АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

Қ а з а қ с т а н    т а р и х ы 

 

Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар

(бакалавриат, мамандықтардың барлық күндізгі бөлімінде оқитын

1-курс студенттері үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2005

 

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: М.Д. Жұмағұлов, Ә.Б. Мергенбаев. Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар (бакалавриат, барлық мамандықтардың күндізгі бөлімінде оқитын І курс студенттері үшін) – Алматы: АЭжБИ, 2005. – 23 бет.

 

 

 

 

 

         Әдістемелік нұсқаулар Қазақстан тарихы бойынша семинар сабақтарының жоспарынан, қажетті әдебиеттер тізімдерінен және әрбір тақырыпқа әдістемелік нұсқаулардан тұрады.

 

 

 

 

 

          Пікір жазған: тарих ғыл. канд., доцент Д.С.Орынбекова.

 

 

 

        

         Алматы энергетика және байланыс институтының 2005 жылғы жоспары бойынша басылды.

 

 

 

 

 

 

ãАлматы энергетика және байланыс институты, 2005 ж.

 

 

 

 

Кіріспе

  

          Бүгінгі жоғарғы білімнің ең басты тұжырымдамасы студент оқытушысының нұсқауына сүйене отырып, өздігінен қажетті білім алу  барлық күш-жігерін шығармашылық жолына жұмылдыру және болашақ маман ретінде білім қорын дамыту. Жоғарғы оқу орнында студенттің өзі оқып-дайындалуының белсенді түрі – семинар болып табылады.

                 Семинар сабағы дәріс оқытылғаннан кейін жүріп отыруы керек, яғни дәріс тақырыбы мен семинар сабағының тақырыптары бірін-бірі қайталамауы тиіс, керісінше  бір-бірін толықтырып, мазмұнын тереңдетуі керек. Дәрісті оқу барысында көптеген ірі, өзекті мәселелер талқыланауы шарт, ал семинар сабағына сол дәрістің теориялық проблемалары болып табылатын нақты сұрақтар ұсынылады.

               Семинар  сабағына жете дайындалуы керек. Мұнда оқытушы  студенттің  жұмысын тексеріп, білімін бағалап отырады. Сондықтан студент әрбір семинарда оқытушысының міндетті түрде сұрастыру жүргізетінін әрдайым есте сақтағаны жөн. Ендеше әр семинарға мұқият дайындалу қажет.

Студент семинар сабағына дайындалу барысында ең әуелі талқыланатын сұрақтардың мәнін түсініп алуы тиіс. Олар, тәртіп бойынша үшеу. Өзі көңіл аударатын мәселелерді анықтап, жазбаша түрде қысқаша белгілеп алады. Сол үшін ењ алдымен бұл кітапшада әр тақырыптың сұрақтарына әдістемелік нұсқаулар берілген. Студент қойылған сұраққа толыққанды жауап беру барысында тек бір ғана әдебиет қолданбай, ұсынылған әдебиеттер тізімін  де қарастыруы қажет. Мазмұнды, құнды деген тұстарын жеке дәптерге конспектілеп, мұғалімге көрсету керек.

              Семинар сабағында сөйлегенде студент сұрақтың  мазмұнын ашуға міндетті және өзінің конспектісін қолдануға мүмкіндік алады. Бірақ оған оқытушы  немесе студенттер сұрақ қоюы мүмкін, кейде сұраққа жауап беруде пікір-талас тууы да мүмкін, осылай семинарда шығармашылық орта дамиды. Осындай шығармашылық ортада өзін көрсете білген студент ерекше бағаланады.

          «Қазақстан тарихы» бағдарламасында он үш семинар сабағы берілген. Семинарға қатыспай немесе қанағаттанбайтын баға алған студенттер арнайы белгіленген күндері келіп нашар  бағалары мен қарыздарын  өтеуіне мүмкіндік алады. Тек 13 тақырыптан тұратын семинар сабағына белсенді түрде қатынасып жақсы баға алған және екі семестрлік жұмысты уақытында орындаған студент сынақтан тест арқылы өтіп, емтихан тапсыруға  рұқсат алады.

             Студенттердің дайындығы, белсенді қатысу дењгейіне байланысты оқытушы  семинар сабағын ұйымдастырады.

          Ұсынылып отырған әдістемелік басылым семинар сабағының жоспарлары, әдебиеттер тізімі, әдістемелік  нұсқаулардан тұрады.

 

 

1      Көне дәуірдегі Қазақстан

                                        

1.1           Тас дәуірі, оның кезеңдері. Қазақ жеріндегі палеолит, неолит және энеолит кезеңдерінің тарихи мұралары.  Ертедегі қазақ жерін мекендеушілердің шаруашылығы мен еңбек құралдары.

1.2           Қола дәуіріндегі Қазақстан. Қазақcтандағы Андронов мәдениетінің ошақтары: мал және егін шаруашылықтарын жетілдіру, тау-кен ісі, қолөнер кәсібі.

1.3           Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті (Беғазы-Дәндібай). Отырықшы мал шарушылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту. Аталық-отбасылық қауым. Діні мен өнері.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. – Алматы 1979.

2.     Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. – Алматы, 1966.

3.     Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбайская культура Центрального Казахстана. Алматы, 1976.

4.     Маргулан А.Х., БасеновТ., Мендикулов М. Архитектура Казахстана. Алма-Ата, 1959.

5.     Прошлое Казахстана археологическим источникам. – Алматы, 1988.

6.     Кадырбаев А.Ш., Марьяшев А.И. Наскальные изображения Хребта Каратау. – Алматы, 1977.

7.     Кадырбаев А.Ш. История Казахстан: первобытный мир и древность. – Алматы, 1976.

8.     Учебное пособие по истории Казахстана с древнейших времен до наших дней.– Алматы, 1992.

9.     Таймагамбетов Ж. К. Палеолитическая стоянка им. Ч.Ч. Валиханова. – Алматы, 1990.

