ӨНДІРІСТІК МАШЫҚТАНУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

 

 

ӨНДІРІСТІК МАШЫҚТАНУ БАҒДАРЛАМАСЫ

5В060200 – “Информатика” және  5В070300 – “Ақпараттық жүйелер” мамандықтарының студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 

Алматы 2013

 

Құрастырушы: С.Р. Рақымбергенов. Өндірістік машықтану бағдарламасы 5В060200 – “Информатика” және  5В070300 – “Ақпараттық жүйелер” мамандықтарының 3-курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ. – 9 бет.

 

     Әдістемеде өндірістік машықтануды өткізудің барлық кезеңдерінің ұйымдастыру мәселелері жазылған. Өнеркәсіптік кәсіпорында және университетте машықтану жетекшілері мен оқитындардың әрекеті және міндеттері толық қаралған.

 

     Әдебиет – 3 атау.

 

     Пікір беруші: тех.ғыл.канд., проф. Көпесбаева А.Ә.

 

     “Алматы энергетика және байланыс университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 ж. басылым жоспары бойынша шығарылады.

 

     ©  “Алматы энергетика және байланыс университеті” КЕАҚ, 2013 ж.

 

Кіріспе

 

     Бұл әдістемелік көрсетулер [1-3 ] сәйкес жасалды. Өндірістік машықтану студенттердің үшінші курс соңында өтетін кәсіби машықтану түрлерінің бірі болып табылады. Аталған машықтану өндірістік тәжірибеден өткеннен немесе тұтастай теориялық оқытуы қаралған арнаулы пәндер оқытылуы аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады. Өндірістік машықтану оқытылған мамандығы бойынша тәжірибелік дағдылар мен кәсіби әрекет тәжірибесін алуға, теориялық білімін өндірісте бекітуге бағытталады.

                  

     1 Машықтану мақсаты және мазмұны

 

     Өндірістік машықтанудың мақсаты:

     - бөлімше қызметін ұйымдастыру және басқару;

     - интеллектуалдық меншікті қорғау, әзірлемелерді жоспарлау және қаржыландыру;

      - жобалау-конструкторлық, нормативтік-техникалық құжаттаманы дайындау, құру және жүргізу бойынша қолданыстағы стандарттарды, техникалық шарттарды, ережелерді және нұсқауларды;

      - басқару жүйелері мен автоматтандырылған құралдарды жобалау технологиялары, зерттеулер мен әзірлемелердің экономикалық тиімділігін анықтауды;

     - өміртіршілігі қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты қамтамасыз ету мәселелерін;

     - компьютерлік үлгілеу және жобалау бағдарламалары дестелерін және автоматтандыру мен басқару құралдары мен жүйелерін жобалауды;

     - патенттік зерттеулер жүргізу ережелері мен әдістерін, техникалық және бағдарламалық әзірлемелерге, жаңалық тапқыштыққа интеллектуальдық меншік құқын рәсімдеуді;

     - мамандық саласы бойынша мерзімдік, реферативтік және ақпараттық-анықтамалық басылымдар мен жұмыстың қазіргі технологияларын, интернет-технологияларды пайдалануды  үйрену және игеру болып табылады.

Машықтанудың қойған мақсаты өнеркәсіптік кәсіпорында оның келесі міндеттерін анықтайды:

     - кәсіпорынның (ұйымдар, фирмалар, компаниялар) структуралык, функционалдык құрылымымен танысу;  

     - нақты өндірістің технологиясын үйрену;

     - кәсіпорынның технологиялық сұлбалары және негізгі цехтардың технологиялық жабдығының құрылымы мен орналастырылуы туралы кең түсініктер алу;

     - автоматтандыру жүйесін баптауда, пайдалануда және жөндеуде еңбек ұжымының жұмыс дағдыларын игеру;

     - жабдықтарды, бақылау - өлшеу аппараттарының техникалық сипаттамаларын білу;

     - аспаптардың негізгі параметрлерін өлшеу әдістерін білу;

     - өнімді өндірудің технологиялык үрдістерін білу;   

     - өндірістік процесті басқару құрылымымен, басқару пунктерінің операторлық құрамымен және оларда орналастырылған автоматтандырудың техникалық құралдарымен танысу;

     - кәсіпорында адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселерін білу.

