Сондай-ақ, Ресей империясының нақты көздеген саяси мақсаттарын белгілеп, Қазақстан жерінде бекіністер салып казак әскерлерін орналастыруы, орыс мұжықтарын қоныстандыру саясатын жүргізуі, жер асты байлықтарын зерттеу мақсатындағы ғылыми экспедициялар шығаруы және әлеуметтік- экономикалық саясаты туралы мәлімет беруі керек.

         Екінші сұрақтың жауабында  1822 жылы қабылданған «Сібір ќазаќтары туралы» Жарғы, 1824 жылы қабылдаған «Орынбор қазақтары туралы» Жарғы, 1867 жылғы Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ереже, 1968 жылғы Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы Ережелердің қорытындыларын толық сипаттап беру керек. Ресейдің жүргізген отарлау саясаты, әкімшілік, сот реформалары, қазақтарды шоқындырып орыстандыру саясаты  қандай зардап әкелді деген сауалдарға жауап іздеу қажет.

        Үшінші сұрақтың жауабында үш ірі көтерілістерді талдау керек, олар: Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет  Өтемісұлы және Кенесары Қасымұлының  бастаған ұлт-азаттық көтерілістері, олардың  себеп-салдары, сипаты, қозғаушы күштері, соғыс тәсілдері, жеңілу себептері, маңызы мен сабақтары салыстырмалы түрде зерделенуі шарт.

 
 
7  Қазақстан XІX ғасырдың екінші жартысында

                         

7.1 Патша µкіметініњ қоныстандыру саясаты жєне оның әлеуметтік-экономикалық қорытыңдылары мен салдары.

7.2       Өнеркәсіптің пайда болуы және дамуы.

7.3       Мәдениет, халық ағарту ісі, әдебиет, ғылым.

                     

 

Әдебиеттер тізімі

          1.  Баишев С.Б. Развитие капитализма в России и его влияние на экономику Казахстана в пореформенный период. – Алматы , 1982.

         2.  Галузо П.Г. Аграрные отнашения на юге Казахстана в 1867-1914гг. – Алматы, 1965.

         3.  Дильмухамедов Л, Маликов Ф. Очерки истории рабочего  класса до революционного  Казахстана. – Алматы, 1968.

         4.  Сулейменов Б. Аграрный вопрос в Казахстане в последней трети XIX- нач. XX века. (1867-1917). – Алматы, 1963.

         5.  Турсунбаев А. Из истории крестьянского переселение в Казахстан. – Алматы, 1950.

6.     Мєшімбаев С.М. Патшалыќ Ресейдіњ отарлыќ саясаты. – Алматы, 1994.

7.     Шонан±лы Т. Жер таѓдыры, ел таѓдыры.- Алматы, 1995.

8.     Ќойгелдиев М.К. Алаш ќозѓалысы. – Алматы, 1995.

  

                  

Әдістемелік нұсқау

 

1861 жылы Ресейде басыбайлылық жойылған соң, орыс шаруалары Қазақстанның құнарлы аймақтарына жаппай көшіп келе бастады. Сіздер, Ресейдің көздеген отаршылдық саясатының астарына үңіліп, Столыпиннің аграрлық реформасының мақсаты мен мәнін саралаңыздар.

          Екінші сұраққа жауап беру үшін Ресей үкіметінің ұлттық аймақтағы экономикалық саясаты белгілі бір мүдде тұрғысынан көзделіп жүзеге асырылғанын ескеру қажет. Қазақстанның жекелеген  аймақтарына капиталистік элементтердің енуі,  қалалар мен жәрмеңкелер, банктік мекемелер және темір жолдардың атқаратын ролі қарастырылуы тиіс. Сондай-ақ, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуының саны, әлеуметтік құрылымы, марксистік ойлардың енуі, әлеуметтік-демократиялық ағымдар, саяси күрестің басталуы қамтылады.

Үшінші сұрақты патша үкіметінің жергілікті отаршылдық әкімшілікке қазақ ұлты өкілдерінен сауатты шенеуніктерді дайындау мәжбүрлігінен бастау қажет. Бұл жағдайлар Қазақстанда орыс-қазақ мектебі, училищелердің, гимназиялардың санын көбейтуді талап етті. Студенттер қысқаша түрде қазақтарға қатысты  дәстүрлі білім жүйесі мен  Ресейдің бодан халықтарына байланысты ұстанған білім саясатын талдай білуі қажет. Қазақ интеллигенциясының жаңа толқыны Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, С.Көбеев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров т.б. шығармашылығын атап көрсетуі тиіс.                                                                                                                                      

 

 

 

        8   Қазақстан жаңа дәуірде

                         

        8.1 Ақпан және Қазан революциясы кезењінде. Қазақстандағы Кеңес µкіметінің орнатылуы.