10.            Қазақстан тарихы. – Алматы, 1996. – т. 1.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

                                                   

                                        

              Әдістемелік  нұсқау

 

   Бірінші сұрақтың жауабының мазмұнында тас дәуірінің кезеңдері теориялық тұрғыдан талдануы шарт. Республика территориясындағы  палеолит, неолит, энеолит дәуірлерінің зерттелу барысын талдау үшін, сіз Қазақстанның археологиялық картасымен жете таныс болуыңыз керек. Палеолит дәуірі мәдениетінің ошақтарын Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстаннан табылғанын көруге болады, сондай-ақ Қазақстандағы  неолит дәуірінің мәдениетіне де кеңірек (Келтемір, Атбасар, Уст-Нарым, Моханжар) тоқталған жөн. Қоныстардағы шаруашылық, әлеуметтік өмір, құрал-жабдықтарды жасаудағы тәсілдерді меңгеру, термешілдік пен аңшылықтың рµлі, жерлеу рәсімдері, ежелгі адам санасындағы өмір мен өлім туралы ұғымның қалыптасуы, алғашқы өнердің дамуы сияқты мәселелерді талдап, аймақтық ерекшеліктерін көрсетесіз.

    Екінші сұраққа жауапты Андронов мәдениетінің кезеңдерін айқындап, географиялық орналасуын анықтаудан бастау қажет. Біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтағы Қазақстан жеріндегі табиғи-климаттық ахуал мен өндірістік процестердің ерекшеліктерін ескере отырып, андроновшылардың мал және егін шаруашылығына өту заңдылықтарын талдау керек. Отырықшылыққа байланысты тұрмыс-тіршіліктің мәнін ашу, таулы аймақтардағы металлургия және басқа да кәсіптердің даму дењгейін қоныстардан аршылған археологиялық табыстар арқылы көрсетілуі тиіс. Оған археологиялық қазбалардың көрнектілері Атасу, Бұғылы, Арқайым т.б. көптеген қоныстардың жетістіктері  негіз болады.

 Үшінші сұраққа жауап беруде студент  Беғазы-Дәндібай мәдениетінің даму кезеңдерін сипаттап беруі керек. Археологиялық мәліметтерге сүйене отырып, қазіргі Орталық Қазақстанда орналасқан қоныстарды талдаңыз. Отбасы, ататек, қауым, тайпа сонымен қатар Андроновшылардың діни сеніміне, әдет-ғұрпына, жерлеу рәсімі және аң стиліндегі өнеріне анықтама беріңіздер.

 

 

2 Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер дәуірі (б.з.д. бірінші мыңжылдық және б.з. бірінші мыңжылдығы).

             

2.1 Сақтардың саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы.

2.2 Қазақстан территориясындағы сақтар туралы қытай, парсы, гректердің жазба деректері.

2.3 Сақтардың бейнелеу өнері, материалдық және рухани мәдениеті, діни сенімі.

 

Әдебиеттер тізімі

1.  Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. – Алматы, 1963.

2.  Акишев К.А.  Искусство и мифология саков. – Алматы, 1984.

3.  Акишев К.А. Курган Иссык: искусство саков Казахстана. – М., 1978.

               4. Ирмуханов Б.Б. Древняя история Казахстана. – Алматы, 1998.

        5. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник 1. – Алматы, 1997.

   6. Ақынжанов М.Б. Қазақтың тегі туралы. – Алматы, 1957.

        

 

 

Әдістемелік  нұсқау

 

         Б.з.д. VIII-VII ғ.ғ. Қазақстан территориясында темір дәуірі басталды. Осы өзгерісті ескере отырып, сақ тайпаларының әлеуметтік құрылымы, қоғамдық-саяси құрылысын терең талдау қажет. Сақ тайпаларының соғыстағы тактикасы және шаруашылығының даму ерекшеліктері, мәдениетіне нақты анықтама беріњіздер. Деректер негізінде олардың өмірі мен тіршілігін суреттеңіздер.

Бұл кезеңде өмір сүрген сақтар туралы жазба деректер қалыптасты. Сіздер  парсы, грек, қытай деректері бойынша хаомаварга, тиграхауда, парадарайя сақтарының Қазақстан территориясында орналасуын анықтап, грек деректеріндегі (массагеттер, аримаспылар, агрипей исседондар, скифтер, дай-сақтары жайлы) мәліметтерді ерте парсы деректерімен салыстырыңыздар. Андронов мәдениеті мен сақ мәдениеті арасындағы тарихи сабақтастық мәселесіне көңіл бөліп, көзқарасыңызды  айқындаңыз.

           Үшінші сұрақтың жауабында мынадай проблемалар қаралу керек: сақтардың материалдық-рухани өмірі, өнері, аңдық стилі және діни сенімі, жерлеу рәсімдері, салт-дәстүрі, бейнелеу өнері.        

                  

 

3  Орта ғасырдағы Қазақстан

                                    

3.1             Қаңлы, үйсін, ғұндардың саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы.   

3.2            Қаңлы, үйсін, ғұндардың қазақ халқының әлеуметтік құрылымы мен этностық дамуындағы ролі.

3.3            Қаңлы, үйсін, ғұндардың бейнелеу өнері, материалдық және рухани мәдениеті, діни сенімі.

 

 

Әдебиеттер тізімі

          1. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. – Алматы, 1963.

          2. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. – Алматы, 1994.

          3.  Ирмуханов Б.Б. Этническая история древнего Казахстана. – Алматы, 1998.

         4. Материалы по истории сунну по китайским источникам. – Вып.1-2. – М., 1968-1973.

          5. Новые материалы по древней и средневековой истории Казахстана. – Алматы, 1960.

          6. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник 1. – Алматы, 1997.