Машықтану міндеттеріне сәйкес машықтанушылар ақпаратты, жинастыру және өңдеу, түзеу, пайдалану бойынша жұмыстарды орындай алады, дәрістер тыңдайды, жеке тапсырмаларды орындайды.

Нақты өндірісте ақпаратты жинастыру, өңдеу жүйесін зерттеу техникалық әдебиет және жобалық құжаттама бойынша жүргізіледі. Мұндайда машықтанушы ынтамен өз бетінше жұмыс істей білгені жөн.

     Автоматтарды монтаждау жобалау институттарында өтетін машықтану мақсаты келесілерден тұрады:

     - институттың (бөлімшелернің секторларының) функционалдық құрылымын білу;

     - инженерлік персоналының және оның серіктерінің міндетті       ңұсқауларымен танысу;

     - жаңа техника туралы және инновациялық ақпараттарды жинау бөлімшелердің жұмыстарымен танысу;

     - патентттерді зерттеу өткізудің әдістерімен  ережелерінің, техникалық және бағдарламалық өңдеулерімен танысу;

     - компьютерлі модельдеу бағдарламаларының пакеттерін және ақпаратты жүйелері мен амалдарын жобалаумен танысу;

     - дайындалған    программаларды белгілермен жабдыкталған иммитациалық стендтерде баптау және өндіріске енгізуге дайындаумен танысу;

     - автоматтық  құрылғыларымен жабдықталған пульттарды шкафтарды монтаждау әдістерімен танысу;  

     - институттың бөлімшелерінің секторларының орталықты адам өмірінің қаіпсіздігін қамтамасыз ету мәселерін білу.

Студенттердің машықтанудағы жұмысының келесі тәртібі ұсынылады. Олардың барлығы таңдалған міндетіне сәйкес бірнеше бөлімшелерге жіберіледі. 2-3 адамдық топтар пайдалану қызметкерлерінің көмекшілері ретінде жөндеу және түзеу бригадаларының құрамына енгізіледі.

     Машықтанудан өтудің жалпы жоспары келесідей болуы мүмкін:

     - жұмыс орындары бойынша бөлу туралы нұсқаулық;

     - кәсіпорын бойынша таныстыру экскурсиясы;

     - жұмыс орнында машықтану;

     - машықтану бойынша есеп жасау және құрастыру.

 

     2 Машықтану бойынша жеке тапсырмалар

 

     Машықтану бойынша жеке тапсырмалар мыналардан тұрады:

     - кәсіпорында қолданылатын жаңа техника және электронды технологияны ендіру жоспарларымен танысу; 

     - кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін, номенклатурасының кеңейтілуінің жоспарларымен танысу; 

     - кәсіпорынның өндірістік құрылымымен өндірістік бағдарламасын оның дамуының келешегімен және жоспарларымен танысу;

     - мамандыққа сай мағлұматтарымен және сәйкес бағдарламалық ақпарат жинау пакеттерімен танысу;

     - математикалық қолданбалы  бағдарламаларымен (Math Cad,Maple) т.б. программаларымен өндірісте жұмыс істеуде қолдана білу;

     - инженерлік бағдарламаларымен (Vissim, Mathlap, Symulink) т.б. программаларымен жұмыс істеуді қолдана білу;

     - жобалау бағдарламаларымен (Auto, Cad) жұмыс істеуді үйрену;

     - кәсіпорынның экологиялық тазалықты қамтамасыз ету, адам өмірінің каупсіздігі бойынша шараларды қолдану мәселерімен танысу;

     - өндірістің аналитикалык және эксперименталдык зерттеу қорытындысымен танысу.