        8.2 Азамат соғысы және шетелдік әскери интервенция. “Әскери коммунизм” саясаты.

        8.3 Қазақстандағы Жаңа Экономикалық Саясат (ЖЭС). Әлеуметтік- экономикалық  қорытындылары, ерекшелігі.

 

 

Әдебиеттер тізімі

          1. Бакаев А.Н., Аманжолов К.Р. Казахские национальные части Красной Армии в годы гражданской войны (1918-1920гг).- Алматы,1994.

2.     Бердяев Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма. – Москва, 1990.

3.     Аманжолава Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш.

4.     Н±рпейісов К. Алаш ћєм Алашорда. – Алматы, 1995.

5.     Ќойгелдиев М. Алаш ќозѓалысы. – Алматы, 1995.

6.     Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средний Азии и Казахстане. Сб. док. Т. I – Алматы, 1963, –Т. II. –1964.

7.     Чокаев М. Туркестан под властью Советов. – Алматы, 1993.

8.     История Казахстана: белые пятно. – Алматы, 1991.

9.     Новейшая история Казахстана: Сб. Док и материалов (1917-1937 гг): Учебное пособие/ Состав: Каражанов К., Такенов А. – Алматы, 1998.

    

         Әдістемелік нұсқау

 

1913 жылы басталған Ресейдегі дағдарысты ақпан және қазан төңкерісі жалғастырды. Қазақстанда болған  бұл төңкерістердің заңдылық сипатын көрсетіңіз. Қазақстандағы түрлі саяси ұйымдар  мен партиялар туралы толық мағлұмат беріңіз: Алаш, Үш-жүз, Шуро-Исламия, кадеттер, эсерлер т.б. Қазақстандағы большевиктік билікке балама Алаш-Орда үкіметі, Қоқан автономиясының көздеген мақсаттарына толық талдама жасап, этно-әлеуметтік негізін көрсетіңіз. Әлеуметтік төңкерістер, пролетариат диктатурасы, Кеңестер билігі, большевизм ұғымына түсініктеме беріңіз. Қазақстанда кеңестендірудің ерекшеліктері, түрі мен әдісіне көңіл бөліңіз.

Екінші сұрақтың жауабын Сібірдегі Чехословак корпусының бүлігінен бастап, Колчак армиясы мен атаман Дутовтың  шабуылының задаптарына тоқталасыз. Семей, Орал, Ақтөбе, Шығыс Түркістан майдандарының құрылуы, қазақтардан құралған алғашқы ұлттық Қызыл әскерлер және оның басшылары Мұхамедияр Тұңғаншин (Бөкей ордасы), Әліби Жангелдин (Торғай), Тоқаш Бокин (Жетісу), жалпы Қызыл Армияның ақ гвардияшыларға қарсы күрестегі қол жеткізген табыстарын атаңыз. Азамат соғысының зардаптары, Алаш Орда қайраткерлерінің азаматтық соғысқа қатысты көзқарасы мен ұстанымын анықтап, баға бересіз.

 Үшінші сұрақта қаралатын мәселелер, Азамат соғысы кезеңіндегі жүргізілген  Әскери коммунизм саясатының мақсаты, шешімі және Жаңа Экономикалық Саясаттың мәнін толық түсініп оған талдама жасау керек оның әлеуметтік шешімдерін айту керек.

 

 

 

9     20-30 жылдардағы өлкедегі мемлекеттік құрылыс

                                                

9.1 Қазақ АКСР-інің құрылуы. Бірыңғай Түркістан идеясы Т.Рысқұлов, Сұлтанғалиев, М. Шоқай т. б.

9.2.    Орта Азия Республикаларының ұлттық территориялық бөлінуі. Қазақ КСР-ің құрылуы.

9.3.    Өлкедегі саяси-қоғамдық және идеялық күрес. Голощекиндік  Кіші қазан және қазақ ауылдарын зорлап кеңестендіру.

 

 

Әдебиеттер тізімі

         1. Ќойгелдиев М. Т±тас Т‰ркістан идеясы жєне М±стафа  Шоќай±лы. – Алматы, 1997.