 

                

Әдістемелік нұсқау

 

          Екінші сұраққа жауап бергенде ерте мемлекеттің пайда болуы қоғам дамуының айрықша кезеңі екенін ұғыңыз. Мемлекеттің пайда болуы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді туғызды: өндіріс дамыды, жеке-меншік пайда болды, сауда қатынасы күшейді, қоғам әртүрлі саяси топтарға бөлінді және қауым арасында теңсіздік пайда болды. Археологиялық және жазба деректерге сүйеніп ұлыстардың көшіп-қону бағыттары, олардың шаруашылық құрылымы,  әлеуметтік және қоғамдық өмірі жайлы айтып беріңіздер. Қаңлы, үйсін, ғұн тайпаларының басқару жүйелері, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтаңыздар. Соғыс өнері және соғыс тактикалары. Ғұндардың ұлы қоныс аударуы.

         Екінші сұраққа жауап беру барысында қаңлы, үйсін, ғұн тайпаларының қазақ этносының қалыптасуындағы ролін дәлелдеңіз. Территориялық орналасуын анықтау арқылы салт-дәстүр, шаруашылығы, мәдениетіндегі ұқсастықтарды, байланыстарды ажыратуға болады. Ғұндардың Қазақстан территориясына жылжуына қатысты иран тілдес тайпалардың түркіленуі және антропологиялық құрылымында моңғолоидтық белгілердің орнығуы  басталды.

         Үшінші сұрақтың жауабында мынадай мәселелер қарастырылады: қаңлы, үйсін, ғұн тайпаларының рухани болмысы, өнердегі полихромдық бағыты және діни сенімі, жерлеу рәсімдері, салт-дәстүрі, бейнелеу өнері. 

 

 

4  Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан

 

         4.1 VIII-XII ғғ. Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуы (Түркештер мен қарлұқтар).

         4.2  Қарахандар империясы. Оғыздар.

         4.3  Ұлы жібек жолы және қалалық мәдениеттің дамуы.

 

Әдебиеттер тізімі

         1. Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древние города Казахстана. – Алма-Ата, 1971.

         2. Байпаков К.М, Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья: VI – начало VIII вв. – Алма-Ата, 1986.

         3. Восточный Туркестан в древности и ранней средневековье. – М., 1988.

         4. Гумилев А.Н. Древние тюрки. – М., 1993.

         5. Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках ( V в. до  н.э. – XV в. н.э.). – Алматы, 1997.

          6. Караев О. История Караханидского каганата X-начало XIII вв. – Фрунзе, 1983.

        

          Әдістемелік  нұсқау

 

          Б.з. VI ғ. ортасы түрік империясының құрылу кезеңі. Олардың территориясы, саяси тарихы, билігі және шаруашылығы, бүкіл әлемдік өркениетке қосқан үлесі  (руналық жазуы,  ер-тоқымы және үзеңгі т.б.), Ашиндар әулеті, соғыс және әскери ісі, қару-жарақты жетілдіруі  қарастырылады. Сондай-ақ, түрік, түркеш, қарлұқ қағанаттары қашан және қалай құрылды деген сұраққа жауап бере отырып, мемлекеттің басқару органдары  мен қоғамның әлеуметтік құрлымына жан-жақты тоқталу қажет. Түрік мемлекеттерінің құлауының себептері, олардың тарихта алатын орнын анықтап, баға беріңіздер.          

 Екінші сұрақты қытай, араб, иран деректемелерін қысқаша талдаудан бастаған жөн. Әрбір мемлекетке  қатысты жауапты мынадай  ретпен тізген дұрыс.

а) тайпалық бірлестіктер және мемлекеттердің құрылуы;

ә) экономикалық және саяси тарихы;

б) мемлекеттік және қоғамдық құрылысы;

в) ислам діні және оның ұлыстардың бірігуіндегі орны.

         Саяси аренадағы мемлекеттің ауысуы Қазақстан территориясына  жаңа ұлыстар мен тайпалардың көшіп келуін білдірмейді. Осы сәтті дәлелдеп беруге тырысыңыз.

         Үшінші сұрақты Ұлы Жібек жолының құрылуын қысқаша мазмұнынан бастау қажет. Осы Ұлы Жібек жолындағы Қазақстан аймағында сауда  және өркениетінің дамуындағы алатын орнына көңіл бөлген жөн. Олар – Ұлы Жібек жолындағы орналасқан қалалардың өсіп-өркендеуі, жеткізілетін тауарлар соғдылар мен қатар түрік тайпаларының (қарлұқ, оғыз, қыпшақ, қарахандықтар, т.б.) қатынасуы, шет елдермен (қай елдермен, көрсетіңіз) қарым-қатынасы, көшпелі және отырықшы тайпалар арасындағы айырбас сауда, ақша айналымы т.б. 

        

 

         5   ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан

 

         5.1  Қимақ және қыпшақтар мемлекеті.

         5.2  Найман және керейлер. Қидан мемлекеті.

         5.3  Материалдық және рухани мәдениеттің дамуы. Діні.

 

Әдебиеттер тізімі

         1. Акинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. – Алматы, 1989.

         2. Аджи М. Полынь половецкого поля. – М., 1994.

         3. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья: VI – начало VIII вв. – Алма-Ата, 1986.

4. Восточный Туркестан в древности и ранней средневековье. – М., 1988.

         5. Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках  (V в. до н.э. – XV в. н.э.). – Алматы, 1997.

         6. Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам. – Алматы, 1972.

         7. Кумеков Б.Е. Арабские и персидские источники по истории кыпчаков VIII – XIV вв. – Алма-Ата, 1987.

          8. Тажутов А. Куманы, половцы, кипчаки и казахи. – Алматы, 1998.

