Алматы энергетика жӘне байланыс
институты
Электротехниканың теориялық негіздері кафедрасы
ЭТТ. Тұрақты және синусоидалды
тоқтардың сызықты
электр тізбектерін есептеу
№1-4 есептеу-сызба жұмыстарына арналған әдістемелік
нұсқаулар мен тапсырмалар
Алматы 2006
Құрастырушы: Оңғар Б. ЭТТ. Тұрақты және синусоидалды
тоқтардың сызықты электр тізбектерін есептеу. № 1-4
есептеу-графикалық (сызба) жұмыстарға арналған
әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар (бакалавриат, 050704-Есептеу
техникасы және бағдарламаны қамтамасыз ету мамандығының
студенттері үшін) Алматы: АЭжБИ, 2006.- 25б.
ЭТН курсының «Тұрақты тоқтың сызықты
электр тізбектері», «Бірфазалы синусоидалды тоқтың тізбектері»,
«Синусоидалды емес эқк-тің периодикалық сызықты электр
тізбектері», «Төртұштылар» тақырыптары бойынша есептеу–сызба
жұмыстарына тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
келтірілген.
Есептеу–сызба жұмыстары «Радиотехника, электроника және
телекоммуникациялар» мамандығы бағыты бойынша оқитын екінші
курс студенттеріне арналған.
Без. 46, кесте. 12, библиогр. - 6
атау.
Пікір жазған: ТКЖ кафедрасының доценті, тех. ғыл. канд.
Г. С. Казиева.
Алматы энергетика және байланыс институтының 2006 жылғы
жоспары бойынша басылады.
ÓАлматы энергетика және байланыс институты, 2006ж.
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................4
1 №1-тапсырма. Тұрақты тоқтың тармақталған сызықты электр тізбектерін есептеу..........................................................................................................................5
2 №2-тапсырма. Бірфазалы синусоидалды тоқтың тармақталған электр тізбектерін есептеу......................................................................................................9
3 №3-тапсырма. Периодикалық синусоидалды емес ЭҚК-тің сызықты электр тізбектерін есептеу....................................................................................................14
4 №4-тапсырма. Пассивті
төртұштыларды есептеу...............................................20
Қолданылған
әдебиеттер
тізімі................................................................................25
Кіріспе
«Электр тізбектерінің негіздері» (ЭТТ) курсын оқығанда
есептеу – сызба жұмыстарының (ЕСЖ) маңызы өте зор.
ЕСЖ-н орындау студентке теориялық жағдайларды практикалық
есептеу жасағанда қолдануға, электр тізбегін өз бетінше
талдап үйренуге, ал олар ЭТТ курсын жақсы меңгеруге
көмектеседі.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда
2-семестрде оқытылатын ЭТТ-нің негізгі бөлімдерінің
төрт ЕСЖ-на тапсырмалар мен нұсқаулары келтірілген. №1 ЕСЖ-ы
тұрақты тоқтың тармақталған сызықты
электр тізбегін, электр тізбегінің негізгі әдістерін қолдана
отырып есептеуге арналған. №2 ЕСЖ-ы бірфазалы синусоидалды тоқтың
сызықты электр тізбегін комплекстік (кешенді) әдіспен есептеуге, ал
№3 ЕСЖ-ы синусоидалды емес ЭҚК-тің периодикалық сызықты
электр тізбектерін есептеу. №4 ЕСЖ-ы пассивті төртұштыларды қарастырылады.
Есептеу-сызба жұмыстарын орындағанда мына шарттар орындалуы
керек:
- өз нұсқасын таңдап алуы керек, тапсырманың мәтінін
ЕСЖ-ның түсініктемесінде қысқартусыз көшіріп жазу;
- есептеу сызба жұмысының әр кезеңіне атау беру
керек, жұмысты А4 парағының (форматының) бір жақ
бетінде орындау;
- түсініктемеде есептеу кейіптемелер (формулалар) мен
соңғы нәтижесін ғана емес, сонымен бірге оларды
тексеруге мүмкіндік беретін арасындағы есептеулерді көрсету;
- титульді бетте студенттің аты-жөні, тобы және
нұсқасын (вариант) көрсету;
- анықталған өлшемдері бар көрсеткіштері
(параметрлері) үшін сәйкес есептеу бірілігін жазу, кешендік
теңдеулер мен элементтердің үстіне нүкте қою;
- түйіндердің, көрсеткіштердің,
резисторлардың, индуктивтіктердің (орамалардың),
сыйымдылықтардың аттарын, тоқтың және
кернеудің оң бағыттарын өзгертпеу;
- лездік шамалардың қисығы, векторлық,
топографиялық және де қосымша жабыстырылған
миллиметрлік немесе торлы қағазда орындау;
- графикте көрсетілген шамалардың аттарын жазу керек. Масштабты
сызбамен немесе диаграммамен жұмыс істеу ыңғайлы болындай
етіп таңдау керек. Түсініктемеде сұлбаларды сызғыш,
циркуль және трансфортирді қолдана отырып карандашпен орындау;
- қолданылған әдебиеттің тізімін келтіру.