2. Ќоњыратбаев О. М. Т±рар Рысќ±лов. Ќоѓамдыќ саяси жєне мемлекеттік ќызметі. – Алматы, 1994.

3. Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.А., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. – Алматы, 1992.

4. Ќозыбаев М.К. Аќтањдаќтар аќиќаты. – Алматы, 1992.

5. Нусаббеков А.Н. Объеденение Казахских земель в Казахской Советской Социалистической Республике. – Алматы, 1953.

6. Омарбеков Т. Зобалањ. – Алматы, 1994.

7. Омарбеков Т. 20-30 жылдардаѓы Ќазаќстан ќасіреті. – Алматы, 1997.

8. Образование Казахской  АССР. Сб док и мат. – Алматы, 1957.

9. М±стафа Шоќай. Т‰ркістанныњ ќыйлы таѓдыры. – Алматы, 1992.

10. История индустриализации Каз ССР. Сб. док. и мат. – Алматы, 1967.

11. Нєубет. Маќалалар жинаѓы. – Алматы, 1990.

 

 

          Әдістемелік  нұсқау

 

Бірінші сұраққа жауап беру үшін студент Т.Рысқұлов, Сұлтанғалиев, М.Шоқайдың еңбектерімен танысуы қажет. ҚазАКСР мен ТүркістанАКСР-ң  құрылуы жайлы большевиктік идеяға баламаның болғанын дәлелдеу керек. Алайда бұл қадамдардың тағдыры немен аяқталды, оны большевиктердің қабылдамай түп-тамырымен жоюға ұмтылғаны секілді сауалдарға жауап іздеңіздер. Осы мәселеге байланысты жеке ой-көзқарастарыңызды тұжырымдаңыздар.  

Екінші сұраққа жауап бергенде студент Қазақ Кеңестік Автономиялы Республикасының құрылуын ұзақ процесс болғандығының, 1919 жылы Қазақ жерін уақытша басқаратын Төңкеріс комитетінің құрылғандығын баяндай отырып, 1920 жылы В.И. Лениннің қол қойған декреті негізінде Қазақ Автономиялы республикасы құрылғанын оның құрамына әуелі Орал содан соң Ақмола, Семей, ал 1924 жылдың күзінде Сырдария, Жетісу облыстары беріліп орталығы Орынбордан Қызылордаға көшірілгені аян.

Үшінші сұрақта Ф.Голощекин Қазақ Өлкелік партия ұйымының басшысы болып 1925 жылы Қазақстанға келген соң Кіші қазан идеясын ұсынды. Оның мәні неде, ұжымдастыру кезінде жергілікті ерекшеліктер ескерілді ме және Ф.Голощекинге қарсыласқан топтың басшылары (Т.Рысқұлов, С. Садуақасов, С. Қожанов, Мыңбаев және т.б.) ұстанған позициясы қандай еді? Осы қазақ ұлтын жоюға бағытталған эксперименттердің экономикалық-саяси, әлеуметтік-психологиялық және этнодемографиялық салдары қандай болды, деген сұрақтарға жан-жақты жауап беріңіздер.

 

 

 

10  20-30 жылдардағы Қазақстандағы мәдени құрылыстар.

Білім беру жүйесініњ ќалыптасуы

 

10.1 Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Ғылыми  мекемелер мен оқу орындары.

10.2        Қазақ ұлттық әдебиетінің дамуы.

10.3       Саяси ќуѓын-с‰ргін жєне ќазаќ интеллигенциясының репрессияға ұшырауы.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Ауанасова А.М. Национальная интеллигенция Туркестана в первый четверти ХХ века. – Алматы: Ќазаќ университеті, 2001.

2.      Абдрамов Д. Место заключения и репрессированные. – Алматы: Глобус, 2001.

3.     Страницы трагических судеб: Сборник воспоминаний жертв политических репрессий в СССР в 1920-1950 гг./ Составители: Грибаенов Е. М., Зулкашева А.С., Ипагамбетова А.Н. – Алматы: Жеті жарѓы, 2002.

4.      Сарсекеев К.С. Тридцать седьмой год. – Алматы, 1998.

5.     Кунантаева К.К. Развитие народного образования  в Казахстане (1917-1999 гг.): Учебное пособие. – Алматы, 1997.

6.     Шаймуханова С.Д. Политические репрессии в Казахстане (30-40-е начало 50-х гг.) – Караганда, 2000.