 

 

    Әдістемелік  нұсқау

 

         Қимақ этносының шығуы мен қалыптасуы жайлы концепция күрделі әрі қызықты мәселелердің бірі. Қытай деректерінде көрсетілгендей яньмо атауымен белгілі болған тайпалар VII ғасырдың басында Монғолияның Солтүстік-Батыс аймағын мекендеген. VII ғасырдың ортасында олар Ертіс өзенінің жағалауына қоныс тебеді. Осы өңірде VIII–IХ ғасырларда қуатты қимақ-қыпшақ одағы қалыптасты. ХI ғасырдың басына дейін қыпшақтар қимақтардың қоластына қарап келсе,  ХI-ХII ғасырларда қыпшақ конфедерациясының билігі күшейіп, бүтін Каспий аймағында ғана емес,  сонау Шығыс Европаның Дунайға дейінге жерге бақылау орнатты. Студенттің міндеті осы қуатты қыпшақ конфедерациясының қалыптасуы, этнос ретінде ұжымдасуы, географиялық орналасуы тарихи деректермен негіздеп, баяндап беруі қажет. Әсіресе әлеуметтік құрылымына, басқару жүйесіне, қыпшақ-орыс, қыпшақ-хорезм арақатынастарына, қыпшақ мемлекетінің гүлденуі мен құлдырауына көңіл бөлу қажет.

         Наймандар және керейлердің тайпалық конфедерациясы ХII ғасырларда Орта Азияда ірі саяси бірлестік – Ұлысқа бірікті. Екінші сұраққа жауап беру барысында наймандар мен керейлер туралы деректік-ақпарат негіздерді салмақтап, аталған тайпалардың Қазақстан территориясына жылжуын, ХII–ХIII ғасырларда Монғолияның этникалық, геосаясаттағы ролін анықтап, негізгі саяси оқиғаларын сипаттап беріңіздер. Наймандар Жетісуға келгенге шейін, қарақытайлар (қидандар) билік жүргізгенімен мемлекеттік құрылысына, шаруашылығына, мәдениетіне ешбір өзгеріс енгізе алған жоқ. Студент осы мәселелерді жан-жақты талдап, ашуы қажет.

      Үшінші сұрақтың жауабында мынадай мәселелер талданады – қимақ, қыпшақ, найман, керейлердің материалдық-рухани өмірі: қоныстары, үйлері, киімі, ас тағамдары. Салт-дәстүрі. Рәсімдері: жерлеу дәстүрі, діни ұғымдары. Тәңіршілдік пен ісләмнің кірігуі. Христиан діні және оның түрлері,  таралу ерекшелігі.

      

 

 

          6  Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы

 

       6.1  Қазақ халқының шығуының ғылыми аспектісі.

       6.2  Қазақстан территориясындағы  этностық даму кезеңдері.

         6.3  Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.

 

 

Әдебиеттер тізімі

         1. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII вв. – Алматы, 1998.

         2. Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI в. – Алматы, 1998.

         3. Ерофеева И.В. Казахские ханы XVIII – середины XIX века. – Восток.– 1997.– №3.

     4. Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв. – Алматы, 1969.

    5.   История Казахстана с древнейших времен до наших дней. – Алматы, 1997.

  6. Берденова К.А. Общая и экономическая история Казахстана. – Алматы, 2000.

  7.  Казахи. – Алматы, 1995.

  8. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. – Алматы, 1992.

  9. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. – Алматы, 1995.

  10. Масанов Н. Проблемы социально-экономической истории Казахстана на рубеже XVIII – XIX вв. – Алматы, 1984.

  11.  Салгарин К. Династии ханов. – Алматы, 1992.

  12. Шахматов Б.Ф. Казахская пастбищно-кочевая община. – Алматы, 1964.

13. Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств XVIII века. – т.1.- Алматы 1999.

14. Абылай хан. Тарихи жырлар. – Алматы, 1993.

         15. Қазақ тарихынан. Құрастырған: Е.Аққошқаров. – Алматы, 1996.

16. Мұхамедханұлы Н. Тарихи зерттеулер. – Алматы, 1992.

 

 

Әдістемелік  нұсқау

 

Жалпы тарихтық заңдылық бойынша кез келген этномәдени бірлік, адамдардың тұрақты қауымы ғасырларға созылған нақты географиялық ортада этностардың бірігуі болып табылады. Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері, ол жайында ғылыми гипотезалар, мәселе төңірегіндегі талас-тартыс, қазіргі көзқарас – бұл сұрақтың өзегі болуы тиіс. Қауым, ру, тайпа, халық деген ұғымдарға ғылыми талдау жасай отырып, қазақ этносының қалыптасуындағы осы бірліктердің рµлін көрсетіңіз. Ұлы қоныс аударудан бастап, монғол шапқыншылығының нәтижесінде этносаяси құрылымда өзгерістер басталды...

Сақ-үйсін мәдени-тарихи бірлігі қазақ халқының көне этникалық және антропологиялық негізі саналады. Әсіресе ғұндардың жергілікті көшпелі халықтың гендік қорына қосқан үлесі қомақты. VI ғасырдан бастап, Қазақстан территориясында үстемдігі орнаған түркі тектес тайпалар мен европоид саналатын иран тілдес және моңғолоидтық нәсілді тайпалардың және тайпалық бірлестіктердің этникалық ұйытқысы ірі түрік халқының  қалыптасуына алып келді. Олардың қоныстануы мен қалыптасуының территориялық орталығы  Жетісу, Оңтүстік және Орталық Қазақстан болды. Бұл аймақтағы этногенездің ерекшеліктерін, оның қорытындыларын айқындау қажет.

Моңғол шапқыншылығы этникалық процестердің дамуын өзгертіп, жаңалықтар енгізді, сипаты мен мәнін жаңғыртты. Орналасу географиясын көрсете отырып, мәдени-шаруашылық және этникалық процестерінің халықтың қалыптасуындағы  рµлін көрсету керек.