1 №1-тапсырма. Тұрақты тоқтың
тармақталған сызықты электр тізбектерін есептеу.
Электр тізбектері: тәуелсіз қорек көзінің
кернеулері , тәуелсіз идеалды ток көзі және
тәуелді қорек көзінің кернеуі , басқарушы тоқпен (ҚККБТ) (1.1-1.3 сұлба);
тәуелсіз қорек көзінің кернеулері , тәуелсіз идеалды ток көзі және
тәуелді қорек көзінің кернеуі , басқарушы кернеумен (1.4-1.6-сұлба);
тәуелсіз қорек көзінің кернеулері және
тәуелді идеалды ток , басқарушы токпен (ТИТБТ) (1.9-1.10-сұлба)-де
келтірілген. Сұлбалардың нөмірлері және тізбектердегі
элементтердің көрсеткіштері 1.1-1.3-кестелері бойынша, сынақ
кітапшасының соңғы екі саны және де тегінің
(фамилиясының) бірінші әрпі бойынша таңдалып алынады.
Бұл тапсырмада төмендегідей шарттарды орындау қажет:
1 Кирхгоф заңдары бойынша теңдеулер құрастыру;
2 Электр тізбектерінің барлық тармақтарының
тоқтарын контурлық тоқтар әдісімен және
түйіндік потенциалдар әдісімен есептеу.
Әдістемелік нұсқауға түсініктеме:
Матрицалық түрде контурлық токтар әдісі (КТӘ)
және түйіндік потенциалдар (ТПӘ) әдістері бойынша
теңдеулер құрастыру. Бұл матрициалық
түрдегі есептеуді ЭКТ кафедрасының ұсынған бағдарламасы
бойынша есептеу машинасында (компьютерде) есептеу керек;
3 Эквивалентті генератор әдісі бойынша кедергісін, сол
тармақтың тоғын анықтау;
4 қуат балансын тексеру.
1.1-кесте
Оқуға түскен жылы |
Сынақ кітапшасының соңғы саны |
|||||||||
Жұп |
0 |
9 |
1 |
8 |
2 |
7 |
3 |
6 |
4 |
5 |
Тақ |
5 |
4 |
6 |
3 |
7 |
2 |
8 |
1 |
9 |
0 |
Сұлба № |
1.1 |
1.2 |
1.3 |
1.4 |
1.5 |
1.6 |
1.7 |
1.8 |
1.9 |
1.10 |
Тәуелді қорек көзі |
Е4=rI1 |
Е4=rI1 |
Е4=rI1 |
Е4=kU53 |
Е4=kU51 |
Е4=kU15 |
J=gU52 |
J=gU25 |
J=βI1 |
J=βI1 |
Еселеуіш- тер |
r=8 B/A |
r=10 B/A |
r=6 B/A |
k=2 |
k=3 |
k=4 |
g=0,02 A/B |
g=0,01 A/B |
β=6 |
β=3 |
Тәуелсіз идеалды ток көзі J,
A |
0,04 |
0,02 |
0,015 |
0,01 |
0,02 |
0,03 |
- |
- |
- |
- |
Тәуелсіз ЭҚК Е4,
В |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
40 |
30 |
20 |
10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.2-кесте
Оқуға түскен жылы |
Сынақ кітапшасының соңғы санының
алдындағы саны |
|||||||||
Жұп |
0 |
2 |
3 |
1 |
4 |
5 |
6 |
8 |
7 |
9 |
Тақ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
0 |
R1, Ом |
60 |
30 |
45 |
35 |
55 |
50 |
55 |
60 |
30 |
25 |
R2, Ом |
20 |
40 |
50 |
25 |
60 |
45 |
50 |
55 |
50 |
60 |
R3, Ом |
30 |
25 |
20 |
40 |
25 |
40 |
45 |
30 |
40 |
70 |
R4, Ом |
40 |
35 |
50 |
30 |
35 |
60 |
30 |
15 |
60 |
30 |
R5, Ом |
50 |
55 |
40 |
60 |
40 |
25 |
20 |
35 |
25 |
20 |