7.      История Казахстана: Белые пятна. – Алматы, 1991.

8.      Нєубет. Маќалалар жинаѓы. – Алматы, 1990.

9.     Єбжєнов Х. Ќазаќ интелилигенциясы ќашан туѓан? //Ќазаќ коммунисі. –1991. – №2.  

         

 

Әдістемелік     нұсқау

 

Мұндағы негізгі мәселе ХХ ғ. 20-30 ж.ж.  қазақтарды жаппай сауаттандыру жайы, жалпы білім беру жүйесінің құрылуы,  бастауыш, орта және арнайы оқу орындарының, мәдени ағартушылық мекемелердің сан әрі сапа жағынан көбеюі,  қазақтарды араб әрпінен латынға көшіру туралы т.б.  Жоғарғы оқу орындарына кадрлар дайындау жағдайына тоқталасыз. Ең әуелі Ташкентте  Казпедвуз ашылып алғаш жоғарғы білімді мамандар даярлай бастады, содан-соң 1928 жылы Алматыда жоғарғы оқу орны Қазақ университеті (ҚазПИ) ашылды, кейінгі ашылған оқу орындары жайлы жан-жақты баяндаңыз.

          Екінші сұраққа қазақ ұлттық әдебиетінің негізін салушылар Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, И.Жансүгіров, Б. Майлин, С.Мұқанов секілді классик жазушылардың жалпы шығармашылық қызметі мен өмірін сипаттаған жөн. Ұлттық мүдде мен социалистік реализмнің ара-қатынасы қандай, бірінші кезекте шығармашылықпен шұғылданған тұлғалардың қуғынға ұшыруының мәнін түсіндіріңіз.

          Үшінші сұраққа көше отырып, сіздер мына мәселелерге нақты жауап берулеріңіз қажет: қуғын-сүргіннің себептері мен мақсаты неде, Қазақстанда интеллигенция өкілдерін қуғындаудың басы деп 1930 жылды (Алашорда қайраткерлерінің ісі) неге аламыз, 1937-1938 жылдармен қосқанда республикамызда қуғындалғандардың жалпы саны қанша, топтаңыз, қорытыңыз.

 

 

 

11   Қазақстан Ұлы Отан Соғысы кезењінде

                                             

         11.1 Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері. Фашистік Германияның жоспарындағы  Қазақстан.

          11.2 Қазақстан еңбекшілерінің тылдағы  ерліктері.

          11.3 Жекелеген халықтарды Ќазаќстанѓа күштеп көшіру (Депортация).                                           

                                      

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза (1941-1945 гг.). – Алматы, 1964. – т. 1; Алматы, 1974. –т. 2.

2.     Козыбаев М.К. Казахстан арсенал фронта. - Алматы, 1970.

3.     Козыбаев М.К. История и современность. – Алматы, 1991.

4.     Ќозыбаев М.К. Аќтањдаќтар аќиќаты. – Алматы, 1992.

5.     Белан П.С. Казахстанцы в боях за Ленинград. – Алматы, 1973.

6.     Белан П.С. Казахстанцы –кавалеры “Золотой звезды”. – Алматы, 1982.

7.     Шла война народная – партизаны Великой Отечественной Войны –Казахстанцы. – Алматы, 1985.

8.     Кан Г.В. История корейцев Казахстана. – Алматы, 1994.

9.     Кульбаев Н.А., Хегай А.Ю. Депортация. – Алматы, 2000.

10.Балаќаев Т.Б., Алдаж±манов Ќ.С. Ќазаќстан ењбекшілері - майданѓа. – Алматы, 1985.

11.Нурбекова К. Женщины Казахстана – фронту. – Алматы, 1968.

 

 

          Әдістемелік нұсқау

 

Бірінші сұрақта Ұлы Отан соғысының  басталуының негізгі себептерін көрсете отырып, Кеңестер Одағының соғысқа дайындығының жайы және болашақ соғыс тактикасына қатысты жаңа көзқарастарға тоқталыңыз. Барборроса жоспары  дегеніміз не? Үлкен Түркістан ұғымы қандай? Қазақстандықтарды мобилизациялау, олардың жасаған ерліктерін баяндап, Мәскеуді, Сталинградты және Европаны азат етудегі отандастарымыздың  ролін көрсетіңіз.