Қазақстанның ХV ғасырдың ортасында қазақ халқы қалыптасты: ортақ территория, тіл, материалдық және рухани мәдениеті болды. Қазақ халқының қалыптасуына дәстүрлі шаруашылық яғни көшпелі, жартылай көшпелі мал  және отырықшы мал шаруашылығы әсер етті. ХV-XVI ғасырларда ұлы, орта және кіші жүздердің тайпалық-рулық құрылымы айқындалып, территориялық орналасуы жүзеге асты. Оған Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы және Әбілқайыр хандығының құрамында тайпалық бірлестіктер айрықша үлес қосты. Қазақ халқының қалыптасу нәтижесіндегі шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, басқару жүйесі, құқықтық қатынасы да көрсетілуі тиіс.

 

 
 7    XVIII-XIX  ғасырлардағы  Қазақстан

                           

        7.1 Қазақ жүздерінің Ресей протекторатын қабылдауы, тарихи шарттары, қосылу процесі,  мәні.

        7.2 Өлкені  отарлау. XIX ғасырдың 20-90 жылдардағы әкімшілік және сот реформалары.

        7.3 XIX ғасырдың  30-50 жылдардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар.

                                

Әдебиеттер тізімі

1.  Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-годах XVIII в. – Алматы, 1948.

2.      Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России. – Москва, 1994.

3.      Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғ. 20-40 жылдарында. – Алматы, 1992.

4.      Сабырханов А. Исторические предпосылки ликвидаций ханской власти в Казахстане. // “Казахстан в эпоху феодализма”. – Алматы, 1981.

5.      Елагин А.С. Казачество и казачьи войска в Казахстане. – А, 1993.

6.      Қасымбаев Ж.К. Кенесары хан. – Алматы, 1993.

7.      Кенжалиев И. Исатай. Махамбет. – Алматы, 1991.

8.      Сапаргалиев Г.С. Карательная политика царизма в Казахстане. – А, 1966.

9.      Царская колонизация в Казахстане: по материалам русской периодической печати XIX в. – Алматы, 1995.

 

 

         Әдістемелік нұсқау

 

         Бірінші сұраққа жауап бергенде студент ұсынылған әдебиеттермен мұқият танысып, Қазақстанның Ресей империясына қосылу процесін хронологиялық тәртіппен баяндайды. Кіші жүз, Орта жүз және Ұлы жүздің Ресейге қосылуының ерекшеліктерін ажыратыңыз. Сондай-ақ, Ресей империясының нақты көздеген саяси мақсаттарын белгілеп, Қазақстан жерінде бекіністер салып казак әскерлерін орналастыруы, орыс мұжықтарын қоныстандыру саясатын жүргізуі, жер асты байлықтарын зерттеу мақсатындағы ғылыми экспедициялар шығаруы және әлеуметтік- экономикалық саясаты туралы мәлімет беруі керек.

         Екінші сұрақтың жауабында  1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтары туралы» Жарғы, 1824 жылы қабылдаған «Орынбор қазақтары туралы» Жарғы, 1867 жылғы Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ереже, 1968 жылғы Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы Ережелердің қорытындыларын толық сипаттап беру керек. Ресейдің жүргізген отарлау саясаты, әкімшілік, сот реформалары, қазақтарды шоқындырып орыстандыру саясаты  қандай зардап әкелді деген сауалдарға жауап іздеу қажет.

        Үшінші сұрақтың жауабында үш ірі көтерілістерді талдау керек, олар: Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет  Өтемісұлы және Кенесары Қасымұлының  бастаған ұлт-азаттық көтерілістері, олардың  себеп-салдары, сипаты, қозғаушы күштері, соғыс тәсілдері, жеңілу себептері, маңызы мен сабақтары салыстырмалы түрде зерделенуі шарт.

 

 
8  Қазақстан XІX ғасырдың екінші жартысында

                         

8.1 Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты және оның әлеуметтік-экономикалық қорытындылары мен салдары.

     8.2  Өнеркәсіптің пайда болуы және дамуы.

     8.3  Мәдениет, халық ағарту ісі, әдебиет, ғылым.

 

Әдебиеттер тізімі

          1.  Баишев С.Б. Развитие капитализма в России и его влияние на экономику Казахстана в пореформенный период. – Алматы, 1982.

         2.  Галузо П.Г. Аграрные отнашения на юге Казахстана в 1867-1914гг. – Алматы, 1965.

         3.  Дильмухамедов Л, Маликов Ф. Очерки истории рабочего  класса до революционного  Казахстана. – Алматы, 1968.

         4.  Сулейменов Б. Аграрны вопрос в Казахстане в последней трети XIX- нач. XX века. (1867-1917). – Алматы, 1963.

         5.  Турсунбаев А. Из истории крестьянского переселение в Казахстан. – Алматы, 1950.

6.     Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. – Алматы, 1994.

7.     Шонанұлы Т. Жер тағдыры, ел тағдыры.- Алматы, 1995.

8.     Қойгелдиев М.К. Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995.

  

                  

Әдістемелік нұсқау

 

1861 жылы Ресейде басыбайлылық жойылған соң орыс шаруалары Қазақстанның құнарлы аймақтарына жаппай көшіп келе бастады. Сіздер, Ресейдің көздеген отаршылдық саясатының астарына үңіліп, Столыпиннің аграрлық реформасының мақсаты және мәнін саралаңыздар.

          Екінші сұраққа жауап беру үшін Ресей үкіметінің ұлттық аймақтағы экономикалық саясаты белгілі бір мүдде тұрғысынан көзделіп жүзеге асырылғанын ескеру қажет. Қазақстанның жекелеген  аймақтарына капиталистік элементтердің енуі,  қалалар мен жәрмеңкелер, банктік мекемелер және темір жолдардың атқаратын рµлі қарастырылуы тиіс. Сондай-ақ, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуы оның саны, әлеуметтік құрылымы, марксистік ойлардың енуі, әлеуметтік-демократиялық ағымдар, саяси күрестің басталуы қамтылады.