     Өндірістік білік, дағдыларды игерумен қоса әр машықтанушы жеке тапсырмаларды орындайды. Олар жеке өлшеу каналдары мен реттеу контурына енетін техникалық құралдар сызбасы мен құрылымдарын, оларды тексеру және баптау әдістерін зерттеуге бағытталған.

     Машықтанудан өту кезінде машықтанушы орындайтын жұмыстың негізгі құрамын жеке тапсырмадан көрініс табады. Әр машықтанушыға берілетін және оның күнделігінде жазылатын тапсырма өміртіршілік қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты қамтамасыз етудің нақты мәселелерін зерттеуді қарастырады. Сондықтан да жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыс орнындағы макроклимат, залалды заттар әсерінен қорғану, жұмыс орнын табиғи және жасанды сәулелендіру, жұмыс орнындағы электр қауіпсіздігі, өртке қарсы шараларды білуі қажет.

 

     3 Машықтану базалары

 

     Машықтанудан өту орны салалық оқитын мамандығына сәйкес ұйымдар болып табылады: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлік фирмалар, өнеркәсіптік кәсіпорындар және қазіргі электрон жабдығымен өлшегіш, реттегіш және компьютерлік техникамен жарақталған өндірістік салалы шаруашылық субъектілері. Мұндай кәсіпорындарға: “Автоматика” АҚ, “ДАСУ” АҚ, “АВВ” ЖШС, “Zeinet” ЖШС, КазНИПИЭнергопром, “Автоматизация и технологии”, АлЭс, АлТс, “Сайман” корпорациясы  т.б. жатады. АЭжБИ ҚР білім саласында орталық атқарушы орган бекіткен кәсіби машықтануды ұйымдастыру бойынша типтік шартқа сәйкес машықтану базаларымен сәйкесті шарттар жасайды. Бұл шарттар машықтану басталғанға дейін кемі 6 ай бұрын жасалады.

 

     4 Машықтануды ұйымдастыру және басқару

 

     Машықтаундың ұзақтығы мамандықтың оқу жоспарымен анықталады және бес апта мерзімін құрайды. Студентті өндірістік машықтануға жіберу АЭжБУ ректорының бұйрығымен рәсімделеді, онда машықтанудан өту мерзімі, базасы және университеттен машықтану жетекшісі көрсетіледі. Университеттен машықтану жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер және машықтану базасының қызметі мен кәсіби ерекшелігін жақсы білетін тәжірибелі оқытушылар тағайындалады.

     Машықтану жетекшісі машықтану басталғанға дейін оқитындармен машықтанудан өтудің мақсатын, міндетін, тәртібін, есеп беру мен орындау мерзімін, кәсіпорындағы жоғары қауіпті зоналардағы тәртіп ережелерін түсіндіру үшін ұйымдастыру жиналысын өткізеді.

     Машықтану базасына келгеннен кейін студент кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелеріне бағынады. Машықтанушылар жұмыс орнында нұсқау алады және техника қауіпсіздігінен емтихан тапсырады. Бұлар кәсіпорын бойынша бұйрықпен рәсімделеді және машықтанушылар күнделігіне жазылады. Машықтануға жалпы басшылық жасауға кәсіпорында жетекші және тікелей бекітілген жетекші тағайындалады.

     Кәсіпорынның машықтандыру бойынша жетекшісі:

     - машықтанудың университет бойынша жетекшісімен машықтанудан өту бағдарламасын және күнтізбелік жоспарын, жеке тапсырмаларды келіседі және олардың келісілген мерзімде орындалуын алдын ала бақылайды;

  - машықтанушыларды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, бағдарламада қарастырылған технологиялық процестерді және басқа мәселелерді үйрену үшін жағдай жасайды;

  - машықтанушылар үшін кәсіпорында экскурсия ұйымдастырады.