Екінші сұрақты, Қазақстанға көшірілген Ресей, Украина, Белоруссияның ірі өнеркәсіптерін сипаттап, топтаудан бастаңыз.  Негізінен республикамыздың қай аймақтарына көптеп орналастырылды, одақ көлемінде соғыс қажетін өтеудегі ролі, алатын орны қандай деген мәселелерге жауап беріңіз. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімін өндірудегі ауыл еңбекшілерінің еңбектегі ерлігі жан-жақты әңгімеленуі керек.

          Үшінші сұраққа жауап мынадай жоспармен қаралуы қажет:

     а) Қиыр  Шығыстағы кәрістерді депортациялау;

б) Прибалтика халықтарын депортациялау т.б.;

         Қазақстанға күштеп қоныстандырылған халықтарға қазақ халқы өз құшағына алып, орасан зор көмек көрсетті. Қазақ халқының мейірімі мен қиын-қыстау кезеңдегі берген көмегі бұл халықтарды ажалдан құтқарып қалды т.б.

 

 

 

12  Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси жағдайы   (1946-1986 жылдар)

 

12.1          1960-1970 ж.ж. әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыттары.

 12.2 Республика өміріндегі саяси-әлеуметтік, экономикалық дағдарыстың  басталуы. Ќайта ќ±ру. КСРО-ныњ ыдырауы. ТМД-њ ќ±рылуы.

 12.3 1986 жылғы Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы. Қазіргі кµзќарас.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Абылхожин Ж.Б. Очерки социально- экономической истории Казахстана ХХ века. – Алматы, 1997.

2.     Алмати 1986 жыл “Желтоќсан”. 1, 2, 3 кітап. – Алматы, 1992.

3.     Верт Н. История советского государства 1900-1991 гг.- Алматы, 1992.

4.     Ќонаев Д.А. ¤тті дєурен осылай. – Алматы, 1992.

5.     Ќонаев Д.А. От Сталина до Горбачева. – Алматы, 1994.

6.     История Казахстана и центральной Азии.- Алматы, 2001.

7.     Нурпеисов Е., Котов А. Ќазаќстан мемлекеті хандыќ биліктен президенттік республикаѓа дейін. – Алматы, 1992.

8.      Назарбаев Н.Є. Єділеттіњ аќ жолы. – Алматы, 1991.

9.     Казахстан: особенности перехода к демократии. - Алматы, 2004.

         

 

Әдістемелік     нұсқау

 

Кеңес Одағы ұзақ жылдар экономикалық-саяси дамуында қайшылықтарды басынан кешірген болатын. 1985 жылы наурыз айында мемлекет басына М.С.Горбачев келді. Нақ осы жылдары КСРО-ны дағдарыстан шығарудың жолы ретінде әлеуметтік –экономикалық дамудың жаңа бағыты қабылданды: техникалық прогресс, өндірісті модеринизациялау, машина құрлысын жетілдіру т.б. Алайда бұл мәселелерді шешу мүмкін болмады, яғни ол неге іске аспады және қайта құру процесіне түсініктеме беріңіз: саяси жүйені реформалау, қоғамды демократизациялау,  жариялылық,  алкогольге қарсы күрес науқаны және  т. б .

          Екінші сұрақтың жауабында  1980-ші жылдардағы қалыптасқан қайшылықты жағдайлар  талқылануы керек: экономикалық дамудағы біржақтылықтар, Д.А.Қонаевтың қызметінен алынуы, орталықтық күштеу саясаты және осындай қайшылықтардың 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыдағы қанды оқиғаға алып келуі, қазақ жастарын жазалау, ұлтшыл деп айыптау және оның зардаптары.

         Үшінші сұрақта студент желтоқсан оқиғасынан кейінгі тоталитарлық биліктің күшейгенін сипаттап, «ұлтшылдықты іздеу», ішкі саяси белсенділіктің күш алуы («Невада-Семей», «Әділет» және түрлі қоғамдық ұйымдар) , нәтижесінде  Н.Назарбаевтың билік басына келуі, Қазақстанның егемендігінің жариялануы, 1991 жылы Алматыдағы ТМД-ның құрылуы жайындағы хаттамаға қол қою сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталуы тиіс.

 

 

 

13  Қазақстан – тәуелсіз егеменді мемлекет

                             

13.1 Қазақстанның егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде ќалыптасуы мен дамуы.

13.2 Экономикалық жєне саяси ќ±ќыќтыќ реформалар. “Қазақстан-  2030”  стратегиялыќ баѓдарламасы.