Үшінші сұрақты патша үкіметінің жергілікті отаршылдық әкімшілікке қазақ ұлты өкілдерінен сауатты шенеуніктерді дайындау мәжбүрлігінен бастау қажет. Бұл жағдайлар Қазақстанда орыс-қазақ мектебі, училищелердің, гимназиялардың санын көбейтуді талап етті. Студенттер қысқаша түрде қазақтарға қатысты  дәстүрлі білім жүйесі мен  Ресейдің бодан халықтарына байланысты ұстанған білім саясатын талдай білуі қажет. Қазақ интеллигенциясының жаңа толқыны Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, С.Көбеев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров т.б. шығармашылығын атап көрсетуі тиіс.                                                                                                                                     

 

 

 

 

9       Қазақстан жаңа дәуірде

 

       9.1 Қазақстан Ақпан және Қазан революциясы кезеңінде. Қазақ жерінде Кеңес үкіметінің орнатылуы.

        9.2 Азамат соғысы және шетелдік әскери интервенция. “Әскери коммунизм” саясаты.

        9.3 Қазақстандағы Жаңа Экономикалық Саясат (ЖЭС). Әлеуметтік- экономикалық  қорытындылары, ерекшеліктері.

 

 

Әдебиеттер тізімі

          1. Бакаев А.Н., Аманжолов К.Р. Казахские национальные части Красной Армии в годы гражданской войны (1918-1920гг). Алматы, 1994.

2.     Бердяев Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма. – М., 1990.

3.     Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш.–Алматы, 1995.

4.     Нұрпейісов К. Алаш ћәм Алашорда. – Алматы, 1995.

5.     Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995.

6.     Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азии и Казахстане. Сб. док. т. I – Алматы, 1963. –т. 2. - 1964.

7.     Чокаев М. Туркестан под властью Советов. – Алматы, 1993.

8.     История Казахстана: белые пятно. – Алматы, 1991.

9.     Новейшая история Казахстана: Сбор. док. и материалов (1917-1937 гг.): Учебное пособие/ Сост: Каражанов К., Такенов А. – Алматы, 1998.

    

        

Әдістемелік нұсқау

 

1913 жылы басталған Ресейдегі дағдарысты ақпан және қазан төңкерісі жалғастырды. Қазақстанда болған  бұл төңкерістердің заңдылық сипатын көрсетіңіз. Қазақстандағы түрлі саяси ұйымдар  мен партиялар туралы толық мағлұмат беріңіз: Алаш, Үш-жүз, Шуро-Исламия, кадеттер, эсерлер т.б. Қазақстандағы большевиктік билікке балама Алаш-Орда үкіметі, Қоқан автономиясының көздеген мақсаттарына толық талдама жасап, этно-әлеуметтік негізін көрсетіңіз. Әлеуметтік төңкерістер, пролетариат диктатурасы, Кеңестер билігі, большевизм ұғымына түсініктеме беріңіз. Қазақстанда кеңестендірудің ерекшеліктері, түрі мен әдісіне көңіл бөліңіз.

Екінші сұрақтың жауабын Сібірдегі Чехословак корпусының бүлігінен бастап, Колчак армиясы мен атаман Дутовтың  шабуылының задаптарына тоқталасыз. Семей, Орал, Ақтөбе, Шығыс Түркістан майдандарының құрылуы, қазақтардан құралған алғашқы ұлттық Қызыл әскерлер және оның басшылары Мұхамедияр Тұңғаншин (Бөкей ордасы), Әліби Жангелдин (Торғай), Тоқаш Бокин (Жетісу), жалпы Қызыл Армияның ақ гвардияшыларға қарсы күрестегі қол жеткізген табыстарын атаңыз. Азамат соғысының зардаптары, Алаш Орда қайраткерлерінің азаматтық соғысқа қатысты көзқарасы мен ұстанымын анықтап, баға бересіз.

 Үшінші сұрақта қаралатын мәселелер: Азамат соғысы кезеңіндегі жүргізілген  Әскери коммунизм саясатының мақсаты, шешімі және Жаңа Экономикалық Саясаттың мәнін толық түсініп оған талдама жасау керек оның әлеуметтік шешімдерін айту керек.

 

 

10   20-30 жылдардағы өлкедегі мемлекеттік құрылыс

                                                

10.1 Қазақ АКСР-інің құрылуы. Бірыңғай Түркістан идеясы (Т.Рысқұлов, Сұлтанғалиев, М. Шоқай т. б.)

         10.2 Орта Азия Республикаларының ұлттық территориялық бөлінуі. Қазақ КСР-ің құрылуы.

         10.3 Өлкедегі саяси-қоғамдық және идеялық күрес. Голощекиндік  «Кіші қазан»  және қазақ ауылдарын күштеп кеңестендіру саясаты.

 

 

Әдебиеттер тізімі

         1. Қойгелдиев М. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа  Шоқайұлы. – Алматы, 1997.

2. Қоңыратбаев О. М. Тұрар Рысқұлов. Қоғамдық- саяси және мемлекеттік қызметі. – Алматы, 1994.

3. Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.А., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. – Алматы, 1992.

4. Қозыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы, 1992.

5. Нусупбеков А.Н. Объедиенение Казахских земель в Казахской Советской Социалистической Республике. – Алматы, 1953.

6. Омарбеков Т. Зобалаң. – Алматы, 1994.

7. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. –Алматы, 1997.

8. Образование Казахской  АССР. Сб. док. и мат. – Алматы, 1957.

9. Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. – Алматы, 1992.

10. История индустриализации Каз ССР. Сб. док. и мат. – Алматы, 1967.

11. Нәубет. Мақалалар жинағы. – Алматы, 1990.

 

 

          Әдістемелік  нұсқау

 

Бірінші сұраққа жауап беру үшін студент Т.Рысқұлов, Сұлтанғалиев, М.Шоқайдың еңбектерімен танысуы қажет. ҚазАКСР мен Түркістан АКСР-ң  құрылуы жайлы большевиктік идеяға баламаның болғанын дәлелдеу керек. Алайда бұл қадамдардың тағдыры немен аяқталды, оны большевиктердің қабылдамай түп-тамырымен жоюға ұмтылғаны секілді сауалдарға жауап іздеңіздер. Осы мәселеге байланысты жеке ой-көзқарастарыңызды тұжырымдаңыздар.  