  Кәсіпорынның тікелей жетекшісі:

  - машықтанушыға кәсіпорынның негізгі және қосымша жабдығының құрылымын және технологиялық сұлбаларын үйрену бойынша бақылау жүргізеді және ақыл-кеңес береді;

  - жұмыс орындары бойынша машықтанушының ауысу сұлбасына сәйкес негізгі жұмыскерлердің алмастырушысы сапасында машықтанушының жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

      - өз құзыретіне жататын машықтанушы есебінің бөлімдерін дұрыс жасалуын тексереді, оның күнделік жүргізуін байқайды. Машықтанудан өту       барысын       университет жетекшісі бақылайды. Егер машықтанушының орындаған кезеңін және сәйкес білімі талаптарға сай келсе, онда жетекші бұл жайлы күнделікке белгі соғады және машықтанушыны келесі кезеңінен өтуге жібереді. Егер машықтанушы қанағаттанарлықсыз білім бағасын көрсетсе, онда ол адан әрі аталған кемшіліктерді жойғанға дейін машықтануға жіберілмейді.     

     Машықтанушы жүйелі түрде кестеден  қалып отырса, онда машықтанудан шығарылады және кафедраға жіберіледі.

     Машықтанудың ұзақтығын ауыстыруға, бұзуға не қысқартуға жол берілмейді. Машықтанушы үш күн мерзімде машықтану бағдарламасын орындаудың мүмкін еместігі туралы жетекшілеріне хабарадар етуге міндетті.

   

     5 Есептеме жасау, рәсімдеу және қорғау

 

     Өндірістік машықтанудың қорытындалары бойынша әр оқушы сәйкес кафедраға есеп береді. Есепті университеттің жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында  қорғайды. Есептемені қорғау нәтижелері бағалардың белгіленген баллдық-рейтингтік жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады. Есептеме машықтану кезінде өтушінің жұмысын сипаттайтын негізгі құжат болып табылады. Есептемені даярлау машықтанудың барлық барысында іске асырылады.

     Есептеме А4 (210 х 297) форматты қағазда үш дана етіп орындалады және көрсетілген ретте титулдық беті, мазмұны, кіріспесі, негізгі бөлімінің тараулары, қорытындысы және әдебиет тізімінен тұрады. Титулдық бетте машықтанудың атауы, өткізілетін орны, өтушінің және жетекшілердің аты-жөні көрсетіледі. Есептемеде машықтану тапсырмаларының, соның ішінде жеке тапсырманың орындалуын көрсететін материал баяндалады. Есептеменің мазмұны тек қана технологиялық құжаттаманың жазбалауға келтірілмеуі қажет. Есептеме сұлбалармен, кестелермен, суреттермен бейнеленеді. Оған бағдармалар, сызбалар және т.б. қоса берілуі мүмкін. Есептемеге кәсіпорында алынған сызбалар көшірмелерін беру тек қана кәсіпорын машықтану жетекшісінің рұқсатымен ғана беріледі.

     Есептемеге міндетті қосымша ретінде өтушінің өндірістік машықтанудағы күнделігі тіркеледі. Онда есептеме қорғалғаннан кейін университеттің машықтану жетекшісі есептеме бойынша өз  бағасын және ескертулерін береді.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. “Қазақстан Республикасының білімінің мемлекеттік жалпы міндетті стандарты. ҚР білім беру жүйесі. Кәсіптік машықтану. Негізгі ережелер” ҚР МЕСТ 5.03.005-2009.

2. “Қазақстан Республикасының білімінің мемлекеттік жалпы міндетті стандарты. Кәсіптік жоғары білім. Бакалавриат” 070300 – Ақпараттық жүйелер” ҚР Мест 3.08.328-2009.

3. “Оқу жұмыстары” 10352-1910-У-С-001-2002 ҚР ФС фирмалық стандарты.

Мазмұны

 

  Кіріспе 

1  Машықтану мақсаты және мазмұны

2  Машықтану бойынша жеке тапсырмалар 

3  Машықтану базалары

4  Машықтануды ұйымдастыру және басқару

5  Есептеме жасау, рәсімдеу және қорғау

    Әдебиеттер тізімі

 

2012 ж. жиын. жоспар бойынша, реті  209