13.3       Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты. Єлемдік ќауымдастыќтаѓы Ќазаќстанныњ орны.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Абдилдин С. Парламент Казахстана: от Союза к Государственности. – Алматы, 1993.

2.     Ќазаќ КССР-ніњ егемендігі туралы декларациясы.- Алматы, 1990.

3.     Ќазаќстан Республикасыныњ конституциясы. - Алматы, 1993-1995.

4.     Ќазаќстан Республикасыныњ рєміздері. – Алматы, 1993.

5.     Назарбаев Н.Є. Тарих толќынында. – Алматы, 1999.

6.     Назарбаев Н.Є. Ѓасырлар тоѓысында. – Алматы, 1996.

7.     Назарбаев Н.Є. Ќазаќстан 2030. Ќазаќстан халќына жолдауы.– Алматы, 1997.

8.     Токаев К.К. Под стягом независимости. Очерки о внешней политике Казахстана. – Алматы, 1997.

9.     10 лет незавимости Казахстана: итоги и перспективы развития. – Алматы, 2001.

10.Современный Казахстан: экономика, политика, общество. –Т. 1,2 – Алматы, 1997.

 

 

 

Әдістемелік  нұсқау

 

Бірінші сұрақтың жауабында ҚазКСР-дің  мемлекеттік егемендігі туралы декларация  мен ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы құжаттарға терең талдау жасау керек. Егемендік және тәуелсіздік сөздеріне анықтама жасап, салыстырыңыздар. ҚР саяси жүйесіне баға беріңіз. ҚР ұлттық рәміздері т.б.

Екінші мәселеде Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі қарастырылады. 1990 жылы 15 желтоқсанда «Меншік туралы» заң қабылданып, экономиканы басқарудың жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Баға жіберіліп,  ұлттық  валюта (теңге) енгізілді. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту қолға алынды т.б.

Үшінші мәселеде Конституциялық реформаны талдайсыз. 1993 жылы       қабылданған Ата заңымызды 1995 жылғы Ата заңмен  салыстырыңыздар. Екі палаталы парламенттің қалыптасуы, сайлауға көп партиялы жүйенің қатынасуы, қоғамымызды демократияландырудың жолдары  содай-ақ, сыртқы саясаттағы тәуелсіз Қазақстан Республикасының қол жеткізген табыстары баяндалуы қажет.

Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                              3   

1                        Көне дәуірдегі Қазақстан                                                                       4                                                                                                      

2              Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер дәуірі
(б.з.д. бірінші мыңжылдық және б.з. бірінші мыңжылдығы).                       5                              
3       Орта ғасырдағы Қазақстан                                                                     6
4             XIV-XVII ғ.ғ. Қазақстан                                                                            8
5     Қазақстан XVIII  ғасырда                                                                          9    

6     XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан                                                        10

7         Қазақстан XІX ғасырдың екінші жартысында                                        12

8     Қазақстан жаңа дәуірде                                                                            13

9     20-30 жылдардағы өлкедегі мемлекеттік құрылыс                                  14

10 20-30 жылдардағы Қазақстандағы мәдени құрылыстар.  

Білім беру жүйесініњ ќалыптасуы                                                                   15                                                           

11 Қазақстан Ұлы Отан Соғысы кезењінде                                                     16

12              Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси жағдайы 

 (1946-1986 жылдар)                                                                                         18                        

13   Қазақстан – тәуелсіз егеменді мемлекет                                                   19

 

 

 

 

 

 

                                                 2004 ж. жиынтыќ жоспары реті 64

 

 

 

 

 

 

Ж±маѓ±лов Марат Дєулетбай±лы

Мергенбаев Єсет Батырхан±лы

 

 

 

 

 

ЌАЗАЌСТАН ТАРИХЫ

Семинар сабаќтарына арналѓан єдістемелік н±сќаулар

(барлыќ мамандыќтардыњ к‰ндізгі бµлімінде оќитын І курс студенттері ‰шін)

 

 

Редакторы   Ж.А. Байбураева

 

 

 

 

Басуѓа ќол ќойылды __ ___ ___                                     Пішімі 60х84  1/16

Тиражы___дана.                                                                 №1 типография ќаѓазы

Кµлемі 2,0 оќу- басп.т.                                                      Тапсырыс_____

Баѓасы 42 теңге

 

 

 

 

 

Алматы энергетика жєне байланыс институтыныњ

кµшірмелі-кµбейткіш бюросы

480013 Алматы, Байт±рсынов к., 126