Екінші сұраққа жауап бергенде студент Қазақ Кеңестік Автономиялы Республикасының құрылуын ұзақ процесс болғандығының, 1919 жылы Қазақ жерін уақытша басқаратын Төңкеріс комитетінің құрылғандығын баяндай отырып, 1920 жылы В.И. Лениннің қол қойған декреті негізінде Қазақ Автономиялы республикасы құрылғанын оның құрамына әуелі Орал содан соң Ақмола, Семей, ал 1924 жылдың күзінде Сырдария, Жетісу облыстары беріліп орталығы Орынбордан Қызылордаға көшірілгені аян.

Үшінші сұрақта Ф.Голощекин Қазақ Өлкелік партия ұйымының басшысы болып 1925 жылы Қазақстанға келген соң Кіші қазан идеясын ұсынды. Оның мәні неде, ұжымдастыру кезінде жергілікті ерекшеліктер ескерілді ме және Ф.Голощекинге қарсыласқан топтың басшылары (Т.Рысқұлов, С. Садуақасов, С. Қожанов, Мыңбаев және т.б.) ұстанған позициясы қандай еді? Осы қазақ ұлтын жоюға бағытталған эксперименттердің экономикалық-саяси, әлеуметтік-психологиялық және этнодемографиялық салдары қандай болды, деген сұрақтарға жан-жақты жауап беріңіздер.

 

 

11  20-30 жылдардағы Қазақстандағы мәдени құрылыстар.

Білім беру жүйесі.

 

         11.1 Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Ғылыми  мекемелер мен оқу орындары.

     11.2  Қазақ ұлттық әдебиетінің дамуы.

     11.3 Жаппай саяси қуғын-сүргін. Қазақ зиялыларының репрессияға ұшырауы.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Ауанасова А.М. Национальная интеллигенция Туркестана в первой четверти ХХ века. – Алматы: Қазақ университеті, 2001.

2.                Абдрамов Д. Место заключения и репрессированные. –  Алматы: Глобус, 2001.

3.     Страницы трагических судеб: Сборник воспоминаний жертв политических репрессий в СССР в 1920-1950 гг./ Составители: Грибанова Е. М., Зулкашева А.С., Ипмагамбетова А.Н. – А: Жеті жарғы, 2002.

4.      Сарсекеев К.С. Тридцать седьмой год. –Алматы, 1998.

5.     Кунантаева К.К. Развитие народного образования  в Казахстане (1917-1999 гг.): Учебное пособие. – Алматы, 1997.

6.     Шаймуханова С.Д. Политические репрессии в Казахстане (30-40-е начало 50-х гг.) – Караганда, 2000.

7.      История Казахстана: Белые пятна. – Алматы, 1991.

8.      Нәубет. Мақалалар жинағы. – Алматы, 1990.

9.     Әбжанов Х. Қазақ интелигенциясы қашан туған? //Қазақстан коммунисі. – 1991.– №2.  

         

 

Әдістемелік     нұсқау

 

Мұндағы негізгі мәселе ХХ ғ. 20-30 ж.ж.  қазақтарды жаппай сауаттандыру жайы, жалпы білім беру жүйесінің құрылуы,  бастауыш, орта және арнайы оқу орындарының, мәдени ағартушылық мекемелердің сан әрі сапа жағынан көбеюі,  қазақтарды араб әрпінен латынға көшіру туралы т.б.  Жоғарғы оқу орындарына кадрлар дайындау жағдайына тоқталасыз. Ең әуелі Ташкентте  Казпедвуз ашылып алғаш жоғарғы білімді мамандар даярлай бастады, содан-соң 1928 жылы Алматыда жоғарғы оқу орны Қазақ университеті (ҚазПИ) ашылды, кейінгі ашылған оқу орындары жайлы жан-жақты баяндаңыз.

          Екінші сұраққа қазақ ұлттық әдебиетінің негізін салушылар Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, И.Жансүгіров, Б. Майлин, С.Мұқанов секілді классик жазушылардың жалпы шығармашылық қызметі мен өмірін сипаттаған жөн. Ұлттық мүдде мен социалистік реализмнің ара-қатынасы қандай, бірінші кезекте шығармашылықпен шұғылданған тұлғалардың қуғынға ұшыруының мәнін түсіндіріңіз.

          Үшінші сұраққа көше отырып, сіздер мына мәселелерге нақты жауап берулеріңіз қажет: қуғын-сүргіннің себептері мен мақсаты неде, Қазақстанда интеллигенция өкілдерін қуғындаудың басы деп 1930 жылды (Алашорда қайраткерлерінің ісі) неге аламыз, 1937-1938 жылдармен қосқанда республикамызда қуғындалғандардың жалпы саны қанша, тоќталыњыз, қорытыңыз.

 

 

12  Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси жағдайы   (1946-1986 жылдар)

 

12.1          Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірін жедел дамытудың концепциясы. Қайта құру бағыттары.

 12.2  Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Қазіргі көзқарас.

 12.3 Қазақстан Республикасындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық дағдарыстың  басталуы.  КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ң құрылуы.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ века. – Алматы, 1997.

2.     Алматы. 1986 жыл. “Желтоқсан”. 1, 2, 3 кітап. – Алматы, 1992.

3.     Верт Н. История советского государства 1900-1991 гг.– Алматы, 1992.

4.     Қонаев Д.А. Өтті дәурен осылай. – Алматы, 1992.

5.     Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. –Алматы, 1994.

6.     История Казахстана и Центральной Азии.– Алматы, 2001.

7.     Нурпеисов Е., Котов А. Қазақстан мемлекеті: Хандық биліктен Президенттік республикаға дейін. – Алматы, 1992.

8.      Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. – Алматы, 1991.

9.     Казахстан: особенности перехода к демократи. / Под ред. проф. Джагфарова Н.Р. – Алматы, 2004.

         

 

Әдістемелік     нұсқау

 

Кеңес Одағы ұзақ жылдар экономикалық-саяси дамуында қайшылықтарды басынан кешірген болатын. 1985 жылы наурыз айында мемлекет басына М.С.Горбачев келді. Нақ осы жылдары КСРО-ны дағдарыстан шығарудың жолы ретінде әлеуметтік –экономикалық дамудың жаңа бағыты қабылданды: техникалық прогресс, өндірісті модеринизациялау, машина құрлысын жетілдіру т.б. Алайда бұл мәселелерді шешу мүмкін болмады, яғни ол неге іске аспады және қайта құру процесіне түсініктеме беріңіз: саяси жүйені реформалау, қоғамды демократизациялау,  жариялылық,  алкогольге қарсы күрес науқаны және  т. б .

          Екінші сұрақтың жауабында  1980-ші жылдардағы қалыптасқан қайшылықты жағдайлар  талқылануы керек: экономикалық дамудағы біржақтылықтар, Д.А.Қонаевтың қызметінен алынуы, орталықтық күштеу саясаты және осындай қайшылықтардың 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыдағы қанды оқиғаға алып келуі, қазақ жастарын жазалау, ұлтшыл деп айыптау және оның зардаптары.

         Үшінші сұрақта студент желтоқсан оқиғасынан кейінгі тоталитарлық биліктің күшейгенін сипаттап, «ұлтшылдықты іздеу», ішкі саяси белсенділіктің күш алуы («Невада-Семей», «Әділет» және түрлі қоғамдық ұйымдар) , нәтижесінде  Н.Назарбаевтың билік басына келуі, Қазақстанның егемендігінің жариялануы, 1991 жылы Алматыдағы ТМД-ның құрылуы жайындағы хаттамаға қол қою сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталуы тиіс.

 

 

13  Қазақстан – тәуелсіз егеменді мемлекет

                             

13.1 Қазақстанның егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы.

13.2 Экономикалық және саяси құқықтық реформалар. “Қазақстан-  2030”  стратегиялық бағдарламасы.

13.3       Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты. Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны.

 13  Ќазаќстан – егемен, тєуелсіз мемлекет.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Абдилдин С. Парламент Казахстана: от Союза к Государственности. – Алматы, 1993.

2.     Қазақ ССР-нің егемендігі туралы декларациясы. – Алматы, 1990.

3.     Қазақстан Республикасының конституциясы. – Алматы, 1993-1995.

4.     Қазақстан Республикасының рәміздері. – Алматы, 1993.

5.     Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 1999.

6.     Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.

7.     Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1997.

8.     Токаев К.К. Под стягом независимости. Почерки о внешней политике Казахстана. –Алматы, 1997.

9.     10 лет незавимости Казахстана: итоги и перспективы развития. –Алматы, 2001.

10.Современный Казахстан: экономика, политика, общество. –т. 1,2 –Алматы, 1997.

 

 

Әдістемелік  нұсқау

 

Бірінші сұрақтың жауабында ҚазКСР-дің  мемлекеттік егемендігі туралы декларация  мен ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы құжаттарға терең талдау жасау керек. Егемендік және тәуелсіздік сөздеріне анықтама жасап, салыстырыңыздар. ҚР саяси жүйесіне баға беріңіз. ҚР ұлттық рәміздері т.б.

Екінші мәселеде Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі қарастырылады. 1990 жылы 15 желтоқсанда «Меншік туралы» заң қабылданып, экономиканы басқарудың жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Баға жіберіліп,  ұлттық  валюта (теңге) енгізілді. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту қолға алынды т.б.

Үшінші мәселеде Конституциялық реформаны талдайсыз. 1993 жылы       қабылданған Ата заңымызды 1995 жылғы Ата заңмен  салыстырыңыздар. Екі палаталы парламенттің қалыптасуы, сайлауға көп партиялы жүйенің қатынасуы, қоғамымызды демократияландырудың жолдары  содай-ақ, сыртқы саясаттағы тәуелсіз Қазақстан Республикасының қол жеткізген табыстары баяндалуы қажет.

 

 

     

Мазмұны

 

     Кіріспе ............................................................................................... 3

 

1      Көне дәуірдегі Қазақстан ..........................................................4

2 Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер дәуірі

(б.з.д. бірінші мыңжылдық және б.з. бірінші мыңжылдығы).........5

3  Орта ғасырдағы Қазақстан ............................................................6

4  Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан ..............................................8

     5   ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан ..................................................9

     6  Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы ......................10 

     7    XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан ..........................................11

8  Қазақстан XІX ғасырдың екінші жартысында ...........................12
9   Қазақстан жаңа дәуірде ...............................................................13

10   20-30 жылдардағы өлкедегі мемлекеттік құрылыс..................14

11  20-30 жылдардағы Қазақстандағы мәдени құрылыстар

               Білім беру жүйесі......................................................................... 15

12  Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси жағдайы

    (1946-1986 жылдар) ...................................................................... 16

13  Қазақстан – тәуелсіз егеменді мемлекет ...................................18

 

 

 

 

 

 

 

 

2005 ж. жиынтық жоспарының реті 72

 

 

 

 

 

Жұмағұлов Марат Дәулетбайұлы

Мергенбаев Әсет Батырханұлы

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар

(бакалавриат, барлық мамандықтардың күндізгі бөлімінде оқитын І курс студенттері үшін)

 

                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

Редакторы   Ж.А. Байбураева

 

 

 

 

Басуға қол қойылды __ ___ ___                                     Пішімі 60х84  1/16

Тираж 300 дана.                                                               №1 типография қағазы

Көлемі 1,5 оқу басп.т.                                                     Тапсырыс_____

Бағасы  42

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013, Алматы, Байтұрсынов к., 126